Кәсіпорын қызметіне маркетингті енгізудің рөлі

Жоспар:
Кіріспе……………………………………………………………………………….3
Қ. Маркетинг бәсекеге қабілеттілікті жоғарлату факторы ретінде.
1.1.Маркетингтің әлеуметік – экономикалық мәні………………………………..4
1.2.Өнімнің бәсекеге қабілетілігін бағалау…………………………………………8
ҚҚ. Маркетингті кәсіпорынға енгізу мәселелері.
2.1. Кәсіпорындағы маркетингтік зерттеулер…………………………………….11
2.2. ”АБДИ Компани” А.Қ.-ның қызметі…………………………………………15
2.3. Кәсіпорында маркетингті жоспарлау…………………………………………18
2.4. Кәсіпорында маркетингті ұйымдастыру……………………………………..20
Қорытынды………………………………………………………………………..22
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………23
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының экономикасы түбегейлі жүйелік өзгерістер кезеңнін басынан өткеріп жатыр. Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқарудың жаңа жүйесі қалыптасып келе жатқан кезінде негізгі құрамдарының бірі — маркетинг жүйесі. Қазақстанның маркетингтің қалыптасуының қажеттілігі жалпы әлімдік басқарудың теориясы мен практикасының тенденцияларымен анықталады. Қазақстанда маркетинг жүйесінің қалыптасуы бағыттары мен мүмкіндіктерін, шарттарын анықтау мақсатында маркетингтің дамуының теориялық тұжырымдамаларын құру және оның тәжірибесін талдау маңызды мәселелердің бірі.
Бүгінгі таңда қалыптасқан экономикалық жағдайларда кәсіпорындар алдында тұрған жаңа мәселелерді пайымды шешу маркетинг принциптері мен әдістерін қолдану арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыда маркетинг өндіруші көзқарасындағы тиімді шығын мен пайда кезінде сұранысты табу, болжау және оны қанағаттандыруға байланысты тұтынушыға негізделген тауар өндіру және басқару жүйесі ретінде сипатталады.
Қазақстан Республикасында өндірілетін тауарлар мен қызметтердің көпшілігі бойынша тұтынушылар мұқтаждығының қанағаттандырылуы деңгейі әлі де төмен, осы кезде өндіріс құралдары мен жекелей түрлерінің дамуы әр түрлі қарқынды жүруі салдарынан айтарлықтай ішкі салалық және аймақтық диспропорциялардың болуына әкелді. Қазақстан Республикасы экономикасында болып жатқан құнсыздану үрдісі, жалпы өндірістік қуаттылықтар құнының қымбаттауы, сонымен қатар кәсіпорындардың қалыптасқан қаржылық жағдайындағы өз қоры есебінен дамыту және жаңғырту айтарлықтай ауыртпалықтар туғызады. Осындай көптеген ауыртпалықтарды жеңуде маркетинг ғылым, кәсіпкерлік және нақты уақытпен тексерілген тәжірибелік әдістердің қоспасы ретінде рынок шарттарында кәсіпорындардың іс-әрекетін жетілдіру мен өндірістік, өткізу, қаржылық және тағы да баска сол сияқты кең аумағында көптеген қателіктерден құтылуға көмектесуге қолайлы жағдайлар құратын әмбебап жүйе болып табылады.
Бүгінгі күнгі маркетингтің әр сипаттағы барлық анықтамалары толықтай тауар рыногымен тығыз байланысты болады және оған қатысты жекелей қолданылу ауқымына қарай тұтынушылық, өнеркәсіп тауарлары және қызметтері аумақтары бөлінеді./6,3б/
Бұл тақырыптың өзектілігі нарықтық экономикада маркетингтің рөлі, яғни кәсіпорындағы маркетингтің рөлін және маркетингтік зерттеулерді талдау, маркетингті қалай ұйымдастыру мен жоспарлау керек екендігін қарастыру. Сондықтан мен кәсіпорындағы экономика пәнінен курстық жұмыстың тақырыбын “Кәсіпорын қызметіне маркетингті енгізудің рөлі” деп алдым.
Ал мақсаты Қазақстан Республикасында маркетинг қызметінің мәнін ашу, атқаратын қызметін талдау, “АБДИ Компани” А.Қ.-ның құрылымын, оның нарықтағы рөлін мен ерекшелігін қарастыру.
Маркетинг бәсекеге қабілеттілікті жоғарлату факторы ретінде.
1.1.Маркетингтің әлеуметтік-экономиколық мәні және мазмұны.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетинг кәсіпорынның рыноктық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқарудың басты бернесі ретінде қаралады. Осы жағдайға байланысты ол нақты тұтынушылардың, нақты зерттеу мен болжау негізінде мол табыс табуға, сыртқы шығарушы кәсіпорынның ішкі және сыртқы рыноктың қазіргі жағдайын және оның болашағын білуге бағытталады. Сонымен бірге, кәсіпорынның маркетинг қызметіне бәсекелесті зерттеу, баға саясатын қамтамасыз ету, өнім өткізуді мен жарнамалауды ынталандыру, тауарларды өткізуді тиімді ұйымдастыруды жолға қою, тағы басқа да шаралар жатады.
Маркетингтің негізі болып табылатыны – бұл бірін – бірі толықтыратын тәсілдеме. Бұл дегеніміз рынокты жан – жақты және нақтылы зерделеу, сол сияқты рынокқа белсенді ықпал ету, қажеттілікті және тұтынушының артықшылығын қалыптастыру. Дайындаушы мен тұтынушыны байланыстыру және олардың бірін – бірі табуға жәрдем беру – кез келген маркетинг қызметінің басты мақсатына жатады.
Елімізде болып жатқан нарықтық қатынастардың ықпалымен үнемі қозғалыста болатын маркетинг қызметі рыноктың талаптарына мен шарттарына толық бағынышты.
Маркетинг – бұл шын мәнінде, кәсіпорынның кез келген шаруашылық қызметін басқару жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады.
Маркетинг – бұл рынокты талдау, кәсіпорындар қызметіның әр қилы түрлерінің өзара іс – қимылдарын қамтитын өндірісті ұйымдастыру өнімді өткізудегі кешенді жүйе: баға құрылымы, сату (сатып алу), шикізаттарды жеткізу, өнім (тауарлар) және қызмет көрсету.
Маркетингтің негізгі қызметі – сатып алу, сату процесінде ең жоғарғы мөлшерде пайда табуды, сонымен бірге оның міндеті – кәсіпорын қызметінің тұрақтылығын барынша қалыптастыру және стратегиялық мақсатқа жетуді қамтамасыз ету.
Маркетинг қызметінің жүйесінде, сол сияқты кәсіпорынның басқа жеке міндеттері шешіледі:
- Рынок, тауарлар, тұтынушылар және бәсекелестер жөнінде сенімді, дер кезінде және шынайы жарнамалармен қамтамасыз ету.
- Кәсіпорынның тауар өндірудегі мүмкіншілігі.
- Тұтынушыларға ықпал ететін сұраныс, рынок, бәсекелестер.
Маркетингтің экономиколық мәні мына төмендегі нәтижелікті тұжырымдайды:
- Тауардың бәсеке жарамдылығын жасау.
- Тауарларды жылжытуды жеделдету.
- Сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағатандыру.
- Өндірістің тиімділігі және тауарлар сату.
Маркетинг қызметі жағдайында рынок екі түрге ажыратылады:
- Сатушы нарығы (рыногы)
- Сатып алушы нарығы (рыногы)
Сатушы рыногы – бұл шын мәнінде, тапшылық рыногы, онда сатушылар үлкен билікке ие болады. Сатып алушы рыногы – бұл шын мәнінде толықтырылған рынок, мұнда сатып алушылар үлкен билікке ие.
Рынокты зерделеу екі жайғасымда жүзеге асырылады: оның ерекшелік сипаты, сиымдылыққа қажеттілігі және мүмкіншілігі, молықтыру деңгейі, бәсекелестің жағдайы, ұқсас тауарлар шығуының ықтималдығы, т.б.
Ондай және басқадай жайғасымның артықшылығы өнімге бағдарланған маркетинг немесе тұтынушыларға бағдарланған маркетингке алып келеді.
Өнімге бағдарланған маркетинг, мынандай жағдайда қолданылады, егер де кәсіпорынның қызметі жаңа тауарларды шығаруға немесе шығарылғанды жетілдіруге бағдарланса. Мұның негізгі мақсаты – тұтынушыларды жаңа немесе жетілдірген тауарды алуға ынталандыруға болып табылады.
Егер де кәсіпорынның қызметі тікелей рыноктың өзінен шығатын мұқтаждықты қанағаттандыруға бағытталса, тұтынушыға бағдарланған маркетинг пайдалынады. Мұндағы маркетингтің негізгі мақсаты — әлуеті мұқтаждықты зерделеу, рынок тауашасын іздестіру. Маркетингтің бұл үлгісі – жалпы коммерциялық қызметтің маңызды бөлігі, себебі, тұтынушылардың сұрау салуды зерделеусіз кәсіпкер үшін мүмкін емес.
Маркетингтің негізгі принциптері — жалпыға бірдей нысалығы, яғни тұтынушылардың қалаулары мен нақтылы талаптарына сай өндірістің түпкілікті нәтижелеріне бағдарлануы.
Маркетингтің принциптік әдіснамалына сәйкес кел келген процестерге тән басқару және өткізудің рыноктық тұжырымдамасының бернесін анықтайық.
Берне | Қызмет түрлері |
Талдамалық |
Маркетингтік ортаны талдау, тұтынушылар, тауар құрылымы, жабдықтау көздері, кәсіпорынның ішкі ортасы, бәсекелестер, нарық саралымын анықтау және зерделеу, жарнама саласы. |
Өндірістік |
Талдаманы ұйымдастыру және жаңа тауарлар өндіру, әлуеті сатып алушылардың қажеттілін қанағаттандыру, олардың ерекшелгі, орамы, баға, пайдалану сапасы. |
Өткізушілік |
Тауар қозғалысы жүйесін ұйымдастыру, өткізу арналарын таңдау, жинақтау, сұранысты қалыптастыру, өндірісті ынталандыру және баға саясаты. |
Басқару және бақылау
|
Маркетинг жоспарын әзірлеу (бағдарламалар), оларды қаржыландыру, маркетингті ақпаратпен қамтамасыз ету, кадр саясаты, кәсіпорынның ұсынған мақсатының жетістігі, тәуелділікті бағалау, т.б. |
1-ші сурет. Маркетингтің негізгі бернелері.
Талдамалық арнаны екі қосалқы бернеге бөлуге болады: рынокты кешенді түрде зерттеу және кәсіпорынның ішкі ортаны талдау. Бұл екі қосалқы берне бір – бірімен өзара тығыз байланысты. Нарықтық жағдайда кәсіпорын маркетингтік зерттеуді үнемдеуге тиіс емес, өйткені, мақсатқа жетуді қамтамасыз ету үшін жұмысты көз жұмып істеуге болмайды.
Маркетингтің талдамалы берненің нәтижесі оның өндірістік бернеесін және қосалқы бернесін іске асырудағы негізі болып табылады.
Шығарылған тауарлар, өндірілген өнімдер рынокқа келіп түседі. Мұндағы маркетингтің негізгі міндеті тиімді өткізу, оны тұтынушыларға жеткізу.
Өткізім тұжырымының тәсімі және маркетинг мына төмендегі бейнемен көрінеді:
Өткізу тұжырымдамасы
Тауарлар Өткізім және сатуды Сату көлемінің
ынталандыру өсуінен алынған
пайда
Маркетинг тұжырымдамасы
Қажетсіну Біріктірілген Сатып алушылардың қажет
маркетинг тілігін қанағаттандыру есебі
нен алынған пайда
Маркетингтің негізгі принциптері мыналардан тұрады:
- Тұтынушы мұқтажын, нарықтық жағдайда, кәсіпорынның нақты мүмкіндіктерін делме – дәл білу арқылы өнім өндіру.
- Тұтынушы мұқтажын мейілінше толық қанағаттандыру, нақтылы проблемаларды шешу үшін оны құралдармен немесе құрал — жабдықтар кешендерімен қамтамасыз ету, балама принцип — өнім өткізетін орындарды іздестіре отырып, өнім өндіру мен қызмет көрсету.
- Нақтылы бір рынок жоспарланған мөлшерде және белгілі мерзімде өнімді өткізумен қызмет көрсетуді тиімді жүзеге асыру.
- Ғылыми – техникалық ойды және нарық жаңалықтарын пайдаланып, тауарларды өткізуді дайындау үшін зерттеулерді ұдайы қорыта отырып, кәсіпорынның өндірістік – коммерциялық қызметінің ұзақ мерзімді нәтижелігінің пайдалалылығын қамтамасыз ету.
- Сұранысты қалыптастыру мен оған жағдай жасау бір мерзім ішінде ықпал ете отырып, тұтынушылардың үнемі өзгеріп отырытын талаптарына дағдыланудағы өндіріушінің жүріс – тұрыс стратегиясы мен тактикасының тұтастығы.
Маркетингтегі бастысы — мақсаты бағдарлану және кешенділік, яғни кәсіпкерлік, шаруашылық, өндірістік және өткізу қызметтерінің қосылуы. Маркетингтің мақсаты — өндірістің жоғары тиімділігін және өндірістік тауарларды сатуды қамтамасыз ету. /1, 181-185б./
Маркетингтің құрал — жабдықтарына:
1.Есептеу – мәлімет тіркеу жүйесі. Басқару процесін эффективті ұйымдастыру үшін массивті ақпарат алу мақсатында қолданылатын маркетингтік қызметінің көрінісі.
2.Сұранысты жоспарлау – ғылыми жүргізу формасы, перспективті зерттеудегі шешем. Жобалау пассивті және активті болуы мүмкін. Жобалау кепілдеме жасауға көмектеседі, мысылы, өнім өндіруге, нарықты зерттеуге, бағаны құру, қызмет көрсетуді күшейту, басқарау эффективтілігін артыру.
3.Нарық коньюктарасын анализдеу – белгілі бір кезеңде және нақты жерде – регионда- әлеуметтік экономикалы, сауда – ұйымдастырушылық және т.б. жағдайдағы өнімді өткізуге қалыптасқан анализ. Фирманың жетістігі жоғары өніммен қызметтердің, оларды үнемі жаңарту мен жетілдіру, жабдықтаушылармен тұтынушылармен жұмыс жасаумен анықталады.
4.Жарнама – соңғы мақсатқа жетудегі бағыталған, яғни тауар мен қызметтер өткізу мен оларға сұранысты қалыптастыруға бағытталған комплекстік іс – шаралар./5, 361б./
1.2. Өнімнің бәсеге қабілетігін бағалау.
Өнімнің бәкеге қабілетілігін бағалау.
Берілетін әдістемелік амалдарды жүзеге асырудың 3 кезеңі бар.
1-ші кезеңде өнімнің нарық сегментінің құрамын анықтау және осы сегменттердің талаптарын жүйелеу. Әр сегмент бойынша кәсіпорынның тауары оның бәсекелестік тауармен қажеттілікті қанағаттандыру бойынша салыстыру. Тұтынушылардың өнімге деген сұранысын қанағаттандыру критерилердің жиынтығы анықталады, олардың маңызына қарай істеу өткізіледі және тұтынушы бағалау және атап көрсеткен сипаттамалардың салыстырмалы маңыздылығы қалыптасады. Жылжытатын өнімнің мүмкіндік спекторы және тұтыну қасиеттерінің кеңейтілуі, сапа көтеру жолдары мен бағыттары анықталады. Осы кезеңде ақпарат ұсынылатын тұтынушылар тобының сұранысы негізінде жиналады.
2-ші кезеңде максималды пайда әкелетін кәсіпорынның тауарын анықтау. Өндіріс шығындарын қалай азайтуға болатыны анализделенеді. Өндіріс қорлары, шетел серіктестіктермен мақсаты қарым — қатынасты сферасы ашылады.
3-ші кезеңде өткізу қызметінің эффективтілігі анализделенеді және уақыт үнемдеу мүмкіндігі, өткізу функциясы мен қызметінің ұзақтылығы анықталады.
Нарық жағдайының позициясын бағалау әдісі нарықты динамикада фирманың қалыптастыру жүйесінде қалыптасады. Осы әдістердің есептеу әдісі болып тауардың өмірлік циклі саналады. Яғни оның рынокта пайда болу мен одан шығу уақыты. Тауардың өмірлік циклінің кезеңдері: енгізу, өсу, кемелдену, құлдырау. Кәсіпорын әрбір кезеңінде белгілі масштабта өнімін өткізе алады және ол нарық бөлігінде немесе сату динамикасында көрініс табады.
Нарықта өнімді жылжыту.
Мақсатты тұтынушылары бар рыноктық нишаны анықтағаннан кейін, нарықта өнім өткізу жолдарын қарастыру керек (жарнама шараларының сатудағы үлесі, өткізуді ынталандыру және т.б.). Оның бірнеше вариантары бар:
А варианты. Егер де өнімнің мақсатты аудиториясы ретінде мүмкін болатын барлық тұтынушылары алынса, онда нарыққа біріңғай өнім өткізу шарамен шығуға болады.
Б варианты. Егер де әр түрлі белгілер бойынша тұтынушылар сегменттелсе, онда әрбір мақсатты аудитория үшін өнім өткізудің өзіндік шаралары ұсынылуы керек.
В варианты. Тұтынушыларды Б варианты бойынша сегменттегеннен кейін, басқа сегменттердің тұтынушылары ақпарат алатындығы немесе өнімді сатып алу мақсатты тұтынушылар сегментімен сенімді болғанда, мақсаты аудиторияға 1 сегментті қосуға болады. Жарнамалық компанияны одан әрі жалғастыруда, осы өткізу шараларды көшбасшыларға бағыттауға болады. Мақсатты аудиторияны таңдағаннан кейін, нарықта өнімді өткізу әдістемесін ұйымдастыру керек. Ол екі түрлі болуы мүмкін: «міндетің және «итеруң.
А
|
Б
2-ші сурет. Нарықта өнім жылжыту әдісі:
А-«Міндетің әдістемесі (соңғы тұтынушыға сұраныстың әсері).
Б-«Итеруң әдістемесі (агрессивті түрде өнімді мәжбүрлеу).
«Міндетің әдістемесі кезінде нарықта жылжытатын тауарды сауда ұйымдарын сатып алуға етермелеу үшін, соңғы тұтынушылардың сұранысы активті болу керек. «Итеруң әдістемесі – соңғы тұтынушыға дейін өз каналдары бойынша өнім өткізу туралы ескеретін сауда құрылымы.
Кәсіпорынның іскерлік белсенділікті кеңейту бағыты аз мөлшерде болсада, кәсіпорынның қай нарықта қызмет ететіндігі (ол үшін ескі немесе жаңа), нарыққа қандай өніммен (традиционды ескі немесе кәсіпорын үшін жаңа) шығуына байланысты. Осы облыста мүмкін болатын 4 мінез – құлықтың стратегиялық бағыты бар. Осы бғыттар 4–ші суретте матрица түрінде көрсетілген.
Өндіріс |
Нарық | ||
Ескі | Жаңа | ||
Ескі | Терең ену маркетингтік стратегия | Позицияны кеңейту маркетингтік стратегиясы | |
Жаңа | Өнім өңдеу маркетингтік стратегиясы | Дивесификация маркетингтік стратегиясы |
3-ші сурет. Өндіріс/нарық матрицасы.
Терең ену маркетингтік стратегиясы («ескі өнім – ескі нарықң) әлі толмаған кезінде эффективті. Ескі ассортименті ескі нарықта ұсынғанда, бәсекелестерге қарағанда төмен бағамен және шығынды азайту арқылы артықшылыққа иелінуге болады. Позицияны кеңейту маркетингтік стратегиясы («ескі өнім – жаңа нарықң) жаңа рынокта тауар ассортиментін өткізуді кеңейтуге мүмкіндік береді (нарықта жаңа сегменттің болуын қоса алғанда). Өнім өңдеу маркетингтік стратегиясы («жаңа өнім – ескі нарықң) кәсіпорында жаңа ассортиментік позициялары бар болғанда эффективті. Ол басқалардан сапалық жағынан ерекшеленеді, мысалы жаңа дизаин, жаңа қосалқылар. Диверсификация маркетингтік стратегиясы («жаңа өнім – жаңа нарықң) өнім түрлерін немесе басқа бір рыноктан кәсіпорынның тәуелділігін жою үшін қолданылады. Осы 4 стратегиялардың ойлап тапқан үйлестіруі де болуы мүмкін.
Маркетинг жүйесі кәсіпорынның нарыққа беімделу мен тұрақтадыруды жоғарлату факторы ретінде.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің табысы келесі ережелер негізінде дұрыс қабылданған маркетингтік стратегияларға байланысты:
- Кәсіпорынның экономикалық потенциалы таңдаған шаруашылық сферасында нақты мүмкіндіктермен бағаланады.
- Әрбір кәсіпорынның мүмкіндігі өндірісте қолданылмаған ресурстар мен қорларға байланысты. Яғни потенциал өндіріске ендірген немесе ендірмеген ресурстар көлемімен сипатталады.
- Кәсіпорынның экономикалық потенциалы тек қана мүмкіндіктер мен ресурстар бар болуымен ғана емес, сонымен бірге жұмыс істейтін қызметкерлердің іскерлік деңгейімен сипатталады. Ең алдымен маркетологтардың кәсіби қабілеттілігі максималды пайда әкелетін өнімді шығарудың дұрыс ұйымдастыруымен сипатталады.
Кәсіпорынның экономикалық потенциалын келесі түрде қарастыруға болады:
Кәсіпорынының Адам Негізгі Айналым
экономикалық = капиталы + капитал + капитал
потенциалы
Бұлардың қосындысы кәсіпорынның жалпы шаруашылық қызметтерді құрайды. Ол басқа кәсіпорындармен салыстырғанда бәсеке қабілеттілік деңгейін көрсетеді. Кәсіпорынның ресурстық потенциалдарға қолданылуын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге ресурстарды қабылдай алатын көлемін және ресурстарды беруді жатқызуға болады.
Жалпы түрде шаруашылықтың маркетингтік стратегияның эффективтілігін келесі формула арқылы көрсетуге болады:
Э = Д / Р max (1)
ҚҚ.Маркетингті кәсіпорынға енгізу мәселелері.
2.1.Маркетингтік зерттеулер
Маркетингтік зерттеулер – шаруашылық басқарудың элементі. Олар кәсіпорында өндіріс – саттық, жабдықтауды және сауда қызметін қосады.
Рынокқа тауарды шығару алдында, кәсіпорын мыналарда сенімді болу керек:
- Ұсынылған өнім өз сатып алушыларын табады.
- Сатушы ұсынған баға өнім өндіруге кеткен шығыннан аз болмайды.
- Өнімді дайындау үшін кәсіпорын нарықта материал, шикізат және т.б. компаненттер жеткілікті мөлшерде және тиімді бағамен сатылатындығы.
Кәсіпорын потенциалын бағалау.
Кәсіпорын күшті жақтарына потенциалды ресурстардың жеткілікті мөлшерде бар болуы (материалдық, қаржылық, еңбектік, ақпараттық және т.б.) сапалы өнім және сатып алушыларда жақсы атаққа иілік ету, аз шығын, шығарылатын өнімнің рационалды ассортименті, дамыған өнім өткізу жүйесі, эффективті менеджмент, инновацияға бейімділік, қосымша қызмет көрсету және т.б.
Кәсіпорынның әлсіз жақтарына қызметтің стратегиялық бағыттың толық жетілдірмеуі, нарық туралы толық білмеу, қиын шешілетін өндірістік проблемалар, жоғары мамандырылған қызметкерлердің болмауы, жаман жарнама, өндіріс рентабильдігінің төмен болуы және т.б.
Тиімді мүмкіндіктеріне кәсіпорынды алдын – алу және қадағалау, яғни жаңа нарыққа шығу мүмкіндігі, қосымша инвесторларды тарту (соның ішінді шетел), cеріктестік қарым – қатынастарды орнату, жаңа технология мен құрал – жабдықтардың пайда болуы, темір жол, экспорттық және т.б. тарифтерге бағаны төмендету, сонымен қатар банктік кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды, мемлекеттік тапсырыстарды алуды, салық салуды оптималдандыру, және мемлекеттік қолдауды күшейту, нарықтан бәсекелестердің кетуі.
Қауіп – қатер ықтималдықтың пайда болуына кәсіпорынның маркетингтік жүйесі байқау жасау керек. Оған нарықта жаңа бәсекелестердің пайда болуы, нарық қарқының баяу өсуінің, макроэкономикалық көмек жүйесінің нашарлауы, сатып алушылардың талғамының өзгеруі және т.б. жатады.
Кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтардың құрамы мен оның мүмкіндіктері мен қауіп — қатердің құрамын талдағаннан кейін олардың арасында байланысты талдау керек. Ол үшін біз мақсатты матрицаны құрамыз. Матрицаның сол жағында екі бөлікті («әлсіз жақтарынң және «күшті жақтарынң), бөлеміз, оның құрамына жоғарыда айтып кеткен анализдар жатады. Құрамына барлық анықталған мүмкіндіктер мен қауіп – қатер кіретін матрицаның жоғарғы бөлігінде «мүмкіндіктерң және «қауіп – қатерң орналасқан.
Бөліктердің қиылысқан жерінде төрт бөлік: А бөлігі («күшті жақтар мен мүмкіндіктерң), В бөлігі («әлсіз жақтары мен мүмкіндіктерің), С бөлігі («күшті жақтары мен қауіп — қатерң), Д бөлігі («Әлсіз жақтары мен қауіп — қатерң).
Кәсіпорын жағдайының ерекшеліктері. | Перспективалар | |||||||
Мүмкіндіктері | Қауіп-қатер | |||||||
1. | 2. | 3. | … | 1. | 2. | 3. | … | |
Күшті жақтары
1 2 3 … |
А |
С |
||||||
Әлсіз жақтары
1 2 3 … |
В |
Д |
||||||
4-ші сурет. Кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын ескере отырып мүмкіндіктер мен қауіп –катерге матрицалық анализ.
Анализдің қорытындысы бойынша А бөлігінде кәсіпорынынң күшті жақтарын ескере отырып, сыртқы ортада пайда болған мүмкіндіктерге жүзеге асыру үшін стратегияны жасау. В бөлігінде кәсіпорынның әлсіз жақтарын шешу үшін пайда болған мүмкіндіктерді пайдалану. С бөлігінде пайда болатын қауіп – қатерді жену үшін кәсіпорынның маркетингтік стратегиясы оның күшті жақтарын пайдалану қажет. Д бөлігі үшін кәсіпорын пайда болатын қауіп – қатерді және әлсіз жақтарын женуге бағытталған маркетингтік стратегияны әзірлеу керек.
Стратегияны жасау барысында мүмкіндіктер мен қауып – қатерлер өзінің қарама – қайшылығына өтіп кету мүмкін. Қолданылмаған мүмкіндік қауіп – қатер болуы мүмкін, егер де оны оны бәсекелес кәсіпорын пайдаланса. Немесе керісінше, сәтті болдырмаған қауіп – қатер, кәсіпорында бәсекелестік арттықшылыққа ие болады, егер де бәкелес қауіп- қатерді жоймаса./3, 329-330б./
Кәсіпорынның (фирманың) макетингі.
Қазіргі кәсіпорынның маркетингі көп мақсатты мінез – құлқтан тұрады. Стратегиялық мақсаттарды жетумен бірге көптеген ағымды және оперативті шешімдерді шешу керек. Экономикалық проблемалардан басқа әлеуметтік, ұйымдастырушылық, ғылыми – техникалық проблемелар туындайды. Жиі қайталанатындар, дәстүрлі проблемалардан басқа күтпеген жағдайда шешім қабылдау қажет. Маркетингтің мақсаттары келесі жүйелік суретте көрсетілген:
Мақсаттардың белгілері бойынша жіктелуі.
Маркетингтік мақсаттардың жіктелуі мақсаттарды жобалуды нақтылау және сәйкесінше әдістер мен жүйені қолдану. Маркетингтің мақсаттарды әртүрлі және олардың саны көп. Кәсіпорынның меншік түріне, формасына, масштабына қарамастан оның құрамын жүйелі түрде анықтамай жұмыс жасай алмайды. Кәсіпорында шаруашлық дамудың бағыттарының стратегиялқ құрамы және оның бәсекеге қабілеттілікті құру бағдарламасының қамтамасыз етілуінің рөлі 5-ші суретте көрсетілген. Егер де кәсіпорын нақты даму мақсаттарын анықтамаса, осы мақсатқа жетудің жолдарын қарастырмаса, ол нарқтық экономикада өз қызметін жүргізе алмайды.
|
|
|
|
|
|
ациялық
5-ші сурет. Кәсіпорынның маркетингтік мақсаттрадың жүйесі.
Маркетингті қайта құру.
Маркетингті қайта құру біріншіден, ескі маркетингтік тәсілдерден жаңа тәсілдерге бір қалыпты өтуді, екіншіден, маркетингті қайта құру үшін бірнеше жағдайларды атап өтуге жөн. Соның қатарында:
- Фирмаға жаңа маркетингтік және ұйымдастырушылық әдістерді енгізу үшін алдын – ала анализ жасау.
- Қайта құрудың әдесі мақсатталған бағдарламаның жасалуы.
- Осы бағдарламаны басқару үшін құрылымды құру.
- Қайта құруды түзету үшін басқарудың әдістерін мен формаларын қалыптастыру.
Жаңалықты енгізудегі кәсіпорынның қаржылық, материалдық және еңбектік ресурстардың бар болуы мен қатар оның жолында негізгі ұйымдық және психологиялық барьерларды анықтау маңызды.
Ұйымдастырушылық жоспарда мынандай кедергілер болуы мүмкін:
- Бөлемшелер арасында кофликт.
- Бөлемшелер арасында коммуникацияның жақсы дамымағандығы.
- Ұйымдастырушылық жұмыстарға жаңа талаптар мен қалыптасқан ынталандыру жүйесі арасында қайшылықтар.
- Не болсада қалыптасқан қарым – қатынасты сақтап қалу.
Барлық барьерлардің ішінен мамандар жоғарығы басқарушылық кәсіпорындардағы маркетингтің жаңа әдістеріне көп мән береді. Жаңалықты енгізгенде басшылардың көмегі маңызды ал жаңартпашылықты енгізгенде кәсіпорын басшылары жағынан көңіл бөлінгенін талап етеді. Маркетингтегі жаңалық жауапкершілік пен өкілеттілікті қайта тағайындауды, шешім қабылдау процедураларын өзгертеді.
Нарық сегментін таңдау.
Маркетинг тұрғысынан қарағанда рыноктар бір – біріне ұқсамайтын әрбір рынокта ерекше тұтынушылардан тұрады. Ал коммерциялық әрекет табысты болуы үшін тұтынушылардың әр түрлі категориясының айрықша талабын есепке алу керек. Міне, осы рынокты сегменттеудің негізі болады.
Сонымен рынокты сегменттеу дегеніміз – рыноқтағы тұтынушыларды әртүрлі топтарға бөлу және әр топтың талабына сай жеке тауар мен оның маркетинг кешенін ұсыну болады. Рынокты сегменттеу ұғымын тұңғыш рет 50 жылдары Смит Уэнделл пайдаланды. Және бұл тәсіл жалпы маркетинг стратегиясы ретінде ұсынылады. Сегменттеудің мақсаты өндірілген және жетілген және өткізетін тауарға нақтылы сатып алушыны қамтамасыз ету болып табылады. Маркетирнг іс – тәжірбиесінде рынокты сегменттеу арқылы фирма мынандай нәтижелерге ие болады:
- Тұтынушылардың әртүрлі тауарға деген қажеттілігін қанағатандыру деңгейі максималды дәрежеге жеткізу.
- Фирманың тауарды өңдеуге, өндіруге, өткізуге кеткен шығындарды ұтымды және үйлесімді болуын қамтамасыз етеді.
- Әлуетті тұтынушылардың іс — әрекетін айқындап, талдау негізінде қолайлы маркетинг стратегиясын жасауға көмектеседі.
- Тауардың, фирманың бәсеке қабілетін жоғарлатуды қамтамасыз етеді.
- Бұрын басқа фирмалар ескермеген жаңа рынок сегментіне шығу арқылы бәсекелік күресті жоюға немесе төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл бәсекеге кететін шығынды азайтады. /5, /
Нарық нишасын анықтау.
Кәсіпорының коммерциялық табысы өзінің нарығын табуымен ғана емес, сонымен бірге бос орынды (рыноктық нишаны) табуымен байланысты. Яғни кәсіпорынның бәсекелестік артықшылығын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін нақты тұтынушылары бар әрекет өрісі. Нишаның көлемі тұтынышылар сегментінің масштабымен анықталады, яғни осы сегменті құрайтын потенциалды сатып алушылардың санымен және сатып алу бейімділік факторымен. Басқаша айтқанда нақты сегменттің ішінен сатып алушылар тауар ассортиментінің ішіндегі өнімге қанша ақшыны жұмсайтынын немесе нақты сегмент сатып алушылары қанша тауарды тұтынатынатыны. Рыноктык нишаның сыйымдлығы келесі формул арқылы есептеуге болады:
EP = Х * П * У , немесе ЕР = Х * Н , (2)
Мұнда:
ЕР – і-ші тұтынушылық сегменттің нарық сиымдылығы j-ші тауарлық секторына қолдану;
Х — і-ші тұтынушылық сегментте мүмкін болатын тұтынушылардың саны;
П — і-ші тұтынушылық сегментке орташа сатып алушылық қаржылық потенциалы;
У — j-ші тауарлық сектордың өнімін сатып алуға мүмкін болатын і-ші сегменттің шығындар деңгейі;
Н — j-ші тауарлық сектор бойынша і-ші сегменттің бір бірлікке нақты сатып алынатын тауарлар саны;
Егер j-ші тауарлық сектор бойынша барлық тұтынушылық сегменттердің көлемін қоссақ, j-ші тауарлық сектордың (ЕР ) нарықтық сиымдылығы болады:
ЕР = ∑ Х * П * У немесе ЕР =∑ Х * Н . (3)
Барлық тауарлы сектор брйынша нарықтық сиымдылықтарын қоссақ, онда жалры нарық сиымдылығын (ЕР) аламыз:
ЕР= ∑ ЕР. (4)
Жалпы нарық сиымдылықта (dn ) әрбір нишаның бөлігі келесі қтынаспенанықталады:
Dn = ЕР / ЕР. (5)
Ниша вертикалды және горизонтальды болуы мүмкін (немесе олардың қосылуы). Вертикалды нишаға бағытталған маркетинг бір немесе ұқсас тауар ассортиментті бойынша тұтынушылар тобын қажеттілігін қанағаттандыру. Горизонтальды нишаға бағытталған маркетинг әртүрлі тауар ассортименті бойынша бір немесе ұқсас тұтынушылар тобының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Ол мақсаты түрде тұтынушылар үшін қызмет және тауар ассортиментін ұлғайтытуды көздейді, олардың арасында тығыз байланыс бар болуына қарамастан.
2.2. ”АБДИ Компани” А.Қ.-ның қызметі.
Компанияның құру тарихы.
Қазақстан Республикасында канцелярлық нарығында белгілі ойыншылар болмағанда, біраз уақыт бойы мемелекетке канцелярлық тауар аз мөлшерде келгенде және Қазақстан барлық жабдықтаушымен байланыс жоғалтқан кезде, яғни КСРО құлағаннан кейін 1994 жылы кыркүйек айында Қазақстанның АБДИ компаниясы құрылды. АБДИ компаниясы өз қызметін Қазақстанға мектеп дәптерінің партиясын көтерме жеткізуінен бастады, кейін оның ассортименті ұлғайды. АБДИ сауда нүктелерінде үлкен сұраныс арқасында және ұсыныстың жеткілігінен үлкен кезектер бола бастады, сондықтан сауда жүйесін ұлғайту қажеттілігі туды. Жылдан жылға тауар ассортименті мен қызмет көрсету сервисі де кеңейтіле түсті. Бүгінгі күні Қазақстан бойынша 25 АБДИ фирмалық дүкенінде 550 адам жұмыс істейді. Қазақстанның барлық қалаларында ондаған филиаладар мен дилерлер бар, және бұл шек емес, өйткені қазіргі кезде тағы да бірнеше филиалдар мен дүкендер ашылуға дайындалып жатыр.
«АБДИ Компаниң А.Қ. – ның стратегиялық бизнесі.
Өзіне қатысты қызметтің максималды түрде дамуы Компанияның сапалы және эффективті дамуына тауардың кең таңдау, толық қызмет комплексі, жағымды атмосфера, сонымен қатар бағалардың жақсы үйлестіруі мен тауардың сапасы көмектеседі. Жыл сайын жақсы жұмыстың атағын дәлелдей отырып, сатудың 3 дәрежесінде: бөлшек, көтерме, корпаративті түрде жұмыс істеуге көмектеседі. Компанияның негізгі мақсаты: Қазақстан Републикасынның және Орталық Азияның әрбір азаматына әлемдік дәрежедегі мектеп пен офиске арналған тауарды жеткілікті етіп жасау және корпаративті қызмет көрсету. Корпаративті тұтынушыларға ерекше жағдай жасау мен компанияның менеджерлері әрбір тұтынушының сұранысына индивидуалды тұрғыда қысқа мерзімде олардың барлық өтінішін қарайды және олардың тіліктерін орындайды. Компанияның жұмыс істеудің негізгі принциптері болып, ұсынатын тауар мен қызметтердің ассортиментік оптимизациясын, өзінің тұтынушына максималды географиялық жақындату, сатуға қазіргі кездегі технологияны енгізу және ұсынатын қызметтің сапасын үнемі арттыру саналады.
Сауда жүйесі, филиалдар.
Қазақстанның үлкен қалаларында кең сервистік жүйелері бар: Алматы, Астана, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Петропавлск, Қарғанды, Қостанай, Ақтөбе, Орал, Атырау, Шымкент, Тараз. Қазақстанның 14 қалаларында 25 фирмалық дүкендер бар, соның ішінде 8 үлкен супермаркеттер. Бүгінгі таңда компанияның жалпы ауданы 13 мың шаршы шақырымды құрайды, ал қоймалық аудан 20 мың шаршы шақырымнан астам. Компанияның дамыған қызметтік жүйесі кең ауқымды тұтынушылардың қысқа мерзімде толық көлемде сұранысын қанағаттандыруға көмектеседі. Қазақстанның әрбір қаласында 1 архитекторлық стильде жасалған. Транспорт пен техникамен жабдықталан қазіргі кездегі әдемі супермаркеттер компанияның визиттік картасы болады. Қазақстанның әрбір аймағында бірдей ассортиментік тауар, бірдей қызмет, бірдей сату политикасы, бірдей баға политикасы. Бір қалада бірдей және қысқа мерзімде барлық филиалдарда контракт бойынша тауар жеткзуді жүзеге асыруға оперативті байланыс көмектеседі. Өзіне — өз қызмет ету жүйесі, тауарларға қол жеткізер бостандық, штрихкодтау жүйесі, әр түрлі канцелярлық тауарлар тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға және сатып алу процесін тездетеді.
Қызметтер.
АБДИ Компани өзінің тұтынушылары үшін әртүрлі қызметтерді ұсынады:
- Компанияның сайтында интернет – дүкен;
- Жеңілдіктер мен әртүрлі төлеу формалары;
- Тауарды мемлекеттің әрбір аймақтық өкілдігіне жеткізу;
- 14 қала бойынша тауарды офиске дейін жеткізу;
- АБДИ дүкенінде сатып алынған әрбір тауарына кепілдік;
- Логоны тауарға енгізу;
- Катриджті толықтыру;
- Оперативті полигафия және т.б.
Компания тұтынушыға өз уақытында жоғары сапалы тауарды жеткізуге, тауар сапасының жеңілдіктеріне және сатып алудан кейінгі қызметке көп көңіл бөледі. Ал осындай кепілдіктерді тек қана болашақта жұмыс істейтін компаниялар бере алады.
Серіктестіктер.
35 әлемнің 180 өндіріс – фабрикалармен қарым – қатынас жасайды. АҚШ, Франция, Италия, Дания, Финляндия, Чехия, Венгрия, Польша, Ресей және т.б. Ол АБДИ Компаниясының нарықта өз тауарына деген оптималды бағаны сақтап алуға көмектеседі. Қоймада үлкен мөлшерде тауарды үнемі бар болуын мен қазақстандық тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттардыратын тауарды жеткізетін сервистік – таңдаушыны таңдайды. Дүкендерде өз уақытында тауардың түсуін қадағалайтын және қазақстандық тұтынушылардың тілегін мен талғамын кейде алдын – ала біліп қояды. АБДИ Компаниясы көптеген жылдар бойы көптеген серіктестіктермен байланысты орнату арқылы Қазақстанда көптеген эксклюзивті сауда маркаларымен жабдықтайды. Компанияның мұқият жасалған политикасы мен логистикасына байланысты Компания әлемдік сападағы тауарды шығарған елдегі бағадан арзан алады. Компания өз жітістігінде тоқталмайды, ол әлемдік көрмелерге қатысады; жаңа өнімді, брендті бағалайды; жаңа өндірушілерді іздейді; жаңа дизаинді ойлап табуға көмектеседі.
Компанияның тұтынушылары.
АБДИ Компаниясының ең үлкен жетістігі болып тұтынушылардың жастық диапозоны 1 жастан бастап шексіздіке дейін болып саналады, өйткені адамдардың барлық жастағы негізгі ерекшелігі ол даму мен оқып үйренудің тілегі. Компания үшін әрбір тұтынушы маңызды, яғни жеке және заңды тұлғалар. Тұтынушылардың арасында бастауыш сыныпқа баратын оқушы, зейнеткерлер, Республиканың атақты және таңымал адамдары.
Компанияның корпаративті тұтынушылары:
- Мемлекеттік комитеттер мен органдар – Қаржы, Қорғаныс, Әділеттік, Байланыс пен энергетика, Ғылым мен білім беру, Сауда және Индустрия Министрліктері; Қ.Р. І.С.Б.; Президент апаратты; Қ.Р. Парламенті; Салық Комитеттері және т.б.
- Банктер – Қ.Р. Ұлтық банкі; Қазақстан Халық Банкі; Тұран Әлем Банкі; TEXAKA Банкі; Нұрбанк; Лариба Банкі және т.б.
- Транспорттар – “Қазақстан Темір Жолы”; Эйр Астана; Алматы және Астана халықаралық әуежайы; Трансаэро және т.б.
- Байланыс, телерадиолық және телекоммуникациялық – “Қазпочта” ААҚ; “Қазақтелеком” ААҚ; К’cell; K’ mobіle; Алма ТВ; Дукат; Хабар агенттігі; 31 канал және т.б.
- Зейнетақы фонды – Қазақстан Ұлтық Банктің ЗЖҚ; ҰларҮміт; Сенім; Құрмет; Капитал және т.б.
- Мұнай газ компаниялары мен кәсіпорындары – ҚазМұнайГаз; ҚазТрансОйл; Тенгиз Шевройл және т.б.
- Энергетикалық компаниялар – Алматы Пауер Консолидейтед; “KEGOC” ААҚ; Астана энергия; облыстық энергоорталықтар және т.б.
- Аудиторлық компаниялар – «Қазақстанаудитң; Қ.Р. Аудиторлық Палатасы және т.б.
- Өндірістер – Қазақстан Аллюминий; Қазцинк; Теміртау Меттал Стил; Фудмастар және т.б.
- Оқу орындары — Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ; ҚазМӘУ; Рысқұлов атындағы ҚазЭУ; АТУжәне т.б.
Корпаративтік тұтынушылардың саны – 15000 және жылдан жылға өсуде.
Тауарлар.
Канцелярлық тауарлар адаммен бірге жыл бойы қосақталып жүреді. Балбақшада алғашқы суреттен бастап, кәсіпорынды немесе ұйымда жұмыс орынды көркемдеумен аяқталады, сөйтіп, адамның өмірлік қызметіне жылдан жылға енеді. Канцелярлық тауарға қажеттілік көп туығаннан, тұтынушының тауарға және қызмет көрсетуге сұранысы жоғарлайды, сондықтан халықтың әлеуметтік тобына және әртүрлі жастағы топтың тұтынушлық қажеттілігін қанағаттандыру үшін АБДИ үйге және офиске арналған үлкен ассортименттік тауарды ұсынады.
Тауар ассортименті 15000 астам құрайды:
- Ақ қағазды өнім;
- Офиске арналған канцелярлық тауар;
- Мектеп ассортименті
- Профиссианалды суретшілерге арналған көркем материалдар;
- Компьютерлік аксессуарлар мен шығындар материалдары;
- Имидж сувенерлік өнім; тастан, қымбат бағалы металдан және кожадан жасалған тауарлар;
- Қосалқы тауарлар;
- Мектепке арналған оқулықтар, қазақ тіліндегі әдістемелік оқулықтар.
2.3. Фирмадағы маркетигтік жоспарлау
Көптеген фирмалар көп жылдарға арналған жоспарсыз жұмыс істейді. Жаңа фирма басшыларының ондай жоспар құрастырыруға уақыты болмауы мүмкін. Ал бұрыннан келе жатқан фирма басшыларының көпшілігі жоспарсыз-ақ жұмыс жүргізуге болады деп ойлайды. Өйткені олардың ойы бойынша нарықтағы жағдай тез өзгеріп жатады. Сондықтан жоспармен бәрін қамту мүмкін емес, жоспарға кеткен шығын босқа қалады деп өздерін ақтауға тырысады. Осы тәрізді себептерге байланысты көптеген фирмалар көп жылдарға арналған жоспарлау жұмысын жүргізбейді. Ал шындығына келетін болсақ тәжірибе көрсетіп отырғандай келешекке арналған жоспарлау көптеген жеміс береді. Мелвилк Бринч жоспарлаудың төмендегі жақтарын атап көрсеткен:
1) Келешекке арналған жоспарлау фирма басшыларын іс келешегін алыстан ойлауға, оны күні бұрын білуге итермелейді;
2) Алдағы бақылауға алынған іс-әрекет көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік береді.
3) Фирма әрекеттерін ұтымды үйлестіруге көмектеседі;
4) Фирма өзінің міндетін және саяси мақсатын анық белгілей алады;
5) Фирманың күтпеген кездейсоқ өзгерістерге күні бұрын дайын болуына мүмкіндік береді;
6) Фирманың барлық бөлімшелерінің өзара дұрыс байланысын, орнатуға көмектеседі:
Маркетингтік қызметтердің ең маңыздылары болып нарықты зерттеу және тауар өндіруші кәсіпорынның нарықтық мүмкіндіктерін талдау және жоспарлау, маркетингтік саясаттық кешенін құрастырып және іске асыру танылды. Осы жерде айта кету керек, маркетинг ғылыми — зертеу жұмыстарын (ҒЗЖ), өндірісті, жоспарлауды және т.б. кызметтерді өзі атқармайды, ол тек осы және басқа қызметтердің түрлерін, тауар өндірушінің нарықтык мақсаттарын ескере отырып, қамтамасыз етеді./5, 130б./
Ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесінде кәсіпорынның болашақ жағдайын анықтауда негізгі мән құрылған тенденциялар экстрополяциясына беріледі. Осы кезде кәсіпорынды басқаруда болашақта іскерлік нәтижелері жақсарып, ұзақ мерзімді жоспарға неғұрлым жоғары көрсеткіштер енгізетін тұжырымдамаға келеді. Бұл әдіс тұрақты экономика дамуы шарттарында толығымен жүзеге асады.
Маркетинг жоспарларын құру әдістеріне қарай келесі түрлері бар: жоғарыдан төмен жоспарлау; төменнен жоғары жоспарлау; екі бағыттық жоспарлау. Маркетингтің жоспары мынадай кезеңдерді қамтиды:
1.Ситуациялық талдау (SWOT – талдау, strengths – күшті жақтары, weaknesses — әлсіз жақтары, oportunіtіes – мүмкіндітері, threats – қауіптері, яғни алғашқы әріптерімен аталған);
- Маркетинг мақсатарын белгілеу;
- Маркетинг стратегияларын анықтау;
- Бағдарламаның тәжірбиелік жүзеге асуын жетілдіру;
- Маркетинг бюджетін құру;
- Бақылау.
Маркетинг жоспарлаудағы қазіргі кең тараған ұғымы инвестициялық жоба немесе бизнес — жоспары. Бизнес – жоспар – бұл кәсіпорын мақсаттарын көрсететін және проектіні жүзеге асырғаннан кейінгі сипатын көрсетететін нақты құрылымды жоспарлық құжат. Бизнес – жоспарда ең бастысы және маңызды бөлім деп маркетинг жоспарын айтуға болады. Жоспарлау кез келген бастаманың үлкен немесе кішілігіне тәуелсіз іскерліктің бір бөлігі болып табылады. Бизнес – жоспар – бұл жоспарлау құжаты, мүмкіндіктерді қолдануға негізделген компания басшыларының бизнесті бастау немесе кеңейту үшін мүмкіндіктерді талдап нақты жағдайды бағалау. Бизнес – жоспар – бұл кәсіпорын мақсаттарын көрсететін және проектіні жүзеге асырғаннан кейінгі сипатын көрсететін нақты құрылымды жоспарлық құжат.
Әлемдік тәдірбие көрсеткендей, бизнеске алғашқы қадам – бұл жоғары деңгейде құрылған бизнес – жоспар. Болашқ инвестор бизнес – жоспарды оқымай кәсіпкермен кездеспейді. Бизнес – жоспар артық ақпараттан тұрмайды, өйткені оны көптеген іскер адамдар көріп пайдаланады.
Бизнес – жоспар өз ісінің болашақ дамуын анықтауда кәсіпорынға көмектеседі, өз бизнесінің прогрессін бағалп және ағымды операцияларды бақылап болашақта өзгеріс мүмкіндіктері мен мәселелерді болжап өз ісінің өсу болашағын анықтайды. Сонымен қатар ол шетелдік серіктестерді тарту үшін қолданылып қаржы алу немесе біріккен проектілерді ұйымдастыру, біріккен кәсіпорындар құру үшін қажет.
Бизнес – жоспар келесі мәселелерді шешу үшін қажет:
— Кәсіпорының мақсатарын қалыптастыру, нақты сандық көрсеткіштерді жүзеге асыру және ұйымдастырушылық бағдарламарды құрастыру;
— Қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін өзара байланысқан өндірістік, маркетингтік және ұйымдастырушылық бағдарламаларды құрастыру;
— Қаржыландырудың қажетті көлемін анықтау және оның көздерін іздестіру;
— Жобаны жүзеге асыру кезінде кездесетін қиыншылықтар мен мәселелерді анықтау;
-Жобаны жүзеге асыру үрдісін бақылау жүйесін ұйымдастыру;
-Инвесторларды жобаны қаржыландыруға тартатын түбегейлі негіздеуді дайындау.
Маркетинтік жоспарлау үрдісі келесі қалыптасқан әдістемемен кәсіпорындағы стратегиялық маркетинг және маркетингтің стратегиялық жоспарлау үзіліссіз процестерімен жүреді. Бұл үрдіске енетіндер: ситуациалық талдау, мақсаттарды түзеу және маркетингтік стратегиялар, стратегиялық жоспарға түзетулер. /6, 52б./
2.4.Фирмадағы маркетингтік ұйымдастыру.
Маркетингті басқару бұл табыс табу, күтпеген кездейсоқ өрістер бөлігін жоғарлату сияқты мекеменің алдына қойған мақсаттарына жету үшін мақсатты сатып алушылармен пайдалы алмастыруды белгілеу, нығайту және қолдау шараларын жолдау, жоспарлау және оларды жүзеге асыруды бақылау.
Маркетингті басқару жүйесінің құрылымы функционалдық немесе жағрапиялық принципке, шығарылатын тауарлар немесе игірілмек нарықтар түріне, тауарлы-нарықтық жобаға және басқа әдістерге сәйкестене қалыптастырылады.
Фирманың өзі микроорта күштерінің бірі болып есептеленеді. Фирманың құрамында оның басшылары, бухгалтериясы, маркетинг, өндіріс материалдық — техникалық жабдықтау, қаржы, жоспарлау т.б. қызмет жасайды. Олардың әрқайсысының мақсаты мен міндеті әр түрлі белгіленген.
Фирманың мақсатына жетуі көбіне 3 факторға тәуелді: таңдап алынған стратегияға, маркетинг қызметін ұйымдастыру, құрылымының қандай деңгейде әрекет жасағанына.
Маркетинг басқаруды функционалды ұйымдастырудың мағынасы мынадай: маркетингтің жеке элементерін іске асыратын бөлімдерді мамандар басқарады, ал барлық жұмысын толығынан басқару және бөлімдердің жұмыстарын үйлестіру фирманың маркетинг — директорына тапсырылады. Маркетингті басқарудың функционалдық сызық жобасы 5-ші суретте келтірілген.
|
|
|
|
|||||||||
5-ші сурет. Маркетингті басқарудың функционалды түрі.
Басқарудың осылай ұйымдастырудың артықшылығы кұрлымның оңайлығында және әрбір буынның қызметінің айқындығында болып табылады. Әрбір рынокқа және әрбір тауарға арналған маркетингттің әрбір қызметі бойынша жеке жоспар қабылдап, іске асыру керектігі, осы сияқты фирманың іс — қимылын, әсіресе, тауар және игерілмек нарық түрлерінің өскен шағында, үйлестірудің күрделілігі оның кемістігі болып табылады. Маркетингта ұйымдастырудың бұл түрі ағымды тиімділікке бағытталған және оның стратегиясының икемділігі төмен, жаңалықтар енгізуге тым қабілетсіз болады. Алайда функционалды құрылым маркетингті ұйымдастырудың басқа түрлеріне негіз болып табылады.
Егер кәсіпорын — тауар өндіруші өте аумақты жерге кызмет ететін болса, онда өткізу бөлімі жағрапиялық принцип бойынша дамиды өнімді өткізу ірі аймақта, әрбір аймақта аудандар тағайындалады. Осылайша тарамдалған торап белгілі өндірушінің барлық рыноктарда барлық тауарлардың өткізілуін қамтиды.
Фирма өзінің маркетинг қызметінің құрамын барлық маркетингілік жұмыстарды толық атқаратын қылып ұйымдастыруы керек. Егер фирма кішкентай болса, барлық маркетингілік міндеттерді бір адам атқаруына болады. Оған әрі маркетингілік зерттеулер, әрі өткізуді ұйымдастыру, әрі жарнама, әрі клиенттерге керекті сервис қызметін ұйымдастыру т.б. міндеттерін атқару жүктеледі. Бұл адамды өткізу қызметінің басқарушысы, немесе маркетинг директоры деп атауға болады. Егер фирма үлкен болма, маркетинг саласында бірнеше мамандар қызмет атқарады.
Функцианалды ұйымдастыру.Маркетингілік қызметті функцианалды ұйымдастыру ең көп тараған түрге жатады. Бұл жағдайда маркетинг мамандары маркетингілік әрекетердің әр түрімен жеке айналысады. Олар өз жұмыстарын үйлестіруші маркетингілік вице – призедентке бағынады. Онда 5 маман көрсетілген: маркетинг қызметінің басқарушысы, жарнама және өткізуді ынталандыру қызметінің басқарушысы, маркетингілік зерттеулер қызметінің басқарушысы және жаңа тауарлар басқарушысы. Осыларға қоса, клиенттерге сервис жасайтын қызметінің басқарушысы, маркетингті жоспарлау қызметінің басқарушысы және тауар қозғалысынң басқарушысы болуы мүмкін.
Функцианалды ұйымдастырудың артықшылығы оның қарапайымдылығында. Екінші жағынан, тауар ассортименттерінің және фирмалар нарықтарының өсуіне байланысты бұл үлгі бірте – бірте өз тиімділігін төмендете түседі.
Географиялық ұстаным бойынша ұйымдастыру. Елдің барлық территорияларында сауда жасайтын компаниялардың сатушыларының бір-біріне бағынуы географиялық ұстаным пішінінде болады.
Тауар өндірсі бойынша ұйымдастыру. Тауар номенклатурасы кең немесе көп түрлі маркалы тауарлар шығаратын фирмалар тауар немесе тауар – маркалы өндіріс түрінде ұйымдастыруды қалайды. Тауар өндірсі бойынша ұйымдастыру функционалдық ұйымдастыруды алмастырмайды, ол ұйымдастырудың жаңа бір түрі болып саналады. Барлық тауар өндірісін тауар номенклатурасын басқарушы басқарады да, оған бірнеше тауар топтарының басқарушылары, ал оларға әр нақтылы тауарды өндіруге жауапты тауар басшылары бағынады. Әр тауар басқарушысы өз тауары өндірісінің жоспарын жеке дайындайды, оның орындалуына көз салып, нәтижесін бақылайды, керекті жағдайда дайындалған жоспарды өзгертеді.
Өндіріс бойынша ұйымдастыру фирманың шығаратын бұйымдары бір – бірінен өте айырмашықта болған жағдайда немесе олардың түр – түрлері өте көп болып, осындай көп номенклатураны маркетингтің функционалды ұйымдстыру арқылы бақару мүмкіншілігі өте қиындағанда айдаланады.
Тауар өндірісі бойынша ұйымдастырудың бір қатар артықшылықтары бар. Біріншіден, тауарды басқарушы осы бұйым бойынша маркетингтің барлық кешенін үйлестіреді. Екіншіден, тауарды басқарушы жеке мамандарға қарағанда нарықтағы өзгерген проблемаларға тезірек бейімдей алады. Үшіншіден, майда және мәні жөнінен болмашы тауар маркалары де елеусіз қалмайды.
Нарық бойынша ұйымдастыру. Көптеген фирмалар өз тауар ассортименттерін түрлі сипаттамалы нарықтарда сатады.
Нарық бойынша ұйымдастыру тауар өндірісі бойынша ұйымдастырумен ұқсас. Нарық жұмысын басқарушы бірнеше жеке нарықтарды басқарушылардың жұмыстарын үйлестіреді. Нарықпен жұмыс істеуді басқарушы өткізудің және басқа функционалды әрекеттердің перспективалық және жылдық жоспарларын дайындайды. Бұл жүйенің негізгі артықшылығы фирма өз жұмыстарын тұтынушылардың мұқтаждықтарына байланыстырғандығында. Нарықтың нақтылы сегменттерін ұйымдастыруында./7,50б./
Қорытынды
Кәсіпорында маркетингтік қызметінің дамымағандығы осы қызметтердің жарым – жартылай маңыздылығы бағаланбауы жоғары маманданған қызметкерлердің жетіспеуімен түсіндіріледі. Маркетингтік бөлімінде қарапайым өтімділік бөлімдердің өзгертілуі көрінтін нәтижені әкелмейді, сондықтан қызметкерлер үшін эффектінің доказ. Жоқтығы мен осындай қызметтердің қажет еместігі туады. Кісіпорын әрқашан бағалардың арақатынасын, сапаны, қызмет пен нарықта сату көлемін, қандай тенденциялар мен сыйымдылықты, бәсекелестердің не істеп жатқанын, олардың күшті және әлсіз жақтарын білу керек. Жарнамаға ақшаны жұмсау алдында одан болашақта нәтиже бола ма түсінуін керек. Егер кәсіпорын өзінің ұлғаюды және жаңа нарыққа шығуын көздесе, онда осылардың әрқайсысының жағдайын білу қажет.
Сыртқы маркетингтік ақпараттан басқа, кәсіпорынның жағдайы туралы мәлімет болу керек. Өндірістік және коммерциялық циклінің операциясына ақшаның қалай жұмсалатындығы? Бөлімшелердің ішінен ең рентабельдігі қайсысы? Қандай бөлемшенің ең қысқа мерзім айналымы? Осы және де көптеген сұрақтарды қаржы бөлімі мен жоспарлы эономиканың қосындысы мен кәсіпорын контроллингтік қызметі шешеді. Осы ақпарат шығындар мен өзіндік құнды басқардағы шешім қабылдауға негіз болады.
Шын мәнінде, шаруашылық практикада кәсіпорын нарықта позицияны перспективтілігін мен төзімділікті анықтау үшін көптеген сандық факторларды ескерту керек./3, 336б./
Маркетингтің негізі болып табылатынны – бұл бірін – бірі толықтыратын тәсілдеме. Бұл дегеніміз рынокты жан – жақты және нақтылы зерделеу, сол сияқты рынокқа белсенді ықпал ету, қажеттілікті және тұтынушының артықшылығын қалыптастыру. Дайындаушы мен тұтынушыны байланыстыру және олардың бірін – бірі табуға жәрдем беру – кез келген маркетинг қызметінің басты мақсатына жатады.

Курстық жұмыстың барысында «АБДИ Компаниң А.Қ-ның сауда жүйесін, тұтыншларға көрсеттін қызметтер түрлерін, басқа елдермен жасайтын серіктестік қарым – қатынас, компанияның тұтынушыларын, тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұсынатын тауар ассортиментін талдап, «АБДИ Компанидіңң нарықта алатын үлесі үлкен екенін, яғни канцелярлық нарықтың 50% алады. Тұтынушылардың сұранасын толығымен қанағаттандыратын, канцелярлық тауарларды сататын кәсіпорындардың ішінен алдыңғы орынды иеленетінін, қызмет көрсету дәрежесінің жоғары екенін байқадық.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
- А.К. Мейірбеков, К.Ә.Әлімбетов. Кәсіпорынның экономикасы: Оқу құралы – Алматы: Экономика 2003, 252бет
- Д.Н.Акуленок, В.П.Буров, В.А.Морошкин, О.К.Новиков. Бизнес – план фирмы, комментрий методики составления. Реальный пример. – М.: Гном – Пресс, 1997. – 88с.
- Экономика предприятия под редакции профессора О.И.Волкова
- Экономика предприятия под редакции В.Я.Горфинкеля, В.А.Швандера.-4-е изд., перераб. и доп.- : ЮНИТИ-Дана,2004. 332-349
- С.Н. Нысанбаев, Г.А. Садыханова «Маркетинг негіздері» Оқулық — Алматы:ҚУ- 2002-202б.
- Д.Қ. Ілиясов. Маркетинг: теориясы мен практикасы. — Оқу құралы: — Алм.: Қазақ Университеті, 2002. – 223б.
- Филип Котлер. Маркетинг негіздері — Алматы: 2002
- Эванс Дж. Берман Б. Маркетинг — Москва: 1993
- w.w.w. АБДИ Компани.kz