Бала асырып алу туралы реферат

0

Тақырыбы: Бала асырып алу

Мазмұны

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  3. Асырап алу шарттары
  4. Бала асырап алу туралы заңдар

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бүгінгі таңда жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау көкейтесті мәселелердің бірі. Бала интернатты мекемеде тәрбиеленген кезде, баланың құқығы бар тұрғын үйдің  бөлігі  жайдан-жай  сатылып кетеді. Алайда оған тұрғын үйдің бөлігінің қандай да бір құны өтелмейді. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы «29» қарашадағы № 1271 қаулысымен Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидалары бекітілді.

Аталған қаулыға сәйкес тұрғын үйінің сақталуын бақылауды жергiлiктi атқарушы органдар (бұдан әрі – органдар) қамтамасыз етедi.

Балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылық, патронаттық тәрбиелеуге бергенге, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастырғанға дейін олардың тұрғын үйін сақтауды органдар қамтамасыз етедi.

Балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиелеуге беру, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастыру кезінде олардың тұрғын үйін сақтауды балалардың заңды өкілдері қамтамасыз етедi.

Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан орган жалдаған тұрғын үй балаларда олар білім беру ұйымдарында, медициналық және басқа да ұйымдарда, оның ішінде қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін ұйымдарда болған кезеңде, қорғаншылықта немесе қамқоршылықта, патронаттық тәрбиеде болғанда кәмелетке толғанға дейін сақталады.

Он төрт жасқа толмаған балалардың тұрғын үйін иеліктен шығаруға, оның ішінде айырбастау немесе сыйға тарту бойынша мәмілелер жасауға немесе олардың атынан кепілгерлік шартын, тұрғын үйді өтеусіз пайдалануға тапсыру немесе кепілге қою бойынша мәмілелер, заң жүзінде, өсиет бойынша оларға тиесілі мұрагерлік құқықтардан бас тартуына, олардың тұрғын үйін бөлуге немесе одан үлес бөліп алуға әкеп соқтыратын мәмілелер жасасуға жол берілмейді.

Балалардың тұрғын үйін кім есепке алады?

Органдар балалардың тұрғын үйінің бар-жоғын анықтайды және оларды жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепке алады.

Балаларда тұрғын үйінің бар екені анықталған жағдайда, органдар:

  1. тексерілетін тұрғын үйде тіркелген адамдар, сондай-ақ нақты тұратын адамдарды көрсете отырып, тұрғын үйдің техникалық, санитариялық жай-күйі туралы актіні;
  2. әрқайсысының ерекше белгілерін көрсете отырып, тұрғын үйдегі мүліктің тізімдемесін жасайды.

Тізімдеме мен акт 2 данада жасалады:

  1. бір данасы тиісті тұрғын үй орналасқан аумақтағы органда;
  2. екінші данасы баланың заңды өкілдерінде болады.

Балалардың тұрғын үйіне қорғаншылықты кім белгiлейді?

Органдар балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиелеуге беру, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастыру қажеттілігі туралы белгiлi болған сәттен бастап бiр ай iшiнде балалардың тұрғын үйіне қорғаншылық белгiлейдi.

Тұрғын үйге қорғаншылық органның тұрғын үйге қорғаншылық белгілеу туралы шешім шығаруы жолымен белгіленеді. Аталған шешім аумақтық әділет органдарына осы мәмілелер жасауға тыйым салу туралы қорғау хаттарын жолдау негізінде шығарылады.

Заңнама жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін жалға (жалдауға) беруге тиым салмайды.

Баланың заңды өкілдері қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның келісімімен балалардың тұрғын үйін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгі шарт негізінде жалға (жалдауға) бере алады.

Тұрғын үйді жалға (жалдауға) беруге келісім алу үшін баланың заңды өкілдері қорғаншылық немесе қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын органға мынадай құжаттарды береді:

  1. Еркін нысанда ресімделетін балалардың тұрғын үйін жалға (жалдауға) беру үшін рұқсат алуға өтініш;
  2. 10 жасқа толған, тұрғын үйге меншiк құқығы немесе тұрғын үйді пайдалану құқығы бар кәмелетке толмаған баланың келісім-анықтамасы;
  3. Заңды өкілдің және балалардың жеке басын куәландыратын; балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиелеуге беру немесе білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастыру туралы құжаттардың көшірмесі;
  4. Тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері.

Балалардың тұрғын үйін жалға (жалдауға) беруге органдардың келісім беруі құжаттар келіп түскенін сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Заңды өкілдер тұрғын үйді жалға алу (жалдау) шарты бойынша алынған ақшаны балалардың банктік шотына аударға тиіс.

Балалардың тұрғын үйін жалға (қосымша жалға) беру шартын жасау немесе оның қолданысын тоқтату (бұзу) кезінде тұрғын үй балалардың заңды өкілдерінің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің, жалға алушының (қосымша жалдаушының) қатысуымен қабылдау-беру актісі бойынша беріледі.

Балалардың заңды өкілдерінің балалардың тұрғын үйін сақтау бойынша міндеттерін орындауын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнамасына сәйкес органдар жүзеге асырады.

Баланың заңды өкілдері тұрғын үй есепте тұрған органға алты айда кемінде бір рет осы тұрғын үйдің жай-күйі, тұрғын үйге қатысты жүзеге асырылатын іс-әрекеттер туралы мәліметтерді қамтитын қамқорлығындағы баланың тұрғын үйін басқару жөніндегі еркін нысандағы есепті береді.

Баланың заңды өкілдері тұрғын үйді сақтау бойынша міндеттерін тиісінше орындамаған жағдайда, қамқоршылық немесе қорғаншылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган заңды өкілдерді олардың міндеттерінен шеттетеді.

Асырап алу шарттары

Бала асырап алуды ресімдеуге тәжірибелік ұсыныстар

Бала асырап алам деуші ата-аналар көбінесе қандай құжаттар дайындау керектігін, қанша уақыт алатынын, қайда барып сұрайтындарын білмей, бірден Балалар үйіне немесе сәбиханаға, емханаға және т.б. жерлерге телефон шалып сұрап жатады. Сіздерге көмектесу, болашақ балаңызбен тез арада қауышу үшін “Баланың отбасында өсу құқығы” ақпараттық бағдарлама аясында Әйелдердің творчестволық бастамашылық лигасы бала асырап алудың рет-жосығы және бірнеше тәжірибелік кеңес жөнінде жалпы ақпарат ұсынады. Ең бірінші сіз қала әкімдігі Білім беру департаментінің балалар мекемелері бойынша бас маманына баруыңыз қажет. Ол бас маман сізбен алдын ала сөйлесіп алып, қажетті құжаттардың тізбесі мен баратын жерлдеріңізді көрсетіп береді.

Бала асырап алам деуші азаматтарды есепке қою үшін қажетті құжаттар:

Үлгі бойынша нотариус растаған өтініш (2 қосымша);

Неке туралы куәліктің көшірмесі (егер де сіз некеде болсаңыз);

Жеке куәліктің көшірмесі;

Жұмыс орнынан алынған еңбекақысы көрсетілген анықтама (еңбекақысы, кірісі);

Тұрып жатқан үйі құжаттарының көшірмесі;

Тұрмыстық-тұрғын үй жағдайын тексеру актісі (асырап алушылар тұрып жатқан аумақтағы мектептің қоғамдық инспекторы жасайды; актіні мектеп директоры растайды) (3 қосымша);

Тұрғылықты жерінен анықтама (№3 үлгі);

Басқа қалалықтар үшін – тұрғылықты жерінен қамқоршылық және қорғаншылық органының қорытындысы;

ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқықтық статистика орталығы берген сотталмағаны жөніндегі мәліметі (4 қосымша);

Медициналық тексеру (психиатр, нарколог, дермато-венеролог, терапевт және басқалар) (5 қосымша).

Сіз әрбір ықылас білдіруші бала асырап алушы бола алмайтынын білгеніңіз жөн. Егер бекітілген аурулар тізбесіндегі сырқаттар сізде болса, онда бала асырап ала алмайсыз. Бұл мынадай аурулар:

  1. Жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромын (СПИД) және иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырғандар (ВИЧ).
  2. Психикалық аурулар.
  3. Маскүнемдік, нашақорлық, уытты заттарға әуестік.
  4. Туберкулез.
  5. Жыныстық қатынаспен таралатын аурулар.
  6. Алапес.
  7. Дәнекер тіндердің ауыр сырқаттары.
  8. Мүйізденуі бұзылған ауыр дерматоздар.
  9. Созылмалы ауыр буллезды дерматоздар.
  10. 1, 2 топтағы мугедектік (қамқоршылық және қорғаншылық органының шешімі бойынша).

Құжаттарыңызды дайындап Білім беру департаментіне өткізгеннен кейін Сізге аңсаған ұлыңызды немесе қызыңызды тауып алу үшін балалар мекемелеріне жолдама беріледі.

Сіз баратын мекемелерде “арнайы конкурс” болмайтынын бірден ескере кетеміз. Әрине сіз қалайтын баланың жасы, ұлты, көзі және т.б. жөнінде сізден сұрағанымен, бала таңдауда ең бастысы баланың жағдайын, денсаулығын, тарихын басшылыққа алады. Сіздің басқа мекемелерге барып басқа бала іздеу құқығыңыз бар.

Егер де Сіз бала таңдап алған болсаңыз, баламен танысатын, бір-біріңе үйренетін ең жауапты, ең тамаша уақыт басталады. Екі жұма бойы Сіз баламен серуендеуге келіп тұруыңыз қажет. Егер де бала сізге үйрене алмай, сізден қорқып қалса да, сіз шыдамдылық сақтаңыз. Баланың шартын орындаңыз, қатты табандылық көрсетпеңіз, тәрбиешілермен достасып алыңыз, олар баланың мінез-құлқын, ерекшеліктерін түсінуге сізге көмек көрсете алады.

Танысу кезеңі өткеннен кейін сіздің және балалар мекемесі басшысының қорытындысы жазылған баланың құжаттары сотқа жіберіледі. Отырыс күні белгіленеді. Белгіленген күні Білім беру департаменті қамқоршылық және қорғаншылық органының өкілі және балалар мекемесінің басшысы, сонымен бірге прокурордың қатысуымен соттың жабық отырысы басталады.

Баланы асырап алу жөніндегі соттың шешімі шыққаннан бастап 15 күн өткеннен кейін ғана баланы алып кете аласыз. Балаға күнде барып тұрып, өміріңіздегі үлкен өзгерістерге дайын болыңыз. Барлық жағдайды егжей-тегжейлі ойластыруға тырысыңыз.

Асырап алу жөніндегі соттың шешімі заңды күшіне енгеннен кейін ахаж органдарында баланы асырап алу тіркеледі де, асырап алу жөнінде куәлік беріледі.

Егер де Сіз асырап алған балаға өз тегіңізді, атыңызды бергіңіз келсе және оның есімін өзгерткіңіз келсе ахаж бөлімдеріне асырап алушыны ата-ана ретінде тіркеу үшін өтініш білдіру қажет. Бұндай жағдайда ахаж бөлімі кітапқа асырап алушыны ата-ана ретінде жазып, тууы туралы куәлік береді.

Асырап алуды тіркеу аудандық ахаж бөлімдерінде асырап алу жөніндегі соттың шешімі бойынша тіркеледі.

БАЛА АСЫРАП АЛУ

84-бап. Асырап алуға жол берілетін балалар

  1. Тууы осы Кодексте белгіленген тәртіппен тіркелген және толық тән саулығы, психикалық, рухани және адамгершілік жағынан дамуын қамтамасыз ету мүмкіндіктері ескеріле отырып, кәмелетке толмаған балаларға қатысты тек қана солардың мүддесінде асырап алуға жол беріледі.

Бұл ретте баланың жас мөлшері, естиярлық дәрежесі және өзін асырап алуға келісімі ескеріледі.

  1. Жалғыз ата-анасы немесе екеуі де:

1) қайтыс болған;

2) баладан бас тартқан;

3) ата-ана құқықтарынан айрылған және олар қалпына келтірілмеген;

4) баланы асырап алуға келісім берген;

5) сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен деп танылған немесе қайтыс болған деп жарияланған;

6) белгісіз болған жағдайда, балалар асырап алуға жатады.

  1. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген балалар бастапқы, өңірлік сияқты, орталықтандырылған есепте тұрған жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, азаматтығы мен тұратын жеріне қарамастан балалардың туыстарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына асырап алуға берілуі мүмкін.
  2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебінде тұрған балалар Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына және азаматтығына қарамастан балалардың туыстарына асырап алуға берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың орталықтандырылған есебінде тұрған, егер туыстары, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары баланы асырап алуы мүмкін болмаса ғана шетелдіктердің асырап алуына берілуі мүмкін.

Шетелдіктердің бала асырап алуы туралы істерді қараған кезде сот азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан баланың туыстарының не Қазақстан Республикасы азаматтарының осы баланы бірінші кезекте асырап алу құқығын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының іске асырғанын анықтауға міндетті.

  1. Шетелдіктердің бала асырап алуына балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында Қазақстан Республикасымен тең мәнді халықаралық міндеттемелері бар елдердің азаматтарына ғана рұқсат етіледі.
  2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
  3. Баланы асырап алуға беру туралы рұқсатты комиссияның қорытындысы негізінде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган береді.
  4. Комиссияның қызмет тәртібі мен құрамын Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайды.

Ескерту. 84-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

85-бап. Балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдардың құқықтары мен міндеттері

  1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары баланы жеке өзі таңдауға, онымен кемiнде екі апта тiкелей қатынасуға, баланың тұратын жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтініш беруге, сондай-ақ тұрғын үй жағдайларын тексеріп-қарау актісін, жиынтық табыс мөлшері, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы туралы, сотталмағандығы туралы анықтамалар ұсынуға міндетті.
  2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім-балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған бір жасқа дейінгі балаларды асырап алуға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алудың рәсімдері аяқталғанға дейін балаларды қорғаншылыққа немесе патронатқа алуға құқығы бар.
  3. Бала асырап алуға үміткер Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына баланы асырап алуға тілек білдіргені туралы жазбаша өтініш, сондай-ақ арнайы уәкілетті шетелдік мемлекеттік органдар және бала асырап алу жөніндегі ұйымдар беретін, табыстары, отбасы жағдайы, денсаулық жағдайы, оның ішінде психикалық хал-жайы туралы, есірткіге (уытқұмарлыққа), алкогольге тәуелді еместігі туралы, сотталмағандығы туралы, ықтимал ата-аналардың жеке басының адамгершілік қасиеттері туралы анықтамалар береді. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына құжаттарды табыс еткеннен кейін және асырап алушы баланы асырап алуға келіскен жағдайда асырап алушы баламен кемiнде төрт апта тiкелей қатынаста болуға тиіс.

86-бап. Бала асырап алушының құқықтары мен міндеттері

  1. Бала асырап алушы баланы тәрбиелеуге, оның денсаулығына, дене бітімі, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қамқорлық жасауға міндетті.
  2. Бала асырап алушы баланың пікірін және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның ұсынымдарын ескере отырып, баланы тәрбиелеу тәсілдерін өз бетінше айқындауға құқылы және осы Кодексте көзделген талаптарды сақтауға міндетті. Республика аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала асырап алушының жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлем алуға құқығы бар. Бала асырап алудың күші жойылған жағдайда бала асырап алушы жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты төленген біржолғы ақшалай төлемді бюджетке қайтаруға міндетті. Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару тәртібін және оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
  1. Бала асырап алушы баланың пікірін ескере отырып, ол міндетті жалпы орта білім алғанға дейін білім беру ұйымын және баланың оқу нысанын таңдауға құқығы бар.
  2. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар бала он сегіз жасқа толғанға дейін жылына кемінде бір рет бала асырап алу туралы сот шешімі шыққан жер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға асырап алынған баланың тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептер ұсынуға міндетті.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдік бала асырап алушылар Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органға бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бала он сегіз жасқа толғанға дейін алғашқы үш жылда әрбір алты ай сайын, кейінгі жылдары — жылына кемінде бір рет асырап алынған баланың тұрмыс, оқу, тәрбие жағдайы және денсаулық жағдайы туралы есептер ұсынуға міндетті.

Жекелеген жағдайларда, есептерді ұсыну кезеңділігі бала асырап алушылардың отбасында қалыптасқан нақты ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының шешімі бойынша белгіленеді.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдік бала асырап алушылар есептерді бала асырап алушы және бала тұрып жатқан елде орналасқан Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері арқылы ұсынады.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бала асырап алушылар және шетелдік бала асырап алушылар осы тармақта көзделген тәртіппен есептер ұсынбаған немесе уақытылы ұсынбаған жағдайда Қазақстан Республикасында бала асырап алу кезінде олардың мүдделерін білдірген бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қызметі осы Кодекстің 112-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында көзделген негіздер бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуға жатады.

Ескерту. 86-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 31.03.2014 № 180-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

87-бап. Бала асырап алу тәртібі

  1. Бала асырап алуды бала асырап алуға тілек білдірген адамдардың (адамның) өтініші бойынша сот жүргізеді. Бала асырап алу туралы істерді сот Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген ерекше іс жүргізу тәртібімен жүргізеді. Сот балаларды асырап алу туралы істерді бала асырап алушылардың өздерінің, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің, сондай-ақ прокурордың міндетті түрде қатысуымен қарайды.
  1. Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік болып табылатын баланы асырап алған кезде баланың заңды өкілінің және бала азаматы болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының келісімін, сондай-ақ бұл аталған мемлекеттің заңнамасына сәйкес қажет болса, асырап алуға баланың келісімін алуы қажет.
  2. Бала асырап алушы азаматы болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұратын баланы асырап алуды жүргізуі оның тұратын жері бойынша жергілікті атқарушы органнан немесе Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге кеткенге дейін оның ата-аналарынан асырап алуға алдын ала рұқсат алған жағдайда Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады.

88-бап. Бала асырап алушылардың құқықтары мен міндеттерінің басталу кезі

Бала асырап алушының және асырап алынған баланың құқықтары мен міндеттері бала асырап алу туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап туындайды.

Баланы асырап алу туралы соттың шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде сот осы шешімнің үзінді көшірмесін бала асырап алу туралы сот шешімі шығарылған жер бойынша тіркеуші органға және шешім шығарылған жер бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға жіберуге міндетті.

Ескерту. 88-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

102-бап. Бала асырап алу құпиясы

  1. Бала асырап алу құпиясы заңмен қорғалады.
  2. Ата-аналары, туыстары, баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асырған ұйымдардың және (немесе) бала асырап алуды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асырған мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары, бала асырап алу туралы шешiм шығарған судьялар, сондай-ақ бала асырап алу туралы өзгедей түрде хабардар болған басқа да адамдар бала асырап алу құпиясын сақтауға мiндеттi.

Қорытынды

Әр түрлi кәсiпорындарға тәжiрибенiң студентiмен өту және ұйымдардағы заңды мамандықты маманның дайындығын процестiң маңызды элементi болып көрiнедi. Келешек заңгер ағымында тәжiрибе iс жүзiндегi қызметте оқыту процесте бұрын алған теориялық өнер-бiлiмдерін  қолдануға мүмкiншiлiгi болады.

Тәжiрибе көзде заңгердi сапада жұмыс iстеудiң тәжiрибесiнiң алуында тұрады.Үйрету барысында теориялық өнер-бiлiмдер кәсiби дайындықтың жоғарылауы, нақты жағдайларда заңнаманың пайдалануының икемдiлiгi басты мақсаты болып келеді.

Өндірістік тәжірибенің негізгі міндеттері болып табылады:

  • заң кеңесшісі ретінде практикалық жұмыс тәжірибесін алу
  • кәсiби дайындық сапаны жақсарту
  • заңға маманның тәрбиесi құрмет сарынмен
  • білімін жақсарту
  • студенттің заңнамамен жұмыс істеуін тексеру құқық салаларының кең қамтуы  оқылған теориялық материалды маған меңгеруге мүмкіндік берді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. 1.http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/_family/guardianship/article/save_propof_orphans30&lang=kk
  2. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы
  3. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518

Тегтер:асырап алуға жол берілетін балаларата-аналар баланың заңды өкілдерібала асырап алубала асырап алу кодексібала асырап алу туралы заңбала асырап алу шарттарыбала асырап алу құпиясыбала асырап алу құпиясын жария етубаланың заңды өкілдеріжетім балаларжетім балаларды асырап алумедициналық тексеруден өтумедициналық тексерулермемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы кімдерге арналғанмемлекеттік тұрғын үй қорымемлекеттік тұрғын үй қорынанпатронаттық тәрбиепатронаттық тәрбие туралыпатронаттық тәрбие туралы түсінік берпатронаттық тәрбие ұғымыпатронаттық тәрбиені жүзеге асыруреферат қазақша жазу үлгісіреферат қазақша жоспарыменреферат қазақша титулкатұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын берушетелдіктердің бала асырап алу тәртібішетелдіктердің бала асырап алуыҚазақша рефератқазақша реферат скачатьқазақша реферат үлгісіқазақша рефераттар тегін жүктеуқорғаншылыққорғаншылық және қамқоршылыққорғаншылық және қамқоршылық айырмашылығықорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беруқорғаншылық және қамқоршылық реферат