Білімнің мазмұны және оның ғылыми негіздері туралы реферат
Тақырыбы: Білімнің мазмұны және оның ғылыми негіздері
Жоспар:
- Кіріспе.
- Негізгі бөлім.
а) Білімнің мазмұны және оның ғылыми негіздері.
б) Жалпы политехникалық және кәсіптік білім.
в) Оқу жоспарлары, бағдарламаларын және оқулықтарды жетілдіру.
г) Жалпы орта мектепте білім мазмұнын гуманитарландыру.
- Қорытынды 1
Кіріспе
Қазіргі жеделдету, демократияландыру жағдайында Қазақстан Республикасында басты міндеттерінің бірі –ұлттық ерекшеліктерді еске алып, жастарға терең білім мен тәрбие беру ісін одан әрі дамыту және жетілдіру. Бұл жөнінде Республикамызда көптеген мемлекеттік құжаттар жарналанды. Білім министірлігінде былай деп жазылған: «Бүгінгі таңда жастарға әлемдік ғылым мен прогрессденгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру, оның рухани байлығы мен мәдениеттілігін, ойлай білу мүмкіндігін жетелдіру, сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктігін, іскерлігін арттыру әділетті қоғамның міндеті болып табылады».
Міне, осы тұрғыдан қоғамға жан жақты білімді, мәдениетті, жұмысты шығармашылықпен істей білетін жеке адам қажет. Ондай адамды орта және жоғары оқу орындары дайындайды.
Жалпы білім беретін мектептерде оқу тәрбие жұмысын жақсарту және білім мазмұнын жаңарту жайлы Қазақстан Республикасы Білім министрлігі мен Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім проблемалары институты жасаған тұжырымдамаларының маңызы өте зор. Олрдың бірі –Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасы(13 мамыр,1992ж. ),екіншісі Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері білім мазмұнының тұжырымдамасы (17 ақпан 1994ж.).Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жәніндегі ұлттық кеңес бекіткен «Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы»(7 шілде 1994ж. ).
Оқу тәрбие жұмысына тікелей байланысты осындай мемлекеттік құжаттар оқу құралын құрастыруда толық пайдалынады.
1 Білімнің мазмұны және оның ғылыми негіздері.
Халыққа білім беру ісін жетілдіру мемлекет саясатының өзекті мәселелерінің бірі.
Білімнің мазмұны оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүесі. Осы жүенің негізінде оқушылардың ақыл ойы, қабілеті дамиді, ғылымиматериалистік көзқарасы, мінезі қалыптасады.
Мектеп халық шаруашылығының әр түрлі саласында белсенді, қызметке қабілеті, саналы, жоғары білімді адамдарды тәрбиелеу үшін қоғамның әлеуметтік тапсырмасын орындайды. Сондықтан білімнің мазмұны тұлңаның жан жақты үлесімді дамуына баңытталуы тиіс.
Осы талаптардың негізінде мынадай принциптерді қолдану білім мазмұнының деңгейін көтеруге өте қажет.
- Оқушыларды біліммен қаруландыратын табиғатты қорғауға, еңбекке және өмірге жауапкершілік қатынасты тәрбиелеудің қажеттілігі.
- Білім мазмұны негізінде ұлттық мәдени мұрасымен ұштастыру.
- Білім мазмұнында әлеуметтік экономикалық жолдарын ескерудің маңыздылығы.
- Пәнаралық және пәнішілік байланыстырады ғылыми әдістемелік негізде жүзеге асыру.
- Қазіргі үдемелі ғылыми техникалық жағдайда ақпараттық технологияны пайдалану, білім мазмұнын жаңарту.
- Ұлттық тілді, халықаралық қатынас тілдерін оқып үйренүдің, тұрмыс мәдениет және ғылым салаларындағы маңыздылығы.
- Жалпы білім мазмұнының политехникалық және кәсіптік білім мазмұнымен ұласуы теориалық, практикалық білімнің негізі.
Мектепте білім мазмұнын анықтау мына мәселелерді қамтамасыз етуі тиіс:
— Табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағы білімді қалыптастыру;
— Диалектикалық материалистік көзқарасты тәрбиелеу;
— Адамды жан жақты дамыту міндеттерін жинақты шешу;
— Жастарды өмірге, еңбекке, мамандық таңдауға даярлау.
Жалпы орта білім мазмұнын қалыптастырудың көзі адамның өз тағдырын өзі шешудегі негізгі өрісі- адам, қоғам, табиғат болуы қажет.
Білім беру мазмұны көптеген нормотивті құжаттарда анықталған.
Білім мазмұны біздің елімізде, шетелдерде әлі де жеткілікті зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе әрбір тарихи кезеңдерде болып отыратын мекте реформасының негізіне жатады. әрбәр реформада заман талаптарына сәйкес білім мазмұны өзгеріске ұшырайды, біркелкі жүйеге келтіреді.
Осы бағытта Республика көлемінде білім мазмұнын жаңартуға байланысты істеліп жатқан жұмыстар көптеп саналады. Солрдың бірі «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерді білім мазмұнының тұжырымдамасы». Бұл тұжырымдамада білім мазмұнын қалыптастырудың ғылыми негіздері білім мазмұнын анықтайтын негізгі принциптер, білім мазмұнынын құрамы және құрылымы біріңғай жүйеге келтірілген.
Білім мазмұнын жаңарту, білім беру жүесін дамыту өмір талабының объективті заңдылығы. Әр халықтың тарихи мәдени ерекшелігі диалектикалық бірлікте қарастырылып, мектептегі білім мазмұнын жаңартудың негізгі көзі болуға тиіс.
2 Жалпы, политехникалық және кәсіптік білім.
Жалпы білім –оқушылардың ғылым негіздерін игеру процесі және нәтижесі. Жалпы білім мазмұнына оқылатын пәндердің негізгі үш циклі кіреді : ғылыми жаратылыс, гуманитарлық, еңбек және дене дайындығы.
Ғылыми жаратылыс пәндері (физика, математика, химия, биология т.б.)
Табиғат заңдылықтары жайында оқушыларға терең білім береді, олардың ойлау қабілетін дамытудың негізгі құралы болады. Гуманитарлық пәндер (тарих, әдебиет, қоғамтану, түрлі тілдер )оқушыларды қоғамның даму заңдарымен таныстырады. Әр түрлі тілдер қоршаған шындықты танудың, ойлау аппаратын дамытудың, қарым қатынас жасаудың құралы. Гуманитарлық білім беруде тарих, әдебиет, ән, бейнелеу өнері үлкен роль атқарады. Олар оқушылардыі эстетикалық талғамын, адамгершілік сезімін қалыптастырады.
Еңбек және дене шынықтыру пәндері оқушылардың денсаулығын нығайтады, түрлі іс әрекеттерінің процесінде олар іскерлікке, дағдыға иемденеді. Еңбек сабақтары кәсіптік бағдар беру ісіне болымды әсер етеді.
Сонымен оқушылар ғылыми бөлімдер жүйесін меңгере отырып құбылыстардың мәніне түсінеді, ғылыми зерттеу әдістері және ғылымның даму тарихымен танысады, табиғаттың және қоғамның әділетті даму заңдарын таниды.
Жалпы білім политехникалық және кәсіптік білімнің негізгі және олармен өзара тығыз байланысты. Политехникалық білім берудің мәні өндірістің барлық процестерінің негізгі принциптерімен таныстыру.
Қазіргі кезде оқушыларға политехникалық білім беру радиотехниканың, телемеханикалық, атомдық энергетиканың, генетиканың т.б. ғылым мен техника салалрының соңғы жетістіктеріне байланысты.
Политехникалық білім оқытудың әр түрлі мектеп сатысында еңбек сабақтарының қарастырылады.
Мектепте политехникалық білім беруді іске асырудың басты жолдары:
- Жаратылыс математика пәндері және политехникалық білім беру «өндіріс негіздері. Мамандық таңдау.», «Есептеу техникасыжәне информатика негіздері» жаңа пәндері бойынша оқушыларды қазіргі заманғы өндірістің негіздерімен таныстырып оларға қажет білім беру.
- Оқушыларды сабақ кезінде түрлі оқу аспаптары, препараттар, электротехника, компютер және ЭВМ сияқты жаңа құралдармен таныстырып, оларды жұмыс істей білуге үйрету.
- Лабораторияларда, оқу кобинеттерінде, шеберханаларда практикалық және эксперименттік жұмыстар арқылы оқушылар қазіргі заманғы ғылымның және өндірістің негіздері жөнінде түсінік алады, пратикалық іс әрекетінде, мамандықты таңдауға даяр болады.
- Мектепте және сыныптан тыс жұмыстардың барысында оқушылардың техникалық қабілетін дамыту.
Сонымен, жалпы, политехникалық білімнің және еңбекке оқыту негіздері мектепте салынуы қажет, өйткені ғылыми техникалық процес өндіріске ЭВМ-ді, компьютерлерді, роботтарды енгізу қайта құру кезеңінде жалпы орта білім беру көтеріңкі талаптар қояды.
Қазіргі кезеңде еңбектің одан әрі өзгеруі адамдардың білімі мен кәсіптік даярлығына жоғары талаптар қояды. Осы талапқа сәйкес 1986 жылдан бастап білім берудің біріңғай жүйесі құрылды. Бұл жүйеге мектепке дейінгі тәрбие, жалпы білім берудің даярлығы, кәсіптік оқыту, өз мамандығын терең меңгереді.
Оқу орнын бітіргеннен кейін әрбір маман курстарда, мамандықты көтеру институттарында оқып, өз мамандығын жетілдіреді. Сонымен, әрбір адам өз білімін үздіксіз толықтырады, оның өз бетімен білім алуына мүмкіншілік туады.
3.Оқу жоспарларын, бағдарламаларын және оқулықтарды жетілдіру.
Жалпы білім беретін оқу орындары үшін арнайы нормативті құжаттар, яғни, оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, сонымен бірге оқулықтар және оқу құралдары жасалады.
Оқу жоспары- бұл оқу пәндерінің құрамын әрбір сынып анықтайтын мемлекеттік құжат. Жалпы орта білім беру тұжырымдамасына сәйкес мектептің оқу жоспарын, бағдарламаларын, оқұлықтарды жанарту талап етіледі.
Жалпы білім беретін мектептердің базистік оқу жоспарында толық жүктеме екі деңгейге бқлінеді: тұрақты және жылжымалы.
Тұрақты жүктеме құрамындағы пәндер жалпы орта білім беретін мектептрдің барлық типтерінде оқылады.
Жылжымалы бөлім оқушылардың дербес қабілетін дамытуға, бар ынтасымен қызығып оқитын пәндерді жете тереңдетіп білуге мүмкіндік жасайды. Ол таңдамалы пәндер мен факультатив курстарынан құралады.
Жылжымалы бөлім бойынша таідмалы пәндерге бқлінген уақыт тереңдете оқылатын пәндерге беріледі.
Жеке пәнді теориялық және практикалық жағынан тереңдете оқытуға арналған типтік оқу жоспарларының бірнеше түрлерін 1993-1994 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім министірлігі жасады. Сол жоспардың бәрін мектептің ерекшелігін есепке алып, тереңдете оқитын пәнді педагогикалық ұжым белгілейді де оқу жоспарын іске асыруды ойластырады. Осыған байланысты типтік оқу жоспарларының бір түрі ұсынылып отыр.
Оқу бағдармалары білім мазмұны сипатталады, пәндер бойынша әр жылға және оқылатын курс тараулары мен тақырыптарына бөлінетін сағаттар саны белгіленеді. Әр пән бойынша түсінік хат жахылады. Онда пәндерді оқыту жайындағы негізгі міндеттер кқрсетіліп, мұғалімдерге әдістемелік нұсқаулар ұсынылды.
Оқулықтар оқу бағдарламаларының негізінде жасалады. Олар оқушыларға білім берудің негізгі көзі. Әрбір оқулыққа қойылатын талаптар:
— Оқу материалының жоғары идеялық және ғылыми деңгейде түсінікті болып баяндалады;
— ой әрекетінің негізгі тәсілдерін қалыптастыру;
— пәнаралық және пәншілікке байланысты жетілдіру;
— оқу материалдардың жас ерекшеліктеріне сәйкестік;
— жалпы орта білім мазмұнында табиғат, қоғам, техника, мәдениет және адам жайындағы ғылымдардың негізгі бағыттарын тұтас бейнелеу.
— біздің елімізде және басқа дамушы елдерде салыстырмалы бағалау әдістерінің көмегімен жалпы білім мазмұнын таңдап алу жайындағы халықаралық тәжірибену ескеру.
Оқу пәндері бойынша білім мазмұнына осындай критерилерді енгізу, үдемелі ғылыми техникалық және елімізде қоғамдық өмірді қайта құру қажеттігіне мүмкіншілік туғызады.
- Жалпы орта мектепте білім мазмұнын гуманитарландыру.
Қазіргі заман талабына сай мектептерде білім мазмұнын өзгерту басты міндеттерінің бірі. Оны іске асырудың қандай білімді және іскерлікті әрбір адамның игілігіне айналдыруға бола ма?
Білім мазмұны жайлы алыс және жақын шетелдер ғалымдарының пікірлерін баспа беттерінен кездестіруге болады. Олардың кейбірнулері үдемелі ғылыми техникалық кезеңде жаратылыс ғылыми білім мазмұнын өзгерту мәселелеріне көбірек көңіл бөледі. Ал бірте бірте байқала бастаған үдемелі ғылыми техникалық зардабы, зиянды жақтары ескерілмейтін сияқты. Осындай дағдарысты жағдайды болдырмау үшін білім мазмұнын гуманиталандырудың мағызы зор. Заман талабына сәйкес гуманитарлық пәндері оқыту туралы ғалымдар арасында қарама қарсы пікірлер, ғылыми айтыстар болып турады. Мысалы француз физигі Д.Ф.Араго мен француз ғалымы А.Ламартиннің арасындағы талас пікірлерінің өзі ақ куә бола алады. Араго жаратылыс ғалымы білімнің пайдасына, гуманитарлық білімді ыңыстыру талабына қояды.:»Әдемі сөздердің және әндердің көмегімен дамымайды. Білім әрекет жасаудың инструменті болу қажет. Осымен бірге жаратылыс ғылымдарының зерттеу тек қана матариалдық пайда үшін қызмет ету емес. Жаратылыс ғылыми білімі көптеген теріс ұғымдарды, қате пікірлерді жояды…». Ламартин, керісінше, заң шығарушылық мектеп білімінде гуманитарлық пәндердің басым болу рөлін сөзсіз сақтау керек, ол адамгершілік құнқылықты негізгі қорғаушы деп сндіреді:» Егер біз кенеттен барлық жаратылыс ғылыми білімімен келтірер еді. Егер адам моральдық шындылықтардың біреуінен ғана айырылса, олардың сақтаушысы гуманитарлық білім және адам, және бүкіл адамзат құрап кетеді.».
1960 жылдары жалпы білім жүйесінде жаратылыс ғылыми және гуманитарлық пәндер жайлы айтыстар өріс алды.
Ғылыми техникалық бағытты жақтаушылар мектептің оқу жоспарында жаратылыс ғылыми пәндердің апталық сағаттарынөсіру қажет дейді. Олардың дәлелдеуі бойынша дәл ғылымға тек ғана матемтика және жаратылыстану жатады, қалағандары білім саласында, екшей келгенде мифология. Осындй ғылымдар Англия педагогтары Р.Вудса мен К. Варрау кітабында айтлған. Бұл авторлар жаратылыс ғылымдары мен матиматиканы жоғары бағалайды. Физика және химия ережелерді эксперемент жолымен дәлелдеуге болады деп тұжырымдайды. Ғылымның бұл саласы оқушылырдың ақыл ойын дамытуда, адамгершілігін қалыптастыруда аса маңызды. Ал гуманитарлық пәндер негізінде кемеліне жетпеген, өзінің меншікті логикалық құрылымы игерілімеген. Сондықтан олрдың мәліметтері ғылымға қарағанда тым дінге ұқсас.
Батыс елдерінде ғылым мен техниканың дамуы дүниені апатқа ұшыратады деп гуманитарлық білімді жақтаушылар қауіптенеді. Батыстың орталығы деп айтылатын Рим клубының негізгі қатысушылары қоғамның мәдени дамуын аман алып қалудың жолын ең алдымен тұлғаның топтық және азаматтың гумандық тәрбие, гуманитарлық білім бағытында зерттеу жұмыстарымен айналушы батыстың педагогтары және социологтары қуаттайды.
Мектеп білімін гумандық бағытта нығайту мәселсі осы уақытта дейін баспадан шыққан ғылыми еңбектерде ұсынылып жүр. Бұл жөнінде ЮНЕСКО шығарған «Содержание образования. Мирные преспективные развития от наших дней до 2000 года» атты кітапта жалпы білімді гуманитарландыру мәселесі жақсы баяндалаңан. Білім ең алдымен сананы дамытудың факторы болу қажет деп жазылған. Адам өмірінің мақсатын құрастыратын моральдық, рухани, эстетикалық байлықтар ең алдымен есте болуы тиіс. Осы байлықтардың ішінде аданың абыройы, жақынына сүйіспеншілігі, ол байлыққа өздерінің ежелгілігіне қарамастан әрбір жаңа дәірде тууға және жаңартуға қабілетті. Сондықтан мақсаты іске асыруда гуманитарлық білім маңызды роль атқарады.
Білім мазмұнын қазіргі тілекке сәйкес өзгерту жөнінде жалпы білім беретін отрта мектептерде істаліп жатқан татымды істердің алғашқы бастамасы байқалады. Қазақстан Білім министрлігінің жалпы білім беретін орта мектептерге жасаған оқу жоспарларында білім мазмұнын жаңарту мәселесіне ерекше көңіл аударылған. Гуманитарлық, жаратылыс математика пәндерін теориялық жән практикалық жағынан тереңдетіп оқытудың арнайы жоспарлары жасаған. Онда ггуманитарлық және жаратылыс математика пәндеріне берілген сағат саны басқа пәндермен салыстырғанда анағұрлым артық.
Кейбір жалпы орта мектептерінде гуманитарлық ғылым саласында жүргізіліп жатқан эксперемент жұмыстары да бар.
— гуманитарлық бағытта әр түрлі тіл пәндерін (орыс, қазақ, ағылшын, француз, неміс тілдері ). Отандық және дүниежүзілік әдебиет, дүние жүзі мәдениетінің тарихы, жалпы тарих, педагогика, логика, психология, риторика, этика, эстетика, хореография, музыка, кескіндеме, Қазақстан тарихы пәндері бойынша оқу жұмыстары өткізілді.
— жаратылыс ғылыми (математика, физика, химия, биология, география ) пәндері бойынша оқушыларды ғылыми техникалық ой өрісін дамыту, гуманитарландыру принциптерін есепке алу, тұлғаның адамгершілік қасиеттрін қалыптастыру, адам, табиғат, қоғам, ноосфера, дүниежүзілік ғылым туралы білімді игеру
Қорытынды.
Айта кету керек, осы уақытқа дейін жалпы білім беретін ұлт мектептері мен арнайы орта және жоғары оқу орындарының түлектері ұлт мәдениеті тарихынан бейхабар болды. Осыған орай, қазақ меектептерінің алдында тұрған зор мінлет, оқушылардың ұлттық сана сезімін тәрбиелеумен бірге, олардың ата аналарының да халық педагогикасының бай мұраларымен таныстырып, күнделікті өмірде, тәрбие процесінде пайдалана білуге, үйрету педагогикалық ұжымның борышы. Мектепте үлкен тәрбиелік мәні бар жайттың бірі – бұл мектеп үйін безендіру. Бұл жөнінде мұңалімдер ұжымы бірсыпыра жұмыс істеген. «Атамекен» бағдарламасындағы кейбір ұлттық ерекшеліктер еске алынып, есіктен жерінде Қоқыт атаның суреті мен «Балалар аруағы қолдасын деп!»,- деп мектеп қабырғасында жазылған.
Мектептің ұраны: «Ел болам десең, бесігінді түзе».
Мектептің салтанатты әні: «Туған жерім Ереймен».
Мектептің негізгі мақсатты: «Оқу тәрбие жұмысында ұрпақты халық педагогикасы негізінде тәрбиелеу».
Оқушылардың тәрбиесін ізгілендіру және гуманитарландыру мақсатымен тәрбие жұмыстарының дәстүрлі емес формаларын, «Атамекен» бағдарламасының негізгі бағыттарын тәрбие процесінде кеңінен пайдаланды. Бұл бағдарламада «Достық», «Генеология» бағыттарына ерекше мән берәледі. Қазақстан тарихында, ғылымында із қалдырған әр түрлі ұлттар адамдарының өмірі, іс әрекеті, салт дәстүрі, әдет ғұрпы зерттеледі. Ескі қолжазбаларды жинау, архитектуралық ескерткіштердің есебінен алу жұмыстары жүргізіледі.
«Атамекен» бағдарламасында тебиғат, халық тарихы, ғалымдардың, ағартушылардың, философтардың, мұрасы жайлы адамдық қатынасты қалыптастыру, гуманитарландыру принципін жүзеге асыру әрбір тұлғаның танымдық мұқтаждығын қанағаттандыру көзделген.
Қазақ халқы ежелден жас ұрпақтың сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуін, мақсат етіп, оны жастайынан өмірге, еңбекке тәрбиелей білген.
Білім беру – табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады.
Қолданылған әдебиттер:
1.Қоянбаев Ж. Б. Педагогика. Алматы, «Рауан», 1992.
2.Крупская Н. К. Детское управление в школе. Пед. Соч. В десяти томах. Т.З. Изд-во АПН, М., 1959