Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу

0

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………………….

І-БӨЛІМ. КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.

  • Тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің қазіргі кездегі мәселелері……………………………………………………………………………….
  • Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық және діни тұрғыда қарастрылуы……………………………………………………………………………

ІІ-БӨЛІМ. КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ.

  • Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі сынып жетекшінің рөлі………………………………………………….
  • Кіші мектеп жасындағы оқушыны рухани-адамгершілікке педагогикалық процесте тәрбиелеу жолдары………………………….

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДИБЕТТЕР………………………………………………..

ҚОСЫМША…………………………………………………………………………………..

КІРІСПЕ

Зерттеу көкейтестілігі: Қоғамның ең жоғарғы құндылығы –адам. Қазақстан Республикасында  жүріп жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық демократиялық өзгерістер сол құндылық деп бағаланып отырған адамның деп қайта түлеуі, игілігі үшін жасалуда.

Адамгершілік құндылықтар ғасырлар бойы  халық- тәлім тәрбиесінің өзегінің бірі бола отырып,  адамдық келбетін сақтау, дамытуға өзек болды.

Қазіргі кездегі адамгершіліктің,  құндылықтың кемуі жаман мінез-құлықтың өрістеуіне, әділетсіз істер мен қатыгездік сияқты белең алды.

Қазақстан Республикасының  «Білім беру» заңында ұлттық және жалпы адамзаттық  қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін арнайы жағдайлар жасау білім беру жүйесінің басты міндеті деп көрсетілген. Сондықтан, бүгінгі таңда рухани-адамгершіліктер арқылы адамгершілітер арқылы адамгершіліктік сана, сезім, мінез-құлықтарды тәрбиелеуде  адамгершіліктің құндылықтарда орнықтыру әрбір мектеп нысанасына айналады.

¤ткеннің тәжірибесін адамның төл бойына  дарыту озық өнегелі рухани дәстүрлі жалғастыру арқылы ұрпақтар  сабақтастығының тарихи процесі жүріп отырады. Бұл процессіз қоғамның өркениетті елдер деңгейіне жетуі мүмкін емес.

Еліміз зайырлы мемлекет. Зайырлы болу деген дінсіз болу деген сөз емес. Халықтың дамуында діни негізінде адамгершіліктер қарастырылған.  Сондықтан, адамгершілік бастаулары діни негізде руханилықта дамып, адамгершіліктік кемелденуіне көмектесіп отырғаны белгілі.

Ежелден Әл-Фараби, Абай, Шоқан, Ыбырай және тағы басқа қазақ зиялыларының еңбектері адамгершілік мұраттарға толы.

Адамгершілікке қатысты халықтық, діни озық құндылықтарды пайдалана отырып, ұрпақ тәрбиелеу арасындағы туындаған қайшылықтарды зерттеп отырған тақырыбымыздың проблемасы болып табылады. «Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу» деп дипломдық жұмыс тақырыбын алуға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: Рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы кіші мектеп жасындағы оқушыларды тәрбиелеудің мүмкіндіктерін  негіздеу.

Зерттеу обьектісі – кіші мектеп жасындағы оқушыларына адамгерішіліктік тәрбие беру процесі.

Зерттеу пәні: оқу-тәрбие процесінде рухани-адамгершіліктік құндылықтар арқылы оқушыларды тәрбиелеу.

Зерттеу міндеттері – халықтық тәлім-тәрбиенің озық дәстүрлері және адамгершілік туралы педагогикалық, психологиялық еңбектердегі адамгершілікке қатысты материалдарды талдау;

  • қазақ халқының тәлім-тәрбиесіндегі тарихи-әлеуметтік, мәдени дамуындағы адамгершілік тәрбиесінің алатын орнын, мәнін, қазіргі кездегі проблемасын, тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындау;
  • кіші мектеп жасындағы рухани-адамгершілік туралы зерттеулерді анықтау;
  • осы кездегі рухани-адамгершіліктің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін белгілеу.

Зерттеу болжамы: рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы кіші мектеп жасындағы оқушылар тәрбиеленсе өзіндік адамгершілік сезім, сана, мінез-құлқын тиімді әдіс-тәсілдермен тәрбиелесе адамгершілік туралы негізгі түсініктері тәрбиеленіп, адамгершілік мінез-құлық элементтерін байқауға болады.

Зерттеу әдістері- педагогика, дін, философия, психология, этика саласы ғалымдарының адамгершілікке қатысты материалдарын талдау, қазіргі кездегі адамгершіліктік инновациялық технологияда болып жатқан материалдарды жинақтау, талдау жасау; педагогикалық – тәжірибе кезінде кіші мектеп жасындағы оқушылармен  адамгершілікке тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдерін айқындап көру, қорытындылау.

І-БӨЛІМ. КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.

  • Тұлғаны рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің қазіргі кездегі мәселелері.

Бала -біздің болашағымыз. Олай болса бүгінгі бала тәрбиесіне бөлініп отырған  қаиқорлығымыз да шексіз. Себебі, еліміздің ертеңі-болашағымазға салғырт, енжарлықпен қарауға қақымыз жоқ. Еліміздің егемендікке қол жеткізу бала тәрбиесінің жаңаша дамуына жол ашып отыр. Осы жолда халқымыздың адамгершілік дәстүрлерін жаңартып көп жалдар бойы халық жадынан тыс қалып келген рухани құндылықтарды ұрпақ санасына қайта сіңіріп, тәрбиенің барлық саласында  пайдалану –әрбір ұрпақ тәрбиелеушінің басты парызы болса керекті.

Халқымыз өзінің ұзақ жылдар бойғы тарихында ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, оны жылдар бойы жақсы істермен толықтырып отырған. Тегінде бала тәрбиесі үлкен жауыпкершілікті. Жүйелі көңіл бөлуді, мәпелеуді күтімді талап ететін өзгеше бір әлем.

Ғылымда осы өзгеше тәрбие мәселесімен айналысатын педагогика саласы — халық педагогикасы мен бала психологиясын зердесінде ұстап, оның эстетикалық  талғамын,ұлттық дәстүрлері мәдениетін зерттеуге арналған бірден-бір ғылым. Осы педагогика ғылымының халықтық тәлім-тәрбиесінің терең тамырлы, жан-жақты сусындап, еңбек, дене, ақыл –ой, эстетикалық, ададмгершілік, әскери,  жыныстық тәрбие сынды  Барлық салалары арқылы ұллтық менталитетімізге лайық өмірге икемді, жан-жақ-жықты жетілген, нарықтық эконмикамиға бейім, парасатты ұлт азаматын тәрбиелеу.  Сонымен қатар, адам бойындағы ешқандай аспаппен өлшеп болмайтын алыс қасиет-адамгершілік құндылықтар жағын бала бойына сіңіру. Адамгершілік-адамның қатынас, қарым-қатынасымен көрініс беретін адам өміріндегі, оның ішінде бала тәрбиесіндегі басты бағыт, қашанда өз құндылығын жоғалтпай, руханилықпен толығып отырады.

Адамгершілік қанша уақыт өтседе басым бағыттылғын жоғалтпай, көнеден көш тартып, бүгінгі күнге дейін адамның ой-арман, асыл мұраты пайымдайтын ізгі қасиеттердің бірі-адамгершілік десек,ертегілер мен эпостық, нейро-эпостық жырлар, адам жанынан рухпен ізгілік нәрін сепкен Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сынды бабаларымыздың шешендік сөздері, нақыл өсиеттер жоғарыда айтқан тұжырымдарымыздың делелсіз  еместігін айғақтайды.

Яғни адамгершілік аты моральдық-этикалық категорияның қай қоғамда болмасын өзекті мәселе болғандығын білеміз. Қазргі біздің қоғамның ілгерілеу процесінде рухани- адамгершілік тәрбиесінің мәні- қоғамда жаңа адам тәрбиелеу міндеттерімен тығыз байланысты болып отыр.

Рухани-адамгершілік тәрбиесі-көп арналы сан қырлы. Ол халықтың тілімен, әдебиетімен, тарихымен біте қайнасып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан қастерлі мұра. Рухани-адамгершілік тәрбиесі туралы ежелгі ойшылдардың, ғалымдардың ойлары бүгінгі зерттеулерде де өз жалғасын тауып келеді. Сонау Шәкәрім, Абай сынды ғұламаларымыздың еңбектерінен бастап, қазақ балалар әдебиетіндегі әйгілі жазушыларымыз  Б. Соқпақбаев,  С. Сарғасқаев, М.Әлімбаев т.б шығармаларында  рухани -адамгершілік адамгершілік тақырыбы әр қырынан көрініс табады.

Адамгершілік тәрбиесінің негізі –адамдарды жалпы адамзаттық мораль рухында тәрбиелеу, Мораль дегеніміз – адамдардың бір-біріне деген міндеттері мен қарым – қатынасн айқындайтын мінез-құлқының  нормалары мен ережелерінің жиынтығы. Мораль латын тілінде «адамгершілік» ұғымын білдіреді. Моральдық принциптер адамгершіліктің мазмұнын жалпы түрде анықтайды.

Адамгершілік құндылықпен адамды тәрбиелеу негізін қайдан іздейміз деген заңды сұрақ туындайды.

Біріншіден, адамгершілік –адамдар арасындағы  қатынастың белгілі бір  щегінің белгіленуі адам қалауымен нақтыланбаған. Ол Аллаћ тарапынан берілген кітаптарда көрсетілген. Мекмлекеттің зайырлылығы, дінсіз мемлекет дегенді білдірмесе керек. Сондықтан Құран Кәрім адамгершілік заң ретінде мойындалып келді. Ислам дініндегі  адамгершілік бүкіл тәрбиенің өзегі болады. ¤йткені, исламиятты зерттеуші ғалымдар исламның үш үкімінің бірі ретінде, адамгершілікті  ахлақ ретінде белгілеп көрсетеді де, оның міндеттерін  ашып көрсетеді. Бұл адамгершілік міндеттер әрбір мұсылманның міндетті атқаратын борышы болып табылады.

адамгершілік жиынтығы – борыш (Парыз) ретінде орындалады.

Олар:

— адамның Аллаћ алдындағы, Пайғамбар және Құран алдындағы борышы;

-адамның –өзіне қатысты борышы, қоғам алдындағы, ұлты мен отан алдындағы борышы;

  • ата-аналардың балалары алдындағы немесе балалардың ата-аналары алдындағы борышы;
  • жеке адамның жалпы адамзат алдындағы борышы т.с.с.

Адамгершілік борыш идеясы- қазақ халқының ұрпақ тәрбиесінің арқауы болды және бүкіл тәрбие процесінің саналы, негізгі өзегіне айналуы тиіс. Олай болса адамгершілікке тәрбиелеу дегеніміз- рухани құндылық пен жақсылық атаулыға деген сезімді, сана мен мінез-құлықты дамыту,  жамандық атаулыға жол бермеу деген сөз.

Екіншіден қазақстан елінің демократиялық дамуы, халқына еркіндікті қалауы. Еркінді  өз ойына келгенді істеу деген емес. Ой, сөз, әрекет бостандығы адамзатқа лайықты болғанымен, өзінің жаратылысына сай, тарихи даму үрдісіндегі тәлім-тәрбиені зерделей отырып,  маңызын, мазмұнын жаңа түлете отырып құру болып табылады. Осы орайда адамгершілік мәселесінің өтіп кеткен формациядағы сипатына көз жүгіртіп өтейік.

Адамгершілік ол қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамып, жаңа мазмұн алып отырады. Бізге мәлім, бұрынғы өткен 5 әлеуметтік-экономикалық  формацияларда адамгершіліктің мақсат –міндеттері, мазмұны  бірдей болмаған. Алғашқы қауымдық құрылыскезінде адамгершілік тәрбиесі сол қоғамның мақсатына сай қарапайым түрде болса, ал өзінен кейінгі өткен құл иеленушілік, феодалдық, копиталистік қоғамдарда таптық сипатта болады.

Таптық қоғамда әр дәуірдегі үстем таптар шығарған өз моралы өз мінез-құлық ережелерінің тізбесі болды. Бір мінез-құлық ережелері-қанаушы тап адамдарына арналса. Екіншісі қаналушы тап адамдарына арналған. Тіпті Буржуазия елдерінің мектептерінде бұл ережелер ерекше сабақ ретінде оқытылған. Соған сәйкес құл иеленуші қоғамыда құлдардан тілалғыштық пен бойұсынушылықты талап етті. Құлдардың жалпы мінез-құлқына деген ережелерін дін белгіледі. Діни моральдің бұл кодексі құдайдың халққа жіберген өсиеті ретінде уғыздалды.

Мінез-құлықтағы мұндай ерекшелік феодалистік, капиталистік қоғамда да сақталып қалды. Ол үстем таптар арқылы насихатталып отырды. Себебі мұндай ерекшелік олардың еңбекші қауымды құлдық псиологиядан шығармай ұстауына тиімді болды.

Таптық қоғамның жанашырлары, соның ішінде идиолистік сипаттағы психология «адамда туа біткен адамгершілік» туралы бір қатар теорияларды дамытты. Идиолистік бағыттағы бұл теориялар діне және буржуазиялық кодекстермен, ескіден мұра болып қалған, қолданылып жүрген тұрмыстық әдеттермен қабысып, ұштасып, үйлесіп  отырды.

Марксизм-ленинизм  классиктері адамгершілік теориясын жеке адам және қоғам туралы ғылымдардын бөліп қарамайды, керісінше оның ажырамас бөлігі деп есептеледі. Себебі, ол әр кезде философия, социология, психология және физиология ғылымдарының табыстарына сүйенеді. Адамгершіліктің  пайда болуы және ұғымы жөніндегі мәселелерді ғылыми тұрғыдан алғаш рет шешкен К. Маркс пен Ф. Энглес болды. К. Маркс пен Ф.Энгльес  өздерінің ғылыми еңбектерінде социялистік қоғам адамына қатысты мынадай адамгершілік сапа қасиеттерін тәрбиелеуді ұсынады:

  • Социолистік отанды шын жүректен сүю:
  • Дүние-жүзі еңбекшілеріне туысқандық сезім білдіру:
  • Социолистік гуманизм шын мәніндегі коллективизм.

Бұндай көз -қараста адамдарды жалпы адамзаттық рухында тәрбиелеу ұстанымының негізгі идеясы болды.

Кеңестік тәрбие теориясының негізгі саласы жас ұрпаққа адамгершілік тәрбиесін беру проблемасы мен ұлы педагогтар Н. К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухонлинский т.б. шұғылданады.

Н.К. Крупская өз еңбектерінде социолизм орнату ісінде жас ұрпаққа комунистік адамгершілік рухында кеңес мектептерінің ең негізгі міндеттері деп санап, адамгершілік тәрбиесінің міндетін, мазмұнын ашып берді онда кеңес мектебі оқушылардың патриотизм, гуманизм, интернатционализм, коллективизм, тәртіптілік қоғам мүлкіне ұқыптылық секілді социолистік мораль қасеттерін тәрбиелеуге тиіс деп есептеді.

Социолистік қоғам тұсында комунистік моральдың 3- түрі болды.

  1. ұжымдық мораль.

Баған тән қасиет. «бәріміз біріміз үшін біріміз бәріміз үшін» деген  қағидаға негізделген ол өзімшілдік, менменшілдік, пайкүнемшілдікпен үйлеспейді. Мұндай көз –қараста жеке адамдардың мүдделерін жалпы халықтық коллектившілдік мүдделермен үйлесімді ұштастыруды көздеді.

  1. Гуманистік мораль.

Ол адамдар арасындағы шынай адамгершілік қатынастарға негізделген, яғни: жолдастық, ынтымақтастық, өз ара көмек қатынастарын, ізгілік, қарапайымдылық, кікшіпейілдік қасиеттерінің жиынтығы болды.

  1. Белсенді, қаракетшілдік мораль

Бұл еңбек адамын шығармашылық жаңа жетістіктерге ұжымдастық және бүкіл елдің өміріне ынта ықыласпен араласуды көздеді.

Социалистік өмір салтында моральдық кодекс-коммунистік адамгершіліктің негізгі принциптерін тұжырымдап халықты соның негізінде қалыптастыру саясатын жүргізді. Адамгершілік мәселесі маркстік –лениндік этиканың негізгі өзегі болды. «Этика», — грек сөзі,  өнегелі-мінез құлық, адамгершілікті білдіреді, бұл кезеңде де адамгершілік мәселесіне ерекше мән беріліп, адамгершілік – адамның өлшемі деп қарастырылды.

Адам-өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, жамарттығымен ардақты. Адамгершілік – адамның рухани арқауы. Осыған орай күнделікті өмірде біреге «жақсы адам» немесе «жаман адам», «ақ пейілді» немесе «қатыгез» деген моральдық баға берілді. Ал моральдық жағынан кіршіксіз таза болу – адамгершіліктің асқар шыңы деп есептелінді.

Адамгершілікке тәрбиелеу адамгершілік сезім, адамгершілік сана, адамгершілік мінез-құлықтар арқылы жүргізілді.

Осыған қарамастан адам тәрбиесінде жасандылық, тәрбие өзінен айыру салдарынан тәрбиеде олқылықтар көбейді.

Міне осындай кезеңде ұрпақ тәрбиелеуде жоғалтқан құндылықты қайта жаңғырту үрдісі жүрді. Халықтық педагогикадағы адамгершілік мәселесіне қайта оралу процесі бойында имандылық, инабаттылық, әдептілік қалыптарын көрсететін терең мәнді ұғым адамдар арасындағы қарым-қатынастарды жүйесін реттеп отыруға негіз болды.

Қазақ халқының адамгершілік белгілеріне – үлкенді сыйлау, кісілік әдеп сақтау, жақсы мінезділік, имандылық, қайырымдылық, мейірімділік, әрбір адамның туыстық қатынасына сай әдептіліктері жатады.

‡лкенді сыйлау- адамгершіліктің бір негізі. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, бала-бақшада, мектепте, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі.

Кісілік- өмір тәжірибесінің  нәтижесінде қалыптасқан адамның  адамгершілік іс-әрекеті мен мінез-құлқының жақсылық көрінісі қазақ дәстүрінде мұндай кіслік келбеті бар адамдарды «Азамат» дейді. Азамат елінің абыройы үшін қызмет етеді.

Кісілік дәрежеге жеткен адамның үлгі-өнегесін жоғары бағалап, жастарды оған үйретуге уғыздауды.  Кісілік, азаматтық іс-әрекетімен үлгі-өнеге болған адамдар қазақ халқында баршылық.

Әдеп сақтау- қазақ халқының тарихи қалыптасқан қоғамдық санасының тәжірибелік көрінісі, әлеуметтік тәртіптің, борыш пен міндеттің заңды айғағы.

Халық өмірлік тәжірибесінде ешбір тыйым салусыз –ақ өз қалауынан адамгершілік мақсат- мүддеге сәйкес әдептілікті, әдеп сақтау жүйесін қалыптастырған. Осыған байланысты өзінің мұсылман дінінде болуымен сабақтастыра  отырып, адамдар арасындағы әдепті мына, төмендегідей қарастырады.

— адамның өзіндік әдебі,

— ата-анасы мен әдебі,

  • туыстарымен әдебі,
  • көршілерімен әдебі,
  • достарымен әдебі, жолдастарымен әдебі,
  • қоғамдағы әдебі.

Әдеп сақтау- этикет, яғни мінез-құлық пен қарым-қатынастың қалыптасқан, халықтық ережесі. Әдепті сақтау ұлттық рәсімге, тәртіпке, ережеге, амалсыз бағыну емес, сол заңдылықтарды құрметтеу, қастерлеу, атап айтқанда  адамгершіліктік борышты өтеу болып табылады.

Қазақ халқындағы адамгершілік туралы негізгі пайдаланған котегорияларға –ар, ұят, намыс, абырой, жақсы мінез жатады. Ар — жеке адамның кісілік дәрежесінің белгісі болса; ұят- адамгершілікті  сақтай білудің, имандылықтың жанжүйелік белгісі; ал намыс- адамдық қасиеттерді адамгершілік мінез құлық пен іс-әрекеттің батылдық және кісілік көрінісі; абырой- намыс пен ар-ұяттың, игілікті іс-әрекеттің  арасында адамның мақсатқа жетуі, сыйласымға, құрметке ие болуы;

Имандылық – Аллаћтың барлығына, Мұхаммед пайғамбар оның елшісі  екеніне мүлтіксіз сеніп, Аллаћ жолын, пайғамбар ұстанған парыздарды орындау, яғни адамгершілік биік мақсаттарды сөзсіз атқару, адамдықты асқан кісілкпен аяқтаудың көрінісі.  Сондықтан халқымыз қашанда  адамгершілігі жоғары кісіні- имандыдеп құрметтеді, ал адамгершілік қалыпты  бұзған кісіні  «имансыз» деп атады. Бала тәрбиесінде қазіргі кезде  имандылық – адамгершілік деп діни руханилық сабақтастық негізде қарастыру үрдісі қалыптасып отыр.

Адам баласының белгілеуімен жасалған адамгершілік бағытпен емес, Аллаћ тарапынан белгіленген адамгершілік (ахлақтық) мұраттарға мойын сұлып, оны тануға бет бұра бастауы құптарлық жайт.

Қазақ халық педагогикасында туыстық қарым-қатынастағы әдептілікке көп көңіл  бөлген. Адамдық, байсалдылық, инабаттылық, кішіпейілділік  туыстық, жора- жолдастық қарым-қатынаста пайдалынылатын шарттар.

Адамдық – туыстарға,  жора-жолдасқа, шыншыл, ақ ниетті, ақ көңілді болу;

Байсалдылық- жеке адамның көңілін бағып, сабырлық жасау;

Инабаттылық- кім болсада  оған қамқорлық ету;

Ізеттілік- әркімге де ізет көрсетіп, оны құрметтей білу;

Кішіпейілділік – кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсету дәстүрі, жақсылыққа тасымай, кездейсоқ жасымай, көпшіл, яғни парасатты болу.

Адамгершілік тәрбиесінің негізі.

  1. Адамгершілік тәрбиесінің өзекті міндеті- әрбір адам баласы өзі өмір сүріп отырған  кезеңдегі қоғамның алдында тұрған мақсат міндеттеріне, адамгершілік қасиеттерідің тұтастығына сай тәрбиелеуді қамтамасыз ету.
  2. Адамгершілік сананы, сенімді, көзқарасты тәрбиелеу.
  3. Жас ұрпақты Отанға, қоғамға, еңбекке, адамдарға, өз-өзіне деген адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, дамыту.
  4. Ізгілік парасаттылық қасиеттерін тәрбиелеу.

Ал рухани-адамгершілік дегеніміз – рухани жағымды мінез-құлқтың нормалары мен ережелер жиынтығы.   Мінез деп адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерімен қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне және қоршаған өмірге қарым-қатынасын айқындайтын күрделі процесті айтамыз.

Ислам дiнiнiң иман негiздерi мен шарттары жеке тұлғаның қалыптасуына берер әсерi мол. Бiр ұлттың немесе нәсiлдiң басқаларға үстемдiгiн қабылдамайды, Аллаһ Тағала жаратқан адамдардың бәрiн бiрдей көредi. Үстемдiктi тек моральдiк, рухани, ахлақи сапаларда iздейдi, яғни таза адам, адал адам, тақуалықты берiк ұстайтын адамның ғана жартушының алдында дәрежесi жоғары болмақ.

Ислам дiнi таптырмас рухани азық болып табылады. Рухы бай адам әрқашан биiкте тұрады. Рухы аш адамның адамгершiлiк қасиетi де төмен болады. Тарихта рухани азыққа мән бермеген жеке тұлға болсын, тiптi қоғам болсын азғындыққа ұшырап, болмашы нәрселердiң артына түсiп, езiлiп-жаншылып отырған. Ондай тұлғалар ұстағанның қолында, тiстегеннiң аузында кетiп, өмiрдегi өз орнын жоғалтып отырған. Рухани дүниесi бай адамдар тарихқа өз аттарын алтын әрiптермен жазып, ұрпаққа өшпес iз қалдырған. Қазақта рухани азықтың көзiн дiннен iздеп, еңбектерiнде жазып келген ақын-жазушыларымыз кенде емес. Кезiнде аталарымыз, рухани азықтың негiзi болып саналатын дiн үшiн кез-келген қиындыққа бас тiккен. Оның айғағы ретiнде қоғам қайраткерi Мұхаммеджан Тынышбаевтың Ресей империясының министрлер кеңесiнiң төрағасына жазған хатында ең алдымен дiнге байланысты мәселенi қозғағандығын көрсете аламыз. Сол хатта: «Әрбiр шенеулiк бiздiң дiнiмiздiң iшкi iсiне араласуды парыз деп санайды, мешiттер мен мiнәжат орындары жабылады, Құран мен дiнiмiз қорланады. Бiздiң балаларымыз оқитын мектептердегi өз дiнiмiздi оқытуға салынған тиым, әкiмшiлiктердiң бiздiң ел арасында христиандықты уағыздап жүрген миссионерлерге деген қарқындығын талап етушiлердiң қуғынға ұшырап, түрмеге қамалуы-осының бәрi қазақ даласында орын алған заңсыздықтар мен зорлық-зомбылықтардың бiрер мысалы ғана.

-Дiни-рухани мәселелер бойынша қазақтарға толық бостандық берiлуi тиiс:

-Мешiттер, медреселер және өзге мiнәжат орындары орыс басшылығының қандай да бiр ұрықсатынсыз салынуы тиiс;

-Қазақ, араб және татар тiлдерiндегi кiтаптарға салынған цензура жойылуы тиiс; деп дiнге көресетiлген қыспаққа қарсы бас көтерген.

Адамгершілік адамдардың бірбірімен қарым-қатынасына қажетті өлшемдер жүйесі. Қажеттілк- белгілі бір жағдайда адамның дамуын қамтамасыз ететін обекьтивтік мұқтждығы. Адам баласы өзінің жоғары саналығының арқасында өз қажеттігін сыртқы өмір жағдайына, қоғамның талаптарына байланысты имандылық- адамгершілік негізінде қанағаттандырады. Адамның рухани-мәдени қажеттілік негізінің жасалу негізінде рухани- адамгершілік даму процесі жетіле түседі деп сенеміз.

Қажеттілік – адамның ой әрекетін оятатын негізгі күш. Ой психикалық әрекеттің бір жағы, ол адамның қажеттілік қанағаттандыру құралын іздеп табуды қамтамасыз етеді. Адамның материалдық, рухани-мәдени қоғамдық қажеттіліктерінде  моральдық қажеттілік адамның адами  келбетін үнемі жадында  сақтауымен жаман мінез-құлықтан, нашар әдеттен құтқарады. Адамгершілік қажеттілік адам баласының адамгершілік қатынас пен қарым-қатынасты сақтауы үшін қажеттігін кіші мектеп жасындағы балаларға түсіндіру шарт. Барлық қажетсінулер жеке бастың дамуының қайнар көзі.

Қажеттілік түрлерін  қанағаттандыруда адам- аш көздік, нысапсыздық,  бәсекелестік, тапшы заттарды жинауға ұмтылу. Мұның бәрі фәни дүние қызығушылығы. Мұның барлығы Аллаћ тарапынан берілген сынақ екенін ескереіп және адам өзінің адам ретінде өмірге келу мәні мен мақсатын түсінуде  өзінің ең парасатты  жаралған иесі екендігіне байланысты адамдық қалыпты сақтаумен өмір сүру керек. Ол үшін адами қасиеттерді дамытып жетілдіріп отыруы тиіс.

Рухани жағынан дұрыс дамыған адам өз қажетін саналы қанағаттандырады. Дүние мүлікке табыну,  бағалы бұйым,  жақсы затты қуалау өмірдің талабы деп түсіну, оны бүкіл өмірдің мазмұнына  мәніне  айналдыру- ұшқарылық. Бұл адамды адамгершілік жағынан дамытудың орнына топастандыра түседі, Сондықтан адам өзіне керекті саналылықпен түсініп, шешуі тиіс,

 

  • Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық және діни тұрғыда қарастрылуы.

 

Қазақтың «Баланы жастан» деген мақалында терең тәлім-тәрбиелік мағына жатыр. Ол баланың бойында  жастайынан жақсы әдет қалыптастыру, қабілеттері мен мүмкіндіктерін жастайынан дамыту, мінез-құлқын жастайынан қалыптастыру сияқты көптеген тәрбие түрлерінен құралады. Халық бала тәрбиесіне қоғамдық мән беріп, көп көңіл бөлген. Сондықтан да: «Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан»,-дейді.

«Ешқандай да әке баласына сыйлық жасай алмайды. Әкенің бұл өмірде баласына сыйлайтын сыйлықтарының ішіндегі ең қымбатты және ең баға жетпес асылы-көркем әдепті тәрбие» делінген Мұхаммед Пайғамбар хадисінде. Ата-аналар жауапкершіліктің адамы дейтініміз содан.

Ал, ұлы ақын Абай көзқарасындағы алтын діңгек- адам тәрбиесі. Жас ұрпаққа айтары аз болмаған кемеңгердің шығармашылығы  ұрпақ тәрбиелеуде теңдесі жоқ туындылар. Жүсіп Баласағұн: «Егер балаларың туса, өз үйнде тәрбиелеп өсір, шетке жіберме-дейді. Ал, халықта «балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген мақал бар. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып бірге өмір сүріп келе жатқан ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып өмір сынынан екшелеп сыналып еленіп електен өтіп, бүгінгі күнге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүр, наным-сенім, ырым-тиымдарды адамгершілік тәрбиесінде пайдалану үшін өткен тарихи дәуірлердегі халық педагогикасына сүйенген дұрыс.

Халық педагогикасы дегеніміз-тәрбие жөніндегі халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан педагогикалық білім тәрбие тәжірибесінің жиынтығы.

Тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны жинақтап пайдалана отырып шынайы адамгершілік қасиеттерге баулып тәрбиелеуді мақсат еткен. «Адамгершілік кім де болса, соны ер деп есепте»- деген А. Жүгінеки. Қ.А. Яссауи хикметтерінде де адамгершілікке тәрбиелеу көптен жырланады.Сонымен қатар халық тәрбиенің үлгілерін әр халықтың бай тәжірибесіне негізделген  ауыз әдебиетінде қарастыру керек екеніне көңіл бөлді. М.Әуезов: «Біз ауыз әдебиетін зерттей отырып, халық санасындығы отаншылдық сезімді халық ұғымындағы адамгершілік гуманизмді, өткендегі өмірін, аңсау арманын, әдет-ғұрпын, халықтың коллективтік тәрбиесінің жемісін көреміз», -деп ауыз әдебиетінің тәрбиелік мәнін ашып берген. Сонымен қатар «мені тәрбиелеп өсірген үш анам болды. Оның біріншісі- қазақ халқының ауыз әдебиеті»,-деп жазады.

«Ана – балаға жастық, ал әке-көрпе». Бұл ұрпақтың тәрбиесіндегі бар ауыртпалық ата-ананың ғұмыр бойы мойнында деген сөз. ұсынған тәрбиенің дұрыс-бұрыстығын үздіксіз тексеріп отыру да үлкендер парызы.

Тәрбие-жалпыға ортақ қасиет. Адамзат баласының ортаға қалыптасуына, өзін-өзі реттеуіне рухани жан дүниесінің өсуіне тікелей ықпал ететін, кең мағынада қолданылатын рухани байытушы және жаңартушы. Сондықтан да атақты грек философы Аристотель мемлекет тарапынан тәрбие беруді жақтап, дене ақыл-ой, адамгершілік тәрбиенің байланысын, қоғамдық және отбасының тәрбиесімен сабақтасып көрсеткен болатын баланың ата-анасы алдында ешбір міндетсіз, еркін, толыққанды болып өсуі тәрбиенің дұрыс берілуімен тығыз байланысты. Ол үшін жас ұрпаққа тәрбие беруде ар-ұят, адалдық адамгершілік ізгілік мәселелерін қатар қоя отырып сана –сезімі мен ақыл-ой қызметінің дамуына ықпал ету, шығармашылық қабылетін ашу, өзін-өзі тануына, өзіндік «менін» оятуға бағдар беру, адам болып қалыптасуына жол ашу, жақсы мен жаманды айыра білуге төселдіру, талап талғамы терең, салауатты өмір-салтын дұрыс қалыптастырған тұлға ретінде қарап, жаман әдетпен теріс қылықтардан тазартып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімдерге бай саналы, серегек етіп тәрбелеу тәрбие орындарының бірден-бір парызы. ¤йткені, «ес түзелмей, ел түзелмейді» деген қағиданың астарында терең сырдың жатқаны баршаға аян. Олай болса тәрбие отбасынан басталатынын ескере отырып оқу-тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен айналасу көпшіліктің бәріне ортақ тікелей міндеті дер едім.

Адамгершілік тәрбиесі- тәлім –тәрбиенің ықпалды әсері мен моральдық сананы қалыптастыруды, этикалық, біліктілікті, адамгершілікті сезімді дамытудың сара жолы.

В.В. Макаев адамгершілік тәрбиесінің мынадай, бөліктерін қарастырады.

  1. Адамгершілік түсініктерді, ұғымдарды, идеяларды қалыптастыру;
  2. Адамгершілік сезімді дамыту;
  3. Адамгершілік сенімді дамыту;
  4. Адамгершілік мінез-құлық дағдылармен әдеттерді  қалыптастыру;
  5. ¤зін-өзі адамгершілігін реттеу мен тәрбиелеу;
  6. Жағымсыз ықпалдарға, теріс әсерлерге қарсы тұра білу іскерлігін қалыптастыру.

Адамгершілікке тәрбиелеудің нәтижелі болуы мұғалімнің даярлық деңгейіне, руханилығы мен іс-әрекеттерді мына, төмендегідей шарттарды орындауына байланысты:

  1. Оқушының жас ерекшелігін , қызығушылығын ескеру.
  2. Іс-әрекеттің өзіне және қоғамға пайдалы болуын ескеру, ынтымақтастыққа мән беру;
  3. Белгілі нәтижеге жету. ұжымдағы белгіленген тәртіп ережелерін орындау мен көңіл күйіне байланысты екенін ескеру;
  4. Оқушылардың бір-біріне деген қамқорлық жасауы;

Е.С. Богданова, Н.А. Камровтар оқушылардың адамгершілік деңгейін адамгершілік сезім, сана, мінез-құлық деңгейінде қарастырады.

  1. Адамгершілік тәрбиенің бастауы баланың алуан түрлі тәжірибелік іс-әрекеттерінің барлығына енгізілуі керек. Сонымен қатар сезімдік-эмоциональдық және рухани- интеллектуальдық жағын қамтыған жөн;
  2. Адамгершілік тәрбиеде- адамгершілік мінез-құлық, сезімдер мен түсініктерді тәрбиелеу;
  3. Адамгершілік тәрбиенің түп қазығы балалардың бір-біріне қарым-қатынасын мақсатты түрде қалыптастыру;
  4. Тәрбие баланың адамгершілік мінез-құлық нормаларына сәйкес балалар ұжымында өздігінен шешім қабылдау мүмкіндігіне ие бола алатындай дәрежеде құрылу керек.
  5. Жеке тұлғаның адамгершілік дербестігі кең түрдегі қарым-қатынас арқылы қалыптасады. Тәрбие оқушылардың өз мінез-құлқының адамгершілік жақтарын саналы түсінуін қамтамасыз етеді.

Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың нақты жас ерекшелігіне қойылатын талаптардың көлемі, мазмұны , тізбегі жөніндегі түсінік негізінде анықталады.

Педагог адамгершілік тәрбиесінде мынадай жолдарды ескереді.

  1. Балалар мінез құлқының шеңберін белгілеу;
  2. Баланы анықтап біле отырып, бағыттау.
  3. Баланың шындыққа деген сенімін туғызу;
  4. Баланы тыңдау, мақұлдау.
  5. Балаға өсиет айту, жіберген қателерін көрсету, оларды түзету.
  6. ¤тірік – жалғандықты пайымдау, үйрету;
  7. Діни тұрғыдан адамгершілік міндеттерді борыштылығы туралы сенімін туғызу.

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың адамгершілік сезімін қалыптастырудың маңызы зор. Сезіміне әсер ете отырып ішкі жан дүниесін ояту. Оларға адамгершілік қағидаттарының мазмұны мен мәнін түсіндіру қажет.

 

Адам бойындағы адамгершілік қасиеттер мен надандық

қасиеттер.

1 Адамгершілік қасиеттер.     2. Надандық қасиеттер.

1) Әділетті болу                           1)  Алдау

2)  Кешірімшіл болу                    2)  Өсек тасу

3)  Жомарттық                             3)  Жала жабу

  • Еңбекқорлық 4)  Мазақтау
  • Кеңпейілділік 5)  Міндетсіну
  • Шыншылдық 6)  Ғайбат айту
  • Уәдеде тұру 7)  Ысырап
  • Мейірімді болу 8)  Сараңдық
  • Нәпсіге ие болу. 9) Тәкәппарлық
  • Сабырлылық. 10) Екіжүзділік
  • Ықыласты болу. 11) Лақап ат тағу

12)  Қайырымды болу                  12) Көре алмаушылық

13)  Жұмсақ мінезді болу             13) Хақсыздық ету

14)  Ар-намысты болу                   14) Пара алу   т.б.

 

Осы мінез–құлықтардың кейбіріне тоқталып өтер болсақ мынадай:

-Кешірімшіл болу : Бұл қасиет адамның жылы шырайлы әрекетін , беделін , абыройын өсіреді. Кешірімшіл болған адамға біреу  қастандық , зұлымдық жасаса ешқашан өш алмайды. Демек қолымыздан келгенше айналамыздағы адамдарды кешіре білуіміз қажет. Дана қазақ атамыз : «Тас пен ұрғанды ас пен ұр»- деп бекер айтпаса керек. Сондықтанда кешіре білу адам бойындағы таптырмас  қасиеттердің бірі.

-Жомарттық : Жомарт болу адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі. Жарлыға , жәрдемге мұқтаж кісілерге ешқандай пайда күтпестен қолдан келгенше көмек беруді нағыз жомарттық деп айта аламыз. Жомарт болған кісі қоғамда беделі үстем болып , әркім оны құрметтейтін болады. Мұндай кісінің екі дүние бақытына жетуі күмәнсіз.

-Кеңпейілділік : Кеңпейіл болу жомарттықтан да ұлы қасиет болып табылады. Кеңпейілділіктің белгісі – адам өзіне керек болып тұрған немесе өзі мұқтаж бола тұра өзін емес өзгенің қамын ойлап , жарлы немесе қандайда бір көмекке мұқтаж кісі келгенде ішіп отырған асын жерге қойып , қашан оның қажеттілігін қамтамасыз етпейінше көңілі орнықпайтын жандар қатарын ұсынуымызға болады.                         -Бауырмашылдық : Жер бетіне жіберілген ең соңғы  дін – ИСЛАМ, әлемдік деңгейдегі бауырластыққа шақырады. Біз айтқалы жатқан бауырластық нәсіл , ру , ұлт , әулет туыстығы емес, иман туыстығы. Дініміздің жария еткен бұл бауырластық ережесін Мадиналық Ансарлар мен Меккелік Мұхажирлер арасында Пайғамбарымыз ( с.а.у.) жүзеге асырған-тын. Сонымен қатар қазіргі таңда осы сияқты сипатқа ие болған адамның қоғамдағы алатын орны зор.

-Қонақжайлылық : Бір кісі үиіне келген қонағын жылы шыраймен , күлімсіреген жүзбен күтіп алып , оның затын өз затындай етіп сақтауы қонақжайлылықтың ең үлкен нышаны. Бұл қасиет әрі дініміз үшін , әрі дәстүріміз үшін ең маңызды қасиет. Қазақта : «Қонақ асыңа емес , қабақ- қасыңа риза» дегендей ,  қонақты қолдан келгенше бар жағдайын жасап , риза етіп жіберу қанымызға сіңген қасиеттердің бірі болып табылады.

-Ықыласты болу : Ықылас , адам жүрегінің рухани байлығынан туындпйтын іс-әрекет болып саналады. Бұл әрекет адамның істеген ісінің қабыл болуына , ниетінің түзу , сенімінің берік екендігіне айғақ болатын амал. Негізінен ықылас жүрек тазалығынан туындайды. Бұған мысал ретінде: Ы.Алтынсарин

 

«… оқығанды балалар,

ықыласпен тоқылық»

деген өлең — шумағында қандайда бір оқушы немесе талапкерге зейінді, ізденімпаз болуға шақырады.

Ал , енді «адам бойындағы жаман қасиеттерге тоқталып өтсек :

-Мазақтау мен лақап ат тағу : Бір кісіні мазақтап , соның нәтижесінде көңіл көтеру – ең жаман қасиет.Біреуді мазақтап , күліп , бұл ісін мақтаныш етушілер көбінесе сауатсыз , надан , мәдениетсіз адамдар болады.Тек сөзбен мазақтау емес,бір жерге жазып,іс-әрекетін салып,келеке ету де осы түрдегі жаман қасиеттерден саналады.

-Міндетсіну : Ислам дінінің тыйым салған жаман қасиеттің біреуі – жасаған жақсылығын міндетсіну. Жақсылықты міндетсіну , жасаған амалдың сауабын жойып , керісінше « күнә табу » деген сөз. Жасаған жақсылықты міндетсіну , ондай істің жасалғанынан жасалмағаны әлде қайда артық болары хақ.Мұсылман кісі нәпсісіне құл болмай , керісінше өз нәпсін құл ете алса , нендей бақыт ! Нендей қуаныш еді !

-Өсек тасу : Қоғам тыныштығын бұзатын жаман , жат мінездің бірі өсек тасу. Өсек тасуда ер кісі мен әйел кісі арасында ешқандай айырма жоқ. Өсек тасушы пенде екі кісінің немесе топтыңбір – біріне қапа болуымен , өштесуіне себеп болатындығын алғашқыда аңғармай қалып , кейіннен айтқан сөзінің есірі тиген соң барып өкінуі мүмкін. Мұны дініміз ИСЛАМ да қабылдамайды. Өйткені мұндай әдеп теріс келумен қатар қабір азабына әкеліп соғады.

-Араздасу : Мұсылман кісіболмайтын нәрсе үшін дін бауырына үш күннен артық араз болмауы тиіс. Адам болған соң әр түрлі жағдайлар болып жатады. Қазақта « Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады » — дегендей араздасып , көрген кезде сәлем бермей , сөйлемей өте шығу күнделікті өмірімізде кездестіріп жатқан жайттардың бірі. Мұндай жағдайда екеуінің қайсысы бірінші болып кешірім сұраса сол кайырымды іс істеген болып саналады.Сонымен қатар айтарлықтай дәрежеге ие болады.

Әрбір кісі бүкіл өмірін адамдармен бірге өткізеді. Әлемда жалғыз бас үшін өмір сүрген адам жоқ. Осылай бірге өмір сүру тәртібі табиғат заңдылығы. Сондықтан , адамдар бірге өмір сүретіндіктен өз араларында әлеуметтік қатынас құруы тиіс. Ахлақ осындай қатынастарды ретке келтіреді.

Айналамыздағы адамдарға назар салатын болсақ әркімнің мінезі әр түрлі екендігін байқаймыз. Кейбір адамдар туа біткеннен жақсы мінезді болса , ал кейбіреулер жаман кейіпте көбінесе зұлымдық жасап , жамандық істеумен болады. Осы аталмыш екі кейіптегі адамдардан басқа да мынандай үшінші топтағы адамдарды кездестіреміз. Бұлар — жазадан қорқып, бақылаудың күшімен жүргендер. Мұндай адамдар көзден таса болысымен өзгелерге зұлымдық, қастандық етуден таянбайтын болады.

Адам баласы жаратылыс бойынша менменшіл (егоист) келеді. Жеке басының қамы үшін өзгелердің ақысын жеуден тайынбайды. Сондықтан әлеуметтік өмірдің бір қалыпты өтуі үшін деке тұлғалардың шексіз қалауларын тежейтін, менменшілдікті белгілі бір деңгейде ұстайтын рухани құндылыққа өте мұқтаж. Міне осы рухани құндылықтар дін мен ахлақи қағидалардан тұрады. Бұл қағидалар адамға үйретілгеннен кейін , оның жамандық істеуіне кедергі болады.

Адамдардың бірге өмір сүруі белгілі бір қоғамды құрайтындығы рас. Делік осы қоғамда бір адамның бойында әдептілік нышаны болса , ол толығымен қоғамға ықпалын тигізеді. Ахлақ ілімінің мақсаты – жеке тұлғамен қатар қоғамды қуанышқа кенелту болғандықтан , жеке кісілердің әдепті, парасатты болуы қоғамның әдептілігін білдіреді. ИСЛАМ дінінің ахлақи негіздері мен заңдылықтары қоғамды қарастыратын ерекшеліктерге толы. Мысалы, жетім – жесірлерге, жарлыларға көмек көрсету , басқаларға зұлымдық жасамау секілді әмір мен тыйымдар адамдардың бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсартып, ретке келтіреді. Әдептілік пен имандылықты меңгерген қоғамдардан ахлақтың төмендегідей әсер алғандығын байқауға болады:

  1. Иманды қоғамдарда бірлік, ынтымақ болады. Өз араларында мейірімді, бір-біріне жанашыр болса, ондай жандардан тәртіпсіздік пен дұшпандықты кездестіре алмайсың.
  2. Әркім өзіне тиісті міндетін біліп, халық еңбекқор болып, ырысын да ысырап етпейді. Бір-біріне көмектесіп, қоғамның күшті, мықты , бақытты болуына себепші болады.
  3. Жанұядан басталған әдептілік тәрбиесі қоғам ішінде орныққаннан кейін сүйіспеншілік пен құрмет орнығады да адамдар заң мен ережелерге бағынуды міндет деп есептейді. Әрине мұндай қоғамда тәртіп орнары анық.
  4. Мұндай қоғамда хақсыздық етілмей, әділетсіздікке бұғау салады. Сөйтіп, жеке тұлға сияқты қоғам да толығымен діндар болып шығады. Нәтижеде қоғамда тыныштық орнап, әрбір қоғам мүшесі өзіне тән жауапкершілік сезімін мойнына алады.

Рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі Ислам дінінің қолданылатын әдіс-тәсілдеріне тоқталып өтейік. «Әдісің болмаса, мақсатыңа жете алмайсың». Хз. Пайғамбар Ұлы Аллаһ Тағала тарапынан ең көркем түрде тәрбие етіліп «…Ұлы мінезге иесің» (Қалам 68/4) деген құрметке ие болған.

Хз. Пайғамбар мінез құлқының көркемділігі, жұмсақ жүректілігі, сөздерінің нақтылығы, әдісінің тартымдылығы, ескертулеріндегі жұмсақтығы, сабырлық пен парасаттылығы, көзі ашық, көкірегі ояу болуы, ұшқыр ойлы, адамдар арасындағы қарым-қатынасы, сүйіспеншілігімен теңі жоқ мұғалім әрі тәрбиеші болып есептеледі.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) қолынан келгенше барлық жерде бар ынтасымен жақсылықты уағыздап, ұстаздықтан жалықпаған. Сахабалардан қажетті білімдерді үйренулерін талаб ететін. Оларға барынша мейірімділік көрсететін. Адамды еш уақытта жалықтырмай, тығырыққа тіремей жеңіл әрі оңай жолды ұстанатын. Аллаһ Тағала Құранды бұл жайтты былай баяндайды:

«Расында сендерге іштеріңнен ардақты бір Пайғамбар келді. Оған, қиналуларың ауыр тиеді. Сендерге өте ынтық, мүміндреге өте жұмсақ, ерекше мейірімді». (Тәубе 9/128)

Хз. Пайғамбардың сахабаларына тәлім тәрбие бергенде жиі қолданатын әдісі сұхбаттасу болатын. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) тәрбиесін көрген сахабалар, сұхбаттар арқылы қол жетпес мәртебелерге жеткен. Каб бин Зуһәир (р.а.) мұсылман болу үшін мешітке келгенде Хз. Пайғамбардың сахабаларды қалай тәрбиелегенін көріп, «Пайғамбарымыз (с.а.у.) топ-топ болып отырған сахабалар арасында сұхбаттасып отыратын», деген. (Хаким, ІІІ, 671) Бұл Хз. Пайғамбардың өмір бойы қолданған тәрбиелеу әдісі.

Пайғамбарымыздың (с.а.у.) сұхбаттарының ерекшелігі соншалық ол дәуірді тарихта «Бақыт ғасыры» деп атаған. Сахабалардың Исламға дейінгі рухани ахуалы адам айтса нанғысыз болған. Бірақ иман нұрына бөлену арқылы Хз. Пайғамбардың тәлім тәрбиесімен көңілдері жай тауып, бақытқа кенелген. Жүректегі шынайы махаббат, өзге адамдарға әсер етіп, артына өшпестей із қалдырған. Надандық дәуірінде бауыр еті перзентін тірідей топыраққа көмген тас жүрек, қатыгез адамның орнына мейірбан, жүректері аппақ ұлпа мақтадай сахабалар ортаға шықты. «Сахаба» мен «Сұхбат» сөздерінің түбірі бір, бір-біріне байланысты сөздер болып табылады.

Хз. Пайғамбар адамдарға тәлім-тәрбие беріп бір нәрсе үйреткенде пайдалы, әсерлі әрі мәселенінің мән жайын айқындап беретін әдістерді қолданған.

Ал енді осы әдіс-тәсілдерді Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өмірінен ала отырып, түсіндіруге тырысамыз.

  1. Алдымен өзі орындап көрсетуі
  2. Оңайдан қиынға қарай.
  3. Жалықтырмай орта жолды ұстану
  4. Жақсылық жасап, сый сияпат беруі
  5. Адамдарға деген құрметі
  6. Мәселенің мәнін өте ұтымды түрде шешуі
  7. Мейірім мен сүйіспеншілік көрсетуі.
  8. Қабілетін ашып, дамытуы
  9. 9. Сұрақ-жауап әдісін қолдануы
  10. Теңеу, салыстыру және мысалдар келтіру
  11. Түсіндіргенде жест пен мимиктеді қолдануы
  12. Мәселені түсіндіру үшін сызба сызуы.
  13. Айтылған мәселелердің маңыздылығына көңіл аудартуы
  14. Насихат айтуы мен қыссалар баяндауы
  15. Тарғиб пен Тарһибті бірге қолдануы

(тарғиб, адамды бір нәрсені істеуге немесе бір нәрсеге жетуге ынталандыру және қызықтыру дегенге келеді. Тарһиб болса мұның керісіншесі, бір нәрседен сақтандыру және жеркенішті жағдайдан қорқыту деген мағынаны білдіреді. Тарғиб һәм тарһибтың адам баласының бойындағы жаман қасиеттерді жойып, жақсылыққа қарай бағыттаудағы ролі ерек.)

Рухани- адамгершілікке тәрбиелеу жайында ғалымдар былай дейді: 

Имам Ағзам (ө.150) «Тәрбие тұлғаны тәрбие ететін немесе бұзатын нәрсені білуді» білдіреді[1] деген. Ал Маверди бұл жайында былай деген: «Тәрбие тірекке ұқсайды. Аллаһ ол арқылы ақылды кемелдендіреді. Тәрбие әсемдік, ұрпағы құруға айналғандарды, Аллаһ Тағала тәрбие арқылы көркемдейді»[2].

Зернуси: «Білім, зейінді алатын нәрсе Тәрбие болса, білім мен үкім беру жүйелерін үйретеді» деген. Ибни Сина Тәрбиеге «қандай да бір нәрсені, әдетке айналдырғанша қысқа әрі ұзақ уақыт қайталау» деп анықтама берген.

Атақты тәпсірші, Бейзауи болса, тәрбиені, «Бір нәрсені бірте-бірте дамыта отырып, кемелдікке жеткізу» деп түсіндірген[3].

 

Ал Ислами тәрбие, Ислами қағидаларға лайық түрде адам пікірінің дамуы, іс-әрекеті мен мінездің кемелденуі, сондай-ақ, дүние мен ақыретте бақытқа жететін нағыз адамды тәрбиелеу өнері деп айтылады[4].

Яғни ерекшелігі жақсы, кемел адам өсіріп, жастарды өмірге және болашаққа көңіл бөлгізуінде жатыр. Сондай-ақ өмірде кездесетін кез-келген қиыншылыққа мойымай, оның ыстық-суығына төзе білуге де шақырады. Өмірді тек қана қуаныш еместігін ашып көрсетеді. Сөзіміз түсінікті болу үшін Төлеген Айбергенов ағамыздың мына өлең жолдарын айтып өтейік:

 

Өмір үлкен домбыра деп білем мен,

Егіз туған екі шектен тұратын.

Бірі қайғы қабағында түнерген,

Бірі шаттық әлдилеген мұратын.

 

Бұл екеуі жұп жазбайды әуелден,

Қосып тартсаң күй қалады құлақта.

Жаңыласың кеудеңдегі әуенен,

Сыңар шекпен тартам десең бірақ-та.

Міне өмірдің жалпы сипытан ашып түсіндірген. Ислам діні осыны негізге ала отырып, жастарды әдептілікке, төзімділікке, ибалыққа осы сияқты толып жаттқан  адамдық қасиеттерге шақырып, өмір күресінде жеңілмеуге үндейді.

Қоғамның бақыты және тұлғаның бақытына байланысты. Тұлға, дене мен рухтан құралатындықтан, екеуінің де белгілі бір мөлшерде азықтануға мұқтаждық бар. Екеуін тепе-тең ұстап дүние мен ақырет бақытын ойлағанда ғана нағыз бақытқа жетуіне болады[5]. Ал егер қоғамды құратын және тұлға бақытсыз болса, онда қоғамның бақытты болуы мүмкін емес. Ондай жағдайда қулық-сұмдық, алдау мен арбау жайлап, жеке тұлға ғана емес, қоғамда жаппай құлайды. Ислам, осындай келеңсіз жайттарға тосқауыл болады.

Ислам діні жеке тұлғаның түзелуі арқылы қоғам ғана емес, тіпті дүниенің түзелетіндігін негізге ала отырып, жеке адамның жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөледі.

Ислами тәрбиенің мақсаттарының тағы бір жағы, тепе-теңдікке мән беретін адамдар тәрбиелеу болып табылады. Теңсіздік пен бір жақтылықтан, олқылықтың туындары толассыз. Сондықтан да Ислам тепе-теңдікке орта нысанадан айырылмауды көздейді. Адам әрбір ағзасы өз алдын жаратылыс болғанымен бір-бірімен тығыз байланыста.

Мысалға: қол, өз алдына әрекет етеді, алады, қояды, жазады. Бірақ өзге мүшелермен байланысы міндетті түрде болады. Өйткені, қол сіңір, жүйке сүйектер арқылы бір тұтас секілді. Егер қолды денеден бөліп алар болсақ, ол өзіндік ерекшелігін жоғалтады.

Исламда адам ағзаларының қызметі мен ерекшеліктері көрсетіліп қоймай, оның әдебін де шет қалдырмаған. Мәселен: Өсек – аяңның жеркеніштілігі мен ішіп-жеудің әдебі сияқты. Міне Ислам, адамның рухани әрі тәндік жағын да езжей-тегжейлі қарастырған. Дене аспап болса, мүшелері шектері болып табылады. Іс-әрекеттер арқылы денеден күй, ән шығады.  Ал әрбір ағза өз алдына шырқар болса, барлығынан мән кетеді. Сондықтан іс-қимылмен қозғалысқа аса маңыз аударылады.

Батыс мәдениетінің мақсаты, жақсы адамды өсіру[6]. Негіздері адамдық тәрбиеге сүйенетін көптеген қоғамдар осы көзқарасты қуаттайды. Бірақ әдістемелері бір-біріне ұқсамайды. Әр елдің өздеріне тән, ұнатқан нәрселеріне қарай әрекет етеді.

Ал Ислам болса мұндай тар қапастың ішінде қалмайды. Мақсатын тек қана жақсы адамзат тәрбиелеуге сүйемейді. Ол өте ауқымдылықты қамтиды. Соньдықтан да Ислам кемел адам тәрбиелеуді көздейді. Өйткені, ол өзінің қасиеттерін тану арқылы Раббысын таниды. Ол өзін бір ғана мемлекетпен шектемей, кез-келген аймақта нағыз адам болу жолын іздейді.

Дүние мен ақыретте адамды періштеден де жоғары дәрежеге көтеріп, қолына бақыт кілтін ұстататын білім мен әдеп[7]. Демек тәрбиенің мақсаты адамды дүние мен ақыретте бақытқа жеткізу болып табылады. «Білімнің мақсаты, ақыреттегі бақыт» болғандықтан тәрбиенің мақсаты да адамды мәңгілік бақытқа жеткізу.

Ислам діні адамның бұл дүние мен о дүниенің ісімен айналысуын қалап, о дүниенің жемісіне бұл дүние арқылы жететіндігін баяндаған. Сондықтан да Ислам тәрбиесі екі дүниені де көздейді. Ислам дінінің мақсаты, адамзат баласын дүние мен ақыретте бақытқа жеткізу болғандықтан, Ислам тәрбиесінің мақсаты, осы мақсатқа жеткзу болып табылады.

Ислами тәрбие, адамдарды үнемі Аллаһпен бірге болуға шақырып, оның әмірлерін орындауда өте мұхтият болу керектігін айтады.

Атақты Ислам философы Мұхаммед Икбал: өміріміз бен тәрбиеміздің басты мақсаты Ислам болу керек. Біліміміз дінге сүйенбейтін болса, оның түкке де пайдасы жоқ. Мұсылманның міндеті, білімді Ислам негізінде қарастыруы керек. Сонда ғана білімнің жаны рухы кіреді деу арқылы Ислами түсінік екендігін көрсетіп отыр[8].

Құран осы мақсатты былайша түсіндіріп береді:

«Ол сондай Аллаһ, сауатсыздардың ішіне өздерінен, оларға Аллаһтың аяттарын оқып, оларды тазартатын сондай-ақ оларға: «Кітап, даналық үйрететін бір пайғамбар бір пайғамбар жіберді. Негізінде олар ашық адасуда еді» (Жұма сүресі 62/2).

Құран Пайғамбарлардың міндеттерін айта отырып, мына аятпен нығайта түседі: «Расында елшілерімізді ашық мұғжизаларымызбен жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін кітапты мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік. Сондай-ақ темірді пайда қылдық»[9].

Сондықтан Пайғамбарлардың міндеті, адамдарды тәрбиелеу, оларды Аллаһтың әмірлерін орындап, тыйымдарынан тыйю, туралық пен әдептілікті үйрету еді.

Ислам білім мен тәрбиеге маңыз аударады. Білім мен нәпсі тәрбиесін ет пен тырнақтай ажырамас бүтін деп алады. Осылайша оларды Пайғамбар қызметін орындауға шақырады.

Ислами тәрбиенің жүйесінің негізгі ерекшеліктеріне қысқаша тоқталып өтелік:

1) Білім алу: Ислам негізін үйрену әрбір мұсылманның басты міндеті. Аллаһ Тағала барлық пайғамбарларына ең алдымен осы негізді үйреткен. Хз. Мұхаммед (с.а.у.)-ға түскен алғашқы уахи осыны көрсетеді:

«Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол адам баласын ұйыған қаннан жаратқан, Оқы! Ол Раббың аса ардақты. Сондай қаламмен үйреткен. Ол, адамзатқа білмеген нәрсесін үйреткен»[10]. Осылайша мұсылман адамның ең алдымен ғылым арқылы көп нәрсеге көзін жеткізуі шарт. Өйткені, Пайғамбарымыздың да ғылым үйрену жайында айтқан көптеген хадистері бар. Мәселен:

«Білім үйрену әр бір мұсылман үшін міндет» деген. «Білім мұсылманның жоғалтқан малы қай жерден көрсе алады».

2) Білімді үйрету: Бірінші баспалдақ екінші баспалдаққа жетелейді. Ислами тәрбиеде үйренген білімін үйрету міндеті тұрады. Мұны Құранда былайша баяндайды:

«Сонда әр топтан дін ғылымын үйреніп, олар қайтып келгенде, олардың саңсулары үшін ескертулері керек емес пе?» тағы бір аятта: «Сол уақытта Аллаһ Тағала кітап берілгендерден: «Әлбетте оны адамдарға түсіндіріңдер, жасырмаңдар» деп, сенімін алған[11].

3) Әдептің құндылықтары, рухани әрі әдептіліктің құндылықтарына ерекше көңіл аударылады. Мұны сақтау ешқандай қиыншылықтарға бой алдырмай қорғау тиіс. Әдептің маңызын Хз. Пайғамбар былайша түсіндіреді:

«Мен көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім». Тағы бір хадисте былай делінген: «Адамдар сендерге жақ-жақтан білім үйренуге келетін болады. Оларға әдептілікті үйретіңдер».

4) Барша істі Аллаһ разылығы үшін істеу: Білімді дүниеге бөлену үшін алмау керек. Білімді Аллаһ разылығы үшін үйреніп, әрі үйрету қажет.

5) Білімге деген құштарлықты арттыру: Адамдарды бөліп-жармай олардың білімге деген құштарлығын артыру керек. Сондықтан кітапхана, білім алу үшін қажетті құралдардың барлығын дайындау қажет. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл жайында былай дейді:

«Мұсылман білімге томайды, өмірінің соңына дейін білім алады».

6) Оқушының жағдайына қарай тәрбие беру: Исламның алғашқы кезеңдерінде, тәрбие баланың жас ерекшелігіне қарай берілді. Мұны Пайғамбарымыздың (с.а.у.) мына хадисінен үйренеміз:

«Оңайлатыңдар, қиындатпаңдар, сүйіншілеңдер, жиіркендірмеңдер». Осы тұрғыда төртінші Халифа Хз. Әлидің тамаша сөзі бар:

«Адамдардың көңілдері үнемі бір нәрсе үйренуге құштар болып тұрады. Кейде тыңдағысы, кейде тыңдағысы келмейді. Олардың көңілдерінің жағдайына қарай, қарым-қатынас жасаңдар. Тыңдауға лайық болған кезде олармен сөйлесіңдер. Өйткені адамның көңілін бір нәрсеге зорлайтын болсаң көр болады. Сенің қалауыңды тәрк ететін дәрежеге жетеді»[12].

7) Жауапкершілігін үйрету: Әрбір оқушыны білген нәрсесін тәжірибе жүзінде атқтаруға үйрету керек. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.) теориялық білімнің пайдасыз екендігін былайша түсіндіреді:

«Білімнің екі түрі бар: Біреуі телден көңілге кіреді, бұл пайдалы білім; Екіншісі тек қана тілде ғана қалады. Ақырет күні өзіне қарсы шығады»[13].

Ислам тәрбиесінің жүйесінде әрбір оқушыға өмірдегі жауапкершілікті үйрету баста орында келеді[14].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-БӨЛІМ. КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ.

 

  • Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі сынып жетекшінің рөлі

 

Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде  сынып жетекшінің рөлі басым болуы керек. Сынып жетекші оқушыларды тәрбиелеу үшін өзі білімі ұшталған жетік маман болуы шарт және де оның оқушыларға деген қарым-қатынасы, өзінің өн бойында рухани- адамгершілік қасиеттерді жинай отырып, оқушыларды рухани –адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана білуі үшін жаңа технологиялар арқылы білімін дамтып отырғаны  ләзім.

Сынып жетекшісінің рухани адамгершілікке тәрбиелеуде атқаратын қызыметі.

  1. Педагогикалық және әлеуметтік-гуманитарлық балаға барлық бағытта көмек тесу; оның рухани қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға, тұлға аралық өзекті мәселесін шешуге, оны әлеуметтік өмірге араластыруға және өз бетінше  өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен тәрбиенің басқа да мәселелерімен тығыз байланыс орната отырып рухани –адамгершілік мәдениетін қалыптастыру.

2.ұйымдастырушылық- рухани адамгершілік процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап тілектерін қолдай отыра ынтымағы жарасқан саналы да рухани азықтармен қоректенген белсенді әрі іскер топ жұмысын қалыптастыру. Топтағы өзін-өзібасқаруды дамыту.

  1. Оқушылардың жалпы әрекетін басқару- Диогностикалық мақсатқоюшылық, жоспарлау, жобалау, бақылау және түзету, енгізіп отыру.
  2. Іске асыру.
  3. Қорытындылау, талдау.

Сынып жетекшінің рухани-адамгершілікке тәрбиелеуіндегі тәрбиелік іс-шаралардың түрлері.

  • Мұражайларға саяхат;
  • Дебаттар;
  • Интеллектуалдық танымдық ойындар.
  • Оқырмандар конференциялары.
  • Пікірталас.
  • Дөңгелек үстел.
  • Сауалнамалар.
  • Көрмелер.

Сынып жетекшінің жаңа технология әдістері арқылы рухани –адамгершілік апталығын өткізу жолдры.

Тәрбие сағатында оқушыларға жаңа технологияны саяхат –сабағын қолданып сыныптағы оқушылардың білім деңгейіне, рухани жеке ерекшеліктеріне назар аудару. Мысалы:

Оқушыларды 3 топқа бөліп бір оқушыны кеңесші етіп қояды.

  • Балалар қазіргі уақытта, автобус, машина, поезбен саяхатқа шығатын болса, біздің ата-бабамыз арбаға ат жегіп, бір ауылдан екінші ауылға керуенмен саяхатққа шыққан. Бүгін біз ата-бабаларымыздың дәстүр салттарын жалғастыратын ұрпақ болғандықтан, білім керуенімен саяхатқа шығамыз. Біз бүгін саяхат сабағымызда: «Зеректер» елінде «имандылық-қастерлі қасиет», «Білімқұмарлар» елінде «Баталы ер-азбас» және «Атадан қалған асыл сөздер», «Зерделілер» елінде «біліміңді байқап көр» «Атамекен» елінде «Білімді мыңды жығар» аялдамаларына тоқталамыз,-деп технологиялық картаны тақтаға іледі.

І. «Зеректер» еліндегі «имндылық –қастерлі қасиет» аялдамасына тоқтаудағы мақсат өткен сабақты еске түсіру, адам бойындағы кісілік қасиеттермен танысу. Сабақты тексеруде кубизм әдісін байдалану.

  1. Суреттеңіз: кісілік дегеніміз не? және оның белгілерін айтып бер.

2.Салыстырыңыз: Кісілік қасиеттердің өзіне тән ерекшеліктерін салыстырып айтып бер.

3.Зерттеңіз: кісілік қасиеттердің кез-келген 2-3 түрін  таңдап, өмірден сол туралы білгендеріңді ортаға сал.

4.Қолданыңыз: сыныптағы рухани-адамгершілікке жеңіл-желпі қарап жүрген оқушыларға кісілік қасиеттерді қалай қолданып тәрбиелер едіңіз?

5.Елестетіңіз:    кісінің де кісісі бар дегендей, оның ұнамды, ұнамсыз, жағымды, жағымсыз түрлерін ойлағанда көзіңізге не елестейді?

6.Талқылқылаңыз: «Адам болар адамның кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар» деген тәрбиелік сөзінің мағынасын жан-жақты түсіндір.

Осы аялдамадағы кубизм әдісі барысында оқушылар еркін пікірлесіп, бірін-бірі тыңдауға, бірінің қатесін түзетіп, ойын еркін жеткізуге, деңгейлері төмендеу оқушылардың өздері ізденіп, топқа өз үлестерін қосып, сөйлеу, ойлау қабілеттерін қалыптастырып үйренеді.

ІІ. «Білімқұмарлар» еліндегі аялдамада «Имандылыққа тәрбиелеу» деген тақырыпта жаңа сабақ өту. Бірінші «Баталы ер-азбас» аялдамасына тоқталғандағы мақсат бата беруге, тілек білдіруге үйрету, оның түрлерін түсіндіру. Бұл тақырыпта төмендегідей сұрақ беріледі.

-Балалар ас қайырғанда дастарханға не беріледі? (Бата)

-Бата қала беріледі? (Қол жайып)

-Бата туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

(«Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас», «Жаңбырмен жер көгереді, батамен ел көгереді», «Көп тілеуі көл».)

Бата-қазақ арасындағы адамдардың жақсы тілегін білдіретін тәрбиелік мәні бар рәсім. Халықтың бата-тілек сөздері деткіншек ұрпақты әдепті, сабырлы, зерделі болып өсуге баулиды, малды-басты, дәулетті, бақытты, кешірімді болуын тілейді, елін –жерін қорғайтын ержүрек болуға талпынтады, жастарды мейірімді, инабатты, рухани-адамгершілігі жоғары адам болуға тәрбиелейді. Бата тілектің айтылу түрлері көп,. Жаңа отау болған жас жұбайларға, жас нәрестені қырқынан шығарғанда, бесікке салғанда, ат қойғанда берілген. Ер азамат алыс жолға, жауға аттанарда елдегі үлкен ақсақалдар бата-тілек беріп, туған жер топырағын орамалға түйіп, қалтасына салып беретін болған. Ол аман есен елге орал, топырақ туған жерден бұйырсын деген ырым тілек. Бата сөзі тек қазақ жұртында емес түрік-монғаол халықтарында да дәстүрге айналған.

Осы айтылған баталардың барлығы да ананың ақ батасы, атаның оң батасы болып табылатын батаның бірінші түрі. Оң бата алғыс. Екінші теріс бата-қарғыс. Теріс бата деп аталғаны болмаса қарғыстың қаттысы, жазаның ауыры. Оны берерде қолдың сыртын жайған. Бұл ел ішінде сирек кездесетін бата.

Бата сондай-ақ адам бойындағы жат мінездерді сынап, мінеу түрінде де беріледі.

Екінші «Атадан қалған асыл сөздер» аялдамасына тоқтаудағы мақсат тыйым сөз сөздердің мазмұнын, мағынасын түсіне білу.

Халқымызда әдет-ғұрып, салт-дәстүр, төрт түлік малға байланысты тыйым сөздер өте көп.

А) ‡лкенді сыйлауға, табиғатты қорғауға, әдептілікке, қайырымдылыққа, айналадағы нәрселерді қадірлеп, қастерлей білуге, обал-сауапты баулитын тиым сөздер.

Ә) Кейбір тыйым сөздер тәртіптілікке, сыпайылыққа, сақтыққа шақыра отырып жаман әдеттерден жирендіреді.

Б) Тазалыққа, ұқыптылыққа табиғатты қастерлей білуге байланысты тыйым сөздер.

Осы тыйым сөздердегі ақы-кеңестер бәрімізді мәдениеттілк пен инабаттылыққа, имандылыққа тәрбиелейтін үлкен мектеп.

Оқулықпен жұмыс.

ІІІ. «Зерделілер » еліндегі «Біліміңді байқап көр» аялдамасына тоқтаудағы мақсат- жаңа білімді бекіту.

  • «Венн диаграммасы» әдісі бойынша оқушылар тақырыптың ұқсас ерекшеліктерін салыстырады.
  • «Алтын күшті ме, бата күшті ме?» (ой талқы)

І‡ «Зиялылар» еліндегі «Ашылмаған құпиялар» аялдамасында батамен тыйым сөздерді өмірмен байланыстырып, көрініспен көрсету.

  • Көшеде қарт әже ауыр жүгімен тұр. Мектептен келе жатқан Асқар оның жүгін көтерісіп, қайырымдылығы мен жақсылығын көрсетті. Асқардың осындай ізгі қызметі үшін әже қандай ризашылығын білдіріп, бата айтты деп ойлайсыздар?
  • Солдатқа ата-аналар алдында Азамат батасын алайын деп ауылдың ең үлкен қариясына барды. Азаматқа атасы қандай бата берді деп ойлайсыздар?
  • ¤здерің таңдаған тыйым сөздердің тәрбиелік мәнін ашып беріңдер.

-Қонаққа сынық кесемен шай ұсынба.

-Дөрекі сөйлеме

-Екі қолыңды төбеңе қойып отырма.

-Жүрер жолыңның уақытын кесіп айтпа.

-Нанды бір қолмен үзіп жеуге, нан қиқымын басуға болмайды.

-Күн батар уақытта ұйықтама.

       Шәкәрім өлеңдері арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеу.

Шәкәрім өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, өлеңді нақышына келтіре оқи отырып негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру, Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болуға, адами сезімді қастерлеуге, сүйіспеншілікке, ішккі рухани тазалыққа үйрету, оқушылардың қоғамға өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру үшін іздену зерттеу, сабағын сұрақ –жауап, пікірлесу, талқылау, зерттеу, шешімін іздеу,  бір пікірге келу әдістерімен жүргізу.

Мұғалім: Сонау атадан келе жатқан ұлттық құндылығымыз – рухани-адамгершілік байлығымыз. Абай, Шәкәрім аталарымыздың шығармаларының тұнығы осы рухани тәрбие. Ғасырлар бойы Абай тәлімі адамзатты адастырмай, алдына жарық салар шырағданы болды. Абай ізін жалғастырушы, адамдық жолын айнытпай танытқан Шәкәрім жырлары бүгінгі ұрпақтың бойтұмары болмақ. Шәкәрім өлеңдерінің тақырып ауқымы өте кең. Соның ішінде ойып орын алар тақырып-рухани адамгершілік мәселесіне қатысты ойлары.

Қазақ халқы қонақ жай бауырмал халық. Бар тәттісін қонағының алдына қойып, сусынын қандырып, астына атын мінгізіп жіберген. Айналаңды дос тұту, бауырыңа тарту адамгершіліктің жоғары түрі. Шәкәрім өлеңдерінде  бұл қалай көрініс тапқан?

Оқушы.  Бұл тұрғыда Шәкәрім атамыз: «Ойласаң, барша адамзат –туған бауыр» дейді. Ол өлеңдерінде қазағым, ұлтым, алашым деп өз жұртына бүйрегі бұрса, барша адамзатты бауыр тұтады. «Анадан алғаш туғанда» өлеңінде:

Еңбекке шыда, ебін тап та,

Сабырдың түбі сары алтын

¤зімшіл болма, көпті ардақта

Адамның бәрі -өз халқың.

 

Ынсап пен мейірім әділетті

Жаныңдай көріп жан сақта

Ол жолда өлсек неміз кетті

Мақсұтқа жетпей қалсақ та?-

Деп туған жұртына өнеге ұсынады.

Мұғалім: Ал адам өмірінің мәні неде? Адам баласының борышы не?

Оқушы: Ақын кірсіз ақыл, місіз сөз, адал еңбек анық бақ деп білді.  Оның өзі де «Жолама қулар маңайға» өлеңінде:

Адамдық борыш ар үшін

Барша адамзат қамы үшін

Серт берген еңбек етем деп

Алдағы атар таң үшін,-

 

Деп өз өмірінің мәнісі еңбекте жатқанын айтады.

Мұғалім: Шәкәрім Шығармаларын оқығанда Абайдың терең ойлы, маржан сөздеріеріксіз еске түседі. Ол –заңдылық. Абай аталарыңның «Рақымдылық, мейірбандылық, әр түрлі істе адам баласына бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға да болса игі еді демек, бұлар-жүрек ісі» деген афоризм боп қалыптасып кеткен. Осы өзгеге жақсылық жасау, мейірімді болу идеясы Шәкәрім поэзиясында қалайша орын алады?

Оқушы: Бұл ой, әсіресе, «Насихат» өлеңінде айқын білінеді. Ол су, от, жел, сықылды ұғымдардың екі жағын екі түрлі қасиетін салыстырмалы түрде жырлайды да , соның айналаңа пайдасы болар жағын қала дегенді айтады. Жатқа:

Сусағанның сусыны бол су сықылды сұп-сұйық

Бірақ ондай болма салқын ел көңілін қалдырып.

От сықылды жылы болсын жүзіңіз бен сөзіңіз

Бірақ ондай мархабатсыз болма өртеп жандырып.

 

Жел сықылды желпі жұрттың шаршағанын, талғанын

Жықпа үйін, болма құйын, қылма жаман аманын.

Жер сықылды пайдалы бол, пайдалансын ел сенен

Тасты жердей болма қатты, тілме жұрттың табанын.

деп насихат айтады.

Мұғалім: «Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өз де есті болады» (Абай 19- қара сөз) дегендей, жарғыда айтылған Шәкәрім қағидаларын ескере келе, қандай шешімге келіп ой қорытасыңдар?

Оқушының қорытындысы: (Оқушы сызба-нұсқадағы жазуды оқып, өз пікірін қосып қорытады).

 

Оқушыларды клуб жұмыстары арқылы рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.

Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпағының интеллектуалдық ой өрісін дамытуда рухани тәрбие беру –бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қандай озық мәдениет болмасын, адамға оның төл мәдениетін алмастыра алмайды. Қазақ мәдениеті – бірегей, қайталанбас құбылыс. Оның уызына қанбаған, оның нәрін бойына сіңіре алмаған қазақтың баласы-рухани жарым жан. Олай болса, жеке тұлғаның ұлттық сана-сезімі мен мінез-құлқын қалыптастыруда орасан зор рөл атқаратын ұлттық мұраларды сақтап қалудың бірден бір кепілі мектеп қабырғасында оларды оқушыларға жүйелі түрде  меңгерту.

Мектепте -сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында салт-дәстүрлерді, төл өнерді жаңғырту арқылы оқушыларға имандылық-эстетикалық тәрбие берілуі керек. «Ел боламын десең бесігіңді түзе», -дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов. Осыған байланысты мектеп ішілік клубтар істеуі керек. Бұл клубтар ауыл клубымен тығыз байланыста болғу шарт.

Клуб жұмысы педагогтар мен оның жұмысын ұйымдастырушылардан талмай ізденуді, тың серпінді күш-қайратты талап етеді. Екіншіден сынып жетекшілердің шығармашылық бастамасы мен халық педагогикасының асыл мұрасын клубтың мәдени-тәрбие жұмыстарына үнемі пайдалана білулері тиіс.  «Өткеннің өнегесі –бүгіннің баға жетпес байлығы»- деп Елбасымыз Н.Назарбаев атап айтқандай, халық дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеу бізге міндет, кіші мектеп жасындағы ұл-қыздардың бойына «Ұлттық рухани қасиет» өзінің дініне, тіліне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген көзқарасы ерекше болып, осы қасиеттерді сіңіре білу.

Мектептегі клуб жұмысының мақсаты: Оқушылардың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиені рухани ұлттық салт пен имандылыққа  негіздеп, рухани адамгершілікке толы ұлтжандылық, патриоттық  сезімдерін қалыптастыру.

Аталмыш орталықтың міндеттері:

Ұлттық мәдени байлығымызды танып білуге тәрбиелеу, халқымыздың мәдени мұраларын игеру.

  • Жалпы адам қоғамы жинақтаған рухани- адамгершілік нораларын, қатынас мәдениетін, тәрбиелікті игеру.
  • Адал өмір сүруге, жақсы тәлім-тәрбие алуға тәрбиелеу.

Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол рухани-адамгершілікті, қайырымдылық пен мейірімділікті, имандылық пен инабаттылықты дәріптейді. Ата-бабаларымыз баланы бесігінде жақсы әдетке баулыған. «Үлкенді сыйла, сәлем бер, жолын кеспе», «Өтірік айтпа» деген сөздерінің мәні ешқашан жойылмақ емес.

«Жігітке жеті өнерде аз», «Қызға қырық үйден тыйым», деп ұлдың да, қыздың да өнерлі, өнегелі жан болуына жол сілтеген.

Аталмыш клубтың рухани-адамгершілікке тәрбиелеу маңызы

  1. Дөңгелек стол: (мысалы: мынадай тақырыпта «Тәрбиелі-адам етер, тәрбиесіз надан етер»),
  2. Жарыстар: («имандылық жарасар ұл қызға»атты тақырыпта) өткізу.
  3. Әңгіме сағаттары: «Қызға қырық үйден тиым», «Қос бұрым-қыз көркі» т.б осы сияқты тақырыпта.
  4. Пікір алысу сағаттарын: «Қызым саған айтам»т.б
  5. Қыз сыны байқауы:

 

«Қиын » балаларды еңбек арқылы рухани- адамгершілікке тәрбиелеу жолдары.

Қазіргі  таңдағы   болып  жатқан  әлеуметтік – экономикалық   жағдайлар  бала тәрбиесін басты назарда ұстаудың ең негізгі мәселе екендігін нақты көрсетіп отыр. Бүгінгі ұрпақ қандай болса, болашағымыз солар арқылы айқындалары анық. Олай болса саналы және мақсатты бағдарлы тұлғаны қалыптастыру – ең басты бірінші қоғамымыздың жоспарлы міндеті.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде: «Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектін байыту» — деп көрсетілген (1).

Сөйтіп бұл заңда тәрбие жұмысына жан – жақты жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінген. Қазіргі кезде елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы кәмелетке толмаған жас өспірімдердің арасында қылмыстық істер жасауына жағдай туғызуда.

Қиын балалардың саны өсуде, олардың теріс пиғылдары мен сана – сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, өтірікшілдікке, жеке  басын ғана ойлауына, өмірлік бағыт – бағдардың дұрыс болмауына әкеліп соғуда.

Кейбір жас өспірімдердің рухани жағынан азуының нәтижесінде тек ішіп – жеуге, өзімшілдік қатынасқа мойынбұрып, өзіне және айналасындағы адамдарға немқұрайлықпен қарауға, арақ – шарап, темекі, анаша тарту және сұйық затты иіскеу, оны пайдалану сияқты т.б. қылмыстық істер жасауға дағдылануда.

Шын мәнінде адам баласының түпкі мақсаты – қайырымды қоғам орнатып, өзінің тіршілктегі бақытын табу. Сондықтан шамасы келсе, қайырымды іс жасаудан артық еш нәрсе жоқ екендігін де әркім біледі. Біле тұра, бірақ адам баласы қоғамдағы әртүрлі жағдайлардың әсерінен, тәлім – тәрбиенің жеткіліксіздігінен жалпы қайырымдылық атаулыға қарама – қарсы жаман мінез – құлықтарды, іс — әрекеттерді  бойына сіңіреді.Сонан келіп біздің өмір тіршілігімізде «қиын» балалардың пайда болатынын білеміз.

Ғалымдардың ой – пікірлеріне жүгінетін болсақ, «қиын» деп аталатын балалар – педагогикалық назардан тыс қалған балалар. Олардың жеке  басының адамгершілік жағынан өзгеруі – педагогикалық қателіктердің салдары (2).

Адамгершілік – қоғамдық өмірдің обьективтік заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы қарым – қатынастарды реттеуге негіз болып табылатын талапқа сай белгілі бір гуманистік принциптерді білдіретін моральдық    ұғым (3).

Ал адамгершілік тәрбиесі дегеніміз тәлім – тәрбиенің ықпалды әсерімен моральдық сананы қалыптастырудың, этикалық білімділікті, адамгершілік сезімді дамытудың сара жолы. Ол жанұя, ұстаз, еңбек, қоғам, жеке ықпал арқылы іске асырылады (3).

Кезінде В.А.Сухомлинский: «Моральдық жағынан сұлу адамдар – бұлар ең алдымен бақытты адамдар» деген болатын (4). Яғни біздің бұдан ұғатынымыз рухани-адамгершілік тәрбиесіне айрықша көңіл бөлу қажеттілігі. Ол үшін мектеп ұстаздары мен ата – аналар «қиын» балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде «еңбек – бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры » демекші еңбекті негіз етіп қарастырғанымыз жөн.

Халқымыз «адамның бақыты – еңбекте» деп бекер айтпаған. Шындығында адам баласы өз қадір – құрметін адал еңбегінің нәтижесінде алады.

Жалпы тіршіліктің негізі – еңбек.Адамды ұлы көрсететін, оны бүкіл әлемге, елге танытатын да сол адал еңбегі.Олай болса ата – аналар балаларын кішкентайынан еңбекке баули отырып, өздері атқарған жұмысын ығыр болып кетпейтіндей түсінікті тілмен жайлап үйретіп отырса, бағыт берсе, әрбір бастаған ісін соңына дейін аяқтауға қалыптастырса, олар да соған бейімделеді. Өкінішке орай көптеген ата – аналар балаларын еңбекке баулудың орнына қабырғасы қатқан жоқ, жұмыс істейтін уақыты әлі алда деп қате шешім жасайды.

Ата бабамыз текке айтпаған: «Баланы жасынан бастап еңбекке баулу керек»,  — деп. Егер жас кезінен бастап еңбекке үйретпесе, өскенде еш нәрсеге икемі жоқ, жатып – ішер, нағыз жапқау болып  шығатын жас ұрпақтын өсіп қалғанында білмей қаламыз.

Қазақтың ағартушы – педагог жазушысы С.Көбеев «Балаларға еңбекті зорлап, күшпен орындатқаннан ешқандай нәтиже шықпайтынын, оларға еңбектің пайдалы екендігіне көз жеткізіп, иландырып өнімді еңбекті дұрыс ұйымдастыра білуге үйрету қажет» — дейді (4).

Сондай – ақ көптеген ғалымдар өздерінің еңбектерінде еңбектің тәрбиелік мәніне тоқталған.Философ Жан Мари Гюйо: «Адам жұмыс істеген уақытта ғана толық адам болады» — десе, орыстың данышпан жазушысы Л.Н.Толстой: «Адамды ештеңе де еңбектей ізгілендіре алмайды» деген болатын. Яғни ол еңбек етпеуді қылмысқа санайды.

Ал кемеңгер Абай:

Бақпен асқан патшадан

Мимен асқан қара артық.

Сақалын сатқан кәріден

Еңбегін сатқан бала артық, —

деп, еңбек ету мен тілемсектікті арлылық пен арсыздық белгісіз ретінде алып қараса, атақты «Сегіз аяқ » атты өлеңінде:

Тамағы тоқтық,

Жұмысы  жоқтық.

Аздырар адам баласын, —

деп еңбектің адамның табиғи қажеті екенін асқан көрегенділікпен тамаша тұжырымдап береді. Сондай – ақ Абай: «Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап» — деп өзінің ойын қорыта түседі.Демек «қиын» баланың жеке тұлға болып қалыптасуында еңбек шешуші роль атқарады.Еңбек арқылы «қиын» балалардың қоғамдық белсенділіктерін дамытып, әдеп – инабат дағдыларын қалыптастыруға тигізетін оңды әсерлері нығайтылады. Сонымен қатар еңбек барысында   адамның  өмір  жолындағы  қателіктері  мен  ағаттықтары,  оның өткендегі  тәрбиесінде  жіберілген  кемшіліктер  мен  олқылықтар түзетіледі. Адам  психологиясына тән бір нәрсе: адамдар өздері жақтырмайтын жағдаяттарға тап болуы неғұрлым ұзаққа созылған сайын, соғұрлым арқа-бастары кеңіп, сол жағымды сезімнің әсерінен қазіргі күйінің қадір-қасиетін бағалауды ұмытады. Мұның мысалын осы күнгі жастар арасынан жиі кездестіруге болады. Олар қазіргі өздеріне қолайлы – жайлы тұрмыстың қалай жасалғанын елестете алмайды және оған талпынбайды да. Ол үшін күресу керек екені де ойларына кіріп шықпайды.Бүгінгі жастардың көпшілігі жанын қинамай, қамсыз өмір сүріп, ырду-дырдумен уақыт өткізуді мұрат санайды, бірақ олар қатты қателеседі, өйткені еңбексіз келген ондай «бақыт» баянды болмайды, ол көп ұзамай опық жегізеді. Ең жаманы Абай айтқандай, адамды аздырады. Бұл тұрғыдан алғанда, еңбек адамның жан дүниесін жанғыртып, күш қайратын  жігерлендіріп, ой-қиялына қанат бітіретін бірден-бір құдіретті күш екенін көреміз. Яғни өзінің практикалық сипаты мен мәні жөнінен еңбек адамдардың жарыс құралы, бір-бірінен кейін қалмаудың ғана  емес, бір-бірінен озып алға шығу мүмкіндігі жүзеге асырылатын майдан іспеттес. Біздің қазіргі жағдайымызда еңбек әркімнің өзіне және қоғамға қызмет етудің формасы, сонымен қатар адамдар арасындағы  қарым-қатынас түрі әрі адамның азамат ретінде өз орнын  табу тәсілі ролін атқарады.Осы тұста мынадай әңгімені айтқан жөн.Баяғыда бір білімді де көргенді адам болыпты. Оның жалғыз ұлы бар екен. Сол бала ер жетіп, ат жалын тартып мінуге жарап қалғанда әкесі оған еңбек етіп, ақша табуды тапсырыпты.Ал анасы жалғыз ұлын аяп, әлі бұғанасы қатпаған жас деп, баласының жұмыс істеп табатын ақшасын үйдегі ақшадан алып беріпті. Бала әлгі ақшаны кещқұрым «бүгінгі табысым» деп әкесіне бергенде, әкесі оны алған бойда отқа лақтырып жіберіпті. Бала оған қыңқ етпепті.Екінші және үшінші күндерде де тап солай болыпты. Төртінші күні әкесі ақшаны тағы отқа тастағанда: «Ойбай, көке ақшаны өзім тауып едім ғой!» — деген екен, дейді. Демек адал еңбекпен жеткен жетістік қуанышты да, тапқан табыс өте қадірлі.Сонымен қатар баланы тәрбиелейді, тәртіпке түсіреді.Бұдан шығатын қорытынды: бала тек қана еңбек арқылы  қалыптасып кемелденеді, өз жөнін өзі білетін, ешкімге жалынышты тәуелді емес, өзінің бақыты мен қуанышы, атақ-абыройы үшін ешкімнің алдында ұятты, қарыздар емес жеке тұлғаға сонысымен қоғамға пайдалы, айналасына сыйлы, қайырымды, шапағат иесіне, шын мәніндегі адамгершілігі мол инабатты  кісіге айналады.Әрине, кейде «еңбегің  еш, тұзың сор болатын»  реттер де кездесіп жатады. Оның өз себептері, заңдылықтары бар. Бірақ еңбексіз нағыз адам, шынайы инабатты, бақытты адам болуы мүмкін емес. Даналар айтқандай, еңбексіз еш нәрсе жасалмайды. Сондықтан да  отбасындағы әрбір ата-ана мен мектептегі ұстаз баланың жүрегінен жол таба отырып, өздерінің баланың өміріне тікелей жауапты екендігін сезіне отырып ерінбей, жалықпай қажырлы жұмыстар атқаруы қажет. Ол үшін балаға «жалқаудың жаны – тәтті, еңбектің – наны тәтті» екендігін ұғындыра отырып еңбекқор болып өсуіне мән беруі қажет.

Кезінде Т.Тәжібаев: «Еңбек – баланың адамгершілік белгілерін дамытумен бірге, оны жалқаулық, бұзақылық,не болса соған ұрыну сияқты қылықтардан аулақ сақтайды» — деп еңбектің алатын орнына тереңінен мән берген болатын (4).

Т.Тәжібаев тағы бір сөзінде: «Еңбексіз бос жүру адамды моралъдық жағынан құлдыраушылыққа, жалқаулыққа, зерігушілікке, жұрт еңбегінің есебінен күн көруге әкеп соғады, табиғи талантын мұқалтады» — дей отыра  «Еңбек – адам мінезіндегі өзімшіл сыйпаттарды жоюға көмектеседі» — деген (4).

Яғни еңбек арқылы қиын балалардың бойындағы өзімшілдік, менмендік тағы басқа қасиеттерді жоюға болатындығын түсіне отырып іске асыруымыз керек. Сөзімізді қорыта айтар болсақ «қиын» балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде еңбектің алатын орны ерекше екендігін түсіне отырып, мектеп ұстаздары мен ата-аналар бірлесе, көптеген даналарымыздың еңбектерін пайдалана отырып, жүйелі түрде тәрбиелік жұмыстар атқаруы тиіс.

 

 

Осы жағдайға байланысты сынып жетекшілері тәрбиесі қиын балалармен жұмыс барысында мына мәселелерді еске алу қажет:

а)   тәрбиесі қиын балалардың жас және дербес ерекешеліктерін есепке алу;

ә) олардың кемшіліктерін терең зерттеу, психологиялық, педагогикалық және медициналық мәліметтерін жете білу;

б)         мектептерде мақсатқа бағытталған жоспар бойынша нақты жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру, жетілдіру.

Тәрбиесі асқынған балалармен жүргізілген  жұмыс өнегесін озат мектептердің іс — тәжірибесінен көруге болады.

Біріншіден, педагогикалық ұжым  және ата – аналар  комитеті  бірігіп, балалардың жағымсыз мінездерінің себебін анықтайды, оны іске асыру үшін шаралар белгілейді.

Екіншіден, мектептерде тәрбие жұмысындағы сабақтастықты іске асырады. Сынып жетекшілері күнделік жүргізіп, онда оқу жылының бойында жүргізілген жұмыстарды жазып отырды. Бұл күнделіктер сыныптан сыныпқа беріліп,ондағы мәліметтермен, яғни жүргізілген жұмыстың мазмұны және әдістерімен келесі сынып жетекшісі танысады, өзінің істейтін жұмысының мақсатын, бағытын анықтайды.

Үшіншіден, тәрбие қиын жеткіншек жастағы балаларды әр – түрлі жұмыстарға – жиналыстарға, түрлі жарыстарға, кештерге, өздігімен іс — әрекетіне, бастауыш сынып балаларын шефке алуға т.б. белсенділікпен қатыстырады.

Төртіншіден, мұғалімдерді  педагогикалық – психологиялық біліммен қаруландыру үшін кейбір мектептерде  тұрақты семинарлар жұмыс істейді, оларға тікелей көмектеседі.

 

Қиын оқушылар және оларды қайта тәрбиелеу мәселесін зерттеген белгілі қазақстандық ғалым А.Керімов мұғалімдер мен қиын балалардың арасындағы қарым – қатынастар жүйесіндегі кемшіліктерді шартты түрде үш топқа бөледі:

  1. Моральдық және заң нормаларын ұстамауға бейімділігі бар оқушыларды алдын – ала айқындай алмауы. Кейбір мұғалімдердің оқушының дара ерікшеліктеріне, адамгершілік тәрбие нормасынан ауытқу себептеріне толық көңіл аудармауы.
  2. Қиын оқушылармен тіл табыса алмауы, яғни жеке педагогикалық ықпалдар жасай алмауы салдарынан педагогтік этикаға жатпайтын тәсілдерді қолдануы, ұрысу, әрбір қылықтарын талдауға алу, орынсыз жазалау, қандай бір жөнсіз әрекеттер болсын, оны сол балаға жабу, кемсіту, т.б. осылайша дұрыс қолданылмаған шара жасөспірімнің ыза – кегін оятып, қарсылығын туғызады.
  3. Кейбір педагогтардың кәсіптік деңгейлерінің төмен болуы және психологиялық тұрғыдан балалармен жұмыс жүргізуге дайындығының жеткіліксіздігі, өз пәндерінен білімдерінің таяздығы, тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру мен өткізуде әдістемелік шеберліктерінің жетіспеуі.[1]

«Баланы жан – жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан – жақты білу керек» дейді белгілі педагог К. Ушинский. Мектепте педагогикалық тұрғыда ойластырылып шешілген оқу – тәрбие үрдісін шебер жүзеге асыру үшін әрбір мұғалім, тәрбиеші, мектеп директоры, сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырушылар мен бүкіл мектеп ұжымы негізгі ұстанымдарды нақты қызметте басшылыққа алатын ғылыми негіздерді табуы тиіс.

Қоғамды алаңдатып отырған көкейтесті мәселенің бірі – тәрбиесі қиын балалардың санының көбеюі. Ғылыми деректерге қарағанда, тәрбиесі қиын балаларда байқалатын белгілер:

Біріншіден, анамалды қажеттілік, екіншіден, тұрақты жаман қасиеттер жиынтығы, үшіншіден, ата – аналармен немесе мұғалімдермен тұрақты егесу жағдайлары, төртіншіден, басқа адамның көмегінсіз өзін — өзі түзетуге қабілетсіздігі. Сынып жетекшілері тәрбиесі қиын баламен жүргізілетін жұмыстарды мына мәселелерден бастағаны абзал:

—  тәрбиесі қиын балалардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу;

— олардың кемшіліктерін терең зерттеу, психологиялық – педагогикалық және медициналық мәселелерін жете білу;

— мектептерде мақсатқа бағытталған жоспар бойынша нақты жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру, жетілдіру;

— психолог мамандармен жиі әңгіме ұйымдастыруды дағдыға айналдыру.

Мектепте баланың тек оқып қана қоймайтынын ұмытпау керек. Мектепте ол өмір сүреді. Егер тәрбиешілер осы ақиқатты ұмытса, оқушы үшін ең ауыр азапқа айналады. Мектеп өзінің қызғылықты мазмұнды өмірімен ғана оқушыларды өзіне тарта алады. Мектепті білім тірегі десек, ұстаз – оның жүрегі. Мұғалім жас ұрпақтың жан – жақты терең білім алуымен қатар саналы да тәрбиелі, саяси – экономикалық сауатты, адамгершілік қасиеттері мол, зерделілік деңгейі жоғары болуы үшін жүйелі еңбек етеді.

Сол себепті барлық ұстаз, ең алдымен, шәкіртінің жан-жақты тәлім тәрбие алуына, олардың ішкі қасиеттерін анықтауға, дарынын шыңдауға сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағынан сусындауына жағыдай жасауы тиіс. Тәрбие ана сүтінен басталып, біреудің біреуге ықпалы арқылы өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс. Бала тәрбиесі себеп сылтау іздеуге төзбейді. Оны жүргізу үшін педагогикалық ұжымның кәсіптік бірлігі, ата-аналардың аналық көзқарастары және осы ұстанымдарға негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз байланысқан одақтың нәтижелі жұмысы қажет.

Тәрбиелеуге қиын оқушылар мен педагоктың оқудағы қарым-қатынасын, оқушылардың қараусыз қалушылығын педагогикалық ролдің субьектпен байланысын көрсетуінде функцияналдық байланыс бар. Мектеп қабырғасындағы эпизодтық төбелес, ұрлық, мұғалім мен оқушы арасындағы жанжал, т.б. барлығы мектеп өміріндегі бұзақылық қалып. Бұзақылық сипат оқушылардың қараусыз қалушылығының педагогикалық мінез-құлқын бейнелейді.

Тәрбиені жас ерекшеліктеріне қарай жүргізсе, баланың ынтасын дамыту арқылы әдіс-тәсілдерді жаңартып отырса, іс нәтижелі болады. Осы орайда «егер бала бұзақы бола бастаса, онда бұған бала кінәлі емес, педагогикалық әдістер кінәлі» деген А. Макаренконың пікірін қайта қарауға тура келеді. Ал Абайдың сөзі қайта тәрбиелеу ісін жігегмен бастауға дем береді. Ол жеке баланың қалыптасып дамуы туралы былай тұжырымдайды: «Баланы ең алдымен қоршаған ортасы, көшесі тәрбиелейді».

 

 

2.2. Кіші мектеп жасындағы оқушыны рухани-адамгершілікке педагогикалық процесте тәрбиелеу жолдары.

Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды  педагогикалық міндеттері:

  1. Оқушылардың белсенді өмірлік позициясын қалыптастыру.
  2. Қоғамдық борышқа саналы көзқарасын тәрбиелеу.
  3. Сөз бен істің бірлігін қамтамасыз ету.
  4. Адамгершілік нормаларынан ауытқуға жол бермеу.

Бұл міндеттерді шешу оқушыларды қоғамдық пайдалы, өнімді еңбекке дайындаумен тығыз байланысты. Ол баланың мектепкке барған алғашқы күнінен басталады. Алғашқы еңбек дағдылары сабақ үстіндегі міндеттерді орындаудан басталады. Оқу бала үшін-еңбек, қоршаған ортаны танып-білу, жаңа ғылыми білімдерді игеру адамгершілікке тәрбиелеудің  басты құралдары болып табылады.

Орыс ағартушысы Н. Г. Чернышевский адамгершіліктің маңызды бір саласы адамның өмір сүру шарты, адамның пайдалы істері мен әрекетті-еңбек-деп есептегені жоғарыда айтқанымызға дәлел болмақ, ол жасөспірімдерге, болашақ қоғам қайраткерлеріне, шынайы халық мүддесін қорғаушыларға мынандай негізгі адамгершілік сапалар қасиеттер қажет деп есептеген:  патриотизм,гуманизм, еңбекке сүйіспеншілік, адалдық,сөзді іспен байланыстыра білу, кішіпейілділік т.б.

Патриотизм, Чернышевскийдің тұжырымдауынша, адамгершіліктің басқа бір саласы  гуманизммен тығыз байланысты. Ортақ іске қызмет ету үнемі адамгершілікті керек етеді дей отыра, ол гуманизмді теріс ұғынушыларды сынады, оның пікірінше, шын гуманист адам айналасындағы адамдарға зор сүйіспеншілік және құрмет сеніммен құрауы, қайырымды болуды, зиянды әрекеттерге қарсы шығуы, адам баласының мұң-мұқтажын біліп отыруы, жамандық атаулының бәріне келіспес,  мейірімсіз күрес жүргізуге білуі тиіс-деген көзқарастары адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына  негіз болады.

Адамгершілік тәрбиесін ұйымдастыру және оның тәсілдерін қолдану.

ұрпақ тәрбиесін толымды жүзеге асыру үшін баланы адамгершілік мұратқа ерте бастан баулу оның отбасынан басталып, мектеп қабырғасында жалғасын табады. Мектепке дейінгі жаста балаларда бастапқы адамгершілік сезімдермен ұғымдар, адамшылық мінез-құлқының ең қарапайым дағдылары қалыптасады. Мектеп жағдайында бұл жұмысты ұстаздар он бір жыл бойына жүйелі түрде жүргізеді. Адамгершілік қасиеттер – жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастыру мен тікелей байланысты. Оның талаптарын негізінен оқушыларға арналған ережелерде баяндалған. Олар күнделікті өмірде өтіп жатады. Себебі олардың адамгершілік қызметі қоғамның талаптары мен қоғам және баланың тікелей өзінің өмір сүруі, тіршілігімен байланысты болып келеді. Мұндай жағдайда дербес белсенді әрекетінің маңыздылығын да естен шығармау керек.

Қайсі бір адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу оқушылардың сана-сезімімен мінез-құлқына әсер ету қажеттілігімен байланысты болып келеді. Оны жүзеге асыруда   адамгершілік тәрбиесінің әртүрлі ұйымдастыру формалары мен амал тәсілдері қолданылады. Оларға адамгершілік тақырыбына арналған  этикалық әңгіме, әңгімелесу, лекция, піккір талас және оқырмандар конференциясын жатқызамыз.

ұйымдастыру формалары деп баланы оқу әрекеті мен оқудан тыс тәрбие жұмыстарын айтамыз. Оқу әрекеті-оқыту процесінде жүргізіледі. Сабақ үстінде оқу пәндері мазмұнының адамгершілік бағытын қамтамасыз ету болып табылады. Кітап –дүниеге ашылған есік, олай болса бала кітапты оқи отыра табиғат, қоғам, адам жайындағы заңдылықтардың  қыр-сырын танып, адамдар арасындағы өзара қатынаспен олардың еңбектері жайлы көзқарасын орнықтырады. Қоғамдық мінез-құлық нормаларымен таныстырады, моральдық қасиеттері туралы білімдерін кеңейтеді. Адамгершілік туралы ұғымдарын түсіндіріп, рухани- адамгершілік тәрбиесін бойларына сіңіреді.

 

Рухани-адамгершілік тәрбиесі және халықтық тәлім-тәрбие.

Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында  қалыптасқан ұлттық  бейненің озық, өнегелі дәстүрлерін жас жеткіншектер бойында рухани-адамгершілік  қасиеттерді қалыптастыру қоғамымызда  аса маңызды міндеттердің біріне айналғаны даусыз. К.Д. Ушинскийдің «Тәрбие халықтық ілтипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді»-деген иедясын дамыта отырып,  Н.А. Добролюбов; «Нағыз шын адамгершілік қасиеттер қалың халықтың ішінде болып табылады, халықпен біте қайнап дамыған адамгершілік сол халықтың ерекшелігін, тілектері мен талаптарын, үміттерімен болашақтарын білдіреді. Сондықтан мектеп адамгершілігі жоғары жастарды қалыптастыру үшін халықпен оның өмірімен өте тығыз байланыста болуы тиіс, халықтан нәр және әсер алып отыруы тиіс»-деген. Адамгершілік тәрбиесіне көзқарасында ол, ұлттық тәлім-тәрбиенің оның іргертасы, болғандығын дәлелдейді.

Адамгершілік –адамның рухани арқауы-демекші, оны ұрпақ тәрбиесінде қалыптастыруда қазақ халқында негізінен эпостық жырлар мен фольклорлық шығрамаларының, соның ішінде ауыз әдебиетінің орны ерекше болған.

Ауыз әдебиеті шығармалары мақал-мәтел, жұмбақ,  ертегі арқылы оқушының сөйлеу мәдениетін, логикалық ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту мүмкіндігі мол. Ата-бабамыздың салт-дәстүрін, ұлы даналарымыздың өнеге- өсиетін үлгі ету рухани-адамгершілік тәрбие берудің, оқушының жүрек тазалығын сақтаудың тиімді жолы.

Адамгершілік қасиетін сіңіруде ұлттық салт-дәстүріміз бен халықтық өнеріміз оның берік діңгегі және ажырамас бөлігіне айналғалы қашан. Сондықтан да күллі дамуымыздың бағыт –бағдарына, Болашағымыздың жарқындығына тікелей қатысы бар ұлттық тәлім-тәрбие мәселесі бүгінгі өміріміздің  өзегі бола бермек.  Оның үстіне Қазақстан Республикасында тұратын әртүрлі ұлттар мен ұлыстар қазіргі кезде өз тілін,  өз мәдениеті мен салт-дәстүрлерін қалпына келтіріп, оны жас ұрпақты  тәрбиелеу мақсатына падалануда игі істер атқарып жатқаны бұл мәселеде оның мәні менмаңызын одан да жоғары арттыру қажеттілігіне күмән туғызбайды.

Жиырмасыншы ғасырдың соңы қазақ ұлты егемендік – жақсылық пен имандылықты ала келді. Жақсылықтың ең бастысы — ата-бабаларымыздың армандап өткен дербес мемлекет болу мәртебесне ие болды. Алайда санамызда сіңіп қалған ескі зардаптардан арылып, өркениетті ел болуымызға ықпал ететін көздерді іздеу және оларды тәрбиеде пайдалану келелі мәселелердің бірі.

Ел президенті – Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиялық даму бағдарламасында «Салауатты өмір салтын қалыптастыру әрқайсымыздың жан-жақты тәрбиесімен айналысумызға, білім алуымызға, есірткі, темекі мен ішімдікті тұтынуды қойып, тазалық пен санатория шараларын сақтауымызға және әл ауқатымыздың артуына тағы сол сияқты бағытталған» — делінген.

Қазіргі уақытта, әсіресе жастардың бойында қатігездік, шыдамсыздық, зорлық пен зұлымдық, ұрлық пен пәтуасыздық сияқты адамгершілікке жат әрекеттердің қалыпты жағдайға айналып бара жатуы жастар бойындағы сенімнің, руханияттың қарапайымдылыққа айналуы болып тұр. Сондықтан бұл қауіпке қарсы тұрып, рухани мәдениетіміздің негізі тілімізді, дінімізді, ділімізді, салт-дәстүрімізді сақтап қаламыз деп, сол үшін ұлттық имандылық тәлім тәрбиемізді қайта түлетіп жүзеге асырудың жолдарын көрсетуіміз – Отан алдындағы борышымыздың бірі іспеттес.

Адам баласы қандай қоғамда өмір сүрсе де дінге, жаратқан тәңірге, иманға берік сенуі керек. Республикамыз тәуелсіз мемлекет болып, тіліміз мемлекеттік статус алып, халқымыздың айбынды құралына айналғанда біздің басты міндетіміз шәкірттерді салауатты өмірге тәрбиелеу, яғни олардың өмір сүруінің нақты жолдарын сенім мен ықыласты қалыптастыру. Ол үшін болашақ маманның ішкі жан дүниесін ұлттық дәстүрге бейімдеу, имандылық пен инабаттылық қасиеттерге баулу шәкірт тәрбиесінің ірге тасы болуы қажет.

Қазіргі кезеңде қылмыстың асқынып, зинақорлық бой алғанда жастар арасындағы қарым-қатынаста қарапайымдылыққа ауа бастауда. Мұндай құбылыстарды біздің жастарымыздың әлі салауатты өмір сүре білмейтіндігіміздің дәлелі дейміз. Егер жастарымыз салауатты өмір салттарымен өмір сүрсе, имандылық тәрбиесі өмір өзегіне айналса, мемлекетіміздің қылмысқа қарсы күресі, денсаулық сақтау ережесі мұқият сақталса, рухани азығымыз молая түсіп, болашаққа батыл қадам жасаудың ең тиімді педагогикалық жолы пайда болатынына күмән жоқ.

Бұл мәселе жөнінде ұлттық руханиаттың көсемі Абу Насыр ал-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас дұшпаны» — деп ұрпағына өсиет мұра қалдырды. Бұл өсиетке адалдық қазіргі қоғам мүшелерінің бұл жұмыс заңына тәрбие процесінің түп қазығына айналуы шарт демекпін. Сондықтан да ұстаздар ең әуелі бойымызға имандылық қасиеттерді дарытуға, пәк рухта тәнімізді таза ұстауға, өмір салтына бейімделуіміз қажет.

Дінтану пәнінің ерекшелігі сол жас ұрапаққа өмірдің барлық саласынан толық мағлұмат береді және өмірдің мәнін, дұрыс жолдарын меңгерулеріне, олардың ғылыми дүниетанымының негізгі тірегінің бірі имандылық дәстүрі екендігіне сендіру.

Дінтану пәні арқылы тәрбие алған жасұрпақтың мінез-құлқы қалыптасып, халқымыздың салт дәстүрі мен әдеп ғұрпын жақсы біліп, ұлттық рухани санасының өсіп жетілуіне игі әсерін тигізеді.

Бұл пәнді оқытуды «Білім негізі бастауышта» дегендей төменгі буындағы шәкірттерден бастап жүргізген дұрыс. Себебі жас шыбық иілгенге қандай икемді болса, жас балада тәрбиені қабылдауға сондай бейім. Сондықтан ұрпақ жайындағы өзық ұлттық мұраны бүгінгі күннің талабына байланысты оқу-тәрбие процесіне ендіру аса маңызды міндетіміз.

Исламның белгілеуі бойынша, моралъ ғасырлар бойы өмір сүреді, себебі оны адамдарға Аллаһтың өзі берген. Әрине ғылыми педагогика бұл оймен келісе қоймайды. Бірақ Исламның ата-ананы қадірлеу, жасы үлкенді құрметтеу, кішілеріс қамқорлық жасау, ұрлықты, кісі өлтіруді, екіжүзділікті, менмендікті, шүкірлік етпеуді, жалқаулықты, кісі ақысын жеу, маскүнемдікті, күншілдікті айыптауы сияқты тағылымдарын мектептегі іс тәрбие жұмысында тиімді де және жүйелі пайдаланса жас ұрпақтың іс-әрекеттеріндегі келеңсіз жағдайлар азаяр еді деп ойлаймыз.

Жалпы білім беретіп мектептің 4 сыныбынан бастап тәрбие сабақтарында мұсылмандық-имандық парыз туралы түсінік беріп, оны жалпы адамзатқа тән адамгершілік қасиеттермен байланыстырьш отыру ұрпақ тәрбиесінің тиімділігін арттырар еді деп есептеймін.

Жас ұрпақка имандылық, адамгершілік тәрбие беруде Абай, Шәкәрім, Шоқан, Ыбырай шығармаларынан үзінді келтіріп, олардың мән-мағынасын ұстаздар жүйелі түрде оқушылар санасына ұялатып отырса оларға рухани азық болары даусыз. Мысалы, Абайдың ойынша, Исламның көп шарттары адамға жақсылық етуге, ешкімге зорлық жасамауға, әдепті, ынсапты, бірлікте болуға бағытталған және бұл қасисттері бар адам иманды, ал бұл қасисеттері жоқ адам имансыз болады деп есептеген.

«Иман» сәзінің қазақша баламасы-сенім (арабша «Аллаһқа сену»). Зерттеушілер А. Құдиярова, А. Елемесовалардың пікірінше, «иман» сөзінің «сенім» сөзінен алмастырылуы Тслам дінінің енуімен тығыз байланысты құбылыс екенін айта келе «иман» сөзі діни мағынада да қолданылатынын айтады. Оның қоғам, соның ішінде жас ұрпақ тәрбиесі үшін атқаратып маңызы зор: «діни нанымды мейлі жағымды қиял, мейлі тәрбие құралы деп қарасақта, оның адамдардың ғұмырын жеңілдететіні, мінез-құлықын жұмсатып, мейірбандылығын арттыратыны, білрілігн бекем деп, әдептілікті орнықтыртыны даусыз».

Қазіргі кездегі тәрбиенің басты қағидаларының бірі оқушыларды адамгершілікке, имандыққа тәрбиелеу, тәрбиеде жеке тұлғалық бағыт ұстау, жастардың бостандығымен әлеуметтік құкын мойындау. Осы тұста кейбір зерттеушілер адамгершілік тәрбиесін имандылық шарттарымен байланыстырады, себебі адам бойындағы ұят, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқгы қасиеттер сенімнен туындайды (бұл жерде «сенім» кең мағынада алыпып отыр). Бұл оймен келісе отырьш, психологиядан белгілі ішкі мотив, жүрекпен сезіну болмай адам ен жоғары кісілік қасиетгерге ұмтыла алмайды (сыртқы әсерлердің мүмкіншіліктерін де жоққа шығармаймын).

Соңғы кездері адамдар, әсіресе жастар арасында етек алып жүрген жәй ол еш нәрсеге, ешкімге сенбегендіктен бе, әлде «ешнәрсенің де сұрауы жоқ, бүгін қолыңнан келіп тұрғанда қармап қал» деген психологиядан туып отырма? Осы ойымыз тәуелді болу үшін Қазақстанның көрнекті ғалымы Қ.В.Жарықбаевтың сөзін келтіруді жөн көердік: «Ислам дініндегі екі нәрсе қазіргі тәлім-тәрбиемізге мықты ықпал жасайды. Мүның бірі — жүрекпен тығыз байланысты имандылық дейтін психологиялық сезімді тәрбиелеу, екіншісі – шариғатқа негізделген білгілі бір тәртіпке, жүйелі заңдылыққа бағыну қажет. Өйткені, діннің арқасында кең далада шашырап жатқан көшпенді халқымыз белгілі бір тәртіпке келіп, жинақталғаны тарихтан белгілі. Осы тұрғыдан дін психологиясын, оның әр түрлі қыры мен сырын зерттеудің мәні ерекше. Бұл пікірмен келіспеуге болмайды, себебі жас ұрпақты діннің адамгершілікке байланысты тағлымдардын бойларын мықылдап жинап, күнделікті тұрмыс, қоғам, қарым-қатынаста басшылыққа алмай, өз ұлтының, елінің, тілінің мүддесін ойлайтын азамат болып қалыптасуы екі талай дегіміз келеді. Олай болса, тәрбие жұмысында оқушылардың кіршіксіз адал ниетіне сену, олардың біреуі қайырымдылық жасауға дайын тұратын қасиеттерін есепке алып, оларды әрі қарай жүйелі дамытып отыру сынып жетекшілері мен ата-апалардың біріккен жұмыстарының негізгісі дегіміз келеді. Оқушыларға «имандыбол», «ұятың ды сақта» деудің орнына ата-аналар тарапынан тағлым (өнеге) көрсету оларға тиімді әсер ететін тәжірибе көрсетіп отыр. Ол тағылымдар еңбек ету, ынсап, әділеттілік, ақыл, білімге талаптану, отбасы бірлігі. Осы тағылымдар жас ұрпақты өтірікпен, біреуге жала жабу, ауырдың үстімен, жеңілдің астымен, мейірімсіздік, тас жүректіліктен аулақ болуға тәрбиелейді.

Ұлы Абайға жүгінсек «өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Аллаһтың сүйген құлының бірі боласың», — деген екен. Имандылық, адамгершілік тәрбиелерінің мазмұны бір-бірімен ұштасып, ақылдың, имандылықтың, ар-намыстың іргетасы, еңбек, қиындықты жеңу арқылы қалыптасады десек артық айтқандық болмас.

Мұсылман дінінің басты қағидаларының бірі имандылық қазіргі кезде екі мағынада қолданылып жүргенін айтқан жөн. Бір зерттеулерде (Қ. Жарықбаев, Ж.Наурызбаев) имандылық деп «сенімі мықты, иманы бар, иман шартты бұлжытпаЙ орындау» десе, ал кейбір зерттеулерде (М.Х. Балтабаев) имандылық — эстетикалық тәрбие деп берген. Біздің ойымызша, имандылық қасиеттер іс-әркеттерде, мінез-құлықта таза сезімде, қарым-қатынастарда көрініп тұруы керек. ХІ ғасырда Қайқауыстың «Қабуснамасында» «Ей, перзентім, егер падиша болсаң, өзіңді жаман істерден аулақ ұстай білгің … Жан дүниең таза болсын. Әр істі бастасаң, ақылдың бұйрығына сүйеніп баста, ақылға сыймайтын іске қол ұрма. Падишаға сөзі мінез-құлқы басқалардың сөзі, мінез-құлқынан, ұлылығымен, даналығымен дараланып тұруы шарт».

Мұсылман білімпаздары сенімді білімнің қанаты деп санаған. Қазіргі тәуелсіз еліміздегі әркімнің сенім бостандығын қолдап, ғасырлар бойы халқымыздың көкірегіне ұялап, қанына сіңген Ислам дінінің имандылық қағидаларын адамадар арасындағы ізгілік, қайырымдылық, адалдық, әділдік қарым-қатынас негізіне алып жас ұрпақты тәрбиелеуте пайдалана отырьш, өркениетті ел болу жолын ұстауды таңдауымыздың себебі де сол екені айқын. Өйткені, белгілі діндар ғулама Халифа Алтай қажы айтқандай «Иманды елде ізгілік пен адамгершілік салтанат құрып, қылмыс пен бұзақылық тиылып, оларға жол қалмайды».

Қорыта айтқанда дін адаманың адамагерішілігінің бастауы. Өкінішке орай, біз жетпіс жыл бойы діннің тәрбиелік жағына мән бермей, халық санасын улайтын апиын деп қарап, оның жағымды-жағымсыз жақтарын ақтара қарап тексеріп жатпай жамандауға, шабуылға шықтық. Дін адамгершілік және психологиялық жағынан күрделі жан-жақты рухани құбылыс екені рас. Оның адамдардың көкейтесті азаматтық, тәрбиелік жайына тікелей қатысы бар. Діннің бұл мүмкіндігін елемеу рухани ауытқуға адамгершілік, әдеп орнына бос кеуделік пен қара күшке салуға жетелейді. Қазіргі орны толмас рухани қасіреттің бір ұштыгы сондама деп ойлаймын.

Әдептілік-әдемілік

«Әдептілік-әдемілік» атты тәрбие сағатының негізгі мақсаты:

  1. Оқушылардың білгендерін бір жүйеге келтіру, толықтыру, сыпайы сөздерді орнымен қолдануға үйрету;
  2. Оқушылардың сөздік қорын молайтуға, әдептілікпен әдепсіздік туралы өз ойларын қорытып, тұжырымдай білуге үйрету,
  3. ‡лкенді сыйлауға, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ребус, кадоскоп, «Венн диаграммасы», теледидар, кассета, «7 күлте гүл».

Әдісі: түсіндіру, оқушыларды шығармашылыққа  баулу, іздендіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Барысы:

Кіріспе кезені.

Ребус шешіп, тақырыбын хабарлау.

-Құрметті балалар, бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Әдептілік-әдемілік» деп аталады. Сендер мектепке алғаш келген күннен бастап оқушылар ережесімен танысасыңдар және оны орындайсыңдар, бағынуларың керек.  Кейде сол ережені біліп тұрса да әдепсіздік, тәртіпсіздік жасайтын оқушылар кездесіп қалады. Сондай тәртіпсіздікті, әдепсіздікті болдырмау үшін біз қандай болуымыз керек?

  • Әдепті

-Дұрыс, балалар! Ендеше, қазақта «Әдепті елдің баласы, алыстан сәлем береді» немесе «Сәлем-сөздің атасы» деген сөз бар. Бұл тегіннен тегін айтылмаған. Сәлем- қазақ тіліне араптың «Ассалам» деген сөзінен өзгеріске түсіп енген сөз. Тыныштық болсын, бейбітшілік болсын деген мағынаны білдіреді.

Сәлемдесу –алғаш рет  немесе араға біраз уақыт салып көрген адамдардың бір-біріне жақындық ниет, жылы шырай танытуы.

Енді мына сұрақтарға жауап беріп көріңдерші:

  1. Сен бір жұмыспен көршіңе кіріп, есік ашқан кісіге ең алдымен не деу керек?
  2. Сенің үйіңе қонақтар келді, кіріп келген адамға не деп айту керек?
  • Әрине, амандасу керек.
  • Амандасудың қандай түрлері бар?
  • Ассалаумағалайкум.
  • Сәлеметсіз бе?
  • Есенсіз бе?
  • Саумысыз! Сәлем бердік?
  • Рахмет, өте жақсы.
  • Міне, біздің әдептілігіміздің басы – сәлемдесуден басталады екен.

ІІ.а. Адамның қандай болмағы, кім болмағы тәрбиеге, ортаға байланысты, яғни жеке адам өз-өзінен әдепті болып шыға келмейді.

Әдептілік адамның өзімен бірге өсіп, жетіледі. Оған айналасындағы адамдар, отбасы, мектеп әсер етеді. Сондықтан адамдардың әдептілігі де оның адамдар арасындағы жүріс-тұрысынан, басқалармен қарым-қатынасынан көрінеді.

Адамның әдепті екенін қай жағынан білеміз?

ә. Көрініс көрсету.

-Жәнібек қандай бала? (Мінездеме беру).

б. Ең алғаш мектепке келгенде, біз қандай сиқырлы сөздерді үйрендік? (кодоскоптан көрсету)

-Рахмет, кешіріңіз, рақым етіңіз,  қайырлы таң, сәлеметсіз бе, сау болыңыз! (Оқушылар өздері сыпайы сөздерді айтады).

Бұл сөздерді қай кезде қолданамыз?

  1. ¤зіңе көмектескен, керек затыңды берген, сыйлық тапсырған адамға және жолдасыңа – рахмет айт.
  2. Тамақ ішіп болған соң, «рахмет» айт
  3. Біреу өзіне «рахмет» айтса, «жақсы» деп жауап бер.
  4. Телефонға біреуді шақырғанда «рұқсат болса» дегенді ұмытпа.
  5. Байқаусызда біреді қағып кетсең, «кешіріңіз» деу керек.
  6. Сыныпқа кешігіп келсең, мұғалімнен рұқсат сұра.

Барлығы «сәлеметсіз бе?» деу керек.

в. ‡лкен кісі қолындағы нәрсені көтере алмай келе жатса, оған не деу керек.?

Барлығы:

-«Көмектесейік»-деу керек.

Әдепті бала мен әдепсіз балалардың айтысы. «Не деу керек?» әні хормен айтылады.

г. Телидидардан кассетаға басылған жағдаяттарды көрсетіп, үш қатарға үш тапсырманы  жеке-жеке беру,  сұрақтарға жауап алу.

Бірінші қатар: Жұмыстан шаршап келген анасы қызы Айымға «Шай қоя салшы» деп еді, Айым тыңдамай ойнап кетті.

Сұрақ:

Бұл әдептілікке жата ма?

Екінші қатар: Көшенің қақ ортасында жолда екі қыз бала сөйлесіп тұрды. Адамдар оларды айналып өтіп жатыр. Бір- екеуі ескерту жасады, бірақ қыздар оларды жақтырмай, ренжіп, сөздеріне құлақ қоймай тұра берді.

Сұрақ

-Бұл әдептікке жата ма?

‡шінші қатар: Сабақ басталып кетті. Болат сабақтан кешігіп қалса да, ентігіп сабаққа кірді де орнына беттеді. Мұғалім ескерту жасады.

Сұрақ: -Кешіккен оқушы не істеу керек? Қанда сөз айту керек?

д. «Әдептілік-әдемілік» оқушылар шығармашылығы, үйге берілген тапсырма бойынша әңгімелерін  оқыту. (Екі-үш оқушы).

ІІІ. Қорытынды.

Венн диаграммасы арқылы оқушылардың  бойындағы жақсы, жаман және екеуіне де ортақ кескіндерді тапқызып, кескіндету.

 

4 сыныпқа өткізген мына бір тәрбие сағатымды ұсынамын:

Әдептілік- тәрбие бастауы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халықының салт-дәстүрлерін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуы керектігі туралы білімдерін қалыптастыру;
  2. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным-белсенділігін  арттыру;
  3. Оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

  1. ұйымдастыру:

ІІ. Әдептілік, адамгершілік туралы сұрақ-жауап:

  • Әдептілік дегеніміз не? Оны қалай түсінесің?
  • Әдепті бала қандай болуы керек деп ойлайсың?
  • Әдепті болғың келеме? Әдептілікті бізге кім үйретеді?
  • Әдепсіз адам қандай болады?

Демек, адам бойында жақсы-жаман қасиеттер болады екен. Міне, осындағы ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата-аналарымыз, ата-бабаларымыз, тәрбиеші ұстаздарымыз үйретеді. Ал біз осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен, бал тілінен  бойымызға сіңіреміз. Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады. Ал енді ақылды, әдепті балалар қандай болуы керек екенін біз мына өлең жолдарынан тыңдайық:

 

1-оқушы: Ата- ананың тілегі, адам болып өскені

Адамдықтың тірегі, адал болып өскені.

2-оқушы: Әдептілік дегенің,  әрқашанда керегің

Әсемпаздық дегенің, әуре салсаң әлегің.

3-оқушы: Спортпен айналыс, сұлулық сыйлаған

Сол саған пайдалы іс, сауық пен кинодан.

4-оқушы:

Тәртіпті бала сүйеніш,

Төбең бір көкке жетеді!

Тәртіпсіз бала күйініш,

Төмендеп  басың кетеді!

5-оқушы:

ұрыншақ бала жанында

ұрыспен керіс,  айқай-шу

ұстамды бала маңынан,

ұнамды іс байқайсың.

6-оқушы:

Шындықты сақтаймыз,

Шыншылды жақтаймыз.

Шаршы топ алдында,

Шығарып мақтаймыз.

7-оқушы:

Кім үлкенді сыйлас,

Кім үлкенді тыңдаса-

Сыйлы болмақ өзі де

‡лкен болған кезінде.

8-оқушы:

Сыйла үлкен кісіні,

Қамқорлыққа ал кішіні.

Сақтап көше тәртібін,

Бағдаршамның ал тілін,

Әдет қыл бұл ісіңді,

Тазалап жүр тісіңді.

ІІІ. Сұрақ-жауаптар.

  1. Суреттер бойынша әңгімелесу. (Адамгершілік, сыпайылық, қарым-қатынастарға бағытталған суреттер).
  2. «Жалғастыр» ойыны.

а) Не істеуге болмайды? Осы сөз үлкен етіліп көрсетіледі. Мұғалім басқы сөзін айтады, оқушы ойланып жалғастыруы керек.

-‡лкендердің алдынан кесіп өтуге болмайды.

  • Кішкене баланы жылатуға болмайды;
  • Құстарды атуға болмайды;
  • Қыз баланы ренжітуге болмайды;
  • Сабақтан кешігуге болмайды;
  • Сыныпта айқайлауға болмайды; т.с.с. жалғастырып айтады.

б) Не істеу керек? деп жазылып көрсетіледі. Бұл сол сияқты жүргізіледі.

  • ‡лкендерді сыйлау керек;
  • ‡лкендердің тілін алу керек;
  • Кішілерге қамқор болу керек;
  • Әдептілікті сақтау керек;
  • Оқу құралдарын күтіп, таза ұстау керек;
  • Сабақты жақсы оқу керек;

 

І‡. Концерттік бағдарлама.

  1. «Жорға» биін орындайтын ұлдар тобы.
  2. «Аққулар биі» орындайтын қыздар тобы.
  3. Көрініс. Ана мейірімі.

V.Құпия хаттарға жауап беру. (хаттарды қатарынан қойып, бір оқушы шығып, дауыстап оқиды. Қалғандары ойланып, жауабын айтады).

1-хат. Құрметті достар!

Менің көршімнің бір баласы бар. ¤зі өтірікші, кезбе-көз өтірік айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Менің онымен бірге ойнағаным дұрыс па?

2-хат. Құрметті достар!

Менің досым бар. ¤зі мақтаншақ, ойнап жүргенде үй-ішін айтып, жаңа нәрселерін көрсетіп, кішкентайларды қалай ренжіткенін айтып ылғи мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?

VІІ. Қорытынды

Сабақты қорытындылай келе, оқушыларды адалдыққа, кішіпейілділікке, ақылдылыққа, инабаттылыққа, шыншылдыққа үйрете отырып, адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді ажырата білуге баулыдым. Міне, осындай жақсы мінез-құлықтарды оқушылар әрдайым естерінде сақтап жүрсе нұр үстіне нұр болар еді.

 

 

 

 

Қорытынды

 

ХХI ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бет бұрыстар мен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Бұл кезеңді рухани адамгершілік дамудың жаңа бағытын айқындау көзделіп отыр. Сондықтанда бүгінгі таңда барлық әлемде, сонымен қатар біздің елімізде де жеке тұлға дамуының қалыптасуына жаңаша көз қараспен қарау айқындалуда. Осыған байланысты дүниежүзілік өркениеттілік қауымдастықта қазіргі адамгершілік тәрбиесінің негізіне кіші мектеп жасындағы оқушылардың және ересектердің тұлғалық дамуына ықпал жасайтын принциптер мен әдістер алынған Атап айтатын болсақ оларға: байқау, әңгімелесу,  шығарма, сұрақ-жауап, тест жүргізу, анкета алу т.б.әдістер жатады.

Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым саласындағы түйінді мәселелерді  шешудің төте жолдарын ұсынып,  тәрбиенің үш өзекті бағытын айқындады:

— Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да,   тарихшысы да болатындықтан жастармен жүйелі жұмыс жүргізуіне баса назар аударды;

  • Қазақстанда жүріп жатқан осы ауқымды өзгерістерге байланысты педагогикалық кадрлар дайындау жүйесін құру қажеттігін көрсетті, ең алдымен бүгінгі мұғалім кәсіби білімімен, шеберлігімен қатар, жастарға өзінің бойындағы адамлдық, адамдық, тазалық, гуманистік және өз Отанын сүйе білу,  ең жоғарғы адамгершілік қасиет сапаларымен ықпал жасай отырып тәрбиелеуі керектігіне  мән беру қажеттігін айтты;
  • Жастарды адамгершілікке  тәрбиелеу сапасын көтеруге негіз болатын проблема – ол білім және тәрбие беру саласындағы ғылымның дамуы мен байланысты. Бүгінгі таңда реформаның тиянақты жедел жүзеге асырылуы мұғалім, тәрбиеші, оқушылардың адамгершілік тәрбиесі туралы ғылыми- теориялық білімі болу керектігіне және өзін-өзі дамытудың субъектісіне айналу қажеттігіне назар аударды.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты әрбір мұғалім Қазақстан Республикасының үшінші мыңжылдықтағы жаңа әлеуметтік мәдени жағдайына орай, адамгершілік тәрбиесінің мақсатына, мазмұнына, түрлеріне, әдіс-тәсілдерінің ауқымды өзгерістеріне байыптап қарап, бағамдау үшін оқушыларға тәрбие берудің тарихи – философиялық, педагогикалық проблемаларына аса зор мән берген жөн.

Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихының даму барысында жан-жақты дамыған адамгершілікті тұлға тәрбиелеуге ерте кезден-ақ зор мән берген. Мәселен: бала дүниеге келген кезден бастап айтылатын: бесік жыры, тұсау кесер, атқа мінер, санамақ, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштар, ертегілер т.с.с.

Халықтық- педагогика арқылы оқушыларды рухани-адамгершілікке  тәрбиелеуге байланысты біршама теориялық практикалық тәжірибе жинақтауы қажет. Ол үшін бастауыш сынып мұғалімдері тәрбиенің басты ұстанымдарын – жалпы адамзаттық құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам қалыптастыру тиіс.

Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпағының интеллектуалдық ой өрісін дамытуда рухани тәрбие беру –бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Қандай озық мәдениет болмасын, адамға оның төл мәдениетін алмастыра алмайды. Қазақ мәдениеті – бірегей, қайталанбас құбылыс. Оның уызына қанбаған, оның нәрін бойына сіңіре алмаған қазақтың баласы-рухани жарым жан. Олай болса, жеке тұлғаның ұлттық сана-сезімі мен мінез-құлқын қалыптастыруда орасан зор рөл атқаратын ұлттық мұраларды сақтап қалудың бірден бір кепілі мектеп қабырғасында оларды оқушыларға жүйелі түрде  меңгерту.

Мектепте -сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында салт-дәстүрлерді, төл өнерді жаңғырту арқылы оқушыларға имандылық-эстетикалық тәрбие берілуі керек. «Ел боламын десең бесігіңді түзе», -дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов.  .  «Өткеннің өнегесі –бүгіннің баға жетпес байлығы»- деп Елбасымыз Н.Назарбаев атап айтқандай, халық дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеу бізге міндет, кіші мектеп жасындағы ұл-қыздардың бойына «Ұлттық рухани қасиет» өзінің дініне, тіліне, тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне деген көзқарасы ерекше болып, осы қасиеттерді сіңіре білу.

Оқушылардың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиені рухани ұлттық салт пен имандылыққа  негіздеп, рухани адамгершілікке толы ұлтжандылық сезімдерін қалыптастыру.

Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке  тәрбиелеуде клубтық жұмыстар ерекше мәнге ие, Клубтық жұмыстардың адамгершілікке тәрбиелеудегі негізгі міндеттер:

— Ұлттық мәдени байлығымызды танып білуге тәрбиелеу, халқымыздың мәдени мұраларын игеру;

— Жалпы адам қоғамы жинақтаған рухани- адамгершілік нораларын, қатынас мәдениетін, тәрбиелікті игеруге тәрбиелеу.

— Адал өмір сүруге, жақсы тәлім-тәрбие алуға тәрбиелеу.

Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол рухани-адамгершілікті, қайырымдылық пен мейірімділікті, имандылық пен инабаттылықты дәріптейді. Ата-бабаларымыз баланы бесігінде жақсы әдетке баулыған. «Үлкенді сыйла, сәлем бер, жолын кеспе», «Өтірік айтпа» деген сөздерінің мәні ешқашан жойылмақ емес.

ұлағатты ұстаз оқушы тәрбиесінде  мына қасиеттерді басты назарда ұстай отырып рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.

-Кешірімшіл болу : Бұл қасиет адамның жылы шырайлы әрекетін, беделін, абыройын өсіреді. Кешірімшіл болған адамға біреу  қастандық, зұлымдық жасаса ешқашан өш алмайды. Демек қолымыздан келгенше айналамыздағы адамдарды кешіре білуіміз қажет. Дана қазақ атамыз: «Тас пен ұрғанды ас пен ұр»- деп бекер айтпаса керек. Сондықтанда кешіре білу адам бойындағы таптырмас  қасиеттердің бірі.

-Жомарттық : Жомарт болу адам бойындағы ең жақсы қасиеттердің бірі. Жарлыға, жәрдемге мұқтаж кісілерге ешқандай пайда күтпестен қолдан келгенше көмек беруді нағыз жомарттық деп айта аламыз. Жомарт болған кісі қоғамда беделі үстем болып , әркім оны құрметтейтін болады. Мұндай кісінің екі дүние бақытына жетуі күмәнсіз.

-Кеңпейілділік : Кеңпейіл болу жомарттықтан да ұлы қасиет болып табылады. Кеңпейілділіктің белгісі – адам өзіне керек болып тұрған немесе өзі мұқтаж бола тұра өзін емес өзгенің қамын ойлап , жарлы немесе қандайда бір көмекке мұқтаж кісі келгенде ішіп отырған асын жерге қойып , қашан оның қажеттілігін қамтамасыз етпейінше көңілі орнықпайтын жандар қатарын ұсынуымызға болады.

-Бауырмашылдық : Жер бетіне жіберілген ең соңғы  дін – ИСЛАМ, әлемдік деңгейдегі бауырластыққа шақырады. Біз айтқалы жатқан бауырластық нәсіл , ру , ұлт , әулет туыстығы емес , иман туыстығы. Дініміздің жария еткен бұл бауырластық ережесін Мадиналық Ансарлар мен Меккелік Мұхажирлер арасында Пайғамбарымыз ( с.а.у.) жүзеге асырған-тын. Сонымен қатар қазіргі таңда осы сияқты сипатқа ие болған адамның қоғамдағы алатын орны зор.

Ұрпақ тәрбиесін толымды жүзеге асыру үшін баланы адамгершілік мұратқа ерте бастан баулу оның отбасынан басталып, мектеп қабырғасында жалғасын табады. Мектепке дейінгі жаста балаларда бастапқы адамгершілік сезімдермен ұғымдар, адамшылық мінез-құлқының ең қарапайым дағдылары қалыптасады. Мектеп жағдайында бұл жұмысты ұстаздар он бір жыл бойына жүйелі түрде жүргізеді. Адамгершілік қасиеттер – жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастыру мен тікелей байланысты. Оның талаптарын негізінен оқушыларға арналған ережелерде баяндалған. Олар күнделікті өмірде өтіп жатады. Себебі олардың адамгершілік қызметі қоғамның талаптары мен қоғам және баланың тікелей өзінің өмір сүруі, тіршілігімен байланысты болып келеді. Мұндай жағдайда дербес белсенді әрекетінің маңыздылығын да естен шығармау керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1) « Ислам әдебі» С.Сейтбеков,   С.Нысанбаев. Шымкент  2003 ж.

2) Түркияның «Sır kapısı» (Құпия қақпасы) бейне  шежіресінен үзінді.

[1] Bayraku. İslamda Eğitim. 106

[2] Maverdi. Edeb ve Din s.227.

[3] Ayhan. Din Egitimi s.47.

[4] Bayraklı. Öğretmen – Öğrenci Münasebeti s.14.

[5] Бақара 200/202

[6] Aytaç. Avrupa Eğitim Tarihi. Ankara 1972. s.164-204.

[7] Muallim Haci. Talim-i Kıraat. İstambul 1303 s.6

[8] Muhammed. İkbal. The Reconstruction of Religious Thouht in İslam. 131-132.

[9] Хадид, 57/25.

[10] Ғалақ 96/1-5

[11] Әли-Ғимран 3/187.

[12] Ebu Yusud. Kitab-ul Haraç

[13] Darimi

[14] Rahmet. Siret Ansiklopedisi II. 256-258