Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты ес процестерінің дамуын зерттеу
Тақырыбы: Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты ес процестерінің дамуын зерттеу
Жоспар:
Кіріспе…………………………………………………………………………………2
І. Тарау. Баланың ес процесі және жеке адамның сенсорлық құрылымы.
1.1.Ес жөнінде жалпы түсінік……………………………………………………………………..4-7
1.2. Естің теориялары………………………………………………………………………………..8-9
1.3.Ес түрлері және оның ерекшеліктері……………………………………………….10-11
1.4. Ес процестері және есте сақтау заңдылықтары……………………………….14-19
ІІ. Тарау. Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты ес процестерінің дамуын зерттеу.
2.1.Сәбилік және ерте балалық шақтағы ес процестерінің
дамуы…………………………………………………………………………………………………..20-21
2.2. Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың ес процесінің дамуындағы іс — әрекеттің ықпалын психологиялық тесттер арқылы алмастыру…………….22-24
2.3. Бастауыш мектеп кезіндегі баланың ес процесінің дамуы…………………………………………………………………………………………………..25-28
Қорытынды………………………………………………………………………………………..29-30 Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………..31
Кіріспе
Зерттеудің мақсаты: Баланың ес процесі және жеке адамның сенсорлық құрылымы, яғни біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз санамызда біршама уақыт (ұзақ-қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Осыдан, өткен тәжірибемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталуы, сонымен ес бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделі психикалық процесс екендігі, ес балаға өте қажет жан құбылысы екендігі, оның арқасында субьекті жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратуы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зерттеудің міндеті: Баладағы ес процестері және есте сақтау заңдылықтарын анықтауда жантану ғылымы, осыдан, өз алдына келесі мәселелерді шешу міндетін белгілейді: санадағы өткен тәжірибе іздері қаншама уақыт сақталуы мүмкін екендігі, есте қалдырудың ұзақ немесе қысқа болуы неліктен болатыны, ес іздері қандай өзгерістерге түсуі мүмкіндігі, естің адам танымына ықпалы қандай болу керектігі, өткен ғасырдың 80-жылдары неміс психологі Г.Эббингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашуы: мағынасыз әріп буындарын жаттай отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгілеуі, ал психиатр Э. Крепелина аталған тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру (жаттау) әрекетін тексеру үшін қолдануы, бала есінің бекуі және қайта жаңғыруымен байланысты негізгі заңдар Г:Э: Мюллер еңбектерінде жария етілуі осы жұмыстың басты міндеті болып табылады.
Зерттеудің әдістері: Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты ес процестерінің дамуын зерттеуде психологияның әдістері байқау әдісі, әңгіме әдісі, және анкеталық әдістер, тест әдістерін қолдану.
І. Тарау. Баланың ес процесі және жеке адамның сенсорлық құрылымы.
1.1.Ес жөнінде жалпы түсінік
Баланың ес процесі және жеке адамның сенсорлық құрылымы, яғни біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз санамызда біршама уақыт (ұзақ-қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Осыдан, өткен тәжірибемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталады. Сонымен ес бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделі психикалық процесс. Ес адамға өте қажет жан құбылысы. Оның арқасында субьекті жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады.
Баланың алғашқы кездегі ес зерттеулері көбіне саналы іс-әрекетпен байланыстырылды, ал 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басында ғылыми іздену шеңбері кеңейе түсті, енді талдау аймағына есте сақтаудың жалпы табиғи, адамға да, жануарға да бірдей механизмдері алынды. Бұл тұрғыдан зерттеу жүргізілген американ психологі Торндайк жануарлар-дағы дағдылардың қалыптасу заңдылықтарын ашып берді. Бұл үшін ол жануарларды лабиринтте жол табуға жаттықтырып, одан қалыптасатын дағдылардың бірізді беку процесін байқады. 20 ғ. Алғашқы он жылдығында ес процесін зерттеу жаңа ғылыми формаға еніп , ол И.П. Павлов ашқан шартты рефлекстер әдісімен байланысты болды. Есте қалдыруға ықпал жасаушы жаңа шартты байланыстардың пайда болуы мен олардың сақталу жолдары осы И.П.Павлов жаңалығына орай белгіленді. Бұл кезеңге дейінгі психологиялық зерттеулер естің ең қарапайым процесстерімен ғана шектелген еді.
Ал, естің ең жоғары, адамға өз өмірінің қалаған кезеңін жадқа түсіріп, оны пайдалануға мүмкіндік туғызатын ырықты және саналы формалары тек философтар тарапынан қарастырылып, олар естің табиғи формаларына қарсы қойылды да жоғары сананың туындысы деп танылды. Сондықтан да естің жоғарғы формаларының пайда болуы мен даму себептерін айқындау философ-идеалистер күн тэртібінде тіпті де қойылмады. (А.Бергсон)
Естің жоғары формаларының жүйелі зерттелуі орыс ғалымы Л.С.Выготский есімімен байланысты. Ол 20-жылдар аяғында өз шәкірттерімен бірлікте естің жоғары формаларының дамуы жөніндегі мәселені қозғай отырып, олардың әлеуметтік негізге ие психикалық іс-әрекеттің күрделі түрі екенін алғашқы рет дәлелдеді. Ұлы ғалымның ізбасарлары А.А Смирнов және П.И.Зинченко естің саналы іс әрекетпен байланыстылығы жөніндегі жаңа, әрі мәнді заңдарын ашып, есте қалдырудың алға қойылған мақсатқа тәуелді болатынын дәлелдеп әрі күрделі материалды есте қалдырудың тәсілдерін белгілеп, ұстаз тағлиматын одан әрі толықтырды.
Ес психологиясын зерттеудің біршама нәтижелі болуына қарамастан, естің физиологиялық механизмдері мен өзіндік табиғаты көпке дейін сыр болып, философтар мен психологтар есті «материяның жалпы қасиеті» деуден аспады. Кейінгі 30-жыл ішінде ғана бұл ғылым бағытында кейбір саңлақтар көрініс берді. Бұл кезеңдегі зерттеулер нәтижесінде есте қалдыру, сақтау және жаңғырту тереңде жатқан биохимиялық өзгерістермен байланысты екені анықталып, оның РНҚ (рибонуклейн қышқылы) құрамындағы ауысуларға тәуелділігі және ес іздерін биохимиялық жолдармен екінші ағзаға егуге болатыны дәлелденді.
Ақырында, ес іздерін сақтауға қажетті ми аймағын табуға және есте қалдыру мен ұмытудың жүйкелік механизмдерін ашуға ниеттелген зерттеулер жарық көрді. Қазіргі күнде ес процесін тану физиология-лық және биохимиялық негіздердегі ізденістерге сүйенуде. Осыдан адам есі — біртекті қарапайым қызметтен құралмайтыны белгілі болып отыр. Оның құрамы сан алуан. П.Линдсей мен Д.Норман естің бір-біріне ұқсамас 3 типі болатынын алға тартады: 1 .Қысқа мерзімді ес. 2.Ұзақ мерзімді ес. З.Механикалық ес.
Қысқа мерзімді ес жоғарыда баяндалған жүйедегіге қарағанда материал басқаша тұрақтайды. Бұл жағдайда есте қалған бейне сезімдік деңгейдегі толық көріністе болмай, оқиғаның қандай да бір шағын баламасына сәйкес келеді. Мысалы, сізге қаратылған ақпарат оны құрайтын дыбыстар жүйесінде қабылданбай, біртұтас сөздер қалпында дыбыстар жүйесінде қабылданбай, біртұтас сөздер қалпында еске түседі. Әдетте, ұсынылған материалдың ең мәнді деген 3-4 бірлігі немесе кейінгі элементтері ғана қабылданады. Саналы, ерік күшін қосумен сол қабылданған сөздік материалды бірнеше рет қайталай отырып, оны есте біршама ұзақ мерзім қабылдауға болады. Ал механикалық естегі нақты бейне қайталанбайды, ол секундке жетпей, жойылады да, ұзарта сақтауға келмейді.
Ұзақ мерзімді ес. Баршаға белгілі болғандай, осы мезетте болған оқиға мен атам заманда жүз берген тарихи жағдайларды есте сақтаудың арасында айтарлықтай өзгешелік бар. Осыдан, ұзақ мерзімді ес -жадта сақтау жүйесінің маңызды әрі күрделі түрі. Жоғарыда келтірілген 2 ес жүйкесінің қамту аймағы өте шектелген: біріншісі -шағын уақытқа жұмыс істесе, екіншісі -материалдың кіші бір бөлігін ғана ұстап қалуға қабілетті. Ал ұзақ мерзімді естің уақыты да, қамту көлемі де шексіз. Бірнеше минуттан артық сақталғанның бәрі ұзақ мерзімді еске кіреді. Ұзақ мерзімді еске байланысты қиыншылық- бұл санадағы ақпаратты іздестіріп, таңдап, қажеттісін таба білу. Ал есіміздегі мәліметтің көпшілігі соншалықты, оны санмен айғақтау мүмкін емес. Солай болса да сана қорымыздан қажетті дерек дер кезінде шыға келетініне таңданбасқа болмайды.
Бірақ ұзақ мерзімді естің де аймақ көлемінің шегі барын мойындамасқа болмайды, себебі ол өлшем мимен байланысты. Ғылымда дәлелденген-дей, ми 10 млрд. Нейроннан тұрады, ал әрбір нейрон аса көп санды ақпарат сақтауға қабілетті. Бірақ әрбір жеке адам миының есте қалдырып, сақтау мүмкіндігі оның биологиялық, әлеуметгік дамуына тәуелді.
Механикалық ес. Бұл ес жүйесі біздің сезім мүшеміз қабылдаған дүние көріністерін толық әрі дәл сақтауға жәрдем береді. Мұндай жолмен еске түскен қоршаған орта ақпараты есімізде өте қысқа мерзімге ғана орнығып, 0,1- 0,5 сек. Ішінде жойылып кетеді.
- Қолыңызды 4 саусағыңызбен қағып, кейін одан келген сезімнің қалайша өшетініне мән беріңіз; қағу тоқтаған соң да, болған қаққылау сезімі біршама уақыт сақталып барып, соң жойылады да, кейін тек қаққы әрекеті болғаны ғана есіңізде қалады.
2.Көзіңізді біраз жұма тұрып, кейін сәл мезетте ашумен, қайта жұмы-ңыз. Ашып-жұму арасында қас-қағымда көрген заттарыңыздың бейнесі нақ күйінде көз алдыңызда біраз сақталып, кейін жайымен жойыла бастайды.
3.Қалам не сұқ саусағыңызды көз алдыңызда оңды-солды жүргізсеңіз, қозғалған затқа оның бұлдыр сағымы ерігенін байқайсыз.
1.2. Естің теориялары.
Ес механизмдерін психологиялық зерттеу тарихы басқа психикалық құбы-лыстарды үйренуден гөрі ертерек бастау алған. Алғашқы, кең етек алған естің ассоциатив-тік теориясы. Бұл теорияның мәні: дүние заттары мен құбылыс-тарының есте орнығуы мен қайта жаңғыруы бірінен бірі бөлектенген күйде емес, өзара байланысты топталған не тізбектелген (Сеченов) қалыпта жүреді. Осы процеске тәуелді мида есте қалдыру мен қайта жаңгыртудың физиоло-гиялық негізі уақытша жүйке байланыстары түзіледі. Мұндай байланыстар психологияда ассоцияциялар деп аталған. Ассоцияциялардың бірі заттардың уақыт пен кеңістіктегі қатынас бейнесінен, яғни жанасу ассоцияциясы, екін-шісі олардың ұқсастығынан туған бейнеден, яғни ұқсастық ассоцияциясы, үшін-шісі қарама-қарсылыққа негізделген контрастық ассоцияция, төртіншісі себеп -салдарлы қатынастардан туындайтын каузальдық ассоцияция. Бұл бағыттағы теорияны ұсынып, дамытқандар : Аристотель, Юм.Д. Джеймс, Спенсер, И.М.Сеченов, И.П.Павлов.
Естің нейрондық теориясы. Адам миының құпиялары көп жағынан әлі ашылар емес. Ол өте құрылымды. Осы күрделі ақуызды жиынтықтың жаңа ақпарат топ-тап, оны сақтай алу қабілетін қазіргі күндегі психология онда жүріп жататын құрылымдық немесе химиялық өзгерістермен байланыстырып отыр. Бұл теория-ның негізгі мәні мынада: есте қалдыру мидың электрлік белсендік қандай да бір жолмен ағзадағы элекр қуатын арттырады. Бұл үшін қолайлы ес іздерін іске қосатын жүйке тізбегі болуы шарт. Физиология заңдарына орай нейрон жеткізген импульстер аксон (қозуды жеткізуші) арқылы бір жасушадан екінші-сіне беріледі. Аксонның жасушамен тоғысқан жері синапс деп аталады. Синапс негізінен екі түрде қызмет етеді, бірі қоздырушы, екіншісі-тежеуші. Сонымен қысқа мерзімді не ұзақ мерзімді естің екеуі де бірдей қозушы немесе тежелуші жүйке элементтерінің бір-біріне әсерінен туындайды. Айырмасы қысқа мерзімді ес белгілі нейрондардың уақытша электрлік белсенділігінен болады да ұзақ мерзімді ес нейрондардың тұрақты құрылымынан келіп шығады.
Естің биохимиялық теориясы. Нәсілдік негізде жатқан химиялық процестер ашылуымен ғылымда сол процестің есте қалдыруға ықпалы жоқ па деген ой пайда болады. Әр ағза үшін тән болған генетикалық ақпарат ДНК (дезоксири-бонуклейн қышқылы) молекулаларында шоғырланады, ал оны тасымалдау басқа (РНК) нуклейн қышқылының молекуласымен орындалады. ДНК ағзаға тән әр жаңа генетикалық есті өзінде сақтайтындықтан, оның өзі немесе РНК игерілген тәжірибені де бірден-бірге өткізуі мүмкін деген болжам жасалды. Эксперименттер нәтижесінде тэнді құрайтын молекуланың химиялық құрылымы тіршілік иесінің тәжірибе топтауымен өзгеріске келетіні анықталды. Бүл келесі сүрақты туындатты: үйрету барысында өзгерген РНК молекуласы жаңа пайда болған дағды жөніндегі мәліметті өзінде сақтай ма не сақтамай ма? Эксперимент барысы: жануар қажетті әрекетті орындауға үйретілгенді. Оның жүйке жүйесінің бір аймағынан РНК молекуласы бөліп алынды, кейін ол игерілген білікті екінші жануарға өткізу үшін жаңа ағзаға егілді. Үйретілген жануардың РНК молекуласын қабылдаған екінші жануар (жалпақ қүрт) алғашқысының дағдысын қайталап берді.
1.3. Ес түрлері және оның ерекшеліктері
Есте қалдыру және қайта жаңғырту үшін жұмсалатын әрекеттердің сипатын орай естің әр түрлі келесі негізгі үш өлшемге сәйкес болуы шарт:
- әрекеттегі басымдау болған психикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес қозғалысты, сезімдік, бейнесі және сөз-логикалы болып бөлінеді;
- іс-әрекет мақсатына орай ес-ырықты жэне ырықсыз болуы мүмкін;
- дүниелік іс-әрекеттегі рөлі мен орына тәуелді жатталып, сақталу мерзімінің мөлшеріне байланысты қысқа мерзімі, ұзақ мерзімді және нақты қызметтік естер ажыратылады.
Қозғалысты ес әрқилы қимыл-қозғалыстар мен олардың бірлікті жүйесін есте қалдырып, сақтап және қайта жаңғырту. Кейбір адамдарда осы ес түрі басқаларына гөрі басымдау келеді. Ондайлар, мысалы, музикалы шығарманы дауыспен қайталай алмаса да, бимен көрсетуге шебер. Ал екінші біреулердің қозғалысты есі тіпті шабан. Бұл ес түрінің әрқандай еңбектің дағдыларын қалыптастыруда, балалардың жүру, жазу әрекет-терінің қалпына түсуіне және т.б. маңызы өте үлкен. Қозғалысты ес болмағанда, біз қажетті әрекет пен қимылдарымызды әрдайым жаңадан үйреніп баруымызға тура келер еді. Жақсы дамыған қозғалыстар ес адамның әрекет естілігінен, еңбектегі ұқыптылығы мен «бармағынан өнер тамғанынан» көрінеді.
Сезімдік ес. Әдетте, қажеттеріміз бен қызығуларымыздың, қоршаған ортамен қатынасымыздың қаншалықты тиімді не зиянды, ұнамды не жағымсыз орындалып жатқанын көңіл-күйімізбен танытамыз. Осында, көңіл-күй есі адам өмірі мен іс-әрекетінде өте үлкен маңызға ие. Басымыздың өтіп, есімізде сақталған сезімдік әрқашан бізді әрекетке ынталандырады немесе өткендегі жағымсыз әсерлерге тап келтірген оқиғалардан сақтандырады. Сізбен қатынасқан адамның көңілін аулау, оқыған кітабыңыздың кейіпкерімен қосылып, толғанысқа түсуінің осы сезімдік еске негізделген.
Бейнелі ес елестерге, табиғат көріністеріне, сонымен бірге дыбыстар, дәмге негізделген жад іздері. Ол көру, есіту, сипай сезу, иістік жэне дәмдік болып бөлінеді. Егер қору, есіту естері әрбір жете дамыған адамның өмірлік бағыт бағдарына қалыптасатын болса, онда сезімдік, иістік пен дәмдік естер адамның кәсіптік қасиеттеріне жатады. Сәйкес түйсіктер сияқты мұндай ес түрлері ес-әрекет шарттарына орай қарқынды дамып, кейде кемістігі болған ес түрлерінің орнын толықтыруда керемет деңгейлерге көтерілуі мүмкін, мысалы, соқырдың денесімен сезінуі, естігіштігі, ал кереңнің көргіштігі, иіскей, жанаса сезгіштігі т.б.
Ес мазмұнына біздің ой-өрісіміз кіреді. Ой тілсіз өрнектелмейді, сондықтан ой тек мағыналық ғана болмай, сөзді-логикалы болатыны осыдан. Біздің ойымыз эр түрлі тіл формаларымен берілетіндіктен, оны қайта жаңғырту материалдың тек негізгі мазмұнын жеткізумен не сөзбе-сөз қалтықсыз қайталануымен жүзеге асуы мүмкін. Егер кейінгі жағдайда жадқа алатынымыз мағыналық өңдеуге түспейтін болса, онда оның өзгеріссіз жадталуы логикалы емес, механикалық жаттауға айналады.
Сөзді-логикалық, мағыналы есте басты мэн екінші сигналдық жүйеде. Сондықтан да, қарапайым формадағы қозғалыс, бейнелі жэне эмоционалды естер жануарларда да байқалатын болса, мағыналы ес түрі адамға ғана тән қасиет. Сөзді-логикалы ес басқа ес түрлерінің дамуына арқа сүйей отырып, оларға жетекшілік етеді және өз дамуымен олардың жоғары деңгейге көтерілуіне ықпалын тигізеді. Оқу процесіндегі шәкірттің білім игеруі мен топтауы, негізінен, осы мағыналық еске байланысты.
Іс-әрекет мақсатына байланысты ес ырықты, жэне ырықсыз болып бөлінеді. Арнайы есте қалдыру не еске түсіру мақсаты болмаған психикалық процесс-ырықсыз көрініс беріп, ал егер бұл процесс мақсатты бағдарланған болса, ырықты сипатқа ие. Кейінгі жағдайда есте қалдыру мен қайта жанғырту арнайы мнемикалық (жаттау, еске түсіру) әрекеттерге орай жүзеге келеді.
Ырықсыз не ырықты болудан ес дамуының бірізді, кезекпен келетін 2 деңгейі құралады. Адам өмір тәжірибесінің көбі ырықсыз ес жәрдемімен жинақталып, соның арқасында арнайы дайындықсыз -ақ қажетті болған тұрмыстық біліктеріміздің қоры қалыптасады. Бірақ іс-әрекет барысында адамның өз іс-әрекеттерін басшылыққа алу қажеттілігі де туындап қалады. Бұл жағдайда іске ырықты ес қосылады да, осыдан бізге керекті болған материалды алға ниет қылып белгілеумен жаттаймыз немесе еске түсіреміз.
Кейінгі жылдары зерттеушілер назары есте қалдырудың бастапқы кезеңіне сыртқы әсерлер іздері бекігенге дейін өтетін процестерге аударылуда. Қандай да материал есте қалдырылуы үшін, ол субьекті тарапынан тиісті дэрежеде өңделіп игерілуі тиіс. Ал бұл үшін белгілі уақыт аралығы қажет, яғни сырттан түскен әсерлердің басы бірігетін уақыт. Бұл процесс-жаңа ғана болып өткен оқиға енді жоқ болсада, біз оның көріністерін елестетеміз, құлағымыздан шуы кете қоймайды. Мұндай процестер тұрақты болмайды, жойылып та кетеді, бірақ тәжірибе топтастыру механизмдерінің қызметінде үлкен роль ойнағандықтан, ол есте қалдыру, бекіту және қайта жаңғырту үшін қажетті естің ерекше формасы ретінде-қысқа мерзімді ес деп танылған. Бұл ес түрі, жоғары да көрсеткеніміздей, материалды аз уақыт аралығында ғана сақтау мүмкіншілігіне ие.
Нақты қызметтік ес адамның нақты іс-әрекет мезеті мен қажетіне орай қозғалыстар жэне қимылдарды орындауына байланысты іске қосылады. Қандай да бір күрделі әрекетті орындау үшін оны бөлшектеп алуымыз керек, кейін әрекеттің эр бөлігі бойынша нәтижеге келіп, екіншісіне өтеміз. Осы екі арадағы нәтиже сол мезеттегі қажеттігімен есімізде тұрады, ал ақырғы көзделген мақсатқа жақындаған сайын есіміздегі алдыңғы бөлік нәтижелері әрқайсысы өз кезегімен ұмытылып, естен шығып, келесі әрекет бөлігінің ақпаратына орын босатқандай болады. Орындалатын әрекет бөліктерінің көлемі мен аумағы әртүрлі, мысалы, балақай жеке әріпті қинала танудан бастаса, ересек адам, тіпті маман болса, кітап беті мазмұнын тұтастай қабылдауы мүмкін.Қызметтік естің жоғары дәрежеде нәтижелі болуы адамның ниетті жаттығуларына байланысты.
1.4. Ес процестері және есте сақтау заңдылықтары.
Есте қалдыру. Есте қалдырудың бастапқы формасы-ырықсыз, ниеттелмеген мнемикалық әрекет, яғни мақсаты болмаған, арнайы тәсілдерді қолданбай-ақ жадта қалдыру. Бұл болған әсерден ми қабығындағы кейбір қозу іздерінің санада бекіп қалуы. Ми қабығындағы әрқандай процесс соңында бекімі әр деңгейде болған із қалдырады.
Өмірде кездестіргендердің көбі адам есінде ырықсыз орнығады: төңіректегі заттар, құбылыстар мен тұрмыстық оқиғалар, адамдардың қылықтары, әншейін оқыла салған кітап мазмұны т.б. ал енді олардың әрқайсысының жадталуы бірдей емес. Әдетте адам үшін өмірлік маңызды нәрселер, қызығулары мен қажеттіліктеріне орай және іс-әрекет мақсаты, міндетіне байланысты заттар мен оқиғалар жеңіл есте қалады. Тіпті еріксіз есте қалудың өзі де таңдамалы сипатты, адамның төңірекке қатынасының берік не әлсіз болуынан.
Ырықсыз есте қалдырудан адамның алдына мақсат қоюынан болатын ырықты, ниеттелген есті ажырата білу керек. Мұндай есте ақпараттардың санада бекіп қалуы үшін адам арнайы тәсілдер қолданады, күрделі ақыл ой парасатын пайдаланады. Оқу барысында ниетті есте қалдыру көп жағдайда жаттап алу формасында орындалады, яғни оқу материалы толық әрі мүлтіксіз жатталғанша, көп мәрте қайталанады. Жаттап алуды мақсат етіп қою маңызды роль ойнап, ол есте қалдыру үшін болған барша іс-әрекеттің мәнін айқындайды. Осыдан ырықты есте қалдыру ырықсыз ниеттелмеген есте қалдыруға қарағанда анағұрлым өнімді келеді. Өмір барысында біз қабылдайтын заттың көбі алдымызға қойған арнайы мақсаттарға негізделмесе, есте тұрмайды. Сонымен бірге егер алға осы осы міндет қойылып, оны іске асыру үшін қажет болған шаралар орындалып барса есте қалдыру тиімді нэтижеге жетіп, санада берік орнығады. Бұл жағдайда жалпы міндеттер белгіленумен бірге ( тұтастай жаттап алу) жеке, арнайы міндеттердің де болғаны жөн. Мысалы, бір жағдайда негізгі, басты ой — пікірді есте қалдыру мақсаты тұрса, екіншіде сөзбе-сөз жаттап алу, ал үшінші бірде-деректерді тізбектей жаттау ниеті тұрады.
Түсінікті болатын да, есте қалатын да ең алдымен біздің іс- әрекетімізбен тікелей байланыстағы заттар, құбылыстар. Бірақ біздің мақсатты әрекетіміздің мазмұнынан тыс, ырықсыз есте қалдыруға негіз болған әрекетке енбеген нәрселер көбіне ырықты есте қалдырудың болмағанынан ойда қала бермейді. Қалай болғанда да ескерілетін жәйт: біздің жүйелі білімдеріміздің көбі арнайы әрекет-шаралардың нэтижесінде пайда болады, жинақталады. Мұндай ниетті әрекеттің басты мақсаты-қажетті материалды есте сақтап қалу. Есте қалдыру және тұрақтанған материалды қайта жаңғыртуға бағытталған мұндай әрекет мнемикалық әрекет деп аталады. Мнемикалық әрекетте адам өзіне ұсынылған материалдан қажетті бөлігін таңдап, оны есте қалдыру міндетін қояды. Барша жағдайда адам өзіне есте қалдыруға ұсынылған нысанды басқалардан айыра біліп, қосымша әсерлерге берілмей, қайта жаңғырту кезінде сол материал шеңберінен ауытқымауы қажет. Мнемикалық әрекетің таңдамалылығы осында. Материалды жаттап алу, оны есте сақтау жэне жатталғанды еске түсіру мақсатында өткендегі-лерді саналы сараптау-саналы іс-әрекеттің айрықша формасы болып саналады.
Механикалық және мағыналық есте қалдыру. Есте қалдырудың табысты болуы адамның жадында сақтауға қажетті болған материалының мағынасын толық түсіне білуіне тәуелді. Механикалық жаттауда сөздер, заттар, оқиғалар мен әрекеттер қабылдау негізіндегі ретімен, қандай да бір өзгеріссіз, сол қалпында есте орнығады. Мұндай есте қалдыру барысында адам жатталуға тиіс нәрселердің кеңістік пен уақыт ішіндегі өзара жақындығына сүйенеді. Ал мағыналы есте қалдыруға келетін болсақ, ол материал бөлшектері арасындағы көзден таса, ішкі логикалық байланыстарына негізделеді, яғни мұндай естің астарында екінші сигналды жүйенің жалпыланған байланыстары жатады. Осыдан, мағыналы есте қалдыру оның механикалық түрінен әлде қайда тиімді келеді. Механикалық жаттау тиімдігі шамалы, көп еңбектеніп, сан мәрте қайталауды керек етеді; мұндай жолмен жатталғандар қажетті кезінде еске түсе бермейтіні де бар. Ал мағыналы жаттау адамды шектен тыс еңбектерден азат етіп, үлкен де нық нәтижелерге кенелуіне жол ашады.
Түсінімді және берік есте қалдырудың шартары. Материалды түсініп, ұғу үшін әртүрлі әдістерді қолдануға болады. Игерілетін материалдың өзекті ой топтары бөліп алынып, жоспар түрінде өрнектеледі. Жоспардың әрбір атамасы-мәтінінің белгілі бөлігінің жалпыланған тақырыбына айналады. Бір бөлшектен екіншісіне өте отырып, материалдың негізгі мағыналарының логикалық бірізді тізбегі құрылады. Мәтінді қайта жаңғырту кезінде қажетті материал жоспар тақырыбы төңірегіне шоғырланып, оны еске түсіру жеңілдейді. Жоспар түзіп жаттауға дағдыланған оқушылардың білімі жоспарсыз есте қалдыруға тырысқан шәкірттердің білімінен анағұрлым артық та берік болатыны сөзсіз.
Материалда ұғудың пайдалы әдісі—салыстыру, яғни заттар, құбылыстар мен оқиғалар арасындағы бір-біріне ұқсастық пен ерекшелікті тани білу. Мұғалім көп жағдайда балаларға жаңа танымды түсіндіруде оны өткендегілермен салыстырып отырады, осылайша ол жаңа материалды оқушыларда қалыптасқан білім жүйесіне ендіріп барады.
Материалдың түсінімді болуы оның нақтылығында. Бұл үшін жалпы ережелер мен анықтамаларды нақты, күнделікті өмірде кездесетін есептер мен мәселелерді шешу, байқаулар мен дәрісханалық жұмыстар арқылы түсіндіріп бару қажет.
Есте берік қалдырудың жолы-қайталап тұру. Бұл білім, ептілік, дағдыларды игерудің өте маңызды шарты. Бірақ мұндай іс-әрекет өнімді болуы үшін қайталау жұмыстары белгілі талаптарға сай орындалуы тиіс: қайталау белсенді және әртүрлі болуы лазым (мысалдар келтіру, сұрақтарға жауап беру, схема сызу,таблица түзу, көрнекі құрал жасау т.б.). белсенді қайталау барысында екінші сигналдық жүйе жанданып, материалды ұғына түсінуге нәр береді.
Қайталанудың әртүрлі формада іске асуы, игерілетін материалдың өмірмен, күнделікті тұрмыстық тәжірибемен ұштасып баруы есте қалдырудың толыққандылығын қамтамасыз етеді. Енжар қайталаудан пайда шамалы. Қайталау уақытын реттестіріп барған жөн. Уақытқа байланысты қайталау екі әдіспен орындалады жинақты және бөлшектенген.
Бірінші әдісте материал бір отырыста жатталады да, оның қайталануы үздіксіз, бірнеше рет орындалады. Мысалы, оқушының өлеңді жаттап алуы үшін 12 қайталау қажет болса, ол сол мәтінді 12 рет оқып, толық есте қалдырмағанша, жұмысын үзбейді. Ал бөлшектенген қайталауда мәтінің әр оқылу арасы бірқанша уақытпен ажыратылады. Бөлшектенген қайталау жинақты қайталаудан тиімділеу. Уақыт пен қуат үнемделеді, білім игерілуі мен жадта қалуы берік болады. Сондықтан да тәжірибелі мұғалімдер оқу материалын бүкіл жыл бойы қайталап баруға тырысады, бірақ жиі қайталаулардан балалар жалықпасы үшін олардың түрін, формасын әдістерін алмастырып отырады, өткен материалды жаңа байланыстарға қосып тұрады.
Есте сақтау. Бала есіне қалдырғанды біршама уақыт аралығында есте сақтап тұру қабілетіне ие. Есте сақтау ес процесінің құрылымдық бөлігі ретінде өз заңдылықтарына бағынады. Есте сақтау динамикалық және статистикалық түрде көрінуі мүмкін. Динамикалық есте сақтау мезетті қызметі есте орын иеленіп, ал статистикалық — ұзақ мерзімді есте әрекетке келеді. Динамикалық есте сақтауда жатталған материял өзгеріске түсе бермейді, ал тұрақты есте, керісінше, қайта құрылып, өңделеді.
Ұзақ мерзімді есте сақталатын материал сырттан үздіксіз келіп жатқан жаңа ақпараттардың әсерінен ұдайы қайта жасалып жатады. Мұндай процесте естің жаңалануы әртүрлі формада өтуі мүмкін: есте сақталған материялдың кейбір бөліктері жойылады, бірінің орнына екіншісі келеді, материялдың орналасу кезегі өзгеріске түсіп, қажет бір жалпылыққа келтіріледі. Бұның барлығы қайта жаңғырту кезінде байқалады. Ақпараттың сақталғаны және оның өзгеріске түскенін естің келесі екі процесінде анықтау мүмкін, бұлартану мен қайта жаңғырту.
Тану және қайта жаңғырту қандай да нысанды тану сол объекті қабылдау кезінде көрінеді, яғни объектің қабылдануы адамда бұрыннан қалыптасқан ес немесе қиял елестерді негізінде іске асырылады.
Затты не құбылысты тани отырып, біз оны белгілі бір категориялар тобына жатқызамыз. Тану өзінің дәлдігі және толықтығына орай әртүрлі дәрежеде болуы мүмкін. Танудың ең төменгі дәрежесі адамның алдындағы затты дэл біле алмай, тек шырамытуынан білінеді. Ал аса жоғары тану дәрежесі адамда қабылданатын зат бойынша ешқандай күмәні болмаған жағдайда байқалады; толық тануда субъекті қабылданып жатқан нәрсені қалтқысыз белгілі топқа жатқызып, онымен қандай жағдайда кез болғанын айтып бере алады немесе оны танитыны жөнінде қосымша айғақтар келтіреді. Қайта жаңғыртудың танудан өзгешелігі ол танудан соң іске асады немесе тіпті тікелей танусыз-ақ, одан тыс жүзеге келуі мүмкін. Содан да бұрынғыны қайта жаңғырту процесі танудан гөрі күрделірек келеді. Мысалы, оқушы мәтінді қайта оқи отырып оңай таниды, ал кітап жабық болып, мәтінді тікелей көрмесе, ол, әлбетте, біраз қиналады.
Қайта жаңғырту материал бөліктерін өз кезегімен еске түсіру арқылы жүргізіледі, бұл жағдайда іске белсенді еріктік әрекет қосылады.
Материалды еске түсіруде жоспарлы берілген сұрақтардың көмегі үлкен. Сұрақтар баланы негізгі мақсатқа жетелеп, материал мәтінді арасындағы уақытша байланыстарды қоздырып отырады. Кейде сұрақтар орынсыз қойылып, екі ұшты болса, баланың материалды еске түсіруіне кедергілік етеді. Бұл мұғалімнің есінде әрдайым сақталғаны жөн. Қайта жаңғырту ырықты және ырықсыз орындалуы мүмкін. Еске түсіру-бұл әрқашан ырықты, ниеттелген әрекет: адам алдына күні бұрын еске түсіруді мақсат етіп қойады, ол үшін ой толғанысына батып, ерік күшін қосады. Ал ырықсыз жаңғырту өздігінен жүріп жататын процесс, оның негізінде дүние заттарының уақыт пен кеңістікте болған ұқсастық, сыбайластық немесе қарама-қарсылық байланыстары жатады.
Қайта жаңғырту тікелей немесе жанама болып бөлінеді. Тікелей қайта жаңғыртуда аралық байланыстарды еске түсірудің қажеті болмайды (мысалы, көбейту кестесін жатқа айтып беру). Жанама қайта жаңғыртуды адам байланыстырушы аралық тетіктерді пайдаланады, олардың ішіне жаңғыртылуы тиіс материалға қатысы бар тірек сөздер, бейнелер сезімдер мен эрекеттер кіреді.
ІІ. Тарау. Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты ес процестерінің
дамуын зерттеу.
2.1.Сәбилік және ерте балалық шақтағы ес
процестерінің дамуы.
Жаңа туған бала (туған сәттен бір-екі айға дейін). Бала көптеген жануарлардың төліне қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мінез-құлық формаларының қоры, сыртқы ортаға бейімделулері біршама шағын мөлшерде болады. Олар түрлі физиологиялық функциялардың өтуін реттеуші: сору рефлексі, қорғану және бағдарлау рефлекстері, сондай-ақ бірқатар арнайы қозғалыс рефлекстері, жармасу және сүйену рефлекстері, аттап басу рефлекстері және т. б. жатады. Олардың бәрі баланың есте сақтау, сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жүйке және ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттеліп отырады. Сыртқы,әсерлердің көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген қимылдарымен жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып болмаған: нерв клеткаларының тармақтануы жок, дерлік, өткізгіш жолдар сақтағыш миелин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жайылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына жеткізеді. Туа біткен мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігін емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудін, мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады. Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты — анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе (тиісті мөлшердегі сырт әсерлердің болмауы), оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) кимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. Алғашкы екі айда барлық анализаторлардан шартты рефлекстер жасалады.
Бағдарлау рефлексінің дамуы көру мен есту қабілетінін жинақталуынан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.
Пайда болған психикалық белсенділік ырықсыз қимыл белсенділігін баса білуден көрінеді. Екі-үш айға қарай балада үлкендерге көңіл аударудың ерекше түрлері көріне бастайды. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүниемен жанасудың қажетті дәнекершісі кажеттерін қанағаттандырудың қайнар көзі ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамнын көрінуіне байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл реакциясы қалыптасады. Жадырау комплексі кол мен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын болады. Жадырау комплексінің пайда болуы жана туған кезеннің соңы, нәрестелік кезеңнің басы деп есептелінеді.
2.2. Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың ес процесінің дамуындағы іс — әрекеттің ықпалын психологиялық тесттер арқылы алмастыру.
Баланын ес процесінің дамуын зерттеу.
Мектепке баратын баланың ақыл-ойының оралымдылығын, логикалық ойлауының көрініс бергенін, математикалық ұғымдардан хабардарлығын, кеңістікті бағдарлауын, зейіні, қабылдау, есте сақтау процесін анықтау үшін қолданылатын тестер алуан түрде жасалған. Оларды орындату барысында баланың таным про-цестерін бағалаумен қатар сол зерттелінген қасиеттер дамытылады. Сондықтан, тапсырманы орындауға қиналған балаларға ең бірінші оның фрагменттерін орындату арқылы, біртіндеп, қажетті дағдыны қалыптастырып алу керек. Бала жаттығуды орындауға икемделгеннен соң оны басынан аяғына дейін толық орындатуға болады.
Нәтижені бағалау.
Баланың салған суретін бағалау балл бойынша мынадай критери-лер арқылы жүзеге асады:
10 балл — Бала берліген уақыт аралығында ереше бір нәрсені ойлап тауып соны салды, ол ұшы — қиыры жоқ фантазияның, қиялға байлылықтың белгісі. Сурет көріп тұрғанда ерекше әсер қалдырады өйткені оның бейнелері мен детальдары өте ұқыпты өңделген.
8-9 балл — Бала фантазиясы арқылы дәрежеде эмоцияльды және шеберлікпен салған, бірақ кескіні жаңаша формада емес. Сурет детальдары жақсы өңделген.
5-7 балл — Бала суретте аздап қана өзіндік фантазия элементтерін қосып салды. Бұл көрермендерде анық эмоциянальды әсер қалдырады. Суреттің детальдары орташа өңделген.
3-4 балл — Бала өте қарапайым ерекшеленбейтін, фантазия нашар көрсетілгне сурет салды және детальдары онша жақсы өңделмеген.
0-2 балл — Берілген уақыт ішінде бала ештеңені ойлап таппады және жеке- жеке сызықтар мен штрихтар сызды.
Дамудың деңгейі туралы қорытынды.
10 балл — Өте жоғары.
8-9 балл — жоғары.
5-7 балл — орташа.
3-4 балл — төмен.
0-1 балл — өте төмен.
«Есте сақта және нүктелерді қой».
Бұл әдістеменің көмегімен баланың зейін көлемі бағаланады. Ол үшін стамулды материал, 10 с материал қолданылады. Нүктелері бар парақтар алдын ала 8 кішкентай төртбұрышқа бөлінеді. 2 нүктесі барлар жоғары жаққа, ал төменге 9 нүктесі барлар орналасады. Эксперимент басталмас бұрын балаға мынадай нұсқау беріледі.
«Біз екеуміз қазір зейінге байланысты ойын ойнамыз. Мен саған нүктелері бар карточкаларды кезекте — кезек көрсетемін, ал сен осы нүктелерді бос, карточкаларға орын орнына қойып шығасың алдыңғыға қарап»
Кейіннен болмаса 1-2 сек 8 карточкалар көрсетіледі және 15 сек ішінде көрген нүктелерге бос карточкаларға қойып шығу тиіс. Бұл уақыт балаға көрген нүктелері қайда орналасқанын еске түсіріп, қойып шығуы үшін беріледі.
- Балл — Бұл белгілердің нашар болуы.
- Балл — Белгілерге сай ойынның нақтылығы.
Баланың ойлап тапқан ойыны критерийлер белгілермен 0 ден 10 баллға дейін бағалауға болады. Жалпы алынған баллдар саны негізінде фантазияның даму деңгейі туралы қорытынды жасалады.
Даму деңгейі туралы қорытынды.
10 балл — өте жоғары.
8-9 балл -жоғары.
6-7 балл — орташа.
4-5 балл — төмен.
0-3 балл — өте төмен.
Есті диагностикалау әдістері.
Адам есі көп сапалы. Оның барлық түрлері мен ерекшеліктерін бір уақытта бағалау қиын, егер тек қана еске диагностика жасалынбай адамның бұдан басқа психологиялық ерекешеліктері диагностикаланатын болса, осыған байланысты практикалық психодиагностикада естің аз бөлігімен шектелуге тура келеді. Олардың ішінде тану қайта жаңғырту есте сақтау соның ішінде қысқа мерзімдік көру және есту есі, сонымен қатар есту процесінің динамикасы бар.
» Суреттерді есте сақта» әдістемесі.
Бала суретті тоғыз фигураны есте сақтап (13 а сурет) Сонан соң оларды (136 суретінен) табады. Ол суретте жоғарыдағы көрсетілген әр фигурадан басқа және 6 фигура бар. Бала суреттен тек жоғарыдағы айтылған 9 фигураны табу қажет.
Зерттеудің нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеу:
- Егер бала 13 б суретінен 13 а — да көрсетілген 9 фигураны түгелдей 45 секундта аз уақыт жұмсаса 10 балл.
- Бала 13 б суреттен 7 -8 кескінді көрсе, 45-55 сек.аралығында 8-9 балл.
- бала 5-6 кескінді тануға 65-75 сек уақыт жұмсаса, 6-7 балл.
- Бала 3-4 кескінді тануға 65-75 сек жұмсаса, онда 4-5 балл.
- Егер бала 1-2 кескінді тануға 75-85 сек жұмсаса, 2-3 балл.
- Егер бала бірде бір кескінді таппаса, 90 сек аралығында 0-2 балл.
2.3.Бастауыш мектеп кезіндегі баланың ес
процесінің дамуы.
Мектепке келген жеті жасар бала көбінесе сырттай ашық және эмоциялы оқиғаларды, суреттеулерді, әңгімелерді дәл есте сақтайды. Бірақ мектеп өмірі бастан-ақ балалардан материалды еркін есте сақтауды талап етеді. Оқушылар күн режимін, мінез-құлық ережелерін, үй тапсырмаларын арнайы есте сақтауы тиіс, ал одан кейін оларды өзінің мінез-құлқына басшылыққа ала білуі немесе оларды сабақта еске тұсіре білуі керек. Балалар ең мнемикалық міндеттерді ажырата алатын балады. Олардың біреуі материалды дәлме-дәл есте сақтауды, екіншісі оны тек өз сөзімен айтып шығуды қарастырады және т. б. Бастауыш класс оқушыларының есте сақтауының табыстылығы олардың мнемикалық міндеттердің сипатын тусінуіне, есте сақтау мен еске түсірудің тиісті әдіс-тәсілдерін меңгеруіне байланысты. Алғашында балалар ең қарапайым тәсілдерді қолданады — материалды мағыналық бірліктері бойынша сәйкес келмейтін бөлшектерге бөлу кезінде оны, әдетте, бірнеше рет кайталау. Есте сақтау нәтижесін баланың өзінің тексеруі тану деңгейінде ғана болады. Мысалы, бірінші класс оқушысы тексті бір қарайды да таныс сияқты болып көрінгесін жаттап алдым деп ойлайды. Аздаған ғана балалар есте еркін сақтаудың тиімді әдістерін қолданады, Қөпшілігі мектепте және үйде арнайы әрі ұзақ үйретуді керек етеді. Мұндай жұмыстың бір бағыты балалардың мағыналық жағынан есте сақтау әдістерін қалыптастырумен (материалды-мағыналық бірліктерге бөлу, мағыналық топтау, мағыналық салыстыру), екіншісі — уақытпен белгіленген еске тусіру тәсілдерін, есте сақтау нәтижелерін өзіндік тексеру тәсілдерін қалыптастырумен байланысты. Материалды мағыналық бірліктерге бөлу әдісі жоспар жасауға негізделген. Ол балалар қандай да бір картинаның немесе естіген әңгіменің мазмұнын ауызша формада айтып беретін (әсіресе түсінігі бойынша) мектеп сабақтарында оқылады. Балаларға бөлінген мағыналық бірліктердің салыстырмалылығын бірден көрсөткен жөн. Олар бір жағдайда ірі, екіншісінде майда болуы мүмкін. Қандайда картинаның мазмұны туралы хабарлап әңгімелеу, ал одан соң еске түсіріп, әңгімелеп айтылу мақсатына қарай әр түрлі бірліктерге сүйене отырып жүзеге асырылатын болады.
Қең не тар жоспар жасау жөніндегі жұмыс балалар оқи және жаза алатын I кластың екінші жарты жылдығында үлкен орын алады. II—III кластарда бұл жұмыстар математикалықт және грамматикалық текстердің келемі жөнінен мол материалмен жалғастырылады (мысалы, үшінші класс оқушылары текстері шарттардың күрделі жуйесіне негізделген математикалык есептер шығарудың кең жоспарларын жасайды). Енді оқушылардан тек қана мағыналық бірліктерді бөліп көрсету емес, материалдарды қисынды етіп топтау — оның негізгі бөліктерін бірлестіру және матастыру, пайымдаулар мен қорытындыларды жікке бөлу, қандай да бір жекелеген мәліметтерден таблица құрастыру және т. б. талап етіледі. Мұндай топтастыру текстің бір элементінен екіншісіне еркін өтумен және оларды салыстыра білумен байланысты. Топтастыру нәтижелерін жазбаша жоспар түрінде белгілеп отырған дұрыс, ол материалды ұғынудың келесі кезеңдеріне материалдық негіз болғаны сияқты, олардың бөліктерін матастыру ерекшеліктеріне де негіз болады. Алғашында жазба-ша жоспарға, ал одан кейін ол туралы түсініктеріне сүйене оты-рып, оқушылар әр түрлі текстердің мазмұнын дұрыс еске түсіре алады.
Арнайы жұмыс жүргізу кіші мектеп оқушыларының еске түсіру әдістерін үйренуі үшін де қажет. Бәрінен бұрын мұғалім материалдың жекелеген мағыналық бірліктерін олар тұтас игергенше естіртіп немесе ойша қайталап еске түсірудің мүмкіндіктерін көрсетеді. Үлкен немесе күрделі текстердің жекелеген бөліктерін еске тусіру уақыт бойынша белгіленуі мүмкін (тексті түсіндірген сон дереу немесе белгілі бір уақыт аралығынан соң қайталау). Осы жұмыс процесінде мұғалім балаларға жоспарды пайдаланудың дұрыстығын материалды еске тусіру кезінде бағыт-бағдар алуға мүмкіндік беретін ерекше компас ретінде көрсетеді. Материалды мағыналық жағынан топтау, оның жекелеген бөлімдерін салыстыру, жоспар құру кіші мектеп окушыларында алғашында еркін еске түсіру тәсілдері ретінде калыптасады. Бірақ балалар оларды жетік меңгергеннен кейін бұл тәсілдердің психологиялық ролі айтарлықтай өзгереді: олар дамыған еріксіз есте сақтаудың негізі болады, бастауыш оқытудың соңында да, одан кейінгі жылдарда да білімді меңгеру процесінде күрделі функциялар атқарады.
Еріксіз және ерікті есте сақтаудың арақатынасы оқу іс-әрекеті ішіндегі даму процесінде түрліше. I класта еріксіз есте сақтау тиімділігі еркін есте сақтауға қарағанда жоғары болады, өйткені балалардың материалды түсініп талдауымен өзін-өзі бақылауының ерекше тәсілдері әлі қалыптаспаған. Оның үстіне есептердің көпшілігін шешу үстінде оқушылар өздеріне әзірше дағдылы және оңай емес, кеңінен ойлау қызметін орындайды. Сондықтан білімнің әрбір элементі ерекше ұқыптылықпен ойластырылады (бөлшек сан арқылы есептеуге көшудің басында іс-әрекеттің әрбір кезеңі қандай ықыласпен және мұқияттылықпен жүргізілетіні белгілі). Психологияда мынадай заңдылық қалыптасқан: ойлау жұмысының заты мен мақсат болып табылатын заттар есте жақсы сақталады. Мұндай жағдайда барлық басымдылық еріксіз есте сақтау жағында болатыны айқын.
Түсініп есте сақтау және өзіне-өзі тексеру тәсілдерінің қалыптасуына қарай екінші және үшінші класс оқушыларының ерікті есте сақтауы, еріксіз есте сақтауға қарағанда, көп жағдайда жемісті болады (оның үстіне математикалық және грамматикалық амалдарды орындаудың көптеген тәсілдері бүл уақытта балаларға үйреншікті және дағдылы бола бастайды). Бұл басымдылық бұдан әрі қарай да сақталу керек сияқты. Алайда ес процестерінің өзінің психологиялық сапалық жана құрылымдары жасалады. Оқушылар материалды логикалық қорытудың жақсы қалыптасқан тәсілдерін олардың елеулі байланыстары мен қатынастарына ену үшін, олардың қасиеттерін кеңінен талдау яғни есте сақтау үшін, екінші орынға шегінетін осындай мазмұнды қызмет үшін қолдана бастайды. Бірақ сонда да бұл кезде еріксіз есте сақтаудың нәтижелері биік тұрады, өйткені материалдың негізгі бөлшектерін талдау, топтастыру және салыстыру процестерінде оқушылар іс-әрекетінің тікелей заттары болды. Бастауыш окытуда логикалық әдістерге сүйенетін еріксіз есте сақтаудың мүмкіндіктері жан-жақты пайдаланылуы тиіс. Оқыту процесінде есте сақтауды жетілдіретін негізгі резервтің бірі осында. Есте сақтаудың екі формасы да ерікті және еріксіз — кіші мектеп шағында сапалық өзгерістерге ұшырайды, соның арқасында олардың тығыз байланысы мен бір-біріне етене ұштасуы орнығады. Есте сақтау формаларының әрқайсысын балалар тиісті жағдайларда қолданғаны жөн (мысалы, қандай да бір тексті жатқа оқығанда көбінесе ерікті есте сақтау пайдаланылады). Ерікті есте сақтау ғана оқу материалын толық игеруге жеткізеді деп ойламау керек. Мұндай игеру егер бұл материалды логикалық ұғыну құралдарына сүйенсе, еріксіз есте сақтаудың көмегімен де болуы мүмкін. Оқу материалын логикалық қорыту өте жылдам жүруі мүмкін де сырт көзге кейде бала мәліметтерді сорғыш сияқты сорып жатқандай болып көрінеді. Шын мәнінде бұл процесс көптеген іс-әрекеттерден тұрады. Оларды орындау үшін ерекше оқып үйрену керек, онысыз оқушылар арнайы талдауды, топтастыруды және салыстыруды талап ететін нәрселерді тікелей есте сақтауға тырысқанда олардың есі қаруланбаған, шашыраңқы, яғни «нашар ес» болып шығады. Оқу текстеріне сай келетін жұмыс істеу тәсілдерінің қалыптасуы «жақсы есті» тәрбиелеудің мейлінше тиімді жолы болып көрінеді. І-ден III класқа қарай оқушылардың көрнекі мәліметтерді есте сақтау тиімділігіне қарағанда сөзбен айту мәліметтерін есте сақтауының тиімділігі тезірек өседі, бұл балаларда түсініп есте сақтау әдістерінің тез қалыптасуымен түсіндіріледі. Бұл тәсілдер негізінен сөз құрылымы көмегімен бекітілетін елеулі қатынастарды талдаумен байланысты. Сонымен қатар оқыту процестері үшін көрнекі үлгілерді есте ұстау маңызды. Сондықтан ерікті және еріксіз есте сақтау әдістерін оқу материалының екі түріне — сөз жүзіндегі және көрнекі — лайық қалыптастыру керек.
Қорытынды.
Қорыта айтқанда, баланың ес процесі және жеке адамның сенсорлық құрылымы, яғни біздің әрбір толғанысымыз, әсерленуіміз бен әрекет қылығымыз санамызда біршама уақыт (ұзақ-қысқа) сақталып, қажетті жағдайларда қайта жаңғыртуға келетін іздер салатыны баршаға мәлім. Осыдан, өткен тәжірибемізден қалған іздерді жадымызда қалдырып, сақтап, кейін бұрын білгендерімізді жойып алмастан, оларды қайта танып, жаңғыртумен ақпарат топтауымыз ес деп аталуы, сонымен ес бір-бірімен ұштасқан дара бөлектерден құралған күрделі психикалық процесс екендігі, ес балаға өте қажет жан құбылысы екендігі, оның арқасында субьекті жеке басының өмірлік тәжірибесін жинақтап, сақтап, соңғы пайдасына жаратады
Баладағы ес процестері және есте сақтау заңдылықтарын анықтауда жантану ғылымы, осыдан, өз алдына келесі мәселелерді шешу міндетін белгілейді: санадағы өткен тәжірибе іздері қаншама уақыт сақталуы мүмкін екендігі, есте қалдырудың ұзақ немесе қысқа болуы неліктен болатыны, ес іздері қандай өзгерістерге түсуі мүмкіндігі, естің адам танымына ықпалы қандай болу керектігі, өткен ғасырдың 80-жылдары неміс психологі Г.Эббингауз ойлаумен байланысты болмаған таза ес заңдылықтарын ашуы: мағынасыз әріп буындарын жаттай отырып, материалды есте қалдырудың негізгі шектерін белгілеуі, ал психиатр Э. Крепелина аталған тәсілді психикалық ауытқуы бар сырқаттардың есте қалдыру (жаттау) әрекетін тексеру үшін қолдануы, бала есінің бекуі және қайта жаңғыруымен байланысты негізгі заңдар Г:Э: Мюллер еңбектерінде жария етіледі.
Мектепке келген жеті жасар бала көбінесе сырттай ашық және эмоциялы оқиғаларды, суреттеулерді, әңгімелерді дәл есте сақтайды. Бірақ мектеп өмірі бастан-ақ балалардан материалды еркін есте сақтауды талап етеді. Оқушылар күн режимін, мінез-құлық ережелерін, үй тапсырмаларын арнайы есте сақтауы тиіс, ал одан кейін оларды өзінің мінез-құлқына басшылыққа ала білуі немесе оларды сабақта еске тұсіре білуі керек. Балалар ең мнемикалық міндеттерді ажырата алатын балады. Олардың біреуі материалды дәлме-дәл есте сақтауды, екіншісі оны тек өз сөзімен айтып шығуды қарастырады және т. б. Бастауыш класс оқушыларының есте сақтауының табыстылығы олардың мнемикалық міндеттердің сипатын тусінуіне, есте сақтау мен еске түсірудің тиісті әдіс-тәсілдерін меңгеруіне байланысты. Алғашында балалар ең қарапайым тәсілдерді қолданады — материалды мағыналық бірліктері бойынша сәйкес келмейтін бөлшектерге бөлу кезінде оны, әдетте, бірнеше рет кайталау. Есте сақтау нәтижесін баланың өзінің тексеруі тану деңгейінде ғана болады. Мысалы, бірінші класс оқушысы тексті бір қарайды да таныс сияқты болып көрінгесін жаттап алдым деп ойлайды. Аздаған ғана балалар есте еркін сақтаудың тиімді әдістерін қолданады, Қөпшілігі мектепте және үйде арнайы әрі ұзақ үйретуді керек етеді. Мұндай жұмыстың бір бағыты балалардың мағыналық жағынан есте сақтау әдістерін қалыптастырумен (материалды-мағыналық бірліктерге бөлу, мағыналық топтау, мағыналық салыстыру), екіншісі — уақытпен белгіленген еске тусіру тәсілдерін, есте сақтау нәтижелерін өзіндік тексеру тәсілдерін қалыптастырумен байланысты болып келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Алдамұратов Ә.Қызықты психология. А, «Қазақ университеті», 1992 ж
- Алдамұратов Ә., М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалык сабақтар. Бірінші бөлім. А, 1978; Екінші бөлім.1979 ж
- Әбдірахманов А., Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша-қазақша
сөздік. Алматы, «Мектеп», 1976 ж - Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы, 2002 жыл.
- Мухина В.З. «Детская психология» М. 1976г.
- Мұқанов М. Жан жүйесінің сыры. ҚМБ. Алматы, 1964.
- Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. Алматы, «Қазақстан» баспасы.1980.
- Люблинская «Детская психология» М. 1996г.
- Линден Ю. «Обезьяны, человек и язык» Москва 1981год.
- Обухова «Этап развития» детского мышленения» М.1992г.
- Психология. Адамзат ақыл – ойының қазынасы ІУ. том А, 2005ж.
- Петровский А.В. «Педагогикалық және жас ерекшеліктер психологиясы» Алматы, 1987ж.
- Сәбет Балтаұлы Бап – Баба «Жантану негіздері» Алматы, 2001жыл.
- Эльхонин «Детская психология» М.1979г.