Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны
ЖОСПАР
Кіріспе …………………………………………………………………………………………………………..3І БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР, ОЛАРДЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ ..5
1.1 Бюджеттен тыс қорлардың мәні ………………………………………………………………..5
1.2 Бюджеттен тыс қорлардың сыныптамасы және оларды ұлттық экономикада қолданудың ерекшеліктері …………………………………………………………………………….8
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫ ………………………………………………………………………………13
2.1 Қазіргі нарықтық экономикадағы әлеуметтік сақтандыру қоры ………………13
2.2 Ұлттық қор және оны ұйымдастыру ………………………………………………………..18
2.3 Ұлттық қордың көрсеткіштері бойынша талдау және қорды жетілдіру жолдары ………………………………………………………………………………………………………22
Қорытынды ………………………………………………………………………………………………….28
Қолданылған әдебиеттер ………………………………………………………………………………30
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз болып табылады. Бұл мәселені шешуде бюджеттен тыс қорлардың маңыздылығы ерекше. Өз кезегінде бюджеттен тыс қорлардың қаржы жүйесіндегі арналымы орталықтандырылмаған қаржылық ресурстар негізінде іске асады.
Орталықтандырылмаған қаржы ресурстары есебінен жасалатын ақша қорлары қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыруға, қосымша материалдық жағынан ынталандыруға, жаңа күрделі жұмсалымға, айналыс қаражаттарын көбейтуге, ғылыми-техникалық процесті қаржыландыруды, табиғатты қорғау шараларын жүргізуге бағытталады. Бұл шығындарды орталықтанрдырылмаған қаржы ресурстарын пайдалану есебінен жүзеге асыру микродеңгейдегі ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін ақша қаражаттарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ұдайы өндірістік процесті жүзеге асырудың мұндай тәртібі объективті және меншік нысандарына тәуелсіз болып табылады.
Экономиканың нарықтық жағдайында қаржы маңызды қызметтерінің бір болып табылатын қаржыны қайта бөлуде бюджеттен тыс қорлардың алатын орны ерекше. Өйткені, нарықтық экономикада мемлекеттің экономиканы тікелей реттеу шараларының әлсіздігіне байланысты және нарық заңының әсеріне байланысты экономикада қаржылар бір салада жеткілікті немесе артық мөлшерде болса, ал кейбір салалардың қаржы тартуға икемділігі аз болады, сонымен қатар экономиканың маңызды стратегиялық салаларын қаржыландырудың қажеттігі туындайды. Осы қызметтерді жүзеге асыруда мемлекеттік бюджетпен қатар бюджеттен тыс қорлардың да маңыздылығы жоғары болып табылады. Мысалы, еліміздегі бұндай қорларға инновациялық қорды, сақтандыру қорын және Ұлттық қорды жатқызсақ болады.
Сондықтан қаржы пәнінен курстық жұмыс тақырыбын «Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны» деп алдық.
Аталған тақырыптың өзектілігі экономиканың басты секторларының бірі болып табылатын қаржы жүйесіндегі бюджеттен тыс қорлардың экономикалық маңыздылығы мен мәнін ашып, оның қалыптасу барысы мен еліміздегі бюджеттен тыс қорлардың маңыздылығын ашу болып табылады.
Тақырыпты жазудағы негізгі мақсатым экономиканың дамуын қаржымен қамтамасыз етуші бюджеттік қорлармен қатар бюджеттен тыс қорлардың да қажеттілігі мен маңыздылығын ашу болып табылады.
Курстық жұмысты орындаудағы басты міндеттерім келесідей:
• Бюджеттен тыс қорлардың әлеуметтік-экономикалық мәнін ашу;
• Бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету принциптері мен сыныптамасына тоқталу;
• Еліміздің егемендік алып, нарықтық қатынастарға өте бастаған кезеңіндегі құрылған қорлар мен олардың қажеттігі туралы тоқталу;
• ҚР-ның сақтандыру қоры туралы айтып өту;
• Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану тәртәбән, оның құқықтық аспектілерін талдау;
• Ұлттық қорды талдау, жетілдіру және қордың негізінде атқарылатын мемлекеттің саясаттары мен реттеу шараларына тоқталып өту болып табылады.
І БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР, ОЛАРДЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
1.1 Бюджеттен тыс қорлардың мәні
Жалпымемлекеттік көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады. Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықта да қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болады.
Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығын құрайды. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің мақсатты қажеттіліктерін қанағаттандыруды қаржыландыруға бағытталатын қаржы ресурстарын шоғырландыру үшін ұлттық табысты қайта бөлу жөніндегі қатынастар болып табылады.
Еліміздің егемендік алған жылдарынан бастап бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функционалдық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджеттің тапшылығын төмендетудің қажет болуынан еді. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық органдарына аударуды қажет етті; бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры құрылды. Басқа жағдайларда нарыққа өту кезіңде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді әрі тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін мемлекеттік қорының шешуін қажет етеді.
Сол жылдары елде бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одақтық-республикалық қоры уақытша қызмет етті – бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың қиындықтарыме, оған жұмылдыратын қаражаттардың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды қалыптастыру субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі.
Қорларды қалыптастыру кезінде шаруашылық жүргізу субъектілеріне қайтарылмайтын тәртіппен ақша қаражаттарының бір бөлігін салудың қосымша міндеті жүктеледі. Егер мұндай бөлік қосымша өнімнің құны есебінен төгілсе, онда кәсіпорындардың экономикалық мүдделеріне тиіп өтеді – ұдайы өндіріс пен тұтынудағы олардың мүмкіндіктерін шектейді. Қорларға аударылатын аударымдарды өнімнің өзіндік құнына жатқызған жағдайда құнның бұл бөлігі баға арқылы тұтынушыға аударылады, сөйтіп бұл жүктемені жалпы қоғам шегеді.
Сонымен қатар қорларды құру және пайдалану кезінде қайта бөлгіштік процестер пайда болады, бұл процестер шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір бөлігі үшін уақыттың белгілі бір межелдемесінде баламасыз болып табылады, яғни олардың экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіреді. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін неғұрлым маңыздылары мына қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық қорлар. Сол бір мезгілде бүкіл қоғам ауқымында бюджеттен тыс қорлар арқылы әлеуметтік-экономикалық теңгерімділік пен тұрлаулылық қолдап отырылады, өйткені халықтың жеке топтарын әлеуметтік қолдау, бүкіл экономика немесе аймақтың мүдделері үшін белгілі бір мақсатты бағдарламаларды іске асыру, әлеуметтік-экономикалық дамуды теңестіру жөніндегі жергілікті және жалпымемлекеттік ауқымдағы мәселелерді шешу мүмкін болады. Бұл орайда бюджеттен тыс қорлардың қызметінде топтық және қоғамдық мүдделердің қарама-қайшылығы көрініп, білінеді. Жалпы бюджеттен тыс қорлардың қызмет етуі, сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржы қатынастарының бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында.
Нарыққа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғау қорларының, Жұмыспен қамту қорларының құрылуын қажет етті. Бұл қорлардың көпшілігі экономиканың дағдарыстық кезеңінде уақытша қызмет етті.
Қорларды қалыптастыру кезінде шаруашылық жүргізу субъектілеріне қайтарылмайтын тәртіппен ақша қаражаттарының бір бөлігін салудың қосымша міндеті жүктелді. Қорларға аударылатын аударымдарды өнімнің өзіндік құнына жатқызған жағдайда құнның бұл бөлігі баға арқылы тұтынушыға аударылады, сөйтіп бұл жүктемені жалпы қоғам шегеді.
Шаруашылық-қаржы қызметі процесінде кәсіпорындар мен ұйымдар қаржы қорларын – белігілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі, қорланады, жұмсалады.
Бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржы қатынастарын саралауға, олардың бір бөлігін тармаландырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.
1.2 Бюджеттен тыс қорлардың сыныптамасы және оларды ұлттық экономикада қолданудың ерекшеліктері
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функционалды-мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі.
Бюджеттен тыс қорлар мынадай белгілер бойынша сыныпталады: мақсатты белгісі бойынша — әлеуметтік (зейнетақы қоры, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін мемлекеттік қоры), экономикалық (жол қоры, жер қойнауын қорғау және минералды шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры, инновациялық-инвестициялық қор, тұрақты даму қоры), ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау, құқық қорғауға жәрдемдесу, мәдени арналымға жұмсалатын қорлар болып жіктеледі.
Басқару деңгейіне байланысты – мемлекетаралық, мемлекеттік және аймақтық (жергілікті аудан) қорлары.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгілікті, соның ішінде халықаралық қорларға ұқсас болғанымыен өзінің мақсатты арналымы бойынша өте сан алуан болып келеді.
Барлық бюджеттен тыс қорлар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорлары (жарғылық капитал, резервтік капитал, амортизациялық, валюта, жөндеу, қорлану, тұтыну және басқа қорлар) үшін қабылдауға болатын «арнаулы қорлар» термині қолданылуы мүмкін, мұның өзі олардың мақсатты арналымын баса көрсетеді.
Ұйымдық жағынан қорлар арнаулы аппараттың немесе министрліктердің басқаруында болады, мұның өзі қаржы ресурстарының оқшауланған бөлігін басқаруға, олардың ұтымды, мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауға мүмкіндік туғызады. Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың басқаруында шоғырландырылған мақсатты қаржыларды басқарып ұйымдастыруға жағдай жасайды: дүниежүзілік практикада қорларды басқару автономды түрде яғни биліктің өкілетті органдарының араласуынсыз түрінде болады, бұл қорларды басқарудың мемлекеттік органдарына мақсатты қаржыландырудың мәселелерін тез шешуге, ахуалдың өзгеруіне дер кезінде құлақ асуға мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар арқылы қаржы ресурстарының едәуір ауқымы қайта бөлінеді. Қазақстан Республикасында қайта бөлудің ауқымы елдің ішкі өнімінің 10-12% пайызын құрайды.
Өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың қаржысын қалыптастырудың қиындықтары: олардың көбісінің залалдығы, өзара берешектер, төлем қабілетсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың бюджеттері теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік-экономикалық мұқтаждарды мақсатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылады. Өздерінің қызметтерінің орындалуына немесе экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгертіліп, кейбіреулері өз уақытында экономика үшін маңызы жоғары болып табылады. Елімізде дағдарыстық және қайта жандану жылдары кәсіпорындар мен ұйымдарды экономикалық ынталандыру қорлары – материалдық көтермелеу қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік даму қорлары жұмыс істеді. Сол жылдары министрліктер мен ведомстволарда жалпы сапалық сиапттағы шығындарды қаржыландыру, көптеген маңызды кәсіпоырндарға қаржы көмегін көрсету үшін орталықтандырылған қаржы қорлары құрылды: ғылым мен техниканы дамытудың бірыңғай қоры, экономикалық ынталандыру қорлары, бағаны реттеу қоры және т.б.
Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) акцияларды олардың нақтылы құны бойынша және инвесторлардың осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес айқындалатын орналастыру бағалары бойынша төлеуi арқылы қалыптастырылады және ол Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледі. Акцияның құрылтайшылар алдын ала енгiзетiн төлем мөлшерi қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға және оны құрылтайшылар қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап отыз күн iшiнде толық төлеуге тиiс. Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту қоғамның жарияланған акцияларын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.
Кәсіпорындардың қарамағында қалатын қаражаттардың негізінде, яғни салықтар мен басқа да төлемдерді төлегеннен кейін қалатын кешенді қорлар – тұтыну және қорлану қорлары болып табылады. Тұтыну қоры еңбекақыға төленетін қаражаттар мен қызметкерлерді материалдық ынталандыру және әр түрлі әлеуметтік төлемдер үшін кәсіпорындар қарамағында қалатын таза табыстың бір бөлігі есебінен құрылады. Қордың қаражатттары қызметкерлердің жеке тұтынуына жұмсалады.
Қорлану қоры:
• кәсіпорындар қарамағында қалатын табыс;
• негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар;
• банктердің несиелері;
• шығып қалған мүлікті сатудан түскен түсім ақша қаражаттары.
Яғни, қорлану қоры ұлғаймалы өндірісті қамтамасыз ету шығындарын қаржыландыруға негізгі капиталдарды жаңартуға және жөндеуге, ғылыми-техникалық прогресті дамытуға жұмсалады.
Елімізде бюджеттен тыс қорлардың қалыптасуын негізінінен әлеуметтік арналымдағы қорлардың мысалында атап өтсек болады. Оларға:
• Зейнетақы қоры;
• Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;
• Міндетті медициналық сақтандыру қоры;
• Жұмыспен қастуға жәрдемдесу қоры.
Сонымен қатар шаруашылық жүргізуші әрбір кәсіпорын немесе фирма өздерінің қызмет ету барысында қызметкерлерді ынталандыру мақсатында сыйақыларды, дивидендтерді, ынталандырушы төлемақыларды, қызметкердің әлеуметтік жағдайын шешуге байланысты көиек қаржыларды қалыптастыру үшін кәсіпорынның жекелеген тұтыну қорын қалыптастырады. Бұл тұтыну қорларын қалыптастыру үшін кәсіпорында қызмет етуші азаматтар міндетті әлеуметтік аударым сомаларын нормативтер бойынша аударып отырады. Сондай-ақ қоғамның қаржылық қолдауды қажет ететін ұйымдарына жәрдемдесуге байланысты барлық еңбекке ақы төлеу қорларынан 5% аударым жасалынады және міндетті әлеуметік сақтандырудың аударым нормасы бойынша бөлінеді:
Зейнетақы қорына – 85% (немесе еңбекақы қорының 25,5%);
Міндетті медициналық сақтандыру қорына – 10% (еңбекке ақы төлеу қорының 3%);
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына – 5% (еңбекке ақы төлеу қорының 1,5%);
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жұмыс берушілердің еңбекақы қорының 2% мөлшерлемесінде міндетті сақтық аударым жарналары есебінен құрылады. Бюджет мекемелері, ауған-мүгедектер қоғамдары, Қызыл жарты ай мен қызыл крест қоғамы, бірқатар балалардың қайырымдылық ұйымдары үшін жарналардың мөлшері 1% болып келеді. Мылқаулар, мүгедектер және зағиптар қоғамы ұйымдары қорға жарна төлеуден босатылады.
Жоғарыда аталған қорларды қалыптастыруға аударылған қаражаттардың аударымдарын заңды және жеке тұлғалар, ұйымдар мен мекемелер өндіріс немесе айналым шығындарына қосып, өнім, жұмыстар, қызметтер көрсетудің өзіндік құнына жатқызады.
Сонымен қатар әлеуметтік арналымның қорларын қалыптастыруға басқа көздердің қаражаттары бағытталып отырады:
• Мемлекеттік бағалы қағаздарға бос қаражаттарды орналастырудан алынатын кірістер;
• Белгіленген мерзімде жарналар төленбеген жағдайдағы есептелген өсімпұл сомасы;
• Қажетті жағдайларда – бюджет қаражаттары мен банк кредиттері; Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының қаржыларынан үлес ұсынуларын атап өтуге болады.
Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыларды төлеуді, жұмыссыздарды қайта даярлау мен қайта оқытуды, мұқтаж азаматтарды қолдау үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қаржыландырып отырады.
Әлеуметтік сақтандыру қоры еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі, жүктілігі және босануы жәрдемақыларды, сауықтыру сипатындағы қызметтер көрсетуді төлеуді қаржыландырады.
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫ
2.1 Қазіргі нарықтық экономикадағы әлеуметтік сақтандыру қоры
Сақтандыру – пайда болу, функционалдау мен даму принциптері өзінің бейнесін экономикалық теория мен ағымдарында табатын қазіргі экономикалық қызметтің дербес және спецификалық саласы болып табылады.
Материалдық саладағы өндіріс процессінің барлық кезеңдері залал келдіру мүмкіншілігімен байланысты мүмкін болатын барлық факторлардың тұрақты әсер етуіне ұшыратады. Табиғатқа әсер ете отырып, адам өзін үнемі түрлі тәуекелдерге кездестіреді, бұдан табиғат қадағаланбайтын күш ретінде шығады. Сондықтан нарықтық экономика шарттарында ерекше маңыздылық пен актуалдылықты иемденетін, барлық мүмкін болатын тәуекелдерден сақтандыру қорғауының қажеттілігі туындайды. Кездейсоқ факторлардың кері әсер етудің ликвидациялау мүмкіншілігі спецификалық сақтандыру қорын құруда ғана жүзеге асады.
Сақтандыру қоры – халыққа немесе қоғамға табиғи апаттар мен басқа кездейсоқ факторлармен келтірілетін залалды өтеу үшін өз дамуының әртүрлі кезеңдерінде қажет материалды немесе ақша қаражаттарының резерві. Қоғам қажеттіліктерін сақтандыру қорғауымен қанағаттандыратын сақтандыру қорын құрудың обьективті қажеттілігі қоғамдық даму процесстің өзін сипаттайтын қайшылықтармен шартталған.
Осы заманғы шарттарда сақтандыру қорын құру халық пен қоғамды сақтандыру қорғауы қажеттілігімен шарттайтын тәуекел факторларының келесі топтарын бөліп көрсетуге болады:
— Табиғи апаттар, катаклизмалар олардың қоршаған ортаға, адамға қиратушылық жасауы;
— Қоғамдық өндіріс, олармен байланысты техника мен ғылыми –техникалық прогресстің жетістіктерін қолдану саласын кеңейту;
— Материалдық залалды көрсететін, кері құбылыстардың түсу ықтималдығымен шартталатын қоғамның әлеуметтік қарама – қайщылықтары;
— Табиғатқа шаруашылық қызметінің кері әсер ету нәтижесі ретінде экологиялық тәуекелдер.
Бұл тәуекелдердің факторлары, біріншіден, адамға, оның денсаулығы мен жұмысқабілеттілігіне кері әсер етеді; екіншіден, материалдық өндіріске залал әкелінеді, қиралған жабдықтарға, техникаға, материалдарға және т.б. қалпына келтіруіне қажеттілік туындайды; үшіншіден табиғи ортаға залал келтіріледі, экологиялық тәуекелдер пайда болады; төртіншіден, әскери даулар, ереуілдер, жұмыссыздық, көп көлемдегі залалдар түрінде қоғамға залал келтіріледі. Қоғамдық өндіріс дамуының мөлшеріне байланысты сақтандыру қорына қажеттілік өседі. Бұл тек апаттар нәтижесінде пайда болатын қолайсыз экономикалық зардаптармен ғана емес, сонымен қатар өндіріс қаражаттары мен жұмыс күшін қалпына келтіруге қажетті резервтерді құрайтын өндірістік және әлеуметтік – экономикалық түрінде өндіріс процессімен түсіндіріледі.
Сақтандыру қорының маңыздылығын ашу үшін оның пайда болуының, құрылу қағидаларының нақты формаларына тоқталып кетейік. Сақтандыру қорының құрылуына және бөлінуіне табиғи апаттар мен әртүрлі кездейсоқ факторларымен келтірілетін, залалдардың характері мен мөлшеріәсер етеді. Сақтандыру қоры бірнеше әдістермен құрылуы мүмкін:
1. Орталықтандырылған әдіс. Орталықтандырылған тәртіпте бұл ресурстарға бөлінген қаржылар есебінен сақтандыру қоры пайда болады, оның мақсатты міндеті – мемлекеттік бюджетте сақтандыру резервтерін құру. Осыған мысал ретінде, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар бойынша Агенттілігімен қолданатын мемлекеттік қор болып табылады. Бұл қорлар ірі апаттар, төтенше жағдайларда халық шаруашылығына келітірілген зияндар, сонымен қатар халыққа көмек көрсету үшін қолданылады.
2. Өзін — өзі сақтандыру әдісі. Бұл әдісте қорлар авариялар, машиналар мен механизмдердің бүлінген және т.б. кенет пайда болған қиыншылықтарды тез арада жою мақсатында кәсіпорынды, ұйымды оперативті басқару үшін, заңды және жеке тұлғалардың өз қаражаттары есебінен құрылады. Өзін — өзі сақтандыру әдісімен пайда болған сақтандырудың натуралды және ақшалай резервтері ұйымдар мен кәсіпорындардың сақтандыру қажеттіліктерін толық көлемде қамтамасыз ету үшін арналмаған. Олар болжанбаған жағдайлар кезінде пайда болатын, ең шұғыл қажеттіліктер мен мұқтаждықтар үшін қолсұқпайтын қор.
3. Сақтандыру әдісі. Тауар – ақша қатынастары сақтандыру қорын құру үшін обьективті шарты болып табылады. сақтандыру әдісімен құрылатын сақтандыру қоры нақты страховательдердің мақсатты төлемдері есебінен құрылады және тек белгілі мақсаттарға – шығындардың орнын толтыру, сақтандыру соммаларын тек сақтандыру қорын құрайтын қатысушыларға төлеу, яғни страховательдерге щығындалады. Сақтандыру сақтандыру қорын құру әдісі сияқты орталықтандырылған және орталықтандырылмаған элементтерді құрайды. Бір жағынан қаржылардың құрылуы орталықтандырылмаған тәртіпте жүргізіледі сақтандыру төлемдері сақтандырушылармен төленеді. Ал басқа жағынан, сақтандыру қоры жеке шаруашылықтар бойынша емес, орталықтандырумен жұмылдырылады, сақтандыру жағдайлары бойынша шығындардың орнын толтыруға құқықты сақтандыру қорының қатысушылары сақтандыру келісімінің шарттарына сәйкес алады.
Сақтандыру нарық моделінің теориялық өңдеудің обьективті алғышарты, біріншіден, барлық мүмкін болатын экономикалық деңгейлерде және барлық мүмкін болатын экономика субьекттерінде: мемлекет, индивидтер мен кәсіпорынға сақтандыру қорғауының кең таралған формасы сияқты сақтандыру қорларының болуы, екіншіден, олардың өздері сақтандыру қатысушылары мен өздерінің сақтандыру қорларының ұйымдастырушылары болып табылады. Егер де сақтандыру қорын индивидтер мен ұйымдар, мемлекет пен сақтандыру компаниялары үшін жалпылай сақтандыру қорғауын ұйымдастырудың қазіргі заманғы формасы сияқты қарастырсақ, онда ең алдымен сақтандыру қорының жалпы қағидаларын анықтап, содан соң сақтандыру қорының жалпы моделін сақтандыруды түсіндіру, дамыту және анализ жасау үшін қолдану қажет. Сақтандыру қоры капитал ретінде қарастырылады. Сақтандырудың қорлық түсіндіруіне негізгі моменттерді қысқаша баяндайық.
Сақтандыру өзінің пайда болу қағидаларын, функционалдауын және дамуын экономикалық теориялар мен ағымдарда бейнесін табатын, қазіргі экономикалық қызметтің дербес және ерекше саласы болып табылады.
Сақтандыру қоры моделінің теориялық өндірілуінің обьективті алғышарты, біріншіден, барлық мүмкін болатын экономикалық деңгейлері мен барлық мүмкін болатын экономика субьекттеріне: мемлекетке, индивидтер мен кәсіпорындарға, сақтандыру компанияларына сақтандыру қорғауының ең кең тараған формасы ретінде сақтандыру қорларының бар болуы, екіншіден, олардың өздері сақтандыру қатысушылары мен өздерінің сақтандыру қорларының ұйымдастырушылары болып табылады.
Егер де сақтандыру қорын жалпы сақтандыру қорғауының қазіргі нысандағы ұйымы ретінде қарастырсақ: индивидтер мен ұйымдар, мемлекет пен сақтандыру компаниялары үшін, онда ең алдымен сақтандыу қорының жалпы қағидалары мен маңызын анықтап, содан соң сақтандыру қорының жалпы моделін анализдеуге және сақтандырудың дамуы үшін анықтау қажет. Мұнда сақтандыру қоры капитал ретінде қарастырылады және жалпы экономикалық қорлар жүйесінде жеке жағдай болып табылады. Сақтандырудағы қорының түсіндірмесіне қағидалық моменттерді қарастырайық.
— Біріншіден, қор қандай болса да пайдалылығы бар, экономикалық игіліктердің жиынтығымен түсіндіріледі.
— Екіншіден, тыныштық пен қозғалысқа байланысты экономикалық игіліктерді қорлар мен ағымдарға бөледі, біріншімен игіліктің резервтік, қол сұқпайтын бөлігі, ал екіншімен тікелей шаруашылық процесттегі игіліктер бөлігі түсініледі.
— Үшіншіден, сақтандыру қоры экономикалық категория ретінде оның экономикалық мәнділігін айқындайтын баға, құн және өзіндік құнға ие болады. Сақтандыру қорының өзіндік құны ықтималдықтың негізінде анықталады: статистикалық, эксперттік, интуитивті. Сақтандыру қорының құны оның құрылуы мен басқаруына кететін обьективті шығындармен анықталады. Құндылық әрбір белгілі – бір субьект үшін анықталмағандықтан қорғау әдістері туралы шешім қабылдайтын, сақтандыру пайдалылығының субьективті көрінісі болып табылады. Баға обьективті моменттің, яғни сақтандыру қорының құндылығын және субьективті, яғни сақтандыру құрғауының құндылығының индивидуалды мәнінің бейнесі болып табылады.
“Қор” термині (франц. Fond латыншадан fondus) негіз дегенді білдіреді. Кор – микро – және макроэкономикалық ұдайы өндіріс процесінде жаңа игіліктерді құрудың негізгі факторы ретінде шығатын динамика – статикалық игіліктер қоры. Сақтандыру қорының қасиеттері:
♦ игіліктердің қорлары түрінде функционалдауы, бұл сақтандыру қорының негізін білдіреді;
♦ сақтандыру қорының өзгеруін (қозғалыс) білдіретін, қордың қорларын қолданудағы белгісіздіктің, ықтималдықтың болуы;
♦ сақтандыру қорының дамуы мен өздігінен дамуын білдіретін, қорлардың ақшалай көрінісі.
Сақтандыру қорының дамуын сыртқы және ішкі позициядан қарастыруға болады. Сақтандыру қорының сыртқы дамуын үш кезеңге бөлуге болады:
1 Даму – кез келген толық жүйелердің өзгеру, қозғалыс процесін білдіреді;
2 Кездейсоқтық – жүйелер дамуының екінші деңгейлік, қосымша мүмкіншіліктерін білдіреді;
3 Қажеттілік — өзінің жоғарғы дамуы мен болуын сипаттайтын, маңызды, заңды байланыстрады, ішкі, тұрақты, қайталанатын қатынастарды білдіреді.
2.2 Ұлттық қор және оны ұйымдастыру
Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың ішіндегі негізгісі бүгінгі таңда Ұлттық қор болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың жағдайына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында құрылды. Яғн.и, Қазақстанның ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резервтерін шоғырландырады. Бүгінде қор активтерінің ауқымы 9 миллиард АҚШ долларынан асып отыр. Сөйтіп қор екі басты функцияны орындайды: жинақтаушы және тұрақтандырушы функциялар. Қордың толық қызмет ете бастауы 2001 жылдан басталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздерi:
1) шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетiн нақты түсiмдердiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекiтiлген олардың жылдық көлемiнен асып түсуi ретiнде айқындалатын республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер;
2) республикалық меншiктегі және кен өндiру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түсетiн түсiмдердiң есебiнен айқындалатын республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер;
3) шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетiн республикалық бюджетте жоспарланған түсiмдер сомасының он процентi мөлшерiнде есептелген республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер;
4) ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түскен түсiмдер есебiнен айқындалатын жергiлiктi бюджеттiң ресми трансферттерi;
5) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiстер;
6) Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер болып табылады.
Негiзгi қызметi табиғи ресурстарды өндiру мен өңдеу болып табылатын заңды тұлғалар шикiзат секторының ұйымдары болып табылады. Шикiзат секторы ұйымдарының тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Шикiзат секторының ұйымдарынан түсетiн түсiмдер — шикiзат секторы ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлерi бойынша түсетiн түсiмдердiң жиынтығы:
• корпорациялық табыс салығы;
• қосылған құнға салынатын салық;
• үстеме пайдаға салынатын салық;
• бонустар;
• роялти;
• жасасқан келiсiм-шарттар бойынша Қазақстан Республикасының өнiмдi бөлу жөнiндегі үлесi.
Шикiзат секторы ұйымдарынан түсетiн түсiмдер болжамы шикiзат секторының тауарларына республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарында айқындалған дүниежүзiлiк тұрақты есеп айырысу бағалары ескерiле отырып жасалады.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түскен түсiмдер есебiнен айқындалатын ресми трансферттер мәслихаттың тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмiмен бекiтiледi, ал жоспардан тыс түсiмдер есебiнен айқындалған ресми трансферттердi жергiлiктi бюджеттен бюджеттi атқару жөнiндегі жергілiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi бюджеттi тиiсiнше түзету негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiстер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қаржылық активтерге және, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктерге орналастырудан құрылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану:
1) тұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойынша шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң бекiтiлген және нақты көлемдерi арасындағы айырма ретiнде айқындалатын республикалық бюджет шығынын өтеуге жұмсалады. Өтем мөлшерi республикалық бюджеттiң түсiмдер бойынша толық атқарылмаған жалпы сомасынан аспауға тиiс. Түсiмдердiң жалпы нақты көлемi олардың бекiтiлген көлемiнен асып түскен жағдайда өтем жүзеге асырылмайды;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн мақсаттарға арналып берiлетiн нысаналы трансферттер түрiнде;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайын аудит өткiзуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жеткiлiктi өтiмдiлiк деңгейiн ұстап тұру;
3) тәуекел деңгейiнiң қалыптылығы жағдайында ұзақ мерзiмдi перспективада Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры табыстылығының жоғары деңгейiн ұстап тұру;
4) инвестициялық кiрiстер алуды қамтамасыз ету мақсатында рұқсат етiлген қаржы активтерiне және, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктерге орналастырылады.
Рұқсат етiлген қаржылық активтердiң және, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктердiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңестiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге және мiндеттемелердi орындауды қамтамасыз ету ретiнде пайдалануға болмайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебiнен республикалық бюджеттiң шығынын өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңестiң келiсiмiмен қаржы жылының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Парламентiнде республикалық бюджеттi нақтыламай-ақ жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берiлетiн нысаналы трансферттердiң көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтiледi. Активтердi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңес — Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиiмдi пайдалану және оны қаржылық активтерге және, материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастыру жөнiнде ұсыныстар талдап-жасайтын консультациялық-кеңесшi орган.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi кеңестiң функциялары:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану көлемдерi мен бағыттары жөнiндегi ұсыныстарды қарау және талдап-жасау;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшiн рұқсат етiлген қаржылық активтердiң және материалдық емес активтердi қоспағанда, өзге де мүлiктердiң тiзбесi жөнiнде ұсыныстар талдап-жасау болып табылады.
2.3 Ұлттық қордың көрсеткіштері бойынша талдау және қорды жетілдіру жолдары
Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы резервтерін шоғырландыру негізінде өзінің басты қызметін атқарады. Сөйтіп, ұлттық қор негізгі екі функция орындайды: жинақтаушы және тұрақтандырушы функциялары.
Жинақтаушы функциясымен қатар Қор қаражатының қалыптасуы мен пайдалануының қолданылып жүрген тетігі ағымдағы экономиканың жағдайына тұрақтандыру ықпалын көрсетеді.
Қордың тұрақтандырушы функциясын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта мерзімді жоспарлауға көшуге мүмкіндік береді.
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең аз қамтылған жігін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзiмдi фискалдық саясатты айқындау процесі келесідей сипатта болады:
1. Орта мерзiмдi фискалдық саясат алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын, соның iшiнде:
• мемлекеттiк, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң болжамдық көрсеткiштерiн;
• бюджеттiк бағдарламалардың өткен кезеңнiң iшiнде iске асырылу тиiмдiлiгiн бағалау нәтижелерiн;
• бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;
• республиканың немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттарын iске асырудың тәсiлдерiн;
• бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;
• мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;
• ықтимал фискалдық тәуекелдердi айқындайтын құжат болып табылады.
2. Орта мерзiмдi фискалдық саясат республиканың немесе аймақтың орта мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық даму жоспары негiзiнде, өткен қаржы жылы бекiтiлген орта мерзiмдi фискалдық саясат, мемлекеттiк, салалық (секторлық), аймақтық бағдарламалар, өткен қаржы жылы iшiнде бюджеттiң атқарылуын талдау мен бағалау ескерiле отырып, оның негiзгi бағыттары жыл сайын түзетiлiп үш жылдық кезеңге әзiрленедi.
Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзiрлеу бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Республикалық бюджеттiк комиссия қабылдаған шешiмдердiң негiзiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын жасап, оны Республикалық бюджеттiк комиссияның қарауына енгiзедi. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкiлiктi нұсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрiлмей аяқталады.
Нарықтық жағдайларға көшу жағдайында республикалық бюджет шығыстарының құрылымы айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда – ұлттық шаруашыылқтың, ең алдымен орталықтандырылған күрделі жұмсалымдарға жұмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі акционерлік қоғамдарға өзгерді, олар ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржы рыногында жұмылдырылған меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жүзеге асыруға тиіс.
Экономиканы одан әрі тұрақты дамыту, жүргізіліп жатқан реформаларды тереңдету, мұнай операцияларына, қаржы лизингіне, қаржы құралдарына салық салуды және оның нормаларын жетілдіру жәек кәсіпкерлердің инвестициялық тартымдылықтарын күшейту инвестициялық салық преференцияларын беру нысаны кеңейтіледі. Негізгі құралдарды жаңарту және жаңғырту процестерін жеделдету үшін салық салу мақсатында елде амортизациялық саясат жетілдірілді.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру, сондай-ақ инвестициялар көлемін өсіру және салықтық әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру есебінен ел экономикасын теңгерімді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында орта мерзімді кезеңде салық саясатының негізгі бағыттары анықталады. Олар:
• шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдану аясын кеңейиу және оларды ең алдымен экономиканың шикізат емес секторына инвестиция тарту үшін шаралар қолдану;
• Салықтық әкімшілендірк процесін одан әрі жетілдіру;
• Салық салу және оның механизмін акпараттандыру және компьютрлендіру;
• Қазақстандық экономиканың бәсеке қабілеттілігін күшейту мақсатында 2008 жылдан бастап салықтық ауыртпалықты заңды тұлғалардың кірістерінен жеке тұлғалардың кірістеріне біртіндеп ауыстыру мүмкіндігін қарау болып табылады деп көзделуде.
Мемлекеттік бюджет кірістері салық заңнамасы, Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспары жобасының маңызды макроэкономикалық көрсеткіштері мен салық саясатының ел экономикасын одан әрі дамытуға және инвестициялар тартуға бағдарланған бағыттары негізінде айқындалады.
2006-2008 жылдары бюджет саясаты жедел әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары мен міндеттерін кешенді шешуге және ағымдағы міндеттемелерді бір мезгілде орындауға негізделетін болады. Тұтастай алғанда орта мерзімі кезеңде жүргізіліп жатқан бюджет саясатының жалпы бағыты сақталады және мыналарға:
• Денсаулық сақтауды реформалауға және дамытуға;
• Білім беруді дамытуға;
• Әлеуметтік реформаларды одан әрітереңдетуге;
• Идустриялық-инновациялық дамуды қолдауға;
• Аграрлық секторды дамытуға; Жаңа тұрғын үй саясатын іске асыруға;
• Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға;
• Мемлекеттік қызметтердіңтиімділігін арттыруға бағытталып отыр.
Орта мерзімді кеезңде фискалдық саясаттың негізгі мақсаты әлеуметтік-экономикалық дамудың басым міндететрін шешу үшін салық-бюджет құралдарын тиімді қолдану, атап айтқанда, Қазақстанды әлеуметтік және экономикалық жедел жаңғыртуға бағытталған ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі нарттыру болып табылады.
Орта мерзімді кезеңде бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
• Бюджеттік заңнаманы және жоспарлауды жетілдіру;
• Мемлекеттік шығыстардың тиімділігі мен нәтижелігін арттыру;
• Жүргізіліп жатқан әлеуметтік реформаларды қаржылық қамтамасыз ету;
• Перспективалы бюджеттік жоспарлаудың рөлін жоғарлату;
• Көлеңкелі экономиканың үлесін азайту;
• ҚР Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тетігін жетілдіру;
Кез келген мемлекеттің нарықтық экономикасының қалыптасуы мен дамуы мемлекеттің негізгі жақтарын, әсіресе экономикасын реттеу құралы ретінде салықтық саясатты кеңінен қолдануына тікелей байланысты болмақ. Өйткені елімізде бюджет пен халықтың және шаруашылық субъектілерінің арасында қарым-қатынасты қалыптастыруда фискалдық және реттеушілік қызметті жүзеге асыратын салықтық реттеуді жетілдіру бағытары өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Салық саясаты арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін ынталандыруға немесе шектеуге, бюджет кірісін қалыптастыруға, қоғам мүддесін қолдауға болады. Сондықтан елімізге салық түрлерін, салық ставкалары мен жеңілдіктерін енгізу, оларды дамыту арқылы реттеушілік қызметін жүзеге асыру барысында экономиканы, өндіріс пен инвестицияны, шағын және орта бизнесті жан-жақты қолдау мен рететуді жүзеге асыруымыз керек.
Ұлттық қордың активтері Қазақстан Республикасы Үкіметінің Ұлттық банктегі шотына шоғырландырылады, ол Қорды сенімді басқару туралы келісім шартқа сәйкес инвестициялық операцияларды жүзеге асыру ережелері шеңберінде сенімді басқаруды жүзеге асырады. Қаражаттардың көздері мен қорды қалыптастыру тәртібі мынамен анықталады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының бес жылдық индикативтік жоспарының құрамында Қазақстан экспортының едәуір үлесін құрайтын шикі мұнайға, мысқа және басқа шикізат тауарларына есептік тұрақты дүниежүзілік бағалар белгіленеді, олардың негізінде республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеп, бекіткен кезде Қазақстан тауар өндірушілері шикізат тауарларын өткізудің орташа бағаларын және оған сәйкес шикізат секторынан түсетін мемлекеттік кірістерін есептеп шығарады.
Қор республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы процесінде оған шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін салық және өзге міндетті төлемдердің республикалық және жергілікті бюджеттердегі түсімдердің олардың мына түрлері бойынша: корпорациялық табыс салығының, ҚҚС, үстеме пайдаға салынатын салық, бонустардың, роялтилердің бекітілген сомаларын асып түсуін есепке жатқызу жолдарымен қалыптасады.
Қор мына түсімдердің есебінен қалыптасады:
• Республикалық және жергілікті бюджеттерден алынатын ресми трансферттер, олар жоспарланатын сомалардың 10% шамасында алынады;
• Қорды басқарудың түсетін инвестициялық кірістер;
• Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынбаған өзге түсімдер мен кірістер;
Қаражаттарды қорға есептеудің тәртібін үкімет анықтайды. Қордың қаражататры келесі бағыттар бойынша жұмсалады:
1) шикізат секторы ұйымдарынан түсетін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің бекітілгн және іс-жүзінде сомасының арасындағы айырмасы ретінде анықталатын ысыраптарды өтеу үшін;
2) қордың мақсатты трансферттері түсірдегі одан республикалық және жергілікті бюджеттерге Қазақстан Республикасының Президенті анықтайтын мақсаттарға белілетіні,
3) қорды басқарумен және жыл сайынғы жүргізілетін шығыстарды жабуға.
Қорды қалыптастырудың негізгі көздері бюджетке шикізат секторы ұйымдарынан түсетін жоспардан тыс салық және басқа да міндетті төлемдер, Қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер және Қазақстан Рсепубликасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер болып табылады.
Шикізат секторы ұйымдарынан бүгінгі таңда Қорға түскен түсімдердің негізгі бөлігін – 55% -ын заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, 24% роялтилер мен бейрезидент заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы, 6% резидент заңды тұлғалардың табыс салығы, 1-2% бонустар, 0,5% — қосымша құн салығы құрап отыр.
Қазіргі кезде Ұлттық қордың қаражаттары сенімді де өтімді бағалы қағаздарға орналастырылған және оның 4/1 бөлігі алтынмен қамтамасыз етілген. Ұлттық қордың қазіргі жинақталған қоры жалпы түрде 15 млрд. теңге шамасында болды.
Қорытынды
Қорыта келгенде, бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны, мемлекеттің белгілі мақсаттарға пайдаланылатын ақша ресурстарының жинақталған көздері болып табылады. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің мақсатты қажеттіліктерін қанағаттандыруды қаржыландыруға бағытталатын қаржы ресурстарын шоғырландыру үшін ұлттық табысты қайта бөлу жөніндегі қатынастар жиынтығын құрайды.
Сондай-ақ, бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржы қатынастарын саралауға, олардың бір бөлігін тармаландырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен мынадай екі сфераны қамтиды:
• мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;
• кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының ауыспалы айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржы қатынастарының бірінші сферасында орталықтандырылған қаржылар, яғни, мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік негізде құрылған қорлардың қалыптасуы, оларды қалыптастырудағы ақша қаражат қорларының түсу ерекшелігін сипаттау болса, екінші сфера, яғни, кәсіпорындардың қаржылық қорлары нақты шаруашылық қызмет барысында қалыптасады.
Сонымен, елдің маңызды саласы болып табылатын қаржы саласын дамытуда ең алдымен олардың материалдық негізі болып табылатын қаржы қорларын, яғни ақша қаражат қорларын тиімді қалыптастыру мен дамытудың маңызы бүгінгі нарықтық қатынастар дамыған экономикада жоғары болып табылады.
Жұмыс барысында бюджеттен тыс қорлардың экономикалық мәні мен жіктемесіне, олардың белгілері бойынша сыныптамасына тоқтала келе елімізде бюджеттен тыс қорлардың келесідей әлеуметтік және экономикалық мақсаттағы қорларға тоқталып өттік. Оларға:
• Зейнетақы қоры;
• Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;
• Міндетті медициналық сақтандыру қоры;
• Жұмыспен қам
• туға жәрдемдесу қоры;
• Инновациялық даму қоры;
• Инвестициялық қор;
• Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры.
Аталған Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың ішіндегі негізгісі және ұлттық экономиканың тұрақты, әрі тиімді дамуының кепілі болып табылатын бүгінгі таңда Ұлттық қор болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (2004 ж. 24 сәуірдегі N 548-II)
2. Шарипбаев Н.Ж. некоторые вопросы развития страхового рынка РК //Аналитик, 2006. №1.
3. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2005. – 543 бет.
4. Закон «О страховой деятельности» от 18.12.2000г.
5. Батыргожин Н. Итоги государственной программы развития страхования в РК //РЦБК 2006г. №2.
6. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001ж. — 466 б.
7. С.Б. Мақыш, Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, — 2004ж. – 248 бет.
8. Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.
9. Финансы, денги, кредит. Учебник. Под. ред. О.В. Соколовой. – М: ЮРИСТ, 2001. – 784 с.
10. Мельников В.Д. Ильясов К.К. Финансы. Учебник для вузов. – Алматы: 2001. – 252 с.
11. Ильясов К.К., Зейнелғабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. Налоги и налогообложение. Алматы, Рауан, 1995.
12. Л. Бурлаков «Совершенствовать межбюджетные отношения» // Қаржы-Қаражат, №6, 2005г. 12-17стр.
13. Статистический ежегодник. Алматы. – 2007. №3.