Кәсіпорын қызметін талдау «ЮТЕКС» мекемесі
Жоспар
Кіріспе………………………………………………………………………………………………………….3
- Кәсіпкерлік қызмет мәні түрлері негізгі даму бағыттары
1.1. Кәсіпкерлік қызметтің даму эволюциясы (тарих) теориясы………………………4
1.2. Кәсіпкерлік қызмет мәні, ұйымдастыру түрлері……………………………………….8
1.3. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру кезеңі(тіркеу теориясы)…………………..11
- Кәсіпорын қызметін талдау
2.1. «ЮТЕКС» мекемесінің негізгі сипаттамасы…………………………………………..14
2.2. «ЮТЕКС» мекемесінің негізгі көрсеткіштері (еңбекақы, өндірут.б.)…….19
2.3. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудағы кедергі…………………………………….24
- Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруды оңтайландыру
3.1. Кедергіні болдырмау……………………………………………………………………………..28
Қорытынды……………………………………………………………………………………………….32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………………..33
Кіріспе
Менің таңдаған тақырыбым кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру. Кәсіпкерлік — ел экономикасының жандануы мен адам әрі қарай дамып, тұрақты өсуінің қамтамасыз етуін іске қосушы тұтқасы ретінде бизнестің әр алуан түрлері мен ұйымдық формаларынан тұратын нарықтық шаруашылықты қалыптастыруы мен оны іске асыруында үлкен маңызға ие. Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Әр бөліміне түсініктеме бере кетсек, 1 — бөлімінде кәсіпкерлік қызметінің даму тарихы (эволюциясы), жалпы кәсіпкерлік туралы теориялық тұжырымдамалар, ғалымдар мен экономистердің еңбегі жайлы, ой пікірлері баяндалып айтылған. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі іс-шаралар, нақты дамыту бағыттары кәсіпкерліктің түрлері, қызмет мәні, субьектілері берілген. 2 –бөлімі кәсіпорын қызметін талдау, бұл бөлімінде АО «ЮТЕКС» мекемесінің жалпы сипаттамасы, шаруашылық қызметі, кәсіпорынның негізгі құралдарына түсінік. Сондай-ақ қызметкерлердің жалақы жөніндегі мәліметтер, тікелей есептеу әдістері берілген. Кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін олардың экономикалық ортасын жақсартуға арналған көптеген нақты іс-шаралар қарастырылып кеткен. Ал 3-бөліміне келсек кәсіпорынға әкелетін кедергілер әсер ететін факторлар. Кедергіні болдырмау шаралары көрсетіліп айтылған.
- Кәсіпкерлік қызмет мәні түрлері негізгі даму бағыттары
1.1. Кәсіпкерлік қызметтің даму эволюциясы (тарих) теориясы
Кәсіпкерлік туралы теориялық тұжырымдама алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегінде кәсіпкерлік теория әр түрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды, олар бірте-бірте кәсіпкерлік – бұл адамның тәуекел мен жаңашылдыққа деген бейімділігі ғана емес, сонымен қатар, жаңа кәсіпорын құруды білдіретін ұғым деген пікірге келді.
Алғашқыда «кәсіпкерлік» термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі
тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алғанмен байланыстырылды. Мысалы, 1725 жылы Кантиллион кәсіпкерлікті өз мойнына тәуекелді алғанмен байланыстырды, сонымен қатар ол капитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін, қорларын қолданушылардеп қарастырып, ажыратып отырды. Ол кәсіпкерді өзіне-өзі жұмыс орнын жасайтын адам ретінде қарастырды. Адамды бегілі бір төлемақы, сыйақы үшін жұмыс істеу қанағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды, сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантиллионның пікірінше, кәсіпкерлердің басты ерекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс істеулері.
Кейінірек XVIII-ғасырдың екінші жартысында Квисней сияқты
физиократтар кәсіпкерлік тұжырымдамасын кеңейте түсті. Олар Кантиллион сияқты кәсіпкерлерді тұрлаусыздық иелері деп санады, бірақ ілгері жылжи отырып, бұл анықтамаға өндіріс үрдісін енгізді, демек сонымен бірге кәсіпкерлердің пайда табуы үшін белгілі экономикалық қорларға ие болуы қажеттілігі де енгізілді. Олардың түсінігінше, кәсіпкер өнім өрдісін ұйымдастыру, жаңа әдістерді енгізу және жаңа өткізу нарықтарын іздестіруі қажет.
Басқа бір физиократ, дін қызметшісі Николас Бауде өндірушілер мен
фермерлер топтарының гүлденуі, олардың жаңалықтарға, яғни жаңартушылыққа және менеджментке деген бейімділіктеріне байланысты деп санады. Н.Бауде еңбек өнімділігін ұлғаюындағы ғылым мен технологияның маңыздылығына әрдайым ерекше көңілаударып отырды. Ол кәсіпкер мен меншіктенушінің өзара айырмашылықтары бар деп ұйғарды. Меншіктенушілер кәсіпкерді металлмен қамтамасыз етеді, олар өзкезегінде, бұл қаржы құралдарын шикізат алуға және жұмысшыларға еңбекақы төлеуге пайдалана отырып тәуекелге барады.
Өз ілімінде ол жаңа енгізілімдерді басқарудың қажеттілігін, сондай-ақ
тәуекел деңгейін тек білім арқалы төмендетуге болатындығын дәлелді түрде сипаттады.
Ол сондай-ақ кәсіпкерлердің кемшіліктерін және оларды өндірісті
ұйымдастыру өнері сияқты маңызды салада оқытып үйрету қажеттілігін көрсетті, әрі мемлекетті өзінің әкімшілік билігі мен заңдарын осындай адамдарды қолдау үшін пайдалануға шақырды. Сонымен қатар, ол сол кезде-а монополиямен күресу қажеттілігін және салық жүйесінде тәртіптің жоқтығын көрсетті. Көріп отырғанымыздай, XVIII ғасырдың ортасында Бауде б.д.д. үшін де маңызды мәселелерді көтерген.
1776 жылы Адам Смит өзінің «Халық байлығының табиғаты мен
себептері туралы зерттеу» атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп көрсетті: жер, еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы ештене айтылмайды.
Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрәжесіне дейін көтерді, ол индустриялық төңкеріспен қатар, кәсіби менеджменттік төңкерімтің де сап ете қалатынын айтты. Сэйдің айтуынша «Өндіріс шеберлері» келесі қасиеттер мен дарындарға ие болуы қажет екендігін баса көрсетті.
- Төлем қабілетті, тәртіпті, сақ, адал және тұрақты болуы мүмкін;
- Қарыз түрінде капитал тарта білу және несиені уақытында қайтара білу;
- Өз бойына әділеттілік, бизнесті жете білушілік пен табандылық сияқты моральдық қасиеттерді қалыптастыру;
- Сол немесе басқа тауардың ерекшілігі мен маңыздылығын, оны өндіру
әдістері мен болжаидву сұранысын жеткілікті дәрежеде нақты бағалай білу жағдайында болу;
Кәсіпкерлер әрдайым алдына қойылған мақсаттарды және экономикалық
көрсеткіштерді қадағалауды көздей отырып, керекті қызметкерлерді тарта білулері, қажетті материалдарды ала білулері және сатып алушыларды таба білулері керек, сонымен қатар, басқаша айтқанда, олар әкімшілік ету мен басақару шеберлігіне ие болулары керек. Олар өнімді сатудан бұрын, оның бағасымен құнын дұрыс есептей біллулері керек. Көрсетілген сипаттамалардан, Жан Батист Сэйдің кәсіпкерді қарапайым емес, дарынды менеджер ретінде көрсеткені көрініп тұр.
Субъективті австралиялық экономикалық мектептің негізін қалаушы Карл Менеджердің кәсіпкердің шешім қабылдау тұжырымдамасын жасауға қосқан үлесі аз емес. Сонымен бірге Маршалл, өте оңды кәсіпкерді смпаттайтын қасиеттердің көп екендігін және тек кейбіреулері ғана жоғары дәрежеде сол қасиеттерге ие екендігін атап көрсетті. Негізінен кәсіпкерлер, бір жағанан, өте мықты, бір жағынан, әлсіз болуы мүмкін, бірақ кәсіпкердің негізгі міндеті капитал мен еңбекті негізгі қозғалысқа келтіру, негізгі жоспар мен оны орындаудың егжей-тегжейлі шараларын табу болып табылады. Кәсіпорынның өсуімен қатар кәсіпкерлік қабілеті де өсуі қажет, сонымен қатар ол өзінің сопылығын, жан-жақтылығын, бастамашыл іс-әрекеттерге деген қабілетін, табандылығын сақтауы керек, тек сонда ғана ол табысты кәсіпкер бола алады. Сонымен Маршаллдың сіңірген еңбегі – алғашқы рет кәсіпкер мен менеджер арасындағы айырмашылық жігін көрсетуі болып табылды.
Ортағасырлық менеджмент тарихын зерттеуші Джозеф Шумпетерді (1910) қазіргі заман кәсіпкерлігінің атасы деп жиі атайды. Джозеф Шумпетер кәсіпкерлерді жай алыпсатарлар мен инвесторларға қарағанда, әр түрлі бағыттар мен әрекеттерді байланыстыру арқылы жаңа бизнес құратын әлеуметтік-экономикалық жаңашылдар деп атады. Шумпетер кәсіпкерлік еңбектің ерекшелік ойын саралай келіп, оның өндіріс құралдары мен әр түрлі материалдардың жай ғана жинақталуынан тұрмайтындығының, ол тауар мен қызмет көрсетудің жаңа түрлерін, өндірістің жаңа әдісін, жаңа өткізу нарығын, жабдықтаудың жаңа көздерін және ұйымдастырудың жаңа түрін іздеп, енгізу арқалы оларды тиімді қолданудан тұратындығын атап көрсетті. Сонымен қатар олар өз еңбегімен, осы уақытқа дейін теңдесі болмаған пайда табады және ол «кәсіпкерлік пайда» деп атады.
Франк Найт кәсіпкерлік кәсіпкерлік қызметінің өте маңызды белгісі – анықсыздық жағдайында жұмыс істеу екендігіне ерекше көңіл аударады. Найт пікірі бойынша, кәсіпкер әр түрлі мүмкін болатын кедергілерді батыл жеңіп шығатын, өзінің көзқарасын әрдайым қорғай алатын адам. Найт тек жалпы түрде ұйымдастыру және бақылау сияқты міндеттерге ерекше көңіл аудара отырып, кәсіпкердің міндеттерін сипаттайды. Бірақ белгілі міндеттерді атқаратын жай менеджерге қарағанда кәсіпкердің әні үлкен, кәсіпкер өз кәсіпорынның да меншіктенушісі болуы керек, яғни капиталды басқаруы керек. Мұның үстіне, Найт кәсіпкердің мәні тек белгілі міндеттерді атқаруында да, кәсіпорын құруында да ғана емес, оның анықсыздық жағдайында жұмыс істеу қабілеттілігінде, сыртқы ортады болып жатқан өзгерістерге араласа білуінде деп санады. Кәсіпкер кәсіпорынның пайдасын ұлғайту мақсатында қол жеткізген тәуекелге өзінің капиталымен баруға дайын болуы керек.
Қазіргі замаңғы авторлардың ұстанымдары кәсіпкерге мынадай сипаттама береді:
- Дәлелденген тәуекелге бара білу;
- Жігерлікжәне іскерлік белсенділік;
- Жеке, дербес жауапкершілік;
- Қабылданатын шешімдердің салдарын білу;
- Қабылданған шешімдер нәтижесінің белгісі ретінде пайда табу;
- Болашақта қоршаған ортада болатын өзгерістерді болжай білу;
- Ұйымдастыру шеберлігі;
Питер Друкер алғашқылардың бірі болып кәсіпорынды ұйымдастыруға арналған мүмкіндік ұғымын енгізеді. Жаңа кәсіпорын үшін қорларды іздеу мен орналастырудан бұрын, бизнесті дамыту үшін қолайлы мүмкіндіктерге ие болуы керек. Экономистер кәсіпорынның пайдасын көбейту жайлы айтуда. Негізіде, мәселе пайда табу мүмкіндіктерін көбейтуде болып отыр. Атап айтқанда, кәсіпкердің жұмысы бизнеске қолайлы мүмкіндік іздеуден тұрады, нәтижесінде кәсіпкер қорларды тиімділігі төмен салалардан, жоғарырақ нәтиже беретін салаға ауыстырады. Кәсіпкерлік қызметтің ерекшелігі – тиімділігі жоғары кәсіпорындар құра білу қабілеттілігінде. Питер Друкер мұның сыртында кәсіпкердің бизнестің әр түрлі саласында жұмыс істеуге дайын болу керектігін атап көрсетеді.
Харви Либенстейн кәсіпкерлік белсенділіктің екі түрін атайды: қызметтің бірінші түрі менеджментке тән ескішілдікке негізделген күнделікті операцияларды орындаумен байланысты, екінші түрі жаңашылдық. Қызметтің бірінші түрі орныққан, жақсы зерттелген нарықтық ортада жұмыс істеп тұрған кәсіпорын басқаруды білдіреді. Жаңашылдық қызмет – жаңа нарықтар жағдайында жұмыс істеу, қызмет көрсету мен өнімнің жаңа түрлерін өндіру деп таныды. Кәсіпкер әр түрлі нарық жағдайында тиімді жұмыс істей білу керек деп санады.
Шет елдік теорияда және практикада кәсіпкерлік қолда бар қаржы, материал және еңбек қорларын игеру базасында қызмет көрсету немесе өнімге деген белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыратын жаңа бизнесті құру үрдісі ретінде қарастырылады. Кәсіпкерліктің көрсетілген анықтамаларын талдай отырып, біздің көзқарасымыз бойынша, кәсіпкерліктің келесі анықтамасын қисынға қарай мазмұндауға мүмкіндік беретін сипаттамалардың ең маңыздыларын бөліп көрсетейік. Кәсіпкерлік – жаңа кәсіпорынды құрумен немесе белгілі бір дәрежедегі тәуелділігі бар қазіргі кәсіпорынды дамытумен дамытумен байланысты жаңашылдық қызмет болып табылады.
Кәсіпкерлік феномені жер, еңбек және капитал сияқты өндіріс факторларын жұмыс істеуге мәжбүрлейтін қозғаушы күш болып табылады. Бірінші кезекте көңіл аударатын жайт, кәсіпкердің фирманы құрудағы қазіргі кәсіпорынды дамытудағы зор еңбегі жөнінде болып отыр. Сондықтан, кәсіпкерліктің соңғы уақытта негізгі өндіріс факторларымен бір қатарға қойылып қойылып жүргені кездейсоқ емес. Кәсіпкерлік экономиканың дамуына үлкен үлес қосады, себебі осы қызметтің арқасында жаңа жұмыс орындары пайда болады, техника ммен технология дамиды, жаңа өндіріс және қызмет көрсету салалары қалыптасады, жаңа аймақ игеру жүзеге асырылып, ұлттық кірістің көлемді бөлігі жасалады.
Кәсіпкерлікті тек жаңа бизнестің басталуымен жиі байланыстырады. Шындығында, кәсіпкерлік қызмет саласы әлдеқайда кең. Бүгінгі фирмаларда өндіріс көлемін ұлғайтуға, фирма қызметінің жағрапиясын кеңейтуге, фирманың дамуына жаңа күш беруіне немесе жай фирманың өмір сүру қабілеттілігін қолдауға деген қажеттіліктер жиі туындайды.
Кәсіпкерлік үрдісін қозғалысқа келтіретін іргелі күштеоге біріншікезекте, фирманы құрушы және негізін салушы болып табылатын кәсіпкердің өзі, бизнесті жүзеге асыруға қолайлы мүмкіндік пен қажетті қор жатады.
Қазіргі заманғы теорияларда кәсіпкерліктің жеті тұжырымдамасы көрсетіледі. Осы тұжырымдамалардың мазмұны кәсіпкерліктің мектебінің негізін құрайды:
- Кәсіпкерліктің жеті тұлғалық қасиеттерді бағалау ұстанымындағы мектебі;
- Кәсіпкерліктің психологиялық мектебі;
- Кәсіпкерліктің классикалық мектебі;
- Кәсіпкерліктің жетекші ұстанымындағы мектебі;
- Кәсіпкерліктің ішкі мектебі;
- Кәсіпкерліктің маркетингтік ұстанымындағы мекебі;
- Кәсіпкерліктің менеджмент ұстанымындағы мектебі;
Кәсіпорынның дамуының бастаушы өсу сатылары және кемелдену сатылары кәсіпкердің мінез-құлық пен қасиеттеріне әр түрлі талап қояды.
1.2.Кәсіпкерлік қызмет мәні, ұйымдастыру түрлері
Нарықтық қатынастарға өту кезеңінде экономикалық реформаны сәтті
жүзеге асыру кәсіпкерлікті жан-жақты дамытуды ұйғарады және ол Қазақстанның 2030-Стратегиясыннан шығатын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде басты рөл ойнайды.
Кәсіпкерлік – ел экономикасының жандануы мен одан әрі қарай дамып,
тұрақты өсуінің қамтамасыз етілуін іске қосушы тұтқасы ретінде бизнестің әр алуан түрлері мен ұйымдық формаларынан тұратын нарықтық шаруашылықты қалыптастыру мен оның жұмыс істеуінде үлкен маңызға ие. Ол өзінің икемділігіне және өзгермелі нарықтық жағдайларға тез бейімделуіне байланысты теңдессіз артықшылықтарының негізінде нарқтық экономиканың икемді және нітижелі секторына, сонымен қатар маңызы құрылымдылық және бәсекелестік нарықтық механмзмнің маңызды интеграциялық элементіне жатады. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың нәтижесіінде ұсақ және орта сериалы өндірістер негізінде нарықты тауар және қызметпен толтыру, жергілікті шикізат ресурстары мен өндіріс қалдықтарын кеңінен пайдалану, қоғамның «орта сыныбын» қалыптастыру және халықты жұмыспен қамту мақсатында қосымша еңбек салаларын және жұмыс орындарын көбейту мәселелері тез арада шешімін табады. Әсірісе, жұмыссыздық деңгейі елеулі белең алған кезеңде кәсіпкерліктің қосымша еңбек салаларын және жұмыс орындарын кәсіпкерліктің қосымша еңбек салаларын және жұмыс орындарын көбейтуге ықпал етуі оның маңыздылығы мен артықшылығын елеулі дәрежеде арттырады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын құрылымдарды жоғары қарқынмен жұмыс орындарын құру және осының негізінде халықты мүмкіндігінше толық жұмыспен қамтамасыз ету және елімізде және оның жекелеген аймақтарында жұмыссыздықтың салдарынан туындаған әлеуметтік шиеленістерді азайтады. Қазақстан Республикасында да тұрғындардың жұмыспен қамтылуын арттыру және нарықты отандық тауарлармен қызметтерге молықтыру мақсатында кәсіпкерліктің шаруашылықты жүргізу тәжірибесіндегі техникалық-өндірістік және әлеуметтік – экономикалық әлеуетін толығырақ пайдалану үшін оның пайда болуымен дамуына үлкен мән берілуде. Елде оның тәуелсіз дами бастаған әр алуан түрлерінің Қазақстанның қайта қалыптасушы экономикасының құрамдас бөлігі ретінде қалыптасу үрдісін қамтамасыз ету және нарықтық қатынастарға өту жағдайларында әлеуметтік-экономикалық қайта құрылуларды жүзеге асыруда олардың рөлін жоғарылату үшін 20 астам заң және нормативтік актілер қабылданды. Сонымен бірге инфляция деңгейін төмендету, меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру, тіркеу процедураларын қарапйым түрге келтіру және нарықтық жұмыс істеуіндегі бәсекелестік режимді күшейту бойынша жалпы экономикалық шаралар дайындалды, олар іс жүзінде жүзеге асырылу кезінде кәсіпкерліктің пайда болуымен жер-жерлерге таралуына және дамуын ынталандыруға қолайлы мүмкіндіктер туғызды. Қазақстан Республикасынд кәсіпкерлік алғашқы рет коперакивтік бастамада шағын касіпорындар түрінде 1992 жылы пайда болды. Ол кезде олар 34506 бірлікті құрады. Олардың үлесіне Республикадағы жұмыспен қамтылған жалпы жұмысшылар санының 6 пайызы және ЖІӨ 7 пайызы тиді. Бұл кезеңде кәсіпкерлікті дамыту үшін сонау 1990 жылы желтоқсанда қабылданған «ҚССР – да шаруашылық қызмет еркіндігі мен кәсіпкерлікті дамыту туралы» заң маңыз мәңге ие болады, келесі жылдары оған өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп толықтырылады және 19923 жылы шілде айында «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы» жаңа Заң қабылданды; аталмыш заңға жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдаудың негізгі түрлері мен әдістері бекітіліп мемлекеттік жеке кәсіпкерлік қызметке тікелей араласуына тыйм салатын құқықтық нормаларда қамтылды. Мемлекет тарапынан атқарылып жатқан осындай іс-шараларға қарамастан, кәсіпкерлік қызмет саласындағы белсенділік әлі де болса арта қойған жоқ. 1994 жылдың бас кезінде жеке кәсіпорындардың саны 15,7 мыңға жетіп, осы кәсіпорындарда жалпы 164 мың адам жұмыс істеді. Қазақстан Республикасы Президентінің заң лкүші бар жарлықтары шықты. Оларды негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кәсіпкерлік қызметпен айналасушы қызметтерінде еркіндікті қамтамасыз ететін кепілдемелер көрсетілген.
Жеке кәсіпкерлікті, оның ішінде шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту саясатын жүзеге асыру үшін бірқатар қаулы қабылданды. Әсіресе, Қазақстан Республикасының Президентінің «жеке кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау мен ынталандыруға бағытталған іс-шаралар туралы» Қаулысы кәсіпкерлік құрылымдардың қөызметін шектейтін қиыншылықтармен тосқауылдарды жоюға үлкен септігін тигізді. Осылайша Қазақстанда елдегі қалыптасушы нарықтық –экономикаға қажетті масштабтарда кәсіпкерлік қызмет еркіндігі және оның пайда болуы мен сәтті дамуын қамтамасыз ететін, шағын бизнестің берік құқықтық негізі құрылды. Осыған байланысты соңғы жылдары елімізде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілер санының тұрақты өсіп келе жатқандығы байқалады.
Ал, 1999 жылдың бас кезінде экономиканың шағын бизнес секторында жұмыс істейтіндердің саны 1280,9 мың адамды құрады. Оның ішінде жеке кәсіпкерлер саны 731,1 мыңға жетті. Шағын бизнес субъектілернің өнім өндіру көлемі мен түрі және салалар мен шаруашылықтар бойынша таралымына қарағанда олардың көбісі сауда (72,8 пайыз) өнеркәсіп (6,7 пайыз) және құрылыс (4,1 пайыз) салаларына шоғырланғандығы байқалады. Қаржыгерлердің 3- конгресінде Қазақстан Республикасының Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Ренспубликасының Үкіметіне және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне индустриалдық саясат шеңберінде басымдық маңызы бар салаларды нақты анықтауды және оларды қаржыландыру тетігін дамытуды тапсырғаны белгілі.
Әсіресе шағын кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлардың бірі, сәйкес қаржылық қызметтер секторының дамуы болып табылады.Себебі көптеген кәсіпорындар үшінмаңызды мәселелердің қосымша ақша қаражаттарының көзін іздестіру болып табылатындығы белгілі.Ал 2003 жылы қараша айындағы деректер бойыынша банкілі сектордан шағын бизнеске бөлініп отырған ақша қаражаттары жалпы экономикаға бөлінген несиелердин 22,7пайызды ғана құрап отыр. Кәсіпкерлік субьектісі:
- Қазақстан Республикасының және басқа да елдердің азаматтары (қызметтері заң талабына сай болса ғана)
- Заңдв түрдегі шетел азаматтары мен өкілеттілігі шектеулі тлғалар.
- Азаматтық бірлестіктер
Кәсіпкерлік қызмет төмендегідей екі нысанда жүзеге асады:
- Меншік иесінің өзінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілік негізінде.
- Кәсіпорынды меншік иесі атынан басқару.
Меншіктің мұндай ережелері өзара міндеттерді анықтай отырып, келісім арқылы реттеледі.
Бұл келісімде:
- Мүлікті пайдаланудың құқықтарын шектеу;
- әр түрлі қызметті іске асыру;
- материалдық жауапкершілік пен өзара қаржылық қарым-қатынас шарттары мен тәртіптері;
- келісімді сақтаудың негіздері мен шарттары жасалады.
Меншік иесінің келісім жасалған сәттен бастап кәсіпкердің іс-әрекетіне араласуға құқығы жоқ (алдын ала келісімдер мен кәсіпорынның жарғысында және заңда көзделінген жағдайларды қоспағанда).
Кәсіпкердің құқықтары;
- келісім бастамаларын жүзеге асырып қаржы-қаражат тарту;
- интелектуалды меншік обьектілерінің, азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкі мен жекелеген мүліктік мүдделерін қорғау;
- өндірістік бағдарламалар жасау;
- өз өнімдерінде тұтынушылар мен жеткізіп берушілерді таңдау;
- Қазақстан Республикасының заңдары мен келісімдеріне сәйкес баға белгілеуді реттеу;
- Сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру;
- Кәсіпорындарды басқаруда әкімшілік-тәртіптік қызметтерді жолға қою;
- Кәсіпорын иесінің атынан қызметкерлер жалдау және оларды жұмыстан босату;
Кәсіпкер тұтынушының ақша төлеп алатын қажетті заттарын өндіруді өз міндетіне алады. Бұл тұста тауар өндіру және қызмет көрсетуді кең мағынада түсінуіміз қажет.
Коммерциялық кәсіпкерлік мазмұны тауар-ақша қатынастары мен сауда-айырбас операцияларынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен қызмет көрсетуді қайта сататын орын. Оның өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы – мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлармен қамтамасыз ету қажет болмайды. Кәсіпкер тауар және қызмет көрсету қозғалысына болжам жасап, алдын-ала бағалау үшін өзінің нақты іс-әрекет жоспарын (бизнес-жоспар) жасайды.
Қаржылық кәсіпкерлікке сату-сатып алудың ерекше тауарлары. Валютаны, құнды қағазды (акция, вексель, облигация, ваучер), яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады. Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты ақша нарығы, валюта және құнды қағаз нароықтары бой көтерді, оларға қатысушылар:
- Коммерциялық банктер;
- Қор биржалары
- Кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар;
- Кәсіпкерлер мен жеке тұлғалар.
Кәсіпкер немесе бизнестің осы саласына қатыстылар өздерінің іс-әрекеттерін құнды қағаз нарығы мен маркетингтік қызметті ұйымдастырудан бастайды. Сөйтіп бір уақытта олар ақшаның, валютамен құнды қағаздардың көздерін табады. Кәсіпкерлік қызметтің тағы бір нысаны – меншіктік акцияға, облигацияларға, несие билеттеріне және коммерциялық құнды қағаздарға (ақша міндеттері, вексель) қатысты құнды қағаз эмиссиясын жүзеге асырады.
- Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру кезеңі
(тіркеу теориясы)
Шағын және орта бизнес кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін олардың экономикалық ортасын жақсартуға арналған көптеген іс-шараларды қарастыратын, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту тұжырымдамасы жасалды. Өйткені кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін тұжырымдамалы түрде шешу шаған және орта бизнес саласына бағытталған индустриалдық-инновациялық саясатты өңдеп жүзеге асыруда жіберілетін кейбір қателіктерін алдын алуға және жұмыс қарқынын үдетуге көмектеседі. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметі дамыту жөніндегі іс-шаралар да орта мерзімге арналған нақты даму бағыттарын айқындай түседі.
Аталмыш тұжырымдаманы жасау барысында құқықтық базаның өзара қатынасын және қаржылық-несиелік қолдау шараларын, сонымен қатар кәсіпкерліктің де, мемлекеттің де, мүдделері ескерілген аймақтық аспектілерімен нақты жобаларды қарастыратын қалыптастырушы қамтамасыз етуші және қорытындылаушы бөліктерден тұрады.
Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері:
Тұжырымдаманың мақсаты кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту стратегиялары мен оларды жүзеге асырудың нақты механизмдерін өңдеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей басты міндеттерді шешу қажет:
- Құқықтық ресурстармен өамсыздандыру;
- өндірістік ресурстармен өамсыздандыру;
- нарықтық инфрақұрылымдар институттарын дамыту;
- кәсіпкерлердің сыртқы эконоикалық қызметін мемлекеттік қолдау және ынталандыру;
- кәсіпкерлік қызмет құрылымындарында жұмыс істейтіе мамандарды дайындау;
- кәсіпкерлікті ақпараттық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қолдау;
- кәсіпкерліктің мемлекеттік реттеу органдары жүйесін жетілдіру;
Тұжырымдамада мынадай кәсіпкерлікті дамыту шаралары қарастырылған:
- Шағын және орта бизнесті қолдау:
а) индустрия саласында:
— дәстүрлі өндіріс салаларында шағын кәсіпорындарды дамыту;
— жаңа технологияларды игеру негізінде соңғы өнімді өндіру;
— қайта өңдеу өнеркәсіптер жүйесін дамыту;
ә) халықтық тұтыну тауарлары өндірісінде:
— отандық шикізатты қолдануға бағытталу;
— импортты алмастырушы тауарларды өндіру;
— экспортқа бағдарланған өнімдерді шығару;
б) инновациялық қызмет саласында:
— ғылыми сйымды өндірістерді ұйымдастыру және дамыту;
— шағын жаңашыл кәсіпорындар жүйесін, аймақтық инновациялық және технологиялық қолдау көрсету орталықтарын дамыту;
— көлік, байланыс, құрылыс салалары мен құрылыс материалдары өндірісінде техлнологиялық және зерттеу парктерін, срндай-ақ бизнессинкубаторларын құру.
- Шағын және орта кәсіпкерліктің ірі бизнеспен үйлесімділігін нығайту.
- құқықтық базаны қамтамасыз ету
Осы бөлімде Қазақстан Республикасындағы шағын, орта және ірі кәсіпкерлік еркіндігін қорғауға және мемлекеттік қолдауға бағытталған, қолданыстағы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және жаңа заңдар мен нормативтік актілерді шығару үрдісі қарастырылады. Сонымен қатар жалпы кәсіпкерлікті құқықтық тұрғыдан қорғау және қолдау тәжірибесі үйретіліп, кәсіпкерлек одағы мен бірлестігінің қатысуымен оларды дамыту және жетілдіру ұсыныстары беріледі.
2.2. Кәсіпкерлікті өндірістік ресурстармен қамтамасыздандыру.
Үкіметтің кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі саясаты жеке сектордың экономикадағы өсу қарқынын жеделдетуге қолайлы жағдай жасауға және оның нарыққа кіруін жеңілдетуі тиіс. Сондықтан да кәсіпкерлік құрылымдарының өкілдерімен бірге падаланылмаған өндірістік ғимараттар мен құрал-жабдықтарды, жер телімдері мен алаңдары, аяқталмаған құрылыс обьектілерін шағын және орта бизнес кәсіпорындарына беру мақсатында сынақтан, яғни инвентаризациядан өткізу керек.
Тұжырымдамада ұлттық бағдарламалардың іске асуына ат салысуы үшін шағын және орта кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету шаралары көрсетілген.
Кәсіпкерлікті қаржылық қолдау ісінің маңызды шарты инвестициялар болып табылады. Жеке кәсіпкерлік қоғамдағы табиғи, адамдық және ұйымдық ресурстарды біріктіре отырып, инвестициялардың барынша тиімді қолданылуын қамтамасыз етеді. Сол себептен шағын және ірі бизнес арасындағы ынтымақтастық жүйесін, яғни франчайзингті қалыптастыру мақсатына бағытталған мемлекеттік қаржыларды көбейту аса маңызды.
Шағын және орта бизнеске шетелдік компанияларды және жеке кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі халықаралық ұйымдар мен қорлардың қаржыларын тарту үрдістерін күшейту қажет.
Тұжырымдамада кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің осы саладағы басты жоболарды атқаруына қолдау көрсету мақсатында оларды мемлекеттік несиелермен қамтамасыз ету міндеті ұстанылған.
- Кәсіпорын қызметін талдау
2.1. Кәсіпорын қызметінің негізгі сипаттамасы
Кәсіпорын – белгілі бір өнім өндіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәтижелілігі — өнімді өткізу мен көрсетілген қызметтен түскен пайдадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың көлемімен (негізгі және өндірістік айналым қорлары), басқа да тұтыну қорларының жиынтығынан (әлеуметтік саладағы), жиналған қаражаттардан және тағы да басқалардан көрінеді.
Кәсіпорын экономикасы — өндірістік және өндірістен тыс қатынастардың жиынтығы: айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есеп-шоттары, ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің материалдық емес қорлары (патенттер, лицензия т.б.), өнімді өткізуден және әр-түрлі көрсетілген қызметтерден түскен табыстар мен пайда. Олардың құндық бағасы – кәсіпорынның экономикалық даму деңгейімен көлеміне байланысты болады.
Соңғысының әр түрлі себептері бар, атап айтқанда:
- өндірісті қорлармен қамтамасыз етуде ең оңтайлы
үйлесілімділікті табу;
- өндірілген өнімнің саны мен сапасы;
- өткізу көлемі;
- өткізуден түскен кіріс пен пайда;
Осы факторлар негізінде қол жеткізілетін тиімділіктің деңгейі
мен сипатын кәсіпорынды дамытуға ықпал ететін ішкі және сыртқы жағдайлар айқындайды.
Ішкі жағдайлар үш топқа бөлінеді
- Өндірісті қорлармен қамтамасыз ету. Оған өндірістік факторлар:
- Ғимарат, құрылыс;
- Құрал-жабдық, аспаптар;
- Шикізат — материалдар
- Отын;
- Жұмыс күші;
- Ақпарат және т.б. жатады.
- Кәсіпорынның экономикалық, және техникалық дамуының қажетті
деңгейін қамтамасыз еті:
- Ғылыми-техникалық прогресс;
- өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру;
- кадрлардың біліктілігін жетілдіру;
- инновация мен инвестиция.
- Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметтерінің коммерциялық сапасын қалыптастыру факторлары: тиімді коммерциялық және жабдықтау қызметтері.
Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары:
- Жер. Бұл белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор
табиғи байлық. Күнделікті пайдаланылады. Табиғи байлықтар «орын толатын» және «орны толмайтын» болып екіге бөлінеді.
- Жұмыс күші – ой және дене еңбегі, еңбекке қатысушылардың
тәжірибелік және интелектуалды құрамы.
- Еңбек заты және еңбек құралдары. Еңбек заты және еңбек
құралдары арқылы өнім өндіріледі, тиісті қызмет көрсетіледі.
- Кәсіпкерлік – меншікке негізделген, несиеге алынған және басқа да
мүліктерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалық, шаруашылықтық және басқа да қызмет.
- Капитал – тұтыну заттарының көлеміне қарай шектелген ақша
қаражаты. Кәсіпкер – жеке тұлға, ол:
- өндірістік – шаруашылық;
- көтерме сауда;
- инновация;
- кеңестер беру;
- коммерциялық делдалдар;
- бағалы қағаз операциялары және тағы да басқа сияқты заңмен тиым салынбаған кез келген қызмет түрлерімен айналасуына құқылы.
Инновация – жаңа бұйымдар мен озық технологияларды жасауға, өндіруге, дамытуға және сапалық жағынан жетілдіруге бағытталған күрделі құбылыс. Ол үш кезеңді қамтиды:
- зерттеуді бастаудан өндірісте алғаш рет игеруге дейін;
- алғашқы игеруден бастап бұйымды тұтынушылардың қажетін қанағаттандыру мақсатында тиісті мөлшерде өндіруге дейін;
- одан соң бұйымды тұтынушы пайдаланады, күтеді, кәдесіне жаратады.
2.2. Кәсіпорынның негізгі көрсеткіштері (еңбекақы, өндіру т.б.)
Жалақы, кәсіпорын қызметтерінің нәтижесінде қызметкерлер үлесін бағалауды сипаттайды (абсолютті шамасы және кәсіпорынның басқа қызметкерлеріне төлемдер төлеу деңгейі мен қатынасы). Ол салыстырмалы түрде аймақ немесе сала кәсіпорындарында еңбекке ақы төлеуге бәсекеге қабілетті болуы тиіс.
Жалақы қызметкердің біліктілігіне, жеке қабілеттеріне немесе еңбектегі жетістіктеріне қарай анықталады, оған әр түрлі қосымша төлемдер, сыйақы т.б. қосылады.
Қызметкерлерге кәсіпорынның өзі тағайындайтын, былайшы айтқанда, ішкі кәсіпорындық жеңілдіктер:
- жеңілдікпен тамақтану, бөлімдерде, арнайы орындарда ыстық су қондырғыларын орнату;
- кәсіпорында шығарылатын өнімдерді өз қызметкерлеріне төмен бағамен сату (әдетте, 10 немесе одан да жоғары көлемде);
- қызметкрлердің жұмыс орнына келетін және қайтатын жолақы шығындарын толық немесе ішінара төлеу;
- өз қызметкерлеріне процентсіз немесе төмен процентті несие ұсыну;
- кәсіпорын есебінен қызметкерлердің және олардың отбасы мүшелерінің денсаулығын сақтандыруды көздейтін шаралар қабылдау;
- кәсіпорында көп жылғы еңбегінде қосымша төлемдер төлеуді немесе тиімді сыйақы беруді ұйымдастыру.
Материалдық емес жеңілдіктер:
- жұмыс кестесінде қызметкрлердің құқықтарын көрсету;
- жұмыстағы табыстарына немесе белгілі бір жетістіктері үшін
кезекті демалыстың ақылы мерзімін ұзарту;
- зейнеткерлікке ерте шығу және т.б.
Еңбектің маңызын, қызметкерлердің дербестігі мен жауапкершілігін және олардың біліктілігін арттыру жолындағы ынталандыру шаралары.
Қызметкерлерді кәсәпорынды басқару жұмыстарына тарту жүйесін жетілдіру – басқарудың көлденең байланыстары мен көлденең құрылымдарын жан-жақты дамытудың көрсеткіштері.
Қолайлы әлеуметтік жағдайларды қалыптастыру, ол үшін жекелеген топтар мен қызметкерлер, басқару аппараты мен қатардағы қызметкрлер арасында мәртебелік, әкімшілдік, психологиялық кедергілерге жол бермеу, ұжым ішінде өзара сенім мен түсіністікті баянды ету.
Қызметкелердің әр түрлі ресми емес атқарушылық топтарын ұйымдастыру, мәселен, сапалық үйірмесі, қызметкерлерді мадақтау.
Бұл әрбір қызметкерде атқарған ісінің, кәсіпорынның түпкі мақсаты – жоғары тиімілікке қол жеткізуіне тікелей қатыстылық сезімін туғызады.
Қызметкерлердің қызмет бабында жоғарылауын жоспарлау, оқудың біліктілік деңгейін көтеру.
Аталған шаралар қызметкерлердің еселі еңбек етулеріне, кәсіпорындарда еңбек әлеуетін мейлінше тиімді пайдалануға бірден бір қолайлы мүмкіндік туғызады, олардың нарықтағы бәсеке қабілеттілігін арттырады.
Жалақы еңбегі үшін марапаттаудың және кәсіпорын қызметкерлерін ынталандырудың негізгі нысаны.
Батыстың экономикасы дамыған елдерінде бұл ұғым «жалақы» және «ақшалай сыйақы» түрінде болады. әдетте жалақы қызметкерлердің дене еңбегін, ал ақшалай сыйақы ой еңбегін марапаттауға арналған. Бұл екі фактор, әлеуметтік жағынан қарағанда, бір-біріне өте жақын ұғым, бірақ олардың өзгешелігі де бар. Жалақа қысқа мерзімді, шектеулі (1 күн, 1 сағат) болады және оның деңгейі кәсіподақ немесе жұмыс берушінің өзара келісімдерінде анықталады.
Ал ақшалай сыйақы болса, оның төлемдері едәуір ұзақ мерзім ішінде (1ай, 1 жыл) жүзеге асады, мөлшері жеке келіссөздер арқылы белгілінеді.
Марапаттауға:
- зейнетақы;
- еңбекке жарамсыздығы үшін берілетін жәрдемақы;
- демалыс төлемдері;
- көлік құралдарын пайдалану құқықтары;
- басқа да қосымша жеңілдіктер жатады.
Жалақы деңгейі негізінен мына төмендегі факторларға байланысты:
- кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәтижесі, оның тиімділік деңгейі;
- кәсіпорынның кадр саясаты;
- аймақта, облыста мамандықтары сәйкес келетін қызметкерлер арасындағы жұмыссыздық;
- мемлекет, кәсіподақ және бәсекелестердің ықпалы (әсері);
- қоғыммен байланысты кәсіпорынның жалпы хвл вхуалы.
Кәсіпорында жалақы жүйесін дұрыс ұйымдастыру қызметкерлерді еңбектің түпкі нәтижесіне ең қолайлы ынталандыруғы, олардың еңбек нарығында бәсекелесік қабілетін қамтамасыз етуге, тиімділік деңгейін анағұрлым арттыруға жағдай жасайды.
Жалақаны ұйымдастырудың негізгі принциптері:
- төлемнің еңбектің саны мен сапасына сәйкес келуін қамтамасыз ету;
- жалақаны кәсіпорынның салалық немесе аймақтық қатыстылығына, еңбек шарттарына, қызметкердің біліктілігіне қарай саралау;
- нақты жалақыны жүйелі түрде көтермелеу, яғни жалақының номиналды мөлшерін инфляцияға сәйкес арттыру;
- еңбек өнімділігінің өсу қарқыны жалақының орташа өсу қарқынынан жоғары болуы.
Кәсіпорында жалақының негізгі екі түрі бар:
- мерзімді;
- кесімді түрлері қолданылуы мүмкін;
Мерзімді жалақы – қызметкерлерге белгіленген тарифтік ставка бойынша есептелген немесе атқарылған жұмыстың нақты көлеміне қарай берілетін төлем.
Мерзімдік ақы төлеу – қызметкерлердің еңбегіне олардың нақты істеген уақытына сәйкес, олардың біліктілігі мен еңбек жағдайын ескере отырып ақы төлеу.
Мерзімдік ақы төлеу нысаны, әдетте, мына жағдайларға қолданылады:
- егер жұмысшы өнім өндіруді арттыру процесіне тікелей араласа алмай, ең алдымен машинаның, аппараттың, агрегаттың өнімділігін анықтаса;
- егер кесімді бағалауды белгілеу үшін қажетті өнірудің сандық көрсеткштері болмаса;
- еңбек нормаларын уақытында қолдану дұрыс жолға қойылған болса.
Мерзімдік ақы төлеу нысанын іске асыруда мына жағдайлар тиімді:
- өнімнің жоғары сапалығын қамтамасыз ететін және еңбек –
жұмыстың негізгі көрсеткіші болып табыладын учаска мен жұмыс орындарында;
- қызмет көрсетуді жабдықтау жөніндегі жұмыстың уақытында
орындалуы; ырғақты – реттеу жүзеге асырылса, конвейерлік желілерде;
- еңбекті есепке алу мен нормалауда көп шығынды талап ететін
немесе экономикалық жағынан тиімсіз жұмыстарда, сонымен қатар қызметкерлердің еңбегіне дәл нормалау берілмейтін жерлерде;
- ресми нормалау мен олардың нәтижесін есептеу жұмыстарында.
2.3. Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудағы әсер ететін факторлар
Кез-келген шаруашылық субьект,фирма болсын белілі-бір кәсіпкерлік ортада іс-әрекет етеді. Кәсіпкерлік ортаға әсер ететін факторларды макро және микро деңгейде қарастырамыз. Кәсіпкерлік қызметке қазір және келешекте қандай факторлар қай дәрежеде, қалай әсер ететінін фирманың өзі жасаған зерттеулерін қорытындылап, сәйкес басқару шешімін қабылдауға қажетті нақты құралдар мен әдістерді жетілдіру үшін ең алдымен шаруашылық субьектісіне әсер ететін макро, микро деңгедегі факторларды анықтап алайық.
а) Макро деңгейде әсер ететін факторлар.
Кәсіпкерлік қызметтің накты іс — әрекетіне байланыссыз, бірақ оның қызмет етуіне әсер етіп, басқару шешімдерін қабылдауды талап ететін барлық жағдайларды макро деңгейде әсер ететін факторларға жатқызамыз.
б) Микро деңгейде кәсіпкерлік қызметке әсер ететін факторлар.
Микро деңгейде кәсіпкерлік қызметке әсер ететін факторларды екі үлкен топқа:
- кәсіпорынның жалпы қызметіне;
- кәсіпкердің тікелей қызметіне байланысты деп бөлеміз;
Кәсіпорынның жалпы қызметіне тәуелді факторларға:
- ақша ағымы мен қарызды есептегендегі қаржы есурстары;
- негізгі басқару мамандарының білім деңгейі мен біліктілігін ескергедегімамандардың қабілеті;
- басқарудың жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, ынталандыру, бақылау міндеттерін жүегеасырудеңгейін есептегендегі басқару жүйесі;
- нарықтық ортада фирманың жағдайын сипаттайтын барлық көрсеткіштерді тұтынушылардың көзқарасын, нарық үлесін, жабдықтаушылармен қарым-қатынасын, өндіріс процесі мен оны өткізуді, технологияларды, фирманың атағын есептегендегібизнеске қажетті ресурстарды жатқызамыз.
Кәсіпкердің қызметіне байланысты факторларға:
- кәсіпкердің жеке мақсаттары мен бизнес мақсаттарын байланыстыра алуы;
- кәсіпкердің маркетинг, өндірістібасқару, жаңалықты еңгізу сияқты жүктелген міндеттерді орындау қабілеттілігі;
- кәсіпердің өкілеттілікті, жауапкершілікті бөлу мен өзгелерді басқара алуға дайындығы мен қабілеттілігі;
- Кәсіпкердің ұйымның басым және әлсіз жақтарын көре білуі және оларды қойылған мақсатқа сәйкес түзей алк қабілеттілігі;
Әрбір кәсіпкердің қасиеттерін іскерлік және жеке қасиеттер деп топтай
аламыз.
Кәсіпкерлік міндетті орындаушының жеке басының қасиеттері, адамның іскерлік қасиеттерінің негізін қалыптастырады, бұларсыз экономикалық процесс суббектісінің қызмет етуі мүмкін емес. Бүгінгі заманның талаптарына сәйкес іскерлік қасиеттің концепциясына;
- өмір сүріп жатқан экономикалық жүйедегі бос (әірше) экономикалық рыноктың тауарлармен, өнімдермен, қызметтермен толық қамтылғандығына талдау жасау арқылы шаруашылық бос орынды таба білу қабілеті;
- өндірісімен толтыруға бағытталған өзіндік өндірістік құрылымды құру қабілеттілігімен дайындығы;
- нарықтағы жағдайды, айналадаға жағдайлар, болатын өзгерістерді дұрыс бағалап, нарықтың қажеттілігін анықтай білу қабілеттілігінің бар болуы;
- Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруды оңтайландыру
3.1. Кедергіні болдырмау
Облысымыздағы кіші кәсіпкерлік субьектілерінің белсенді дамуына қарамастан Республика деңгейінде 2001 жылдың 1 сәуір айына белгіленген рейтинг нәтижесі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының шағын кәсіпкерлік субьектілерінің негізгі көрсеткіштері ең төменгі рейтингке иеленіп отыр. Әрқайсысына тоқталып өтейік шағын кәсіпкерлік субьектілерін бағалаудағы еңбек тиімділігі көрсеткіші 1 деген мәнге, ал белсенді жұмыс істейтін субьектілер саны, жұмыспен қамтылғандардың өсу қозғалысы, өндірілген өнімнің өсу қарқыны, бір адамға келетін төлем, шағын кәсіпкерлік нысандарының бюджетке төлейтін төлемдерінің өсу қарқыны қажетті деңгейді көрсете алмағандықтан ноль деген мәнге ие. Бұл қалыптасқан жағдай Оңтүстік Қазақстан облысында кіші кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту шараларының әлі де болса дұрыс жолға қойылмағандықтан бар мүмкіндігімізді толық пайдалана алмай отырғанымызды айғақтай отырады. Елімізде мемлекет басшысының қолдауымен кіші бизнесті өркендетуге көптеген кедергілер жойылып, кәсіпкерлікті дамытуға қажетті экономикалық және заңдылық базаны қалыптастыруға 10 жылдан аса уақыт өткеніне қарамастан әлі де бұл салада шұғыл түрде шешімді қажет ететін күрделі мәселелер аз емес. Атап айтатын болсақ оларға:
Шағын кәсіпкерлікті қолдаку инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы; қолданып жүрген заңдарды жергілікті деңгейде орындау тәртібінің әлсіздігі; салық салу және салықтық тексеру жүйелелерінің тым күрделілігі; негізгі қаражатты алуға дәне айналым қаражатын молайту үшін несиелік қорларға қол жеткізудің шектеулігі; мамандарды даярлау және шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қолдаудың тұтас жүйесінің жоқтығы; шағын кәсіпкерліктің мемлекеттік құрылымдар мен өзара іс-қимыл жасаудың ұйымдық мәселелері; шағын кәсіпкерліктің даму жолындағы әкімшілдік тосқауылдар т.б.
Шағын кәсіпкерліктің дамуын тежеп отырған бұл мәселелерді шешу мақсатында Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 2001 жылдың 7 мамырында Қазақстан Республикасының Президентінің №597 Жарлығымен бекітілді. Бұл бағдарламаның басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының серпінді дамцын қамтамасыз ететін, мемлекеттік қолдау саясатын жетілдіру. Бұл бағдарламада негізгі бес бағыт қарастырылған, атап айтсақ:
- Шағын кәсіпкерлік саласындағы мақсаттық құқықтық актілерді жетілдіру;
- Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі жасап отырған әкімшілік тосқауылдарды жеңу үшін, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне қатысты бақылау және қадағалауміндетін жүзеге асыратын өкілетті ұйымдардың өкілеттіктерін, жүргізілетін тексерудің тәртібі мен лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін белгілейтін үлгілерін дайындау;
- Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің қызметін қамтамасыз ететін инфрақұрылымның жақсы жұмыс жасайтын тетік дұрыс жолға қою мақсатында жергілікті атқарушы өкімет пен кәсіпкерлік қоғамдық бірлестіктерін іс-қимыл өзара үйлестіру;
- Шағын кәсіпкерлік нысандарын кадрлық, ғылыми әдістемелік және ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету;
- Шағын кәсіпкерліктің табысты дамуын айқындайтын басты шарттардың бірі – несиелік және инвестициялық тұрғыдан қолдау саясатының тетіктерін жетілдіру;
Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлердің алдында кездесетін қиыншылықтары ме кедергілері зерттей келе келесідей етіп топтап, олардан шығу жолдарын ұсынып отырмыз.
Кәсіпкерліктің дамуында кездесетін кедергілер мен оларды шешу жолдары
№ | Кіші бизнес нысандарының алдында кездесетін кедергілер | Кедергілер мен қиындықтарды жеңу тәсілдері |
1 | 2 | 3 |
1 | Институттандырылған: нарықтық инфрақұрылымның дамымауы, кәсіпкерлік институттарын жеткіліксіз дамуы | Жергілікті кәсіпкерлік институттарды енгізу;
Қазақстан кәсіпкерлік заңдылықтарын жетілдіру, Заңдылық, кеңестік және аудиториялық фирма тараптарының көбеюіне жағдай жасау, Кіші бизнес нысандарына несие берумен айналысатын тәуелсіз банктердің дамуын қолдау; Қонақ үй шаруашылығы мен жол қатынасы қызметтерді дамыту мен қолдау; Аймақта бизнес орталықтар мен бизнес инкубаторларды, ақпараттық қолдау, ақпараттық-көрме, ғылыми – зерттеулік орталықтарды ұйымдастыру және қолдау; |
2 | Қаржылық негізгі қордың, айналым құралдарының жоқ болуы, жетіспеуі | Аймақтағы мемлекеттік меншікті жекешелендіруге қатыстыру;
Жекеелендірілген бірақ пайдаланылмай тұрған аяқталмаған құрылыс обьектілерін, жер учаскілерін кіші кәсіпкерлік нысандарында қызмет ету негізінде жеңілдікпен мату немесе осы обьектілерді банктен несие алуда кепілдеме ретінде ұсынуға мүмкіндік беру; Пайдаланылмай тұрған кешендерді кейіннен сатып алуға мүмкіндік беру негізінде жалға беру; Қазақстанда лизингті дамытудың институттандырылған негіздерін жетілдіру; Екінші деңгейгі банктердің кіші кәсіпкерлік нысандарына несие беруін ынталандыратын шаралар жасау; Кіші кәсіпкерлікті қолдаудың аймақтық қорынан басым бағыттар бойынша мақсатты несиелерді беру; Кіші кәсіпкерлікке кішігірім несиелерді беруді дамыту, |
1 | 2 | 3 |
3 | Мемлекеттік: әміршілдік, сандалту, сыбайластық, алдау | Кіші бизнес субьектілеріне мемлекеттік ұйымдарда, банктерде, сақтандыру, нотариалды фирмаларда қызмет көрсетудің жеңілдетілген жүйесін қолдануға көмек беру;
Меншікті және бизнесті қорғайтын құрылым құру; Аймақтық кіші кәсіпкерлікті қолдау және қорғау басқармаларының атқаратын міндеттері мен қызметтерін, жауапкершіліктерін бекітетін құжат дайындау. |
4 | Ақпараттық: кәсіпкерліктің мәселелерінің бейнелену мен жақсы тәжиребелерді ақпараттық құрылымдарда тарату деңгейінің төмен болуы. | Ақпараттық құрылымдар мен электрондық топтарда кіші кәсіпкерлікті дамытуды уағыздау;
Арнайы ақпараттық парақтар мен әдістемелік басылымдар дайындау, интернетте кіші бизнес нысандарының парақтарын ашу; Аймақтық радио және теледидар бойынша арнайы газет бағдарламалар дайындау; Кіші бизнес мәселелерін басылымдық, арнайы газет, журналдарда жариялап жүру. |
5 | Білімділік: нарықтық экономика жағдайында бизнесті ұйымдастыру мен басқару бейімділігіннің, тәжірибенің жүйелі білімнің жетіспеуі | Бизнес негіздерін оқытудың жаңа бағдарламаларын дайындап енгізу, аудандарға барып тереңдетілген дайындық курстарын өткізу, жаңа талаптарға сәйкес бастауыш, орта, жоғары білім бағдарламаларын бейімдеу;
Әрбір аймақтық, қалалық әкімшілікке кәсіпкерлерге кеңес беретін кезекшілік кешендер ашу; Бизнесті ұйымдастыру мен басқару жөнінде білім беретін инкубациялық орталықтарды құру. |
Кіші және орта бизнес мемлекеттік қолдаудың арнайы саясатына зәру. Дамыған елдерде қолдау көрсету мен ұйымдандың біртұтас жүйесі айналысады. АҚШ-та бұл мәселелермен төрт жарым мың қызметкерлері бар мемлекеттік құрылымдар мен екі комитет айналысады. Бұл қызметкерлердің барлығы кіші бизнеске бұйрық бермей, олардың мұқтаждықтарына кқмектесіп, нарық жағдайы туралы ақпарат ұсынып, кәсіпкерлердің бастайтын ісіне эксперттік қорытынды жасап береді. Жапонияда кіші бизнестің дамуына кіші және орта бизнесті басқарудағы арнайы комитет жауап береді. Концерн мен басқа да ірі кәсіпорындарды Жапония экономикасындағы «Айсбергтің шыңы» ғана деп айтуға болады. Бұл жерде ірі және шағын бизнес өзара бәсекеге түсіп қана қоймай, сонымен қатар қызмет ету саласын бөлісу негізінде бірін-бірі толықтырып отырады. Жапонияның бірқатар салаларында атап айтқанда аяқ киім, тігін және ұсақ-түйек өндірісінде, дәрі-дәрмек, құрастырушы бұйымдар мен құрылыс бөлшектерін жасауда, саудада, қызмет көрсету саласында өндірістік және тұрмыстық техникаларды жөндеп, қалпына келтіруде, шағын бизнес үлкен орын алады.
Кіші және орта бизнестің қызметі тиімді болуы үшін кәсіпкерлерді қолдаудың шетелдік тәжірибесін пайдалана отырып бірқатар мемлекеттік шараларды енгізу қажет.
Сонымен Қазақстан экономикасының тұрақсыз жағдайында кіші және орта бизнесті дамыту барысы оңай шаруа емес. Шетелдік тәжірбие көрсетіп отырғандай кіші және орта бизнес мемлекеттік деңгейде жүйелі қолдауға ие. Әр түрлі мемлекетте кіші және орта бизнести қолдау шараларының барлығы дерлік бірдей, бірақ ұлттық мәдени ерекшеліктерін ескере отырып әр-қайсысында өзінше ерекшелік бар.
Қорытынды
Менің таңдаған тақырыбым кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру. Кәсіпкерлік – ел экономикасының жандануы мен адам әрі қарай дамып, тұрақты өсуінің қамтамасыз етуін іске қосушы тұтқасы ретінде бизнестің әр алуан түрлері мен ұйымдық формаларынан тұратын нарықтық шаруашылықты қалыптастыруы мен оны іске асыруында үлкен маңызға ие. Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Әр бөліміне түсініктеме бере кетсек, 1 – бөлімінде кәсіпкерлік қызметінің даму тарихы (эволюциясы), жалпы кәсіпкерлік туралы теориялық тұжырымдамалар, ғалымдар мен экономистердің еңбегі жайлы, ой пікірлері баяндалып айтылған. Сондай-ақ, кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі іс-шаралар, нақты дамыту бағыттары кәсіпкерліктің түрлері, қызмет мәні, субьектілері берілген. 2 – бөлімінде кәсіпорын қызметін талдау, кәсіпорын қызметіне сипаттама, кәсіпорынның маркетингтік ортасы, факторлары, кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін олардың экономикалық ортасын жақсартуға арналған көптеген нақты іс-шаралар қарастырылып кеткен. Негізгі жалақы көрсеткіштері, қаржы ресурстары, жалақы түрлері, тікелей есептеу әдістері, тәсілі сипатталған. Ал 3 – бөліміне келсек кәсіпорынға әкелетін кедергілер әсер ететін факторлар, кедергіні болдырмау шаралары көрсетілген.
Қорыта келе АО «Ютекс»-гі бухгалтерлік есеп жүргізу ерекшеліктері және ондағы дебиторлық кредиторлық борышты, негізгі кұралдар мен МЕА, міндеттемелер, ақша қаражаттарын, жарғылық капиталын есептей және талдай отырып олардың нәтижелерін зерттеп келесідей қорытынды жасауға болады.
2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап мекемеде бухгалтерлік есеп толық компьютерлендірілген, яғни 1 С: Бухгалтерия бағдарламасы енгізілген. Тапсырыс берушілерден көрсетілген қызмет үшін төлемдер фискалдық жадысы бар бақылау — кассалық машиналар арқылы қабылданады.
Жүргізілген жұмыс нәтижесінде АО «Ютекс»-дегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыру бойынша келесідей ұсыныстар жасауға болады:
- материалдық активтерді нақты ақша қаражаттарына сатып алу, сату операцияларын банк мекемесі арқылы жүзеге асыру;
- тапсырыс берушілермен келісім — шартқа отыру;
- материалдық активтерді сатып алуда «Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі» заңды қолдану;
- қайтарылмаған дебиторлық қарыздарды қатаң бақылауға алу;
шамадан тыс сату көлемін көбейтіп жіберуден сақтану.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Исабеков .Б.Н «Қазақстанда эканомика кезіндегі индустриялдық —
инновациялық саясат және кәсіпкерлік» 2004ж.
- ҚР жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы заңы. 1997ж.
- «Кәсіпкерлік және кіші бизнес негіздері мен құқықтары»
Шымкент 2003ж.
- Н.Назарбаев «Қазақстан — 2030» халыққа жолдауынан Алматы 1998ж.
- Сәбден Оразалы «Шағын кәсіпкерлікті басқару» Алматы 2002ж.
- Нұрғалиев Қайыртай « Қазақстан экономикасы » Алматы 1999ж.
- Мейірбеков Бердібек «Шағын кәсіпкерлікпен бизнесті қолдау жолдары» Алматы 2004ж.
- «Қазақстан өңірлері. » 2003, 2004,2005 жж.
- «Қаржы» 2005
- Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары Алматы: Маркет, 2004ж
- Калиева Т.Т Кредитное дело Қаржы-қаражат, №3,1997ж.
- Мақыш С.Б. Ақша, несие, банктер Алматы: Маркет,2004ж
- Көшенова Б.А. Ақша, неисие, банктер, валюта қатынастары Алматы: Экономика,2000ж