Кәсіпорынның несиелік операциялар есебі

0
5

Тақырыбы: “Кәсіпорынның несиелік операциялар есебі”

Жоспар: 

  1. Кіріспе:

А) Несиенің мәні мен қажеттілігі;

  1. Негізгі бөлім:

    А) Кәсіпорынның несиелік операциялары;

    Ә) Кәсіпкердің несие алу үшін дайындалатын құжаттары;

Б) Кәсіпкердің несие алу үшін дайындалатын тиісті

құжаттары;

В) Ұзақ мерзімді несие бойынша пайыздарды шигерімге жатқызу;

  1. Қортынды:

    А) Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі;

Кіріспе

Несиенің мәні және қажеттілігі

Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оның барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай – ақ жеке азаматтар да пайдаланады.

Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезеңде несиеге байланысты қатынас туындайды.

Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.

Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.

Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындар да аз емес, несие – бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы – сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.

Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.

Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақталып отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.

Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие – бұл банктің қаражатын құрайтын көз ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай – ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда – бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.

Экономикалық категория ретінде, несие – кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сондай – ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайызы төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасқан өндірістік қатынастар жиынтығы.

Зерттеу заты сияқты несие құрлымы бір – бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.

 

Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектілері және халық жатады.

Қарыз алушыбұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір – бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың комуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай – ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш – бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы – бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.

Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрлымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі – бұл құнның ерекше бөлігін, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.

 

Несиенің қызметтері

Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді атқарады:

  • қайта бөлу;
  • айналыс шығындарын үнемдеу;
  • айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
  • капиталдың шоғырлануын жеделдету;
  • ғылыми – техникалық прогресті жеделдету;

Несиенің қайта бөлу қызметін кез келген елдің ұлттық экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізінде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие аралық, яғни ол нарықтық механизім негізінде жүзеге асырылады.

Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асыуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындайды. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

 

 

Ал келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың

орнын алмастыру. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметті іске асу процесінде тек қана

тауар айналысын емес, сондай – ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чек, векселдер, несиеліе карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығымен қатар, айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.

Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.

Несиенің ғылыми – техникалық процесті жеделдету қызметі ғылыми – техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, неиенің көмегінсіз көптеген ғылыми – зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқарлары)

жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай – ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыландырады.

 

Несиенің формалары және олардың жіктелуі

Несиенің формалары, оның құрлымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.

Несиенің формасы – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді.

Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.

Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды.

Қалаған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туады.

Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді.

Коммерциялық несие – бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты – тауарларды өтеу процесін жеделдету, сондай – ақ одан пайда табу.

Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы

 

уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық мінеттеме – вексель қолданылады.

Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:

  • қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
  • коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
  • қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
  • коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
  • қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар құнына қосылады.

Банктік несие – бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.

Банктік несие – бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеден несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты – бұл пайыз түрінде табыс алу.

Несиенің түрлері коммерциялық және несиеден туындайды.

Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынандай белгілеріне байланысты жіктеледі:

  1. Қарыз алушылар категорияларына қарай;

А) Қаржылық институттар берілетін несиелер;

  • мақсатты қорларға;
  • банктерге;
  • қаржы – несиелік мекемелеріне;

Б) Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:

  • өнеркәсіп салаларына;
  • ауыл шаруашылығына;
  • саудаға;
  • дайындау ұйымдарына;
  • жабдықтау – сату ұйымдарына;
  • кооперативтерге;
  • жеке кәсіпкерлерге;

В) Тұтыну мақсатына берілетін несиелер:

  1. Мерзіміне қарай:
  • мерзімді (1 жылға дейін)
  • орта мерзімді (1 жылдан 3 – 5 жылға дейін)
  • ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары)
  1. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
  • негізгі қорларға жұмсалатын;

 

  • айналым қаражатына жұмсалатын;
  1. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:

А) Қамтамасыз етілген:

  • кепілхатпен
  • кепілдемемен
  • кепілдікпен

Б) Сақтандырылған;

        В) Қамтамасыз етілмеген:

  • сенім (бланктік) несиесі.
  1. Қайтарылу дәрежесіне қарай:

А) Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында

     ешқандай күмән жоқ несиелер.

Б)  Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі

ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер.

В) Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.

  1. Валютамен берілуіне қарай:
  • ұлттық валютамен;
  • шетел валютасымен;
  1. Берілу шартына қарай:

     А) Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып

          алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.

     Б) Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді,

          өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып , ұзақ

мерзімге берілетін несие.

     В) Овердравт несие – клиенттің шотынан қаражатты шигеру, дебиттік

          қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.

     Г) Овернайт несиесі – өтімділікті қолдау мақсатында біртүнге

          берілетін банкаралық несиенің түрі.

     Д) Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін

          қысқа мерзімді несие.

     Е) Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиелері.

     Ж) Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе

          бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.

З) Лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға алу мен байланысты

          берілетін несие.

И) Рамбрустық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай

          фабрикаттар мен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде

пайдаланылатын несие.

К) Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген төлем қабілеті жоғары

          клиенттерге берілетін несие.

Л) Маусымдық несие – жабдықтаушылардың қаржыландыру уақыты

         

мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықтықты

жабуға алынған несие.

  1. Несиелеу объектісіне қарай:
  • меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
  • материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
  • сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;
  • азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер алуына;
  • ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
  • театрлар мен демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдық үзілістерге;
  • күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
  • тез өтелетін тиімділігі жоғары шараларға;

 

Кәсіпорынның несиелік операциялары.

 

Соңғы уақытта шағын бизнестің пәрменді түрде өсу үрдісі байқалып отыр, мұның өзі еліміздің экономикасына қажетті үйлесімділік сипатын беріп, оны дамытудың шешуші факторына айналуда. Сондықтан мемлекет тарапынан шағын бизнеске ерекше назар аударылып келеді: оған қолдау көрсетудің әртүрлі бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Атап айтқанда, қаржы – несие ресурстарымен қамтамасыз ету жөнінде белсенді жұмыс жүргізілеуде. Кәсіпорынның орнығуы мен дамуы үшін тіпті көлем жағынан аздаған кредиттің өзінің орасан зор маңызы болады.

Қазақстан аумағында осы сектор дамуының серпін, шағын және орташа бизнес (ШОБ) субъектілерінің тұрақты өсуі (2003жылдың 1 маусымында шағын бизнестің 168,8 мың кәсіпорын тіркелген, мұның өзі 2002 жылдың 1 маусымындағыға қарағанда 13,3% жоғары болып отыр) олардың өзара қаржы ресурстарын алмасуындағы қажеттіліктерінің тұрақты өсуіне жеткізіп отыр. Қазақстандық ШОБ субъектілерінің екінші деңгейдегі банктерден (ЕДБ) коммерциялық несиелер алуы кәсіпорынды дамыту үшін қаражаттарды молықтырудың іс жүзінде негізгі көздерінің бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша 2003 жылдың 1 мамырында ЕДБ – дің экономика салаларына кредиттік салымдары 736,8 млрд. теңге болды, мұның өзі өткен жылғы тиісінші осы кезеңмен салыстырғанда 40 % – ға дерлік көп болды.Экономикадағы несиелердің жалпы көлемінде ШОБ субъектілеріне берілген несие үлесінің өсу үрдісі бар және ол қазіргі кезде 21,2 % (156,4 млрд. теңге ) болып отыр.

Жұргізілген сұрау бойынша, Қазақстанда ШОБ кәсіпорындары арасында респонденттердің жалпы санының 50 % ЕДБ – не несие үшін өтініш жасаған. Алайда олардың жартысынан астамы несие алуларынан бас тартты.

 

Өздерінің жеке істерін ұлғайту мен айналым қаражаттарын молықтыру үшін шағын кәсіпорындардың несие ресурстарын алу проблемасы, зерттеулердің деректері бойынша, соңғы бірқатар жылдар бойында Республикада шағын бизнесті дамытуды тежейтін негізгі факторлардың қатарына жататындар:

  • ішінара кредит алғысы келетін кәсіпорындардың жеткілікті дәрежеде

әзір   болмауына;

  • ШОБ – ке несие беру бағдарламаларын жүзеге асыру және кредит алу шарттары туралы жеткілікті хабардар болмауы;
  • Құжаттар топтамасын (бизнес – жоспарын немесе техникалық – экономикалық негіздемесін) әзірлеу сапасының төмен болуына;
  • Өзін – өзі өтеу талаптарына сай қабілетті жобалардың болмауына байланысты болады;

Несие алған кезде кәсіпкер өтімді кепілдің болу проблемасына да кезігеді.

Несие беруші банк пен кредит беру бағдарламасын таңдаған кезде кәсіпкер өзі үшін, бірінші кезекте, қаржыландырудың мерзімдері мен мақсаттарына байланысты қаржыландырудың неғұрлым қолайлы түрін анықтауға тиіс. Мысалы, банк:

  • Ұзақ және орташа мерзімді несиелер (1 жылдан астам мерзімге) – негізгі құралдарды (жылжымайтын мүлікті, машиналар мен жабдықтарды) сатып алу, құрылысты инвестициялау, жылжымайтын мүлікті қайта құру, бизнесті дамыту, ауыл шаруашылығы қызметін жүзеге асыру кезінде;
  • Қысқа мерзімді несиелер (1 жылға дейінгі мерзімге) – коммерциялық қызмет үшін, тез сатылатын тауарларды өндіру, қызмет көрсетулер кезінде беріледі.

Қазіргі таңда шағын және орташа бизнес субъектілері арасында қысқа мерзімді несиелер іс жүзінде жиі ретте қолданылады, бұл орайда шағын және орташа бизнес субъектілерінің сауда – делдалдық қызметке, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге, қоғамдық тамақтандыру қызметтерін көрсетуге бағдарлануы ескіріледі. Қаржыландырудың бұл түрлері қарыз алушы, сондай – ақ банк үшін де тиімді болады.

Несие берудің неғұрлым сирек ұшырасатын түрі ұзақ мерзімді несиелер болып табылады. Мұндай несиелерді екінші деңгейдегі банктердің бәрі бірдей бермейді. Оларға жаңадан құралған компаниялардың қол жеткізуі қиынға соғады, өйткені ұзақ мерзімді несиелерді берген кезде қарыз алушы борышын таза пайдадан өтеуге тиісті болады. Сондай ақ қаржыландыруды беру жөніндегі қызметтердің қосымша түрлері де болады: олар – құжаттамалық несие операцияларын – шағын және орташа бизнес субъектілері барған сайын барынша кеңінен қолданылып отырған банк кепілдіктер, аккридитивтер, векселдер. Қазіргі кезде шағын және орташа бизнесті қолдану саясатының жалпы ауқамында екінші деңгейдегі банктер шағын және орташа бизнес субъектілеріне жеңілдікті несие берудің әртүрлі бағдарламаларын жүзеге асырады. Әңгіме екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарыздары, атап айтқанда екінші деңгейдегі банктердің, Дүниежүзілік банктің, Исламды дамыту

банкінің, Азия дамыту банкінің несие линиялары туралы болып отыр. Бұдан басқа, шағын кәсіпкерліктің өндіріс секторына банктердің несие берулері жергілікті және республикалық бюджеттер қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Мұндай бағдарламаларды зерделеу мен олардың мейлінше қолайсыз таңдап алу, сірә кәсіпкердің несие алу жолындағы алғашқы қадамы болуға тиіс.

Белгілі бір несие алуға байланысты белгілі бір бағдарламалар және оның талаптары болады. Мұндай бағдарламалар жеке кәсіпкерлер, өндірістік кооперотивтер, шаруашылық серіктестіктеріне – шағын бизнес үшін қызметкерлердің саны кемінде 50 адам және орташа бизнес үшін 250 адам болатын кәсіпорындар жататын тікелей шағын және орташа бизнес субъектілеріне қолданылады. Алайда кейбір несие линиялары бойынша жекелеген жағдайларда қызметкерлердің көп санына да жол беріледі. Шағын бизнес үшін жыл ішіндегі активтердің жалпы құны 60000 мың айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. Осындай бағдарламалар бойынша несие берген кезде экономиканың басым салаларында, атап айтқанда, өнеркәсіптің ұқсату салаларында айналысатын, ауыл шаруашылығы өнімнің жаңа түрлерін игерумен айналысатын, техникалық және технологиялық ілгерілеуге ие болатын кәсіпкерлерге және компанияларға неғұрлым көп артықшылық беріледі. Алайда сонымен бірге тұрмыстық қызмет көрсету мен сауда секторы да осыған жатады.

Мыслы, ЕДҚБ –нің шағын бизнеске  кредит беру бағдарламасы бойынша тауар айналымын молықтыру, өндірісті ұлғайту,машиналар мен жабдықтарды сатып алу, жылжымайтын мүлікті алу мен салу, қызмет көрсету салаларын ұлғайту қаржыландырлады. Дүниежүзілік банктің «Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау » бағдарламасында ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен (аграрлық – өнеркәсіптік ұқсатумен, аграрлық қызметпен) тікелей байланысты егіншілік, мал шаруашылығы және басқа да қызмет салаларына несие беру көзделген. Бұл орайда несие беруші қаржы ұйымы әдеттегідей кәсіпкер негізгі құралдарға жұмсауға тиісті қарыз қаражаттары үлесінің мөлшерін және айналым қаржыландыру мөлшерін ескереді. Мысалы, Kreditanstalt fur Wiederaufdau несие линиясы бойынша бұл 70% және 30% тиісінше, World bank несие линиясы бойынша 80% және 20% арақатынасы болады.

Кредит бойынша процент ставкасының өлшем нарықта қалыптасқан процент ставкаларына, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасына байланысты болады. Бұдан басқа, банк процент ставкасын белгілеген кезде белгілі бір жоба бойынша тәуекел деңгей, несиенің мерзімділігі, қамтамасыз ету өтімділігі, қаржыландыру мақсаты және басқалары ескеріледі.

Қарыз қаражаттарын қайтарудың кепілі ретінде банкке кәсіпкер беруге әзір болатын кепіл несие алу кезінде маңызды мәселе болып табылады. Банк несие беру кезеңі ішінде есептелген проценттер бар несиенің барлық құнын жабуға қабілеті жеткілікті және өтімдік кепілді қабылдайды. Кепіл мынандай түрге бөлінеді:

 

  • Мүлік кепілі – жылжымайтын мүлік, өтімді тауар өнімі, көлік құралдары;
  • Депозиттегі ақша қаражаттары;
  • Мүлікті құқықтар, жер пайдалану құқығы, табиғи ресурстар;
  • Корпорация акциялары, жоғарғы рейтингі бар банктердің немесе заңды тұлғалардың кепілдіктері;

 

Кәсіпкердің несие алу үшін дайындалатын тиісті құжаттары.

Кәсіпкер өзінің жобасы үшін мейлінше қолайлы қаржыландыру жағдайлары мен тиісті банкті таңдап алғаннан кейін ол несиені рәсімдеу үшін қажетті құжаттар топтамасын дайындауға кірісуге тиіс, оның құрамына мыналар жатады:

  1. Несие алуға өтініш.
  2. Негізінен өндірістік несие, немесе бизнес-жоспар (қазіргі таңда банктердің бәрі бірдей бизнес-жоспарды талап ете бермейді) алу үшін техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН)
  3. Егер ТЭН қоса берілетін болса, онда шарттарды (жабдықтар сатып алу, шикізаттар, материалдар, басқаларын сатып алу туралы) қоса беру керек.
  4. Қызметтің белгілі бір түрімен айналысу құқығына лицензиялар, патенттер.
  5. Шаруашылық шарттары, бірлескен қызмет туралы шарттар, келісім – шарттар (мәміле паспорттарын қоса бере отырып).
  6. Үй – жайлар мен көлікті жалдау шарттары, кәсіпорынға және оның басшысына тиесілі объектілерге құқықты анықтайтын құжаттар (кеңсе, пәтер, қойма, гараж, көлік, жабдықтар және басқалары).
  7. Банкке өтініш жасаған кезде бюджетте және бюджеттен тыс қорларға төлемдер бойынша ағымдағы берешектердің болмауы/болуы туралы салық комитетінің анықтамасы.
  8. Қаржы есептілігі:
    • Кәсіпорынның қосымшалары мен (балансқа 2 – нысан, 3 – нысан) бірге бухгалтерлік баланс;
    • Күндері мен құрылу себептерін, жоспарланған өтеу күндерін көрсете отырып, соңғы есеп беру күніндегі дебиторлық және несиелік берешектердің жіктемесі.
    • Баланстық құнын көрсете отырып, негізгі құралдардың, тауарлы – материалдық қорлардың жіктемесі;
    • Ағымдағы шот, касса бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру;
    • Басқа да қаржы құжаттары;
    • Несие беру туралы шешім қабылдауға жәрдемдесу мүмкін кез келген басқа да құжаттар (шотфактура, жүк құжаттары, есеп шоттары бойынша көшірме, кеден декларациялары, ақы төлегені

 

  • туралы түбіртек және басқалары).
  • Кепілге салынатын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар.
  • Кепілдік міндеттеме (кепілдік)

Сақтандыру компаниялары, мемлекеттік кәсіпорындар, яғни несие алу үшін кепілдік, кепіл мүлкін бере алатын мекеме кепіл бола алады.

Құжаттар топтамасын дайындау кезінде банкке беру үшін әртүрлі консалтингтік фирмалардың қызметтерін пайдалануға болады. Мұндай фирмалар бизнес-жоспарларды жасауда, жоба бойынша ТЭН-ні талдап жасауда, болжамды есеп айырысуларды жүргізуде көмек көрсете алады. Алайда мұны әлеуетті қарыз алушы да жасай алады, бұл ретте банктің кредит бөлімшесі қызметкерлерінің көмегіне сүйенуіне болады.

Құжаттарды қарау мен жобаға талдау жасау мерзімі орташа есеппен 5-15 күн кейбір жағдайларда одан да көп күн болады – мерзімдер қаржыландырудың  соммасына, жобаның мақсаты мен ерекшелігіне, оның қиындық деңгейіне, қаржыландыру мерзімдеріне қарай өзгеріп отырады. Банк қаржыландыру  оң шешкен жағдайда,  бұл жөнінде клиентті ауызша хабар етеді. Содан соң қарыз алушы банкте ағымдағы шот ашуға тиіс, ол үшін мына құжаттар қажет болады:

  1. Кәсіпорын жарғысының, құрылтай шартының көшірмесі (нотариалды түрде куәландырылған).
  2. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, статистикалық карточканың, СТН – нің көшірмесі (наториалды түрде куәландырылған).
  3. Қызмет көрсететін банктен несие берешегінің, анықтама, есеп айырысу шоты жөніндегі № 2 картотеканың (есеп айырысу шоты ашылған банкте береді) болуы (болмауы) туралы анықтма.
  4. Несие алуға (фирма директоры мен бас бухгалтерінің атынан) берілген өтініш.
  5. Кәсіпорын директоры мен бас бухгалтерінің тағайындау туралы бұйрығы.
  6. Құжаттарға қол қою құқығы бар адамдардың қойылған қолдарының карточкасы (наториалды түрде куәландырылған).

Мәселе теріс шешілген жағдайда, банк бас тарту туралы шешімнің негіздемесі мен қаржыландырудан бас тарту туралы клиентке хат тапсырады. Жобаны пысықтау қажет болған немесе ақпарат жеткілісіз болған жағдайда, банк бұл жөнінде ауызша хабарлайды. Қаржыландыру туралы мәселені қайта қарау үшін қарыз алушы пысықтауды қажает ететін бөлігінде жобаны пысықтау түсуі керек. Қарыз алушы банкке несие қаражаттарын мақсатты пайдалануды растайтын құжаттарды (ақы төлеген туралы құжаттарды, шот – фактураны, жүк құжаттарын, мүлікті қабылдау – беру актілерін, басқаларын) беру қажет. Қарыз алушылар жөніндегі мониторинг мезгіл – мезгіл жүргізу клиент қызметінің түріне, қамтамасыз ету ретінде банкке кепілге салынған мүлкіне байланысты болады.

Салық кодексінің 10 бабы 1- ші тармағының 2 – ші тармақшасына сәйкес сыйақы – несиелер үшін қаржы лизингі бойынша Қазақстан Республикасының қаржы лизингінің мәселелерін реттейтін заң актілерінне сәйкес сыйақы

түрінде берілген (алынған) мүлік үшін; салымдар (депозиттер) бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша;

Шарты ЖШС мысалында сыйақы нысандағы табыстардың кейбір түрлерін қарастыралық. Төменде келтірілген мысалдар мыналарды көздейді: несиені депозиттік және басқа да шарттардың талаптарымен жылына 365 күн есебін негізге ала отырып сыйақы ставкасы беліленген. 100.08.001 – жолына косымша нысан несие (қарыздар) бойынша теңгеде толтырылады.

1 – ші мысал;

Банк қызметінің жекеленген түрлеріні жүзеге асыруға берілген тиісінше лицензияға ие бола отырып (қарастырылып отырған мысалымыз үшін біз жол берген), ЖШС 2004жылы 1 желтоқсандағы №1 шарт бойынша басқа заңды түлғаға (оның шарты түрінде Компания деп аталық) 6 ай мерзімге, проценттік ставкасы – жылына 18% болатын 800000 теңге мөлшерде несие берген. Компания несиені дер кезінде 2005жылы 1 маусымда өтеген.

 

1 – К – қосымшасында 2004жылы үшін осы несие бойынша есеп – қисап берілген несие бойынша есептелген табыс соммасы  59572,6 теңге болған.

 

1 – К – косымшасы

01.12.2004 жылғы №1-ші бойынша несие бойынша 2003 жыл ішіндегі табыстың есебі
Айлар Күндер

саны

Несие қозғалысы Негізгі қарыз сальдосы % – бен есептелген Есеп – қисаптың

егжей – тегжейі

Қаңтар 31 800000 12230,14 800000 * 18% : 365 * 31
Ақпан 28 800000 11046,58 800000 * 18% : 365 * 28
Науырыз 31 800000 12230,14 800000 * 18% : 365 * 31
Сәуір 30 800000 11835,62 800000 *18% : 365 * 30
Мамыр 31 800000 12230,14 800000 * 18% : 365 * 31
Маусым – 800000 0
Жиыны 151 59572,6

100.08.001 – жолына қосымша нысанының 2 – жолын толтырамыз;

В бағанасында сыйақы түрін – несие бойынша сыйақыны көрсетеміз;

С бағанасында – сыйақы берген заңды тұлғаны – Компанияның толық атауын;

D бағанасында – сыйақы берген тұлғаның СТН – ін;

F бағанасында – есептелген 59573 теңге сыйақы соммасын көрсетеміз;

E және G бағаналары толтырылмайды, өйткені табыстың бұл түрі төлем кезінен салық салуға жатпайды (Салық кодексінің 131 – бабы);

 

Ұзақ мерзімді несие бойынша пайыздарды шигерімге жатқызу

 

Салық есебін қабылдаған кезде көбінесе ұсынылған деректерге кемаралық бақылау жүргізіледі. Осындайда табылған арифметикалық қателер және деректердегі алшақтықтар тез арада түзеледі. Алайда, нақты емес деректерді салық органының қызметкерлері алынған есептерді өңдеген кезде және оларды ақпарат жүйесіне енгізгенде кешірек байқайды. Мұндай жағдайда декларация мен есептер салық төлеушіге қай жерін түзету керек екендігі көрсетіле отырып қайтарылады. Корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларацияның қайтарылу жағдайларының бірін қарастырып көрейік.

2 – ші мысал;

ЖШС 2004 жылғы шілдеде валюталық несие алды. Келісім – шарт бойынша сыйақы кредиторға келісім – шарт мерзімі өткен кезде заемның негізгі сомасымен бірге аударылады. Келісім – шарт 1,5 жылға жасалған, сондықтан сыйақы несие қаражатын пайдаланудың барлық кезеңіне есептеліп, 2005 жылдың аяғында аударылды. Сыйақының барлық сомасы 2005 жылғы КТС бойынша декларацияда шегерімге жатқызылады. 100.13.002 – қосымша нысан бойынша «Күндер саны» бағанында несиені пайдалану күндерінің нақты саны, яғни 189 күн көрсетілген. Салық комитеті КТС бойынша декларацияның ондағы күндердің санын 365 күннен асырмай көрсетуді талап ете отырып, мұны 2005 жылғы декларацияда 2005 жылдағы күндерге есептелген сыйақы сомасының көрсетілуі тиіс екендігін дәлелдей отырып, қайтарылады, ал 2004 жылғы күндерге есептелген сыйақы сомасы 2005 жылғы КТС бойынша декларацияға кірмейді.

Бұдан кейінгі есептеу көрнекті болуы үшін мынадай қосымша ақпаратты пайдаланамыз: доллар бағасы 2004 жылғы 1 – ші шілдеде (несие алынған күнді ескергенде) – 146,5 теңге, шарт бойынша проценттік ставка – жылдық 10%, ЛИБОР ставкасы 2004 жылғы 1 – ші шілдеде – 4,1875% болды.

Осы мысалда өзгермеген мәселелерге қайтып оралмай – ақ, салық заңдарында болған өзгерістерді ескере отырып, аухалды қарастыруға тырысайық.

Бухгалтерлік есеп.

Осы ауқалды екі жағдайда қарастырып көрейік: несие айналым қаражатын толықтыруға алынды; несие құрылысты қаржыландыру үшін пайдаланылады және проценттер бойынша жұмсалған шығындар капиталдандырылады.

  1. Несие айналым қаражатын толықтыруға алынды.

Айтылған аухалдың шарттарына қарай есеп 1 – кестеде көрсетілген:

 

Күндер саны Айдың соңғы күніне $ бағамы  Несиенің қозғалысын (+ алынған, – өтелген) Айдың аяғындағы негізгі борыштың сальдосы Несие

бойын

ша

 бағам айыр

ма

шылығы

% – пен есептеу Айдың аяғына % сальдосы % бой-

ынша

бағам

айырма-

шылығы

$ мың теңге $ мың теңге $ мың теңге $ мың теңге
2004
Шілде 31 146,8 1000

000

146500 1000

000

146800 300 8493 1246,8 8493 1246,8 0
Тамыз 31 147,15 147150 350 8493 1249,8 16986 2499,6 3
Қыркүйек 30 147,75 147750 600 8219 1214,4 25205 3724,0 10
Қазан 31 148,1 148100 350 8493 1257,8 33699 4990,8 9
 

1

 

2

 

3

 

4

 

5

 

6

 

7

 

8

 

9

 

10

 

11

 

12

 

13

Қараша 30 148,55 148550 450 8219 1220,9 41918 6226,7 15
Желто

қсан

31 150,2 150200 1650 8493 1275,7 50411 7571,4 69
2004ж

Жиынты

ғы

 

184

 

3700

 

50411

 

7465,4

 

106

2005
Қаңтар 31 151,3 151300 1100 8493 1285,0 58904 8911,4 55
Ақпан 28 151,9 151900 600 7671 1165,2 66575 10111,6 35
Науырыз 31 152,2 152200 300 8493 1292,7 75068 11424,3 20
Сәуір 30 152,6 152600 400 8219 1254,2 83288 12708,5 30
Мамыр 31 152,9 152900 300 8493 1298,6 91781 14032,1 25
Маусым 30 153,1 153100 200 8219 1258,4 100000 15308,5 18
Шілде 31 153,85 153850 750 8493 1306,7 108493 16690,2 75
Тамыз 31 154,15 154150 300 8493 1309,2 116986 18032,4 33
Кыркүйек 30 154,55 154550 400 8219 1270,3 125205 19349,7 47
Қазан 30 154,35 154350 -200 8219 1268,6 133425 20593,3 -25
Қараша 2 154,35 -1000000 -154350 0 0 548 84,6 133973 20677,9 0
2005ж Жиынты

ғы

 

305

           

4150

 

83562

 

12793,5

 

 

   

313

Барлығы 489           7850 133973 20253,9     419

 

Ең алдымен, алдымен шындықтың көрсетілгенін көрсетеміз: проценттер, төленген уақытына қарамастан, есепте ай сайын көрсетіліп отыруы тиіс. Бұл бухгалтерлік есептің негізгі принциптеріне толық сәйкес келеді. Қаржылық есептілікті ай сайын жасау қажеттігі меніңше, ешкімде күмән туғызбайды деп ойлаймын, сондықтан проценттер мен бағамдық айырмашылықты есептеуден ай сайын көрсету қажет. Егер проценттерді күн сайын есептейтін болса, нәтиже әлдеқайда дәл болады, бірақ көп еңбекті қажет етеді.

Кезкелген жағдайда шетел валютасымен проценттер бойынша шығыстар көлемі өзгермейді, теңгемен көрсетілген проценттер бойынша берешек, қалдықтары да өзгермейді. Проценттер бойынша шығыстар мен бағамдық айырмашылық арасындағы шығындар сомасына бөлуде алшақтық болады.

1 – ші кестедегі 2004 жылға бухгалтерлік есептегі деректер түрде көрсетілетін болады:

 

Д-т К-т Сомасы (мың теңге Операцияның мазмұны
431 602 146500 Кредит алынды
844 602 3700 Кредит бойынша негізгі борыш сомасына теріс бағамдық айырмашылық есептеледі.
831 684 7465,4 Кредит үшін проценттер есептеледі
844 684 106 Проценттер бойынша берешек сомасына теріс бағамдық айырмашылық есептеледі.

 

2004 жылғы 31 желтоқсанда кәсіпорынның балансында кредиттер бойынша берешек 150200,0 мың теңге (146500,0 + 3700,0), ал төлеуге есептелген шығыстар – 757104 мың теңге (7465,4 + 106,0) еді.

2004 жылғы қаржы шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есепте проценттер бойынша шығыстар 7465,4 мың теңге сомасында көрсетілетін болады, негізгі емес қызметтен алынған нәтижелер құрамында бағамдық айырмашылық бойынша шығындар 3806,0 теңге сомасында (3700,0 + 106,0) көрсетілетін болады.

2005 жылғы операция мынадай түрде көрсетіледі:

 

Д-т К-т Сомасы (мың теңге) Операцияның мазмұны
844 602 4350 Кредит бойынша негізгі борыш сомасына теріс бағамдық айырмашылық есептеледі.
602 725 200 Кредит бойынша негізгі борыш сомасында оң бағамдық айырмашылық есептеледі (2004ж қазанда).
831 684 12793,5 Кредит үшін проценттер есептеледі
844 684 338 Проценттер бойынша берешек сомасына теріс бағамдық айырмашылық есептеледі
684 725 25 Проценттер бойынша берешек сомасына оң бағамдық айырмашылық есептеледі (2005ж қазанда).
602 431 154350 Кредит өтелді.
684 431 20677,9 Проценттер өтелді.

 

2005 жылғы 31 желтоқсанда кәсіпорынның балансында кредит бойынша да, проценттер бойынша да, олардың толық өтелуіне байланыста берешек болмайды. 2005 жылғы қаржы – шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есепте проценттер бойынша шығыстар 12793,5 мың теңге сомасында көрсетіледі, негізгі емес қызмет нәтижелері құрамында сомасы 4463,0 мың теңге (4350,0 + 200,0 + 338,0 – 25,0) болатын бағамдық айырмашылық бойынша шығындар көрсетіледі.

 

 

  1. Кредит күрделі салымдарға алынады

Егер кредит құрылыс салуға алынған болса, онда проценттер бойынша шығындар капиталдандыру мүмкін, яғни құрылыс объектісін (объектілерінің) өзіндік құнына жатқызылады. Мысалы, 2004 және 2005 жылдар ішінде құрылыс салынып болмаса, онда есептелген проценттер Д – т 126, К – т 684 өткізілімімен толық көлемде көрсету керек. Егер кредит толық өтелгенге дейін объект пайдалануға қосылса, онда ол қосылғаннан кейін есептелген проценттер, кезең шығыстарына жатқызылады. Қазақстанда тұтыну несиесі кеңінен дамып отырған несиеге жатады. Екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде тұтыну несиенің мынадай түрлері қолданылады:

  • автомобильдік несие;
  • ұзақ мерзімді пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;
  • тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;
  • кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демелу және т.с.с) берілетін несиелер.

Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүрілген автомобильдерді банк несиесі бойынша алуға блдады.

Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:

  • жиһаз;
  • сантехника;
  • аудио – видио және тұрмыстық техника;
  • басқа да тұтыну тауарлары;

Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құрылыс және басқа да жөндеу жұмыстарын жұргізу жатады.

3 – мысал;

Қазақстан Республикасындағы жетекші банк – Казкомерцбанктің тұтыну несиесін беру шарты  2 – ші кестеден көруге болады:

 

Казкомерцбанктің тұтыну несиенің түрлері мен шарттары

 

Несиенің шарттары Тұтыну несиенің түрлері
Автомобиль несиесі Ұзақ мерзімді тауарлар сатып алу несиесі
Жаңа Ескі (пайдаланылған)
1 2 3 4 5
1 Несие

мөлшері

Автомобильдің құнын 80% дейін Автомобилді бағалау құнының 80% дейін – 10000 АҚШ долларына дейін (немесе эквивалент)

 

– 500000 АҚШ долларына дейін (егер қамтамасыз ету заты – жылжымайтын мүлік болса)

2 Бастапқы

жарна

Автомобиль құнынан – 20% – 3 жылға дейін жүрген шетел көлігін сатып алуды 20%;

 

– 3 жылдан 5 жылға дейін жүрген шетел көлігін сатып алуда 30%;

 

– 5 жылдан 10 жылға дейін жүрілген шетел көлігін сатып алуда 50;

 

– 3 жылға дейін жүрілген ТМД елдерінің автокөлігін сатып алуда – 30%;

 

– 3 жылдан 5 жылға дейін жүрілген ТМД елдерінің автокөлігін сатып алуда – 50%

3 Несие

мерзімі

– шетелдік автокөлік үшін 5 жылға дейін

 

– ТМД елдерінің автокөлігі үшін 3 жылға дейін

3 жылға дейін 2 жылға дейін
4 Несие

валютасы

АҚШ долларн немесе теңге АҚШ доллар немесе теңге АҚШ доллар немесе теңге
5 Несие үшін төлем Айына: 1,5% (АҚШ долларымен) және 1,7% (теңгемен) Айына: 1,5% (АҚШ долларымен) және 1,7% (теңгемен) Айына: 1,5% (АҚШ долларымен) және 1,7% (теңгемен)
6 Қамтамасыз

ету

Сатып алатын автомобиль Егер шетел автокөлігінің жүрілген уақыты 10 жылдан,

ТМД – кі 5 жылдан аспаса, сол автокөлікті

Сатып алатын тауар немесе тұрғын үй

 

 

 

Сонымен қатар жоғарыдағы банктен тұтыну несиесін алуға қажетті құжаттар тізімі мынадай:

  1. Қарыз алушының анкетасы;
  2. Жеке куәлігі (көшірмесі);
  3. СТТН (көшірмесі);
  4. Соңғы 12 айға бөлініп көрсетілген жалақы және басқа табыстары туралы жұмыстан берілетін анықтама;
  5. Жұмыс стажы туралы жұмыс орнынан анықтама;
  6. Отбасы құрамы туралы анықтама (№ 3 форма);
  7. Некеге тұрғандығын растайтын құжаттар (неке туралы куәлік, жұбайыңыздың жеке куәлігі);
  8. Кепілге қоятын мүліктің құжаттары;

 

Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі

 

Несие жүйесі – жалпы банктердің (ұлттық және комерциялық) және банктік оперциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы.

Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие немесе банк жүйесінің құрлымы қалыптасады. Қазақстан Республикасындағы несиелік жүйе екі буынна тұрады:

  • Банктік жүйе;
  • Парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер)

Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің құрлымы мынадай сызбамен беріледі:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоғарғы сызбаға енген несие жүйесінің құрылымдық элементтерінің мазмұнын сипаттамайтын, оның ирархиялық құрлымы 3 – ші кестеде берілген:

 

 

Ирархиялық деңгей Мекеме аты Бөлімшелер Мекеме қызметі
Несие жүйесі. Банк жүйесі. 1 Ұлттық Банк. Орталық аппарат

 

Ұлттық банктің облыстық басқармасы

1.Ақша айналысын және қолма – қол ақшасыз есеп айырысу ұйымы;

 

2.Үкіметке есеп айырысу қызметін көрсету;

3.Алтын – валюта резервтерін басқару;

 

4.Ақша несиесін реттеу;

2 1.Екінші деңгейдегі банктер;

2.Маманданған банктер;

1.Орталық аппараттар филиалф;

2.Өкілдік, еншілес банктер;

1.Клиенттерге несие есеп айырысу қызметін кешенді түрде көрсету;

 

2.Банк көрсететін қызметтің жекелеген түріне ғана маманданған;

Парабанк жүйесі. 3 Банктік емес мекемелер. Орталық апаратты филиалдары. Өкілдік. 1.Маманданған есеп айырысу және қарыздық қызмет көрсету;
4 Пошта жинақ мекемелері. Орталық аппарат (АҚ Қазпошта бөлімшелері) 1.Халықаралық несие есеп айырысу қызметін көрсету, ұсақ салықтарды тарту;

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасындағы соңғы жылдардағы несие жүйесі туралы мәліметтер 4 – ші кестеде беріледі:

 

Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі туралы мәліметтер.*

 

Несие жүйесінің элементтері 12. 2001ж 12. 2002ж 12. 2003ж 06.2004ж
1.Екінші деңгейдегі банктердің барлығы:

оның ішінде:

– мемлекеттік;

– мемлекетаралық;

Шетел капиталының қатысуымен:

оның ішінде:

– 100% / 50% – дан

аса:

оның ішінде:

– Еншілес банктер;

 

 

48

 

1

1

 

16

 

9/7

 

 

12

 

44

 

2

1

 

16

 

9/6

 

 

11

 

38

 

2

 

17

 

9/6

 

 

11

 

35

 

2

 

16

 

10/4

 

 

10

 

2.Несиелік серіктестіктер

 

3.Ломбарттар

 

4.Ипотекалық компаниялар

 

5.Басқа да мәліметтер**

 

 

8

 

42

 

 

 

53

 

19

 

45

 

 

2

 

41

 

29

 

52

 

 

2

 

42

 

37

 

35

 

 

2

 

46

 

* – сандық мәліметтер;

** – банк операцияларын жекелеген түрін жүзеге асыратын ұйымдар;

 

4 – ші кестеден көріп отырғанымыздай банктеріміздің саны жылдан жылға азаюда. 90 – шы жылдардың басында олардың саны 200 – ден асты, сөйтіп банк жүйесін реформалау нәтежесінде олардың саны  35 – ке дейін қысқарды (06. 2004). Жалпы банктер қатарында мелекеттік банктер (мемлекеттің 100% қатысуымен құрылған) саны – 2. Қазақстанның банктік секторында шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны – 16, яғни жалпы банктер санының жартысына жуығын алады. Ал банктік емес мекемелер санының керісінше, өсіп келе жатқандығын байқаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. С. Б. Мақыш “Ақша және несие”
  2. № 21 “Бухгалтер бюлетені” қыркүйек 2004жыл
  3. № 24 “Бухгалтер бюлетені” мамыр      2004жыл
  4. “Жылдық есеп 2003” қаңтар 2003жыл
  5. “Бухгалтерлік есеп принциптері” Қ. К Кеулемжаев, З. Н  Әжібаева, Н. А Құдайбергенов.
  6. “Шаруашылық Жүргізуші Субъектілердегі бухгалтерлік есеп” В. Л Назарова.