Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін жобалау

0
55

Жоспар: 

Кіріспе

     1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін негіздеу 

1.1. Қолдану саласын талдау………………………………………………………..4

1.2.  Кәсіпорын қызметінің сипаттамасы………………………………………4

1.3. Ақпараттық жүйеге  қойылатын талаптар………………………………5

1.4. Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар…..10

1.5. Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар…..10

1.6. Ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы……………………..11

2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін жобалау         

2.1. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың негізгі

принциптері……………………………………………………………………………….13

2.2. Басты ақпараттық көзі –  бухгалтерлік есеп………………………….17

2.3. Қаржы жағдайын талдаудағы міндеттемелер………………………..20

2.4. Қаржылық жоспарлау, болжау……………………………………………..24

2.5. Кіріс және шығыс құжаттары……………………………………………….26

Қорытынды……………………………………………………………………………………….31

  Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………………….32

Қосымшалар……………………………………………………………………………………..33 

Кіріспе

Қазіргі кезеңнің ерекшелігі, үлкен көлемдегі материалдық және шикізаттық қорларға негізделген индустриалды экономикадан ақпараттың негізгі қоры болып есептелетін «ақпараттық экономикаға» ауысу болып отыр. Осы айтылып отырған ақпараттың қоғамда алатын орнының зор екендігін ақпарат мамандары растауда. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру Заңын» қабылдағанын жатқызуға болады.

Ақпаратты қандай да бір мәселелерді шешу үшін пайда болатын, қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік. Ақпарат дегеніміз –  оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды – түсінікті – бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.

Кез келген қоғамның ақпараттандыру деңгейі ақпараттық қызметтің даму дәрежесімен және онымен айналысып қызмет көрсететін мамандардың санымен, біліктілігімен анықталады. Сондай – ақ ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологияларды көп мөлшерде шығарумен оларды соңғы уақыттарда жиі пайдаланып жүрген телекоммуникациялы жүйелерге қосу мәселелерін шешуді қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды.

Әрине, бұл жағдайларда ақпарат жүйелері экономиканы басқарудың қажетті таптырмас құралына айналады. АЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді  жобалық шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді, экономика бағытындағы қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді өңдеу амалдары мен әдістерді, сондай – ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын жоғарғы деңгейде арнайы тұрғызылған ақпарат жүйесі.

Ұсынылып отырған  жұмыстың мақсаты – кәсіпорын қызметінің жалпы жағдайын, қаржылық сенімділігін талдауға, оның элементтері және нақты операциялары мен келісім шарттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, міндетті ақпарат негізінде іс – жүзіндегі шараларды өңдеуге негізделген.

Қызметтердің барлық түрі (лицензиялануы тиіс қызметтер) Қазақстан Республикасының «Лицензиялану туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Өнімді өткізу Қазақстан Республикасы аумағында жүзеге асады. Негізгі тұтынушылар мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар және жоғары сапаны қажет ететін ішкі нарық.

Жүйенің ақпараттық функционалдық құрылымы қосымша есептер кешенін қосуға және болашақта одан әрі қарай дамыту үшін ашық болуы тиіс. Компьютерде жұмыс істеу үшін  «достық интерфейсі» және ақпараттық жүйе қолдануда қарапайым болуы керек, ол жағдайды алдын ала болжап, кәсіпорынның барынша зиян шекпеуін қадағалайды.

АЖ тұрғызудың негізгі мақсаты – нақты объектінің басқару жүйесін қазіргі заманғы есептеу техникасы жабдықтары мен экономика – математикалық әдістермен дамыта түсу. АЖ – ні жобалаудың ерекшелігі экономикалық объектіні басқару фукциясының көптеу бөлігін немесе барлығын құрап қамтуды қарастыратын жүйелік ыңғайды қолдану болып табылады. АЖ – ні жобалау әр түрлі мамандардың қатысуымен жүзеге асырылатын күрделі де, ұзақ еңбекті көп қажет ететін кезең. Тұрғызу кезеңінің барлығы бөлек сатыларға бөлінеді. Ол берілген нәтижені алумен аяқталатын және АЖ-ні тұрғызу кезінде тізбектеліп орындалатын бөліктің бірі. Тұрғызу кезеңі – бұл жұмысты ұтымды жоспарлау мен ұйымдастыру пікірі бойынша бекітілетін жалпы сатының бір бөлігі.

 

 

 

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін негіздеу

 

1.1.Қолдану саласын талдау

 

Кәсіпорын қаржысы жалпы қаржы жүйесі қатынастарының бір бөлімі және қаржы жүйесінің бөлімдері әртүрлі деңгейдегі бюджетпен, бюджеттен тыс қорлармен, сақтандыру т.б. бөлімдермен, сонымен қатар қаржынарығы қатынасушыларымен тығыз байланысты.

Кәсіпорынның бірден–бір басты міндеті – оның қаржы жағдайының   бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэффициентін анықтайды.

 

1.2   Кәсіпорын қызметінің сипаттамасы

 

       Кәсіпорын – бұл өндіру үшін құралған дербес шаруашылық жүргізетін субъект, өндірілген өніміне иелік етеді, пайда табады, салық төлемінен қалған пайданы жаратады. Кәсіпорын өз міндетін атқару үшін мүлкі болуы керек.

Кәсіпорын мүліктерінің қайнар көзі:

  • Кәсіпорын құрылтайшыларының материалдық және ақшалай жарнамасы;
  • өнім, қызметтерден түскен түсімнен пайда;
  • құнды қағаздар және олардан түскен пайда;
  • инвестиция және бюджеттен дотация;
  • қайырымдылық жарнама;
  • мекемелер мен тұрғындардың көмегі;
  • мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін конкурс, аукцион арқылы сатып алу;
  • мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін акционерлік қоғам арқылы сатып алу.

Кәсіпорынның негізгі ұйымдастыру функциялары:

  • нормалау;
  • күнделікті жоспарлау, еңбекті бөлу және кооперациялау;
  • жұмыс орнын жоспарлау;
  • еңбекке қолайлы жағдай жасау;
  • дайын өнімді өткізу;
  • рационализация (жаңашылдық).

 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ақпараттық жүйесін тұрғызудың мақсаты

 

           Ақпараттық жүйені тұрғызудың негізгі мақсаты – сұраушыларға кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпараттарды немесе мәліметтерді жинау, оларды өңдеу, сақтау және оларды қолдану саласы бойынша автоматтандыру.

            1.3. Ақпараттық жүйе құрылымына қойылатын талаптар

 

Ақпарат жүйесі – ақпаратты жинаудың, өңдеу, бөлу және қолданудың әдістемелері мен құралдарының жиынтығы. Ақпарат жүйесі – өте кең ұғым. Құрамдық сипаты бойынша 2 үлкен бөлімнен тұрады.

1-кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

§  Жоспарлау

§  Ұйымдастыру

§  Есеп және бақылау

§  Талдау

§  Болжау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            Программалық жабдықтау – бұл техникалық құралдар кешенінің қызметін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің функциясын (атқарымын) жүзеге асыратын программалар жиынтығы. Программалық жабдықтау екі бөлімнен тұрады: жалпы ПЖ және арнайы ПЖ.

Жалпы ПЖ – бұл кең көлемді пайдаланушыларға арналған, есептеу үрдісін ұйымдастыру мен ақпараттарды өңдеуде жиі кездесетін есептерді шешуге бағытталған программалар жиынтығын құрайтын КБРТ-дағы ПЖ бөлімі. Жалпы ПЖ-ға мынадай негізгі компоненттер кіреді: операциялық жүйе, программалық өнім және сынақтық-тесттік программалар.

Арнайы ПЖ –  КБРТ-дың әр түрлі атқарымдық қосалқы жүйелері үшін нақты мәселелерді шешуге және жеке функцияларды орындауға арналған программалар.

 

2-кесте

Программалық жабдықталуына қойылатын талаптар:

 

1Жалпы жүйелік программалық жабдықталуыMicrosoft 2000, NT, XP
2Офистік бағдарламасыOffice 2002
3Қолданбалы программалық ортасыDelphi 7 программалық ортасы
4МББЖParadox, Oracle, Database Desktop
5Көмекші программаларДрайвер, утилиталар, тексттік-кестелік редакторлар

 

Ұйымдастырушылық жабдықтаужүйені құрудағы мақсаттар мен бағыттарын айқындаудағы ақпарат жүйесінің маңызды ішкі жүйесі болып табылады. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – ақпараттық жүйені тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы.  Оның құрамында төрт топты атап көрсетсе болады.

Бірінші  топ құру және фунционалдау үрдісінде маңызды әдістемелік құжаттарды қамтиды:

  • ақпараттық жүйені құрудағы жалпы басқару әдістемелері;
  • типтік жобалар шешімі;
  • кәсіпорынды алдын ала тексерудегі жобалау және өткізудегі әдістемелік материалдары;
  • құжаттаманы құру және іске қосу сұрақтарының әдістемелік материалдары.

Екінші  компоненті ақпарттық жүйені жобалауға және ақпараттық жүйені функционалдануында  керекті тиімді құралдардың жиынтығынан тұрады.

Үшінші компонент тексеру кезінде алынатын техникалық құжаттама болып табылады. Жүйені жобалау мен енгізу: техника-экономикалық негіздеме, техникалық тапсырыс, техникалық және іскерлік жобалар мен құжаттар.

Ұйымдастырушылық жабдықтаудың төртінші компоненті «Іскер». Онда жүйенің басты құрастырушыларды және функионалдық бөлімінің мамандарының тізімі берілген.

Құқықтық жабдықтау ішкі жүйесі ақпараттық жүйені енгізу және эксплуатацияға беруге арналған, ол жерде заңнамалық актілерді, құжаттарды қалыпқа келтіру, сақтау, өтпелі және нәтижелік жүйе ақпаратында қайта түзету.

Жүйені тұрғызу барысында құқықтық құжаттарға: тапсырушы мен атқарушының келісім-шарты, жүйені тұрғызушылар арасындағы құжаттар кіреді.  Ал, жобаны енгізу кезінде оған мынадай құжаттар жатады: жасалып жатқан жүйе деңгейінің мінездемесі, ақпарат жүйесі бөлімдерінің құқығы, ақпаратты өңдеудегі жеке құжаттардың құқықтық орындамасы, техникалық құралдарды қолдану кезіндегі қолданушылардың құқықтық қатынасы.

Қазіргі уақытта қызметтердің барлық түрі (лицензиялануы тиіс қызметтер) Қазақстан Республикасының «Лицензиялану туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

Техникалық жабдықтау – бұл рейтингті талдаудың ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу барысында қолданылатын техникалық құралдар кешені.

Басқарудың ақпараттық үрдісі жеке амалдар мен олардың кешендерінің орындалуы арқылы жүзеге асырылады. Барлық амалдарды үш сатыға топтауға болады: ақпараттарды қабылдау, түрлендіру және  тұтыну.

Бірінші сатысы экономикалық объектілердің қызмет үрдісі кезінде пайда болатын бастапқы ақпаратты жинақтау және тіркеу операцияларының тобынан тұрады.

Ақпараттарды түрлендіру операцияларының тобы (екінші саты) ақпараттартың мағыналарын, нысандарын, құрылымдарын кеңістік және уақыт бойынша өзгертуге бағытталған.

Үшінші саты басқару шешімдерін қабылдау үшін және басқарудың ақпараттық үрдісін жалғастыру үшін тұтынылатын мәні бар операциялар тобын біріктіреді.

 

3-кесте

Техникалық конфигурациясына қойылатын талаптар:

 

ТүріКөрсеткіші, мәні
1Компьютердің қуаттылығы2400 Ггц
2Жедел жадының көлемі512 Мб
3Қатты жадының көлемі40 Гб
4ДисководҚажет
5CD – ROMҚажет
6МикропроцессорPentium (R) 4 CPU
7Модемқажет емес
8Файлдық жүйесіNTFS
9Монитор түс беру сапасы32 бит
10Монитордың экрандық рұқсаттамасы1152 нүкте 864 нүктеге
11Видеокарта128 Мб

 

Технологиялық жабдықталуы – ақпараттық технологиялар және олардың ішінен нақты есептерді шешуге арналған ең қолайлысын таңдау әдістерінің жиынтығы.

Математикалық жабдықталуы – ең озық есептеу техникасының көмегімен кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттарын өңдеу және есептерді шешуге арналған математикалық әдістердің, үлгілер мен алгоритмдердің жиынтығы. Математикалық жабдықтау экономикалық моделін, блок-схемасын, алгоритмін құрып программалау жобасын жасаймын. Жабдықтау белгілі бір нақты міндеттерді шешуді қамтамасыз ету керек және міндеттерді шешу барысындағы дербес ЭЕМ-нің қызметін басқарып, оның орындалуын бақылап отырады.

  АЖ-нің математикалық қамтамасыздандыруына қойылатын жалпы талаптар болып мыналар табылады:

  • аса тәжірибелі математикалық әдістермен алгоритмдерді пайдалану;
  • қолданбалы бағдарламалар пакеттермен берілетін, типтік әдістерді, алгоритмдерді, модельдер мен мүмкіндіктерді максималды пайдалану;
  • пайдаланылатын математикалық әдістер техникалық және бағдарламалық құралдардың мүмкіндіктерін ескеруі қажет, орын алатын жадының көлемі мен шешу уақыты бойынша минималды мәндерге ие болуы тиіс;
  • алгоритмдерді көрсетудің кез келген пішімі рұқсат етіледі: формулалық, кестелік, блок-схема, сөздік бейнелеу және тағы басқалар.

ЭАЖ математикалық жабдықтауға келесі талаптар қойылады:

1) қолайлы математикалық әдістер мен алгоритмдерді пайдалану;

2) қосымша программалар пакеті беретін үлгі әдістермен алгоритмдерді максималды пайдарану;

3) алгоритмнің кез келген түрі кіргізіледі: формулалық, кестелік, блок-схемалық және т.б;

Математикалық жабдықтау келесі жалпы талаптарға сай келу қажет:

  • ақпаратты іздеу нақты кілттерінің мәні жоқ болу қажет;
  • қолданылмалы қосымша программалы пакетке енгізілетін стандартты іздеу және есептеу процедураларын максималды пайдалану;
  • программаның орындалу жолын бақылауды қамтамасыз ету;

 

Лингвистикалық жабдықтау – бұл ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның ақпараттық техникалық құралдармен байланысын жеңілдету үшін пайдаланатын тілдік, құралдардың, ғылыми-техникалық терминдердің, табиғи тілді қалыптастыру ережелірінің жиынтығы.

Лингвистикалық жабдықтауға мыналар жатады:

1) ақпараттық базаның құрылымын бейнелейтін ақпараттық тіл;

2) мәліметтерді басқару және айла-шарғы жасау тілі;

3)Ақпараттық жүйені жобалау және жобалауды автоматтандыру жүйесінің тіл құралдары;

Бағдарламалардың көптеген пакеттері бағдарламалаудың бірдей тіліне ие. Мұны бағдарламалау тілін таңдауда ескеру қажет. Бағдарлама-ларды құру мен жүргізудің қарапайымдылығы болжалуы тиіс. Бағдарла-малармен жұмыс кезінде мәліметтерді орнатуды, ұйымдастыру мен көрсетуді қамтамасыз ететін, мәліметтер анықтамалары мен сөздіктер жүйесі алдын-ала қарастырылуы керек.

 

Эргономикалық жабдықтаужұмыстың әр түрлі сатысындағы адамның жоғары тиімділікпен жұмыс істеуіне дұрыс жағдайлар жасау және сонымен бірге оны игеру мақсатына бағытталған әдістер мен құралдар жиынтығы. КБРТАЖ-нің эргономикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:

  • жұмыс орындарында, ақпараттық үлгілерге және жұмыскерлер құрамына эргономикалық сараптауды қалыптастыруды қамтамасыз ететін құжаттар пакеті; бұл талаптарды іске асырудың мақсатқа сай тәсілдерін таңдау; оларды іске асыру деңгейінің эргономикалық сараптамасын жүзеге асыру;
  • жұмыскердерді даярлау деңгейіне және іріктеу жүйесіне қойылатын талаптарды негізге ала отырып тұжырымдауды қамтамасыз ететін әдістер, оқу-әдістемелік құжаттар және даярлаудың техникалық құралдар кешені.

 

Ақпараттық жабдықтауКҚЖТАЖ-де қолданылатын техникалық-экономикалық ақпараттарды сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйелері, құжаттар жүйесінің және ақпараттар ауқымының үйлестірілген жүйелерінің жиынтығы.

Шешім қабылдаудың тиімділігі айналымдағы ақпараттың толықтығына, сапасына, сенімділігіне және жеделдігіне байланысты:

  • басқару жүйесінде болатын үрдістерді объективті бейнелеу;
  • практикалық нысаналылықтың болуы, яғни АЖ-ды жобалауда шешілетін мәселелерді ескере отырып атқарылуы қажет;
  • тікелей бақылау және өлшеу үрдістерінде алынбайтын есепті-талдамалы ақпараттардың болуын қамтамасыз етеді;
  • басқаруды ұйымдастырудың барлық деңгейлерінде ақпаратты пайдаланудағы коэфициентті көтеру;
  • ақпарат жүйелерінің барлық түрінің ақпараттық сиымдылығын қамтамасыз ету.

Ақпаратты жабдықтауды жобалау – бірқатар жұмыстар атқаруды қажет ететін күрделі және еңбекті көп керек ететін үрдіс:

  • ақпаратты жабдықтауды ұйымдастырудың әдістемелік негіздерін жасау;
  • ақпаратты сыныптаудың және кодтаудың бірыңғай жүйесін құру;
  • ақпарат көлемдері мен ағындарын анықтау;
  • деректер базасының құрылымы мен құрамын анықтау;
  • деректер базасын бақылау және түзету тәсілдерін таңдау;
  • тұтынушылардың сұраныс тілі мен деректердің сипаттамсын сәйкестендіру.

Осыған байланысты ақпараттық жабдықтауды, ақпараттық базаны құрудың  құралдары мен әдістерінің жиынтығы ретінде қарастырып анықтауға болады. Ақпаратпен жабдықтау машинадан тыс және машина ішіндегі база болып бөлінеді. Сыртқы машиналық база деген бұл басқару функцияларды жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құжаттар, заңдар және анықтамалар. Ішкі машиналық ақпараттық база кіріс және шығыс құжаттарынан тұрады.

 

1.4.Ақпараттық жабдықтау ресурстарына қойылатын талаптар

 

Ақпараттық ресурстар –   жүйені тұрғызуға қажетті материалдық шикізат  және ол Қаржылық Қадағалау департаментіне өте қажетті мәліметтер жиынтығы. Бұған негізінен капитал жеткіліктігі, активтердің сапасы, менеджмент, табыстылық, өтімділік және сезімталдық жатады.

Автоматтық тәртіпте жүйені қалыптастыру үшін жүйенің қамтамaсыз ету бөлігі қажет, ол мына ресурстардан тұрады – техникалық жабдықтаудан, математикалық жабдықтаудан, программалық ақпараттық  және ұйымдастырушы жабдықтаудан.

Программалық және математикалық жабдықтау машиналық программалар жиынтығын,  алгоритмдерді, экономика-математикалық әдістерді және модельдерді қосады.

Ақпараттық жабдықтау ақпараттық ресурстарды құрайды (кіру, уақытаралық  және шығу тапсырмалары), олардың ену құралдары.

Ұйымдастырушы жабдықтау АЖ жоспарлау әдісі және құралы ұйымдастырушы жабдықтауға кіреді.

 

1.5. Ақпараттық жабдықтау құрылымына қойылатын талаптар

 

Ақпараттық жабдықтау (АЖ) – бұл ақпараттық жүйеде қолданатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтерінің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпараттық жабдықтаудың негізгі бағыты сақталуынан, ақпараттың жинақталуынан, ақпараттық базаға өзгеріс енгізуден басқару шешімдерін қабылдау үшін кіріс ақпараттарының берілуінен тұрады.

 Ақпараттық жүйенің жабдықтау жүйелері, функционалды ішкі жүйелеріне қарамастан барлық экономикалық ақпарат жүйелеріне бірдей болады. Оның құрамы белгілі бір пәндік аймаққа қатысты емес. Жабдықтаушы ішкі жүйелеріне: ұйымдастырушылық, техникалық, математикалық, программалық, ақпараттық, лингвистикалық, және технологиялық ішкі жүйелері кіреді.

 

КҚЖТАЖ-нің машинадан тыс ақпараттық жабдықтау.

 

КҚЖТАЖ-нің машинадан тыс ақпараттық жабдықтауға мыналар кіреді:

  • Рейтингті талдау ақпарат ұғымы, оның сыныптамасы және құрылымы;
  • Сыныптау және кодтау;
  • Нормативті – анықтамалық құжаттар.

Рейтингті талдау ақпарат ұғымы –  кәсіпорын қызметінің, жұмысының қандай деңгейде екендігін анықтау үшін керекті мәліметтер, ақпараттар.

Сыныптау дегеніміз – берілген жиындағы объектілерді әр түрлі белгілері бойынша ретке келтіріп тарату болып табылады. Объектілер сыныпталатын топтық белгілер мыналар: сынып, қосымша сынып, топ, қосымша топ, түр, қосымша түр, тип.

Кодтау – объектілерге кодтық белгілер беру үрдісі. Кодтау жүйесі дегеніміз – бұл объектілерге код беру ережелерінің жиынтығы.

          Нормативті – анықтамалық құжаттарға есептеуде ұзақ уақыт өзгеріссіз пайдаланатын, әр түрлі реттемелік нормативтер, мөлшерлер және басқа деректер кіреді.

Жедел ақпарат берілген уақыт ішіндегі объектінің жай күйін бейнелейді, яғни бұл бастапқы өңделмеген ақпарат.  

           Ішкі жабдықтау – КҚЖТАЖ-нің жұмыс істеу кезінде пайдаланатын машиналық тасығыштардағы деректер ауқымдарының жиынтығын құрайтын ақпараттық қордың бөлігі. Машиналық тасығыштар, ЭЕМ немесе ДЭЕМ-де ақпаратты автоматты түрде енгізуге жарамды материалдық объектіні көрсетеді. Оған қатты магниттік табақшалар, магниттік барабандар, магниттік карталар, фотохромдық тасығыштар, микрофильмдер және тағы басқалар жатады.

4-кесте

          Ақпараттық ауқымдар – белгілі тәсілмен атауланған және ұйымдастырылған, өзара семантикалық байланыста болатын деректер жиынтығы. АА-дың деректемелер (реквизиттер) тізбесі, әрбір деректеменің ұзындығы және олардың АА-ға орналасу тәртібі анықталады. АА-дың тағайындалуы бойынша енуші, аралық және шығушы болып бөлінеді. Енуші ауқымдарға жедел немесе бастапқы ақпарат және объектінің басқару бойынша мәселені шешуге деген сұраныстар кіреді. Шығару ауқымы экранға немесе баспаға берілетін деректерден тұрады. Осы ақпараттар негізінде пайдаланушылар шешім қабылдайды, яғни ақпараттарды пайдаланады.

 

1.6. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын  талдаудың  ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы

Концептуалды схема  ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік  тұрғыда қарастыруда көрсетеді. Ақпараттық жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік  аспектілерін  бейнелейді және негізгі  құралдарды анықтайды.

Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару роліне  қарай екі бөлшекке бөледі. Ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. Функционалды бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі жатады, ол жабдықтаушы бөлшекке  жабдықтаушы жүйешелер жатады.

 

Концептуалды схема

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Математикалық жабдықтау

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесін жобалау

 

                                      2.1. Мәселе қойылымы

 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын  талдаудың ақпараттық жүйесіндегі негізгі мәселе –  дер кезінде кәсіпорынның қазіргі жағдайы  жайлы мәліметтерді алып отыру.

Қаржы – бұл ақша қатынастары. Қаржы ылғи да ақша түрінде көрінеді: бөлу түрін, әртүрлі табыстардың жасақталуын және пайдалануын, шаруашылық субъектісінің қорын, мемлекеттің өндірістен тыс сфера құрамының инвестициялық және қаржылық іс-әрекетін көрсетеді.

Кәсіпорын қаржысы жалпы қаржы жүйесі қатынастарының бір бөлімі және қаржы жүйесінің бөлімдері әртүрлі деңгейдегі бюджетпен, бюджеттен тыс қорлармен, сақтандыру т.б. бөлімдермен, сонымен қатар қаржынарығы қатынасушыларымен тығыз байланысты.

Қаржылық қатынастар шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік, инвестициялық жұмыс жүргізу барысында ақша қатынастары арқылы кәсіпорынның өз қаражаттарын жасақтау, олардың табыстарының және қарызға алынған жасақтарынан қор жинау және тұтынуға бөліп жұмсауымен байланысты.

Кәсіпорынның жұмысын қаржыландыру және оның жасақталу көздері.

Қандай да болмасын кәсіпорынның бастапқы капиталы құрылтайшылардың қаражаттары есебіне құрылады. Ал салынымның түрлері: ұзақ пайдаланылатын объектілер, өндірістік запастар, бағалы қағаздар, мүліктік құқық, сонымен бірге белгілі бір сома ақша болуы қажет.

 

5-кесте

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдаудың негізгі принциптері

ПринциптеріПринциптердің мазмұны
НақтылығыТалдау нақтылы деректерге негізделеді, оның қорытындысын нақтылы сандық тұрғыда пайдаланады.
ЖиынтылығыПроцесті объективті бағалау мақсатында оны жан-жақты зерделеу
ЖүйелілігіБір-біріне өзара байланысты экономикалық құбылыстарды зерделеу, бірақ оқшаулау емес.
ТұрақтылығыТалдауды түпкілікті, алдын ала белгілі уақыт арқылы жүргізу керек, бірақ оқиғадан оқиғаға дейін емес.
ОбъективтілігіЭкономикалық құбылыстарды тәжірибелі және әділ зерделеу, объективтік қорытындылар жасау.
ПәрменділігіПрактикалық мақсатқа пайдалану, өндіріс қызметінің жаңа нәтижелілігі үшін талдау қорытындысының жарамдылығы.
ҮнемділігіТалдауды жүргізуге байланысты шығындар, оны жүргізу нәтижесінде алынған сол экономикалық тиімділіктен елеулі түрде аз болуы керек.
СалыстырымдылығыДеректеу және талдау қорытындылары бір-бірімен жеңіл салыстырымды болуы керек, ал аналитикалық процедураларды (тәртіпті) тұрақты түрде жүргізуде қорытындылардың сабақтастылығы сақталу қажет.
ҒылымдылығыТалдауды жүргізу барысында ғылыми негізделген әдістер мен процедураларды басшылыққа алу керек.

 

Кәсіпорынның бірден–бір басты міндеті – оның қаржы жағдайының   бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэффициентін анықтайды.

Негізгі қаржылық коэффициенттерді төмендегі үш санатқа топтастыруға болады:

  • өтімділік (төлем қабілеттілігі);
  • пайдалылық (табыстылық);
  • активтерді басқару тиімділігі.

АЖ ендірілгенде  ақпаратты өңдеу үрдісіне қызметкерлер жұмысының тиімділігін жоғарылату талабы қойылады.

Жүйені ендірудің негізгі мақсаты:

  • есеп беруді жинау, сақтау, өңдеу, іздеу және бөлуді айналым ведомосты түрінде автоматтандыру;
  • АЖ-нің ақпараттық және программалық қамтамасыз етуді жаңарту;
  • нақты уақыттағы Басқарманың қаржы – несие шаруашылығын толық талдау;
  • алынған дұрыс ақпаратты басқару шешімдерін қабылдау үшін қолдану;
  • есеп беруді автоматтандырылған түрде алу;
  • бірегей МБ құру.

Сонымен қатар келесілер қамтылуы тиіс:

  • жұмыс жеделділігі;
  • ұсынылған мәліметтердің дұрыстылығы;
  • қағазбен жұмыс көлемінің азаюы.

 

Қаржы ресурстарының құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге асырылады. Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы – кәсіпорынға сырттан түсетін ресурстар.

 

 

 

 

6-кесте

Қаржы ресурстарының құрамы

 

Кәсіпорынның қаржы ресурстары

 

 

 

 

 

 

Меншікті қаржылар есебі құрылатын

 

 

 

Оларға теңестірілген қаржылардың есебінен құрылатын 

Қаржы нарығында жұмылдырылатын

 

Қайта бөлудегі түсетін

 

·        негізгі қызметтен түсетін пайда

·       ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындағаннан түсетін пайда және басқадай мақсатты табыс

·       қаржы операцияларынан түсетін пайда

·       шаруашылық тәсілімен орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарынан түсетін пайда

·       өткізуден тыс табыс

 

·       амортизациялық аударым

·       істен шыққан мүлікті өткізуден түскен ақша

·       орнықты пассивтер

·       қайта бөлінбеген пайданың қорлануы

·       мақсатты түсу

·       сақтық қор

·       еңбек ұжымы мүшелерінің үлестік және басқа да жарналары

 

·       меншікті құнды қағаздарды (акциялар, облигациялар, т.б.) сатудан түскен қаражаттар

·       несиелік инвестициялар

·       тәуекелдік бойынша сақтандыру өтемі

·       сақтандыру полисін және кепілдік куәлігін өткізу

·       үлестік жарна негізінде қалыптасатын қаржы ресурстары (ағымдағы және инвестициялық қызметке үлескерлікпен қатысу)

·       дивидендтер, басқадай ақша шығарушылардың құнды қағаздар бойынша проценті

·       одақтардан, қауымдастардан түсетін қаржылық ресурстар

·       бюджеттік қаржы бөлу, субсициялар, субвенциялар

 

 

Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін төлеуге қабілеттілігін өтімділік немесе төлем қабілеттілігі деп атайды. Кәсіпорын өтімділік болып саналады, егер де айналмалы активтерін іске асыра отырып, ол өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін орындауға жағдайы болса.

  1. Тез өтімділіктің коэффициенті – қысқа мерзімді несие қарыздарының ең өтімділік активтердің ағымдағы міндеттеменің қатынасын білдіреді.
  2. Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті – егер дебиторлық қарыздарды тауардың кейбір шартты өлшемінің құны деп есептесек, қалай сатылса, бірақ төлемақысы әлі де алынбаған болса, онда дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті бір жылда неше рет бұл тауардың ақылы шартты өлшемін көрсетеді.
  3. Несие қарыздарының айналым кезеңі – бұл коэффициент тауарларды сатып алуға және қызмет көрсетуге байланысты жеткізушілерге және несиегер компанияларға қажетті ақы төлеу жағдайына жеткізушілердің және несиегерлердің келісіміне, сол сияқты кәсіпорынның қолда бар босалқы қорларды басқару іскерлігіне байланысты болады.
  4. Несиелердің орнын толтыру коэффициенті (несиені өтеу қабілеті) – ол компанияның қызмет табысының неше рет (дивидендтермен толық есеп ажырасқаннан кейін) проценттік төлемақы сомасының және ұзақ мерзімді қарыздардың төлемақысының негізгі сомасының асқанын көрсетеді.
  5. Төлем қабілеттілігінің коэффициенті – ол қарыз капиталының меншіктілікке (жарғылық капитал, пайда және қаржы иелері) ара салмағын бейнелейді.

Бұл коэффициент кәсіпорын несиегерлерінің қандай деңгейде қатерден қорғалуын көрсетеді, кәсіпорын жеке кепілгер ретінде шығады. Сонымен, бұл көрсеткіш неғұлым жоғары болса, соғұрлым кәсіпорындардың қарыздары көп және соғұрлым оның тұрақсыздық ахуалы да орын алады.

 

2.2. Басты ақпараттық көзі –  бухгалтерлік есеп

 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты ақпараттық көзі –  бухгалтерлік есеп, бұл кәсіпорынды қоғаммен және оның серіктестерімен тығыз байланыстырады, олар кәсіпорынның қаржы жағдайын білу мақсатында бірінші кезекте бухгалтерлік баланспен танысады.

Қаржы жағдайын талдау жасаудың ақпараттық көздері бухгалтерлік (қаржылық ) есептер:

  • №1 форма «Кәсіпорынның балансы»;
  • №2 форма «Қаржы нәтижесі және оны пайдалануы туралы»;
  • №4 форма «Ақша қаражаттары қозғалысы туралы есеп».

Баланс мәліметі бойынша кәсіпорын, акционерлер, инвесторлар, кредит берушілер, сатып алушылар, сатушылар, т.б. алдында өз міндеттерін атқара алатындығын немесе қаржылық қиындық бар екенін көрсетеді.

Баланс екі жақты кесте, сол жағында актив, оң жағында пассив. Актив пен пассивтің тең болуы баланстың маңызды сыртқы белгісі. Бухгалтерлік балансты тікелей меншіктегі әртүрлі мүліктік құралдар тобы (материалдық құндылықтар) және осы құндылыққа құқық, шаруашылық субъектілері (кәсіпкерлер, банктер, инвесторлар, т.б.) еркімен құрылған капитал ретінде көрінеді. Баланс шаруашылықтың (кәсіпорынның) жағдайын ақшалай бағалау ретінде береді, оны 1,2-кестелерден көруге болады.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметі тиімділігінің бағалылығы басқарушылық және кәсіпкершілік шешімдерінің қажетті шарттары болып саналады. Кәсіпорын қызметінің тиімділігіне талдау жасаудың негізгі көздерінің бірі – бухгалтерлік баланс. Онда кәсіпорынның мүлігі мен қаржы жағдайын, оның шаруашылық қызметіндегі нәтижелілігінің жыл ішіндегі деректері көрсетіледі.

Кәсіпорынның және өндіріс қаржы жағдайының тиімділігіне талдау жасау үшін түрлі әдістер мен көрсеткіштер пайдаланылады. Ең алдымен ресурстарды тиімді пайдалануды және олардың қайтарымын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі, пайдалылық көрсеткіштер, кәсіпорынның нарықтағы кәсіпкерлігінің белсенділігін қамтитын көрсеткіштер, кәсіпорынның қаржы орнықтылығы және төлем қабілеттілігінің көрсеткіштер жүйесі жатады.

Нарықтық жағдайда әрбір кәсіпорын экономикалық дербес тауар өндіруші ретінде мемлекеттік шеңберде бекітілген салық аударымы және әлеуметтік шектеу, меншікті өндірісті дамыту тиімділігінің кез-келген бағалылығын пайдалануға ерікті.

Өндірістің тиімділігін анықтау тиімділіктің өлшемін белгілеуден басталады. Ол кәсіпорынның қойған даму мақсатына сай қол жететін нәтижелілікті барынша көбейту немесе өндірістік шығындарды барынша азайту қажеттілігінен шығады.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы төлем қабілеттілігі, пайдалылығы, активтерді пайдалану тиімділігі және меншікті (акционерлі) капиталы, өтемпаздығымен сипатталады.

7-кесте

 

Кәсіпорынның бухгалтерлік балансы. Ф №1 мың теңге.

АктивЖол кодыЖыл басынаЖыл аяғына
Негізгі құралдар және басқа айналым сыртындағы активтер

Материал емес активтер:

Бастапқы құны (04)

Тозық (05)

Қалдық құны

Негізгі құралдар:

Бастапқы (қалпына келтіру) құны (01.03)

Тозық (02)

Қалдық құны

Қондырғыға жабдықтар (07)

Аяқталмаған күрделі салым (08,61)

Ұзақ мерзімді қаржылық салым (06)

Құрылтайшылармен есеп (75)

Басқа айналым сыртындағы активтер

I бөлім бойынша барлығы

II. Қорлар, шығындар.

өндірістік қорлар (10,15,16)

Құнсыз және жылдам тозатын заттар:

Бастапқы құны (12.16)

Тозық (13)

Қалдық құны

Аяқталмаған өндіріс (20,21,23,29,30,36,44)

Болашақ кезең шығыны (31)

Дайын өнім

Тауарлар (41)

Сатылып алынған тауарлардың қосылған құнға салығы (19)

Басқалай қорлар мен шығындар

II – бөлім бойынша, барлығы

I.                 Ақша қаражаттары: есептесу және басқа активтер

Жөнелтілген активтер (45)

Бережақтармен есептесу:

Тауарлар, қызметтер үшін (62,76)

Алынған вексельдер (62)

Еншілес кәсіпорындармен (78)

Бюджетпен (68)

Басқалай операциялар бойынша қызметкерлермен (73)

Басқа бережақтармен

Жеткізушілерге, порядчиктерге берілген аванс (61)

Қысқа мерзімді қаржылық салым (58)

Ақша қаражаттар: касса (50)

Есептесу шоты (51)

Валюталық шот (52)

Басқа ақша қаражаттар (55,56,57)

Басқа айналым активтері

III бөлім бойынша, барлығы зияндар: өткен жылғылар (88)

Есеп беру жылында

Баланс (080,180,330,340 және 350 жолдарының сомасы)

 

 

 

 

010

011

012

 

020

021

022

030

040

050

060

070

080

 

100

 

 

120

121

122

130

140

150

162

175

 

176

180

 

 

199

200

210

220

230

240

 

250

260

 

270

280

290

300

310

320

330

340

350

360

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

151140

38680

112460

 

 

 

 

 

112460

 

16640

 

 

6380

2640

3740

1620

 

1840

 

6340

 

2200

32380

 

 

 

5600

 

 

 

 

 

40

6200

 

 

20

10300

 

 

 

22160

 

 

167000

 

 

 

1200

320

880

 

158140

46700

111440

 

 

 

4000

 

116320

 

24020

 

 

5800

2820

2980

1960

40

7960

 

7700

 

1180

45840

 

 

 

16800

 

 

 

560

 

40

4100

 

5000

20

1900

 

 

 

28420

 

 

190580

 

 

8-кесте

ПассивЖол кодыЖыл басынаЖыл аяғына
Өз қаражаттарының көзі:

Жарғылық капитал (85)

Қосымша капитал (87)

Резерв капиталы (86)

Қорлану фондысы (88)

Мақсатты қаржыландыру және түсімдер (96)

Арендалық міндеттеме (97)

Бөлінбеген өткен жылдардағы пайда (88)

Пайда: есепті жылдығы (80)

Пайдаланғаны (81)

Есепті жылда бөлінбеген пайда

I-бөлім бойынша, барлығы

II Есептесу және басқа пассивтер

Банктердің ұзақ мерзімді несиесі (92)

Ұзақ мерзімді заемдар (95)

Банктердің қысқа мерзімді несиесі (90)

Банктердің қызмеркерлер үшін несиесі (93)

Қысқа мерзімді несиелер (94)

Несиегерлермен есептесу:

Тауарлар, қызметтер үшін (60,76)

Берілген вексельдер бойынша (60)

Еңбек ақысы бойынша (70)

әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыздандыру бойынша (64)

мүліктік және дербес сақтандыру бойынша (65)

еншілес кәсіпорындармен (78)

бюджет сыртындағы төлемдер бойынша (67)

II бөлім бойынша, барлығы

Баланс (480 және 770 жолдар қорытындысы)

 

400

401

402

420

425

430

440

460

470

471

472

480

 

500

510

600

610

620

 

630

640

650

660

 

670

 

680

690

 

770

780

 

 

65000

67760

700

500

 

 

 

 

 

 

 

133960

 

 

 

13600

 

 

 

9060

 

3200

800

 

 

 

 

60

 

33040

167000

 

65000

68780

 

5200

 

 

 

 

21520

21520

 

138980

 

 

 

25800

 

560

 

10800

 

3460

1020

 

 

 

 

620

 

51600

190580

 

 

2.2.Қаржы жағдайын талдаудағы міндеттемелер

 

Қаржылық жағдайды талдауда мынадай міндеттер жүктеледі:

  • кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және өтімділігін анықтау;
  • кәсіпорынның құралдар көздерінің құрылымын зерттеу;
  • активтердің айналымдық көрсеткіштерін талдау;
  • кәсіпорынның пайдалылығын анықтау. Бұл мәселелерді 7,8 – кестелерге сүйеніп қарастырамыз.

 

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және өтімділігін талдау

 

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі дегеніміз – кәсіпорынның сыртқы міндеттемелерден есептесу мүмкіндіктері. Демек, кәсіпорын төлем қабілетті болып саналады, егер ағымдағы активтер сомасы сыртқы міндеттемелерден артық емес немесе тең болса. Мысалы, 1-кестенің II бөлімінің 180 жолындағы және III бөлімнің 330 жолындағы мәліметтер қосындысы ағымдағы актив болады:

 

9-кесте

Жыл басында

(мың теңге)

Жыл аяғында

(мың теңге)

«Қорлар және шығындар» (II-бөлім)3218046680
«Ақшалай қаражаттар…»2236027580
Барлығы5454074260

 

Кәсіпорынның сыртқы бережақтары пассивтің II-ші бөлімінен 735 және 740 жолындағы көрсеткіштерін алып тастасақ: Жыл басындағы бережақ (33040 – 700 – 160) 32180 мың теңге болады, ал жыл аяғында 46680 мың теңге (51600 – 4800 – 120).

Салыстырғанда, жыл басындағы актив 54540 мың теңге, ал бережақ – 32180 мың теңге, сондай-ақ, жыл аяғында 46680, яғни кәсіпорын төлем қабілетті деп санауға болады.

Бірақ ескертетін жағдай, кәсіпорындағы аяқталмаған өндірістің запастары (қорлары) және басқа тауар-материалдық заттар банкрот болған жағдайда тез өте ме? Өтпей қалатын болса төлем қабілеттілігі болмайды. Сондықтан, банктер дұрыс мәлімет алу үшін запастағы заттарға түзетулер жасайды, Сонымен реалды өтімді запас (қор) деңгейіне әкеледі.

 

Кәсіпорынның таза айналым капиталы

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі таза айналым капиталының өзгерістері негізінде анықталады. Бұл көрсеткіш ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелер айырмасы. Біздің мысалымызда:

Жыл басында 54540 – 32180 = 22360 мың теңге.

Жыл аяғында 74260 – 46680 = 27580 мың теңге.

Таза айналым капиталының өсімі 27580 – 22360 =5220 мың теңге.

Кәсіпорынның өтімділігі – бұл қысқа мерзімді міндеттемелерді ағымдағы активтерді өткізу арқылы орындай алатындығы.

Талдау жұмысы прктикасында өтімділіктің көрсеткіштер жүйесі қолданылады.

  1. Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның айналым құралдарымен жалпы қамтамасыздығын және кәсіпорынның мерзімді міндеттемелерді уақытында жою мүмкіндігін бейнелейді.

Ол мына формуламен анықталады:

КөАктивтің    II   бөлімі   +   III   бөлімі                                                                                                                             П              Пассивтің П бөлімі – (500+510+730+735+740 жолдар)

Біздің мысалымызда ағымдағы өтімділік коэффициенті:

 

Жыл басына =  32380 + 22160    = 54540  =1.69

                           33040-700-160       32180                                                                                                                      

Жыл басына =  45840 + 28420    = 74260  =1.59

                           51600-4800-120     46680                                                                                                                      

«Әдістемелік ережелер…» бойынша бұл көрсеткіш 2-ден кем болмауы керек, бірақ кейбір экономистер бұл коэффициент жоғарылатып алынған дейді. Ал енді «Әдістемелік ережелерге» сүйенсек, онда кәсіпорынның төлемқабілеттілігін қалпына келтіру шараларын қолдану керек.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін қалпына кем дегенде 6 ай мерзім ішінде келтіру керек.

Кәсіпорынды төлем қабілетті қалпына келтіру коэффициентімен шығарылады (Кқк ):

Кқк = Кб +6/Т*( Кa – Кб )

                                   2

Ондағы  Ка – жыл аяғындағы ағымдағы өтімділік коэффициенті;

Кб – жыл басындағы ағымдағы өтімділік коэффициенті;

Т – талдау кезеңіндегі ай саны (12);

  1. 2. Ағымдағы ағымдағы өтімділік коэффициентінің нормативтік мағынасы

Егер төлемқабілеттілікті қалпына келтіру коэффициенті 1-ден жоғары болса, онда кәсіпорын 6 ай ішінде төлем қабілетін қалпына келтіре алады, ал 1-ден кем болса, онда төлемқабілеттілікті қалпына келтіру мүмкін емес. Жоғарыдағы формулаға өздерінің сандық мәнін қоялық:

             Кқк =1.69+6/12*(1.59-1.69) = 0.75

                                   2

Бұл жағдайда кәсіпорын ағымдағы өтімділік коэффициентін 2-ге жеткізе алмайды, оның үстіне есеп мерзімінде жыл басында 1,69 болса, жыл аяғында 1,59 болды.

  1. 3. Мерзімді өтімділік коэффициенті активтің III-бөлімінің пассивтің II-бөліміндегі қысқа мерзімді міндеттемелер қатынасымен анықталады:

Жыл басындағы коэффициент = 22160  = 0.69

                                                         32180

Жыл аяғындағы коэффициент = 28420 = 0.61

                                                         46680

Әдетте бұл коэффициенттер 1:1 қатынасындай болуы керек, яғни жоғарыдағы табылған коэффициент кәсіпорынның қаржы жағдайы шанымсыз екенін көрсетеді.

  1. Абсолютті өтімділік коэффициенті – активтің II-бөлімінің ақша қаражаттары жылдам өтетін бағалы қағаздар мен пассивтің II-бөлімі алу 500,510,730,735,740 жолдарының қатынасымен анықталады. Абсолютті өтімділік коэффициенті:

Жыл басында = 10320  = 0.32

                               32180

Жыл аяғында = 1920  = 0,04

                              46680

мұндағы 10320 және 1920280 + 290 жолдар.

 

Актив балансына шаруашылық элементтердің айналымының белгілі топтары көрсетіледі. Мысалы, I-бөлімде «негізгі құралдар және басқа айналым сыртындағы активтер»: меншіктегі ғимаратттар, құрылыстар, машиналар, жабдықтар, жер учаскелері, т.б.; ұзақ мерзімді қаржылық аренда; еншілес және басқа кәсіпорындарға инвестиция; материал емес активтер. II- бөлімде «қорлар(запастар) және шығындар» және III-бөлімде  «Ақшалай қаражаттар, есептер және басқа активтер», бұл екі бөлім кәсіпорынның айналым құралдарын біріктіреді, яғни ағымдағы активтер.

Актив статьялары өтімділік дәрежесіне қарай, яғни шаруашылық айналымындағы мүліктердің ақшаға айналу жылдамдығына қарай орналасады. I-бөлімдегі активтер – бұл қозғалмайтын  мүліктер бірнеше жыл пайдаланылады, яғни мерзімді салымдар. II және III бөлімдерде кәсіпорынның айналым бөліктері, яғни өндіріске бір рет қатынасып, өзінің құнын өндірілген өнімге түгел аударатын және заттық қасиетін жоятын мүліктер немесе ағымдағы активтер деп аталады.

Баланстың пассиві – бұл, біріншіден, кәсіпорынның шаруашылық ісіне қандай мөлшерде құралдар (капитал) салынғанын көрсетеді, екіншіден, кім қандай формада кәсіпорынның мүлкін жасауға қатынасқанын бейнелейді. Баланс пассиві алынған байлық (заттар) үшін міндеттеме ретінде немесе кәсіпорынның ресурстарды (активтерді) алғаны үшін талап (міндеттеме) ретінде анықталады.

Ескертетін жағдай, міндеттемелерді топтау екіге бөлінеді: бірі – шаруашылықтың меншік иелерінің алдындағы міндеттеме, басқалары – үшінші адамдар (кредиторлар, банктер, т.б.) алдында. Бұл бөлінудің маңызы мынада: біріншісі тұрақты, оны өтудің қажеті жоқ, ал қарызға алынған құралдар (қорлар) мерзімді уақытта қайтарылуы керек.

Бұл келтірілген мәліметтеріміз кәсіпорынның (кәсіпкерліктің) қаржылық жағдайын талдау үшін қолданылады.

Көрсеткіштерді, коэффициенттерді, нормаларды – қаржы-экономикалық механизмнің элементтерін қадағалап отыру кәсіпорындардың жұмысын оперативті басқаруға және бақылауға, бизнес – жоспарда немесе дамыту жобасында берілген қаржы – шаруашылық процестерді, бағыттарды дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бұл көрсеткіштер кәсіпорынның «визит карточкасы» болып табылады, инвесторларға, әріптестерге және несиегерлерге оның өміршеңдігі, қаржылық тұрақтылығы туралы ойлануға мүмкіндік береді.

– материалдық емес активтерді алуға (лицензия, патенттер, ноу-хау, т.б,) жұмсалады.

Сонымен бастапқы капитал өндірісті қаржыландыруға жұмсалады. Өндіріс жағдайының қорытындысында өнімдер өндіріледі, белгілі бір жұмыс көлемі және қызметтер жасалады, белгілі мөлшерде құн жасақталады, ал ол сатылатын тауарлар бағасы арқылы көрініс береді.

Сатудан, істелген жұмыстар мен қызметтерден түскен түсімдер кәсіпорынның банктегі есеп-айыру немесе валюта шотына түседі. Банкіге түскен ақша кәсіпорынның бережақтарына төленеді, белгіленген уақыт мерзіміне байланысты жалақы төлеуге, бюджет сыртындағы әлеуметтік қорларға, кейбір салықтарды төлеуге жұмсалады. Сонымен өнім өндіруге кеткен, оның өзіндік құнына шыққан шығындар қайтарылады.  Түскен ақшалай түсімнен пайдаға салықтың авансасы, қалған салықтар төленеді, өнімнің өзіндік құнына кірмейтін, бірақ қаржы жоспарында қаралған шығындар төленеді.

Жалпы айтқанда, сатудан түскен түсім – ол негізінен шыққан шығындарды қайтару. Егер түскен түсімнен шығындарды, салықтық төлемдерді қайтарғанда қалатын ақша болса, ол таза пайда болады. Кәсіпкердің басты мақсаты – пайда табу. Шаруашылық және инвестициялық істерге кәсіпорынның өзінің қаржы ресурстарын пайдалану.

Таза пайда мен амортизациялық қайтарымдар – бұл негізгі қордың пайдаланылған, яғни тозған құны. Ол техника тозғанда орнына басқа техника алуға жұмсалуы керек. Ол ұдайы өндірісті қамтамасыз етеді. Амортизациялық қайтарымдар жалпы ақша тасқынында болады, сондықтан оны жұмсап қою кәсіпорынның болашағына үлкен нұсқан келтірілуі мүмкін. Амортизациялық қайтарымдар өнімнің өзіндік құнына кіреді, ол тауар сатылғанда қайтарылады және оған салық салынбайды, түгелдей кәсіпорынның есебінде қалады.

Пайданың амортизациядан айырмашылығы оған салық салынады, салық төлемінен қалған пайда қор жинау – бұл кәсіпорынның мүлкін көбейту үшін, ал тұтыну – акционерлерге дивиденд төлеуге, облигацияның, қарыздардың (несиелердің) пайызын төлеуге кетеді. Ішкі өз қаражаттарына қосымша жарналар, серіктестерге қатынасушылардың қосымша капиталы, қосымша акция шығарып сатудан түсетін түсімдер.

Қаржыландыруға сыртқы мүмкіндіктерді пайдалану.

Кәсіпорын қарызға алып қаржы ресурстарын жасақтайды: банктердің несиелері, басқа мекемелердің қаржылары, облигациялық қарыз т.б. Кейбір жағдайларда қайтарымды немесе қайтарымсыз негізде, белгілі бір инвестициялық жобаны іске асыру үшін немесе белгілі бір инвестициялық жобаны іске асыру үшін немесе қысқа мерзімді қаржылық қолдау үшін бюджеттен ақша бөлінуі мүмкін.

            Қаржы активтерді жасақтау. Бұл ақша қаражаттарды басқа кәсіпорындарға орналастыру мемлекеттік бағалы қағаздар сатып алуға, яғни ұзақ және қысқа мерзімді қаржылар бөлу.

Ұзақ мерзімді қаржы бөлу – ол басқа кәсіпорындар мен коммерциялық ұйымдарға қаржы бөлу (акция сатып алуға, бағалы қағаздар алуға, бір жылдан астам мерзімге қарыз беру).

Қысқа мерзімді қаржы бөлу – бағалы қағаздар сатып алу, бір жылға дейінгі мерзімге қарыз беру.

 

2.4. Қаржылық жоспарлау, болжау

Қаржының тиімділігін болжау (прогноз) – кәсіпорынның болашақтағы қаржылық жағдайын зерттеу, болашақтағы қаржы мүмкіндігінің негізгі бағыттарын белгілеу – стратегиясын анықтау. Мұндай болжаудың кәсіпорын үшін маңызы зор, себебі оның тұрақты міндеті өз ісіне қосымша капитал тарту, банкроттықтан сақтандыру. Кәсіпорынның қаржы жағдайының болашағын болжау сыртқы экономикалық ақпаратты пайдаланушыларға өте қажет. Оларға кіретін басты объекті – банк. Олар несие беру үшін кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жағдайын, болашаққа болжамын білулері керек. Қаржылық болжау, қаржылық жоспарлауға  – жылдық, көпжылдық мерзімге жасау өте қажет. Батыс елдерінде әлбетте ол мерзім 3-5 жыл.

Қаржылық жоспарлау. Қаржы жоспары ақша қаражаттарының түсім және шығын көздерін көрсетеді. Бұл бизнес жоспардың шараларын және кәсіпорынның міндеттемелері бойынша төлеуге жетерлік қаржы болуын көрсетеді. Жоспардың негізіне барлық түсім көздері және шығындар ескеріліп, қолда бар қаржымен қамтамасыз етілу деңгейін анықтайды. Егер жетіспейтін болған жағдайда оны толықтыру көзі іздестіріледі.

           Қаржы жоспарын жасақтағанда өткен жылдың есептерін алу керек етеді. Ол кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау үшін керек. Осы арқылы оның теріс жақтары ескеріліп талдауды жинақтап қорытып, жоспарда ескеру.

Жылдық жоспар қысқа мерзімдерге бөлінеді, оның арқасында ақшаның бір қалыптағы түсімін бақылап және кассалық үзілісті болдырмау үшін керек.

Жоспардың қорытындысында үш құжат жасақталады: 1) пайда мен зиянның жоспарлы есебі; 2) бухгалтерлік баланс болжамы; 3) ақша – қаражаттың бюджеті дейді. Ол қаржыландыру жоспары деп аталады.

Болжамда баланс жыл аяғындағы кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайын көрсетеді және жоспарлы шараларды іске асырғанда актив пен пассивтерде болған өзгерістерді көрсетеді.

Бизнес – жоспар – бұл жоспарлау құжаты. Бизнес-жоспардың қаржы жоспарында алдыңғы бөлімдерінің барлық көрсеткіштерінің ақшалай есебі беріледі. Ал жоспарда мына көрсеткіштер болады: өнім өткізудің көлемі туралы болжам; ақшалай табыстың және төлемнің балансы; табыс пен шығынның кестесі; кәсіпорынның активі мен пассивінің жалпы балансы; зиянсыздық нүктесінің есебі.

  1. Өнім өткізу туралы болжам, яғни нарықтағы алатын орнын есептеуі 3 жылға жасалуы керек: бірінші жылы сатылу көлемі әрбір аййға есептеледі, екінші жылға әрбір тоқсанға, ал үшінші жылға тұтастай бір жылдың тауар сату көлемі беріледі.
  2. Ақшалай табыс пен төқлемдердің балансында кәсіпорынның дамуы қандай ресурстардың есебіне өседі және оны пайдалану бағыттары қандай екенін көрсетеді. Мұнда қолдағы ақшалар, ақшалай түсімдер (сатудан түскен ақшалар, банк қарызының өсімі, акция шығару және басқалай түсімдер).
  3. Табыс пен шығыс кестесінде пайда қалай жасақталады және кәсіпорын пайдасы қалай өзгеретінін көрсетеді. Оған мына көрсеткіштер кіреді:
  • өнім сатудан түскен түсім;
  • өнімді өндіруге және сатуға кеткен шығын;
  • өнім сатудан түскен пайда;
  • пайдадан төленген салық;
  • таза пайда.
  1. Актив балансында кәсіпорынның қолда бар өндіретін құрал-жабдықтар және олардың орналасуы көрсетілсе, пассивте олардың жасақталған көзі көрсетіледі.

Баланстан қанша қаражат активке салынатынын және қандай пассивтен кәсіпорын қаржыландырылатынын  көрсетеді.

Активтерге мына статьялар кіреді:

  • касса (немесе қолда бар ақша);
  • есеп айыру шоты;
  • банкідегі басқа шоттар;
  • құнды қағаздар;
  • тауар-материалдық қорлар;
  • негізгі капитал;
  • материал емес активтер.

Пассив екі бөлімнен тұрады:

  • қарызға алынған қаржылар:
    • қысқа мерзімді несиелер;
    • қысқа мерзімді бережақтар статьялары;
    • ұзақ мерзімді қарызға алынған капитал.
  • кәсіпорынның өз қаражаттары:
    • акционерлік капитал (уставный);
    • резервтер және қорлар;
    • жинақталған пайда.

Актив пен пассивтің жалпы балансы – аса маңызды қаржылық құжат. Ол ішкі мұқтаждыққа пайдаланылса, сыртқы агенттер оны зерттеп, кәсіпорынның жағдайын біледі.

2.5. Кіріс құжаттары

  Кіріс құжаты – бұл пернетақтадан түскен сигналдар, мәліметтер, құжаттар түрінде түскен ақпарат және ақпараттық жүйелердің функцияларын орындау үшін қажет.

Кіріс құжаттары және олардың негізінде алынған файлдар өз кезегінде шапшаң және шартты – тұрақты болып бөлінеді, бұл жерде материалдық, еңбектік, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер және барлық керекті мәліметтер көрсетілген.

Қайта өңдеуге түсетін ақпарат бақылаудан өтуі қажет. Ең аз қажет етілетін бақылау пайдаланушының визуалды бақылауы болып табылады, сонымен қатар ақпаратты пакетке енгізу кезінде бағдарламалық бақылау қарастырылған. Есепті шешу кезінде қосымша әдістер мен бақылау формалары қарастырылуы қажет.

 

Кіріс құжат 

Ақпарат көзі

Идентификаторы              АтыҰсыну түрі
 

PK

 

Пайдалылық көрсеткіштер

құжат 

Банк

 

 

BK

Белсенділікті анықтайтын  көрсеткіштер 

құжат

Кәсіпорын

капиталы

 

KOK

Қаржы орнықтылығы көрсеткіштеріқұжатҚаржы-шаруашылық қызметтері

 

 

DKAK

Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициентіқұжатКәсіпорын

капиталы

 

«Пайдалылық көрсеткіштер» кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі

 

Құжат аты: Пайдалылық көрсеткіштер
 

Идентификаторы

 

Көрсеткіштер
реквизит белгі Реквизит негіз
Kas.paidaКәсіпорын қолындағы пайда5
Active molsheriЖалпы актив мөлшері10
tusimӨнім өндіру түсімі12
rentableРентабелділік7

 

«Белсенділікті анықтайтын  көрсеткіштер» кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі

 

Құжат аты: Белсенділікті анықтайтын  көрсеткіштер
 

Идентификаторы

 

Көрсеткіштер
реквизит белгі Реквизит негіз
Zhil basiЖыл басындағы коэффициент6
Zhil soniЖыл аяғындағы коэффициент7
Ai saniТалдау кезеңіндегі ай саны12

 

«Қаржы орнықтылығы көрсеткіштері»  кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі

 

Құжат аты: Қаржы орнықтылығы көрсеткіштері
 

Идентификаторы

 

Көрсеткіштер
реквизит белгі Реквизит негіз
Zhil basi tur.koefЖыл басындағы тұрақтылық коэффициенті5
Zhil soni tur.koefЖыл аяғындағы тұрақтылық коэффициенті10
activeАктив саны10

 

«Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті» кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі

 

 

Құжат аты: Дебиторлық қарыздардың айналым коэффициенті

 

Идентификаторы

 

Көрсеткіштер
реквизит белгі Реквизит негіз
Ort.debОрташа дебиторлық борыш5
activeАғымдағы актив10
merzimУақыты360

 

 

 

 

Шығыс құжаттары

 

Шығыс құжаты – бұл басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне берілетін құжаттар, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат.

 

 

Шығыс құжатАқпараттың берілуі
ИдентификаторыАтыҰсыну түрі
BBEБухгалтерлік

баланс есебі

құжатБухгалтер
KShKNҚаржы-шаруашылық қызметтерінің нәтижелері туралы есеп

 

құжат 

Финансист – менеджер

 

«Бухгалтерлік  баланс есебі» шығыс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі

 

Құжат аты: Бухгалтерлік баланс есебі
Идентификаторы

 

Көрсеткіштер
реквизит белгі Реквизит негіз
activАктив көрсеткіші10
passivПассив көрсеткіші10
yearУақыты15

 

«Қаржы-шаруашылық қызметтерінің нәтижелері туралы есеп» шығыс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі

 

Құжат аты: Қаржы-шаруашылық қызметтерінің нәтижелері туралы есеп

 

Белгіленуі

 

Көрсеткіштер
реквизит белгі Реквизит негіз
paidaПайда көрсеткіші3
ziyanЗиян көрсеткіші3
merzimМерзімі12

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қандай болмасын ақпараттық жүйенің мақсаты ақпаратты жүйені тұрғызудың әдісіне, техникалық базасына, байланыс ұстап тұратын ақпараттарына, қолдану саласына байланыссыз кез келген уақытта нақты, толық ақпарат ұсыну болып табылады. Осыған сәйкес, ұсынылып отырған ақпарат жүйесін тұрғызудағы мақсат – кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, баланс өнімділігін талдау, банкроттық ұшыраудың мүмкіндігін бағалау операцияларын, сонымен қатар осыған байланысты қажетті ақпаратты беру, жинау, сақтау, іздеу операцияларын автоматтандыру болып табылады.

Бұл курстық жұмыстың ақпараттық жүйесін тұрғызудағы мақсатым – ақпарат қорларының өзара тиімді әсерлесуін өзгертпей біріктіру болып табылады.

Қазіргі таңда кез келген кәсіпорынды,  бірлестікті және  мемлекеттік органдарды автоматтандыру ісі бірінші кезектегі мәселеге айналып отыр. Ол шет елдерде қызмет еткенмен біздің елде енді-енді енгізіліп жатыр. Оның бір көрінісі Президенттің өзі де мемлекеттік органдарды автоматтандыруды  айтып отыр. Соның ішіне 2008 жылға дейін электронды үкімет құру мәселесі де бар. Егер де біз экономика салаларының барлығында автоматтандырылған жұмыс орнын құратын болсақ біз тек қана жылдам қызметке қол жеткізіп қоймаймыз, сондай-ақ электронды үкіметтің құрылуы да тез іске асатын болады.

Осы курстық жұмысымдағы ақпарат жүйесін тұрғызған кәсіпорынның қаржылық жағдайын  талдайтын әдістер мен  әдістемелер іске асатын болса, кәсіпорындардың  қаржылық сенімділігі бойынша құралған тізімін БАҚ беттерінен ай сайын, тоқсан сайын, жарты жыл сайын, жыл сайын көріп тұрамыз деген үміттемін.

Сайып келгенде, курстық жұмысымда тақырып бойынша қарастырылып отырған мәселелердің әмбебаптылығы, үнемділігі, барынша көп сервисті пайдаланушыға арналған түсініліктің және қол жетерліктің, сонымен қатар есеп комплексінің ақпараттық технологияларын әрі қарай жетілдіруі анық көрсетілген деп ойлаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1. Мақыш С.Б. “Коммерциялық банк операциялары” Алматы 2002 ж.
  2. Смирнова Т. и др. “Проектирование экономических информационных систем ”.
  3. Стороженко Л.А., Матвеева И.А. Информационно-ком­пьютерные системы учета в Республике Казахстан./ Сборник статей “Информационные системы в экономике”. – Алматы: Экономика – 1997 г. – с.87-93.
  4. Қ.С. Байшоланова Ақпараттық жүйелер теориясы, Алматы: Экономика -2002ж.
  5. Н.Б.Бралиева, Қ.С.Байшоланова, Н.Л.Гагарина “Экономикадағы ақпараттық жүйелері”. Оқу құралы. Алматы, 2001 ж.
  6. Н.Б.Бралиева, Л.А.Байбөлекова, Қ.Т.Балашов “Ақпараттық менеджмент негіздері”. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2000 ж.
  7. Н.Б.Бралиева, В.Ф.Тимошенко, Н.Л.Гагарина “Информационные системы бизнеса”. Алматы, 1994 ж.
  8. Бралиева Н.Б., Куличихин А.А. “Информационные аспекты создания и функционирования автоматизированных информационных систем”.
  9. “Информационные системы в экономике”. Учебник под редакцией Дика В.В., Москва, 1999 ж.
  10. Төлегенов Е.Т. “Бухгалтерлік ақпарат жүйелері”. Оқу құралы Экономика 2001 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету