Балалық шақтағы жеке тұлға ретінде дамудың негізгі теориясы мен бағыты

0

Тақырыбы: Балалық шақтағы жеке тұлға ретінде дамудың негізгі теориясы мен бағыты 

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

а) Балалық шақтағы жеке тұлға ретінде дамудың негізгі теориясы мен бағыты

б) Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік фактордың көлемі.

в) адам аралық қарым-қатынас және оның жеке тұлға ретінде дамуы

ІІІ Қорытынды

IV Пайдалнылған әдебиеттер

Жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуы. Даму процесінде білімдер мен іс-әрекет тәсілдерінің өзгерісі, күрделеленуі ғана болып қоймайды. Баланың психикалық дамуы оның жеке басының тұтас өзгерісінен,   яғни жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуын да қамтиды. Даму процесінде балалардың психикалык іс-әрскетінің түрлі қыры өзгереді, сан алуан әрекеттерді барған сайын көбірек орындау іскерлігі, тәсілдері жинақталып, өзгеруі болып өтеді, білімі мен ұғымы өзгереді, жаңа мотивтері мен қызығулары қалыптасады. Солай бола тұрса да осы барлық өзгерістер арасынан неғұрлым жалпы да анықтаушы өзгерістерді бөліп алуға болады екен. Оларға: 1) баланың жеке басы бағдарының жалпы қасиеттері, 2) оның іс-әрекетінің психологиялық құрылымының ерекшеліктері және 3) сана механизмдерінің даму дәрежесі жатады.

  1. Адамның жеке басының бағдарын дамыту. Баланың даму
    процесінде қалыптасатын мотивтер сан «алуан болса да, балалар мен жеткіншектерді зерттеу, олардың мінез-құлықтарының негізгі ерекшеліктерін анықтайтын жетекші бағыттылықты бөліп алуға мүмкіндік береді. Кейбір балаларда оқу бағдары жетекші болып табылады: олар үшін жақсы оқу, мұғалімнің талаптарын орындау маңызды саналып, мектептегі үлгірім бағасын көбірек ойлайды. Кейде мұндай бағдар біршама формальды қара дүрсін сипатқа ие болады. Екінші балалар танымдық бағдарымен ерекшеленеді. Олар есептер шығарып, жаңа білім алңғнды ұнатады. Алайда, оқушылар барлық оқу пәндерімен бірдей тырыспайды.
    Бұл балалар үшін бағадан гөрі осы сабақтардың танымдық құндылығы мен қызық болуы маңыздырақ.

Адамның жеке басының жетекші бағдары балалардың психикалық дамуыныи көптеген басқа жақтарын да анықтайды. Мысалы, танымдық бағыттылығы бар балалар сыртқы болмыс заттары мен құбылыстары туралы білім алуға тырысады, білім алу тәсілін санада берік сақтайды. Сөйте тұра осы оқушылар қимылдарып, дағдыларын жетілдіре түсуге жөнді ықылас, іс-әрекет нәтижесінде (әсірссе практикалыҚ сабактар орындауға қатысты болғанда) үнемі айқын мақсаттылық көрсетпейді

Жалпы бағдар балалардың мектептегі өмірін және олардың ұғым, білім, мінез-құлық тәсілдерінің қалыптасу ерекшелігін анықтап отырады. Сонымен, адамның жеке басының бағдарын ескеру — оқушылардың оқыту (білім мен тәісілдерді игеру) мен тәрбилеуді (адамның жеке басын дамыту) неғұрлым тиімді жүзеге асырудың бірінші және қажетті шарты.

Екі шардан қарлы мүсін қарындаштарды көріп қалып, оған таяқ ұстады; қарындаштардан жол салады, шаналар жасайды да: «Балалар қарлы мүсін жасайды, шанамен сырғанап жүр»,— дейді. Бұл жерде шартылдақ жасамақ болған нақтылы мақсат қана емес, елка үшін ойыншық жасауға бағытталған жалпы мақсат та жойылып кетіп отыр.

Мақсат және оның мотивтермен байланысы іс-әрекетте анықтаушы мәнге ие. Баланың дамуында іс-әрекеттің, мақсатқа бағытталуы біртіндеп қалыптасады. Мысалы, үш жасар балалар өз іс-әрекеттерін күні бұрын белгілеген мақсатқа сай ұйымдастыра алмай, мақсатынан оңай айырылып қалады. Бес-жеті жасар балалар үшін іс-әрекеті көбінесе матсериалмен, олар іс-әрекет жасайтын заттық ситуациямен анықталуы тән. Мысалы, олар текшелерден үй құрастырғанда олардың іс-әрекеттері алдарында қандай (түрі, түсі) текшелер жатқанына тәуелді болады да алдын ала ойланған жоспарға байланыстылып, сирек кездеседі. Мектепке деиінгі шақтыі соңына қарай болашақ өнім, нәтиже туралы ұғым іс-әрекетте неғұрлым жетекші орын ала бастайды. Алайда бұл барлық балаларда бірдей бола бермейді. Мектепке келетін көптеген балалар үшін іс-әрекеттердің мақсатылығының, ұйымшылдығының, еркіндігінің төмен деңгейіне дамуы тән, мұның өзі оларды оқыту процесінің табыстылығының төтенше қиындатып жібереді.

Төменгі класс жасының соңына таман көптеген оқушыларда іс-әрекет мақсаты мен мотив арасындағы қатынастарды еркін белгілей білу қалыптасады. Іс-әрекетті орыдаудың жалпы мәнісі өзгерген жағдайда балалар нақтылы мақсатты өзгертіп, өз іс-әрекеттерін қайта құра алатын болады. Бұл мысалы мына тәжірибеден байқалады. I—IV класс оқушыларына текшелерді және басқадай материал пайдалана отырып қала салуды ұсынған. Оның үстіне жалпы міндет өзгертіліп отырады: бір жолы, балалар алыптар мен ергежейлілср туратын қала салуға тиісті болды, екінші жолы оларға қала тұрғындарын екі түске: қызыл мен көкке бөледі деп айтылды; үшінші жолы қала ұшатын жәндіктер үшін салынды, I—II кластағы көптегсн балалар барлық жағдайда да, құрылыстың тиімді де, оны жүзеге асырудың тәсілін де елеулі өзгерте алмаған. Ш жәно асіресс IV класс оқушылары түрлі міндеттер үстінде мақсатты да, өздерінің іс-әрекеттерін де өзгертіп отырған.

Жасы өскен сайын адамның өз іс-әрекетін жоспарлауы мен оны жүзеге асыра білуі дамиды. Бұл ерекшеліктердің барі оқу іс-әрекетінен де көрініп жатады. Қайсыбір балалар оқу тапсырмаларын орындағанда өзара байланыстырып жатпайды, міндеттін элементтерін ғана бағдарлайды, екіншілері тұтас алғанда мәселені, оның басқа оқу материалымен және т. б. байланысын түсінуіне орай тасілдерді іріктеп алады.

Баланың санасы мен ойлауының даму дәрежесі неғұрлым жоғары болса, оның пайдаланатын және игеретін ұғымдары да соғұрлым көптеген бай белгілермен және күрлелілікпен сипатталады. Бұл сананың заттардың сыртқы қасиеттерін жай механикалық бейнелеуі емес, керісінше, онда бала бұрын бөліп шығарған түрлі мазмұнды байланыстыру, қайта өңдеу болып жататынмен түсіндірілкді. Сондықтан сананың дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі — баланың түрлі белгілерді біріңғай, тұтас затта байланыстыра, біріктіре білу қабілеті.  Балаларға, мысалы, төрттен жетіге дейін белгілер (жылдам, жасыл, үзын, қатты) саналып шығады да, бойында осы белгілердің бүкіл тобы кездсетін заттарды атау ұсынылады. Сөйтсе, түрлі балаларлың (I—VII класс оқушыларының) осы тапсырманы біркелкі орындамайтыны байқалады. Біреулері барлық берілген  белгілерді ескере білсе (керсетілген, белгілер тобы бойынша олар, мысалы: «поезд», «жылап»,— деп жауап береді), басқалары белгілердің аздаған бөлшектерін («пияз», «жапырақ» деген заттарды атайды) ғана айта алды.

ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ БАЛАЛАР ДАМУЫНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ МЕН ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

Психологиялық құрылымдардың қалыптасуы мен дамуының жалпы заңдылықтарын да, бала дамуының жоғарыда балініп көрсетілген үш турінің әрқайсысына тән ерекшеліктерді де ажыратып қарастыруға болады.

Баланың жеке басының белсенділігі — психикалық даму шарты. Осындай жалпы заңдылыктардың бірі мынада: балада жаңа психологиялық құрылымдардың пайда болуы міндетті түрде баланың өз белсенділігімен байланысты. Жаңа құрылым, тіпті ол оқыту үстіндегі мысалы, тәсіл түсінде сырттан берілсе де іс-әрекетке енгізілуі осы іс-әрекетті өзгеріске түсірумен байланыстырылуы тиіс.

Белгілі бір материалды игерудің өзі түрліше жүзеге асады, демек, баланың даму дәрежесіне қарай түрлі педагогикалық шарттарды талап етеді. Игеру процссіндс бала бағыттылық, сана және іс-әрекет ерекшеліктері бар жеке адам ретінде көрінеді.

Психикалық құрылымдар дамуының жалпы заңдылықтары болып олардың субъекті іс-әрекеті негізінде қалыптасуы есептеледі. Бұл іс-әрекеттің ересск адамның көмегі жәме басшылығы арқылы ұйымдасуы маңызды болмақ. Жаңалық бала іс-әрекетіне сырттан енігзіліп, сыртқы іс-әрекет түріенде ұйымдастырылады. Біртіндеп сыртқы іс-әрекеттің ішкі, мұраттық, психикалық іс-әрекеткс өзгеруі (бұл процестің кезеңдерімен оны басқару ерекшеліктерін П. Я. Гальперин зерттеген) болып өтеді.

Демек, мотивация саласын дамыту, сананы, ойлау мен іс-әрекетті дамыту жаңа психологиялық құрылымдардың қалыптасуы мен дамуын айқындап, дәнекерлейтін негізгі ішкі шартты құрайды.

Білімдерді, оларды қолдану, механизмдерін және жеке адамның жалпы қасиеттерін дамытудын педагогикалық шарттары. Балаларды оқыту процесінде дамудың жалпы заңдылықтарынан басқа, бала психикасы дамуымың ар жағына тән нақтылы педагогикалық шарттарды да ескерудің маңыздылығы далелденіп отыр. Оқыту процесінде оқушылар түрлі оқу пәндсрінен білімдер мен іс-әрекет тәсілдерін игереді. Оқу үстінде балалар адамзаттың және тұтас алғанда ғылымның өткен жолын қайталамайды. Білімдер іс-әрекет тәсілдерін балалар жаңадан ашып жатпай, сырттан берілгенді игеріп отырады. Өзіндік міндетіне байланысты жаңа іс-әрекет, жаңа тәсіл міндетті түрде оқытуға енгізіледі де сол мәселені шешудің құралы болады.

Жаңа мазмұнды жеткзудің ең тиімді әдісі осы мазмұнды бала үшін әдейі бөліп алып, модель арқылы қалдыру екенін көптеген психологнялық және педагогикалық зерттеулердің нәтижелері дәлелдеп отыр. Ол, сөйтіп, жалпылама-абстрактілі түрде игеріледі де соңынан нақты жағдаиларда қолданылып отырады. Оқытудың бұл жолы әсіресе нақтылы заттардан тікелей «көрінбейтін» мазмұнды, яғни теориялық нағыз ғылыми білімдерді игергенде ете маңызды.

Тәсілдер мен білімдерді оқушылардың нақтылы іс-әрекеттерінде нәтижелі қолдануды қамтамасыз ететін психологиялық механизмдердің қалыптасуы мен дамуы басқаша педагогикалық жағдайларда өтеді. Тәсілдерге қарағанда, іс-әрскеттің бұл бөлшектерін балаларға жалпылама іс-әрекет тәрізді даяр түрде беруге болмайды. Олар біртіндеп, нақтылы материалмен іс-эрекет жасау процесіндс қалыптасады. Лрнайы жаттығулардың көмегі арқылы балаларда білімдер мен іс-әрекет тәсілдерінің өте жоғары дәрежеде қолданылуын қамтамасыз ететін ой-әрексттерін қалыптастыруға болады.

Жеке адамның жалпы қасиеттерінің , сысалы, бағдарының  ұйымшылдығының, еріктілігінің (яғии іс-әрекет құрылымын неғұрлым жоғарырақ сатыларының) қалыптасуы мен дамуы да ерекше жағдайларды талап етеді. Балалар өз іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарын игеруі тиіс. Олар іс-әрекеттің жоспарлау, даярлау, орындау, бақылау және бағалау деген кезеңдсрін ажырата білуге үйрснеді. Бастапқыда, әсірссе мектепке дейінгі ересектер мен төменгі класс оқушыларында, іс-әрекеттің осы кезеңдерінің әрбірінің орындалуы тексерілуі тиіс. Балалар жоспарлауды, бақылау мен бағадауды өте жиі тастап кетіп отырады. Сондықтан олардың жүзеге асуын алғашқыда педагогтың тікелей нұсқаулары мен бақылауы, кейіннен түрлі белгілср арқылы үнемі сырттай қостап отыру керек. Балалар іс-әрекетті орындай отырып, оның кезеңдерінің бейнеленген схемаларына сүйенеді, сөйтіп біртіндеп қана өз іс-әрекетін ұйымдастырудың ішкі амалдарына   ауысады.  Мақсаттылықты қалыптастыру — баланың жеке басын жан-жақты қамтитын күрделі процесс. Бір жағынан, балаларды орындайтын жекелеген іс-әрекеттерін мақсатпен, болашақ жеміспен,   іс-әрекеттің қажетті нәтижесімен ұштастыра білуге, мақсаттарын міндеттердің өзгеруіне қарай іс-әрскеттерді ауыстыра, қайта құра білуге үйрету қажет. Екінші жағынан, балалардан белгілі нәтижеге жетуді, іс-әрекстті аяғына дейін жеткізуді берілген талаптарды ескеруді  ғана талап етіп қоймай, алынған нәтижені бала үшін ерекше бөліп қарап, көзделген мақсат, міндет тұрғысынан оны талдап, тәуір нәтижеге жетуді, міндет тұрғысынан оны талдап , тәуір нәтижеге жеткен балаларды атап өту қажет.

Субъектінің әрекеті — жеке тұлғаның дамуынын факторы ретінде.               Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенің орны ерекше екенін баса айтқанда, адамды қоршаған орта мен тәрбиенің әсерінің пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды. Кей кездерде қолданылатын педагогиканың «дәрменсіздігі» деген сөздің астарында тәрбие туралы кейбір еңбектерде балаға сыртқы педагогикалық әсерлердің әр түрлі формалары мен әдістері туралы айтылып, осы әсерлердің арқасында пайда болатын баланың ішкі дүниесі ескерілмей келетіні туралы мағына жатыр. Жеке тұлға өзінің қалыптасу барысында өзіндік дамуының объектісі ғана емес, сонымен қатар субъектісі де екенін ескеру керек.

Сана мен іс-әрскеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психологияның ең маңызды заңдылығы болып есептелінеді. К. Маркс адам пассивті жеміс емес, ол қоршаған ортасын, жағдайларды және өзін белсенді (активті) түрде өзгерте алады деп жазған болатын. Бұл тұжырым тәрбие процесін ұйымдастырудың маңызды жолын ашады. Демократиялық педагогиканың классиктері де (И. Г. Песталоции. Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, т.б.) жеке тұлғаның өзінің белсенділігнің шығармашылық-қайта құру іс-әрекетіне үлкен мән берген.

Белсенділік адамның табиғи қасиеттерінің бірі болып табылады. Психологияда белсендітікті іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсенділігі оның қажеттіліктерінен туады (материалдық және рухани, жеке немесе қоғамдық қажеттіліктер). Жануарлардан айырмашылығы адамның қажеттіліктері сәби жасынан бастап-ақ қоғамдық қажеттілктермен реттелінеді. Адамның белсенділігі (немесе оның әрекеті) оның себептеріне, мақсат пен міндеттерін дұрыс қоя алуына, оларды орындау тәсілдерін дұрыс таңдай алуына байланысты.

Белсенділіктін өзіне және жеке тұлғаның қоршаған орта мен тәрбиелік (сыртқы) әсерлерге қатысты ішкі ұстанымдарына байланысты ол әр түрлі бағыттарда қалыптасуы мүмкін. Егер оқушының осы әсерлерге деген көзқарасы теріс болса, ол тәрбиешісі қалағанынан кайшы бағытта дамиды. Мысалы, мұғалім оқушылардың бітімін тексеру кезінде оқушының бағасын төмендетіп қояды да, оқушы оған ренжіп қалады. Мұндай жағдайда мұғалімнің үлгерімді жақсартуға шақырған әрбір сөзі оқушыда жасырын, кейде тіптен ашық қарсы әрекет тудырады. Тәрбиеші, оның педагогикалық әсері ішкі өрісте, яғни тәрбиеленушінің санасы мен сезіміне оң әсерін тигізбесе, барлық жағдайларда әрдайым осылай болып отырады.

Осының нәтижесінде, жеке тұлғанын дамуы мен қалыптасуында көрініс табатын барлық әсерлер мен ықпалдар екі топқа-ішкі және сыртқы болып бөлінетіп болды.

Қоршаған ортаның әсері мен тәрбие жеке тұлғаның дамуының сыртқы факторларына жатады. Табиғи әсерлер -бейімділік пен әуестік, сонымен қатар, адамның сезімдері мен күйзелістері, оның сыртқы әсерлердің ықпалымен пайда болатын сылтаулары мен қажеттіліктері — барлығы ішкі факторларға жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың өзара байланысының нәтижесі болып табылады.

Егер тәрбие жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі белсендігігіне деген іштей ықпалына әсер ететін болса, онда оның жеке тұлғаның дамуында шешуші рөл атқара алатыны түсінікті. Осы бейімділік пен өсіп келе жатқан адамның жеке тұлға ретінде жетілуіне деген өзіндік ынтасы ғана оның  дамығанын анықтайды.

Осылайша бұл процсс, шын мәнісінде, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі тәрбиелеу сипіітына ие болады. Л. Н. Толстойдың адамның дамуын жсмісті ағаштың өсуімен салыстыруы тегін емес. Ойткені, свздің тура мағынасында оны ешкім өсірмейді, ол өздігінен өседі. Адам тек кана тогтырағын қопсытады, тыңайтқыштар себеді, артык бүтакгарын кеседі, яғни оның өзіндік дамуына мүмкіндік беретін кджетті сыртқы жағдайларын жасайды, оған дем береді. Ал өзіндік даму өзінің ішкі заңдары бойынша жүреді.

Жеке тұлғаның өзіндік дамуына қоршаған орта мен тәрбие секілді сыртқы факторлар әсер етсе де, бұл факторлар оның ішкі дүниесіне оң әсер еткенде ғана және оның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігіне дем берген жағдайда ғана жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыра алады. Осы бір аса күрделі процесс тәрбиенің персонификаииясы (лат. — жеке тұлға) деген атауға ие болды. Тәрбиенің персонификациясы дегеніміз -информаииялық мазмұндағы, адамның тұтас модусын (модус — кажеттіліктер, мақсат мүдделер, наным-сенімдер, бағалау критерийлері, ынта-ықыластар) құрайтын саналық-психологиялық және идеологиялық поцестердің, қасиеттер мен қатынастардың әралуан түрлері бар жеке тұлғалық, факторлардың мінез-құлығын әлеуметтендіріп, реттейтін өзара қатынас-әрекеттің күрделі де қарама-қайшылықа толы болады. Персонификация әлеуметтенудің антиподы ретінде оған қарама-қайшы емес.

Ол әлеуметтенудің бар болуынын ішкі механизмі болып табылады.             Осылайша, жеке тұлғаны әлеуметтендіретін сыртқы факторлар, соның ішінде тәрбие де, жеке тұлғаның өз өзімен жұмысы кезіндегі өзіндік белсенділігінің ішкі механизмдерімен, яғни оның қажеттіліктерімен, наным-сенімдерімен, мақсат-мүдделерімен өзара тығыз байланыста болғанда ғана оның дамуы мен қалыптасуына әсер етеді.

Баланың, окушының белсенділігі іс-әрекеттің әралуан түрлерінде көрінетіні психологияда дәлелденген, имір барысында қарым-қатынас, таным белсенділіктері, өзін-езі жетілдіру мен қоршаған өмірді түрлендіру, өзгерту белсенділіктері дамиды. Кішкентай баланың өзі де пассивті емес түрде өмірдің жағдайларына бағынады. Ол өзінің талаптарын орындатқанда (үлкендерге) белсенді, ол қоршған адамдарға қатысты өз түзетулерін енгізеді. Ол адамдарға деген (ұнату, ұнатпау) және заттарға деген (керек, керек емес, жақсы көретін, жақсы көрмейтін) өзіндік жеке тұлғалық қатынасын көрсетеді. Бұл қатынастар оның іс-әрекетінде жеке тұлғаның өзгешелігін жасай отырып пайда болады.

Қарым-қатынас-генетикалық түрде баланың белсеңділігінін ең ерте белгісі. Адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі ерекшеліктері осы қарым-қатынаста көрінеді. Онда адамдарға деген қатынастын көптеген алуан түрлі реңктері бар: ата-анаға, мұғалімдерге, таныстарына, таныс емес адамдарға, құрдастарына, өзінен кішкентайларға, достарына. Бала өзіне дос таңдайды, ол адамдардың белгілі бір шеңберімен қарым-қатынас іздейді, ол басқаларға ықпал етеді. Ұжымда ол кейде ұйымдастырушы, кейде орындаушы болады, қарым-қатынас белсенділігі жеке тұлғанын ең маңызды жақтарының дамуына жағдай жасайды, олар — адамгершілік, қайырымдылық, қамкорлы, өзі үшін, адамдар алдындағы өз істері үшін жауапкершілік.

Баланың дамуы барысында жеке тұлғаның танымдық белсенділігінің өрісі кеңейіп, тереңдей түседі. Кейбір заттардың қасиеттерін тану үшін оларды қолына ұстап көргеннен кейін бала «Бұл не? Бұл кім? Қалай аталады?» деген сияқты сұрақтар сұрай бастайды. Бұл сұрақтардың жауабы балаға заттар мен құбылыстардың жалпы мәнін ашып береді. Мектептегі жүйелі оқыту баланың таным белсенділігінің қалыптасуы мен терендеуіне мүмкіндік жасайды, сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқушы өз бетінше білім игеруге, оларды практикалық іс-әрекетте еркін пайдалану қабілетіне ие болады. Оқыту барысында біртіндеп оқушының ойлау қызметінін әдіс-тәсілдері қалыптасады. Орта және жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігі зерттеу жұмыстарында, тәжірибелік ұйымдастыруларда, іскерлік қызметте көрініс табады.

Адамның белсенділігі қоршаған өмірге ықпал етеді, болмысты қайта құру мен өзгертуге бағытталады. Әлеуметтік белсенділік дегеніміз осы. Жеке тұлғаның белгісіне айналып, бұл белсенділік қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ғылыми жаңалық, өнер табыс, жаңашылдықтын бастауы мен қозғаушы күшіне айналады.

Жеке тұлғаның белсенділігінің аталмыш бағыттары оқушының әр алуан іс-әрекеттерінде көрініс табады: білім алу-танымдық, еңбек, қоғамдық-пайдалы жұмыстар, ойын, эстетикалық, спортгық-сауықтыру. Оқушының іс-әрекетін парасатты, педагогикалық дәл және дұрыс ұйымдастыру оның белсенділігінің барлық бағытта дамуының бастауы болып табылады. Әрбір баланы белсенді қайраткер орнына қойып, оны баланың барлық күшін белсенді жұмсауға, іс-әрекеттегі баланың жеке тұлғаға сай өзгешелігін зерттеуге, жеке тұлғаның потенциалды мұмкіндіктерінің ашылуына барынша көмектесуте мүмкіндік туғызатын қызмет-әрекетті ұйымдастырудың адіс-тәсілдерімен қаруландыру — осының бәрі баланың дамуының нәтижелілігін қамтамасыз ететін тәрбиенің басты құралы.

Жеке тұлғаның белсенділігін жан-жанды қалыптастыра отырып, тәрбиеші сол баланы өзіне одақтас етіп алады. Окушының қажетгіліктеріне негізделген тәрбие мен өзіндік тәрбие процестері — ең жағымсыз деген сыртқы жағдайларды жеңе алатын күш.

Жеке тұлғаның дамуы үшін баланың қарқынды іс-әрекеті қажет. Алайда кез-келген іс-әрекет баланың қабілетін, дарының, мінез-құлық белгілерін, білік пен дағдыларын дамыта алмайды. Мысалы, мыңдаған балалар күні бойы музыкалық гаммаларды ойнайды, бірақ музыкант бола алмайды. Баланың қабілетін оята алмайтын релетиторлық жұмыстар қаншама. Немесе тағы бір мысал, төменгі сыныптарда балалардың көбісі едәуір ынталы, бірақ жоғары сыныптарда ондай балалардың саны аз.

Қабілеттіліктің дамуы үшін өз барысында баланың бойында жағымды сезімдер туғызатын іс-әрекет қажет (В.Е. Чудновский, В. С. Юркевич). Ал мұндай көңіл-күйге түсу (немесе басқа да) жұмыстан пайда болған сүйсіну сезімімен сипатталатын танымдық қажеттіліктермен байланысты. Дарынды бала белгілі бір жұмыспен міндет үшін емес, баға үшін емес, жарыста немесе олимпиадада жеңу үшін емес, сол жұмыспен айналысқысы келетін болғандықтан жетістікке ұмтылады, яғни ол балада жағымды сезімдермен байланысты қажеттілік бар. Осыған байланысты әдебиетгерде өте сирек айтылып жүрген жеке тұлғанын дамуының тағы бір бастауы өзіне көңіл аудартады.

М. Князеваның ойынша, адамның өзін өзі дамыту күштері жеке тұлғаның дамуының ең маңыздысы болып табылады. Оның пікірінше өткеннің ұлы адамдарынын өмірбаяны, күнделіктері, естелік жазулары, сырлары, хаттары өзін өзі қалыптастыру, өз өзіне талап қою жұмысында аса зор күш жұмсағандарының дәлелі бола алады, ал ол қасиеттер олардың кәсіби еңбектерінің бастауы болып, өмір жолында әрдайым серік болғаның… Адам тек қоршаған дүниені, табиғатты, қоғамды ғана қалыптастырып, түрлендірмейді. Адамзаттың бүтін тарихы өзін-өзі қалыптастыру мен қайта құрудың жүйесі.

Сонымен, жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі, қалыптасуының өзара байланысы мәселесінің көпғасырлық тарихы бар. Ғылымда жеке тұлғаның мәні, оның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторларды түсіндіретін әр түрлі көзқарастар кездеседі. Ғалымдардың жеке тұлғаның қалыптасуында биологиялық (тектілік) және әлеуметтік факторлардың (қоршаған орта, тәрбие), сонымен қатар іс-әрекет пен қарым-қатынастың орны ерекше деген қортындысы еш дау туғызбайды. Жеке тұлғанын қалыптасуына мынандай заңдылықтар әсер етеді: әлеуметтік алдын ала анықталып қою, іс-әрекеттің амал-тәсілдері, көпфакторлық, педагогикалық процестің ақиқат-шындығы.

Қазіргі ғылыми көзқарас бойынша баланың жеке тұлғалығы тәрбиенің объектісі ретінде де, субъектісі ретінде де қарастырылады. Оның объект болу себебі онын қалыптасуы сыртқы ықпал-әсерлерге, әсіресе, тәрбие секілді мақсатты әсерлерге тәуелді. Субъект болу себебі жеке тұлғаның белсенділігінсіз, сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсенді ықпалынсыз даму ілгері жүрмейді; тағы бір себебі: адамның дамуы өзін- өзі дамыту процесінде ғана жүзеге асады, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеудің де алар орны ерекше (сол субъект қалағанындай жеке тұлғаға тән белгілі бір қасиеттерін қалыптастыру мақсатында өз бетінше жұмыс).

Қазіргі заманғы зерттеулер дарындылық тұқым қуалайтын қасиет емес дейді. Н.И.Дублиннің  айтуы бойынша дарындылық болу үшін «жөнді универсалды генетикалық бағдарлама» керек : ал оның аса мол потенциялын жүзеге асыру үшін , әсіресе жеке тұлғаның дамуының өте ерте кезеңінде , қолайлы жағдайлардың болуы.

Бала өмірінің алғашқы үш-бес жылын ғалымдар «ұлы бастаулар уақыты» деп атайды. Адам психикасының сырттай көріністерінің қасиеттері өмір барысында қалыптасады, сондықтан оларды ата-ана, педаготар және баланың өзі қадағалап, реттей алады. Әрбір солдаттың дорбасында — маршалл аса таяғы, тек бір ғана шарт бойынша, егер ол «аса таяқты» «солдаттың» жастық шағында ата-ана, мұғалімдер, көршілер, бір сөзбен айтқанда, баланың, жасөспірімнің, жастардың тәрбиесіне қатысы бар адамдар араласса. (В. Чурбанов).

Адам аралық қарым-қатынас және оның жеке тұлға ретінде дамуы.

Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі — қарым-қатынас мәселесі. Қарым-қатынас — өте маңызды, әрі күрделі де ұзақ мерзімді  қажет ететін көкейкесті мәселелердің бірі. Қарым -қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттерін, дамып жетілуін  талдау мүмкін емес. Сондықтан тұлғаның дамуында қарым-қатынастың орны ерекше.

Жеке адамның дамуы «адами қоғамда, тілмен қарым-кқтынаста»жетіледі. Қоғам дамуындағы әлеуметтік жүйеде жеке тұғганың қарқынды дамуы  жасөспірімдік шақта қарым-қатынас мәселесімен байланысады. Әсіресе, жас жеке тұлғаның қалыптасуының маңызды кезеңі. Педагог-зерттеуші

А.В. Мудрик өз еңбектерінде: «Оқушылар қарым-қатынасы — бұл рухани құндылықтар алмасуының қоршаған адамдармен және әр түрлі серіктерімен ойша диалогтық формадағы біріккен әрекет процесі», -деп тұжырымдайды.

Адам өмір сүруі мен қимыл-қозғалысы арқылы өзінің әрекетін бағалауға үйренеді, адамгершілік нормаларын меңгереді. Қазақтың көрнекті ғалымы, профессор С.М. Жақыпов: «Оқыту процесіндегі субьектілердін қарым-қатынасындағы мағыналардың өзгеруі біріккен іс-әрекеттің мотивтері мен мақсатының заңды құрылуына мүмкіндік береді және оларды оқыту процесінде ескеру, біріккен танымдық іс-әрекетті қалыптастыру үшін қажетті шартты жасайды», — деген. Сондықтан қарым-қатынастын нақтылы, болашақ тұлғаның, дамуына орасан зор ықпал етеді.

Жасөспірімдік шақ – даму кезеңіндегі ең күрделі және қиын кезең. Осы кезенде адамгершілік қасиеттер, мінез күлық нормалары ерекшеленеді, адамдардың қоғамға қатынастары анықталынып, жетекші іс-әрекеттүрі — қарым-қатынас болады. Қарым-қатынас іс-әрекеттің барлық түрінде жасөспірімнің тұлғалық және психологиялық жаңа сапаларының қалыптастырушы негізі.

Жасөспірімдерде өзін адам етіп сезіндіретін, оны кемсітуге, қорлауға, басуға, дербестік құқығынан айыруга болмайтын өршіген сезім пайда болады. Алайда, оларда ересектер статусының элементтерімен қатар оның жағдайын баланың жағдайына жақындататын тәуелділік белгілері әлі сақталады. Материалдық жағынан олар ата-аналар қарауында.

Жыныстық толысуға байланысты өз организмі мен сырт келбетіндегі үлкен өзгерістер, жағдайдың біршама тиянақсыздығы (бала болғанымен, ересек те емес), өмірлік әрекеттің күрделенуі, і өз мінез-құлқын үйлестіруге ұмтылу —осының барлығы жасөспірімдік шақта өз қасиеттерін танып, жаңа білімді меңгеруге, оларды бағалауға итермелейді. Бала өзін көрсетуге ұмтылады, өзінің «мені» мен өз қасиеттеріне зор ынта қояды, келбеті және дене тұлғасын жаңаша қабылдайды. Киінген киіміне, оның үйлесімділігіне, дене салмағына да сын көзбен қарайды. Әсіресе, ер балалар жыныстық белгілерінің кешігуіне байланысты құрдастарының байланысты алдында қымсынып, өзін қатарынан кем сезініп іштей уайымдайды.

Қарым-қатынас мәдеіниетін оқып-үйретудің жалпы ғылыми негізі

Аамдар арасындағы қарым-қатынас байланысы, қарым-қатынас мәдениеті,   қарым-қатынас   әдебі,   қарым-қатынас   тәрбиесі,    қатынас жиілігі, қарым-қатынас өркениеттілігі тағы сол сияқты,  адамға етене таныс сөзерді үйреншікті, қалыптасып қалған бар  әдет ретінде күнделікті өмір ағымы барысында айтыпта, естіпте жүрсе алайда сөздердің мағынасына яғни олардың функционалдық мазмұнына мән бере бермаймыз.

Қарым-қатынас мәдениеті — адамдар арасындағы өзара тығыз байланыстылықты қамтамасыз етуге соның негізінде іс-әрекет
жүйесін үйлестіріп реттеуге, дұрыс бағыт түзеуге, ой-сананы дамыту
әркімнің өмірден лайықты орнын табуға мүмкіндік туғызады.

Қарым — қатынас қызмет түрі және оның тиімділік критерийлері

Қарым — қатынас адам өмірінің барлық салаларына терең өңдеп бара жатқан құбылыс. Оның мән — мазмұнының өте-мөте сан алуан екендігіне күмән жоқ. Қарым-қатынас тіршілік атаулының (оның ішінде ішінде адам өмірі ерекше).

Қарым-қатынас жекс көңіл күй әсерін жеткізуден бастап, ақпараттар тасымалдау алмау, жекеленген адамдардың, ықшам және әлеуметтік топтардың, халықтардың, ұрпақтардың мақсаты өзара ықпалдастығын орнатып, жүзеге асырайын негізгі құрал.

Адам баласының жан-жақты жарасымды кемелденуіне әр түрлі жағдай жасауға болатындығын ежелден — ақ гуманисті өркениеттілік дәстүр дәлелдеп келеді. Шындығында адамдар арасындағы қарым-қатынас нормасы ретінде адамгершілік (гумманизм) қолданылатын болса, онда адамдардың өмірдегі орнына құрметпен қарау, теңдестік принципін орнату, әділдіктің орнығуы жүзеге асады.  Қарым — қатынас сапасын бағалаудың «өнегелік нәтиже белгісі» Бірден бір өркениеттілік өлшем белгісі болып шығады. Қорыта айтқанда адамдар арасындағы қарым-қатынастың жемісті яғни ойдағыдай пайдалы болды деп саналуы, байланыс процесі барысында және одан алынған нәтижеде тек материалдық өнімталдылыққа ғана қол жеткізумен шектелмей, сонымен қатар адамдардың жандүниесінде  де өнегелі сипатта өзгеріс болған жағдайда ғана есепке алынады.

Қарым- катынас мәденеетіне тәрбиелеудің кең тараған әдістері

       Әрбір адамның қарым-қатынас мәдениеті оның дара тұлға ретінде қалыптасуы өткен белгілі бір әлеуметтік топтың мәдеииетін меңгерген жағдайда ғана орнығады.

Адам әлеуметтену барысында тілді үйренеді, мінез-қүлық үлгілерін, қарым-қатынас нормалары мен ережелерін меңгереді, мәдениет сырын таниды. Бұларды меңгеру дегеніміз адамның олардың пайдасы туралы мәліметтерді білуімен ғана шектелмей өз игілігіне де айналдыруы екен. Ғайып келгенде адам сөйлеуді үйреніп, басқа адамдарды түсіне бастайды, олардың іс-әрекеттерін аңғарады өзінің жеке басты мінез-құлықтарын қалыптастырады және реттейді, ішкі байлық жүйесін жасайды. Қарым-қатынастың мәдениет формалары жеке адамның игілігіне асуы үшін кемінде екі процестің өтуі шарт. Олар біріншіден қарым-қатынастың  мәдени құралдарымен танысу; екіншіден осы құралдарды өз деңгейінде игеру мақсатында адамдардың белсенді өзара ықпалдасдыққа болуы және оларды қолднуды үйрену, қарым-қатынастың  жаңа амалдарын іздеу оны өздерінің жасауы.

Қарым-қатынасты меңгеру процессі адам алғашқы жылдарында, яғни сәбидің дауыс және басқа тілді меңгеріп, мінез — құлық ережелерін үйрену барысынд-ақ жүреді. Оқымыстылардың (А.Н.Леонтьев, Л.С.Выготский т.б.) айтуынша, осы процесс кезінде коммуникативті мінез — құлық формалары  рольдік ойындардың маңызы өте зор. Қарым-қатынас құралдаы мен амалдарын белсенді игеру кейінгі жылдарда да жалғасады.  ғылыми — зерттеу нәтижелері деректеріне сүйенсек бозбала жас кезде  шиеленіс көп болады. Ал осы шиеленісті сәттер олардың коммуникативті біліктіліктерін сынау әрі дамытудың қайнары болып табылады. Мінез-құлықтфң жаңа формаларын байқап көру ынтызарлықты адамдардың кемел жас шақтарында байқалады.

Көптеген елдерде қарым-қатынасқа үйрететін мамандарда, коммуникативтік қабілетті дамыту мәсслелерімен айналысатын ғылыми мекемелерде бар. Ондай мекемелерді немесе құрылымды «Әлеуметтік -психололиялык тренинг» — деп атау қалыптасқан.

Әлеуметтік психологиялық тренинг деп әр түрлі саладағы қызмет барысындағы пара-пар өзара әсер үшін қажетті қарым-қатынас дағдыларына, біліктіліктеріне, білімдеріне мақсатты үйрену прогресін іскс асыратын қызмет түрін айтады.

Алдымен қарым-қатынасқа үйретудің мамандар арасында көбірек қолданып жүрген. Қандай әдістері бар соған тоқталайык. Негізін мамандар арасында қолданып жүрген бұл кезде белсенді топтың оқып әдістері бағдарламасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде белгілі. Сола бола тұрғанымен  олар өз бетінше де мәнге ие. Сонымен  қарым қатынасқа үйретудің кең тараған әдісі — лекция.

Лекциялар (лекция оқу) қарым-қатынас формалары, және адамда арасындағы өзара әсердің өту заңдылықтары туралы білім береді. Лекцияда сондай-ақ байланысты жүзеге асырудың субъективігі алғы шарттары туралы мәліметтер беріледі.

Коммуника тивті кабілеті ілік жәис омың карым-катынас қызметіндегі рөлі

Адам баласының сан мыңдаған жыл аралығында жинаған өмір есі негізінде бай мәдени қарым-қатынас жүйесінің амалдары пайда болуы дамыйды. Өмірге келген соң әрбір адам баласына басқа адамдармен байланыс жасауы үшін өзін қоршаған әлеуметтік орта қабылдаған қарым-қатынас құралдарын меңгеруі оның өмір сүруінің бірден-бір алғы шартына айналадыру.

Адам баласына тілді, айналасындағы адамдардың іс-әрекеттерін, олардың мінез-құлығы мен әдеттерін түсініп меңгеруі үшін оларды үйрснуі қажеттікке айналды. Екінші бір жағынан қажетті тәжірбиелерді дағдыға айналдырған соң өз талап-тілектерін; ой-арман, аңсарын, сезім-күйлерін білдіруге, қарым-қатынасқа түскен серіктерімен өз іс-әрекеттерін үйлестіруге де үйренуі керек болады.

Осылардың барлығы қарым-қатынас құралдарын пайдалануға қолдау жасап беретін адамға аса қажетті психофизиологиялық сапалықтардың адам бойында дамуын қажеттейтін іштей дамудың алғы шартын қалады,

К.Маркс сөзімен айтқанда адам баласына көптеген нәрселерді жүзеге асыру  үшін әуелі оларды пайдалана білуге қабілеттілігі, яғни белгілі бір дәрежедегі  мәдениеттілігінің  болуы қажет.

Коммуникативті қабілетті ғылым нысанына айналдырып талдау жұмыстарын жүргізу отандық педагогикада (бұрышы кеңестік педагогика) ХХ- ғасырдың 70-ші, 80-ші  жылдарында қарқынды жүргізілді.

Ғалымдар коммуникативті процесті іскс асыру шарттарын қарастыра келіп қарым-қатынасқа түсушілерге қажетті пспхологиялық сапа белгілерін көрсетіп берді.

Оқымыстыларды әр түрлі мамандық қызмет сала ерскшелігіне қарай қызметті ұйымдастыруға қажетті салалық коммуникативті қабілеттер туралы мәселеде аса қызықтырды

Ал ағылшын психологы М.Аргайло коммуникацияға үлкен ықпал жасантын сегіз әлеуметтік біліктіліктің тізімін ұсынады. Әсіресе оқымысты адам сотивациясын (сылтау-себептерін) сипаттайтын қадір-қасиеттерді көрсегеді. Оларға доминанттық көнгіштік, тіл алғыштық байсалдылы, әлеуметтік мазасыздану, үрейлілік, мазасыздануға бейімділік, т.б. оқымыстының дәлелдеуі бойынша өзара ықпалдастықты іске асыруды бірден-бір қамтамасыз ететін сапалық белгілерге: бейімділік жоне көтермелей білу біліктілік; қарым-қатынастағы серіктестікті эмоцияоналды қолдап тұру; қоян-қолтық байланысты іске асыруға жағдай жасаушы біліктілік; әлеуметтік өзара әсер жасауға бақылау жүргізе білу қабілеттілігін ғаны ұстап тұра білу және серіктестіктің мінез-құлығына қарай өз мінез-құлқына үйлесімділік жасай білу қабілеттілігі; қарым-қатынасқа түскен серігіңдщі дұрыс түсіну үшін сонымен қоса қайтымды (қарсы жақтан болатын) байланысты алу үшін галаптанатындар; сезімталдық, яғни адамның әртүрлі қылықтарына сезімталдылық білдіріп тұру, яғни адамның психологиялық қасиеттерінен, оның әлеуметтік сипатынаи, нөлді қабылдай алу қабілеттілігінен мәліметтер танытатын іс-әрекет қылықтарынан сезімтал көзқарас жасау. Сондай-ақ қарым-қатынас процесін жүзеге асыру үшін өзіңе-өзің сене білуіңмен өз-өзіңе сенімділігінің болуы сияқтылар жағады.

Орыс оқымыстысы К.К.Платонов қарым-қатынас жасауға ықпал жасаушы дара тұлғаның динамикалық функционалдық құрылым концепциясын жасады. Концепцияға байланысты жеке адам қабілетін құрылым ішінен 4 кіші құрылымы бөле-жара қарастырады.

1-ші кіші құрылым адамның адамгершілік (моральдық) танытатын ерекшелік белілерін топтайды. Бұлар тәрбие жолымен қалыптасады. Мұны әлеуметтік кіші құрылым деп атауға болатыны ескертілген.

Екінші кіші құрылым адамдағы білім, біліктілік дағды және әдсітерді (өз іс-әрекет, үйрену жолымен қалаған) топтайды. Мұны «тәжірбиелік» кіші құрылымы деп атау ұмытылған.

Үшінші кіші құрылым адамдағы жеке даралық ерекшелік кейбір психологиялық процестері: қабылдау, еске сақтау, ойлау, эмоция, сияқтыларды топтастырады.

Төртінші кіші құрылым адамдағы қызуқандылық, жыныстылық және жас ерекшеліктерді топтайды.

Қорыта айтқанда адамның барлық қасиет қадірлі басқа адамдармен қалай қарым-қатынас жасағанынан білініп түрады: оның бағыт-бағдары, білім меңгеруі, біліктілігі мен дағдылары, еске сақ ерекшелігі, ойламназдылығы, эмоция және қызуқандылығы қарым — қатынас жасау барысында көрініс береді екен. Әйткенмен есте сақтап бір мәселе әрдеңгейдегі қадір-қасиет адамның коммуникативтік мінез құлығына бірдей дәрежеде әсер қалдыра алмайтынын ойда сақтау қажет.

Ал білім, біліктілік, дағды қабылдау ерекшелікгері мен еске сақтау қабілетгіліктер қарым-қатынастың «технологиялық» жағын қамтамасыздандыра алады.

Ал қызуқандылық, жыныстық және жас ерекшелік коммуникативті мінез-құлыққа жеке-даралық сапалық жасай алады.


Тегтер:балалық шақтағы ауруларды кешенді басқарубалалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеубалалық шақтағы ауруы сезімінің патофизиологиясыбалалық шақтағы депрессиябалалық шақтағы депрессия рефератбалалық шақтағы достарымбалалық шақтағы жарақаттарбалалық шақтағы невроздарбалалық шақтағы негізгі іс-әрекетбалалық шақтағы сал ауруының этиологиясыбаланың жеке тұлғасыбаланың жеке тұлғасы білімділік технологиясыбаланың жеке тұлғасы оқыту технологиясыбаланың жеке тұлғасын оқыту технологиясыбаланың жеке тұлғасының диагностикасыбаланың тұлға болып қалыптасуыбаланың тұлғалық дамуыбаланың тұлғалық дамуындағы ата-ананың ролібаланың тұлғалық ерекшелігін диагностикалаударынды баланың тұлғалық ерешеліктеріКурстық жұмыскурстық жұмыс жазуға әдістемелік нұсқаукурстық жұмыс мысалкурстық жұмыс сатып алукурстық жұмыс тақырыптарыкурстық жұмыс үлгікурстық жұмыс үлгісікурстық жұмыс үлгісі педагогикакурстық жұмыстаркурстық жұмысқа қойылатын талаптар