Кәсіпорын көрсеткіштері бойынша кәсіпорынның жалпы жағдайына диагностика жасау

0
29

Тақырыбы: Кәсіпорын көрсеткіштері бойынша кәсіпорынның жалпы жағдайына диагностика жасау

Жоспар.

Кіріспе

Негізгі бөлім.

  1. Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайы

диагностикасының  теориялық негіздері

1.1  Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының түсінігі және

оның маңыздылығы.

  • Диагностиканың факторлар кеңістігін қалыптастыруы.
  1. Кәсіпорынның негізгі көрсеткіштерінің анықтамалары.

3.Кәсіпорынның жағдайына диагностика жасау.

Қорытынды.

Кіріспе.

Нарықтық экономика кезеңінде әр мемлекет өз алдына дербес дамуы үшін түрлі стратегиялық және тактикалық бағдарламалар қойып, оны жүзеге асыруда .

Осы стратегиялық мақсаттарға жету үшін экономиканы зерттеу институттарында болашақ кезеңдегі жағдайларды анықтау үшін түрлі модельдер жасалуда.

Жалпы экономикада болжам жасау кәсіпорындардың, банктердің дағдарыстық жағдайын анықтау үшін тренд, Альтман модель сияқты тағы басқа модельдер қолданылуда.

Біздің жұмыс бойынша кәсіпорындардың, банктердің және республиканың қандай көрсеткішке байланысты дағдарыстық жағдайда екендігін анықтауда “Диагностика ғылымын ” қолданамыз.

Диагностика ғылымындағы болжам жасаудың негізі математика ғылымында қолданылытын матрицалар арқылы есептеледі .

Бізге республикамыздың жалпы макроэкономикалық көрсеткіштері облыстар және негізгі мегаполис қалалар арқылы берілді, сол себепті республиканы осы көрсеткіштерге байланысты жалпы жағдайын анықтау.

Жұмыс барысы келесідей болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайы

диагностикасының  теориялық негіздері

 

1.1  Кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының түсінігі және

оның маңыздылығы.

 

Қазіргі жағдайда кәсіпорынның негізгі мақсаты – бәсекелестікке төтеп беру, өміршілдігін тұрақтандыру. Осыған байланысты кәсіпорынның стратегиясы бәсекелес фирмалар жағдайымен салыстырылып отыруы тиіс.  Кәсіпорынның жағдайын бәсекелестермен салыстыру арқылы дағдарысқа қаншалықты жақын тұрғаннын анықтау керек. Ал,  егер анықтамаған жағдайда дағдарыс тереңдеп, банкроттыққа айналады. Дағдарыс пенен банкроттық арасындағы аралықты уақытысында тану қажет.  Диагностиканың  негізгі мақсаты осы аралықты ерте танып, дағдарысқа баға беру. Диагностика жасау  нәтижесінде кәсіпорынның дағдарыстық жағдайы анықталады және тенденциясы көрсетіледі.

Дағдарыс факторлардың сандық өзгеруіне байланысты болса, онда экономикалық жағдай анықталғандық деп қарастырылады. Осы жағдайда дағдарыстан шығу ықтималдығы жоғары.

Егер дағдарыс сандық өлшемі жоқ кездейсоқтық жағдайларға байланысты болса, онда ол анықталмағандық ортада болады. Бұл жағдайда тәуекелділік шешім қабылданады.

Бүгінде кәсіпорынның жемісті жұмыс атқарып жатқаны, оның өз алдына қойған мақсатына жеткендігінің нәтижесі. Әрбір кәсіпорын үшін  ең басты мақсат – өмір сүруге қабілетті, яғни бәсекеқабілетті   болуы. Кәсіпорын өз қызметінде құлдырау тенденциясының қаншалықты қауіпті екенін,  қолайсыз құбылыстардың жиынтығы  кәсіпорынды қашан және қалай  әлсірететіндігін , одан кейін кәсіпорын жағдайын дағдарысқа  алып келетінін алдын ала анықтап біліп отырумыз қажет. Ал  біздің басты мақсатымыз  кәсіпорын қызмет ету барысында дағдарысқа алып келетін қолайсыздықты білдіретін белгілі бір көрсеткіштердің жинақталуының  бастауын анықтау болып табылады.  Дағдарысты  тудыратын көрсеткіштер жиыны өте көп. Сондықтан да кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы өте күрделі  және көп шаралық мәселе болып саналады.

Жалпы алғанда дағдарыс дегеніміз – көптеген  экономикалық  белгілеріне сәйкес  нақты  бір уақыт мерзіміндегі  кәсіпорын  қызметінің қолайсыз  нәтижесін көрсететін экономикалық категория.  Экономикалық теория көзқарасы бойынша дағдарыс –  кәсіпорынның құрылу моментінен  жойылуына дейінгі уақыт аралығында қайталанып тұратын барлық экономика субьектілеріне тән құбылыс.

Негізінде  кәсіпорынның дағдарыстық жағдайы, ол – кәсіпорын неселік қарыздарын төлеу алмау және өз ресурстары арқылы төлемқабілеттілігін қалпына келтіре алмау нәтижесінде банкроттыққа ұшырау прцессін айтады. Осы жерде  кәсіпорынның құлдырау процессін алып қарасақ, дағдарыстың бастау алуы мен банкроттыққа ұшырауы аралығында едәуір уақыт кесіндісі қалыптасады. Яғни, дағдарыстың бар екендігін анықтаған жағдайы мен банкроттықтың басталуының аралығында кәсіпорын өз ресурстары арқылы төлемқабілеттілігін қалпына келтіре алуға мүмкіндігі бар, тек дер кезінде дұрыс шешім  қабылдауға икемді болу керек. Ал банкротқа ұшырағаннан кейін оны қалыпына келтіру мүмкін болмайды, тек бұл кезде  кәсіпорын тек не жабылады не басқа қаржы көздерімен қаржыландырылады. Сондықтан да дағдарыстық жағдайды алдын ала біліп және талдау жүргізіп отыру қажет. Дағдарыс ешқашан да бірден қалыптаса қалмайды, ол жылдар бойы, айлар бойы жинақталуы мүмкін.

Кәсіпорын қызметінің қолайсыз құбылысына кәсіпорын ішіндегі кез келген  мәселелі жағдайларды жатқызамыз. Олар: сыртқы орта факторлары ( макроэкономикалық, салалық, әлеуметтік – саяси және т.б. ), фирмаішілік факторлары ( қаржылық жағдай, өндірістік процесс, маркетинг, кадр ресурстары )  болуы мүмкін. Кәсіпорын қызметінде қолайсыз өзгерістерді болдыратын белгілер өте көп және әртүрлі болып келеді.  Оларға мыналарды жатқызамыз : өтімділіктің төмендеуі, табыстылықты және қаржылық тұрақтылықты жоғалту,  шығындардың өсуі және т.б. Осы аталғандар қолайсыз жағдайдың туындауына әсер етуі  бірдей болып келеді . Өйткені барлық факторлар бір бірімен тығыз байланыста болады , яғни бір фактордың теріс көрсеткішке ие болуы, келесі бір фактордың төмендеуіне алып келеді.

Жалпы алғанда  диагностика дегеніміз – кәсіпорынның дағдарыс деңгейін анықтау:

  • дағдарыс жағдайында S1
  • дағдарыс емес жағдайда S2

Диагностиканың мынадай үш маңызды талаптар қойылады :

  • дағдарыс кезеңін уақытылы анықтау
  • тану нәтижелерінің дәлдігі
  • диагностика үздіксіз жүруі қажет

Сонымен кәсіпорынның дағдарыстық жағдайының диагностикасы дегеніміз – кәсіпорын дағдарыстық жағдайда немесе дағдарыс жағдайда емес деген  екі  баламалы  шешімнің біреуін  қабылдау.

 

1.2  Диагностиканың факторлар кеңістігін  қалыптастыруы.

 

Диагностика жағдайында кәсіпорынның экономикасын құрайтын көрсеткіштердің алатын орны ерекше, сол үшін ең алдымен диагностикаға қатысатын кәсіпорынның экономикасына талдау жасалыну керек. Бәсекелес кәсіпорындардың экономикасына ішкі және сыртқы ортаның факторлары әсер етеді.   Жалпы алғанда, кәсіпорын жағдайын талдау – бұл кәсіпорынның құрылымында болатын процестерді зерттеу ғана емес, ол ең алдымен фирманың қызмет атқарып жатқан ортасын талдау. Кәсіпорынның басқару шешімдеріне негізінен ішкі орта және  сыртқы орта факторлары әсер етеді. Микроорта кәсіпорынға тікелей қатысты күштер яғни, тұтынушыларға қызмет көрсету, жабдықтаушылармен, бәсекелестермен қарым қатынас орнату және т.б. Макроорта фирмаға кең әлеуметтік жобада әсер ететін күштер. Ол көбінесе демографиялық, экономикалық, табиғи, техникалық, саяси және мәдени факторлар болып табылады. Микроорта факторларын кәсіпорынға тікелей әсер ететін факторларға, ал макроорта факторларын жанама әсер ететін факторларға жатқызамыз. Сонымен, кәсіпорынның ішкі ортасы микроорта ретінде, ал нарық макроорта болып табылады. Кеңістікті қалыптастыру кезінде біз кез келген кәсіпорынды ала аламыз. Қалған бәсекелес кәсіпорындар сол салада қызмет атқару керек.  Диагностика объектілері біртектес салалық объектілер болғаны дұрыс. Диагностиканың нақтылығын арттыру үшін экономиканы толық сипаттайтын факторлардың жиынын дұрыс таңдау керек. Ішкі ортаның факторлары мынадай төрт блоктан тұрады:

  1. Өндіріс
  2. Өнімді өткізу (маркетинг)
  3. Қаржы
  4. Кадрлар

Жалпы алғанда, бұл кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымының негізгі төрт бөлімшелері болып табылады. Бірақ көрсеткіштерді шектеуге болмайды. Тек олар кәсіпорынды талдау кезінде нақты мәнге ие болуы керек. Кәсіпорынның қызметі жоғарыдағы төрт блоктың көрсеткіштеріне байланысты болып келеді. Сондықтан да, осы блоктарға байданысты көрсеткіштер таңдалады.

Диагностика этаптары:

  1. Көрсеткіштер кеңістігін қалыптастыру
  2. Бейнені айқындауды зерттеу

III. Шешім қабылдау

  1. Шешімнің нақтылығын бағалау

 

  1. Көрсеткіштер кеңістігін қалыптастыру этапында кәсіпорынның мүмкіндігінше барлық көрсеткіштерін жинастырып төрт блокқа бөлу қажет. Әр блокқа корреляциялық таблица жасалады. Таблицаның мәліметтері бойынша өзара тығыз тәуелді факторлардың негізгі біреуін алған жеткілікті. Жалпы блок бойынша өзара тәуелді емес факторлар алғаны дұрыс. Факторлар диагностика жасағанда дәл мәнге ие болатындай етіліп таңдалынып алыну қажет. Диагностиканы әр блокқа жеке жасауға болады немесе әр блоктың негізгі көрсеткіштеріне байланысты жасауға болады. Ал бұл курстық жұмыстағы зерттелетін фирма қаржы секторына жататандықтан және оның қызметі қаржы блогына тікелей байланысты болғандықтан тек қаржы көрсеткіштері алынады.
  2. Бейнені айқындауды зерттеу этапында басты мақсат – кәсіпорындарды S1 және S2 класстарын тануда зерттелетін обьектілердің мәліметтері болуы қажет:

мұндағы mi – сол зерттелетіндердің жалпы саны болып келеді. Оларды Шешімнің нақтылығын дәл бағалауды зерттеу орташа векторларын таңдау арқылы және  ковариациациялық матирасын есептеу арқылы жүргізіледі.

 

III. Шешім қабылдау этапында кәсіпорынды  дағдарыстағы емес немесе  дағдарыстағы тобына жататындығы туралы шешім қабылданады. Шешім қабылдау үшін  шындыққа жанасу статистикасы қолданылады.

  1. Шешімнің нақтылығын бағалау этапында 1-ші және 2-ші ретті и  айқындауының қатесінің ықтималдылығы есептеледі.  бойынша алынған мән – зерттеліп отырған обьектінің  S1 немесе S2  кластарының қайсысына жатуының қаншалықты шын екендігін көрсетеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Кәсіпорынның негізгі көрсеткіштерінің анықтамалары.

 

Жұмыс барысында кәсіпорының негізгі экономикалық көрсеткіштері берлген. Ол көрсеткіштердің негізгілері келесідей болды:

  1. Кәсіпорынның негізгі қорлары
  2. Персонал саны
  3. Баланстық пайда

Осы көрсеткіштердің теориялық анықтамаларына тоқталып кетсек.

  1. Кәсіпорынның негізгі қорлары- әр кәсіпорын өз жұмысын осы көрсеткіш бойынша жүзеге асырады.Негізгі қорлар келесідей бөлімдерден тұрады.
  1. Негізгі құралдар
  2. Ақша қаражаттары қаражаттары
  3. Негізгі және қосалқы өндіріс ғимараттары

Осы аталған қаражаттар арқылы кез-келген кәсіпорын өзінің қызметін жүзеге асырады. Кәсіпорының өзінің негізгі қорлары аталған басқа көрсеткіштердің негізгі құраушысы болып табылады. Негізгі құралдар кәсіпорында өнім өндіруді жүзеге асыру процессіне қатысса банктер үшін тұтынушыларға қызмет көрсету және ақша қаражаттарына қатысты жабдықтар болып саналады.

Ақша қаражаттары негізінен негізгі активтері болып саналады, активтердің негізгі шамалары келесідей деңгейде болды.Яғни ақша қаражаттары активтер болып саналғандықтан оларды өтімді және абссолюттік өтімді активтер деп бөледі.

  • егер баланс соммасымен жалпы міндеттемелердің қатынасының соммасы 0,5 көрсеткішінен яғни 50-пайыздан жоғары болса онда кәсіпорынның қаржылық жағдайы қалыпты деп саналады
  • егер осы көрсеткіш соммасы 0,7-0,8 көрсеткіштерінің арасында болса яғни 70-80 пайыз аралығында онда кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты деп саналады
  • егер осы көссеткіш 90-пайыздан жоғары болса онда кәсіпорынның қаржылық жағдайы өте жақсы.

Бірақта нақты тәжирбиеде 90-пайыздық қаржыға тәуелсіздік болмады оны нарықтық экономика заңдары дәлелдеп отыр.Сол себепті кәсіпорындар немесе банктер қосымша қаржыларды талап етеді.

2.Өтімді активтер-өтімді және абсолюттік өтімді болып екіге бөлінеді.

Өтімділік активтер кәсіпорынның негізгі ақша қаражаттары және осы көрсеткіш мәні кәсіпорынның қаншалықты деңгейде өз міндеттемелерін жаба алуын көрсетеді.

Компаниялардағы персоналдар екіге бөлінеді:

Жұмысшылар  және қызметкерлер

Жұмысшылар негізгі өндіріс процесіне тікелей қатысатындар болса ал қызметкерлерге кәсіпорын басшысы, экономистер және бухгалтерлер жатады.

Баланстық пайда негізінен кәсіпорынның өзі өндірген өнімін және негізгі емес көздерден түсетін жалпы табыстан барлық салықтанды алғаннан кейінгі кәсіпорынның табысы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Кәсіпорынның жағдайына диагностика жасау.

Бізге берілген жалпы көрсеткіштер негізі келесі кестедегідей болды:

Кесте-1. Бастапқы мәліметтер.

S1S2x
Көрсеткіштерx1x2x3x4x1x2
Негізгі қорлардың құны35007150940132420473629870
Персонал саны1600359547372717542851545
Баланстық табыс,млн тг718223297410919

 

Мұндағы:

S1-Дағдарыстық емес жағдайдағы компаниялар

S1-Дағдарыстық жағдайдағы компаниялар

X-зерттеуге алынған кмпания

Есеп бойынша зерттелінуші копанияның жағдайда жататындығын анықтау болып отыр.

Зерттеуді жүргіздің негізінде келесідей көрсеткіштерді анықтадық

  • а1; а2 мәндері осы көрсеткіштердің қаншалықты кәсіпорынүшін маңызды екенін көрсетеді. Біздің мәліметтер бойынша бұл вектор көрсеткіштері мынаған тең:
3228,5
а1=1598,75
51,25
2838
а2=2302,5
91,5

 

М1; М2 кореляциялық матрица. 1-ші топтағы корерияциялық матрица, яғни М1 Негізгі қорлар және персонал саныны. 2-ші топтағы, М2 дағдарыстағы компаниялар бойынша Баланстық пайданың ковариациялық көрсеткіштерін көрсетеді.

Айқындауыш функциясы бойынша кәсіпорыннның жағдайын анықтасақ, онда оны мынадай формулаға сүйене отырып шығарамыз.

lnα=1/2*(а1+а2)*М-1*[2х-(а1+а2)]  <  0

lnα=1/2*(а1+а2)*М-1*[2х-(а1+а2)] > 0

 

Жоғарыдағы формула бойынша біздің айқындауыш функциямыз мынаған тең:

 

lnα= -22,37262737‹ 0

Бұл дегеніміз жалпы зерттелінуші компанияның дағдарыстық жағдайда тұрғандығын көрсетеді.

Сонымен қатар бұл шешімнің дұрыстығын келесідей көрсеткіштер арқылы тексеруімізге болады, ол көрсеткіш D-әріпімен белгіленеді яғни көрсеткіш мәні келесідей болды:

D=100

α=β= – 1,09141E-24

Яғни есептелген зерттелінуші компанияның дағдарыста тұрғандығы 95 пайызға орындалып тұр.

Коммпанияның дағдарыста екендігін есептеуде қолданылған басқа негізде көрсеткіштер жұмыстың қорытындыларында көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

Қорыта келгенде диагностика нәтижесі бойынша зерттелінуші банктің дағдарыста екендігін көрдік. Дағдарыстық жағдайды есептеу банктер үшін қазіргі таңда негізгі мәселе болуда, себебі несие  беру  кезінде  тәуекелділік  деңгейін  анықтау.

Банктердің  негізгі  қызметі қазақстан  тәжірибесінде  несие  жүйесі  болғандықтан  кәсіпорындарға  деген  сенімсіздігі  өте  жоғары  болады.  Себебі  қазақстан  компанияларының  басым  бөлігі  кеңес  кезінен  қалған  ескі  құрал – жабдықтарда  жұмыс  жасайды.  Сол  құрал – жабдықтарды  жаңарту  мақсатында  кәсіпорындар  екінші  деңгейлі  банктерден  несие  алуда.

Бұл  қорыта  келтірілген  мысалымыз  банктің  және  кәсіпорындардың  арасындағы  несие  жүйесіне  ғана  байланысты  болды.  Бірақта  банктердің  басқа  да  қызметтері  бар.

Зерттелінуші  банктің  дағдарыста  болуына  бұл  негізгі  үш  көрсеткіштен  басқа  да  факторлар  әсер  етеді.  Мысалы,  нарықтағы  бәсекенің  жоғары  болуы.

 

 

 

 

 

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету