Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ………………………………………………………………………………………………….. 3
- Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері
1.1 Сыртқы экономикалық қызметтердің жалпы мәселелері ……………………5
1.2 Шетелдік валюта операцияларының есебі ………………………………………….9
- Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру
2.1 Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операцияның есебі …………11
2.2 Тауарлардың экспорты бойынша жасалатын операцияның есебі………….15
2.3 Толлингтік операциялардың есебі ……………………………………………………….18
2.4 Сыртқы экономикалық қызметпен байланысты басқа да операциялардың есебі ………………………………………………………………………………………………………..19
III. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін жетілдіру мәселелері ……………………………………………………………………………………………….21
Қорытынды ………………………………………………………………………………………….. 27
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………………………………29
КІРІСПЕ
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің негізгі түрлері тауарлады экспорттау мен импорттау болып табылады. Тауарларды экспорттау-тауарларды (жұмыстарды,қызметтерді) сатып алушының еліне жөнелту арқылы шетелдік сатып алушыға сату; импорттау-тауарды сатып алушының еліне әкелу арқылы шетелдік сатушыдан алу.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорыннның сыртқы экономикалық қызметінің есебін ұйымдастыруды зерттеу. Осы мақсатты орындау үшін курстық жұмыста келесі мәселелер қарастырылған:
- Шетелдік валюта операцияларының есебі.
- Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операцияның есебі.
- Тауарлардың экспорты бойынша жасалатын операциялардың есебі.
- Толлингтік операциялардың есебі.
Сыртқы экономикалық мәміле контрактымен рәсімделеді, онда олардың құқы, міндеттемесі және тараптардың жауапкершілігі көрсетіледі. Сондықтан дұрыс рәсімдеу үшін Халықаралық сауда палатасының әзірлеген Халықаралық сауда терминін («Инкотермс») пайдалануды ұсынады.
Қазақстан Республикасы аймағына әкелінетін және оның шекарасынан шығарылатын барлық тауарлардың кедендік бақылаудан өтетіндігін көрсетеді. Бұл кезде заңда қаралған кедендік төлемдер экспорттауға да, импорттауға да салынады, оның құрамына мыналар кіреді:
-кедендік баж салығы;
-кедендік рәсімдеу үшін кедендік алымдар;
-тауарды сақтауға алынатын кедендік алымда;
-шығарып салғаны үшін кедендік алымдар;
-Қазақстан Республикасының кедендік органына лицензия бергені үшін алынатын алым;
-кеден ісін рәсімдеу бойынша машықтанған мамандық аттестатын бергені үшін алым;
-алдын-ала қабылданатын шешімдер үшін төлем.
Бұл төлемдердің көбісінің мөлшері кедендік тауар құнына тәуелді болып келеді, олардың құрамына шетелдік валютамен есептелген тауардың нақты құны және шетелде төленген үстеме шығысы кіреді. Егер де үстеме шығысын жабдықтаушының өзі төлесе, онда ол тауардың нақты құнына бағаның бір элементі ретінде болады және оны сатып алушы өтейді.
- Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері
1.1 Сыртқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметінің негізгі түрлері тауарлады экспорттау мен импорттау болып табылады. Тауарларды экспорттау-тауарларды (жұмыстарды,қызметтерді) сатып алушының еліне жөнелту арқылы шетелдік сатып алушыға сату; импорттау-тауарды сатып алушының еліне әкелу арқылы шетелдік сатушыдан алу.
Сыртқы экономикалық мәміле контрактымен рәсімделеді, онда олардың құқы, міндеттемесі және тараптардың жауапкершілігі көрсетіледі. Сондықтан дұрыс рәсімдеу үшін Халықаралық сауда палатасының әзірлеген Халықаралық сауда терминін («Инкотермс») пайдалануды ұсынады.
«Инкотермстің» барлық термині 4 базалық категорияға топтастырылған:
Кесте 1 — «Инкотермстің» категориялары
Топ | Жабдықталудың
шартты белгілері |
Франкировка жағдайы (тасымалдау шарттары) |
Е | EXW | Завод франкасы |
F | FCA
FAS FOB |
Еркін тасымалдаушы
Еркін кеме бортының жағасына дейін әкелу Еркін бортқа әкелу |
C | CFR
CIF CIP
|
Құны және фрахтысы
Құны, сақтандыру және фрахтысы Тасымалдауға дейін төленген Тасмалдау мен сақтандыру төлемі жүкті тасымалдауға дейін төленген |
D | DAF
DES DEO
DDU |
Шекараға дейін жеткізілген
Кемемен жеткізілген Кеме тоқтайтын жерге дейін, яғни айлаққа дейін жеткізілген( баж салығы қосылған) Баж салығын төлемей жеткізілген Баж салығын төлеп жеткізген |
«Е» тобының шарты бойынша сатып алушы сатушының қоймасынан жөнелтуге дайын тұрған тауарды алады. «F» тобының шарты бойынша, сатып алушы көрсеткен транспорттық құрауына дейін тауарды сатушының өзі жеткізіп беруге міндеттенген. «С» тобының шарты бойынша сатушы тасмалдаушылармен шартқа отырады, бірақ жүкті жөнелткеннен кейін пайда болатын шығыстарға және тауардың бұзылуына (жоғалуына) жауап бермейді. «Д» тобының шарты бойынша сатушы барлық тәуекелділіктерді және жүкті белгіленген жеріне дейін жекікізіп берумен байланысты шығындарды өзіне алады.
СIF тауарды жеткізіп беру кезіндегі жағдайында сатушы жүктің әрбір тоннасын сақтандырады,фрахтысын анықтайды,жүкті жөнелтетін портқа жеткізіп,оны өз есебінен мерзіміне сәйкес порт кемесіне тиеді және сатып алушыға құжаттарын қоса береді.Сатушының міндетіне тауардың транспорттық тәуекелділігі де кіреді.
Сөйтіп,СIF шарты кезінде сатып алушының жабдықтаушыға төлейтін бағасының ішіне тауардың құны, фрахтысы және сақтандырулар кіреді. DAF жағдайында экспорт үшін рұқсат етілген белгіленген орнына дейін тауарды жеткізіп теру бойынша жауапкершілікті сатушы алады, ал сатып алушы көрсетілген орнында және көрсетілген уақытында тауарды қабылдап алуға міндетті. FAS жабдықтау шартына сәйкес сатушы кеме бортына дейін тауарды өз есебінен жеткізіп беруді мойнына алады, ал содан кейінгі шығыстарды (арту,фрахт) сатып алушы алады.Транспорт құралына дейінгі тауардың бұзылуын және басқа да шығыстарын сатушы өз мойнына алады. FOB сату жағдайына сәйкес жабдықтаушының бағасына тауардың құны, кеме бортына арту және оған дейін жеткізу шығыстары, т.б. кіреді.
«Инкотермс» ұсыныстық сипатта болады және оның белгісі белгілі бір бөлігін немесе толық көлемін пайдалануы тараптардың келісіміне пайланысты болады. Кедендік төлем мөлшерлері мынандай түрлерге бөлінеді:
адвалорлық-салық мөлшері салынатын тауарлардың кедендік құнына проценттпен есептеледі;
ерекше-салық мөлшері салынатын тауарлар бірлігінің белгіленген мөлшерімен есептелінеді;
аралас-салық мөлшері жоғарыда аталған кедендік салық түрлерін екеуіне де үйлестіріледі.
Сыртқы экономикалық қызметте қолданатын негізгі құжаттар болып:
-техникалық құжаттаулар-техникалық төлқұжаты, сызбасы, жинау бойынша нұсқауы, монтаждауы, техникалық жағдайын сипаттайтын құжаты және т.б.
-тауарлы-ілеспе құжаттаулары-тауар сапасының сертификаты, буып-түю парағы, құрастырушы тізімдемесі.
-транспорттық, экспедиторлық және сақтандыру құжаттаулары-теміржол накладнойы және оның көшірмесі (жүк түбіршегі, коносамент, автотранспорттық накладнойы т.б.) сақтандыру полисі немесе сертификаты;
— қойма құжаттары – экспорттау тауарына портта берілген қабылдау актісі, тауардың сақтауға алынғаны туралы қойманың қолхаты, басқа да кепілді куәлігі т.б.
— есеп айырысу құжаттаулары – шот фактурасы, аударма векселі ( тратты);
— банкы құжаттаулары – валютаны аудару өтініші, инкассо тапсырмалары, аккредетив ашу туралы тапсырмалар, чектер, Қазақстан Республикасының кеден депозитіне қаражатты аудару туралы тапсырмалары, есеп айырысу және валюталық шоттар бойынша жасалған операциялардың көшірмесі.
Сыртқы экономикалық қызмет бойынша есеп айырысу шетелдік валюта бойынша жүреді.
1.2 Шетелдік валюта операцияларының есебі
Шетелдік валютасында жасалатын операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету үшін №9 БЕС ережелерін пайдаланады. Шетелдік валюталық операцияларында шетелдік валютада жасалатын мәмілелер жатады, олардың қатарына: шетелдік валютаға сатып алынған немесе сатылған мүліктер; шетелдік валютамен алынған немесе берілген несиелер (қарыздар); басқа да жолдармен алынған немесе валютаға сатылған активтер және т.б. Бухгалтерлік есептің бас шоттар жоспарында шетелдік валютадағы ақша қаражаттарын есептеу үшін мынадай арнайы синтетикалық шоттар қарастырылған: 431, 432, 452.Ал басқа активтерімен міндеттемелерін есептеу үшін мына шоттарға субшоттар ашылады: 301, 333, 511, 671, 687 т.б. демек, шетел валютасында жасалған операцияларын бөліп көрсету мүмкіндігі зор. Бірақ ол операциялар бухгалтерлік есеп жазбасында тек теңгемен ғана көрсетіледі, яғни Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің белгіленген бағамы бойынша қайта есептелінеді. Бірақ олар алғашқы құжаттарды (касса кітабында, кіріс және шығыс касса ордерлерінде, есеп регисторларында) номиналдық түрі бойынша көрсетілуі мүмкін.
Шетелдік валютаға алынған (қалыптасқан) негізгі құралдардың құны, аяқталмаған күрделі құрылыстар, тауарлы-материалдық құндылықтар, материалдық емес акривтер, меншік капиталы одан әрі қайта бағалануға жатпайды. Шетелдік валютаға алынған (қалыптасқан) меншік капиталы және аударылған активтер ҚР ҰБ бағамы бойынша бағаланады және шетел валютасының өзгеруіне байланысты қайта есептеулер жүргізілмейді. Ондағы орын алған айырма бағамның айырмасы болып саналады. Сондықтан ондағы табыстың және шығыстың айырмасын ажырата білу қажет. Ол үшін баға белгілеу агенттігінің ақпараттарына сүйену керек («Biomberg» немесе «Reuters»).
Бағамдық айырма бухгалтерлік есепте және есеп беруде келесі тәртіп бойынша көрініс табады (танылады):
-шетел валютасында көрсетілген дебиторлық және кредиторлық қарыздарды өтеумен байланысты, операциялар бойынша жасалған ҚР ҰБ есептесу күніндегі бағам, бухгалтерлік есепте көрсетілген қарыздың бағамынан ерекшеленетін болса;
-әрбір есептік күнге шетелдік валютадағы ақша қаражатының қалдық құнын (ақша қаражаттарын қоса алғанда) қайта бағалаумен байланысты операциялар бойынша және әрбір операцияның алдында осы шоттарды қаражаттардың қозғалысы бойынша айырмашылығы болса;
Төменде бағам айырмасының өте жиі кездесетін жағдайлары келтірілген:
-тауарларды және басқа да мүліктерді импорттау кезінде тауарды кедендік рәсімдеу күніндегі теңгенің нақты эквиваленттік құнымен және сол үшін аударылған ақша қаражатының күні арасындағы пайда болған айырма (жабдықтаушылармен есеп айырысу кредиторлық қарыздардың төмендеуі немесе қайта бағалануы немесе дебиторлық қарыздың берілген аванстары бойынша).
- Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру
2.1 Тауарлың импорты бойынша жасалатын операцялардың есебі
Шетелдерден материалдарды, құрал-жабдықтарды, тауарларды, материалдық емес акривтерді және басқа да мүліктерді сатып алумен байланысты импорттау операциялары жасалады, олармен есеп айрысудың есебі 671 «Мердігерлермен және жабдықтаушылармен есеп айырысу» шотында жүреді, ал ол келесі аналитикалық тұрғыда топтастырылады:
-шетелдік жабдықтаушылармен есеп айырысу-есеп айырысу алдында инкассалық тәртіпте есептелінеді, содан соң акцептеу, акредитив, шотты ашу, сондай-ақ аванстық төлем жасау шаралары бойынша жүреді.
-коммерциялық неисе бойынша шетелдік жабдықтаушылармен есеп айырысу.
Есеп айырысу операциялары бойынша жүреді, онла олардың аударма векселінің акцептелген немесе акцептелмеген жағдайында импорттық тауарлар жеткізіледі.
-шетелдік валютада берілген векселдер. Есеп айырысу, шетел жабдықтаушыларына берілген коммерциялық несие бойынша есептелінеді және олар бойынша есептелген пайызға вексел немесе шетел жабдықтаушыларының акцептеліп жазылған аударма векселін береді.
Келіп түскен импорт тауарлардың есепте көрсету кезінде олардың сатып алынған құнын дұрыс көрсетудің маңызы зор, өйткені онда контракт бойынша сатып алу бағасымен қоса, әкелінген тауарға баж салығы, комиссиондық марапаттау, жабдықтау, делдал, транспорттық дайындау шығыстары және басқа шығыстар кіреді. Сондықтан әрбір тауар түрінің сатып алу құнын есептеуге тура келеді. Бірақ олардың құнын тек жабдықтаушының бағасынан ғана анықтауға болады, ал ол мына формула бойынша есептелінеді:
Се=ЦП х (1+К)
Мұнда:
Се-тауар бірлігінің құны;
ЦП-жабдықтаушының бағасы;
К-жалпы шығынның жабдықтаушының шотында көрсетілген жалпы шығын сомасына қатынастық коэффициенті.
Өз кезегінде,
К=ОЗ/СП,
Мұнда:
ОЗ-жалпы шығын;
СП-жабдықтаушының шотында көрсетілген жалпы сомасы
Бұл жерде жабдықтаушылармен есеп айырысу тек шетелдік валютада жүреді,сондықтан есеп жазбаларын қалыптастырған кезде мынаны ескірген жөн.
Ал олар бухгалтерлік есепте тек теңгемен көрсетіледі,яғни ҚР ҰБ белгілеген бағам бойынша операцияның болған күніне сәйкес шетелдік валютадан теңгеге ауыстырылады.Шетелден әкелінген тауарға тиісті кеден төлемі мен салығын төлеген соң,олар Қазақстан Республикасының аймағына еркін айналысқа түседі.
Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарымен сәйкес кедендік төлемдермен алымдардан басқа тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығын (осы салықтардан босатылғандардан басқасы) және акцизделетін тауарлар бойынша акцизін төлейді.
Импортталатын акцизделген тауарлар бойынша кеден заңдарымен сәйкес анықталатын құн немесе натуралдық көлем салық салынатын обьект болып табылады.
Әкелінген тауарлар бойынша ҚҚС мына формула бойынша анықталады:
Мұнда:
Тст-кедендік құны;
Ит.п.-импорттық кедендік баж салығы;
Тсб-кедендік алымдар;
А-акциздер;
ҚҚС=(Тст+Ит.п.+Тсб+А)хН/100
Н-ҚҚС мөлшерлемесі.
Қосылған құн салығы және акцизді импорттаушы(декларант),не кедендік төлемін қосып төлеген басқа тұлғалар төлейді және оған зачетқа немесе төлемі кейінге қалдыратын қосылған құн салығы қосылмайды.
Кедендік процесін рәсімдеу кезінде төленген қосылған құн салығы зачетқа жатқызылады.
Мысал.Қазақстан Республикасының аймағына 2002 жылы 10 ақпанда тауар импортталды делік.Ол тауар өңдеу өнеркәсібіне арналған.Осы тауарға салынатын ҚҚС салық төлеушінің өтініші бойынша үш айға кейінге қалдырылған. Оның кейінге қалдырылған сомасы 160 мың теңге құраған. Бірақ салық төлеушінің бұған дейін және үш ай барысында ҚҚС бойынша артық төлемдері болса, онда кейінге қалдырылған ҚҚС зачетқа жатқызылады. Ал егер де үш ай барысында ҚҚС бйыншща төлеген сомасы кем болса, яғни бар болғаны 100 мың теңге төлесе, онда кәсіпорын 11 мамырдан бастап 60 мың теңгеге айыппұл төлей бастайды.
Өз өндірісінің қажеттілігі үшін әкелінген запас бөлшектер, құрал-жаб-дықтар үшін қосылған салығын төлеген кезде зачеттық әдісін пайдалана алмайды. Бірақ құрал-жабдықтардың және запас бөлшектердің тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
2.2Тауарлардың экспорты бойынша жасалатын операциялардың есебі
Тауарды экспорттау-бұл оларды сатып алушы елге жөнелтіп, шетел сатып алушыларын сатылған тауар.
Экспорттауға арналған тауардың қозғалысын рәсімдеудің негізі болатын құжаттар қатарына мыналар жатады:
-жабдықтаушылардың шоттары (инвойстары), көліктің барлық түріне жасалатын тауарлы-көліктік накладнойлары, спецификациялау, сертификаттар, коносаменттер және т.б. құжаттары қоса тіркелген төлемдік талап тапсырмалары;
-материалдарды қабылдауға жасалған тауарлардың станция (айлақтық) жанындағы және тағы басқа да қалаларға келіп түсетінін куәләндыратын актілері;
-тауарлардың кем түскен, артық шыққан, бүлінген не табиғи кему фактілерін кәуландыратын коммерциялық актілері;
-сақтандыру полисі (егер де жүк жабдықтаушымен сақтандырылса);
-контракт бойынша қарастырылған басқа да құжаттар.
Тауарды экспорттау бойынша жазалатын жазуларды бухгалтерлік есепте рәсімдеу мәміленің нақты жағдайына және валюталық есеп айырысу нысанына көп жағдайда тәуелді болып келеді.
Кесте 2 – Шаруашылық операция.
№ | Шаруашылық операцияларының мазмұны | Сомасы, теңге | Шоттар корреспонденциясы | ||
дебет | кредит | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
1. | Шетел сатып алушысына тауар жөнелтілді
-алынған құнына -контракт құнына (ҚҚС 0-ді мөлшерлемесі бойынша) 2869000 теңге (19000х151) |
1600000
2869000 |
802
301 |
222
702 |
|
2. | Кеден төлемі-кеден алымы бойынша есептелінген (0,2%) 5738 теңге (2869000х0,2%) |
5738 |
811 |
687 |
|
3. | Кеден төлемі төленді | 5738 | 687 | 441 | |
4. | Сатылған тауар үшін шетел әріптесінен төлемі келіп түскен 2865200 теңге (19000х150,8) |
2865200 |
431
|
301 |
|
5. | Тауардың сатылған күні мен тауардың төленген күнінің арасындағы пайда болған бағамдық айырмасы көрсетілді 3800 теңге (19000х151-19000х150,8) |
3800 |
844 |
301 |
Мысалыға, егер де тауар сатып алушыға франко-қойма шарты бойынша экспортталатын болса, онда экспортер сатып алушының еліндегі қоймасына дейін жеткізіп беруді өз міндетіне алады және тасымалдау, тауарды сақтандыру, арту, түсіру сатып алушының қоймасына дейін жеткізіп беру шығыстарын түгел көтереді, ал сатып алушы банкке кепілдік бере отырып, онда валюталық операциялар бойынша есеп айырысу үшін «ашық шоты» ашылады, ал сатушы тауарды сатып алушыға жөнелтіп, ол банкіні жанай өте, почта арқылы оған шот-фактурасын бағыттайды. Құжатты алып және оны тексеріп, импортер өзінің банкісінен экспортердың банкісіне валютаны аударады. Экспортты көрсету бойынша шоттар корреспонденциясы төменде келтірілді.
Экспортер осы аталған құжатқа сәйкес заңмен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасындағы өзінің банктегі шотына валюталық түсімін аударуды қамтамасыз етеді.
2.3 Толлингтік операциялардың есебі
Толлингтік операция деп өңдеуге берілген (немесе әкелінген) давальчестік шикізатпен байланысты операцияны айтамыз. Бұл операциялар Қазақстан Республикасында да (материалдар мен шикізаттарды өңдеуге әкелу), сондай-ақ одан тысқары жерлерде де (материалдар мен шикізаттарды өңдеуге шығару) орын алуы мүмкін.
Өңдеуге әкелінген тауарлар, кеден заңына сәйкес, кеден бекетінен өтеді, сондықтан кедендік тәртіпте оларға салық салынады.
Толлингтік операцияларды жүзеге асырған кезде бір кәсіпорны («Тапсырыс беруші») өзара жасасқан шартта анықталған төлем бойынша басқа бір елде орналасқан кәсіпорынға («Орындаушыға») сол елдің аумағында өңдеу үшін берілген (немесе әкелінген) шикізатты тапсырады, «Тапсырыс беруші» берген бұл шикізаттан өтімділігі бар тауарлар алып, содан соң оларды «Тапсырыс берушінің» еліне әкеледі немесе үшінші бір елдерге апарады.
Толлингтік операциялар шикізат пен материалды қайтадан өңдеу; тауарларды өңдеу, оған қоса оларды монтаждау және құрастыру; тауарларды жөндеу, оларды қалпына келтіру; өтімділік тауарларын өндіруде қолданылатын материалдар мен тауарларды пайдалану жөнінде жасалатын операцияларды білдіреді.
2.4 Сыртқы экономикалық қызметпен байланысты басқа да операциялардың есебі
Сыртқы экономикалық қызметінің мәмілесіне сай, тауардан басқа жұмыстардың атқарылуы, қызметтің көрсетілуі мүмкін. Сыртқы экономикалық қызметтегі бұл мәміленің артықшылық белгісі салық салу тәртібі болып табылады. Мысалға, қазақстандық кәсіпорындарының атқаратын жұмысын, көрсеткен қызметін сату орны Қазақстан Республикасы болмаса онда оларға қосылған құн салығы салынбайды.
Франчайзинг бойынша жасалатын операциялардың есебі. Франчайз –бұл кіші дербес кәсіпорын мен ірі шетелдік немесе отандықкәсіпорындары- ның арасында жасалатын келісімшарттық қатынас. Сол қатынастың мақсаты біріншісіне белгілі бір қызметпен және тауар түрімен бәсекелестік нарығында бас кәсіпорынның сауда маркасымен сатуына және өндіруіне ерекше құқық беру деп түсінеміз. Іс жүзінде франчайзингті үш түрге бөлуге болады: тауарлық – бұл кезде келісім-шартта қаралғандай, шағын кәсіпорын бас кәсіпорынның тауарын сатумен шұғылданады; өндірістік –бұл кезде келісім-шартта қаралғандай, шағын кәсіпорын бас кәсіпорынның шығаратын өнімін шығарумен шұғылданады, бірақ оның сауда маркасын сақтайды; іскерлік-бұл кезде нарықтағы жекелеген өнім түрлерінің, жұмыстарының, қызметтердің бағасы, тауар нарығы туралы ақпараттармен ой бөліседі.
Франчайзигке қатысушылардың екі түрі болады: франчайзер және франчайзи.
Франчайзер (немесе марка ұстаушы) — бұл нарықта үлкен сұранысқа ие өнімдерді, жұмыстарды, қызметтерді жасаушы ірі компаниялар.
Франчайзи – франчайзермен жасалған келісім-шарттың жағдайында франшиза құқығын алатын шағын кәсіпорындар.
Егер де франшиз 1 жылдан артық мерзімге алынған болса, онда ол франчайзиде материалдық емес активтер есебінде есепке алынады; ал 1 жылдан аз болса – болашақ кезеңнің шығысына жатқызылады.
Франшиздың өтелуі мен алынуы мына шоттарда көрініс табады: 106,343 шоттары дебеттеледі де, 441 шоты кредиттеледі.
Франчайзинг келісім-шартында франчайзер мен франчайзидің арасында есеп айырысудың келесі жағдайлары қарастырылуы мүмкін:
-франчайзи франчайзердің пайдасына алынған таза табысынан балгілі бір пайыз түрінде роялтиді аударады. Ол өз қызметінің алғашқы 3 жылында төменгі пайызда, ары қарай- жоғары пайызда төлейді. Осы есептелген пайыз
821 шотының дебеті бойынша көрініс табады, содан соң ол төленген кезде 686 шоты дебеттеліп, 441 немесе 431 шоттары кредиттеледі.
III. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін жетілдіру мәселелері
Өкілетті орган нарықтық бағадан мәміле бағасының ауытқуын анықтаған кезде олар салық салынатын объектілеріне түзетулер енгізеді, корпоративтік табыс салығына, ҚҚС, акцизге, роялтиге және табысқа салынатын салықтарға, кеден төлемдеріне қайта есептеуді жүргізеді, демек осы мәмілерден түсетін табыстарын айыппұл мен өсімдерді қолдана отырып, нарықтың бағасынан шығарады.
Бұл жағдайда келесі шарттары ескеріледі:
- жеткізіп берілетін тауардың, атқарылатын жұмыстың көрсетілген қызметтің саны;
- жеткізіп берілетін тауардың сапасы;
- міндеттемені орындау мерзімі;
- төлем шарты;
- бір-біріне тәуелді кәсіпорындар өзара мәміле жасақан кезде қолданатын жеңілдіктер (1 кезекте бағадан жасалатын жеңілдіктер).
Кеден органы қойма иесінің пікірін ескере отырып, қоймада сақталатын тауарлардың түріне, конструкциясына, босату қабілетіне және де басқа да қойманың нақты функционалдығын қозғайтын фактілеріне байланысты кеден қоймасының қолдану режимінің процедурасын бекітеді.
Тауар қоймада 3 жылға дейін сақталады. Көрсетілген мерзім кейбір жеке тұлғалар үшін шектелуі мүмкін. Тауарды сақтаудың нақты мерзімі тауар сақтаушы мен қойма еисінің арасында анықталады.
Сақтау мерзімі аяқталған тауарлары бойынша олардың басқа кеден тәртібіне көшкендігі туралы хабарландырады. Тауарлардың кедендік құны олар еркін айналысқа түспей тұрып және жаңа кеден тәртібіне көшпей тұрған кезінде анықталады. Бұл кезде тауардың құны кеден қоймасына өткізбей тұрғандағы бағасынан кем болмауы тиіс.
Кәсіпорын импорттардан консигнацияға қабылданған тауарды сатқанға (меншік құқығының ауысыуына) дейін, олар кеден қоймасының тәртібі бойынша рәсімделуі мүмкін.
Экспортқа шығарылған тауарлардан түсетін толық және дер кезінде түсуін қадағалау мемлекеттің сыртқы сауда жүйесін қадағалап отыратын органдарға (банктерге) жүктеледі.
Тауарды жабдықтауға шетел әріптестерімен контракт жасар алдында, экспортер мәмілені екі данада рәсімдейді және онда түсетін түсімді бақылап отыратын банкі көрсетілед, сол банкте валюталық шот ашылады. Банк мәміленіңдұрыс жасалғанын тексеріп қол қояды. Жасалған мәміленің бір данасы – экспортерде, екіншісі – банкіде сақталады. Экспортер кедендік рәсімдеу кезінде кедендік жүк декларациясын (КДЖ) және мәміленің төлқұжатын ұсынады. Аталған екі құжаттың мәліметін бір-бірімен салыстырып, нәтижесінде олар сәйкес келсе, онда кеден органы екеуіне де мөр басады.
Кесте 3 – Шаруашылық операциясы.
№ | Шаруашылық операцияларының мазмұны | Сомасы, теңге | Шоттар корреспонденция-сы | |
дебет | кредит | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Кәсіпорын консигнатор кеден қоймасының шартымен тауарларды консигнацияға қабылдап алды 2508000 теңге
|
2508000 |
004 |
— |
2. | Вагоннан жүкті түсіруге байланысты болған шығыстарды, келісімшарт бойынша тиесілі консигнация шығындарына жатқызылды: жалақы 8000 теңге, әлеуметтік салық 1512 теңге
|
9512 |
811-2 |
681,634 |
3. | Консигнатордың кеден қоймасында тұрған тауарына алдын-ала төлем ретінде сатып алушылардан алынған ақша қаражаты 2508000 теңге |
2508000 |
441 |
661 |
4 | Тауарды шығару үшін, оның еркін айналымынан есептелген есептеулер:
— кеден құжаттарын рәсімдегені үшін салынған салым сомасы 3036 теңге (1518000х0,2% ) — кеден салығының сомасы 227000 теңге (1518000х15%) — ҚҚС сомасы 279798 теңге ((1518000+3036+227700)х15%) |
3036
227700 279798 |
222
222 331 |
687
687 687
|
5. |
Кеден төлемі мен ҚҚС сомасы аударылды |
510534 |
687 |
441
|
6. | Тауар еркіңн айналысқа шыққан кейін, тиесілі кеден процедурасынан өткен соң тауар кәсіпорын-консигнаторға ауысып меншік құының өткендігін білдіреді (ҚР ҰБ бағамы бойынша контракт құны 122 теңгеден есептелінді: 122000(10000х122)) | 1220000 | 222 | 671 |
7. | Бұрындары консигнацияға қабылданған тауар, консигнатор меншігіне өтеді | 250800 | — | 004 |
8. | Сатып алушыларға тауар босатылды:
— сатып алу сомасына 1748736 теңге (1518000+3036+227700) — сатылған сомасына (контракты құнына 65 пайыз құрамындағы үстеме шартын бұзбай орындаған) — ҚҚС сомасына (15 пайыз) |
1748736
2487426
397988 |
802
301
301 |
222
702
633 |
9 | Сатып алушыларданалынған аванс сомасы зачетқа жатқызылған |
2506350 |
661 |
301 |
10 | Сатып алушыларға қалған сомасы төлеген 379064теңге (2885414-2506350) |
379064 |
441 |
301 |
11 | Консигнант бойынша қарызы аударылды (ҚР ҰБ бағамы 1х122 теңге
Бойынша – 12200000теңге (1000х122)) |
1220000 |
671 |
431 |
12 | Бағамдық айырмасы көрсетілген 12000 теңге (1220000-1518000) |
27000 |
844 |
671 |
13 | ҚҚС зачетқа жатұызылған | 279798 | 633 | 331 |
14 | ҚҚС сомасы бюджетке аударылған 118190 теңге (397988-279798) |
118190 |
633 |
441 |
Егер де шетелдік резидент емес – кәсіпорын Қазақстанда салық төлеуші болып табылмаса да , олар өз жұмысын, қызметін, оларға қосылған құн салығын, республиканың салық төлеушілеріне көрсетеді (қосылған құн салығынан босатылғандарды қоспағанда). Бұл кезде қызметті сату орны болып мыналар танылады:
- қозғалмайтын мүліктер, егер де жұмыстар, қызметтер осы мүліктермен тікелей байланыста болса;
- егер де көрсетілген қызметі, атқарылған жұмысы осы аталған мүліктердің қозғалысы мен нақты байланысты болса;
- егер де көрсетілген қызметі, мәдениеті, білімі, өнері, спорт аясы осы аталғандармен нақты қатынаста болса;
- кәсіпкерлік немесе жұмысты, қызметті сатып алушының кез-келген қызметі біршама байланысты болып келсе, атап айтқанда, меншік құқығын беру, кеңес беру.
ҚОРЫТЫНДЫ
Курстық жұмысты жазу арасында келесі тұжырым жасауға болады:
— Шетелдерден материалдарды, құрал-жабдықтарды, тауарларды, материалдық емес акривтерді және басқа да мүліктерді сатып алумен байланысты импорттау операциялары жасалады, олармен есеп айрысудың есебі 671 «Мердігерлермен және жабдықтаушылармен есеп айырысу» шотында жүреді, ал ол келесі аналитикалық тұрғыда топтастырылады:
-шетелдік жабдықтаушылармен есеп айырысу-есеп айырысу алдында инкассалық тәртіпте есептелінеді, содан соң акцептеу, акредитив, шотты ашу, сондай-ақ аванстық төлем жасау шаралары бойынша жүреді.
-коммерциялық неисе бойынша шетелдік жабдықтаушылармен есеп айырысу.
Кедендік төлемдердің және салықтардың есеп айырысу базасы болып кедендік құн саналады, ал жабдықтаушылармен есеп айырысуды көрсету үшін фактуралық құн пайдаланылады.
Бұл екі ұнның айырмасы мынадай: фактуралық құны жабдықтаушының бағасын білдіреді, ал кедендік құнның деңгейі есептеу жолымен шығарылады.
Тауарлардың кедендік құнын дұрыс анықтаудың маңыздылығы. Бұл үшін төменде келтірілген әдістердің бірін қолданылады.
ҚР Орталық кеден органы мекемелерінің қоймасына лицензия береді. Тиісті керек-жарақтарымен қамтылған кеден қоймасы кеден бақылуынсыз қоймаға тауарлардың түсуіне, шығуына жол бермейді және қоймада тұрған тауарлардың сақталуын қамтамасыз етеді. Қойманың жан-жағы қоршалады. Кеден қоймасынан тауарларды босатқан кезде кеден органдары берген кедендік жүк декларациясымен қоса мына құжаттар да ұсынылады:
- әкелінген тауарларға жүк және тауармен ілесіп жүретін құжаттары;
- кеден бақылауы мен кедендік рәсімдеуді жүзеге асыру үшін басқа да құжаттар.
ҚР кеден аймағында тауарларды қайта өңдеу процесі тек орталық кеден органдарының рұқсаты бар болса ғана жүргізіледі. Бұндай рұқсат қазақстандықтарға әкелінген тауарға ұқсас өңдейтін мүмкіндігі және өндірісі, сондай-ақ оның өңдеу қуаты бар болса ғана беріледі.
Кеден аймағында өңделетін тауарлардың мерзімін орталық кеден органы белгілейді. Бірақ белгіленген мерзім экономикалық жағынан дәлелденіп берілуі тиіс.
ҚР аумағына уақытша әкелінген шикізат пен тауарларды, сондай-ақ сыртқа шығарылатын компенсациялық тауарларды біркелкі ету мақсатымен кеден органдары бұл тауарларға пломбалар, мөрлер, штамптар, цифрлық немесе басқадай маркалау түріндегі белгі соғады, содан соң оны кедендік тұрғыдан қамтамасыз ете алады. Тауарлардың сипаттап жазылуын, олардың кішірейтілген кескіндерін, суреттерін т.б. пайдалануға рұқсат етіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Қ.Р.Президентінің заң күші бар Бухгалтерлік есеп жөніндегі жарлығы, 24маусым,2002ж,2732
- Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары . (аудармашы Трусина В.И.)—М.,1992
- Халлықаралық бухгалтерлік есеп және аудит стандарттары (құрастырушы РапопортМ.М), — М., 1992
- Бухгалтерлік есеп стандартына әдістемелік нұсқаулар.Қазақстан Республикасы-1997ж.
- Вещунова Н.Л. Основы бухгалтерского учета (задачи и вопросы).Москва:Инфра-М,1995
- Гупало В.И. Шнейдман Л.З. Бухгалтерский учет.Сборник нормативных документов.Москва:Финансы и статистика,1987
- Жакипбеков С. Тауарлы-материалдық қорлар есебі: Оқу құралы.-Алматы. 2000
- Ихданов Ж. Материалдық ресурстарды тиімді пайдалану Алматы: Қазақстан, 1985
- Козлова Е.П. , Парашутин Н.В., Бабченко Т.Н. , Галанина Е.Н. Бухгалтерский учет. Москва: Финансы и статистика, 1994
- Либерман Л.В. Учет материальных ценностей. Москва: Финансы и статистика, 1989
- Лашун Л.Г. Учет товарно-материальных запасов./ / Бюллетень Бухгалтера 1997.ж 50
- Луговой В.А. Учет производственных запасов. Москва: Финансы и статистика, 1995
- Палий В.Ф. Бухгалтерский учет для менеджеров.
- Палий В.Ф. Учет производственных запасов. Москва: Финансы и статистика, 1995
- Радостовец В.К. Финансовый управленческий учет на предприятий. Алматы. Центаудит, 1997
- Радостовец В.К. Гамарник Т.Н. Бухгалтерский учет на предприятий. Алматы: Экономика, 1997
- Радостовец В.К. Организация бухгалтерского учета. Алматы: Экономика, 1997
- Радостовец В.К., Рейгер. Учет товарно-материальных запасов на предприятий// Библиотека бухгалтера и предпринимателя 1997ж. 15-167