Баланың психикалық дамуының оның тілінің дамуына байланыстылығы

0

Тақырыбы: Баланың психикалық дамуының оның тілінің дамуына байланыстылығы

Мазмұны

Кіріспе……………………………………………………………………………………………….3

І Тарау Баланың психикалық  дамуының оның тілінің дамуына байланыстылығы

1.1 Балалар бақшасында тілді дамытудың психологиялық мазмұны мен ұйымдастырылуы……………………………………………………………………………….5

1.2 Бала тілінің дамуының сөйлеу ортасын ұйымдастыру  деңгейіне байланыстылығы………………………………………………………………………………..9

ІІ Тарау  Тіл дамыту әдістемесінің психологиялық негіздері

2.1 Балалар бақшасында тіл дамытудың психологиялық әдістері

мен тәсілдеріне    жалпы түсінік…………………………………………………..13

2.2   Балаларға тіл дыбыстарын айту дағдыларын дамытудың

психологиялық негіздері……………………………………………………………23

2.3 Балабақшада тіл дамытудың психологиялық әдістерін  ойын

арқылы дамыту………………………………………………………………………………..26

Қорытынды…………………………………………………………………………………..30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………31

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Тіл дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін тәрбиеші топтағы барлық балалардың тілінің даму деңгейін жақсы білу қажет. Сонда кейбір балаларға ішінара бақылау, тексеру жүргізу арқылы бағдарламалық материалдардың қандай дәрежеде меңгеріліп жатқандығын, сабақ барысында қолданылып жүрген әдіс-тәсілдердің, дидактикалық ойын-жаттығулардың  тиімді-тиімсіздігін анықтай алады.

Зерттеудің мақсаты: Ана тілі пәні дұрыс жазу, сауатты сөйлеу ережелерін меңгерту үшін ғана жүргізілмейді, сонымен бірге, логикалық ойлауды дамыту үшін де қажетті құрал. Өйткені сөз дарындылығының өрістеуі ойлау логикасы мен байланысты. Өз заманында «Логикалық ойлау — логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны — логикалық сөйлеуді Отандық тіл ұстазы дамытуға тиіс», — деп көрсеткен ұлы педагог К. Д. Ушинский.

Зерттеу міндеті:  «Тіл» немесе «тіл дамыту» — пән аралық түсінік: ол лингвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану процесі — сөйлеуді зерттеуі осы жұмыстың зерттеу міндеті болып табылады.

Зерттеудің теориялық қолданымы: Психиканың бір жастық сатыдан екінші сатыға дамуы  танымдық процестердің, сөйлеудің сондай – ақ сезімталдық еріктік сфераның  жетілуін көрсетеді. Тілді дер кезінде және сапалы менгеру балада дұрыс психиканың қалыптасуының және оның кейін   жақсы   дамуының алғашқы аса маңызды шарты болып табылады.  Дер кезі дегеніміз бала дүниеге келген алғашқы күннен бастау, сапалы дегеніміз тілдік материал көлемінің жеткілікті болуы және баланың әрбір жас кезеңіне қарай тілді меңгеруге деген мүмкіндіктерін толық пайдалануы қажет

Зерттеудің практикалық қолданымы:  Бүгінгі таңда мектепке дейінгі педагогика саласында бала тілінің даму барысын тексеріп-зерттеу мәселесі толық шешілді деп айта алмаймыз. Көпшілік жағдайда әдістемелік еңбектерде бала тілінің дамуындағы кейбір кемшілік тұстарды ғана анықтауды басшылыққа алатын жекелеген әдіс-тәсілдер көрсетілумен шектелінуі, ал жалпы, мектепке барар алдындағы бала тілінің даму деңгейін қандай өлшемге сүйеніп талдау қажет екендігі, белгілі-бір жас кезеңінде бала тілінің дамуының шамасы осы деп есептеуге болатын көрсеткіштер жөнінде нақты мәліметтер жоқтың қасы.

І Тарау Баланың психикалық  дамуының оның тілінің дамуына  байланыстылығы

1.1 Балалар бақшасында тілді дамытудың психологиялық мазмұны мен ұйымдастырылуы

Баланың жасына қарай дамуы мынадай сатылардан өтеді: сәбилік шақ, ерте балалық шақ,  мектепке дейінгі шақ,  бастауыш мектеп жасы,  жеткіншектік шақ, бозбалалық шақ, есею.

Бала организмі  жасына қарай дамуыдың  әрбір сатысында белгілі бір дене өлшемімен және құрылысы мен әрі белгілі бір психикалық  мүмкіндіктерінмен ерекшеленеді.

Психиканың бір жастық сатыдан екінші сатыға дамуы  танымдық процестердің, сөйлеудің сондай – ақ сезімталдық еріктік сфераның  жетілуін көрсетеді. Тілді дер кезінде және сапалы менгеру балада дұрыс психиканың қалыптасуының және оның кейін   жақсы   дамуының алғашқы аса маңызды шарты болып табылады. Дер кезі дегеніміз бала дүниеге келген алғашқы күннен бастау, сапалы дегеніміз тілдік материал көлемінің жеткілікті болуы және баланың әрбір жас кезеңіне қарай тілді меңгеруге деген мүмкіндіктерін толық пайдалану.

Алғашқы жас сатысында баланың тілін дамытуға назар аудару маңызды, өйткені осы кезде баланың миы жедел өсіп, оның қызметі қалыптасады. Орталық нерв жүйесінің қызметі  оның табиғи қалыптасуы кезеңінде жаттықтыруға оңай бейімделетіндігі физиологтарға белгілі. Жаттықтырусыз бұл қызметінің тіл дамуы тежеліп, тіпті мәңгі тоқтап та қалады.

«Тіл үшін,—деп жазады профессор М. М. Кольцова,— дамудың мұндай «киын-қыстау» кезеңі бала өмірінің алғашқы үш жылы болып табылады: осы кезге қарай негізінен мидың анатомиялық сөйлеу желісінің жетілуі аяқталады, бала ана тілінің басты грамматикалық формаларын меңгереді, мол сөз қорын жинайды. Егер алғашқы үш жылында сәбидің тіліне тиісті қыруар күш-жігер жұмсауға тура келеді».[1. 25-28б].

Баланың қалыптасуы көбіне педагогикалық ықпал етуге және оның қаншалықты  ерте басталуына байланысты. Осыны ескере отырып, біздің елде балалар бақшалары (сәбилік және балабақша топтарымен) бастауыш, орта және жоғары мектептердің іргетасы, аса маңызды буындарынын бірі ретінде халық ағарту жүйесіне енгізілген.

Балалар бақшасы балалардың жан-жақты дамуын — дене, ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мәселелерін алдына мақсат етіп қояды, оны тілді үйрету процесі кезінде жүзеге асырады.

Ясли мен балалар бақшасындағы мектепке дейінгі сәбилер мен балаларды тілге үйретудің мазмұны, жұмысты ұйымдастыру мен оқытудың негізгі әдістері «Балалар бақшасындағы тәрбие программасында» анықталған.

Мектепке дейінгі жастағы және сәби баланың үйренген тілінің мазмұны сезім органы арқылы қабылданған, санасында көрініс берген қоршаған болмыс болып табылатындығы белгілі: оның өзі, денесінің бір бөлігі, жақын адамдар, өзі тұратын бөлмесі, ол тәрбиеленетін балалар бақшасының ішкі бөлмесі, аула, парк, жақын маңдағы «көшелер, қала адамдардың еңбек процестері, әлі және тірі табиғат. Мектепке дейінгі ересек балалардың сөзінің мазмұнына айналадағы адамдар, табиғат жөніндегі аламның парызын түсінумен байланысты этикалық ұғымдар, қоғамдық өмірдің құбылыстары, мерекелер кіре бастайды. Сондықтан «Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» тілді дамыту жұмысын балаларды айналадағы  ортамен таныстыру жөніндегі жұмыспен, сондай-ақ көркем әдебиетпен біріктіреді және осы жұмыстың формасын анықтайды. «Программада…» тілді оқытудың негізгі екі формасы аталған: біріншісі — тәрбиешінің балалар бақшасының басқа қызмет-керлерімен еркін сөйлесуі, әңгімелесуі арқылы балалардың   тілін   дамыту жұмысы, екіншісі — тілді дамыту жөніндегі арнайы сабақтар.

Балалар бақшасында баланың еркін сөйлеу: а) тұрмыста (таңертеңгі, кешкі жуыну, тамақ ішу т. б.), б) серуендеу кезінде, в) ойын процесі кезінде, г) айналадағымен танысқанда (қоғамдык өмірмен және жылдың барлық мезгілінде табиғатпен танысқанда), д) еңбек процесі кезінде (шаруашылық-тұрмыстьгқ, қол еңбегі, табиғатта еңбек еткенде),                   с) мерекелер мен көңіл көтеру кездерінде, ж) мынадай арнайы сабақтар кезінде: математнкалық, сурет салу, мүсіндеу, құрастыру, дене тәрбиесі, музыкалььқ сабақтарда қарапайым түсініктерді қалыптастыру кезінде болады. [3. 146-181б].

Еркін сөйлесіп тіл үйренуге, қарым-қатынас пен танысу, сондай-ақ өз мінез-құлқын басқара білу құралы ретінде тілді үйренуге баланы анағұрлым қабілетті ете түсу үшін үш жастан бастап тілді дамыту жөнін дегі арнайы сабақтар енгізіледі. Сабақ үстінде бала өзінің сөйлеу қимылын тәрбиеші көрсеткен үлгімен оның айтқан сөзімен (не істеу керек? және қалай істеу керек?) салыстыруға үйреніп, оқу іс-әрекетін басқа балалармен бірігіп орындай білуді үйренеді:түсін                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     діруді, әңгімені, музыканы бәрі бірге тыңдауды, суретерді диафильмдерді  бірге  көруді әңгімелесе білуді, дидактикалық ойындарға қатысуды, бірігіп ән салуды үйренеді; ол белгілі бір объектіге назар аударуға, өзін-өзі ұстай білуге, кезекпен сөйлеуге үйренеді. Сабақ үстінде балалар (болмыс құбылыстарындағы қарым-қатынастарды білдіретін жаңа сөздермен және грамматикалық формалармен бірге) жаңа білім алады, оқу жұмысын сөзбен ескерту мәліметтеріне сәйкес орындауға, өз жұмысын бағалай білуге үйренеді. Сабақтарда балаларды тәртіпті болуға үйретеді. «Программада,..» балалардың әрбір жас кезеңіне арналған баланың тілін дамыту жөніндегі арнайы сабақтардың мазмұны: «Айналадағымен таныстыру және тілді дамыту», «Табиғатпен таныстыру және тілді дамыту», «Тілді дамыту», «Көркем әдебиет», «Ана тілі» деген рубрикалармен беріледі.

Айналадағымен және табиғатпен таныстыру сабақтарында балалар бақылаған заттар мен құбылыстар, олардың  іс -әрекеті, белгілері, қарым-қатынасы «зерттеу» объектісін құрайды, ал тәрбиешінің, ата-ананың балалар көрген нәрсені атаған сөздері олардың лексикасын байытудың бірден-бір көзі олардың диалогтік және монологтік тілін дамытудын өзіндік күш берушісі болып табылады.

Көркем әдебиетпен таныстыру жөніндегі сабақтарда баланың тілін байытудың негізгі көзі көркем шығарманың тексі  болады (оны тәрбиеші балаларға оқып немесе әнгімелеп берді), ал тәрбиешінің тексті түсіндірудегі сөйлеген сөзі оған қосымша болып табылады.

«Балалар бақшасындағы тәрбие программасында» көрсетілген «Тілді дамыту» сияқты сабақтар балаларға өз сөзін «аңғаруға», оған объективті болып жатқан құбылыс ретіпде қарауға сөздің сапасын  бағалауға  бірте-бірте үйретуге  көмектесу мақсатын көздейді.

«Ана тілі» деп аталатын және мектепке дайындалатын топта ғана жүргізілегін  сабақтарда сауаттылықтың бастамасы беріледі.

1.2 Бала тілінің дамуының сөйлеу ортасын ұйымдастыру  деңгейіне байланыстылығы

Баланың сөйлеу тілінің  қызметі — ен алдымен мидың көптеген саласының үйлескен қызметінің нәтижесі. Мида «естіген сөзді ұғынады, онда дыбыстар мен тілдік дыбыстардың тіркесінің артикуляциялануы үшін қажетті озғалыс программасы қалыптасып,  осы жерден сөйлеу  бұйрық жолданады».  Атап айтқанда, сөйлеу мүшелері (ауыз куысы және мұрын, тіс, ерін, тіл, көмей, өкпе) —  бұл орталығы ми болып табылатын сөйлеу механизмінің атқару мүшелері; ми дамығанда баланың сөйлеу мүшелерінің бұлшык еттері де дамнды. Алғашында сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттері балаға көнбейді, ол ана тілінің дыбыстарын қиналып айтады, өсе келе ол барынша таза, сөз тіркестерін барынша еркін айтады, яғни ми, «сөйлеу бұлшық еттеріне бұйыру» салалары дамыған сайын, балада сөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерін еркін меңгеру қабілеті дамиды. [2. 18-19б].

Артикуляциялық мүшелердің қозғалуының  әсерінен сөйлеушінің  бұлшық етінің түйсінуі – бұл субъективтік қабылдаудағы «тіл материясы» болып табылады, ауызекі тілде  бұлшық еттің түйсінуге мұнан басқа елестету (образдарды)  түрінде қатысатын есту сезімі және іштей сөйлеуде жатады. Белгілі бір дыбыстардың комплексін сөз деп қабылдауда үйренген, яғни оны болмыстың белгілі бір құбылысы деп түсінген, бала сол сөзден есту және бұлшық ет түйсігін есте сақтап қалады. Бала әлі де болса өзінің артикуляциялық мүшелерінің меңгере алмағандықтан, ол ең алдымен сөзді (сөйлеуді)  естуді, ал одан кейін барып оны айтуды үйренеді. Алайда сөздің естілу образы мен оның  «бұлшық еттік» образы балада бір мезгілде пайда болады: алғашқы кезде «бұлшық еттік» образдың дәл болмайтындығы басқа мәселе. Белгілі бір сөздерді дұрыс айта алмайтын үш, тіпті төрт жастағы олардың дұрыс естілу образын білетіндігі   және ересектер мұны бұзып айтқанда аңғаратындығы белгілі.

Демек, әрбір адам үшін сөздің сезімдік негізі – бұл оның есту және бұлшықеттің (сөйлеу қимылының)  сезінуі. Физиологтардың мәліметте-ріне қарағанда, миға берілетін нақ осы сөйлеу қимылы миды (оның бел-гілі бір учаскелері)  сөйлеу органы ретінде жұмыс істеуге мәжбүр етеді екен.   Тәрбиеші үшін мына фактіні білу қажет. Баланы сөз дыбыстарын артиклдеуге просодемаларды модульдеуге үйрету керек, яғни оның «тілдік материясын» үйренуіне көмектесу керек, әйтпесе ол тілді үйрене алмайды. Бұл заңдылық. Жоғарыда артикуляциялық органдар – тіл, ерін, тіс, дауыс шымылдығы, өкпе, ал жазба тілді игеруге – қол, қалам ұстаған қолдың саусағы екендігі айтылады.  Бірақ қолдың саусақтары жазба тіл орган болып қана табылмайды,  сонымен бірге ауызекі тілдің дамуына да әсер етеді. Бағзы замандарда «алақай – ау, алақай!», «сауысқан», және тағы сол сияқты балаларға арналған күлдіргі өлеңдер шығарған, халық арасынан шыққан талантты адамдарға  саусақтардың бұл ролі өте ертеден-ақ белгілі болған; бұл өлеңдерде анасы күтуші кісі баланы саусақпен жұмыс істеуге талпындырған.

Соңғы жылдары физиологтар жасаған эксперименттер баланың саусаңы сөйлеу қимылының мүшесі ретінде роль атқаратындығын дәлелдеді және бұл құбылыстың себептерін түсіндіреді.

Сонымен халықтық күлдіргі өлеңдерді жасаушылар тәжірибесі мен  оны дәлелдейтін ғылыми эксперимент балаларды  дұрыс сөй-леу қимылына үйрету керек екендігін, ал сөйлеу қимылына ынта-ландыруға қол саусағының нәзік қимылын жаттықтыру көмек-тесетіндігін көрсетеді. Бұл білімді тәрбиеші балаға тіл үйретудің  тәсілін тыңдағанда (немесе жаңасын жасағанда) пайдалануы керек.  [4. 85-91б].

Балалардың тілін дамытуда олардың тыныс алуын дұрыс жолға қою маңызды роль атқарады. Әрине, сөз дыбыстары просодемалар артикуляциялық органдардың белгілі бір қалыпты жағдайында, бірақ міндетті түрде өкпеден шыққан ауа толқыны артикуляциялық органдар арқылы өткенде ғана пайда болады. Ауа толқыны алдымен тыныс алуға арналған демек, бала бір мезгілде тыныс алуға да, сөйлеуге де үйренуі керек. Алғашқы жылдарда бұл оңай емес, міне, осы жерде кәсіби білімі бар тәрбиеші көмекке келуі керек. Тәрбиеші сәбилерге арнап тартымды ойын ұйымдастыра алады (мысалы, «Үлпілдекті үрлейік». «Қөңілді дауыспен қүлейік»), ол ойын балалар үшін байқалмайтын маңызды оқу жұмысына айналады. Сөйлеу аппаратын жаттықтыру әр түрлі эмоциялық жағдайда және сайып келгенде сөздің стильдік дифференциясы дағдыларын білдіру үшін дауыс модуляциясын дамытуға көмектесуі керек. Балалар, тіпті 7 жасында, әрине, «стиль» деген терминді әлі тіпті білмейтін кездің өзінде-ақ, сөздің дыбыстық жағының стилистикалық айырмашылығын (эмоциялық бояуын) түсіне бастайды. Жоғарыда айтқанымыздай, баланы сөйлей білу стиліне үйрету, сонымен бірге оның бойында мінез-құлық этикалық нормасын тәрбиелеу болып табылады. Мәселен, «Балалар бақшасындағы тәрбие программасы» үш жастағы  бала үшін «сыпайы амандасуды, қоштасуды, алғыс айтуды өтініш жасай білуді» қарастырады. Әлгі айтылған мағынадағы сөздер сыпайы интонациямен айтуды талап етеді, бала оны ересектердін сөздерінен естіп, оған ой жүгіртіп еліктеуге үйренуі тиіс. Айналасындағы ересек адамдарға деген баланың ықыласы, достығы мейірімділігі сол адамдардың іс-әрекетін олардың, сөйлеу интонациясымен салыстыра алатын және олардың ісі мен интонциясына еліктей алатын мүмкіндігі болса ғана дамиды. Әрине балаларға «жағымды» интонацияны «жағымсыз» интонциямен салыстырғаннан кейін ғана түсінікті болады.

Жағымсыз сезімнің  немесе мінез-құлықтың қасиетін білдіретін интонацияларды тәрбиеші сәбилерге, мәселен, «қара ниет  күштің» өкілдері әрекет ететін әлде бір ертегіні инсценирозкалай отырып көрсетуте тиіс, өйткені олардың сөздері арқылы дөрекілікті қатыгездікті, сараңдықты және т. б. ести алады —  мұның бәрін балалар «жаман» ретінде қабылдайды да, бұған  еліктегілері келмейді. [8. 48-54б].

ІІ Тарау  Тіл дамыту әдістемесінің психологиялық негіздері

2.1 Балабақшада тіл дамытудың психологиялық әдістері

мен тәсілдері және олардың түрлері

Ана тілін үйренудің заңдылығы бірқатар  қабілеттердің  дамуы процесінде ішкі сезім арқылы жүзеге асырылады. 1) өзінің сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабілеті— сөздің дыбысын артикулдеу, интонация элементтерін, просодемаларды модулдеу және оларды есту; 2) дыбыс комплекстері мен интонацияны тілден тыс шындықпен салыстыру қабілеті, яғни оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну; 3) сөздің мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни  оларды бағалау; 4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез-құлқын тәртіптеу процесінде сөздің мағы-налық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабілеті. [2. 74-80б].

Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланың тілі неғұрлым тезірек байиды және оның психнкасы жан-жақты дамиды. Лингвзистикалық-дидактикалық принциптерге құрылған тіл үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді дамытуды жеделдетудің негізгі шарты болып табылады.

Оқыту әдісі  деп білімді бір адамнан екінші а д а м ғ а б е р у мақсатымен орындалатын үйренушімен үйретушінің іс — әрекетін  ай тады.

Мектепке дейінгі кезеңдегі тілдің дамуына мынадай практикалық әдістер тән: еліктеу әдісі, сөйлесу (әңгімелесу) әдісі, қайталап айту әдісі, әңгімелеп беру (кұрастыру) әдісі.

Еліктеу әдісі

Еліктеу әдісінде үйретуші мен үйренуші екеуі де бір сөзді, бірақ әр түрлі етіп айтады: үйретуші ересек адамдармен сөйлескендегіден гөрі біршама қарқындырақ, сөзінің дыбысын артикулдеп және сөзінің дауыс ырғағын мәнерлеп сөйлейді, ал үйренуші тыңдайды да, қайталайды, оның сөзіне еліктейді, сөйлеу қимылын үйренуге (дауыстын артикуля-циясы мен модуляциясы) және мағынасын түсінуге тырысады (затты, қимылды және т. б. көрсететін дыбыс комплекстерінің мәліметін салыс-тырады). Мұндайда тәрбиеші үшін орфоэпиялық норма денгейінен төмен түспеу және баланың сөзіне еліктемеу («сақауланбау», «шолжаң-дамау») аса маңызды.

Бұл әдісті (колдануды сәби шағынан бастап, кейінгі шақтарда (тек балалар бақшасында ғана емес, мектепте, тіпті есейгенде де) жалғастырып отырады.

Еліктеу әдісіне үйрену тұрмыстық іс-әрекеттерді атқару кезінде, айталық, баланы шомылдыру кезіндегі баламен қатынас процесінде еріксіз түрде болуы мүмкін.

Еліктеу әдісі бұдан гөрі ересек балаларды тілге үйрету кезінде кез — келген ойын үстінде пайдаланылады.

Заттармен ойын ойнау кезінде балалар оларды бір орыннан екінші орынға ауыстырады, лақтырады, көрсетеді, итереді, шұқылап көреді, бұрайды, заттарды бақылайды және олардың сақасын, қимылын атайды. Мұнда да тәрбиеші баламен сөйлесуге, оны жетелейтін сұрақтар беруге тиіс. «Мынау қандай шар? Кішкентай ма? Көк пе?» «Мына машина жүре ме? Әлде тоқтап қалды ма? «Автомобиль қалай белгі береді? Паровоз ше? Пароход ше?» — деп сұрайды ересек адам. Бала жауап бере отырып тәрбиеші сұрағанда айтқан сөзді қайталайды: «Кішкентай», «Жүреді», «Би-би!», «Ту-ту!», «Гу-у-у!». Сол арқылы баланың лексикасы кеңейе түседі.

Баланың «құрылыс салуына» көмектесе отырып, тәрбиеші құрылыстың затын, оның бөлшегін атайды, құрылыста нәтижеге жетуге қажетті өзінің   іс — әрекетін   атайды.

Мысалы, бала ересек адамның көмегімен «конструктордың» тетіктерінен машина құрастырады.

—    Леня, біз не құрастырамыз? Автомобиль ме?  Қандайын?  «Волганы ма?» немесе жүк машинасын ба?

—    Жүк машинасын,

  • Алдымен бізге доңғалақтар керек. Леня, доңғалақтарды бере қойшы. Сен не әкелдің?
  • Доңғалақтар… Әкелдім.
  • Өте жақсы. Міне, рамасы. Кел, раманы доңғалақтарға коялық. Енді кабинасын орнатайық…

Осылайша ізденіп, мотор, капот, руль, қорап өз орындарына орнатылады. Өзі құрасгырған автомобильдің бөлшектерін, өзінің істеген іс-әрекетін айта отырыпқ бала тәрбиешінің сөзіне еліктейді.

Сюжетті драмалық—рольдік, «режиссерлік» ойын процесінде тіл дамыту үшін қолайлы жағдай ерекше көп болады.

Рольдік ойында бала ересек адамдардың өміріндегі өзі байқаған немесе әнгімелерден білетін, есінде қалған әр түрлі жағдайларды қайталайды: «мамам балаларды тамақтандырып  отыр», «тракторшы жер жыртып жүр», «электр монтері немесе газ жөндеуші, немесе сантехник тұрғындардың шақыруымен үйге келді», «мұғалім мектепте балаларды оқытады» «космоновт айға ұшады» және т. б. Бала ересек адамның қимылында сол қимылмен айтылатын сөзін де қайталайды.

«Режиссерлік  ойында бала өзі роль алмай, оны осы оқиғаға қаты-сатын ойыншыктарға бөліп береді; сюжеттерді — балалар бақшасы, аэродром, зоопарк, парад, ұрыс және с.с. балаға оның өмірлік тәжірибесін ескере отырып, тәрбиеші айтып береді.

Сюжетті  ойындар үйренген тілдік материалды бекіте түсуде   тамаша жаттықтыру болып   табылады.   Балалар   алдарына әдейі белгілі бір өмір жағдайында айтылған ересектердің сөзін немесе ертегі кейіпкерінің сөзін дәл қайталап айтуды мақсат етіп қояды. Қимыл ойындары, ойындар әдетте балалардың тілін жаттаған әзіл-оспақпен, әндермен, санамақтармен байыта түседі. Жаттау тәрбиешінің сөзіне еліктеу процесінде жүргізіледі, тәрбиеші балалармен бірігіп ойнайды және алдынан әзіл-оспақты, санамақты өзі айтып, өлеңді де өзі әңдетеді. Бала-ның ойын кезіндегі сөйлеу мөлшері оның жас шамасына байланысты. Мысалы, балалардың бірінші жылында ойнайтьгн «Алақай — ау, алақай!» ойыны ересектердің сөзбен сүйемелдеуімен ғана ойналады,  бала оның тек қимылына ғана еліктейді (алақанын соғады, қолын басына қояды т. с). Үш жасар балалар «Қарағай» ойынын ойнағанда, тәрбиешімен бірге ән салып қана қоймайды, сонымен бірге тәрбиешіге ілесіп ойынның ережесін: «Бәріміз шеңбер жасап тұрайық».  Қолдан ұстасайық». Айналып жүрейік! Бәріміз де отырайық! Аяқтың ұшына тұрып, қолдарымызды көтерейік! Шеңберді кеңітейік!. Шеңбер жабық болсын!» —деп қайталайды. Ересек балалар қимыл ойындарын өз беттерімен ойнай алады, рольді жеребе тастау, санамақ оқу арқылы бөліседі. [5. 105-108б].

Оқыту тәсілдері

Жоғарыда көрсетілген мысалдар оқытудың бір әдісімен еліктеу әдісімен келтіріледі. Бірақ әр жағдайда бұл әдіс әр түрлі.

Белгілі бір әдістің қолданылу вариантын, сол әдісті құрайтын негізгі іс-әрекетке оқу дидактикалық материалдың сипатынан туындайтын қосалқы іс-әрекеттің енгізілуін тәсіл   деп   атаймыз.

Сонымен, еліктеу әдісін жүзеге асыратын тәсілдер мыналар болуы мүмкін:

1) айналадағылармен танысқанда нақты затты бақылау— жоғарыда айткан жағдайда, сәби өз қолына қарайды, анасының қолын бақылап, оған ілесе қайталайды, оның сөзіне еліктейді;

2} ойындар: біздің байқағанымыздай, ойын үстінде баланың тілі жаңа лексикамен толығып қана қоймайды, сонымен бірге ол жаңа сөз формасымен де байиды «электр монтері», «қонаққа бару» ойыныңда балалар зат есімді менгереді. «Қызыл Телпек пен сұр қасқырды» ойнағанда, балалар диалог сөздерді байланысгыруға үйренеді.

3) сөз үлгісіне сүйену (сөзді елестету):  тәрбиеші айтқан сөздерді балалар  кайталайды.

Сонымен, біз үйретуші мен үйренуші бір сөзді айтатын  еліктеу  әдісімен таныстық, бірақ үйретуші қалай  сөйлеу керек екендігі жөнінде үлгі көрсетеді ал үйренуші оны дәлме-дәл қайталайды, оған еліктейді.

Сөйлесу (әңгімелесу) әдісі

Бала үшін орындалуы анағұрлым қиыны оның тілін үйрету әдісі — сөйлеу  әдісі, мұны қосымша сұрау мен жауап әдісі, әңгімелесу әдісі деп те атайды.

Әңгімелесу әдісі үйретушінің сұрануынан, ал үйренушінің  жауап беруінен тұрады. Демек, олардың екеуі де сөйлейді,  бірақ  сөзді емес (еліктеу әдісіндегідей), әр түрлі сөздер сөйлейді: үйретуші өзінің сұрағымен баланың өзіне таныс сөздерді, дыбыстарды грамматикалық формаларды немесе дәнекер тексті еске түсіруге және оны орнымен қолдануға итермелейді.

Нақты затқа  немесе  суретке сүйену тәсілі дидактикалық ойындармен, яғни оқытуға арнайы арналған ойындармен шектеседі. Ересек адамдар балаларды белгілі бір ойынның ережесімен таныстырады.  Содан соң олардың өз бетімен ойнауларына мүмкіндік береді. Кез келген дидактикалық ойында баланың  тілін дамытатын үлкен мүмкіндіктер бар: өйткені дидактикалық ойын арқылы берілетін кез келген білімді бала ойлеу түрінде үйренеді. Бірақ баланың сөйлеу тілін дамытуға арнайы арналған дидактикалық ойындар да  бар,— бұл сөйлеу түріндегі дидактикалық ойындар.Бұл   ойындар   мынадан   тұрады:

  • балалар белгілі дыбысқа сөз ойлап табады:
  • ересек адамның суреттеп айтып беруімен заттардың атны оңай атап, оңай жұмбақтарды шешеді.

3)  балалар бұрыннан білетін жұмбақтарды айтады немесе өздері жұмбақ ойлап табады.

Дидактикалық ойынның басты ережесі балалар жұмбаққа арқау болған затты көруі (ал ең дұрысы қолымен ұстап, иіскеп, дәмін татып көруі,  егер ол дыбыс шығаратын болса, тыңдауы) керек.

Балалардың жас мөлшеріне қарап жайылма сөйлемнің құрылысын, мәселен тікелей толықтырылатын қос құрылымдық сөйлемді игеруі үшін түрлі тәсілдерді (әнгімелесу әдісін) пайдалану керек.

Бес жастағы бала  үшін сөзбен елестетуте сүйену ( сөйлесу әдісі)  тәсілі.

Төрт жастағы баламен жұмыс істегенде бұл міндетті шешуді суретке сүйену тәсілін қолданып  (сөйлесу әдісі)  жеңілдету қажет.

Адам мамандығын толық бейнелейтін суреттердің жиынтығы  керек: пеш жанында тұрған аспаз, күрек ұстаған бақшашы және т.с.

Алты  — жеті жастағы  балалармен жұмыс істегенде, біріншіден, күрделі синтаксистік форма берілу (сөйлемде оңалталанған мүшелерді пайдалану немесе күрделі сөйлем құрау), екіншіден, лексиканың ауқымы кенейтілу арқылы сөйдесу әдісі күрделілендіріледі.

Байланыстыра сөйлеуге жаттығу үшін тәрбиеші тақырыпты белгілеп, осы тақырыпты дамытатын бірнеше сұрақ қойып жоспардың пункттері), балалардың тілін дамытуды ұйымдастыра алады.

Төрт — бес    жастағы    балаға   сұрақтың   бәрін    бірдей қоймай, бір-бірлеп қойып, оны екеу ара әңгімеге шақыру керек.

Сонымен, сөйлесу   әдісі — бұл   үйретуші   үйренушіні   өзінің сөздік қорын орынды пайдалануға және сол арқылы тілін жетілдіре түсуге үйрететін әдіс. Сөйлесу әдісі еліктеу әдісінің тәсілдерімен (нақтьг объектілерді бақылау тәсілімен, суретке, сөз үлгісіне сүйену тәсілмен, әр түрлі ойлы түрлерінің тәсілімен), сондай-ақ әр түрлі   сұрақ-тапсырма   тәсілін   қолдану   арқылы орындалады.

Сөйлесу әдісін — теориялық материалды берудің бір тәсілі болып табылатын әңгімелесудің мектептік әдісімен шатыстыруға болмайды, сөйлесу әдісі ережесіне қарай практикалық әдіс екендігін аңғарамыз.

Қайталап айту әдісі

Мектепке дейінгі бес-жеті жастағы бададарды, жоғарыда айтылған  тілге  үйрету әдістерінен басқа, қайталап айту әдісімен  де  үйретеді, ол балалардың сөзін тілдін барлық компоненттерімен (лексикамен, грамматикалық формалар мен интонациямен) байытатын, олардың байланыстырушы сөздерін жаттықтыратын кайталап айту әдісімен сөйлеуге үйретеді.

Қайталама айту әдісінде тәрбиеші балаларға көркем әдеби шығарманы оқып береді (айтып береді) немесе серуендегенде, экскурсияда болғанда өздері көрген нәрселерді олардың есіне салады, немесе «өз өмірінде болған оқиғаларды» айтып береді (баяндайды), немесе балалар көрмеген әлде бір затты, хайуанатты сөзбен суреттеп айтады, содан соң оларды: 1) тәрбиешінің әңгіме айтуы барысында сұрақ қоюға, 2) оның әңгімесін (өз жолдастарының біріне немесе үйдегі ересек адамдар үшін) қайталап айтып беруге ынталандырып отырады.

Қайталап айту әдісі еліктеу әдісіне ұқсас. Бұл әдістердің арасындағы айырмашылық мынада: тәрбиеші оқып болысымен-ақ текстің кейбір жерін бала қайталайды (еліктейді); жуықта естіген текстің мазмұнын бала мүмкіндігінше айтып береді; баланың тексті қабылдауы мен оның мазмұнын қайталап айтуы арасында біршама уақыт етуі кажет.

Балаларды көркем әдебиетпен таныстыруға байланысты методикада қайталап айтудың көптеген тәсілдері бар, мысалы: сүйікті кейіпкерлерін ойнау, ертегілерді, әңгімелерді және т. б. сахнада көрсету.

Құрастыру (әңгімелеп беру) әдісі

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілінде құрастыру (әнгімелеп беру) әдісіне кең дербестік беріледі. Оның мәні мынада: балалардың ертегілерді өз бетінше құрастыруын, олардың өз өмірлерінде кездескен нақты жағдайларды әңгімелеп беруін, оқылған көркем әдебиеттегі тақырыптарды араластырып айтуын, картинкаларды, нақты объектілерді— заттарды, хайуанаттарды, өсімдіктерді — суреттеуін тәрбиеші көтермелеп отырады.

Практикалық әдіс пен тәсіл ұғымы

Балаларды ана тіліне үйретудің жоғарыда келтірілген әдістері баланың тіпті өліп арнайы оқытып жүргенін аңғармай, тілді ішкі сезім арқылы игеріп, табиғи қарым-қатынаста үйренуін көздейді. Мұндай әдіс үйретудің практикалық әдісі деп аталады, оның теориялық әдістен айырмашылығы сол, мұнда балаларға және жас өспірімдерге лингвистика — тіл туралы ғылым жөнінде мәлімет беріледі. Теориялық әдіспен  балалар мектепте, ана тілін іс жүзінде меңгергеннен кейіп ғана танысады.

Болашақ тәрбиеші үшін балалармен — жеке және бір топ баламен — бірден (яғни алдын ала дайындалмастан) мазмұнды (өрістейтін) әңгіме жүргізе білу дағдысы кәсіби шеберлік болып табылады. Бұл дағдыға олар тиісті методиканы үйрену — практикалық әдістерді меңгеру нәтижесінде не болады. Балаларды әңгімеге шақыру, байланыстырып әнгімелеу шеберлігінің дағдыға айналуы да осылайша жүзеге асырылады.

Тәрбиеші балалармен мазмұнды әңгімеге кірісіп кетуте даяр болуға тиіс:

тұрмыстық істер процесінде (балалар бақшасында ертеңгісін кездескенде; тамақ ішуге әзірлеу кезінде; қол жуатын жерде; тамақ ішу кезінде; ұйықтауға дайындалғанда; оған тұрмыстық және басқа тапсырмалар беруде т. б.);

серуендеу және экскурсияда; ойын кездерінде;

суреттерді, диапозитивтерді, кодопозитивтерді қарағанда;

көркем әдеби шығармаларды оқып, талқылауда, еңбек процесінде және т.б.

Оқытудың практикальгқ әдістері — еліктеу, сөйлесу (әнгімелесу), қайталап айту, әңгімелеп беру (құрастыру) және осы әдістермен жұмыс істеу тәсілдері: нақты объектілерге сүйену, ойындарға (заттық, сюжеттік, қимылдық, дидактикалық) сүйену, иллюстрацияларға (картинкаларға, диапозитивтерге немесе кодопознтивтерге) сүйену, тәрбиешінің сөз үлгісіне, магнитафоннан жазып алғанған грампластинкаға немесе кинолентаға және т. б. сүйену балаларға тіл үйретуде аса тиімді. Өйткені ол тіл үйренудің табиғи процесінің заңдылықтарын ескере отырып жасалған, бұл процесті бұзбайды, қайта оны неғұрлым интенсивті, сөйлеу  жұмысын дене, бұлшық ет және ішкі, интеллектуальды, эмоциялық жұмысын көбейте түседі. [6. 97-101б].

2.2   Балаларға тіл дыбыстарын айту дағдыларын дамытудың

психологиялық негіздері

Логопедтер сөз дыбыстарын олардың айтылуын қамтамасыз ететін артикуляциялық (дыбыс шығарушы) органдардың жұмыс істеу сипатына қарай былайша бөледі: а) «ерте — онтогенез» дыбыстары (онтогенез дегеніміз бала организмінің жеке дамуы): дауысты [а], [о], [у], [и] және дауыссыз [м], [п], [б], [т], [д] [н], [г] [х], [й], [с ] дыбыстар;                      б) «орташа онтогенез» дыбыстары: дауысты [ы]; меңгерілген дауыссыз дыбыстарды ұяңдығы және қатаңдығы бойынша жіктеу; [л] сардык дауыссыс дыбыстарды үндендіру. в) «кейінгі онтогенез» дыбыстары: тілдің алдының көтерілуін қажет ететін  р, ш, ж, щ, дыбыстары, л, ц  дыбыстары.

Сөз дыбыстарын бұлайша бөлу баланың белгілі бір артикуляцияны меңгере алатын жас мөлшерін де көрсетеді. Сөз дыбыстарының осылайша бөлінуіне орай түрлі жастағы балаларға арпап дыбыс жаттығуларын жүргізу белгіленеді.

Сөйлеу  кабілеті ойдағыдай дамып келе жатқан (сөйлеу әрекетінің дамуына логопедтердің араласуы қажет емес) балаларға арналған артикуляциялық жаттығулар баланы дұрыс айтуға үйрететін дыбысты қамтитын сөздер мен   сөйлемдерді   олардың  дауыстап айтуынан тұрады. Жаңылтпаштар мен белгілі біріңғай дауыссыз дыбыстар қайталанып келіп отыратын өлеңдер бұл жерде дидактикалық материал қызметін атқарады. [7. 35-46б].

Тәрбиешінің дыбыстарды дұрыс айтуына еліктеу жаттығудың негізгі  әдісі болып табылады. Дыбыстардың айтылуына тікелей еліктеу (дыбыстарды дұрыс айту процесінің өзі балаларды қызықтырады, олар мұны тартымды ойын ретінде түсінеді, немесе  «бал арасы», «лақ», «тышқан», «барабаншылар» сияқты рольдік ойындар ойнау тәрбиешінің, сөз дыбыстарын айтуын имитациялау (еліктеу) тәсілдері бола алады. Барлық артикуляцияларды пысықтау жұмысы көркем шығармаларды оқу және қайтып айтып беру, тақпақ жаттау сабақтары да жүргізіледі.

Балаларға дауысты (ы-дан басқа) және дауыссыз м, п, т, г, х, с дыбыстарды айта білуді үйрету жөніндегі алғашқы жаттығулар кезіңде осы жастағы балалар әлі де айта алмайтын дыбыстар міндетгі түрде кездеседі, тәрбиеші бұған олардың назарын аудармауы тиіс бұл кезде балдырыңқылар «кейінгі онтогенез» дыбыстарын өздері айтып үйренген дыбыстармен алмастыратын болсын. Егер бала «қиын айтылатын» [ш] дыбысын [с] дыбысымен алмастырып айтатын болса, мысалы, «аш» деудің орнына «ас» десе немесе қатаң және ұян [з], [е], [б] — [п], [д] — [т], [л] — [й] дыбыстарын және т. с. с. шатастыратын болса, яғни «папа» деудің орнына «бапа», «паба». ал «алқа» деудің орнына «алма» десе, оны түзетудін қажеті жок.

Дауысты дыбыстарды айтып үйрену жөніндегі жұмыстар екі және үш жастағы балалармен, кейде тіпті бұдан кейінгі жылдары да жалғастырыла береді. Мектеп жасына  дейінгі балаларда дауысты дыбыстарды айтып үйренуге едәуір ұзақ тыныс шығару  арқылы машықтандыру керек. Мұндай жаттығуларды тыныс алу органдарын машықтандырумен байланыстыру пайдалы болады. Сөйлеу кезінде тыныс шығару процесін ұзарту мақсатындағы тыныс алу органдары жаттығуларын «Гүлдерді иіскейік», «Бөлме ішінде ұшыру үшін мамықты үрлейік», «Қолыңыз тоңса, демімізбен жылытайық», «Сабын көпіршігін ұшырайық» сияқты қарапайым сюжеттік ойындар ретінде өткізу ұсынылады. Сондай-ақ ерін мен тілге арналған жаттығуларда да келтіреміз. [9. 155-160б].

Ерін жаттығулары:  «Екі   ұртты   да   томпитып алыңдар да бұдан соң алдымен біреуін,   кейін   екіншісін   саусақпен басыңдар; «Еріндерінді сүйірлеп алындар да сонынан тістеріңді көрсете      отырып,     бірден    тез    күліңдер»;  «Атты тоқтатыңдар: «Дырр-р-р».

Тіл жаттығулары: «Мысықтың сүтті қалай тілімен жалап ішетінін керсетіңдер», «Ұрттарыңа тілмен «ине салындар», «Тілдеріңді тақылдатындар». Екі жасар балалармен дауысты дыбыстарды айтып үйрену, жаттығулары енді ойын түрінде жүргізіледі. Мысалыға, мынадай  рольдік ойындарды қарастырайық:

Кішкентай қыз: «А-а-а-аа-аа-а»,— деп жылайды.

Тышқан: «И-и-нц-ии».— деп күледі.

Аю: «Э-э-э э-э-э»,— деп ашуланады.

Қасқыр екінші қасқырды: «У-у-у-у-у»,— деп шақырады.

Бұлан: «О-о-о-о-о»,— деп орманды басына көтереді.

Бөбек: «Уа-уа-уа-уа-уа»,.— деп жылайды.

Балалар тоғайда біріне-бірі: «Ау-зу»,— деп дауыстайды.

Егер «ерте онтогенез»  дыбыстарын қалыптастыруға арналған дидак-тикалық материалды «орташа» немесе «кейінгі онтогенез» дыбыстарды ұшыратын болса, тәрбиеші балалардың оларды міндетті түрде дұрыс айтуын талап етпеуі тиіс, олар «Бала» деудің орнына «Байа» деуі мүмкін және т.с.с.

2.3 Балабақшада тіл дамытудың психологиялық әдістерін  ойын

арқылы дамыту

Ж дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстырғаннан кейін басқа дыбыстардың ішінен Ж дыбысын айыра білуге жаттығулар жасату керек. Ол үшін бірнеше дыбыстар айтылады да, солардың ішінен Ж дыбысы естілгенде, балалар қолдарын шапалақтайды. Мысалы: п-б, с-ж, л-ж, қ-ғ сияқты дыбыстарды буын ішінде (на-са-жа-за-ла-жу-жы) ажыратқызу.

Айтылғандардың ішінен Ж дыбысы бар сөйлемдерді  балалар естеріне сақтап қалуы тиіс: кітап, қағаз, журнал, таға, жаға, жіп.

Ж дыбысын буын ішінде келтіру.

Жа-жа-жа-жалау

Жө-жө-жө-жөке

Жо-жо-жо-жол

Жу-жу-жу-жусан

Жә-жә-жә- жәшік

Жы-жы-жы-жылан

Жи-жи-жи-жиек

Ж дыбысын әуелі сөз, содан кейін сөйлем ішінде келтіріп жаттықтыру:

жапалақ, жұлдыз, жаңбыр, жылқы.

3-Ж дыбыстарын жұмбақ, анаграмма, сюжетті суреттер арқылы да пысықтауға болады.

Ішіне тамақ салынған,

Есігі тастай жабылған.  (Жұмыртқа.)

Шешесі — су, әкесі — суық. (Мұз.)

Қос қолы жоқ, көзі жоқ,

Сурет салар өзі көп (Аяз.)

Түнде бармын, күндіз жоқпын. (Жұлдыз.)

Ж-дан бастасаң,

Жыл мезгілі болады.

Қ-дан бастасаң

Құсқа айнала қалады. (Жаз-Қаз.)

Балалар т-д дыбыстарын айтып үйренгеннен кейін, естілуін айыра білуге жаттықтырылады. Т дыбысы бар буынды естігенде балалар қолдарын шапалақтайды. Та-те-ту-ты-то-ти.

«Қораз бен Ораз» тақпағын IV мәнерлеп оқи отырып та, Р дыбысын дұрыс айтуға машықтыруға болады.

Ұмтылса қораз,

Қашады Ораз.

Шақырса қораз,

Жылайды Ораз.

Ораз бен қораз

Осылай араз.  (Н.Жанаев.)

Қ   дыбысын   буын   ішінде келтіріп қайталау:

қа -қа -қа -қалам

қо-қо-қо-қоян

қы-қы-қы-қылыш

қү- құ- құ- құлан

қи- қи- қи- қияқ

қу- қу- қу- аққу

Қ дыбысын сөз ішінде келтіріп қайталау:

Қоян      қала        бақа    тауық

Қасық     қылыш    сақа      асық

Қайық     қайшы     ақыл астық

Қоңыз        қалам     оқу     құлақ.

Ғ дыбысын буын ішінде айыра білуге жаттықтыру: ға-қа-ка-ла-ғы-қи.

Ғ дыбысы бар сөздерді тауып айтқызу: Ғалым, доға, қағаз, жаға, сағыз, балға.

Ғ дыбысын буын ішінде келтіріп қайталау:

ға-ға-ға-жаға

ғи-ғи-ғи Сағи

ғу-ғу-ғу-бұғу.

ғы-ғы-ғы- бұғы

Ғ дыбысын сөз ішінде келтіріп қайталау:

Ғалым қолғап

Тоғай   шаңғы

Сағыз  торғай

Саға      таға

Балға   қағаз.

Ғ дыбысын осы дыбыс бар сөздерден жасалған сөйлемдерді оқу арқылы меңгерту: Ғалымжан шаңғы тепті. Торғай су ішті. Менде сағыз бар.

Қ-Ғ дыбыстарын тақпақ, жұмбақ, жаңылтпаш ішінде бекіту.

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.

Боран соқса, қор болар,

Бұтаға келіп қорғалар.   (Халық өлеңі).

Жұмбақтар

Көрдім мен терезеден өрнекті,

Біреу қолмен жасағандай  көрнекті. (Қырау).

Асты тас, үсті тас,

Ортасында жанды бас. (Тасбақа).

Шеңбер жасап өседі,

Желмен бірге көшеді. (Қаңбақ).

Бұрап қойған сағаттай,

Айқайлайды таң атпай. (Әтеш).

Балаларды   Л   дыбысының естілуін    айыра білуге жаттықтырғанда л дыбысы бар немесе жоқ буындарды айтып, соның ішінен іздеген дыбысты табады. Тапқандағы белгі — қол шапалақтау: ла-ла-ла-ба-та-па-ла- са-ла. [8. 44-45б].

Л   дыбысы    бар    сөздерді естерінде      сақтауға жаттықтырғанда  тәрбиеші (мұғалім) бірнеше сөздер айтады. Ал балалар зейін қойып тыңдап отырып, л дыбысы кездесетін сөздерді ойларында сақтап қалып, сұраған кезде айтып беруге тиіс. Мысалы: лақ, қой, лашын, тауық, лимон.

Л     дыбысын   буын  ішінде келтіріп     айтқызуға      мына жаттығуды пайдалануға болады.

ла- ла- ла- ала      ол- ол- ол- жол

лу- лу- лу- алу     ал- ал- ал- мал

лы- лы- лы- жылы  ол- ол- ол- қол

ли- ли- ли- лимон    ал- ал- ал- тал

Л дыбысының сөз ішінде келуіне берілген мысалдар:

Лақ жол   көйлек    бала

Лашын   қол   қолған  балық

Қала    тал   алма,  құлын

Дала  мал     көбелек      гүл

Құрамында л дыбысы  бар сөйлемдер:   Лай суда   балық болмайды. Лақ ойнақтап жүр.

Тақпақ айтқызу арқылы л дыбысын пысықтау:

Ақ лақ маңырап,

Анасын іздейді.

Фатима таңырқап,

Тиді екен кім дейді?

Қорытынды

«Тіл» дегеніміз белгілі бір ұлттың ішкі заңдылықтарын қалыптасып, жүйеге түскен қатынас құралы екені белгілі. Ал даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсіндіреді. Психика (сөйлеу) даму үшін жаңа мен қатар бұрыннан қалыптасқан негіздер болуы шарт. Қазақтың көрнекі психологы М. Мұқанов психиканың дамуында көнеден қалған негізді инвариант (лат — өзгерілмейтін) оған тіректелетін жананы «өзгерілгіш» деп атады.

Бұл туралы М.Мұқанов былай дейді. «Психика үнемі өз-
геріске ұшырайды, бірақ оның құрамы бәрі бірдей өзгермейді,
оның көп және аз мөлшерде дамуға ұшырайтын қасиеті бар.
Сонымен қатар, аз өзгерілетін қасиеттері (инвариант) психи-
калық дамудың тірегі және негізгі шарты болып есептеледі».

Тіл дамыту мәселесінде де осыны айтуға болады. Яғни баланың сөздік қоры игерген тіл единицаларының негізінде (су, сушы, сулық суару) молаяды. Тілді меңгеру сөз мағынасын білумен шектелмейді, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды қатесіз тану үшін адам санасында белгілі бір ұғымдардың пайда болуы талап етіледі. Ұғымдарды ұғынуда бүтін логикалық ойлау операциялар жүйесі түзілген, адам соның жәрдемімен белгілі бір ұғымға қатысты зат не құбылысты және олардың арасындағы айырмашылықтары мен ұқсас қасиеттерін дұрыс айырады. Мұнсыз тілде ойлану мүмкін емес.

Ана тілін үйренудің заңдылығы бірқатар  қабілеттердің  дамуы процесінде ішкі сезім арқылы жүзеге асырылады. 1) өзінің сөйлеу органы бұлшық еттерін адамның жұмыс істете білу қабілеті— сөздің дыбысын артикулдеу, интонация элементтерін, просодемаларды модулдеу және оларды есту; 2) дыбыс комплекстері мен интонацияны тілден тыс шындықпен салыстыру қабілеті, яғни оларды сөйлеу элементінің мағынасы ретінде түсіну; 3) сөздің мағыналық элементін өз сезімімен салыстыра білу қабілеті, яғни  оларды бағалау; 4) араласу, тану, сөзді және адамның мінез-құлқын тәртіптеу процесінде сөздің мағы-налық үйлесімділік дәстүрін және бағалау элементін есте сақтау қабілеті.

Егер тәрбиеші баланың табиғи сөйлеуі неғұрлым қарқынды болатын жағдай жасаса, онда баланың тілі неғұрлым тезірек байиды және оның психнкасы жан-жақты дамиды. Лингвзистикалық-дидактикалық принциптерге құрылған тіл үйретудің түрлі әдістерін қолдану тілді дамытуды жеделдетудің негізгі шарты болып табылады.

Қорыта айтқанда, «ана тілі – жан дүниесінің айнасы, мәңгі құламайтын бәйтерегі». Одан көз жазып қалу – тарихсыз, келіншексіз тобырға айналу. Тіл дамыту сайып келгенде, ұлтымызды сақтап қалудың алғы шарттарының, ең негізгілерінің бірі болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Федоренко Л.П., Фомиева Г.А., Лотарев В.К. «Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы» Алматы, 1981 [1]
  2. Адамбаева Ж. «Орыс мектебінің бастауыш сыныптарында тіл дамыту» Алматы, 2000. [3]
  3. Адамбаева Ж. «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі сабақтарындағы тіл датыту жұмыстары» алматы, 1978. [4]
  4. Баймұратова Б.Б., Едепбаева З.Д. «Изучаем казахский язык Куншуак» әдістемелік құрал. Алматы, 2007. [7]
  5. Өтебаева Г.  «Ересектер тобындағы балалардың тіл дамуын анықтау тәсілі»  //Отбасы және балабақша//  №1  1013 б[5]
  6. Аяпова Т. «Сөз мағынасының қалыптасу үрдісінде» //Бастауыш мектеп// №7 2003. 19-28 б. [2]
  7. Абдуллина Г. «Тіл мен сөйлеу» //Бастауыш мектеп// №11 – 2005

13-15 бет [8]

  1. Сардарова Ж «Бастауыш мектептің тіл сабақтарында дамыта оқыту ерекшеліктері» //Бастауыш мектеп// №9 – 2003. 8-9б. [2]

Тегтер:ана тілінің бала дамуындағы функционалдық сипаттамасыбала психикасы дамуының қайнар көзібала психикасы дамуының қозғаушы күшібала психикасын зерттеу әдістерібала психикасын зерттеудегі биогенетикалық теорияларбала психикасының даму заңдылықтарыбала психикасының даму заңдылықтары деген небала психикасының даму заңдылықтарын зерттеу әдістерібала психикасының даму кезеңдерібала психикасының даму факторларыбала психикасының дамуыбала тілінің дамуыбала тілінің дамуына ересектердің ықпалыбалабақша тіл дамытубалабақшада бала тілін дамыту жолдарыбалабақшада бала тілін дамытудың маңызыбалабақшада баланың тілін дамыту маңыздылығыбалабақшада тіл дамыту бойынша жұмыс жүйесібалабақшада тіл дамыту жұмысын жоспарлаудың маңызыКурстық жұмыскурстық жұмыс жазуға әдістемелік нұсқаукурстық жұмыс мысалкурстық жұмыс сатып алукурстық жұмыс тақырыптарыкурстық жұмыс үлгікурстық жұмыс үлгісікурстық жұмыс үлгісі педагогикакурстық жұмыстаркурстық жұмысқа қойылатын талаптарлогикалық ойлау дағдысылогикалық ойлау қабілетін дамытулогикалық ойлауды дамытатын ойындарлогикалық ойлауды дамытатын ойындар презентациялогикалық ойлауды дамытатын ойындар слайдлогикалық ойлауды дамытатын ойындарға сипаттамалогикалық ойлауды дамытулогикалық ойлаудың жоғарғы формасылогикалық ойлаудың негізгі заңдарылогикалық ойлаудың неше заңы бар