Бюджеттің орындалуындағы қазынашылықтың рөлі
Тақырыбы: Бюджеттің орындалуындағы қазынашылықтың рөлі
Жоспар
Кіріспе………………………………………………………………………………………………….3
1 Қазақстан Республикасындағы Қазынашылықтың мәні, негізгі міндеттері мен функциялары…………………………..5
1.1 Қазақстан Республикасындағы Қазынашылық жүйенің құрылуы мен дамуы……………………………………………………………………………………………………..5
1.2 Қазынашылықтың міндеттері мен функциялары………………………………..8
2 Республикалық және жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуына Қазынашылық бақылаудың қазіргі жүйесін талдау ………………………………………………………………16
2.1 Түсімдер бойынша ҚР-ң республикалық және жергілікті бюджеттерінің кассалық орындалуы……………………………………………………………………………..16
2.2 Шығындар бойынша ҚР-ң республикалық және жергілікті бюджеттерінің кассалық орындалуы………………………………………………………21
- Бюджеттің орындалуындағы Қазынашылықтың ролі мен қазіргі кезеңдегі Қазынашылық жүйенің даму БАҒЫТТАРЫ ……………………………………………………………………………………….27
Қорытынды………………………………………………………………………………………34
Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………………………….36
Кіріспе
Мемлекетіміздің стратегиялық мақсаттарына жету үшін шексіз ресурстарды қолдану мен шоғырландыруды талап ететін жеті ұзақ мерзімді басымдылықты орындау керек. Ал ол өз кезегінде барлық қаржылық жүйенің әрі қарайғы реформалануын қарастырады. Бұл жағдайда үлкен жауапкершілік пен міндет Қазынашылыққа жүктеледі және оның негізгісі бюджеттік құралдарды рационалды шығындау болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында негізгі мәселенің бірі болып мемлекеттің қаржылық ресурстарын кешендік басқару табылады. Бұл мәселені шешуге жаңа қабылданған «Бюджеттік жүйе туралы» Заң көмектеседі. Онда қаржылық ресурстарды басқарудың негізгі ережелері мен заңдық тәртіпте мемлекеттің консалидирленген қаржылық балансының мәні мен мағынасы және ролі анықталған. Қазіргі уақытта республикамызда бюджетті құру мен орындау механизмдерінің жаңа даму жолдары қарастырылуды. Бюджеттің құрылуы мен орындалуының негізгі кезеңдерін кешенді түрде қарастыру мыналарға мүмкіндік береді:
Біріншіден, бюджеттік жоспарлау механизмін кешенді талдап, оның орындалуына бақылау орнатуға жағдай жасайды. Екіншіден, бюджетті құру мен орындау бойынша экономикалық шаралардың байланысы мен кезектілігін анықтайды. Үшіншіден, республика экономикасын басқарудағы болып жатқан өзгерістерді ескере отырып, қаржылық жүйенің қызмет ету механизмінің жаңа даму бағыттары мен негізгі принциптерін жасайды. Қаржылық жүйенің алдына қойылған мәселелерді шешу үшін қаржылық саясат пен оның құрамдас бөліктерінің орындалуы механизмінің мәні мен мақсаттарын түсінуге нақты және терең тұрғыдан қараған жөн.
1994 жылғы Қазынашылық жүйенің құрылуы Қазақстан Республикасының бюджет құрылымының дамуындағы өте маңызды қадам болды. Қазынашылықтың негізгі міндеті республикалық бюджеттің орындалуына, мемлекеттік бюджеттің есептік-кассалық қамтамасыз етілуіне, мемлекеттік бюджеттің құралдарының тиімді және мақсатты шығындалуына бақылау жасау болып табылады. Қазынашылық органдарының алдына қойылған мәселелерді орындаудағы нақты және үзіліссіз жұмысының арқасында жалпы экономиканың қаржылық сауығуы (бюджеттік тапшылықты төмендету, бюджетті орындау барысындағы кірістер мен шығыстарды баланстау мүмкіндігі) жүзеге асырылады. Ал мемлекетіміздің глобальді мақсаттарына жетуі барлық қазақстандықтардың жағдайын жақсартатыны сөзсіз.
Осы курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесіндегі Қазынашылықтың қызметін зерттеп, оның бюджетті орындаудағы ролін қарастыру болып табылады.
Осы мақсатқа сәйкес жұмыста келесі мәселелер қарастырылған:
- Қазынашылықты құрудағы оның мәні мен негізгі міндеттерін анықтау;
- Қазынашылық қызметімен орындалатын функцияларды қарастыру;
- республикалық және жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуына Қазынашылық бақылау жүргізу жүйесіне талдау жасау;
- бюджеттің орындалуындағы Қазынашылықтың ролін ашып, оның қазіргі даму перспективаларын көрсету.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде Қарағанды облысының Қазынашылық басқарылымы алынды.
Курстық жұмыстың жазылуына теориялық және әдістемелік негіз ретінде отандық қаржыгерлер мен экономистердің еңбектері, ҚР-ң заңдық және нормативтік актілері, ҚР-ң Қаржы Министрлігінің және Қазынашылық комитетенің нұсқаулық материалдары, сонымен қатар мерзімді басылымдардың мақалалары қолданылды.
1 Қазақстан Республикасындағы Қазынашылықтың мәні, негізгі міндеттері мен функциялары
1.1 Қазақстан Республикасындағы Қазынашылық жүйенің құрылуы мен дамуы
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазынаға ерекше көңіл бөле бастады. 1994 жылы үкімет Қаржы Министрлігінің қызметін белгілеп, яғни Қаржы Министрлігі бюджеттік қорларды анықтап қашан, кімге, қанша ақша керек, кімді қаржыландыру керек, шексіз ресурстарды қалай тиімді пайдалану керектігін беліглеумен болды. 1994 жылғы Президент Н.Ә.Назарбаев жарғысында Қаржы Министрлігімен құрылған Қазынашылық жүйе калыптасты. Бірінші этапта Қазақстан Республикасыньщ Халықтық банкінің есеп айырысу кассалық орталығы бар жерде аймақтар қазынасын территориялық басқарумен басталды.
Қазақстан Республикасының қазына жүйесі бас кезінде пассив, яғни екінші роль атқарды. Сол кезде олар халықтык банкінің есеп айырылысу орталығымен параллельді, яғни республикалық бюджеттің кірісімен республикалық және жергілікті бөлімшесін бақылады.
Салықтық есеп және кірістердің кассалық кірістер есебі, кірістерді бөлу, яғни бюджеттің жағдайына байланысты және кассалық республикалык бюджеттің кассалық жұмысының орындалуын халықтық банкінің жұмысына қалдырды.
1995 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазынашылық орган өзіне республикалық бюджеттің құрамы банктік операциялар бақылауындағы ұйымдастырушылық қызметті алды.
1995 жылдың қазанындағы Қазақстан Республикасының Президентінің жарғысына сәйкес Халықтық банкінің есеп айырысу кассалық орталығы Қаржы Министрлігінің казынасына берілді. Осы негізде 1996 жылы 6 маусымда Қазақстан Республикасының Халықтык банкінде жеке қазыналық шот ашылды.
1996 жылдың қыркүйегі мен 1997 жылдың желтоқсанында Қазынашылық орган бюджеттік мекемедегі ақшалай шот арқылы есеп айырысу операцияларына бақылау жасады. 1995 жылдың аяғында орталык казынада валюталық операцияларға есеп беру және мемлекеттік бағалы қағаздар мен мемлекеттік қарыздар туралы бөлім ұйымдастырылды.
Облыстық, қалалық Қазынашылық басқару органы әр күн сайын мемлекеттік бюджетке түсетін кірістер мен шығатын шығыстар туралы есепті, Қазақстан Республикасының Халықтық банкіндегі жеке шоттың мәліметтерін бақылап отырды.
Әр айдың бірінші күнінен бастап облыстық Қазынашылық басқару органы қазыналық Департаментке айлық шығыстардың есебі мен жыл басындағы бюджеттік класификацияның әрбір жаңа кодтарын беріп отырады. Негізгі міндеті — бюджеттік дисциплиналарды нығайту, ведомстваларды, қазыналық құжаттарды үйымдастыру, шығару мен кіргізумен байланысты және де қазыналық ресурстарды үкіметтің пайдалануын қадағалап отыру.
1997 жылдың қаңтарынан бастап қазына қызметі әр ай сайын министрліктер мен ведомстволарға кассалық шығындар мен операциялық шешімдер қабылдағаны туралы хабарлап отырады.
1997 жылдың 4 тамыздағы ҚР-ң Үкіметінің қаулысымен бюджеттік мекемелер стипендияларды, еңбекақыны және басқа да каржылық төлемдерді жеке шоттар арқылы немесе пластикалық карта негізінде беру бекітілді.
Кейіннен облыстық Қазынашылық құрылымына келесі бөлімдер: операциялық, каржылық төлемдер мен баланстарды реттеу және бақылау, қолма-қол алуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету, валюталык операциялар, ақпараттық-есептеу жұмысы, жүйелік қамтамасыз ету және аймақтық қазыналық органдардың жұмысын бақылау. 1998 жылдың қазанынан бастап Қаржы Министрлігінің қаржыларды бақылау комитеті қазыналық органға келесідей негізгі қаржылық бақылау функцияларын белгіледі:
- Министрліктің каржы-шаруашылық кызметі, мемлекеттік комитеттер, ведомствалар мекемелер;
- Мемлекеттік және мемлекетгік емес займдардың қолданылуы.
Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Осы жоғарыда қарастырылған мәліметтердің барлығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 казанындағы №1129 қаулысымен бекітілген, және де Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық комитетінің құрылымын төмендегідей бекітеді:
- басшылық;
- жиынтық қаржылық жоспар басқармасы;
- республикалық бюджеттің шығыстарын қаржыландыру басқармасы;
- түсімдерді есепке алу басқармасы;
- төлем операциялары басқармасы;
- қолма-қол ақша, шоттарды талдау және салыстыру басқармасы;
- несие беру басқармасы;
- мемлекеттік борышқа қаржылық қызмет көрсету басқармасы;
- мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингі және оны қайтару басқармасы;
- жиынтық есеп беру және бас кітап басқармасы;
- бюджеттік есепке алуды ұйымдастыру басқармасы;
- Қазынашылық жүйесін сүйемелдеу басқармасы;
- бағдарламалық-технологиялық құралдарды сүйемелдеу басқармасы;
- ұйымдастыру және кадр жұмысы басқармасы;
- ішкі бақылау басқармасы.
Комитеттің төмендегідей әрекет етулеріне толық құқықтары бар:
- Мемлекеттік мекемелерден республикалык және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ұйымдастыру үшін қажетті ақпарат пен мәліметтер алуға, ал олар уақтылы ұсынылмаған жағдайда бухгалтерлік есеп беруді сұрауға;
- Теңгеде және шетел валютасында бірыңғай Қазынашылық шоты мен банктік шоттарының болуына;
- Тиісті қаржы жылына арналған жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру және оларға өзгерістер енгізу кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілкітері ұсынатын есептемелердің негізділігін тексеруге;
- Қарлжы тәртібінің сақталуына және мемлекет қаражатының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуына бағытталған ұсыныстарды енгізуге;
- Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есеп беруінде жолсыздықтар анықталған жағдайда әкімшілік құқык бұзушылық туралы хаттамалар жасауға және оларды қаржылық бақылау органдарына қарауға жіберуге;
- өз құзыретінің шегінде бюджеттік және бухгалтерлік есеп, бюджет жүйесіндегі есеп беру және Қазынашылық органдарындағы ішкі аудит, есеп операцияларын жүргізу мәселелері бойынша бұйрықтар қабылдауға және олардың атқарылуын бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ нормативтік құқыктық кесімдердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
- халықаралық шарттардың, келісім шарттардың, және келісімдердің жобаларын дайындауға қатысуға;
- инвестициялық жобаларды іске асыруға жауапты министрліктерден үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатының түсуі (игерілуі) және жүмсалуы туралы есептерді сұратуға және алуға;
- Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу кезінде бюджеттік кредит беруді жүзеге асыру үшін қажетті барлық ақпаратты қаржы агенттерінен, қарыз алушылардан, мемлекеттік органдардан алуға;
- Комитет органдарының қызметін тексеруді жүзеге асыруға, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізуге;
- Шет елдердің Қазынашылық жүмыс тәжірибесінің практикалық пайдалануы жөнінде ұсыныстар әзірлеуге;
- Тек қана мемлекеттік бюджеттің қаражатына қатысты және оның есебінен олардың жүзеге асырылуын үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, ұлттық және шетелдік валютада мынадай банктік операцияларды;
- Заңды тұлғалардың депозиттерін кабылдауды, банктік шоттарын ашуды және жүргізуді;
- Аударым операцияларын: заңды түлғалардың ақшаны аудару жөніндегі тапсырмаларын орындауды;
- Есеп операциялары: заңды тұлғалардың вексельдерін және өзге де борыштық міндеттемелерін есепке алуды (дисконт);
- Қарыз операциялары: ақшалай нысанда кредиттер беруді;
- Аккредитивті ашуды (көрсетуді) және растауды әрі олар бойынша міндеттемелерді орындауды жүзеге асыруға құқықтары бар. Комитеттің мүлкі жөнінде төмендегідей ережелер бекітілген:
- Комитеттің жедел басқару қүқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
- Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
- Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік жүргізуге қүқығы жок.
Қазақстан Республикасындағы Қазынашылық жүйенің құрылуы ең басты міндет ретінде және қаржыны тиімді басқарудың маңызды шарты ретінде қарастырылды. Бірінші кезекте Қазынашылықтың облыстық басқармашылығы барлық аудандарда құрылды.
1.2 Қазынашылықтың міндеттері мен функциялары
Облыстар мен қалалар бойынша Қазынашылық Департаменттері Қазақстан Республикасының Қаржы Минимтсрлігінің Қазынашылық Комитетінің территориялық бөлімдері болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттің орындалуын қамтамасыз етумен, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуындағы оперуцияларды есептеуді қамтамасыз етумен және ашық шоттар бойынша мемлекеттік мекемелердің операцияларын жүргізумен айналысады.
Өз қызметтерін Департаменттер Қазақстан Республикасының Заңына, Конституциясына, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Президентінің актілеріне, бұйрықтарына және басқа да нормативтік актілерге, сонымен қатар қазіргі уақыттағы Типтік ережелер негізіндегі жасалып бектіліген Ережелерге сүйене отырып жүргізеді.
Департамент өзінің қазақша және орыс тілдеріндегі есімі, штампы және мөрі бар заңды тұлға және ұйымдық-құқықтық негізде құрылған мемлекеттік мекеме болып табылады.
Өз құрылымында территориялық бөлімдер – аудандық, қалалық және қалалардағы қазынашылықтың тікелей бағынушылықтағы аудандық бөлімдерден тұрады. Олар да қазақша және орыс тілдеріндегі есімі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджет құралдарынан қамтамасыз етілетін банктегі шоттардағы ақшалай қаражаттары, штампы және мөрі бар заңды тұлға және ұйымдық-құқықтық негізде құрылған мемлекеттік мекеме болып табылады.
Қызмет ету барысында Департамент мемлекеттік бюджетке түсімдер, олардың жергілікті бюджет деңгейлері арасында бөлінуі, жергілікті бюджеттердің шоттары, мемлекеттік мекемелердің шоттары және республикалық және жергілікті бюджеттер арқылы қаржыландырылатын аударым операциялары мен олардың есебі бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар мен қарым қатынас жасайды.
Департамент туралы Ереже мен Департаменттің штаттық кестесі Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің қазынашылық Комитетінің төрағасы мен жүзеге асырылады. Департаменттің штаттық санының лимиті Қаржы Министрлігінің қазынашылық Комитетімен бекітіледі.
Департамент қызметі республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Департамент кәсіпкерлік субъектілерімен өзі қызмет атқаратын құралдарына келісім жасауға құқығы жоқ. Табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру барысындағы табыстар республикалық бюджеттің табыстарын жатқызылады.
Департаменттің негізгі міндеттері келесілер болапы табылады:
- республикалық бюджеттің орындалуы мен жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуын ұйымдастыру мен бақылау;
- бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын орындау бойынша операциялар есебін қамтамасыз ету;
- жергілікті уәкілетті және атқарушы органдарымен бірдей нормативтік-құқықтық базамен қамтамасыз етілетін,бюджеттік түсімдерді қайта бөлу арқылы қатынасқа түсуге негізделетін барлық бюджет деңгейлері арасындағы толықтықты, реалистікті, транспаренттілікті, жауапкершілікті нақтылықты, бірліктілік принциптерін орындау арқылы жұмыс істеу;
- мемлекеттік бюджетті орындауды қамтамасыз ету бойынша алдын-ала және ағымдық бақылауды қамтамасыз ету;
- қазынашылық орган жүйесіндегі ішкі бақылау мен бюджеттік жүйесіндегі бухгалтерлік есеп пен есеп беруді дамыту;
- ақпараттық қауіпсіздік саласында нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес қызмет етуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;
- Қазынашылық жүйенің ақпараттық интеграцияланған қызметін қамтамасыз ету.
Департамент тағайындалған заңдылық бойынша келесі қызметтерді орындайды:
- мемлекеттік бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік бюджет құралдарынан қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелердің қаржыландырылу жоспарларына, жергілікті бюджеттер бойыншабюджеттік бағдарлама әкімшіліктерін қаржыландыру жоспарларына, мемлекеттік мекемелердің кірістері мен шығыстарын қаржыландыру жоспарларына, өзгерістер енгізу;
- республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшіліктеріне рұқсаттар енгізу;
- республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттерін тіркеуді жүзеге асыру;
- республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің төлеуге шоттарын бекіту, өзгерту, сақтау;
- республикалық және жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелердің шоттарына,валюталық шоттарға, жергілікті бюджеттер бойынша қолма-қол шоттарға бақылау шоттарын енгізу;
- республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын және мемлекеттік мемкемемен жүргізілетін валюталық операцияларға валюталық бақылау жасау, сатып алуға, сатуға, шетел валютасын ауыстыруға өтініштер құрау;
- экспорттық-импорттық валюталық бақылау бойынша есеп беруді ұйымдастыру;
- табыстар бойынша бюджеттік жіктеме кодтары арасындағы және салық органдары арасындағы ауыстырулармен байланысты операцияларды жүргізу,дұрыс есептелмеген салық пен басқа да бюджетке төлемдер сомаларын қаутару мен есептеу бойынша төлеуге шоттарды бекіту, өзгерту, сақтау;
- республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің тапсырысы бойынша тауар, қызмет, жұмыстарды орындау бойынша жабдықтаушыларға анықтама енгізу;
- республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын кассалық шығындар мен бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын есептеуді, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатыншоттар бойынша, ақылы қызметтер бойынша, демеушілік көмек бойынша, депозиттік құралдар бойынша есептеуді жүзеге асыру;
- активтер қозғалысы мен қолма-қол ақшаның есебін жүргізу;
- республикалық бюджетте бекітілген сома көлемінде Астана,Алматы қалаларынан, облыс бюджеттерінен республикалық бюджетке алынымдарды есептеуді қамтамасыз ету;
- республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді екінші деңгейлі банктердің қолма-қол ақшалары арқылы қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
- республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша мемлекеттік мекемелермен жүргізілетін төлемдердің негізділігіне бақылау жүргізу мен жергілікті бюджеттер бойынша төлем пакеттерін ұйымдастыру;
- республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кассалық шығындарын ауыстыру немесе қайта қалыптастыру;
- жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуы бойынша жергілікті атқарушы, салық, кеден органдарына ақпаратарды жеткізу;
- жергілікті бюджеттің орындалуы бойынша есеп беруді құрастыру;
- республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатынмемлекеттік мекемелергебағдарлама бөлімі бойынша берілген рұқсаттар мен кассалық шығындар туралы, , шоттар бойынша жасалған операциялар туралы ақпараттар ұсыну;
- жергілікті бюджет қолындағы қолма-қол ақшасы бар бақылау шоттарының жағдайы туралы күнделікті ақпаратты құрастыру;
- Қазынашылықтың территориялық органдарында ішкі бақылауды жүзеге асыру;
- Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын мекеменің бухгалтерлік есебін тексеруді жүзеге асыру;
- қаржылық тәртіпті сақтауға бағытталған ұсыныстарды дайындау мен мемлекеттік құралдарды тиімді және мақсатты қолдану;
- жүргізілетін операциялардың заңдылығын қадағалау;
- бағдарламалық – аппараттық және телекоммуникациялық кешенді қамтамасыз ету;
- қазынашылықы органдарында ұйымдастырушылық кадрлық жұмыстарға байланысты және жұмыскерлер квалификациясын жоғарлату бойынша шараларды жүзеге асыру;
- қазынашылық оргағдардың қаржылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру;
- басқа да қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру.
Қала және аудан бойынша Қазынашылықтың территориялық органдары келесілерді орындайды: мақсатты қаржыландыру қорлары мен республикалық бюджеттің орындалуы, мекемелерді қамтамасыз етуге қатаң түрде құралдарды бөлу, заңда қарастырылған шамада жергілікті және республикалық бюджетер арасында реттейтін табыстарды бөлу, республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстарының және мақсатты қаржыландыру қорларының орындалғаны жөнінде бухгалтерлік есеп және есеп беруді жүзеге асыру, есептелген мәліметтерді жоғары тұрған территориялық Қазынашылық органына тапсыру және осы тапсырғандар бойынша жауапкершілікте болу,салықтық инспекциясымен келісім бойынша республикалық бюджетке артық немесе қате төленген салықтарды қайтару, жергілікті салықтық және қаржылық органдармен қызметтерді шоғырландыру.
Заңнамада белгіленген жағдайларда және шекте Комитетке мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін. Келесі жағдайда комитеттің қызметін үйымдастыруды қарастырамыз. Біріншіден, комитетті Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының екіншіден, комитет төрағасының заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын, санын Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын орынбасарлары болады. Үшіншіден, төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
2 Республикалық және жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуына Қазынашылық бақылаудың қазіргі жүйесін талдау
2.1 Түсімдер бойынша ҚР-ң республикалық және жергілікті бюджеттерінің кассалық орындалуы
Қазақстан Республикасының «Бюджеттік жүйе туралы» Заңына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуына бақылау мен ұйымдастыруды анықтайтын тәртіп ретіндегі №484 «ҚР мемлекеттік бюджетінің кассалық орындалуы бойынша нұсқаулық» 1999 жылы 7 қыркүйекте қабылданды. Осы нұсқаулықтың негізінде кез-келген облысты Қазынашылық басқармашылығы республикалық және жергілікті бюджеттің кассалық орындалуын қамтамасыз етеді.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің операуияларының кассалық орындалуының есебін облыстық Қазынашылық басқарушылығында кассалық әдіс негізінде келесі баланстық шотттарда жүзеге асырылады: № 080 «Бюджеттер арасындағы бөлінетін табыстар», № 100 «ҚР республикалық бюджетінің табыстары», № 120 « ҚР республикалық бюджетінің шығыстары», № 130 «Аудандық және қала бюджеттерінің құралдары», 132 «Облыстық бюджеттердің құралдары», 141 «ҚР республикалық бюджетінің есебінен қаржыландырылатын мекемелердің ағымдық шоттары», № 142 «ҚР жергілікті бюджеттерінің есебінен қаржыландырылатын мекемелердің ағымдық шоттары», № 144 «Депозиттер», № 070 «Қатаң валютадағы валюталық шот», № 160 «Жұмсақ валютадағы валюталық шот», № 724 «Тағайындалған және төленбеген айналымдардың ағымдық шоттары».
Қазынашылықтың территориялық органдарымен бюджетке төлемдер мен ұйымдастырулар есептеледі. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктер республикалық және жергілікті бюджетттердің табысына түсетін бюджетке төлемдерді жүргізбейді және бюджетке алынған төлемдер сол күні бірден банкаралық есептесулер арқылы қазынашылықтың облыстық басқармашылығына жібереді.
1995 жылғы 24 сәуірдегі ҚР қабылданған « Салықтар және басқа да бюджетке төлемдер туралы» Заңына сәйкес клиенттердің банктік шоттарынан шығарылған салық төлемдерінің бюджетке дер уақытында түсімін салықтық қызмет органдары қадағалып отырады.
Бюджетке деген қолма-қолсыз төлемдер барлық территориялық қазынашылық органдармен қабылданады және облыстық қазынашылық басқарушылығында бюджетке төлемдерді есептеу бойынша бірлік шот арқылы есептеледі. Қолма-қолсыз салықтар мен басқа да бюджетке міндетті төлемдер келесі құжаттар негізінде қабылданады:
- нұсқаулықта көрсетілген реквизиттер көрсетілетін төлем тапсырмасы;
- салықтық органдардың бюджетке қайтарымға беретін төлем тапсырмасы;
- кәсіпорындардың төлем тапсырмасы;
- бюджет құралдарын алуға мәжбүр ету негізіндегі территориялық қазынашылық органдар мен терриориялық кеден органдарыныңы бұйрықтары болуы керек.
Территориялық қазынашылық органдарға төлемдер немесе аударымдар жүзеге асырған кезде егер ҚР заңнамасына сәйкес құжаттарға қосымша реквизиттер көрсету керек болса оны талап етуге құқықтары бар.
Қолма-қол төлемдерді қабылдаған кезде келесі құжаттар болуы керек:
- қолма-қол төлеуге хабарлама;
- ф.4-ПД квитанциясы;
- жеке азаматтармен бюджетке төлем қайтарудағы салық оргадарының төлем тапсырмасы;
Бюджетке жұмыскерлердің жалақысынан ұсталған салықтарды және жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы салымдарын аудару үшін Қазынашылық органдарға мемлекеттік мекемелер келесі құжаттарды көрсетуге міндетті:
- бюджетке жеке тұлғалардан табыс салығын төлеуге шоттар,
- бюджетке әлеуметтік салықтық аударымдарын төлеуге шоттар;
- жинақтаушы зейнетақы қорларына жеке тұлғалардан міндетті зейнетақы қорларын аудару бойынша төлеуге шоттар.
Жеке тұлғалардан бюджетке табыс салығының аударымы жалақы алған уақытта түседі, басқа жағдайларда – төлем жүргізілген айдың аяғындағы бес банктік күннің ішінде төленеді.Әлеуметтік салық төлемі әр ай сайын айдың екінші жартысына жалақы төлеуге тағайындалған мерзімде төленеді, бірақ келесі айдың 15 күнінен кеш болмауы керек. Міндетті зейнетақы салымдарын мемлекеттік мекемелер жинақтаушы зейнетақы қорларына жалпы табыстың он пайыздық көлемінде аударады.
Қазынашылықтың территориялық органдарына келіп түсетін мемлекеттік мекемелермен алынатын әкімшілік айыппұлдар мен санкциялар сәйкес бюджетке «Салықтық емес түсімдер» категориясы, «Айыппұлдар мен санкциялар бойынша түсімдер» сыныбы бойынша алынады. Заңға сәйкес мемлекеттік баж сот ісінде қарастырылады және жергілікті бюджеттерге «Салықтық емес түсімдер» категориясы мен «Коммерциялық емес табыстардан түсімдер мен әкімшілік алымдар» сыныбы, «Баж» под класы , «Мемлекеттік баж» ерекшелігі бойынша алынады.
Келіп түскен сомалардың есебін салықтық органдар жүргізеді. Желтоқсан айында келіп түскен төлемдер 31-ші желтоқсанға есептеледі. Егер уақыт біткеннен кейін келіп түскен сомалар болатын болса, оларды «Басқа да салықтық емес түсімдер» ерекшелігі бойынша бюджет жіктемесіне алынады. Бюджетке дұрыс есептелмей немесе артық келіп түскен сомаларды қайтару салықтық органдармен жүзеге асырылады және ол салық төлеушінің есептесу шотына аударылау жолымен немесе бюджетке басқа салықтық қарыздарын өтеу жолымен жабылады. Салықтарды есептеу үш нұсқада жүзеге асырылады.
- бір салық органынан екіншісіне;
- бір бюджеттік жіктемеден екіншісіне;
- бюджет жіктемесінің табыс коды бойынша;
- қате есептелге бөліністе бір бюджеттік жіктеме кодында.
Әр түрлі бюджет арасында табыстарды бөлгеннен кейін әр түрлі бюджет деңгейлерінде қалдықтар №080 «Бюджет арасында бөлінетін табыстар» баланстық шоты бойынша қалдық қалмауы керек.
Мемлекеттік бюджеттік табыс бөлігін құрауда Қазынашылыққа республикалық және жергілікті бюджеттер арасында мемлекеттік салықтарды бөлу мен қамтамасыз ету қызметі бекітіледі. 80200 шотына күнде келіп түсетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді Қазынашылық орган жергілікті және республикалық бюджеттер арасында бөледі. Ол ҚР бюджеттік заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Кесте 1. 2005 жылға мемлекеттік бюджетке табыстар түсімінің орындалуы
Түсімдер түрлері | Жоспардың орындалуы% |
Барлығы | 100,8 |
Оның ішінде: | |
— заңды тұлғалардан табыс салығы; | 81,2 |
— бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеуден алымдар; | 188,6 |
— акциздер; | 74,0 |
— ҚҚС; | 40,3 |
— табиғи ресурстарды қолданғаны үшін төлемдер; | 107,4 |
— кедендік баж | 80,6 |
— кедендік бақылау бойынша алымдар | 121,4 |
Жоғарыда көрсетілген қаржылық көрсеткіштерден көріп отырғанымыздай республикалық бюджеттің негізгі көзі болып салықтық түсімдер және облыстық бюджеттерден алымдар табылады. Табыстар бойынша жоспардың толығымен орындалғанына қарамастан республикалық бюджеттің ресурстарын ұлғайту мүмкіншіліктері толығымен орындалмаған.
Өндірісте салыстырлмалы тұрақтылық байқалады. Өндірістегі өнім көлемі нақты бағада 199,2 млрд. Теңгені құрады. Өндірілген өнімнің физикалық көлемінің индексі өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 111 пайызға өскен. Өнеркәсіптік өнім өндірісінің өсімі 2004 жыл мен салыстырғанда металл рудаларынының өсімі -16 пайыз, қара және түсті металдар өндірісі – 22,5 пайыз, электр энергиясын өндіру мен бөлу – 1,3 пайызды құрады.
Бюджеттің жағдайы көбінесе салық төлеушінің қаржылық жағдайымен анықталады. Табыс төлеушілерінің нашар қаржылық жағдайының барысында бюджет гүлденбейді. Кәсіпорындармен қатар бюджеттегі тұрғылықты халықтың төлем қабілеттілігі, дәлірек айтсақ салықтық әлеуеті де алатын орны мол.
Өткен үш жыл ішінде республикамыздағы тұрақсы экономикалық жағдайларға қарамастан барлық өндіріс саласында өрлеу байқалады. 2005 жылы жиынтық табыс 55103304 мың теңгені құрады. Республикалық бюджет құралдарына түсімдер -18422576 мың теңге. Салықтық түсімдер – 12602674 мың теңге, салықтық емес түсімдер – 317731 мың теңге, капиталмен операциялардан табыстар – 2714692 мың теңге.
Ағымдағы жылға жоспар 118,9 пайызға орындалған. Салықтар бойынша: заңды тұлғалардан жеке табыс салығы 143,3 пайыз, бағалы қағаздар эмиссиясы үшін алымдар – 636,4 пайыз, акциздер – 85,8 пайыз, қосылған құнға салық – 124,2 пайыз, кедендік баждар – 85,4 пайыз, кедендік бақылаулар мен кедендік процедуралар – 124,9 пайыз, бонустар – 118,5 пайыз, роялти – 102,0 пайыз.
Статистика көрсеткіштері бойынша 0,.12.2005 жылға Қарағанды облысы үлесінің жалпы республикалық өнеркәсіптік өндірісте 16,1 пайызы, оның ішінде 100 пайыз темір мен болат, қара металдар, 96,9 пайыз – карбид кальциі, 61,5 пайыз күміс өндірген.
2005 жылы облыстың өнеркәсіптік өндірісі 280626,6 млн. теңгеге өнім өндірген, өткен жылмен салыстырғанда физикалық көлем индексі 114,6 пайыз. өсім көмір өндірудің жоғарылауы 18,8 пайызға, және түсті металдар өндіруден 15,8 пайыз болды деп есептеледі.
2.2 Шығындар бойынша ҚР-ң республикалық және жергілікті бюджеттерінің кассалық орындалуы
Бюджеттік шығындарды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшіліктері бюджеттік белгілерге сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінен қазынашылық рұқсат алады. Сәйкесінше, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкішіліктері өз қоластындағы ведомстволық мемлекеттік мекемелерге қазынашылықтың территориялық органдары арқылы №2 форма бойынша лимиттерді бөледі.
Қазынашылықтың территориялық органдарындағы мемлекеттік мекемелермен Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бюджеттік шот ашылады.
Республикалық бюджеттің орындалуы 1-ші қаңтардан басталып, қаржылық жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Республикалық бюджеттің орындалуы өзгертулер мен толықтыруларды ескергендегі бюджеттің кірістері мен шығыстарының жылдық сомасының айлық бөлінісімен сәйкес бекітіледі.
Қазынашылықтың облыстық басқармашылығы Қазынашылық Комитетінен республикалық бюджеттен бөлінген мемлекеттік мекемелерге бөлінген лимиттер алады. Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Комитеті республикалық бюджет есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелерге анықтама жүргізеді.
Республикалық бюджеттің құралдарының шығындалуын алдын-ала бақылау үшін Қазынашылықтың территориялық органдарында қазынашының автоматталған жұмыс орны болады. Оның көмегімен қазынашылықтың жауапты атқарушысы келесі қызметтерді орындайды:
- бюджеттік жіктеменің шығындар коды бойынша кассалық шығындарды орныны келтіру мен алғашқы құжаттар бойынша визуалды бақылау жасайды;
- №32-А «Алынған міндеттемелерді есептегендегі кассалық шығындар мен бөлінген лимиттер қозғалысының ведомості» формасы бойынша бос қалған лмиттерді тексеріп, құралдарды шығындауға рұқсат береді;
- республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілік шығындары мен рұқсат ету бойынша шығу ведомостерінің қозғалысын жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттің шығындары күн сайын облыстық Қазынашылық басқармашылықпен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі Бірлік қазынашылық шотына жіберіледі.
Бюджеттік қаражаттардың жыл аяғына дейін қолданылмаған қалдығын мемлекеттік мекемелер олардың өздерінің ағымдық шоттарынан сәйкес лимит басқарушыларына 31 желтоқсаннан қалдырмай жіберуі керек.
Қазынашылық жүйенің құрылуының бастапқы кезеңінде жүргізілген ұйымдастырушылық шараларға байланысты республикалық бюджетті қаржыландыру бойынша шаралар салалық басқарылымынан Қаржы Министрлігінің Бас Қазынашылық басқарылымының қаржыландыру бөліміне көшкенін атап кету керек. Бұл бөлім есеп жүргізіп, күнде қолданылмаған бюджет қалдықтарын шоттарда бақылап отырды, бюджетпен қаржылндырылатын министрліктермен бөлінетін ақша құралдарын нақты есептеп, қатаң бақылауда ұстап отырды.
ҚР ҚМ Бас Қазынашылық басқарушылығы Облыстық Қазынашылық Басқарушылықпен және ХВҚ кеңесшілерімен бірігіп семинар-жиналысын өткізіп, онда Қазынашылықты жаңашылдандыру туралы жоба қарастырылды. Осы кездегі Қазынашылық жүйенің жаңалану үрдісіндегі маңызды сәт ретінде онда бухгалтерлік тіркеу шоттарының құрылымдық жүйесі немесе барлық бюджет операциялары көрсетілетін мемлекеттік шоттар жоспарын жасауды атап көрсетуге болады. Табыстар, шығыстар, бюджеттен тыс және бақылау шоттарынан тұратын стандартты шоттар жоспары үкіметтің қаржылық операцияларын талдап, бақылау және жазба жүргізу үшін қолданылды. Жаңа шоттар жоспарын жасаумен қатар жаңа бюджеттік жіктеме енгізу бойынша және бюджет құралдарының бөліну лимиттері функциясын Қазынашылыққа беру бойынша кең көлемді жұмыстар жүргізіліп жатты. Бюджеттік жіктемеге байланысты айта кететін жайт, осы жұмысты орындау бойынша негізгі жұмыстың жартысынан көбін Қазынашылық органы атқарып шықты.
Қазынашылық органдардың есептік кассалық қызмет етуіндегі мемлекеттік мекемелер саны 163, оның ішінде республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатыны 52, оларда 163 бюджеттік шоттар ашылған, 1 шот ақылы қызмет көрсету бойынша, 6 шот демеушілі бойынша, 61 шот уәкілетті тұлғалар бойынша.
Қазынашылықтың негізгі функциясы мемлекеттік мекемелермен бөлінетін бюджет құралдарының рационалды қолданылуын қадағалу болып табылады. Осы мақсатта 1999 жылғы 25 желтоқсанындағы ҚР Үкіметінің №1336 «Мемлекеттік мекемелердің кредиторлық қарызының өсуін ескерту мөлшерлері жөніндегі» Ережесі қабылданған. Осы бойынша Қазынашылықтың облыстық басқармашылығында кредиторлық қарыз туралы ескерту жұмыстары жүріп жатыр.
2004 жылы 123 бюджеттік мекемелерге ревизия жүргізіліп, 58-де республикалық бюджеттің22416,3 мың теңге сомасындағы құралдарын мақсатсыз қолданғаны анықталған. Жетіспеушіліктер анықталып, 906,5 мың теңге сомасына ақша қаражаттарымен таурлық –материалдық құндылықтар жоғалғаны анықталған.
Барлық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер өздеріне белгіленген құқықтар бойынша : әкімшілік жергілікті бюджеттік бағдарламарға – атқарушы органдар, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламаның орындалуына жауаптыларға, мемлекеттік мекемелер – лимит бөлушілерге бөлінеді.
Қазынашылықтың территориялық органдары жергілікті бюджеттердің кіріс-шығыстарын, облыстық бюджеттердің, арнайын экономикалық қаржылық қорлардың, аудандар мен қалалар бюджеттерінің қамтамасыз етілуін қарастырады.
Жергілікті бюджеттердің орындалуы жергілікті бюджеттердің барлық деңгейлерінің кірістері мен шығыстары бойынша жазбалар бойынша өзгертулер мен толықтыруларды есептегендегі бекітілген бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша жұмсалады. Алынған жазбалардың негізінде есептемелерге сәйкес жергілікті бюджеттердің шығындарын әкімшіліктеріжеке шығын сметалары бекітілген мемлекеттік мекемелерге жібереді.
Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары жергілікті қаржылық органның басшылығымен бекітіледі. Жергілікті бюджеттің кірістер мен шығыстары бойынша бір дана сәйкес территориялық электрондық түрде, қағаз түрінде бюджет жіктемесінің коды бойынша қазынашылық органдарына көрсетіледі. Жергілікті қаржылық органдарынан сәйкес жергілікті бюджет кіріс шығысының жазбасын алған Қазынашылықтың территориялық органдары қаржыгердің автоматталған жұмыс орнындағы базаға енгізеді.
Бюджет шоттарының шығын операцияларының жүргізілуі бюджеттік құралдардың шығындалу бойынша мемлекеттік мекемелер бекіткен лимит шегінде жүзеге асырылады. Шығын операцияларын жүзеге асырк барысында бюджеттік шоттағы дебеттік қалдық бөлінген лимиттерден аспауы керек.
Мемлекеттік мекемелермен жасалған шығындар шоттың дебеті бойынша есептелсе, олардың қайта құрылуы –кредит бойынша есептеледі.
Жергілікті бюджеттің шығындарына бақылау жасау үшін Қазынашылықтың территориялық органдарында қаржыгердің автоматталған жұмыс орны болады. Соның көмегімен қазынашылықтың жауапты тұдғасы келесі қызметтердің орындайды:
- бюджеттік жіктеменің шығындар коды бойынша кассалық шығындарды орныны келтіру мен алғашқы құжаттар бойынша бақылау жасайды;
- №132-А «Алынған міндеттемелерді есептегендегі кассалық шығындар мен бөлінген лимиттер қозғалысының ведомості» формасы бойынша бос қалған лмиттерді тексеріп, құралдарды шығындауға рұқсат береді;
Жергілікті бюджеттер бойынша шығындар операциясын жүргізуді автоматталған жұмыс орнында отырған жауапты тұлға шығыннығ экономикалық ерекшеліктерін көрсете отырып, төлем құжатының реквизиттерін енгізуі керек. Құжатты енгізу кезінде нұсқаулықпен қарастырылған барлық реквизиттердің бақылау бағдарламасы шығады.
Әр жергілікті бюджет бойынша жергілікті қаржылық органға қызмет ететін Қазынашылықтың териториялық органысәйкес баланстық шотта бюджеттік шот ашады. Осы шотқа жергілікті бюджеттің кірістері оны шығындау құықығынсыз есептеледі және кассалық шығындарға жатықызылады. Осы шотпен басқа операцияларды жүргізуге болмайды. Егер мемлекеттік мекемелер бірнеше бюджеттерден қаржыландырылса оған әр бюджет үшін жеке шығын есептеуге шоттар ашылады.
Мемлекеттік мекемемен жасалған шығындарды есептеу үшін территориялық Қазынашылық органдарда жергілікті бюджеттердің шығын шоттары бойынша бақылау шоттары ашылады: №132 «Облыс бюджеттерінің құралдары» — облыстық бюджеттің мемлекеттік мекемесі үшін , № 130 «Аудандық және қалалық бюджеттер құралдары» — аудандық бюджеттің мемлекеттік мекемелері үшін.
Бақылау шоттары пассивті болып табылады және мемлекеттік мекемелермен жасалған шығындарды орналастыру сомалары есептеледі
Әр операциялық күннің соңында жалпы жасалған шығындардың жалпы сомасы қаржылық органның шотынан қаржыландырылады да шығындардың бақылау шотында есептеледі.
Қазынашылық территориялық органдар келесілерді атқарады:
- қаржылық бюджеттік рұқсаттарды есептеу;
- мемлекеттік мекемелермен көрсетілген лимиттер бойынша шығындардың есептік-төлемдік құжаттарын тексеру;
- қаржылық бюджеттік рұқсаттарда шешілген лимиттер шегінде кассалық шығындарды бюджеттік кодтар бойынша есептеу;
Шығындық операцияларды жүзеге асыру Қазынашылықтың территориялық органдары мен тапсырыс берушінің төлеуге шоттары негізінде, жасалған жұмыстардың актісі негізінде жасалады.
Қазынашылық органдарында есептік – кассалық қызмет көрсетілуде жергілікті бюджеттен қаржыланатын 523 мемлекеттік мекеме бар, оның ішінде147 мекеме облыстық басқарма мекемесімен қамтамасыз етіледі, ал аудан мен қала бөлімдері бойынша Қазынашылық – 376.
3 бөлім Бюджеттің орындалуындағы Қазынашылықтың ролі мен қазіргі кезеңдегі Қазынашылық жүйенің даму бағыттары
Қазіргі танда зерттеп жатқан ғалымдардың еңбектерінде қазыналық қызметтің талдануы әр қилы көрсетіледі. Олардың еңбектерінде ортақ пікір қалыптаспады. Олардың көзқарастары бойынша қаржылық бақылау мәселелері мен қазыналық жүйенің орны, қазіргі мемлекеттік басқаруда өзінің сан-алуан тұжырымдарын тудырады.
Қазіргі жұмыс істеп тұрған Қазынашылық комитеттің атқарылар қызметтері, алдағы қойған мақсаттары, үкіметтен алынған тапсырмалары, тәсілдері, ақпараттың базасы, сол сияқты зерттеулердің нәтижелерін қолдану бағыттары осы зерттеу жұмысының алдағы қойған мақсаттары болып табылады.
Алдағы қойған мақсат, осы зертгеудегі жалпы әсер ететін факторларды ашып көрсету. Олар:
— жаңа экономикалық жағдайдағы Қазынашылық қызметтің салалық анықтамаларымен функциялары;
— қоғамдық қаржылардың қозғалысын бақылау жүйесіндегі Қазынашылықтың орнын көрсету;
— шетелдің Қазынашылық қызметтің тәжірибесін қолдану мүмкіндіктерімен бюджетаралық реттеулердің қаншалықты деңгейде екенін анықтау;
— Қазынашылық қызметтің Қазақстандағы пайда болу құрылымын қарастыру және мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу тәртіптерінің тұжырымдамалары;
— аймақтағы Қазынашылықтың дамуына талдау жасау;
— әлеуметтік дамуда, өндірісті мемлекетгік реттеу жүйсіндегі, жалпы аймақтық деңгейдегі Қазынашылықтың рөлін анықтау;
Қазынашылық, мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын бақылау және қалыптасу процесіне қатысады және аймақтың бюджеттік ресурстық базасын нақты анықтайды, әртүрлі салық түрлерімен субъектілердің территорияларын бақылайды және фискальды органдарға жауапты. Қазынашылық жүйенің қатысуы, жоспарланған ресурсты базаны және белгілі бір уақытта жұмсалатын қаржының көлемін анықтайды. Бюджет қаражаттарының жағдайын алдын-ала біліп отыруы, мемлекеттік қаражаттарды белгіленген салаларға тиімді жұмсауға Қазынашылықтың рөлі маңызды.
Халық шаруашылығын мемлекеттік басқаруда ажырамайтын бір бөлігі ол мемлекеттік қаржылық бақылау. Олар мыналар: ҚР Президентінің басқару кешенінің бақылау органы, мемлекеттік қаржылық бақылау және аудит департаменті; мемлекеттік кеден комитеті; ҚР салық полициясы; ҚР банктік бақылау органы, Ұлттық Банк және де басқа мемлекеттік органдар қаржылық бақылау да Қазынашылық комитетімен тығыз байланыста еңбек етеді.
Қазақстан Республикасының Қазынашылық комитеті басқарушылық орган ретінде даму сатысында, негізінен үйымдық құрылымы қалыптасып болғаннан кейін, бюджетті басқарудағы қызметі анықталды. Дегенмен, мемлекеттік Қазынашылық жүйесі дамуының өткен кезеңінде мемлекеттік бюджет пен бюджеттік емес қорлар арасындағы қаржылық қатынастарды реттеудегі міндеттерін толығымен шеше алмады, бұл қорлардың қаржылық орындалуы: бюджеттің барлық қаражаты Қазынашылық жүйеге толығымен аударылмаған. Қазынашылық органның бақылаушылық қызметі құқық қорғаушылық, салық және қаржылық сияқты әр түрлі бақылаушылық құрылымдармен байланысы болып табылады, кейбір жағдайда солардың қызметінің қайталамасы да болуы мүмкін.
Қазынашылық жүйенің бюджеттік орындалуы өз кезегінде мемлекеттік өндірістік, инвестициялық, аграрлық, әлеуметтік санатты жүргізуде, аймақ аралық экономиканың тепе-теңдікті қалыптастыруда өзіндік әсерін тигізеді. Мұның барлығы мемлекеттік бағдармаларды қаржыландыру, мемлекеттік ұйымдармен органдарды қамтамасыз етуге бағытталған. Оларға мониторинг жүргізумен бюджеттік қаржыларды жұмсауға бағытталады.
Қазынашылық қызмет мемлекеттік қаржының барлық қүрылымдық элементтерін қамтиды: мемлекеттік бюджетті Қазынашылық жүйе іске асырады; әр түрлі деңгейдегі бюджет аралық салықтарды бөледі; мемлекеттік несиелер мен қарыздарды, соларға қайтаратын қарыздарын толық және уақытында жабылуын қадағалайды; бюджеттік қорларға түсетін мемлекеттік бюджет қаражатының мақсатының пайдаланылуын және мақсатының мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру мен бақылауын іске асырады; мемлекеттік өнеркәсіптердің шығындарын кассалық іске асырылуын және қаржыландыруын реттейді.
Қоғамдық қаржыларды басқаруда біртүтас көзқарас саласынан қарағанда мемлекеттік Қазынашылық органдары мелекеттегі бюджеттік емес қатынастарды байланыстырады:
— халық шаруашылығын басқаруда мемлекеттік жүйедегі Қазынашылық ролінің өсуінің перспективалық бағыты және мүмкіндіктері анықталатын үйымдастырушы — экономикалық пен әлеуметтік факторлары анықталған;
— Қазынашылық қызметтің салыстырмалы сараптамасы негізівде шет елдерде билік және сол Ұйымдар эволюциясының заңдылығы мен негізгі бағыттары жөнінде қорытынды жасалған, бұл өтпелі кезең экономикасы бар елдерде қоғамдық ресурстардың дұрыс қолданылмауы негізінен мемлекеттік ресурстарды бөлудегі орталықтанған бақылаудың пайда болуы және дамыған нарықтық экономиканы елдерде пайдаланылған мониторингтарды жүргізу.
ҚР қазына бөлімдерінің негізгі қызметі аймақтық дамудағы мемлекеттік экономикалық саясатын іске асыру;
— Қазынашылық қызметтің категориялық нақты анықтамасы беріліп, оны мемлекеттік қаржылық бақылау және мониторинг процесі ретінде классификациялайды;
— мемлекет бақылауындағы мемлекеттік қаржылар мен бюджеттік қаражат қозғалысына операциялык, функционалдық және субъектілі классификация жасалды;
Қазынашылық комитет арқылы шығындарды қаржыландыру көлемінің ұлғаюы бюджеттік каражаттардың қозғалысы және мақсатты пайдаланылуына күнделікті қатал бакылау, оның басқарушылығы мен қорғаушылығын жоғарылатты. Мемлекетгік Қазынашылықтың Басқармасының Ұйымдастырушылық құрылымы өз қызметі кезінде өзгертіліп және жаңартылады және осы кезде Қазынашылық комитеттің прогрессивті дамуына байланысты Қазынашылықтың қызметтері мен міндеттерінің кеңейтілуімен, оның ұйымдастырушылық құрылымының ары қарай жаңартылуына қажеттілік сақталады.
Қазынашылық органдарына криптографиялық қорғау мен электрондық жазуларды оқу бойынша сәйкес жүмыстар жүргізілуі қажет. Бірақ осы құралдармен қаржылық, салықтық, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, бюджет алушылардың қамтамасыз етілуінсіз берілген ақпараттық қорғанысы қамтамасыз етілмейді. Сұрақты бір жақты шешу-бұл міндетті толығымен шешу болмайды. Осыған байланысты, Қазынашылық органдарының бірыңғай ақпараттық-телекоммуникациялык, дамуы күш органдарын қаржыландыру үшін тек жартылай ғана дұрыс шешім, себебі бұл жерде үйренген кесте бойынша басымдылықтарды орналастыру орынды емес. Қазіргі кезде жеткілікті қорғаныста болатын әрбір жеке учаскеге деген бірыңғай қажеттілік қалыптасты, барлық органдар үшін ақпараттық-телекоммуникациялық жүйе заңды және атқарушы биліктің жоғарғы компетенциясына жатады, олар берілген сфераға байланысты барлық проблемаларды шешуге қатысады.
Қазынашылық органдарының алдына қойылған маңызды міндеттерінің бірі бюджеттің табысты базасын бекіту болып табылады. Салықтық түсімдердің үлесі жалпы саладағы бюджеттің табысы басымды болып табылады, себебі қазіргі кезде негізгі маңызы салықтық заңдылығының жаңартылуы болып табылады.
Қазынашылық комитеттің жаңартылудың міндетті этаптарының бірі-бюджетте түратын, мекемелер мен үйымдарды қаржыландыру. Алайда өзі лицевой шоттар арқылы шығындарды бюджеттен қаржыландыратын алынатын қаражаттар үйымдар, кәсіпорындар және мекемелерді ауыстыру процесі, Қазынашылық органдарында ашылған неғұрлым сәтті аяқталды, жүйенің жоспарланған жағдайына жетуге мүмкіндік бермейтін бірқатар проблемелар қалады. Жалпы техникалық және жүйелік сипатта олардың шешілуі Қазынашылық жүйенің бюджеттің орындалуына «тағы бір баспалдақты өтуге» рүқсат етіледі.
Кесте 2. Аймақтық Қазынашылық жүйенің бюджет қаражаттарын пайдаланудағы мәселелері мен оларды шешуге ұсыныстар
Мәселелер | Зардаптары | Аймақтық қазынашылықты жетілдеруге ұсыныстар |
Қазынашылықтың жаңа жүйесінің жобасы жоғары техникалық, эксплуатациялык және есептік әдіс-тәсілдерсіз жүзеге асырылған | Мемлекеттік қаржы
сферасына пайда әкелмеген
|
Республикалық бюджеттің орындалуын Есеп комитетінің отырысында қарап шығу қажет
|
Қазынашылықтың жаңа жүйесі жүмысының тиімсіздігі
|
Қазынашылықтың орталықтандырылған жүйесінің архитектурасында елеулі қателер жіберілген | Қазынашылықтың жаңа жүйесіне түбегейлі талдау жасауды үсыну, оның еркін, сенімді жүмыс істеуіне жағдай жасау
|
Қазынашылықтың жаңа жүйесінің 7 облыстағы жұмысы ақпараттық және қаржылық қауіпсіздік түрғысынан тұрақсыз деп есептелген | Транзакция бағасы
мемлекеттік төлем жүйесіне қауіп төндірген
|
Тәуелсіз техникалық
сараптау мамандарының кеңесін сұрау керек.
|
Қазынашылықты заңды жоспарға сай орналастыру қажеттілігіне ешбір күмән жоқ. Қазынашылық бюджеттің орындалуын реттейтін, әлі күнге дейін заң қабылданбаған. Одан басқа Қазынашылық комитеттің толық жүмысына, сонымен қатар мемлекеттік қазына түсінігінің, оның құрамы, қызметі, оның элементтерінің қүқықтық режимінің заңды айқынсыздығы кедергі жасайды.
Төменде келтірілген ҚР Қазынашылықтың даму бағыттарын анықтайтын факторлар болып табылады:
— ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің қызметін мемлекеттік қаржылық ресурстардың Қазынашылық принципін бекітетін және мемлекеттік бюджеттің, ҚР субъектілерінің бюджетін, сонымен қатар жергілікті бюджеттің міндетті қызметін орындау үшін оған жеткілікті шарттарды беру мақсатында орындауды қүқықтық негізге келтіру;
— мемлекеттік қаржылық ресурстардың пайдалану және есептеу, мобилизацияның жаңартылу механизмі;
— ҚР қаржы министрлігінің қазынашылығын ұйымдастыру, материалдық және техникалық дамуын қамтамасыз ету;
— мемлекеттік қаржылық ресурстармен операциялар жасау үшін Қазынашылықтың несиелік ұйымдардың қызметін бөлу мүмкіндігі;
— ақпараттық қауіпсіздіктен қамтамасыз ету есебімен, ҚР Қаржы Министрлігінің Қазынашылық органдарының бірегей ақпараттык, телекоммуникациялық жүйенің тиімді пайдаланылуын ұйымдастыру және толық масштабты енгізу бюджетінің барлық процесін орындау мен дамуына технологиялық қолдау көрсету.
Қазынашылық комитетінің бөлімдерінің дамуының негізгі бағыттарын жүзеге асыру қорытындысы мыналар болуы қажет:
— мемлекеттік бюджеттің және бюджеттен тыс қаражаттарының толық және қалыптастырылған есеп ҚР Қаржы Министрлігінің қазынашылығы бюджет классификациясы мен бухгалтерлік есеп жүйесінің бюджетгік сферасын барлық субъектілері үшін бірдей, барлығы мемлекеттік қаражаттар, табыстар, көздер, шығындар және қарыз Қазынашылықта есепке алынуы қажет;
— ҚР және оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуының талаптарына сәйкес, шығындардың құқықтылығы мен мақсатты сипаттарын бақылау, алынған табыстарды тиімді басқару.
Қорытынды
Қазынашылық жүйе — Қазақстан бойынша қаражатты бір жүйеге орталықтандырылған, жаңа қаржылық бағдарлау және жоспарлау жүйесін құру болып есептеледі. Қаржылық жүйенің бір арнада дамуы, кассалық бюджеттің жергілікті бюджетті қамтуы болып табылады.
Экономикада пайда болып келе жатқан макроэкономикалық үрдістер мен пропорциялар Қазынашылықты бағдарлау жұмысына тиесілі. Сол сәтте, Қазынашылық жүйе бюджеттің орындалуына айтарлықтай әсер етеді, әсіресе макроэкономикалық көрсеткіштерге және оның динамикасына. Бюджеттің орындалуындағы Қазынашылықтың рөлін тереңдете зерттеу мемлекеттің қаржылық реттелуін және шетелдердегі қаржылық органдардың жақсы жақтарын қарастыру болып табылады. Негізгі тақырыптың өзектілігі, Қазақстандағы Қазынашылық пайда болуының, мемлекетті басқаруды қайта құруға және экономикалық жүйенің толық өзгеруіне әсері болып табылады. Соңғы он жыл ішінде істелген жұмыстарға, атқарылған қызметтерге байланысты көп нәрсе жинақталып қалды. Сол себепті қазыналық қызметтің бағытталған тапсырмалары мен функцияларындағы өзгешеліктерге назар аударылып, зерттеуді қажет етеді.
Қазынашылық жүйенің бюджеттік орындалуы өз кезегінде мемлекеттік өндірістік, инвестициялық, аграрлық, әлеуметтік санатты жүргізуде, аймақ аралық экономиканың тепе-теңдікті қалыптастыруда өзіндік әсерін тигізеді. Мұның барлығы мемлекеттік бағдармаларды қаржыландыру, мемлекеттік ұйымдармен органдарды қамтамасыз етуге бағытталған. Оларға мониторинг жүргізумен бюджеттік қаржыларды жұмсауға бағытталады.
Қазынашылық қызмет мемлекеттік қаржының барлық қүрылымдық элементтерін қамтиды: мемлекеттік бюджетті Қазынашылық жүйе іске асырады; әр түрлі деңгейдегі бюджет аралық салықтарды бөледі; мемлекеттік несиелер мен қарыздарды, соларға қайтаратын қарыздарын толық және уақытында жабылуын қадағалайды; бюджеттік қорларға түсетін мемлекеттік бюджет қаражатының мақсатының пайдаланылуын және мақсатының мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру мен бақылауын іске асырады; мемлекеттік өнеркәсіптердің шығындарын кассалық іске асырылуын және қаржыландыруын реттейді.
Қазынашылық комитет арқылы шығындарды қаржыландыру көлемінің ұлғаюы бюджеттік каражаттардың қозғалысы және мақсатты пайдаланылуына күнделікті қатал бакылау, оның басқарушылығы мен қорғаушылығын жоғарылатты. Мемлекетгік Қазынашылықтың Басқармасының Ұйымдастырушылық құрылымы өз қызметі кезінде өзгертіліп және жаңартылады және осы кезде Қазынашылық комитеттің прогрессивті дамуына байланысты Қазынашылықтың қызметтері мен міндеттерінің кеңейтілуімен, оның ұйымдастырушылық құрылымының ары қарай жаңартылуына қажеттілік сақталады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- 24.04.1995 ҚР «Салықтар және басқа да міндетті бюджетке төлемдер туралы» Заң.
- 01.04.1999 ҚР №357 «Бюджеттік жүйе туралы» Заң
- 29.12.2004«2005 жылға республикалық бюджет туралы» Заң
- Бережная Л. А. Казначейская банк — веление времени // Финансы 2001. №6
- Бережная Л. А. Успехи и трудности казначеев /’/ Финансы. 2001. №4
6.Инструкция «О кассовом исполнении государственного бюджета РК» от 07.09.1999 г. № 484, с изменениями и дополнениями к ней
7.Ковалева А.А. «Финансы» / Москва, «Финансы и статистика», 1998 г.
8.Кочетова Л. «Развитие казначейской системы в Казахстане» / Алматы, «Каржы-Каражат» № 1, 1999 г., с 67
- Курманов А. «Система нуждается в совершенствовании» / Алматы, «Каржы-Каражат» № 6, 1999 г., с.53
10.«Казахстан 2030» Послание Президента Республики Казахстан народу Казахстана Указ Президента РК «Об образовании Казначейства МФ РК» от 27.01.1994 г. № 1526.
11.Малышева В. «О развитии системы Казначейства»/ Алматы, «Каржы-Каражат» № 1, 1998 г., с.59
- Отчетные данные Карагандинского областного управления Казначейства за 2000-2002 гг.
- Жакипбеков С. Т. «Казначейский механизм исполнения бюджепга» Алматы, «Қаржы-царажат»,1999
14.Ілиясов Қ.Қ. Қулпыбаев С. «Қаржы» Алматы. 2005
- Постановление Правительства РК «Положение о Департаменте Казначейства Министерства финансов РК» от 09.10.1998 г. № 1028