Бала тілінің дамуы туралы реферат
Тақырыбы: Бала тілінің дамуы
Бала тілінің дамуы дыбыс апаратының бұлшық еттерінің күрделі шартты және шартсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады. Тілдің дамуы үшін, басқа адамдармен болатын қарым — қатынастың маңызытілдің зор. 12-16 жасқа дейінгі адамдармен араласпай өскен балалардың адамға лайықты сөйлеу қабілеті болмайды. Ол тек жануарлар іспетті жеке сөздерді айтып, біраз сөздердің мағынасын түсінгені мен, ол екінші сигналдық дәрежеде қалыптаспайды. Бұған дәлел маймылдар тәрбиелеген адамның балалары. Сәби кезінен бастап жануарлардың тәрбиесінде болып, адамдармен қарым — қатынас кеш бастаған балалардың ересек адамдардай сөйлеу қабілеті болмайды, оларды адам кейпінде келтіріп тәрбиелеу де, сөйлеп үйрету де қиын, кейде мүлде мүмкіндік болмайды. Ал ертерек кішкентай кезінде табылған балалардың адам кейпінде нашар болса да сөйлеуге болады.
Жуған туған бала дыбыс аппараттарының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты мағынасыз үн шығыра алады. 2 – ші айдан бастап дауыстай алады, ересек адамдарға еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталай бастады, 3 – айға жеткенде гу-гуледі, былдырақтап сөйлегісі келеді. Гу-гулер мен дабылдырақтау оның дыбыс апараттарын дамытып, сөйлеуге дайындайды.
5-6 айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын айта бастады. 67 айда ересектердің сөздерін қайталауға тырысады. Бірақ бұл кезде, әсіресе жарты жасқа дейін, балаларда 1-ші сигнал жүйесі ғана дамығандықтан сөздің мағынасы жеке дыбыс ретінде қабылданады, бала сөздің нақты мағынасын түсінбей-ақ айта береді. Ал жарты жастан аса сөздің мағынасын түсіну қабілеті дами бастайды.
Тілдің шығуында дыбысты есту қабілетінің маңызы зор. Есту қабілеті ерте жойылған балалардың тілі шықпайды. Жақсы еститін балаланың 9 айында былдырақтап сөйлегені түсінікті жеке сөздерге ойланады, 2 жасқа дейінгі баланың сөйлеуі оның ана тіліне байланысты емес, 2 жасқа соң ғана ана тіліне байланысты артикуляция байқалады.
1,5 жаста сөз бен заттардың арасында байланысты туады, баланың тілі қалыптаса бастайды. Баланың ми қыртысында дыбыс орталығы мен сөйлеу орталығының арасында нервтік байланыс пайда болады. Кейіннен ол күшейіп, сөздерді құрастыру, 2-3 сөздің басын құрау қабілеттері пайда болады. Дені сау, жақсы дамып келе жатқан баланың бір жасында 6-10, екі жасында 250-300, үш жаста 1500, төрт жаста 400мың, бес- алты жаста 250-300 мың сөз қоры жиналады. Баланың тәрбиесіне, жоғары жүйке әрекетінің тобына, қозу мен тежелудің қасиеттеріне байланысты балалардың сөз қорының мөлшері әртүрлі. Сөз қоры баланың басқа адамдармен қатынасына, табиғатына, яғни генетикалық тұқым қуалаған қасиетіне, болмысты білуге арналған ынтасына, тәрбиесіне, өмір сүріп жатқан ортасының мәдениетіне байланысты. Баланың алғашқы сөздері оның көңіл — күйіне негізделген, өмір қажеттілігінен шыққан сөздер болмаса, кейіннен сртқы ортаның тауына, өзінің өмір тәжірибиесіне байланысты.
Баланың тілінің дамуына 3 пен 4 жастың арасының маңызы ерекше. Бұл кезде тіл байлығын көбейтуге, сөздің мағынасын дұрыс түсіндіруге көбірек көңіл бөлген жөн. 4 жаста баланың байлығы молайып, өзге байланысты нақтылы сапасы артады. Осы кезде баланың сөздері дұрыс, анық айтуына көбірек назар аударуқажет, онымен көбірек сөйлесіп, қателерін жөндеу маңызды. Бұл мерзім ата-анасынан шыдымдылықты талап етеді, өйткені баланың мәлемет алуға ынтасы күшті, сұрақты көбірек қояды. Бұл сұраққа берілген жауап екінші сұрақты тудырады да ересек адам мезі болады. Дегенмен баланың дөрекі тоқтатып тастамай, сынайы, көңілін басқа нәрсеге аударып жіберген жөн. Жалпы алғанда ауызша сөз қорының дамуы 5-7 жасқа дейін созылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл байлығын дамытуда түрлі ойыншықтардың, әңгімелердің, балалармен қыдырып жүрген кезде сыртқы ортамен танысуының маңызы өте зор.
7 жасқа дейінгі балалардың белгілі бір жағдайға, нақтылы әсерге байланысты сөздері жақсы сақталды. Бұл кездегі баланың сапасы нақтылы тітіркендіргіштердің әсерінен дамиды.