Бастауыш сынып оқушыларын тәрбие жұмысын ұйымдастырудың кандай түрін білесің

0

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларын тәрбие жұмысын ұйымдастырудың қандай түрлерін білесің

Жоспар

Кіріспе
1 Бастауыш сынып оқушыларды бастауышадамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық негіздері
2 Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты тәрбиелеу мазмұны
3 Оқыта отырып тәрбиелеу негізі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы заңы» (1972), Қазақстан Республикасы «Тәлім- тәрбие тұжырымдамасы» (1993), Қазақстан Республикасы «Жалпы білім беретін мектептері» тұжырымдамасы (1992), Қазақстан Республикасы «Жалпы білім беретін мектептер оқушыларды еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасы» (1993) педагогика ғылымының зор сүйеніші болады. Сонымен бірге көптеген мұғалімдердің де тәжірибелері де басшылыққа алынып тәрбиенің дамуына игі әсерін тигізді.

Адамгершілік теориясы мен практикасында аса маңызды бағыттарға сын көзімен қарамайынша бүгінгі күнде орын алатын жалпы тәрбиенің оның ішінде адамгершілік тәрбиесі ұғымдарының ғылыми негізін ашып көрсету әлі де шешімін тапқан жоқ. Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысында болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауға міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылар мен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр.
Бұл өзекті мәселелерді шешуде және оларды одан әрі жетілдіруде оқу- тәрбие процесінде адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Бірақ, «адамгершілік элементтерін қолданамын» немесе «адамгершілік барлық тәрбие сағаттарының тақырыбына сай келе бермейді» деген жаңсақ пікір де орын алып келеді.

Адамгершілік тәрбиесі жөнінде демократ педагог Н.А.Добролюбов жастарды гуманизмге тәрбиелеудің маңыздылығын көрсете келе гуманизмнің мазмұнын терең және әр салалы түсіндірді. Бұл тәрбиенің міндеті адам баласын қадірлеп сыйлауға үйрену ортақ тағдыр жолында істес адамдарға көмектесу, қиын-қыстау кезеңдерде жолдастар мен достарға жәрдемдесуге дағдылану керек деп талап етеді.

Н.А.Добролюбовтың көзқарасында адамгершілік тәрбиесінің жолдары мен әдістері жөнінде былай деді: «Нағыз шын адамгершілік қасиеттер мен саналар қалың халықтардың ішінде, халықпен біте қайнап дамыған адамгершілік, сол халықтың ерекшеліктерін, тілектер мен талаптарын, үміттері мен болашақтарын білдіреді»,- деді.
Қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы Ыбырай Алтынсарин бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге арнады. Ы.Алтынсариннің балаларға арнап жазған шағын әңгімелері, өлеңдері бастауыш сынып оқушыларын еңбек етуге, адал, шыныл болуѓа мейірімді, қайырымды болуға, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға арнаған.

Қазақ халқының ұлы ойшыл-ақыны Абай Құнанбаев жастарды халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім- тәрбие алуға шақырды. Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Жақсы көпке ортақ», «пайдаң еліңе, халқыңа тисін» деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды. Міне, осындай зерттеулерді жинақтап қарастыра келе, біз диплом жұмысының тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі пәнін оқыту барысында кішіпейілділікке, адамгершілікке тәрбиелеу»,- деп анықтадық.

1 Бастауыш сынып оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық-психологиялық негіздері

Адамның бойындағы рухани құндылықтар оның жаратылысы мен бірге пайда болатынына көңіл аудармай, оны сырттан іздеп келеміз. Сондықтан кіші мектеп жасындағы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу тек тәрбие сағаттарында ғана емес, ана тілі пәнінде бастауыш сыныпта оқытылатын барлық пәндерде, үйелменде, қоғамдық орындарда басты назарда болып келеді. Адамгершілік қасиеттер үлкен мен кішінің шынайы қарым- қатынас кезінде бала бойына дариды. Көзге көрінбейтін өте сезімді, аса құнды қасиеттерді жүректен- жүрекке үзбей жеткізу тек тәлімгер, ұстаздың қолынан келеді. Сондықтан ұстаздар қауымының алдында үлкен жауапкершілікпен жүргізілетін міндеттер тұр.

Педагог қауымы бала жанының бағбаны екені рас болса, сол адамгершілік қасиеттерді қалай дамытып, одан қандай нәтиже алып келеді деген сұрақтар туындайды.
Ірі педагог Антон Семенович Макаренко жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп, оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдістемесін құрды.

А.С.Макаренконың «Ата-аналар үшін кітап», «Балаларды тәрбиелеу жайлы лекциялар», «Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі» т.б. кітаптарында оқушыларды тәрбиелеудің педагогикалық талаптарын зерттеп, жинақтады. Оқушы тәртібінде мінез-құлқындағы ауытқулар кездесіп отырады. Қайта тәрбиелеу арқылы оқушы санасындағы және жүріс- тұрысындағы жеке кемшіліктерді жеңу үшін оқушы дамуындағы ауытқуларды алдын алу. Бұл қайта тәрбиелеудің А.С.Макаренко жасаған арнайы әдісі.

Жалпы педагогикалық процестегі оқыту теориясын дамытуға үлес қосқан ғалымдар, ғалым- педагогтардың еңбектерінде өз кезеңдеріне сай мектептегі оқу, таным, іс- әрекеттер, шығармашылық процесін жетілдіруде озық ойлы пікірлер айтқан.
Орыстың ұлы сыншысы, философ-материалист, жалынды революцияшыл-демократ, жазушы және публицист Николай Гаврилович Чернышевский «Жас өспірімге, болашақ белсенді қоғам қайраткерлікке, шын халық мүддесін қорғаушыларға мынадай негізгі адамгершілік саналар мен қасиеттер қажет деп есептеген: патриотизм, гуманизм, еңбекке сүйіспеншілік, адалдық, сөзді іспен байланыстыру, кішіпейілділік, єдептілік, т.б. қасиеттер қалыптастыру қажет»,- деді.. Н.Г.Чернышевскийдің көрсетуі бойынша адамгершіліктің басқа бір саласы гуманизммен тығыз байланысты. Тәрбиенің әдістер ретінде сендіру, иландыру әдістерін қолдайды. Ол сапалы оқытудың өзі тәрбиеге күшті әсер ететіндігін ескертті.

Мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас бүлдіршін, жүрегі таза, ниеті таза, пейілі кең, пәк періште күйінде азамат қатарына қосылып кетіп жатыр ма. Егер мұғалім өзінің адам қалыптастырудағы міндетін өз дәрежесінде атқарып келе жатса, қоғамдағы жат қылықтар қайдан шығып жатыр.

Мектепке келген кезінде сондай сүйкімді, тіл алғыш, жүрегі таза, сенімі пәк жас бүлдіршін орта немесе буынға келгенде өзгеріп сала береді. Сол кезе мына бала қандай еді, қалай өзгерді. Мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп алды? Неге озбырлық жасауға бейім болып алды?- деген сұрақтар туындайды. Әрине, оның себептерін жан- жақтан іздеуге болады. Баланың қалыптасуына ықпал етіп, дамгершілік қасиеттерінің дамуына үлес қосатын мұғалім. Мұғалім оқушыға оның өмірінің азық болар асыл қасиеттер- адамзаттың құндылықтарымен, белеммен қамтамасыз етеді.

2 Бастауыш сынып оқушыларын жан — жақты тәрбиелеу мазмұны

Ал бүгінгі күнгі мұғалімнің баста мақсаты- өзіндік адамгершілік қасиеттерін бала бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін, оның бойындағы бар қасиеттерін дамыту жас ұрпақтың бойынан тауып, дамытып немесе оған сіңіруді арман етіп отырған адамзаттық асыр қасиеттердің жиынтығын алдымен мұғалім өз бойынан тауып алмай жауапты ісін өз деңгейінде атқара алмайды.

Адамгершілік қасиеттерді өскелең ұрпақтың ақыл- парасатына азық ете білу үшін әрбір мұғалім ана тілі сабақтарында халық педагогикасының сан ғасырларда қалыптасқан салт- дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең біліп, оларды өркениетті өмірмен байланыстары отырып, тәлім- тәрбиеге пайдалана білуге борышты.

Әрбір жеке оқушы мұғалімнің оның жан-жақты тануға бағыттаған зерттеу объектісіне айналуы қажет. Оқушының сезімін оятып, шабытын ұштайтын, сөйтіп оны шығармашылыққа жетелейтін бірден-бір жол- болашақ жүрек түкпірінде жатқан асыл қасиеттерді жарыққа шығару. Ол оќу- тәрбиенің процессінде мұғалім мен оқушының арасында үздіксіз, үнемі байланыста болатын сезім жібі арқылы ғана жүзеге асырылады.

Балалар күнделікті оқу-тәрбие процессінде тікелей өмір тәжірибесінде «жақсы» мен «жаманды» байқайды. Оларды үлкендер тарапынан берілген бағаны меңгереді. Бұл меңгергендері балалардың күнделікті еңбек процессі үстінде жаттықтырылып, бекітіледі. Еңбек процессінде балалардың кішіпейілділік, тәртіптілік, үлкенді сыйлау, қамқорлық сияқты адамгершілік қасиеттерін өз заттарын сақтап, күтіп ұстауға, тазалық, дербестік сияқты мәдени- гигиеналық дағдыларын қалыптастыру.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу- өте күрделі нәзік те жауапты іс. Бұл жолда сынып мұғалімінің бастауыш мектеп жасындағы балаларды қалай тәрбиелеу керек, олардың бойында адамгершілік қасиеттерді: Отанға деген сүйіспеншілікіті, еңбек ете білуді, интернационализмді, қайырымдылық пен әділеттілік сезімін, сергектік, ымырасыздықты қалай тәрбиелеуге деген аса қиын сұрақтарға жауап беруге тура келеді.

Әрбір бала өмірінде, іс әрекетінде кездесетіп мораль категорияларын (жақсылық, жаманды, борыш, ұят, адалдық, әділеттік, қайырымдылық, абырой) терең ұғынуы қажет. Адамгершілік жөніндегі тәрбиелер дұрыс іс әрекеттер оқушылар бойында мінез—құлықтың дұрыс нормаларын қалыптастырудың маңызды алғы шарты боып табылады. А.С.Макаренко эстетикалық әңгімелерге мораль теориясын түсіндіру құралы ретінде аса зор мән берген болатын. Ол былай деп жазғанды: «Өзімнің жұмыс тәжірибемде біздің де мораль теориясын түсіндіруіміз қажет деген қорытындыға келдім. Мен іс-тәжірибемде моральдік тұрғыдағы осындай теориялық әңгімелердің конспектілерің жасап та алдым, осы бағыттағы өз жұмысымды біраз жетілдіруге уақыт та жұмсадым, мен және осындай мораль теориясының аса жақсы, үлкен нәтижелерін де көрдім».

В.А.Сухомлинский бүкіл педагогикалық қызметі кезінде сөзді аса маңызды педагогикалық құрал ретінде пайдалана білді. Ол оқушылардың рухани дамуының барлық кезеңдерінде де практикалық қызмет, саяси идеялармен және адамгершілік нормаларды түсіндіру мен ұштасып отыруға тиіс деген бүкіл сенімде болды.
Адамгершілік мағлұматтар мен ұғымдардың қалыптасу дәрежесі мектеп оқушыларының адамгершілік даму дәрежесінің мәнді көрсеткіші болып табылады. Оларда қалыптастыру жөніндегі мақсатты түрдегі жұмыс тәрбиесіндегі маңызды міндет болып саналады. Ал оны шешу оқушының ішкі мәдениетіне берік негіз жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл мәселелердің заңдылықтарын негізін ғылыми мәнін ашу үшін педагогика, психология ғылымдарында жинақталған зерттеу негізінде айқындалған төмендегі тұжырымдамаларға сүйенеміз.

Тәрбиелейтін қасиеттеріне қарай бұл бөліктердің тәрбие беру процессінде жетекшілік ролі өзгеріп тұруы мүмкін. Себебі, ол отбасындағы тәрбиеге, жас ерекшелігіне, баланың бойындағы қасиеттеріне, қоршаған ортасына байланысты болады.
Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасу процесінде адамгершілік сезімдер ерекше орын алады. Адамгершілік сезімді тәрбиелеу көп қырлы процесс. Адамгершілік тәрбие, сезім турал ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтама бар.

Адамгершілік тәрбиесі дегеніміз- оқушылардың бойында мінез-құлықтың белгіліі бір сипаттарын қалыптастыру және олардың өздерінің де бір-біріне, отбасына, басқа адамдарға, мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін дарыту жөніндегі тәрбиешілердің арнаулы мақсат көздеген қызметі.

3. Оқыта отырып тәрбиелеу негізі

Адам мен қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас мәселесі және табиғат байлықтарын қорғау, сақтау жөніндегі нақтылы іс-шараны жүзеге асыру бүгінгі күні әр мемлекеттің, әр елдің өз бетімен атқаратын ісі ғана емес, барлық мемлекеттердің бас қосып, күш біріктіріп, жұмыла жасайтын бүкіл халықтық мәселеге айналып отыр.
Бұл әртүрлі елдердің экологиялық халықаралық қоғамның құрылуына әкелді. Біріккен Ұлттар Ұйымының талдап-талқылайтын ең маңызды мәселелердің біріне айналды.
Табиғат байлықтарын қорғау дегеніміз – бұларды мүлдем пайдаланбау емес, керісінше, оларды ұқыпты, тиімді пайдаланып, ысырапшылдыққа жол бермеу болып табылады.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2030» атты жолдауында әрбір азаматтың табиғат және оның байлықтарын пайдалану процесінде, табиғаты таза, көркем, мәңгілік қалпында сақтап қалудың қажет екендігі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екендігі атап көрсетілген.

Қабылданған қаулы-қарарлар мен «Білім» туралы заңда да педагогикалық жағынан шешуге тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық біліммен тәрбие берудің жалпыға бірдей үздіксіз жүрудің қажеттігі баса көрсетіледі. Жас ұрпақты қоршаған табиғатқа оның байлықтарына ұқыпты қарауға үйретіп, үнемі пайдаланудың маңызды мәселе екендігін ұғындыру, табиғатқа дұрыс қарым-қатыеас жасау жөніндегі қажетті оймен қаруландырып, икемділік дағдыларын қалыптастыру.

«Әрбір азамат Отанымыздың табиғатын аялауға, оның байлықтарын қорғауға мәдениетті» деген талаптар барлық уақытта бірдей жүзеге асырылып отырмағаны мәлім. Кеңестер Одағы кезіндегі жасалған ядролық жарылыстар, тың игерудегі келеңсіздіктер, табиғат байлықтарын орынсыз пайдалану, біріңғай экономикалық өндірістік мүдделер басшылыққа алынып, экологиялық талаптар ескерілмегендіктен еліміздің табиғаты үлкен зиян шекті. Адамдардың табиғатқа жасаған жыртқыштығы сыпайылап айтқанда, табиғи ресурстарды жөнсіз пайдаланудан табиғаттың экологиялық тепе-теңдігі бұзылды. «Қоғам – адам табиғат» арасындағы қарама-қайшылықтарды шешіп, жолтабу, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану және жас ұрпаққа экологиялық тәрби беру педагогика мен мектептердің басты борышына айналуда. Бұл бағытта біздің елімізде ізденістер баршылық. Соның бірі
Білім мен тәрбие берудің экологияландыру, оның ғылыми деңгейін артттыру болып табылады.

Бұл салада ғалым-педагогтар жоғыры оқу орындарының студенттеріне және мектеп , балабақша балаларына оқу тәрби процесінде экологиялық білім мен тәрбие берудің жағдайларын, мүмкіндіктерін жазған болатын.

Белгілі ғалым- эколог И.Д.Зверев: «Педагогикалық практиканың негізгі жағдайын да барлық оқу пәндерін экологияландыруға байланысты мұқият ойланып істелген жұмыстар қажет деп пәндерді экологияландыруға басты назар аударды. Экологиялық тәрбиенің мақсаты – ғылыми білім жүйелері, көзқарастар мен сенімдерді мораль нормаларына сәйкес, қоршаған ортаның жағдайына адамзаттың белсенді қатысуын қамтамасыз ету қажат», — деп атап көрсетеді. Ол мұғалімдерге қоылатын үш талапты атап көрсетті:

1. Мұғалімнің табиғат үшін қоғам алдындағы жауапкершілік сезімі болуы тиіс;
2. Мұғалімнің өзі күнделікті өмірі мен қызметінде табиғаттың нағыз жанашыр қамқоршысы ретінде үлгі өнеге көрсетуі тиіс;
3. Әр мұғалім экологиялық біліммен қарулануы тиіс.

Әрбір мұғалім жоғарыдағы талаптарға сай болып, өз шәкірттерін табиғатты қорғауға тәрбиелеп, қоғам алдында тұрған міндеттердің шешілуіне үлес қосқан болар еді.
Ғалым М.Н.Сарыбеков табиғатты қорғау практикасы мен гигиенасының «Адам — табиғат» арасында қарым-қатынас жасағанда міндетт мүрде орындалуға тиіс заңдылықтарды бөледі. Олар:

1) Табиғаттың тазалығын сақтау заңы;
2) Табиғаттың мол қазынасын сақтау заңы;
3) Табиғаттың көркемділігін сақтау заңы.

Осы заңдарды басшылыққа ала отырып, біз табиғатпен қарым-қытынас жасасақ, біздің бүгінгі күніміз де, жастарымыздың келешегі де жарқын болатыны сөзсіз.
Қазыргі педагогикалық теория экологиялық білім мен тәрбие берудің негізін, мақсаттарымен міндеттерін, принциптерін толық ашуға ұмтылады. Педагогикалық әдебиеттерде экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсаттары жөнінде үзілді кесілді айтылған алшақтық жоқ.

Мысалы ғалым-эколог И.Д.Зверевтің пікірінше, экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты мен мәні қоршаған ортамен, табиғат пен қарым-қатынастың барлық түрлерінде оқушылардың жауапкершілікпен қарайтын көзқарасы мен сенімін қалыптастыру.

Ал, А.Н.Захлебный экологиялық білім берудің мақсаты қоршаған ортаға құқық нормалары мен моралдық ұстанымдарынан туындайтын жауапкершіліктің негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыруға болатындығын айтады.
Ә.А,Тұрдықұлов болса, экологиялық білім мен тәрбие беруде оқушыларды табиғатты пайдаланудың ғылыми негіздері жөнінде сенімін, практикалық дағдыларын, табиғат ресурстарын қорғау және молайту саласында белсенді көзқарастар қалыптастыруда қажет білімді қалыптастыратын «психологиялық — педагогикалық» процесті айтамыз деп атап көрсеткен.

Сонымен, « экологиялық тәрбие » ұғымына анықтама беріп, мәнін ашуда педагогика ғалымдарының көзқарастарында ерекше айырмашылықтар жоқ… Экологиялық тәрбиенің мәні жайлы айтқанда: Балалардың табиғатқа қатынасын қалыптастыруда, оны қорғау, аялаудағы саналы белсенділіктерін арттыру, соның негізінде адамгершілік қасиеттерін дамытып, қоршаған ортаны қорғауға дайындау.

Біз, жоғарыдағы пікірлердің қай-қайсысының да орынды екендігін мойындай отырып, дегенмен де И.Д.Зверевтің берген тұжырымдамасына қосыламыз. Біздің ойымызша, экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты оқушылардың қоршаған ортаға жауапты және іскерлік қатынастарын қалыптастырумен сипатталады.

Қорыта айтқанда, ересек топ балаларына экологиялық біліммен тәрбие беруде олардың бойында төмендегідей іскерліктер мен қағидаларды қалыптастыру қажет:
— басты идеяларды, негізгі экологиялық ұғымдарды түсіну арқылы адамның табиғат заңдылықтарына сәйкес ықпал етуі;
— табиғатты ұтымды пайдалануға байланысты қолдабалы дағдыларды меңгеру, ортаның жағдайын бағалай білу, табиғатқа зиян келтірмейтін, залал тигізбейтін нормаларды сапалы түрде сақтау;
— табиғи және жасанда ортаны жақсарту қызметін жандандыру, табиғи ортада тәртіп сақтау.

Аталған іскерліктерді қалыптастырғанда ғана адам экологиялық білімді, тәрбиелі, көргенді болып табылады..

Адамгершіліктің пайда болуы және оның ұғымы жөніндегі мәселелерді ғылыми тұрғыдан алғашқы рет шешкен К.Маркс пен Ф.Энгельс. Олардың дәлелдеуінше, адамгершілік – қоғамдық дамудың жемісі, ол қоғам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамиды, сондықтан таптық қоғамда адамгершілікте таптық сипатта болады. Сонымен қатар қоғам үшін қоғам мүшелерін жан-жақты тәрбиелеп жетілдіру қажет екендігін анықтады. Ол Маркс атап көрсеткендей. – « Біріншіден, ақыл-ой тәрбиесі; екіншіден, дене шынықтыру тәрбиесі; үшіншіден, техникалық оқу – болып табылады. Сондай-ақ адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін де келтіре кетсек: адамгершілікке тәрбиелеудің маңызды педагогикалық міндеттері оқушылардың белсенді өиірлік позициясын, қоғамдық борышқа саналы көзқарасын, мөз бен істің бірлігін, адамгершілік құнды негізден ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, бастауыш сынып оқушыларында экологиялық мәдениеттін қалыптастыру табиғатқа деген сыни көзқарасын қалыптастыру арқылы ғана жүзеге асады Табиғатқа шықсақ ішкен жеген тамағымыздың қалдығын сөмкемізге салып алап қайтамыз. Барлық адамдарды осылай тәрбиелеу керек. Табиғатқа бардың ба, сол орынды тазалап кет. Міне экологиялық мәдениеттің өзі осыдан шығады. Ол үшін алдымен санамызды түзеуіміз керек. Балаға кішкентайынан ағашты сындырма немесе бүлдірме десек, ол тәрбие санаға сіңеді. Сөйтіп біз ол тәрбиені балабақшада дамытып, мектепте және жоғары оқу оырдарында оқытып, ғылыммен байланыстырсақ, экологиялық мәдениеті бар адамды тәрбиелей аламыз.

Аталған іскерліктерді қалыптастырғанда ғана адам экологиялық білімді, тәрбиелі, көргенді болып табылады..

Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеу мен оқыту ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді.

Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі адамгершілігі бар, шығармашылық пен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылық пен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзі мен көріп, оны қабылдай білу керек.

Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете алмаймыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі – «Балаларды айнала мен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбе беру» болып табылады. Біз күнделікті жұмысымызда баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйретуді мақсат тұтамыз.

тәрПайдаланылатын әдебиеттер.
1. «Бастауыш мектеп» №6, 2006ж, 22-бет.
2. «Бастауыш мектеп» №2, 2007ж, 12-бет.
3. «Бастауыш мектеп» №3, 2004ж, 35-бет.
4. «Бастауыш мектеп» №6, 2006ж 14-бет.
5. В.М. Чубко В.Д. Рахимбекова М.А.Дүйсебаева А.О. Сәрсембаева Айналамен таныстыру, Экология. Алматы: «Алматыкітап», 2006ж,-162-бет.
6. «Қазақстан географиясы және экология» №3 2004ж. 8-бет.
7. «Қазақстан географиясы және экология» №6 2004ж. 12-бет.
8. «Қазақстан географиясы және экология» №5 2004ж. 22-бет.
9. «Қазақстан географиясы және экология» №5 2001ж. 14-бет.


Тегтер:а.с.макаренкоа.с.макаренко еңбегін анықтаа.с.макаренко еңбектеріа.с.макаренко және халықтық педагогикаа.с.макаренко ұстаздық дастана.с.макаренконың «ұстаздық дастанынан» үзіндіа.с.макаренконың педагогикалық жүйесінің идеясыа.с.макаренконың педагогикалық шеберлігіа.с.макаренконың теориялық мұрасыа.с.макаренконың ұжымдық тәрбиелеудің технологиясыАбай Құнанбаевабай құнанбаев өмірбаяныбілім беру туралы заң 2007білім беру туралы заң қабылданған жылбілім беру туралы заңыбастауыш сынып оқушыларының зерттеу жұмыстарыбастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерім.н.сарыбековмұғаліммұғалімнің ұстанымын.а.добролюбовн.а.добролюбов еңбектеріотбасы тәрбиесінің психологиялық педагогикалық негіздеріоқушы рефератоқушы тәрбиесіоқушылардың тәрбиесіоқытудың психологиялық педагогикалық негіздеріпедагогикалық процестің психологиялық-педагогикалық негіздеріпедагогикалық шығармашылықтың психологиялық-педагогикалық негіздеріреволюцияшыл-демократиялық зиялы қауымы өкілдеріреволюцияшыл-демократиялық зиялыларытәрбие жүйесітәрбие жүйесінің даму кезеңдерітәрбие жүйесінің дамуытәрбие жүйесінің кезеңдерітәрбие жүйесінің компоненттерітәрбие жүйесінің критерийлерітәрбие жүйесінің негізгі компоненттерін ататәрбие жүйесінің құрылымытәрбие жүйесінде жетекші принциптәрбие жүйесіндегі құндылықтәрбиелей отырып оқыту ұстанымытәрбиелеу ортасына жағдай тудырутәрбиенің мазмұны міндеті мақсатытәрбиенің мазмұны мен әдістерітәрбиенің мазмұны немен айқындаладытәрбиенің мазмұнының бағыттарықазақстан - 2030қазақстан республикасының білім беру туралы заңы қашан қабылдандықазақстанның білім беру туралы заңыҚазақша рефератқазақша реферат скачатьқазақша реферат үлгісіқазақша рефераттар тегін жүктеуқр дың білім беру туралы заңықр дың білім беру туралы заңына сипаттама