Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және құрылымы

0
5

Тақырыбы: Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және құрылымы

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………………………………….2

  1. Бағалы қағаздар нарығының түсінігі……………………………………………..4

1.1 Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы………………………………………….4

  1. Бағалы қағаздар нарығын реттеу және оның қатысушылары……10

2.1. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу………………………………..10

2.2. Бағалы қағаздар нарығының өзін өзі реттейтін ұйым……………………..15

2.3 Қор биржасы………………………………………………………………………………….19

2.4 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары………………………..22

Қорытынды……………………………………………………………………………………….31

Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………………………..32

Кіріспе

Бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын нарық. Бағалы қағаздар (банктер, арнаулы кредит институттары мен қор биржалары) арқылы кәсіпорындардың, банктердің мемлекеттің және жеке адамдардың қорланған ақшасы шоғырландырылып, капиталдың өндірістік және өндірістік емес жұмсалымына салынады.

Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы – бағалы қағаздар нарығы. Бағалы қағаздар кез-келген нарықтық экономиканың төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады, яғни бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, оларды нарық жүйсіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.

Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:

  1. сұраныс пен ұсыныс;
  2. делдалдар мен басқа қатысушылар;
  3. нарықтық инфрақұрылым яғни коммерциялық банктер, қор биржалары, инвестициялық институттар және с.с.;
  4. нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.

Нарықтың осы құрамдас бөліктері қазіргі уақытта негізінен құрылып болды. Бұл жөнінде елімізде экономикалық жүйені реформалауды тереңдету жолында қабылданған Қазақстанда мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектілері – акционерлік қоғамдардың құрылуын тездетуде шешу рөл атқарады.

Акционерлік қатынастардың Қазақстан Республикасында күн өткен сайын арта түсуі акционерлік қоғам туралы заңнаманы, акционерлік қоғамдардың құқықтық механизімін зерттеуді талап етіп отыр.

Осы ұсынылып отырған жұмыс Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша заңды тұлғаның бір ұйымдық-құқықтық түрі болып табылатын акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайына және ол бойынша әрекет етуші акционерлік заңнамаға, сонымен қатар акционерлік қоғам зерттеуге бағытталған.

Осы курстық жұмысымның 1-ші бөлімінде бағала қағаздар нарығының пайда болып нарықтық экономикада қалыптасуы және бағалы қағаздардың түсінігі туралы жазамын.

Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу, менің ойымша ең маңызды және жауапты міндеті. Себебі, бағалы қағаздар нарығының қатысушылары заң шеңберінен ауытқымай, құқықтық нормалар негізінде іс жүргізеді.

Сондықтан мен 2-ші бөлімде бағалы қағаздар нарығын реттеу мен бағалы қағаздар нарығының қатысушыларына тоқталып өтемін.

  1. Бағалы қағаздар нарығының түсінігі.

1.1. Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы.

Алғашқы бағалы қағаздар нарығы 20 жылдары КСРО-да жаңа экономикалық саясат кезінде пайда болған. Ал қазіргі кезде Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.

Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар-ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық қатынастарға сай өзгертуге тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады. Соңғы 10 жылдықта дүниежүзінің көптеген елдерінде жекеменшіктендіру жүрді. Әсіресе, Англияда ол шапшаң қарқынмен өтті. Бірақ Батыс Еуропа елдерінде жекеменшіктендіру өркендеген нарық экономикасы жағдайында жүрді. Сондықтан жекеменшіктендірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса да өркендеген нарық жағдайында оларды орналастыру өте оңай болды. Ал тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы (ТМД) елдердің жайы өзгеше.

Бұл елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акцияландыру арқылы жүргізілді. Себебі, көптеген кәсіпорындар да халықта осындай жаңа құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады. Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі – жекеменшіктендіру чектерін (купондарын) өмірге келтірді. Бұл мемлекеттің бағалы қағаздардың бір түрі, олар, өз иесіне мемлекеттің иелігінен алып, жекеменшіктендірілген меншіктің бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді.

Ірі және орта кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акционерлік қоғам ретінде қайта құрудан басталды. Акционерлік қоғамның иесі – акционерлер, олардың меншік құқы акция берумен куәландырылады.

Жекеменшіктендіру чектеріне кез-келген жекеменшіктендірілген кәсіпорынның акциясын сатып алуға болады. Ал жекеменшіктендірілген кәсіпорын ұжымының мүшелері өздері қызмет істеп жүрген кәсіпорнының акциясын жеңілдікпен сатып алуға құқы бар. Ондай сатып алуды да жекеменшіктендіру чегімен төлеуге болады. Жекеменшіктендіру чегіне басқа акционерлік қоғамға айналған кәсіпорындардың акциасын сатып алу аукциондарда жүргізіледі. Аукцион өтетіні туралы алдын ала ақпарат құралдарында жарияланады. Сонымен бірге жекеменшіктендіру чегіне арнаулы инвестициялық қорлардың да акциясын сатып алуға болады. Ондай қорлар чектерді өздерінде көптеп шоғырландырып, оған басқа акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алады. Инвестициялық қорлардың акциаларын сатып алушы сол қордың иемденушісінің біреуі болып есептеледі. Қор оған өз пайдасының бір бөлігін төлейді. Инвестициялық қорлар – жеке ұйым.Мемлекет нивестициялық қорларға салған чектерге кепілдік бермейді.

Осы айтылғандардан басқа, жекеменшіктендіру чегін мұра етіп қалдыруға, сыйлық ретінде беруге және сенімхатпен басқа адамға беруге болады. Біздің елімізде мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру және жекеменшіктендіру чегіне акция сату 1994 – 1995 жылдары өтті. Ол кездерде көптеген инвестициялық қорлар ашылып, халық ол қорларға чектерін тапсырғанымен олардың орнына акция алғандары аз.

Қазақстанда бағалы қағаздар рыногі 1991 жылдан бастап қалыптаса бастады. Бұл мәселеде мемлекеттік кәсіпорындардың жекешелендірілуі және акционерлендірілуі шешуші рөл атқарды. Қысқа мерзім ішінде күллі ұлттық шаруашылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан өзгеше кәсіпорындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар акционерлік капитал ретінде көрінді. Осының нәтижесінде 1991 – 1993 жылдары 200 акционерлік қоғамның, соның ішінде 30-ға жуық акционерлік коммерциялық банктің акциялары тіркелінді. Бұл жылдары эмиссияның жалпы сомасы 110 млрд. сом болды.Соның ішінде банктердің үлесі 80% құрады.

1-кезең. 1991 – 1992 ж. дейінгі уақыт және негізінен сауда объектілерінен қызмет көрсету салаларын сату. Сондай-ақ мемлекеттік меншікті еңбек ұжымына беру қолға алынды. Осы уақыт ішінде 2500-ден астам ірі және шамамен 4000 шағын кәсіпорындар экономиканың мемлекеттік емес секторына өтті. Бұл арада тек әрбір бесінші кәсіпорын ғана мемлекет иелігінен алынып жекеменшікке өтті. Негізінен арадағы сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету салаларындағы кәсіпорындар жекеменшіктендірілді.

2-кезең. 1993-1996 жылдардың басына дейінгі уақыт. Бұл кезеңдегі жекешелендіру принципі жекешелендіру купонын халыққа таратып беруге негізделді. Халық бұл купонды арнайы инвестициялық қорларға салу құқығына ие болды. Бұл купондар сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың акцияларын сатып алу үшін қолданылды. Қазақстан Республикасының барлық азаматтары купон кітапшаларын алды. Бұл арада халықтың материалдық жағдайындағы айырмашылығын ескере отырып, қала халқына 100 купон бойынша, ауылға 120 купон бойынша есептелді. Ұлттық банк филиалдары купонды таратып беру 1993 жылы аяқталды, купонмен халықтың 90% қамтылды. 1994 жылдың мамырынан  – 1996 жылдың ақпан айына дейін Қазақстан Республикасында 22 купондық аукционда 1700-ден астам кәсіпорын сатылуға ұсынылды.

3-кезең. Жеке жобалар бойынша жекешелендіру 5000-нан астам адам жұмыс істейтін ірі кәсіпорындар мен айрықша мемлекеттік маңызы бар кәсіпорындар мысалы, кен өндіруші өнеркәсіптер немесе табиғи монополиялар жеке жобалар бойынша жекешелендіру бағдарламасы негізінде жекешелендіру керек болған сол себептен осы категорияға шамамен 170 кәсіпорын кірді.

Бағалы қағаздар нарығы. Бұл нарықтың кейбір белгілері КСРО-да қазан революциясына дейін болғанымен, соңғы 70 жыл бойы оның ешқандай өсу белгісі болған жоқ. Ал 1990 жылдардың басында ТМД елдерінде, оның Қазақстанда басталған нарық қатынастары даму және одан әрі жетілу үшін белгілі бір уақыт қажет. Себебі, нарық меншік қатынастарын және мемлекет пен жергілікті басқару органдарының қаржы саясатын өзгертуден басталады. Нарық ең бірінші меншікті жекеменшіктендіру және мемлекеттік кәсіпорындарды акцияландырудан басталады. Қазіргі кезде егемен жас мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру мақсатында бұрынғы үйренген әдіс – ақша белгілерін шығарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздардың бірі – қысқа мерзімді мемлекеттік вексельдерді (ГКО) шығарумен айналысуда. Жергілікті басқару органдары да дәл осы жолды пайдалануда.

Бағалы қағаздар нарығы экономиканың кез келген саласының өз қажетіне ақша қорын жасауына жол ашуда. Мысалы, акция шығарып осы қорды үнемі, яғни кәсіпорын жабылғанша пайдалануға болады, ал облигацияны шығару несиені банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар бағалы қағаздар нарығын өрістетуге мүмкіндік береді.

Қаржы нарығына мемлекеттік үстемдікті жойған кезде, ол әкімшілік емес, тек экономикалық заңдардың әсерімен қызмет жасайды. Егер қаржы нарығы жеке меншікке негізделсе, әрине оның әкімшілік тәсілмен қызмет етуі мүмкін емес. Кәсіпорын мемлекеттік меншіктен акционерлік меншікке өткенде бүкіл табыстың салық төлегенне кейін қалғаны өз меншігінде болады. Кәсіпорындар уақытша бос қаржысына коммерциялық банктердің төлейтін пайыздық мөлшері нарық деңгейіне сай келгенде ғана оларды есеп шоттарда сақтайды. Сонымен, шаруашылықты экономикалық әдістермен жүргізу – өндірістің өсуін қамтамассыз етіп, қаржы қорларының көбейіп, қоғамда әлеуметтік оң өзгерістердің болуының кепілі.

Бағалы қағаздар – иеленушілеріне мүліктік құқық және белгілі бір ақшалай сома алуға құқық беретін ақша немесе тауар құжаттары; мүлікті құқықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілердің жиынтығы.

Акция – акционерлердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді.

Акция

 

 

Басқаға беру тәсілі бойынша
Бақаруға қатынасу құқығы бойынша

 

 

Жай
Атаулы
Ұсынушы
Артықшылықты

 

Облигация – деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттенген жазбаша қарыз құжат.

Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан онда сатылатын өзінің айрықша тауарымен өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар – бағалы қағаздар. Олар біріншіден, меншік белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Одан бұрын айтқанымыздай, бұл тауарды өз құқына аз болсада, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады. Бағалы қағаздардың көрсетілген құны өте төмен болғанымен, мысалы, өндіріс кәсіпорнына жұмсалған нақты капиталдың белгілі бір мөлшерін көрсетеді. Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетілген құнынан жоғары болады.

Бағалы қағаздар – мүлікті құқықты растайтын ақшалай құжаттар немесе мұндай құжаттарды шығарған ұйымға олардың иелері қарызының қатысы.

Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде олардың мүліктік сипатын айтуға болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушының қалай да бір мүлікке құқылы екендігін куәландыруға тиіс. Бұл белгілі бір тауар немесе нақты акция сомасын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бағалы қағаздар белгілі бір қоғамның, кәсіпорынның, фирманың, ұйымның меншігіне қатысуға және басқаруға құқық береді.

Бағалы қағаздар нарығы – нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау процесіне қатысты. Капиталды инвестициялау деген оның капиталға мұқтаж өндіріс салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта сол саладан кері алынуы. Капиталдың бұндай айналыс механизмі мұнадан түсінікті. Мысалы, кейбір тауарларға немесе қызмет түрлеріне сұраныс өссе, онда оған сәйкес бағасы да өседі. Демек, оларды өндіруден пайда да өседі,сондықтан басқа салалардың өніміне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиімділігі кеміп, ондаға капиатал өніміне сұраныс өсіп тұрған салаларға құйылады. Бағалы қағаздар осы механизмнің құралын қамтамасыз ететін құрал. Олар уақытша бос капиталды сату-сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағыттап отырады. 

II Бағалы қағаздар нарығынын реттеу және оның қатысушылары

2.1. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу.

Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттің ең маңызды міндеті. Ондағы мақсат – бағалы қағаздармен келісімге қатысушылардың заңда мүдделері мен құқығын сақтауды қамтамасыз ету.

Бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаратын қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Республикада ондай органдар болып Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия, Қаржы министрлігі, Ұлттық банк, Мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет және Жекеменшіктендіру жөніндегі Мемлекеттік комитет саналады. Осы бағалы қағаздар нарығын реттейтін мемлекеттік органдардың ең негізгісі – Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комисияның құрамы 1995 жылдың қаңтарында анықталып, сол жылғы сәуірдің 21-дегі Республика Президентінің «Бағала қағаздар және қор биржасы туралы» жарлығына сәйкес оның құқықтық статусы, қызметі және өкілеттілігі бекітілді.

Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия оның төрағасы және төрт комиссия мүшелерінен құрылады. Олар Республика заңдары мен міндеттелген жауапкершілікпен толық өкілеттілікті атқарады. Комиссия төрағасымен оның мүшелерін Премьер-министрдің ұсынуымен 5 жыл мерзімге республика Президенті бекітеді. Қызметтен де осы жолмен босатылады. Комиссияның тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін оның атқарушы аппараты құрылған.

Қазіргі кезде республикада бағалы қағаздар нарығының қызметін толық қамтамасыз ететін инфрақұрылым құрылып бола қойған жоқ. Оның ішінде бағалы қағаздар нарығында кездесетін барлық қатынастарды толығынан реттейтін жеткілікті нормативтік заң актілері жоқ. Сол сияқты бағалы қағаздар нарығында қалыптасып келе жатқан көріністі жеткілікті түрде хабарлайтын ақпарат құралдары аз. Бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу ғылымға негізделіп, алдын ала дайындалған концепцияға жүгінгені дұрыс.

Дүниежүзілік тәжірибеде бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу екі түрлі жолмен жүргізіледі: мемлекеттік органдар уәкілі қатысуымен тікелей араласу, сонымен қатар іс-шаралар арқылы нарыққа жанама араласу.

Тікелей араласу шараларына мыналар жатады:

  • бағалы қағаздар нарығы мәселелері жөніндегі заң шығаратын өкілетті органдардың жұмысы;
  • осы мәселелер бойынша атқарушы үкімет органдарының қаулылары мен бұйрықтары;
  • бағалы қағаздар нарығының жұмысына жаңа ережелер енгізетін немесе ескілерін өзгертетін басқа да мемлекеттік органдардың іс-шаралары. Негізінен бұл – бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға лицензия беру, бағалы қағаздардың кейбір түрлерінің айналуына шек қою немесе оны тоқтату, бағалы қағаздарды тіркеу және с.с. жұмыстар.

Жанама араласу тетіктеріне мыналар жатады:

  • несие үшін процент мөлшерін өзгерту арқылы айналымдағы ақша массасын және несие көлемін мемлекеттік бақылау;
  • мемлекеттің салық саясаты;
  • депозиттерге, несиелерге, қарыздарға үкімет кепілдігі;
  • қарыз капиталы нарығына мемлекеттің араласуы (қазыналық облигациялар, вексельдер, орта және ұзақ мерзімді бағалы қағаздар, мемлекеттік органдардың міндеттемелерін және сол сияқты шығару) арқылы мемлекет пен корпорациялардың арасында несие үшін тікелей бәсекенің тууы;
  • мемлекеттің сыртқы экономикалық саясаты (шетел валютасымен алтын операцияларын, экспорт шараларын ынталандыру және с.с жұмыстарды реттеу);
  • мемлекеттің сыртқы экономикалық іс-шаралары (саяси байланыстарды ұлғайту немесе шектеу және с.с.).

Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттік органдарға, не арнаулы ұйымға (бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға), не Қаржы министрлігіне, не мемлекеттік жүктеледі. Мысалы, АҚШ-та тиісті заңдарды шығарып, олардың орындалуын тексерумен конгрессте құрылған Бағалы қағаздар және қор биржалары туралы комиссия шұғылданса, Жапонияда бұл сұрақтар Қаржы министрлігінде қаралады.

Реттеуші органдар инвесторлардың қаржысын қорғауға бағытталған негізінен үш қызмет атқарады. Олар:

– нарықта шаруашылық субъектілері ретінде қызмет істейтін барлық бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды, сонымен қатар, бағалы қағаздарға тікелей қатысы бар қызметкерлерді тіркеу. Тіркеуден өтетін барлық кандидаттар қаржы жөнінен белгілі бір талаптарға сай болуы қажет, яғни олардың керекті мөлшерде (минимум) өз капиталы болғаны жөн. Инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында, әдетте, тіркеуші органдар тіркеуден өткізбеу құқын алады.

– экономиканың барлық субъектілерін нақты хабарлармен қамтамасыз ету.  Ол, әдетте, бағалы қағаздарды шығару мен оны шығарушылар туралы анық та толық хабар беретін эмиссия проспектісін шығарумен жүзеге асырылады. Оған алдын ала белгілі бір адамдар ғана біліп және тек солардың арасында орналастырылатын жеке бағалы қағаздар қосылмайды. Одан басқа эмитенттер бұқаралық ақпарат беттерінде үнемі қаржы есебін, фирманың басшы адамдары туралы өзгерістерді жариялап тұруға міндетті.

– институционалдық органдар бағалы қағаздар нарығын тексеру және ондағы құқық тәртібін сақтау қызметімен де айналысады. Бұл органдардың өкілі заң бұзушылардың кез-келгенін тексеріп, кінәлілерге әкімшілік шара қолданып, істерін сотқа беруге құқы бар. Ол үшін оларға үлкен өкілеттік берілген, мысалы, бағалы қағаздарға және ақша қаражатына тиым салуға (арест), құжаттарын алуға және с.с. өкілеттіктер.

3-бап. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу.

  1. Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді ҚР-ның Президенті айқындайтын уәкілетті орган жүзеге асырады.
  2. Уәкілетті орган:
  • ҚР-да бағалы қағаздар рыногын қалыптастырумен дамыту саласындағы басымдақтарды айқындайды;
  • ҚР-да бағалы қағаздар рыногының жұмыс істеуін қамтамасыз ету және Ұлттық бағалы қағаздар рыногының инфрақұрылымын қалыптастыру, бағалы қағаздар рыногында инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі мемлекеттік саясаты жүргізеді;
  • өз құзіреті шегінде бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылдайды;
  • бағалы қағаздармен қаржы рыногының активтерін таниды;
  • мемлекеттік емес бағалы қағаздардың, туынды бағалы қағаздардың шығарылу мен айналысқа түсу және олардың мемлекеттік тіркелу, мемлекеттік емес эмиссиялық бағала қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды орналастыру мен өтеу, сондай-ақ оларды жою қорытындылары туралы есептерді қарау, оның ішінде ҚР-ның резиденті еместердің және халықаралық ұйымдардың ҚР-ның аумағында шығарылуға және орналастырылуға жататын эмиссиялық бағалы қағаздарын мемлекеттік тіркеу талаптары мен тәртібін белгілейді;
  • Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізілімін және бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялар мен рұқсаттардың тізілімін жүргізеді;
  • мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағазадардың орналастырылуын тоқтата тұрады және қайта жаңғыртады, мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздарды шығаруды жояды;
  • бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет пен басқа да лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асыру ережелерін, оның ішінде бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу, осы мәмілелерді есепке алу және олар бойынша есеп беру шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды айқындайды;
  • бағала қағаздар рыногындағы қызметті кәсіби қызмет ретінде мойындайды;
  • бағалы қағаздар рыногындағы қызмет түрлері бойынша лицензиялар берудің талаптары мен тәртібін айқындайды;
  • лицензиаттардың қаржылық тұрақтылығының пруденциалдық нормативтерінің түрлері мен өзге де көрсеткіштерін немесе өлшемдерін, олардың есеп айырылысуының және есеп айырысу әдістемесін тәртібін белгілейді;
  • бағалы қағаздар рыногына қызмет түрлері бойынша лицензиялар береді, лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұрады және қайта жаңғыртады, сондай-ақ оларды қайтарып алады;
  • лицензиаттардың ішкі құжаттарын келіседі;
  • лицензиаттардың басшы қызметкерлерінің лауазымына кандидатураларды тағайындау үшін келісім береді;
  • лицензиаттардың есеп беру тәртібін және есептердің нысандарын айқындайды;
  • бағалы қағздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандар даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат береді, осындай рұқсаттардың қолданылуын тоқтата тұрады, қайта жаңғыртады және мерзімін ұзартады, сондай-ақ оларды қайтарып алады;
  • бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандар даярлау тәртібіне қойылатын талаптарды белгілейді және осы талаптардың сақталуын бақылайды;
  • жеке адамдарды бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру құқығына аттестаттауды, біліктілік куәліктерін иеленушілерді қайта аттестаттауды жүргізеді, аттестаттаудан өткен адамдарға біліктілік куәліктерін береді және қайта аттестаттаудан өткен адамдардың біліктілік куәліктерінің қолданылу мерзімін ұзартады, біліктілік куәләктерін қолданылуын тоқтата тұрады және қайта жаңғыртады, біліктілік куәліктен кері қайтарып алады;
  • эмитенттердің, лицензиаттардың және бағалы қағаздар рыногында жұмыс істеу үшін мамандар даярлайтын ұйымдардың қызметін қадағалауды жүзеге асарады, өз құзіреті шегінде олардың қызметіне тексеру жүргізеді;
  • біліктілік куәліктерін иеленушілердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады;
  • бағалы қағаздар рыногының субъектілері туралы өзінің қолындағы мәліметтерді пайдалана отырып, бағалы қағаздар рыногының мәмілелері жөніндегі ақпаратты, сондай-ақ олрадың бағалы қағаздар рыногының субъектілеріне қолданған шаралары туралы ақпаратты жариялайды;
  • бағалы қағаздар рыногын реттеу жөніндеқолданылатын шараларды үйлестіру, бағалы қағаздар рыногындығы құқық бұзушылықтың алдын алу мен олардың жолын кесу мәселелерін және өзара мүдделілік туғызатын өзге де мәселелер бойынша бағалы қағаздар рыногтарын реттейтін шетелдік органдармен өзара іс-әрекет жасайды;
  • ҚР-ның заңдарына сәйкес бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу жөніндегі өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Осы аталған бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу тәсілдерімен қатар нарықтың өзін-өзі реттеу іс-шараларының да маңызы зор.

2.2. Бағалы қағаздар нарығының өзін-өзі реттейтін ұйым.

 Бағалы қағаздар нарығының өзін-өзі реттейтін ұйым – бағалы қағаздар нарығында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсаттарымен қауымдастық нысанында  бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары құрған заңи тұлға. Оның негізгі міндеті өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің және олардың клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ ҚР-ның бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асырудың бірыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болып табылады.

91-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның міндеттері мен мақсаттары

  1. Өзін-өзі реттейтін ұйымның негізгі міндеті өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің және олардың клиенттерінің құқықтарымен мүдделерін қорғау, сондай-ақ ҚР-ның бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асырудың бірыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
  2. Өзін-өзі реттейтін ұйымның негізгі мақсаттары:

өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің кәсіби қызметінің бірыңғай ережелер мен стандарттарын белгілеу;

өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің қызметін және олардың ҚР-ның бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарын сақтауын бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің және олардың клиентттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау;

өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері арасындағы дауларды, сондай-ақ мүшелері мен олардың клиенттері арасындағы дауларды шешу;

мемлекеттік өкімет пен басқару органдарында, сот және өзге де ұйымдарда өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің мүдделерін білдіру болып табылады.

92-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның құқықтық жағдайы

  1. Өзін-өзі реттейтін ұйымның мәртебесін заңды тұлғаға:

бағалы қағаздар рыногында белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыратын барлық лицензиаттардың кем дегенде жартысы осы заңды тұлғаның мүшелері екенін;

сол заңды тұлғаның осы Заңның 94-бабында көзделген ішкі құжаттары уәкілетті органмен келісілгенін;

барлық қызметкерлердің (техникалық функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлерді қоспағанда) тиісті санаттағы біліктілік куәліктері бар екенін;

басшы қызметкерлер осы заңды тұлға мүшелерінің аффилиирленген тұлғалары емес екендігін растайтын құжаттар негізінде уәкілетті орган береді.

Заңды тұлға осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесінен айрылады.

Заңды тұлғаға өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесін беру және оның жойылу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

  1. Өзін-өзі реттейтін ұйымның атауында осы ұйым мүшелерінің негізгі қызметінің түрін көрсететін сондай-ақ «қауымдастық», «Одақ» немесе «Бірлестік» деген сөздер болуға тиіс.

93-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның функциялары

  1. Өзін-өзі реттейтін ұйымның функциялары:
  • уәкілетті органға бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар беру;
  • бағалы қағаздар рыногында өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері арасында туындайтын дауларды және мүшелері мен олардың клиенттері арасындағы дауларды қарау;
  • уәкілетті органның тиісті рұқсаты болған жағдайда бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген адамдарға оқу бағдарламаларын әзірлеу және оларды оқытуды жүргізу;
  • бағалы қағаздар рыногында қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген немесе өзінің кәсіби деңгейін растайтын адамдарды тестілеу процесіне қатысу;
  • өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің рейтингтерін жасау және жариялау;
  • уәкілетті органның бастамасы бойынша өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің қызметін тексеруге қатысу;
  • бағалы қағаздар рыногында өз мүшелерінің қызметін бақылауды жүзеге асыру және ҚР-ның заңдарын және өзін-өзі реттейтін ұйымның ішкі құжаттарын бұзуға жол берген өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелеріне өзінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіптік ықпал ету шараларын қолдану болып табылады.
    1. Өзін-өзі реттейтін ұйым өз мүшелерінен, коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, олардың бағалы қағаздар рыногындағы қызметі туралы ақпарат табыс етуді талап етуге құқылы.
    2. Өзін-өзі растайтын ұйым өз мүшелерінің қызметі мәселелері бойынша уәкілетті орган беретін ақпаратты өзінің мүшелеріне жеткізіп отыруға міндетті.

94-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның ішкі құжаттары

  1. Өзін-өзі реттейтін ұйымның ішкі құжаттары:
  • өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері қызметінің ережелері мен стандарттарын;
  • өзін-өзі реттейтін ұйымның өз мүшелерінің қызметіне қатысты бақылау және қадағалау іс-шараларын жүргізу ережелерін;
  • өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері арасындағы дауларды және мүшелерімен олардың клиенттері арасындағы дауларды шешу ережелерін;
  • өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелігіне қабылдау, мүшелікті тоқтата тұру және өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелігінен шығару ережесін;
  • өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің кәсіби этика ережелерін;
  • жаза қолдану ережелерін;
  • өзін-өзі реттейтін ұйымның бөлімшелері, комитеттері, филиалдары мен өкілдіктері қызметінің тәртібін белгілеуге тиіс.
  1. Өзін-өзі реттейтін ұйым өз мүшелерінің қызметін сақтандыру ережелерін белгілеуге құқылы.

Өзін-өзі реттейтін ұйымдар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және оларды бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары қауымдастық нысанында құрады. Олардың негізгі міндеттері бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушыларының тиімді қызмет ету жағдайларын қамтамасыз ету және бұл рыногтағы қызмет ету әдісін сақтау, бағалы қағаздар иеленушілері мен кәсіпқой қатысушылар клиенттерінің мүдделерін қорғау, бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелері мен стандарттарын жасау және олардың сақталуын бақылау болып табылады.

Еліміздің қаржы рыногында орныға бастаған қатынастарды реттеудің және қадағалау тиімділігін арттырудың біртұтас жүйесін ұйымдастыру қажеттігіне байланысты ҚР-ның Президентінің «ҚР-ның Қаржы рыногын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мәселелері» туралы Жарлығы (2002 жылғы 17 мамыр, №872) қабылданды. Осы Жарлыққа сәйкес Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтау зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің функциялары мен өкілеттіктері Ұлттық банкке берілді.

Еліміздің есептік төлем балансын неғұрлым тиімді қалыптастыру, неғұрлым пәрменді валюталық реттеу мен бақылау жүргізу үшін Ұлттық банктің жаңа бөлімшелері – Төлем балансы мен валюталық реттеу департаментін және Ұлттық банк басшылығының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі басқарма құрылған.

2.3. Қор биржасы.

Оның ең бір дамыған формасы – қор биржасы. Ол бағалы қағаздар нарығына бақылау жасаумен қатар оған қатысушылардың іс-әрекеттерін реттейтін біртектес ереже шығарып, оның орындалуын қатаң қадағалап отырады.

Бағалы қағаздармен сауданы қор биржасы, биржадан тыс рыногтың баға кесу ұйымы, заңдарға сәйкес өзге де ұйымдар ұйымдастырады. Бағалы қағаздар мен сауданы ұйымдастырушылар қызметін уәкілетті орган лицензиялауға тиіс.

Қор биржасы – бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары құратын жабық акционерлік қоғам нысанындағы өзін-өзі реттейтін коммерциялық емес ұйым. Қор биржасының қызметі өзін-өз өтеу қағидатына негізеделеді және оның қызметінен түскен кірістер биржаны материалдық-техникалық дамытуға пайдаланады.

Қор биржасы қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған үй жай болып табылатын арнайы жабдықталған сауда алаңын береді және қаржы құралдарымен сауда жасауды ұйымдастырады, қаржы құралдарына баға кесуді жүзеге асырады, мүшелеріне ұйымдық, ақпараттық, кеңестік қызметтер көрсетеді және заңнамада көрсетілген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Биржада орны бар және қаржы құралдарымен саудаға қатысатын бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушылары қор биржаларының мүшелері болып табылады. Қор биржасының кемінде он мүшесі болуы тиіс.

Қор биржасы өзінің бағалы қағаздар рыногындегі қызметінде мемлекеттік органдарға тәуелді емес. Қор биржасының жұмыс істеуі айрықша болып келеді және кез келген қызмет түрлерін жүзеге асырумен сыйыспайды, оның тауар биржаларының функцияларын орындауға құқығы жоқ. Қор биржасының жұмыс істеуіне белгіленген тәртіппен лицензияны уәкілетті орган береді.

86-бап. Қор биржаларының мүшелері

  1. Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, бағалы қағаздардан басқа, өзге қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру құқығы бар өзге де заңды тұлғалар қор биржасының мүшелері болып табылады.
  2. Қор биржасында бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының кемінде он мүшесі болуға тиіс.
  3. Қор биржасының мүшелері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сай келетін шетелдік заңды тұлғалар болуы мүмкін.
  4. Қор биржасының мүшелігіне кандидаттарға қоцылатын талаптар, мүшелікке қабылдау, мүшелікті тоқтата тұру және одан айыру тәртібі, сондай-ақ қор биржасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттемелері қор биржасының ережелерінде белгіленеді.
  5. Қор биржасының мүшелері мәмілелерді жасау осы мүшелер үшін қор биржасының ережелерінде сол берілетін қаржы құралдарының түрлері бойынша сауда-саттыққа қатысуға құқылы.

88-бап. Қор биржасының қызметі        

  1. Қор биржасы коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Қор биржасы ҚР-ның заңдарына және қор биржасының ішкі талаптарына сәйкес бағалы қағаздарға қарағанда, өзге қаржы құралдарымен сауда-саттық ұйымдастыруға және өткізуге құқылы.

  1. Қор биржасы мынадай:
    • сауда жүйелерін пайдалану және қолдану;
    • қор биржасының тізіміне бағалы қағаздары енгізуге жорамалданып отырған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарына талап қою;
    • қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәміле жасасу мақсатында сауда жүйесіне кіруге өз мүшелеріне мүмкіндік беру;
    • қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда-саттық ұйымдастыру және өткізу;
    • қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуды ұйымдастыру және жүзеге асыру, не осындай есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қажет ақпаратты әзірлеу;
    • өз мүшелеріне ұйымдық, консультациялық, ақпараттық және өзге де қызметтер көрсету;
    • бағалы қағаздар рыногы және өзге де қаржы құралдары мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;
    • Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгіленген тәртіппен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру функцияларын;
    • қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

89-бап. Қор биржасының тізімі

  1. Бағалы қағаздарды қор биржасының тізіміне енгізудің талаптары мен тәртібі оның ережелерімен белгіленеді.

Уәкілетті орган эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген сыныптарына талаптар белгілейді.

  1. Эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасының тізіміне енгізілген эмитенттер, сондай-ақ сол бағалы қағаздарға рұқсат етудің бастамашылары осы Заңда, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде және эмитетенттің қызметі мен қор биржасының тізіміне енгізілетін бағалы қағаздар туралы ақпаратты ашу жөніндегі қор биржасының ережелерінде белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
  2. Егер эмитенттер белгіленген талаптарды орындамаса, қор биржасы құқық бұзушылықтарды жою жөнінде өз ережелеріне сәйкес шаралар қолдануға құқылы.
  3. Қор биржасының тізіміне енгізілген бағалы қағаздарды бір мезгілде басқа қор биржасында не Қазақстан Республикасының аумағында өзге де ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногтарында айналысқа жіберуге болмайды.

Қазіргі кезде Қазақстанда екі қор биржасы, яғни Қазақстан банкаралық валюта-қор биржасы және Орталық Азиялық қор биржасы жұмыс істейді. Екі биржада да сату көлемі әзірше төмен жағдайда. Биржадан басқа бағалы қағаздар нарығына белсене араласатын басқа ұйымдар да болады. Оның бірі, инвестициялық бизнеске қатысушы – Кәсіби мамандардың қауымдастығы. Ондай ұйымдар мемлекеттік реттеудің кейбір жетіспеу жағдайлары кезінде құрылып, кейбір ассоциация мүшелерінің кесірінен бағалы қағаздар нарығына қатысушаларға нұқсан келтірілгенін тексереді.

2.4. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары.

Бағалы қағаздар нарығының жұмысын қамтамасыз етіп, оның міндетін атқаратын кәсіби мамандар, яғни делдалдар. Ол жұмыс баға белгілеу үшін және қажетті хабарларды тарататын компьютерлік техниканы қажет етеді. Ол үшін қазіргі уақытқа сай нарыққа әдейі дайындалған кәсіби мамандар қажет. Олардың жалпы экономикалық, техникалық және кейбір күтпеген жағдайды шешетін психологиялық дайындықтары болуы шарт. Сонымен бірге бағалы қағаздар нарығы кәсіби мамандарының тәжірибесінің маңызы мен олардың сезімталдығын да бағалауға болмайды.

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары:

Бағалы қағаздар нарығының  кәсіби қатысушылары – өз қызметін акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында жүзеге асыратын және бағалы қағаздар нарығында лицензиясы бар тұлға.

  1. Эмитенттер – қолданылып жүрген заңдарға сәйкес бағалы қағаздар рыногында кәсіпқой қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар.
  2. Инвесторлар – өз құжаттарын бағалы қағаздарға салуды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар; инвесторлар құрамында бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыру үшін өздері тартқан қаржыны пайдаланушы субъектілер болып табылатын институционалдық инвесторларға – инвестициялық қорларға, инвестициялық банктерге, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына, сақтандыру компанияларына және қызметінің сипатына қарай айтарлықтай ақша қаражаттары жинақталатын басқа арнаулы арналым қорларына маңызды орын беріледі

Мемлекет Ұлттық банк немесе Қаржы министрлігі арқылы бағалы қағаздар рыногында инвестор ретінде іс-қимыл жасайды.

  1. Брокерлер – делдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар. Брокер келісім жасасатын әрбір жақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, ол жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерге әрбір жеке келісімді жасасуға арнаулы өкілеттік беріледі. Ол тек сол өкілеттік шегінде әрекет етуге міндетті.

Бағалы қағаздар нарығындағы брокерлер құқықтық тұлға ретінде тіркелген маманданған фирма қызметкерлері. Батыс Еуропа мемлекеттерінде олар не жеке фирма, не акционерлік қоғам ретінде құрылады. Жаңа егемен мемлекеттерде олар жауапкершілігі шектеулі серіктестік мекемесі болып құрылған. Салық төлеуден жеңілдік алу мақсатында кіші кәсіпорын ретінде тіркелетіндіктен олардың жарғылық қоры өте аз. Дегенмен, бұл фирмалар өз капиталымен қарызға алған капиталын өсіру мақсатында клиенттер санын көбейтуге ұмтылуда.

Құрылымы жөнінен брокерлік фирма дирекция, әкімшілік бөлім, кеңес беретін бөлім, бағалы қағаздарды сату бөлімі және хабарлама-техникалық бөлімінен тұрады. Шамамен фирмада 15-25 адам қызмет жасайды.

Брокерлік фирманың құрылымы

Дирекция

 

 

Әкімшілік бөлімі
Кеңес беру бөлімі
Бағалы қағаздарды сату бөлімі
Хабарлама-техникалық бөлімі

 

Брокерлік фирманың қызмет аясына мына міндеттер кіреді:

  • консалтинг (кеңес беру);
  • бағалы қағздарды бірінші және екінші нарыққа орналастыру;
  • инвестициялық қорларды құру және оны басқару және с.с.

Бұлардан басқа брокерлер ақша нарығында бірсыпыра ерекше қызмет көрсетеді, атап айтқанда, банктік несие алушыларға делдалдық жасау және мәмілені қамсыздандыру, оның ішінде биржалық келісімді сақтандыру.

Брокерлер өз қызметінде мына түпкі бастамаларды басшылыққа алады:

  • клиент брокерлік фирмамен шарт жасағанда барлық тапсырма бойынша келісімге келеді, оның ішінде бағалы қағаздарды қайдан сатып алу жөнінде (қор биржасынан ба, әлде биржадан тыс нарықтан ба);
  • брокер клиенттің белгілеген сомасы шамасында әрекет жасайды. Бірақ алған тапсырма көлемінде бағалы қағаздарды таңдауда өз құқын пайдаланады,
  • брокер тапсырманы орындағаны туралы шартта көрсетілген уақытта клиентке хабарлап және бағалы қағаздарды сатудан түскен қаржыны (өзіне делдалдық үшін сыйақы қалдырып) клиенттің есепшотына аударады;
  • брокер мәмілені ерекше кітапқа тіркеуі қажет. Ол жөнінде клиент көшірме талап етуге құқы бар;
  • клиент брокерге мәміледегі барлық тапсырманы тоқтатуға үкім бере алады.

Сонымен бірге,  брокерлік фирма мен клиент арасындағы келісім алғашқыда ауызша болса, ол кейін жазбаша құжатта көрсетіліп, заңды күшіне енеді.

Брокерлік фирма өз клиенттеріне тапсырма алғанда олардан кепілдік беруді талап етеді (әсіресе клиент сатып алушы болса). Кепілдік ретінде мыналар берілуі мүмкін:

  • мәміледегі бүкіл сомаға вексель;
  • мәміленің кемі 25%-ын немесе 100%-ын құрайтын сома брокердің шотына түсірілуі керек;
  • брокердің атына ағымдағы шот ашылуы мүмкін;
  • брокерге сақтандыру полисі және с.с. кепілдіктер.

Осылар жөнінде брокерлік фирма клиентке хабарлап тұруы қажет. Сонымен қатар, брокерлік фирма клиентке несие беріп, бүкіл операцияларды өз есебінен жүргізуі мүмкін. Бұл жағдайда брокерлік фирманың табысына делдалдық үшін сыйақы (комиссионные), несие үшін процент (өсімақы) және тәуекел  үшін ақы кіреді. Алайда, бұл жағдайда брокерлік фирма тек делдалдық қызмет шегінен шығып, олардың іс-әрекеті дилерлік фирманың қызметіне ұқсайды.

  1. Дилерлер – олар да делдалдар. Олардың брокерлерден айырмашылығы шарт жасасқанда өз капиталын жұмсайды. Дилердің қызметін мына мысалмен түсіндіруге болады. Мысалы, қалалық әкімшілік 100 теңгелік облигация шығаруға шешім қабылдады делік. Эмиссиямен шұғылданатын өз аппараттары болмаған жағдайда әкімшілік дилерлер фирмасына тапсырма береді. Егер қалалық заем бірнеше миллион теңгеге шығарылатын болса, онда ондай үлкен іспен тек маманданған үлкен фирмалар, мысалы, коммерциялық банктер шұғылданады. Онда делдалдық механизмі төмендегідей.

Әкімшілік дилерлерге 100 теңгелік облигацияны кем бағамен, мысалы, 98 теңгеге, яғни номиналынан 2 теңгеге кем сатады. Дилердің облигацияларды сатуға кеткен шығынымен одан түскен пайда 2 теңгеден кем болмауы тиіс. (Бұндай операцияны дисконтпен сату деп атайды).

Бағалы қағаздар операциясына маманданған дилерлерді жауапкершілігі шектеулі дилерлер деп атайды. Олардың бағалы қағаздарды сатып алу-сатуға тәуекелмен шығарған шығыны, эмитенттер мен инвесторлардың шығынынан әлде қайда аз. Себебі сатып алу-сату аз уақыт аралығында болады.

Дилерлердің атқаратын қызметі:

  • бағалы қағаздарды шығару, олардың курсы және сапасы туралы хабар тарату;
  • клиенттердің тапсырмасын орындау;
  • бағалы қағаздар нарығындағы өзгерістерді бақылап отыру. Егер бағалы қағаздарды сату-сатып алу баяуласа, онда бағалы қағаздардың курсын тұрақтандыру мақсатында дилерлер өз есебінен операция жүргізеді.

Сатып алушылар мен сатушыларды бір-біріне кездестіріп, бағалы қағаздар нарығының жұмысын жолға қоюға себепші болады. Олар нарықтың катализаторы ретінде жұмыс істейді.

Бағалы қағаздар нарығындағы дилерлердің қызметі брокерлердің қызметінен өзінің кең көлемділігімен ерекшеленетінін атап өткен жөн. Дилерлік фирмалардың алғашқыда өзінің бірсыпыра капиталы болады, кейіннен ол делдалдық сыйақымен және инвестициядан түскен пайдамен үнемі толтырылып отырылады.

  1. Джобберлер – бағалы қағаздар нарығындағы конъюнктура мәселелері жөнінен кеңес берушілер. Ең алғашқыда олар Лондон Сити нарығында пайда болды. Олардың іс-әрекеттері бағалы қағаздар нарығының құрылымы кең көлемде өрістеп және үнемі өзгеріп отырғанда қажет. Олар шығарырылған бағалы қағаздардың маңызын дұрыс бағалау үшін ғана емес, сонымен қатар эмитенттерге жаңа бағалы қағаздар шығаруға да олардың көмегі қажет. Джобберлер тек бір жолы кеңес беріп қана қоймай, күрделі, кейде комплексті (жан-жақты) мәселелерді шешуге көмектеседі. Мысалы, банктердің, өндіріс кәсіпорындарының, инвестициялық қорлардың шығарған акцияларының курсының келешекте өзгеруін бағдарлайды. Ол үшін олар уақытша қызмет істейтін зерттеу ұжымдарын құрады. Зерттеу ұжымдарында белгілі экономистер, банк қызметкерлері және басқа да мамандар зерттеу жүргізеді. Джобберлер бағалы қағаздардың кейбір түрлеріне ғана маманданатын болғансын оларды кең көлемде жүргізілетін операцияларға брокерлер мен дилерлер пайдаланады. Джобберлердің қызметі өте жоғары бағаланып, олар жоғары жалақы алатындар қатарына жатады.

Бағалы қағаздар рыногындағы брокерлік-дилерлік қызмет

63-бап. Брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыру тәртібі

  1. Брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия нақтылы ұстау ретіндегі клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен немесе клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз болуы мүмкін.
  2. Брокер-дилер осы Заңда, ҚР-ның өзге де заң актілерінде, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде, өзін-өзі реттейтін ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген, эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмілелер жасасу тәртібіне қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.
  3. Брокер мен оның клиенттерінің арасындағы қатынастар ҚР-ның Азаматтық кодексінде белгіленген тапсырма немесе комиссия шартының нормалары қолданылатын брокерлік қызмет көрсету туралы шарт негізінде туындайды.
  4. Нақтылы ұстаушы ретіндегі клиенттердің шотын жүргізу құқығы бар брокер-дилердің ұйымдық құрылымына мынадай құрылымдық бөлімшелер:
    • қаржы құралдарымен мәмілелер жасасуды жүзеге асыратын сауда бөлімшесі;
    • қаржы құралдарымен мәмілелердің орындалуын, қаржы құралдарының және сол брокер-дилер мен оның клиентттерінің ақшасын есепке алуды жүзеге асыратын есеп айырысу бөлімшесі енуге тиіс.
  5. Нақтылы ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокер-дилердің сауда бөлімшесі басшы қызметкерлерінің сол брокер-дилердің есеп айырысу бөлімшесінің басшы қызметкерінің міндеттерін орындауға және керісінше жасауға құқығы жоқ.
  6. Брокер-дилердің қолданыстағы біліктілік куәліктері жоқ мамандарды жұмысқа жіберуіне тиім салынады.

64-бап. Брокер-дилердің мәмілелер жасауы

  1. Брокер-дилер клиенттің бұйрығына сәйкес қаржы құралдарымен мәмілелер жасайды. Клиенттердің бұйрықтарының түрлері, олардың мазмұны және рәсімделуі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріиен және брокер-дилердің ішкі құжаттарымен белгіленеді.
  2. Клиенттің бұйрығын орындауды брокер-дилер сол бұйрықта көрсетілген мәміле жасау талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады. Егер мәміле жасау кезінде мәміленің талаптарын өзгерту қажет болса, брокер-дилер өз іс-әрекетін клиентпен келісіп алуға міндетті.

Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда брокер-дилер мәмілені өз мүддесінен клиенттің мүдддесі басым екендігін негізге ала отырып жасауға міндетті.

  1. Брокер-дилер эмитентке андеррайтер ретінде немесе эмиссиялық консорциум құрамында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөнінде қызмет көрсетуге құқылы.
  2. Эмиссиялық консорциумға қатысушылардың эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру жөніндегі бірлескен қызметін жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі эмиссиялық консорциумға қатысушылар болып табылатын андеррайтерлердің бірлескен қызметі туралы шартта белгіленеді, онда мынадай мәліметтер:
    • эмиссиялық консорциумға қатысушылардың функциялары;
    • эмиссиялық консорциумға қатысушылар арасындағы құқықтарды, міндеттерді және жауапкершілікті бөлісу;
    • бірлескен қызмет туралы шарттың қолданылу мерзімі болуға тиіс.
  3. Эмитент пен андеррайтер (эмиссиялық консорциум) аврасындағы қатынастар жазбаша нысанда жасалған шартпен реттеледі.
  4. Андеррайтер эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын орналастыруды мынадай тәсілдермен:
    • андеррайтер эмитенттен кейіннен басқа инвесторларға сату мақсатында бағалы қағаздардың бүкіл шығарылымын сатып алатын «қатаң міндеттемелер» тәсілімен;
    • андеррайтер эмиссиялық бағалы қағаздарды инвесторларға ұсыну арқылы олардың шығарылымын орналастыру жөнінде қолынан келгенше күш-жігерін жұмсауға міндеттенетін «ең үздік күш салу» тәсілімен;
    • эмитент пен андеррайтер арасында жасалған шарт талаптарына сәйкес эмиссиялық бағала қағаздар шығарылымын орналастырудың өзге тәсілдерімен жүзеге асыруға құқылы.

Андеррайтер – бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметке лицензиясы бар және эмитенттің бағалы қағаздарын онымен жасасқан ережелеріне сай орналастыруды жүзеге асыратын заңды тұлға. Компаниялардың басшылығымен бірге андеррайтерлер жаңа шығарылымды тіркеуге әзірлік жүргізеді және бағалы қағаздар рыногында оларды жүзеге асыру кезінде эмитенттің мүдделерін білдіреді.

Кастодиан – бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарының және клиенттер ақшасының есебін алуды және олар бойынша құқықтарды растауды, клиенттердің құжатты құралдарының сақтауды жүзеге асыратын кәсіби қатысушы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті заңдарға және шартқа сәйкес кастодиандық қызмет пен сейфтік операцияларға лицензиялары бар банктер жүзеге асырады. Кастодианға кастодиандық қызмет көрсету жөніндегі шартқа сәйкес клиент берген ақша мен қаржы құралдары бұл қызметтің объектілері болып табылады.

Орталық депазитарий – бағалы қағаздар нарығының қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеуді, депоненттердің қаржы құралдары бойынша құқықтарын есепке алу мен растауды, құжатты нысанда шығарылған қаржы құралдарын материалсыздану мен сақтауды, оның ішінде депонеттер арасындағы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингті сондай-ақ тиісті лицензиясы болған кезде бағалы қағаздарды ұстаушылар тізімдердің жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын кәсіби қатысушы. Ол коммерциялық емес ұйым және акционерлік қоғам нысанында құрылады. Орталық депозийтаридің акциялары бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары, сауда-саттықты ұйымдастырушылар және халықаралық қаржы ұйымдары арасында орналастырылады. Бағалы қағаздар нарығының нақтылы ұстаушылары болап табылатын кәсіби қатысушылары, сондай-ақ шетелдік депозитарийлер мен кастодиандар орталық депозитарийдің депоненттері болып табылады.

Қорытынды

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы мен қалыптасу жобасында жекешелендіру жүргізуде шаруашылық жүргізудің жаңа нысандары пайда болады. Оларға: серіктестіктер, акционерлік қоғамдар және жеке меншік компаниялар шеңбері едәуір кеңейді. Ал осы нарықтың әрбір объектілерінің арасында еркін қаржы айналымын юағалы қағаздар нарығы жүзеге асырады және басқа нарықтармен үнемі байланыста болады.

Қорыта келгенде, бағалы қағаздардың экономикадағы маңызы мен рөлі ерекше болып табылады. Бағалы қағаздар нарығы еркін ақша қаражаттары қозғалысын қамтамасыз етуде бір саладан басқа салаға қаржының қайта құйылуын, меншік құқығын беретін қаржы ресурстарын және халықтың жинақ ақшасын жұмылдыру қызметін атқарады.

Бағалы қағаздар нарығын реттеуде басты орында құқықтық әдістер болып табылады. Сондықтан  мемлекетіміздің осы бағалы қағаздар нарығы туралы мұндай заңдарын толық шығарып үлгереді. Мысалы ҚР-ның «Бағалы қағаздар нарығы» және «Акционерлік қоғамдар» туралы Заңдарын, сонымен қоса үкімет «Қазақстан Республикасында депозитарлық қызметті лицензиялау туралы ережені» бекітті.

Қазір елімізде бағалы қағаздар нарығына үлкен қадам жасалды деп айтсақ болады. өйткені қазір нарық инфрақұрылымында барлық объектілер қор биржасы, орталық депозитарий, брокерлік-дилерлік компаниялар, тәуелсіз тіркеушілер кастодиандар жұмыс істейді.

Осы аталған институттар мемлекетпен және Ұлттық банкпен реттеледі. Бұл қызметті жүзеге асыруға ҚР-ның бағалы қағаздар туралы Ұлттық комиссиясы да ат салысады.

Біздің экономикалық жағдайымызда немесе әлемдік нарыққа енуіміздегі ең өзектісі бұл әлемдегі бағалы қағаздар нарығына байланысты жинақталған барлық құндылықтарды оқып үйрену және хабарлау болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер

ҚР-ның құқықтық-нормативтік актілері:

  1. «Бағалы қағаздар» туралы ҚР-ның заң актілері 1997 ж. 10 шілде
  2. «Бағала қағаздар нарығы» туралы заң. Егемен Қазақстан 5 шілде 2003 жыл.

Ғылыми әдебиеттер:

  1. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары» Оқу құралы / – Алматы: Экономика 2000 – 328 бет.
  2. Көшенова Б.А. «Бағалы қағаздар нарығы» Оқу құралы / – Алматы: Экономика – 1999 – 234 бет.
  3. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2005. – 552 бет.
  4. Адамбекова А.А. «Рынок ценных бумаг в Казахстане» Алматы, 2003 – 133 с.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Аналитикалық журнал «Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы» №6 1997, № 12 2004, № 1 2005, № 3 2005.