Home Қазақша рефераттар Кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазақ тілі пәнінде білім-білік, дағдыларын қалыптастыруын әдістемелік негіздері

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазақ тілі пәнінде білім-білік, дағдыларын қалыптастыруын әдістемелік негіздері

0
120

Мазмұны 

Кіріспе 

І-тарау. Бастауыш сынып оқушыларының оқу жұмысын

           ұйымдастырудың педагогикалық- психологиялық негіздері

  • Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқытуда оқушылардың жас ерекшелігін ескеру.
  • Оқыту барысында оқушыларға білім, білік дағдыны қалыптастыру жолдары.

ІІ-тарау. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазақ тілі пәнінде білім

            –білік, дағдыларын қалыптастыруын әдістемелік негіздері.

2.1. Бастауыш мектептегі қазақ тілі пәні мазмұнының құрылымдық

      ерекшеліктері.

2.2. Қазақ тілін оқыту барысында оқушыларға білім,білік, дағдыларын

      қалыптастырудың тиімді әдіс- тәсілдерін жүзеге асыру жолдары.

2.3. Сабақ жоспарының үлгілері.

Қорытынды 

Пайдаланған әдебиеттер 

Қосымша

Кіріспе 

ХХІ ғасырға аяқ басқан Қазақстан күрделі тарихи бет бұрыстармен қоғамдық жаңартулар тұсында дамып келеді. Осы кезеңде елімізде жүріп жатқан ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдай отыратын өз ісіне берілген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ұлттық қасеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып шәкірттің жанына нұр құятын ұстаздық ана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.

Республика білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде Ел басы Н.Ә.Назарбаев былай деп үш мәселелерді шешудің төте жолдарына тоқталып, оның осы өзекті мәселелердің шешудегі бағытын айқындады.

-Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы тарихшысы да болғандықтан оқушымен жүйелі жұмыс жүргізілуіне баса назар аударады;

  • жастарды тәрбиелеу саласында көтеруге негіз болатын мәселелер ол білім және тәрбие беру саласында ғылымның дамуына оның жедел жүзеге асырылуы мұғаліммен оқушылардың ара қатынасы ғылыми-теориялық білім беруге баса назар аударады.

Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың жеке тұлғалы қасиеттерін санасына қалыптастыру оқу танымдық қызығушылығын арттыру оқу тәрбие ісіндегі өзгерістердің қырымен сырын терең білу міндеттерін айқындау. Соның  ішінде бастауыш мектептегі тәрбиемен білім беру тәжірибесіндегі білім, білік, дағдыны қалыптастыруда қазақ тілінің жасайтын қызметінің ерекшелігін түсіндіру, сездіру көкейкесті   мәселе болып тұр. Бұл көкейкесті мәселенің мақсаты оқытудағы білім, білік, дағдыларды қалыптастыра отырып бастауыш мектептердегі қазақ тілінің білім беру ерекшеліктері жөнінде болып отыр.

Қазіргі дамудың кезеңіндегі жаңаша ой пікірлер мен педагогикалық көз қарастардың қалыпастырудағы белесіндегі әлеуметтік философия тіл ғылымдарының алқымдылығы кеңейіп, оларды зерттеуде жан жақты толыға түсуде.

Қазақстан Республикасы « Білім туралың  заңы қабылданып оның негізінде  « Білім ң мемлекеттік бағдарламасы, « Жалпы білім беретін бастауыш сатыдағы мектептің білім мазмұнының тұжырымдамасы ң қабылданды. Осыған орай еліміздің қайта өркендеуі жағдайында бастауыш сынып оқушыларының білімдік дағдыға қалыпастыруға және оқуға ынтасын арттыру, осыған деген көз қарастарын қалыптастыру, сонымен қатар қазақ әдеби тілінің маңызын, оқушыға ана тілінен білім берудің оны меңгертудің жолдарын үйрететін көп зерттелген ғылымның бір саласы осы қазақ тілі. Қазақ тілінің оқыту әдістемесі Лингвистика, логика, педагогика және психология ғылымдарымен тығыз байланысты. Оны педагогикалық- психологиялық тұрғыдан дұрыс басқару қазіргі кездегі объективті қажеттілік. Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыруда отанына шын берілген нағыз патриот адам зат етіп тәрбиелейді. Сондай-ақ дағды мен білім, тәрбие беру қазақ тілін дұрыс оқыту арқылы іске аспақ. Осыны небір педагогтар мен психологтар зертеп тер төкті. Атап айтқанда М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, а. Байтұрсынов, Қоянбаев т.б ерекше мән берген. Оқушылардың ақыл-ой дамуының негізін олардың меңгеретін ғылыми білімдерінің жүйесін қалайды. Оқушылардың санасында белгілі білім қоры болмайтын болса, онда ойлайда алмайды. Оқушыны жеткілікті білім қорымен қаруландыру және өз бетінше ойлауға үйрету мәселесі егер оқушының өзінің білім алуға ынтасы болмаған жағдайда шешілуі мүмкін емес. Оқушының өзін қоршаған дүниенің сырын, берілген оқу материалын түсініп оны өмірде қолдануы , оқыту ақыл ой санасына, даму,а себепші болады. Баланың қоршаған дүниені танып білуіне ізденуіне зерттеуді талап ететін оқуға тәуелді процесс. Бұл процесті орындау үшін қазақ тілінің ролі өте зор. Бастауыш чынып оқушыларына қазақ тілін оқыту туралы еңбектерін жазып, зерттеп дәлелденген. Олар мына кісілер Қазыбеков, Әуелбаев, Рахметова. Осыдан бастауыш сынып оқушыларының оқу танымдық  қызығушылығын дамытудың жолдарын іздестіруде, қазақ тілінің оқыту қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан тақырыптың өзектілігі қажеттілігі жұмыстың зерттеу мақсатымен міндеттерін анықтайды.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектептің  2-сыныбындағы қазақ тілі сабағында білім, білік, дағдына қалыптастыру жолдарын қарастыру.

Зерттеудің міндеттері: кіші мектеп жасындағы оқушылардың білімдерін қалыптастыруда ғылыми әдістемелік педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді мазмұнын ашу.

  • Оқушының барлық алатын білімін және оқытудағы қоғамда өмірде болған көзқарасының қалыптасуының негізінде оны қазақ тілі туралы түсінік беру, оны тәжірибеде жүзеге асыру жолдарын анықтау.
  • 4 сыныпта қазақ тілі сабағында оқыту барысында оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін қарастыру.
  • Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың зерттеу объектісі жөніндегі білі жөніндегі біліктіру жолдарын қолдану.

Зерттеу объектісі: Қазақ тілі сабақтарында 2- сынып оқушыларының жүргізілетін оқытудағы білім, білік, дағдыларды жасау.

Зерттеу пәні: 2 – сынып Қазақ тілі пәні

Зерттеу әдістері: ғылыми әдістемелік әдебиеттер, озат педагогикалық тәжірибелер, тест, тапсырмалар, бақылаулар.

Диплом жұмысы кіріспеден екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

 

І-тарау. Бастауыш сынып оқушыларының оқу жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық негіздері.

 

  • Кіші мектеп жасындағы оқушыларды оқытуда оқушылардың жас ерекшелігін ескеру.

 

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өмірінде болып

жатқан қоғамдық өзгерістер жаңаша мазмұн мен бағыт бағдар беруде.

Еліміздің заңдылықтарына сәйкес сай білімді әрі жан – жақты

жастарды тәрбиелеу – басты мақсат.

Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы, тірегі елдің тізгіні

солардың қолында. Сондықтан жоғарғы деңгейде педагогикалық білім беруді бүгінгі талаптарға сай ұйымдастыру оқу тәрбиесі жұмысының тиімді әдіс түрлерін оқытудың жаңа технологиясын енгізу – қазіргі уақыт талабы.

Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты. Келешекте

жастар қандай болу керек деген жанды сұрақ әрбір саналы адамды ойландыратыны сөзсіз. Сондықтан Елбасымыз Н.Назарбаев «Халқымыздың алдында ХХІ ғасырды құрушы ескер, өмірге икемделген жан – жақты мәдениетті, жеке тұлғаны тәрбиелеу керек» – деп жауапты міндет қойып отыр.

Сондықтан осы міндеттер орындалуы – Бастауыш мектептен

басталады. Білім негізі осы жастан басталады. Атамыз қазақ «баланы -жастан» деп бекер айтпаған ғой. Өмірге деген көзқарасты, білім-біліктің дағдысының алғашқы негізін беретін осы бастауыш мектеп. Сондықтан оқыту мен тәрбиелеуде – бастауыш мектептің атқаратын ролі өте зор. Өйткені, бұны ғылыми тұрғыданда дәлелденген.

Оқушылардың алғашқы білім және ғылым негіздерімен

қаруландырып олардың білуге деген қызығушылығын, құштарлығын арттырып, біліктілігін ұштап, жан-жақты дамуымен қамтамассыз ету.

Қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістерге байланысты,

заманның жаңа талаптарына сай бастауыш мектеп үрдісіне қойылатын сұраныс күрделене түсті. Осы кезеңде оқушылардың білімі мен дағдысын қалыптастырып қоймай оларды дамыта оқыту үрдісін құру жолдарын ғылыми педагогикалық негіздерін жаңарту да қарастырылады. Яғни оқушылардың білімін, дағдыларын жоғарғы дәрежеге жеткізу мақсатында, оқыту үрдісінде талаптар, тәсілдер және жаңа техналогиялар мен әдістерді қолданылуы керек

Мұғалім оқушылардың зердесіне алғашқы қарапайым

ұғымдарды, қабылдауға дайындау. Оның мағынасын түсініп, қабылдауды, олардың әрі қарай оданда күрделі ғылыми ағымдарды меңгеруіне мүмкіндік беру.

Осындай салауатты саналы адамзат тәрбиелеу үшін оқытушы

оқушының оқу – тәрбие процесінде әрбір баланың жеке басының ерекшелігін есепке алуы тиіс. Осындай жалпы заңдылықтардың бірі мынада: балада жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуы міндетті түрде баланың өз белсенділігімен байланысты жаңа құрылым тіпті ол оқыту үстінде мысалы тәсіл үстінде сырттан берілсе де іс – әрекетке енгізуі, осы іс – әрекетті өзгеріске түсірумен байланыстыруы тиіс. Белгілі бір матералды игерудің өзі түрліше жүзеге асады. Оны қазіргі кезде мектепке арнайы дайындалған стандарт бағдарламада көрсетілген оқушыға мұғалім сол бағдарламаға сүйене отырып, өзінің тәжірибесіне сүйене отырып жеткізеді. Бұл жерде баланың даму дәрежесіне қарай түрлі психологиялық ерекшеліктерге көңіл бөліп, педогогикалық шарттарды талап етеді. Игеру процесінде бала бағыттылық сана және іс – әрекет ерекшеліктері бар және адам ретінде көрінеді. Баланың жеке басының негізгі жақтарының дамуы игеру механизмінің өзгерісін туғызады, таным психикалық процестерінің (түйсік, қабылдау, зейін, ойлау, сайлау. т.б.) дамуымен бірге баланың психикалық қасиеттері де (қабілет, бейімділік, мінез.) қалыптасады. Осыған байланысты ойлаудың қабылдағыштық бақылағыштық білуге құмарлық, тапқырлық, іздемпаздық сияқты болымды жақтарыда жетіле түседі. Іс – әрекеті процесінде әр түрлі қиыншылықтарды жеңу үшін жеке адамда шешімділік, өзін – өзі ұстай білу, батылдық, табандылық, төзімділік сияқты ерік қасиеттері пайда болады.

Ал ерік дегеніміз – адамның белгілі бір мақсатқа ұмытылуы мен

белсенді қимылы. Осының арқасында белгілі бір жастағы балаларға тән жетекші бағыттылық ерекшеліктері ескеріліп отырылуы қажет.

Қазіргі оқу- тәрбие процесінде әр баланың бойындағы жеке

басының ерекшеліктері есепке алынуы тиіс. Әр баланың ұғымы, сезімі, танымы, қабылдау қабілеті әр түрлі. Ең бастысы – әр баланың жеке басын құрметтеу. Бұл мақсат орындалуы үшін психикалық даму әлеуметтік тәжірибелі меңгеру жолымен оқыту арқылы жүзеге асады, яғни тек оқыту психологиясы үшін де басты идея болып табылады.

Тәрбие нәтижесінде қалыптасқан адамның қажеттіліктерін,

оның мұратын бағалауын әрі өзін-өзі бағалауын білдіретін жеке адамның іс-әрекетінің жиынтығы, позициясы жоғарғы өтетін ішкі жағдайлар арқылы болатын түрлі сыртқы іс-әрекет әсерлері жеке адамның бір шама тәуелсіз етеді. Бұл идеяны жүзеге асыра отырып, совет психологтары жеке адамның психикалық процестерімен қасиеттерін белсенді қалыптастырудың стратегиясын жасады. Психикалық дамудың жеткен дәрежесі тіркеумен ғана шектелген басқа психологиялық- педагогикалық концепцияларға қарама-қарсы, совет зерттеушілері белсенді қалыптастыру жолымен баланың психикалық дамуының эксперименттік үлгісін жасады. Советтік педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының концепциясының бірі ақыл-ой әрекетінің кезеңмен қалыптасу теориясы болды. Ақыл-ой әрекеті білімдер алу үшін оқушылардың іс-әрекеті процесінде, әрекеттердің белгілі бір жүйесін оларды орындауы жағдайында және соның нәтижесінде жүзеге асады. Педагог міндеті- осы процесті жақсы басқара білуі, оны бақылауы тиіс.

Бастауыш мектеп жасындағы жаңаны игеру оқу әрекетінің

маңыздылығы мен, танымдық ынталарының артуымен тығыз байланысты. Баланың оқу әрекетін қалыптастыруда ол оқуға, өзін қадағалай (өз білімін, өз іскерлігін), өз жетістіктерін бағалай білуге бағдарын қамтитындай етіп ұйымдастыру маңызды. Оқу процесінде бала үшін жаңаны танып білу мәнді қызықты болуы тиіс.

Психикалық құрылымдар дамуының жалпы заңдылығы болып

олардың субьекті іс-әрекеті негізінде қалыптасуы есептеледі. Бұл әрекет ересек адамның көмегі және басшылығы арқылы ұйымдасуы мүмкін. Балаларды оқыту процесінде дамудың жалпы заңдылықтарынан басқа бала психикасы дамуының әр жағына тән нақты педагогикалық шарттарды ескерудің маңызы бар. Оқыту процесінде оқушылар әртүрлі оқу пәндерінен білімдер мен әртүрлі іс-әрекет үйренеді, оқу үстінде балалар адамзаттың және тұтас алғанда ғылымның өткен жолын қайталамайды. Білімдер мен іс-әрекет тәсілдерін балалар жаңадан ашып жатпай, сырттан берілгенді игеріп отырады. Өзіндік міндетіне байланысты жаңа іс-әрекет жаңа тәсіл міндетті түрде оқытуға енгізіледі де сол мәселені шешудің құралы болады. Балалар жаңа міндеттің өздері бұрын орындағанымен салыстырмалы түрде қандай өзгешілік бар екенін түсінуі тиіс. Тек осы жағдайда жаңа іс-әрекеттің қандай бір ерекшелігін байқайды. Тәсілдер мен білімдерді оқушылардың нақты іс-әрекеттерін нәтижелі қолдануды қамтамасыз ететін психологиялық механизмдердің қалыптасуымен дамуы басқаша педагогикалық жағдайларда өтеді. Тәсілдерге қарағанда, іс-әрекет тәрізді даяр түрде беруге болмайды. Олар біртіндеп, нақтылы материалмен іс-әрекет жасау процесінде қалыптасады. Арнайы жаттығулардың көмегі арқылы балаларда білімдер мен іс-әрекеттер тәсілдерінің өте жоғарғы дәрежеде қолдануын қамтамасыз ететін ой-әрекеттерін қалыптастыруға болады.

Жеке адамның жалпы қасиетінің, атап айтқанда бағдарының

ұйымшылдығының, еріктілігінің қалыптасуына ерекше жағдайларды талап етеді. Балалар өз іс-әрекетін жоспарлау, даярлау, орындау, бақылау және бағалау деген кезеңдерін ажырата білуге үйретеді. Әсіресе төменгі сынып оқушылары жоспарлауды, бағалауды және бақылауды үнемі тастап кетіп отырады. Сондықтан оларды жүзеге асуына педагогтың тікелей нұсқаулары мен бақылауы, кейін түрлі белгілер арқылы үнемі сырттай қостап отыру керек. Мақсаттылықты қалыптастыру- баланың жеке басын жан-жақты қамтитын күрделі процесс. Бір жағынан балаларды орындайтын жекелеген іс-әрекетті нәтижесімен ұштастыра білуге мақсаттарын міндеттердің өзгеруіне қарай іс-жағынан, балалардан белгілі нәтижеге жетуді, іс-әрекетті аяғына дейін жеткізуді, берілген талаптарды ескеруді, ғана талап етіп қоймай алынған нәтижені бала үшін ерекше бөліп қарап, көзделген мақсат, міндет тұрғысынан оны талдап, тәуір нәтижеге жеткен балаларды атап өту қажет. Мұның өзінде бағалау бала түсінігінше формальды міндетті сипатта болмай, оның осы іс-әрекеттегі жетістіктерін талдаумен байланысты болуы тиіс. Бағыттылықты қалыптастыру шарттары осы іс-әрекет ерекшеліктерін бөліп көрсетуді және оның іс-әрекетті орындаумен байланысты баланың жеке басына баға беру арқылы қол жетеді. Баланың даму процесін оның қайсібірі жағынан өзгеруімен сипаттауға болмайды, өйткені бұл күрделі әрі көп жақты процесс. Сондықтан психологиялық дамудың алуан жақтарының қамтамасыз ететін педагогикалық шарттарда сан түрлі.

Педагогикалық ғылымдар салалары өзара бірыңғай байланысып,

қисынды бір ізгілікпен дамиды. Педагогика ғылымы басқа ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Адамды жан-жақты және жарасымды етіп тәрбиелеу проблемасын шешу үшін педагогика басқа ғылымдармен байланысып отырады. Әсіресе соның ішінде- Философия ғылымы.

Философия табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын

түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып білуге көз қарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді. Тәрбиенің мақсаттары халыққа білім берудің мазмұны педагогикалық процесті ұйымдастыру сияқты проблемаларды зерттеудің барысында, педагогика ғылымы алдын –ала болған нақтылы әдіснамалық жүйеге сүйенеді. Ғылым педагогика тәрбие процесінің ерекшеліктерін негізгі кезеңдерін, басқа құбылыстармен өзара қатынастарын қарастырады. Олардың заңдылықтарын анықтап қалыптастырады.

Педагогика материал үстік диалектиканың қарама-

қарсылықтардың бірлігі мен күресін, сан өзгерістерінің сапа өзгер істеріне ауысу және теріске шығаруды негізгі заңдарын тәрбие, білім беру және оқыту барысында шығармашылықпен пайдаланады. Бұны ғылыми философия тұрғысында былай түсіндіруге болады: ескінің орнын жаңа басады, дамудың кезеңі екінші кезеңге ауысады деген сөз.

Қай саланың, өзінің бұрынғы өмір сүру формасын теріске

шығармайтын дамудың болуы мүмкін емес деген қағида пайда болады.

Педагогиканың тағы бір шарты психологияға тығыз байла-

нысты. Педагогика тәрбие мен дидактикаға психологиялық ғылыми мәлметтерге сүйене отырып зерттелді ол педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашады.

Осы екі ғылымдардың зерттейтіні адам.

Педагогика ғылымы мектеп гигенасымен тікелей байланысты. Мектеп гигиенасы жас ұрпақтың денсаулығын сақтау нығайту және дамыту жайындағы ғылыми ғылым мектеп ғимаратында, сыныпта таза ауа желдеткіші жоқ болса, оқушылардың басы ауруы мүмкін. Жарықтың нашарлығы баланың көзіне әсер етеді, көру мүшесінің қызметін нашарлайды. Міне біз педагогикалықтың бірнеше шарттарына тоқталдық. Солардың барлығы сай болған жағдайда біз баланың өз деңгейінде оқытуымызға мүмкіндік болады. Біз педагагикалық ғылыммен психологиялық ғылымды бөле жара қарамай осы екеуінің құрылуының алғашқы тәжірибелеріне сүйене отырып, осы екеуін практикамен жақындастыру тек оқыту мен тәрбиелеу процесінің өзіндік эксперименттік зерттеу жолында ғана мүмкін. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясының маңызды теориялық әрі методологиялық міндеттерінің дұрыс шешімдерін табу болады. Бұл жерде оқыту процесіне қатысты бар психологиялық дамудың қайнар көздері деген проблема алдыңғы орынға шықты.

Педагогикалық және жас ерекшелігі психологияның дамуын

мынадай тұрғыда қарауымыз мүмкін. Бұл үшін оқытумен тәрбиелеудің жолдарын, маңызды тәсілдерін анықтап балаға деген қарым-қатынасты ересек адамдармен салыстыра отырып олардың өздеріне тән ерекшеліктерін түсіністік пен қарап кез келген қиындықты шешуге болады. Осы педагогикалық және жас ерекшелігі психологияның саласында психиканың қайнар көздері (фактор) әртүрлі түсіндіруші екі ағым айқындалады.

  1. Биологиялық факторды биогенетикалық даму дейміз. Бұл дегеніміз туа бітті ерекшеліктерін мойындау.
  2. Социогенетикалық дамуы. Оның мінез-құлқы мен дамугенетикалық білімділігі – қоршаған ортаға байланысты белсенділігі.

Адамның психологиялық дамуының әлеуметтік табиғатын ескеру бұл процестің күрделілігімен сан қырлылығын түсінуге мүмкіндік береді, өйткені адамның бүтіндей дамуы, яғни жеке адамның дамуы ретінде көрінеді. Балалардың дамуының оқыту процесіндегі ең басты және анықтаушы жағы білімдерді іс-әрекет әдістерін күрделінуден тұрады. Мысалы: 6-7 жасар баларға заттарды арнаулы белгілері бойынша біріктіру үшін эталон – үлгі қолдануды үйреткен жағдайда, балалардың жіктеу операция-сының механизмі мен даму сатыларын елеулі өзгеріске түсіреді. Балалар жаңа операцияларды олардың өздеріне тән функцияларында, яғни берілген операция орындау құралы болатын іс-әрекетпен байланыстырып игеруі керек. Мысалы:1-ші сынып оқушылары арифметикалық амалдарды арифметикалық есеп пен шығарады. Ал бала кері есеп құрастыру барысында қателесуі мүмкін.Мысалы табақшада 6-ы алма бар, оның 2-ін Сымбат алды. Табақшадан Айгерім біреуін алды. Қалғаның Жандос алды. Жандос неше алма алды? Деп бұл есепке кері есеп құрастыруға болады.

1.Сонымен оқыту мазмұны балалар игеретін білім мен іс-әрекет тәсілдерінің ерекшеліктері оқытудағы білізділік балалар дамуының негізгі қырларының бірін сипаттайды. Мысалы: арифметикалық санды салыстырмалы түрде шығарту.

  1. Оқушыға ойыншықтарды бөліп беріп, оны санатып қайсыні, көп екенін айтқызып, орындату.

Мұндағы мақсат есептің шығарылуда нақты шарттармен

үйлестіріп және шарттардан осы қарым-қатынасқа сай келетін элементтерді бөліп шығаруы тиіс. Оқушыларды мұндай арақатынаста, жоғарғы формаларына (нақтылы және абстрактілі білімнің арақатынасын белгілеп, байланыстыра білуге үйретіп отыру керек. Осылардың барлығын меңгерту үшін оқытушы дидактикалық теорияны басты ролде алып отыру керек. Оқушыларды кең білім шеңберімен қаруландыру, олардың бойында адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру керек. Сондықтан білім беру мазмұнын мектеп реформасына, жалпы білім беру бағдарламасы талаптарына және жаңашыл мұғалімдердің идеяларына сәйкес ғылым негізінде дәлелдеп, іске асыру қажет. Негізгі мақсат оқушыларды қоғамдық өмірдің барлық саласына белсенді қатысуға даярлау. Ол үшін мектепте оқытудың мақсатын, міндеттерін, принциптерін мен заңдылықтарын анықтау және жүзеге асыру.

Дидактиканың негізгі категориялары.

  1. білім беру, 2 оқыту, оқу оқыту принципі, оқыту процесі және компоненттері міндеттері формалары әдістері, құралдары оқытудың нәтижелері. Осылардың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге оның озат тәжірибені зерттеп жинақтауға және осы оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты. Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі – оқу пәндері бойынша сабақ беру деңгейін арттыру, оқу пәнінің негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары барынша айқын баяндалуы керек, оларды ғылым мен практиканың жаңа жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамасыз етілсін «-деп мектеп реформасында жазылған. Оқыту процесінің табысты болуы. Біріншіден, мұғалімнің өз пәнінен теориялық және практикалық дайындығына оқу процесін ұйымдастыру және басқара білуіне, екіншіден, білім дағдысына жоғарғы мәдениеттілігіне ғылым мен техника жетістіктерін пайдалана білуіне, үшіншіден мұғалім мен оқушылардың арасындағы адамгершілік өзара қатынас және бірлікке байланысты. Тәжірибелі мұғалім олардың жаңа еңбектерін терең зерттеп, оны тиімді пайдалана білуі тиіс. Бұл мұғалімдердің шығармашылықпен пайдалану оқыту процесін жақсартудың шешуші жолдары.

Адам баласының іс-әрекетінде процесс термині жиі кездеседі Мысалы: еңбек процесі, биологиялық процесс т.б.

Оқыту процесі терең берік және дәл білім алу таным жолындағы оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту процесі – бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу.

Оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды, танымдық практикалық іскерлігі мен дағдысы қалыптасады. Оқыту процесін басқару үшін, жүйесін құрылымын, бөліктерін және заңдылықтарын, олардың өзара байланысын жете білу керек. Сонда ғана жүйе ретінде қарастырылады.

Ол өзінің құрылымы және бөліктерімен сипатталады.

Ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі.

  1. Мұғалім, оның өмірге, ғылымға көзқарасы және оқушылармен қарым-қатынасы.
  2. Оқушылар сынып ұжымы.
  3. Оқыту әдістері.
  4. Оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық және оқытудың техникалық құралдары.
  5. Оқыту нәтижелері.

Оқу процесінде білімнің іскерліктің және дағдының өзара мүмкіндік туғызады.Оқыту екі жақты процесс, онда мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық іс-әрекеттері мен тәсілдеріне үйретеді. Оқу – бұл оқушылар іс-әрекеттерінің, яғни обьективтік әлемді танудың ерекше формасы. Оқыту процесінің өзіне тән функциялары бар. Олар мыналар.1.Оқытудың білім беру функциясы. Бұл оқушыларды білім байлығымен қаруландырып, өз бетімен білім алуға іскерлік пен дағдыны игертеді. 2. Оқытудың тәрбиелік функциясы – тәрбиелей отырып, дамыта оқыту байқағыштығын, ойын, есін, қиялын дамытады оқушылардың сеніміне, моральдық нормаларды, мінез-құлықты игеруді қамтиды.

3.Оқытудың дамыту функциясы. Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып жеке адамның таным қабілетін мақсатқа сәйкес жетілдіреді, таным- қабілетін дамытады. Оқушылардың  таным іс-әрекетін барынша дамыту, ой-өрісін дамыту өз бетінше білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету. Сондықтан мына төмендегі идеяларға саяды.

  1. Таным қабілетінің дамуы. Бұған қабылдауды зейінді, есте сақтауды, қиялды, ойлауды, дамыту.
  2. Оқушыларға білім беру және обьективтік шындықты тану мәселері жайындағы оқулықтың ролі. Мектеп бағдарламасына арналған арнайы оқулықтар арқылы жүзеге асырылады.
  3. Оқытудың әдістерімен формаларын жетілдіру әңгіме әдісі, түсіндіру, лекция, кітаппен жұмыс, демонстрация, иллюстрация, зерттеу, ұйымдастыру, саяхат, семинар осылар жатады.
  4. Мұғалімнің теориялық дайындығы педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудың шешуші құралдарының бірі. Мұғалімнің оқытудағы танымдық іс-әрекетінің психологиялық- педагогикалық негіздерін жақсы меңгеруші керек. Оқыту процесінің логикалық оның құрылымен анықтайды, ал оның құрылымына оқыту процесінің – танымдық іс-әрекетінің кезеңдері кіреді -танымдық міндеттерін жете түсіндіру.

Оқушылардың дамуындағы бағыт мүдделердің дамуымен және болашаққа жоспарлау, бір нәрсені шын мәнінде танып білуге ұмтылуынан, өзі мазмұны мектеп программасының шеңберінен танымдық іс-әрекеттің дамуына себепші болады. Оқушының белсенділігі артып, кітапқа, аспапқа өзгеде нәрселерге деген құштарлығын арттыру.

–         Жаңа материалды қабылдау. Оқушыларға жаңа материалды өткен материал арқылы байланыстыра отырып, түсіндіру, білімділік мақсатын, дамытушылық, мақсатын ендіру.

  • ұғыну- бұл саналы түрде ғылыми білімді заңдылықтарды ұғу.
  • Бекіту бұл оқушылардың білімді берік ұғынуының тиімді тәсілі.

Білімді іскерліктік де дағдыны практикада қолдануы  оқушылардың өзіндік қасиетін дамытады. Оқушылардың өз бетімен дамуына практикалық ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары мүмкіндік туғызады. Оқушылардың барлық жетістіктерін білім сапасын, пайымдау сауаттылығын, жалпы ой өрісінің даму дәрежесін ескеріп талдау жасап отырған жөн.

Негізінде  оқыту процесінде кездесетін логикалық бір ізділікпен былай жазуға болады. Нақтық аңғару, абстракты ойлау, практика. Оқытумен тәрбиелеудің негізгі педогогикалық- психологиялық теориялары деп осыларды айтамыз. Осымен қатар оқу басқа істермен айналысуына шек қоймайды. Осы жасқа тән екі форма өзіне -өзі қызмет ету мен ұсақ түйек жасау формасында еңбекке ерекше роль беріледі. Бастауыш сыныптарда өзіне -өзі қызмет етудің әдеттері мен дағдыларын  дамыту мен бекіту – балалардың үлкендердің еңбегін құрметтеу, адамдардың өміріндегі еңбектің ролін түсіну сезімдерін тәрбиелеу ұзақ дене еңбегіне даяр болу үшін жақсы негіз. Жанұяда және мектепте бала өзіне- өзі қызмет ету жөніндегі міндеттерді терең толғанатындай жағдай жасау маңызды. Мысалы таза және мұнтаздай бол деп талап қою бала өзінің киім қоятын жерін және басқа да мүліктерін өздігінен тәртіпке келтіретін жағдайдың жасалуымен ұштасуы керек. Балалар  өзіне -өзі қызмет ете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудың тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезінеді. Олар өздерінің адамгершілік борышым дейді, сонымен қатар үлкендердің еңбегін бағалайды. Олардан үлгі алады. Мектеп жағдайында өзіне -өзі қызмет ету- оқу құралдарды, кабинеттерді, мебельдерді тазалу жатады. Өзіне-өзі қызмет етуде балаларға талап қойғыштық және оны жақсы ұйымдастыру – бастауыш сынып оқушыларын коллективтік еңбекке қатысу. Олар жолдастық қолдауға және өзара көмекке үйренеді. Коллективтің жалпы міндеттеріне саналы түрде қарап, жұмыстың дер кезінде адал орындауға және жеке жауапкершілігін сезінеді. Мектеп пен жанұядағы алдыңғы мақсат – бұл өзіне-өзі қызмет етудің берік жүйесін жасау, тұрмыстың еңбекті әр баланың күнделікті өмір игілігіне айналдыру қажет. Мұндай әр түрлі еңбектің тұрмыстық түрлерін орындау барысында балалардың ақсаусақтық нәуетектікке жол берілмейді. Оларға дұрыс бағыт беру мұғалімдердің, ата-аналардың және әр бір жан ұя мүшелерінің адамгершілік борышы. Оқу еңбегі бала үшін ойға толы, ұзақ, инемен құдық қазғандай, ақыл-ойдың кемелдеуін талап ететін ең ауыр еңбек. Оқу еңбегінің күрделілігі оның нәтижесі бірден оқушыларға көріне, бермеуде. Достарым сыныпта балалар қағаз бен балшық пен қаңылтыр сыммен жұмыс жасайды. Осы кезеңде қаңылтырды кесуде тапқырлық, оны жапсырғанда ептілікке, тазалықққа баулиды. Балалар  өз қолдарымен жасаған пайдалы заттарына терең қанағаттанғандық сезіміне  бөлейді. Қолдан әр түрлі заттарды дайындау және үйлестірілген іс-әрекеттерді жетілдіру үшін оларды бұлшық еттің және сол сияқты көзбен көрудің негізінде бақылауды қалыптастыруды қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

1.2.  Оқыту барысында оқушыларға білім,білік дағдыны қалыптастыру жолдары.

 

Оқушыларға өзіне-өзі қызмет етудегі ерекшеліктерін осылай талдадық. Оның мақсаты еңбекке баулу еді. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларының жеке басының дамуына тоқталайық. Олардың жалпы қасиеттерінің қалыптасуы мен дамуы да ерекше жағдайларды талап етеді. Олар іс-әрекеттің жоспарлау, даярлау, орындау, бақылау және бағалау деген кезеңдерін ажырата білуге, үйретеді. Бастауыш сыныпта іс-әрекеттерін жиі тексеріп отыру керек. Мақсаттылықты балаға қалыптастыру керек. Балалар жекеленген іс-әрекеттерді мақсатпен нәтижесімен ұштатыра білуі керек. Екінші жағынан балаларды белгілі бір нәтижеге жетуді, іс-әрекеттің аяғына дейін жеткізуді берілген тапсырмаларды талаптарды ескермей, олар үшін алынған нәтижені ерекше бөліп қарау, мақсат, міндетке жеткенін, оны талдап балаларды атап айту қажет. Баланы моральдың жағынан тәрбиелеу мектепке дейінгі кезеңдерде басталады. Ал оларды мектепке ғана орындалуы үнеміде мақсатқа бағытталып отыратын моральдық талаптардың айқында кең мінез- құлық нормаларының және ережелерінің аса кең жиынтығы үйретіледі. Біз бұлардың бәрін қалыптастыру үшін этика тәрбиесіне көңіл бөлейік. Этика 2-ге бөлінеді:

1) Нормативті этика. 2) Мораль теориясы. Нормативті этика игілік жақсылық, жамандық әділеттілік мәселелерін зерттейді. Жеке адамның мінез-құлқының кодексін жасайды. Мораль теориясы моралдың мәнін нормаларын тарихи сипатын анықтайтын заңдылықтарды зерттейді. Моральдық теорияға ұжымшылдық, гуманисттік, белсенді- нарекетшіл моральдар жатады. Балалардың мінез-құлық нормаларымен ережелерін шын мәнінде және негізінен игеруі алдымен педагогтың, олардың  орындалуын тексерудің жақсы жетілген әдістері мен тәсілдері жүйесінің бар екенін білдіреді. Осы нормаларды және ережелерді айқын тұжырымдау, орындауда міндетті түрде мадақтап, ұқыпсыздық пен тәртіпсіздікте тиісті шаралар қолдану- кіші мектеп оқушыларының тәртіптілігі мен ұйымшылдығын тәрбиелеудегі маңызды шарттары. Жеке адамның психикалық дамуы- бұл оның іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы саналығының өсіп жетілуі. Сананың  дамуы мен адамның қоршаған дүниені жете түсінуін, яғни оның табиғи әлеуметтік ортаға көзқарасы. Сана дегеніміз – обьектив шындық бейнесі. Сана іс-әрекетте пайда болады. Еңбек және қоғамдық қатынастың нәтижесінде қоршаған ортаны түсінеді, сана сезімі дамиды. Даму барысында сыртқы көріністерді байқайды. Өзін-өзі бақылауды, бағалауды, намысты, өз қадірін сезуге талпындырады. Баланың осы жасында қалыптасқан осындай қасиеттер жеке адамның ішкі және табиғи жетістігі. Балаға осындай мінез-құлықты қалыптастыру барысында өзара қарым-қатынастың өте маңызы зор. Бұның алдында да айтылғанда коллективтікке баулу деп жатырмыз. Атап айтқанда бастауыш сынып оқушыларға мұғалімнің нұсқауы және басшылығына ала отырып меңгереді. Мысалы, ұйымдасқан түрде сабақты орындауы өздерінің бір-біріне көмектесуі міне осыдан барып  өзара қатынас пайда болады. Мектепте өткен бірнеше аптадан соң бірінші сынып оқушыларының көпшілігінің ұялшақтығы абыржуы жойылады. Балалар өздерінің жанындағы балаға көңіл бөле бастайды, өзімен көз-қатынас жасай бастайды. Осы жағдайда орнату барысында әрбір оқушы өзінің шын мәніндегі дара ерекшеліктерімен көрінеді. Бастауыш мектеп оқушыларының өзара қатынасына тән белгі олардың достығы өмірдің сыртқы мақсаттары мен кездейсоқ мүдделері ортақтастығына негізделеді. Оқушылар өзара қарым-қатынастан басқа үлкендердің ықпалымен және солардың жетекшілігінің арқасында олар менде тығыз байланыста болуы керек. Бұл үшін жанұяда баламенен жолдастық қарым-қатынаста болуы керек. Өзінің жанұясының жылы шырайын қамқорлығын сезінуі. Ата –ана мен баланың арасында ұрыс-керіс болдырмаумен, жанұя мүшелерін мұғалім тығыз байлаынысып отырады. Көздеген үлгілі бір мүддеге жету үшін мұғалім баланың назарын соған аударып, талап көмек қажетсінетін болса, оған керегінше көмек көрсету қажет. Бұл мәселеге мұғалім мен ата- ана бірдей қамқорлық көрсететін болса, бала ризашылықпен толық сенім білдіріп, зор ықласпен оқып білім алуға, еңбек етуге тырысады. Мұғалім оқушының ептілігі зеректігі, батылдығы үшін берген бағаға өте ынталы етеді. Баланың өзі қалағанынан басқаша бағаланса өте қатты қынжылады. Әсіресе бастауыш сынып оқушылары өздерін-өздері бағалауды жақсы меңгермейді. Бұл жерде мұғалім жетекшілік ету қажет. Сондықтан мұғалімнің пікірі оқушы үшін елеулі де үзілді- кесілді болып табылады.Бастауыш  мектеп оқушылары мұғалімнің беделін сөзсіз мойындайды. Олар мұғаліммен әртүрлі кездейсоқтық қарапайымнан бастап маңызда да дара себептермен сөйлеседі. Балалар өздерінің қам-қаракетін, қынжылыстарын, үйдегі оқиғаларын мұғаліммен ашық бөліседі. Оқушылардың оқу барысында қызметтері. Алдымен ұқыптылыққа,төзімділік қасиеттерін меңгерте отырып, сабақта зейінді тыңдау,берілген тапсырманы аяқтауда тиянақтылық көрсету және үйге берілген тапсырманы орындау. Сабаққа керекті құралдарды түгел қолдану жас тұрғысынан даму процесінде баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі  өзгерістердің бәрі жоғарыда айтылған жағдайдың бәрі үйренудің фактілері. Мысалы, оқушы сыныптағы қарапайым сабаққа қажет, тақта, өзі отырған партаның неден жасалғанын білмейді, оны мұғалім түсіндіреді сонан ұғыну процесі жүреді. Міне бұл жағдайда есту арқылы жүзеге асты. Алайда бөлмеге кірген адам сыныпта не барып бірден көреді. Адам көру адаптациясын үйрене алмайды. Ол көру жүйесінің туа біткен физиологиялық қасиеті болып табылады. Үйрену- іс-әрекеттің орнықты нысаналы өзгерісі бұл өзгеріс мұның алдындағы  іс -әрекетінің нәтижесінде пайда болады және организмнің тікелей туа біткен физиологиялық реакциялардан туындайды. ұғымдарды тіркеу үшін адамда белгілердің арнайы жүйесі тіл, оны сөздер және сөйлемдерді байланыстырады. Ұғымды білдіру құралы тіл адамның үйренуін сезімдік тәжірибеге, жалпы қабылданатын жеке заттарға байланыстары мен қатынастарын ескеруге мүмкіндік береді. Сондықтан сөздермен белгіленетін ұғымдарды үйрену бүкіл адамзаттың өз тарихи даму барысында жинақталған білімдерге меңгеру. Оқушылар үйренуде 2 түрде өтеді. Сенсорлық үйрену моторлық үйрену. Сенсорлық үйренуде қабылдау, білу, тануды қамтиды. Ал моторлық үйренуде қимылдарды таңдау, программаларды біріктіру, жіктеу жүйелеу. Оқушыларды оқу барысында үйренуде когнитивтік деңгейде адамда іс-әрекет заттардың мәнді қасиеттері мен байланыстарын табу, талдау, іріктеу, қорыту және тиянақтау процестері осы қасиеттерімен байланыстырады. Пайдалану жөніндегі мақсатқа сәйкес әрекеттер қалыптастырады. Үйрену жаттығулары бақылау, ұғыну және өзін-өзі бақылау негізінде жүзеге асады. Бұлар ұғынылып барып қойылған мақсаттар мен міндеттер арқылы басқарылады. Когнитивтік деңгейдегі тиісті сынып есептерін шешу үшін қажет іс жүзіндегі білім мен практикалық іс-әрекеттерге үйрену. Сонан соң қорытылған теориялық білім мен ақыл-ой іс -әрекеттерін үйрену болады.Үйренудің аталған бұл деңгейлері мен түрлері белгілі бір шамада жасалатын түрде бөлінген. Мұның алдындағы деңгейлер жоғалып кетпейді олар бар болғаны қайта құрылып келесі деңгейде үйренуге бағынады  да оның құрылымына кіре бастайды. Когнитивтік үйренудің ең жоғарғы деңгейлерінде қалыптасуды да сондай-ақ моторлық жектеулерде кіреді. Ойы атап айтқан жазу сызу  т б.  Үйрену стихилы болуы мүмкін адамның басқа кісілермен айналадағы дүниемен қарым-қатынасы және өзара іс-әрекетте пайда болуы мүмкін. Бала мектеп реформасына сай жүріп-тұруға мінез-құлықтың көптеген дағдыларын нақ  осылай едәуір дәрежеде стихиялы түрде меңгереді. Бірақ білім мен іскерліктерді осылай стихиялы түрде меңгерумен қатар үйрену көптеген жағдайларда нысаналы процесс ретінде арнайы ұйымдастырылған жағдайларда жүзеге асырылады. Үйренудің бұл мақсатқа сай ұйымдастырылуын оқыту деп атайды. Оның көп тараған түрі мектепте оқыту. Оқыту элементі семья тәрбиесінде сондай – ақ адамдардың өзара қарым – қатынастары басқа жағдайларда байқалады. Оқытуды оқытатын адаммен оқитын адамның арасындағы белсенді өзара әрекет деп сипаттауға болады бұның нәтижесінде оқитын адамда белгілі бір білім, іскерлікпен дағдыларды қалыптастырады үйренушінің ықпалы үйренушінің белсенділігін оятады, ал бұл орайда күні бұрын қойылған тиянақты мақсатқа жеткенде осы арқылы бұл белсенділікті басқарады. Оқытуда оқушының сыртқы және ішкі белсенділігін ынталандыру және оны басқару процесі деп көрсетуге болады. Мұғалім оқушының белсенділігіне жағдайлар жасайды, оған бағыт береді, бақылайды бұған қажетті құралдар мен информация береді.

Оқушы өз мақсатына жетуі үшін оқытушы оқуға деген ынтасын арттырып білім өзіне білуге әуестігін, мәдени деңгейін көтеруге ұмтылдыра ала беруі керек. Олар оқушының мінез-құлқын әшейін басқаруды ғана емес оқушыны тәрбиелеуді мақсаттарын, мүдделерін қалыптастыруды талап етеді. Осындай жағдайда оқушының бір затқа, оқиғаларда, және іс-әрекеті адамның белгілі бір белсенділігінің түп негіздеріне, іс-әрекеттің себептеріне айналады. Бұл негіздерді топтық категорияға бөлуге болады. 1. Ішкі негіздер. 2. Сыртқы негіздер.

3.Жеке түпкі негіздер деп.

Ішкі негіздер туа біткен қажеттіліктің арасында оқуға ынталандыру үшін белсенділік қажеттіліктері мен информацияға қажеттіліктері ерекшеленеді.

  1. Сыртқы негіздер талаптар адамға іс-әрекет пен мінез-құлықтың белгілі бір түрлерін, формаларын ұсынады. Мысалы. мектепте оқушылардан сабаққа уақтылы кеуді, мұғалімнің айтқанын тыңдауды оның тапсырмаларын орындауды талап етеді.
  2. Жеке түпкі негіздер. Олар адамның мүдделерімен ұмтылыстарымен, бағдарларымен, сенімімен, дүниеге көзқарасымен, өзі туралы түсінігі мен қоғамға көзқарасымен анықталады.

Мұндай құндылықтар өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі орнықтыру, өзін көрсету, белгілі қажеттіліктерін, қанағаттандыру, өмірлік мұраттар мен үлгілер болуы мүмкін. Мысалы егер ретінде оқудың нәтижелері ұсынылса, ал ынталандыру үшін іс-әрекеттің ішкі негіздері пайдаланылса мотивтендіруге оқудағы табыстарды наградамен, қоғамдық мақұлдаумен, болашақ жұмыс үшін пайдалылығы ұштастырумен қол жеткізеді. Осындай жағдайлады пайдалану барысында талап етуде, сенім білдіруде, қолайлы мүмкіндік жасауда білінеді. Оқудың нәтижелерін жеке мотивтендіруге бұл нәтижелер өзін бағалаумен мақтаумен ұштастыру мысал бола алады. Өмірдің өзі, адамның іс-әрекетін анықтайтын ұмтылыстар секілді мотивтендірудің мүмкін болатын, тәсілдері мен ұштастырулары алуан түрлі. Бұл біз үшін оқытудың құрылымын білуіміз шарт. Оқу белгілі іс-әрекеттерден құралатынын білеміз. Мұғалім оқытылатын адамның педагогикалық іс-әрекеттер өрісінде қандай жағдайда болатын және педагогикалық ахуалда оның қандай функция атқаратына байланысты. Ол мынадай функциялар болуы мүмкін. 1) Сырттан берілетін информация функциялары. 2) информаны өздігінен белсене іздеу, табу және пайдалану. 3) Информацияны сырттай ұйымдастыратын бағытта іздеу, табу мен пайдалану.

Бірінші жағдайда мұғалім үшін оқушы қалыптастырушы әрекеттің

обьектісі ғана деп қаралады. Мұндайда үйретудің негізінде оқушыға дайын информацияны хабарлау және белгілі бір оқу іс -әрекеттерін талап ету. Екінші жағдайда оқушы өз мүдделері мен мақсаттарының ықпалымен қалыптасатын субьектісі болып саналады. Үшінші жағдайда оқушы әрі мұғалім үшін педагогикалық ықпалдың обьектісі әрі танымдық іс-әрекеттің субьектісі болады. Осы аталған үш функцияның оқу әрекеттерінің негізгі үш түрі болады. Бірінші варианты дайын білім мен іскерліктерді беру  сипатында болады. Мұнда оқу еліктеу,сөзбе-сөз немесе мағыналы қабылдау мен қайталау, дайын үлгілер мен ережелер бойынша машықтану және жаттығу, іс-әрекеттерін қалыптастыру.

Оқытудың екінші варианты өздігінен табиғи үйрену түрінде

болады. Мұнда оқу сұрақтары мен есептерді таңдау информация мен жалпы прицптерді іздеу көздеу, ұғыну творчестволық

іс-әрекет секілді әрекеттерден қалыптасады. Ал енді үшінші варианты оқушының бағытталатын танымдық белсенділігінің болуын көздейді. Оқуда қойылатын міндеттерді орындауда нәтижелерді бағалау, байқаулар мен қателер эксперимент жасау, ұғымдарды таңдап алу мен қолдану т.б. секілді іс-әрекеттерден құралады. Осы іс шаралардың орындалуы, оқытудың өз концепциясы мен әдістеріне тән. Дайын білім мен шеберліктерді беру үйретудің оқыту концепцияда белгіленеді. Өздігінен табиғи үйрену үйретудің ынталандыру, таңдандыру, әуестендіруді ояту.Оған тән әдістері: проблемалар мен міндеттер қою, талқылау мен дискуссия, бірлесіп жоспарлау және т.с.с.

Оқу ахуалдары, оқыту концепциялары, оқу және оқыту іс-

әрекеттерінің түрлері, оқудың мотивтері мен түп негіздері алуан түрлі болғанымен, олардың бәріне ортақ бір жай, ол түпкі міндеті – оқушының күш –жігерін бірдеңені үйренуге бағыттау. Оның кез келген оқу әмбебап компоненті жатталыну деп атайды. Жаттаудың бірінші шарты. Біліп меңгеруге тиіс нәрсені адам сыртқы және ішкі дүниенің қабылданатын басқа жақтарынан бөліп алуы тиіс. Көріп, есту арқылы жүзеге асырады. Белгілі бір заттар оқиғалар немесе қасиеттер сананың белсенділігін арттырады осының адамның көңіл бөлуіне, іс-әрекетінің ішкі негіздерімен информацияны қажетсінумен өмірлік қажеттіліктермен мүдделерімен байланысты. Осы жағдайда психологтар бағдарлау деп атайды. Сөйтіп оқуға зейін қойып бағдарлау – психикалық және педагогикалық қызметінің оқудың нәтижесінде мақсатына бағытталғанын көруге болады. Мұндай бағытталғандыққа оқудың индивид, іс-әрекетінің ішкі сыртқы және жеке детерминанттарымен байланыстыру арқылы қол жеткізуге болады. Оқу нәтижелері субьективті факторлармен обьективтік факторларға қарай анықталады. Оқу материалының жаттауға ықпал жасайтын басты қасиеттерін бөлуге болады. Оның бірінші қасиеті мазмұны және екінші қасиеті оның формасы. Ол заттық, бейнелік, сөздік және символдық формада болуы мүмкін. Осы формаларды қайсысы болмасын, белгілі бір деректерді беру үшін қызмет ететін тіл. Әсіресе бастауыш сынып оқушыларына ұғымдарды заттық іс-әрекетінің формасында өтіледі. Оқулық материалдың үшінші қасиеті – қиындығы. Оқушыларға жаттау тиімділігіне, жылдамдығы мен дұрыстығына ықпал жасайды. Мәселен сөздер мен сөйлемдерді жаттаудың қиындығы олардың мағынасынан ғана емес сол тұрған контексіне байланысты. Мысалы. Өлең сөздің ұйқастығы көп сондықтан тез жатталынады. Қарапайым қара сөздің сөйлемде мағынасына түсінбесе онда есте сақталуы өте қиын. Өздеріне таныс сөздердің өзін жалғаулар арқылы мағынасын қиындатып жіберілсе, оны бала жаттауы төмен болады. Оқу материалының төртінші қасиеті оның мәні маңыздылығы. Белгілі бір мәліметтер немесе іс-әрекеттерді өздігінен алғанда немесе келесі материалды меңгеру үшін маңызды.

Бұл үшін ол оқушының өзіне мәнді болуы тиіс. Яғни материал

оқушының қажеттіліктері мен мүдделеріне сай келуі тиіс. Осыған байланысты бесінші қасиеті ұғынықтылығы. Материалдың ұғынықтылығы оның игеретін субьектіден тәуелсіз оқшау емес, оқушыға арсеналында оқу материалдары элементтерін түсініп, олардың арсындағы байланысты анықтау үшін қажет ұғымдар мен іс-әрекет бар жоғына байланысты. Ұғынықтылықтың өзі және оның дәрежесі жаңа оқу материалы мен оқушының білімі, түсінігі іскерліктерінің арсындағы мәнді байланысқа тәуелді.

Материалдық алтыншы қасиеті – құрылымы. Ол материалдың

мазмұндық немесе семантикалық құрылым. Байланыстар ұғымдардың арасында ғана емес сонымен бірге заттарды, бейнелердің немесе құбылыстардың арсында ұқсастығы, айырмашылығы, жақындығын білдіреді және материалдың формальдық немесе логикалық құрылымы. Мысалы. 3 х 3=3+3+3 бұл амалдың орындалу барысында оқу материалының индукциялық, екінші жолы дедукциялық құрылымдарын береді. Жаттаудың жетінші қасиеті – оның көлемі. Материалда жатталатын элементтің санын анықтау. Сондықтан материалдың элементтерінің санын өлшеу әлі жеткіліксіз. Оны оқушы оқулықта жазылғанды емес, тексті ойша өңдеудің нәтижесінде және нәтижелердің терминедеріндегі көріністерден оқиды. Жатталатын оқу материалының көлемін меңгеру талап етілетін жаңа ұғымдардың немесе іс-әрекеттердің санымен жанама түрде ғана өлшеуге болады. Ондағы белгіленген байланыс санымен немесе ондағы пікірлердің санымен өлшеуге болады. Жаттаудың бір факторы – оқулық материалдың эмоциялық ерекшеліктері. Бұған материалдың тартымдылығы оқуда белгілі бір сезімдер мен толғаныстар туғызатын қабілеті жатады. Жаттауды ұйымдастыру кезеңінде оқу материалы оның алғы шарты, ал ішкі бағдар – шарт болып қызмет етсе, онда қайталаумен жаттығу жаттаудың негізгі құралдары болады. Қайталау есте қалдыру үшін керек емес, білім мен іс-әрекеттерді дәлдеп жетілдіру үшін қажет. Қол жеткен нәтижелерді тексеріп, түзеудің құралы. Қайталау оқу материалы элементтерінің өзара және оқушының тәжірибесімен арадағы барған сайын жаңа байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Жаттауға жеткізген белсенді қайталау әрбір жаңа қабылдауда немесе қайта жаңғыртуда оқушы псхалогиялық тұрғыда мұның алдындағы ойша өңдеумен байланыстырған бұрын аңғарылмаған біраз басқа жаңа материалдармен істес болады.

Үйретудің барысы кері байланыс негізінде, ағымдағы нәтижелерді

үзбей немесе мезгіл-мезгіл бақылаумен есепке алу арқылы реттеліп отырады. Ойыту кезінде бақылаудың негізгі амалы оқушылардың жауаптарында іс-әрекеттерінде, оқу іс-әрекетін басқарудың пәрменділігі едәуір шамада тәсілдермен формаларға байланысты. Олар мыналар: 1) Оқушылардың дұрыс жауап пен амал іздеуі. 2) Жіберілген қателер туралы белгі беру 3) Бұл қателерді түзеу 4) Мұғалімнің қателерге көңіл бөлуі.

Оқытудың теориясында жауаптар іздеудің өздігінен құрастыру

формасы немесе альтернативті таңдау формасында болады.

1)Қателерді тікелей белгі беру, жіберілген қатені көрсету немесе жанамалап  анықтау, дұрыс жауап арқылы салыстыру арқылы қатені табу.

2)Қателерді түзетуде ағындағы түзету, қортынды түзету, айтып жіберу, іздеу арқылы жетуге болады.

  • Үйретудің барысында дидактикалық міндетті, неғұрлым тиімді

болады. Сондықтан оқыту процесінде программалау мен реттеу принциптерді тиімді пайдалану проблемасы туады. Сондықтан осы проблеманы шешу үшін оқушыларды дағдыға қалыптастыруымыз керек. Дағдының қалыптасуының негізі байқап көру әрекеттері мен ерікту басып табылады. Қайталалатын практикалық әрекеттерсіз дағдыларды қалыптастыру мүмкін емес. Адамда іс-әрекеттің орындалуын сана басқарады. Нәтижелерді тексеру, шарттарды белгілеу, әрекеттерді түзеу де  белгілі бір дәрежеде ұғы-нылған түрде болады. Ең басты іс-әрекет тәсілдерін таңдау мен реттеу мақсатты ұғыну мен олардың мазмұнын көз алдына келтіруге байланысты. Оларға бөлшектеп көрсету мен егжей- тегжейлі нұсқау беру, арнай нұсқау карточкаларын қолдану жатады. Талап етілетін қимылдар формасымен, іс-әрекеттерді бақылаудың сезімдік бағдарларымен және оны жоспарлаудың әдістерімен оқушыны алдын ала таныстыру іс-әрекеттердің меңгерілуін және тиістідағдыларды қалыптастыратынын көрсетеді. Мұнда тиісті информацияны оқушының өз тіліне аударуы маңызды. Берілген тапсырманы орындаудың тәсілдерін қайта-қайта айту, орындау барысында ауызша нұсқау беру, қателерге оның себептерімен түзеу әдістерін ауызша талдау, өзіндік есеп беру, тәсілдердің ауызша әрі жазбаша негіздеу, бұл мақсат үшін сөйлеуден тыс тілдер атап айтқанда схемалар, бағдарлау карталар т.б. формулалар көмектеседі. Оқушының қайталау барысында операциялармен іс-әрекеттерінің жылдамдық әрі жақсырақ жүзеге асырады. Қимыл шапшандығын өз еркімен басқаруға, өзгеріп тұратын міндеттерге бейімдейді және жаңа жағдайлармен обьектілерге  көшіруге бейімдейді. Дағдыларды үйретудің екі жолы бар. 1) іс-әрекеттің бағдарлануы және оларды автоматтандыруды үйрету. Мысалы, оқуды үйреткенде әріппен әріптің ұқсастығын, ерекшеліктерін көрсету керек. Бұл орайды да негізгі жаттығу ажырату жаттығулары орындалады мысалы, «Н» мен  И әрпін алайын бұл екі әріптің айырмашылығы ортасында  көлбеу сызығы бар. Ал екінші  Щ мен Ш әріпін алсақ Щ әрпінің құйрығы бар деп көрсету керек. Міне осындай жағдайда әбден ұғынып болғаннан кейін басқа тапсырмаға өтуге болады.

Оқытуды ұйымдастыруға қойылатын талаптар түрліше болады. Сабақтың психологиялық бірлігі оқушылардың дербес еркешеліктерін есепке алуды талап етіледі.

Ұйымдастыру бірлігі- сабақта алдын –ала жабдықтарды және оларды рет- ретімен пайдалануды, бүкіл сабақ бойынша оқушыларды белсенді тиімді жұмысқа ұйымдастыру. Мектепте сабақ қандай дидактикалық талаптарға сай болуы керек.

  1. Сабақтың дидактикалық мақсатының айқындығы
  2. Оқу материалының көлемін анықтау
  3. Оқыту мен тәрбие бірлігі
  4. Сабақты оқытудың ұтымды әдістерін таңдау және сабақтың

типтеріне әрбір оқу материалының мазмұнының сәйкестігі. Осы байланыстың құрылуы пысықтауға негізделсе, онда шығарылатын есептерге ынта туғызу керек. Олардың маңыздылығы мен пайдалығын көрсетіп, түсіндіру керек, дағдыны игерсем деген саналы бағдар қалыптастыру керек. Егер басты шарт награда деп саналса, онда қол жеткен нәтижелерді дұрыс іс-әрекеттерді мадақтау туралы үздіксіз хабарлау талап етіледі. Егер ең бастысы моторлық жіктеу мен награда болса формальды обьектілерге құралған аналитикалық сипаттағы жаттығулар пайдалы. Онда жазуды үйретуде дөңгелектер мен таяқшалардан бастайды. Меңгерілетін дағдылардың бір жолғы мөлшері қиындығы мен көлемі үйретудің негіздік концепциясына байланысты. Бұл жағдайда оқушының шамасы келетін – күні бұрын белгілі есептер енгізу күрделі материалды барынша бөліп беру. Жаңаға өте  сақ әрі біртінде өту – ұсынылады. Демек , дағдыларды пәрменді түрде оқытудың негіздерінің екі концепциясы бар.

1.Сезімдік бағдарлануға сүенуді талап етеді. Бұған, дұрыс іс-әрекеттерді іздеу, байқап көру, жіберілген қателерді талдау, жою. Бұл методиканы синтетикалық деп атайды.

2.Қимыл актілеріне сүйенуді талап етеді. Бұнда жаттығулар стандартты элементтерде формальды есептерде жүзеге асырылуы тиіс. Бұл үшін дұрыс іс-әрекеттердің элементтерін нығайту және біріктіру. Мұны аналитикалық методика деп атайды. Бұл концепциялардың әрқайсы педагогикалық теория мен мектептердің практикасында кеңінен қолданылады. Мысалы, оқуды үйретудің тұтас сөздер әдісі, орыс тілдерін, оқытудың контекстік әдісін үйретуде синтетикалық мазмұнды методикаға жатады. Ал оқуды әріп үйретуде әріптерді қосу әдісі, орыс тілін үйренуде сөздік әдісі және  т.б.с әдістер формальды аналитикалық методикаға жатады. Әсіресе, осы аналитикалық методиканы бастауыш мектеп сыныптарының оқушыларына көп қолданылады. Оқыту барысында алға қойылған факторларды егжей- тегжейлі зерттеудің барысында, іс-әрекеттің бағдарлануы мен қимылдарды элементтер бойынша игерілудің ролін тексеру, мақсат пен нәтижені білудің ықпалын анықтау. Бағдармен наградалардың маңызын бағалауды оңай және қиын жаттығулардың тиімділігін салыстыру. Қателерді болдырмау негізінде, оларға талдау жасау негізінде арнайы оқыту жүргізіледі. Бұл орайда басқа факторлардың іс-әрекеттің мазмұнының оқушылардың дара ерекшеліктерінің, методикалардың айырмашылығынан гөрі мұғалімнің жеке басының ықпалы күштірек болып шығады.

 

 

 

 

 

 

ІІтарау. Кіші мектеп жасындағы оқушыларға қазақ тілі пәнінде білімбілік, дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік негіздер.

 

2.1. Бастауыш мектептегі қазақ тілі пәні  мазмұнының құрылымдық ерекшеліктері.

 

Оқушыда толық білім іскерлік пен дағдылар қалыптасу үшін оқушының нақ қандай белсенділігін жасау керек? Бұл сұраққа жауап беру үшін мынадай жағдайларға тоқталайық. Біріншіден оқушының ішкі және сыртқы белсенділігі және оның білімінде іскерліктерін, дағдыларын бейнелейді. Екінші оқушылардың іскерліктері мен білім дағдыларын туғызады. Сөйтіп, оқушылардың іс – әрекеттерінде белгі бір білімді, дағдыны, іскерліктерді, мінез-құлық пен оның формаларын меңгерсем деген самалы мақсат басқаратын жерде оқу болады. Іс-әрекет өзі үшке бөлінеді.

  • гностикалық іс-әрекет.
  • прицептивалық іс-әрекет.
  • символикалық іс-әрекет.

Гностикалық іс-әрекетте жаңа білімді немесе іс-әрекеті бар болса осының өзі жеткілікті. Ал практикалық іс-әрекетке прицептивалық іс-әрекетпен символикалық іс-әрекет жатады. Бұларды орындау барысында оқушының ең жоғарғы формасы ойлау іс-әрекеті арқылы орындайды. Мысалы. Еңбек сабағында құрастыруды, есепте шығаруда ойлау іс-әрекеті көп қолданылып, сонан кейін оқушы үйренемін деген жаңа оқуды меңгеруге мүмкіндігі бар. Ал қазақ тілі сабағында олар логика орфографиялық фонетикалық топтастыруды меңгереді. Бала мектепке бармай-ақ сөйлей біледі. Ал соның өзіне таныс дыбыстардың айтылуымен жазылуын таныстырғанда салыстыра отырып өтеді. Міне сонан кейін қазақ тілін оқыту барысында заңдылықтары мен принцптері туындайды. Қазақ тілін оқыту барысында заңдылар болады.

  1. Тілді ұғыну барысында адам фонологиялық,

грамматикалық және лексикалық мағыналарды меңгереді. Бұл заңдылықтарды орындау барысында оқушылар тілді ұғыну, ана тілінің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық фактілермен оқушылардың тіл байлығын арттыру. Мұғалім бұл міндетті методикалық құралдарды дұрыс іріктей алғанда ғана ойдағыдай іске асыра алады. Ол үшін методикалық ережелерді сақтауы тиіс.

1)Оқушыларда орфоэпиялық дағды қалыптастыру.

2)Грамматиканы оқыту барысында логикаға үйрету.

3)Қазақ тілі сабақтарын басқа пәндермен байланыстырып, балалардың лексикалық қорын байту және оларды сөйлеуге үйрету.

  1. Тілді ұғыну үшін орасан сезімталдық керек. Грамматиканы үйрет

» тілдік сезімталдыққа» сүйеніп іске асырылады. Бұл үшін мына ережелер сақталуы талап етеді.

1)балалардың бұрыннан білетін сөздерін тәртіпке келтіру.

2)Оқушылар өздеріне бегісіз грамматикалық көріністерді бұрыннан таныс көріністермен салыстыра алатындай дидактикалық материал іріктеледі.

  1. Фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналармен қатар сөйлеу мәнері, сезімге бөлене сөйлеуді меңгереді. Мұндағы методикалық принцип: сөйлеу мәнеріне назар аудару. Бұны іске асыруда мына ережелерді сақтайды.

1) тілдің фонологиялық, грамматикалық және лексикалық мағыналарын үйрену барысында сезімге бөлене сөйлеу мәнерінің жолдарын түсіндіріп отыру.

  • ана-тілі мен қазақ тілі сабақтарын міндетті түрде байланыстырып отыру.
  • тілдерін талдағанда көркем текстердің сезімге әсер ететін бөліктерін таңдап алу.
  1. Жазбаша сөйлеу ауыз екі сөйлеуді таңбалау жүйесіне аудару ретінде ұғынылады.

Сауат ашу кезеңінде баланы жазуға үйретудің бастапқы шағында әуелі оған таныс емес әріптің бұрыннан таныс, естіп жүрген дыбысы айтылады. Мұнда тағы бір маңызды мәселе ауыз екі сөйлеудің жазбаша сөйлеумен салыстырылуы, Мысалы тыныс белгілерін қоюда дауыс ырғағының ролі көп. Сондықтан, ана тілін оқытуда жазбаша сөйлеудің ауызшамен салыстырылуы мынадай методикалық принцптерді қадағалау керек.

  • ауызекі сөздегі дыбыстармен жазбашадағы әріптерді салыстырып отыру.2) дауыс ырғағы мен тыныс белгісін салыстырып отыру. 3) ауызша және жазбаша жаттығуларды ұштастырып отыру.
  1. Фонетикалық грамматикалық және лексикалық мағыналардың барлығы » тіл материясын»- тіл таңбаларын дыбыс, морфема, сөз дауыс ырғағы және тиісті жазбаша таңбалар – ұғыну барысында меңгеріледі. Осы заңдылықты орындауда мынадай принцптік ережені іске асырылуы тиіс.

1)көрнектілікті пайдалану. 2) есту құралдарын пайдалану. 3) оқу құралдары, көркем текстер, ғылыми-көпшілікке арналған текстер, газеттер журналдар. 4) тілді үйрену үшін оқушыларды өзге пәндерді оқу барысындағы сөйлеу практикасы.

  1. Тілге үйрену сөйлеу органдарының, жазатын қолдың жаттығулары, қимыл қозғалыстарының тәртіптелуі, дағдының қалыптасуы арқылы ғана іске асады.
  2. Тілге жүйелі түрде сатылап үйрету. Тіл лексика және грамматика формалар арқылы дамиды, екінші жағынан тіл неғұрлым бай болса, тілдік фактілер де соғұрлым тез ұғынылады.

Оқушыларға алдыңғы үйренгендерін ұмытып қоймайтындай етіп тілдік материалдарды бірте-бірте көбейтіңкіреп беріп, сөйлегенде қолданып отыруына жағдай жасалады. Сондықтан қайталаудың алатын орны өте зор. Бала есіне түсініп, саналы түрде сақтауы үшін ойлау операцияларын қолдану керек.: салыстыру, анализ, дерексіз ұғым, жалпылау, нақтылау және индуктивтік, дедуктивтік ой қортындыларын жасай алатындай болуға тиіс. Осыдан мынадай методикалық принцип шығады. 1) ұштастыра оқыту. 2) қайталау.

3) өз бетімен жұмыс істеуді күшейте түсу. Бұл принципті іске асыру үшін ережелерін ескеру керек. 1) программаны тиянақты құру.

2) жоспарлы түрде қайталап отыру. 3) жаттығу жұмыстары.

4) оқушыларды ойлау мен сөйлеуге үйретудің тиімді әдіс-тәсілдері іріктеу сияқты жұмыстар жүзеге асырылады.

Бастауыш сыныпта балалар оқуға, жазуға, үйренеді ойын анық дәл жеткізе алатындай дағдыға, яғни дұрыс сөйлеуге үйренеді. Қазақ тілінің мектепте оқушыларға білім тәрбиедегі және оларды дамытудағы маңызы. Ана-тілі оқушыларға Отанын туған халқын сүюге тәрбиелеудегі күшін кезінде К.Д Ушинский » Халық тілі тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен  басталатын, оның бүкіл рухани өмірінің еш уақытта салмайтын және өмір бойы  қайтадан шешек                      атып  тұратын тамаша гүлі. Тілде бүкіл халық оның күллі елі-барлық, толық „ойы мен сезімі туған елінің өлеңінде әндерін де …… деп көрсеткен болатын. Сондықтан да ана тілі бастауыш мектептерде ең негізгі пән болып есептеледі. Бұл пәнде оқу-жазуға дағдылану арқылы  басқа пәндерді оқып үйренуге жол ашылады.„Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты және жаратылыстану ғылымдарын үйренген кезде теореманы, математикалық бір есепті өз сөзімен айтып бере алмай дәл осындай күйге ұшырайды  Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтежелерін өзіне жинақтайтын басты өзекті пән екені енді түсінікті емеспе ? – деген болатын. К Д Ушинский :

Ана тілі пәні мен Қазақ-тілі екеуін бөлек қарауға болмайды. Бұл пәндерді оқытуда мынадай қағиданы басшылыққа алынады.

  1. Мұғалім білімдік, тәрбиелік, дамыту жағынан құнды, шәкірт

ұғымына сай келетін анықта дәл, көркелі тілмен жазылған

материалдарды іріктіп алып қазақ тілі сабағында пайдаланып

отыруға міндетті.

  1. Балаларды дәл анық бейнелі сөйлеуге жүйелі түрде үнемі

дағдыландырады.

  1. Көркем шығармаларды оқытып білім бере отырып балалардың сезімдеріне әсер етіп, совет адамына қажетті моральдық қасиеттер, адамгершілік мінез-құлықтардың қалыптасуына жағдай туғызады. Оқытудың екі түрі болады дауыстап оқу, іштей оқу. Дауыстап оқуды І-ІІ сыныптарда көп қолданылады. Бастауыш сыныптарда оқушыға оқытып, өзге оқушылардың іштей ілесе оқып отырып, қатесін түзетеді. Сонан кейін шапшаң оқу, дұрыс оқу, түсініп оқу бір-бірімен тығыз байланысты. Бұлардың барлығы барлық сабақтарда іске асырылып отырады. Оқытуда интанация үлкен роль атқарады. Ал жазуда да солай бірақ екпіні фразалық екпін, ал ой екпіні логикалық екпін. Тексті қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыруға болады.
  2. Тексті қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.
  3. Текске байланысты сөздік жұмысын жүргізу.
  4. Тексті оқу.
  5. Жоспарын жасау.
  6. Текстің мазмұнын айту.
  7. Тексттің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармалық жұмыстар.

Дайындық жұмысының  негізгі мақсаты- балаларға шығарманы толық сапалы түрде қабылдауға мүмкіндік туғызу. Дайындық жұмысында қолданылатын әдістер.

А) оқушылардың өздеріне әңгіме айтқызу

Б) Мұғалімнің әңгімесі

В) Коллективті түрде әңгіме айту

Г) Экскурсияда байқағандарын пайдалану

Д) Суреттерді қарау, сұрақтар қою

Осы әдістерді қолдану арқылы дауыстап оқылатын шығарманы оқуға дайындық жүргізіледі. Сонымен қатар оқу сабақтарында сөздік жұмыс үнемі жүргізіліп отырады. Сөздік жұмысқа әдей кезең бөлінбейді. Сөздік жұмысын жүргізбейінше мақсатқа жету мүмкін емес. Сондықтан мұғалімнің есінде болатын жағдай, сөздік жұмысын жүргізгенде балалардың өз өмірімен, нақты елестерімен байланыстыру. Бастауыш мектептегі оқудың негізгі принциптері өмірмен байланыстыра отырып оқу сабақтарында балалардың алған мағлұматтарының шындық екенін дәлелдеу, тәжірибеден көрсету мақсаты көзделеді. Оқу сабақтарының міндеті балаларда дүниеге дұрыс көзқарас қалыптастыру. Ең басты талап оқушыларды сапалы оқуға үйрету, білімді сапалы меңгерту, балалардың белсенділігін арттыру.

Бастауыш сыныптарда шығарманың жоспарының жай түрі ғана үйретіледі. Сонан  кейін осы жастағы балалар тұтас әңгімені өздері бөлімге бөліп оған ат қою жұмысыда жүргізіледі. Сонымен қатар оқушыларға оқу сабақтарында оқушылардың өздіктерінен орындайтын жұмысты мұғалімнің басшылығымен оқу сабақтарын бір-бірімен ұштастырып отырады. Оқушыларды өздіктерінен жұмыс жасауға үйретуде негізінде екі түрлі мақсат көзделеді.

  • кітаппен жұмыс жасауға дағдыландыру
  • тапсырманы өз беттерімен орындауға үйрету

ІІІ сыныптағы  оқу жылының басында істелетін жұмыстарды жоспар жасауға дайындық деуге болады. Мұнда суретті жоспар жасалады.

Бастауыш сыныптарда оқылатын ана тілі пәнінің басты бөлімінің бірі- грамматика. Бастауыш мектептегі грамматика курсының ең басты мақсаты- оқушыларға ана тілінің заңдарын грамматикалық құрылыс ерекшеліктерін білгізу оның байланыстарын  меңгерту болып табылады. Балалар бастауыш сыныптарда қазақ -тілінің негізгі нормасын меңгереді. Грамматика курсы балаларды тілдік құбылыстарды бақылай алуға, талдауға, салыстыруға, топтауға, жүйелеуге, қортынды жасауға, дәлелдеуге дағдыландырады. Оқу барысында бірқатар грамматикалық мағлұмат алады. Фонетика саласынан дыбыс пен әріпті, дауысты, дауыссыздарды морфология саласында сөздердің морфологиялық құрылысын, сөз топтарын, олардың негізгі формаларын айыра алады. Синтаксистен сөздердің арасындағы байланыстарды, жай сөйлемдерді ажыратып, өздері де сөйлем құрайды. Грамматикамен қазақ тілі пәнінде жазуға үйретілетін әдістер.

  1. Мұғалімнің оқу материалдарын ауызша мазмұндау әдісі.
  2. Оқулықты және басқа кітаптарды пайдалана білу.
  3. Оқушыларға өздіктерінен жазба жұмыстарын орындату.

Жазу жұмыстарына қойылатын талаптар оның мақсаты – балаларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйрету. Ол үшін мына шарттар орындауы керек.

  1. Әріптердің негізгі әлементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірінен қашықтығы біркелкі болуы.
  2. Әріптердің биіктігі біркелкі болуы.
  3. Әріптердің негізгі элементтерінің біркелкі келбетпен жазуы.

Қазақ- тілі сабағын шамамен мынадай жоспар бойынша жүргізіледі. Балалардың дәптерлері күн сайын тексеріліп, кемшіліктері, оны қалай түзету жолы көрсетіліп отырады. Айына бір рет байқау жұмысы жүргізіледі. Сауатты жаза білу үшін сөздерді дыбыс құрамына, буын жігіне ажырату жұмысы әріп қалдырып кетпеуге әріп алмастырып алмауға арналған жаттығулар ІІІ- ІV сыныптарда жүргізіледі. Осы мәселені шешу үшін мен өзім ІІ сыныпта өтетін қазақ- тілінің бағдарламасына талдау жасаймын.

 

  • Қазақ тілін оқыту барысында оқушыларға білім, білік, дағдыларды қалыптастырудың тиімді әдіс- тәсілдерін жүзеге асыру жолдары.

 

Қазіргі заман талабына сай жаңа бағдарламалар әзірлеген

Г.И.Уәйісова,Ә.Е.Жұмабаева,М.Қ.Сайанғазина әзірлеген бағдарла-малары 1998 жылы Алматы қаласындағы Атамұра баспасынан шыққан. 2- сыныпқа арналған » Қазақ тілі» оқулығы. Бұл оқулықтың бұрынғы оқулықтармен салыстырған да мүлде жаңа. Біріншіден бағдарлама талабына сай оқулықта материалдардың орналасу реті өзгерді. Екіншіден, тілден берілетін пәндік білім мазмұны жаңартылып, толықтырылды. Үшіншіден оқушылардың сөздік қорын молайту, сөз мағыналарын дұрыс ұғынып сөздерді орынды жұмсай білуге айырықша назар аударылды. Бұл оқулыққа «сөз» тарауы жаңа мазмұнда оқушыларды алғашқы лексикалық ұғымдармен таныстыру мақсатында қарастырылды. Сөз мағынасына қатысты жүргізілетін жұмыс оқулықтың он бойында үздіксіз беріліп отырды. Төртіншіден байланыстырып сөйлеуді дамытуға, ойлау қабілетін жетілдіруге бағытталған. Мәтін тарауы оқулықта жаңадан қосылды.Мәтінмен жұмыс оқушылардың сөйлеу дағдысымен машығын қалыптастырудың негізі бола отырып, өтілген тілдік обьектігінің лексикалық және грамматикалық жақтарын тереңірек түсіндіріп, талдай, жинақтай білуіне, олардың өзара бірлікте болатынын аңғартуға мүмкіндік береді. Оқулықтың құрылымы мынадай:

1 сыныпта өтілген білім негіздері еске түсіріліп, жаңғыртылады. Оған тоғыз сағат бөлінген. Сөйлем және сөз ,дыбыс және оның түрлері, жуан және жіңішке дауысты дыбыстар. Олардың емлесі алфавит, буын және тасымал. Заттың атын білдіретін сөздер. Заттың қимылын білдіретін сөздер. Бұл заттың атын, қимылын, сынын, санын білдіретін сөздерге сұрақ арқылы тауып, оның нені білдіретінін 1 сыныпта өткенін және оны жаңғыртып, еске түсіреміз. Сонан кейін 2 сыныпқа  арналған жаңа тарау басталады. Бұл тіл және сөйлеу деп аталады. Бұл тарау бұрынғы оқулықта арнайы орын берілмеген. Бұл оқулықта тілдің қарым-қатынас жасау құралы ретінде арнайы орын беріліп отыр. Бұл тарауға 2 сағат бөлінген. Бұл тарауда  үйренетініміз сөйлеудің қажеттілігін практикалық жолмен таныту мақсаты қойылған. Бұл үшін оқулықта арнайы суреттер берілген. Сол суреттер бойынша сұрақ-жауап әдісімен адамдардың бір-бірімен сөйлесуі, кездесуі, хабарласуы тіл арқылы жүзеге асатыны түсіндіріледі. Содан кейін ауыз екі сөйлеу мен жазбаша сөйлеу туралы ұғым жаттығу мәтіндері негізінде беріледі. Оны орындағанда жаттығулардың бірін оқып, екіншісін жазу арқылы сөйлеудің түрлерінен мұғлұман алады. Ал мұғалімнің міндеті- сол мәтіндердің мазмұнын саналы түрде ұғындыру одан әрі бекіте түсуге бағытталған жұмыс түрлерін ұйымдастыру. Мысалы, бұл тарау 42 жаттығудан басталады. Онда өзара сөйлесіп отырған оқушылардың, сабақ түсіндіріп тұрған мұғалім, газет,кітап оқып отырған әке мен бала теледидар көріп отырған отбасындағы балалар бейнеленген. Әңгіме әдісімен әр суреттің мазмұны айқындалады. Одан кейін 43 жаттығу ауызша орындаймыз. Осы тұста мұғалім алдын ала дайындап әкелген кестені адам суретінің жайына ілінеді кестенің көмегімен тілдің қызметі туралы түсінік беріледі.

44 – жаттығуды барлық оқушы бірлеп дауыстап оқып шығады. Сұрақ – жауап арқылы мәтілді талдап болғаннан кейін жазбаша орындайды. Осы тарауға байланысты Дүкен деген дидактикалық ойын арқылы қортындылап 45 – жаттығуды үйге тапсырмаға береміз. 2 сыныпта тілдің дыбыстық жүйесінен берілетін білім кеңейтіп, күнделіне түседі. 1 сыныпта өтілген дыбыс ерекшеліктеріне нақты жеке дыбыстарға қатысты талдалады. Атап айтқанда У дыбысы, М дыбысы, Я., Ю әріптері жеке- жеке қарастырылады. Дауыссыз дыбыстардың түрлері, яғни қатаң ұяң үнді болып бөлінетіні олардың дыбысталу ерекшеліктері салыстырылып түсіндіріледі. Бұл жұмыс мұғалімнің оқушыларға тиянақты білім беру дағдысын берік орнықтыру арқылы олардың ой-өрісін жетілдіре түсу сөйлеу тілін байыту міндетімен ұштасады. Бұл тақырып ”У„дыбысының дауысты және дауыссыз болып айтылуынан басталады. Қандай жағдайда у дыбысы дауысты немесе дауыссыз болатынын меңгерту. Келесі тақырыпта у әрпінің жазылуы. Мұның мақсаты дауыссыз у дыбысының алдынан ұ, у дыбыстары естілгенмен, жазу кезінде олардың орнына дара у – дың өзі жазылатынын аңғарту және у әріпіннің  алдына  ы, і,әріптерінің  жазылмайтынын үйрету ы, і әріптері түсіп қалатынын (оқы-оқу, тоқы-тоқу) байқатуға арналған . Бір сөзде қатар жазылатын қос у-ды аңғартуға берілген, осындай сөздердің жазылауын есте қалдыру мақсаты көзделген және у дыбысы жеке буын бола алатын меңгертуге арналған жаттығулар берілген. Дыбыстардың ішінде оқушыларға емлесі қиын әріптер и мен й. И әрпінің жазылуы тақырыбында и дың дауысты дыбыс екенін, бұл дыбыстың алдынан ы,і естігенімен, олардың орнына и әрпі жазылатынын аңғарту мақсатындағы жаттығулар берілді. Содан й-дың дауыссыз дыбыс екенін дауысты дыбыстан кейін орналасатынын үйрету және и мен й әріптерін салыстыра отырып оның алдында ы,і әрпінің түсірмей жазылуына баса назар аудару. Мысалы, диірмен, иін, тиін, тиын, т.б. тый, сый осыларды есте сақтауды талап етіледі. Мұны түсіндіру үшін нақты өлең үзінділері, жұмбақтар пайдаланылады, өздері ойланып тиісті әріпті орнына қоюға арналған жаттығуға ерекше мән беріледі. И,й дыбыстарын қорытындылау мен қатар келесі тақырыпқа өтуге дайындық. Я әрпінің айтылуы, жазылу ерекшеліктерін меңгертуді ондай әрпі бар сөздерді дұрыс жазуға дағдыландыруды көздейді. Бұнда баса назар аударатын жай –я әрпінің алдына ы,і дыбыстары жазылмайтынын, оның орнына и дыбысы жазылатын үйрету, Ю әрпін жазылуы тақырыбында берілген жаттығуларда йу дыбысының орнына ю әрпі жазылатын, бұнда ы,і әріптерінің орнына и әрпі жазылатынын байқауға бағытталған жаттығулар берілген. Сонымен бірге иу,йу әріптері сақталып жазылатын сөздерге ерекше мән берілетін арнайы жаттығулар арқылы аңғартып, жазылуын есте сақтау талап етіледі. Мұндай сөздер қатарына мысалы мына сөздер енеді миуа, айуан,хайуанат сөздер жатады. Дауыссыз дыбыстардың түрлері тақырыбында дауыссыздардың қатаң,ұяң, үнді болып бөлінетін білдіру. Дауысты дыбыстардың, дауыссыз дыбыстардан айырмашылығын еске түсіру керек. Мұнда 1 сыныпта өткен дыбыстардың түрлері, өзіндік негізгі ерекшеліктерін ескеру, әсіресе бұл сыныпта осы тақырыпта берілген жаттығулар оқушылардың сөзге саналы түрде дауыссыз дыбыстарға талдау жасауға, оның қатаң, ұяң,үнді болып бөлінетінінұғындыруға арналған. Оқушылар әрбір қатаң дауыссыздың ұяң сыңары бар екенін білуі білгені жөн. Сонда ғана олардың ұқсастығының болатынын дыбыс үндесулерін оқушы саналы түрде біле алады. Оқулықта қатаң, ұяң дыбыстардың үндесу, басқа да жұмсалу ерекшеліктері ескеріліп, б/п,қ/ғ,к/г дыбыстары жеке тақырыпша етіп берілді. Сөз соңында б дыбысы айтылғанымен п жазылатынын, п дыбысынан соң дауысты дыбыс келсе, онда ұяңды б-ға айналатынын үйретуге арналған жаттығуда демалып, үлестіріп, деген сөздердің соңындағы п дыбысы б болып естілетінін, сөз соңында п дыбысынан кейін дауысты дыбыстың әсерінен б-ға айналатын мұғалім салыстыра   отырып түсіндіргені дұрыс. Мысалы кітап-кітабым, доп-добым, мектеп-мектебі т.б. с. Осы тақырыпта берілген жаттығулардың соңына дейін оқушы п дыбысының б-ға айналатынын өздері айталатындай болуға тиіс. Сонымен бірге берілген білімді дағдыға айналдырып, сөйлеу тілін дамытуға бағытталған. ” Дауыссыз қ мен ғ„ тақырыбын оқытқанда , ең алдымен қ дыбыс сөздің барлық буынында келе беретін, ал ғ дыбысының сөз басында және ортасында кездескенімен сөздің соңында келмейтін байқатып алу керек. Жаттығуда берілген тапсырмалардың орындалуында сұрақ-жауап арқылы оқушылар бұл екі дыбыстың бірі қатаң, бірі ұяң екенін білуі тиіс. Бұдан кейін дауысты дыбыс жалғанған кезде сөз соңындағы қ дыбысы ғ-ға айналатынын білдіруді көздейді. Оқушылар дұрыс ұғуы үшін жаттығудағы кейбір сөздерге дауыссыз дыбысқа қосымша жалғап екеуін салыстыртқан жөн.

Мысалы қармақ-ы-қармағы

қармақ-тар-қармақтар т.б.с

Осылай жаттығуларды орындау барысында оқушылардың өздері –ақ қ дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ғ дыбысына ауысып кететінін ережесін өздері-ақ қортып шығарып алады. Одан кейін ұғымды бекіту мен өз бетімен ойланып жұмыс істеуге, үйретуге арналған жаттығу берілген. Сонымен қатар орындау кезінде берілген тапсырмамен шектеліп қоймай, олардағы сөздердің                                 мағынасымен жұмыс жүргізу. Мысалы, оқушылардың берілген сөздің мағынасын қалай түсінетін, сол сөздерді қатынастырып сөйлем құрату сөз мағынасына лайық суреттер т.б. пайдалану арқылы пысықтауға арналған тапсырмаларды мұғалім өзінің шеберлігімен ұштастыра отырып оқушыларға үйрету.

Дауыссыз к мен г дыбыстарын оқытылғанда да өткен қ мен ғ дыбысындағы кездесетін жағдай осыда да кездесетінін ескерткен жөн. Өйткені бұлардың үндесу, заңдылықтарыда ұқсас. Тек айырмашылығы қ/ғ дыбысы жуан буындарда ал к/г дыбыстары жіңішке буындарда жазылады. Оқушыларға салыстыра отырып, осы ерекшелігін байқатамыз. Сонымен қ/ғ дыбысы мен к/г дыбысының айтылуын бұлардың әріптік дыбыстың айырмашылығын білдіру керек. 128-129 жаттығулар к/г дыбысы қалай айтылатынын, қандай буында жазылатын аңғарту үшін берілген. Одан кейінгі жаттығуда к дыбысы өзінен кейін келген дауыстының әсерінен г-ге айналатын меңгертуге арналған. Ал одан кейінгі жаттығуларда қ,ғ,к,г дыбыстарын аралас ала отырып, олардың жазылу емлесін меңгертуді,оқушылардың сөйлеу дағдысын жетілдіру үшін берілген. Дауыссыз л,р дыбыстары жеке тақырып ретінде берілген себебі үнді л,р дыбыстарының өзіндік қиындығы бар. Олай дейтін себебіміз л мен р-дан басталатын сөздердің айтылуымен жазылуы бірдей емес, әрі бастауыш сыныптарда р-да л деп бір-бірімен алмастырып айту да жиі ұшырайды. Осындай кемшіліктерден арылту мақсатына пайдасы тиер, дегендей арнай жаттығулар берілген. Алғашқы жаттығуды оқушыларға оқытып сонан соң көшіріп жаздыру. Берілген. Мұндағы қойылатын талап дұрыс жазу, жаңа сөздерді сөздік қорына ендіру. Сонымен қатар айтылуы мен жазылуы бірдей емес екеніне көз жеткізу. Мысалы, ірең айтылуы болса рең болып жазылады деп оқушылардың көзін жеткізе отырып меңгертеміз. қазақ тіліндегі кейбір сөздерде ы,і әріптері түсірілмей жазылатынсөздермен таныстыруға арналған жаттығуда кездеседі. Мысалы,ілгіш, іле, ылди, ылғал,ірімшік т.б. сөздер. Осы жаттығудағы сөздерді алдыңғы жаттығулармен салыстыра отырып, дұрыс жазылуын есте сақтау тапсырылады. Дауыссыз дыбыстардың ең соңғы тақырыбы н мен ң. Осыларды оқытқанда, алдымен екеуінің екі басқа дыбыс екенін айтылу артикуляциясыныңда өзгеше екенін білдіру. Бұлар екеуіне үнді дыбыстары болғанымен, екеуінің жасалуы әр басқа, ң н-ға мүлде ұқсамайды н-тіл ұшы дыбысы, ал ң -тіл арты дыбыс. Аталған дыбыстары бар сөздерді бір –бірімен салыстыра отырып, ауызша талдау арқылы н мен ң-ның екі басқа дыбыс екенін ұғындыру қажет. Өйткені бастауыш сынып оқушылары н-ды, ң-ның орнына қолданатыны көп кездеседі. Сондықтан оқулықта берілген жаттығуда екеуін салыстыра отырып, орындайтын тапсырмалар берілген. Мысалы, кен-кең, тон-тоқ, т.б. бұл дыбыстар ауысқанда сөздердің мағынасы мүлдем өзгеріп кететінін ұғындырып отыру қажет және айтылу ерекшеліктеріне көңіл бөлген жөн Сонымен қатар нг,ңғ,нғ,ңғ сөз ішінде кездесетіні дыбыстарды қатесіз жазуға үйрету. Сондықтан бұл жаттығуларды көшіріп жаздырған жөн.

Қорытынды

Сонымен диплом жұмысына байланысты қол жеткізген нәтижелер мынадай қорытындылар жасауға негіз болды. Қазақ тілі оқулығы әдістемесі, қазақ тілі дидактикалық материалдар. Жалпы білім беретін мектептің 2 –сыныбына арналған Г.И.Уәйісова, Ә.Е. Жұмабаева оқулықтарда әдістемелік жүйенің қазақ тілі пәнінің ерекшеліктеріне байланысты, оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері, құралдары және оқытуды ұйымдастырудың формалары сияқты барлық құрылымдық элементтері бой көрсетеді. Оның ішінде оқытудың қазіргі бастауыш мектепте қазақ тілі пәнін оқытуда көзделетін білімділік тәрбиелік, дамытушының және тәжірибелік міндеттерді шешуде білім –біліктілік дағдыны қалыптастыруға болады. Оқулықтың әрбір білімі тақырыптарында міндеттер танымдық жаттығумен өтілген материалдарға байланысты тапсырмалар түрінде нақтыланып, оларды орындау барысында жүзеге асырылады. Сөйтіп міндеттердің бірлігімен үйлесімділігі сақталған. Мұның өзі оқытудың жүйелік принципін қамтамасыз етуге мүмкінкіндік туғызады. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың бойына қазақ тілі деген қасиеттерін санасына қалыптастыра отырып, сауатты азамат болуы үшін өскен ортасының, елінің тарихын, әрбір құбылыстың ,өзгерістің қыры мен сырын терең білу міндетін айқындау.

Мектепте оқыту оқушы тұлғасының дүниетанымын қалыптастыру маңызды құралдарының бірі осы қазақ тілі пәні. Олай болса оқыту үрдісінде бір қатар психологиялық және педагогикалық шарттар жүзеге асырылуы керек.

Бастауыш сыныптарда өз беттерімен білім білік дағдыларды дұрыс қалыптастыруды, қазақ тілі мазмұнында берілетін материалды проблемалық мәселе ретінде берілуді құптаймын.

Бастауыш мектептегі оқу барысын ұйымдастыру да пәнаралық байланыста жүзеге асырылу, оны басшылыққа алу.

  • Оқытуды өмірмен, қоршаған ортамен, тұрмыспен жанастыру.
  • Оқуды ұйымдастыру, баулу негізінде жалан оқудан тәжірибеге емес, тәжірибеден оқуға бағытталуды басшылыққа алу.

Бастауыш мектептегі оқу- тәрбие барысын ұйымдастырушы оны жүзеге асырушы ұстаз. Сондықтан жанашыл педагог, психологтардың ғылымы негіздерін басшылыққа ала отырып сол күннің де көкейкесті мәселелерін шешу болып табылады.