Баланы еңбекке тәрбиелеудегі ата-ананың біліктілігі

0
17

Тақырыбы: Баланы еңбекке тәрбиелеудегі ата-ананың біліктілігі

Жоспар: 

Кіріспе

  1. Баланы еңбекке тәрбиелеудегі ата-ананың біліктілігі
  2. Еңбекке баланы жасынан баулиық.

3.Шығармашылық еңбектің ұйымдастырудың жолдары

  1. Еңбекке баулу пәнінің сабақ жоспары

Қорытынды:

Кiрiспе

Қазiргi мектептерде, оқу шеберханаларында оқушыларды еңбекке бауылуды ұйымдастырудағы негiзгi форма-сабақ. Сабақтың  түрлерiне сәйкес құрылымдары әр түрлi болады. Еңбекке баулу сабақтарының көбiне  көбiне  жалпы құрылымдық элементтерi төмендегiдей болып келедi:

-ұйымдастыру бөлiмi (оқушылардың оқу шеберханаларына уақытымен келуi; оқушылардың сабаққа қатысуын және сарамандық жұмыстарды орындауға қажеттi арнайы  киiмдерiнiң бар болуын тексеру);

-сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау;

-оқушылар алда тұрған тапсырмаларды орындауы үшiн, мұғалiмнiң кiрiспе нұсқауы, сарамандық iс-әрекетi дұрыс орындау тәсiлдерiн  көрсетуi және iс- әрекетi неге көрсету бойынша орындау керектiгi туралы қысқаша ғылыми негiздеуi;

-қауыпсiз еңбек ету т„ртiбi бойынша  нұсқау;

-оқушылардың жұмыс жасауы үшiн дайындамалар мен  құрал-жабдықтарды үлестiру;

-оқушылардың тапсырманы орындауы барысында мұғалiмнiң ағымдық нұсқау беруi ж„не олардың  жұмыстарына  бақылау жүргiзуi;

-сабақтың қорытындысы,яғни оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қателерiн талдау; бiлiмдердi талдап қорыту; оқушылардың iс-әрекетiн бағалау және белгiлеп қою;

-оқу шеберханаларын жинастыру.

Әрбiр сабақтың жалпы бiлiм беретiн және политехникалық мiндеттерiн жалпылай келе, еңбекке баулу сабағының мiндеттерiн төмендегiдей жинақтап  көрсетуге болады:

-техникалық объектiлердiң құрылысы, жұмыс iстеу қағидасы және қолданылуы туралы мағлұмат беру;

-техникалық объектiлермен жұмыс жасаудағы практикалық ептiлiктер мен дағдыларды  қалыптастыру, технологиялық операцияларды орындау, жұмыс орны мен еңбектi ұйымдастыру, алда тұрған iс-әрекеттi жоспарлау және өзiндiк iс-әрекетке бақылау жасауға үйрету;

-оқушыларды пайдалы өнiмдi еңбекке қатыстыру;

-оқушылардың еңбектен дайындық деңгейiн және сапасын тексеру мен бағалау.

Еңбекке баулу сабақтарында көрсетiлген мiндеттер, әрбiр сабақтың немесе  бiрнеше сабақтар барысында  қарастырылуы мүмкiн. Осыған сәйкес  бiз еңбекке баулу сабағы мазмұнының төмендегiдей бөлiктерiн ұсынуды жөн көрдiк.

1.Сабақтың тақырыбы. 2.Сабақтың мақсаты. 3.Сабаққа керектi құрал жабдықтар. 4.Сабақтағы көрнекiлiктер. 5.Сабақтың турi. 6.Тiрек ұғымдар. 7.Техника-технологиялық мағлұматтар.8.Политехникалық бағыты. 9.Халық қолөнерiндегi ұқсастықтар. 10.Кәсiби бағдар. 11.Пәнаралық байланыс. 12.Пайдаланатын әдебиеттер.

Ғалым  Т. Тәжібаевтің  психология  саласынан  жазған  ғылыми  еңбектері  мен  бағдары  сан  қырлы.  Ғұламаның    Жалпы  психология  еңбегінде  психология   ғылымының  теориялық  негіздері  баяндалып, психологиялық  ұстанымдары  мен  ғылыми  тұжырымдары  сол  кездегі  әлемдік   психология  ғылымының  даму  деңгейімен  үндеседі. Автор  жеке адам, оның іс  әрекеттерінің  түрлеріне,  олардың  өзіндік  психологиялық  астарларына  ғылыми  түрде  талдау  жасайды.

Психолог  ғалымының  пікірінше, психикалық   әрекеттердің   дамуы   біріңғай   үрдіс  болғанмен, оның  төменгі  сатылар  олардың пайда  болуына  дайындық  жасап  отырады. Мәселен, балалардың  жасын  түрлі  кезеңдерге   бөлуде  олардың   іс  әрекеттердің  түрлі  сатылардан   өтуімен  байланыстырады. Аталған  кітаптың  көптеген  тауарларында  мектеп  жасына  дейігі  балалардың  психикалық  дамуы  мен  ерекшеліктеріне  тоқталады. Соның  бірі  Бала  психикасының дамуы  тарауында бала өзінің айналасындағы  дүниемен ойын, оқу, еңбек арқылы  байланысатындығын нақты мысалдармен, тәжірибелермен тәптіштеп түсіндіреді.

Адам-қоғамның жемісі. Қоғам  дамып, алға басып, еңбек  үрдісі  күрделенген сайын адамның психикалық әрекеттерінің мазмұны да байи түседі. Сөйтіп еңбек  ету  нәтижесінде ғана жоғары сатыға көтеріледі деген тұжырымға тоқтайды  және адамның еңбек ету арқылы жоғары сатыға көтерілуі үшін мынадай жағдайларды ескеруді ұсынады.

1.Адам қоғамсыз, еңбексіз күн көре алмайды.

2.Әр уақытта адамдармен  қатынасып, бірлесіп еңбек ету керек.

3.Адам  көңілдегідей әрекет етіп тіршілік жасауы үшін бостандық, еркіндік қажет.

Біз ғалымның  жасаған қорытындыларынан қазақ психологиялық тарихында тұңғыш рет еркін еңбек идеясын ұсынғанын байқаймыз.

Еңбек әрекеті мектепке дейінгі жаста қалыптаса бастайды және ол бала психологиясының дамуы мен жеке тұлға ретінде қалыптасуына түбірлі әсер етеді. Балалардың еңбекке араласуын  о басты ықпал ететін түрткілердің түрін де ғалым атап көрсеткен. Алғашқысы балалардың үлкендер  әрекетіне қызығуымен, олардың  үлкендерше іс-әрекет жасауға тырысуымен байланысты пайда болады. Егер үлкенддер балалардың осы қызығуын қолдаса, онда балада еңбекке деген ынта күшейеді. Психолог-ғалым бала өзінің істейтін жұмысынан бір нәтиже  шығарып, табысқа жетіп отырса, онда олардың көңіл-күйі де, рухы да көтеріліп қалады. Басқа жұмыстарды да қызығып, ынтыға істейтін болады. Ол үшін оларға  онша қиын жұмыс бермей, қолдарынан келетін тірлікті тапсырған  жөн деп, ескерткен. Т.Тәжібаевтің бұл көзқарасы ғалым В.Г.Нечаевтің  еңбек әрекетінің мазмұны баланың жас ерекшелігіне  қарай, қажеттілігіне сай және балаға күнделікті дене күші жағынан сәйкес келсе, балаларға еңбек қызықты болады  деген  пікірмен   үрдістердің түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу, қиял және психикалық қасиет ерік, қабілеттің мектеп жасына дейінгі балалардағы даму ерекшеліктерін де ғылыми түрде түсіндіреді. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау үрдісі мен қабілеті туралы айтқан ой-пікірлерін балаларды еңбекке баулу барысында жетекшілікке алуға болады. Мәселен, қабілетті дамытудағы ең негізгі фактор-еңбек. Адам неғұрлым  еңбексүйгіштігімен ерекшеленіп, ойланған ісін ешбір ерінбей, жалықпай орындайтын болса, оның  қабілеті соғұрлым жақсы дамитын болады.

Профессор Т.Тәжібаевтің психологиялық ой-пікірлерінің жас   ұрпақты тәрбиелеу ісінде басшылыққа алатын тағылымды  тұстары мол.

1.Баланы  еңбекке  баулудағы  ата – ананың біліктілігі.

Бала  тәрбиесінің  алғашқы  кірпішінің  қалануы  мектепке  дейінгі  кезең  болғандықтан,  бүгінгі  білім  беру  жүйесіндегі  өзгерістер  мен  жаңалықтар  еңбек  тәрбиесіне  жаңаша  қарауды  талап  етіп  отыр. Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  еңбекке  баулудың  міндеті – сәби  шақтан  бастап  еңбекке  қажеттіліктің  алғы шарттарын  қалыптастыру.

Бұл  міндеттер  отбасындағы  еңбек  тәрбиесін  жақсартудан  бастау  алып,  ондағы  ата –аналардың  педагогикалық  білімдерінің  заман  талабына  сай  жетілдірумен  шешілмек.  Бүгінгі  таңда  ата –аналардың  еңбек  тәрбиесі  бойынша  педагогикалық  білімдерін  жетілдіруде  ең  негізгі  ұйытқы  болатын  балабақша. Қазіргі  нарықтық  қатынас  тұсындағы  әлеуметтік  жағдайдың  төмендігі,  психологиялық  ахуалдың  қолайсыздығы  ата –аналардың  педагогикалық  білімін  жетілдіріп  отырудағы  мүмкіндіктерінің  төмендігі  бала  тәрбиесіне  біршама  қиындықтар  туғызуда.

Бұл  тұста  ата –аналарға  баланы  еңбекке  баулу  бойынша  бағыт  беріп,  ынтымақтастыққа  әрекет  ету  тәрбиешілердің  үлесіне  түсіп  отыр.

Бала  тәрбиесінің  алтын  бесігі – отбасы. Бұл  шағын  әлеуметтік  топ –бала  үшін  өмір  мектебі. Қазақстан  Республикасы  Ата  заңының  9-тарауы «Отбасы» деп  аталып,  оның  51- бабында – «Ата – аналардың  және  олардың  орнындағы  адамдардың  міндеті – балаларды  асырау,  тәрбиелеу  және  оқыту»-деп  нақты көрсетілген. Ата-ана – баланың  өмірлік  ұстазы  және  тәрбиешісі.  Балалардың  болашағы  олардың  өмірден  татар  несібесі  мен  еншісінің  үлес салмағы  ата – ананың сіңірген  еңбегіне,  тәлім- тәрбиесіне  байланысты  болады.  Сондықтан  әрбір  ата – ана  өзінің  баласын  еңбекқор,  елінің қамқоршы  азаматы  етіп  тәрбиелеуге  міндетті.  Үздіксіз  білім  беру  жүйесінің  алғашқы  сатысы  балабақшадан  басталып,  белгілі  бағдарлама  негізіне  сүйене  жүзеге  асыра  отырып,  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  оқыту – тәрбиелеу  мәселесін  жоспарлы  түрде  шешіп, отбасына  педагогикалық  көмек  беруді  мақсат  етеді. Ата – ананың  педагогикалық  білімінің  неғұрлым  жоғары  болуы  олардың  қоғам  алдында  өз  балаларының  тәлім – тәрбиесі  үшін  жауапкершілігін  арттырады.  Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  еңбекке  баулудағы  көзқарасын  және  педагогикалық  білім    деңгейлерін  анықтау  мақсатында  № 356, 341 балабақшасы  мектеп  алды  топ   балаларының  ата- аналарынан  сауалнама  сұрақтарына  жауап  алдық. Жиналған  мәліметтерден   анықталғандай  отбасында  балаларды  еңбекке  баулуға  жете  көңіл  бөлінбейтіндігі  және  олардың  еңбектерін  тәлім – тәрбие   мақсатында  пайдалана  алмайтындықтары   белгілі  болды .

Бала  тәрбиесіне  әсіресе  жастар  жағы «тамағы  тоқ,  киімі  бүтін  болуы»  деп  түсінетіні  байқалады .  Күнделікті  күйбең  тірліктен,  балаға  қарауға  уақыттың   жетпейтінін  сылтау  ететіндер  де  аз  емес.  Кейбір  ата – аналар  «жас,  буыны  қатқан  жоқ»,  «өскен  соң  өзі – ақ  үйреніп  алады»  деген  керенау  ойларын  да  білдірді. Баланы  еңбекке  баулудағы  негізгі  кемшіліктің  туу  тамырын, төркінін  анықтау  ата – аналарымен  үздіксіз  педагогикалық  жұмыстар  жүргізу  қажеттігін  туғызды. Осы  байқаған  кемшіліктерден  ата – аналарға  баланы  мектептегі  еңбекке  даярлаудағы  педагогикалық  маңызын  түсіндіру  мақсатында  А.К. Меңжанованың  «Баланы  көркем  шығарма  туындылары  арқылы  адамгершілікке  және  еңбекке  тәрбиелеу» атты  еңбегін  және  «Отбасы  және  балабақша», «Бастауыш  мектеп», «Дошкольное  воспитание» журналдарынан  бірқатар  ғылыми  мақалалар  ұсынылды .

Зерттеуші  ғалым  Т. А. Маркованың «Воспитание  трудолюбия  у  дошкольников» деген  еңбегіне  балаларды  еңбекке  баулу  тәжірибесіне  байланысты  отбасы  типтерін  анықтау  тұжырымын  басшылыққа  алып,  отбасын  төрт  типке  бөлдік .

Бірінші  типтегі  отбасының  еңбек  тәрбиесіндегі  тәжірибесін  насихаттауға  болады, дегенмен, тәрбиешінің  көмегі  қажет.( 10 отбасы).

Екінші  типтегі  отбасы  баланы  еңбекке  педагогикалық  және  психологиялық  жағынан  даярлауы  төмен.  Ата – аналар білімді  болса  да  отбасында  баланы  еңбекке  баулу  көзқарасы  екі  түрлі .(5отбасы)

Үшінші  типтегі  отбасында  баланы  еңбекке  баулуда  ата – анасының  екеуінің де  көзқарасы  төмен.  Отбасында  тұрақты  еңбек  дәстүрі  жоқ.

Төртінші  тип  қолайсыз  отбасы.  Балаларын  қорқыту, тыйым  салу  әдістерін  пайдаланып  еңбекке  үйретеді.(5отбасы).

Дегенмен,  ата – аналардың  балаларды  еңбекке  баулудағы  бенсенділігін, қызығушылығын  арттыру  мақсатында  педагогикалық  жағдайларды  талдау, кеңес  беру  әдістері  қолданылады.

Тәрбиешілері  ата – аналарға  ертеңгі  және  кешкі  мезгілде  сұрақ  қою,  нұсқау  беру  арқылы  өз  балаларын  еңбекке баулу  туралы  ақыл – кеңес  айтып,  ойлануына  мүмкіндік  туғызады.  Ата – аналардың  ұсынысы  бойынша  мектеп  алды  топта  қол  еңбегі  үйірмесі  аптасына  екі  рет  ұйымдастырып,  ондағы  бес – жеті  жастағы  балаларды  тігіс  тігуге  үйретудің  күнтізбелік  жоспары  жасалып жүргізіледі. Балаларға  тігуге  қажетті  құралдармен (ине, жіп, оймақ, қайшы, мата)  таныстырып,  оларды  қарапайым  тігістен  бастап,  өз  қуыршақтарына  көйлек  тігу  және  аналарының  мейрамына  сыйлық  ретінде  ине  түйрейтін  жастық  тігіп  сыйлауға  үйретті. Мұндай  еңбек  тәрбиесінің  нәтижесі  балалардың   ата — аналарын   таң  қалдырды,  сөйтіп  отбасында  да  баланың  қолы  жеткен  дағдысын  одан  әрі  жалғастыруды  қолдап  отыру  пайдалы  болмақ.

Сайыс  тақырыбы: «Еңбек  түбі – береке».

Сайыс  мақсаты:         Ата  — аналардың  баланы  еңбекке  баулудағы  білімдерін  жетілдіріп,  қызығушылығын  арттыру,  балалардың  еңбекке      деген  ынта – ықыласын  дамыту.

Сайыс  барысы:

Жүргізуші: Қайырлы  күн  балалар,  ата – аналар,  ұстаздар!

Бүгін  міне, « Еңбек  түбі – береке» атты  сайысты  бастағалы  отырмыз,  — деп  сайыстың  мақсатымен  таныстырып,  қазылар  алқасына Г.Ахметова  мен  С.Жиенбаеваны  сайлады.

Жүргізуші:Сайыстың  бірінші  бөлімі  бойынша  әрбір  бала  өзін  көпшілікке  жақыннан  таныстырады.Қазылар  алқасы  балалардың  сөйлеу  өнерін,  тілінің  үйірімділігіне,  ойының  ұшқырлығына  мән  беріп,  епті  де  еңбекқор  баланы  анықтау  керек.

Ендігі кезек балаларға берілгенде:

  1. Әрін Мағжан:

Шыққан тегім Орта жүз-найман елі

Мағжан Қуанышұлымын содан бері

Мекенім балабақша саясында,

Еңбекқор бала болып шығмын да.

2.Мәлік Назерке:

Кіші жүзден боламын,

12 атаға толмын,

Байбақтыдан Жауқашты

Мәлікқызы Назерке мен боламын.

Мен шебермін,шебермін.

Тігін тігу білемін

Түйме де қадап беремін.

3.Төленова Жансая:

Алты жаста сөйле тілім жаңылмай,

Аталарым әруағы қолдасын-ай.

Көпшілік сенім артып үмітпенен

Еңбексүйгіш Жансаяны бәйгеге қосып отыр.

  1. Қасенова Гауһар:

Еңбекті мен сүйемін

6 жастамын биыл мен

Көпшілікке көрермен

Үлкен сәлем бермін.(Қазылар алқасы ұпайларын берді)

Сайыстың келесі кезеңінде ата-аналар балалардың отбасындағы еңбектерін баяндай отырып, баланың шамасына, мүмкіндігіне және жалықтырмайтын еңбек түрін беру керек деген пікірлері көңілге  қонымдылығын аңғартты. Кезек  балалардың еңбек туралы мақал-мәтелдер жарысына ауысты. Ең көп мақал-мәтел білетіндерп Мағжан мен Назерке жоғары бағаланды. Мағжанның «Салақ қыздың үйінен бір сабақ жіп табылмас», «Ұшын түймегеннің үш шаншымы  бос кетер» деген мәтелдердің тәрбиелік мәні қаншалықты әсерлі десеңізші!

Сайыстың келесі бөлімінде ата-аналарға педагогикалық жағдаяттарды талдау ұсынылды. Мысалы ретінде бір педагогикалық жағдаятқа тоқталайық. «Анасы ұлынан еденде жатқан қағазды жинап алуын сұрады. Ол менің қағазым емес,-деп баласы қағазды көтермеді. Мұндай жағдайда не істеу керек?»

  • Өзім көтере саламын.
  • Қалай да балама жинатқызамын.
  • Кімнің тастаған қағазы екенін анықтап, соған жинатқызамын.
  • Өзіңіздің вариантыңыз (кітап оқып беремін, мысал айтамын)

Назерке мен Мағжанның анасы үшінші жауапты, Жансая мен Гауһардың анасы екінші жауапты қалап дәлелдеді. Жүргізуші ата-аналар балаларымен бірге еңбек тақырыбына байланысты ребустарды шешудің жолын түсіндірді. Ребус шешілгенше қыздар би биледі. Қазылар алқасы жауабын тез табуға кеткен уақытына қарай ұпайларын берді. Сайыстың соңғы бөлімінде балалар ата-аналармен бірге отырып, еңбектің бір түрін бастауы керек. Күй әуенімен орындалған еңбек нәтижелерінде:

  1. Мағжан әкесімен бірге ағаштан орындық жасады.
  2. Назерке анасымен шәркей тікті.
  3. Жансая анасымен қуыршаққа көйлек тігіп, түйме қадады. Гауһар анасымен «тон асты» салатын даярлады.

Сайытың соңында қазыларға сөз берілді. Ата –аналарға балаларының өз қолдарымен тіккен ине қадайтын жастықтар сыйлыққа тартылды.

Сонымен, отбасы мен балабақша  арасындағы байланысты тудырудың әдістемелік жолдарын қарастыра келіп, мынадай тұжырым жасадық.

-еңбек тәрбиесінде жоғары сапаға жету үшін балабақшаның отбасымен байланысын үнемі үйлестіріп отыру;

-ата-аналардың педагогикалық білім деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға қолайлы жағдай тудыру;

-олардың теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білу, өз ойларын ортаға салу, пікір алысу, тәжірибе алмасу дағдыларын қалыптастыру;

-балалардың жыныстық, жас, психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес еңбек әрекетіне басшылық жасап отырудың тиімді әдістерін меңгеру. 

  1. 2. Еңбекке баланы жасынан    баулиық.

Оқушыларды  еңбекке баулып, мамандыққа  бағдарлау  мәселесі  қоғамдық  өндіріс пен  техникалық  прогрестің  өскелең  талаптарына  сай  болуға  тиіс.

Алайда  республикамыздың   көптеген  селолық   мектептерінде  бұл  жұмыс  тиісті  деңгейде  жолға  қойылып отырған  жоқ.

Ол  мектептердің  біразында  балалардың  жастайынан  енбекке  араласу  мүмкіндігін, еңбек  құрал — жабдықтарымен  таныстығын,  еңбек  адамдарымен  қарым — қатынасын  оларды  еңбекке  тәрбиелеу  және  ауыл  шаруашылығы  мамандығына  бағдарлау  үшін  жеткілікті  деп  санайды.  Мұның  дұрыс  еместігін  өмірдің  өзі  көрсетуде.  Сонымен  қатар  ауылдық жерлердің   басшылары  да  мектеп  оқушыларын  ертең  шаруашылықтарына  қажет  кадр  ретінде  қарап,  пәрменді  көмек  көрсете  бермейді. Бұл  іске  ауылдық  жерлердегі  көптеген  мектептердің  материалдық  базалары  нашарлығы, мектеп  шеберханалары  мен  еңбек  сабақтарын  жабдықтауға  кемшіліктер  кедергілік  жасауда. Соның  салдарынан  еңбек  сабақтарының  сапалық  деңгейі  көбіне  төмен. Оның  үстіне  балаларды  жастайынан  еңбекке  қатыстыру  мен  мектептегі  еңбек  сабақтарығана  барлық  оқыту  тәрбиелеу  міндеттерін  шеше  алады  деуге  болмайды. Өйткені  оқушылар  мектептің  өзімен  тұйықталған  жағдайда  қазіргі  заманғы  ауыл  шаруашылығы  жайында  терең  түсінік  ала  алмайды, әрі  еңбек  ұжымдары   туралы  түсініктері   үстірт  күйінде  қалады. Тұрғылықты  жерлерінде  еңбек  коллективтерінің  табысына, жетістіктері  мен  кемшіліктеріне  немкетті  қарайды. Біздің  қоғамымыз  мектептегі  тәрбие  жұмысының тиімділігіне  жоғары  талап  қойып  отырған  қазіргі  жағдайда, село  жұртшылығы  мен  мектептің  өзара  байланысын  түбегейлі  қайта  құруға  зәру  екенін  көрсетеді.  Өйткені  жалпы  тәрбие, соның  ішінде  еңбекке  баулып, кәсіпке  бағдарлау  да  мектептің,  жанұяның,  жұртшылықтың  бір — бірімен  ынтымақтаса  жұмыс  істеп,  оқушыларға  бірдей  талап  қоя  білуіне  бйланысты.

Аға  ұрпақтар  дәстүрі  жас  жеткіншектерге  олардың  өнегелі  істермен,  өзара  қарым — қатынасымен  беріліп  отырады.  Сонда  ғана  мектепте  оқушылар  ұжымның идеялық  және  рухани  әсерін  сезінеді.  Күнделікті  ортадағы  оңды  жағдайлар  оқушылардың  халық  байлығына,  табиғатқа  иелік  сезімінің  арта  түсуіне  көмектеседі.

Қазіргі  кезеңде  ауылдағы  әлеуметтік  ортаның  тәрбиелік  мәнін  артып, оның  әлеуметтік  құрылымы  өзгеріп,   ауылдық интеллигенциялың  қатары  өсе  түсуде.  Сонымен  қатар  ауылдық  жерде  әр  адамның  өмірі  село  тұрғындарының  көз  алдында  өтіп  жатады.  Сондықтан  да қоғамдық  пікір  мен  халықтық  дәстүрдің  үлкенге  де,  кішіге  де  ықпалы  күшті.  Ондағы  қоғамдық  ұйымдардың, оның  ішінде  мектептің  де  оқушылардың  семьядағы  жағдайын  және  олардың  сабақтан  тыс  кездеріндегі  тәртіптерін  зерттеп,  қадағалауға  мүмкіндіктері   мол. Әрі  ауылдық мектептердің  тағы  бір  ерекшелігі   — мектеп  оқушыларының  ата – аналары  —  сол  мектепті  қамқорлыққа  алып  отырған  еңбек  ұжым мүшелері. Бұл  мүмкіндіктерді  пайдалануда  мектеп , жанұя  және  еңбек  ұжысдары өкілдерінен  құралған  мектеп  басқару  комиссиясы  үлкен  роль  атқара  алады.  Біз   әдетте жас  жеткіншектерді  кәсіптік  мамандыққа  даярлаудың  экономикалық  тиімділігіне  барлық  уақытта   бірдей жете  мән  бермейміз. Оны  мынадан  да  көруге  болады.  Зерттеулер  көрсетіп  отырғандай,  оқушылар  мамандықты  дұрыс  таңдамағандықтан, мемлекет  қайта  оқыту  ісіне  11,5  миллиард  теңге  жұмсайды  екен.  Сондықтан  кәсіптік  бағдарлау  8 немесе  10  кластың  соңында  емес,  1  кластан  бастап  жоспарлы  турде  жүргізіліп  отырылуы  тиіс.

Елімізде  жүргізілген  көп  жылғы  зерттеулерге   қарағанда, балаға  оның   икемі  мен   денсаулығына, қызығушылығына  қарап  кәсіптік  бағдар  беретін   ата —  аналар  өте  сирек  кездеседі .

Ал  мамандық  таңдауға  қатысты  анкетаға  ата —  аналардың  қалай  жауап  бергенін  алып  қарайық:

Сұрақ: — Балаңыздың  кім  болғанын  қалар  едіңіз ?

Жауап: — Білмеймін, өскеннен  кейін  көрерміз, әйтеуір  бізді  тыңдаса  болды.

Сұрақ: — Сіздің  балаңыз  қалай  оқиды ?

Жауап: — Оны  оқыту  мұғалімнің ісі  ғой,  мен  бәрібір  оған  ешбір  жәрдем  бере  алмаймын…  Бұдан  ата- аналардың, оқушылардың  арасында  мамандық  таңдауға  немкетті  қарайтындығы  байқалады. Сондықтан  кәсіптік  мамандыққа  бағдарлау  ісіне  ата – аналар  да  араласуы  тиіс.

Осы  бағыттағы отбасы  мен  мектептің  бір – біріне  нақты  көмегіне  тоқталайық.

Мұғалім  1 — сыныптан   ата – аналардың  көмегімен  картотека  жасайды. Оған  сол  кластағы  оқушылар  ата – аналарының  кәсіптік  мамандығы  туралы    мәліметтер  жинақталады

( Мектепте  ата – аналардың  кәсіптік  мамандығы  туралы  картотекада  ешбір  мәлімет  жоқ ). Осы  картотекада  кәсіптік  бағдар  беруге  жәрдем  ете  алатын  ата – аналар  туралы  да  мәлімет  көрсетіледі. Содан  кейін  ата – аналардың  алғашқы  жиналысында  оқушылардың  кәсіптік бағдары  жөніндегі  ата – аналар  міндеті  түсіндірілуі  керек.  Содан  кейін  мамандықты  таңдау  жөнінен  балаларымызға  қалай  көмектесеміз? Қандай  жәрдем  бере  аламыз?  Сыныпта  мамандыққа  бағдарлауға  байланысты  не  істеуге  болады?  деген  сұрақтар  қойылған  анкета  ата – аналарға   таратылуы  керек.

Алынған   жауаптар  мен  кеңестердің  негізінде  ата – аналар  комитеті  мен  мұғалім     бірлесе  мамандыққа  бағдарлау  жоспарын  жасайды. Ол – мұғалімнің  ( сынып  жетекшісінің )     жалпы     жұмыс     жоспарының     бір  саласы     болып     саналады.  Балалардың     жас  ерекшеліктеріне     сай  жасаған  мұндай  жоспар  жүйелі  жұмыс  істеуге  көп  көмекші.

Бірінші  сыныпта  кәсіптік  бағдар  жұмысы     баланың  жеке ерекшелігін,  денсаулығын,  мінезін,     ұстамдылығын,  темпераментін  зерттеуден,  ата – аналарымен  танысудан,  олардан  сұрақ – анкета  алудан,  жоспар  жасаудан  басталуы  керек. Мұғалімн  оқу  жылының  2  жарты  жылдығында  кәсіптік  мамандық  туралы  әңгіме  өткізеді,  ата – аналарының  мамандықтары  туралы,  балаларға  өскенде  кім  болғылары  келетіндіктері  туралы  сұрақтар  қояды,  олармен  сол  мазмұнда  әңгімелеседі.

Екінші  сыныпта  балалар  ата – аналарының  көмегімен  газет,  журналдардан  олардың  мамандықтары  туралы суреттер,  фотографиялар  іріктеп,  ол  суреттердің  астына  әке —  шешелерінің  мамандықтарының  атын  жазады .  Мұғалім  ²Сен кім  болғың  келеді?²  деген  сұрақ – конкурсын  өткізеді.  Мынадай  мазмұнда  экскурсия  өткізуге  де  болады ,  яғни  балаларды  өздері  тұратын  ауылдың  орталығында  паркте  орнатылған  Құрмет  тақтасымен  таныстырып,  халқымыздың  еңбекті,  еңбек  адамдарын  қалай  ардақтайтындығы  туралы  әңгіме  өткізеді .

Тұрмыстық  қызмет   көрсету  мекемелеріне   экскурсияға

Барарда  мұғалім  онда  жұмыс  істейтін  адамдарымен  күні  бұрын  сөйлесіп,  балаларға  өз  мамандықтары  туралы  қысқа  әңгімелеп беруді  сұрайды.  Экскурсия  қорытындысында  балалар  осы  мамандықтарды  бейнелеп,  суреттер  салады.  Бұған  ата  —  аналар,  сыныпты  қамқорлыққа  алған  жас өркендер көмектеседі.  Соңынан  бәрін  қорытып, ²Сен  кім  болғың  келеді?²  деген  тақырыпқа  шығарма  жаздыртуға  болады .  Бұл  жұмыс жақсы  және  алуан  турлі  мамандықтар  көп  деген   тақырыпта  жиын  өткізу   мен  қорытындыланады.

Үшінші  сыныпта  алғашқы  ата  —  аналар  жиналысынан  кейін  балалар  ата – аналарымен  бірге  отырып  еңбек  туралы  мақал  — мәтелдер,  жұмбақтар,  тақпақтар  айтады.  Кейін  сыныпты  қамқорлыққа  алған  өркендер,  ата – аналар   көмегімен  осы  тақырыпқа  викторина  ұйымдастырады.  Мысалы, қамқорлыққа алған өркендер әріптерді алфавит тәртібімен көрсетіп ретімен айтады. Ал үшінші сынп оқушылары сол әріптен басталатын мамандықты атайды да, сол мамандық туралы қысқаша баяндап береді. Сондай-ақ сыныпқа белгілі мамандықты бейнелейтін түрлі-түсіт суреттер ілінеді. Оқушылар осылардың әрқайсысына сәйкес мамандықты атайды немесе  оқушыларға белгілі кәсіпке тән бір құрал көрсетіліп оны мамандықта қолданылатыны сұралады. Сонымен қатар әр түрлі мамандықтар туралы жұмбақтар шешіледі, тақпақтар айтылып, диафильмдер көрсетіледі. Тәрбие сағаттарын, кітапхана қызметкерлерінің мамндық туралы әңгімелеріне арнауға болады.

Төртінші  сыныптан  бастап  жеке  оқушылардың  ерекшелігін  байқау  үшін  анкета  жүргізіледі .  Мұнда  оқушының  өз  ортасына  қарым – қатынасы ,  еңбекке  және  қоғамдық  тапсырмаға  қатысы   тексеріледі.  Сондықтан  бұл  сыныптардан  бастап  анкета  сұрақтары  оқушылардың  икемділігі  мен  қабілеттілігін   байқауға  арналады.

Анкета  жургізудің  қорытындылары  ата  — аналарға,  балалардың  өздеріне айтылып,  қорытынды  әңгіме  өткізілуі  тиіс.  Бұл   жұмыс  бірінші сыныптан  бастап  оныншы  класқа  дейін  үздіксіз  жүргізілуі  керек .

  1. 3. Шығармашылық еңбектің ұйымдастырудың жолдары

Шығармашылық   еңбектің   мазмұны.

1.Ұйымдастыру   іс-шаралары. Тақырыбын   бекіту,  жұмыс   орнын  белгілеу,  т.б.

2.Ғылыми- зерттеу   жұмыстарын    жүргізу,   еңбекті    ғылыми   негізде   ұйымдастыру.

Зерттеу   обьектісі   қазақ   халқының   этнографиясы,  оның   ішінде  —   қолөнері.

Еңбек   пәнінің  беделін    көтеру   үшін   мына   мәселелер   жүзеге   асырылады.

 еңбек  пәніне   халық   педагогикасын   енгізу;

—  қазақ    халқының    қолөнер   туындыларының   шығу   тарихы    мен

жасалу    технологиясын   зерттеу;

—  тәжірибе  жүзінде  меңгеру:

—  халық  қолөнерін  зерттей  отырып, оқу-тәрбие  үрдісінде оларды  тиімді

пайдалану, оқыту әдістемесін құру.

—  оқушыға  ұлттық  тәлім-тәрбие  беру  арқылы  ұлттық  санасын

   қалыптастыру;

— қолөнердің бала  тәрбиесіндегі қажеттілігін,  тәрбиелік     маңыздылыыын 

  айқындау;

— ата  кәсіпті  қайта  дамыту, ата  мұраны қалыптастыру, мәдени 

  дамуымызға  үлес   қосу:

—  қолөнер  туындыларын  көрме  арқылы  көрсету:

— сыныптан тыс  еңбек тәрбиесін  ұйымдастыру:

— өнерге дарынды,  талапты  оқушыларды   тарту  және  олармен  жеке-

  дара  жұмыстар  жүргізу:

—  баланы  кәсіби  еңбек     түріне  және  өнертануға  баулу:

—  өз  білімімді  күнделікті  жетілдіріп  отыру:

—  шығармашылық  еңбекті  жүйелеу  мммен  оны  белсенді  түрде  тұрақты 

   жүргізу:

—  жұмыс  барысында  әдістемелік  ғылыми  іс-шаралар  ұйымдастырып 

   есеп  беру:

—  еңбекке  талдау  жасау:

—  еңбекті  өмір  талабына  сай,  мектеп  реформасына,  оқу  жооспарына 

   сәйкес  жүргізу:

—  педагоогикалық  ізденіспен  еңбек  ету:

—  Қазақстан Республикасының  тәуелсіз   мемлекет  болып

қалыптасуындағы  мәдени  дамуына  үлес  қосу.

Бұл  маңызды   мәселелер   жылдар  бойы  өз   шешімін   дер   кезінде   тауып ,  өмір    арнасының  ең   негізгі   одьектісі-  мектеп   өміріне    қызмет   жасауда.

Сөйтіп  1990 жылы   бастау   алған     шығармашылық   жұмысым   өзімнің   даму   жолында  көздеген   мақсатына    жетті   дей   аламыз.

Шығармашылық   еңбектің    барысы  мекткпішілік, аудандық,  облыстық,  республикалық  деңгейлерде   өткізілген   әр   алуан  педагогикалық  ғылыми- әдістемелік   іс-шараларда   тыңдалып,  талқыланып   ғалымдардың   оң   бағасына   ие   болды.

  1. Еңбекке баулу пәнінің сабақ жоспары

Сабақ  жоспары-мұғалiмнiң  сабақ  өтудегi  негiзгi  қаруы..  Онсыз  бас

өтiлетiн  кез  келген  сабақтың  нәтижелi, табысты  болуы   мүмкiн  емес

Олай  дейтiнiмiз  мұғалiм  оқушы  алдында  45  минут  уақытын  өткiзедi.

Осы  мерзiмде  ол  оқушыға    өзi  бiлiм  беретiн  пәннен  белгiлi  дәрежеде теориялық бiлiм  берумен  бiрге  сарамандық  дағдыны  да  меңгетуге  мiндеттi.  Оқушы  әрбiр  сабақта  бiлiм  негiзiмен  қаруланбаса,  ол бiлiмдi  ары  қарай  дамыта  алмайды,  оқуға  қызықпайды..  Оқушы ынтасы  бiрте-бiрте  азая  бередi  де  келе-келе  ол  пәндi  оқымайтын  болады..

Мұғалiмдiк  мамандықты  даярлағанда  жоғарғы  педагогикалық  бiлiм орындары осы  мақсаты  бiрiншi  қояды..  Әрине  барлық  пәндi  бiрдей  жақсы,  өте  жақсы  оқу  оқушыларға  мiндеттi  емес.  Оқушының  туа  пайда болатын  және  жүре  жетiлетiн  қабiлеттерi  мен  икемдiлiгi  болады..  Мұғалiм  сол  икемдiлiкпен  қабiлеттi  зерттеп  таба  бiлу  керек.  Ол  үшiн  әрбiр  пән  иесi  өз  сабағына   оқушыларды  қызықтыра  бiлсе  ғана  оқушы мұғалiм  сабағына  белсене  қатынасады.,  оған  қызығады,  бiлуге  құмарлығы   артады..  Осындай  талаптарда  терең  түсiнген көптеген  Республика  мектептерiнiң   мұғалiмдерiнен  Ы. Алтынсарин   атындағы   Қазақтың   Бiлiм  академиясына,  респбликалық,   облыстық,  қалалық  мұғалiмдердiң  бiлiмiн  көтеру,  жетiлдiру  институттарында  өткен  курстар  мен  семинарларда  «Сабақ  жоспарын  қалай  жасаған   дұрыс»  деген  сұрақтар  қойылады..  Сол   сұрақтардың   мазмұнын  терең  зерттеп, талдап  мұғалiмдерге   басшы   құрал   ретiнде  осы  ғылым  материалды  ұсынып  отырмыз.  Қазiргi  кезде  дидактикада, әсiресе,  жеке  пәндерден  сабақ  беру  әдiстемесiнде  оқыту,  үйрету,  бiлдiру,  әдiстерiнiң   проблемалары (шешудi   қажет   ететiн  түрiн)  талас  туғызып  жургенi   баршаға   мәлiм.  Мен 35 жылға  жуық  мұғалiм,  оқу  iсiнiң  меңгерушiсi,  мектеп  директоры,  оқу  бөлiмiнiң  инспекторы, әдiскер   және  аудандық  оқу  бөлiмiнiң   меңгерушiсi  болдым.  Осы  мерзiмде   мыңдаған   мұғалiмдердiң  сабағына  қатынастым.  Озаттарынан  үйрендiм.  Озаттарды  басқаларға   үйреттiм.   Сонда  мұғалiм  үшiн  әрбiр  сабақты  оқытудың  қатып  қалған   бiр  сарынды  жаттанды, (мұғалiм  басқарушылардан  құтылу  үшiн  жаза  салған  сабақ  жоспарынан басқа)   мұғалiмнiң  күнделiктi  сабақ  өткiзу  кезiндегi  оқушыларға  бiлiм  негiзiн  берiк,   өз  сабағына  оларды  қызықтырудың  бiз  айтып  жүргенiмiздей  «Әдiс,»  «амал ,»  «тәсiл»  деген  дидактикалық  ұғымдары  өзгерiп,  түрленiп  ауысып  отырды..  Олай  болса  әрбiр  сабақты  өткiзудiң  әдiсi,  тәсiлi,  айласы  болады..

Бұл  тұрғыда  мен  басқа  пәндер  емес «Еңбек  баулу»  (қазiргi  технология)   бiлiм  саласы  бойынша  берiлетiн  бiлiмдi  қалай  оқытудың  сабақ  жоспары  жөнiнде.

Еңбек-әрбiр  организмде  медицина  ғылымдарының  д„лелдеуi  бойынша  ана  құрсағында  пайда  болғанан  кейiн  1-3  айда  қозғалысқа   келiп  басталады  десе,  педагогика  ғылымы  бала  туғанан  кейiн  алғашқы  минуттарда  (Кiндiгi  кесiлiп  өз  бетiнше  тiршiлiк  басталған  кезден)  басталады  дейдi.  Ал  халықтық  тәжiрибеде 2  жасқа  келгенде  емес, өз  бетiнше  қозғалыс  бастаған да басталады  дейдi.  Мейлi,  қайсы  мезгiлде  болсын, адамда  жануарда  пайда  болған  күнiнен  өзiнiң  тiршiлiк-„рекетiнен  басталатын  анық.

Қазақтарға  бiлiм  беру  iсiн  тұңғыш  рет  қолға  алған  ағартушы-педагог  Ыбырай  Алтынсарин 1864  жылы  бiлiм  беретiн  тұңғыш  бастауыш  мектеп,  1887   жылы  қазақ  қыздары  үшiн   мектеп-интернат  ашқаны  бүкiл  әлемге  белгiлi.  Ыбырай  атамыз  өзiнiң  ағартушылық  жұмысының  алғашқы  күнiнен бастап  жастарды  еңбектi  сүюге  оқу-өнерге  ұмтылуды  баулыды..   Олай  болса  еңбекке  үйрететiн  мұғалiм, сабақ  жоспарын  жазды  ма, жазбады  ма?  Ол  жөнiнде  ғылыми  дәлел  аз.  Бiрақ  мұғалiм  сабаққа  дайындықсыз  келмегенi-анық.

Мектептiң  оқу  жүйесiнiң  негiзi-сабақ.  Мектептегi  сабақ  оқу  жұмысының  оқу  жоспары  және  бағдарламасы   бойынша  жазылған  пән  оқулықтарындағы  ғылыми-теориялық  және  сарамандық  материалдар  негiзiнде  жүргiзiледi.  Оқу  жоспарында  сол  пәндегi  ғылым  саласы  жеке  бөлiктерге,  тақырптарға,  тақырыпшаларға,  өз  бетiнше  орындайтын  тапсырмаларға,  оқушы  бiлiмiн  тексеретiн  бақылау  сұрақтары  негiзiнде  бақыланады..  Олай  болса  сабақ  жоспары  алдын-ала  жасалған,  оқу  жоспары  мен  бағдарлама  талабына  сай  жасалған  ж„не  мектеп  директоры  бекiткен  күнтiзбелiк (календарлық)  жоспар  негiзiнде  жазылады.  Оған  өтетiн  күндерi-сабақ  кестесiне  сай  қойылады.  Мектеп  басқарушылар осындай iс қағаздары арқылы мұғалiмнiң  күнделiктi  жұмысын бақылап отырады..

Мұғалiмнiң басты мiндетi оқушыларды сынып бойынша немесе жеке-жеке групаларға бөлiнсе оларды сабақ бастамас бұрын ұйымдастырады. µйымдастыру деген сөз- оларды отырғызады. Қажеттi қағаз, қаламын, оқулығын түгелдейдi. Содан кейiн сабақ өтудi бастайды немесе үй тапсырмасын қайталайды, орындалуын тексередi. Онсыз сабақ басталмайды, басталса да ол өз н„тижесiн бермеуiн де мүмкiн. Жаңа материалды түсiндiрудi мұғалiм басты мақсат етiп қойса, онда ең алдымен оқушыларға жаңа сабақтың материалын көрнектi және техникалық құралдарды орынды пайдалана отырып оқушы назарын жаңа бiлiмдi меңгеруге арнайды..

Сабақ өту барысында мұғалiм оркестрдi басқарушы дирижер қызметiн атқарады. Сыныпта қанша оқушы болса соның назарын сабаққа  қалай аударуды, егер назар аудармаса оны аудару әдiсiн лезде ойлап табу керек. Не сұрақ қояды, не көрнекiлiкке қаратады, не қасындағы оқушы сияқты тыңдауды  ыммен бiлдiредi. Осыдан келiп оқытудың жаңа әдiсi пайда болады.

Оқушыларға бiлiм жүйесiн терең әрi тиянақты беру үшiн оқыту әдiсiн жетiлдiру-әр ұстаздың негiзгi мiндеттерiнiң бiрi.

Мұғалiм жаңа сабақты тусiндiруде оқулықтағы материалды сабақ өтер алдында қалай пайдаланатын нөзi жазған жоспарында оның тартымды, әрi қызықты етiп өткiзуiн ойластыру керек.

Еңбекке     баулу сабағының ерекшелiгi жоғарыда айтылғанындай сабақ жоспарын күнделiктi қайталанатын жаттанды әдiстен бөлек ұйымдастыру талап етiледi. Себебi, бұл сабақ мектеп шеберханасында өткiзiледi. Оқушыларға бiрiншi күнi өтiлетiн сабақта  отыратын орны бекiтiледi. Оқушы сол бiр орында отырады. Сабаққа байланысты қауiпсiздiк ережесiмен  таныстырады.. Оны дәптерлерiне жаздырады..  Қауiпсiздiк  ережесiн  оқығаны,  жазғаны  жөнiнде  арнайы  журналға  қол  қойылады..  Бөлмедегi  электр  жабдықтары (ток  көздерi  қосылған)  құралдарға  арнайы  қорғаныш  қояды..  Оқушыларға  өз  бетiнше  ұстауға  тыйым  салды..  Мiне,  осының  бәрi ²Еңбекке  баулу² сабағының   алғашқы  3-4 сабағына  арналады..  Бұл  сабақтың  басқа  бiлiм  сабағына  артықшылығы   оқушының  көруге,  ұстауға,  үйренуге  деген  бейiмдiлiгi,  белсендiлiгi.

Белсендiлiк  дегенiмiз-  оқушылардың  танымдық  және  шығармашылық  әрекетiн дамыту.  Егер  оқушылар  алғашқы  сабақтан  бастап-ақ  мұғалiмнiң  сабағына  белсендi  қатынасса,  онда  оқушының  бiлiмге  деген  құштарлығы,  ынта-ықыласы,  төзiмдiлiгi, iскерлiгi, iздемпаздығы, дүниетанымдық көзқарасы арта түсетiн анық.Осыдан келiп, оқушылардың белгiлi бiр кәсiпке бейiмделуiне жол ашылады. Бұл кәсiпке бейiмдiлiктi танымдық әрекетi мен ақыл-ойын жетiлдiру белсендiлiгiн артыру жүзеге асырып отырады.

Мұғалiм сабақ жоспарын жасау үшiн ең алдымен бағдарламалық материалдарды, қайта қарап күнтүзбеге ғылыми тұрғыдан  талдау жасай бiлуi керек.Технология пәнiнiң күнтiзбесi1 сыныптан 4-сыныпқа дейiн  Бастауыш мектеп  журналында басылды. 5,6,7,8,9-сыныптардағы күнтiзбе  Қазақстан  мектебi журналына  2002 жылында  басыла  бастайды. Оқушылардың әрбiр сабақтың ғылыми негiзiнен ұғынуы, мұғалiмнiң бiлiм байлығының көптiгiне көп iзденiп, қажымай-талмай еңбектенуiне тiкелей байланысты.

Бұл  үшiн әрбiр мұғалiмге  Технология бөлiм саласы бойынша стандартты, тұжырымдаманы, бағдарламасы, соған сәйкес жазылған оқулықты оқып, оны жете түсiну талап етiледi. Қазiргi кезде оқулықтағы материалдарды оқушыға ескi әдiспен  баяндай  беру қажетсiз. Онда оқушылар қызықппайды. Дамыған шет елдерде мен зертеген Дания, Англия, Швеция, Балтық бойы  республикаларында әрбiр сабақтың жаңа тақырыпты түсiндiруi мұғалiмнiң 5 минуттық 20-30 минуты өз бетiнше берiлген тапсырмаларды талдау,ойлану,жаңа ұғым: жаңа түсiнiк қалыптастыруға оған жетудi жолдарын iздестiруге назар аударылады..

Мысалы.:1.Еңбек  сабағын өткiзудiң мақсаты:

Бiрiншiден: сарамандық жұмыстары  оқушылардың бiлiмiне негiздеп құрылады. .Яғни, сабақ қорытындысы берiлген затты жасай, орындай бiлуге үйрену.

Екiншiден: сарамандық  жұмыс барысында оқушыға тапсырылған өңделетiн материалдар қасиетiн, құрылысын, аспаптардың, механизмдердiң, машиналардың, т.б. қолданылу мақсатын меңгередi. Сондықтан оқушы  жұмысын бағалағанда, олардың бағдарламалық материалдарды қаншалық  меңгергендiгiн  ескерген дұрыс. Әсiресе  бастауыш  сыныпта.

  1. 2. Өңдеу дәлдiгi.Оқушылар еңбек  сабағында  негiзiнен пайдалы  бұйым  жасап  үйрену  керек. Алайда, күнi бүгiнге дейiн оқушылар жасайтын бұйымдарға ғылыми тұрғыда  қойылатын бiрдей  талап жоқ. Сондай-ақ бұйым  сапасына  да  қойылатынталап деңгейi  белгiленген. Сол себептi  мұғалiм  оқушылардың  жас ерекшеiгiне қарай  еңбектiң  әр түрiне өздерi ойластырылған талап қояды.

Сабақ жоспарын жасауда  уақыт ережесiн ерекше  ескерудi жөн  деп  санайды. Уақыт нормасын, енгiзу оқушылардың тапсырылған жұмысты   қанша  мерзiмде орындалу қажеттiгi  жөнiнде  толық түсiнiк болады. Сонда оқушылар  тапсырылған  жұмысты  өз мерзiмiнде орындайды.

Сабақ  жоспарын  жасау жолдары  жөнiнде  әрбiр  пән иелерi  әртүрлi  жоспарды ұсынады.

Сабақ жоспары:

Мерзiмi, сыныбы

1.Сабақтың тақырыбы.

2.Сабақтың мақсаты:

а.Бiлiмдiк мақсаты;

ә.Дамытушылық мақсаты;

б.Тәрбиелiк мақсаты.

3.Еңбектi орындау орны.

4.Сабақтың түрi(сарамандық,зертханаклық,төп серуен,

өзбетiнше жұмыс, т.б.)

5.Сабақтың көрнекiлiгi(керектi еңбек құралдары, технихалық құралдар, ағаш, қаңылтыр, таблица, схема,т.б.).

6.Сабақтың пәнаралық байланысы.

7.Сабақтың негiзгi мазмұнымен өткiзу барысы.(Мұнда ұйымдастыру,түгендеу,өткен сабақты сұрау,жаңа сабақты түсiндiру,бекiту,қайталау,үйге тапсырма).Көп жағдайда бұл бөлiм   Еңбекке баулу   сабағына қажетсiз де болады.

8.Сабақтың негiзгi бөлiмi оның  ғылыми сарамандық бiлiм берiлуi.Олай болса 8-бөлiмдi осылай жоспарлаған дұрыс сияқты.Бұл бөлiмде немесе  Технология  пәнiнен сабақ беруде технологиялық процестер болады.Оны мұғалiм сабақ жоспарына қосуға мiндеттi.

Бұл пәннiң тағы бiр негiзгi  ерекшелiгi-барлық жұмыс сарамандық негiзiнде  немесе анығын айтқанда оқушы жұмысты көзбен көрiп,қолмен  ұстайды.Онсыз  бiлiм де   дағды да,шеберлiк те  болмайды.Соған сәйкес сарамандық жұмысты орындауға нұсқау берiледi.

9.Сабақ қорытындысы:

а.өзбетiнше жұмысты орындау белсендiлiгi;

ә.ғылым,бiлiм дағдыны меңгеру;

б.берiлген тапсырманы орындау қорытындысы, iскерлiгi, нәтижесi;

в.оқушы еңбегiнiң дұрыс, әрi әдiл бағалануы.

Мұғалiм кунделiктi сабақ жоспарын жазғанда,оқулықпен қоса пайдаланған әдебиеттер,газет-журнал материалдарын қоса жазса сабақтың ғылыми  мазмұны  мен  сарамандық бiлiм деңгейi және  мұғалiмнiң iздемпаздығы арта түседi.

Еңбек –материялдық және рухани байлықтардың көзі , сонымен бірге, ол адам өмірінің ең бірінші шарты. Біржағынан ол адамның табиғатқа әсер ету процесін көрсетеді , екінші жағынан, адамдардың өмір сүру құралдарын табудағы  өзара әрекеттесу процесі.

Адамдардың бірлесе жүргізетін еңбек процесіндепроцесінде олардың еңбекке көзқарасы қалыптасады . Қоғамның даму тарихында еңбек тәрбиесі  жасөспірімдер мен жастардың адамгершілік қатынастарын қалыптастыратын мақсатқа бағыттайтын процес. Еңбек тәрбиесі – жан жақты тәрбиенің  біртұтас бөлігі. Еңбек тәрбиесінің міндеті – жасөспірімдерді еңбек-сүйгішттікке , еңбекті құрметтеуге -, еңбек мәдениетіне  үйретумен қоса олрдың еңбек ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру . Еңбек тіәрбиесінде еңбек сабақтарының  мәні өте зор себебі мұнда оқушылар еңбек операцияларын меңгереді. Бұл сабақтарда оқушылар өздері үшін керекті және басқа нәрселерді даярлайды еңбек дағдыларын меңгереді , техникалық және техналогиялық білімдермен қаруланады.

Еңбек сабағы оқушының байқағыштығын, ой- өрісін, шығармашылығын дамытады. Өз бетінше жұмыс істеуге табындылыққа, тұрақтылыққа баулумен қатар, өзіне деген сенімін күшейтеді, ширақтылыққа, талаптылыққа, жігерлік сияқты қасиеттерге тәрбиелейді.

Халық өнері бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуді маңызды роль атқарады . Ата- бкабамыздың ұмыт қалған өнерін жас ұрқтарға үйрету және жалғастыру – бүгінгі күннің бірден – бір талабы.Сондықтан өзіміздің ғажайып ұлттық өрнектерімізбен қолөнері туындыларына үлкен мән беруіміз  қажет. Әрбір жасалынған қолөнер түрлері:кілем,сырмақ, текемет, қашалып оюланған нар кебеже, түрлі –түстерден жасаған бау мен басқұр әшекейлер саз аспаптары бәрі оқушылардың жан дуниесін оятады .

Атадан балаға мирас болып келе жатқан осындай бұйымдарын өзіміз меңгеріп, оқушыларға үйретсек келешек ұрпақ осы өнерді жалғастырар еді.

Бастауыш сынып оқушыларына олардың жас еркшелігін ескере отырып, бағдарлама берілген өнер туындыларының элементтеріегн жасатуға болады . Осыған байланысты кілемнің ою-өрнегімен бояуымен тоқу және құрылу мәнімен таныстырып , сабақта түрлі-түсті қағаздан кілемше тоқып жасатуға және тоқудың бірнеше әдістерімен таныстыруға болады . Соның бірі қағаздан кілемше тоқу  әдісін қарастырайық.

Сабақтың мақсаты: Матаның құрылысындағы жіптердің өрілуінің қарапайым әдістерімен танысу.

Сабаққа даярлық: Мұғалім турлі-тусті немесе жылтырглянцевая бумага қағаздың үш-төрт түрін дайындайды. Одан көлемі 10х10, 15х15 см шаршы немесе көлемі 5х10, 5х15 см.етіп тікбұрыштарқияды. Осылайша дайындалған қиындылардың әр оқушыда екеуден болғаны дұрыс.Сонымен қатар көлемі 25х25 см өте көркем өрілген қағаз кілемшені үлгі көрнекі құрал ретінде пайдалануы тиіс

Сабаққа қажетті құрал саймандар , жабдықтар: түрлі-түсті қағаздан қиылып дайындалған шаршылар , көлемі 5х10 , 5х15 см желілі клейстер . Құралдар:қайшы, сызғыш, бұрыштар, қарындаштар , желімге клейстерге арналған ықшамды щетка, таза шүберек.

Жұмыстың орындалу реті

1.Төртбұрышты не тікбұрышты қағаздың бетіне түзу сызықтар жүргізу.

2.Осы қағазды тура ортасынан екі бүктеу.

3.Қағаздың бетінде негізгі сызықтар жүргізу.

4.Негізгі сызықтардың арқаулы сызықтармен өріліп тоқылуы.

Сабақтың барысы: мұғалім оқушылардың  есіне сабақтардың  мақсаты- «Қағаз қиындыларының  кілемше тоқу» екендігін салып өтеді. Оқушыларға дайын кілемшенің үлгісі көрсетілді. Мұғалім оқушылардың назарын кілемшенің өрлеудегі лента тәріздесі қағаз қиындыларының бір бөлігі жоғарыдан төмен қарай орналасқандығына аудартады. Бұл-кілемшенің негізі. Сызықтардың келесі бір бөлігі содан соңғы қарай орналасқан. Бұл-арқаулы сызықтар  /утка/. Кез-келген матада осы екі сызықтар негізгі және арқаулы өзара бір-бірімен өрілген. Шұлық тоқығанда жіптер қалай өрілсе, қағаз кілемшені  тоқуда түсті екі қағаз таңдап алып, қалай дайындауын түсіндіреді мысалы: көк және жасыл, қызыл және сары және т.б. Бұл қағаздарды біреуі кілемшенің негізгі дайындау үшін қажет. Ал, екінші қағаздың лента тәрізді сызықтар алынады, бұл сызықтар негізбен қосылып өріледі. Қағаздың дайындалатын кілемшені жасауды І-суретте кескінделген.

Оқушылардың бірінші міндеті – кілемшені /1-суретте/ түзу негізгі  сызықтарын жүргізу. Бұл үшін қағаз төрт бұрыштың  ұштарын  жоғары қаратып  қағаздың екі жағынан  1 см  қашықтықта екі нүкте белгілеп  алынады. Осы екі нүктенің арасын бір-бірімен түзу сызық арқылы жалғастырады, содан соң қағазда ұзындығы 8см болатын шарты  бейнеленеді  /егер бастапқы шартының  ұзындығы 10 см болса /.

Осыдан кейін  қағазды қақ ортасынан екі бүктеп, тікбұрыштың екі ұзын жағасынан нүктелермен белгілеп қояды, ара қашықтығы 1 см. Енді негізгі сызықтарды жүргізеді. Мұғалім  оқушыларға ортасына бүктеліп төртбұрышты қағазды және онда белгіленген нүктелер мен кілемшенің жүргізілген негізгі сызықтарын көрсетеді. Осы түсініктеме берілген соң оқушылар жұмысқа кіріседі.Балалар тіктөртбұрыш қағаздың ортасына штрихты түзу сызықтармен жүргізеді: Жұмыстарын мұғалімге көрсетеді егер штрихты сызықтар дұрыс сызылса, онда оған  қағазды екі бүктеуге және негізгі сызықтарын жургізуге рұқсат береді.

Әрбір жүргізілген сызықтың белгілену бар: 1,2,3,4, т.б. Содан соң қағаз тікбұрышты белгіленген сызықтар бойынша қиын өткенде, біз бүктелген қағазды ашқан кезде  барлық негізгі сызықтар толық, анық көрінуі тиіс.

Біз негізгі сызықтардың жұп және тақ турлерін көрдік. Бұл  сызықтардың әрқайсысы да өз белгіленген саны бар, оған біз жұмыс барысында көңіл аударамыз. Кілемшенің негізі дайын болған тақтаға бүктеледі: оқушылар негізгі сызықтар мен олардың санын жақсы көруі тиіс. Осыдан кейін мұғалім алдын-ала дайындалған түрлі-түсті қағаздан лента тәрізді қиылған сызықтар алып, негізгі сызықтың оң жағынан сызықтың астынан салып үстінен тартып алады да,үекінші сызықтың үстімен,үүшінші сызықтың астымен тақ санды негізгі төменгі, жағынан, ал жұп санды негізгі жоғары жағынан өткізіп, осы ретпен жалғастырады. Оқушылар сызықтардың өрілу ретін бақылап отырады. Екінші, яғни арқау сызықтардың ұшынан тартып отырып, оқушыларға осы қозғалысты қарастыруға мумкіншілік береді.Қағаз төртбұрыштың теріс жағын аударып, онда да өрудің осы тәсілі қолданылатындығына оқушылардың назарына аударады. Содан   соң  оқушылар  өздері  негіз сызықтарын мұғалім  көрсетіп  бергендей  өре бастайды.  Ол  үшін  балалар  ең  бірінші  түрлі –түсті  қағаздарын  лента  тәрізді  етіп,  бірнешеуін  қиып  алады.  Арқау  сызықтарын  жасап,  лента  тәрізді  етіп  қиып  алған  соң, мұғалім  тақтаға  екі-үш  оқушыны  шығарып  негізгі  сызықтар  мен  арқау  сызықтардың  өзара  өрілуі  қалай  екендігі  туралы  түсінгендерін  пысықтайды.  Енді  мұғалім оқушылардың  бұрыс  жауаптарын  тыңдап, өруді  теориялық  тұрғындарына  көзі  жеткен  соң, оқушыларға  сызықтарды  өруге  рұқсат береді.

Мұғалім   қатар  арлықтарын   аралап,  оқушылардың   орындап  жатқан  жұмыстарының   дұрыстығын   бақылап, қарап  жүреді.

Қажет  болған  жағдайда   мұғалім  оқушылардың   жұмыс  барысындағы  жіберген  кейбір  қателерін  жөндеп, түзеп  қояды.

Арасы  сызықтың  бірінші  қатары   дұрыс  орындалған  соң  бұл  сызықты   екі  жағынан  бекіту  қажет.  Ол  үшін  сызықтың  басы   мен  соңына  бір  тамшы  клейлерден  /желім/   тамызып  бекітіп  қояды.   Ол  кілемшенің   негізіне  бекітіледі.  Арқалау сызықтардың екінші қатары да, турабірінші қатардайешқандай айырмашылығы жоқ. Бірақ мұғалім оқушылардың назарын арқау сызықтар негізгі сызықтардың өріліп тоқылуы шарттар бойынша өтеді. Әрбір арқау сызықтың екі ұшы негізге клейстер желім арқылы бекітіледі. Осы сызықтардың барлығы жүргізіліп, екі жағынан да бекітіліп  болған соң кілемшені төртбұрышты ақ қағазға жпсыруға болады. Бұдан бұл бұйым сапасы әдемі және көркем көрінеді.Дайын болған кілемшені екі құрақ ақ қағаздардың арасына  салып, ауыр затпен бастырып қойған дұрыс.

Түрлі түсті қағаздан кiлемше дайындау:

А) Кілемшенің негізі үшін қағаз дайындау;

Ә) Екі бүктелген негіздегі қиылатын сызықтарды белгілеу;

Б) Негізді қию;

В) Негіздің жалпы көрінісі;

Г) Түсті қағаздан арқау жолақтары;

Д) Тоқу процесі;

Е)  Дайын кілемше.

Осы қолөнер бұйымдарына эстететикалық қызығушылығын қалыптастыру арқылы балаларды еңбек етуге бейімдеп, қабілеттілігін арттыруға септігін тигіземіз. Халық педагогикасында балаларды ерте бастан еңбекке, ұлттық қолтаңбалы өнер бұйымдарын жасауға үйретіп, ой-өрісін, шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруды көздеген. Сонымен қатар балаларды еңбекке балууда ұқыптылыққа, әсемділікке, шеберлікке, үнемділіікке үйретуде мақал-мәтелдерді, аңыз-әңгімелерді, өлеңдерді, жаңылтпаштарды қолдану арқылы жетістіктерге жетті.

Қорыта айтқанда, халқымыздың ұлттық өнерінің тәрбиелік мақсаты келешегінен үлкен үміт күттіретін жас ұрпақты баулу-тәрбиенің қайнар көзі.

Көне мұрамызды оқып үйреніп, қазіргі кезеңмен тығыз байланыстыру. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасыпкеле жалғасып келе жатқыа халықтық мұраны келер  ұрпаққа жеткізу.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ақатаев С. Күн мен көлеңке. Алматы, 1994ж.

  1. Әмірғазин Қ. Қазақ қолөнері.Алматы. ТОО. Дайк-Пресс, 1996ж.
  2. Жүкеш Қ. Ұлттық психологияның сипаты.алматы,1993ж.
  3. Қазбеков М. Наурыз. Жаңғырған салт-дәстүрлер. Алматы,1992
  4. Қоңыратбай Тана. Халық педагогикасының идеяларын оқу-тәрбие ісіне ендіру жолдары. К.д. Алматы,1994ж.
  5. Қоңыратбай Тана. Ұлттық сана бастауы қай тұста? Отбасы және балабақша.1998ж. №1-2
  6. Марғұлан Ә.Х. Ежелгі жыр, аңыздар.Алматы,1985ж
  7. Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ.алматы.қазақстан, 1977ж.

9.Шашақова А. Халық тәлімі-тәрбие бастауы. Алматы: Рауан,1994ж.

  1. Сейдімбек А. Күңгір-күңгір күмбездер. Алматы, 1981ж.
  2. Сейдімбек А. Қазақ әлемі .Алматы, 1997ж.
  3. Төленбаев С. Өмірбекова М. Қазақтың ою-өрнектері. Алматы. қазақстан.,1993ж.

13.Қалиев С., Оразбаев М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.-Алматы:1994

  1. Ұлағат №3,2003.
  2. Бастауыш мектеп. №2., 2002ж.
  3. Қазақстан мектебі. №5., 2003ж.
  4. Тәрбие құралы. № 6,7.2003ж
  5. Ұлт тағылымы №4,2003ж.