Кәсіпорынның негізгі қоры және олардың тиімділігін арттыру

0

Тақырыбы: «Кәсіпорынның негізгі қоры және олардың тиімділігін арттыру»

МАЗМҰНЫ

Кіріспe___________________________________________  3-4бет

І ТАРАУ.  Кәсіпорыннның экономикалық категориялары.

1.1. Кәсіпорынның негізгі қорын бағалау__________________

1.2. Негізгі қордың тозуы________________________________

1.3. Негізгі қордың тиімділігі. Қор қайтарымы______________

ІІ ТАРАУ. Айналым қорлар және оларды есептеу.

2.1. Кәсіпорынның айналым қоры және айналым құралдары___

2.2.Есептеу бөлімі_____________________________

Қорытынды_____________________________________

Қолданылған әдебиеттер___________________________

КІРІСПЕ

Экономикалық білім негіздері- қазіргі экономикалық жүйелер мен шаруашылық жүргізудің әр түрлі әдістері, сонымен бірге қоғам дамуы мен оның мүшелерін ынталандыру, адамзат өркендеуіндегі әлеуметтік қорғау жағдайларына талдау жасайды, зерттеп үйретеді.

Ал жастардың экономикалық білім негіздерін меңгеруі мыналардың мән-мағынасын түсінуге жәрдемдеседі:

  • Нарықты экономикада тұтынушы, онымен бірге өндіруші, жұмысшыларды жалдаушы және сол жұмысқа жалданушы қандай міндеттер атқарады.
  • Нарықты экономикада тұтынушы, сонымен бірге өндіруші, не өндіру керек, қалай өндіру керек, өндіргенді кім пайдаланатыны туралы кім және қандай шешім қабылдайды.
  • Экономикадағы мемлекеттің атқаратын міндеті, оның экономикалық өмірдегі орны және бұл қатынастың тиімділігі.
  • Жұмыссыздықтардың пайда болуы мен түрлері, олардың инфляциямен байланысы, экономикалық өрлеудің проблемалары.

Экономикалық білім негіздері- бұл адам өзі үшін өзінің от басы және бірлесіп істеп жүрген жұмыскерлер үшін тапшы, нарықты экономика деп- экономикалық шешімді орталықтан емес жергілікті тауар өндірушілердің шешімі қабылдайтын экономиканы айтады. Нарықты экономикалық жұмыс істеу негізі нарық арқылы болады. Нарық туралы әртүрлі түсініктемелер бар, олардың барлығы мына жағдайларға тіреледі: ол шаруашылық жүргізетін субъектілердің өз бетімен дербес шешім қабылдайтын өзара қарым-қатынастары.

Экономикалық білім негіздерін игеру нарықтық экономикадағы адамды қорғайтын құқықтарды біліп, оны игеру, сонымен бірге адам құқықтарының тиімді кепілдемесі, ал бұл өз кезегінде жекеменшік болып табылады. Адам абстракты түрде мүддесін қорғамай нақты адам тұтынушының мүддесін қорғау нарықты экономиканың объективті заңы болып табылады. Сондықтан жастардың экономикалық білімін игеруіне бұл жалпы халықтық бағдарлама, демократия мемлекет құқығы және игеру болып есептеледі.

Өндірістің экономикалық қатынастары 2 түрлі және көп жақты болады. Экономикалық өмір тіршілігін жандандырып жалғастырады. Сондықтан өндірістің өзіне тән құрылымы бар. Өнім өндіретін мекеме кәсіпорын болып табылады.

Елімізде экономикалық реформалардың табысты жүргізілуі арқасында әлеуметтік жағдай да айтарлықтай жақсара түсуде. Оған зейнетақылары мен бюджет саласы қызметкерлері еңбекақыларының жыл санап өсуі, әлеуметтік салаға, денсаулық сақтау мен білім беруге жұмсалатын қаржы көлемінің барған сайын молая түсуі дәлел. Еліміз бойынша 2000-2002 жылдардағы ІЖӨ-нің жалпы көлемі 45 пайыз құрайды деген болжам бар.

Қазақстан демократиялық, нарықтық бағыттағы мемлекет құру жолына сенімді түрде аяқ басты, ал елдің экономикалық дамуындағы оң ілгерлеулер стратегияда белгіленген шаралардың нәтижелі болып отырғанын көрсетеді. 2001 жылы экономикалық өсімнің 13,2 пайыз құрап, үстіміздегі жылы  ол көрсеткіш 9 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде. Нарық экономикасының жұмыс істеуі мемлекеттік қуатты реттеуін, макроэкономикалық және секторлық саясаттың ырғақты жүзеге асырылуын талап етеді. Нарық экономикасында жұмыс істейтін мемлекеттік кәсіпорынның бәсекелесуші нысан ретінде жұмыс істейтін жеке меншік кіәсіпорыннан айырмашылығы онша көп емес. Телекомуникация, электр энергиясы, авиация тәрізді айтарлықтай жоғарғы технологиялы ауыр салаларда жұмыс істейтін көптеген мемлекеттік кәсіпорындар қолайсыз деген жағдайлардың өзінде бизнесті жақсы жүргізіп отыр. Қазақстан өте бай мемлекет. Сондықтан экономиканы одан әрі өрге бастыру үшін қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, дұрыс таңдап алынған стратегияны одан әрі жүзеге асыра беру қажет. Дүниежүзілік практикада  кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Соның негізінде  оларға заңды статус беріледі. Осы мүмкіндігіне орай міндеттемелеріне сәйкес жауапкершіліктері  болады. Кәсіпорындар азаматтық процестерде, сотта, шаруашылық сатысында және аралық сотта өз мүдделерін қорғайды.

Өндіріс процесі кезінде кәсіпорындар пайдаланылатын өндіріс құрал-жабдықтары мен ақша қаржылары өндірәістік қорлар қоғамдық ұлттық байлықтың  басты көздері. Ол негізінен өндірістік қорлар мен айналым қорынан тұрады. Қорлар өндірістің  құрамындағы негізгі бөлігі болғандықтан оны екі топқа бөледі: өндіріс құрал-жабдықтары және еңбек құрал-жабдықтары.

Кәсіпорыннның еңбек құралы мен өндіріс құрал жабдықтары өндіріс процесінде ұзақ уақыт қолданылады. Сондықтан олар негізгі қорға жатады және өзінің тозуына қарай бірте-бірте бөлшектеп енгізеді. Негізгі қорлар өндіріс процесінде пайдалану кезінде тозуға ұшырайды. Ол тозу: моральдық және табиғи тозу деп 2-ге бөлінеді

Негізгі қордың құрамын 2 топқа бөледі: актив, пассив

Актив бөлігіне құрал-саймандар яғни өнімді өндіруге қатысатын негізгі қорлар жатады. Негізгі қордың актив бөлігінің өсуі өндірісте еңбек өнімінің артуына  өндірістің тиімді дамуына әсер етеді.

Ал пассив бөлігіне өндіріс процесіне қатыспайтын негізгі қорлар жатады (шаруашылық құралдары, өндіріс корпустары, ғимараттар).

Нарықтық экономика жағдайында әртүрлі меншік түріндегі кәсіпорындар техника мен технологияны пайдалана отырып өз қызметін бәсекеге қабілетті етеді. Ал олардың бәсекеге түсетіндей өнім өндіруі(қызмет көрсетуі), осы өндірілген өнімдердің (көрсетілген қызметтердің) жоғары сапада болуы сөзсіз. Бірақ оларда сапалы өнімдерін уақытында өткізіп пайда алу үшін, оларды тұтынушыға қолайлы бағаға сатуға тура келеді. Содан-соң тұтынушылар өз қажеттілігін қанағаттандырады. Сөйтіп ел экономикасының өсімі жоғары болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өндірістің экономикалық қатынастары екі түрлі және көп жақты болады. Экономикалық өмір тіршілігін жандандырып жалғастырады. Сондықтан өндірістің өзіне тән құрылымы бар. Өнім өндіретін мекеме кәсіпорын болып табылады. Олар шаруашылық салалары: өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, машина жасау т.б. Өндірістің әдепкі буыны кәсіпорын, ол әрбір қоғамның өсу әдістеріне сай келетін кәсіпорын болып табылады. Оны ұйымдастырған өндіріс факторлары мен қамтамасыз ету халық шаруашылығының құрамдас бөлігі. Қоғамдық өндіргіш күштермен экономикалық қатынастардың бірлігімен бейнелетін әлеуметтік экономикалық категория. Кәсіпорын экономикалық қызмет көрсететін заңды категория, олар халыққа қажетті тауар өндірумен айналысады.

Дүниежүзілік практикада  кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Соның негізінде  оларға заңды статус беріледі. Осы мүмкіндігіне орай міндеттемелеріне сәйкес жауапкершіліктері  болады. Кәсіпорындар азаматтық процестерде, сотта, шаруашылық сатысында және аралық сотта өз мүдделерін қорғайды. Қазақстанда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық, құқылық, формалары бар:

  • мемлекеттік кәсіпорын
  • серіктестік

Серіктестік

 

 

толық                 аралас                   шектеулі

 

 

Егер шаруашылықты ұйымдастыруда ол жаңа саламенен айналысатын болса ол шаруашылық 2 жыл бойына салықтан босатылады.

Аралас серіктестік-бұның негізгі ерекшелігі бір немесе бірнеше қатысушылардың бүкіл мүліктерімен несие беруші серіктестіктер алдында жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілігі қоғамға қосқан үлесі бойынша шектеледі. Бүкіл мүліктері мен тәуекелділік етіп отырған қатысушы қоғамның ішкі мүшесі деп аталады. Ал қосқан үлес мөлшерінде тәуеке етушілер сыртқы қатысушылар немесе командистер деп саналады.

  • Біріккен кәсіпорын. Бұл бірлескен кәсіпорын үшін бізде заңды статус

толық анықталмаған. Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың 90 пайызы ЖШС болып отыр. Мемлекеттік кәсіпорын құқылы статусы әртүрлі. Олардың жағдайын анықтан реттейтін заң актілері жоқ. Іс жүзінде әрбір кәсіпорын мемлекетпен рынок арасындағы финанс мүмкіндік қатынастарын реттейтін арнайы қорларға сәйкес ұйымдастырады. Жеке кәсіпорын. Бұл топқа заңды шаруашылық дербестігі жоқ кәсіпорындар кіреді. Олар мемлекеттік әкімшілік жүйесіне енеді. Тікелей немесе құрылымдық тұрғыдан бір министрлікке, ведомостыларға не жергілікті басқару органдарына бағынады. Олар пайдадан табыс төлемейді.

  • Корпарация-қызметінде жауапкершілік менеджрлерге ауысады. Сөйтіп

капитал мен меншікті капитал және қызмет атқарушы капитал болып бөлінеді де меншікке нақты бақылау жасайтын менеджр болып қалады.

  • Бұдан кейінгі кең тараған кәсіпорынның түрі акционерлік қоғам. АҚ-ның

2 түрі болады.

  • ашық
  • жабық.

АҚ-бұл белгілі бір ұйымның қаржысын жинақтай отырып акция шығарады, оны шығара отырып, кәсіпорын екі жақты пайдада болады.

  • Мол пайда алу мақсатында тұрғындардың қосымша қаржыларын

жұмылдырады.

  • Жұмыскерлерді басқару процесінде белсендірек кіріседі. Себебі

кәсіпорынның жетістігі олардың табысына елеулі түрде әсер етеді.

Меншік түріне қарай кәсіпорын нарық жағдайында 2 топқа бөлінеді: мемлекеттік және жеке меншік. Саяси әкімшілік экономикада кәсіпорынның бәрі мемлекеттік меншік болған, бұндай меншікті қоғамдық немесе бүкілхалықтық меншік деп атаған. Жеке меншік жұмысшыларының еркін еңбек етуіне өзіндік құқы барын растайды және оған кепілдік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі қор бұл нақты  өзгертілмеген үлгіде өзінің материалды заттай бағалау құнында, ағымдық ұзақ кезеңін жиі жоғалтады. Олар кәсіпорындарда ұзақ мерзімде  пайдаланып өздерінің бағасын өндірген өнімге аударады. Негізгі қорлар қозғалыстық ұлттық байлықтың негізгі бөлімі болып келеді және қай елдің  экономикасында болмасын анықтаушы ролінде ойнайды. Негізгі қорды тиімді немесе дұрыс пайдалану елдің экономикасын көтерілуіне негізгі жағдайда болып келеді.

Негізгі қорға 2 жақты мінездеме беруге болады:

  • Материалдық заттық жағынан
  • әлеуметтік экономикалық жағынан

Материалдық заттық жағынан негізгі қорға еңбек құралдары жатады. Еңбек құралдарына еңбек заттары жатады. Негізгі қордың әлеуметтік-экономикалық жағы өндірістік қозғалыстық қатынаста болады. Адамдар еңбек процесінде белгілі өндірістік экономикалық қатынасқа түседі.

Негізгі қорға тәуелді өндірісті кеңейтілген түрде өндірістік және өндірістік емес негізгі қор деп 2 процеске бөлеміз.

Өндірістік негізгі қор- өндірісте жұмыс істеп тұрған материалдық сферадан, өндірілген өнім құнын тасымалдайды. Толық өнім кәсіпорынға жұмсалады.

Өндірістік емес негізгі қор-тұрғын үй, балалар және спорттық мекеме, басқа да мәдени-тұрмыстық объектіде қызмет көрсету және тағы басқа шығын  кәсіпорын баланысынан шығады. Өндірістік емес негізгі қор өзінің өндірілген өнім құнын өндіріске тасымалдайды немесе құрмайды. Яғни тұтынушы құны жоғалады. Қор шығын орнын толтыра алмайды. Ұдайы өндіріс ұлттық есеп шотына кіреді.

Қорлар өндірістің құрамындағы негізгі бөлігі болғандықтан оны 2 топқа бөледі:

 

Өндіріс құрал-жабдықтары

 

Еңбек құрал-жабдықтары                              еңбек бұйымдары

 

Еңбек құралдары бірнеше топқа бөлінеді:

  • еңбек құралдары (машина, станок)
  • жер участкесі және табиғат байлықтары(су, )
  • ғимарат (инженерлік құрылыстық бөлім, өндірістік қызмет көрсету)
  • электр жүйелері
  • өлшеуіш және реттеуіш приборлар
  • күш машиналары
  • жұмыс машиналары
  • есептеуіш техника
  • өндірістік және шаруашылық түгендеу
  • ішкі шаруашылық жолдар

Еңбек бұйымына (шикізат, материалдар, жанар, жағар майлар жатады). Осы екі еңбек бұйымы мен еңбек құралы өндірістік қорды құрайды. Еңбек құралы өндірістің негізгі қорлары болады. Еңбек бұйымдары өндірістің айналым қорын құрайды. Әр кәсіпорын тауарды қанша және қалай өндіру, қалай және қайда тарату, сондай-ақ түскен кірісті қалай бөлу жөнінде өз бетінше шешім қабылдайды. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қызмет көрсету және өнімді таратудан түскен пайда және кіріс алумен қатар пайдаланылатын өндірістік қорлар көлемі және дами бастаған күннен бастап дәл сол уақытағы кәсіпорын жиған басқа да тұтынушылық жиынтығы енеді. Осы элементтердің табиғи және затай өзінің жиынтығымен кәсіпорын экономикасын көрсетеді. Олардың тұтыну бағалары кәсіпорын экономикасының даму масштабы мен деңгейін сипаттайды. Кәсіпорын экономикасының даму масштабының деңгейі:бір жағынан шығарылған өнімнің санымен,сапасын, ресурстарды қамсыздандыру арасындағы тиімді пропорцияларды таба білу. Екіншіден-сату көлемі мен оны таратудаығы кіріспен пайдаға байланысты.

Осы факторларды тарату жолдарпының сипаты мен деңгейі кәсіпорын дамуының сыртқы және ішкі жағдайларының есебі мен әсеріне байланысты, яғни тәуелді.

  • өндірісті ресурстық қамтамасыз ету факторрлары (ғимарат, оқу құрал

жабдықтары). Яғни өнімді өндіру мен нарықта талап етілетін сан мен сападағы қызмет көрсетуі. Мүмкін болмайтын барлық қатыстьы жайттар.

  • Кәсіпорынның техникалық дамуын экономикасының деңгейін қаматмасыз

ету факторлары (ҒТП, инвестициялар. Еңбек ғылыми ұйымдастыру)

  • Коммерциялық теңділіктерді қамтамасыз ету факторлары. Бұл топтар

арасында айқындалып көрсетілген шек жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өндірістік негізгі қордың құрылымы қоғам арасында салынатын қаражат салмағының айырмашылығын көрсетеді. Яғни актив бөлігінде негізінен өндірістің айнымалы қаржыларының жұмсалуы көзделеді. Сондай-ақ өндіріске қызмет ететін шешуші бөлімнің және  өндірісте сипатталуға мүмкін болатын кәсіпорын шығарған бұйым, сонымен қатвар құрал-саймандар яғни өнімді өндіруге қатысатын негізгі қорлар жатады. Негізгі қордың актив бөлігінің өсуі өндірісте еңбек өнімінің артуына өндірістің тиімді дамуына әсер етеді. Пассив бөлігіне ғимараттар, транспорттар, беріліс қондырғылар жатады. Олар өндіріс процесінде бірнеше рет қатысып өндірістің актив бөлігінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.

Жоғарғы көрсеткішті қор қайтарымынан шығарылған басқа да өнім шарты, өндірістік негізгі қор айналымының үлес құнына тең. Сондықтан кәсіпорынның ақшалай жинағын көбейту, өзіндік құнды төмендету, өндіріс шартын өсіру, негізгі қор құрылымын жақсартуды қарау. Негізгі қор есеп және жоспарын ақшалай немесе заттай үлгіде жүргізеді. Негізгі қорлар бағасы амортизациялық есеп көлемі, тозу деңгейі үшін қажет.

Негізгі қор бағасының олардың өндіріс процесіне қатысуына байланысты біренше түрі бар. Олар:

  1. Бастапқы құн
  2. Қалдық құн
  3. Қалпына келтіру құны
  • Негізгі өндірістік қорлардың бастапқы құны-бұл қорларды жасақтауға

немесе сатып алуға шығындалған сома. Ол амортизация нормасын, амортизациялық есеп көлемін, кәсіпорын активінің пайдасы мен рентабельділігін, олардың пайдалану көрсеткішін анықтау үшін қолданылады.

  • Негізгі қорларды пайдалану процесінде олар тозып, біртіндеп бастапқы

құнын жояды. Олардың шын өлшемінен тозған құнын алып тастау керек. Міне, осы негізгі қордың қалдық құны болып табылады, яғни қалдық құн-негізгі қордың бастапқы құны мен тозу сомасының айырмашылығы болып табылады.

  • Негізгі қордың қалпына келтіру құны-ісжүзіндегі еңбек құралдарының сол

периодтағы бағадағы құны. Бұл қазіргі кездегі негізгі қорды өндіруге шығындалған сома, ол қорларды қайта бағалау кезінде қойылады. Негізгі қордың қалпына келтіру құнын бағалау шешімі тез өсіп, кәсіпорындардың финанстық-экономикалық көрсеткішін төмендетеді. Сондықтан кәсіпорын үшін, финанстық көрсеткішінің төмендетілген бағасын амортизация коэфициенті қабылдайды.

Негізгі кәсіпорынның айналымы 3 фазадан тұрады:

  1. Негізгі қорлардың тозуы: физикалық және моралдықтозу.

а) физикалық және моралдық тозуы, яғни еңбек құралының тұтыну бағасын жойған кез.

Физикалық тозу мына жағдайда болады:

  • Дайын өнімнің құнымен қалпына келтіретін еңбек құралының пайдалану

процестері

  • Еңбек құралдарының іске пайдаланылмай тұруына құралдардың құны

жойылады.

Негізгі қордың бірдей элементтері физикалық тозу теңсіздігінен шығарылған. Толық және ішінара тозудың негізгі қордағы айырмашылығы: толық тозу -үшін қорға жаңадан тарату немесе айыр бастау (негізгі қордағы капиталдық құрылыстың тозуын ағымдық ауыстыру), ішінара тозу -жолдық ремонттарды өтеу.

Физикалық тозу өндірістік қызмет мерзімін процентпен белгілейді, яғни мына формуламен анықталады: (Иф)

Иф=Tф/Tн*100

Мұндағы Tф-өндірістік негізгі қордың нақты қызмет мерзімі, жыл

Tн-нормативті қызмет мерзімі, жыл.

Кездейсоқ, нақты қызмет мерзімін салыстыру нормативі немесе оның алдын-алу, физикалық тозу проценті мына формуламен анықталады:

Ифффв*100

Мұндағы Тф— өндірістік негізгі қордың нақты қызмет мерзімі, жыл

Тв-өндірістік негізгі қордың қызмет мерзімінің мүмкіндігі, жол экспортын санау, жыл.

б) моралдық тозу көнеруден туады. Негізгі қаржы конструкциясы өнімділігі, тиімділігі, үнемділігі бойынша анықталады. Негізгі өндірістік қордың құнсыздануы

Моралдық тозу көлемін бағалау:

  1. негізгі капиталдың толық және алғашқы құны= еңбек құралын оны

пайдалану бағасы бойынша сатып алу.

  1. Негізгі капиталдың қалдық құны — толық құны — амортизация
  2. Негізгі капиталдың қалыпқа келтіретін құны -іс жүзіндегі еңбек

құралдарының сол периодтағы, бағадағы құны

Моралдық тозудың алғашқы үлгісінде (ИМ1) бастапқы құнды қалпына келтіру, негізгі қордың салыстырмалы бағаса мен немесе процентпен анықталады. Оның формуласы мынадай болады:

ИМ1нсн*100

Мұндағы Пс және Пс — өндірістегі жаңа және моралды көнеру машиналарының сәйкестігі.

Физикалық және моралдық тозу есебінде қордығ қалпына келтіру құны, қызмет мерзімі алмастырылған және амортизация нормасы мен суммасын анықтау көзделген.

Амортизация – негізгі капиталдардың тозу мөлшері бойынша еңбек құралдарын тастап дайын өнімге ауысудағы құн бөлігі. Тозу амортизацияға әкеліп  тірейді. Осы тозудың орнын толықтыру үшін қаржыны жинақтайды және олар жинақ амортизация қоры деп аталады. Мұндай қор негізгі қорды толықтыру үшін қажет.

Еңбек құралдарының тұтыну құнын қалыпқа келтіру үшін амортизация нормалары белгіленген:

Нд=Ф-Л/Т*Ф*100

Мұндағы Ф-негізгі кәсіпорын құны

Л-жойылу құны, млн.руб;

Т-қолдану мерзімі

немесе

К=А/Ф

Бұл көрсеткіштен негізгі қорды бағалауға қажет.

Амортизация аударым шамасының коэфиценті мына формуламен анықталады:

Кнафн 

Мұндағы Кна-жинақталу коэфициенті

       Офн-негізгі қордың бастапқы құны

А-амортизация аударым шамасы

Амортизацияны есептеу әдістері. Материалдық активтер алған құны бойынша бағаланады. Негізгі құралдарды қайта бағалау жылына 1 рет жүргізіледі. Амортизацияны есептеу мына әдістермен жүргізіледі:

  • Істен шығарудың түзу сызықты құны — ғимараттар құрылғылар сияқты

негізгі құралдар үшін қолданылады. Бұл әдісте тозу – объектілердің қызмет етуінің мерзімінің ұзақтығына байланысты деген байламға негізделген.

Мысалы: алған құн 10000 тенге, өтімділік құны 1000 тенге, қызмет ету мерзімі 10 жыл, жыл сайынғы амортизация соммасы:

10000-1000 /10=900   Алғашқы құны — өтімділік құны / қызмет ету мерзімі.

Демек 10 жыл ішінде жыл сайын 900 тенге істен шығарылып отырады, ал бір айға 75 тенге істен шығарылады    900 / 12 = 75.

  • істен шығарудың өндірістік әдісі — өнім өндіру көлеміне немесе

орындалатын жұмыс көлеміне пропорционал. Бұл дайын өнім өндірісіне қатысатын негізгі қаржы үшін қолданылады. Бұл әдіс мына тоқтамға негізделген:

тозу тек эксплутация нәтижесі болып табылады және уақытты кесуде ешқандай роль атқармайды

Σаморт  = баланс  құны / бұйым, қызметкер көрсету саны.

Мысалы: берілген станоктың бұйым құны – 448400 тенге, 5 жыл пайдалануда 3800 бұйым өндіріледі. 1 бұйымға амортизация – 118.

448400 / 3800 = 118 тенге

1997 жылы мартта 170 бұйым жасалды, ал апрельде 200 бұйым жасалды

Σаморт = 118 * 170 = 20060 тенге, 118 * 200 = 23600 тенге

  • Қалдықты кеміту әдісі . Бұл әдіс бойынша 1 жылға есептеу – баланстық

құнынан, ал қалғаны қалдық бойынша. Алған жылдардағы негізгі қордың функциялануының амортизациясының көп бөлігін есептеуге мүмкіндік береді. Дегенмен олпрдың амортизациялық периоды шексізге дейін созылады. Объектіні жою кезінде амортизацияланбаған бөлік жою бағасын білдіретін болады. Кей кезде қалдықты кеміту әдісі бір қалыптымен сәйкес болуы мүмкін.

Мысалы: трактордың алған құны 26000 тенге, пайдалану мерзімі – 5 жыл, На— норма амортизациясы – 20 пайыз.

Пайдалану жылдары:

1жыл 26000*20%/100%=52000/10=4333

2жыл 26000-52000=208000*20%/100%=41600/12=3467

3жыл 208000-41600=166400*20%/100%=33280/12=2773

4 жыл166400-33280=133120*20%/100%=26624/12=2219

5жыл 133120-26624=106496*20%/100%=21299/12=1775

қалдық құны = баланстық құны – Σаморт.

  • Жедел істен шығару әдісі , яғни 3-4 моралдық тозудан шығынды азайтуға

мүмкіндік береді. Бұл әдістер мыналарда қолданылмайды:

  1. Жұмысшы машиналар бойынша
  2. Құралдарда
  3. Пайдалану мерзімі 3 жылға дейін транспорттық көліктерге сол сияқты

транспорт бойынша

Амортизация мына жағдайларда есептелмейді:

  • Тоқтатылған негізгі қор бойынша
  • Техникалық қайта жарақтану периоды кезінде
  • Жерге
  • Ірі өнімділік малға
  • Музей экспонентінде
  • Кітапхана қорына.

Негізгі қордың көлемі, құрал деңгейі және оның өсу қарқыны кәсіпорынның тиімді жұмыс жасауының көрсеткіші. Негізгі қордың құрамын оқығанда қор қайтарымын, қор сыйымдылығын, қор жарақтануына баса көңіл бөлінген. Себебі: өнімді өндіргенде негізгі қордың актив бөлігі міндетті түрде қатысуына байланысты. Негізгі қордың актив бөлігі ұлғайса Қор қайтарымы өседі. Бұл кәсіпорынның қуатты екендігін білдіреді. Сондықтан негізгі қордың актив бөлігінің құрамындағы құрал – жабдықтардың үлес салмағы жоғары екнін осы қорды тиімді қолдану қажеттілігін қолдану коэфициенті арқылы анықтайды. Өндірістің қуаттылығы артқан сайын негізгі қордың құрамы да жылдам өсуі керек. Себебі оған қуаттылықты қолдануға арналған күрделі қаржының үлесі бар.

Негізгі қорды еептеу және бағалау оның кәсіпорын экономикасы элементтерінің жалпы құрамындағы сандық үлесі жөнінде сөз етуге мүмкіндік береді.

Амортизация жоспарлы  түрде негізгі қордың құнын толтыру болып табылады. Негізгі қорды бағалау үшін мынандай экономикалық көрсеткіштерді қолданылады: Қор қайтарымы, Қор сыйымдылығы, Қор жарақтылығы.

1) Қор қайтарымы бұл-негізгі қордың бір теңгесіне өндірілген өнімнің шамасы немесе негізгі өндірілетін қордың бір теңгесіне шаққандағы өнім мөлшері, ол мына формуламен өрнектеледі:

ҚҚ = Жө / Нқ

Өндірістік негізгі қордың орташа жылдық құны былай анықталады

Ф = Ф1+ Фввод * П1 / 12,         Фвыб 2 / 12

 

 

Мұндағы: Ф1 негізгі қордың бастапқы жылдық құны, руб

Фввод Фвыб жылдық ағым құнының енгізу және шығарылу сәйкестігі П1 П2 енгізілген ай санының толық істен шығу мезеті.

Қор қайтарымы негізгі қордың басты бәр қолдану көрсеткіші. Сонымен қатар ауылшаруашылық елінде нарық есебінің айналым периодын көтереді. Қор қайтарымы ғылыми техникалық прогресс шартын өсіріп, жабдықтармен алмастырады, яғни кәсіпорынға жұмсалатын еңбек шартын жақсарту бағытын игеру, табиғатты қорғау және тағы басқа көптеген шарттарын көбейту.

Қор қайтарымының өсу факторы 1.1 суретте көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2) Қор сыйымдылығы белгілі бір өнім өндіруге жұмсалған қордың шығынын көрсетеді. Қор сыйымдылығы өнім мөлшері Қор қайтарымына қарама қарсы. Егер Қор қайтарымы тенденцияны өсіруге тиісті болса, ал Қор сыйымдылығы керісінше төмендетеді.

Қор сыйымдылығы қор қайтарымына қарама-қарсы көрсеткіш:

ҚС= НҚ / ЖӨ

  • Қор жарақтылығы – бұл еңбектің қормен жарақтануы, яғни еңбектің

негізгі өндірістік қорлармен жарақтану дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш. Ол қордың жылдық орташа құнын өндіріс қызметкерлерінің орташа санына бөлгендегі қатынаспен анықталады.

ҚЖ = НҚ / Жс

Мүндағы НҚ – негізгі қор, Жс жұмысшылар саны

  • Негізгі қордың тозу коэфициенті:

Кт = Қт/ Ка

Мұндағы Кт негізгі қор тозу құны, Қа  негізгі қордың алған құны.

  • Негізгі қордың шығу коэфициенті:

Кшығ = Кшығ / Қалғ

Мүндағы Кшығ— белгілі уақыттағы қордан шығарылған құн, Қалғ осы периодтағы басындағы  қор құны.

  • Негізгі қордың жаңару коэфициенті:

Кжаң = Кенг / Қа

Мүндағы Кенг— белгілі уақыттағы негізгі қорға енгізілген құн, Қа— ақырғы периодтағы негізгі қор құны.

  • Негізгі қордың өсу коэфициенті:

Көсу = Қенг – Қшығ/ Қалғ

Негізгі қордың пайдалану тиімділігін көтеру үшін:

  • Олардың жүктелу деңгейін;
  • Қорларды жаңарту;
  • Қазіргі заманғы техникалық дамыған жабдықтарды пайдалану;
  • Мамандандырылған жұмысшыларды пайдалануды арттыру.

 

 

Кәсіпорынның айналым қоры бұл өндірістік негізгі қордың бір бөлімі. Онда әрбір өндірістік циклдар толығымен тұтынылады немесе қолданылады. Өндіріс процесінде өзнің натуралдық түрін өзгертіп толық бағасын өндіретін өнімге аударады.

Айналым қорлары тауар айналым қызметімен тығыз байланысты. Өндірістік цикл аяқталған соң дайындалған дайын өнімді сату арқылы немесе реализацияға беру арұылы пайда түсіреді. Айналым қорларының заттық түсінігі еңбек заттары болып келеді, яғни аяқталмаған өндіріс және болашақ кезеңдегі шығындар.  Шикізат негізгі материалдар, отын, қосалқы бөлшектер және жартылай фабрикаттар, көмекші материалдар және тағы басқалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өндірістік процесс еңбек заттарына әсер етіп, оларды дайын өнімге айналдырады.

Дайын өнім дегеніміз — ол толық техникалық өндірістен, сапасы бағалаудан өткен және буылып қоймаға тпсырылған өнім. Өндіріс процесі тоқтаусыз жүретін болғандықтан дайындықтың әртүрлі деңгейінде кездесетін өндрсте айналым қорларының анықталған бөлігі нақты қызмет етеді. Жалпы айналым қорларын келесі топтарға бөлуге болады:

  • өндірістік запастар айналым қорларының негізі. Оның құрамына шикізат

және көмекші материалдар, отын оның түрлері негізгі қорды өндіретін запастар, бөлшектер және тағы басқалар жатады.

  • Аяқталмаған өнім, яғни өндірісте аяқталмаған еңбек заты түрінде және

кәсіпорынның жартылай фабрикаты түрінде көрсетіледі.

  • Боашақ кезеңінің шығындары заттық емес түрде кездесетін айналым

қорының элементі бұл шығындарды берілген уаұытта өндіріп оларды болашақ кезеңнің, өндірілетін өнімнің өзіндік құнына қосатын шығын арқылы өтейді.

Айналым қорының осы топтағы байланысы оның жалпы құнының құрылымын көрсетеді. Айналым құралдары ақша қаражатының үзіліссіз айналуын қамтамасыз ететін айналым қоры және өндірістік айналым қорын құру үшін, авансталған ақша құралдарының жиынтығы. Сонымен қатар айналым құралдары шаруашылыққа келіп түсетін кіріс пен шығыстардан айналымға кететін құралдарды айтамыз. Мысалы: жанар, жағар май, тыңайтқыш, кассадағы ақша және тағы басқалар.

Негізгі өндірістік құралдар мен айналым құралдары тығыз байланысты. Бухгалтерлік есептеулерде жұмыс жасап тұрған негізгі қорлар баланстық құны бойынша есептеледі.

Айналым құралдарының айналым схемасы мына түрде болады:

А – Т … Ө … Т1  — А1

Мұндағы: А ақша қаражаты

Т өндіріс құралдары

Ө өндіріс

Т1 дайын өнім

А1  өнімді сатудан түскен ақша

(…) айналым құралының үзілістігін,  бірақ өндіріс сферасы айналым процесінің жалғасуын көрсетеді.

Айналым құралдары (100%)

Айналым құралының құрамы және оның классификациясы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айналым құралдарының қалыптастыру көздері: пайда, несие (банктік, коммерциялық), акционерлік, өсіру жарнасы бюджеттік қаражаттар несиелік қарыздар және тағы басұалар. Төленбеген несиелік қарыздар кәсіпорынның қолданылмаған құралдарын пайдалану.

Мысалы: бюджетке төлем бойынша қарыздар: коммерциялық қарыз, еңбек ақы және оны есептеудегі қарыздар. Еңбек ақы бойынша ең төменгі қарызы келесі формуламен есептеледі:

Тқ = Қ * К / 90

Мұндағы: Тқ  еңбек ақы бойынша төменгі қарыз

Қ кварталға, еңбекке төлеу жоспар қоры

К ай басталғаннан еңбек ақы берген күнге дейінгі күндер саны

90 – 1  квартал

Мысалы: кварталға еңбекке төлеуге жоспарланған құн 5700  тенге жұмысшыларға еңбек ақы төлеу әр айдың 4 – ші күні белгіленеді. Сонда еңбек ақы бойынша  Тқ табу керек.

Тқ = 5700 * 3 / 90 = 190.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

 

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның алатын орны өз алдына ерекше. Нарықтық экономикаға көшу барысында елде көптеген өзгерістер болғаны бәрімізге мәлім. Яғни экономиканың дамуына жаңадан жасалынып жатқан үлгілер, жаңалықтар өз әсерін тигізуде. Айта кететін болсақ техникамен технологияның қолданысқа екеуінің өзі көп нәрсені өзгертті. Яғни өндірістік саланың тез дамуына себеп болды.Ал осы техника мен технологиялар өз бетінше емес ғылым арқылы дамыды. Ол үшін адам баласы көп оқуы, білуі және келіп жатқан жаңалықтарды жете меңгеруі қажет. Бір кәсіпорын шеңберінде қарастыратын болсақ, кәсіпорынның мақсаты пайда табу. Ол пайданы табу үшін, өнім өндірумен айналысады және де ол өнімді өндіру үшін көптеген шығындар шығындалады, яғни, кәсіпорын өз алдына байланысты мәселелер туындайды.

Ал елдің экономикасының өзі осындай кәсіпорындардан құралады. Яғни осындай кәсіпорындар мемлекетке салықтар төлейді, оның экономикалық өсімін көтереді. Экономикадағы мемлекеттің атқаратын міндеті, оның экономикалық өмірдегіорны және бұл қатынастың тиімділігі.

Жоғары көрсеткішті қор қайтарымынан  шығарылған басқа да өнім шарты, өндірістік негізгі қор айналымының үлес құнына тең. Сондықтан кәсіпорынның ақшалай жинағын көбейту, өзіндік құнды төмендету, өндіріс шартын өсіру, негізгі қор құрылымын жақсартуды қарау. Әр кәсіпорын тауарды қанша және қалай өндіру, қалай және қайда тарату, сондай-ақ түскен кірісті қалай бөлу жөнінде өз бетінше шешім қабылдайды. Кәсіпорын жыл сайын өндіріп отырған өнімнен 40% пайда көру үшін шығындалады. Екі квартал сайын шығын 8% төмендесе, өнім көлемі жоғары сапа береді. Сол сияқты өнімнің бағасы 2,2% өседі, ал еңбекақы 6% өсіп, жұмысшылар саны өз қалпында жүреді. Жалпы кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары мына жағдайларда қарастырылады:шығындарды азайту және материалдарға бағаны төмендету, еңбек өнімділігін жоғарлату, өнімдер көлемін ұлғайту және шығындарды азайту мәселелеріне көп көңіл бөлінеді.

Есептеу бөлімінде кәсіпорын тиімділігін арттырып кәсіпорынға түскен пайданы есептедік. Бұл жерде кәсіпорын жоғары дәрежеде пайда түсіре білді. Себебі кәсіпорынның өнімді сатқаннан пайдасы үлкен көлемде болды.

Қорыта айтқанда негізгі қордың тиімділігін көтеру үшін: олардың жүктелу деңгейін, қорларды жаңарту, қазіргі заманғы техникалық жабдықтарды пайдалану және де мамандандырылған жұмысшыларды пайдалануды арттыру қажет.

 

 

Қолданылған әдебиеттер.

 

  1. Экономика предприятия.

В.Я. Горфинкеля

В.А. Швандара.

Москва 2000.

  1. Экономика предприятия.

В.Я. Хрипач

Г.З. Сума.

Экономпресс 1999 г.

  1. Экономика учебная.

А.П. Казанов.

Москва 1999 г.

  1. Экономика предприятия.

Н.В. Минеева.

  1. Нарықтық экономика негіздері.

Б. Жүнісов.

У. Байжомартов.

Ү. Мамбетов

Алматы 1999 ж.

  1. Экономика предприятия

С.Т. Купешова.

  1. Жалпы экономикалық теория.

Ө.Қ. Шеденов.

Б.А.Жүнісов.

Б.И. Комягин.