Ірі бизнестің түсінігі және экономикалық маңызы

0

ЖОСПАР

КІРІСПЕ………………………………………………………………………….…..3

1 – тарау. Ірі бизнестің түсінігі жӘне экономикалық

маңызы……………………………………………………………………………..5

1.1   Ірі бизнестің анықтамасы……………………………………………..5

1.2   Ірі бизнестің экономикадағы орыны……………………..7

  • Қазақстандағы бизнестердің түрлері және Ірі

бизнестің дамуы…………………………………………………..9

2 – ТАРАУ. Д‡НИЕЖ‡ЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚТАҒЫ Үлкен бизнестІҢ ролі жӘне оның экономикадағы орыны……………………….…14

  • ТРАНСҰЛТТЫҚ КОРПОРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАЙДА

БОЛУ СЕБЕПТЕРІ……………………………………………….…..14

  • ТРАНСҰЛТТЫҚ КОРПОРАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ………………………………………………….….15

2.3    ТРАНСҰЛТТЫҚ КОРПОРАЦИЯЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАРЫ РӨЛІ………….………18

2.4   ҚАЗАҚСТАНныҢ экономикасандағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

КОМПАНИЯЛАРдың орыны……………………………………………20

3-тарау. Қазақстан экономикасына «Жезқазғантүстіметалл» АҚ-ң ашылған кезіндегі

пайдасы …………………………………………………………………….…..22

қорытынды……………………………………………………………………..28

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………….……30

КІРІСПЕ

XX ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі — халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрі қарқынды дамуы.

Әр түрлі мекемелер мен фирмалардың, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты, көп жақты экономикалық қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарта бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл процестер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернационалдануынан, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықарлық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағанынан көрінеді. әрине, аталған процестер оңайлықпен жүріп жатқан жоқ. Бұлар бәсекелі, қайшылықты, диалектикалық қозғалыс, құбылыстарға толы процестер. Халықаралық экономикалык, қатынастардың диалектикасының өзі жекелеген елдердің экономикалық тәуелсіздік пен ұлттық шаруашылықты көркейтуге деген ұмтылысының көрінісі. Дүниежүзілік шаруашылықтың нығайып, интернационалдануы, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтығы, дамудың жаңа, тиімді арналарының пайда болуы — осының бәрі экономикалық өсудің диалектикасы.

Қазіргі кезеңде адамзат әлемін «ақ, қара» деп жіктеп, оған «капитализм», „социализм» атты айдар тағушылықпен қоса жасанды антагонизмдер де келмеске кетгі. Біздің заманымыз өзара байланысты, экономикалық дамудың жалпыға ортақ заңдылықтарына бағынатын біртұтас әлем. Сондықтан еліміздің ойдағыдай өркендеп, гүлденуі үпгін сыртқы экономикалық байланыстардың маңызы зор. Қазақстан Республикасы бұрынғы кеңес өкіметі тұсында халықаралық экономикалық қатынастардың субъектісі бола алған жоқ. Сыртқы экономикалық байланыстардың субъектісі болуына оған ешкім мүмкіндік те берген жоқ еді.

Ал, қазір Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында халықаралық экономикалық қатынастар ғылымын қолға алып, оны оқытуды жетілдіру көкейтесті мәселеге айналып отыр.

Еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын орнықтырып, дамытудың қазіргі кезеңі сол қатынастардың нысандары мен әдістерін түбегейлі өзгерту қажеттігімен айқындалады. Меншік құқының қандай түрінде болмасын отандық жүздеген фирмалар мен кәсіпорындар халықаралық экономикалық қарымқатынастарға қосылып, оның белсенді мүшесі болуға ұмтылуда. Бұл, әрине, мейлінше қолдауға тұрарлық құбылыс. Дегенмен, қазақстандық өндірушілер мен тұтынушылардың дүниежүзілік сауда-саттық процесіне еркін адымдап кіруіне, экономикалық интеграцияның шарапаттарын пайдалануына кедергі боларлық себептер де жоқ емес. Сол себептердің бірі халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы бай тәжірибені екшейтін, әлемдік рыноктың ерекшеліктерін талдайтын қазақ тіліндегі оқу құралдарының тапшылығы. Халықаралық, рыноктық орта өзінің экономикалық, ұйымдык,, заңдық т. б. аспектілері бойынша біздің елде қалыптасып, орныққан шаруашылық қызметін жүргізу әдісамалдарынан өзгеше екендігі мәлім. Соңғы уақытқа дейін орын алып келген сыртқы экономикалық қатынастарға деген көзқарасымыз рыноктың заңдарына сәйкес құрылған экономикалық жүйелерде өзінің шарасыздығын, тіпті кейбір сәттерде заңды екендігін көрсетіп жүр. Мұның өзі шетелдік әріптестермен өзара түсінікті, бірлескен іс-қимылдарды атқаруды күрделендіреді, тіпті заяға кетіреді.

Сондықтан да, біз халықаралық экономикалық қатынастардың мақсаттары мен міндеттерін, оның құрылымын және жүзеге асыру механизмі мен ерекшеліктерін, дамуының негізгі тенденциялары мен өзгешеліктерін тұңғыш рет қазақ тілінде жазылып отырған осы оқу құралында қарастырамыз.

 

 

 

1-тарау. Ірі бизнестің түсінігі жӘне экономикалық

маңызы

 

1.1 Ірі бизнестің анықтамасы

 

Нарықтыќ ќатынастар көптеген адамдардыњ «өз ісіне» деген табиға ұмтылуды тудырып, өздерініњ меншіктерін арттыра түседі. Ењ соњында бұл қызметтіњ ерекше түрі — кєсіпкерлік ќайраткерліктіњ пайда болуына єкеп соғады.

Кєсіпкерлік дегеніміз — адамдар мен олар ќұрган бірлестіктердіњ белсенді, дербес шаруашылық ќызметі. Оныњ көмегімен адамдар тєуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті саќтай отырып, пайда табу жолын көздейді Кєсіпкерлікті шыѓармашылыњ күш-жігерді жүзеге асыруга, экономикалыќ жєне ұйымдастыру ісінде тапќырлыќқа, жањашылдыќқа байланысты. Кєсіпкерлікті жања тұрѓыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайга: біріншіден, коммерциялыќ баѓыт-баѓдарѓа, тєуекелге бел буушылыќ пен дербестікке, бастаѓан ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жење білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жањашылдыќ танытуѓа, ѓылыми-техниканыњ прогреске жетуге тікелей қатысты.

Біздің шешетін суракта ірі бизнестің ќабылданган зањѓа ќайшы келмейтін ќызметтіњ ќандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жањартпашылық, көрсетілетін консультациялыќ ќызметтер жєне т.б. коммерциялыќ делдалдыќ, сол сияќты ќұнды ќаѓаздар операциялары.

Ќазаќстан Республикасында ірі бизнестің ќызметтіњ субъектілері мыналар бола алады:

  • шетел мемлекетініњ ірі бизнестің фирмалары;
  • ұлттық ірі бизнестің фирмалары;
  • шетел мемлекетініњ азаматтары;
  • адамдардыњ бірігуі (кєсіпкерлер ұжымы).

Кєсіпкердіњ мєртебесі зањды жєне зањды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

Ќұќығы, міндеті, жауапкершілігі жєне кєсіпкерлердіњ кепілдіктері ұлттың зањдармен реттеледі. Мысалы, Ќазаќстан Республикасыныњ зањдарымен реттелетіндер:

  • бизнестік қызметпен айналысу құќыѓы, кєсіпорындар құру жєне олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;
  • ірі бизнестың субъектілердіњ рыноктаѓы материалдыњ, ењбек, аќпарат жєне табиғи ресурстарѓа ќол жеткізудіњ тењдік құќыѓы;
  • меншік түрлеріне жєне ұйымдастыру-құқыќтыќ формасына ќарамастан кєсіпорын қызметініњ тењдік жаѓдайы;
  • ірі бизнестің мүліктерінен зањсыз айыруды қоргау;
  • кєсіпкерлік саласындагы бекітілген шегінді еркін тањдау;
  • нарыњтыќ монополия жагдайында кєсіпкерлер мен кейбір тауар өндірушілердіњ бєсекеге ќарауына жол бермеу.

Кєсіпкерліктіњ түрлері, олардың өзара ќатынастары жєне бизнеске ќатысудағы өзгешеліктері

Кєсіпкерліктіњ экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру өзгешелігі, кєсіпкер барлық жұмыстарды ќолѓа алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап аќша төлеуге дайын.

Кєсіпкер тауарлар өндіреді, содан соњ оларды сатады. Осыған орай, бизнестің өндірістік, коммерциялыќ, өндірістік және ќаржылыќ болып бөлінеді. Осылардыњ єрбір формасы өзіндік ерекшелігі, азгешілігі, демек зањдік технологиясы болады.

 

Бизнестің түрлері

 

Өндірістік бизнестұтынушылардыњ кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу жєне қызмет көрсету, жинау, өњдеу жєне ақпарат беру, рухани құндылыќ жасау таѓы таѓыларга бағытталѓан ќызметтер жатады.

Өндірістік бизнестіњ мүдделінік әрісі едєуір түрліше жєне оны іске асыру үшін ќаржылық жєне материалдыќ ресурстар, ал кейде олар көп мөлшерде қажет болады. Өндірістік кєсіпкерлік қызметініњ нєтижесі мол өнім өндіру жєне оны сату мүмкіндігі болып табылады.

Коммерциялық кєсіпкерлікке — қызмет түрін сипатайтын, оныњ мазмұныныњ мєнін айњындайтын тауа-раќша ќатынастары, тауарайырбастау операциялары жатады. Мұның өндірістік кєсіпкерліктен айырмапіылығы — мұнда өнім өндіруге — байланысты өндірістік ресурстарды ќамтамасыз ету ќажеттілігі тумайды. Технологияныњ бастапќы сатысы ретінде, не сатып алу, нені ќайта сату жєне қай жерде екенін тањдай білу қажет. Бұл мєселелерді іеке асыру, ењ алдымен тауар багасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі жоѓары болуы керек екеніне сүйену қажет.

Ќаржылық кєсіпкерлік — коммерциялық кєсіпкерліктіњ бір түрі, солай болѓандықтан оныњ сатып алу, сату объектісі айрыњшалыѓы — тауар болып есептеледі ақшалар, валюта, ќұнды ќаѓаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер жєне т.б.), яғни бірдей аќшаларды сату тікелей немесе жанама формада жүргізіледі. Солай болғандыњтан қаржылық кєсіпкерлік — бұл коммерцияныњ бір түрі, онда ќаржылыќ кєсіпкерініњ технологиялыњ мємілесі коммерциялыќ технология мємілесімен ұқсас болады, айырмасы тек тауар-қаржы активі болып саналады.

 

1.2 Ірі бизнестің экономикадағы орыны

 

Нарықтық қатынастарды дамыту бағыты халық шаруашылығьн монополиясыздандыру бағдарламаларын өнімнің әрбір түрін өндіруді басқа ірі бизнестерде беру жолымен жүзеге асыруды көздейді. Бұл тұрғыдан алғанда өз өнімін барынша тез игеретін және жаңартатын бизнес ретінде ірі бизнесті барынша кең пайдалану белгіленіп отыр. Мәселенің мәні мынада.

Халық және халықаралық шаруашылығын монополияландыру көрсеткіштерінің бірі — өндірісті шоғырландыру дәрежесі. Бұрынғы КСРО-да өнеркәсіп орындарында жұмыс істейтіндердің орташа саны Бельгиядағы, Италиядағы, Франциядары, Швециядағы және Жапониядағы тиісті көрсеткіштен он есе дерлік артық болды (813 жэне 86 адам). Біздің өнеркәсіпте шоғырлану деңгейі әрдайым жоғары болғанын еске сала кету артық болмайды. Мәселен, 13 жетекші салада статистикалық деректер бойынша, ірі кәсіпорындардын, 16,6 проценті (әрқайсысында өндірістік-техникалық мақсаттағы тауар өнімін шығару көлемі — 100 млн. сом және одан жоғары, мұның өзі жұмыс істейтін 5 мың және одан көп адамға сәйкес) 1990 жылы бұйымдардың 74 процентін шығарған.

Ал АҚШ машина жасау саласында кәсіпорындарды жалпы санының 97,6 процентінде жұмыс істейтін адамдардың саны 500-ге дейін жетеді, бірақ олар тауар өнімінің жалпы көлемінің 42,3 процентін шығарады. КСРО-да тиісті көрсеткіштөр 17,5 және 2,6 процентке тең болды.

Мемлекеттік жабдықтау комитетінің деректері бойынша, жалпы құны 11 млрд. com болатын 2 мыңға жуық өнім тек тиісті саланың бір ғана кәсіпорнында өндірілді, ал машина жасау кешеніндегі монополиялық өндірістің үлес салмағы 80 процент болды. Машина жасау саласында ғана 166 монополист кәсіпорын және 180 монополиялы өндіріс болды.

Монополизмге қарсы күрестің ең тиімді жолдарының бірі ірі, орташа және шағын кәсіпорындардың тиімді ұштастырылуына қол жеткізу. Бұл жағдайда шағын кәсіпорындардын ірі кәсіпорындармен салыстырғанда бірқатар артықшылыңтары бар:

  • тауар өндіру мен ңызмет көрсетуде кәсіпкерлік пен бәсекені дамыту;
  • тұтыну сұранымының өзгеруін тез сезіну;
  • өнім мен ңызмет сапасын арттыру;
  • бата белгілеудің табиғи тетігін пайдалану;
  • монополизмді жою;
  • өндірістің ғылыми-төхникалық дамуын жеделдету;
  • тиімді басқару құрылымдарын қалыптастыру мен пайдалану;
  • кадрларды ұтымды пайдалану;
  • орталықтандырылған күрделі ңаржыны пайдаланбастан коммерциялық негіздө жаңа өндірістік қуаттарды тез арада жасау.

Осы себепті дамыған елдердің экономикасында соңғы кезде шағын кәсіпорындардың пайдасына ірі құрылымдық өзгерістер болды. АҚШ-та шағын кәсіпорындар санының ерекше шұғыл көбеюі 70-ші жылдардың орта тұсынан басталды, ал 80-ші жылдарда елде жыл сайын 600 мыңға дейін, немесе 50—70-ші жылдардағыдан 7 есе көп және 70-ші жылдардың орта тұсындағыдан 2 есе көп кәсіпорындар пайда болды.

1987 жылы барлың меншік түрлеріндегі американ фирмаларының (ауылшаруашылық фирмаларынан басңасының) жалпы саны 18,1 миллионға дейін өсті. Олардың 97 проценті ресми американ статистикасы 500-ге дөйін адам жұмыс істейтін заң жүзіндегі дербес кәсіпорындарды ұсақ фирмалар қатарына жатқызатын санатта болды. Негізгілері — аса ұсақ кәсіпорындар; фирмалардың 90 процентінде 15-тен аз, 80 процентінде —10-нан аспайтын адам жұмыс істейді. Жалпы ұлттық өнімнің 38 проценті ұсақ бизнес үлесіне келеді. Онда жалпы жұмыс күшінің 47 проценті шоғырланран.

Ұсақ фирмалар «табири іріктеу» жардайларында жұмыс істейді: біреулөрі пайда болады, басқалары із-тұзсіз жоғалады. «Экономист» журналының деректері бойынша, 80-ші жылдардың орта тұсынан бастап шағын фирмалардың 40 проценті рынокта төрт жылдан астам кідірген емес. Басқа бағалаулар бойынша, дербес бизнесте өмір сүрген 5 жылдан кейін фирмалардың 23 проценті рана орнырып қалады. Бірақ экономиканың қалыпты дамуы үшін бұл процесс жемісті. Аман қалран фирмаларға ресурстарды жоғары тиімділікпен пайдалану тән.

100-ден аз адам жұмыс істейтін компанияларда қызмет көрсетуде, қаржыда, сақтандыруда, көтерме саудада (шарын бизнес әдетте күшті позицияларда болған салаларда) ғана емес, сондай-ақ көлікте және тіпті өңдеу және өндіру өнеркәсібінде активтерді долларға сату ірі компаниялардарыдан жоғарылау. Бұл ерекше жағдайды ең алдымен шағын компаниялардағы капитал айналымының неғұрлым жоғары қарқынымен түсіндіруге болады.

Олардың позициялары қызмет көрсету саласында ерекше күшті, дамыган капиталистік елдердің экономикасында оның рөлі барған сайын артып келеді. Ол бүгінде жаңа жұмыс орындарын ашудың басты, ал кейде бірден-бір көзі болып отыр.

Қызмет саласында «ауқым әсері», әдетте, өте шектеулі немесе мүлдем жок. Бірнеше жүз (немесе тіпті ондаған) жұмысшысы бар фирма көпшілік жағдайда өндіріске аз шығын жұмсай отырып, клиенттерге оңтайлы, икемді және сапалы қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді. ‡немі арта түсіп көле жатқан бөлшектелу, тұтыну сұранымының дербестенуі, қызмет рыноктарының оңшаулануы бұл жерде шоғырландыруды экономикалық тұрғыдан мәнсіз етеді.

Ал бұрыеты КСРО-да ңызмет саласын басқарудың тым орталықтандырылуы, сондай-ақ өндірістің шоғырландырылуы (мысалы, комбинаттар немесе аумаңтық бірлестіктер түрінде) экономикалық тиімділік берудің орнына үстемө шығындарды көбейтті, қажетсіз қағазбастылық туғызды, қызмет көрсететін ұйымдарының жұмысын халықтың нақты қажеттерін қанағаттандыруға емес, түрлі шартты көрсеткіштерге, аралық нәтижелерге жетуге бағдарлады.[1]

Біріккен Ұлттар Ұйымы эксперттерінің пікірі бойынша трансұлттық корпорациялар дүниежүзілік экономиканың бірегей қозғаушы күлгі болып есептеледі. 90-жылдардың ортасында дүние жүзінде 4 0 мыңнан астам корпорациялар қызмет атқарған. Олардың бақылауындағы шетелдік еншілес кәсіпорындардың (дочерние предприятия) саны 250 мыңдай болды. Бұл санның соңғы екі онжылдықта өсу қарқыны 5 есеге жетті.

Ең ірі 100 халықаралық компаниялардың жалпы мүлігі құнының 40% шетелдерде орналасқан.

 

1.3. Қазақстандағы бизнестердің түрлері және Ірі бизнестің дамуы

 

Америкадағы ірі компанияларының зерттеу мәліметтеріне қарағанда олардың үштен көбірек бөлігі жоғарыда аталған немесе соларға ұқсас стратегияларды қолданады екен. Талдап келгенде бұл стратегиялардың бәріне бірдей тән жетістіктері мен кемшіліктері анықталған. Олардың негізгі жетістіктері мыналар болған:

  • тұтынушыларға қажет барлық ұйымдар, тауарлар және қызметтірлерін табуға болады, яғни бұл стратегияларды қолдану нәтижесінде халықтың, фирмалардың мұқтажын барынша толық қанағаттандыруға болады;
  • әртүрлі стратегиялар ұсынылып, олардың ішінен ыңғайлысы таңдалып алынуға мүмкіндік ашылады;
  • мұқтажға сәйкес қойылған мақсаттарға байланысты көрсетілген қызметтерді және өнімдерді бағалауға болады;
  • фирма жұмысын, өнімді жақсартуға жеткізетін жолдар мен тәсілдерін табуға мүмкіндіктер қалыптасады;
  • бәсекелестердің әрекеті мен ресурстары бөлініп, пайдалануы айқын көрінеді.

Стратегиялардың негізгі кемшіліктері мыналар:

  • оларды қолдану айтарлықтай қиындыққа соғады
  • кейде істің бетіндегі маңызды факторлар ескерілмей қалып қояды;
  • стратегиялык, шаруашылық бөлімшелерінің белгілерін және оларды бағалау белгілерін анықтау жағдайы өзгерістерге өте сезімтал келеді;
  • қоршаған ортаның жағдайын толық ескеру ісі ойдағыдай болмайды.

1994 жылы ќабылданѓан Ќазаќстан Республикасыныњ Азаматтыќ кодексініњ 119 бабы кәсіпорынѓа мынадай аныќтама береді: «Кәсіпкерлік ќызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен ќүќыќ объектісі түріндегі кәсіпорын деп танылады. Кєсіпорын тұтасымен мүліктік кешен ретінде кєсіпорынныњ ќұрамына оныњ ќызмет етуіне арналѓан мүліктіњ барлыќ түрлері, соныњ ішінде үйлер, ѓимараттар, жабдыќтар, ќұрал-саймандар, шикізат, өнімдер, жер учаскесіне ќұќыќ, талап ету ќұќыќтары, борыштар, сондай-аќ оныњ ќызметін дараланды-ратын белгілерге ќұќыќтар (фирмалыќ атау, тауар белгілері) және, егер зањ ќұжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, басќа да айырыќша ќұќыќтар енеді. Кәсіпорын тұтасымен немесе оныњ бір бөлігі сатып алу — сату, кепілге, арендаѓа беру және заттыќ ќұќыќтарды белгілеуге, өзгертуге жєне тоќтатуѓа байланысты басќа да мємлелер объектісі болуы мүмкін».

ЌР Азаматтыќ кодексінде, «Мемлекеттік кєсіпорындар туралы», «Акционерлік ќоѓамдар туралы», «Жауапкершілігі шектеулі жєне ќосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» және басќа зандарда:

  • меншіктіњ көптүрлі формалы жаѓдайында кәсіпорындарды ќұрудыњ жалпы ќұќылыќ негізі белгіленген;
  • кєсіпорындардыњ ұйымдыќ-ќұќылыќ формалары, олардыњ жұмыс ерекшеліктері бекітілген;
  • кєсіпкерлік субъектілерініњ ќұќыќтары мен жауапкершіліктері айќындалѓан;
  • кәсіпкерлікті мемлекеттік ќорѓау, реттеу мен ќолдау шаралары белгіленген.

 

Акционерлік ќоѓамдарды қаржыландырудыњ көздері

 

 

Кәсіпорын — ќоѓамдыќ өндірістіњ негізгі буыны. Кєсіпорындарда тауарлар мен игі ќызметтер өндіріледі, тасымалданады жєне наќтылы тұтынушыларѓа сатылады. Єрбір ондіруші оз кәсіпорнында жасалѓан өнімдерді сатуѓа ѓана ұмтылып ќой-майды, сонымен бірге таза табыс алуѓа да тырысады.

Ќазаќстан Республикасыныњ Азаматтыќ кодексініњ 10, 11 баптарыныњ 1-5 тармаќтарында Ќазаќстандаѓы кәсіпкерлік ќызметтіњ жүзеге асырылуыныњ жалпы ќұќылыќ ауќымы айќындалган.

Мыналар кєсіпкерлік ќызметтердіњ субъектілері болуы мүмкін:

  • әрекет ќабілеті заңда белгіленген тәртіпте шектелмеген Ќазаќстан Республикасыныњ азаматтары;
  • Ќазаќстан Республикасыныњ зањнамасында белгіленген өкілеттіктер шегінде шет мемлекеттердіњ азаматтары мен азаматтыќтары жоќ адамдар;
  • азаматтар бірлестігі — ұжымдыќ кәсіпкерлер (єріптестер).

Кәсіпкерлік мәртебесі мемлекеттік тіркеу жєне реестрге кіргізілуі арќылы беріледі. Реестр — фирмалардыњ атаулары, олардыњ жұмыс баѓыттары, жеке жауапкершіліктері бар серіктестіктср мүшелерініњ фамилиялары, фирманыњ жеке капиталы туралы мєлімет жєне басќадай деректер жазылѓан есеп жүргізу кітабы.

Кәсіпорынды басќарушы субъекті мен меншік иесі арасындаѓы ќатынас жаќтардыњ өзара міндеттемелерін, мүлікті пайдалану және ќызметтіњ кейбір түрлерін жүзеге асыру ќұќыѓын шектеуді, жаќтардыњ ќаржылыќ өзара ќатынастары мен материалдыќ жауапкершілігініњ тєртібі мен жаѓдайларын, шартты бұзудыњ негіздері мен жаѓдайларын белгілейтін шартпен (келісіммен) реттеледі; кєсіпорын мүлік иесініњ басќарушымен шарт жасасќаннан кейін, шартта, кєсіпорын жарѓысында жєне ЌР зањнамасында көзделген жаѓдайлардан өзге реттерде, кәсіпорын ќызметіне араласуѓа ќұќығы жоќ.

Кєсіпорынныњ банкіде есеп айырысатын өз есепшоты, мөрі болуы мүмкін, сондай-аќ ол єр текті операциялар жасап, мөмлелер жүргізе алады. Бұл жаѓдайда ол басќа кәсіпорын немесе мемлекет ќаражаттары есебінен де немесе өз бетінше де өмір сүре алады. Осыѓан байланысты кәсіпорын әртүрлі дербестік алады. Бірінші жаѓдайда біз жедел шаруашылыќ жүргізудегі дербестік туралы, ал екінші жаѓдайда кәсіпорынѓа тұраќты ќаржылыќ жаѓдай жасайтын оныњ экономикалыќ дербестігі, тиімді ќызметі туралы айтып тұрмыз. Экономикалыќ дербес-тігініњ ќалыптасу басы болып кәсіпорынныњ өз алдына шаруашылыќты-оперативті единица немесе заңды тұлѓа түріндегі бөлінуі саналады. Ќазаќстан Республикасы Азаматтыќ кодексініњ 33 бабында заңды тұлѓаныњ ұѓымы былай берілген: «Меншік, шаруашылыќ жүргізу немесе жедел басќару ќұќыѓындағы оќшау мүлкі бар және сол мүлікпен оз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жєне мүліктік емес жеке ќұќыќтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер жєне жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлѓа деп танылады.

Заңды тұлѓаныњ дербес балансы немесе сметасы болуѓа тиіс. Заңды тұлѓаныњ өз атауы жазылѓан мөрі болады».

Заңды тұлга болып тіркелу үшін кәсіпорынныњ төмендегідей белгілері болуы керек:

  1. Ұйымдык тұтастыѓы. Бұл, наќтылап айтќанда, ќұрылтай ќұжаттарында өзініњ ішкі ќұрылым және басќару тәртібі бекітілген ұйымдасќан ұжым.
  2. Жекеленген мүлік. Кәсіпорынныњ негізгі және айналым ќаражаттардан тұратын меншік мүліктері болады, ол оз алдына мүлік иеленіп, оны есепке алады, пайдаланады, сатады, жарамсыз деп табады, мүлікке салыќ төлейді.
  3. Мүліктік жауапкершілік. Заңда көрсетілгендей кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады.
  4. Азаматтыќ айналымда оз атынан сойлеу. Кәсіпорын, кәдімгі адам секілді таныйтындай, басќа кєсіпорындардан айыра алатындай болуы керек. Сол маќсаттар үшін кєсіпорынѓа ат (атау) береді, сол атпен ол мүліктік және жеке мүліктік емес ќұќыќќа ие болады жєне одан айырады, міндет алады, сотта, төрелік сотта жєне аралыќ сотта талапкердіњ жєне жауапкердіњ рөлін атќарады.

 

2 – ТАРАУ. Д‡НИЕЖ‡ЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҚТАҒЫ Үлкен бизнестІҢ ролі жӘне оның экономикадағы орыны

 

  • ТРАНСҰЛТТЫҚ КОРПОРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ

 

Трансұлттық корпорациялардың негізгі бөлігі АҚШ-та, Еуропалық Одақ елдерінде және Жапонияда тіркелген. Трансұлттық корпорациялар дүниежүзілік өнеркәсіп өнімдерін өндірудің 40 процентін, халықаралық сауданың 5 0 процентін өз бақылауында ұстайды.

Трансұлттық корпорациялардың жыл сайынғы өндіріс көлемі 10 трлн. доллардан асады. Бұл корпорацияларда 7 3 млн. адам жұмыс істейді. Мұның өзі дүниежүзілік шаруашылықта қамтылған жұмысшы күшінің (ауыл шаруашылығын қоспағанда) әрбір онышпысы деген сөз.

Біріккен ‡лттар ‡йымының анықтамасы бойынша жылдық айналымы 100 млн. доллардан асатын және кем дегенде 6 елде филиалы бар фирмалар корпорация деп аталады. Кейінгі жылдары бұл түсінік біраз пысықталып, ендігі уақытта фирманың халықаралық дәрежесінің көрсеткіші ретінде оның өнімдерінің басқа елдерде сатылған көлемінің проценті алынатын болып жүр. Мысалы, осы көрсеткіш бойынша Швейцарияның «НЭСТЛЕ» фирмасы (98%) алдыңғы орындардың бірін алады.

Біріккен    ‡лттар    ‡йымының    методологиясы    халықаралық корпорацияны оның активтерінің құрылымы арқылы да анықтауға мүмкіндік береді. Дүние жүзінде шетелдік активтері ең мол трансұлттық корпорацияларға ағылшын-голланд концерні «РОЯЛ-ДАТЧ ШЕЛЛ» және АҚШ-тың «ФОРД», «ДЖЕНЕРАЛ МОТОРС», «ЭКСОН», «ИБМ» фирмалары жатады. Халықаралық монополиялар туралы анықтамаларда: көпулттық корпорациялар, интернационалдық корпорациялар, трансұлттық компаниялар, әлемдік компаниялар т. с. с. атауларды кездестіруге болады. Алайда, олардың түпкі мән-мағынасы қарайлас.

Трансұлттық және көпұлттық корпорацияларға әлемдік (глобальные) корпорацияларды да қосуға болады.

әлемдік корпорациялар қазіргі дүниежузілік қаржы капиталының бірегей қуатын көрсетеді. Олар 80-жылдары пайда болып, үнемі өсу жолында. әлемдік деңгейге барынша серпінді ұмтылатын салаларға химиялық, электротехникалық, электрондық, мұнай өндіру, автокөлік, ақпараттық, банк және т. б. салалар жатады.

Трансұлттық корпорациялардың пайда болуының басты себептерін атайық. Ең маңызды және жалпыға ортақ себеп өндіргіш күштердің дамуы негізінде ұлттык, шекарадан шығуы мүмкін болған өндіріс пен капиталдың интернационалдануы.

Өндіріс пен капиталдың интернационалдануы шетелдерде бөлімшелері бар аса ірі компаниялардың құрылуы, ұлттык, корпорациалардың трансұлттық корпорацияларға айналуы, олардың шаруашылық байланыстарының нығаюы негізінде жүзеге асады. Капиталды шетке шығару халықаралық корпорацияларды қалыптастыру мен дамылудың ең маңызды факторына жатады. Трансұлтгық корпорациялардың жедел дамуының негізгі себебі жоғары, артық пайда табу үпгін ұмтылыс деп айтар едік. Өз кезегінде қатаң бәсекелік күреске төтеп беру үшін өндіріс пен капиталды халықаралық көлемде шоғырландыру да трансұлттық корпорациялардың пайда болуын жеделдетті.

 

  • ТРАНС‡ЛТТЫҚ КОРПОРАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТШІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Дүниежүзілік шаруашылықта жүріп жатқан объективті экономикалық процестердің нәтижесінде пайда болған трансұлттық корпорациялардың өзіне тән бірқатар ерекшеліктері бар.

Трансұлттық корпорациялар халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысушы ретінде оның дамуына қолайлы жағдайлар туғызады.

Трансұлттық корпорациялар капиталдарының қозғалысы, әдетте, сол корпорациялар орналасқан елдегі жүріп жатқан процестерден дербес, тәуелсіз. Трансұлттық корпорациялар халықаралық өндірістер жүйесін қалыптастырады. Олар дүние жүзінің көптеген елдерінде филиалдар, сыбағалас компаниялар, бөлімшелер ашуға негізделген.

Трансұлттық корпорациялар орасан зор инвестициялар мен жоғары дәрежелі маман кадрларды қажет ететін жоғары технологиялық және ғылыми сыйымды өндіріс салаларына сыналай кіріп, оларды өзіне бағындыра бастайды. Осы кезде трансұлттық корпорациялардың жекелеген салаларды монополизациялауға ұмтылысы тенденциясы байқалады.

80-жылдардың орта тусында капиталистік елдердің өнеркәсіп өнімінің төрттен үші 2 мыңдай қуатты корпорациялардың күшімен өндірілген. Солардың ішінде бірнеше жүздеген корпорациялар өнімнің ең маңызды түрлерінің 50%-тен 80 процентке дейінгі үлесін өндірген.

Бул трансұлттық корпорациялар негізінен өндірістік және инновациялық (жаңалықтар) ауыртпалықтарды да көтереді.

Дүние жузіндегі қуатты 500 трансұлттық корпорациялардың 85-і шетелдік инвестициялардың 70% өз қарауында ұстайды. Осы орасан зор компаниялар электроника мен химия өндірісі өнімдерінің 80% , фармацевтиканың 95% , машина жасау өнімінің 76% өндіріп, өткізеді.

Батыс экономистерінің болжамы бойынша 2000 жылға дейін дүниежүзілік шаруашылықта 600-ге жуық трансұлттық корпорациялардың үстемдігі орнайды. Сонымен бірге 300 корпорация дүниежүзілік жиынтық өнімнің 75 процентіне иелік етіп, өз өндірісі мен қызмет көрсету түрлерін едәуір диверсификациялауды жүзеге асырады. Диверсификация — шаруашылық қызметін жаңа әрекет өрісіне тарату. Мысалы, Швециялық „Вольво» автомобиль концерні қазірдің өзінде тек қана автомобиль жасап отырған жоқ. Бұл трансұлттық корпорацияның Швецияның өзінде 30-дан астам әр түрлі пішіндегі еншілес компаниялары жұмыс істейді. Ал шетелдерде бұл корпорацияның катерлер үшін мотор, авиақозғағыштар т. б. жасайтын ондаған филиалдары бар.

Өз кезегінде АҚШ-тағы 500 ең ірі трансұлттық корпорациялардың әрқайсысының орта есеппен 11 салада өз кәсіпорындары бар, ал орасан зорларының 30-дан 50-ге дейінгі салаларда сыбағалас кәсіпорындары жұмыс істейді. ‡лыбританияның 100 жетекші өнеркәсіп фирмаларының 96-сы көп салалы фирмалар. Мұндай фирмалардың саны Алманияда — 78, Францияда — 84, Италияда — 90. Трансұлттық корпорациялардың құрамына кіретін кәсіпорындардың саны мен мәні алга қойған экономикалық мақсаттарға сәйкес анықталады.

Қуатты өндірістік базасы бар трансұлттық корпорациялардың сауда-өндірістік саясаты тиімділігі жоғары өндіріс пен тауар рыногын қалыптастыруға бағытталған.

Трансұлттық корпорациялар халықаралық аренада күрделі қаржы мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына байланысты икемді динамикалық саясатты жүзеге асырады. Халықаралык, корпорациялардың пайда болуын және дамуын көрсететін мысал ретінде өз қарауында тұрмыстық электротехника мен өнеркәсіптік жабдықтардың дүниежүзілік рыногының 25 процентін қамтитын „Электролюкс» трансұлттық корпорациясының әрекетін келтіруге болады.

1912 жылы екі швед компаниясының бірігуінен пайда болған „Электролюкс» 20-жылдардың өзінің өндірісін Австралия мен Жаңа Зеландияда ұйымдастырып үлгерді. Соңғы онжылдықта „Электролюкс» АҚШ-тың — «Уайт Консолидейтед», Италиядағы ең ірі электр тауарларын өндіруіпі — «Занусси» және Алманиядағы негізгі электр тауарларын өндіруші — «АЭГ» компанияларын иемденді.

Аталған үш фирманы қосып алғаннан соң „Электролюкс» өз саласында дүние жүзіндегі жетекші трансұлттық корпорацияға айналды. Қазіргі кезде оның 75 елде тұрмыстық электротехниканы өндіретін, өткізётін және қызмет көрсететін дамыган жүйесі ырғақты жұмыс істеп тұр. 90-жылдардың ортасында аталған трансұлттық корпорацияның кәсіпорындарында 110 мыңнан астам адам еңбек етіп, жылдық айналымы 10 млрд. долларга жетті.

Трансұлттық корпорациялардың дүниежүзілік рыноктағы әрекетінің бірнеше нысаны бар. Бұл нысандар келісімшарт қатынастарына негізделеді. Олардың қатарына: 1) лицензиялау; 2) франчайзинг; 3) басқару келісім-шарттары; 4) техникалық және маркетинггік қызмет көрсету; 5) кәсіпорындарды толық іске қосып беру; 6) бірлескен кәсіпорындар құру және жекелеген операцияларды жүзеге асыру жатады. Практика жүзінде трансұлттық корпорациялардың қызметтері нысандарының ара жігін ашып көрсету қиын, себебі олар бір-бірімен тығыз байланысты. Бұл нысандардың ерекшелігі — олар трансұлттық корпорациялардың өзара қатынастарында да жиі қолданылады, демек, орталыққа ұмтылар тенденцияларының күшеюін көрсетеді.

Лицензия дегеніміз — белгілі уақытқа лицензия алушы лицензия берушіге өзара келісілген ақысын төлеп пайдаланатын құқық, заңды келісім-шарт. Лицензия беру трансұлттық корпорациянық құрамындағы фирмалар арасында да, технологияны сыртқы арналар арқылы беруде де қолданылады.

Лиценциялық келісімнің ерекше түріне франчайзинг жатады.

Франчайзинг дегеніміз — ұзақ мерзімді лицензиялық келісім. Мунда франчайзер клиентке алдын ала келісілген құқық береді. Ондай құқықтарға фирманың атын, сауда маркасын пайдалану, техникалық көмек көрсету, жұмысшы күшінің мамандығын көтеру т. б. жатады.

Соңғы жылдары трансұлттық корпорациялардың әрекетінде басқару мен маркетингтік қызмет көрсету түрі кеңінен тарап келеді. Басқару жөніндегі келісім кәсіпорындарды тікелей басқару құқын басқа кәсіпорынға ақысын төлеу арқылы беруді заңдастырады. Келісім бойынша басқарушылардың атқаратын қызметгеріне өндірісті басқару, соның ішінде кәсіпорынның техникалық және инженерлік деңгеш үлгін жауапкершілік, кадрларды басқару, атап айтқанда, шетелдік жұмысшыларды қабылдау мен жұмыстан шығару, жергілікті жұмысшы күшін оқыту, техника мен шикізатты сатып алу т. б. қызметтер жатады.

Техникалық көмек көрету келісімдеріне сәйкес трансұлттық корпорациялар фирма қызметінің жекелеген саласы үшін техникалық жәрдем көрсетеді. Мұндай келісімдер көбінесе машиналар мен жабдықтарды жөндеу, „ноу-хауды» тиімді пайдалану жөніндегі кеңес, апаттардың алдын алу сияқты қызметтерді қамтиды.

Зауыттарды толық іске қосу келісімдері де кең қолданыс табуда. Бұл жағдайда трансұлттық корпорациялар қызметтің барлық түрін атқару жауапкершілігін өз мойнына алады.

Трансұлттық корпорациялардың халықаралық рынокты жаулап алуының ең жаңа нысандарының бірі шетелдерде арнайы инвестициялық компаниялар құру нысаны. Бұл құрылымдардың басты міндеті еншілес және серіктес кәсіпорындарды инвестициялау арқылы трансұлттық корпорациялардың өнімдерін аймақтық рыноктарға жеткізіп, өткізуді ынталандыру. Бұл әдісті, мысалы алкогольсіз сусындарды сататын „Пепси-кола» және Кока-кола» сияқты халықаралық компаниялар кеңінен қолданады.

 

 

  • ТРАНС‡ЛТТЫҚ КОРПОРАЦИЯЛАРДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАРЫ РӨЛІ

 

Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтағы трансұлттық корпорациялардың ролі күшейіп отыр. Халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіндегі олардың алатын орны, ұлттық экономикаларды дамытуға ықпалы ерекше маңызды.

Өнеркәсібі дамыған елдердің сыртқы экономикалық байланыстарының мән-мағынасын солардың трансұлттық корпорацияларының шетелдердегі шаруашылық қызметтері көрсетеді. Егер трансұлттық корпорациялардың шетелдегі өндіріс көлемін сол елдің экспортының көлемімен салыстыратын болсақ, онда 80-жылдары олардың арасалмағы АҚШ-та 4,1 : 1; Жапонияда 2,1 : 1 болды, Бұл елдердің экспортының өзінде ұлттық компаниялардың шетелдегі филиалдарына жеткізетін өнімдері мен қызмет түрлерінің үлесі өте мол. Мысалы, 80-жылдардың екінші жартысында АҚШ-та ішкі фирмалық саудаға экспорттың 20% шоғырланды, Жапонияда бұл көрсеткіш 29%-ке, Алманияда 28%-ке жетті.

Трансұлттық корпорациялардың шетелдегі жиынтық инвестициялары қазірдің өзінде сыртқы сауда айналымын басып озды және олардың қарқыны уақыт өткен сайын жеделдеп келеді. Трансұлттық корпорациялар дүниежүзілік жеке меншік сектордың өндіргіш капиталының үштен бірін және шетелдік тікелей инвестициялардың 90% өз бақылауында ұстап тұр.

Трансұлттық корпорациялардың салалық құрылымы да едәуір кең. Олардың 60% өндіріс сферасында, 37% қызмет көрсетуде, 3% қазбалы байлық шығару мен ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Қызмет көрсету мен жоғары технологиялық өндірісте де инвестициялардың көбею тенденциясы анық байқала бастады. Керісінше, қазбалы байлық шығару мен ауыл шаруашылығына тартылатын инвестициялардың үлесі азайды.

Біріккен ұлттар ұйымының мәліметтеріне қарағанда трансұлттық корпорациялардың басты салаларына электроника, мұнай өңдеу, химия және автомобиль жасау кешендері жатады.

Трансұлттық корпорациялардың аймақтық-салалық құрылымын талдап көрсек, онда күрделі қаржылардың басым бөлігінің өңдеуші және ұқсатушы өнеркәсіп салаларына бағытталғанын көреміз.

Трансұлттық корпорациялардың экономикасы артта қалған елдерге байланысты инвестициялық саясаты өзінше бөлек. Халықаралық компаниялардың қаражаттары бұл елдердің қазбалы байлық шығарушы салаларына қарай бейімделген, ал шын мәнінде трансұлттық корпорациялар экономикасының дамуы кенжелеп қалған елдерге тауар экспортын еселеп көбейтуге ұмтылады. Бұл жағдайда өз тауарларын дамушы елдер рыногында өткізу үшін трансұлттық корпорациялар өзара қатаң бәсекелік күреске туседі.

Трансұлттық корпорациялардың Қазақстанмен қарым-қатынастары да дәл осы жағдайды көрсетіп отыр. Олардың Қазақстандағы экономикалық стратегиясының басты мақсаты тауар экспансиясын (жаулап алуын) мүмкіндігінше кеңейту. Мұның өзі трансұлттық корпорациялардың халықаралық маркетингтік қызметте ұстанатын негізгі принципі болып табылады.

Трансұлттық корпорациялар халықаралық экономикалық байланыстарда қандай бір елдің болмасын экономикалық тағдырына әсер ете алатын негізгі күшке айналып отыр. Олардың белсенді өндірістік, инвестициялық және сауда саясатының өндіріс пен бөлуді реттейтін ықпалды халықаралық фактор екендігінде ешкімнің күмәні болмаса керек. Біріккен ‡лттар ‡йымы сарапшыларының талдауы бойынша, трансұлттық корпорациялар дуниежүзілік экономикалык, интеграция қозғалысына өзінің игі әсерін тигізеді. Олар мемлекет меншігіндегі салаларға да сұқтанып, оған кірігу мүмкіндіктерін қарастырады. Трансұлттық корпорациялардың мұндай ұмтылыстары дуниежүзілік экономиканың толық және түгел интеграциялануын қадағалауға қызығушылық емес, осы процестің шеңбері мен шектерінде мейлінше мол пайдаға кенелуге деген ұмтылыс. Медальдың екі жагы бар дегендей, трансұлттық корпорациялардың дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне тигізетін игі әсерімен қатар халықаралық экономикалық қатынастарға теріс ықпалы да баршылық.

Мамандардың көрсетуі бойынша трансұлттық корпорациялардың ұлттық экономикаға теріс әсерлеріне мыналар жатады:

1) өз қызметіне кедергі боларлық жекелеген елдің дербес экономикалық саясатына қарсы әрекеттер жасауы;

2) мемлекеттік заңдарды бұзуы. Мысалы, трансферттік багалар төңірегінде айлакер саясат жүргізу арқылы трансұлттық корпорациялардың әр түрлі елдерде қызмет ететін сыбағалас компаниялары салық төлеуден қашқақтау мақсатында улттық заңдардан айналып өтіп, өз табыстарын бір елден екінші елге ауыстырумен шұғылданады;

3) монопольді бағалар белгілеу, дамушы елдердің мүдделеріне қысымшылық жасау.

Тұтас алғанда, трансұлттық корпорациялар дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде тұрақты да күрделі дамып келе жатқан, ерекшеліктері мол заңды тұлға. Олардың іс-тәжірибесін әрдайым қадағалап, талдап отыру қажет, сонымен қатар халықаралық бақылаудан да шығармаған абзал.

 

2.4  ҚАЗАҚСТАНныҢ экономикасандағы ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

КОМПАНИЯЛАРдың орыны

 

Батыс Еуропа елдерінің, Жапонияның және «Жаңа индустриялды елдердің» екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық тарихын алып қарастырсақ, онда мынадай тұжырым жасауға болар еді. Егер ұлттық капиталдың өзі қуатты қаржы-өнеркәсіп топтары болып қайта құрылған болса, олар трансұлттық корпорациялармен бәсекелік күреске төтеп берер еді.

Қаржы-өнеркәсіп топтарының белсенді сыртқы экономикалық саясат жургізу мүмкіндігі бар екендігін ТМД елдерінде құрылған қаржы-өнеркәсіп топтарының алғашқы қадамдары көрсетіп отыр.

Мысалы, Ресейдің «Көз микрохирургиясы», «ЛУКойл», «АВТОВАЗ», „Газпром» сияқты алғашқы трансұлттық корпорацияларының көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда өз бөлімшелері, филиалдары бар. Қазақстандағы жекешелендіру процесі жеткілікті қуаты бар жаңа типті ұйымдық-шаруашылық құрылымдардың пайда болуымен қатар жүріп келеді. Оларға мемлекеттік, аралас және жеке меншік корпорациялар мен корцерндер жатады. Шетелдік компаниялардың 1995—96 жылдардағы Қазақстандағы іс-тәжірибесі олардың ел экономикасы үшін бірқатар нәтижелі жұмыстар істегенін көрсетеді. Бұл халықаралық компаниялардың қатарына американдық «Шеврон», италияндық «Аджип», Жапонияның «Джапан хромик», Оңтүстік Кореяның «Самсунг», біріккен «Испат-Кармет» т. с. с. дүние жүзіне белгілі фирмалар жатады.

Қазақстандық трансұлттық корпорацияларды қалыптастырудың басты бір бағытына ТМД елдері шеңберінде халықаралық қаржы-өнеркәсіп топтарын құруды жатқызуға болады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, трансұлттық қаржы-өнеркәсіп топтарын қалыптастыру ісі екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде қазақстандық қаржы-өнеркәсіп тобы құрылады да, екінші кезеңде оның құрамы достастық елдерінің кәсіпорындары мен қаржы-несие ниституттарын кіргізу арқылы кеңейеді. Мысалы,

Ресей мен Қазақстан арасында сауда-қаржы-өнеркәсіптік топ құру туралы шаралар жөніңдегі келісімге қол қойылды.

ТМД аумағында да сауда-қаржы-өнеркәсіп топтарын құру, бірлескен халықаралық концерндер уйымдастыру объективті мүмкін және қатысушы елдер үшін тиімді болар еді. Себебі, біріншіден, улттық экономикалардағы қаражат тапшылығы, екіншіден, трансұлттық корпорацияларды құру достастық елдері арасындағы өндірістің тарихи қалыптасқан кооперациясын сақтап, ТМД-дағы интеграциялық процестерді мейлінше дамытуға жол ашар еді.

ТМД елдерінің мемлекетаралық экономикалық комитеті «ТМД елдеріндегі трансұлттық корпорациялар туралы Конвенция» әзірледі. Бул Конвенцияның мақсаты ТМД елдерінде Трансұлттық өндірістік қурылымдарды қалыптастыруға дем беру, белсенді өнеркәсіп саясатын жүргізу, шетелдік инвестицияларды тарту т. б.

Өнеркәсібі дамыған елдердің және «жаңа индустриалды елдердің» Трансұлттық корпорациялары олардың экономикалық өрлеуінің негізі болып отыр. Біздің жағдайда да мундай құрылымдар қаржы және өнеркәсіп капиталдарының өзара әрекетін жоғары деңгейде қамтамасыз ететін, шаруашылық жургізудің неғұрлым тиімді жолы болар еді.

Қаржы-өнеркәсіп топтары, егер мемлекет тарапынан мақсатты түрде қолдау тапса, экономикалық өсудің экспортқа бейімделген объектісіне айналары даусыз. Олар болашақта Қазақстан ушін капиталды шетке шығарудың тұрақты көзі боларына сенім мол. Өз тауарларының бәсекеге қабілеттігі жағынан алда турған дүние жүзі елдерінің бірінші бестігіне Сингапур, Гонконг, Тайвань елдері кіреді. Бұл елдердің таңдап алған экономикалық стратегиясының негізгі бағыты ғылыми сыйымды өнімдер өндіруді тұрақтандыру болып отыр.

Жаңа индустриялды елдердің экономикалық жетістіктері, олардың дуниежүзілік шаруашылыққа мейлінше интеграциялаңуы бул елдердің тұрақты түрде экономикалық өсуінің сенімді кепілі. XXI ғасырда да бұл елдердің дүниежузілік экономикадағы бәсекелік күресте жаңа, жоғары нәтижелерге жете беруіне толық мүмкіндіктері бар.

Дүниежүзілік банктің болжамдары бойынша жақын он-жылдықтың ішінде экономикалық өсудің орташа қарқыны: Оңтүстік Азияда — 5,4%, Шығыс Азияда —7,7%, Латын Америкасында — 3,5% болмақ. Ал, жан басына шаққандағы табыстың өсімі Оңтустік Шығыс Азияда -6,6% болады деген есептеулер бар.

 

 

 

3-тарау. Қазақстан экономикасына «Жезқазғантүстіметалл» АҚ-ң ашылған кезіндегі пайдасы

 

“Жезқазғантүстіметалл” акционерлік қоғамы 1995 жылдың маусымында «Самсунг Дойчланд Гмбх» фирмасының басқаруына берілді. Бұл кезде акционерлік қоғам банкрот болудың алдында тұр еді, таукен және байыту-өндеу өндірістері қолжеткен қуаттың 70 проценті деңгейінде ғана жұмыс істеп тұрды, қарыздары 170 миллион доллар берешек болған.

Басқарушы фирманың акционерлік қоғам мамандарымен бірігіп жасаған өндірісті дағдарыстық жағдайдан шығару бағдарламасына сәйкес бөлген несиесі қысқа уақыт ішінде еңбекақы жөніндегі берешекті жабуға және бұдан былай оны тұрақты төлеп тұруға мүмкіндік берді. Келісілген кестеге сәйкес энергетиктер мен мемлекет алдындағы қарыздар қайтарылды.

Өндірісті тұрақтандыруға бірінші кезекте маңыз беріліп, алғашқы инвестиция таукен және байыту-өндеу жабықтарын жаңғыртуға бағытталады. Жоспарланған жұмыс көлемін неғұрлым аз шығынмен орындау мақсатында акционерлік қоғамның барлық бөлімшелері, кәсіпорындары шаруашылық есеп жағдайына көшірілді. Әйткенмен, 1995 жылы белгіленген өндірістік және экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізе алмадық. Жоспар бойынша 140 мың тонна шақпақталған мыс орнына 132 мың тонна ғана өндірдік, оның 110 мың тоннасы өз шикізатымыздан алынды. 1995 жылдың техникалық-экономикалық көрсеткіштері 62,3 және 94,5 процент аралығында болды.

2,2 миллиард теңге көлеміндегі нақты табысымыздың 600 миллион теңгеден астамы несиелеріміздің жедел төленуге тиісті бөлегін өтеуге, 400 миллионтеңгесі айып санкцияларын жабуға, қалғаны әлеуметтік сала нысандарын ұстауға, жәрдемақылар мен басқа шығындарға жұмсалды.

«Жезқазғантүстіметалл» акционерлік қоғамы «Самсунг» корпорациясының басқаруына берілгеннен бері бір жарым жыл етті. Бүгін Қазақстан Республикасы үкіметінің бұл шешімі дер кезінде қабылданғанына және ол өзін-өзі ақтағанына ешкім де шәк келтіре алмайды. Үкіметтің жекешелендіру саласындағы экономикалық саясатының негізі болған шетел қаржысын тарту ойының өміршеңдігін біздің акционерлік қоғамның 1996 жылғы жұмысы дәлелдеп шықты.

1995 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 1996 жылдың 11 айында кен өндіру 40,5 процент, мыф концентратын өндіру -29,3, қара мыс — 48,7 және катодты мыс 42,4 процент өсті. 24,8 миллиард теңгенің товарлары өнімі өткізілді. Бұл 1995 жылдың сәйкес мерзімімен 35,2 процент артық. Жүзеге асырылған шаралар арқасында бір тонна таза мыстың өзіндік құны азайтылды.

Жалпыға белгілі Жезқазған қаласының бюджетті «Жезқазғантүс-тіметалл» акционерлік қоғамынан түсетін салықтар есебінен қалыптасады. Акционерлік қоғамның 30 мың адамдық ұжымы еңбек ақыларын уақытында алып отырған, өндіріс қарқынын ұлғайтып, бюджетке түсер қаржы молайғандықтан дәрігерлер мен мұғалімден де еңбекақымен дер кезінде қамтамасыз етіліп, зейнеткерлер зейнетақыларын алуда. Ал, акционерлік қоғам еңбекшілерінің еңбекакысы өткен жылға қарағанда 10 процент өсіп, қазір орташа есеппен 12121 теңгеге жетіп отыр.

Акционерлік қоғамды басқаруға алғаннан бері «Самсунг» корпорациясы өндіріске 200 миллион доллар қаржы салды. Инвестиция бизнес-жоспарда көрсетілгенбасым бағыттарды қатаң ескере отырып бөлінуде. Оларға шикізат қорын дамыту, жұмысы тоқтаған қуаттардын орнын толтыру, таукен машиналары мен механизмдерін жаңғырту жатады. Бұл мақсаттарға жыл сайын 50 миллион доллар қаражат бөлу қарастырылған.

Басқарушы корпорациясының алғашқы инвестициялық жобасының бірі — 20 жылдан бері іске қосыла алмай келе жатқан Анненский кенішінің құрылысын аяқтауға 13,7 миллион доллар жұмсалды. Оның жылына 2 миллион тонна кен өндіретін бірінші кезегі 1996 жылдың басында пайдалануға берілді. Кеніштің екінші кезегінің құрылысы жүріпжатыр. Тағы 2 миллион тонналық бұл қуат 1997 жылы аяқталуға тиіс.

Қыруар қаржығатау-кентехникалары «ТОРО-501» жүк тиегіштері, «ТОРА-40Д» төңкермелі жүк машиналары, 42 және 120 тонналық «БелАЗ» ауыр салмақты жүк машиналары, «Параматик»және «Твин-Ринг» бұрғылау қондырғылары, тағы басқа техникалар сатып алынды. Бұл — акционерлік қоғам тарихында болмаған жаңа техникалар тегі. Бұрын 15 жыл ішінде, яғни, 1976 жылдан 1990 жылға дейін өздігінен жүретін тау-кен техникасын алуға 28 миллион доллар ғана жұмсалса, «Самсунг» бір жылдың ішінде осы мақсатқа 34 миллион доллар бөлді.

Келесі кезенде № 67 шахтаның екінші кезегін, № 73-75 және № 70 шахта құрылыстары жүргізіледі. Бұл шаралар кен өндіру көлемін жылына 24 миллион тонна деңгейінде ұстап отыруға мүмкіндік береді. Кен байыту және металлургиялық өңдеу кәсіпорындарын қолдауға және олардың негізгі жабдықтарын жаңартуға жыл сайын қаржы бөлу көзделген. 1995 жылы байыту фабрикаларының жүк тарту таспалары толығымен жаңартылды, ал 1996 жылы бірінші фабрика үшін ірілеп уататын жаңа диірмен сатып алынды. Мыс қорыту заводында екі жоғары температурада балқыту пеші қайта құрастырылды, айналмалы мыс құю машинасы жаңартылды, күкірт қышқалы өндірісінің екі технологиялық желісі күрделі жөндеуден өтті. 1997 жылы байыту фабрикасының өндірістік қалдықтарынтасуға арналған жаңа күлсору қондырғысы пайдалануға беріледі.

Таяу жылдар ішінде кен байыту мен металлургия кәсіпорындарын кезең-кезеңмен жаңа техникалармен жарақтандыру жұмыстары жүргізіледі. Сөйтіп, бұл кәсіпорындар жылына 24 миллион тонна кен тастарын өңдеуді және 200 мыңтоннатаза мыс шығаруды қамтамасыз етуге тиіс. Акционерлік қоғамның осы жобалық қуатында жұмыс істеуіне жету — бүгінгі өмір талабы.

Дегенмен, акционерлік қоғамның басқармасы мен басқарушы фирма өз бағдарламасына күнділікті жағдайға қарай өзгерістер енгізуге мәжбұр болып отыр. 1995 жылдың маусымынан кейін жүргізілген аудиторлық тексерістер нәтижесінде акционерлік қоғамның бұрын жарияланбаған көлемді қарыздары бары анықталды. Осының нәтижесінде акционерлік қоғамды «Самсунг Дойчланд Гмбх» фирмасының сырттай басқарына беруге тура келді.

Акционерлік қоғам кәсіпорындарының жұмысына басқа да себептер теріс ықпал етуде. Мәселен, мыстың әлемдік бағасының күрт төмендеуі жылу мен электр қауты құнының өскені. 1996 жыл ішінде біздің кәсіпорындарға электр қуатын беруді ұзақ уақыттарға шектеудің нәтижесінде едәуір көлемде өнімдер шығара алмай қалдық, яғни, жыл басынан бері 2,5 милпиард теңгенің өнімі өндірілмеді.

1996 жылы 190 мың тонна мыс өндіріп, оған жұмсалған шығынды барынша азайту біздің басты міндетіміз болды. Сонда ғана біз кәсіпорындарымыздың қуатын төмендетпей, жылды табысты аяқтауға тиіс едік. Бүкіл еңбек ұжымының жағдайы ойдағыдай болуына да мұның әсері мол болатын. Ол мақсатымызға жеттік.

Осы уақыт ішінде акционерлік қоғам басқармасы басқарушы фирмамен бірлесе отырып, біраз өмірлік маңызды мәселелерді шешті. Жезқазған жылу электр орталығын жекешелендіруге қатысып, өз қарамағымызға сатып алдықжәне № 2 Қарағанды су электр станциясы иегерлерінің біріне айналдық. Аздаған ғана уақытты  Жезқазған жылу-электр орталығының материалдық жағдайын нығайтып, оның қорын жасау үшін қаражат бөлінді. Соның арқасында 70 мегаватпен ғана істеуге мәжбүр болып қалған станция қуаты 400 мегаватқа жетті.

«Электросетьпроект» жобалау институтына жаңадан құрылған Орта Азия біріккен энергия жүйесінің біздін қуат көздерімен бір мезгілдегі тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін жоба жасауы үшін 500 мың доллар аудардық. Соның арқасында тұтас бір аймақты электр куатымен жабдықтаудың өткір  мәселесі шешілгелі тұр.

Қазір 2004 жыл «Жезқазғантүстіметалл» акционерлік қоғамы Жезқазған өндірістік аймағын электр қуатымен жабдықтайтын және оны өндіретін бірден бір тұлға болып отыр. Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының тұрғындары мен кәсіпорындарының электр қуатын ешқандай шектеусіз алып отырғаны осы акционерлік қоғам мен облыс басшыларының, басқарушы фирманың еңбегі екенін ашып айтуымыз керек.

Бірақ, қазіргі уақытта Жезқазған қаласының тұрғындары мен бюджеттік мекемелері «Жезқазғантүстіметалл» акционерлік қоғамына электр қуатын пайдаланғаны үшін 200 миллион теңге берешек болып отырғанын айтпасқа болмайды. Ал, акционерлік қоғамның әлеуметтік және өндірістік қажеттеріне бұл қаржы ауадай қажет. Нарықтық қатынас кезінде мұндай жағдайға төзуге мүмкіндік жоқ. Егер «Горэлектросеть» кәсіпорны бұл пайдаланылған қуат құнын төлемесе, кез-келген өркениетті елдердегідей, электр желісінен ажыратылады.

Сөз орайы келген соң айта кетейін, 1995 жылы Жазқазған және Сәтбаев қалаларында 127 шақырым жылу жүйесінің, 37,5 шақырым ауыз су желісінің трубалары ауыстырылып, күрделі жөндеуден өтті. Осы жұмыстарға 14 миллион доллар жұмсалды. Ол бұрынғы жылдарға қарағанда 2,5 өсе көп екен. 1996 жылдың 1 қыркүйесіне дейін 61,9 шақырым жылу, 15,6 шақырым ауыз су желілері жөнделді. Осы инженерлік желілерді жөндеуге қажет материалдарды алу үшін ғана жоспарлы түрде 3 миллион доллар бөлінді.

Акционерлік қоғамның әлеуметтік саласын ұстауға 1995 жылы 1 миллиард теңге жұмсалса, 1996 жыл ішінде 632 миллион теңге жаратылды. Экономикалық қиындықтарға қарамастан, барлық күрделі құрылысты тоқтатсақта, бұрынқұрылысы басталған тұрғын үйлердің жұмыстарын аяқтағалы отырмыз. Бұдан былай дайын үйлерді сатып алуға көбірек көңіл бөлеміз.

Бұл айтылғандар қаусап қалған шаруашылықты қалыпқа келтіру жолында атқарылған жұмыстар ғана. Инвестиция тиімділігі акционерлік қоғам кәсіпорындары өз қуатында жұмыс істеген кезде бұдан да айқын байқалады деп ойлайм ын.

Әлбетте, барлықауыртпашылық пен дағдарыс жоғарғы жақтан дегенненаулақпыз. Тіпті қазақга зеттері «тек жылай береді» дегенді деестіп жүрміз. Алайда, бәрінеде таразы — ақиқат, шындық, бүгінгі күннің халжайы.

Енді, нақты фактілерге жүгінсек, 1987 жылдың деңгейінде КСРО-да ішкі жалпы өнім АҚШ-тағыдан үш есе кем болатын. Ал жан басына шаққанда — төрт есе кем. Яғни біздің өмір сүру деңгейіміз сол кездің өзінде АҚШ-тағыдан осыншама төмен болатын.

Ал қазір ше?

Біз оқырман қауымның зердесіне цифрларды көптықпаламау үшін жай салыстыруға негізгі көрсеткіштерді келтірейік. Әрі қарай өздері-ақ пайымдай берер. Адымен жан басына шаққанда орташа кіріс ішкі жалпы өнім деп алайык та, салыстыру үшін АҚШ-пен қоса Ресейді де кіргізейік.

1996 жылдың аяқ шеніндегі АҚШ-та жан басына шаққанда орташа кіріс 2100 доллар болған, Ресейде — 143 доллар, ал Қазақстанда — 35 доллар. Осыдан-ақ біздің тұрғындардың өмір сүру деңгейін Ресейдіктен төрт есе төмен екені белгілі болады. Ал АҚШ-тың өмір сүру деңгейінен 60 есе кембіз! Мұның үстіне Ресейге қарағанда біздің отбасылардағы орташа адам құрамы жоғары, сондай-ақ жәрдем ақының анағұрлым кем екенін ескерсек, халімізді бажайлай беріңіз. Сонымен бірге ең төменгі зейнетақымыз 8 АҚШ доллары болса, Ресейде — 43 доллар.

Жоғарыдағы цифрларды бетке ұстасақ, Ресейдің тұрмысы АҚШ-қа қарағанда 15 есе кем, біз 60 есе төменбіз. Тіпті Ресейге қарағанда 4 есе нашар тұрамыз!

Бұл — бұлтартпайтын цифрлар. Ал нақты цифрда сиқыр жоқ екені үкіметке де, халыққа да бесенеден белгілі.

Өркениетті ел болу үшін әлбетте қоғамымыз барлық жағынан сауықтыруылға тиіс. Соның ішінде ең бастысы — экономика. Бірақ экономика деп еліміздің болашағын айқындайтын ғылым, білім, өнерді қалдырмауымыз керек. Бұл — аксиома. Осы аксиоманы үкіметтің мансұқ еткені — жеке әңгіме.

Енді бастаған әңгімемізге оралайық. Өткен жылы экономикалық реформа тереңдету жөнінде Үкіметіміз үш жылға бағдарлама ұсынып, соны іске асырып жатқан жайы бар. Ауызды қу шөппен сүртуге болмас, үстіміздегі жылы егер бәрі шындыққа сайса, біраз іс тындырылыпты. Атап айтқанда, қаржы жүйесі одан әрі тұрақтаныпты, ұлттық валюта нығайтылып және өндірісті өркендетуге керекті жағдайлар жасалыныпты.

Бірақ мұның бәрі тұралаған экономикамызға қарлығаштың канатымен су сепкеніндей болса да дәрменіжоқ. Әлі күнге дейін экономиканың жай-күйін объективті түрде саралау, дұрыс болжам жасай алмай келеміз. Бюджетті жаңадан жасақтаған кезде, Үкімет мына нәрсені алға тартып отыр: ішкі жалпы өнім бұрнағы жылмен салыстырғанда 1,5-5 процентке өседі дейді, инфляция қарқыны 17,5-18 процентке дейін кемиді, ал АҚШ долларына қарағанда теңге бағамы бір доллар үшін 76 деңгейінде болуға тиіс, сондай-ақ бюджет тапшылығы да азаюы кәдік. Енді бюджет ақшаларын тек өндірушілерді қолдауға жұмсауымыз керек, инвестицияларды басты-басты технологиялық, ұлттық өркендеу мақсаттарына бағыттауымыз — парыз. Байдың балалары ұрлықпен тапқан көліктерінде шайқақтап, желдей өсіп, халықтың маңдай тер ақшасымен салып алған үйлерінде сайрандатып қоюды тежеу қажет. Біз мұны қызғанғаннан айтып отырғанымыз жоқ. Әгәрки, табан ақы, маңдай терімен байлығын жинаса, ешкім де қарсы емес. Бірақта ел-жұртты ашындыратыны — байшігештердің еңбек өтпей-ак тез арада капиталдануы. Бұған тікелей Үкімет кінәлі, өйткені кезінде елдің бәріне бірдей старттық мүмкіндіктер бермеді. Сөйтіп қолының ұзындығын, үкіметтің бейжай самарқаулығы мен парақорлығын пайдаланған қулар құрыққа сырық жалғап аяқ астынан қоңдана қалды. Алхалықтың көп бөлігі (75-78 процент) кедейшілік, тіпті біразы қайыршылық халге түсіп кетті.

Мынаны түсінген абзал: біз баяғы темір құрсау заманды көксеп отырғанымыз жоқ, бірақ судың да сұрауы бар дегендей қаншама табиғи және материалдың игіліктеріміз талан-тараж боп кетті. Соның артынан түсіп, жоқтайтын ел бар ма, жоғарғы жақ не қарап отыр деген көкей тесті сауал.

Республикадағы шағын және орташа бизнесті көтеру сын көтермейді. Сапырылысқан коммерция арзанқол тауарлармен тоғытып, елдің еңсесін түсіріп жіберді. Ал өзіміз шығарған бірде бір өніміміз жоқ. Биыл осынау салаға 49,5 млрд теңге бөлініп отыр. Әй, қайдам, тағы қолды болып кете ме деген қауіп жоқ емес. Шын кәсіппен, өз өнерін салайын деген адамдарғажолжоқ. Олардың бизнес-жоспарлары да айлап сарғайып жатқаны. Орта жолдан кіріскен алаяқтар бұрынғы едәуір қаржы мен несиені қағып кетіп, айналдырып, шетел асырып, ит рәсуасын шығарды. Ал шынайы кәсіпкер болам деген ауылдың да, қаланың да атпал азаматтары шөміштен қағылуда.

 

қорытынды

 

Сонымен, трансұлттық корпорациялар дегеніміз — шетелде активтері (құнды заттары) бар улттық монополиялар. Олардың өндірістік және сауда-өткізу қызметтері ұлттық шекарадан тыс елдерде уйымдастырылады.

Трансұлттық корпорациялардың шаруашылық жүргізу құқықтары шетелдерде филиалдар, енпгілес компаниялар ұйымдастыру және іскерлік белсенділікті күшейту арқылы жүзеге асады. Еншілес компаниялар (дочерние компании) өндірістік және дайын өнімді өткізу, ғылыми-зерттеу жұмыстары, тұтынушыларға қызмет көрсету мәселелерінде дербес шешімдер қабылдайды. Тұтас алғанда олар біріктірілген ірі өндірістік-өткізу кешендері. Оларда бар акционерлік капиталга менпгік құқығы құрылтайшы елдің өкілдеріне ғана тарайды. Сонымен бірге филиалдар мен сыбағалас компаниялар жергілікті капиталдың басым қатысуымен аралас кәсіпорындар құруы да мүмкін.

Көп ұлтты корпорациялар дегеніміз — өндірістік және ғылыми-техникалық негізде бірқатар мемлекеттердің ұлттық компанияларын біріктіруші халықаралық корпорациялар. Мұндай компаниялардың қатарына, мысалы, ағылшын-голланд концерні «РОЯЛ-ДАТЧ ШЕЛЛ», машина жасау мен электрондық инженерлікке маманданған Швейцария-Швед компаниясы «АВВ» т. с. с. жатады. Еуропадағы көп ұлттық корпорациялар қатарына ағылшы-голланд концерні «Юнилевер» де кіреді.

Халықаралық құқық бойынша көпулттық корпорациялардың айрықша белгілеріне: 1) көпұлттық акционерлік капиталдың бар болуы; 2) көпұлттық басқару орталығының жұмыс істеуі; 3) шетел филиалдары әкімшілігіне жергілікті мамандардың тартылуы жатады.

Сөз соңымен айтарымыз: қаржы мен материалдық игіліктерімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, оларды келешек ұрпағымызға шашпай-төкпей жеткізуіміз қазіргі буынның, азаматтың борышы. «Алашағым кетсе де, айташағым кетпесін» дегендей, заман жүгін лайықпен көтеруге дайын болуымыз шарт. Ал енді өркениетті қоғам құру, оны нарықтық экономикаға сай ету осылай екен деп оңды-солды шашыла берсек, бізді ұрпағымыз кешірмейтіні хақ.

Бұл тарапта шетелдіктерге су тегін кетіп жатқан үлкен өндіріс орындары да бізді мазалайтыны рас. Аса ірі өндіріс ошақтарын қаз қалпына келтіріп, қаржылай сауықтыру үшін Медетші банкісі биыл 9 миллиард 300 млн теңге бөліп отыр. Аз ба, көп пе, уақыт көрсетер. Бірақ осының бәрі ақша ғой. Ал ақшаны ұсынықтап ұстаған абзал. Осы ретте жекешелендіру де науқаншылық, антиұжымдастыру секілді құбылысты көрсетіп жүргені жасырын емес. Елдегі әкімдер жердің шұрайлысын, техниканың сайлысын, малдың майлысын өзінің жақындарына таратып жіберіп, миығынан күліп отырғанын бәріміз білеміз. Біз кезінде әкімдерді сайлау керек немесе олар жарты жылда, тоқсан сайын халық алдында есеп берсін деп едік, оған Үкімет құлақ аспады. Себебі Үкімет халықтан да көп біледі, ондаөте «білімпаз», «әмбе-баптар» жиналған. Енді келіп қай жерге барсақ та, ел-жүрттың тұралап жатқаны. Әй дейтің әке жоқ, қой дейтін қожа жоқ, «қолыңнан келсе қонышыңнан бас» деген принциппен әулекіленген шолақ белсенділер мен басшылар халықты сүліктей сорып, XX ғасырдың аяғында қазақтың туу санын кемітіп, өлім санын өршітуге әкеп соқтырып отыр. Алайда, олар халық қарғысы мен құдайдың қысасы жібермейтініне әлі көздері жеткен жоқ, өйткені көздерін шел қаптап кеткен!

Бұған дәлел — Президенттің «Болашақ» стипендиясын бишігештердің дарынсыз балаларын әлдеріне қарамай шетелде оқытып, халықтын қаржысын талан-тараждап, мемлекет беделіне нұқсан келтіруі. Олардың әрбір баласына — 91 мың доллар кетеді! Бұл не деген сұмдық?! Осынау 100 мыңға жуық АҚШ долларымен бір аймақты несиелендіріп, әрі қарай күйлендіріп, аяғынан тік тұрғызып жіберуге болады. Салғастырсақ, Малайзия 200 мың баласын шетелде окытыпты. Ал біздің 200-дей баламыздың тірлігі мынау. Сондықтан жаңағы «аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін» деген байшыгеш мерездерді қылмыскер ретінде халық алдында жауапқа тарту керек. Осыған қоса бұрынғы былыққандар су жағасына шығарылса кұба-кұп болады. Сонда ғана елдің еңсесі көтеріліп, жасампаз еңбекке, әділетті қоғамда өмір сүруге құлшыныс туындар еді.

Әрине, нарықтың алмағы да, салмағы да бар. Бірақ салмағы осы екен деп халықты жаншып езе бергеннен ел билеу тұтқасындағылардың езуі жайыла бермес.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Закон Республики Казахстан «О государственной поддержке прямых инвестиций», — апрель 1998.
  2. Дернберг Р.Л. Международное налогообложение. — М.: ЮНИТИ, 1997.
  3. Авдашева С.Б., Розанова Н.М. «Крупное производсво – тенденции развития» Теория организации отраслевых рынков. Журнал Аль-Пари № 4,2000 год
  4. Алыбаев С.А. «Перспективы интеграции Казахстана в мировую эко­номику».
  5. Аналитический журнал “Континент” № 4 (42) 28 февраля 2001 г.
  6. Баяхметова А.Т. “Конкурентоспособность ФПГ на мировом рынке” А.1996 г.
  7. Василенко А., Разуваев В. Нефть и международные отношения. 1998 г.
  8. Губанов А. “Мобил расширяет свое присутствие в Казахстане”. Казахстанская правда 1996 г. 4 мая
  9. “Мировая экономика”. Учебник. Под. ред. Док. экономических наук проф. А.С. Булатова. М.: Юрист. 1999 г.
  10. “Интернациональные процессы в странах СНГ” под ред. Рязанова СПб, М. 1996 г.
  11. Международные экономические отношения / Учебник под ред. Трофимова А. Алматы: 2002
  12. Нургалиев Н.А. «Проблема крупного производства в Казахстане». Газета «Панорама» № 62 2001 год.
  13. Шимаи М. Государство и транснациональные компании // Проблемы теории и практики управления. — 1999. — № 4. — С. 54.

[1] Тукаев А. Анализ развития малого бизнеса в Казахстане. // АльПари. — 1998. — №2. — с. 69-74.