Кәсіпорынның қаржылық жоспарының негізгі көрсеткіштері
Мазмұны
Кіріспе ………………………………………………………………………………………………. 3
- Қаржылық жоспарлау – шаруашылықты жургізу механизмінің басты құрамдас бөлігі
1.1. Қаржылық жоспарлаудың міндеттері мен мақсаттары…………………… 5
1.2. Қаржылық жоспарлау жүйесіндегі индикативті жоспарлау және бизнес жоспар……………………………………………………………………………………………. 9
- Кәсіпорынның қаржылық жоспарының негізгі көрсеткіштері мен бюджетті жоспарлау негіздері
2.1. Кәсіпорынның қаржы жоспарының негізгі көрсеткіштері және өндірістік бағдарлама………………………………………………………………………………….. 18
2.2. Бюждетті жоспарлау негіздері ……………………………………………………… 20
- Қаржылық жоспарлауды жетілдіру бағыттары
- Қаржылық жоспарлауды жетілдіруде атқарылып жатқан
іс-шаралар…………………………………………………………………………………………… 26
Қорытынды……………………………………………………………………………………….. 28
Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………………………. 30
Кіріспе
Жоспарлау экономикалық заңдылықтарға сәйкес өндірістің ішкі және сыртқы үйлесімділігін, оның өнімдерін бөлу мен тұтынуды реттеуге бағытталған адамдардың саналы әрекеті болып табылады. Сондықтан жоспарлау халық шаруашылығын басқарудың басты құрамдас бөлігі болып саналады. Оның негізгі мақсаты – экономикалық даму барысында кездесетін қайшылықтар мен жағымсыз құбылыстарға жол бермеу.
Жоспарлау жүйесі нарықсыз, нарықтық қатынастар механизмінсіз сәтсіздікке ұшыраса, тиісінше нарықтық шаруашылықты болжаусыз және реттеусіз жүргізу аса тиімді болмайды.
Жоспарлау – қоғамдық өндірістің дамуы мен оның нәтижелерін ғылыми тұрғыдан көре білу жолы. Ол халық шаруашылығы салаларының өзара байланысына, бір – біріне объективті тәуелділігіне, ғылыми-техникалық және әлеуметтік тенденциялардың заңдылықтарына негізделеді.
Жоспарлау ғылыми тұрғыдан қоғамдық дамудың қарқыны мен өзара тепе – теңдігіне байланысты процестер мен экономикалық заңдардың ерекше көріністерін зерттейді.
Жоспарлау – ресурстарды пайдалану және табыс табу үшін болашақта орындалуы қажет әрекеттерді анықтау процесін білдіретін басқарудың аса маңызды бір функциясы
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау мен болжау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Біздің Республикамызда кең көлемде кәсіпкерлікті, әсіресе кіші және орта бизнесті қолдау бағдарламасы іске асырылуда. Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 29 желтоқсандағы №1268 жарлығымен бекітілген «Шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мемлекеттік экономикалық саясаттың ең маңызды саласы болып табылады.
Қазіргі жағдайда экономиканы мемлекеттік реттеудің басты механизмдерінің бірі жаңа мағыналы және іске асырудың түрлері бар индикативті жоспар болуы керек.
Қазақстан Республикасында экономикалық жоспарлау жүйесі ұзақ мерзімді «Қазақстан — 2030» стратегиясына негізделген. Осыған сәйкес Үкімет стратегиялық жоспарлау агенттігімен бірлесе отырып, 15 жылға арналған өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру үлгісін жасайды.
Біздің еліміздің тарихында бірінші рет Республика Президентінің басшылығымен 1997 жылғы қазан айында қоғам мен экономиканың 2030 жылға дейінгі даму тенденциясының ғылыми болжамы жасалып, баспасөзде жарияланады. «Қазақстан — 2030» стратегиясы – гүлденудің, қауіпсіздікті сақтаудың және бүкіл қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартудың тура жолы, қоғамның даму идеологиясының негізі. Онда дүниежүзілік және өз тәжірибемізді, ұзақ мерзімді ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды, оның күшті және әлсіз жақтарын әділ талдау, ішкі мүмкіндіктерді ұзақ мерзімді зерттеу негізінде еліміздің стратегиялық мақсаты айқындалған. Ол – «тәуелсіз, гүлденген, саяси тұрақты, өзіне тән ұлттық бірлігі, әлеуметтік әділеттігі, барлық тұрғындардың экономикалық әл-ауқаты сақталған Қазақстан құру».
Еуразияның орталығында орналасқан, әсіресе энергетикалық ресурсы мол, ғылыми және шығармашылық әлеуеті жоғары Қазақстан Орталық Азияда Барыс деңгейіне көтеріліп, басқа дамушы елдерге үлгі бола алады.
- Қаржылық жоспарлау – шаруашылықты жургізу механизмінің басты құрамдас бөлігі
- Қаржылық жоспарлаудың міндеттері мен мақсаттары
Жоспарлау жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі болып табылады, сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны, материалдық көздері мен оны жетілдіру әдістері анықталады. Басқарудың басты функциясы ретінде жоспарлау:
- ұйымның болашақтағы дамуын анықтайды;
- алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін белгілейді;
- міндетті орындауда болуы ықтимал зардаптарды көре білуді қамтиды.
Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының әсері мен ұйымның ішкі мүмкіндіктерін бағалай отырып мақсаттарды белгілеу және сол мақсаттарды жүзеге асыруда тиімді әдіс-жолдарын таңдап алу табылады. Нарық жағдайындағы жоспар өндіріс пен өткізу көрсеткіштерін үнемі қадағалап отыру мақсатында маркетинг жүйесі және бақылау процесімен тығыз байланыста болады.
Басшылықтың алдында тұрған проблемалар мен міндеттер әрдайым өзара байлансты әрекеттер жиынтығын талап етеді. Осы тұста жоспарлауды ұйымның даму бағытын белгілейтін кешенді жиынтық ретінде қарастыра отырып, бірқатар бастапқы кезеңдерін атап өтуге болады.
Алғашқы кезеңде ұйымның нақтылы жағдайы мен мүмкіндіктерін, нарықтағы алар орнын бағалау және бәсекелестер мен қызмет жасау ортасын зерттеу орындалады.
Екінші кезеңде бастапқы мақсаттар шеңберінде жалпы ұйымның және оның әрбір бөлімшелерінің нақтылы міндеттері айқындалынып, олардың орындалу мерзімі белгіленеді. Міндеттерге жағдайдың сай келуі, олардың жүзеге асырылу мүмкіндігінің болуы, нақтылығы және тартымдылығының орын алуы талаптары қойылады.
Үшінші кезеңде анықталған міндеттерді орындауға қажетті іс-әрекеттер жиынтығын ұйымның ішкі және сыртқы жағдайларын ескере отырып қалыптастыру орын алады.
Төртінші кезеңде өткізілген зерттеулер мен болжамдар негізінде қажетті баламаны таңдап алу арқылы жоспарды жасап шығару көзделеді.
Соңғы кезеңде жоспарды жүзеге асыру мен қажет болған жағдайда түзетулер және өзгерістер енгізу әрекеттері орындалады.
Жоспарлау мен болжау экономикалық заңдылықтарға сәйкес өндірістің ішкі және сыртқы үйлесімділігін, оның өнімдерін бөлу мен тұтынуды реттеуге бағытталған адамдардың саналы әрекеті болып табылады. Сондықтан жоспарлау халық шаруашылығын басқарудың баст құрамдас бөлігі болып саналады. Оның негізгі мақсаты — экономикалық даму барысында кездесетін қайшылықтар мен жағымсыз құбылыстарға жол бермеу.
Жоспарлау мен болжау – қоғамдық өндірістің дамуы мен оның нәтижелерін ғылыми тұрғыдан көре білу жолы. Ол халық шаруашылығы салаларының өзара байланысына, бір – біріне объективті тәуелділігіне, ғылыми-техникалық және әлеуметтік тенденциялардың заңдылықтарына негізделеді. Зерттелетін процестерге әсерінің нақтылығына және өзгешеліктеріне қарай болжаудың үш түрі айқындалады: ғылыми болжам (гипотеза), болжау, жоспар (1-сурет).
1-сурет.
Әрбір субъектінің (адам, ұжым, кәсіпорын, мемлекет) мақсатқа
жету жолындағы іс әрекеттері
|
Кез келген алдын ала болжаудың алғашқы формасы – ғылыми болжам (гипотеза, грек сөзі – негіздеме, жорамал). Бұл – бірден байқауға келмейтін фактілер туралы ғылыми дәлелденген болжамдар немесе анықталған құбылыстар жиынтығын белгілі тәртіп бойынша түсіндіру.
Болжау (прогноз — грекше алдан ала білу деген сөз) – алынған мәліметтер негізінде оқиға, құбылыс, процестердің өзгеруін (дамуын немесе жойылуын) алдын ала көре білу болып табылады.
Жоспар – зерттеліп отырған нысанның жағдайын алдын ала нақты көре білу, сол арқылы көздеген мақсатқа жету жолы болып табылады. Онда мақсатқа сәйкес дамудың жолдары мен тәсілдері көрсетіледі, сондай-ақ оны шешудің басқару жолдары анықталады.
Жоспарлау ғылыми тұрғыдан қоғамдық дамудың қарқыны мен өзара тепе – теңдігіне байланысты процестер мен экономикалық заңдардың ерекше көріністерін зерттейді. Бұл ғылымның мақсаты – экономикалық заңдарға сүйене отырып, халық шаруашылығын дамытудың жоспарына болжау жасау және оны жүзеге асыру жолдарын көрсету. Осы міндет орындалғанда, бір жағынан, экономикалық заңдылықтардың дұрыс ескерілуі, екінші жағынан, олардың іс-тәжірибеде қолданылуы қадағаланады.
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық – заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс — әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау – бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Жоспарлау:
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);
2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді);
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Қаржылық жоспарлауда мына әдістемелер пайдаланылады:
а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі. Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады);
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың санына бөледі);
б) нөлдік база тәсілдемесі (барлқ айқындамалар қайта есептелуі тиіс, бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).
Нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.
1.2. Қаржылық жоспарлау жүйесіндегі индикативті жоспарлау және бизнес жоспар
Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары мен қорланымдарын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Басқарудың барлық деңгейлерінде жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілері бойынша сыныптаған орынды.
Жоспарлау жүйесі қоғамда экономикалық заң талаптарын жүзеге асыру негізінде қолданылатын ұйымдастыру формалары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Оның құрамына бір – бірімен өзара байланысты әлеуметтік экономикалық дамудың барлық деңгейдегі болашақ және ағымдағы жоспарлары кіреді. Бұл жоспарлардың мақсаты, оларды жасау әдістері және көрсеткіштері өзара сәйкестікте алынады (2-сурет).
Теория жүзінде және өмірлік тәжірибеде мазмұнына, мерзіміне және басқа да ерекшеліктеріне қарай жоспардың бірнеше түрі кездеседі:
- Мазмұнына қарай, экономикалық саясат пен кәсіпкерлік қарекетіне байланысты жоспарлар мынандай түрлерге бөлінеді:
— стратегиялық жоспарлау, мұнда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыру бағыттары мен әдістері, қожалық етуші субъектілердің мақсаты мен міндеттері көрсетіледі. Олардың даму жолдары, модификациялау мен қайта құру әрекеттері ұзақ мерзімге есептеледі. Ол жаңа шешімдер мен мүмкіндіктер іздестіруге итермелейді;
— тактикалық жоспарлау, бұл нарықтың өзгеру жағдайын ескере отырып, орта мерзімді стратегиялық мақсаттардың шешілуін көздейді;
— қауырт (оперативті) жоспарлау, мұнда қолда бар мүмкіндіктер өте қысқа мерзімді (жыл, маусым, ай, он күн) жүзеге асырылады.
- Жоспарлар қамту көлеміне қарай төмендегідей болып бөлінеді:
— қойылған мәселеге қатыстылардың бәрін қамтитын жоспарлау (кешен немесе халық шаруашылығы бойынша);
— тек белгілі мәселені не мөлшерді, жеке территорияны қамтитын бөлшектік жоспарлау;
— кәсіпорын дәрежесіндегі жоспарлау.
- Жоспарлау орындалу мерзіміне байланысты:
— қысқа мерзімді (оперативті) жоспарлау (жыл, жарты жыл, тоқсан, маусым, ай, апта);
— орта мерзімді (тактикалық) жоспарлау (2 жылдан 5 жылға дейін);
2-сурет
|
|||
— ұзақ мерзімді (стратегиялық) жоспарлау (5 жылдан аса);
- Жоспарлау сипатына қарай:
— жан-жақты;
— нұсқалы;
— шектелген;
— егжей – тегжейлі.
- Қызмет салаларына қарай:
— өндірісті жоспарлау;
— кадрларды (персоналды) жоспарлау;
— қаржыны жоспарлау;
— ғылыми жаңалықтарды жоспарлау;
— дайындау мен өткізуді жоспарлау, т.б.
- Мәліметтер мен жағдайлардың өзгеруін есепке алуға байланысты:
— қатаң (жоспарды орындау барысында көрсеткіштерді өзгертпеу);
— икемді (жағдайлардың өзгеруін есепке ала отырып, кезеңдік өзгерістер енгізу);
- Уақыт кезеңіне қарай:
— тәртіптелген, ағымдағы жоспарлау (мерзім өткеннен кейін ұзартылады);
— жылжымалы жоспарлау;
— кезектен тыс жоспарлау;
- Тәсіліне қарай:
— «төменнен жоғары» жоспарлау (прогресті әдіс);
— «жоғарыдан төмен» жоспарлау (ретроградты әдіс);
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық – үйлестіруші рөлді орындайды және қаржы қызметінің субъектілеріне экономикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.
Индикативтік жоспарлаудың негізгі мақсаттары:
— ішкі және әлемдік (дүниежүзілік) нарық конъюнктурасы, инвестиция не басқа шаралардың қожалық етуші субъектілердің экономикалық тетігіне әсер етуі, бюджеттік ассигинованиенің мемлекет ұсынған бағыттары туралы ақпарат жүйесін қалыптастыру;
— мемлекеттік (ұлттық) бағдарламалар негізін құрайтын көрсеткіштерді нарық субъектілеріне ұсыну. Бұл көрсеткіштер субъектілерге өз шаруашылық әрекеттерін іске асырғанда қажет болуы мүмкін;
— тауар өндірушілерді жаңа техника мен технологияны дамыту, басқа да ғылыми-техникалық прогресс табыстарын пайдалану мәселелеріне бейімдеу (бағдар беру).
Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады. Оны жасау барысында батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативтік (жылдық) жоспарлау негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстары қалыптасты.
Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кезеңдегі басты ерекшелігі зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең және жан-жақты сараптама жасау арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың нысандары көзделінеді, әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақтылы белгіленеді. 2001-2005 арналған индикативтік жоспардың басты мақсаты – экономикада бәсекелестікті арттыру.
Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативті қаржылық жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты – болжанған дамуды қаматамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың бағытын анықтау.
Индикативтік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторда ғана міндетті сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді – реттелетін бағаны, субсидияларды кредиттерді, салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген амортизацияны және басқаларды пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды индикаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляцияның болжанған деңгейі, Ұлттық банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары.
Қазіргі жағдайда экономиканы мемлекеттік реттеудің басты механизмдерінің бірі жаңа мағыналы және іске асырудың түрлері бар индикативті жоспар болуы керек.
Индикативтік жоспарлар жүйесі стратегиялық (ұзақ мерзімді), орта мерзімді және ағымдағы (жылдық) жоспарлардан тұрады.
Стратегиялық жоспар 10-15 жылға жасалады, ол стратегияны, мақсатты басылымдықтарды, экономикадағы құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырудың кезеңдерін, белгіленген мақсаттарды івске асыру үшін экономикалық саясатқа енгізілмек өзгерістерді анықтайды.
Стратегиялық жоспар ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың талдауына, жобалық есептерге және қалыптасып жатқан тенденцияларға сарапшылар берген бағдарға сүйене отырып мыналарды анықтайды:
- дамудың келешектегі міндеттері мен мақсаттар жүйесін;
- маңызды халықшаруашылық басымдықтарды және олардың жүзеге асырылуының кезеңдерін;
- экономикалық өсудің қарқынын және негізгі макроэкономикалық пропорцияларды;
- экономикадағы құрылымдық өзгерістерді;
- ресурстық потенциалды, оның бағыттарын және пайдалану тиімділігін;
- ішкі және сыртқы экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын;
- шаруашылық жүйесіндегі негізгі институционалдық өзгерістерді;
Орта мерзімді жоспар (5 жыл) экономика дамуын жоспарлаудың негізгі
түрі болып табылады, оның құрамында құрылымдық және макроэкономикалық параметрлер және бастапқы шаруашылық буындарға бағдар мен ұсыныс түрінде жеткізілетін көрсеткіштер болады. ОРта мерзімдік жоспар ұзақ мерзімдік жоспарда белгіленген параметрлерді нақтылауды қамтамасыз етеді, міндеттер мен мақсаттардың тиісті уақыт мерзімінде орындалуын қамтамасыз ететін шараларды анықтайды. Ол кең көлемдегі көрсеткіштер негізінде жасалады.
Орта мерзімді жоспарды жасау кезінде әлеуметтік-экономикалық дамудың тиісті кезеңінде орындалатын мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған экономикалық реттегіштер жүйесі анықталады.
Ағымдағы (жылдық) жоспар орта мерзімді жоспарда жасалған мақсаттар мен міндеттерге жетуге бағдар ұстай отырып ағымдағы макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған. Оның міндеті – шаруашылықта қалыптасқан жағдайды ескере отырып экономикалық саясаттың бұрынғы анықталған бағыттары бойынша нақтылы шаралар белгілеу және орта мерзімді жоспардың баптарына қажетті өзгерістер енгізу.
Индикативтік жоспар өзінің мерзіміне байланысты мынандай бөлімдерден тұрады:
- Әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау
- Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары
- Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері
- Экономикалық реттегіштер
Әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау өндірістік потенциалдың жағдайын, экономика дамуының ішкі және сыртқы тенденцияларын, мемлекеттік реттегіштер жүйесінің ұтымдылығы мен нәтижелігін, өндіргіш күштердің серпінділігі мен сапалық құрамын, сол сияқты осы процестерге әсерін тигізетін факторларды ашуға және әлемдік экономиканың дамуымен салыстыруға тиіс.
Индикативті жоспарларды жасау екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде макроэкономикалық болжам жасалады. Оның құрамында экономиканың дамуына жасалған талдау негізінде экономикалық саясат жөніндегі ұсыныстар даярланады, құрылым түзейтін көрсеткіштердің вариантты болжамы жасалады, оларды макроэкономикалық реттеудің нақтылы параметдрлері анықталады. Бұл болжамның құрамында ұсынылып отырған саясатты жүзеге асырудың жұмыс жоспары болуы және ол өкіметтің қарауына тапсырылуы мүмкін, сол арқылы қандай заңдарға қандай өзгерістер енгізілуі керек екендігі анықталмақ.
Экономикалық саясатты Өкімет мақұлдағаннан соң макроэкономикалық болжам көпшілік талқылдауы үшін, өндірушілерді экономикалық саясатпен таныстыру үшін баспасөз бетінде жарияланады.
Екінші кезеңде кәсіпорындарының ниетін, көпшіліктің пікірін ескере отырып жоспар одан әрі нақтыланады. Осы кезеңде жоспардың мемлекеттік бюджетпен, мемлекеттік несие ресурстарының мүмкіндіктерімен, мемлекеттік борыштың төлемінен тағы басқа жағдайлармен өзара байланысы нақтыланады.
Осындай жағдайда индикативті жоспарды жасауға бүкіл республика халқы қатысты деуге болады. Алайда барлық істі үйлестіруші, мемлекеттің, шаруашылық субъектілерінің, халықтың мүддесін толық ескеретін орган – ол Экономика министрлігі болмақ.
Бизнес-жоспар – бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық-экономикалық негізіне сайма-сай болатын құжат.
Нарықтық экономикада бизнес-жоспарлардың түрлері, мазмұны, құрылымы және тағы басқа белгілері бойынша көптеген үлгілері бар (3-сурет).
3-сурет
Бизнес-жоспардың құрылымы, көлемі, және бөлімдердің нақтылану дәрежесі шығаратын өнімге, технологиялық мүмкіндіктеріне, компанияның ерекшелігіне және қызмет ету сферасына және т.б. байланысты әр түрлі болып келеді (4-сурет).
4-сурет
Нарықтық экономика жағдайындағы бизнес-жоспардың мазмұны орталықтанған жоспарлаудан әлдеқайда кең. Ол мынадай негізгі мақсаттарды шешуге мүмкіндік береді:
— экономикалық жағдайға сәйкес тиімді даму бағдарын таңдап алу, мақсатты рыноктар және олардағы фирмалар орнын анықтау;
— рынок қажеттілігіне сәйкес жақын және ұхақ мерзімде өндірілетін өнімнің (жұмыстың, қызметтің) қаэетті көлемі мен сапасын дәлелдеу, өндірістік мүмкіндіктер мен қажетті ресурстарды бағалау;
— басқарудың ұйымдық-құқықтық нысаны мен құрылымын таңдау, фирма кадрларын еңбек етуге ынталандыру;
— фирманың рынокты зерттеуге қажетті маркетингтік шараларын: жарнама, сатуға ынталандыру, бағаны қалыптастыру, өткізу каналдары, т.б. анықтау;
— фирманың өндірістік және сауда шығындарын, күтілетін қаржы нәтижелерінің көлемін анықтау.
Қазіргі экономикалық теория мен тәжірибеде бизнес-жоспар төрт түрлі функция атқарады.
Бірінші функциясы бизнестің концепциясы мен стратегиясын дамыту мүмкіндігімен байланысты. Бұл функциясының міндеті кәсіпорынды құру кезіңінде жаңа іс-әрекет қажеттілігін дәлелдеуге саяды. Жаңа жобалар тек инвестициялық болып, ғылыми-техникалық жаңалықтармен анықталып қана қоймайғ, толығымен ойластырылып жасалған болуы керек, онда стратегияның экономикалық және қаржылық жағдайы барынша сипатталып, нақты шаралардың техникалық-экономикалық негіздемесі берілуі шарт.
Екіншісі – жоспарлау функциясы. Ол фирманың (кәсіпорынның, кәсіпкердің) мақсаты мен міндетін дұрыс анықтауға, дамудың ағымдағы, орташа және ұзақ мерзімді бағыттарын белгілеуге, іс-әрекеттің жаңа бағыттарының даму мүмкіндіктерін бағалауға, даму процесін бақылауға, қауіп-қатер дәрежесін төмендетуге және қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.
Үшінші функция өндіріс қуаттарын жасақтауға, ұлғайтуға және жаңартуға қажетті ақша қаражаттарын тартуға, жаңа технологияны енгізуге, шығарылатын өнімдердің түрін көбейтуге не өзгертуге және оның сапасын жақсартуға қызмет етеді. Бұл арқылы жобалардың жаңалануы және тәуекелділік дәрежесіне қарай капиталдыжұмылдыру тәсілдері анықталады.
Төртінші функциясы фирманың жоспарын жүзеге асыратын, біріккен өндіріс жүргізіп, өз капиталын, ресурстары мен қолындағы технологиясын қоса алатын әріптес тартуға мүмкіндік береді.
Нарық экономикасы дамыған елдерде капитал,ресурстар, технологияны ұсыну мәселелерін шешу тек белгілі мерзімге арналған, компанияның даму бағытын көрсете алатын бизнес-жоспар болғанда ғана жүзеге асады. Компаниялардың көпшілігі бихнес-жоспарды бір жылға жасайды. Оларда фирма қызметі айлық не тоқсандық мерзімге бөлініп көрсетіледі.
Көптеген фирмалар бизнес-жоспарды 3-5 жылға, тек кейбірі ғана 5 жылдан артық мерзімге жасайды.
Бизнес-жоспарға қойылатын негізгі талаптар және оны жасаудың принциптері:
— сенімділік, ол кәсіпорынның шын жағдайын көрсете білуі қажет;
— барлық жағдайдың нақтылығы және дәлелділігі;
— айқындылық, дәлелдің логикалық дәйектілігі және сендіре алатындығы;
— қазіргі заманға сай болуы, яғни құжаттарды қажетті уақытында жасау және мақсатына қарай бейімдеу;
— арнайы болуы, яғни қажетті ақпаратты қажет уақытында, оны қажетсінетін адамға жеткізу.
Бизнес-жоспарды тікелей басшы-кәсіпкер, менеджер, фирма қызметкерлері немесе көмек көрсетуші кәсіпорын жасайды. Негізгі қызметтеріне қарай бизнес-жоспарды жасау және жүзеге асыру бірте-бірте, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Бизнес-жоспардың құрамы мен құрылымы, оны нақтылау деңгейі кәсіпорынның көлемі мен оның мүдделік салаларына байланысты болады. әрбір нақты жағдайда ол фирма қызмет етіп отырған жердегі өзгерістерге байланысты толықтырылып немесе нақтыланып отырылады.
Бизнес-жоспар бірінші (титулды) беттен басталады, онда мыналар көрсетіледі: кәсіпорынның, жоба инициаторының аты, жобаның және оның авторының аты, берілген құжаттың дайындалу мерзімі мен орны.
Бизнес-жоспардың негізгі тараулары:
- Кіріспе бөлім (фирманың мүмкіндігі, резюме – атқарушылық түйіні);
- Осы саладағы және тауарды (қызметті) өткізу рыногындағы жағдайға талдау;
- Маркетинг жоспары;
- Өндірістік жоспар;
- Ұйымдастыру жоспары және менеджмент;
- Қаржы жоспары және қаржыландыру стратегиясы;
- Қауіп-қатер (тәуекелділік) және сақтандырудың мөлшерін бағалау;
- Заңдылық аспектілері;
- Жоспардың орындалуын бақылау және бағалау.
Қаржы бизнес-жоспары бірқатар кестелер мен баланстарды — өнім өткізудің болжамын, табыстар мен шығыстардың кестесін, ақшалай шығыстар мен кірістердің балансын және графигін қосымша жасайды.
Нарықтық ортада қаржылық жоспарлау анағұрлым жоғары сапалық деңгейде жүзеге асырылады және ғылыми әдістерді, қазіргі заманғы техникалық құралдарды және берік ақпараттық базаны пайдалана отырып бұл процесті жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа нысандармен және әдістермен молаяды.
- Кәсіпорынның қаржылық жоспарының негізгі көрсеткіштері мен бюджетті жоспарлау негіздері
2.1. Кәсіпорынның қаржы жоспарының негізгі көрсеткіштері және өндірістік бағдарлама
Кәсіпорынның даму жоспарын прогрессивті техникалық-экономикалық нормалар мен нормативтерді қодану арқылы негіздейді. Норма дегеніміз қандай да бір өнімді шығаруға кететін қажетті шикізат, материал,и отын энергияның ең көп кеткен шығыны, ол абсолюттік шама болып есептеледі.
Норматив дегеніміз – салыстырмалы шама, еңбек құрал жабдықтарының қолданылуын көрсететін көрсеткіш.
Нормалар мен нормативтерді жасаған кезде, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін, технологияның, өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың жетістіктерін, кәсіпорынның өндірістік қуатын кеңінен қолдануды және алғы өнеркәсіптік тәжірибені есепке алып отыру керек.
Нормалар мен нормативтер өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін қолданылады.
Жоспарлар мынадай көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалынады:
- сандық;
- сапалық;
- көлемдік;
- үлестік.
Сандық көрсеткіштерге – жалпы өнім мен тауар өнімінің көлемі, сатудың көлемі, жұмысшылардың саны, жалақының қоры, пайда көлемі, әртүрлі өндірістік шығындардың мөлшері жатады.
Сапалық көрсеткіштерге — өндірістің экономикалық тиімділігі, еңбек өнімділігінің өсуі, өзіндік құнды азайту, өндіріс тұрақтылығы, қор сыйымдылығы, өнімнің сапасы жатады.
Сандық және сапалық көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланысты болады.
Көлемдік көрсеткіштерге — өндірістің жалпы көлемі, жеке процестер мен факторлардың көлемі жатады.
Үлестік көрсеткіштерге – бір-бірімен байланысты бірнеше көрсеткіштердің арақатынасы жатады.
Өнеркәсіптің жоспарлық көрсеткіштерін есептеу үшін табиғи, еңбек, және құндық өлшемдер қолданылады.
Табиғи өлшемдер — өндірістің көлемін, материалды ресурастарды жоспарлағанда қолданылады. Олар сапалық және сандық көрсеткіштерді қамтиды.
Еңбек өлшемдері – еңбек өнімділігін есептегенде, жалақының мөлшерін, өнім нормасын есептегенде қолданылады. әдетте норма сағатпен белгіленеді.
Құн өлшемдері – көрсеткіштердің құнын көрсетеді. Құн өлшемі арқылы өнімді сату көлемі, тауар және жалпы өнім жоспарланады.
Кәсіпорынның даму жоспарының ең негізгі бөлімі — өнім шығару жоспары немесе өндірістік бағдарлама. Өндірістік бағдарламаның көрсеткіштері – тауар өнімдерін өндірудің өсу жолдары, шығарылған өнімнің сапасы, өнім шығаруды арттыру.
Жоспардағы құн өлшеміндегі өнім көлемін анықтау үшін өнім шығару жоспарының табиғи өлшемдегі көрсеткіші қажет. Табиғи өлшемдерге – тонна, метр, квт/сағат, дана, комплект жатады. өлшем бірліктері өндірістік ерекшеліктерін, жоғарғы сапалы және экономикалық тиімді өнімдерді шығару жолдарын, материал, еңбек, қаржы ресурстарын үнемдеу жолдарын қамтуы керек.
Жоспарда берілген өлшем бірліктер жоспарлау мен өндірісті ұйымдастырудың барлық бөлімдері үшін міндетті түрде сақталуы керек. Бұл өндірістік бағдарламаны белгіленген ассортиментте келісім бойынша жабдықтау жоспарын орындауға және өндірістік бағдарламаны өнімнің сапа көрсеткіштерімен байланыстыруда аса қажет.
Өнім шығару жоспарының маңызды бір бөлімі — өнімнің сапасын арттыру. Өнім сапасы өзінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерімен, еліміздегі және шетелдердегі техниканың жоғарғы жетістіктеріне сай болуы керек. Өнім шығару жоспарында өндірістегі ескірген, қазіргі заман талабына сай емес, тұрып қалған өнімдерді шығаруды тоқтату жолдары қарастырылады. Сонымен қатар шығарылатын өнімдердің стандарттарға сай болуы қарастырылады.
Өндірістік бағдарламаның құн көрсеткіштеріне:
- сату көлемі;
- тауар өнімі;
- жалпы өнім жатады.
Сатылған өнімнің көлеміне байланысты, өндіріс салаларының, бірлестіктер мен кәсіпорындардың іс-әрекеттері, жасап жатқан қызметтері анықталады. Сатылған өнімнің көлеміне кәсіпорынның балансында тұрған, сатуға дайындалған, төленуге тиісті дайын өнімдер, жартылай дайын өнімдер және өзінің күрделі құрылысына жүргізілетін жұмыстар көлемі жатады.
Сатылатын өнімнің көлемін мына формула арқылы анықтайды:
Сө= Тж + Qж.б – Qж.а
мұндағы: Тж — жоспар бойынша берілген тауар өнімінің көлемі;
Сө — жоспар бойынша берілген тауар өнімінің көлемі;
Qж.б – Qж.а — сатылмаған өнімдердің жылдың басындағы және
жылдың аяғындағы қалдықтары.
Тауар өнімінің көлеміне: сыртқа шығарылып сатылатын дайын өнімдердің және жартылай дайын өнімдердің құны, өнеркәсіп жұмыстарының құны жатады.
Жалпы өнімнің көлемі жоспарланған уақытта белгіленген жұмыс көлемін қамтиды:
Жө = Тө – Аб – А а
мұндағы: Тө — тауар өнімі;
Аб – А а – жылдың басындағы және жылдың аяғындағы
аяқталмаған өндірістің көлемі.
Таза өнімнің көлемі — тауар өнімінің көлемімен материалдық шығындар мен негізгі қорлардың тозуын (амортизациясын) алып тастау арқылы анықталады.
Тазаө = Тө – Мш – Ан.қ
мұндағы: Мш – материалдық шығын;
Ан.қ – негізгі қорлардың тозуы.
2.2. Бюждетті жоспарлау негіздері
Бюджеттік құралдардың қалыптасу, бөлісу және пайдалану процестерін басқару бюджеттік жоспарлау мен болжамдау арқылы іске асырылады. Бюджеттік жоспарлау мен болжамдаудың рөлі мен мәні бюджеттік құралдарды қалыптастыру мен оларды негізгі мақсаттарда, яғни әлеуметтік реформаларды дамыту мен әрі қарай тереңдетуге, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, индустриалды-инновациялық дамуға, аграрлық сектордың дамуына, пайдаланудағы мемлекеттің мүмкіншіліктерін анықтайтын адресті қаржылық жоспар – бюджетті құрғанда көрінеді.
Бюджеттік жоспарлаудың экономикалық мағынасы барлық қаржылық жүйенің әр түрлі буындары арасында қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты орталықтандырылған түрде бөлісу мен қайта бөлісу бойынша мәнерленеді және әр деңгейдегі бюджеттерді жасау мен атқару процестерінде көрінеді. Бюджеттік жоспарлаудың негізі болып елдің мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы табылады.
Жалпы қаржылық жоспарлау және оның маңызды құрамалы буыны – бюджеттік жоспарлау, яғни бюджетті құру мен атқаруына байланысты жоспарлау, барлық шаруашылығын жоспарлаудың органикалық бөлшегі болады. Сонымен қатар, қаржы ресурстарын басқарудағы бюджеттік жоспарлаудың рөлі өте зор, себебі ол тек қана бюджеттің кірістері мен шығындарының жоспарын құру және оларды атқаруы, яғни төлемдер бойынша міндеттемелерді тағайындау мен бюджеттік қаржыландыру көлемін анықтаумен шектелмейді. Бюджеттің басқа қаржылар ішінде алатын ерекше ахуалы бюджеттік жоспарлауға жалпымемлекеттік мән береді. Ол мемлекеттік басқаруды реформалау мен биліктік өкілеттілікті орталықсызданудың барлық бюджеттік процеске қатысушылар арасындағы қаржылық және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру байланысында және мемлекеттік шығындарды, олардың формалары мен қаржыландыру әдістерін ұтымдылауда білінеді.
Бюджеттік жоспарлау қаржылық жоспарлаумен, бюджеттік арнаулардың мақсаттық сипаттарымен, резервтердің барлығымен және кірістер мен шығыстардың теңгерушіліктерімен өзара байланыс талаптарына сәйкес болуы тиіс. Жоспарлау процесінің негізгі мақсаты – ол төлемдердің әр бір түрі бойынша салықтар мен басқа да кірістердің жылдық түсімін анықтау және әр түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында кірістерді дәйекті бөлісін қамтамасыз ету. Кірістер мен шығындарды басқарудың мағынасы тиісті өкілетті органдардың мемлекеттік бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін болжамдау, талдау мен бақылау жөніндегі жұмыстарын ұйымдастыру мен басшылық ету, бюджеттік құралдарды тиімді жұмсау және мемлекеттік бюджеттің кірістік пен шығыстық бөлімдерін атқару жөнінде есеп дайындаумен тұжырымдалады.
Бюджеттік жоспарлау процесінде келесі негізгі мақсаттар шешіледі:
- орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылық жоспар арасындағы қажетті арақатынас пен жалпы қаржылық қатынастарды анықтау;
- бюджет процесінің әрбір қатысушыларының елдің дамуын қаржылық қамтамасыз етудегі қатысу дәрежесін тағайындау;
- қаржы ресурстарының жалпы көлемін тағайындау мен оларды мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бөлу;
- салалар, іс-әрекет салалары мен экономика секторларының қаржы жоспарлары негізінде мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы көлемі мен әртүрлі көздер арқылы түсетін кірістер көлемін анықтау;
- бюджеттің жалпы және шығын түрлері бойынша шығындар көлемін анықтау.
Бюджеттік жоспарлау процесінде осы мақсаттарды шешу бөлек бюджеттер арасында мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығындарын тиімді бөлуді, әрбір бюджеттің нақты теңгерушілігін, жыл бойы кірістердің бірқалыпты түсуін және қарастырылған шараларды уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге мемлекеттік материалды және қаржы резервтер, жоспарды орындау мен бюджетті атқару барысында қаржылық бақылау қарастырылады.
Бюджетті жоспарлау мен бюджеттік болжамдау тығыз байланысты. Бюджеттік болжамдау маңында бюджеттің кірістік және шығыстық бөлімдерінің дамуының ықтимал бағыттарына нақты бағаларын анықтау процесі түсіндіріледі. Бұл экономика дамуын болашақ жоспарлауына негізделеді, себебі натуралды көрсеткіштердің болашақ өсуінің есепсіз бюджеттік ресурстарды сапалы ғылыми болжамдау мүмкін емес.
Бюджеттік болжамдаудың негізгі мақсаты – ол экономикада қазіргі кезеңде пайда болған тенденцияларды, нақты әлеуметті-экономикалық шарттарды және олардың өзгерістерінің болашақ бағалауларын есепке ала отырып, бюджеттің оңтайлы дамуын жасау мен дәйектемелеу. Мұндай болжамдау нәтижесінің мемлекеттің қаржы-бюджеттік саясатында тиімді шаралар қабылдауда өте маңызды мәні бар.
Бюджетті жоспарлау мен болжамдау келесі үш маңызды бағыттарда жұмыс істеуді қарастырады:
- кірістер мен шығындардың барлық түрлері бойынша контингенттердің болжамдық мөлшерін анықтау;
- әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша реттеуші кірістердің бөлісі;
- қаржылық жәрдем мен бюджеттік қамсыздандырулықты теңестіру себебінен жоғары және төмен тұрған бюджеттер арасында арақатынасты тағайындау.
Бюджеттік жоспарлау мен болжамдау іс-әрекеттің негізгі шарты – ол жалпымемлекеттік мұқтаждыққа қажетті бюджеттік құралдардың тұрақты және бірқалыпты түсуін қамтамасыз ету.
Бюджеттік жоспарлау бірлестік, жалғастырушылық, басымдылық, теңгерушілік және дәйектемелік принциптер талаптарына сәйкес іске асырылады.
Бюджеттік жоспарлаудың бірлестік принципі құрамына республикалық және жергілікті бюджеттер кіретін елдің мемлекеттік бюджетін құрумен қамтамасыз етіледі. Әрекеттегі заңнамаларға сәйкес бұл принцип республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар тізімін қалыптастыруға, бюджеттер деңгейлері арасындағы кірістер бөлісу нормативтері мен ұзақ мерзімді субвенциялар және бюджеттік алымдар мөлшерін тағайындауға негізделеді.
Жоспарлаудың жалғастырушылық принципі орта мерзімді фискалдық саясаттың бағыттары мен елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарына негізделген ағымдағы және болашақ бюджеттік жоспарлау тіркемесімен қамтамасыз етіледі.
Басымдылық принцип елдің орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының басымдылықты бағыттары негізінде бюджетті жоспарлаумен қамтамасыз етіледі.
Бюджеттің кірістері мен шығындарының теңгерушілік принципі бюджетті қалыптастыруда баланстық әдісті пайдалану негізі арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджеттің теңгерушілігінің қажеттілігі қайбір деңгейдегі бюджетті атқару мақсатымен дәлелденеді және ол немесе жоғары бюджеттен субвенция беру арқылы немесе бюджет шығындарын қысқарту арқылы немесе мемлекеттік берешекті қалыптастыру арқылы не болмаса басқа да заңнамалармен қарастырылған әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.
Дәйектемелік принцип бюджет жобасына осы немесе басқа түсімдер не шығындарды енгізу қажеттілігін анықтайтын нормативті құқықтық актілер негізі арқылы бюджет жоспарлаумен қамтамасыз етіледі.
Бюджетті жоспарлағанда аймақтар арасындағы табиғатты-климаттық және әлеуметті-экономикалық ерекшеліктерді есепке алу қажет, себебі ол әр аймақ тұрғындары жағдайларының негізгі және анықтаушы факторлары. Сондықтан бюджетті жоспарлауда нормалар мен нормативтер пайдаланылады. Бюджеттік кодекске сәйкес натуралды нормативтер – ол бюджетті жоспарлау мен атқаруда міндетті түрде пайдаланатын материалды немесе материалды емес қажетті байлықты тұтынудың натуралды көрсеткіштері. Олар Үкіметпен жасалады және бекітіледі.
Жергілікті бюджеттерде қолданатын кірістерді бөлісу нормативтер – ол әр деңгейдегі бюджеттер арасындағы кірістердің пайыздық арасалмағы. Бұл нормативтердің тұрақты сипаты бар, себебі олар орта мерзімді фискалдық саясаттың негізінде анықталады және оларды пайдалану бюджет жүйесі бойынша шығындық өкілеттілікті шектеуге байланысты.
Бюджеттік жоспарлау — әр түрлі статистикалық, экономика-математикалық, сараптамалық және арнайы әдістер пайдалану арқылы іске асырылады. Негізінде бюджет – толық көлемдері бойынша барлық кірістер мен шығындарды есептеуге мүмкіншілік беретін баланстық әдіспен құрылады. Бұл әдіс бюджетпен қарастырылған кірістер мен шығындардан басқа бір де біреуі болуға тиісті еместігін көрсетеді. Жоспарлауда бюджет құрудың бюджет-брутто және бюджет-нетто атты әдістері де қолданылады. Егерде бюджетте мемлекеттің барлық кірістік және шығындық қаржы операциялары көрсетіледі, онда мұндай бюджетті бюджет-брутто деп атайды. Ал егерде бюджеттің көрсеткіштері баптары бойынша сальдолық нәтижелер ретінде есептелсе, яғни кірістердің әрбір баптары бойынша түсімдер көлемі сол кірістерді алуға жұмсалған шығындарсыз анықталса, онда мұндай бюджетті бюджет-нетто деп атайды.
Мемлекеттің әлеуметті-экономикалық мақсаттарын іске асырудағы бюджеттің құралы ретіндегі рөлі өте маңызды болғандықтан, сол рөлді анықтауға сәйкес арнайы бюджеттендіру әдістері негізіндегі орта мерзімді бюджеттік жоспарлауды қолдану қажет. Бағдарламалы-арнайы бюджеттелу әдіс маңында бағдарламалық даму стратегия мен қолда бар бюджет ресурстары базасы және бюджеттік бағдарламалар жоспарлау негізі арқылы бюджеттік шығындарды жоспарлау, яғни алдымен елдің даму стратегиялық басымдылықтары анықталады, олар бюджет шығындарында көрсетіледі.
Бюджеттің жобасын құрастыру процесінде бюджеттік теңестірудің арнайы әдістері пайдаланылады. Олар тікшіл (вертикальды) және көлбеулі (горизантальды) теңестіру әдістерге бөлінеді. Мағыналары бойынша бұл әдістермен мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының қаржылық мұқтаждарын (жергілікті бюджеттердің шығындық бөлімі) нақты қаржы ресурстарымен (жергілікті бюджеттердің кірістік бөлімі) қамтамасыз ету мақсаттары шешіледі. Мысала, тікшіл теңестіру әдістері көмегімен шығындық функцияларды іске асырудың қаржылық базасы қамтамасыз ету мен биліктің әр деңгейлері бойынша бюджеттердің кірістік көздерін тиімді түрде бекіту әрекеттенеді.
Бюджеттерді кірістер бойы қалыптастырудың негізгі кезеңдері ретінде түсімдердің барлық түрлері бойынша болжамдық мөлшерлерін анықтау дәйектілік есептеледі. Барлық кезеңдердің ішіндегі ең маңыздысы – ол салықтық түсімдерді болжамдау кезеңі, содан кейін – маңыздылық мәні аз емес салықтық емес түсімдерді болжамдау кезеңі. Келесі кезеңдері – ол негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді болжамдау, ресми трансферттердің, берілген несиелерді өтеудің, қаржылық активтер сату мен Үкіметтік займдардың түсімдерін анықтау.
Алдағы жылғы бюджетке кірістердің түсуін болжамдау Салық, Бюджет кодекстері мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес іске асырылады. Сонымен қатар республика мен аймақтардың орта мерзімді әлеуметті-экономикалық даму жоспарының макроэкономикалық көрсеткіштері, елдің ортамерзімді фискалдық саясатының ережелері мен көрсеткіштері, ағымдағы мерзімнің бағалау мен салықтық түсімдерге әсер ететін негізгі көрсеткіштердің болашақ өзгерістері есепке алынады.Бюджетті болжамдауда пайдаланатын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер ретінде жалпы ішкі өнім көлемі, ақша құралдарының көлемі, еңбекақы қорының мөлшері, инфлияция индексі, тауар айналымының көлемі, импорттық-экспорттық операциялардың көлемі, Ұлттық валюта курсы қолданылады.
Кірістер түсімін болжамдаудың негізінде келесі принциптер жатыр:
- республика бойынша болжамдық көрсеткіштердің есептемелер қалыптасуының бірыңғайлылығы;
- болжамдық көрсеткіштер есептемелерінің мөлдірлігі;
- болжамдық көрсеткіштердің анықтығы мен объективтігі;
- барлық бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша әр ай мен тоқсанға бөлінген және жалпы жылға болжамданған бюджет түсімдерінің есептемелері.
Болжамдайтын бюджеттік көрсеткіштер есептеуі жылдық бюджеттер көрсеткіштерінің есептеуінен біраз ерекшеліктері бар, себебі жылдық көрсеткіштер тікелей есептеулер әдістерімен анықталады. Ал мұндай әдістер қажетті мәліметтер жоқтығынан болжамдауда қолдануы қиын. Сондықтан бюджет кірістерінің болжамдауы көбінесе әр түрлі динамикалық сипаттары бар әдістер пайдалану арқылы іске асырылады. Сондай әдістердің бірі – ол бюджеттің тұрақты сипаты бар кірістерді болжамдауда қолданатын экстраполяция әдісі, екіншісі – эксперт-мамандар жасап дәлелдеген тұжырымдар негізінде пайдаланатын эксперттік бағалау әдісі. Тәжірибеде, объективтік болжам алу үшін осы екі әдісті бірге қолданады.
Бюджет кірістерін болжамдауда бюджеттк көрсеткіштерінің регрессия сызығы бойынша өзгерістер заңдылығын әшкерелеу мақсатта корреляциялық модельдер пайдалануы мүмкін. Мұнда бюджеттік көрсеткіштерді бюджет қалыптастыруға әсер ететін бірнеше факторлардың өзгеруіне байланысты қаралады. Бюджет кірістерінің әр түрлі факторлар өзгерістерінен функционалды байланыстылығын пайдалану сол кірістердің және жалпы шығындар көлемдерін анықтауға мүмкіншілік беретін экономика-математикалық модель құруға болады.
Кірістер болжамдау процесінің әр түрлі бастапқы мәліметтер пайдалану бойынша тізбектелген кестесін келесі түрде көрсетуге болады (1-кесте):
1-кесте
Кірістерді болжамдау
Кірістер мониторингі:
1. болжамды нақты түсімдермен салыстыру 2. болжамды анықтау |
Мәліметтерді жаңарту:
Салық түрлері мен төлемдердің ай бойы түсімдері |
Заңнамалық база мен экономикалық ахуалды талдау
1. аймақтар бойынша экономикалық ахуал 2. заңнамалардың өзгерістері |
Аймақтар дамуының көрсеткіштері |
Кірістер болжамы:
1. болжамды қалыптастыруға қажетті көрсеткіштер 2. есептемелер |
ІІІ. Қаржылық жоспарлауды жетілдіру бағыттары
- Қаржылық жоспарлауды жетілдіруде атқарылып жатқан
іс-шаралар
Қазақстан Республикасында экономикалық жоспарлау жүйесі ұзақ мерзімді «Қазақстан — 2030» стратегиясына негізделген. Осыған сәйкес Үкімет стратегиялық жоспарлау агенттігімен бірлесе отырып, 15 жылға арналған өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру үлгісін жасайды.
Жоспарды дұрыс құру үшін болжамның көрсетілген үш түрін де пайдалану қажет. Жалпы дәрежеде даму тенденциясының мүмкіндігі есепке алынған кезде болжамның үшінші типі қолданылады. Бағаның өзгеру мүмкіндігін, еңбек өнімділігінің өсуі мен халық шаруашылығының тиімділігін анықтағанда болжамның екінші түрі қолданылады. Ең соңында, жиірек кездесетін болжамның бірінші типін жүзеге асыру белгілі мерзімде өндіріс көлемінің өсуін, тұрғындардың салымын, бағаның өсуі не төмендеуін нақты сандық формада көрсетуге мүмкіндік береді.
Біздің еліміздің тарихында бірінші рет Республика Президентінің басшылығымен 1997 жылғы қазан айында қоғам мен экономиканың 2030 жылға дейінгі даму тенденциясының ғылыми болжамы жасалып, баспасөзде жарияланады. «Қазақстан — 2030» стратегиясы – гүлденудің, қауіпсіздікті сақтаудың және бүкіл қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартудың тура жолы, қоғамның даму идеологиясының негізі. Онда дүниежүзілік және өз тәжірибемізді, ұзақ мерзімді ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды, оның күшті және әлсіз жақтарын әділ талдау, ішкі мүмкіндіктерді ұзақ мерзімді зерттеу негізінде еліміздің стратегиялық мақсаты айқындалған. Ол – «тәуелсіз, гүлденген, саяси тұрақты, өзіне тән ұлттық бірлігі, әлеуметтік әділеттігі, барлық тұрғындардың экономикалық әл-ауқаты сақталған Қазақстан құру».
Еуразияның орталығында орналасқан, әсіресе энергетикалық ресурсы мол, ғылыми және шығармашылық әлеуеті жоғары Қазақстан Орталық Азияда Барыс деңгейіне көтеріліп, басқа дамушы елдерге үлгі бола алады.
Дамудың жоғары қарқынына жету жолдары мыналар болып табылады: еркін нарық, қатал қаржы саясаты, мелекеттің нарықтық күштерге араласпауы, шетел инвестициясының, жаңа технология мен білімнің, қазіргі инфрақұрылым мен технологияның кеңінен енуі. Осыған сәйкес «Қазқастан – 2030»-да келесі үш онжылдықта жүзеге асырылатын 7 ұзақ мерзімді басымдық істер қарастырылады:
- Ұлттық қауіпсіздік. Аумақтың тұтастығын толық сақтау жағдайында тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде даму.
- Ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның топтасуы.
- Экономиканы жоғары шетелдік инвестицияға және өз қаражатына сүйенген ашық экономикалық нарық негізінде дамыту. Экономиканың нақты, тұрақты және әрқашан өсіп отыратын макроэкономикалық даму қарқынына қол жеткізу (инфляцияның төмендеуі, бюджет дефицитін азайту, ұлттық валбтаның тұрақтылығы және жинақтың жоғары нормасы).
- Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және әл-ауқаты. Барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайын, денсаулығын, экологиялық ортасын жақсартып отыру.
- Энергетикалық ресурстар. Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тез өндіруді ұлғайту және мұнай мен газды сыртқа шығарудытиімді пайдалану арқылы пайда табу, ол өз кезегіндеэкономиканың тұрақтылығына және халықтың жағдайының жақсаруына жол ашады.
- Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланс салалары. Осы шешуші секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге жәрдемдесетіндей дәрежеде дамыту.
- Кәсіби мемлекет. Ісіне адал және қабілетті адамдардан үкімет құру, сыбайлас жемқорлыққа және қылмысқа қарсы батыл күрес жүргізу.
Бұл міндеттердің әрқайсысына сай келетін стратегия жасау арқылы мемлекет бюджеті мен дамуы бір жылдық, үш жылдық, соңында бес жылдық жоспарлар негізінде бірте-бірте жүзеге асырылады.
Қорытынды
Қазақстан экономикасы қазіргі таңда қарқынды даму үстінде, яғни оның барлық буындарының өз деңгейінде жетілуіне мемлекеттік деңгейден көңіл бөлініп отыр. Мемлекет тарапынан қабылданған стратегиялық дамудың 2030 бағдарламасы еліміздегі экономиканың өркендеудің негізгі жоспары болып отыр.
Қорыта келгенде курстық жұмыстың негізгі бөлімінде қаржылық жоспарлаудың міндеттері мен мақсаттарын, қаржылық жоспарлау жүйесіндегі индикативті жоспарлау және бизнес жоспар, кәсіпорынның даму жоспарының негізгі көрсеткіштері мен бюджетті жоспарлау негіздері, қаржылық жоспарлауды жетілдіру бағыттары ашып көрсеттім.
Қазақстан Республикасы 2001 жылдың қазан айынан бастап, Америка Құрама Штаттары және Еуропалық одақтың мойындауы бойынша, ТМД елдерінің ішінде бірінші болып нарықтық экономикаға көшкен ел деп есептеледі. Бұл мәртебе елімізге өте жоғары міндеттер жүктейді және экономиканы, дүниежүзілік бәсекелестікті ескере отырып, тұрақты түрде дамытуды қажет етеді.
Осыған орай Үкімет стратегиясы нарықтық қатынастарды экономикалық реттеу механизмі мен оның тетіктерінің өзара тығыз байланысын қамтамасыз ету арқылы экономиканы дамытуға бағытталуы тиіс. Оның басты құралы, халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, белгілі бір мерзімдер бойынша жасалатын экономикалық болжамдар мен жоспарлар болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға бейімделген жоспарлау жүйесі анықталған. Оның құрамында ұзақ мерзімдік «Қазақстан – 2030» стратегиялық болжамы, 2010 жылға дейін межеленген стратегиялық жоспар, 2001-2005 жылдарға арналған және әрбір жыл сайын жасалатын әлеуметтік-экономикалық дамудың индикативтік жоспарлары кіреді. Олардың мақсаттары мен басымдық бағыттары әрбір үш жылға арналған Үкімет бағдарламаларында айқындалып, нақтылы жүзеге асыру жолдары анықталады.
Мемлекеттік жоспарлау негізінде салалық министрліктер, аймақтық және жергілікті басқару органдары индикативтік жоспарлар мен бағдарламалар жасауға тиіс. Сонымен қатар барлық шаруашылық жүргізу субъектілері мен кәсіпкерлік құрамдары әр түрлі кезең-мерзімдерге арналған өндірістік-қаржылық және бизнес-жоспарлар жасау арқылы нарықтық жағдайда материалдық-техникалық ресурстарды дұрыс және тиімді пайдалану, жаңа техника мен технологияларды игеру, сапалы өнім өндіру жолдарын және қаржы көздері мен инвестициялық мүмкіншіліктерді анықтайды.
Сонымен, экономикалық заңдылықтарға сәйкес өндірістің ішкі және сыртқы үйлесімділігін, оның өнімдерін бөлу мен тұтынуды реттеуде, ел экономикасын жүйелі де пәрменді дамытуда жоспарлау мен болжаудың маңызы зор. Жоспарлау мен болжау дегеніміз қоғамдық өндірістің дамуын және оның нәтижелерін ғылыми тұрғыдан көре білі болып табылады. Барлық елдерде экономикалық даму жолдары жоспар бойынша анықталады.
Қолданылған әдебиеттер:
- Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған индикативтік жоспары. Астана, 2001 ж.
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. 1997 ж. 11 қазан.
- Г.Ө. Жолдасбаева. Кәсіпорын экономикасы. Алматы, экономика, 2002 ж.
- Үркімбаева М.Ф., Үркімбаева Б.Ф., Аманбаев Б.Б., АқыловТ.Қ., Есіркепова А.М. Бизнес-жоспарларды жасау бойынша әдістемелік нұсқаулар. Шымкент. 2006 ж.
- Б. С. Өтебаев. Мемлекеттік бюджет. Алматы, экономика, 2006 ж.
- Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі. Егемен Қазақстан, 6 мамыр 2004 ж.
- «Бизнес-планирование» / Под.ред. В.М. Попова, С.И. Ляпунова – М.: Финансы и статистика, 2000 г.
- Горемыкин В.А. Бизнес-план: мтодика разроботки 25 реальных образцов бизнес-плана. – 4-е изд., перераб. и доп. – М: Ось-89, 2003 г.
- Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. – Алматы: Юрист, 2004 ж.
- Ильясов К.К., Саткалиева В.А. и др. Государственный бюджет: Учебник. – Аматы: РИК, 1994 г.
- Мельников В.Д., Ильясрв К.К. Финансы.-Алматы: қаржы-қаражат, 2001ж.
- Сейітқазиева А.М., Бекназарова А.Т. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкершілік. Оқу құралы, — Алматы, «Тұран», 2001 ж.
- Горфинкель В.Я., Швандар Б.А. Кәсіпорын экономикасы, Москва, ЮНИТИ-ДАНА, 2000 ж.
- Қ.Қ Ілиясов, С. Құлпыбаев. Қаржы. Алматы: 2005 ж.
- Үмбетәлиев А., Керімбек Ғ. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік. Алматы: 2002 ж.