«Бұлтартпау шаралары» мазмұны

0
51

Тақырыбы: «Бұлтартпау шаралары» мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………….4 I-Тарау. Қылмыстық процестегі бұлтартпау шараларының түсінігі, мәні. 1.1 Бұлтартпау шараларының түсінігі, мәні……………………7 1.2 Бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері мен шарттары……………………………………………………13 1.3 Бұлтартпау шарасын қолдану жөніндегі қаулы немесе үйғару және оны өзгерту мен тоқтату…………………….20 II-Тарау. Бұлтартпау шарасының түрлері 2.1 Ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат алу………………………………………………………….27 2.2 Жеке кепілдік беру……………………………………………..29 2.3 Әскери қызметшіні әскери бөлім командованиесінің бақылауына беру……………………..30 2.4 Кәмелетке толмағанды қарауына беру……………………31 2.5 Кепіл болу…………………………………………………………33 2.6 Үйде қамауда ұстау…………………………………………….34 2.7 Қамауға алу……………………………………………………….35 2.8.Өзге процессуалдық мәжбүрлеу шаралары………………41 III Тарау Бұлтартпау шарасын қолданудың бір қатар мәселелері және оларды шешу жолдары 3.1 Бұлтартпау шараларының заңи, теориялық, практикалық мәселелері және оларды шешу жолдары………………….45 3.2 Бұлтартпау шараларын қолдануға прокурордың қадағалауы және оны жүзеге асырудың мәселелері…..48 Қорытынды…………………………………………………………..55 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………….58

К I Р I С П Е Қазіргі кездегі мемлекеттегі жағдайды ескере отырып, қылмыстық іс жүргізу қылмыспен күресуде нәтижелі болу керек екенін атап өткен дұрыс, себебі қылмыспен күресудің нәтижелігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтады. Қазақстан Республикасында сот әділдігі тек сотпен ғана жүзеге асырылады. Бұл ереже ҚР Конституциясының 75-бабында бекітілген. Бұл ереженің маңыздылығы – дұрыс қалыптасқан сот әділдігінің жүйесіз құқықтық, демократиялық мемлекет құруға болмайды. Қылмыстық процестегі бұлтартпау шараларын реттеуге байланысты ғылыми зерттеулердің бағыттары, ең басынан құқықтық мемлекет құру сұрақтарымен байланысты. Қазақстан Республикасының қылмыстық процесіндегі бұлтартпау шарасын құқықтық реттеу саласындағы ғылыми зерттеулердің ең негізгі бағыты болып келесідей маңызды сұрақтарды жүзеге асырылуы табылады. Бұл біздің еліміздің құқықтық мемлекет боп құрылуы, ол соттың құқықтық реформаларын жүргізу арқылы, қылмыстық-процессуалдық институттарды заңмен реттеуі бір жағынан, қылмыстылықпен күресу жөнінде сот, прокуратура мен тергеу органдарының қызметін нығайту, екінші жағынан, қылмыстық-сот өндірісіне тузету енгізу – үшінші жағынан. Қазақстан Республикасының азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғадардың Қазақстан Республикасы Конституциямен әрекет етіп жатқан заңдармен белгіленген, олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қолайлы жағдайды тудыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқығы мен бостандықтары туралы Халықаралық құжаттардың негізгі идеяларын мен қағидаларын қабылдауы және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайту. Сонымен қатар, ата заңымызға сүйене отырып тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот айыпталушыға, сезіктіге оларды қылмыскер деп санамай өздерінің адамгершілігін, моральдық этикасын негіздей отырып тұлғаның жасына, жынысына, отбасылық жағдайын және т.б. ескере отырып бұлтартпау шарасын қолдауда бұл мәселелерді жан-жақты толық объективтң түрде зерттеп, қорытынды жасауымыз қажет. Өйткені бұлтартпау шарасын қолдануда көбінесе дұрыс мән бермеуі салдарымен тұлғаның Конституциялық тұрғыдан берілген құқықтары мен бостандықтары, заңды және жеке мүдделерінің бұзылуына әкеп соғады. Бұлтартпау шарасы бұл арнайы превентивті-ескерту амалы, қылмыстық өндірістің мүддесін қорғайтын институт. Оның басты мақсаты – қылмыстық іс бойынша шындықты кедергісіз анықтау, кінәлінің жауапкершілігін қамтамасыз ету мен оның қылмыстық байланыстарымен араластыруы үшін, қылмыстық әрекетін қайта жалғастырмауын алдын-алуға бағытталған. Сондай жағдайда бұл қылмыстық-процессуалдық заңның әділеттілігіне, дұрыстылығына, заңдылығына кепіл бола алады. Бұлтартпау шарасы – бұл мәжбүрлі түрде әсер етудің тәсілі ретінде айыпкерге, ал қажет болған жағдайда сезіктіге қолданылатын және кылмыстық істі жүзеге асыру мақсатында кедергі келтіретін теріс қылықты болдырмау үшін қолданылатын занды шара (істің барлық, мән-жайларын анықтау, занды дұрыс қолдану, қылмыстық теріс қылық жасағандарды жазалау және заң бұзушылық жасамағанды жазалауға жол бермеу. Сот әділдігінің мақсаттарын дұрыс жүзеге асыру үшін, мемлекеттік мәжбүрлеудің бір түрі болып есептелетін бұлтартпау шаралары қолданылады. Қолданылатын бұлтартпау шарасының дұрыстылығы, заңда белгіленгін негіздермен қамтамасыз етіледі, соның ішінде, процессуалдық тәртіппен, прокурорлық қадағалаумен және шараларды қолданудың тәртібі мен шарттарының болуымен. Мәжбүрлеу шараларын, соның ішінде бұлтартпау шараларын жүзеге асыру адамдардың жеке басының бостандығын және өзге де құқықтарын шектеуге соқтыратын болғандықтан, ол шараларды қолдану заңдылық принципін қатаң сақтауды талап етеді. Сонымен қатар, ҚР Конституциясы мен Қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген басқа да принциптер сақталуға тиісті, соның ішінде, тұлғаның жеке басына тиіспеушілік, қадір-қасиетін құрметтеу, кінәсіздік презумпциясы тағы да басқа принциптер. Кінәсіздік презумпциясына сәйкес сот үкімі шыққанға дейін сезікті айыпталушы тұлға кінәсіз болып есептеледі. Сондықтан, тұлғаға бұлтартпау шарасын қолданған кезде осыны еске сақтау іс жүргізуші органның негізгі міндетінің бірі болып табылу қажет. Әсіресе, тұлғаны қамауға алу; үйде қамап ұстау, әскери қызметшісін әскери командованиесіне беру шараларын қолданған кезде. Кінәсіз тұлғаға бұлтартпау шарасының қолданылуы, шараның ауырлығы ескерілмеген жағдайда да, мықты моральдық зиян келтіреді; оның қадір-қасиетіне зиянын тигізуі мүмкін. Сондықтан, кез келген тұлғаға бұлтартпау шарасын қолданған кезде, оның қадір-қасиеті құрметтеуге тырысу міндетті жағдай болып саналады, себебі бұлтартпау шарасы, алдын ала тергеу кезінде, іс қозғалғаннан бастап қолданылады, ал тұлға, соттың үкімімен ғана кінәлі деп табылуы мүмкін. Сонымен, қылмыстық іс жүргізуді реттейтін принциптер, бұлтартпау шарасын әділ, дұрыс қолданудың кепілдігі болып табылады. Тақырыптың актуалдығы немесе өзектілігі. Бұлтартпау шарасы тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге бағытталған шара болғандықтан, оны қолдану сұрақтары әр қашан актуалды болып табылады, себебі ҚР Конституциясы адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын негізгі құндылық ретінде бекітіп отыр. Бұлтартпау шарасын реттеу нормалары жеткілікті болғанменен, оларды жүзеге асыру механизмі әлі дұрыс қалыптаспай отыр, оған дәлел – тәжірибе. Осы шешілмеген сұрақтар, зерттеуді талап етеді, ал тақырыпты актуалды деп анықтайды. Тәжірибелік маңыздылығы. Тақырыптың тәжірибелік маңыздылығы оның актуалдығымен тығыз байланысты. Актуалды сұрақтардың тезарада шешілуі, бұлтартпау шараларының тәжірибеде тез және дұрыс қалыптасуына әкеліп соғады. Зерттеудің мақсаты. Зерттеудің негізгі мақсаты – ҚР қылмыстық іс жүргізу заңнамасының, ғылыми зерттеулердің негізінде ҚР бұлтартпау шаралары жүйесін қарастыру. Қойылған мақсат негізінде келесі міндеттерді анықтауға болады: 1) бұлтартпау шараларының ұғымын, құқықтық табиғатын, мәнін, мазмұнын қарастыру; 2) бұлтартпау шараларын қолданудың негіздерін анықтау; 3) Бұлтартпау шараларының түрлеріне сипаттама беру. Бұлтартпау шараларының мәселелері, қылмыстық іс жүргізу құқығы саласында, көптеген ғалым-заңгерлермен зерттелген. Мысалы, Н.В. Алексеевпен, А.Н. Акпановпен, Н.М. Гудкинмен, Ю.Д. Ливщицпен, Л.М. Давыдовпен, З.Д. Еникеевпен, С.Д.Оспановпен, М.Ч.Когамовпен, Е.Ерешевпен, Б.Х.Толеубековамен, К.Ж.Капсалямовпен және т.б. Тақырыптың актуалдығы және маңыздылығы оны тандап зерттеуге негіз болды. 1-ТАРАУ. Қылмыстық процестегі бұлтартпау шараларының түсінігі, мәні. 1.1 Бұлтартпау шараларының түсінігі, мәні. Процессуалдық мәжбүрлеу шараларының бір түрі болып бұлтартпау шаралары табылады. Олар, басқа мәжбүрлеу шаралары сияқты, қылмыстық іс жүргізу міндеттерін орындауды қамтамасыз ету мақсатында және заңмен белгіленген тәртіп бойынша қолданылады (ҚР ҚІЖК-нің 18 тарауының 139-155 баптары). Бұлтартпау шаралары жалпы ереже бойынша айыпталушыға, сондай-ақ сотталушыға, ал сезіктіге ерекше жағдайларда қолданылады. Осыған сәйкес, сотқа дейінгі іс жүргізу кезінде бұлтартпау шарасын қолдануды қылмыстық ізге түсу органы шешетін болса, ал соттағы өндіріс кезінде бұл мәселені сот, судья шешеді. ҚР ҚІЖК-нің 139 бабында бұлтартпау шараларын қолданудың негіздері туралы былай деп жазылған: айыпталушы анықтаудан, алдын ала тергеуден немесе соттан жасырынады не алдын ала тергеудің және сотта іс қараудың объективті жүргізілуіне кедергі жасайды немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп қарауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттігі шегінде ол адамға ҚР ҚІЖК-де көзделген бұлтартпау шараларының бірін қолданады. Осындай қылмыстық процестің міндеттерін орындауға кедергі келтіретін жағдайларды болғызбау бұлтартпау шараларын қолданудың тікелей мақсаты болып табылады. Ал бұл мақсаттың орындалуы ҚІЖК-нің 8-бабында көрсетілген қылмыстық процестің тікелей міндеттерін орындауға мүмкіндік туғызады. Бұлтартпау шараларының проблемалары теорияда, құқықта және қылмыстық процесс практикасында зерттеліп шешілуі тиіс. Бұлтартпау шарасын қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеудің бір түрі ретінде қарағанда мынаны ескерту қажет, бұлтартпау шаралары туралы заң нормаларының жиынтығы қылмыстық-процессуалдық құқықтың бір сапасын құрайды. Ол қылмыстың алдын-алуға, оны болдырмауда ең керекті құрам болып табылады. Қылмыстық процесс теориясында бұлтартпау шарасын қылмыстық-процесуалдық мәжбүрлеу шараларының бір түрі ретінде қарастырады. Бұлтартпау шаралары сезіктілерге айыпталушылардың қылмыстық жасағандарға қолданылады. Ал, З.Ф.Коврига былай түсінінік береді, бұлтартпау шарасы, айыпкердің немесе сезіктінің әрекет бостандығын, процессуалдық міндеткерліктерін орындау мүмкіндігін мәжбүр ету арқылы шектеу, – дейді. М.А.Коволев былай түсінік береді, бұлтартпау шарасы мәжбүрлі түрде және қылмыстық процесстің кез келген стадиясында анықтама жүргізуші мен тергеушінің, прокурордың, соттың қолданылатын процессуалдық әрекеті. Әдебиеттерде бұлтартпау шарасының түсінігіне бірнеше анықтама берген. Біздің көзқарасымыз бойынша ең толық анықтамасы тұжырымдалып берілген М.С.Строговичтікі: «Бұлтартпау шарасы дегеніміз – заңмен белгіленген айыпкердің (сезіктінің) бостандығын шектейтін және оның мына мақсаттарын орындауға мүмкіндік бермеу шарасы:- анықтама мен тергеуден; соттан бой тасалап қалмау; – іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі жасауына; – қылмыс жасауын жалғастыра беруіне..» Ал, КІЖК – не келетін болсақ, айыпкер (сотталушы) бостандықта жүрсе, тергеуден, соттан бой тасалап қалады немесе қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі жасайды немесе қылмыс істеумен шұғылдана береді деп шамалауға жеткілікті дәлелдер бар болса, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамассыз ету үшін, анықтама жүргізуші адамның, тергеушінің, прокурордың, соттың айыпкер жөнінде мынадай бұлтартпау шараларының бірін қолдануға құқығы бар: -ешқайда кетпеу және өзін дұрыс ұстау туралы қолхат беру; – жеке адамдардың кепілдігі; – әскери қызметшіні әскери бөлім командованиесінің бақылауына беру; – кәмелетке толмағанды қарауына беру; – кепіл; – үйде қамап үстау; – қамауға алу. Бұлтартпау шарасын қолдану азаматтардың аса қажетті бо-стандықтарын шектеуімен байланысты, ал нақтысы, ол жеке бо-стандығына құқығын, жүріп тұруына, тұрғылықты жерін ауысты-руға күқығы. Бұлтартпау шарасы заң негізіне сай дұрыс мақсатта, бұрмалаусыз, құқықтық процедураны сақтай отырып жүзеге асырылуы керек. Айыпкерге бұлтартпау шарасын қолданғанда оны жазалау мақсатын көздемейді, бірақ бүл жөнінде М.А.Чельцовтың айтқаны дұрыс. Кейбір бұлтартпау шаралары жазалау шаралары сияқты азаматтың жеке құқықтық игіліктерін сырт жақтан қарағанда шектейді (мысалы, қамауға алу. Бұлтартпау шараларының өзіндік арнайы максаты бар: бірінші, айыпкердің соттан, тергеуден, анықтамадан жалтарып кетуіне жол бермеу; екінші, айыпкердің істің мән-жайын анықтауға кедергі келтіруіне жол бермеу; үшінші, айыпкердің (сезіктінің) алдағы уақытта қылмыстық әрекет жасауын болғызбау; төртінші, жаза колдануға мүмкіндік беру. Бірінші максатқа жетуде тергеу әрекеттерін айыпкер мен (сезіктінімен) жүргізуіне және сот ісін жүргізуде де қатысуына, соттан кейінгі белгілі жазаға тартылуы же қылмыстық әрекет аркылы келтірген шығынның орнын толтыру. Екінші мақсаты айыпкердің жәбірленушімен, куәлермен, экспертпен келісімге келмеуі, оларды сатын алуына жол берумеу үшін, басқа айыпкермен келіспеуіне де қылмыстық жауапкершілікке тартылмағандармен де, айғақ заттар мен қүжаттарды жасыруына немесе фальсификация жасауына жол бермеу үшін қажет. Бүл максаттың маңызы біз айыпкерді жоғарыда аталган әрекеттері үшін жауапқа тарта алмаймыз немесе оны дәлелдеу қиынға соғады. Үшінші максаты қылмыстық жалғасып (созылмалы) алдын алуды білдіреді және айыпкердің басқа да қылмыс жасауын болғызбау болып табылады. Бұлтартпау шарасының алдыңғы екі мақсаты қылмысты алдын алумен байланысты емес, ол тек айыпкердің керек емес теріс қылықтарының болмауын қажет етеді. Сондықтан «бұлтартпау шарасы» деген аты бұл институттың толық атын ашпайды. Кейбір авторлардың айтуына қарағанда аты өзгертіліп, «қамтамасыз ету» шарасы деп айтылады. Төртінші мақсаты, бұлтартпау шарасының біріншісіне ұқсас сияқты болып келеді. Бұдан айыпкердің тергеуден, соттан жалтаруына болмайтындығын ескере келе, біз үкімнің орындалуына мүмкіндік береміз. Егер бұл бұндай болған жағдайда төртінші мақсаттың қажет емес екендігін білеміз. Бірақ кейбір авторлар бүл мақсатты басқаша түсінеді. Олардың ойынша бұл тек сотқа ғана тән, яғни айыптау үкімі шығар кезде оны апелляциялық инстанцияда өзгертусіз калдыруды орындау үкімі шыққанға дейін. Осыдан сот өзі шығарған немесе өзгертусіз қалган үкімді орындауға мүмкіндік береді. Бірак бүған жету үшін айыпкердің соттан жасырынуына болмайды, яғни бүл бірінші мақсатпен түйісіп түр. Сондықтан бүл мәселе сотқа ғана тән емес, бүткіл құқық қорғау органдарына тән. Буряков А.Д. былай деп көрсеткен :“бұлтартпау шарасын қолдану айыптаушыға (сезіктіге) моральдық жағынан әсер етеді” деген, ал Коврига З.Ф. “бұлтартпау шараларын қолдану қоғамды қауіпті адамдардан сақтайды” деп көрсеткен. ҚР ҚІЖК-нің 139 бабына сай айыпталушы анықтаудан, алдын-ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі сотта объективті зерттеуге бөгет жасайды, немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастырады деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде, сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттілігі шегінде, ол адамға осы кодексте көрсетілген бұлтартпау шараларының бірін қолданады делінген. Бұлтартпау шаралары – қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеудің бір түрі болғандықтан оны қолдану заңға қайшы, қоғамға қауіпті іс-әрекетті айыпкердің жасамауына және оны тоқтатуға бағытталған. Өзінің мазмұнына қарай бұлтартпау шаралары айыпталушыға психологиялық немесе физикалық әсер етеді және де оның мүліктік құқықтарына жеке мүддлеріне шектеу салады. Кейбір әдебиеттерде “қамтамасыз ету шарасы” деген термин “бұлтартпау шарасы” деген терминге қарағанда қолайырақ деген пікірлер айтылған. “Бұлтартпау шарасы” термині қылмыстық –процессуалдық заңда және практикада жүзінде уйреніп кеткендіктен оны басқа терминге ауыстыруды қажет етпеді. Сонымен бәрін жинастырсақ бұлтартпау шаралары деген – бұл заңмен белгіленген мемлекеттік (процессуалдық) мәжбүрлеу шарасы, айыпталушының (сезіктінің) жеке бостандығын, жеке кепілдіктен, оны тиісті мекемелерде қадағалау арқылы айыпталушының анықтама, тергеу, соттан қашып кетпеуі, тиісті рұқсатынсыз тұрғылықты жерден кетпеуін, іс бойынша шындықты анықтау үшін оны ескерту, қылмыс жасауды алдын-алу, оны жасауға кедергі үшін, тәртібін дұрыстауды қамтамасыз ету, уақытылы шақыру бойынша тергеу, сот, прокурорға келуін қамтамасыз ету және де үкімнің орындалуы үшін қолданылатын шаралар. Бүлтарпау шаралары – бұл мемлекеттің (процессуалдық) мәжбүрлеу шарасы дегенімізде, бұл жерде осы шараны қолдануға құқығы бар мемлекеттік органдар ммен лаууазымды тұлғалар өздерінйң қылмыстық-процессуалдық құзыретін жүзеге асыру барысындағы, яғни алдын-ала тергеу мен қылмыстық істер бойынша сот өндірісі сатысында қолданылады. Бұлтартпау шарасын қолдануға заңмен белгіленгне құзыретті тұлғаларға мыналар жатады: анықтаушы, тергеущі, прокурор, сот (судья). Көбінесе практика жүзінде бұлтартпау шараларын дұрыс қолданбайды әсіресе бұл қамауға алуға байланысты болады. Айыпталушыға (сезіктіге) психологиялық жағынан қысым жасай отырып одан тиісті көрсетулерді мойындатуды мақсат етеді. Бұлтартпау шарасы мәжбүрлеу құралы белгілі-бір мән-жайларға , негіздерін, айыпталушының жеке басына, жынысына, тұрғалықты тұратын жерінің болуы т.б. негіздерге сай ескере отырып таңдалуы қажет. Практикада көбіне айыпталушының мүдделері нашарлайды, яғни оның құқығы, бостандығы және заңды мүдделері бұлтартпау шараларын қолданған кезде ескертілмейді, әсіресе ол бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданған кезде болады. Бұл ҚР Конституциясымен бекітілген тұлғаның құқытары мен бостандығын кепілдігіне қайшы келеді. Жеке адамның Қазақстан Республикасыны 1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Ата заңымызда орнықтырылған құқықтың мәртебесі адамдар мен азаматтардың құқықтары тұжырымда негізделген және Халықаралық құқықтық құжаттардың негізгі қағидаларын туындайды. Қазіргі заманға халықаралық құқықта адам құқығына қажетті тұтастай құқықтық актілер кешені қалыптасқан. Халықаралық құқық нормалары нақты мемлекеттен адам құқығын тікелей реттемейді. БҰҰ-ның Жарғысы (1-баптың 3- тармағы) мемлекеттердің аумағында туратын барлық адамдардың, қандай да болсын кемсітуге жол берместен негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге міндеттейді. БҰҰ-ның осы мәселе бойынша : “адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы” (1948), “Қандай да болмасын түрдегі қамалғандар мен ұстауға ұшыраған барлық тұлғаларды қорғаудағы қағидалар жинағы” (1998) және тағы басқа бірқатар құжаттар қабылданды. Халықаралық құқықтық құжаттары адам құқығы мен бостандығын ең жоғары құндылық деп таниды. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқығы мен бостандығы туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеялары мен қағидаларын қабылдады және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты. Конституцияда мемлекеттің адамға және азаматқа қатынасы туралы қағида орнықтырылды. “Адам құқықтары мен бостандықтар әркімге тумысынан жазылған , олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады” (ҚР Конституциясының 12бабы). Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азамат құқығының негіздерінде оларды нығайтатын және олардың құқықтық мәртебесінің жүзеге асырылуына ықпал ететіндей негіз барлық қағидаларды жинақтайды. Мұндай қағидалардың қатарына мыналар жатады: 1. Адам құқығы мен бостандығының айнымастығы; 2. Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды теріс пайдалануға тиым салынуы; 3. Конституциялық құқықтар мен бостандықтың заңсыз шектелуін тийым салынуы; 4. Заңдар мен өзге нормативтік құқықтық актілердің адамның Конституциялық құқытары мен бостандықтарының мазмұны мен қолдануын қамтамасыз ету қағидасы; 5. Құқықтың, бостандықтың және міндеттіліктің бірлігі, бөлінбейтінділігі адам мен азаматтың құқытық мәртебесін басты қағидасы болып табылады. Егер өміріне, денсаулығына, бостандығына, азаматтық қадір-қасиетіне қауіп төнсе әр адам мемлекеттік органдарда көмек сұрауға, заңмен қорғалуға құқылы. Конституция адамдарға олардың құқықтарын көрсете қоймай оларға міндеттерді жүктейді. Яғни азаматтардың міндеті-бұл басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысымен қадір-қасиетін құрметтеу болып табылады. Міне осы Ата заңымызға сүйене отырып тергеуші, анықтаушы, прокурор, судья айыпталушыға (сезіктіге) оларға ең біріншіден қылмыскерлер деп қарамай өздері сияқты адам ретінде оларға мәжбүрлеу шарасын тек оған объективті түрде негіз болған кезде айыпталушыға (сезіктіге) оның жеке басына қарап, жасына, жынысына, айыпталып жатқан қылмыстың ауыр не жеңілдігіне қарай бұлтарпау шарасын қолдану керек. Қылмысты құдалауды жүзеге асыратын тұлғалар заңмен кепілдік берілген айыпкердің құқықтарын қорғау керек. Бұлтартпау шаралары тұлғаның құқықтарын кемістеді, кейбіреулері бұны қылмыстық жазалау шараларымен бірдей деп те түсінеді. Бірақта бұлтартпау шарасын – бұл құқық жазалау шарасы деп айтуға болмайды. Өйткені олардың өздеріне ғана тән айырмашылықтары бар , бұлар: біріншіден, бұлтартпау шарасы мен қылмыстық жазалау шарасының мақсатына байланысты. Қылмыстың жазалау шарасының мақсаты – бұл жасаған қылмыс үшін сотталғанға жаза қолдану, оны түзеу мен қайта тәрбиелеу болып табылады. Ал, бұлтартпау шарасы қорғаушы сипатта болады, яғни айыпкердің (сезіктінің) сонымен, тергеу органдарынан қашып кетпеу үшін, шындыққа жетуде кедергі келтірмеу үшін қолданылады. Жазалау шарасы бұл мақсатты көздемейді, өйткені жазаны қолдану туралы шешім қылмыстық сот өндірісінің соңғы кезеінде шешіледі, яғни сотталушының кінәлілігін сот шешкен кезде . екіншіден, қылмыстық жазалау шарасы тек сотталған адамдарға , яғни соттың заң күшіне енген үкімімен қолданылады, ал бұлтартпау шарасы айыпкерге, сезіктіге кей жағдайда сотталушығаа да қолданылады. үшіншіден, бұлтартпау шарасын тек сот қана емес, сонымен қатар басқа да органдар қолданады – прокурор, тергеуші, анықтаушы. Ал қылмыстық жазалау шарасын заңға сай тек сот үкімімен қолданылады. төртіншіден, сотпен белгіленетін қылмыыстық жазалау шарасыы азаматты сотталған деп таниды, ал бұлтартпау шарасын қолданған кезде мұндай заңи жағдайлар туындамайды. Және де ең басты айырмашылығы – бұлтартпау шарасының институты – қылмыстық іс жүргізушілік болса, ал қылмыстық жазалау шарасының институты – ол қылмыстық-құқықтық болып табылады. Бұлтартпау шарасы – қылмыстың алдын-алудың қолайлы құралы және қылмыстық сот өндірісіне басқа да сұрақтарды шешу үшін қолайлы болып табылады. З.Д.Еникеевтің көрсетуі бойынша, қылмыстық істердегі қолданылған бұлтартпау шарасы 96,3- 97,2 % – ті құрайды. Осылйша бұлтартпау шарасы дегеніміз – ҚР ҚІЖК –тің 139 бабы бойынша – айыпталушы (сезікті) анықтаудын, алдын-ала тергеуден немесе соттан жасырынады, не істі сотта объективті зерттеуге және талдауға бөгет жасайды немесе қылмыстық әрекетпен шұғылдануды жалғастыруы деп ойлауға жеткілікті негіздер болған кезде. сондай-ақ үкімнің орындалуын қамтамасыз ету үшін қылмыстық процесті жүргізуші орган өз өкілеттілігінің шегінде ол адамға осы бұлтартпау шараларының бірін қолданылады. 1.2 Бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері мен шарттары Бұлтартпау шарасын қолдану қажет екендігі жөніндегі және бұлтартпау шарасының қандайын қолдану жөніндегі мәселені шешерде анықтама жүргізуші адам, тергеуші, прокурор, сот Кодекстің 139 бабында көрсетілген мән-жайлардың үстіне, сонымен қатар, тағылған айыптың ауырлығын, айыпталушының жеке басы, жас мөлшері, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы, немен шүғылданатындығы, мүліктік жай-күйі, түрақты түратын жерінің бар-жоғы және басқа да мән-жайлары ескерілуге тиіс. Процессуалдық әдебиеттерде бұлтартпауды таңдауда тұжырымдардың бәрін қарағанда айыпкердің жеке басын, шұғылданатын кәсібін, жұмысын, семьялық жағдайын және тағы басқа бұлтартпау шарасын қолданбауға негіз болмайтын жағдайларды ескеру керек дейді. Өз сипатына, тағайындалуына және қолданылатын адамга бұлтартпау шарасы, екіншісі – басқа да процессуалдық мәжбүр ету шаралары. Бұлтартпау шарасын кез келген қылмыстық іс үшін қолдана беру міндетті емес. Бұлтартпау шарасын қолдану – тергеушінің еркіне жатады, оның міндеттілігі болмайды . Бұлтартпау шарасынын жүйесі тергеушіге оны нақтылап тандап қолдану кезінде қылмыстың ауырлығын, айыптының жеке басын және тағы бірқатар жағдайларды ескеруге мүмкіндік береді. Қадағалау жүргізген кезде прокурор мынаны ескеру кажет. Кез келген бұлтартпау шарасын колдану азаматтың белгілі бір жеке бостандығын шектейді. Сондықтан ол қажет жағдайларда қолданылады. Тергеуші немесе анықтама жүргізуші адам жасырынған адамға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдануы мүмкін. Жедел-іздестіру жүргізу шаралары анықтама жүргізу кезінде немесе алдын-ала тергеуде іс қаралған кезде, сонымен қатар, іс уақытша тоқтатылған кезде де жариялануы мүмкін. Жедел іздестіру жүмысына қадағалауды прокурор жүргізіп отырады . Айыпкердін тұрақты тұрғылықты жері немесе түрақты жүмысы болмағандықтан оған бұлтартпау шарасын жасырынып кетпеуі үшін қолданамыз; оның бұрын сотталғандығын, қылмыстық байланысы бар екенін, кылмыс жасағаннан кейін коғамға қарсы теріс қылық жасауын, өзінің іс әрекетіне есеп бермеуі айыпкердің қылмыстық әрекеттерді жасауына негіз болуы мүмкін; істің ақиқатын анықтауға қауіпті төндіруді, – куәларды, жәбірленушіні, баска айыпкерді сатып алуға, қорқытуға немесе басқа жолмен өзіне қаратып өтірік жауап айтқызуға, айғақ заттарды жойып жіберуге немесе жалғандық жасауына, эксперттерге ыкпал етуге және тағы баска тәсілдерден түрады. Белгілі бұлтартпау шарасы айыпкерге қолданылатын жазамен теңесуі керек. Мысалы: айыпкерге бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдануға мүмкін болмайды, егер жасаған қылмысы бойынша қолданылатын жазасы бас бостандығынан айырмай түзеу жұмыстарын қолданатын болса, Жеңіл жазамен қатар ауырырақ бұлтартпау шарасын қолдану қажет. Егер айыпкердің жеке басы мен қажеттілік жағдайы ауырырақ бұлтартпау шарасын қолдануды қажет деп тапса. Бұлтартпау шарасын қолдануды шешкен кезде тергеуші қылмыстың ауыртпалығын; тергеу мен соттан жасырынып кетпеуін; қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға кедергі жасайтындығын; қылмыс жасаумен шұғылдана беретіндігін немесе үкімнің орындалуына кедергі келтіретіндігін ескереді. Сонымен қатар, оның жеке басын (айыпкердің, сезіктінің), шұғылданатын кәсібін, жасын, денсаулығын, семьялық жағдайын, түрғылықты жерін және т.б. ескереді. Бұлтартпау шарасын қолдануға жеткілікті себептер және мақсаты болса, ягни бұларга жету қажет болғанда, тергеуші, анықтама органы және соттың бұлтартпау шарасын қолдануы тек құқығы ғана емес, міндеттілігіне де жатуы мүмкін. Бірнеше құқықтық шарттарды сақтай отырып бұлтартпау шарасын қолдануға негіз болады. Біріншіден, бұлтартпау шарасы тек қылмыстық іс қозгалғаннан кейғін ғана қолданылуы мүмкін. Бүл адамға қол тигізбеу құқығына кепіл болады және оны негізсіз, еріксіз қамауға да және басқа да мәжбүр ету шараларын қолданбауға кепіл болады. Екіншіден, бұлтартпау шарасы қылмыстық жазаға қарағанда жеңілдеу болу керек. Егер қылмыстық кодекстің санкциясында бас бостандығынан айыру екі жылдан аспаса, онда бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдануға рұқсат етілмейді. Үшіншіден, кез келген бұлтартпау шарасын қолданудың шарты адамды айыпкер немесе сезікті ретінде тарту. Бұлтартпау шарасы жазалау шарасынан біраз белгілері бойынша ажыратылады: 1) бұлтартпау шарасы айыпкер, сезіктіге қолданылады, ал жазалау шарасы соттың үкімімен қылмыс жасады деп айып тағылған адамдарға колданылады, 2) бұлтартпау шарасының мақсаты жазалау шарасынан өзгеше. Мүнда бұлтартпау шарасының мақсаты – айыпкерге тергеу органы мен сотқа кепіл тұратын процессуалдык әрекетін қамтамасыз ету. Жазалау шарасы жасаған кылмысы үшін сазайын тарту арқылы, оны түзеу жолына қою және тәрбиелеу мақсатын көздейді және сотталушының жана қылмыс жасамауын ескерту; 3) жазалау шарасы тек үкім аркылы қолданылады, ал бұлтартиау шарасы анықтама жүргізуші мен тергеушінің, прокурордың каулысы немесе соттын шешімі бойынша тагайындалады; 4) бұлтаргпау шарасы уақытша ғана болады және ол өзгертілуі немесе тоқтатылуы мүмкін анықтама мен тергеу жүргізу стадиясында және соіта іс каралым жаткан кезде, ал үкім егер заңды және рәсімделген болса, онда өзгеріске жатпайды. Тұлғаға бұлтартпау шаралары қолданылған кезде, міндетті түрде ҚР Конституциясы мен ҚР Қылмыстық іс жүргізу заңдарында бекітілген қағидалар сақталуға тиіс. Сол қағидалардың бірі – Азаматтың жеке басына тиіспеушілік. Бұл принциптің негізіне Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактідегі әрбір адамның бостандыққа және жеке басына тиіспеушілікке құқұығы бар екені жөніндегі ереже алынған. Адамның жеке басының бостандығына конституциялық құқығы оның жеке басына тиіспеушілікпен тікелей байланысты. Конституцияның 16 және 17 баптарынан мыналар туындайды:  әркім өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар;  тұтқындауға және қамауға ұстауға тек қылмыстық ізге түсуге байланысты ғана жол беріледі;  тұтқындалған және қамауда ұсталған адам бұл әрекеттерге сотқа шағымдануға құқылы;  жеке басының бостандығына өз құқығын қорғау кезінде адам ұсталған, тұтқындалған немесе айып тағылған сәттен бастап адвокаттың (қорғаушының) көмегін пайдалана алады;  ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды . Бұл ережелер ҚІЖК-тің 14-бабына сөзбе-сөз дерлік келтірілген, оның өзі бұл принциптің мәртебелі ізгі міндер атқаратынын дәлелдейді. Адамның жеке басына тиіспеушіліктің жеке бостандығына құқығымен байланысты соңғысының мәжбүрлеусіз және шектеусіз қандай да болсын іс-қимыл жасау, қандай да болсын белсенділік көрсету немесе одан бас тарту мүмкіндігін білдіретінін байқауға болады . Ұстауға, қамауға алуға немесе бостандықтан өзгедей айыруға салынған тыйымды ол адам қылмыс жасауға қатысты деген болжам жасау үшін заңды және жеткілікті негіздер бар болған жағдайда алып тастауға болады. Сонымен бірге кімнің де болсын жеке басына тиіспеушілікті бұзу үшін негіз етіп алынатыны – қылмыс жасады деген кез келген сезік емес, тек қлмыстық заңда екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген қылмысты жасады деген сезік. Бұл жалғаз негіз екеніне қарамастан, заң шығарушы басшылыққа алған өлшемдерге назар аудару қажет: сот тағайындауы мүмкін бас бостандығынан айыру сот іс бойынша шешім шығарар алдындағы кезеңдерге жеке бас бостандығы жөніндегі құқыққа іс жүзінде шек қойылуына негіз болмақ. Айыпталушының жеке басының бостандығы соттың іс бойынша шешімінде белгілегенлегіден анағұрлым ұзақ мерзім бұзылмайтынының кепілі – процесте айыпталушы сотқа дейінгі кезеңдерде қамауда болған уақытты бас бостандығынан айырудың іс жүзіндегі мерзімі, адам қамауда болған уақытты қоса, сот бас бостандығынан айыру түрінде белгілеген жазаны өтеу уақытынан аспайды. Адамды қамауға алуға және тергеу изоляторында ұстауға тек соттың немесе прокуродың санкциясымен ғана жол беріледі, оның өзі адамды жеке басының бостандығы құқығынан айыру кезінде заңдылық сақталатынының қосымша кепілі болып табылады. Кейінге қалдыруды қажет етпейтін жағдайларда адам жетпіс екі сағаттан аспайтын мерзімге ұсталуы мүмкін, осы уақыт өткеннен кейін ол босатылуға немесе тергеу изоляторында ұстауға прокурордың санкциясы алынуға тиіс. Стационар жағдайларында сот-психитрлық сараптаманы мәжбүрлеп жүргізу қажет болған кезде шешімді сот қабылдайды және жеке бас бостандығының бұзылуына әкеліп соғатын ондай мәжбүрлеуге одан басқа ешқандай лауазымды адам немесе орган санкция бере алмайды. Сот-медицина сараптамасын жүргізу үшін адамды медициналық мекемеге мәжбүрлеп орналастыру кезінде соттың шешімі немесе прокурордың санкциясы қажет. Осы айтылған жағдайларда адамды мәжбүрлеу-бас бостандығына құқықты бұзу нысандарының бірі. Сот-психиатрлық немесе сот-медициналық сараптамасын жүргізу үшін медициналық мекемеге адамды орналастырудың ерекше прцедурасын осы жағдаймен түсіндіруге болады. Ұсталған әрбір адамға ұстаудың негіздемесі, сондай-ақ ол жасады деп сезік келтірілген немесе айып тағылған қылмысқа заң айқындамасы дереу түсіндіріледі. Қылмыстық процесті жүргізуші органдардың ұстау негіздемесін хабарлауға байланысты қауырт қыймылдауы-осы жағдайларда заңдылық сақталуының тиімді кепілі. Бұл мәселелерде кешігуге болмайтыны мына себептерге байланысты:  адамның жеке басына тиіспеушілік принципі бұзылады, оның өзі ұстауды жарамсыз деп тануға және ұстау туралы қабылданған шешімді бұзуға әкеп соқтыруы мүмкін (ҚІЖК 9-бабы);  ұсталған адамның жеке басына тиіспеушілік құқығын қалпына келтіру мақсатында адвокат (қорғаушы) қызметтерін пайдалану құқығы бұзылады (ҚІЖК 68 -бабы);  сезікті, айыпталушы қылмыстық ізге түсу органдарының заңсыз әрекеттеріне шағымдану жөнінде белсенді іс-қимыл жасайтын уақыт өтіп кетеді. Адамның жеке басына тиіспеушілік принципін сақтау-заңсыз ұсталған немесе қамауға алынған, не медициналық мекемеге заңсыз орналастырылған адамды соттың, қылмыстық ізге түсу органының дереу бостауы. Адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің заңсыз бұзылғанын прокурор жүзеге асыратын заңдылықты қадағалау барысында, сондай-ақ қылмыстық ізге түсу органы жасалған қылмыс жағдайларын анықтау кезіндегі қылмыстық ізге түсу барысында, сондай-ақ істі соттың қарауы кезінде анықтауға болады. Дереу бостау жөніндегі талап адам тергеу изоляторында қамауға алу қаулысында көзделген мерзімнен артық ұсталған, яки бас бостандығынан айыру органдарында үкімет белгілеген мерзімнен астам ұсталған жағдайларда да қатысты. Адамның жеке басына тиіспеушілік принципінің мазмұнына қылмыстық процеске қатысушы кімге де болсын күш қолдануға, қатал немесе адамның қадір-қасиетін түсіретін әрекет жасауға салынған тыйым кіреді. Күш қолдану, қатал немесе адамның қадір-қасиетін түсіретін әрекеттің адам мен азаматтың конституциялық құқытары мен бостандықтарының әлдеқалай бұзылуына жол бермейтін іс жүргізу әрекеттеріне ешқандай қатысы жоқ. Сот ісін жүргізу барысында күш қолдануға, қатал немесе қадір-қасиетін түсіретін әрекетке жол берілуі іс жүргізу әрекеттерінің заң нұсқауларынан өрескел түрде шегіне отырып жүргізілгенін білдіреді, оның өзі сол іс жүргізу әрекеттерін жарамсыз, ал осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күші жоқ деп тануға әкеліп соқтырады. Адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін іс жүргізу әрекеттеріне ешкімді қатыстыруға болмайтыны туралы анықтама осы ережеге бір табан жақын. Адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін іс жүргізу әрекеттері ҚІЖК-те көзделмеген. әңгіме қылмыстың мән-жайын модель түрінде қалпына келтіруді немесе техникалық құралдар қолдануы қажет ететін іс жүргізу әрекеттері жайында болып отыр. Мысалы, жол көлік оқиғасы туралы іс бойынша тергеу экспериментін жүргізу бұрын болған оқиғаның жәбірленуші қайтадан дене жарақатын алатындай етіп қалпына келітірілуіне жол бермейді. Іс жүргізу әрекеттері үшін пайдаланылатын техникалық құралдардың таңдап алынуы іс жүргізу әрекеттеріне қатысушылар үшін олардың мүлдем қауіпсіз болуын қамтамасыз ететін жайттарға негізделуге тиіс. Мұнымен бірге сот ісінде орындалуы адамның жеке басына тиіспеушіліктің бұзылуына әкеліп соғатын шешімдердің орын алуы мүмкін. Мысалы, соз аурулары мен өзге де жұқпалы ауруларды анықтау мақсатында сарапшылық зерттеу үшін үлгілердің мәжбүрлеп алынуы мүмкін. Мұндай жағдайларда заңда прокурор санкциясының немесе соттың тиісті шешімінің міндетті түрде алынуы көзделген (ҚІЖК-тің 263-бабы). Адамның жеке басына тиіспеушілік жөніндегі талап қамауға алынған адам жөнінде де сақталуға тиіс. Уақытша қамауда ұстау бөлмесіндегі жағдайлар қамаудағы адамның өмірі мен денсаулығына қатер төндірмейтін болуға тиіс. Бұлтартпау шараларын қолдануға қатысты тағыда бір қағида – Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде қылмыстық процеске қатысушы адамдардың абыр