Басшылық ұғымының түсінігі реферат

0

Тақырыбы: Басшылық ұғымының түсінігі

Мазмұны

Кіріспе
І. Басшылық ұғымының түсінігі
ІІ. Басқару тәсілдері
ІІІ. Басқару құрылымдары, ұйымдастыру түсінігі мен принциптері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

Кіріспе

Басқару — шешім қабылдау процесі. Қабылданған шешімдер қойылған мақсаттарға сәйкес болуға тиіс. Сондықтан да басқарушы өзінің мақсаттарын анықтаулары және олар нақтылы тұжырымдалуы қажет. Жергілікті және орталық басшылықтың мақсаты жұмсалған капиталдың қайтарымы немесе одан да мәнді ең жоғары қарқынымен өсуі болуы мүмкін. Бастапқы мақсат қандай болса да, басқару процесі ұйымның рынок жағдайындағы келеңсіз өзгерістердің барлығына төтеп беріп, өмір сүре алатындығының кепілі іспеттес.

Шаруашылық практикасы көрсеткеніндей, басқару жүйесін жетілдіру, оның жалпы теориялық мәселелерін дамыту рынок экономикасында бірден-бір тиімді жол болып табылады. Сондықтан да басқару жүйесінің деңгейін жаңа сапаға көтеру теориялық және практикалық жұмыстарда басты орын алады. Барлық басқару жұмыстарын қайтадан құру болмаса, жетілдіру эконо-микалық дамудың жаңа ырғағын алып келуге септігін тигізеді.

Басқаруды жетілдірудің проблемасы рынок экономикасына көшу барысында қолымыздағы бар экономикалық мүмкінішліктерді пайдалана отырып, жаңа өндіріс қатынастарын қалыптастыру болып табылады. Аталғандардың барлығы басқаруды қайта құруға қатысты жұмысты жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.

Рынок экономикасына сай басқару жүйесінің қалыптасуы өндіргіш күштер мен жаңа өндіріс қатынастарынан туатын объективтік заңдылықтарға негізделген. Басқарудың шешуші проблемаларының бірі — оның ықпалын рынок экономикасының тиімділігін арттыруға пайдалану, рынок механизмдерінің үздіксіз әрекет етуін қамтамасыз етуі.
Басқарудың барлық жүйесі мен оның негізгі буындары экономиканың барлық деңгейлерінде мүдделілікті қалыптастыруға әсерін тигізеді. Соның салдарынан ғылыми-техникалық прогрестің дамуына, ресурстарды үнемдеуге, олардың шығындарын азайтуға мүдделілікті күшейтуге жағдай туады.

І. Басшылық ұғымының түсінігі

Басшылық пен көшбасшы (лидерлік) жеке адамдар арасындағы басқару аспектісі болып саналады, сол арқылы бағыныштылар кәсіпорынның мақсатын, әрі оған жету үшін неғұрлым тиімді және қолайлы ықпал етуді білуі мүмкін.

Басқару қызметі — бұл басқару қызметінің белгілі бір тұтастай мазмұнға ие болған оқшауланған бөлім, яғни бұл басқару қызметінің мамандандырылған бөлігі. Басқарудың мамандандырылған қызметінің бірыңғай тұтас синтезделуін және интеграциялануын басшылық деп атайды.

Кәсіпорын басшысы мен оның құрылымдық бөлімшелері әкімшілік еңбекті атқарады. Бұл қызмет өте қиын, өйткені басшының алуан түрлі фактілермен істес болуына тура келеді.

Басшы өзіне негізгі екі міндеттің жүктелетіндігін білуі тиіс: адамдармен жұмыс істеу және басқару жүйесін ұйымдастыру. Олар өзара байланысты, әрі күн өткен сайын күрделене түседі.

Басшы өз жұмысында ғылым мен техника жетістіктерін жаппай қолдану өндіріс технологиясына, еңбек құралдары мен заттарына, адамдардың еңбек әрекетінің сипатына сапалық өзгеріс енгізетіндігін ескеруі тиіс. Әрі мұның өзі жұмыскерлердің ынта-ықыласына, талап-тілегі мен мотивтеріне терең ықпал етеді. Мұның өзі оның жұмысын қиындата түседі, өйткені білімді, білікті жұмыскерлерді басқару едәуір күрделі. Сонымен қоса, басқару жұмысы біршама творчестволық тартымды, әрі нәтижелі болады.

Басшы еңбегін тыңдауға түрткі болатын ықпалдар келтірілген.

Басшының мақсаты басқалардың өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал ету. Осы қызметін орындауы үшін, оның өзінің формальды өкілеттілігімен қоса, билігі болуы қажет.

Билік — бұл басқалардың жүріс тұрысына ықпал ету мүмкіндігі.

Ұйымның әр түрлі бөлімшелеріндегі басшы өзінің тікелей бастығына, қол астындағылар мен әріптестеріне тәуелді. Шындығына келгенде осы топтар басшының маңайына топтасқан адамдардың бір бөлігі. Осы адамдардың жәрдемінсіз басшы өз қыметін ойдағыдай жүзеге асыра алмайды. Көпшілік басшылар сонымен қоса, өз ұйымынан тысқары жерлердегі адамдар мен ұйымдарға, сондағы өнім жеткізушілерге, тапсырушыларға бәсекелестерге, олардың қызметін реттейтін ведомостволар мен кәсіподақтарға да тікелей тәуелді.

Тіпті басшының айқын белгіленген билігі бола тұрса да, қол астындағылардың күш-жігерін дұрыс бағыттай алмайтын кездері болады. Бұл тәуелділік тікелей басқаруға болмайтын факторлар мен адамдарға байланысты және де мұның өзі басқару тиімділігін қиындататын басты себепкердің бірі. Осы проблемаларды шешу үшін басшымын бірден-бір қолданатын құралы — билік жүргізу, ықпал ету және жетекшілік ету.

Ықпал ету мен билік жүргізу ықпал ететін жеке адамдарға, сондай-ақ, нақты жағдайларға және басшының қабілетіне байланысты. Ұйымдастыру жағдайында, мәселен, билік жүргізу қызмет лауазымдарының бір-біріне бағынуына қарай белгіленеді. Мұндай жағдайда адамда биліктің қаншалықты болатындығы оның формальды өкілеттігінің деңгейіне қарай емес, басқа адамға тәуедділік дәрежесіне қарай белгіленеді. Адамдар басшыға неғұрлым тәуелді болса, оның билігі де соғұрлым көп болады.

Басшының қол астындағылар жалақыны көтеру, жұмыс тапсырмасын алу, қызмет бабында жоғарылау, өкілеттілігін ұлғайту, әлеуметтік мұқтажын қанағаттандыру секілді мәселелерде сол басшысына тәуелді болатындықтан, басшының қол астындағыларға толық билігі бар. Екінші жағынан қабылданған шешімдердің жүзеге асуы, өндірістік тапсырмалардың дер кезінде орындалуы басшының қол астындағыларға тікелей байланысты болатындықтан, кейде бұлар да басшыға билік жүргізе алады.

ІІ. Басқару тәсілдері

Басқару үшін ықпал ету қажет, ал ықпал ету үшін билік керек. Билік орындаушылардың белсенді талаптарына (физиологиялық талабы, қорғалу талабы, әлеуметтік талабы, құрметтеу талабы) ықпал етуге негізделген.
Ықпал етудің барлық нышандары басқа адамның тілегін орындауға түрткі- болды.
Гренг пен Рейвеннің жіктеуі бойынша биліктің негізгі бес нышаны болады:

1. Мәжбүр етуге негізделген билік. Қорқыту арқылы ықпал ету, сонда ғана тиімді болады, егер ол мықты бақылау жүйесімен нығайтылатын болса, әдетте бұған көп шығын кетеді.

2. Көтермелеуге негізделген билік — қорқытып билік жүргізуге қарағанда едәуір ықпадлы, әрі жұмыс сапасы біршама жақсарады. Кейде қандай көтермелеудің тиімді болатындығын айқындау қиын.

3. Эксперттік билік. Ықпал етушінің арнайы білімі барына, сол себепті тиісті мұқтажын қанағаттандыратынына орындаушы сенеді. Технология күрделілігі мен ұйым көлемі артып отырған жағдайда орындаушыға сенім арту барған сайын тиімді бола түсуде.

4. Эталондық-билік (үлгі билігі). Ықпал етудің мінез-құлқы немесе қасиеті тартымды болатындығы соншалық, орындаушылар соған еліктеуге, сондай басшы болуға тырысады.

5. Заңды билік. Ықпал етушінің бұйрық беруге хақысы бар «екендігін орындаушы мойындайды, әрі оның міндеті бағыну керектігін түсінеді. Бағынушылар ықпал етушінің бұйрығын орындайды, өйткені дәстүр бойынша бағыну орындаушының қажетін қанағаттанлыратынына сенеді. Сондықтанда көп жағдайда заңды билікті дәстүрлі билік деп атайды. Барлық басшылар заңды билікті пайдаланады, өйткені оның өзі басқа адамдарды басқаруға өкілдік береді.

Биліктің осы негіздері басшының негізгі құралы болып саналады, сол арқылы ол ұйымның мақсатына жету үшін қол астындағыларға жұмысты орындауды міндеттей алады.

Әлеуметтік құндылықтың өзгеруіне байланысты ұйым басшыларының пікірінше, басшылық қызметте істейтіндерге, әріптестерге, сондай-ақ ұйым мүшелігінде жоқ адамдарға ықпал етудің ең тиімді жолы сендіру деп есептейді. Бірақ бұл тәсіл біршама баяу әсер етеді.

ІІІ. Басқару құрылымдары, ұйымдастыру түсінігі мен принциптері

«Ұйымды басқару құрылымы» немесе «басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы» (БҰҚ) менеджменттің ең бір шешуші түсінігі болғандықтан, ол басқару мақсаттарына, функциялары мен процестеріне, сонымен қоса, менеджерлердің жұмыстарына және олардың арасындағы өкілеттікті бөлісуге тығыз байланысты. Құрылым шеңберінде барлық басқарушылық процесс (ақпараттықтармен алмасу және басқарушылық шешімдер қабылдау) кәсіби мамандығына сай менеджерлердің қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Құрылымды басқару жүйесін уақытында және сапалы салынған ғимараттың арқалығымен салыстыруға болады. Сондықтан да ұйым басқарушылары басқару құрылымдарын қалыптастырғанда, олардың принциптері мен тәсілдерін, типтері мен түрлерін таңдау барысында, үрдістердің өзгеруі ұйымның міндетіне сәйкестігіне баға бергенде жете зерттеу жүргізуді талап етеді.

Бұл мәселелерді қарағанда, осы мәселенің шешуші түсінігінен, ең алдымен ұйымдарды басқару құрылымдарынан бастаған жөн. Менеджментке қатысты ғылымда осы категорияның күрделілігін және көп мәнділігін көрсететін көптеген түсіндірмелер кездеседі. Олардың ең бастылары мыналар.

Басқару құрылымы деп қызметтің атқарылуы мен дамуын қамтамасыз ететін, тәртіпке келтірілген, өзара тұрақты байланыстардың біртұтас элементтер жиынтығын айтады. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымына, қойылған міндеттер мен мақсатқа жету жолдарын көрсететін функдияларға сәйкес, басқару процесі шеңберінде жүзеге асырылатын басқарушылық әрекетінің бөлісу формасы мен кооперациясы деп түсінік беруге де болады. Бұл тұрғыдан басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын, оның құрамына кіретін органдар мен онда қызмет атқарушы адамдардың өзара байланысты міндеттерін атқаруды, құқықтары мен жауапкершіліктерін ең қолайлы бөлісу жүйесінің түрі деп те атауға болады.

Басқару элементтерінің байланыс қатынастары деңгейлері мен өкілеттіктері — оның құрылымының ең басты, негізгі түсініктері. Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының элементтері жеке жұмыс істеушілер (бастықтар, мамандар, қызметкерлер), сол сияқты, белгілі бір функционалдық міндеттерді орындайтын басқару аппаратының органдары немесе осы аппаратта қызмет атқаратын мамандар болуы мүмкін. Басқа-рудың ұйымдастырушылық құрылымының мамандану элементтерінің екі бағыты бар. Біріншіден, ұйым бөлімшелерінің құрылым құрамына байланысты маркетингті жүзеге асыратын басқару құрылымының, өндіріс менеджментінің, ғылыми-техникалық процестің тізбектері өзара ажыратылады. Екіншіден, функциялардың жалпы сипаттамасына байланысты жоспарлаумен шұғылданатын, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыратын, ұйымда барлық процестерді бақылайтын, басқару процесінің міндетін орындайтын органдар қалыптасады.

Басқару құрылымдарының элементтері арасындағы қатынастар көлденең және жоғарыдан төменге қарай (тікелей) деп аталатын байланыстар арқылы іске асырылады. Көлденең байланыстардың бір деңгейді сипаттамасы бар. Екіншісі — бағыныштылық қатынастар. Мұндай байланыстардың қажеттілігі өз мақсаттарының орындалуын көздейтін басқарудың түрлі деңгейіндегі иерархиялық жүйені құрғанда пайда болады.

Ұйымды басқару құрылымындағы байланыстар алдыңғы қатардағы және функционалды болып ажыратылады. Алдыңғы қатардағы байланыстарға алдыңғы шептегі бастықтар деп аталатын, яғни ұйымның және бөлімшелердің әрекеттеріне, олардың арасында ақпараттардың алмасуына және басқарушылық шешімдерді қабылдау мен оны жүзеге асыруға толығымен жауап беретін адамдар арасындағы қатынастар жатады. Функционалдық байланыстар менеджменттің түрлі функциялары арасында кездеседі. Соған сәйкес алдыңғы қатардағы байланыстарда алдыңғы шептегі қызметкерлердің өкілеттілігі, штаб қызметкерлерінің өкілеттілігі және функционалды өкілеттіктер деген ұғымдар пайда болады. Алдыңғы шептегі бастықтардың өкілеттілігі оларға сеніп берілген ұйымдар мен бөлімшелердің дамуына байланысы барлық мәселелерді шешуді, сол сияқты ұйым (бөлімше) мүшелерінің өздеріне тапсырылған міндеттерін сөзсіз орындауды талап ететін құқық береді. Штаб қызметкерлерінің өкілеттілігі жоспарларды ұсыну, кеңес беру немесе көмектесу құқығымен шектеледі. Бірақ ол ұйымның басқа мүшелеріне өзінің нұсқауын орындау туралы бұйрық бермейді. Егерде басқарушы аппараттағы қызметкердің біреуіне, әдетте, алдыңғы шептегі менеджерлердің орындайтын әрекеттерін іске асыру және шешім қабылдау туралы құқық берілсе, онда ол функционалды өкілеттікке ие болады.

Жоғарыда көрсетілген басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын құрушылардың арасында өзара тәуелді көптеген күрделі қатынастар бар. Айталық, біреуінің ішінде қайда болған өзгеріс (мыс, элементтер мен деңгейлер саны, байланыстар мөлшері мен сипаттары, қызметкерлер өкілеттігі) барлық қалғандарының қызметтерін қайта қарап шығуды қажет етеді. Егерде басқарудың ұйымдастыушылық құрылымы жаңа орган енгізу туралы шешім қабылдаса, мысалы, маркетинг бөлімі (оның қызметін осы уақытқа шейін ешкім орындамаған), онда бір мезгілде төмендегідей сұрақтарға жауап табу керек: жаңа бөлім қандай мәселелерді шешеді, тікелей кімге бағынышты болады, оған қажетті ақпаратты қандай органдар және ұйымның бөлімшелері жеткізіп тұрады, жаңа бөлімнің қызметкерлеріне қандай өкілеттілік бөлініп беріледі, жаңа қызмет қандай иерархиялық деңгейге қатысты әрекет жасайды, жаңа бөлім мен басқа бөлімдердің арасында байланыстардың қандай түрлері орнатылуға тиіс?

Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымында элементтері мен деңгейлерінің көбеюі еріксіз басқарушылық шешімдерді қабылдау процесінде пайда болатын байланыстардың саны мен күрделілігінің бірнеше рет өсуіне әкеліп соғады, соның салдарынан көбіне бұл басқару процесінің бәсеңдеуіне әсерін тигізеді; қазіргі жағдайда соңғы процесс ұйым менеджментінің қызмет атқару сапасының нашарлауымен тепе-тең.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Басқару теориясы» Ш.Қ.Қашыков, К.Қажымурат, Д.К.Ахметов, Е.М.Арын
2. Менеджмент негіздері Ахметов К.Ғ., Сағындықов Е.М., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Жұмаев Ж.Ж.


Тегтер:басшыбасшы деген кімбасшы қандай болу керекбасшыларға кімдер жатадыбасшылықбасшылық пен көшбасшылықбасшылық ұғымыбасшылық ұғымының түсінігібасшының міндетін уақытша атқарушыбасқару жетекші міндеттерібасқару жүйесібасқару жүйесінің құрылымыбасқару жүйесіндегі жеке тұлғабасқару жүйесіндегі коммуникация процесібасқару психологиясының әдіс тәсілдерібасқару тәсілдерібасқару шешімдерін қабылдау тәсілдерібасқару қызметі принциптері мен әдістерібасқару қызметін құру қиындықтарыбасқару қызметінің мәдениетібасқару қызметінің түрлерібасқару қызметінің функцияларыбасқару құрылымдарыбасқару әдістері мен тәсілдерібасқаруда дара басшылық ұғымыбилік деген небилік тармақтарыбилік түрлерібиліктің бөлінуібиліктің негізгі үш тармағыбиліктің түрлерібиліктің қызметтері мен жіктелуіжергілікті басқаружергілікті басқару деген нежергілікті басқару жүйесізаңды биліккәсіпорын басшысылауазымды адамлауазымдық міндеттерлауазымдық нұсқаулық үлгісілауазымыреферат қазақша жазу үлгісішешім қабылдаушешім қабылдау және таңдау мәселесішешім қабылдау кезеңдерішешім қабылдау процесішешім қабылдау психологиясышешім қабылдау стратегиясышешім қабылдау теориясышешім қабылдау түрлеріэксперттік билікэталондық билікҚазақша рефератқазақша реферат скачатьқазақша реферат үлгісіқазақша рефераттар тегін жүктеуұйымды басқару жүйесі және құрылымыұйымды басқару құрылымыөнімділікті басқару тәсілдеріөндірісті ұйымдастыру түсінігі