Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты сөйлеу әрекеттерінің дамуын зерттеу

0
62

Тақырыбы: Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты сөйлеу әрекеттерінің дамуын зерттеу

Мазмұны:

Кіріспе…………………………………………………………………………….2-3

І. Тарау.  Баладағы сөз және сөйлеу әрекетінің  құрылымы.

1.1.Сөз және сөйлеу туралы жалпы ұғым……………………………………………..4-5

1.2 . Сөйлеудің физиологиялық негіздері…………………………………………..6-8

1.3. Сөйлеудің түрлері және баланың сөйлеу қасиеттері………………….9-12

ІІ. Тарау.  Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты

сөйлеу әрекеттерінің   дамуын зерттеу.

2.1.Сәбилік және ерте балалық шақтағы  сөйлеу әрекетінің  дамуы…………………………………………………………………………………….13-17

2.2. Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың  сөйлеу әрекетінің   дамуындағы  сөздің және іс – әрекеттің  ықпалыналмастыру…………18-20

2.3. Бастауыш мектеп кезіндегі балалардың  сөйлеу

қабілетінің дамып жетілуі………………………………………………………………21-28

2.4. «10 сөзді жаттау» әдістемесі арқылы баланың сөйлеу

әрекетін дамыту………………………………………………………………………………………29

Қорытынды……………………………………………………………………………………….31

Пайдаланған әдебиеттер тізімі………………………………………………………32

 Кіріспе

Зертеудің мақсаты: Баладағы сөз және сөйлеу әрекетінің  құрылымы, адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлесуі, ой алмасуы, бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін   пайдалануы, адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалуы, осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болуы, сөйлеу адам санасының басты белгісі екендігі, ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты, сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет екендігі, сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.

Зерттеудің міндеті:  Баладағы сөз және тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөль атқарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Ескі қазақ жқртының ғұлама ғалымы Жүсіп Баласағұн «Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз» деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ықпалымен, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бұл екеуінің дамуы бір-бірімен шарттас. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл, сондай-ақ, адам сана-сезімінің, оның психологиясының көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл-әрекетке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызметі екендігі осы жұмыстың міндеті болып табылады.

       Зерттеудің әдістері: Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты

сөйлеу әрекеттерінің   дамуын зерттеуде әңгіме әдісі, тест әдісі, анкета әдістерін қолдану.

      Теориялық маңыздылығы: Мектепке дейінгі кезеңде бала тілінің қалыптасуына ересек адамдардың сөзінің әсері өте күшті екеендігі түсінікті. Бала оларға үнемі еліктеп, өз бетімен сөз шығаруға талпына бастайды, ол басқа балалардың тіпті үлкендердің сөзінде байқалған қателіктерді көргіш келеді, яғни баланың тіл сезімі күшті болады.

      Практикалық маңызы: Үлкендермен сөйлесу балаларды сөздігін көбейтеді және айтылған сөздердің көлемін кеңейту, баланың практикалық іс-әрекетіне байланысты оның үлкендермен сөйлесуі көмек сұрауы, өзінің өтінішін білдіреді. Үлкендердің сұрағына жауап берген бала өзі қайта сұрай бастайды. Өзінің әрбі сұрағына жауап алғанда бір заттың белгіленген сөзін алады. Практикада балалар әр заттың өзінің ойы бар екенін біледі. 1-жас сегіз ай , 2-жас баланың сөзідгі кеңейеді.

І. Тарау.  Баладағы сөз және сөйлеу әрекетінің  құрылымы.

1.1.Сөз және сөйлеу туралы жалпы ұғым

Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу — пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің өзінде сөйлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу процесі арқылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақталған қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады. Ойдың тілі сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз (М. Жұмабаев).

Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай түрып, оны ұғынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен ұғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау сөйлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу немесе келіспеушілік білдіреді.

Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі — сөйлеудің мазмұндылығы, екіншісі оның мәнерлігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмұн болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Сөздің мазмұндылығы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы. Ойы саяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.

Сөздің мәнерлігі дегеніміз — баланың сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Халық жақсы сөйлейтін адамдарды «сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Мәнерлі сөйлей білудің мұғалімдік мамандық үшін маңызы зор. А. С. Макаренко бұл жөнінде: «Балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек»,— дейді.

Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бүлшық еттері т. б.) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді.

Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. Бұл, біріншіден, сөйлеу органдарындағы қозғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыстарды нәзік талдаудан; екіншіден, сөздік сигналдардың бөлшектенген элементтерін байланыстырудан көрінеді. Физиологиялық тұрғыдан сөздің мәнін И. П. Павлов былай түсіндіреді: «Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз шындықтың бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сөйлеу органдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер, екінші сигналдар — сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан дерексіздену болып табылады да, жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бүл соңғы бізге ғана тән ең жоғары ойлауды құрайды».

1.2 . Сөйлеудің физиологиялық негіздері

Француз ғалымы Брока «адамдардың ми сыңарларының сол жақ бөлігінде (маңдай қыртысының төменгі жағында) адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып тұратын жүйке орталығы бар, ал сөзді  қабылдау көптеген анализаторлардың (көру, есту, қозғалыс т. б.) бірлескен, қызметін қажет етеді» дейді. Неміс ғалымы Вернике басқа біреудің сөзін есіту мидың сол жақ сыңарындағы самай бөлігінің арт жағына орналасқан жүйке орталығының қызметіне байланыстылығын айтады.

Сөзді қабылдау, оның мәнісіне түсінуде мидың есту, көру, сипау, сипай-сезу, қозғалыс зоналарының бірлескен қызметін реттестіріп отыратын сол жақ ми сыңарының төбе, самай, желке бөліктерінің қызметі де ерекше. Сөйлеу қабілеті мидың анатомиялық функциясына байланысты болып келетіндігін мына мысалдан жақсы көруге болады. Егер оның сол жақ бөлегі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға душар болады. Мұндай құбылысты ғылымда афазия деп атайды. Мұның үш түрі бар. Бірінде сөйлеу органдары толық сақталғанмен, қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі, дыбыс, үн шығару қиынға соғады. Афазияның екінші түрінде адам өзі сөйлей алғанмен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мидың бір жеріне қан құйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттанып қабынуы, ісу т. б. афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар.

Мұның емін логопед-дәрігерлер жасап отырады.

Сөздік сигналдары дұрыс анализдей алу адам психикасы дамуының түрлі кезеңдерінде түрліше көрінеді. Мәселен, жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде, яғни генерализация сипатында болады. Балаға «сағат» деген сөзді айтқанда немесе сағатқа қарап сөйлегенде, сол сағатқа ұқсас дыбыстардың жиынтығына назар аударады да, дыбыстың қалай шығып жатқанын дұрыс айыра алмайды. Бұл жағдай баланың ми қабығының анализдік, синтездік жұмысы өлі женді жетілмегендігін, яғни онда сөзді дұрыс қабылдау, түсіну әлі мардымсыз екендігін көрсетеді. Сөзді жалпылай алу — адам ойлауы мен сөйлеуінің ең басты ерекшелігі. Бала мұндай қабілетке тілі шығып, жүре бастағаннан кейін біртіндеп ие болып отырады.

«Сөйлеу», «тіл» «қарым-қатынас» ұғымдарының мән-мағынасы жақын болғанмен, ғылыми тұрғыдан бұлар бір-бірінен   ажыратылады.   Қарым-қатынас   адам   іс әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сұрудің, тыныс-тіршіліктің негізгі арқауы. Сөз бен сөйлеуге қарағанда оның аясы кең, ауқымды. Адам тек сөйлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Ол айналасындағылармен түрлі ым-ишара (жест), белгі, таңба (Морзе әліппесі, стенографиялық жазу, эсперанто т. б.) арқылы да бір-біріне ақпарат (мағлұмат) бере алады. Тіпті, қас қағу, иық пен иекті қозғалту, басты шайқау тағы басқа осы секілді толып жатқан атрибуттар да қарым-қатынастық қызмет атқарады. Халқымыз «ымға түсінбеген дымға түсінбейді», деп өте тауып айтқан. Тіпті күлу мен күлімсіреудін де, жылау мен жыламсыраудың да қарым-катынастық қызмет атқаратыны белгілі. Сөйлесу қарым-қатынастың негізгі түрі. Мұның неше түрлі нұсқалары болады. Мәселен, қызмет бабы жоғары адаммен сөйлесу рәсімі бір түрлі болса, отбасында, құрбы-құрдастарымен пікірлескенде кісі басқа формада сөйлейтін болады. Осы айтылғанға орай сөз арқылы пікірлесу тікелей, жанама, өзіл-қалжың, эмоциялы, интеллект (ақыл — парасат) түрінде корініп отырады. «Қарым-қатынас», «сөйлеу» ұғымдарының мән-мәнісін негізінен психология ғылымы қарастырады.

«Тіл» ұғымының да (дыбысты тіл) ауқымы кең, ол, көбінесе, қоғамдық ғылымдарда (тарих, социология, этика, педагогика т. б.) жиі қолданылады. Тіл жеке адамның еншісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қорамдық құбылыс. Тіл арқылы әр қоғамның ғасырлар бойына жинақтаған рухани мүрасы ұрпақтан-ұрпаққа (ауыз екі — фольклорда, жазба түрде) жеткізіліп отырылады. Ал «сөз», сөйлеу жеке адамның өзіндік ерекшелігі. Ол жас балада, ересек, не қарт адамдарда, өртұрлі мамандық иелерінде сөз саптаулары түрліше керінеді. Психология тіпті есі кіресілі-шығасылы адамдардың да сайлау ерекшеліктерін зерттеумен айналы сады. Басқа ғылымдар сөйлеудің осы жақтарын қарастырып жатпайды, олар тіл ұғымын адамзат қоғамына ортақ құбылыс ретінде өз қырынан сөз етеді.

1.3. Сөйлеудің түрлері және баланың сөйлеу қасиеттері.

Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сейлеу формалары арқылы жүзеге асып отырады. Пікір алысудың нақтылы мақсаты мен жеке жағдайларына қарай сөйлеу түрлі ерекшеліктермен көрінеді. Осы айтылғандар тұрғысынан сойлеу бірнеше түрлерге болінеді. Алдымен сыртқы және ішкі сөйлеу болып үлкен екі топқа жіктеледі.

Сыртқы сейлеу ауызша (бұл тілдің ең көп және кең тараған түрі) және жазбаша сөйлеу болып, ал ауызша сөйлеудін өзі диалог және монолог.6

Ауызша сөйлеу — сөйлеудің негізгі түрі болғандықтан оның қалған түрлері де соның теңірегіне құрылады. Мәселен, жазу созіндегі әріптер ауызша создің түрлі дыбыстарын белгілейді. Былайша айтқанда, жазу сөзі ауызекі сездің қағаздағы таңбасы, оның ерекше бір варианты.

Ауызша сөйлеудің негізгі бір түрі — диалогтық сөйлеу  дегеніміз екі немесе бірнеше адамның тілдесуі. Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:

  • Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады, ол ойды кең жайып жатуды тілейді;
  • Үнемі кезектесіп айтылатындықтан ықшам келеді, тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады. Мәселен, «келе жатқан тоғызыншы» деген сөйлемді осындай нөмірлі автобусты күтіп түрған адамдар ғана түсіне алады.
  • Диалогтық логикалық жағы (жоспарлылығы, дәлелділігі т. б.) кемдеу болады;
  • Диалог сөз ымишаралармен, бет пен көздегі мәнерлі қозғалыстармен (қолдың, ауыздың, көздің, қабақтын қозғалысы т. б.) толықтырылады;
  • Монологтық сөйлеу дегеніміз бір адамның сөзі, яғни баяндамашының, лектордың сөздері. Монолог созге тән кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей монолог сөз үнемі белгілі жоспарға сәйкес құрылады, бұл алдын ала даярлықты тілейді;
  • Монолог сөздерге логикалық жағынан қатаң талаптар қойылады (мәселен, баяндамашы мен лектор сөзінің мағыналылығы мен түсініктілігіне ерекше көңіл бөледі);

3) Монолог сөз мәнерлі, адамға әсер ететін моменттерді (сөзді сазына келтіріп айту)  көбірек қажет етеді.

Диалог және монолог сөздер көбінесе беттің мимикасының өзгеруімен, ымдау сипатындағы түрлі қозғалыстармен қосарланып отырады. Орынды ымдар біздің сезімімізді мәнерлі етумен қатар, оның өзімізге де, жұртқа да түсінікті болуына жағдай туғызады. Бірақ, осындай ымишаралардың дербес күйінде аса үлкен маңызы жоқ. Адам мұны көмекші құрал ретінде ғана пайдаланады.

Ауызша сөйлеуде (оның диалог және монолог түрлерінде де) актив және пассив сөздер болады. Актив сөздер күнбе-күнгі жиі қолданылатын сөздер. Пасив сөздер тілімізде сирек пайдаланатын, мағынасына түсінгенмен күн сайын айтылмайтын сөздер. Мұндай сөздерге көбінесе ғылыми-техникалық атаулар және ескірген сөздер жатады. Актив сөздің мол болуы баланың сөйлеу әрекетіне, айналысқан кәсібіне байланысты. Егер ересек адамдардың актив сөздері орта есеппен 6000—7000 болып келсе, жазушылар мен ақындардың, ғалымдардың актив сөздері 10000—13000 сөзге жетіп отырады. Мәселен, Шекспирдің сөздік қоры 12000 дай болған.

Сөйлеудің ерекше бір түрі — жазбаша сөйлеу. Жазбаша сөйлеу арнаулы әдістер арқылы меңгерілетін сөйлеудің түрі. Мұны игеру адамға оңайлықпен түспейді. Жазбаша сөйлеу адам баласы хат танырлықтай дәрежеге жеткенде, ауызша сөйлеудің біршама дамыған кезінде ғана пайда бола бастайды.

Жазбаша сөйлеудің кейбір ерекшеліктері:

  • Жазатын адамның қасында сөйлесетін адам болмағандықтан, мұнда ешбір ымишара қолданылмайды. Жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылады. Мәселен, белгілі тақырыпқа шығарма жазған кезде адам осындай талаптарды орындауға тырысады, көп ойланып, толғанады. Өйтпейінше, бұдан нәтиже  шығару  қиын.

3) Жазуда грамматиканың ережелері де қатты ескеріледі.

4) Жазу кезіңде адам қатты зейін қойып, әр сөзін ойлап құрастыра-ды, мағыналы сөз іздейді. Бұл үлкен ой жұмысын қажет етеді. Мәселен, адам өзінің туысқандарына, таныстарына хат арқылы ойын білдіргенде осы жағдай байқалады. Жазбаша сөйлеудің түрлері мен
стильдері әр алуан. Олардың бастылары ғылыми, публицистика, көркем әдебиет, іс-қағаздық т. б. сөздер.

Сөйлеудің жеке бір түрі — ішкі сөйлеу.  Ішкі сөйлеу деп тілдік материалдар негізінде дауыстамай-ақ сөйлей алушылықты айтады. Әр ұлттың өкілі қандай бір нәрсе туралы ойласа да, алдымен өз тілінде ойлайды. Осындай кезде адам ішкі сөйлеуді пайдаланады. Ішкі сөйлеу адамдармен тікелей қарым-қатынас жасауға арналмаған. Оны адам өзінің ойлау әрекетінің ішкі мақсаты үшін пайдаланады. Ішкі сөйлеуді сөйлеу аппаратының жасырын жұмысы деуге болады. Өйткені мұнда оның жұмысы жөнді еленбейді. Тек тиісті аспаптармен зерттегенде ғана сөйлеудің осы түрінің де кинестезиялық тітіркендіргіштерге орай туып отыратындығы анықталған. Ішкі сөйлеу жөнінде И. М. Сеченов былай дейді: «Бес жастағы баланың ойы сөзбен немесе сыбырлап сөйлеумен немесе тіпті тілдің қозғалуы, еріннің жыбырлауымен айтылады. Мұның өзі ересек адамдарда да (тек түрлі дәрежеде болуы мүмкін) жиі кездеседі. Мен тіпті өзімнен де білемін: ойымның ауыздың жабық, қозғалмайтын күйінде тілсіз сөйлеумен, яғни ауыз қуысында тілдің бұлшық еттерінің қозғалуымен, қоса қабаттасуы өте жиі болады. Барлық жағдайда да басқалардың алдында бір ойға баса назар аударғым келсе, оны алдымен дереу сыбырлап айтып аламын». Ішкі сөйлеу өте қысқа, икемді болып келеді. Өйткені адам әр кез өз ойлауының мазмұнын жақсы біліп отырады, сондықтан ішкі сөйлеуге ұзақ тұжырым жасап жатудың қажеті де болмайды.

 

ІІ. Тарау.  Баланың жас ерекшеліктеріне байланысты сөйлеу әрекеттерінің   дамуын зерттеу.

2.1.Сәбилік және ерте балалық шақтағы  сөйлеу

әрекетінің  дамуы.

Жаңа туған балада дыбысқа ұқсас реакциялар (жылау, іңгәлау т. б.) байқалғанымен, бұларда дыбыстық сипат болмайды. Жеке дыбыстардың көрінуі үш айдан былай қарай байқалады. Мұны баланың уілдеуінен (дауысты, дауыссыз дыбыстардың қосылуынан пайда болатын реакциялар) жақсы көруге болады. Уілдеудің өзі оның үлкендерден естіген сөздеріне, дыбыстарына орайлас жасалатын реакциялар. Мәселен, үш-төрт айлық бала «мә», «ға», «ге» секілді жеке буындарды, бес-алты айдан былай қарай «ма-ма», «па-па» деген екі буыннан келетін жеке сөздерді айтатын күйге жетеді. Сегіз айлық бала сөздің интонациясын, дауыстың ырғағын аңғара алады. Бірақ жеке сөздердің айырмашылықтарын, олардың мәнін әлі толық ұға алмайды. Бір жарым жастан былай қарай бала жеке сөздерді айтуға үйренеді. Оның алғашқы сөздері «мама», «папа», «ата», «әже», «аға» деген сөздерден басталады. Алғашқыда шағын сөздерді ғана айта алады. Үш-төрт буыннан түратын күрделі сөздерді айтуға шамасы келмейді. Бала алдымен дауысты дыбыстарды, кейінірек дауыссыз жөне сонор дыбыстарды, соңынан дауыссыздардың қатаң, үяң түрлерін меңгереді. Балаға ызың дауыссыздар мен (ж, ш) ысылдап шығатын дауыссыздарды ұғыну қиынырақ болады, «л», «р» дыбыстарын төрт-бес жасқа дейін дұрыс айта алмайды. Екіден былай қарай баланың сөздік қоры қауырт өседі. Мәселен, жас жарымдағы балада 10—15 сөз болса, екіге келгенде 300, үш жаста мыңға жуық сөзі болады. Үш жастан былай қарай ана тілінің заңдылықтарын стихиялы түрде үйренуге кіріседі. Баланың алғашқы сөздері бір не екі сөзден құралады, ол бір сөзбен-ақ айтайын дегенін аңғартады. Мәселен, «әже су» дегені, «әже маған су бер» деген мағынаны білдіреді. Кейде осындай сөздерін ым-ишараларымен жеткізеді. Сөз заттың нақтылы сигналы ретінде көрініп, белгілі нәрсеге меңзеліп айтылады, Бала үлкендермен сөз арқылы байланысқысы келеді. Осындай сөздер оның практикалық әрекеті мен нақтылы қажетін өтеуге байланысты туып отырады. Баланың алғашқы кездегі сөзінде зат есімдер көп болады, бұл сөздер айналасындағы заттармен,  адамдармен қатынасында елеулі роль атқарады. Кейіннен етістіктер, есімдіктер,   тағы    басқа  сөз таптарын   да   қолданады.

Заттық іс-әрекеттен алынып, жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында акиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шактан-ақ басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге асады. Сөздік қарым-қатынас баладан қатынасу қабілетін талап еткен жағдайда, яғни үлкендер оны түсінікті сөйлеп, өз ойын айқын сөздермен қреорнеұра білуге кендірген жағдайда пайда болады. Егер үлкендер баланың әрбір тілегін қағып алып отырса, онда оның тілінің дамуына ешқандай түрткі болмай калады. Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін әте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады: нақ осы кезде сөйлеуді игеру аса тиімді әтеді. Егер бала қайсыбір себептермен осы жылдарда тілді дамыту кажетті жағдайлардан айырылып калса, онда кейін жі-берілген қателіктердің орнын толтыру өте киын болады. Сондықтан екі-үш жаста баланың тілін дамытумен карқынды шұғылдану кажет.

Үлкендермен бірлескен іс-әрекет үстінде бала ерте сәбилік шақта-ақ айтылған сөздер мен олардың ар жағында тұрған ақиқат болмыстың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды. Сөздерді олар белгілейтін заттар мен іс-әрекеттерге апарып жатқызу бірден бола коймайды. Үлкендердің сөзі мен өз іс-әрекеттерінің арақатынасын белгілеу қабілеті де ұзақ дамып, оның өмірінің бірінші жылында калыптасады. Үш жасқа карай сәбидің, үлкендердің сөзін түсінуі сапалық жағынан өзгереді. Бала бұл мезгілде жекеленген сөздерді ғана түсініп, үлкендердің нұсқауы бойынша заттық әрекеттер жасауға ғана қабілетті болып коймайды. Сәби үлкендердің тікелей өзіне бағытталмаған кез келген сездерін қызыға тыңдай бастайды. Үлкен адам мен баланың тікелей карым-қатынас жасау ситуациясынан тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну маңызды жетістік болып сана-лады. Ол сөйлеуді баланың тікелей тәжірибесінің өресі жетпейтін болмысты танудың негізгі кұрады ретінде пайдалануға мүмкіндік жасайды, Ерте сәбилік балалық шақ-балалық белсенді сөйлеуінің қа-лыптасу кезеңі. Бір жарым жасқа дейін бала 30—40-тан 100-ге дейін сөз үйренеді және оларды өте сирек қолданады. Ол әлі тым мүдіріп сөйлейді. Тілді меңгерудегі елеулі өзгеріс шамамен бір-жарым жаста жүзеге асады. Сәби бастамашыл болады. Ол заттардың аттарын атап отыруды үздіксіз талап ете бастайды. Сөйлеудің даму қарқыны арта түседі. Екі жастың аяғында бала 300-ге дейін, ал үш жастың соңында 1500-ге дейін сөздер қолданады.

Тілді дамыту ана тілінің дыбыстық жағы мен грамматикалық құрылысын игеруді көздейді. Егер алғашында бала сөйлеуді сөздің жалпы ырғақты-мелодиялық құрылымын қағып алу жолымен  қабылдайтын  болса,  екінші   жылдың  соңына  қарай онда ана тілінің барлық дыбыстарын фонетикалық қабылдау қалыптасады. Осының негізінде белсенді сөздікті және сөзді дұрыс айтуды игеру жүзеге асады.

Грамматикалық құрылысты игерудің өз даму кезеңдері болады. Бірінші кезең бір мен екі жасқа дейін – түбірлі  сөздерден құралатын сөйлемдер кезеңі. Бұл кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдер  ажыратылады. Баланың сөйлеуі ересек адам сөйлеуіне аз ұқсайды, ол кебінесе үлкендер пайдаланбайтын сөздерді қолданады.Мұндай сөйлеу автономиялы сөйлеу деп аталады.Сөйлеудің дұрыс дамуы жағдайында автономиялы сөйлеу тез етеді.Тілдің грамматикалық кұрылысын дамытудың екінші кезеңі үш жасқа дейін созылады. Баланың сәйлеуі біршама байланысты сипатқа ие болып, заттық дүниедегі көптеген қарым-қатынастарды оның түсінгендігін білдіруге мүмкіндік береді. Үш жасқа қарай бала бірсыпыра септік жалғау- ларды игереді.  Заттық қатынастарды  білдіретін  сөйлеу  формаларын нгеру баланың заттардың колданылу тәсілдерін игеруді жүзеге асыратын  іс-әрекеттердің  сипатымен  түсіндіріледі.)» Бала   нақты заттық қатынастарды бейнелейтін грамматикалық мәндердің байланысына ерте бағдар ала бастайды. Мәселен, «Балға койды», «Балғамен соқты» дұрыс колдануды  игере отырып, мен жалғауындағы кұралдық мағынаны түсінеді де оны барлық кұралға  стереотипті  түрде кешіреді:   «пышақмен»,   «қасықмен», «күрекмен» және т. б. Тілдік карым-қатынастар практикасында бұл стереотип түсіп қалады да, дұрыс септік жалғаулар пайда болады. Ана тілінің грамматикалық формаларын меңгеру баланың тілді сезінуін дамытады. Сәби сөйлемдегі сөздерді тәп-тәуір байланыстырады. Ерте сәбилік шақта бала  ана тілін меңгеру жағынан оның негізгі синтаксистік кұрылым- дарын, грамматикалық формаларын және дыбыстарды игере отырып, орасан зор жұмыс атқарады.

Белсенді сөйлеуді қалыптастыру баланың бүкіл психикалық дамуының негізі болады..

2.3. Мектепке дейінгі кезеңдегі баланың  сөйлеу әрекетінің   дамуындағы  сөздің және іс – әрекеттің  ықпалын алмастыру.

Мектепке дейінгі кезеңде бала тілінің қалыптасуына ересек адамдардың сөзінің әсері өте күшті екендігі түсінікті. Бала оларға үнемі еліктеп, өз бетімен сөз шығаруға талпына бастайды, ол басқа балалардың тіпті үлкендердің сөзінде байқалған қателіктерді көргіш келеді, яғни баланың тіл сезімі күшті болады.

Семьяда баланың сөйлеу әрекетінің дұрыс қалыптасуына жеткілікті көңіл бөлінсе, мектепке келгенде оңай хат танып, сабақты жақсы үлгіріп кетеді. Осындай балалардың ана тіліндегі сөз қоры 4000-ға дейін жетіп отырады.

Балалардың сөйлей бастаған кездерінен бастап олардың дұрыс, анық, дәл сөйлей алуына ерекше көңіл бөлу қажет. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін тәрбиелеу (бұл — балалар психологиясының негізгі мөселелерінің бірі) ата-аналар мен тәрбиешілердің  ерекше  көңіл  бөлетін мәселесі.

Мектепке дейінгі балалық шақта түйсіктің сөздік формаларының дамуы сөйлеу мен практикалық іс-әрекеттің өзара қарым-қатынасының әзгеруімен байланысты болады. Мектепке дейінгі кішкентайлардың практикалық міндеттерді шешу процесінде пікір айтуы оларға қортынды жасауы сияқты тиісті әрекеттерден тұрады. Келесі кезеңде сөйлеу әрекеттің алдын орау, жоспарлау функциясын атқарады. Бұл балаға міндеттерді шешуде көз қырынан тысқары болатын мағыналы байланыстарды қағып алып, пайдалануға мүмкіндік береді. Біртіндеп, практикалық тәжірибенің молаюына қарай, бала сөздік жоспарлаудан нақтылы міндетті (тұтасынан) сөздік пікірлесу тұрғысынан шешуге ауысады. Бала міндетті түсінгенде, өзіне белгілі фактілерді бақылауға сүйенген жағдайда, оның пікірлесуі толықтай бірізді және логикалық дұрыс болады. Мәселен, суы бар легенге салғанда түрлі заттардың «өздерін қалай ұстайтынын» бақылай отырып, мектеп жасына дейінгі балалар ағаш заттардың қалқып, ал металл («темір») заттардың батып кететіндігі жөнінде өте дұрыс қорытындыға келеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік пікірлесуді қолдануы, балалар абстрактілі ұғымдар көмегімен ойлайды екен дегенді әсте білдірмейді. Бала сөздерінің маңызының сол сөздерді ересек адам қолданғандығы маңызынан елеулі айырмашылығы болатынын Л. С. Выготский көрсетіп берді. Бұл айырмашылық сөздік жалпылаудың формасына да, мазмұнына да қатысты. Формалар тұрғысынан алғанда бұл жалпылаулар негізінен бейнелік сипатта болады, ал олардың мазмұны заттың жалпы және елеулі белгілері туралы ой болып саналатын «үлкендер» ұғымына біртіндеп қана жақындайды. Мектеп жасына дейінгі бала үшін объектілер өзара үнемі елеулі және тіпті өздеріне ортақ ерекшеліктерімен біріктіріле бермейтін комплекстермен және «алдын алған ұғымдармен» ойлау тән. Алты жасар қыздан көптеген суреттердің ішінен жануарлар бейнеленгендерін іріктеп алу тапсырылады. «Ат — жануар», «Неге олай деп ойлайсың?» — «Ол шөп жейді және адамдарды тасиды… Аю — жануар».— «Неге?» — «Ол орманда  тұрады. Ол маймақ… Піл де — жануар. Ол Африкада тұрады… Міне, түлкі де — жануар. Ол қояндарды ұстайды…» Алты жасар баланың сөздік пікірлесуі, мысалы, осындай.

Алайда, тіл баланың жалпылауларынын жай косымшасы ғана емес. Сөз — қоғамдық тәжірибенің бір бөлшегі. Ол баланың ойлау іс-әрекетін белгілі түрде бағыттайды, біртіндеп жоғары, нағыз ұғымдық форманы игеруге жеткізе отырып, онын жалпылауларын қалыптастырады.

2.3. Бастауыш мектеп кезіндегі балалардың  сөйлеу қабілетінің дамып жетілуі.

Баланың сөйлеуі мектепке дейін тек қарым-қатынас рөлін атқарса, мектепте жүргенде білім жүйелерін меңгерудің негізгі құралы қызметін атқарады. Мектепке түсу бала тілінің жоспарлы түрде дамуына өте қолайлы жағдай туғызады. Сауат ашу, оқып, жаза алуға үйрену, мектепке дейін ез бетінше меңгерген ана тілін енді арнаулы пән ретінде (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тұрғыдан) оқып-ұйрену бала тілінің дамуына бүрын-соңды болып кормеген үлкен өзгерістер енгізеді. Тілді меңгеру барысында баланың сөйлеу ерекшеліктері онан сайын жетіле, дами түседі.

Жазбаша сөйлеу — баланың тіл мәдениетінің дамуына ерекше ықпал жасайтын қуатты фактор. Жазбаша сейлеуді меңгеруге бала мектеп есігін аттағаннан бастап белсенді кіріседі. Баланы жазу сөзіне үйрету — бастауыш мектептегі оқуды пайызға шаққанда жартысына жуығын алады. Өйткені жазу техникасын меңгеру – психологиялық тұрғыдан өте күрделі процесс. Бастауыш мектеп оқушыларының ауызекі сөзі мен жазбаша сөзін салыстыра зерттеу — көптен қолға алынып жатқан жүмыс. Ертеректе жүргізілген осындай зерттеудің бірінде екінші, үшінші сынып оқушыларының жазба сөзі ауызша сөйлеуінен сан жағынан да, сапа жағынан да көш кейін қалып отыратындығы, олардың сөздік қорында зат есім мен етістіктердің көп ұшырасатындығы (60 пойыздан артық), сөздік қоры жеткілікті дамыған балалардың жазу жұмыстары да (дәптерге сөз ойлап жазу, мазмұндама жазу т.б.) жоғары болатындығы байқалған. Соңғы кездегі зерттеулер де осы пікірдің дұрыстығын анықтап отыр. Балалардың орфографиялық дағдыларымен қатар, жазу жүмысының дағдыларын үйрену жазба сөйлеуді меңгерудің негізгі элементі болып табылады.

Жазба сөйлеудің дамуы хат тани білуден басталады. Хат тану арнаулы дағдылардың болуын қажет етеді. Мұндай дағдыларды оқу дағдысы дейді. Хат тану негізгі үш кезеңнен түрады. Мұның бірінші кезеңінде оқушы әріптің, аттарымен танысады. Бұған қоса, сол әріптердің тілдегі дыбыска қалайша сәйкес келетіндігі, олардың буынға бірігуі, буыннан сөздің қалайша құралатыны да осы кезеңде үйретіледі. Баланың әріптен буын, буыннан сөз қүрауы өте баяу, көптеген қиындықтармен жүріп отырады. Мұның бірнеше психологиялық себептері бар. Біріншіден, бала әріптердің графикалық өрнектерін жөнді ажырата алмайды, бірімен-бірін шатастырады. Бұл — дағдының қалыптасуына үлкен бөгет келтіреді. Екіншіден, оқушы білетін әріптерін дыбыстармен байланыстырғанда үлкен қателіктер жібереді. Дыбыс пен әріптің арасындағы айырмашылықтар бала қабылдауына біраз қиындық келтіреді. Осының нәтижесінде сөздің элементтерін синтездеу және оларды тану қиынға түседі.

Оку дағдысынын бірінші кезеңін психологияда анализдік (талдау) кезеңі деп атайды.

Екінші кезеңде оқушы сөздің элементтерін онша қиналмай-ақ бір-біріне жеңіл қоса алатын болады. Әрине, мұнда да ол қате жібереді. Бала тұтас сөзді тезірек оқуға асығады да оның жеке бөліктерін ежіктеп жатпай долбарлап қабылдайды. Қатенің көбі осындайдан шығады. Әсіресе, бала оқыған сөздер сырт жағынан біріне-бірі өте ұқсас болса (көру-кіру, аю-ою, жазу-жағу т. б.), қателер көбірек кетеді. Оқу дағдысын меңгерудің екінші кезеңін синтездік (жинақтау, топтастыру) кезең дейді.

Үшінші кезеңде бала әріптерді тез танып, бір-біріне қосып оқи алады. Осы әдіспен оқытылған бала үзамай хат танып кетеді, енді ежіктеуді қойып, бір қалыппен оқитын болады. Шапшаң оқу баланың сыныбы жоғарылаған сайын арта түседі. Мәселен, әліппені бітірген бірінші сынып оқушысы кітапты дауыстап оқығанда, төртінші сынып баласынан үш есе жай оқиды. Сөздің мағынасына түсініп, ойланып оқу күрделі ой процестері (салыстыру, жалпылау, нактылау, жүйелеу т. б.) жүйесінің болуын қажет етеді. Ойткені ойдың осы тәсілдері балада бір сыдырғы дамыған болса, оқыған кітабының мазмұнын дұрыс аңғара бастайды, ондағы негізгі, басты ойларды түсінуде коп қиналмайтын болады. Текстің мазмұнын түсініп оқуға бала бірден жетпейді, бұл әр оқушыда әр түрлі болып келеді. Оқыған материалды нашар түсінетін оқушылардың, көбінесе, сөздік қоры әте аз болады. Текстегі негізгі ойды таба алмау, оның жеке бөліктерін бір-біріне мағынасына қарай біріктіре алмай қиналатындар да осылар. Бала оқуының бұл ақаулығын мұғалімдер кезінде көре біліп, сөздік қорын молайту жағын ойластыруы тиіс. Бұл үшін балаға тексті түгелдей, немесе жартылай оқытып, оның негізгі мазмұнын, ондағы ең негізгі сөздер мен сойлемдерді тапқызып үйрету қажет. Оқыған нәрсесінің жоспарын жасауды, текстің жеке бөліктеріне дұрыс тақырыпша беру, асығып, аптықпай, мөнерлеп оқуға жаттықтыру сияқты тәсілдерді де жиі қолданып отырмаса болмайды. Мәнерлеп оқу текстін, логикасын аңғара алуға мүмкіндік береді.

Бала мектепке келген күндерден бастап оқу дағдысымен қатар жазу дағдысын да меңгере бастайды, Жазу дағдыларына машықтану да өте күрделі процесс. Мұның да үш кезеңі бар:

Бірінші кезең өріптің элементтерін үйрену кезеңі деп аталады.

Екінші кезеңде бала әріптің жеке элементтерін жаза білу қабілетіне ие болады. Баланың зейіні енді біртіндеп әріп таңбаларына ауа бастайды, оның әріп жазуға қатысатын қимыл-қозғалыстары автоматталына түседі. Осы кезеңде бала жеке әріптерді толық жаза білуге үйренеді. Жазуға үйренудің екінші кезеңін психологияда әріптік кезең деп атайды.

Үшінші кезең — жазба сөйлеудің қалыптасу дөрежесін көрсететін негізгі кезең. Мұнда оқушы өз бетімен жеке сөздерді жаза алатын халге жетеді. Баланың зейіні енді жеке әріптерге емес, солардан құрылатын сөзге ауады. Бала, сондай-ақ, сөздегі әріптердің ең кіштігі мен басылып жазылуына, олардың қазқатар орналасуына да қатты көңіл бөледі.

Жазу дағдысының осы үш кезеңі жылдам, тез жазуға жасалған дайындық кезең болып табылады. Жазу дағдысын меңгеруде балаға ұшырасатын негізгі қиындықтар психологияда жан-жақты зерттелген. Мәселен, саусақтағы ұсақ еттері әлі де болса дамып жетіле қоймаған. Сондықтан да жазудан баланың қолы тез шаршайды. Саусақтарының икемдігінің аздығы, әсіресе, бас бармақтың қалған саусақтарға қарама-қарсы орналасуы қалам ұстауға ебдейсіздік келтіреді. Қолдың иіліп-бүгілуін қамтамасыз ететін бұлшық еттердің даму дөрежесінің жетімсіздігі жазу техникасын меңгеруге көп кедергі (мәселен, қолдың солдан оңға қарай қозғалысында) келтіреді. Жоғарыда айтылған кейбір факторлар оқушылардың графикалық дағдыларына нұқсан келтіріп, баланың жазуында мына секілді кемістіктердің орын алуына себеп болады. Біріншіден, бала жазуының өте ірі, көріксіз болуына әсер етсе, екіншіден, әріптердің ретімен келуіне, басылып жазылуына нұқсан келтіреді. Бұл жазу формасының оқтын-оқтын өзгеріп отыруына себепші болады. Әріптер мен сөздердің, жолдардың бір-бірінен қашықтығының ылғи біркелкі болмайтыны да, жазу жолының дәптердің оң жағына қарай ойысуы да осы аталған себептерден туып отырады. Жазу үстінде байқалатын осы кемшіліктерді болдырмау үшін мұғалімге мына секілді шараларды жүзеге асыру қажет болады. Біріншіден, оқушыға алғашқы кезде бір жазғанын қайта-қайта жаздыра бермеген дұрыс, өйткені мұндайдан оның қолы тез талып, шаршап қалатын болады. Екіншіден, саусақтардың ұсақ еттерінің қатая түсуі үшін балаға пластилиннен, балшықтан мүсіндер жасатқызу, сурет салғызып не бір нәрсені тіккізіп дағдыландырған дұрыс. Үшіншіден, мұғалім кәшіріп жазудан кеткен қателерге (әсіресе, жолдан шыққан әріптерге) баланың зейінін үнемі аударып, оның өз қатесін түзеуін қадағалау тиіс. Төртіншіден, бала оз қатесін сөзіне білумен қатар, оларды түзете алғанын да сезініп отыратындай болсын. Бесіншіден, баланы жазу дәптерлерін оте ұқыпты ұстауға әдеттендірудің де осы айтылғанға тікелей қатысы бар. Өйткені баланың дәптері таза болса, ол әдемі жазуға тырысады, каллиграфиясы жақсара, қателері азая түсетін болады.

Баланың жазу қарқыны әр сыныпта әр түрлі болып келеді. Бастауыш мектеп оқушыларының ішінде жазумен көбірек шұғылданатын — бірінші сыныптағылар. Өйткені бұл кезде жазуға көп коңіл бөлінеді. Екінші, үшінші сыныптарда баланың жазу қарқыны біршама төмендейді де, тертінші сыныпта қайтадан көтеріледі. Психологиялық зерттеулерде бастауыш мектепті бітіретін оқушының жазу жылдамдығы минутына орта есеппен 60—70 өріп болатындығы   анықталған.

Жазу дағдыларын ойдағыдай меңгеру орфографиялық ережелерді меңгерумен тығыз байланысты. Орфография – грамматиканың күрделі болімдерінің бірі. Әсіресе, орыс тілінің орфографиясын меңгеру ұлт балаларына үлкен қиындық туғызады. Өйткені осы тілде сөздің айтылуы, көбінесе, жазылуынан басқаша келіп отырады. Бала (тіпті орыс балалары да) сезді естілуіне қарай жазуға машықтанғысы келетінін байқатады. Бірақ әдеби тілдің нормасы бүлай етуді көтермейді. Жазудың орфографиялық ережелерін меңгеруге кейбір балалардың сейлеу мүшелерінде кездесетін түрлі кемшіліктер (тілдің мүкістігі, мұрыннан сойлеу т. б.) кесел келтіреді. Бала жазатын сөзін буынға боліп, ол создерді іштей айтып отыруға дағдыланса, емле қателерін аз жіберетін болады. Әсіресе, езінің үнемі Қате жіберетін сөздерін осылай айтып дағдылануы дұрыс. Баланың орфографиядан (емле) жіберетін қателерді психологиялық тұрғыдан екі типке бөледі. Оның біріншісін үйреншікті қате, екіншісін — білмегендіктен туған қате Деп атайды. Қатенің үйреншікті түрі төменгі класс оларды өз ана тілін қадір тұтып, құрметтей білуге тәрбиелеу — сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің бір элементі. Өйткені ана тілі Ж. Аймауытов айтқандай, халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі… Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына». Осы түйінді М.Жүмабаев былайша жалғастырады: «…үлттың тілінде сол үлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы… сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр». Осы іспеттес пікірді Хәлел Досмүхамедов те (1883—1939) айтқан еді. «Тіл — жұрттың жаны.

Өз тілін білмеген ел — ел болмайды…

Тілінен айрылған жұрт — жойылған жұрт».

Ана тілінің осындай құдіретін С. Торайғыров төмендегіше тебіренеді:

«Сүйемін туған тілді, ана тілді,

Бесікте жатқанда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін»,—

деген шумақтары кімді болса да тебірентпей қоймайды. Ал осыны кейде есінен шығаратын оқушылар, тіпті мүғалімдер де бар. «Қазақ литературасының программасы жоқ. Қайнаған су қойылмаған, уборный жоқ… Мектептің физкультура площадкасы жоқ, іс планы жасалған, бірақ конкретный емес»—деп жазатын мұғалімдердің мұғалімі саналатын мектеп нұсқаушылары да ұшырасып қалады. Әрине, мұндай адамдар өзі түгіл өзгені де бүлдіреді, тілдің қадірін кетіреді. С. Торайғыров өз кезінде тіл шұбарлаушыларға ана тілін «шүлдірлеп, шолжыңдап, жығылып-сүрініп жүруге болмайды, ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның, толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің сығындысы, онда дәм де, мән де болу керек» деп ашу-ызасын білдірген еді. «Баланың маңайында сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиісті. Былық сөзді естіп өскен бала өмір бойы былық, былапыт тілді болады» (М. Жұмабаев).

Халқымыздың классик жазушысы Мұхтар Әуезов: «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады», десе, белгілі қоғамдық қайраткер Ілияс Омаров:  «Тіл аса мейірбандықты керек етеді. Қисық тілді шығарма сақау адам секілді, кәрі құлақты кеседі, жас құлаққа жаман үлгі болады, балаң авторды үстірттікке үйретеді. Сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағына іздеу адамды мөдени қоректендіре түседі… Дүниеде сөздің дертінен өткен ауыр дерт жоқ, сөздің шарапатынан дауалы шарапат жоқ, сез түрлаусыздыққа емес — баяндылыққа, өлімге емес, өмірге қызмет етеді»,— деген еді. Мұғалімдер мен ата-аналар, оқушылар мен студенттер, бір сөзбен айтқанда, барша жұртшылық осы айтылғандардан тиісті қорытынды шығарып, өздерінің сөйлеу мәдениетін, әсіресе, ана тілінің кәусәрінен мол сусындап жетілдіріп отыруды естен шығармаулары тиіс.

2.4. «10 сөзді жаттау» әдістемесі арқылы баланың сөйлеу әрекетін дамыту.

Мақсаты:  баланың сөздерді ырықты есте сақтауын анықтау, тілін дамыту.

Бұл әдістеме көмегімен баланың өз зейінін ұзақ уақыт бір әрекет-пен шұғылдануға жинақтай алуы, оған қосымша стимулдық мате-риалдар (ойын, көрнекіліктер) қолданбай танымдық қызметін ұйым-дастыруға болатындығы анықталады.

Зерттеуді жүргізу үшін 10 сөз немесе сөз тіркестері дайындалады. Олар бірнеше вариантта болғаны дұрыс. Әр вариантты орындауға арнайы уақыт беріледі.

Бірінші жаттығуды қолданып зерттеу жүргізуді психолог келесі кіріспе сөзбен бастайды: «Балалар, мен қазір сендерге бірнеше сөздерді айтамын. Оларды мұқият тындап, есте сақтап қалуға тырысыңдар. Мен оқып болғаннан соң сендер олардың ішінен естеріңде қалғандарын қайталап айтасыңдар».

Жаттығуды екінші рет орындату үшін нұскау қайталанады: «Мен жаңағы сөздерді қайталап оқимын.  Сендер  ол  сөздерді тағыда   қай-талап   айтасыңдар.   Бірінші  қайталаған   сөздеріңмен бірге қазір жаңадан еске сақтаған сөздерді қосып айтыңдар».

Үшінші және төртінші рет қайталап орындағанда ереже қысқаша түсіндіріледі:

«Мен тағы да қайталаймын, ал сендер жақсылап тындаңдар». Бесін-ші рет кайталағанда: «Мен бұл сөздерді соңғы рет оқимын, сендер    олардың   барлығын    түгел   қайталауға тырысыңдар» – деп ескерту қажет.

Қалыпты  жағдайда дамып  келе жаткан  балалардың  есте сақтауы әрбір қайталаған сайын арта береді. Баланың д саулығы болмай жүрсе немесе психологиялық проблемасы болса есте сақтауы, керісінше, кеми береді.

Сөздер тізімін қайталап оқу барасында ешқандай қосым түсінік-теме   берудің  қажеті   жоқ.   Тек   қана   создерді   өте   ж қайталаған-да, балаларға: «тағы қандай сөздер есіңе түсті» деге сұрақ арқылы кішкене дем беріп отыруға болады.

Орындау уақыты 7-8 минут.

Бағалау шкаласы:

Бір рет оқығанда – 5-6, бес рет қайталағанда – 8-10 сөз қайталау – сездерді еске сақтауы жоғары деп бағаланады; Бірінші оқығанда — 3-4, бесіншіден кейін — 5-7 — орта; Бірінші оқығанда — 1-2, бесіншіден кейін — 3-4 — төмен; Бірінші оқығанда — 0, бесіншіден кейін — 1-2 – өте төмен.

Сөздер: уахыт, нан, аспан, өсімдік, кар, май, ағаш, көрпе) киім, дала.   Осы сияқты бірнеше вариант тапсырмалар жасап алу керек.

Қорытынды

Қорыта айтқанда, тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөль атқара-ды. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсаты-на жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғын-дай екен» дейді. Ескі қазақ жұртының ғұлама ғалымы Жүсіп Баласағұн «Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз» деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігі-не айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ықпа-лымен, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бұл екеуінің дамуы бір-бірімен шарттас. Балалардың  ара-сында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл, сондай-ақ, адам сана-сезімінің, оның психологиясының көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл-әрекетке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызметі.

Тілдің бұл екі қызметі өзара тығыз байланыста болады. Олар үнемі қатарласа, бірі екіншісін демеп, кейде қарама-қарсы бағытта жүріп отырады. Мәселен, «Мұғалім келді» деген сөйлемде мұғалімнің келгені жөнінде айтылса, «мұғалім келді ме?» деген сөйлем екінші бір адамды осыған жауап қайтаруға мәжбүр етеді.

Сөздің мәнерлігі дегеніміз-баланың сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Халық жақсы сөйлейтін адамдарды «сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Мәнерлі сөйлей білудің мұғалімдік мамандық үшін маңызы өте зор болып табылады.

Баладағы сөз және сөйлеу әрекетінің  құрылымы, адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлесуі, ой алмасуы, бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін   пайдалануы, адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалуы, осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болуы, сөйлеу адам санасының басты белгісі екендігі, ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан қуаты, сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет екендігі, сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Алдамұратов Ә.Қызықты психология.А,«Қазақ университеті»,1992 ж
  2. Алдамұратов Ә., М. Мұқанов. Психология пәнінен лабораториялық практикалык сабақтар. Бірінші бөлім. А, 1978; Екінші бөлім.1979 ж
  3. Әбдірахманов А., Жарықбаев Қ. Психологиялық орысша-қазақша
    сөздік. Алматы, «Мектеп», 1976 ж
  4. Жарықбаев «Жантану негіздері» Алматы, 2002 жыл.
  5. Мухина В.З. «Детская психология» М. 1976г.
  6. Мұқанов М. Жан жүйесінің сыры. ҚМБ. Алматы, 1964.
  7. Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. Алматы, «Қазақстан» баспасы.1980.
  8. Люблинская «Детская психология» М. 1996г.
  9. Линден Ю. «Обезьяны, человек и язык» Москва 1981год.
  10. Обухова «Этап развития» детского мышленения» М.1992г.
  11. Психология. Адамзат ақыл – ойының қазынасы ІУ. том А, 2005ж.
  12. Петровский А.В. «Педагогикалық және жас ерекшеліктер психологиясы» Алматы, 1987ж.
  13. Сәбет Балтаұлы Бап – Баба «Жантану негіздері» Алматы, 2001жыл.
  14. Эльхонин «Детская психология» М.1979г.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету