Бюджеттен тыс қорлар және олардың ерекшеліктері

0

Кіріспе

Жалпымемлекеттік көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.

Бірақ нарықтық қатнастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.

Бюджеттен тыс қорла – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатың және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы.

Экономикалық категория  ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатнастар болып табылады.

Бюджеттен тыс қорлардың пайда болу әлеуметтік —  экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды.

  1. Бюджеттен тыс қорлар және олардың ерекшеліктері 

Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық органдарына аударуды қажет етті; бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры сай болд. Басқа жағдайларда, нарыққа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірынғай одақтық — республикалық қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар қорлардың – Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түрлі арналымының инновациялық қорларының және басқаларының  өте-мөте тар мақсатты арналым болды.

Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одақтық – республикалық қоры уақытша қызмет етті – бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың қиындықтарымен, оған жұмылдырылатын қаражаттардың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы  қорды қалыптастыруы   субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі. Жалпы бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылад, оны нығайтуға бағытталған және қаржы қатнастарының  бұл нысанының әлеуметтік – экономикалық мәні осында. Бюджеттен тыс  арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржы қатнастарын саралауға, олардың бір бөлігін тармаландандырылған  сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтң әр түрлі бағыттарында бұл қатнастардың өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.

Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық – мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі.

Бюжеттен тыс қорлар мемлекеттің қаржы буындарының бірі болып табылады. Өзінің мәні жағынан бюджеттен тыс қорлар – бұл, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестік негізінде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тарататын қаржы ресурсарын қайта бөлу және пайдалану нысаны.

Арналымы – мына арнаулы мақсатта аударымдар есебінен мақсатты шараларды қаржыландыру:

Арнаулы мақсатты салықтар;

қарыз және ақшалай – заттай лотереялар өткізу есебінен;

бюджеттен берілетін субсидиялар есебінен;

қосымша аңықталған кірістер мен үнемделген қаржы ресурстары;

ерікті жарналар мен заңи және жеке тұлғалардың қайырымдылықтары.

Бюджеттен тыс қорлардың көмегімен:

отандық кәсіпорындарды қаржыландыру, қаражаттандыру, несиелендіру жолымен өндіріс процесіне ықпал жасауға;

арнайы белгіленген көздер  мен қоршаған ортаны ластанғаны үшін айыппұлдар есебінен қаржыландыра отырып, табиғат қорғау шараларын қамтамасыз етуге;

зейнетақылар, жәрдемақылар төлеу, жалпы әлеуметтік инфрақұрлымды қаражат-тандыру және қаржыландыру  жолымен  халыққа қызметтер көрсетуге;

қарыз беруге, соның ішінде  шетел мемлекеттерін қоса  шетелдік әріптестерге беруге болады.

Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеу ұйымы биліктің  мемлекеттік органдарының  — орталық, республикалық және жергілікті органдарының қарамағында болады.

Бюджеттен тыс қорлардың белгілі бір жеңілдіктерінің болуы мүмкін:

салық төлеуден босату;

кеден  баждарын төлеуден босату (коммерциялық қызмет  бойынша жеңілдіктер болмайды).

Бюджеттен тыс қорларды қалыптастырудың көздері шешілетін міндеттердің сипатымен және ауқым-дылығымен алдын ала аңықталады.

Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу көздерінің салыстырмалы  тұрақты да, сондай –ақ уақытша да сипаты болады. Әкімшілік —  аумақтық бірліктер бойынша ажырай отырып, олар мемлекет аумағында әр түрлі болуы мүмкін. Бюджеттен тыс қорларға түсетін қаражаттарды жұмсаудың бағыттарына қорлардың арналымы, нақтылы экономикалық  жағдайлар және әзірленген және іске  асырылатын бағдарламалардың  мазмұны себепші болады. Қаражаттардың бір бөлігі құрылтайшылқ қызметке бағытталады, сонымен бірге бағалы қағаздарға салынады.Біріншіден, ақша қаражаттарын пайдалану оларды жасаудың уақытымен жиі тура келе бермейтіндігіне, екіншіден, инвестициялардан алынған кірістер тисті қордың шығындарын қаржыландырудың қосымша көздері болып табылатындығына байланысты бюджеттен тыс қорлар инвестициялар мен қаржы рыногының қатысушылары болады.

Мемлекттік бюджеттен тыс қорлар  мен мемлекеттік емес қорларды ажырата білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы,  мемлекеттік емес жинақтаушы  зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгілік, тік, соның ішінде халықаралық қорларға ұқсас болғанымен өзінің мақсатты арналымы бойынша өте алуан болып келеді. Сондай –ақ бюджеттен тыс қорлар және мақсатты қаржыландыру қоры болып ажыратылады, бұл қорлар 1996 жылға дейін мемлекеттік бюджеттің құрамында  болып келеді: жер қойнауын  қорғау және минералды – шикізат базасының толықтырудың республикалық қоры, табиғатты қорғаудың республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да қорлар мезгіл- мезгіл,  1992 – 1996 жылдар ішінде мемлекеттік бюджетке енгізіліп, одан шығарылды. Бұл қаржы жүйесінің қалыптасу процесін, оның құрылымының оңтайлы нұсқасын іздестіруді қамтып көрсетеді.

Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шаруашылық жүргізуші субъектілерінің  қорлары үшін қабылдауға болатын “арнаулы қорлар” термині қолданылуы мүмкін, мұның өзі олардың мақсатты арналымын баса көрсетеді.

Өтпелі кезеңдерге бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы төлеушілердің қаржылық жайсыз  жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың қаржысын қалыптастырудың қиындықтары; олардың көбісінің  залалдағы, өзара берешектер, төлем қабылетсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың бюджеттері теңгермесіз болды және шұғыл әлеуметтік – экономикалық мұқтаждарды мақсатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді.

1.1  Бюджеттен тыс қорларды қолданудың ерекшеліктері

Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары қозғалысының еркшеліктерін 1995-1998 жылдар ішіндегі Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс инстеттутардың іс-әрекетінің  мысалында қарауға болады.

Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары мыналар болады;

Зейнетақы қоры;

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;

Міндетті медициналық сақтандыру қоры;

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры;

Олардың жұмыс істеу “Қазақстан Республикасында Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы’’, “Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы”, “Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы” Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелініп отырды.

Оларда міндетті әлеуметтік сақтандырудың қаражаттары жұмыс берушілердің сақтық жарналары және басқа түсімдер есебінен қалыптасады деп белгіленеді. Жарналардың мөлшері жыл сайын бекітілетін “Республикалық бюджет туралы” заңда белгіленіп, қорлар арасында бөлініп отырды.Бұл  нормалар 1998 жылға дейін тұрақты болды және шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалар үшін еңбекақы қорының 30% құрады, ал шетелдік заңды тұлғалардың өкілдіктері үшін  Қазақстан Республикасы азаматтарынң енбекақы қорының бөлігінде құрылды. Заңды тұлға құрмай  кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар ай сайын әрбір қызметтерге бір айлық есептік  көрсеткіш мөлшерінде төлеп отырды.

Жарналарды төлеу бойынша мүгедектердің ұйымдарына, еңбекке қабылеттігі шектеулі  адамдарға, ардагерлерге, бірқатар ізгілікті,  балалар мен басқа ұйымдарға жеңілдіктер белгіленеді, олардың жарнасының мөлшері еңбекке ақы төлеу қорының 5% құрады.

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың аударым сомасы мынадай нормативтер бойынша бөлінеді:

     Зейнетақы қорына —  85% (немесе еңбекақы қорының 25,5%):

  Міндетті медициналық сақтандыру қорына -10% (еңбекке ақы төлеу қорының 3%);

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына -5% (еңбекке ақы төлеу қорының 1,5%).

 Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жұмыс берушілердің еңбекақы қорының 2 % мөлшерінде міндетті сақтық аударым жарналары есебінен құрылды. Бюджет мекемелері, ауған- мүгедектер қоғамдары, Қызыл жарты ай мен қызыл крест қоғамы, бірқатар балалардың қайырымылық ұйымдары үшін жарналардың мөлшері 1% болып белгіленеді. Мылқаулар, зағиптар мен мүгедектер қоғамының ұйымдары қорға жарна төлеуден босатылады.

Жоғарыда аталған қорларды қалыптастыруға аударылған қаражаттардың аударымдарын заңды немесе айналыс шығындарына қосып, өнім, жұмыстар, қызметтер көрсетудің өзіндік құнына жатқызды.

Әлеуметтік арналымның қорларын қалыптастыруға басқа көздердің қаражаттары бағыттталып отырады:

мемлекеттік  бағалы қағаздарға бос қаражаттарды орналастырудан алынатын кірістер;

белгіленген мерзімде жарналар төленбеген жағдайдағы есептелген өсімпұл сомасы;

қажетті жағдайдарда – бюджет қаражаттары мен банк кредиттері (ағымдағы төлемақыларға шоғырландырылған қаражаттардың жеткіліксіздігі кезінде); мәселен Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына жаңа зейнетақы заңнамасы  іс- әрекет еткенге дейін зейнеткерлерге зейнетақы  төлеу үшін бюджет қаражаттары беріліп тұрады.

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың жарналары салық заңнамасына сәйкес жиынтық жылдық табыстан шегерілетін шығыстарға жатқызылды, ал бюджет және коммерциялық емес ұйымдары үшін оларды ұстауға жұмсалатын шығыстардың сметасында қарастырылады.

Әлеуметтік қорлардың бюджеттерін республика  Үкімет бекітетін.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорларының уақытша бос қаражаттарын  мемлекеттік банктердің депозиттеріне  инвестициялауға рұқсат етілді.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы  қоры;

болған зейнеткерлерге және зейнетақы алушыларға  мемлекеттік зейнетақыларды;

егер зейнетақының мөлшері заңнамамен бекітілген ең төменгі деңгейден аз болса әлеуметтік жәрдемақыларды  қаржыландырды.

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақыларды төлеуді, жұмыссыздарды қайта даярлау мен қайта оқытуды, мұқтаж азаматтарды қолдау үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қаржыландырды. Бір кездері қоныс аудару шаралары жөніндегі шығындарды қаржыландыру осы қор есебінен  жүзеге асырылады.

Әлеуметтік сақтандыру қоры еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі, жүктілігі және босануы жөніндегі жәрдемақыларды,   бала туғанда  және жерлеуге  берілетін біржолғы жәрдемақыларды, сауықтыру сипатындағы  қызметтер көрсетуді төлеуді қаржыландырды.

Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен келісімшарттарға сәйкес сақтандырушыларға медициналық қызмет көрсету жөнінде  медицина ұйымдарының немесе жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке адамдардың шығыстары өтеліп отырды. Бұдан басқа қор онда медициналық қызметтер көрсету бойынша келісмшарт жасаспаған міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасы шеңберінде медициналық ұйымдарда немесе жекеше практикамен айналысатын жеке адамда медициналық қызметтер алған жағдайда сақтандырушылардың шығыстарын өтеді.

Қор бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерді Үкмет  бекітетін.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын,  Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорын, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорын басқаруды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі жүргізді. Міндетті әлеуметтік медициналық қор Үкмет жанындағы құрылым болып табылады. Қордың құрылымы обылыстық, қалалық бөлімдерді, аудандарда халықты әлеуметтік қорғаудың аудандық бөлімдерін,  еңбек және жұмыспен қамту бөлімдерін кіріктірді. Қордың қаражаттарының мақсатты пайдалануға бақылауды жергілікті атқарушы органдар, қордың жоғары органдары.

Қаржы министірлігінің Қаржылық бақылау комитетінің мамандандырылған бақылау органдары жүзеге асырды.

1.2 Бюджеттен тыс қорлардың мәні

1999 жылдан бастап  халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру мемлекеттік бюджет арқылы әлеуметтік салықты алу және онда шоғырландыру есебінен жүзеге асырылып келеді. Бұдан басқа қаржының едәуір бөлігі, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы жүйесінде шоғырландырып, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы  қорлары арқылы еңбекақы қорының 10% мөлшеріндегі барлық сақтандырушылардың міндетті зейнетақы жарналары есебінен жұмсалады. Зейнетақымен қамтамасыз етілуі ұшін Мемлекеттік жинақтаушы Зейнетақы қорын таңдап алған тұлғалар үшін де зейнетақы жарналарының осындай мөлшері белгіленген. Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке жұмсалған шығыстар (барлық шығыстардың 90 пайызындай) көбінесе республикалық бюджеттің есебінен қаржыландырылды.

Халыққа көрсетілетін медециналық көмек кепілді медицмналық көмектің  нормалары шегінде негізінен жергілікті бюджет есебінен (денсаулық сақтауға жұмсалатын барлық шығыстардың 86%) қаржыланды; нормадан  тыстарды арқылы негізде жүргізіледі.

Жұмыссыздарға материалдық көмек ( табыстың белгіленген ең төменгі шегін ескере отырып) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорының орнына бұл мақсатқа тиісті қаражаттарды  қарастырған кезде жергілікті бюджеттерден қаржыландырады.

Экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары қоғамдық дамудың кезеңдерінің мақсаттары мен міндеттерін негіздей отырып жасалды. Мұны бұрын іс-әрект еткен қорлардың практикасы растайды: мысалы, әр түрлі мезгілде әр түрлі қорлар іс- әрекет етті:  Инвестициялық қор, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Экономиканы жаңғырту қоры, Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекені дамыту қоры.

Экономикалық қорлар қаржыны орталықтандыру және дамудың белгілі бір бағыттарын немесе негізгі салаларды, сондай-ақ дамудың салааралық бағдарламаларын қаржыландыру үшін құрылды. Сөйтіп, бүкіл экономиканы теңгерімді, үйлесімді дамытуды қамтамасыз ету міндетін қойды. Мәселен, Инвестициялық қордың қаражаттары негізгі капиталды ұдайы жаңғыртудың қол жеткен ауқымын қолдау, әлеуметтік  сфераны одан әрі дамыту үшін пайдаланылады. Күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру республика  Үкіметі бекіткен жоспарлар мен лимиттер бойынша рентаблді өнім шығаруға, оларды қайта құру үшін мүмкіндіктер жасауға, өнеркәсіп кәсіпорындарын қайта пішіндеу үшін жүргізілді. Экономиканы жаңарту қоры меншік түрлеріне қарамастан шаруашылық қызметпен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар өнімнің өзіндік құның 5% мөлшерінде міндетті аударымдар есебінен құрылды және оның қаражаттары салалар мен объектілер бойынша пайдалалынады.

Бюджеттен тыс Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекені дамыту қоры нарықтық қатнастарды дамыту және баламалы экономикалық құрылымдарды қалыптастыру дамыту, меншіктің түрлі нысандарының кәсіпорындары мен ұйымдарына қолдау көрсету, бюджеттік қаржыландыруды кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі шараларды несилендірудің прогресивті нысандарымен тиімді үйлестіру, бәсекені дамыту және монополиялық қызметті шектеу мақсатында құрылды. Қор қаражаттарын қалыптастырудың көздері мыналар болады:

Республика аумағында орналасқан кәсіпорындар, бірлестіктер мен ұымдар меншік нысанына қарамастан, пайдаға салынған салықты төленгеннен кейін өз қарамағында қалатын пайданы 1% мөлшерінде қорға аударатын міндетті аударымдар.

Республикалық бюджеттен оның кіріс бөлігінің жалпы сомасының 1% мөлшерінде қаржы бөлу;

Концультатциялық, әдістемелік және баспа қызметінен, сондай-ақ бағалы қағаздардан түсетін табыстар;

Ерікті жарналар мен қайырымдылық көрсетулер.

Жалпыға арналған автомобиль жолдарын, сондай-ақ олардағы ғимараттарды ұстау, жөндеу және салу, қайта құру арнаулы қордың – Жол қоры есебінен жүргізіледі. Сөйтіп, Жол қоры қаржы жүйесінде өзгешілігі бар  шаруашылық қызметпен байланысты тар мамандандырылған буыны болады.

Қорды қалыптастырудың көздері мыналар болады:

Автомобиль  жолдарын пайдаланушылардың аударымдары;

Қазақстан аумағы бойынша кіру, шығу жене транзиттік өту үшін төлем;

Бөлшек саудада  сатылатын бензин  мен дизель отынын сатқаны үшін төлем;

Ақылы автомобиль жолдары бойынша жүргені үшін төлемақы.

Жол қорының қаражаттары  белгіленген үйлесімде  Республикалық жол қоры мен обылыстық жол қорлары арасында бөлініп отырды. Республикалық қордан автомобиль жолдары желісінің даму деңгейлерін  теңдестіру үшін обылыстық қорларға демеуқаржы бөлініп отырды. Басқарудың  жергілікті органдары республикалық автомобиль жолдарын дамытуға қосымша қаражат бөлініп отырды.

Жол қорын Көлік және коммуникациялар министірлігі, обылыстық жол қорларын автомобиль жолдарының қазыналық кәсіпорындары басқарды. Қаражаттардың мақсатты және ұтымды пайдалануына бақылауды жергілікті өкілдікті  және атқарушы органдар, Қаржы министірлігінің Қаржылық бақылау комитетінің органдары жүзеге асырып отырды.

  1. Мақсатты қаржыландырудың мәні мен мазмұны

Мақсатты қаржыландыру қорлары – мемлекеттік қаржы жүйесінің маңызды буыны. Олар – мемлекет белгілі мақсатқа пайдаланатын және заң жүзінде бекітілетін қаржы ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде мақсатты қаржыландыру қорлары мемлекттік нысаналы қажеттерін қаржыландыруға жұмсалатын қаржы ресурстарын орталықтандырып ұлттық табысты қайта бөлетін қатынастар.

1991 жылдан бері бюджеттен тыс қорлардың құрылуын әлеуметтік – экономикалық даму талап етті: мемлекттік қаржы ресурстарының бір бөлігі нақты мақсаттарға бағыттап, мемлекттік бюджеттің шығындарын азайтып, тапшылығын кеміту керек болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің қызметімен тікелей байланысты емес шығындардың ауыртпалығын шаруашылық органдарға аудару қажеттігін талап етті, мәселен күрделі жұмсалым шығындары, кәсіпорындарға берілетін жәрдем қаржы. Экономиканы тұрақтандыру қоры осы мақсатпен құрылды.  Басқа жағдайларда әлеуметтік мұқтаждар шығындарын бөліп, оларды жабу көздерін неғұрлым тиімді ету керек болды. Зейнетақы қоры, Әлеуметтік сақтандыру қоры, Халықты жұмыспен қамтамасыз ету қоры осы міндітті шешуге тиіс болды. Кейбір жеке мақсатқа арналған – Жол қоры, әр түрлі мақсаттағы  Иновациялық қорлар және басқалары.

Кейбір Қорлар уақытша жұмыс істейді. Мысалы,  Экономиканы тұрақтандыру қоры, халықты әлеуметтік қорғаудың  Бірыңғай одақтық – республикалық қоры және басқалары. Экономикалық дағдарыс мұндай қорларың тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді.

Қорлардың құралуы кезінде шаруашылық субъектілеріне қайтарымсыз  қаржы үлесін қосу жөнінде қосымша  міндеттеме жүктеледі. Егер мұндай бөлігі қосымша өнім құны есебінен енгізілсе, онда кәсіпорындардың экономикалық мүдделеріне тікелей  әсер етіп, олардың өндіріс пен тұтынудағы  мүмкіншіліктерін шектейді, өнімнің өзіндік құнына жіберілсе, құнның бұл бөлігі тұтынушыға артылды  да, ауыртпалығын халық көтерді. Сөйтіп, қорларды құрау және пайдалану барысында қайта бөлу процесі жүреді, яғни олардың  экономикалық мүдделеріне нұсқан келтіреді. Сонымен бір мезгілде,   бүкіл қоғам ауқымында мақсатты қаржыландыру қорларының көмегімен әлеуметтік – экономикалық тұрақтылық сақталып, бүкіл қоғам немесе аймақ мүддесінде экономикалық дамуды біркелкі  жүргізуі мақсатымен жергілікті және жалпы мемлекттік ауқымдағы міндеттерді шешу мүмкіндігі пайда болады. Жалпы мақсатты қаржыландырудың қорлары бүкіл қоғам мүддесіне бағытталған. Қаржы қатнастарының бұл формасының әлеуметтік – экономикалық мәні осында.

Республикалық бюджетпен  қатар мақсатты қаржыландыру қорларының құрылуы қаржы қатнастарын саралап, олардың бір бөлігін жеке салаларға  жіберіп, қаржы қызметінің сан алуан бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік ерекшеліктерін  жетілдіруге қол жеткізеді.

Дүнйежүзілік тәжірибе мұндай қорлардың жұмысы тиімді екенін көрсетті: олар мемлекттің қаржы жүйесінде қажетті пәрменді ықпал етудің қосымша әдісі, халықты әлеуметтік қамсыздандырудың кепілдігі, нысаналы бағдарламаларды жүзеге асырудың икемді механизімі

2.1  Мақсатты қаржыландырудың салалары 

Зейнетақы қоры

Әлеуметтік қамсыздандыру екі ұйымы: Зейнетақы қоры мен Әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы жүзеге асырылады.

Зейнетақы қоры кәмлетке толмаған балалары бар отбасына  берілетін бір жолғы  жәрдемақыны, жалғызілікті аналарға берілетін  жәрдемақыларды қаржыландырады.

Әлеуметтік сақтандыру қоры еңбекке жарамсыздық, екіқабат әйелдерге және тууы жөніндегі берілетін жәрдем ақыны бала туғанда  және жерлеуге  берілетін  бір жолғы жәрдемақыны қаржыландырады.

Қаржыландыру көздері:

меншік және шаруашылық жүргізу формаларына қарамастан барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелер аударатын қаржы аударымдары. Тарифы – еңбекақы қорының  30%  мөлшері;

мүгедектер мен зейнеткерлердің қоғамдық ұйымдары, олардың кәсіпорындары, мекемелері, ұйымдары мен оқу орындары, фермерлер,  адвокаттар алқасы, жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын  адамдар үшін 5%  мөлшерінде  белгіленген.

Әлеуметтік сақтандыруға аударылатын қаржының жалпы сомасы Министрлер Кабинеті бекіткен нормативтер бойынша  зейнетақы қоры мен әлеуметтік сақтандыру қорының арасында бөлінеді.

Зейнетақы қоры дербес қаржы банкі жүйесі ретінде құрылған және оның қаражаттары мемлекеттік бюджеттің құрамына кіреді. Зейнетақы қоры әлеуметтік қамсыздандыру органдарын алмастырмайды.Олардың міндеті зейнетақы жәрдемақыларды белгілеп, төлеу, зейнетақы  қоры неғұрлым ауыр қаржы жағдайындағы  аумақтық  қаржы  болу үшін резерв  қорын құрады. Зейнетақы қорына мемлекеттің қысқа және ұзақ мерзімді  құнды қағаздарына ақша сатуына, коммерциялық қызметпен  айналысуына  құқығы берілген. Мұның өзі қордың  қаржысын көбейтуге мүмкіндік береді.

Зейнетақы қорының басшы органы – басқарма, басқарманы төраға басқарады. Обылыстарда сондай-ақ ірі қалаларда  қордың бөлімшелері  бар. Республикалық  зейнетақы  қоры жанында бөлімшелерінің  басшылары әлеуметтік қамсыздандыру  және  еңбек министірлігінің  және басқа ұйымдардың өкілдері енген  қоғамдық  кеңес құрылған.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің  мелекеттік қоры

Қазақстан Республикасының “Халықты жұмыспен қамтамасыз  ету туралы” заңында нарық экономикасы және меншіктің сан  алуан  формалары тендігі жағдайында халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуінің құқықтық – экономикалық  және ұйымдық негіздері және мемлекет азаматтарының  еңбек ету құқықтары, соның ішінде  жұмыстан айырылса, әлеуметтік қорғалуын  қамтамасыз етудің кепілдіктері анықталған. Бұл қағиданың негізгі  ерекшеліктері: еріксіз еңбек ету жойылады, “ өз еркімен жұмыс істемеуі”заңдандырылады; халық шаруашылығында  бұған дейін оның артық күші қолданылып  келген халықтың шамадан тыс «жұмыс  бастылығынан» арылу, мұның өзі теңгермешілікке әкеп соқты; мемлекеттік саясаттың жаңа принциптері  негізделді,  соның ішінде әлеуметтік қамсыздандыруды қолдану.

Халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуі кепілдігі мен арнайы аппарат ұстауы мемлекеттік қордан қаржыландырылды. Мемлекттік жұмыспен қамтамасыз ету қоры дербес қаржы жүйесі ретінде ретінде республика  заңдарында белгіленген тәртіппен жергілікті  және республикалық  деңгейде құрылды. 1994 жылдан  бастап, республикалық бюджеттің құрамына кіреді.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің  мелекеттік қоры шаруашылық жүргізуші субъектілер жұмыс берушілердің еңбекақы  қорының екі проценті мөлшерінде міндетті түрде қаржы аудару есебінен қалыптастырылады. Мемлекеттік бюджеттік  мекемелер мен ұйымдар, ұжымдық шаруашылықтар кеңшаралар  және меншік формаларына  қарамастан ауыл шаруашылық кәсіпорындары, мылқаулар, зағиптар мен мүгедектер  қоғамдарының  кәсіпорындары. Жұмыспен  қамтамасыз ету Мемлекеттік қорына жарна төлеуден босатылған.

Қоныс аудару  шаралары бойынша жұмсалатын  шығындарды қаржыландыру жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің  мемлекеттік қорының қаржысы есебінен  жүзеге асырылады.

Жұмыс орындарын құру немесе  бар жұмыс орындарын сақтау мақсатында  жаңа тұрғын үй саясатына сәйкес осы аталған  қор қаражатының  15% тұрғын үй саласын қаржыландыруға  жұмсалады.

Қазақстан Республикасы  Жоғарғы  Кеңесінің 1992 жылғы  16 қаңтардағы « Жәрдемақылар, степендиялар және басқа  жұмыссыздық  төлем ақыларының 1992 жылғы  ең төменгі  көрсеткіші  туралы» қауылсына  сәйкес  жұмыспен қамтамасыз  етудің  мемлекеттік қоры үшін  республикадағы ең төменгі жалақы мөлшері осындай көрсеткіш болып  табылады.

2.2  Қазақстан Республикасының мақсатты қаржыландырудың қоры

Қазақстан Республикасының кәсіпкерлікт қолдау мен бәсекені дамыту қоры, нарықтық қатынасты  дамыту қоры баламалы экономикалық құрылымдарды құру сан алуан формадағы кәсіпорындар мен ұйымдарға көмек көрсету, бюджетті  қаржыландыру кәсіпкерлікті   бәсекені дамыту және монополиялық үстемдікті шектеу жөніндегі шараларды несиелендірудің прогрессивті формаларын тиімді ұштастыру мақсатымен құрылған.

Меншік және шаруашылық  жүргізуші формаларына қарамастан  республиканың  аумағында  орналасқан кәсіпорындар, бірлестіктер, ұйымдар кәсіпкерлікті қолдану  және бәсекелестікті  дамыту  қорына міндетті түрде пайдаға салынатын салықты төленгеннен кейін өздерінің қарамағында қалатын пайданың 1% мөлшерінде қаржы аударады.

Осы аталған қорға аудартылатын жарнаның  есептелуі мен төленуінің дұрыстығына  бақылау жасау Қаржы министірлігінің Бас мелекеттік салық инспекциясына  жүктелінген.

Қор мынадай қызмет түрлерін іске асырады:

кәсіпкерліктің  басым бағыттарындағы/шаруа қожалықтары, ұқсатушы өндірістер, халық тұтынатын тауарлар шығаратын кәсіпорындар т.б./ кәсіпорындарға қаржы көмегін көрсету;

нарыққа еніп, өндірісті дамытуға ұмтылған кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге несие кепілдіктерін беру;

кәсіпкерлік қызметке несие беру және сақтандыруға қатысу;

Республикалық нарық инфрақұрылымының дамуын қамтамасыз ететін шаруашылқ субъектілерн құруға және қолдануға қатысу;

Монополистік үстемдіке қарсы саясат пен жаңа экономикалық құрылымдарды дамыту мәселелері жөнініде кадрларды үйрету және бөлек даярлауды қаржыландыру:

Ғылыми зерттеулерді, соның ішінде, қордың қызметі мен мақсаттарын жүзеге асырумен байланысты халықаралық зерттеулерді қаржыландыру;

Концультатциялық – баспа қызметін қаржыландыру;

Шағын кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстардың беріліп, халықаралық  шарттарға қол қойылуына көмек көрсету;

Кәсіпкерлікті, бәсекені дамыту және монополистік қызметті шектеу жөнінде заңдарға қайшы келмейтін шараларыд жүзеге асыру үшін қажетті қызмет түрлерін қаржыландыру:

Қор жаңа экономикалық құрылымдарды қолдау және монополиялық қызметті шектеу жөніндегі мемлекеттік комитет жанында құрылды. Оған қордың дирекциясы басшылық жасайды. Қордың  аумақтық бөлімшелері бар. 1994 жылдан бастап Республикалық бюджеттің құрамына кіреді.

Экономиканы өзгерту қоры- бұл тиімді әлеуметтік  жағынан бағдарланған нарықтық  экономиканы қалыптастыруға және дүние – жүзілік рынокте  оның бәсекелік қабылеттілігін артыруға бағытталған және жүзеге асырылып жатқан экономикалық  реформаларды инвестициялық қолдау мақсатында жасалатын мемлекеттік қор.

Меншік формаларына  қарамастан шаруашылық есептегі барлық кәсіпорындар, бірлестіктер мен ұйымдар / шығынмен жұмыс істейтіндерден, сондай-ақ республика үкіметімен жасалған келісімдер  мен контрактілерге  сәйкес Қазақстан Республикасында пайдалы қазбалар игеру және өндіру жөнінде істейтін, жарғылық қордағы үлесі 30% кем болмайтын шетел қатысатын кәсіпорындардан алынады / Экономиканы өзгерту қорына  мідетті түрде өнімнің / жұмыстың, қызметтің / өзіндік құнының  5% мөлшерінде Қаржы аударып, осы аударым қаражаттың  сомасын өзіндік  құнының  құрамына енеді.  Экономиканы өзгерту  қорының қаражаты қайтарымсыз негізінде,  сондай – ақ қайтару шартымен инвестицияларды қаржыландыру үшін кредит ресурстары  ретінде  ғана қызмет  етеді, бұл үшін мөлшерін  Министірлер  Кабинеті  айқындайтын  процент алады.

Экономиканы өзгерту қорының қаржысы өкімет  бекіткен жоспарланған күрделі жұмсалымдарды бөлуге, өнеркәсіптегі  кәсіпорындарды  рентабельді  өнім шығаруға  ыңғайландыру, оларды қайта өндеуге мүмкіндіктер туғызуға пайдаланылады. Қор қаржыларын  Республика үкіметі ұйымдастырып, басқарады.

Басқа мақсатты қаржыландыру  қорларынан  ерекшелігі Экономиканы өзгерту   қорының  қаржысы республикалық бюджетке  кіргенімен дербес нысаналы бағыты  бар, басқа қаржы  ресурстарына  қосылмайды.

Қаражаттардың  күрделі  жұмсалымға  — инвестицияға бұлай бөлектену  — мемлекеттік  бюджет шеңберінде  мемлекттің  орталықтандырылған қорларын құрап, пайдалануы ғана  мүмкін.

Кейбір мемлекеттерде  күрделі  жұмсалымға  арналған «даму бюджеті»  деп аталатын арнайы термин  қолданылады. Алайда, даму бюджетінің  қаржысы  бірнеше көздерден  құралатын болғандықтан, нақты  мөлшері белгіленбейді. Олар экономика  коньюнктурасы мүмкіндіктеріне  қарай  бюджетті құрайды. Оларды пайдалану халық шаруашылығының  тиімділігі мен нәтижелеріне баланысты.

  1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері  Қазақстанның Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың конъюктурасына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және  материялдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлауына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Яғни Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ  ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан  қорғау үшін қаржы резервтерін шоғырландырады. Сөйтіп, Ұлттық қор екі функция орындайды: жинақтаушы және тұрақтандырушы функциялары.

Жинақтаушы функция  қаржы активтерінің және  материялдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Жинақтаушы функциясымен қатар Қор қаражаттарынның қалыптасуы  мен пайдаланылуының  қоладанылып жүрген тетігі ағымдағы экономиканың жағдайына тұрақтандыруы  ықпал  көрсетеді.

Тұрақтандырушы функция шикізат ресурстарына әлемдік бағаның конъюнктурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін  төмендетуге арналған.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану дүниежүілік  және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шетелдердегі  экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуының  басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық  және  фискалдық  тұрақтылық және  Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сактала отырып айқындалады.

Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік  валюталармен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік  басқаруды Ұлттық банк пен Үкмет арасында жасалатын сенімгерлік басқару  туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық  банкі жүзеге асырады.

Қаражаттардың көздері мен қорды қалыптастырудың тәртібі мынамен анықталады.  Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуының бесжылдық индикативтік жоспарының құрамында Қазақстан экспортының едәуір үлесін құрайтын  шикі мұнайға, мысқа және басқа шикізат таурларына есептік тұрақты дүниежүзілік бағалар белгіленеді, олардың негізінде республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеп, бекіткен  кезде Қазақстан тауар өндірушілері шикізат тауарларын өткізудің орташа бағаларын және оларға сәйкес шикізат секторынан мемлекеттік бюджеттің кірістерін есептеп шығарады. Шикізат тауарларының есептік тұрақты бағалары дүниежүзілік бағалардың серпінін сақтанпаздық болжауды негіздей отырып  белгіленеді.

Қор республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы процесінде оған шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін салық және өзге міндетті төлемдердің республикалық  және жергілікті бюджеттердегі түсімдердің олардың мына түрлері бойынша: корпорациялық табыс салығының, қосылған құнға салынатын салықтың, үстеме пайдаға салынатын салықтың,  бонустардың, роялтилердің бекітілген сомаларынан асып түсуін  есепке жатқызу жолымен қалыптасады:

Ұлттық қор мына түсімдердің есебінен қалыптасады:

шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін нақты түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген олардың жылдық көлемінен асып түсуі ретінде айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер:

республиклық меншіктегі және кен өндіру салаларына  жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;

шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджеттке түсетін республикалық бюджетте жоспарланған түсімдер сомасының оң пайызы мөлшерінде есептелген республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;

ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер есебінен  айқындалатын жергілікті бюджеттің ресми трансфеттері;

қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;

Қазақстан Республиикасының заңнамасымен тиым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер.

Қаражаттарды Ұлттық қорға есептеудің тәртібін Үкмет анықтайды.

Негізгі қызметі табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу болып табылатын заңды тұлғалар шикізат секторының ұйымдары болып табылады. Шикізат секторы ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының  Үкметі белгілейді.

Шикізат секторының ұйымдарының түсетін түсімдер – шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлері бойынша түсетін түсімдердің жиынтығы:

Корпорациялық табыс салығы;

Қосылған құн салық;

Үстеме пайдаға салынатын салық;

Бонустар;

Роялти;

Жасасқан келісім шарттар бойынша Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі.Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер  болжамы шикізат секторының тауарларына республиканың әлеуметтік – экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында айқындалған дүниежүзілік тұрақты есеп айырысу бағалары ескеріле отырып жасалады.

Жоғарыдағы бірінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттерді, сондай-ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттерді республикалық бюджеттің атқарылуы барысында оны Қазақстан Республикасының Парламентінде нақтыламай –ақ бюджетті  атқару жөніндегі  орталық уәкілетті  орган айқындап,  республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аудару.

Үшінші тармақшада  көрсетілген ресми  трансферттер, сондай-ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспарлы түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджтеттен берілетін  ресми трасферттер тиісті қаржы жылына арнарлған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскілерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын, төртінші тармақшада  көрсетілген ресми трансферттер мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған  жергілікті  бюджет туралы шешімімен бекітіледі, ал жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын  ресми трансферттерді жергілікті  бюджеттен бюджеттті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджетті атқару барысында оны мәслихатта нақтыламай-ақ Ұлттық қорға аударуды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер Ұлттқ қорды қаржы активтенріне  және, матаериялдық емес  активтерді  қоспағанда, өзге де мүліктерге  орналастырудан құрылады.

Қордың қаражаттары  мына бағыттар бойынша жұмсалады:

Тұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойынша шикізат секторы  ұйымдарынан түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдері арасындағы айырма ретінде анықталатын республикалық бюджет шығынын өтеу үшін. Өтем  мөлшері республикалық бюджеттің түсімдер  бойынша толық атқарылмаған жалпы сомасынан аспауға тиіс. Түсімдердің нақты көлемі олрдың бекітілген көлемінен асып түскен жағдайда өтем жүзеге асырылмайды;

Ұлттық қорда республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып  берілетін арнаулы трансферттер түрінде;

Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты  шығыстарды жабуға.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры;

Ұлттық қордың жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұру;

Тәуекел деңгейінің  қалыптылығы жағдайында ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор табыстылығының жоғары деңгейін ұстап тұру;

инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында рұқсат етілген қаржы активтеріне және, материялдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастырылады.

Рұқсат етілген қаржы активтерін  және, материялдық емес активтерді қоспағанда, өзге де  мүліктердің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы  бойынша Ұлттық банкпен бірлесіп Үкмет айқындайды.

Ұлттық қорды жеке және заңи тұлғаларға  кредит беруге және міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебінен республикалық бюджеттің шығынын өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніңдегі кеңестің келісімімен қаржы жылының қортындылары бойынша Қазақстан Республикасының Парламентінде республи-

калық  бюджетті нақтыламай –ақ жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Президенті:

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің құрамын құрады;

Қор мәселелері жөнінде Кеңеске, Үкметке және Ұлттық банкке орындау үшін міндетті нұсқаулар береді;

Қорды басқару жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады;

Ұсыныстар беру үшін Кеңеске қорды басқарумен байланыты  оған бекітуге берілген құжаттарды бағыттайды;

Ұлттық қордың  қызметімен байланысты өзге өкілеттіліктерді  жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі қорды басқару кезінде мына  өкілеттіліктерді жүзеге асырады:

есептемені жасау ережелерін, ақшаны қорға есепке алу және оны пайдалану тәртібін әзірлеп, бекітеді;

Ұлттық банкпен бірлесіп ақпараттық материялдарың және қорды басқарумен байланысты қызмет бойынша қаржылық есептеменің  графигін жасап, бекітеді.

Президентке қордың қалыптастыруы және пайдаланылуы туралы есепті және  Парламентке қорды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі  ақпаратты ұсынылуы қамтамасыз етеді;

қордың жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізуді қамтамасыз етеді;

қорды қалыптастыру мен пайдаланудың бухгалтерлік есебін қамтамасыз етеді;

қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қорды сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалынған сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады:

Қорды оның бір бөлігін сыртқы басқарушыны басқаруға беруді қоса дербес инвестициялау;

инвестициялық операциларды жүзеге асырудың ережелерін әзірлеп, бекіту;

Үкметке қорды сенімгерлік басқарудың нәтижелері туралы  есепті ұсыну;

сенімгерлік басқару туралы ережелер мен шартта қарастырылған өзге өкілеттіктер.

Қорды тиімді сенімгерлік басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банктің шешімімен арнаулы лауазымды  тұлғаны — өкілетті өкілді анықтайды, оның өкілеттігіне Ұлттық банктің атынан қорды сенімгерлік басқару жөнінде шешімдерді оперативті қабылдау кіреді.

ҚР-ң Үкіметі мен Ұлттық банк қорды басқару мәселелері  бойынша болжамды іс — әрекеттер мен қол жеткен нәтижелер туралы бір – біріне ақпарат беріп отыруға міндетті. ҚР-ң Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес ҚР-ң Президенті жанындағы ҚР-ң Ұлттық қоры тиімді пайдалану және оны қаржылық активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастыру жөнінде ұсыныстар талдап – жасайтын консультациялық – кеңесші орган болып табылады. Кеңестің негізгі міндеті қорды пайдалану мәселелері бойынша Президентке жәрдемдесу және ұсыныстар жасау болып табылады. Кеңстің мәжілістері  Президенттің немесе оның тапсыруы бойынша  Кеңес мүшелерінің бірінің төрағалық етуімен жүргізіледі  және хаттамамен ресімделінеді.

Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілікі болып табылады.

Қзақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің функциялары:

Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру  жөнінде ұсыныстар  талдап – жасау;

қорды пайдалану көлемері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды қарау және талдап – жасау;

ҚР-ң Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген  қаржы активтерін  және материялдық  емес активтерді қоспағанда, өзге  де мүліктердің тізбесі жөнінде ұсыныстар  талдап – жасау  болып табылады.

ҚР-ң Ұлттық қорын  басқару жөніндегі кеңесті құру  туралы  шешімді, оның құрамы  мен ол туралы қағиданы  Президент бекітеді.

Жыл сайын  есепті жылдан кейінгі жылдың 1- сәуіріне  дейін Ұлттық банкпен бірлесіп қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті ҚР-ң Үкіметі  жасайды және оны Ұлттық банкпен отырып жыл сайын ағымдағы  жылдың 1- сәуірінен кешіктірмей Президентке  бекітуге  табыс етеді.

Ұлттық қордың қалыптастырылуы  және пайдаланылуы туралы  жылдық есепті Президент бекіткенен кейін  Үкімет оны ақпарат ретінде ҚР-ң Парламентіне  ұсынады.

    Қордың қалыптастырылуы  және пайдаланылуы  туралы  жылдық есеп  мыналарды  кіріктіруі тиіс:

Ұлттық қордың түсімдері  және пайдаланылуы туралы есеп;

ҚР Ұлттық банкінің Ұлттық қорды сенігерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;

Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге  де мәліметтер.

Ұлттық қорды басқаруға  байланысты  қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету  мақсатында жыл сайын  аудит жүргізіледі. Аудиторды  немесе аудиторлық  ұйымды тандау конкурстық негізде және Үкімет беліленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық  есеп және аудит жүргізудің нәтижелері  туралы ақпарат бұқаралық ақпарат  құралдарына жарияланады.

құралдарына жарияланады. Ұлттық қор қызметі  туралы 2003 жылғы есеп бойынша қордың таза активтерінің  өсімі 2002 жылғы 57,5%- дың орнына өткен жылы 76,6% құрды.Ұлттық қордың жалпы рыноктық құны жыл ішінде 1919 миллионан 3662,7 миллионға өсті. Активтер  өсімінің  негізгі үлесі экономиканың шикізат секторы кәсіпорындарының  нормативтен  тыс пайдасынан  алынған кірістерге тиеді. Мұндай конъюнктура  мұнайға  жоғары әлемдік бағаның  арқасында  қалыптасып отыр.

Қор активтерінің орташа пайдалылығы оның қызметінің барлық жылдары ішінде 4,23% -ға бағаланады.Ұлттық қор қаражаттарының  жылдам өсуіне қарамастан  оның қалыптасуының  тұрақтылығы шындап күман тудырмай қоймайды. Қор табысының толымдылығы  көбінесе  қолайлы сыртқы  экономикалық конъюнктурамен, ұзақ уақыт бағаның мұнайға жоғары болуымен байланысты  болып отыр.

Бюджет кодексіне сәйкес  Ұлттық қорды толтырудың  көздері  республикалық бюджеттен түсетін трансферттер (шикізат салаларынан бюджетке түсетін жоспарланған түсімдердің 10%), сондай-ақ шикізат секторынан түсетін нақты түсімдердің  олардың жоспарланғанынан  асып түсу көлемі болып табылады. Сөйтіп қорды қалыптастыру көздері жеткілікті  сияқты болғанымен бірақ бұл оның тұрақты  толымдылығына  кепілдік бермейді.

Инвестициялық кірістердің бірде болуы, бірде болмай қалуы мүмкін, сондықтан қордың инвестициялық  кірістері оған түсетін түсімдердің тұрақты  көзі ретінде қарастырылмайды.

Қорытынды

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1999 жылдан бастап мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру саясатын  жүргізуге байланысты  мақсатқа  сәйкес  емес  деп танылады: қорлардың қаражаттары  республикалық  бюджетке шоғыр-ландырылады. Алайда дүниежүзілік  практика қоғам тарапынаң қаражаттардың  жұмсалуына  бақылауды қамтамасыз  еткенде  мемлекеттің қаржы ресурстарын  оперативті  басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды  орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды.

Мемлекеттік бюджеттен берілетін трансферттер  сияқты  көзіне келетін болсақ мұнай мен металдарға бағаның  ұзақ уақыт төмендеуі  кезінде олар едәуір  қысқарады. Бұл жағдайда, керсінше, Ұлттық қордың қаражтынан бюджеттің ысыраптарын өтеуге тура келеді.  Мемлекеттік меншікті жекешелендіруден  түсетін кірістер  мен бонустар біржолғы  болып табылады, оларды да қорды қалыптастырудың  тұрақты көзі деп атауға болмайды.

Сараптаушылардың көзқарастары  бойынша тап табиғи  рента  ғана қор кірістерінің негізгі көзі болуға тиіс  және де оны алу кен өндіруші  сектор  кәсіпорындарының салық ауыртпалығын арттырмайды: табиғи рентаны алу кен-геологиялық жағдайлары әр түрлі кәсіпорындар  қызметінің жағдайларын теңестіреді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    Бюджет кодексіне сәйкес  Ұлттық қорды толтырудың  көздері  республикалық бюджеттен түсетін трансферттер (шикізат салаларынан бюджетке түсетін жоспарланған түсімдердің 10%), сондай-ақ шикізат секторынан түсетін нақты түсімдердің  олардың жоспарланғанынан  асып түсу көлемі болып табылады. Сөйтіп қорды қалыптастыру көздері жеткілікті  сияқты болғанымен бірақ бұл оның тұрақты  толымдылығына  кепілдік бермейді.

Инвестициялық кірістердің бірде болуы, бірде болмай қалуы мүмкін, сондықтан қордың инвестициялық  кірістері оған түсетін түсімдердің тұрақты  көзі ретінде қарастырылмайды.

Пайдаланған әдебиеттер

Мельников Васили «Қаржы»

Құлпыбаев Серік , Илиясов . «Қаржы»

Журнал « Қаржы қаражат»

«Қазақстан Республикасының  Бюдждет кодексі» 2006 жыл