Кәсіпорынның негізгі қорларын талдау
Тақырыбы: «Кәсіпорынның негізгі қорларын талдау»
Жоспар
Кіріспе
- Бөлім. Нарықтық жағдайдағы негізгі қорлардың экономикалық мәні және мағынасы
- Нарықтық қорлар экономикалық категория ретінде және олардың өндіріс процесінде рөлі
- Негізгі қорлар қозғалысы, жағдайы және бар болу көрсеткіштері
- Негізгі қорларды бақылау.
- Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы.
- 2. Бөлім. Негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануды талдау
- Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау.
- Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен факторларын талдау.
- 3. Бөлім. Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру
жолдары мен резервтері.
- Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.
Өнім өндірісі және қызмет көрсету процессінде келесі экономикалық ресурстардың түрлерін пайдаланылады: табиғи ресурстар (жер, сулы және тоғайлы, жер қойнауы); еңбек ресурстары (адамдар және олардың қызмет көрсету және тауарларды шығару мүмкіндігі); өндіріс қорлары (өндірістік ғимараттар, құрылыстар, станоктар, тасымал құралдары, материалдар, шикізат, энергия, запас бөлшектер және т.б.), адамдардың кәсіпкерлік қабілеттілігі.
Өндірістің заттанған құралдары кәсіпорын капиталы деп аталады. Капитал өндіріс құралы ретінде өнімді шығаруға қатысатын, бірақ өндіріс процесінде олардың функциясы бойынша ажыратылатын еңбек құралдары және еңбек заттары болып бөлінеді.
Еңбек құралдары негізгі өндірістік қорлардың заттай мағынасын құрайды, яғни негізгі капиталды, ал еңбек заттары айналым капиталын құрайды.
Негізгі қорлар өндіріс сферасында функциянирленеді және республиканың ұлттық байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндіріс темпінің өсуі байланысты.
Нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, кредиттерінің есебінен құрал-жабдықтарды алады, цехтер салады. Өндіріс тиімді болу үшін, ал негізгі өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге жоғалтылмауы үшін негізгі қорлар толық және тиімді пайдалануы қажет. Кәсіпорын негізгі қорларын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы байланысты болады, демек кәсіпорынның ары қарай дамуы да осыған байланысты.
Осыдан курстық жұмыс тақырыбы «Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануды талдау» таңдалады. Пайдалану анализі және негізгі қорлар есебінің мәселесіне келессі экономист ғалымдардың Е.Е. Савицкая, Л.А. Виногоров, Г.В. Снитко және т.б. жұмыстары арналған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланған. Осы ғалымдармен негізгі қорлардың есебі және анализі облысында теориялық және методологиялық сұрақтарға айтарлықтай еңбектер енгізген.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде «Нарықтық жағдайдағы негізгі қорлардың мәні және мағынасы» таңдалған тақырыптың теориялық негіздері беріледі, яғни негізгі қорлар нені көрсетеді, кәсіпорынның техникалық потенциалы қалай, негізгі қорлардың классификациясы, құрамы және құрылымы зерттеледі. Қазіргі жағдайға негізгі қорлардың мағынасы және мақсаттары келтірілген. Негізгі қорлардың амортизациясы оның жәй-жәй қалпына келу процесі ретінде зерттеледі. Кәсіпорынның негізгі қорларының әр түрлі бағалануы қарастырылады.
Курстық жұмыстың екінші бөлімі анализ жасауда және дипломдық жұмысты жазуда база ретінде пайдаланылатын «Мұнайгазқұрылыс» ААҚ негізгі қорларын талдауға арналған. Талданып отырған кәсіпорын қызметін толықтай көрсету үшін екінші бөлімнің бірінші бөлігінде оның экономикалық жағдайын сипаттайтын барлық технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізіледі. Кәсіпорынның 2 жылдық мәліметтерін пайдаланып олардың абсолютті өзгеруін, көрсеткіштердің өсу темпін, оларды тиімді пайдалануды және т.б. анықтауға болады. Кәсіпорынның дамуына байланысты болатын оның техникалық потенциалын тереңірек зерттеу үшін, олардың пайдалануындағы әлсіз жақтарын шығару үшін, негізгі қорлардың барына және қозғалысына, техникалық жағдайына талдау жүргізіледі. Негізгі қорлардың тиімді пайдалану көрсеткіштерінің анализі, олардың ішінде бізде негізгі қорлардың қорқайтарым және қор сыйымдылық көрсеткіштері бар. Олардың өзгеру себептері, оларды өзгертетін факторлар зерттеледі.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдаланудың негізгі жолдары және бағыттары келтірілген. Оларды пайдаланудың анализін және есебін жүргізуді жетілдіру. Кәсіпорынның негізгі қорларының активті бөлігін құрайтын және оларды тиімді пайдалануды арттыру кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсартуға және оның дамуына алып келетін анализденетін кәсіпорын үшін құрылыс техникасын дамыту перспективалары және тенденциялары қарастырылады.
Курстық жұмыстың методологиялық негізгі болып кәсіпорында негізгі қорлардың есебі және анализі сұрақтарын қамтитын нормативтік, заңдылық, арнаулы, кезеңдік әдебиеттер табылады.
Бөлім 1. Нарықтық жағдайдағы негізгі қорлардың экономикалық мәні және мағынасы
1.1. Нарықтық қорлар экономикалық категория ретінде және олардың өндіріс процесінде рөлі.
Кәсіпорынның негізгі белгісі – оның меншігінде, шаруа жүргізуінде немесе оперативті басқаруында жекешеленген мүлкінің бар болуы. Ол кәсіпорынның функционирленуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мүліксіз ірі, кіші кәсіпорындар немесе жеке кәсіпкерлер өзінің қызметін жүзеге асыра алмайды.
Негізгі қорлар – бұл өзінің құнын бөлектеп жоғалатын және ұзақ кезең бойы натуралды қалпын өзгертпей сақтайтын материалды заттай құндылықтар.
Негізгі қорлардың кеңейтілген қайта өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты олар өндірістік және өндірістік емес негізгі қорлар болып бөлінеді.
Өндірістің әр бір процесі өндіріс қорларының қатысуымен жүзеге асырылады, олар келесідей болып бөлінеді:
- Еңбекке заттары (материалдар, шикізаттар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар);
- Еңбек құралдары (станоктар, машиналар және т.б.).
Еңбек құралдарын басқару нәтижесінде адам еңбек затына тікелей әсер етеді және өндіріс процесінде еңбек өнімін шығарады.
Еңбек процесінде ресурстарға және оларды тұтыну қатынасынан көпшілігінде шығарылатын өнім көлемі, олардың сапалылығы, жұмысшының оның жанұясының пайдасы және өмір сүру деңгейі, ал ақырғысында ел халқының терең экономикалық дағдарысын анықтайтын бірден-бір себеп болып адам өмірінде бағаның көтерілуі ресурстардың тиімсіз пайдалануы табылады.
Ресурстар болып жоғарыда айтылғандай мемлекет оның әкімшілік орталықтары, кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, мекемелер, жанұя, жай адам иемденетін өндіріс құралдары, барлық мүмкін байлық қорлары, құндылықтар табылады. Ресурстар материалдық, адамдық, қаржылық және табиғи болып бөлінеді. Осы жұмыста олардың ішінен біріншісі қарастырылған.
Негізгі қорлар – бұл еңбек құралдарына заттай айналған өндірістік қорлардың бөлігі, ұзақ кезең бойы өзінің натуралды формасын сақтайды, өнімге өз құнын бөлектен ауыстырады және тек қана бірнеше өндірістік циклдарды жүргізгеннен кейін өтеледі.
Ресурстарды негізгі және айналымға бөлудің негізіне өндірісте жүргізетін, және өз құнын шығарылатын өнімге, қызметке ауыстырудың әр түрлі сипатына әр мәнді принцип қойылған. Негізгі қорлар өзінің әлеуметтік мәніне қарай меншік объектісі болып табылады және тұтынушылық құн, пайдалы заттар, сонымен қатар еңбекте тұрып қалған құн секілді натуралды түрде көрінеді.
Құрылыс кәсіпорындарының негізгі қорларына келесілер жатады: жылжымайтын мүлік (жер учаскілері, ғимараттар, құрылыстар және т.б. жылжуы мүмкін емес жермен байланысты объектілер), көлік құралдары, құрал-жабдықтар, өндірістік және шаруашылық инвентарь, арнайы инструменттер және басқа да құрал-жабдықтар (библиотекалық қор, музей құндылықтары, тірі әлем экспонаттары және т.б.).
Құрылыс кәсіпорындарының негізгі қорлары олардың материалды-техникалық базасының негізін құрайды, олардың өсімі және жетілуі өнімнің сапасын көтеруінің және бәсеке қабілеттілігінің негізгі шарты болып табылады.
Негізгі қорларды көптеген өндірістік циклдер ішінде пайдаланады, олар жәй-жәй тозады, қасиетін және қалпын сақтап өзінің құнын жаңа шыққан өнімге ауыстырады.
Негізгі қорларға қарағанда айналым қорлары бір өндірістік процеске қатысады және өзінің құнын шыққан өнімге толықтай ауыстырады (мысалға, құн өзінің құнын жаңа пайда болған өнім-нанға толықтай ауыстырады).
Материалды активтер сатып алыну мақсатына байланысты негізгі қорлар есебінде, құрамында, тауарлы-материалдық қорларда немесе қаржылық инвестицияларда көрінеді, ал қайта сату мақсатымен сатып алынған болса – тауарлы материалдық қор құрамында; ұзақ уақыт бойы қаржы салу мақсатымен сатып алынған болса қаржылық инвестиция болып көрінеді.
Негізгі қорлар өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты төмендегілерге бөлінеді:
- өндірістік – бұл өндіріс процесіне тікелей қатысатын немесе оған жағдай жасайтын негізгі қорлар. Оның құрамына өндірістік ғимараттар және құрылыстар, машиналар және құрал-жабдықтар, өлшейтін және бақылайтын құралдар және жабдықтар, лабораториялық құралдар, көлік құралдары, өндірістік және шаруашылық инвентарь, инструменттер, көпжылдық отырғызулар. Негізгі өндірістік қорларды пайдалануды сипаттайтын экономикалық жалпылығын көрсеткіш болып қорқайтарым табылады, ол натуралды немесе ақша өлшеміндегі негізгі қорлардың бірлігіне өнім өндірісін сипаттайды;
- өндірістік емес – тұтынуға белгіленген негізгі қорлар. Олар өндіріс процесіне қатыспайды, кәсіпорын жұмысшыларының мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арналған.
Тәнділігі бойынша негізгі қорлар келесідей бөлінеді:
- меншікті – ол субъектке тиесілі және оның балансында болатын негізгі қорлар;
- арендаға алынған – ол басқа бір субъекттен аренда шартымен белгіленген бір мерзімге алынған негізгі қорлар. Ағымды аренда кезеңде оны аренда берушінің балансында болады, ал арендаға алушы шотында 001 «Жалға берілген негізгі қорлар» көрсетіледі. Арендаға берілген негізгі қорлар қатарына ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі қорлар жатады, егер арендаға алушы келісім шартта белгіленген сатып алу құнын аренда уақыты біткеннен кейін немесе бітпей тұрып өткізсе, онда ол аренда алушының меншігіне өтеді. Оларды сәйкесінше 121, 122, 123, 124, 125 субшоттарда «Ұзақ мерзімді жалға берілетін негізгі қорлар» есептейді.
- қозғалыстағы — өндірісте және шаруашылық қызметте пайдаланылатын негізгі қорлар;
- тоқтап тұрған – уақытша пайдаланылмайтын негізгі қорлар;
- запастағылар – қозғалыстағы негізгі қорларды жөндеуде, аварияда немесе жойылып кеткенде ауыстыруға арналып қойылған негізгі қорлар.
Заттай құрамына байланысты негізгі қорлар:
- мүлікті – заттай құрамы бар объектілер (ғимараттар, құрылыстар, машиналар, құрал-жабдықтар);
- мүліксіз – жерге, тоғайлық және сулы жерлерге (құрылыстардан басқа) капитал салымдары, яғни заттай формасы жоқ шығындар (жер учаскілерін жоспарлау, жалға алынған негізгі қорларға капиталдық шығындар және т.б.).
Өндірілген өнім және көрсетілген қызмет қай экономика саласына және қызмет түріне жатса, соған қатысқан негізгі қорлар сол экономика саласына және қызмет түріне жатады.
Негізгі қорлар жасайтын функциясына және мақсатты белгілеуіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
- I. Жер – субъекттің меншік құқығымен сатып алынған жер көлемі және құны. Жерге деген меншік құқығы «Жер учаскесіне меншік құқық актісі» мен бекітілуі тиіс. Инвентарлы болып жер учаскісіне меншік құқығы актісі берілген әрбір жер саналады.
- II. Ғимараттар – еңбекке жағдай жасау, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, баспанап және материалды құндылықтарды сақтауға арналған архитектурлы-құрылыстық объектілер. Инвентарлы объект болып әрбір бөлек тұрған ғимарат саналады.
III. Құрылыстар – еңбек затын өзгертпейтін функцияларды орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыру үшін арналған инженерлі-құрылыстық объектілер (шахталар, мұнай және газ скважиналары, платиналар, эстакадалар, мосттар).
Инвентарлы болып әрбір бөлек тұрған құрылыс саналады.
- IV. Таратқыш құрылғылар – электро, жылу және механикалық энергияны тасымалдауға арналған құрылғылар (электроөткізу линиялары, жылу желісі, құбырлар).
- V. Машиналар және құрал-жабдықтар. Инвентарлы объектісі болып әрбір машина саналады, егер ол басқа бір объектінің бөлігі болмаса, өзінің құрамына кіретіндер құралдар, керек-жарақтар, қоршаулар, фундамент негізгі қорлардың бұл тобы 5-ке бөлінеді:
- Күш машиналары және құрал-жабдықтар – жылу және электроэнергияны шығаратын машиналар, генераторлар; әр түрлі энергияны механикалық энергияға айналдырылатын машина-двигательдері (тракторлар және өзі жүретін шассилер, бу двигательдері, турбиналар, іштен жану двигательдері).
- Күш машиналары және құрал-жабдықтар – еңбек өнімін шығару процесінде еңбек затына механикалық, теориялық және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдықтар (токарлы станоктар, насостар, электромоторлары, экскаваторлар, грейдерлер).
- Өлшегіш және реттеуіш құралдар, жабдықтар және лабораториялық құралдар – бұл өндірістік процессті реттеу және өлшеу үшін арналған құрал-жабдықтар (дизаторлар, амперметрлер, микроскоптар, суөлшегіштер, монометрлер).
- Есептеуіш техника – бұл процестерді автоматтандыруға және жылдамдатуға арналған машиналар, құрал-жабдықтар (компьютерлер және т.б. есептеуіш құралдар).
- Басқа да машиналар және құрал-жабдықтар – машиналар, аппараттар және басқа да құрал-жабдықтар (телефон станцияларының, радиобуындарының құралдары).
- VI. Көлік құралдары – адамдарды және жүктерді тасуға арналған жүру құралдары (автомобиль, теміржол, су транспорттарының қозғалу составы). Инвентарлы объектісі болып барлық оған қатысты құрал және жабдықтармен бірге бөлек объектілер табылады.
VII. Аспаптар (құралдар) – бұл механикаландырылған және механикаландырылмаған қол еңбек құралдары немесе металдарды, ағаштарды және т.б. өңдеуге арналған машинаға бекітілген жабдықтар (кесетін, соғатын, езетін, жұқартатын еңбек құралдары – электро дрельдер, электро вибраторлар және т.б.). Инвентарлы объектісі болып тек қана басқа инвентарлық объектінің құрамына кірмейтін құралдар жатады.
VIII. Өндірістік жабдықтар және құралдар — өндірістік операцияларды жасауға немесе жеңілдетуге арналған құралдар – жұмысстолы, шкафтар, және т.б.
- IX. Шаруашылық инветарь – конторлық және шаруашылық инвентарь (cтолдар, шкафтар және клемдер).
- X. Көпжылдық отырғызулар – жасанды, көпжылдық оптырғызулар (жеміс-жидектер, жүзім ағаштары, көпжылдық гүл отырғызулары, роза плантациялары, тірі шарбақтар және т.б.).
- XI. Жерді жақсарту үшін капитал шығындары (құрылыссыз) – шаруашылыққа пайдалану үшін жерді жақсарту шараларына инвентарлы сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, алаңды тастардан тазарту және т.б.).
XII. Басқа да негізгі қорлар – библиотекалық қорлар, музей құндылықтары және т.б.
Нарықтық экономикаға өту жағдайында бухгалтерлік есептің мақсаты негізгі қорлардың қозғалысын, шығуын, түсімін дұрыс және уақытылы қадағалау; пайдалану жерлерінде олардың бар болуын және сақталуын бақылау; негізгі қорлардың тозуын уақытылы және дәл есептеу, сонымен қатар оның есепте дұрыс айқындалуы; жөндеуге кеткен шығындарды анықтау және осы мақсатқа бөлінген қаржыларды тиімді пайдалануды басқару; тиімді пайдалануды басқару, мамшиндердің, құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және басқа да объектілердің жұмысының тиімділігін көтеру үшін резервтерді табу, сонымен қатар өнім шығаруын көтеру үшін өндірістік алаңдарды қолдану; негізгі қорлардың пайдаланбайтын, артық объектілерін шығару; кәіспорын басшысын есептеу техника құралдары базасында есептеп шығару жұмыстарын автоматтандыру жолымен негізгі қорлардың жағдайы туралы қажетті ақпаратпен оперативті қамтамасыз ету.
Негізгі қорлар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.
Нарықтық экономикаға өту шарттары еңбек коллективін өндірістің барлық материалды-құндық факторларын соның ішінде негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру резервтерін тұрақты іздеуге ниеттейді. Бұл резервтерді мұқият экономикалық талдау жүргізудің арқасында тауып және іс жүзінде қолдануға болады.
Негізгі қорлардың жағдайы және оларды пайдалану – аналитикалық жұмыстың негізгі бір аспектісі болып табылады, себебі дәл осылар әр бір өндірісті тиімді пайдаланудың негізгі факторы – ғылыми-техникалық прогрестің материалды айналуы болып табылады.
Кәсіпорынның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылықтарын толық және тиімді пайдалану оның баруына әсерін тигізеді: оның еңбек өнімділігінің өсуіне, қорқайтарымның, өнім шығарудың көбеюіне, оның өзіндік құнының төмендеуіне, капитал салымдарын үнемдеуге.
Өнеркәсіпті-өндірістік негізгі қорларды тиімді пайдалануды және жағдайын талдау мақсаты болып: кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшілерінің негізгі қорлармен қамтамасыз етілуін анықтау, оларға деген қажеттілігін анықтау, олардың өсу жоспарының орындалуын, жаңаруын және шығуын анықтау, негізгі қорлардың техникалық жағдайын әсіресе активті бөлігін зерттеу, негізгі қорлардың пайдалану дәрежесін және оған әсер еткен факторларды анықтау, құрал-жабдықтар паркінің толықтай қолданылуын және комплекттігін анықтау, қорқайтарым өсімінің резервтерін шығару, негізгі қорларды тиімді пайдалану есебінен өнім көлемін және пайданы көтеру.
Негізгі қорлар пайдалануына байланысты қозғалыстағы, запастағы және тоқтатылғандар болып, тиістілігі бойынша – жеке меншіктегі және арендаға берілгендер болып бөлінеді.
Қозғалыстағы – эксплуатациядағы негізгі қорлар (жұмыстағы, жөндеудегі немесе тоқтаудағылар).
Запастағы негізгі қорларға запаста тұрған құрал-жабдықтар және көлік құралдары (складтағы резервте тұрғандар), эксплуатациядан шыққан негізгі қорларды ауыстыруға арналған.
Тоқтатылған негізгі қорлар кәсіпорынның немесе бөлек цехтардың уақытша эксплуатациясын тоқтатуын белгіленген тәртіппен құжатты хатталғандар.
Жеке меншіктегі сол кәсіпорынға тиесілі негізгі қорлар. Арендаға алынған басқа бір кәсіпорыннан (ұйымдардан) уақытша пайдалануға салынған негізгі қорлар.
Негізгі өндірістік қорлардың түрлік құрылымы әр саладағы өнеркәсіп кәсіпорындарында бірдей емес. Мысалға, ғимамраттардың негізгі қорлардың толық құны жеңіл тамақ өнеркәсібіндегі үлесі көбірек (44%), құрылыстар – жанар-жағармай өнеркәсібінде (17%), таратқыш құрылғылар – электроэнергетикада (32%), машина және құрал-жабдықтар – машина құрастыратын кешенді кәсіпорындарында (45%).
1.2. Негізгі қорлар қозғалысы, жағдайы және бар болу көрсеткіштері.
Негізгі қорлардың толық барын көп жағдайда белгіленген бір мезгілдегі жағдайын сипаттайды. Мысалға, есептік жылдың жыл басына және жыл аяғына бар болуын негізгі қорлар балансынан алуға болады. Бірақ кейбір жағдайларда негізгі капиталдың бар болуы орташа бір кезең ішіндегі негізгі қорлардың қозғалысы салдарынан олардың түсімі және шығысы жүрген туралы сипаттама қажет болады. Орташа бір кезең ішіндегі бар болуын статистика орташа шамалардың формуласын пайдаланамыз: а) кезеңнің басындағы және аяғындағы мәліметтері бар болған кезде – орташа арифметикалық жәй; б) тең емес интервалды уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда – орташа арифметикалық. салмақтанған; в) тең интервалды периодты уақыт моментіне мәліметтер бар болғанда – момент қатарының орташа хронологиялық. Бір сөзбен айтқанда негізгі қорлардың ортажылдық құны — бұл кәсіпорынның жыл ішіндегі негізгі қорлардың бар болуының орташа мағыналы көрсеткішінің құны. Негізгі қорлардың ортажылдық баланстық құнынан басқа негізгі қорлардың ортажылдық құны ортажылдық бағада есептелуі мүмкін.
Негізгі қорлардың ортажылдық құнын келесі формуламен есептеуге болады.
Фс = Фн + Фв · Тв/12 – Фл · Тл/12 (1.1)
мұндағы, Фн – негізгі қорлардың жыл басындағы құны;
Фв – жыл ішінде енгізілген негізгі қорлар құны;
Фл – жыл ішінде шыққан негізгі қорлар құны;
Тв – жыл ішінде енгізілген негізгі қорлардың
функционирлену уақыты;
Тл – жыл ішінде негізгі қорлардың шыққаннан кейінгі
өтіп кеткен уақыт.
Негізгі қорлардың тозушылық дәрежесін тозу коэффициенті арқылы есептейді, ол негізгі қорларды тозу сомасының, оның толық құнына қатынасымен анықталады немесе жарамдылық коэффициентінің 1 (100%) толығуын айтамыз.
|
Тозу сомасы
Негізгі қорлардың толық бастапқы құны (1.2)
немесе Ктозу = 1 – Кжарамд.
Негізгі қорлардың жарамдылық дәрежесін анықтау үшін жарамдылық коэффициенті пайдаланылады, ол негізгі қорлардың қалдық құнының толық бастапқы құнына қатынасымен анықталады. Жарамдылық коэффициенті шығарылатын өнімге әлі ауыстырылмаған негізгі қорлар көлемін сипаттайды. Ол тозу коэффициентіне кері пропорционалды.
|
Негізгі қорлардың қалдық құны
Толық бастапқы құн (1.3)
немесе Кжарамд. = 1 — Ктозу
Тозу және жарамдылық коэффициенттерін жағдайына қарай жыл басына және жыл аяғына есептелінеді. Олар негізгі қордың жағдайын оның техникалық деңгейін сипаттайды.
Негізгі қорлар қозғалысының көрсеткіштері период ішінде негізгі қорлардың түскенде және шыққанда оның көлемін және құрылымын сипаттайды. Негізгі қорларды жаңарту коэффициенті есептік кезең аяғына оның жаңару дәрежесін сипаттайды, негізгі қорлардың қайта өндіріс көрсеткіші болып табылады, есептік жылы қозғалысқа түскен жаңа негізгі қорлар құнының жыл аяғындағы негізгі қорлар құнына қатынасымен анықталады:
|
Жаңа негізгі қорлар құны
Жыл аяғындағы негізгі қорлар құны (1.4)
Ол қозғалысқа енгізілген негізгі қорлардың қатынастық сипатын көрсетеді.
Негізгі қорларды толықтырулар тек қана жаңасын сатып алу нәтижесінде ғана емес санымен қатар эксплуатацияда болған негізгі қорлардың түсімін сипаттау үшін түсім коэффициенті пайдаланылады:
|
Жыл ішінде түскен негізгі қорлар құны
Негізгі қорлардың жыл аяғындағы құны (1.5)
Негізгі қорлардың қайта өндіріс динамикасын талдау үшін негізгі қорды жаңартудың интенсивті коэффициенті пайдаланылады:
|
Жойылған негізгі қорлар құны
Қайта енгізілген негізгі қорлар құны (1.6)
Бұл коэффициентті көтерген жағдайда негізгі қорларды ауыстыру интенсивтілігі төмендейді және керісінше.
Негізгі қорлардың тек қана тозуы және өте ескіргендігінен пайдаланылатын негізгі қордың шығу дәрежесін сипаттайтын жою коэффициенті:
|
Жойылған негізгі қорлар құны
Негізгі қорлардың жыл басындағы құны (1.7)
Негізгі қордың қозғалысының барлық көрсеткіштері баланстық құннан шыға есептелінеді. Негізгі қорлардың қозғалысы туралы толық мәліметтерді негізгі қордың балансынан алуға болады.
Негізгі қорларды пайдалану үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, оларды шартты 2 топқа бөлуге болады: жалпыланғыш және жеке көрсеткіштер. Жалпылағыш көсреткіштер, оған бірінші кезекте қорқайтарымын және рентабельділікті жатқызады, халық шаурашылығының барлық деңгейінде негізгі қорларды пайдалануды сипаттау үшін қолданылады.
Жеке көрсеткіштер – натуралды, көбінесе кәсіпорында немесе оның бөлімшелерінде негізгі қорларды пайдалануды сипаттау үшін қолданылады. Бұл көрсеткіштер негізгі қорларды пайдаланудың экстенсивті және интенсивті көрсеткіштеріне бөлінеді.
Негізгі қорларды экстенсивті пайдалану көрсеткіштері олардың уақыттағы пайдалануын сипаттайды, ал интенсивті пайдалану көрсеткіші анықталған құрал-жабдық түрінен уақыт бірлігіне өнім түсімінің көлемін сипаттайды.
Негізгі қорларды пайдаланудың экстенсивті көрсеткіштерінің маңыздыларына жоспарлы, тәртіпті және календарлы құрал-жабдықтың жұмыс уақытын пайдалану коэффициенттері, құрал-жабдық жұмысының сменалық коэффициенті, ішкі сменалық тұрып қалулар көрсеткіштері және т.б. жатады.
Экстенсивті пайдаланудың жеке көрсеткіштерінің ішінен құрал-жабдық жұмысын ауыстыру коэффициенті ерекше орын алады, ол бір тәулік ішіндегі машино-смен сомасының барлық машина санына қатынасымен анықталады. Құрал-жабдық жұмысының ауыстыру коэффициентін көтеру – бұл өнім өндіріс көлемінің өсуінің және негізгі қорларды тиімді пайдаланудың маңызды көзі болып табылады.
Құрал-жабдықтар жұмысын ауыстыру коэффициенті келесі формуламен анықталады:
|
Ауыстыру машиндері
Құрал-жабдықтар мөлшері (1.8)
Құрал-жабдықтарды пайдаланудың ауыстырымдылығын көтерудің басты мақсаты – бұл негізгі қорларды қалыптастыруды жетілдіру. Оларды дәл қалыптастыру процесінде кәсіпорын өзгешілік есебімен – жұмыс күші және негізгі қорлар арасында ең басты пропорцияға жету қажет.
Негізгі қорларды экстенсивті пайдалану көрсеткішінің ішінде құрал-жабдықтарды ауыстыру көрсеткішін толықтыратын құрал-жабдықтардың ішкісменалық тұрып қалу көрсеткіші де маңызды мағынаға ие. Құрал-жабдықтардың ішкісменалық тұрып қалуларының негізгі себептері — өндірісті ұйымдастырудың төмен деңгейі, жұмыс орындарының құрал-саймандармен, материалдармен, детальдармен жабдықталуы; құрал-жабдықтардың түзелмеуі және жоспарда қарастырылмаған ремонттар; жұмысшылардың жетілмеуі. Құрал-жабдықтардың ішкі сменалық тұрып қалуын төмендету үшін ең алдымен құрал-жабдық жұмысының бақылауын және есебін жақсарту, станоктардың және машиндердің жұмыс есебін автоматтандыру және механикаландырудың әр түрлі жүйелерін кеңінен пайдалану.
Құрал-жабдықтарды экстенсивті және интенсивті пайдалану көрсеткіштерінен басқа өндірістік алаңдарды және құрылыстарды пайдалану көрсеткіштері де маңызды орынға ие. Өндірістік алаңдарды тиімді пайдалану капиталды құрылыссыз өнім өндіруді көтеруге мүмкіндік береді және осымен капитал салымдарының мөлшері қысқартады; босатылған өндірістік алаңдарда өндірісті жаңа құрылысты жүргізгенге қарағанда тез ұйымдастыруға болады, осының арқасында уақыт ұтамыз.
Көп жағдайда жоғарыда айтылып кеткен құрал-жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті негізгі қорлардың бөлек көрсеткіштерінің пайдалану дәрежесін ғана көрсетеді, сондықтан негізгі қорлардың барлық пайдалану массасын анықтау үшін кәсіпорындарда, халық шаруашылығының салаларында жалпылағыш көрсеткіштері қолданылады.
Олардың ішінде маңыздысы – негізгі қорлардың қорқайтарымы, өнім бағасының негізгі қорлардың орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады.
ФО = Q/Fc (1.9)
мұндағы, Q — өндіріс көлемі;
Fc – негізгі қорлардың орташа жылдық құны.
Қорқайтарым негізгі өндірістік қорларға жұмсалған әрбір тенгені пайдаланудан жалпы қайтарымды көрсетеді. Бұл көрсеткішті есептегенде негізгі қорларды пайдаланудың және өндіріс нәтижелерінің кезеңдік салыстырғандығына назар аудару қажет.
1.3. Негізгі қорларды бағалау.
Материалды активтерді негізгі қор деп есептеу сәтінде қажетті шарт болып олардың бағалануының біріңғай әдістемесі табылады. Осыған байланысты негізгі қорлардың бастапқы, ағымды, баланстық, өткізу құнын және жойылу құнын бөледі.
Негізгі қорлардың бастапқы құны.
Негізгі қорлар бухгалтерлік есепте бастапқы құн бойынша кіріске алынған кезде көрінеді, ол өзіне барлық қажетті шығындардың нақты жұмсалуын, төленген қайтарылмайтын салықтар және жинақтар, сонымен қатар активті жұмыс жағдайына және оны белгіленіміне пайдалануымен тікелей байланысты жеткізу, монтаждау, қондыру, эксплуатацияға жүргізу шығындары және басқа да әр түрлі шығындардың жұмсалуын қосады. Жер учаскесінің бастапқы құнына келесілер кіреді:
- Шотта көрсетілген сатып алу бағасы;
- Қозғалмайтын мүлік жөнінде агенттерге комиссиондық сый-ақылар;
- Сату-сатып алу келісім шартын жасаған заңгердің қызметіне төлем;
- Салықтар және жинақтар;
- Мақсатты пайдалануға жерді дайындау шығындары (ғимараттарды құлату, тазарту, тегістеу) және т.б.
Сатып алынған құрал-жабдықтың бастапқы құнына келессілер жатады:
- Сатып алу құны;
- Тасымалдауға кеткен шығындар (соның ішінде тасымалдау кезіндегі сақтандыру);
- Монтаж;
- Құрал-жабдықтардың эксплуатацияға жарамдылығын тексеру мақсатымен сынау жүргізу және т.б.
Ғимараттардың және құрылыстардың құрылысын жүргізгенде негізгі қорлардың бастапқы құнына құрылыс бойынша барлық шығындар кіреді:
- Материалдар;
- Еңбекақы төлеу;
- Үстеме шығындардың сәйкес үлесі;
- Архитекторлар, заңгерлердің қызметіне төлемдер;
- Құрылыс кезіндегі сақтандыруға шығындар;
- Құрылыс кезіндегі сақтандыруға шығындар;
- Құрылыс кезіндегі берілген кредит проценті;
- Құрылысқа рұқсат алуға кеткен шығындар.
Негізгі қорлар объектісінің бастапқы құны анықталады:
- Негізгі қорлар субъектісінің өзім дайындалған кезде немесе оларды фактілік шығындар сомасымен сатып алу;
- Объектілерді басқа бір заңды немесе жеке тұлғалардан эксперттік жолмен немесе қабылдау-беру актісі бойынша тегін алған кезде.
Ағымдық құн – бұл белгіленген уақытқа негізгі қорлардың пайдаланып жүрген нарықтық бағасының құны. Әр түрлі уақытта эксплуатацияға енгізілген біртекті негізгі қорлар олардың өндірісіне әр түрлі шығын деңгейі көрсетеді. Сондықтан оларды ағымдық құн бойынша бағалау қажеттілігі туады.
Баланстық құн – бұл негізгі қорлардың активі есепте және есептемеде көрсетілетін жиналған амортизация сомасын шегеріп тастағандағы бастапқы және ағымды құн. Бұл негізгі қорлардың өндірілетін өніміне, жұмысына және қызмет көрсетуіне немесе ағымды шығындарға әлі ауыстырылмаған құны. Бұл құнның төмендеуі негізгі қорларды эксплуатацияда табу уақытының жоғарылау себебінен болады.
Жойылу құны – негізгі қорлар жойылған кезде туатын запас бөлшектерінің, ломның, қалдықтардың болжамды бағасы.
1.4. Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы.
Негізгі қорлар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатысып, жәй-жәй тоза бастайды, яғни физикалық күштің, техникалық және экономикалық факторлардың әсер етуімен өзінің құрамын жоғалтады және жарамсыз болып қалады.
Тозу – моральдық және физикалық сипатынан айыратын процесс. Негізгі қорлар тозуының екі түрі бар физикалық және моральдық.
Физикалық тозуда негізгі қорлардың тұтыну құнының жоғалтуы болады, яғни еңбек процесінің, табиғат күштерінің әсер етуімен технико-экономикалық және әлеуметтік сипатының нашарлауы, сонымен қатар негізгі қоррларды пайдаланбау есесінен.
Өндірісте тозған негізгі қорлардың көпшілік бөлігі, мысалға өнеркәсіпте халық шаруашылығында елеулі шығындарға алып келеді, себебі біріншіден – құрал-жабдықтың көнеруі оны жұмыс жағдайында сақтап тұру үшін капиталдық жөндеуге қаржы салуды көбейтуді қажет етеді; екіншіден – ескірген өндіріс түгелдей жаңа техниканы пайдалануға мүмкіндігі жоқ. Осының салдарынан өнім және қызмет көрсету көлемі азаяды. Техникалы қартта қалған және моральды тозған шығынды өндіріс ғылыми техникалық прогресске бөгет жасайтын тоқырау аймағын тудырады.
Моральдық тозу көбінесе физикалық тозудан ерте келеді, яғни әлі пайдалануға болатын негізгі қорлар экономикалық тиімсіз болады. Өз кезегінде моральдық тозу екі түрге (немесе екі факторға) бөлінеді:
Моральдық тозудың бірінші түрі – машиндердің жарты бөлігінің құнын физикалық тозусыз жоғалту, яғни сол машиндердің жаңа жағдайдағы дайындалуының арзандау нәтижесінен (ғылыми техникалық прогресстің жетістіктерін пайдаланып). Бұл түрдің моральдық тозуы дәл сондай конструкциялы машиндерді шығару үшін жұмыс уақытының азаюынан болып тұр. Моральдық тозудың бірінші түрі құрал-жабдықтың қызмет ету уақытының ұзақтығымен, оның физикалық тозуының дәрежесімен байланысты емес, ол өнімді дайындау құнын төмендететін техникалық прогресстің қарқынына байланысты. Моральдық тозудың бірінші түрінде негізгі қорлардың тұтыну құны, құрал-жабдықтың өнімділігі өзгермейді, тек негізгі қорлар құны өзгереді.
Моральдық тозудың екінші түрі — бұл бар машиндердің, құрал-жабдықтардың әрекет ету ұзақтығының қысқаруы, оның өнімділігінің және қуаттылығының төменделуімен, ал көне машиндердің жаңалармен салыстырғандағы эксплуатациясы өндірісті үлкен шығындарға алып келетіменен серттелген.
Тозуды анықтау әдістері.
Физикалық тозу негізгі қорлардың қызметтену негізінде анықталады:
Ттозу(ф) = Тф /Тн · 100% (1.10)
мұндағы, Тф – нақты қызмет ету уақыты (жыл);
Тн – нормативті қызмет ету уақыты (жыл).
Тозуды толық анықтау үшін негізгі қорлардың элементінің жағдайын анықтау қажет.
Моральдық тозудың бірінші түрі баланстық және қалпына келтірілген құнның қатынасы негізінде анықталады:
Ттозу(м1) = Фб – Фв /Фб · 100% (1.11)
мұндағы, Фб – баланстық құн (мың тг.);
Фв – қалпына келтірілген құн (мың тг.).
Моральдық тозудың екінші түрі көп жағдайда құрал-жабдықтардың өнімділігін салыстыру негізінде анықталады.
Ттозу(м2) = Пр2 – Пр1 /Пр2 · 100% (1.12)
мұндағы, Пр1 – қозғалыстағы негізгі қорлардың өнімділігі;
Пр2 – жаңа негізгі қорлардың өнімділігі.
Бірақ бұл кезде жаңа негізгі қорлар қамтамасыз ете алатын шикізат және материалдарды үнемдеу немесе еңбек күшін үнемдеу есептелмейді. Сондықтан моральдық тозудың екінші түрін дәл есептеу үшін келесі формуланы қолданып негізгі қорларды және өндіріс шығындарын салыстыру қажет.
Ттозу(м2) = Изд2 – Изд1 /Изд2 · 100% (1.13)
мұндағы, Изд1 – қозғалыстағы негізгі қорлардың өндіріс шығындары (тенге);
Изд2 – жаңа негізгі қорлардың өндіріс шығындары (тенге).
Негізгі қорлардың амортизациясы.
«Амортизация» термині тікелей мағынада негізгі қорлардың өлімі жоқтығын, олардың тозуды толтыру, қалыптасу мүмкіндіктерін білдіреді.
Амортизация процесі негізгі қорлардың қызмет ету уақыты ішінде өзінің құнын бөлектеп шығарылатын өнімге ауыстыруын және тұтынылған негізгі қорларды өтеу үшін осы құнның келесі пайдалануын айтамыз.
Негізгі қорлардың ауыстырылған өнім құрамындағы құны өндіріс сферасынан кетіп айналу сферасына түседі.
Өнімді шығарғаннан кейін сәйкесінше негізгі қор құнына ауыстырылған ақша бөлігі амортизациялық қорға тұседі, онда толық мөлшерге дейін негізінде бастапқы құнына сәйкес жиналады (тозған негізгі қорларды шегергенде). Бұл амортизациялық қор (жиналған ақша сомасы) тозған негізгі қорлар орнына жаңа негізгі қорлардың заттық элементтерін сатып алуға пайдаланылады, яғни негізгі қорлардың қайта қалыптасуы жүреді.
Амортизацияның негізгі функциялары – қайта өндірісті қамтамасыз ету, негізгі қорлардың есебі және қайта қалыптасуы.
Одан басқа анықталған деңгейде негізгі қорларды толық пайдалануын қарастырып ынталандырушы функцияны да орындайды: құрал-жабдықтың функционирлеу мезгіл қанша ұзақ болса, сонша көп өнім шығарылады және сонша тез негізгі қорлардың құны ауыстырылады.
Шаруашылық практикада амортизацияны есептеу үшін амортизациялық аударымдар қолданылады, яғни аударылған құнның ақшалай көрінісі.
Амортизациялық аударымдар өнімнің, жұмыстың, қызмет көрсетулердің өзіндік құнын құрайтын негізгі бір элементтері болып табылады. Амортизациялық аударымдардың сомасын көтеру немесе төмендету өндірісте шығындардың, қосылған жылдық табыстың мөлшерінің бұзылуына, сәйкесінше салық салуда қайшылықтарға алып келеді.
Амортизацияның объективті негізі болып өндірістік процесте және бағаның қалыптасуында еңбек құралдарының қатысу ерекшеліктері табылады. Осыдан негізгі қорлардың жұмыс уақытының ұзақтығы олардың құны бір өндірістік циклда өнімге түгел емес бөлшектен ауыстырылады, олардың физикалық және моральдық тозу шамасына байланысты. Амортизация өнім құнының бір бөлігі есебінде бірнеше кезеңдерден өтеді: бітпеген өндіріс элементі ретінде, дайын және шығарылған өнім ретінде. Бітпеген өндіріс және дайын өнім кезеңдерінде оның қозғалысы айналым құралдарының аванс беруін қажет етеді.
Амортизациялық аударымдар шығып кеткен негізгі қорларды қайта өндіруге бағытталады. Сондықтан функционирленуінің барлық кезеңіндегі амортизациялық аударымдар оның бастапқы құнына тең болуы керек, олардың жоюдан түскен таза түсіімінен басқа
Өнімге ауыстырылған құн көлемі келесіндей анықталады; біріншіден негізгі қорлардың бастапқы құнымен, бастапқы құн қанша жоғары болса, сонша негізгі қорлар құнының ауыстырылатын бөлігі көп болады.
Екіншіден, бұл мөлшер негізгі қорлар түрімен анықталады, мысалға: өнеркәсіпте ғимараттардың нормативті қызмет ету уақыты 30-50 жыл (өндіріс спецификасына байланысты), ал машиндердің және құрал-жабдықтардың қызмет ету уақыты – 3-15, 15-20 жылға дейін.
Үшіншіден, өнімге ауыстырылатын негізгі қорлар құнының мөлшері өндіріс спецификасының саласымен де шартталған: бір салаларда өнеркәсіптік өнім өндірісіне шығын амортизация үлесі өнеркәсіптердегі орташадан жоғары, бірінде төмен болады.
Амортизациялық аударымдардың көлемі норма амортизациясы бойынша негізгі қорлардың бастапқы құнынан олардың жұмыс уақытының мөлшерін есептеумен анықталады.
Осыған байланысты амортизация нормасы мына формула бойынша анықталады:
На = Фп (б) – Фп/Фп · tсл · 100% (1.14)
мұндағы На – жыл ішіндегі амортизация нормасы (%);
Фп (б) – негізгі қорлардың бастапқы құны;
Фп – жойылатын құн;
tсл – негізгі қорлардың жұмыс жасау мерзімі.
Амортизация нормасы негізгі қорлар құнының жылдық процентін өтеумен байланысты. Амортизация нормасы амортизациялық аударымының жылдық мөлшерінің негізгі қорлардың ортажылдық құнына қатынасымен анықталады.
Көпшілік салаларда өндірістің технологиялық ерекшеліктеріне, құрал-жабдықтар жұмысының ауыстырылуына және режиміне, жасалған жұмыстың жүктеме деңгейіне және физикалық көлеміне, сыртқы ортаның шарттарына, географиялық орналасуына (объектілердің) және т.б. факторларға байланысты амортизация нормасы көтерілуі немесе төмендетілуі мүмкін.
Амортизация нормалары экономикалық оқшауланған және негізгі қорларды уақытында төлеуге бағытталуы қажет. Оларды есептегенде негізгі қорлардың экономикалық лайықты жұмыс жасау уақытын келесі факторлардың есебімен дұрыс анықтау маңызды болып табылады: моральдық тозуы (бірінші және екінші түрі); техникалық қайта құралдануының перспективалық жоспары; құрал-жабдық балансы; модернизация мүмкіндіктері және капиталдық жөндеу. Амортизация деңгейі капитал салымдарының және жаңа техниканың тиімді вариантын таңдауда маңызды роль ойнайды.
Бухгалтерлік есептің 6 стандартына сәйкес амортизацияны есептеу үшін келесі әдістер қолданылады:
- Бірқалыпты құнды тізімнен шығару;
- Жасалған жұмыс көлеміне сәкес құнды тізімнен шығару (өндірістік әдіс);
- Тездетілген тізімнен шығару: а) кішірейетін қалдық
б) сандардың сомасы бойынша құнды тізімнен шығару (комулятивтік әдіс).
Бірқалыпты құнды тізімнен шығару әдісі – объектінің амортизацияланатын құнын ай сайын тең сомада тізімнен шығару. Бұл әдіс негізгі қорлардың объектісін пайдаланудан түскен пайда оны пайдалану уақытының әр кезеңінде бірдей деп болжаған кезде қолданылады, яғни объектінің қалатын пайдалылығы бірқалыпты болады.
Өндірістік әдіс амортизациялық аударымдар тек қана объектіні пайдалану мерзімен анықталады, яғни амортизация сомасының және өндірістік қуаттылықтың арасында тікелей байланыс бар. Бұл кезде амортизацияны анықтау үшін жұмыс жасау мезгілі ескерілмейді. Өндірістік қауттылық өнім шығару бірлігімен, экпслуатация сағатымен, жүріс бірлігімен және т.б. берілуі мүмкін. Активтің қалдық құны жойылу құнына жеткенше өндіріс қуаттылығына тіке пропорционалды жыл сайын төмендей береді. Бұл әдіс эксплуатация уақыты техникалық көрсеткіштерге немесе субъекттің шаруашылық қызметінде өзгерулермен шектеулі болған кезде қолайлы.
Өндірістік әдісті таңдауда объектінің өндірістік қуаттылығын пайдаланудан байланысты амортизацияның ауытқу көлемі жылдан жылға амортизацияның өзгеретін тенденциялар туралы нақты анықтамалар бермейтінін және өзіндік құнды және қаржылық жағдайын анықтауда тікелей әсерін тигізетінін ескеру қажет.
Технологияны жетілдіру жағдайында құрал-жабдықтар моральды тез тозады. Сондықтан қаржылық шарттарды құру мақсатында өндіріске ғылыми техникалық жетістіктерді енгізуді тездету үшін және негізгі қорларды жаңартуда мүдделігін көтеру үшін субъектілер амортизацияның жеделтілген есептеу әдісін қолдануларына болады:
а) сандардың сомасы бойынша құнды тізімнен шығару әдісі (кумулятивті);
б) кішірейетін қалдық әдісі.
Сандардың сомасы бойынша құнда тізімнен шығару әдісі есептік коэффициентін анықтаудан тұрады, коэффициент бөлімі пайдалы жұмыс істеу жылдарының сомасына тең, ал алымы кері қатардағы қызмет мезгілінің қалған жыл мөлшерінен тұрады. Бұл коэффициент әр түрлі эксплуатация мезгілінде әр түрлі, бірақ амортизацияланатын құнның тұрақты мөлшеріне қолданылады. Бұл әдісті қолданғанда бірінші жылдары амортизациялық аударымдар сомасы келесі жылдарға қарағанда айтарлықтай жоғары болады.
Кішірейетін қалдық әдісі амортизацияны есептеу бастапқы құнмен емес баланстық құнмен жүргізуден тұрады. Тіке сызықты әдісте амортизация нормасы екі еселенеді. Бұл кезде амортизация сомасы жылдан-жылға төмендейді, алғашқы жылдары ол айтарлықтай көп болады. Амортизацияны есептеген кезде қалдық құнды жойылу құнына дейін төмендету үшін пайдаланатын амортизация сомасы мөлшерімен шектелетін соңғы жылды қоспағандағы жоспарланатын жойылу құны амортизацияны есептеген кезде ескерілмейді.
Бекітілген орнатылған тәртіптегі сәйкескен инвентарьлы объектінің амортизация нормасы өскен кезде кәсіпорынның жеделдетілген амортизациясын есептеу бірқалыпты әдіс базасында жүргізеді.
Соңғы жылдары дамыған елдерде машиндердің құнын тез тізімнен шығарудан жаңа әдісі – амортизацияның регрессивті және прогрессивті әдістер комбинациясы қолданылады.
Негізгі қорлардың инвентаризациясы.
Бухгалтерлік есептің және қаржылық есептеменің мәліметтерінің нақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, сәйкесінше СБУ 24 «Бухгалтерлік жұмысты ұйымдастыру» және оған методикалық кепілдемелерімен жылына бір рет шаруашылық субъект түлігінің және қаржы міндеттемелерінің инвентаризациясын жүргізеді.
Инвентаризация – бұл мүліктің және міндеттемелердің нақты барлығын бухгалтерлік есеп мәліметтерінен сәйкестігін тексеру.
Есептік жылдағы инвентаризация мөлшері, оларды жүргізу уақыты, мүлік тізімін шаруашылық субъектімен орнатылады, мына жағдайларда инвентаризацияны жүргізу міндетті болып саналады.
- жылдық бухгалтерлік есепті құрастырудан бұрын, есептік жылдың 1 ноябірінен кейін;
- кәсіпорын мүлігін арендаға, сатуға, сатып алуға берерде, сонымен қатар шаруашылық объектінің өзгерісінде;
- материалды жауапты адамдарды уаыстырғанда;
- ұрлық немесе қиянат, сонымен қатар құндылықтарды бүлдіру фактілері анықталғанда тез арада жүргізеді ;
- жойылу балансын құрудан бұрын субъектінің жойылуы кезінде;
- экстремальды жағдайлардан болған өрт немесе апаттардан кейін тез арада жүргізеді;
- субъекттің есептік саясатпен анықталған мезгілінде негізгі қорларды қайта бағалау кезінде және басқа да Қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылған кезде.
Инвентаризацияны жүргізу үшін инвентаризациондық комиссия шаруашылық субъектінің жұмысшылары ішінен құрылады, оған бухгалтерия өкілі міндетті түрде қатысуы қажет, оның құрамы басшымен бекітіледі.
Комиссия міндетті түрде объектілерді тексереді және «Негізгі қорлардың мүлікті түгендеу жазбаларына» оның толық атауын, арнауын, инвентарлық номірлерін және негізгі техникалық және эксплуатициондық көрсеткіштерін енгізеді. Эксплуатацияға жарамайтын және қайта жөндеуге жатпайтын негізгі қорлар инвентаризационды (мүлікті түгендеу) тізімге кірмейді.
Негізгі қорларды жалға беру түрлері.
Аренда – бұл аренда берушінің аренда алушыға келісім шарт негізінде анықталған бағаға мүлікті уақытша пайдалануға және иеленуге беруі. Келісім шарт әр жақтық қарым қатынастар жүйесін, нақты құқықтарын және келісім шартқа әр бір қатысушының міндеттемелерді орындалуының өзара жауапкершілігін анықтайды.
Аренда келісім шартының заты – аренда берушінің меншігі болып табылатын өндіріс қорлардан аренда алушыға қайтару мақсатымен уақытша паайдалануға беру.
Халықаралық тәжірибеде аренданың үш түрін ажыратады:
Ұзақ мерзімді аренда (лизинг) – бұл 3 жылдан жоғары мерзімге мүлікті арендаға беру. Ұзақ мерзімді лизинг жәй және қаржылық (қаржыланатын аренда) болып бөлінеді.
Жәй лизинг аренда берушіге мүлікті аренда келісім шартының уақыты біткенде қайтаруын қарастырады.
Қаржылық лизинг – бұл аренданы ұзақ мерзімді несиелуі формасы. Көбінесе арендаға берілген мүліктің аренда уақыты біткеннен кейінгі сатып алу құқықсыз мүлікті жалға беру. Аренда мерзімі бір жылға дейін.
Экономикалық жағдайларға байланысты аренда: ағымда және қаржыланатын аренда болып бөлінеді. СБУ 17 «Аренда есебі» сәйкес ағымды арендаға қаржы алатыннан басқасының барлығы жатады.
Қазақстан Республикасының «Бюджетке салықтар және басқа да төлемдер туралы» заңды күші бар жарлығына сәйкес аренда және жерді пайдалану және иемдену құнын сату немесе ғимараттарды сату және арендаға беру қосылған құнға салынатын салықтан босатылады.
Пайдалану құнымен байланысты тәуекел және сыйақылар егерде айтарлықтай мөлшерде арендаторға берілетін болса, және келесі шарттардың біреуі болса да орындалса аренда қаржылық болып табылады:
- аренда алушыға жалға берілетін мүлікті аренда уақыттық басында анықталатын қойылған баға бойынша сатып алу құқына иелі.
- аренда уақыты жалға берілетін мүліктің жаратымды пайдаланудың 80% мезгілінен асады.
- аренда мезгілінің ішінде арендалық төлемдердің дисконталған құны ағымды құнынң 90% асады.
Аренда алушының арендаға алатын мүлігі актив есебінде бухгалтерлік есепте есептеледі.
Арендалық төлемдер төмендегілерден тұрады:
- Қаржыландыру үшін төлемдер (проценттерге төлеу шығындары).
- Арендалық міндеттемелердің баланстық құнды қысқартатын төлемдер (негізгі міндеттемелерді төлеу).
Аренда берушінің жалға берілетін мүлігі бухгалтерлік есепте аренданың таза капитал салымдарына тең дебиторлық қарызды болып есептеледі. Табыс бөлігінде арендалық төлемдер әрбір есептік аренда берушімен арендаға капитал салымдары ретіндегі табыс болып есептелінеді.
Бөлім 2. Негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануды талдау.
- Негізгі қорларды тиімді пайдалануды талдау.
Кәсіпорынның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылығын тиімді пайдалану оның барлық технико-экономикалық көрсеткіштерінің жақсаруына мүмкіндік туғызады, соның ішінде өнім шығаруын көбейтеді, өзіндік құнын, еңбек сыйымдылығын төмендетеді және т.б.
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануды талдау өткізудің методикасы оны қолданудың ең тиімді нұсқауды таңдауға көзделген. Сондықтан талдаудың негізгі ерекшеліктері болып мыналар табылады:
- Негізгі қорларды пайдаланудың нұсқаулық шешімдері; және
2) перспективаға мақсатталу.
Перспективалық анализ – бұл инвестицияларды талдаудың негізгі түрі, оған баланста бар негізгі қорлардың және оларды тиімді қолдануының бағалануы барлық ресурстар түріне қолданылатын технологиялық бағалануға негізделген, ол қайтарымдылық және сыйымдылық көрсеткіштерін есептеуді және талдауды болжайды. Сонымен қатар негізгі қорлардың рентабельділігі және салыстырмалы үнемдеуін бағалау жүргізіледі.
«Мұнайгазқұрылыс» ААҚ бойынша негізгі қордың қор қайтарымы келесідей:
2000 жылы ФОо = 56997,8/66735 = 0,854 тенге
2001 жылы ФО1 = 152617/73855 = 2,066 тенге
2001 жылы пайдаланылған негізгі қорлардың 1 тенгесінен 2,066 тенгеге өнім көріп отырмыз.
Қор қайтарымның өзгерісін сипаттайтын индекс:
Iфо = ФО1/ФОо
Iфо = 2,066/0,854 = 2,4 немесе 241%
яғни, қор қайтарымдылық коэффициенті 2001 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 2,4 есе өскен.
Қор қайтарым нәтижелерін салыстырғанда базистік жылға қарағанда есептік жылы қор қайтарым көрсеткіштері айтарлық көтерілген. Қор қайтарым көрсеткішінің 1,212 (2,066 – 0,854) өскенін 2 негізгі фактордың әсерінен деп түсіндіреміз, біріншіден негізгі қорлардың көлемінің өсу есебінен және екіншіден кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын пайдалануды жақсартудан.
Қор қайтарымның өсуі дәл қай фактордың есебінен өсетінін анықтау үшін келесі есептемені жүргіземіз. Бұл үшін келесі кестеде қор қайтарымға және оның өсу қарқынына әсер ететін негізгі көрсеткіштердің абсолютті өзгерулерін көрсетеміз.
2.2. Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың көрсеткіштері мен факторларын талдау.
Құрал-жабдықтар – бұл негізгі қорлардың үлкен бір активті бөлігі болып табылады. Оның үлес салмағының өсуі прогрессивті тенденция болып саналады. Талдау процесінде өндірістік-өнеркәсіптік негізгі қорлардың активті бөлігінің ортажылдық құнының үлесін санаумен қатар кәсіпорынның машина және құрал-жабдықтармен мөлшерлі қамтылуы, олардың техникалық деңгейі анықталады.
|
|
Құрал жабдықтар сәйкесінше келесі негізгі құраушыларды кірістіреді: нақты бары, орнатылғаны және әрекеттегісі. Нақты құрал-жабдықтарға кәсіпорынның иелігіндегі барлық, қай жерде орналасқанына (цехтарда, складта) және қандай жағдайда екеніне байланыссыз құрал-жабдықтар кіреді. Орнатылған құрал-жабдықтарға жұмысқа дайындалған және жөнделген цехтарда орналасқан, тіпті орнатылған құрал-жабдықтардың бір бөлігі резервте, жоспарлық жөндеуде, концервацияда, модернизациялауда болуы да мүмкін құрал-жабдықтар кіреді. Әрекеттегі құрал-жабдықтар – бұл ұзақтығына байланыссыз есептік кезеңде іс жүзінде жұмыс жасайтын құрал-жабдықтар.
Құрал-жабдықтарды пайдаланудың экстенсивті жолын сипаттайтын көрсеткіштер — құрал-жабдықтар саны, соның ішінде әрекетте жоқ еңбек құралдарының үлесі, істен шыққан уақыты (машина уақыт), машина және станок паркінің құрылымы.
Құрал-жабдықтарды интенсивті пайдалану 1 машина/уақытта өнім шығару көрсеткіштерімен сипатталады, яғни оның өнімділігімен. Құрал-жабдықтарды экстенсивті пайдалануды талдау оның жұмысының уақыт балансын қарастырумен байланысты, ол келесі уақыт қорларын қосады:
- құрал-жабдық өлшемінің календарлы уақыт қоры (талданатын кезеңге календарлы күндер санының көбеюі арқылы есептелінеді);
- номиналды уақыт қоры (бір кезеңде жұмыс сменасының көбеюі жұмыс сменасының уақыттық ұзақтығына тең);
- тиімді уақыт қоры жоспарланған кезеңнің ішінде тиімді пайдаланылатын уақыт мөлшерімен анықталады. Ол номиналды уақыт қорына тең, тек оның ішінен жөндеуге, модернизацияға, профилактикаға және құрал-жабдықтардың жапсырмаға кететін уақытын шегерімен тасталады.
- пайдалы уақыт – құрал-жабдықтардың нақты жұмыс уақыты, жоспарлық емес тұрып қалуларды шегеріп тастағандығы тиімді жұмыс уақыт қоры секілді анықталады.
Уақыт қорының жиынтығы құрал-жабдықтардың жұмыс уақытын талдауға мүмкіндік береді. Клендарлы және номиналды уақыт қорларын салыстыру ауыстыру икоэффициентін жоғарылату есебінен, ал номиналды және тиімді – құрал-жабдықтарды жақсы пайдалану есебінен, жұмыс уақытында жөндеуге кететін уақыт шығынын қысқарту есебінен жақсы пайдалануды анықтауға мүмкіндік береді.
Талданып отырған кәсіпорын бойынша құрал-жабдықтардың жұмыс уақыт қорлары туралы мәліметтер №6 кестеде көрсетілген:
Есептеулерден көріп отырғанымыздай құрал-жабдықты интегральдық тиеу көрсеткішінің өсуі құрал-жабдықтың экстенсивті жүктемесін көтеру нәтижесінен болып отыр. Интенситві жүктеменің төмендеуі өнім шығаруды көтеру мүмкіндіктерін пайдаланбай отырғанын сипаттайды, қосымша қуаттарды және жаңа капитал салымдарын пайдаланбай-ақ. Бұл коэффициентті өндірістің ұйыдастыру-техникалық деңгейін үйлесімдендіріп, өндірістегі қысқа орындарды жою арқылы көтеруге болады.
Негізгі қорлардың өсуі және олардың сапалы жетілдірілуі көп мөлшерде қол еңбегін автоматқа ауыстыруға, бір жұмысшыға келетін еңбек қорларының салмағы үздіксіз өсуіне алып келеді. Бұл еңбек құрылыс шаруашылығында еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз етеді.
Құрылыс шаруашылығының өндірістік негізгі қорлардың салмағының үздіксіз өсуі күрделі қаржы салымдарын бөлуді және әр түрлі ресурстарды тартуды қажет етеді. Сондықтан да ең басты мақсат бар негізгі қорларды тиімдірек пайдалану болып табылады. Бұл үшін әр бір құрылыс ұйымында негізгі қорлардың пайдалану деңгейін оптимальды бағалау мүмкіндігі болуы қажет, себебі оның қорлардағы қажеттілігін дұрыс анықтап және бар резервтерді тиімдірек қолдануды әшкерелеу қажет. Құрылыс ұйымдарының негізгі қорларын тиімді пайдаланбаудың негізгі себептерінің бірі болып машиндердің едәуір жұмыс уақытын жоғалту болып табылады. Практикада құрылыс ұйымдарының жұмысында ішкі сменалық уақытын жоғалтудың басым бөлігі, ал кейде толық күндік тұрып қалулар документке тіркелмейді және есептемеге түспейді. Сондықтан шаруашылықта қолданылатын техника жайлы нақты мәліметтерді нормативті-іздестіру станциялары жүргізетін көп еңбекті қажет ететін терең зерттеулер арқылы алуға болады.
Толықкүндік жағдайлар барлық машина түрлерімен жұмыс уақыт қорының 20% құрайды, және оның қысқаруы әзірше байқалмайды. Көбінесе бұл жоғалтулардың елеулі себебі машиналардың жөндеуге келуі болып табылады.
Ішкі сменалық уақыттың көп мөлшердегі өнімді емес шығындарға жұмыстары технологиялық транспортпен байланысты машиналарға ие. Ішкі сменалық уақыттың өнімді емес шығындарының негізгі бір белгісі болып транспорттың жоқтығынан тұрып қалулар табылады. Келтірілген құрылыс мөлшендерінің толық күндік уақытты жоғалтуларының мөлшері туралы мәліметтер машидерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету сұрақтарын қоса құрылысты ұйымдастыруды жетілдіру аймағында бірталай резервтердің бар екенін куәландырады.
Бұл қорқайтарым көрсеткіштерінің талдауы негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалануға әр түрлі факторлардың әсер етуін бағалауға мүмкіндік береді. Нақты ұйымдардың негізгі қорларын пайдалану деңгейін объективті бағалау тәсілдерін жасау олардың негізгі қорлардағы қажеттілігін дәйекті анықтау мақсатымен, қорлардың тиімді құрамы мен құрылымын шығару мақсатымен, сонымен қатар құрылымын шығару мақсатымен, олардың резервтерін тиімді пайдалану мақсаты құрылыс шаруашылығы үшін актуальды мәселе болып табылады.
3 Бөлім. Негізгі қорларды тиімді пайдалануды көтеру
жолдары мен резервтері.
3.1. Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану жолдарын жоғарылату.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары экономикалық потенциалдық материалдық базасын, олардың өндірістік аппаратын құрайды. Негізгі қорлардың құрамын сапалы жетілдіру, оларды пайдаланудың тиімділігін жақсарту еңбек өнімділігін көтерудің, өнімнің өзіндік құнын төмендетудің негізгі факторлары болып табылады.
Кәсіпорынның техникалық потенциалын тиімді пайдалануды көтерудің негізгі жолдары – бұл өндіріс процесстерінің механизациясы және автоматизациясы, құрал-жабдықтардың тұрып қалуын резервтік қуаттылықтың жүктеуін реттеу жолымен төмендету, негізгі номенклатураға кірмейтін өнім дайындау, құрал-жабдықтардың ауыстыру коэффициентін көтеру техниканы автоматтандырылған басқару жүйесімен жабдықтандыру, ғылыми техникалық прогресс шараларын жүргізу және т.с.с.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына әсер ететін негізгі факторлар болып төмендегілер табылады:
- шығарылатын өнім сипаты;
- шығарылатын өнім көлемі;
- механизация және автоматизация деңгейі;
- мамандандыру және коопеприрование деңгейі;
- кәсіпорындардың климаттық және географиялық орналасу жағдайлары.
Бірінші фактор ғимараттардың көлеміне және құнына, тасымал құралдарының және жеткізетін құрылғылар үлесіне әсер етеді. Қанша шығарылатын өнім көлемі (екінші фактор) көп болса, сонша құрал-жабдықтардың және арнаулы прогрессивті жұмыс машиндерінің үлес салмағы артады. Қорлардың құрылымына үшінші және төртінші факторлардың әсер етуі дәл осындай сипатта. Климаттық жағдайлардан ғимараттармен құрылыстар үлесу байланысты.
Негізгі қорлардың өндірістік құрылымына концеетрацияның, маманданудың, коопирирлеу және өндірісті біріктірудің дамуы әсер етеді, оған тағы да капиталдық құрылыс әсер етеді. Құрылыстың құнын төмендету арқылы, мысалға өндірістік ғимараттардың, негізгі қорлардың массивті элементі үлесінің жалпы құнын төмендетуге болады және осының арқасында жаңа кәсіпорынның негізгі қорларына салынған шығындардың тиімділігін көтеруге болады.
Негізгі өндірістік қорлардың құрылымын жақсартуға төмендегілер мүмкіндік береді:
- құрал-жабдықтарды жаңарту және модернизациялау;
- станок және машиналардың прогрессивті түрлерінің үлесін көтеру нәтижесінде құрал-жабдықтардың құрылымын жетілдіру, әсіресе мәрелік операцияларды орындайтын станоктар, автоматты және жартылай орындайтын станоктар, универсалды агрегаттық станоктар, автоматтық машиналарды, сандық программамен басқарылатын станоктар;
- ғимараттарды және үйлерді жақсы қолдану, бос алаңдарда қосымша құрал-жабдықтар орналастыру;
- құрылыс жобаларын дұрыс жасау және кәсіпорынның құрылыс жоспарларын жоғары сапалы орындау;
- аз пайдалынатын және артық құрал-жабдықтарды және оның бөлек топтарының арасында дұрыс пропорцияларды қамтамасыз ететін құрал-жабдықтарды орнату.
Құрылыс көлемі артқан сайын кәсіпорын алдында терең бір проблема болып каапитал салымдарының тиімділігін көтеру табылады, яғни капитал салымдарының бірлігіне келетін материалдық өндіріс саласында қайтарымды көтеру немесе жоғары әлеуметтік эффектіге жету. Капитал салымдарының тиімділігі — өте ауыр көрсеткіш, оның жақсаруы келесі факторлардың комплексінен байланысты болады:
- Инвестициондық цилды қысқарту, яғни қандай да бір құрылыс объектісін қаржыландырудың басы және оны пайдалануға енгізу аралығы. Бұл кезеңді қысқарту 2 мәселені шешуге мүмкіндік береді:
а) құрылыс объектісіне жұмсалатын халық шаруашылығынан алаңдайтын құралдар, демек олар өнімдерді пайдалану өндірісінде және халықаралық пайдаға қатыспайтын уақытын қысқарту;
б) негізгі қорлардың физикалық және моральдық тозуының арасындағы айырылысты қысқарту;
Бұл мәселелер құрылыстың негізгі объектілеріне капитал салымдарын біріктіру, құрылыс ұзақтығын және қуаттарды меңгеру мезгілін қысқарту есебінен шешілуі мүмкін.
Негізгі құрылыс объектілерінде капитал салымдарын біріктіруді көтеру олардың эксплуатацияға тез енгізуіне және аяқталуына жәрдем береді.
Құрылыс ұзақтығын және кәсіпорындарды реконструкциялау қысқарту – қазіргі замандық құрылыс өндірісінде бірден-бір актуальды мәселе болып табылады. Біздің елімізде құрылыс ұзақтығының қолданылатын нормалары өте жиі сақталынады, нормативтен 1,5 – 2 есе артатын нақты мезгілі белгіленген құрылыс объектілері кездеседі.
Бұл мәселені шешуде маңызды болып құрылыстың ары қарай индустрияландырылуы табылады, ол құрылыстық өндіріске машиндерді кең көлемде енгізу және құрылыстың өнеркәсіптік базаларын дамыту есебінен болуы керек.
Құрылыстық өнеркәсіптік базаларының технологиясын және ұйымдастыруын жетілдіру төмендегілерді қамтамасыз ету қажет:
- заводтық дайындау, өнімді тасымалдау және объектілерді тұрғызу сатыларында толық еңбек сыйымдылығын төмендету;
- құрылыстың материал сыйымдылығын және отын-энергетикалық ресурстардың шығындарын төмендету;
- эксплуатацияға енгізілетін объектілердің сапасын көтеру;
- эксплуатациялық объектілердің қажетті сапамен қамтамасыз еткенде құрылыстың құнын төмендету.
Құрылыс ұзақтығын қысқарту үшін құрылыс объектілерінің техникалық дайындалған және жабдықтауды жақсарту үлкен маңызға ие. Құрылыс бөгелістерінің көпшілігі территорияның құрылысты салуға уақытына дайын болмауы (барлық бөгелістердің 10% мөлшерінде), техникалық құжаттамаларының уақытына дайын болмауы (7% мөлшерінде), құрылыста техникалық және технологиялық үзілістер және т.с.с. объектілерді енгізу мезгіліне құрылысты материалдармен, бұйымдармен және конструкциялармен өзіндік өнеркәсіптік кәсіпорындардың қуаттылығын меңгеру уақытын қысқарту инвестициялық циклдың қысқаруына әсер етеді.
- Транспортта және құрылыста өнеркәсіптік базаларының еңбек өнімділігін көтеру. Құрылыс өндірісінің барлық звеноларына және соның ішінде кәсіпорындардың өнеркәсіптік базаларына еңбек өнімділігін көтеру резервтері жұмыс уақытының жоғалуын қысқарту, техниканы жақсы пайдалану және ең алдымен ауыр қол еңбегімен байланысты болады.
Еңбек өнімділігі тиімді өсуі үшін құрылыс детальдарының және конструкциялардың заводтық дайындылығын көтеру табылады. Бұл еңбек операцияларын құрылыс алаңдарынан заводқа аудару операциясы техникалық прогресстің принципті бағыттарының бірі.
- Құрылыстың сапасын көтеру. Құрылыс өндірісінде біткен объектілердің ақырғы өнімнің сапасы тек қана олардың ұзақ уақыт пайдалануында ғана әшкереленеді. Өз кезегінде бұл ақырғы өнім сапасы объектілерді тұрғызуға қолданған барлық материалдардың, бұйымдардың және конструкциялардың сапасы қиыстырылады. Осылайша құрылысқа қызмет көрсететін әрбір өнеркәсіптік кәсіпорында құрылыспен дайындалған объектінің сапасы сол немесе өзге өлшемде қалыптасады. Бұл жағдай өндірістік кәсіпорындарда жобалауда, олардың қызметін жетілдіруде және өндірілетін өнімнің сапасының бағасын анықтайтын болуы қажет.
- Құрылыстың басқару жүйесін жетілдіру, соның ішінде құрылыс материалдары, бұйымдар және конструкциялар өнеркәсіптерінің кәсіпорындары, олардың ведомствалық бағыныштылығына байланыссыз. Техникалық прогресс жүрісінде өндіріс звеноларының саны көбейеді, құрылысқа қатысатын ұйымдар арасындағы байланыстар қиындайды және біржола оперативті шешім қабылдау және тарату талаптары көбейеді. Басқару жүйесін бірқалыпты жетілдіру, өндірісті жоспарлаудың барлық стадияларында оптимизационды есептерін пайдалану, басқарушылық еңбектің механизациясы және автоматизациясы — өнеркәсіптік құрылыс базалы кәсіпорындардағы техникалық прогресстің сипатты элементтері болып табылады.
- Құрылыс құнын төмендету – көптеген фактор санына байланысты нәтижелі көрсеткіш. Еңбек процестерінің көп мөлшерін құрылыстан заводқа ауыстырғанда құрылыс құнымен берілген заводтық өндірістің рөлі артады. Бірақ онымен завод өнімінің өзіндік құнының төмендеуіне алып келмейді. Кейінгі шығындарға талдау жасап және заводының өзіндік құнын төмендеткен өнімді немесе оның өндіріс технологиясын өзгерткен кезде келесі этаптарда артық шығындарға алып келмейтінін көрсету қажет. Белгіленген шаралардың тиімділігі құрылыс өндірісі деңгейінде тек қана нәтижелік шығындармен бағалануы мүмкін.
Құрылыс жұмыстарын механикаландыру әр түрлі жұмыстарға арналған кең көлемде машин паркін қолдануды қажет етеді. Осыған байланысты құрылыс техникасын жетілдіру және оның даму тенденциясы салалық қимада үлкен бір мәселе болып табылады. Бұл үшін ары қарай құрылыс техникасының негізгі түрлерін жетілдірудің мағынасын және артықшылығын жеке қарастырайық.
Бірковшты экскаваторлар – циклдік әрекетпен жұмыс жасайтын жер қазатын машиналар, арнайы және универсалды болып келеді.
Экскаваторлардың экономикалық артықшылығы конструктивті және технологиялық артықшылықтарынан шығады. Осылайша ауыстырылатын жұмыс құралдарының номенклатурасын кеңейту және оның спецификалық кинематикасы, сонымен қатар жұмыс қозғалыстарын біріктіретін жылдамдықты тәуелсіз реттеу бұрын қолмен жасалып жүрген жұмыстарды механикаландыруға жағдай жасайды. Бұл мүмкіндік тек қана бағасын түсіріп және мұндай жұмыстардың өндірісін тездетіп қана қоймай, сонымен қатар көптеген жұмысшыларды жұмыстан босатады. Бұдан басқа эксплуатацияланатын эксковаторлар паркі үшін запас бөлшектерінің номенклатурасы едәуір төмендейді және машина жөндеудің агрегаттық әдісін қолдануға мүмкіндік туады, демек олардың жөндеуде тұрып қалулары төмендейді және пайдаланудың пайдалы уақыты көбейеді.
Басқаруды автоматтандыру нәтижесінде еңбек жағдайларын жақсарту экскаваторлардың өнімділігін көтеруге мүмкіндік береді, ал олардың приводтарын автоматтандыру энергетикалық ресурстардың үнемдеуіне алып келеді бұның салдарынан машиндердің барлық КПД көтеріледі.
Машиндерге техникалық қызмет көрсетуге арналған уақытты қысқарту оның смена ішінде пайдалану коэффициентін көтеруге және кеңінен тараған экскаваторларға қызмет көрсететін персоналдың санын қысқартуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта техникалық деңгейін ары қарай көтеру гидравликалық экскаваторлардың конструкциясын принциптары болып мыналар табылады: өнімділікті 1,5 – 2 есе көтеру; маатериал сыйымдылығын минимум 20% үлеске және энергия сыйымдылығын 10% үлеске түсіру; мықтылығы жоғары болаттарды енгізу; техникалық қызмет көрсетудің сенімді және еңбек сыйымдылығы көрсеткіштерінің кенет жақсаруы; басқару жүйелерін жетілдіру және машинистің жұмысына жағдай жасау; микропроцессорлық техниканы құру және енгізу, соның ішінде ақпараттарды бейнелейтін құрылғылар және т.б.
Шетел тәжірибесінде машиндерді жетілдірудің аталған бағыттарды пайдалану үшін тенденциялар байқалды. Экскаваторлардың кең номенклатурасын құру, мини экскаваторларды қоса сипатты болып табылады.
Үздіксіз қимылдағы экскаваторларды ары қарай дамытудың негізгі бағыттары болып оның эксплуатациалық сипаттарын (өнімділігі және сенімділігі) көтеру; универсалдығын және қолдану облыстарын кеңейту.
Өнімділік эксплуатациялық сипаттардың негізгісі, ол қондырғылардың қуаттылығын көтеру жолымен, жоғалтуларды төмендету, өндеудің жаңа процесстерін қолдану арқылы көтеріледі. Үзіліссіз қозғалыстағы экскаваторлардың өнімділігін ары қарай көтерудің негізгі факторлары болып жұмыс процестерін жетілдіру табылады. Жұмыс органдарын гравитионды және инерционды түсіру, жұмыс жылдамдығын көтеруді қолдану перспективталы.
Үзіліксіз қозғалыстағы экскаваторлардың өнімділігінің негізгі факторы болып оның автоматтандырылуының деңгейін көтеру табылады. Үзіліксіз қозғалыстағы экскаваторлардың сенімділігін арттыру осы заманғы топталған бұйымдарды және материалдарды пайдалану жолымен жүреді, сонымен қатар жұмыстан шыққан және эксплуатацияда тексерілген детальдарды пайдалануға мүмкіндік беретін оның унификациясын жоғары деңгейге көтеру. Үзіліксіз қозғалыстағы экскаваторлардың универсалдығын және қолдану облыстарын кеңейту әр түрлі ауыстырылатын жұмыс құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
Жетекші елдердің тәжірибесінде автогрейдерлерді шығарушылар қуаттылығы және массасы әр түрлі типтегі автогрейдерлерді шығаруға үлкен көңіл бөледі. Бір типтік автогрейдерлердің кеңейтумен бірге дәстүрлі машиналар да жетіледі. Жетілдіру негізінде келесі бағыттарда жүреді: жүргізушінің еңбегіне жайлы жағдай жасау, жаңа шуды басатын, кондиционер орнатылған кабиналар жасау, техникалық күтіммен қызмет көрсету аралық мерзімін едәуір ұзартуға мүмкіндік беретін жаңа майлағыш жүйелерін қолдану, машиндерді құрастырудың модульдық әдісін дамыту.
Жер қазатын машиндер паркінің негізін бульдозерлер құрайды. Оларға жер жұмыстарының барлық көлемінің 40%-ті келеді. Жер жұмыстарының құрылысын жүргізгенде бульдозерлер және қопсытқыш бульдозерлер маңызды дәрежеге ие. Бульдозерлердің және қопсытқышы бар бульдозерлердің анықталған даму тенденциясы болып келесілер табылады: бір типті бульдозерлер көбейту және жетілдіру, сонымен қатар минибульдозерлер жасау; машиндердің техникалық қызмет көрсеткіштерін және жөндеуін жеңілдету жолымен олардың эксплуатациялық үнемдеуін жоғарылату, жұмысқа дайындалу уақытын азайту; визуальдық бақылауды және механикаландырылған майлауды қамтамасыз ету; техникалық қызмет көрсетуді жүргізуді жеңілдететін және тездетін тиімді диагностикалық құрылғыларды арнаулы құралдарды қолдану және т.б.
Отандық және шетелдік тәжірибені құрылыста қазіргі машиндерді құрастыру және қолдану облысында зерттеу олардың дамуының келесі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді: машинистің еңбек жағдайын ары қарай жақсарту, кабиналарды машиннің негізгі тораптарының жұмысын бақылайтын информатика құрылғыларымен және қоршаған ортадан қорғайтын жүйелерімен жабдықтау; вибрациялы машиндерді пайдаланып еңбек өнімділігін арттыру, оларды автоматтық басқару құралдарымен және жұмыс циклын түгелдей автоматтандыруға мүмкіндік беретін борттық электронды есептеуіш машиналармен жабдықтау.
Құрылыстың өнімділігін және сапасын көтерудің қажетті шарты болып қажетті нәтижеге мүмкіндік беретін құрылыс машиндерінің тиімділігі жоғары жұмыс органдарын қолдану және іздеу табылады. Прогрессивті бағыттары болып әр түрлі құрылыс материалдарымен жұмыс жасай алатын универсалды және көпфункционалды машиндерді шығару. Техниканы жетілдірудің қажетті шарты болып машиндерге қызмет көрсетуге еңбек сыйымдылығын төмендеткенде олардың сенімділігін көтеру табылады.
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануды көтерудің, жоспарлаудың негізгі формасы болып техникалық дамуының, өндірісті ұйымдастырудың және кәсіпорынның техникалық қайта құралдануының жоспары табылады.
Техникалық даму және өндірісті ұйымдастыру жоспарында негізгі өндірістік қорларды пайдалануды көтеру шаралары келесі тарауларға топталған:
- Прогрессивті технологияларды енгізу, өндірісті механизациялау және автоматтандыру;
- Құрал-жабдықтардың қозғалыстағысын модернизациялау және көнергенін ауыстыру;
- Өндірісті басқаруды, жоспарлауды және ұйымдастыруды жетілдіру;
- Ғылыми-зерттеулік және тәжірибелі-конструкциялық жұмыстар;
- Ғылыми еңбекті ұйымдастыруды енгізу.
Қорытынды
Нарықтық экономикаға өтумен байланысты басты орында өндірістік кәсіпорындардың тіршілік етуі негізгі қорларды тиімді пайдалануында, осыған байланысты курстық жұмыс тақырыбын таңдау және оның актуалдығы шартталады.
Ұсынылған курстық жұмыста мынадай негізгі жағдайлар айқындалған, олар: кәсіпорынның негізгі капитал құрамы және құрылымы, кәсіпорынның негізгі қорлар қозғалысы, олардың техникалық жағдайының есебі, пайдалану көрсеткіштерінің анализі, жекелегенде негізгі қорлардың қорқайтарылымы, негізгі қорлардың қорқайтарылымына әр түрлі факторлардың әсер етуі арқасында өзгеруін зерттеу, оларды тиімді пайдалануды жетілдіру жолдары келтірілген, олардың ішінен негізгілері кәсіпорындағы негізгі қорлар сұрақтарын оперативті шешу үшін есептеуіш техниканы толықтай пайдалану және жетілген программамен қамтамасыз ету, яғни бір ортаға топталып ЭЕМ есеп жүргізу.
Амортизация нормативтерін және есептеу әдістерін, негізгі қорлардың қайта бағалау жүйесін және индексациясын жетілдіру, амортизациялық аударымдардың экономикалық ынталандыру шараларын және мақсатты пайдалануын басқару ұсынылады. Кәсіпорынға негізгі қорлар классификация түрлеріне өзгертулер енгізу ұсынылады.
Классификациясын өзгеру – оларды классификациялық топтарға таратқанда негізгі қорлардың функционалдық арнаулығын дәл анықтауға мүмкіндік береді, бөлек топтардың мағынасын өндірістік процесстерде олардың сипатын өзгертуге мүмкіндік береді.
Нарықтық экономикада қаржылық талдау басқарудың негізгі бір функциясы болып табылады. Есеппен қатар ол осы талдау арқасында тек қана нақты нәтижелердің констанциясын алып қана қоймай санымен қатар негізгі қорларды пайдалану тиімділігіне оң немесе теріс әсер еткен факторларды анықтауға мүмкін болатындай етіп құрылуы қажет.
Кәсіпорында өнеркәсіптік-өндірістік негізгі қорлардың үлкен мөлшері папйдаланатындықтан қойылған мәселелерді аналитикалық жұмыстарды механикаландыру немесе автоматтандыру жолымен шешу ұсынылады. Қорқайтарымға талдау жүргізгенде экономико-математикалық әдістерін және ЭЕМ қолдану орынды болып табылады.
Негізгі қорларды тиімді пайдаланудың анализін жетілдірудің басқа бағыты болып негізгі қорлар анализінің жүзеге асып тұрған методологиясын жетілдіру табылады.
Қазіргі кезде негізгі қорлардың жаңарту процесі машиндердің және құрал-жабдықтардың бағасы қымбаттауына байланысты жүзеге асыру қиынға соғып отыр. Құрал-жабдықтарды ауыстыруға және жаңа техннологияларды құруға көп ақша мөлшері қажет. Кәсіпорынның өзінің қаражаттары жеткіліксіз, сондықтан бұл жерде инвесторлардың көмегінсіз қиынға соғады.
Кәсіпорында реструризация программасы жасалынып жатыр оның ақырғы мақсаты өндірісте шығындарды бақылайтын оперативті басқару жүйесі құру, ол кәсіпорында толықтай бәсеке қабілеттілігін және экономикалық тиімділігін көтеруге үлкен әсерін тигізеді.
Жалпы алғанда негізгі капиталды пайдаланудың тиімділігін көтеру келесі бағыттарды кірістіреді:
- Өндірістік процестердің механизациясы;
- Құрал-жабдықтардың модернизациясы және оларды ауыстыру;
- Еңбекті және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру және т.с.с.
Барлық берілген бағыттар кәсіпорынды дамыту жоспарында қарастырылады. Осы шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 3-4 жылдан кейін кәсіпорынның бір қалыпты өзінің дамуы қамтамасыз етіледі және әр түрлі тұрақсыз сыртқы факторлар кәсіпорынға айтарлықтай әсерін тигізбейді.
Пайдаланылған әдебиетте
- Қазақстан Республиасы Агенттігінің статистика бойынша үкімі 28.05.1999 ж. №17: «Негізгі қорлардың бар болуы және қозғалысы және материалды емес активтердің статистикалық есептемелерді құру бойынша құсқайлар».
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03.09.1999 ж. №1308 үкімі: «Негізгі қорлар бойынша жылдық тозу мөлшерін бекіту туралы».
- Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің 12.1995 ж. №13-5-3/10068 хаты: «Негізгі қорлар субъектін бағалау туралы».
- Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің үкімі 21.10.1994 ж. №1178: «Қазақстан Республикасында негізгі қорларды индекстеу туралы».
- Грабового П.Г. және Цая Т.Н. Құрылыс өндірісін ұйымдастыру – М. 1999 ж.
- Радостовец В.К. Бухгалтерлік есеп, Алматы: Бико 1998 ж.
- Русак Н.А. Қаржылық талдаудың негіздері, Мн: Меркаванне, 1995 ж.
- Савицкая Г.В. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың шаруашылық қазметін талдау. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық: 1996 ж.
- Снитко Х.Ф. Өнеркәсіптік кәсіпорында негізгі қорлар есебі, конспект шолуы. – Минск: Экаунт, 1993 ж.
Құрылыс экономикасы. Под. ред. И.С. Степанова, — М., 1998 ж.
- Кәсіпорын экономикасы. Под. ред. В.М. Семенова, — М., 1998 ж.
- Ашимбаев Т. Қазақстанның нарық жолындағы экономикасы, Қазақстан, 1994 ж.
- Шмолен Г. Кәсіпорын экономикасының негіздері және проблемалары – М., 1996 ж.