Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері

0

Тақырыбы: Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері 

МАЗМҰНЫ

I Кіріспе—————————————————————————————3

  1. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының

пайда болуы және олардың қатысушылары туралы түсінік————————4

  1. Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері——————————-11

2.1. Акциялар

2.2.Облигациялар

2.3.Мемлекеттік бағалы қағаздар

  1. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар

нарығының даму жолдары—————————————————————24

II Қорытынды——————————————————————————-25

III Пайдаланылған әдебиеттер————————————————————26

КІРІСПЕ

Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы туралы айтылады. Оның даму жолдары және кез келген  қоғамда неге қажет екендігі, оның экономикалық мазмұны жәйлі де жан жақты әңгіме болады. Қазақстан экономикасының дағдарысы жағдайында толыққанды бағалы қағаздар нарығы болуы  мүмкін емес. Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі көп жағдайда халықтың әл-ауқатына байланысты. Себебі бағалы қағаздарға сұраныс халықтың әл ауқатын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өсуі – Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының дамуының басты шарты.

Екінші бөлімде түгелімен бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлеріне байланысты сауалдарды қамтиды. Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушының қалайда бір мүлікке құқылы екендігін куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқада да белгілеулердің жиынтығы. Бұл белгілі бір тауар немесе нақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай — ақ бағалы қағаздар белгілі бір қоғамның, фирманың, кәсіпорынның, ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді. Бағалы қағаздардың түрлері сан алуан: ақшалай бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар, векселдер, ақша чектері жатады. Иеленушілеріне заттық құқықтарды, меншік құқықтарын бекітіп беретін тауарлай бағалы қағаздарға коносаменттер, қойма куәліктері жатады. Бағалы қағаздарға банк кредитін алғандығын растайтын құжаттар, борышқорлық қолхаттар, өсиетхат (өсиетнама), лотерея билеттері, сақтық полистері жатпайды.

Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының даму жолдары туралы айтылады. Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның  даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізлуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет  бұрынғыдай ақша  бегілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік  бғалы қағаздар , мысаы мемлекеттік  қысқа мерзімді вексельді шығаруда. Алайда, бағалы қағаздар нарығының дамуы жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық  мәселелер  көп.

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі- кіші және жалпы жекеменшіктендіру механизмі арқылы қатанастарын  өзгертуге жеке инвесторлар мен өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қатыстыру. соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге  банк жүйесі  қатынасқан жоқ. Дүнежүзілік тәжірбие дәлелдегендей банктер бағалы нарығында жеке үстемдік роль атқарады. Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырды. Сондықтан еліміздегі экономикалық өзгеріс әлеуметтік бейімделген  бағалы қағаздар нарығын  құруға негізделегені дұрыс. Отандық бағалы қағаздарнарығының   құрылуына әрбір азаматтың қатысуына  мүмкіндік берген жөн.

Қазақстан  Республикасында бағалы қағаздар

нарығының пайда болуы және олардың қатысушылары туралы түсінік

Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-шы жылдары КСРО-да жаңа экономикалық саясат кезінде болған.Ал қазіргі егемен Қазақстанда  бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының  негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.

Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар;

— сұраныс пен ұсыныс;

— делдалдар  мен басқа қатысушылар;

— нарықтық инфрақұрылым яғни коммерциялық банктер, қор биржалары, инвестициялық институттар және с.с

— нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.

Нарықтың осы құрамдас бөліктері қазіргі уақытты негізінен құрылып болды.Бұл жөнінде еімізде экономикалық жүйені реформалауды тереңдету жолында қабылданған.Қазақстанда мемлекеттік  меншікті жекешелендіру Ұлттық  бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектілері акционерлік қоғамдардың құрылуын  тездетуде шешуші роль атқарады.

Дегенмен, Қазақстан экономикасының дағдарысы жағадайында толыққанда бағалы қағаздар нарығыны  болуы мүмкін емес. Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі көп жағдайда  халықтың әл-ауқатына байланысты. Себебі бағалы қағаздарға сұраныс хаықтың тұрмысын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының  өсуі-қазақстанда бағалы қағаздарнарығыдамуының басты шарты.

Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының  құрылымы және бағалы қағаздардың өтімдісі қандай Республикада қалыптасқан жағдай сипаттағанындай бағалы қағаздардың ең көлемдісі және ең өтімдісі мемлекеттік қарыз міндеттемелері. Мемлекеттік қарыз міндеттемелері  нарығының ерекшелігі оған қатысушыларға байланысты;

Біріншіден, мемлекеттік  бағалы қағаздардың эмитенті-Қаржы Министрлігі;

Екіншіден, Ұлттық  банк-оның қаржы агенті, сонымен бірге  мемлекеттік бағалы қағаздардың дилері. Дегенмен, бағалы қағаздар нарығына бұл қатысушылар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мен орады айналымға түсіру шарттраны анықтаушылар.

Жоғарыда баяндалғандардан туындағанындай, бағалы қағаздар нарығы шаруашылық жүргізуші субъектілер  мен  мемлекет шығарған (айналысқа шығарған) бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын  қаржы нарығының бөлігі. Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық  үдерістерді  реттеп, олардың тиімділігін  арттыруға  мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қор құрылымдарының – бағалы қағаздардың және өзге де активтердің сан алуандығымен    қол жетеді.                Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде өмір сүреді, оңын өзінің оған тән онда жұмысты ұйымдастыру мен ережелері бар нарығы болуы тиіс. Алайда бағалы қағаздар нарығында сатылатын тауарлар өзгеше тауар болып табылады, өйткені бағалы қағаздар – бұл тек меншік титулы, табысқа құқық беретін құжаттар, бірақ нақты емес капитал. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы тап олардың осы қасиетімен айқындалады және нарық бағалы қағаздарды бір иеленушінің басқа иеленушіге көп жағдайларда еркін және оңай беруімен сипатталады.

1 сызба. Қаржы нарығы мен бағалы қағаздарының өзара байланысы

Қаржы нарығында сатып алу-сатудың объектілері айрықшалықты тауарлар – ақша және бағалы (ақшалай) қағаздар болып табылады.

Қаржы нарығында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады. Ол қор құндылықтарының: корпоративтік бағалы қағаздардың –акциялар мен облигациялардың  айналысымен байланысты болатын  қор нарығын және мемлекеттің бағалы қағаздар нарығын кіріктіреді. “Қор нарығы” термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің – қор биржасының атымен байланысты.  Функционалдық тұрғыдан қаржы нарығы- бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жүйесі.Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық үдерістерді тәртіпке (ретке) келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қаржы құралдарының, ең алдымен бағалы қағаздардың сан алуандығымен қол жетеді.   

Бағалы қағаздардың эмиссиясы – бұл жарғылық капиталды қалыптастыру  немесе қарыз қаражатын тарту мақсатымен бағалы қағаздар шығару және орналастыру. Бағалы қағаздарды (акцияларды, облигацияларды және басқа міндеттемелерді) жекешелердің (акционерлік қоғамның акциялары мен облигацияларын шығару) және мемлекеттің (мемлекеттік қарыздар облигацияларын  шығару) шығаруы мүмкін.

Бағалы қағаздарды айналысқа шығару – эмиссия –бұл бағалы қағаздарды олардың бастапқы иелеріне – инвесторларға, яғни заңи тұлғаларға  және азаматтарға сату.

Бағалы қағаздардың эмиссиясы:

  • акционерлік қоғам құрған кезде және акцияларды оның құрылтайшылары арасында орналастырған кезде;
  • акциялар шығару жолымен акционерлік қоғамның бастапқы жарғылық капиталының мөлшерін көбейткен кезде;
  • облигациялар және басқа борыштық міндеттемелер шығару жолымен мемлекет , заңи тұлғалар, жергілікті билік органдары қарыз қаражаттарын тартқан кезде жүзеге асырылады.

      Эмиссиялық бағалы қағаздар – бұл бір эмиссия шегінде біртекті белгілері мен реквизиттері болатын, осы эмиссия үшін бірыңғай жағдайлар негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар. Олар мемлекеттік және мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар болып бөлінеді. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаз қарыз алушы  Қазақстан Республикасының Үкіметі жергілікті  атқарушы орган немесе Ұлттық банк болатын қарыз алуға қатысы жөнінен ұстаушының құқықтарын  куәландыратын  эмиссиялық бағалы қағаз болып табылады. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаз – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмиссиялық деп танылған, мемлекеттік емес ұйымдар шығаратын акциялар, облигациялар және өзге де бағалы қағаздар.

          Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару – эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық объектісі ретінде пайда болуына бағытталған іс — әрекеті, немесе орналастырылуы, айналыста болуы және өтелуі осы эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектісіне сәйкес жүзеге асырылатын белгілі бір бағалы қағаздардың жиынтығы.

Эмиссиялық бағалы қағаздарды (акцияларды, облигацияларды) шығаруды жарияланған жарғылық капиталды құру мен өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында эмитент жүргізеді.

Бұрын айтылғандай, бағалы қағаздардың эмиссиясы бағалы қағаздардың бастапқы нарығында жүзеге асырылады. Онда бағалы қағаздарды шығару және бастапқы орналастыру үдерістерінде, бір жағынан, эмитенттердің немесе олардың тапсыруы бойынша бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының және, екінші жағынан, инвесторлар арасындағы қатынастар қалыптасады.

         Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағазды шығарудың, оларды тіркеудің, орналастырудың, айналысқа жіберудің және өтеудің талаптары мен тәртібі және эмиссия көлемі арнаулы заңдармен реттелініп, белгіленеді.  Мемлекеттік бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру нөмірлерін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтар актісімен белгіленеді.

          Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағадар эмиссиясы  бағалы қағаздар шығару туралы эмитенттің шешім қабылдануын; уәкілетті органда бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеуді; инвесторлар үшін эмиссия проспектісінде болатын ақпараттарды ашуды; бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды; бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті табыс етуді қамтиды.

Ашық орналастыруды жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың акциялары эмиссияланатын мемлекеттік тіркеудің, сондай — ақ акцияларды шығару және орналастыру қорытындысы туралы есеп беру рәсімі мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

Акционерлік қоғамдардың – банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздар нарығының әуесқой қатысушыларының, бағалы қағаздар саудасын ұйымдастырушылардың, инвестициялық қорлардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялардың және Орталық депозитарийдің акцияларының барлық эмиссиялары міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.

Эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттандырылған (документарлық) және құжатсыздандырылған нысандарда шығарылуы мүмкін. Бағалы қағаздар шығарудың құжаттандырылған нысаны – бағалы қағаздарда мүліктік құқықтар бағалы қағаздар ұстаушылардың тізімінде тіркелетін шығару нысаны. Эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару нысанын мемлекеттік тіркеуге табыс етілген құжаттарға тиісті өзгерістер енгізе отырып, эмитенттің жоғарғы басқару органының шешімі бойынша эмитент өзгертуі мүмкін.

Құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздар иелерінің құқықтары осы бағалы қағаздарды көрсетуі арқылы расталады. Құжатсыздандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздар меншік иелерінің құқықтарын тіркеушілер немесе нақты ұстаушылар растайды. Иелерінің талап етуі бойынша бағалы қағаздарды тіркеуші немесе нақтылы ұстаушы оларға бағалы қағаздарға өздерінің құқықтарын растайтын құжаттар беруге міндетті.

Бағалы қағаздармен мәмілелер ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында – қайталама нарықта жасалады. Бағалы қағаздарды сатып алу-сату шарты тараптардың бірінің талап етуі бойынша нотариалдық куәландыруға тиіс.

Кәсіби қатысушылар ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында мәмілелерді өз атынан немесе клиенттің атынан, өз есебінен немесе клиенттің есебінен бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату арқылы жасайды. Бағалы қағаздардың ұйымдастырылмаған нарығында жасалатын мәмілелерді инвесторлардың өздері де, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының қызметін пайдалана отырып та жүзеге асыруы мүмкін.

Кәсіби қатысушының бағалы қағаздармен мәміле жасауға өкілеттігі оның клиентпен жасасқан мәмілерді жасау және орындау үшін қажетті талаптарды айқындайтын шартымен расталады.

Қазақстан Республикасы  резиденттерінің-ұйымдарының,  бейрезиденттерінің-ұйымдарының, шығаруын уәкілетті орган тіркеген, резиденттерінің — ұйымдарының шығаруы шет мемлекеттің заңдарына сәйкес тіркелген немесе уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығына айналысқа жіберілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздары, халықаралық қаржы ұйымдарының шығаруын уәкілетті орган тіркеген немесе уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналысқа жіберілген эмиссиялық бағалы қағаздары, туынды бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының объектілері болып табылады.

Бағалы қағаздар нарығының субъектілері (қатысушылары) жеке және институттық инвесторлар, эмитенттер, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар және өзін — өзі реттейтін ұйымдар болып табылады.

Инвесторлар – өз қаражаттарын бағалы қағаздарға салуды – инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңи тұлғалар; инвесторлар құрамында бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру үшін өздері тартқан қаржыны пайдаланушы субъектілер болып табылатын институционалдық инвесторларға – инвестициялық қорларға, инвестициялық банктерге, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, сақтандыру компанияларына және қызметінің сипатына қарай айтарлықтай ақша қаражаттары жинақталатын басқа арнаулы арналым қорларына маңызды орын беріледі.

Мемлекет Ұлттық банк немесе Қаржы министрлігі арқылы бағалы қағаздар нарығында инвестор ретінде іс — қимыл жасайды.

Эмитенттер – қолданылып жүрген заңдарға сәйкес эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыратын заңи тұлғалар.

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары – өз қызметін акционерлік қоғамның ұйымдық — құқықтық нысанында жүзеге асыратын және бағалы қағаздар нарығында лицензиясы бар заңи тұлғалар.

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби өкілдеріне брокерлер, дилерлер, кастодиан, депозитарийлер, андеррайтерлер және басқалар жатады.

Брокер – бағалы қағаздар нарығының клиенттің тапсырмасы бойынша, соның есебінен және мүдделерін көздеп, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзгеде қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы. Ол өз клиенттерінің бағалы қағаздарымен жасалатын операциялар есебін арнаулы шоттарда жүргізеді. Брокер клиенттердің бағалы қағаздарының нақты ұстаушысы ретінде болуы мүмкін.

Дилер – бағалы қағаздар нарығының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында баға белгілеуді ұсыну және (немесе) оларды  бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы өз мүдделерін көздеп және өз есебінен эмиссиялық  бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасайтын кәсіби қатысушы.

Кастодиан – бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжатты қаржы құралдарының сақталуы жөнінде өзіне міндеттемелер  қабылдай отырып оларды сақтауды жүзеге асыратын кәсіби қатысушы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті заңдарға және шартқа сәйкес кастодиандық қызмет пен сейфтік операцияларға лицензиялары бар банктер жүзеге асырады. Кастодианға кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шартқа сәйкес клиент берген ақша мен қаржы құралдары бұл қызметтің объектілері болып табылады.

Орталық депозитарий –  бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеуді, депоненттердің (олардың клиенттерінің) қаржы құралдары бойынша құқықтарын есепке алу мен растауды, құжатты нысанда шығарылған қаржы құралдарын материалсыздандару мен сақтауды, оның ішінде депоненттер арасындағы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингті, сондай — ақ тиісті лицензиясы болған кезде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын кәсіби қатысушы. Ол комерциялық емес ұйым болып табылады және акционерлік қоғам нысанында  құрылады. Орталық депозитарийдің  акциялары бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар және халықаралық қаржы ұйымдары арасында  орналастырылады. Бағалы қағаздар нарығының бағалы қағаздарды нақтылы ұстаушылар болып табылатын кәсіби қатысушылары, сондай — ақ шетелдік депозитарийлер мен кастодиандар орталық депозитарийдің депоненттері болып табылады. Орталық депозитарий Қазақстан Республикасы аумағында депозитарлық қызметті жүзеге асыратын бірден — бір ұйым болып табылады.

Андеррайтер – бағалы қағаздар нарығының брокерлік — дилерлік қызметті  жүзеге асыруға лицензиясы бар және эмитентке эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару жөнінде қызмет көрсететің кәсіби қатысушы. Компаниялардың басшылығымен бірге андеррайтерлер жаңа шығарылымды тіркеуге әзірлік жүргізеді және бағалы қағаздар нарығында оларды жүзеге асыру кезінде эмитенттің мүдделерін білдіреді.

Сауда-саттықты ұйымдастырушы – қор биржасы және биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымы. Бұл ұйымының акциялары бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылмайтын, бірақ заңнамаға сәйкес бағалы қағаздардан басқа, өзге  қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыруға құқығы бар  заңи тұлғалар арасында орналастырылады. Қор биржасының әрбір акционерінің  өзіне тиесілі акциялардың санына қарамастан оның акционерлерінің жалпы жиналысында бір ғана дауысы болады.

Бағалы қағаздар нарығының өзін — өзі реттейтін ұйымы – бағалы қағаздар нарығында өз қызметінің бірыңғай  ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы  қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары құрған заңи тұлға. Оның негізгі міндеті өзін — өзі реттейтін ұйым мүшелерінің және олардын клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай — ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асырудың бірыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болап табылады.

Бағалы қағаздар нарығының бірсыпыра қатысушыларын инвестициялық институттар, яғни бұл инвесторлармен делдалдар ретінде болатын заңи тұлғалар, соның ішінде инвестициялық қорлар, инвестициялық компаниялар, коммерциялық банктер, қаржы брокерлері, инвестициялық консультанттар құрайды.

Қаржы делдалдарының сипатына қарай бағалы қағаздар нарығының үш үлгісі болады: банктік емес, банктік және аралас. Қазақстанда аралас үлгі пайдаланылады: бағалы қағаздар нарығында банктік емес компаниялар да, банктер де делдалдар бола алады.

Бағалы қағаздар нарығында инвестициялық қорлар өзгеше жағдайда болады. Олар инвесторлардың ақшасын жұмылдыру және оларды қор атынан бағалы қағаздарға, сондай-ақ банк шоттарына және салымдарға жұмсау мақсатымен акциялар шығарады; сонымен бірге мұндай жұмсаумен байланысты барлық тәуекелдіктер, бүкіл табыстар мен зияндар осы қор иелерінің (акционерлердің) есебіне жатқызылады және олар қор акцияларының ағымдағы бағасын өзгерту есебінен іске асырылады. Инвестициялық қор тек акционерлік қоғам нысанында құрылуы мүмкін. Инвестициялық қорлар қор түріне қарай жарғылық қорларды қалыптастырады.

Инвестициялық қор қызметін айқындайын құжат инвестициялық  мағлұмдама болып табылады. Ол  инвестициялаудың мақсаттарын, стратегиясын, бағыттарын, инвестициялық қор қызметінің бағалы қағаздар портфелін әртараптандырудың нормаларын анықтайды.

Қазақстанда жаңа зейнетақы жүйесін ендіріп, оның дамуымен байланысты қаржы нарығының жаңа  институттық  қатысушылары да – жинақтаушы зейнетақы қорлары (мемлекеттік және мемлекеттік емес) мен зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйым қалыптасты. Олар зейнетақы жарналары түрінде айтарлықтай ақша ресурстарын шоғырландырады және мемлекеттің, корпорациялардың, банктердің, басқа қаржы-кредит мекемелерінің бағалы қағаздарын сатып алу жолымен оларды қайта бөледі. Экономиканың нақты секторын  қаржыландыруда олардың рөлі корпорациялық бағалы қағаздардың эмиссиясын кеңейту дәрежесіне қарай артатын болады.

2 Бағалы қағаздар нарығының негізгі және туынды түрлері

Бағалы қағаздар – мүліктік құқықты немесе олардың иелерінің осындай құжаттар шығарған ұйымдарға қарыздық қатысын куәландыратын ақшалай құжаттар болып табылады.

Бұл анықтамада мүліктік құқық бағалы қағаздарды кеңінен түсінуді қажет етеді.

1) Олардың иелерінің белгілі бір шаруашылық жүргізуші субъектінің капиталына қатысын және бұл қатысудан табыстың бір бөлігін алуын растайтын құжаттар ретінде;

2) Оларда тұлғаланған мүмкіндік құқықтарды іске асыру және еиленушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұсынылатын құжаттар ретінде; Бұлай баяндауда «бағалы қағаздар» ұғымы бірқатар есеп – қисап – шаруашылық операцияларын: чектерді, консаменттерді, варранттарды қамтиды.

3) Қарыз қатынастары мемлекеттік, сондай-ақ корпоративтік бағалы қағаздар ретінде де тұлғаланады.

Жоғарыда баяндалғандардан туындағанындай, бағалы қағаздар нарығы шаруашылық жүргізуші субъектілер  мен  мемлекет шығарған (айналысқа шығарған) бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын  қаржы нарығының бөлігі. Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық  үдерістерді  реттеп, олардың тиімділігін  арттыруға  мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қор құрылымдарының – бағалы қағаздардың және өзге де активтердің сан алуандығымен    қол жетеді.

Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде өмір сүреді, оңын өзінің оған тән онда жұмысты ұйымдастыру мен ережелері бар нарығы болуы тиіс. Алайда бағалы қағаздар нарығында сатылатын тауарлар өзгеше тауар болып табылады, өйткені бағалы қағаздар – бұл тек меншік титулы, табысқа құқық беретін құжаттар, бірақ нақты емес капитал. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы тап олардың осы қасиетімен айқындалады және нарық бағалы қағаздарды бір иеленушінің басқа иеленушіге көп жағдайларда еркін және оңай беруімен сипатталады.

Бағалы қағаздар нарығы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті  ақша ресурстарын алуына  кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан үдерістердің  реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвестициялау үдерісіне қатысты.

Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың нарығы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы нарықта бағалы қағаздардың бастапқы иеленушілерінің жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады; қайталама нарықта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иелерінің ауысуы болады. Бағалы қағаздардың номиналдық (номиналдық құн – бағалы қағазды шығарған кезде анықталған оның құнының ақшалай тұлғалануы), эмиссиялық және нарықтық бағасы (бағамы) болады. Қайталама нарық екі бөліктен тұрады: ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы – мәмілелер сауда — саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс сферасы және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер қаржы құралдарымен сауда — саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне және оның қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын сферасы. Биржадан тыс айналым нарығының ұйымдастырылған нарықтан айырмашылығы онда операцияларды жүзеге асыратын бірыңғай орталық жоқ, мәмілелерді олардың офистарында дилерлер мен брокерлер жүргізеді. Ұйымдастырылған нарықта операциялар қатаң регламенттелінген, ал ұйымдастырылмаған нарықта операциялар шамалы қатаң ережелер бойынша жүргізіледі.

Бұдан басқа қаржы нарықтарын басқа критерийлер бойынша ажыратады: бағалы қағаздардың түрлері бойынша: акциялар, облигациялар, және т.б. нарығы; эмитенттер бойынша: кәсіпорындардың бағалы қағаздар нарығы, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы; аумақтық критерийі бойынша: ұлттық, халықаралық, аймақтық; мезгілдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың нарығы; мәмілелердің түрлері бойынша: кассалық, форвардтық т.б.; салалық критерийі бойынша.

Бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде алдын  ала анықталады. Тек осындай тәуелсіз меншік иелері ғана бағалы қағаздар нарығында қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсете отырып әрі оларды әр түрлі шығындарға тиімді етіп жұмсауға бағыштай отырып, сауда мәмілелерін жасай алады.

Қазақстанда қор нарығының қалыптасуы бұрынғы КСРО-ның заңнамасы негізінде акционерлік қоғамдар, брокерлік  және қор биржалары құрыла бастаған 1991 жылға жатады. Бұл орайда мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі және акционерлендірілуі шешуші рөл атқарды. Қысқа мерзім ішінде күллі ұлттық шаруашылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше кәсіпорындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік капитал ретінде көрінді. Осының нәтижесінде 1991-1993 жылдары 200 акционерлік қоғамның, соның ішінде 30-ға жуық акционерлік коммерциялық банктің акциялары тіркелінді. Бұл жылдары эмиссияның жалпы сомасы 110 миллиард сом болды. Соның ішінде банктердің үлесі 80 %-ды құрады.

Алайда акционерлік қоғамдардың, брокерлік және қор биржаларының әрі қарай дамуын нарықтық қатынастардың және құқықтық базаның, сонымен бірге бағалы қағаздардың жұмыс істеу ережесінің қанағаттанғысыз дәрежесі тежеді.

Нарықтық қатынастардың серпінді даму кезеңі Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комисиясы құрылған 1995 жыдан басталады. 1995 жыдың 19 сәуірінен бастап жаңартылған Қазақстан «таза» қор биржасы – Орталық Азия қор биржасы (ОАҚБ) жұмыс істей бастады. 1995 жылдың 21 сәуірінде «Бағалы қағаздар және қор биржасы» туралы Қазақстан Республкасының заңы бекітілді. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын құқықтық реттеуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында Мемлекеттік бағалы қағаздарды қалыптастырудың және дамытудың бағдарламасы әзірленді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызының ұлттық жинақ облигацияларын шығару, айналысы және өтеу шарттары туралы қағидалар» әзірленіп, бекітілді. 1997 жылдың басынан Қазақстан Республикасының Парламенті бағалы қағаздарды реттейтін үш заң қабылдады, олар: «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы», «Қазақстан Республикасындағы инвестицияық қорлар туралы» заңдар. 1997 жылдың ортасынан  бастап «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» Жабық акционерлік қоғамы құрылды, оның функциясы барлық мемлекеттік және басқа бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу болды. Қазақстанның қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру және онда қалыптасқан қатынастарды бағалау мақсатында 2001 жылдың маусымында Президенттің жарлығымен Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы таратылып, оның функциялары мен өкілеттіктері Қазақстанның Ұлттық банкісіне берілді.

Әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы өндірістің құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің бағалы қағаздар нарығына тигізген жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму үстінде. Республиканың бағалы қағаздар нарығында жасалып жатқан қадамдар соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті.

«Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасы заңының қабылдануы қор нарығында қалыптасқан қатынастарды одан әрі дамыту қажеттігінен туды. Бұл заңның қызмет аясы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңы (2003 жылғы мамырдың 13-і) қабылданғаннан кейін қаржы нарығының қызмет ететін сферасы болып отырған бағалы қағаздар нарығының толыққанды жұмыс істеуіне кең жол ашылып отыр.

Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы алты жылдай уақытты алды және қазіргі уақытта оның мынадай құрылымы қалыптасып отыр:

          Бастапқы нарық

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар (МЕБҚ) нарығы:

бастапқы орналастыру секторы;

сатып алу-сату секторы.

Корпорациялық облигациялар нарығы

Акциялар нарығы:

МЕБҚ-мен жасалатын репо-операциялар секторы

Мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) секторы:

МБҚ-ны сатып алу-сату секторы;

МБҚ-мен жасалатын репо-операциялар секторы

          Қайталама нарық

Қор биржасы

Биржадан тыс бағалы қағаздар нарығының баға белгілеу ұйымы

Басқадай сауда-саттықты ұйымдастырушы.

          Бағалы қағаздар – иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын  алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай  құжаттар.

Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушының қалайда бір мүлікке құқылы екендігін куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқада да белгілеулердің жиынтығы. Бұл белгілі бір тауар немесе нақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай — ақ бағалы қағаздар белгілі бір қоғамның, фирманың, кәсіпорынның, ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді.

«Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңға сәйкес Қазақстанда эмиссиялық бағалы қағаздар қолданылады, олар мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді.

Бағалы қағаздар нарық шаруашылығы жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жұмсау және айырбастау үдерісіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал рөлін атқарады. Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық байлықты басқаруды жеңілдетеді.

Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы әдетте нақтылы шаруашылық келісімшарттарға негізделеді.

Бағалы қағаздар бойынша олардың иелеріне  дивидендтер немесе пайыздар түрінде табыстар төлеу, сондай — ақ бұл құжаттардан туындайтын ақшалай немесе өзге құқықтарды басқа тұлғаларға беру мүмкіндігі қарастырылады.

Бағалы қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар және қағазсыз бағалы қағаздар болып бөлінеді. Құжатсыз бағалы қағаздың өмір сүруінің классикалық нысаны – қағаз нысаны, бұл нысанда бағалы қағаз құжат түрінде өмір сүреді. Бағалы қағаздар нарығының дамуы бағалы қағаздардың көптеген түрлерінің, ең алдымен эмиссиялық бағалы қағаздардың қызметтің құжатсыз нысанына көшуді қажет етеді.

Бағалы қағаздардың түрлері сан алуан: ақшалай бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар, векселдер, ақша чектері жатады. Иеленушілеріне заттық құқықтарды, меншік құқықтарын бекітіп беретін тауарлай бағалы қағаздарға коносаменттер, қойма куәліктері жатады. Бағалы қағаздарға банк кредитін алғандығын растайтын құжаттар, борышқорлық қолхаттар, өсиетхат (өсиетнама), лотерея билеттері, сақтық полистері жатпайды.

          Инвестициялық (капиталдық) бағалы қағаздар – капиталды жұмсаудың объектісі болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік өзара шарттар және басқалары).

          Инвестициялық емес бағалы қағаздар – бұл тауар немесе басқа нарықтарда ақшалай есеп — қисаптарға қызмет көрсететін бағалы қағаздар.

Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және кредиттік тәуекелдердің дәрежесін, инвесторлардың мүддесін қорғау кепілдіктерін және басқа факторларды ескере отырып қор бағалы қағаздары үш топқа бөлінеді: мемлекеттік, муниципалдық және мемлекеттік емес.

          Мемлекеттік бағалы қағаздар – бұл мемлекеттік ішкі борыштың болуының нысаны; эмитенті мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздардың арасында көп тарағаны қазынашылық векселдер мен міндеттемелер,  мемлекеттік және жинақтық қарыздардың облигациялары.

          Муниципалдық бағалы қағаздарға биліктің жергілікті органдарының борышқорлық міндеттемелері жатады.

          Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпоративтік және жекеше қаржы институттарының қағаздары болып келеді. Корпоративтік бағалы қағаздар болып кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің борышқорлық міндеттемелері мен акциялары қызмет етеді.

1930 жылғы Женева конвенциясына сәйкес вексель бағалы қағаздарға жатпайды (өйткені ол – кредиттік ақшалардың түрі). Бірақ басқа жағынан, ақша сатып алу — сату процестеріне тартылғандықтан векселді шартты түрде бағалы қағаздарға жатқызуға болады. Вексель – қарызалушы кредиторға беретін және кредиторға қарызалушыдан белгіленген мерзімде векселде көрсетілген соманы талап етуіне даусыз құқық беретін, заңмен қатаң түрде белгіленген нысандағы жазбаша борышқорлық міндеттеме. Вексель есеп айырысудың нысаны ғана емес, сондай — ақ бұл коммерциялық кредиттің нысаны: өнім немесе қызметтер үшін векселмен есептесе отырып, кәсіпкер вексель берілген уақыт ішінде банктегі есеп айырысу шотындағы өзінің ақшаларын шығын қылмайды. Ал бұл мәміле жөніндегі әріптес векселде көрсетілген сомада және мезгілге оған коммерциялық кредит береді дегенді білдіреді.

Егер бағалы қағаздар кейін салынған ақшалай сомаларды қайтара отырып шектеулі мезгілге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады. Бұлар облигациялар, банк сертификаттары, векселдер және басқалары. Иеленушілік бағалы қағаздар тиісті активтерге меншік құқығын береді. Бұлар акциялар, варранттар, коносаменттер және басқалары.

Қазіргі дүниежүзілік практикада өмір сүретін бағалы қағаздар негізігі және туынды болып бөлінеді.

«Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңда туынды бағалы қағаздар осы қағаздардың барлық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар делінген.  Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форвардтар, варранттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер, жазылыс құқықтыры және басқалары жатады. Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.

Туынды бағалы қағаздар нарықта айналыста жүрген корпорациялық бағалы қағаздардың тізбесін аяқтайды.

Туынды бағалы қағаздарды пайдалану белгілі бір қажеттіліктерге: қаржы және баға тәуекелдіктерін сақтандыруға (хеджерлеуге), өтімділіктің артуына, қарыз алу құнының төмендеуіне, қажетті нарыққа шығу мүмкіндігін алуға байланысты.

Сөйтіп, бағалы қағаздар – бұл шаруашылық қызметте пайдалануға арналған құжаттардың үлкен саналуандығы. Сонымен бірге олар өздеріне тән ортақ белгімен  оларды тұлғаланған мүліктік құқықты өткізу үшін  ұсынудың  қажеттігімен біріктіріледі.

Бағалы қағаздар ұсынбалы, ордерлік және атаулы болуы мүмкін. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады. Ұсынбалы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар бағалы қағазды ұсынушыға тиесілі болады. Ордерлік бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында айналыста мемлекеттік, корпоративтік және басқа (фьючерстер, опциондар, варранттар, коносаменттер және т.б.) бағалы қағаздар жүр.

Бағалы қағаздардың арасында ақшаға да, мүлікке де құқықтар беретін акциялар ерекше орын алады.

          Акция – акционерлік қоғам шығаратын және бағалы қағаздың түрі мен санатына байланысты дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүлкінің бір бөлігін акционерлердің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.

Қазақстанның практикасында еңбек ұжымының акциялары, кәсіпорындардың акциялары және қазіргі кезде акционерлік қоғамдардың акциялары қолданылады. Алғашқы екі түр сөздің тура мағынасында акциялар болып табылмайды. Бұл жұмыскерлердің жинақ ақшасының және кәсіпорындардың бос ақшаларының өз кәсіпорнының немесе басқа кәсіпорындардың мүлкіне қатысудың өзгеше нысаны.

          Еңбек ұжымының акциялары тек өз кәсіпорнының жұмыскерлері арасында таратылды және оның дамуы үшін ақша салуы туралы куәліктер болып табылды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасын іске асыру барысында жұмыскерлердің акционерлік кәсіпорындардың мүлкіндегі үлесін анықтайтын еңбек ұжымдары мүшелерінің акциялары шығарылды. Мұндай акциялар айналысқа түспейді: мұрағаттан басқа жұмыскердің оларды сатуға, беруге немесе қандай болсада сатуға құқығы болмады. Қызметкердің жұмыстан босанған жағдайында оған тиесілі акцияларды кәсіпорын белгіленген мерзім ішінде сатып ала алмайды.

          Кәсіпорындардың акцияларын кәсіпорындар мен ұйымдар шығарды. Бұл акциялар 1988 жылдан бастап басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, ерікті қоғамдардың, банктердің, кооперативтердің арасында таратыла бастады. Бұл тәрізді акциялар іс жүзінде облигациялар болып табылады және меншіктің акционерлік нысанының дамуына қарай акционерлік қоғамдардың акцияларымен ауыстырылды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің бағдарламасын орындау барысында шығарылған акциялардың республика заңнамасымен белгіленген бір бөлігі шетелдік тұлғаларды қоса (қаржы- шаруашылық қызмет жөніндегі шектесушілер мен басқа әріптестерге) қызығушы заңи немесе жеке тұлғаларға нақтылы құны немесе биржа бағамы бойынша сатылды.  Акциялардың бұл бөлігі өзінің дәл мәнісінде акционерлік қоғамдардың акцияларына жақындайды.

Меншіктің акционерлік нысаны акционерлік қоғамдардың акцияларын шығару арқылы өзінің артықшылықтарын білдіреді. Акционерлік қоғам жай акциялар, не жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде) шығарылады.

Акция бөлінбейді. Егер акция ортақ меншік құқығымен бірнеше тұлғаға тиеселі болса, олардың бәрі бір акционер деп танылады және өзінің жалпы өкілі арқылы акция куәландырылған құқықтарды пайдаланады.

          Жай акция дауыс беруге енгізілетін  барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің  жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза  табыс  болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының  заңдарында  белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.

          Артықшылықты акциялардың меншік иелері – акционерлердің жай акциялардың меншік иелері  акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп ,  алдын  ала  айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған  кезде белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар. Қоғамның артықшылықты акцияларының саны оның жарияланған акцияларының жалпы санының 25 пайызынан аспауға тиіс.

Акциялар атаулы, сондай — ақ ұсынбалы түрде де шығарылуы мүмкін. Атаулы акциялар алыс — берісі акционерлік қоғамның акцияларын тіркеу кітабында тіркелетін акциялар. Ұсынушыға арналған акция – оны нақтылы иелену оның иесінің компания акционері ретіндегі заңды құқықтарын қуаттайтын акция түрі. Атаулы акциялардан өзгеше түрде ұсынушыға арналған акциялар жаңа иеленушіні тіркеуді қажет етпей — ақ бағалы қағаздар нарығында еркін сатып алу — сатуға мүмкіндік береді.

Облигация – ұстаушысына (иесіне) оның белгіленген құнының тіркелген пайызы түрінде табыс түсіретін бағалы қағаз; мемлекет немесе кәсіпорын ішкі қарыз шығару кезінде белгілі бір шарттар негізінде беретін борыштық міндеттеме; жалған капитал нысандарының бірі. Облигация өзінің ұстаушысына облигацияның нақтылы құнының онда көрсетілген сыйақыны (мүддені) не өзге мүліктік құқықты алуына құқық береді. Облигацияның нақтылы құны – облигация құнының ол шығарылған кезде белгіленген, купондық облигация бойынша пайызбен көрсетілетін сыйақы есептелетін ақшалай тұлғасы, сондай — ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиісті сома. Облигациялар, сөйтіп, олардың иелері (кредиторлар) мен бұл құжаттарды шығарған мекемелер, ұйымдар (дебиторлар) арасындағы қарыз қатынастарын растайды.

Облигациялар атаулы, сондай – ақ  ұсынбалы, пайыздық және пайызсыз (мақсатты), еркін айналатын немесе айналысы шектеулі болып шығарылуы мүмкін. Кәсіпорындар облигациялардың барлық түрлерін меншікті қаражаттарына, ал азаматтар жеке қаражаттары есебінен сатып алады.

Облигациялардың мынандай түрлері болады:

агенттік облигация;

ипотекалық облигация;

қамтамасыз етілген облигация;

ішкімемлекеттік және жергілікті қарыздардың облигациялары;

мемлекеттік емес облигациялар;

кәсіпорындардың облигациялары.

          Агенттік облигация – қаржы агенттігі шығаратын облигация.

          Ипотекалық облигация – жылжымайтын мүліктермен қамсыздандыру шартымен шығарылатын, ипотекалық қарыз шарттары бойынша талап ету құқығы кепілімен (ипотекалық куәліктердің кепілін қоса алғанда), сондай — ақ тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленетін өзге де жоғары өтімді активтермен қамтамасыз етілген облгация және тұрақты пайыз әкелетін ұзақ мерзімді бағалы қағаз.

          Қамтамасыз етілген облигация – эмитент міндеттемелерін орындау эмитент мүлкінің кепілімен, кепілдік берумен және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамаларына сәйкес өзге де тәсілдермен қамтамасыз етілген облигация.

          Ішкімемлеккеттік және жергілікті қарыздарды өткізуден алынған қаражаттар тиісті бюджеттерге бағытталады. Бұл қарыздардың облигацияларын банк мекемелері таратады. Пайыздық ішкі және жергілікті қарыздардың облигациялары бойынша табыс облигациялардың номиналына сыйақы (мүдде) есептеу жолымен немесе купондарды төлеу жолымен қарыздарды өтегенде төленеді.

          Кәіпорындардың облигациялары олардың жарғыларына және қолданыстағы заңдарға сәйкес шығарылады және таратылады.

Бағалы қағаздар құрамында мемлекет тарапынан, халықтан және заңи тұлғалардан алынған қарыз фактісін куәландыратын мемлекеттік бағалы қағаздар (МБҚ) ерекше болып келеді. Олар әр түрлі нысандарда шығарылады: қазынашылық міндеттемелер, қазынашылық боналар, қазынашылық векселдер, облигациялар және басқалар. Олардың арасындағы айырмашылық іс — әрекет ету мезгіліне, табыстарды төлеу мен өтеу шарттарына, айналымдылықтың сипатына, ұстаушыларына байланыстығында.

          Қазынашылық міндеттемелер ерікті негізде халық арасында таратылатын мемлекеттік бағалы қағаздың түрі, ол иелерінің ақшаны бюджетке аударғанын куәландырады және осы бағалы қағаздарды бүкіл иелену кезеңінде тіркелген табыс алуына құқық береді.

          Боналар – мемлекеттік қазынашылық, муниципалдық органдар, мекемелер, фирмалар шығаратын және ұстаушылары сатып алу және төлем құралдары ретінде пайдаланылатын борышқорлық міндеттемелер.

Бүгінде айналыста мына бағалы қағаздар жүр: Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталары, қаржы министрлігінің бағалы қағаздары (МЕККАМ, МОИКАМ, МУИКАМ, МЕОКАМ, МЕУКАМ, МАОКО және басқалары), муниципалдық бағалы қағаздар.

Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталары 7 күннен 1 жылға дейін айналыс мерзіміндегі мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылады. Олар ақша — кредит саясатының мақсаттарын іске асыру және айналымдағы ақша массасын жедел реттеу үшін пайдаланылады. Айналысқа 1995 жылдан бері шығарылып келеді.

Мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың инвесторлар үшін тартымды түрі мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық  міндеттемелерді (МЕККАМ) сатып алу-сату операциясы болып табылады, ол МЕККАМ-ды сатып алу-сату  келісімшартымен ресімделеді. Айналыс мерзімі – 3, 6, 9, 12 ай.

МЕККАМ-ды Үкіметтің атынан Қаржы министрлігі шығарады, қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанның бағалы қағаздарының қайталама нарығында еркін айналыста болады.

          Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық валюталық міндетемелер (МЕОКАМ) Қазақстан Республикасының эмиссиялық мемлекетік бағалы қағаздары болып табылады, республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру мақсатында Үкіметтің атынан Қаржы министрлігі шығарады және бағалы қағаздар нарығында еркін айналыста болады. Олардың айналыс мерзімі – 1 жылдан жоғары, 5 жылға дейін қоса алғанда.

Қазынашылық валюталық міндеттемелер ұстаушыларға өтеу кезінде олардың атаулы құнын алуға және төленетін атаулы құнға пайызбен сыйақы (мүдде) алуға құқық береді.

Республикалық бюджетің тапшылығын қаржыландыру үшін пайдаланылатын қаржы құралдарын түрлендіру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында айналым мерзімі бір жыл және бір жылдан астам мемлекеттік индекстелген қазынашылық міндеттемелер де шығарылды, оларды республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру мақсатында Үкіметтің атынан Қаржы  министрлігі (эмитент ретінде) шығарады және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында еркін айналыста болады.

2005 жылы айналыстағы мемлекеттік бағалы қағаздардың көлемі 458,2 миллиард теңгені құрап, 29,5 %-ға қысқарды, Ұлттық банк ноталарының көлемі 58,7 %-ға 161,0 миллиард теңгеге дейін қысқарды, Қаржы министрлігінің облигациялары 18,0%-ға 297,2 миллиард теңгеге дейін өсті.

Ұлттық банк ноталарының тиімді табыстылығы бір жылда  жылдық 3,9%-дан жылдық 2,24 %-ға төмендеді. МЕОКАМ-ның – қаржы министрлігінің ең көп тараған облигацияларының тиімді табыстылығы жылдық 6,65%-дан 5,58%-ға дейін төмендеді. Ұлттық банк ақша нарығын реттеудің негізгі құралдары ретіндегі меншікті депозиттерінің ролін арттыруға тырыса отырып ноталардың шығарылымын қысқартты. Қаржы министрлігінің өз кезегінде жылдың көп бөлігінде бөджеттің ағымдағы профицитінің салдарынан облигациялар шығаруға мүмкіншілігі де, тіпті қажеттігі де болмады.

Ұлттық валюта номиналдандырылған айналыстағы

мемлекеттік бағалы қағаздардың құрылымы

(мезгілдің соңына)

2004 ж 2005ж
            МБҚ, барлығы, млн. теңге 650171 458222
Соның ішінде ҚР Ұлттық банкінің қысқа мерзімді ноталары    Көлемі 389605 161000
Тиімді табыстылығы,% 3,9 2,24
ҚР

қаржы

министір-

лігінің

БҚ

  Барлығы, млн. теңге 251810 297222
МЕККАМ    Көлемі 21185 34000
Тиімді табыстылығы,% 4,88 2,94
МОИКАМ    Көлемі 1939 720
Тиімді табыстылығы,% 4,73 4,14
МУИКАМ    Көлемі 215 215
Тиімді табыстылығы,% 4,16 4,16
МЕОКАМ    Көлемі 143210 163987
Тиімді табыстылығы,% 6,65 5,58
МЕУКАМ    Көлемі 62110 62110
Тиімді табыстылығы,% 6,08 6,08
МЕУЖКАМ    Көлемі 22190 36190
Тиімді табыстылығы,% 0 0
 МАОКО    Көлемі 961     …
Муниципалдық БҚ, барлығы,

млн. теңге

8755

 

ҚРҰБ-ның қысқа мерзімді ноталары айналыс мерзімі

7 күннен 1 жылға дейін

 

МЕККАМ  –  Мемлекеттік   қысқа   мерзімді   қазынашылық   міндеттемелер,

айналыс мерзімі 3,6,9,12 ай

МОИКАМ –  Мемлекеттік орта мерзімді индекстелген қазынашылық міндет-

темелер, айналыс мерзімі 1 жылдан жоғары 5 жылға дейін қоса

санағанда

МУИКАМ –  Мемлекеттік     ұзақ    мерзімді     индекстелген   қазынашылық

міндеттемелер, айналыс мерзімі 5 жылдан жоғары

МЕОКАМ –  Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер,айна-

лыс мерзімі  1 жылдан жоғары 5 жылға дейін қоса санағанда

МЕУКАМ – Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелер, айна-

лыс мерзімі 5 жылдан жоғары

МЕУЖКАМ  – Мемлекеттік      ұзақ      мерзімді      жинақ       қазынашылық

міндеттемелер, айналыс мерзімі 5 жылдан жоғары

МАОКО –   Мемлекеттік   арнаулы   өтемдік   қазынашылық   міндеттемелер,

айналыс мерзімі 1, 2, 3 жыл

 

 

Дерек каз: Қазақстанның Ұлттық банкі

Айналыс мерзімі 7 жыл және өтеу күні 2007 жылғы 11 мамыр, бастапқы құны 1000 АҚШ доллары, капиталдың халықаралық нарықтарында орналастырылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары – Еурооблигациялар шығарылды.

          Депозит және банк сертификаттары – жинақ ақшаны тарту үшін тек қана банктер шығаратын бағалы қағаздар. Бұл айналмалы бағалы қағаздар болып табылады, яғни олар бойынша талап құқығы басқа тұлғаларға қайтуы (шегінуі) мүмкін. Депозит және жинақ ақша сертификаттарының қазақстандық практикада қабылданған негізгі айырмашылығы депозит сертификаттарының иелері заңи тұлғалар, ал жинақ ақша сертификаттарының иелері жеке тұлғалар бола алатындығында.

Бағалы қағаздардың өзінен басқа дамыған экономикалық жүйелердің қаржы нарығында нақтылы бағалы қағаздарды, валютаны, басқа құндылықтарды сатып алуға және сатуға олардың иелерінің құқығын куәландыратын туынды қаржы құралдары (деривативтер) деп аталатындар: фьючерстік және опциондық өзара шарттар, валюталық және пайыздық своптар, жазылыс құқықтары, депозитарийлік куәліктер, биржа индекстері бойынша опциондар мен фьючерстер және бірқатар басқалары пайдаланылады. Фьючерстік операциялар – биржалардағы мерзімдік мәмілелер, олардың мәнісі қаржы және кредит құралдарын шикізат тауарларын, алтынды, валютаны мәміле жасау сәтінде тіркелетін бағамен сатып алуда және сатуда, бұл орайда операциялар белгілі бір уақыт аралығында (2-3 жылға дейін) орындалады. Своптар кезінде шұғыл жеткізілім шартымен («спот» мәмілелесі) қайсыбір активті–қор құндылықтарын, валютаны, басқа заттарды тауарларды сатып алу (сату) жөнінде мәмілелер жасалады, бұл орайда сонымен бірге белгілі бір мерзімге кері мәміле жасалады. «Своп» операцияларының алуан түрлері бар, олар: валюталық, пайыздық, борыштық, алтынмен байланысты және басқа операциялар. Опциондарда мерзімдік биржа мәмілелеріне енгізілген шарт бойынша тараптардың біріне мәміленің бірін-бірі жоққа шығаратын жекелеген шарттардың бірін таңдау немесе оның бастапқы шарттарын өзгерту құқығы беріледі. Жазылыс құқықтары – болған акционерлерге компания  акциясының жаңа шығарылымын бастапқы нарықта олар орналастырылатын бағалардан неғұрлым төмен бағалар бойынша сатып алуға құқық беретін бағалы қағаз. Депозитарийлік куәлік – бұл түрлі компаниялар акцияларының пұлындағы үлестерді иелену туралы куәлік болып табылатын туынды бағалы қағаз. Варранттар – туынды бағалы қағаздар, олар белгілі бір баға бойынша белгілі бір кезеңнің  ішінде эмитенттің акцияларды сатып алуға жеңілдікті  құқығын білдіреді. Варранттың кәдуілгі мезгілі 5-20 жыл.

Бағалы қағаздардың бастапқы нарығы көбінесе Мемлекеттік бағалы қағаздардың (МБҚ) шығарылымымен сипатталады. Ішкі мемлекеттік борыштың шегінде мемлекеттік бюджетті инфляциясыз қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Қаржы министрлігі Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер мен ұлттық жинақ ақша облигацияларын шығарады. 1994 жылдың бірінші  жартысында Қаржы министрлігінің бағалы қағаздарының шығарылымы басталды.

Алғашқы мемлекеттік бағалы қағаздар үш айлық қазынашылық міндеттемелер – МЕККАМ болды. Алғашқы алты айда олар бойынша аукциондар өткізудің мерзімдері тұрақсыз, шамамен айына 1 рет болды, жыл соңына қарай олар апта сайын жүргізіле бастады. Қазіргі кезде Қаржы министрлігінің МБҚ-ны орналастыру жөнінде аукциондар аптасына 2-3 рет өткізіледі.

1998 жылы қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша бюджет  тапшылығын жабуға Үкіметке Ұлттық банк беретін кредиттер доғарылған болатын және Ұлттық банк алдындағы бүкіл үкіметтік борыш арнаулы он жылдық облигацияларға – МЕАКАМ- ға қайта ресімделді.

1999 жылы сәуірде теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамының режіміне көшуі инвесторлардың МБҚ-ға деген ынтасын  төмендетті. 1999 жылы МЕККАМ-ның эмиссиясы 38,5 миллион теңгені құрады, бұл 1998 жылға қарағанда 1,8 есе төмен болды. МБҚ нарығын қолдау үшін Қаржы министрлігі қысқа мерзімді валюталық бағалы қағаздарды шығара бастады, сондай-ақ арнаулы валюталық облигацияларды – АВМЕКАМ-ды шығаруды жүзеге асырды.

МБҚ нарығының дамуы сандық өсуімен ғана емес, сонымен бірге терең сапалы өзгерістерге де ұшырады. Мемлекеттік бағалы қағаздар спектрінің кеңеюі қағаздардың жаңа түрлерімен де, сонымен бірге бағалы қағаздардың айналыс мерзімдерінің артуымен де қосарланып отырды. 1994 – 1995 жылдары тек қысқа мерзімді дисконтталған 3, 6, 12 айлық бағалы қағаздар шығарылды, 1997 жылдан бастап орта мерзімді, купондық және инфляция бойынша немесе айырбастау бағамы бойынша индекстелген бағалы қағаздар шығарылды.

Мемлекеттік бағалы қағаздардан басқа бастапқы нарықта мемлекеттік емес (корпоративтік және басқа) бағалы қағаздар айналысқа шығарылады.

Корпорациялық бағалы қағаздар нағыз пайдалы, бірақ сонымен бірге қауіпті болып табылады, оларға кәсіпорындар мен компаниялардың акциялары жатады. Корпоративтік бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы белгілі бір дәрежеде 1996 жылы жарияланған «Көгілдір фишкалар» бағдарламасымен байланысты.

Қайталама нарықтың жұмыс істеуі ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерімен және Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарымен жасалынған мәмілелер көлемінің өсуімен сипатталады. Қайталама нарықтың жандануы нақтылы уақыт режімінде өздерінің офистерінде бастапқы дилердің жұмыс мүмкіндігін қамтамасыз ететін биржадан тыс жұмыс істейтін бағдарламаны іске енгізумен байланысты болғанын атап өткен жөн.

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының даму жолдары

Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның  даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізлуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет  бұрынғыдай ақша  бегілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік  бғалы қағаздар , мысаы мемлекеттік  қысқа мерзімді вексельді шығаруда. Алайда, бағалы қағаздар нарығының дамуы жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық  мәселелер  көп.

Экономикалық мәселерге;

а)нарықты  реттейтін механизмнің жоқтығы;

ә)бағалы қағаздар анрығын дамытатын біріңғай көзқарас

жүйесінің жоқтығы;

б)заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;

в)салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;

г)бағалы  қағаздар нарығының материалдық – техникаық

негізінің аздығы;

д)нарық инфрақұрылымы өсу деңгейінің төмендігі жатады.

Ал, әлеуметтік –психологиялық мәселерге қағаздарнарығында маман кадрлардың  аздығымен халықтың инвестициялық белсенділігінің төмен деңгейлігі жатады . Бұл мәселелер  халықтың басым көпшілігінің бағалы қағаздар нарығының мәні, түсінбеушілігі  мен инвестиция беруге психологиялық дайындығының  жоқтығынан туындайды.

Бағалы қағаздар нарығына мамндарды бағалы қағаздар жөніндегі Ұллтық коммисияның осы іспен шұғылдануға рұқсат берген Оқу орталықтарының жұмысын Ұлттық коммисияның бір мүшесі  оның басқармасы болып, мүшелері және хатшысы болып, бағалы қағаздар нарығын реттейтін Бас басқарманың мамандары кіреді. Қазіргі уақытта оқуды табысты бітіріп, мамндығы туралы бірінші санатты куәлік  алған 1500-дай адам брокерлік, дилерлік іспен айналысуға құқық алды.

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі- кіші және жалпы жекеменшіктендіру механизмі арқылы қатанастарын  өзгертуге жеке инвесторлар мен өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қатыстыру. соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге  банк жүйесі  қатынасқан жоқ. Дүнежүзілік тәжірбие дәлелдегендей банктер бағалы нарығында жеке үстемдік роль атқарады. Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырды. . Сондықтан еліміздегі экономикалық өзгеріс әлеуметтік бейімделген  бағалы қағаздар нарығын  құруға негізделегені дұрыс. Отандық бағалы қағаздарнарығының   құрылуына әрбір азаматтың қатысуына  мүмкіндік берген жөн.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта айтқанда Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелегінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті.

Өркениетті мемелекеттерде экономикалық өрлеудің қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай — ақ кредит нарығы түрінде де іс — әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы (ортақ) ұғым болып табылады.

Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде өмір сүреді, оңын өзінің оған тән онда жұмысты ұйымдастыру мен ережелері бар нарығы болуы тиіс. Алайда бағалы қағаздар нарығында сатылатын тауарлар өзгеше тауар болып табылады, өйткені бағалы қағаздар – бұл тек меншік титулы, табысқа құқық беретін құжаттар, бірақ нақты емес капитал. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы тап олардың осы қасиетімен айқындалады және нарық бағалы қағаздарды бір иеленушінің басқа иеленушіге көп жағдайларда еркін және оңай беруімен сипатталады.

Қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.

Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын жұмылдыру және оларды қайта бөлу жолымен ұдайы өндіріс үдерісіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды. Оның жұмыс істеуі әкімшіл — әміршіл экономикаға тән «сатылас» әдістің орнына «деңгейлес» қозғалыс бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс- әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару есебінен шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың және жалпы экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.

Айтылған мәселелердің барлығы мемлекетіміздің экономикалық дамуының бүгінгі кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа, тіпті ерекше бағыт,яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру міндеті пайда болғанын айқындайды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  • Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Респуликасы Үкіметінің актілер жинағы
  • У.М.Искакова, Д.Т.Бохаев, Э.А.Рузиева. – Алматы: Экономика, 2005.
  • Бағалы қағаздар нарығы туралы: Қазақстан Републикасы Заңының ресми мәтіні, — О рынке ценных бумаг: Официальный текст Закона РК. – Алматы: Жеті жарғы, 2004. 192 бет.
  • Балабанов А.И., Балабанов И.Т. Финансы. Учебное пособие – Петербург: 2000. 192с.
  • Мамыров Н.К., Саханова А.Н. и др. Государство и бизнес. В 4-х т. – Алматы: Экономика, 2002.
  • Нарық ценных бумаг и его финансовые институты: Учебное пособие / под ред.С. Торкановского. – СПб.: АО «Комплект», 421с
  • Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Оқулық.-Алматы: 2005. 551 бет
  • Құлпыбаев С. және басқалары. Қаржы теориясы. Оқу құралы. – Алматы: Мерей, 2001. 176 бет.
  • Құлпыбаев С., Баязитова А. Қаржы теориясы. Оқу құралы.-Алматы
  • Берлин С.И. теория финансов. Учебное пособие. – М.: Приор, 2000. 256 с.
  • Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы. Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 1999. 234 бет.
  • Русско-казахский экономичский словарь предпринемителя.
  • Финансовые рынки и посредники: Учебное пособие/ под ред.
  • Финансы. Учебное пособие (под ред. Проф. А.М. Ковалевой) 4-изд.- М.: 2000. 437с.

Тегтер:Бағалы қағаздарбағалы қағаздар жіктемесібағалы қағаздар нарығыбағалы қағаздар нарығы слайдбағалы қағаздар нарығын реттеубағалы қағаздар нарығының қатысушыларыбағалы қағаздар портфелібағалы қағаздар рыногыбағалы қағаздар туралы заңбағалы қағаздардың банктік құқықтағы маңызыбағалы қағаздардың бастапқы нарығыбағалы қағаздардың ерекшелiгiбағалы қағаздардың инвестициялық сапасыбағалы қағаздардың негізгі түрлерібағалы қағаздардың сыныптамасыбағалы қағаздардың түрлерібағалы қағаздардың шығарылымы және айналысыбағалы қағаздардың экономикалық мәнібағалы қағаздардың қайталама нарығыКурстық жұмыскурстық жұмыс жазуға әдістемелік нұсқаукурстық жұмыс мысалкурстық жұмыс сатып алукурстық жұмыс тақырыптарыкурстық жұмыс үлгікурстық жұмыс үлгісікурстық жұмыс үлгісі педагогикакурстық жұмыстаркурстық жұмысқа қойылатын талаптар