Кәсіпорынның өндірістік шығындары есебінің ақпараттық жүйесі
Тақырыбы: Кәсіпорынның өндірістік шығындары есебінің ақпараттық жүйесі
Мазмұны:
Кіріспе…………………………………………………………………………………..3
- Курстық жұмыс мақсаты…………………………………………………3
- Курстық жұмыс құрылымы……………………………………………..4
- Негізгі бөлім
- Қолдану саласына жалпы сипаттама…………………………………5
- Ақпараттық жүйені тұрғызу мақсаты………………………………..9
- Тұрғызылған ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар…….10
- Ақпараттық жүйенің концептуалды сызбасы…………………..18
- Ақпараттық жүйені жобалау
- Мәселе қойылымы…………………………………………………..21
- Кіріс ақпарат…………………………………………………………..23
- Шығыс ақпарат……………………………………………………….25
- Қорытынды………………………………………………………..28
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………29
Кіріспе
Қазіргі жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорын қызметінің тиімділігін тұрақтандыру және көтеру эканомиканың басты міндеті болып отыр. Осыған байланысты, кәсіпорын қызметінің көлемдік сипаты, өндіріс шығынын және тиімділігін анықтау әдісі эканомиканы басқарудың түрлі дәрежесіндегі менеджер мен эканомист жұмысының негізгі мағынасы болуы тиіс. Ақпарат – қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстардың бір түрінің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие. Бұған дәлел ретінде Республика Парламентінің «Қазақстан Республикасының ақпараттандыру заңын» қабылдағанын жатқызуға болады.
Курстық жұмысымның тақырыбы – Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік «Асем-айдың» өндірістік шығын жағдайын талдаудың ақпараттық жүйесі.
Курстық жұмыстың мақсаты
Тақырыбымның атына сәйкес белгілі кәсіпорынның өндірістік шығын жағдайының мәнін ашып көрсету, кәсіпорынның шығын жағдайын анықтаудың мүмкін болатын жолдарынның ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Өндірістік факторларды пайдалану ең алдымен өндірістік шығындарды есепке алумен тікелей байланысты.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
- Кәсіпорын ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;
- ЖШС «Асем-айдың» өндірістік шығын есебінің ақпараттық жүйесін (АЖ) құрудың мақсатын анықтау;
- ЖШС «Асем-айдың» өндірістік шығын есебін талдаудың ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және оны қолданудың мүмкін аумақтарын анықтау;
Курстық жұмысымның құрылымы .
Жалпы курстық жұмыс үш тарау кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші тарауында, теориялық бөлімінде, пәндік облыстағы сипаттамасы берілген, яғни кәсіпорынның өндірістік шығын жүйесінің түсінігі кіргізіледі. «Асем-ай» ЖШС-ның зерттелетін объектісі ретінде сипаттамасы, оның ұйымдық құрылымы берілген. Бұл бөлімде өндірістік шығындарды есепке алудың ақпарат жүйесінің бағыты және оны құру мақсаты негізделген, ақпарат жүйесінің құрылымының талаптары анықталған, ақпарат жүйесінің ресурстарының талаптары қалыптастырылған: ақпараттық, программалық, техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру, ақпаратты қорғау талаптары, ақпарат жүйесінің қаржылық тәуекелділігін болжаудың концептуалды сызбасы жасалған.
Негізгі бөлім деп аталған екінші тарауда, осы ақпарат жүйесі бойынша жасалған жобалық шешімдер қарастырылған.
Бұл бөлімде кіріс және шығыс ақпараты берілген. Міндеттеме қаулысынан кейін машина сыртындағы ақпараттық база сипатталған. Машинадан тыс ақпараттық базасында кодтау жүйесі және сыныптауда қолданылытын ақпараттық модель қарастырылған. Машина ішіндегі міндеттер кешенін тарату әр қайсысы сәйкесінше кестелерде келтірілген құрылымдық сипаттамалық мәліметтер базасының тізімі берілген. Бұл бөлімде ақпарат жүйесіне математикалық, программалық қамтамасыздандыруына сипаттама берілген.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде ақпарат жүйесін құру шығындарын бағалау есептеледі.
- Негізгі бөлім
1.1 Қолдану саласына жалпы сипаттама
Кәсіпорын шығындары есебінің жалпы сипаттамасы
Кәсіпорын шығындары — өнім өндіру және оны сату мақсатында пайдаланылатын өндірістік факторлардың ақшалай көрінісі.
Нарықтық экономикадағы шығындар:
- Айқын (бухгалтерлік);
- Жүктеме (арттыру);
- Қайтпайтын шығындар болып бөлінеді.
Жалақы төлеуге, өнімдерді сатуға және өндірісті одан әрі дамыту қажетіне жұмсалған шығындар кәсіпорынның айқын шығындары деп аталады, қаржылық есеп беру негізінде есептелінетін болғандықтан, оларды бухгалтерлік шығындар деп те атайды. Барлық айқын шығындардың жиынтығы өнімнің өзіндік құнын құрайды, ал өнімнің өзіндік құны мен тауароларды сату бағаларының арасындағы айырма пайда болып есептелінеді.
Қандай да бір өндіріс факторын пайдалануға, өлшемдерге, оларды баламалы пайдалануды жақсартуға жасалған шығындар жүктеу шығындары деп аталады.
Қайтпайтын шығындарға орны қайта толтырылмайтын шығындар жатады.
Өндірістік шығындарды тұрақты және өзгермелі деп те бөледі.
Тұрақты шығындар — өндірістік факторларды пайдалануға байланысты тікелей шығындар.
- Кәсіпорынның штаттық жұмысшыларының жалақылары;
- Үй – жай жалдауға жұмсалатын шығындар.
Ал өзгермелі шығындар өнімдерді өндіру процесінде оның көлеміне байланысты өзгеріп отырады.
Бұған:
- Жұмысшылардың еңбекақы төлемдері;
- Материалдық өнімдер мен қызметтер құрамы;
- Энергия, отын;
- Басқа да жұмсалған шығындар жатады.
Тұрақты және өзгермелі шығындар кәсіпорынның іс — әрекеттерінің уақыт аралықтарына қарай қысқа және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді.
Қысқа мерзімді өндіріс шығындары кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын өзгерте алмайды. Бұл тек материалдық және еңбек қорларын арттырады немесе төмендетеді, сондай-ақ өнім шығындары көлемін соншалықты шамада өзгертеді.Осы кезеңде шығарылған өнім өзгермелі шығынға байланысты болады, тұрақтышығынның шамасы сол қалпында қалады.
Ұзақ мерзімді кезеңдерде кәсіпорынның барлық өндірістік қуатын пайдаланудың маңызы зор.
Тұрақты(ҒС) және өзгермелі шығындар(VC) сомасы жалпы немесе барлық шығындарды көрсетеді және ол былайша белгіленеді:
ТС=ҒС+VC (1 –кесте )
Өнім өндіруде өнімді бір өлшемге арттыруға байланысты, қосымша шығындар шекті шығындар деп аталады.
Mc=∆VC∕∆Q
Q — өнім өндірудің арту көлемі;
Орташа шығындар — өндірілген бір өнім өлшеміне кеткен шығындар.
Оның үш түрі бар:
- Жалпы орташа;
- Орташа тұрақты;
- Орташа өзгермелі.
Жалпы орташа шығындар өзіне шығарылған өнім көлеміндегі жалпы шығындардың жекелеген бөліктерін сипаттайды:
АТС =SOP∕Q
Орташа тұрақты шығындар (АҒС):
АҒС=FC/Q
Орташа өзгермелі шығындар(АVC):
AVC=VC/Q
1 –кесте. Шығындар құрамы
Өнім көлемі Q | Шығындар | ||||||
Тұрақты
ҒС |
Өзгермелі
VC |
Жалпы
ТС |
Шекті
МС |
Орташа
Тұрақты АҒС |
Орташа
өзгермелі АVC |
Жалпы
Орташа АТС |
|
0 | 100 | 0 | 100 | — | — | — | — |
1 | 100 | 75 | 175 | 75 | 100 | 75 | 175 |
2 | 100 | 110 | 210 | 35 | 50 | 55 | 105 |
3 | 100 | 130 | 230 | 20 | 33.3 | 43 | 76.6 |
4 | 100 | 160 | 260 | 30 | 25 | 40 | 65 |
5 | 100 | 210 | 31 | 50 | 20 | 42 | 62 |
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар мына төмендегі элементтерге тоқталады:
- Материалдық шығындар;
- Жалақы шығындары;
- әлеуметтік жеткіліктерді өтеу аударымдары;
- негізгі қордың амортизациясы;
- басқа да шығындар.
Материалдық шығындарға жататындары:
- кәсіпорын иелігіндегі өнімдерді дайындау құрамына кіретін немесе техналолиялық процесті қамтамасыз ететін және буып –түю үшін дайындалатын шикізаттар мен материалдар;
- сатып алынған,қосымша өңдеуге және монтажға ұшыраған комплекті бұйымдар мен жартылай фабрикаттар;
- соның иелігіндегі барлық отынның түрлері;
- сатып алынған энергияның барлық түрлері.
Жалақы шығындары:
- кәсіпорынның өнеркәсіптік өндірістік қызметкерлерінің жалақысы;
- жұмысшылар мен қызметкерлерге өндірістің тиімділігі есебінен берілетін сыйлықтар;
- ынталандыру немесе өтемақы төлемдері;
- заттай түрінде берілген өнімдердің құны;
- жұмысшыларғы келісім –шарттардың орындалу қорытындылары бойынша берілетін төлемақы;
- басқа да төлемдер.
Әлеуметтік қажеттіліктер аударымы:
- зейнетақы қорына;
- әлеуметтік сақтандыру қорына;
- халықты жұмыспен қамту қорына;
- медициналық сақтандыру қорына аударылатын қаржылар жатады.
Негізгі қордың амортизациясы есебіне: негізгі өндірістік қорларды толық қалпана келтірудегі амортизациялық аударымдардың сомасы жатады.
Басқа да шығындар құрамына:
- салықтар;
- алымдар;
- арнайы бюджеттен тыс қорларға аударымдар;
- жалға төлеу;
- мүлікті міндетті сақтандыру;
- ластанған заттарды шығарып тастауға байланысты мөлшері шектелген төлемдер кіреді.
Көмекші өндіріс:
- кәсіпорынның жөндеу жұмыстарын;
- кәсіпорынның электр энергиясын;
- көлік;
- қойма;
- басқа да көмекші шаруашылық түрлерін қамтиды.
«Асем-ай» ЖШС – і туралы деректер
Менің курстық жұмысымда қарастырып отырған кәсіпорным «Асем-ай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
«Асем-ай» ЖШС минералды сусын зауыты Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш қаласында 1993 жылы наурыз айында Әділет министірлігінде тіркелді. Бір немесе бірнеше тұлғалармен құрылған серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Оның жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленетін үлестерге бөледі. Серіктестік өз қызметін ірі бизнестің субъектісі ретінде жүзеге асырады.
«Асем-ай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ірі бизнестің субъектісі болып табылады, яғни кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы,жұмыскерлердің орташа саны 250 адам, бір жылғы активтерінің құны айлық есептік көрсеткішінің 325 мың есесі болады.
«Асем-ай» ЖШС түрінде, енді «серіктестік» деп аталатын, өзін-өзі қаржыландыру толық шаруашылық есеп принципінде қызмет етеді және заңды тұлға болып табылады. Оның жеке балансы, Қазақстан банктерінде жеке шоты өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртабаны бар, ол банктерден қарыз алуға, сондай-ақ Жарғыға сәйкес Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлғаларға рұқсат етілген басқа да операцияларды жүзеге асыра алады.серіктестік мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Құркелес ауылдық округі, Мичурин бөлімшесінде орналасқан.
«Асем-ай» ЖШС Қазақстанда пластикалық ыдыстарда минералды су өндірушілердің алғашқылардың бірі болып табылады. Алғашқыда кәсіпорында 12 жұмысшы мен 1 цех жұмыс жасады, 6 жылдан кейін кәсіпорындағы штаттық жұмысшылар саны 342 адамға жетті. Пайдалануға №2 ; 3 цехтар берілді, мұздатқыштар-компрессорлар іске қосылды. Бүгінгі таңда кәсіпорын екі скважинаға иелік етеді, ол скважинаның біреуінің ерекшелігі құрамында 100мгкдм 3 йод бар, яғни адам организміне деген иод тапшылығын қамтамасыз етуге көмектеседі.
Кәсіпорын негізгі қызметі минералды сусындар өндіру болып табылады. Олардың кең тараған негізгі екі түрі: әр түрлі көлемді ыдыстағы газдалған және газдалмаған «Сарыағаш» минералды сулары. Сарыағаш минералды сулары1,5л ; 1л ; 0,5л пластик мөлдір ыдыстарда өндіріледі.
Кәсіпорында негізгі бір зауыт бар. Ол зауыттың құрылымы төмендегідей:
- Негізгі технологиялық цехтар:
- №1 ,2 ,3 ,4 , цехтар кешенді құн қондырғысы;
- Пластик ыдыстарды жасау бойынша цех;
- минералды суды салқындататын цех;
- Көмекші цехтар:
- Тауарлы шикізаттық цех;
- Электроцех;
- Зауыттық лаборотория;
- Ауамен қамтамасыз ету үшін ауа компрессоры;
- Жалпы зауыттық шаруашылықтар:
- Әскериленген ведомствалық күзет;
- Тауарлы-көліктік басқару;
- Өрттен құтқарушы топ;
- Материалды ресурстарды басқару бөлімі;
Кәсіпорында қызметкерлер үшін толық және өнімді еңбек етуі үшін жағдайлар жасалынған- асхана жұмыс істейді, медпункт қалыпты қызмет етеді.
Құйылып жатқан минералды судың күнделікті санитарлық-химиялық және микробиологиялық бақылауын ҚР стандарттау, метрология және сертификаттау комитетімен аттестацияланған өндірістік лабаратория жүргізеді КФОАО «НацЭкС» 3.09.2004 ж.
Кәсіпорын қызметтеріне сәйкес
қолданатын заңдар
Қазақстан Республикасында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді реттейтін негізгі заңдық актілер тізбесі:
- «ҚР Агентігінің ЖШС-ті қолдау мәселелері жөніндегі» ҚР Үкіметінің қаулысы. 26.04.99 ж. № 475
- «Кәсіпорын мәселелері жөніндегі » ҚР Үкіметінің қаулысы. 08.04.97 ж. № 499
- «Кәсіпорынды және кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы ». ҚР Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы Жарлығы.
Жүйені тұрғызу барысында құқықтық құжаттарға: тапсырушы мен атқарушының келісім-шарты, жүйені тұрғызушылар арасындағы құжаттар кіреді. Ал, жобаны енгізу кезінде оған мынадай құжаттар жатады: жасалып жатқан жүйе деңгейінің мінездемесі, ақпарат жүйесі бөлімдерінің құқығы, ақпаратты өңдеудегі жеке құжаттардың құқықтық орындамасы, техникалық құралдарды қолдану кезіндегі қолданушылардың құқықтық қатынасы.
- Ақпараттық жүйені тұрғызу мақсаты
ЖШС «Асем-айдың» өндірістік шығын есебін талдаудың
АЖ-сін құрудың мақсаты
Кез келген АЖ-ның мақсаты, оның қолданылу аумағынан құрудың әдістерінен, техникалық базадан, байланысты қолдау аппаратынан тәуелсіз түрде толық, сенімділікті және өз уақытында ақпаратты беру.
ЖШС «Асем-айдың» өндірістік шығын жағдайын талдаудың АЖ-сін құрудың негізгі мақсаты – кәсіпорынның әрбір бөлімшесі бойынша шығын есебі жайлы ақпаратты беру мен іздеудің, өңдеуді, сақтауды, жинауды автоматтандыру болып табылады.
ЭАЖ-ні құрудың негізгі мақсатымен сәйкес АЖ-нің міндеттері мыналар болып табылады:
- тұтынушыға қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлерінің еңбегінің оперативті жұмысы мен өнімділігі;
- жеткізілетін мәліметтердің сенімділігі;
- тұтынушы сұраныстарымен сәйкестікте бөлімшелер жөнінде мәліметтерді алудың оперативтілігі;
- берілетін ақпараттың қорғалуы мен сенімділігі бойынша талаптардың барлық кешенін орындау.
ЖШС «Асем-айдың» шығын есебін талдаудың АЖ-нің міндеті болып шығын есебін беру не бақылау, қалыптастыру бойынша кәсіпорын жұмысын автоматтандыру болып табылады, нақты алсақ: сұраныстар бойынша шығын есебі жөніндегі ақпараттарды беру.
- Тұрғызылған ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар
ЖШС «Асем-айдың» өндірістік шығын есебін талдаудың
АЖ-сіне қойылатын талаптар
Ақпараттық жүйе (АЖ) – бұл қолданушыларға олардың сұраныстарына сәйкес түрде ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу және жеткізу үшін арналған. АЖ бағдарламалық құралдар кешенінен шешілетін есептерді өзіне қосады. Қолданушы үшін жүйе ыңғайлы және жақсы интерфейске және санкцияланбаған әрекеттерден қорғауға ие болуы қажет.
АЖ құрылымы – бұл ішкі жазықтық-уақыттық байланыстардың тұрақты тәртібі және элементтер мен ішкі жүйе бөлімдерінің арасындағы қатынасы, ішкі жүйенің атқаратын қызметтердің анықталуы және сыртқы ортамен өзара байланысы.
АЖ жабдықтаушы және функционалды бөлімдерден тұрады. Жабдықтаушы бөлімі – бұл есептердің және есептер комплексінің немесе ішкі жүйелерінің жиынтығы, бұл басқарудың маңызды бөлігін құрайды.
Есеп – бұл автоматтандырылған функциялардың бөлігі, ақырғы немесе орта аралық қорытындының нақты формада көрсетілуі (құжат, хабарлама және т.б.).
Ақпараттық қамтамасыздандыру мінездемесі
Элементтері | Мінездеме |
Ақпараттық технология | Барлық ақпараттар МБ түрінде сақталады |
МБ түрі | Реляционды |
Жіктеу жүйесі | Иерархиялық, фасеттік кодтау жүйелері |
Кодтау жүйелері | Нөмірленген, реттелген және жүйелі |
Қорғау | Парольдердің жүйесі АЖ-мен жұмыс істегенде, өшіп қалған сәтте, бұрыңғы қалпына келу мүмкіншілігін береді. |
Бағдарламалық қамтамасыздандыру мінездемесі
Түрі | Мінездеме |
Жалпы | Операциялық жүйе: Microsoft Windows ХР, Office XP |
Арнайы | Borland Delphi 7.0 |
Техникалық қамтамасыздандыру мінездемесі
Техникалық құрал атауы
|
Физикалық модуль | Мінездеме |
ДЭЕМ – Intel Pentium 4 | Материнская плата
Процессор ОЗУ Video card Монитор Клавиатура Мышь |
ATX Pentium 4
Intel, 1800 MHz 256 Mb 64 Mb SVGA, 1280×1024 102 клавишті 2 кнопкалық |
Принтер | Принтер | HP LaserJet 1100 |
Сканер | Сканер | HP Sсan Jet 3200 C |
ЖШС «Асем-айдың» өндірістік шығын есебін талдаудың
құрылымына қойылатын талаптар
— жүйешіктердің функционалдық міндеті мен олардың сыртқы ортамен өзара әрекетін анықтайтын, оның жеке жүйешіктері мен элементтері арасындағы қатынастар мен ішкі кеңістіктік – уақыттық байланыстардың салыстырмалы орнықты реті.
Есептер тізімі, олардың міндеті, кіріс және шығыс ақпарат, сондай-ақ, қолданушы төмендегі кестеде келтірілген:
АЖ-нің ресурстарына қойылатын талаптар
Ақпараттық ресурстар деп – материалдық ресурстар ретінде жүретін және қандай да бір форма үшін құндылықты білдіретін, мәліметтердің жиынтығын атайды. Оларға сыртқы жадыда сақталатын мәліметтердің негізгі және көмекші масивтері, және кірістік құжаттар жатады.
Ақпараттық ресурстар жүйені тұрғызуға қажетті материалдық шикізат.
Автоматтық тәртіпте жүйені қалыптастыру үшін жүйенің қамтамсыз ету бөлігі қажет, ол мына ресурстардан тұрады – техникалық жабдықтаудан, математикалық жабдықтаудан, программалық ақпараттық және ұйымдастырушы жабдықтаудан.
Программалық және математикалық жабдықтау машиналық программалар жиынтығын, алгоритмдерді, экономика-математикалық әдістерді және модельдерді қосады.
Ақпараттық жабдықтау ақпараттық ресурстарды құрайды (кіру, уақытаралық және шығу тапсырмалары), олардың ену құралдары.
Ұйымдастырушы жабдықтау АЖ жоспарлау әдісі және құралы ұйымдастырушы жабдықтауға кіреді.
Өңделетін жүйеге келесі талаптар қойылуы қажет:
- ЭАЖ функциялық мүмкіндіктері лизинг мамандары дайындайтын негізгі операцияларды автоматты режимде орындау;
- Жүйелік программалық жабдықтау нақты уақытта жұмысқа еркіндік беру және кіру/шығу, оқу, жазу, баспаға шығару операцияларын жүргізуге мүмкіндік беруі;
- Қосымша программалы құралдар мәліметтер базасымен байланысты қамтамасыз ету керек;
- ЭАЖ басқару оңай және көрсетілмелі болуы қажет;
- Жүйені аппараттық өткізу қолайлы арзан болу керек;
Жоғарыдағы талаптарды жүзеге асыру қарапайым және тиімді автоматты жүйе құруға септігін тигізеді. Бұл жүйе кәсіпорынның еңбек өнімділігін арттыруға,бөлшек сауда бөлімінің өткізу мүмкіндігін жоғарылатуға, клиенттерге қызмет көрсету сапасын жоғарылатады.
Ақпараттық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
Басқару үрдісі ақпаратты пайдаланусыз мүмкін болмағандықтан, АЖ-де ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру әсіресе маңызды.
Ақпараттық қамтамасыздандыру(АҚ) болып автоматтандырылған жүйеде пайдаланылатын, ақпарат массивтерінің және құжаттаманың үйлестірілген жүйелерінің, экономикалық ақпаратты кодтау және жіктеудің ортақ жүйесінің жиынтығы табылады.
АҚ-дің негізгі міндеті ақпаратты жинауда, сақтауда, ақпараттық базаға өзгерістер енгізуде, басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін шығыстық ақпаратты беруде құралады.
Ал олар өз кезегінде өзіне төмендегілерді қосады:
- ақпараттың сандық және сапалық сипаттамалары;
- ақпараттың құрамы қандай;
- ақпаратты іздеу уақытының азаюы;
Ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың принциптері және құрылымы, АЖ-нің есептер орналымымымен сәйкес түрде келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
- мәліметтер базасының барлық элементтеріне жататын құрылым деңгейінен тәуелсіз түрде оңай қол жеткізу;
- мәліметтер базасын ұйымдастырудың алгоритмнің функционалдық міндетінен тәуелсіздіктері;
- басқару жүйесінің барлық функцияларын жүзеге асыру үшін ақпараттың жеткіліктіктері;
- ақпаратты сақтаудың кедергілерден қорғалғандығы мен сенімділіктері.
Ақпаратпен жабдықтау–бұл АЖ-дағы қолданылатын экономикалық ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің біріңғай жүйелері мен құжаттардың және ақпарат массивтердің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі болып табылады. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне – ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қоймасына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығатын ақпаратты беру жатады.
Ақпарат қоймасы – бұл АЖ-ны жұмыс істеуде қолданылатын реттелген ақпараттың бірігуі.
Машинадан тыс ақпарат қоймасы – АЖ-ны жұмыс істетуде қолданылатын құжаттар мен белгілердің, мәлімдемелердің бірігуін бейнелеп, есептеу техникасынсыз (ЕТ) адамға түсінікті болатын ақпарат қоймасының бір бөлігі. Машинадан тыс ақпарат қоймасына жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мөлшерлік-анықтама құжаттар, жедел ақпарат жатады. Жіктеу мен шартты белгілеу жүйелері мәліметтерді бірмәнді жазып, ақпаратты есептеу желісінің жадында тиімді іздеп және белгілеу үшін қолданылады.
Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыруға
қойылатын талаптар
АЖ-нің қызмет етуі мен құрудың маңызды шарты ұйымдастыру-шылық қамтамасыз ету болып табылады.
Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру – ақпараттық жүйенің қызметкерлерінің қызметін оның қызмет ету объектті басқарудың қолда бар жүйесін талдау және оның тиімділігін өсірудің бағыттарын қалыптастыру. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол АЖ-ны тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай ақ жүйе қызматін реттейтін заңдық актілерді қамтиды.
Ұйымдастырумен жабдықтау АЖ-ны тиімді жұмыс істеу үшін өте қажет. Бұл дегеніміз, нақты объектіні басқарудағы экономикалық негізге сүйенген шешімдердің сапасын және жеделдігін арттыру үшін экономика-математикалық әдістер мен үлгілерді, қазіргі заманғы есептеу техникасын, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өте маңызды екенін білдіреді. Жалпы ұйымдастырумен жабдықтаудың мақсаты, жүйені тұрғызу мен әрі қарайғы қолданудың ұйымдастыру-құқықтық негізін қалыптастыру. Оған АЖ-ның функционалдық және жабдықтау бөлімдерінің ұтымды құрылымын таңдау мен дайындауды, сондай-ақ жобалау жұмыстарының жүргізілуін, оның ендірілуін, таңдауды анықтайтын әдістер мен жабдықтар және құжаттар жатады.
Техникалық қамтамасыздандыруға
қойылатын талаптар
Техникалық қамтамасыздандыру (ТҚ) деп автоматтандырылған АЖ-нің жұмысын қамтамасыз етуге арналған, техникалық құралдар кешені (ТҚК) аталады.
АЖ-ні техникалық қамтамасыз ету келесі талаптарды қанағаттан-дыруы қажет:
- өнімділік, сенімділік және функционалдық мүмкіндіктер АЖ-нің берілген есептік және ақпараттық есептерін автоматтандырылып шешілуін қамтамасыз етуі тиіс;
- жүйе конфигурациясын жүйенің әрекет етуін бұзусыз, оған ақпараттандырудың (автоматтандырудың) АРМ-дің, ДЭЕМ-дың және тағы басқаларын жаңа объектілерін қосудың есебінен өзгертуді жіберу;
- жүйенің дамуының деңгейі бойынша оның конфигурациясын кеңейтуге (өзгертуге) мүмкіндік беретін, құрудың агрегатты принципіне ие болу;
- есептеуіш техникасының құралдарына техниканың қызмет көрсетуі мен бағдарламалық қамтамасыз етуді, құрастыруды қарапайымдандыратын, мүмкіндігінше бір типті және сериялап шығарылатын, құрылғылар мен кешендер кіруі қажет.
Техникалық және бағдарламалық құралдардың құрамы мынадай болуы керек:
- мәліметтерге туынды қол жеткізуді, өңдеу үрдісін максималды автоматтандыруды, ТҚК-нің жеке элементтерінің ретінен шығудағы жүйедегі айналатын (сақталатын) ақпараттық сақталуын (қалпына келтірілуін) қамтамасыз ету;
- керекті жерде өңделетін ақпараттық құпиялылығын қамтамасыз ету.
Бағдарламалық қамтамасыздандыруға
қойылатын талаптар
Бағдарламалық қамтамасыздандыру (БҚ) – АЖ-нің техникалық құралдар кешенінің әрекет етуін қамтамасыз ететін, есептер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін бағдарламалардың жиынтығы.
БҚ-ге қойылатын жалпы талаптар мына түрде қалыптасады:
— түрлі есте сақтаушы құрылғылар мен сыртқы тасымалдаушыларға кітапханаларды ұйымдастырудың дамыған құралдарын пайдаланудың мүмкіндіктері;
- қажеттіктің мөлшері бойынша қызметкерлердің ЭЕМ-мен тіл табысудың мүмкіндіктері;
- МБ-да ақпаратқа ыңғайлы және жылдам қол жеткізуді жүргізудің мүмкіндігі;
- Ақпаратты кодтаудың бір мәнділігі.
Ақпараттық жүйеде айналатын, барлық бөлімшелер жөніндегі ақпараттың үлкен көлемдерінің салдарынан пайдаланылатын бағдарламалық құралдар келесі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
- Операционды жүйе – Microsoft Windows, Server, Workstation.
- Өңдеудің ортасы – Delphi.
Математикалық қамтамасыздандыруға
қойылатын талаптар
Математикалық қамтамасыздандыру – бұл ақпаратты өңдеудің математикалық әдістерінің, модельдер мен алгоритмдердің жиынтығы. «Қаржылық операцияларды жүргізудің» АЖ-нің математикалық қамтамасыздандырылуы нақты есептерді шығаруға және оның дұрыстығын бақылауға тиімді программаны дайындауға мүмкіндік береді,осы есептерді шешу үрдісінде ДЭЕМ жұмысын басқару және оның жұмысының дұрыстығын бақылау тиіс.
«кәсіпорынның шығын есебінің операцияларын жүргізудің» АЖ-нің математикалық қамтамасыздандырылуы мыналарды қосуы тиіс:
- ақпаратты өңдеу мен жинаудың алгоритмдері, типтік және құрастырылатын әдістемелер (сонымен қатар, ЭЕМ-да мәліметтерді енгізуді, сенімділікті бақылауды);
- мәліметтерді іздеу мен сұрыптаудың алгоритмдері, шығыстық құжаттарды қалыптастыру және көрсету (экранға және баспа).
АЖ-нің математикалық қамтамасыздандыруына қойылатын жалпы талаптар болып мыналар табылады:
- аса тәжірибелі математикалық әдістермен алгоритмдерді пайдалану;
- қолданбалы бағдарламалар пакеттермен берілетін, типтік әдістерді, алгоритмдерді, модельдер мен мүмкіндіктерді максималды пайдалану;
- пайдаланылатын математикалық әдістер техникалық және бағдарламалық құралдардың мүмкіндіктерін ескеруі қажет, орын алатын жадының көлемі мен шешу уақыты бойынша минималды мәндерге ие болуы тиіс;
- алгоритмдерді көрсетудің кез келген пішімі рұқсат етіледі: формулалық, кестелік, блок-схема, сөздік бейнелеу және тағы басқалар.
ЭАЖ математикалық жабдықтауға келесі талаптар қойылады:
1) қолайлы математикалық әдістер мен алгоритмдерді пайдалану;
2) қосымша программалар пакеті беретін үлгі әдістермен алгоритмдерді максималды пайдалану;
3) алгоритмнің кез келген түрі кіргізіледі: формулалық, кестелік, блок-схемалық және т.б;
Математикалық жабдықтау келесі жалпы талаптарға сай келу қажет:
- ақпаратты іздеу нақты кілттерінің мәні жоқ болу қажет;
- қолданылмалы қосымша программалы пакетке енгізілетін стандартты іздеу және есептеу процедураларын максималды пайдалану;
- программаның орындалу жолын бақылауды қамтамасыз ету;
Лингвистикалық қамтамасыздандыруға
қойылатын талаптар
Лингвистикалық қамтамасыздандыру – бұл АЖ-нің әрекетінде есептеуіш техникасының құралдарымен АЖ қызметкерлердің тілдесуінде ақпараттық бірліктерді құру мен сәйкестендірудің, табиғи тілді қалыптастыру үшін тілдік құралдардың жиынтығы.
Лингвистикалық жабдықтауға мыналар жатады:
1) ақпараттық базаның құрылымын бейнелейтін ақпараттық тіл;
2) мәліметтерді басқару және айла-шарғы жасау тілі;
3)Ақпараттық жүйені жобалау және жобалауды автоматтандыру жүйесінің тіл құралдары;
Бағдарламалардың көптеген пакеттері бағдарламалаудың бірдей тіліне ие. Мұны бағдарламалау тілін таңдауда ескеру қажет. Бағдарлама-ларды құру мен жүргізудің қарапайымдылығы болжалуы тиіс. Бағдарла-малармен жұмыс кезінде мәліметтерді орнатуды, ұйымдастыру мен көрсетуді қамтамасыз ететін, мәліметтер анықтамалары мен сөздіктер жүйесі алдын-ала қарастырылуы керек.
- Ақпараттық жүйенің концептуалды сызбасы
Концептуалдық сызба бас әдістемелер кезінде ақпараттық жүйенің жұмыс жасауын және оның құруын көрсетеді.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жобалы құжаттарының өңделуі кезінде жүйенің әр түрлі элементтерінің графикалық суреттелуі маңызды орынға ие болады, мысалы ақпараттық үлгілердің, блок-схемалық алгоритмдердің, ақпаратты өңдеудегі технологиялық процестердің, айналым қүжаттарының, ақпараттардың көптігі және т.б.
Тұтас ақпараттық жүйенің негізгі концептуалды схемасы бүтіндей жүйені құрудың методологиялық аспектілерін көрсетеді және негізгі аспатық құралдарды анықтайды, сонымен қатар функционалдық ішкі жүйелеріне кіретін пәндік салалар. Ал функционалдық ішкі жүйелерінің ролінде ЛЕЖ қолданылуы мүмкін.
ЖШС «Асем-айдың» шығын есебін талдаудың ақпараттық жүйесінің концептуалдық схемасы төмендегі суретте көрсетілген. Ол 2 бөлімнен тұрады: жабдықтау бөлімі және функционалды бөлім.
Ақпараттың жүйенің жабдықтау бөлімі программалық, техникалық, ақпараттық жабдықтаумен берілген. Олар бөлек кестелерде берілген.
Ақпараттық жүйенің функционалдық бөлімде мәліметтер базасынан және кәсіпорынның шығын есебі туралы алынған ақпараттың қалай өңделетіні және қандай құжаттар керек екендігі көрсетілген.
Қамтамасыз етуші бөлікті құрайды: техникалық қамтамасыздандыру (ТҚ), математикалық қамтамасыздандыру (МҚ), бағдарламалық қамтамасыздандыру (БҚ), ақпараттық қамтамасыздандыру (АҚ), лингвистикалық қамтамасыздандыру (ЛҚ) және ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру (ҰҚ).
«Асем-ай» ЖШС –нің шығын есебін талдаудың концептуалды сызбасы
|
|
|
|
|||||||||||||||||||
- Ақпараттық жүйені жобалау
2.1 Мәселенің қойылымы
Өндірістің шығындық құнын есептеп шығару:
Өндірістің шығындық құнын есептеп шығару төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:
- шығын мақсатына, негізгі қордың мазмұнына қөарай есептеу обьектілеріне бөлінеді;
- өндірістің шығындық құны, негіңзгі өндіріске қызмет көрсететін көмекші және қосалқы өндірістерге бөлінеді;
- өндірістік шығынның есептеу обьектісі бойынша жалпы сомасы анықталады;
- өнімдердің өзіндік құны жеке-жеке есептеліп шығарылады;
Өнімнің өзіндік құнын есептеуде мына төмендегі екі бағыт сақталады:
- өзіндік құнының калькуляциясы;
- шығын сметасы.
Өзіндік құнның калькуляциясы — өнімді өндіру мен оны өткізуге, жұмыс пен қызметке жұмсалған шығынның ақшалай мөлшерін анықтау.
Шығын сметасы – шығынның экономикалық белгілері бойынша жасалады, бұл кәсіпорынның өнім өндіруге және оны өткізуге жұмсайтын шығындардың толық жиынтығы.
Рентабельділік немесе тиімділік – неміс тілінен аударғанда пайдалы немесе кірісті деген ұғымды білдіреді. Бұл кәсіпорын жұмысы тиімділігінің көрсеткіші. Ол пайданың негізгі өндірістік қорлар мен мөлшерленетін айналым қаржысының орташа жылдық құнына қатысы арқылы анықталады.
Асем-ай ЖШС кәсіпорнының өндірісіне жұмсалатын шығын калькуляциясының калькуляциялаудың процестік әдісімен жасау керек. Және 24000 бірлік шығару болжанып, әрбір процеске жұмсалатын шығын туралы ақпарат болған жағдайда өніәм бірлігінің өзіндік құнын есептеу керек.
Реттік саны | Өнім өндіруге жұмсалатын шығын түрлері | Шығын сомасы |
1 — процесс | ||
1 | Материалдар | 320000 |
2 | Жалақы | 142000 |
3 | Әлеуметтік сақтандыру аударымы | 28900 |
4 | Жүкқұжат шығындары | 31100 |
2 — процесс | ||
1 | Материалдар | 117200 |
2 | Жалақы | 243000 |
3 | Әлеуметтік сақтандыру аударымы | 45300 |
4 | Жүкқұжат шығындары | 139600 |
3 – процесс | ||
1 | Материалдар | 380400 |
2 | Жалақы | 140850 |
3 | Әлеуметтік сақтандыру аударымы | 31600 |
4 | Жүкқұжат шығындары | 25400 |
Өндіріске жұмсалатын шығын калькуляциясының калькуляциялаудың процестік әдісімен жасау ү.шін процестік калькуляция сызбасын пайдаланамыз.
Процестік калькуляция сызбасы:
Шжал.=Ш1+Ш2+…+Ші,
Мұндағы Ш1, Ш2, Ші – 1-, 2-, және і-процестерге сәйкес өндіріске жұмсалатын шығындар.
Сонда:
а) 1 — процестегі өндіріске жұмсалатын шығын:
Ш1=320000+142000+28900+31100=522000 (теңге);
ә) 2 — процестегі өндіріске жұмсалатын шығын:
Ш2=117200+243000+45300+139600=545100 (теңге);
б) 3 — процестегі өндіріске жұмсалатын шығын:
Ш3=380400+140850+31600+25400=578250 (теңге);
в) Жалпы шығын:
Шжал.=522000+545100+578250=1645350 (теңге) құрайды.
- Бұйым бірлігінің өзіндік құны (Өі) процестік әдісті қолданғанда мына формула бойынша есептеледі:
Өі= Шжал./Иі.
Бұйымның өзіндік құны (Өі):
Өі=1645350/24000=68,56 (теңге) тең.
22 Кіріс ақпарат
Кіріс ақпараты – АЖ қызметін орындау үшін қажетті құжаттар, мәліметтер түріндегі түсетін ақпарат.
Кіріс Құжат | Ақпарат көзі | ||
Белгіленуі | Аты | Ұсыну түрі | |
K | Капитал жеткіліктілігі | құжат | Фирма резерві |
M | Менеджмент | құжат | Басшы |
T | Табыстылық | құжат | Салымдар |
KO | Кәсіпорындардың өтініштері | құжат | Клиент |
S | Тәуекелділік | құжат | Арнайы мамандар |
«Капитал жеткіліктілігі» кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі
Құжат аты: Капитал жеткіліктілігі | ||
Белгіленуі
|
Көрсеткіштер | |
реквизит белгі | Реквизит негіз | |
year | Уақыты | 5 |
kolemi | капитал көлемі | 10 |
kap. typi | капитал түрі | 15 |
kap nomeri | капитал номері | 7 |
«Менеджмент» кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі
Құжат аты: Менеджмент | ||
Белгіленуі
|
Көрсеткіштер | |
реквизит белгі | Реквизит негіз | |
basshi | Басшы | 5 |
baskaru adisi | Басқару әдісі | 10 |
aktiler | Актілер жиыны | 10 |
«Табыстылық» кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі
Құжат аты: Табыстылық | ||
Белгіленуі
|
Көрсеткіштер | |
реквизит белгі | Реквизит негіз | |
year | Уақыты | 5 |
tabis | табыс көзі | 10 |
perspektiva | перспектива | 12 |
rentable | рентабелділік | 7 |
«Өтімділік» кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі
Құжат аты: Кәсіпорындардың өтініштері | ||
Белгіленуі
|
Көрсеткіштер | |
реквизит белгі | Реквизит негіз | |
nomeri | Құжат номері | 5 |
dengei | Деңгейі | 10 |
KA | Кәсіпорынның атауы | 15 |
«Тәуекелділік» кіріс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі
Құжат аты: Тәуекелділік | ||
Белгіленуі
|
Көрсеткіштер | |
реквизит белгі | Реквизит негіз | |
year | Уақыты | 6 |
name | тәуекел атауы | 15 |
bagiti | тәуекел бағыты | 20 |
basshi tap. | басшы тапсырмасының орындалуы | 8 |
2.3. Шығыс ақпараты
Шығыс ақпараты – бұл берілетін басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне құжаттар, бейнелеулер, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат. Шығыс мәліметтерінің тізімі кестеде көрсетілген.
Шығыс Құжат | Ақпараттың берілуі | ||
Белгіленуі | Аты | Ұсыну түрі | |
MSH | Материалдық коэффициенттер | құжат | Статистикалық Агенттік |
ZHH | Жалақы коэффициенті
|
құжат | Статистикалық Агенттік |
AKA | Әлеуметтік қажеттіліктерді өтеу коэффициенттері | құжат | Статистикалық Агенттік |
NKA | Негізгі қор амортизациясы | құжат | Статистикалық Агенттік |
OSH | Өзге де қарыздар | құжат | Статистикалық Агенттік |
«Материалдық коэффициенті» шығыс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі
Құжат аты: Материалдық шығын | ||
Белгіленуі
|
Көрсеткіштер | |
реквизит белгі | Реквизит негіз | |
dengei | Деңгейі | 2 |
koefisient | Басымдық көрсеткен коэффициент | 10 |
year | Уақыты | 15 |
«Жалақы коэффициенті»шығыс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі
Құжат аты:Жалақы коэффициенті | ||
Белгіленуі
|
Көрсеткіштер | |
реквизит белгі | Реквизит негіз | |
year | Уақыты | 5 |
koefisient | коэффициент | 10 |
ainalim | Айналым уақыты | 5 |
«Әлеуметтік қарыздарды өтеу коэффициенті»
шығыс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі
Құжат аты: Әлеуметтік қарыздарды өтеу коэффициенті | ||
Белгіленуі
|
Көрсеткіштер | |
реквизит белгі | Реквизит негіз | |
year | Уақыты | 5 |
nesie | коэффициент | 10 |
«Негізгі қор амортизациясы»шығыс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі
Құжат аты: Негізгі қор амортизациясы | ||
Белгіленуі
|
Көрсеткіштер | |
реквизит белгі | Реквизит негіз | |
year | уақыты | 5 |
koefisient | коэффициент | 5 |
ornin toltiry | мөлшері | 7 |
«Өзге де қарыздар»шығыс құжатының ақпараттық құрылымдық бірлігінің сипаттамасы мен тізімі
Құжат аты: Өзге де қарыздар | ||
Белгіленуі
|
Көрсеткіштер | |
реквизит белгі | Реквизит негіз | |
year | Уақыты | 5 |
koefisient | коэффициент | 5 |
tolem | мөлшері | 9 |
|
Қорытынды
«Кәсіпорынның өндістік шығын жағдайын» талдай келе, келесідей маңызды қорытынды жасауға болады:
Қазақстан Республикасының өндірістік жүйесі өзінің қалыптасып, даму жолында интенсивті өсудің көптеген кезеңдерден өтті. Азаматтарды сапалы таза өніммен қамтамасыз ету осы кәсіпорынның негізгі міндеті.Осыған байланысты кәсіпорынның негізгі жұмысын жүргізудегі негізгі операциялар ЭАЖ алдына қойылған талаптарға негізделіп дайындалуда.
Біздің тұрғызған ақпараттық жүйе біріктірілген программа Delphi-ді пайдалану арқылы программаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Пайда болған нәтиже тез арада монитор терезесіне шығып, осы арқылы уақытты үнемдеуге қол жеткізді.
Курстық жұмыс өңделген, автоматтандырылған ақпараттық жүйесін ұсынады.
Сонымен қатар, курстық жұмысымда тақырып бойынша қарастырылып отырған мәселелердің әмбебаптылығы, үнемділігі, барынша көп сервисті пайдаланушыға арналған түсініліктің және қол жетерліктің, сонымен қатар есеп комплексінің ақпараттық технологияларын әрі қарай жетілдіруі анық көрсетілген деп ойлаймын.
пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Конституция Республики Казахстан.- Алматы.-1995.
- А.Қ.Мейірбеков , Қ.Ә.Әлімбетов “Кәсіпорын экономикасы” , Алматы «Экономика» 2003
- Бралиева Н.Б., Байшоланова Қ.С. Гагарина Н.Л. »Бизнестегі ақпарат жүйелері», Алматы: Ротапринт КазГАУ, 1994. – 6,6 б.б.
- Бралиева Н.Б., Байшоланова Қ.С. Гагарина Н.Л. »Экономикадағы ақпарат жүйелері», Алматы: НҰР, 2001. – 6. б.б.
- Бралиева Н.Б., Байбөлекова Л.А., Балашов Қ.Т. »Ақпараттық менеджмент негізі».- Алматы: Экономика, 2001.- 5,8 б.б.
- Программа Информатизации Казахской ССР на 1991-1995 годы и на период до 2005 года (Постановление Кабинета Министров Казахской ССР №474 от 18 августа 1991 года).
- Постановление Правительства Республики Казахстан № 492 от 4 апреля 2000 года «О развитии единого информационного пространства в Республике Казахстан и создание ЗАО «Национальные информационные технологии»
- Дейт К.Дж. Введение в системы баз данных.- Киев, 1998
- Диго С.М. Проектирование и использование баз данных. — М.: Финансы и статистика, 1995
- Бухгалтерские информационные системы: Учебное пособие/ Тулегенов Э.Т., Бралиева Н.Б., Л.А. Стороженко, И.А. Матвеева. – Алматы: Экономика,1999. – 120 с.
- Диго С.М. Проектирование баз данных: Учебник. – М.:Финансы и статистика, 1998. – 216 с.