Бабыр құдіреті туралы курстық жұмыс
Тақырыбы: Бабыр құдіреті
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………………………………..3
І Тарау Бабыр құдіреті.
1.1 Бабырдың Үндістанда билігін орнатуы……………………………………….5
1.2 Моғол мемлекетінің ішкі және сыртқы саясаты…………………………..9
1.3 Моғол мәдениеті………………………………………………………………………13
Қорытынды………………………………………………………………………………..14
Пайдаланылған әдебиеттер ……………………………………………………….15
Сілтемелер тізімі…………………………………………………………………………16
Кіріспе
Ұлы Моғолдар әулеті XVI – XIХ ғасырларда Үндістанды билеген әулет. Негізін салушы Заһид әд – Дин Мұхамемед Бабыр. Темір әулетінен шыққан әкесі Омар Шейх (1456-95) Әмір Темірге Туажат, анасы Құтлұқ Нигар ханым Жүніс ханның үлкен Нигар ханым Жүніс ханның үлкен қызы Бабыр Ферғананың әмірі болды. Қ.Жалайри Мұхаммед Хайдар Дулати жазбаларына сүйеніп, Ш.Уалиханов “Моғол — Четені моңғолдармен шатастыруға болмайды, олар мұсылман дініндегі түркі тілдес тайпалар десе, профессор В.В. Григорьев моғол – Четені нағыз моңғолдар деуге болмайды” деп жазды.
“Бабырнамада” қазақ еліне тікелей қатысы бар ақын Хасан Әли Жалайри мен Бабырдың бөлесі Мұхаммед Хайдар Дулати Үндістанда әкімшілік жүргізгендігі айтылады. Олар жалғыз емес-ті. Жетісудан, Түркістаннан ондаған түркі тайпаларының сарбаздары Бабыр жасағында сап түзеді. “Жылан жылы – жылыс, жылқы жылы – ұрыс болды, қой жылы зеңгір тоғыс болды” дегеннің кейпі келеді. Ұзақ жылға созылған соғыстар нәтижесі. Үндістанда Ұлы Моғол мемлекетінің салтанат құруымен аяқталды. 1504 ж. Мұхаммед Шайбани бастаған Дешті Қыпшақ тайпалары Бабырдан Ферғананы тартып алды. Ол өзіне берілген жауынгерлермен оңтүстікке жылжып Кабулды иеленді. 1512 ж. Бабыр әскерлері Самарқандты басып алды. Бірақ келесі жылы жеңіліп, кейін қайтты. Содан кейін Бабыр түркі тайпалары мен ауғандықтарды бастап Үндістан жерін жаулауға кірісті. Ол кезде Үндістан бытыраңқы ел еді.
Оның солтүстік аймақтарында мұсылмандар билеген бірнеше мемлекеттер өмір сүрді. Өзара қырқыстағы билеушілер Бабырға сүйенбек болып, оны көмекке шақырды. Бабыр қолы 1526 ж. Панипат жазығына Ибраһим ІІ -ні, 1527 ж. Раджпуттарды жеңіп, Пенджаб, Лахор, Дели, агро жерлеріне ие болды. Сөйтіп, Бабыр және оның ұрпақтары Ауғанстанның тең жартысын, Үндістанның солтүстік орталық аймақтарын біріктіріп ірі империя құрды. Моғолстаннан шыққандықтан Үндістанда және Еуропада Ұлы Моғолдар деген атпен аталды. Моғол әулеті билеген кезде Үндістан әлемге әйгілі болды.
Сонау орта ғасыр шаң-тозаңынан аршып, тазартып, осы бір замандардың заманында бір туатын ұлы тұлғаны бізге жарқыратып, жақындатып тұрған қай құдірет. Ол кешегі, қазіргі және келешек ұрпақтарға қандай қадір қасиет қалдырады. Кеңістік пен уақыт мұнарында талай жақсылар мен жайсандар ұмытылып кетіп жатқан ы аз ба? Бірақ Бабыр туралы қысқа қайырып айтуға ауыз бармайды. Мемелекет қайраткері қолбасы. Бәрінен де бізге оның терең ойшылдығы мен асқан ақындығы қымбат тарта береді . Ал басқасына тарих таразы. Жер бетіндегі жұмыр басты пендеге не жетпейді? Сонда мәңгі іздегені сорма, бақ па? Мейлі хан бол, мейлі қара бол бір уыс топырақ бұйырғанша алқын –жұлқын арпалысып, жағаласып туа бітті ешкімнің пешенесін жазылмаған шығар.Әлде… тіршіліктің тар жол тайғақ кешуі солайма?
Бүгінге дейін біз білетін он –сегіз ғалам астындағы тіршіліктің тұтқасын ұстап келе жатқан адамзат өзінің ұзақ ғұмырында қаншама «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын заманды» аңсағанымен, жарқын болашаққа үздіктірген үмітінің көкжиегі алдарқатып, сағымы мен буал-дыр нарына сіңіп кете беріпті. Оның ұзына алқар кедір-бұдыр жолында көздің қанды жасына суарылған шоңайналар шашылып жатыр бей-берекет. Шыр етіп дүниеге келіп ат жалын тартып мінгендер ішінде қадамына гүл біткендер тым-тым аз, некен-саяқ екен. Жалпы, ежелден өркениетті ел қатарына қосылу оңай болған емес. Оның өсуі мен ешуі, шарықтауы ман құлдырауы, гүлденуі мен күйреуі, қалыптасу.ы мен ыдырауы қатар жүрді. Беріне қатал сарапшы тарих ешкімге ешқашан ойыншық болған емес.
1.1 Бабырдың Үндістанда билігін орнатуы
Он екіде бір гүлі ашылмай жатып, тірлік пен билік тізгінін қатар ұстаған Ба6ыр отпен ойнанағандай онымен ойнауға болмайтынын білмей қалған жоқ. Бүкіл Шығыс пен Батысты тітіркентіп, даңғаза дүниені дүрліктіріп, аяғынан тік тұрғызған атақты Ақсақ Темірдің тікелей тұқымынан тараған әмірзада тек ел басқарудың қулығы мен сұмдығын үйреніп, қызық-шыжығымен көте бермей, бірауық бас айналдыратын тақ пен тәждің сиқырлы сәулесін тәрк етіп, өмірдің қатар-қатпар қабаттарына үңіліп, әлеуметтік құбылыстарды жүрегінен өткізіп, қуаныш пен кайғы теңізін қатар кешті. Бұл күрделі көңіл күйін өлеңіне өзек етіп, өмірбаянынан өрнек төкті. Бағзы заманнан баянсыз келе жатқан біртұтам жалғамның бейопа екенін терең зерделеп ұқты. Рас, ол ешнәрседен кенде болған жоқ. Сонда да… Әйгілі әмір әулетіңде Әндіжанда туған Заһир ад-дин Мухаммед Бабыр қаршадайынан қағылез, аңғарымпаз, сезімтал болып есейді. Шешесі Шағатай әулетрнек шыққан Жүніс ханның үлкен қызы еді. Өзнің арғы тегі түріктің Барлас руынан. Ертеде мысық тұқымдастарға жататын қара қабылаңды бабыр деп атаған. Бәлкім, болашақ падишаһтың есімі содан шығуы ықтимал. Ол сатқындық пен сайқалдық, алдау-арбау мен аярлыққа тола сарайдың қым-қуат өмірімен бірге төңірегіндегі табиғатпеп тел өсігп, тіршілік иірімдерін нәзік таныды. Оның туған топырағына деген сүйіспеншілігі ала-бөтен.
«Бұнда, жабайы құстар жыртылып-айырылады, қырғауылдары керемет күйлі келеді, төрт кісі баппен пісірілген қырғауылды жәукемдегенде тауыса алмайды деседі. Әндіжан тұрғындары — түгел түріктер, шаһарда да, базарда да түрікше білмейін жан жоқ. Халықтың ауызекі сөзі оның әдеби тіліне ұқсас, Мір Әлішер Науайы Гератта өсіп, тәрбиеленсе де шығармасын осы тілде жазған.
Әндіжан тұрғындарында сұлулар көп,— деп жазды ол “Бабырнама” атты ғұмырнамалық кітабында.— Жер бетінде Самарқаңдай ғажап қала аз. Ол бойлығы 99 градус 56 минөтте, ендігі 40 градус 40 минөттөгі бесінші ықылымда жатыр. Самарқан уәлаяттың бас қаласы, ал бүкіл өлкені Мәуренақыр деп атайды. Самарқаңды ешбір дұшпан қолының күшімен де, найзаның ұшымен де. басып ала алған емес, сондықтан оны «Құдай сақтаған (қала)» дейді… Самарқанды Ескендір салдырды; моңғол мен түрік халықтары (оны) Сезімкент деп атайды. Темір бек Самарқанды (өзінің) астанасы етті; Темірбекке дейін ешқандай ұлы әмірші Самарқанды астана еткен емес. Мен қамалдың ішкі қабырғасының үстінен өлшеуге жарлық беріп едім — ол он мың алты жүз қадам болып шықты. Самарқанның бүкіл тұрғындары — суниеттер, тым тақуа таза діңдар адамдар».
Бұл Бабырдың атамекенге деген ыстық махаббаты итарқасы қиандағы өзі бауыр басып, жаңа империяның негізін салган Аграда жүріп, ақтық демі таусылғанша айықпайтын сағыныш дертіне айналды. Інжу-маржаннан тізген әдемі әуіз, бұлбұл бақ пен аққу арулар арасында отырып та, ол терең күрсін жасырмай сонау күнбатыста қалған жарық жұлдыздарға көзін сатып қарады. Әринө, ол ұлы патшаға лайық қылық өмес. Әйтсе де жаратылысы ерекше жан қолында сонша құдірет бола тұрып бірде дәруіштей, енді бірде жиһанкездей ғұмыр кешті. Мұрнына сары әңгелектің иісі, таңдайына уылжыған миуаның дәмі келетін. Қызғалдақты қырқасында құралай жортып, боз кәдесіңде бозторғайы шырылдаған ұлы дала мөн тау түсіне жиі енетін.
Бабыр билікке келгенде, Ақсақ Темірдің қанкешу мен өліктердің үстіне орнатылған ұлы патшалығы өзара қырқысып, сырт күштер мен ел-жұрт әл-ахуалының титықтауының әсерінен әлсіреп, сетіней бастаған болатын. Атасының сол иелігін қалпына келгіремін деп ол қаншама күш салып, қаншама есіл еңбегі зая кетті. Бірақ бәрі зердесінде еді. Ол өз жазбасында ата-тегін былай таратып береді.
«Ол, (яғни Омар Шейх — А. Н.) Әбу Саид мырза сұлтанның сегіз жүз алпысыншы (жылы) Самарқаңда туған төртінші ұлы еді, ол Сұлтан Ахмет мырза, Сұлтан Мұхаммед мырза және Сұлтан Махмуд мырзадан кіші болатын. Сұлтан Әбу Саид мырза Сұлтан Мүхаммед мырзаның Сұлтан Мұхаммед мырза Миран Шах мырзаның, ал Миран Шах мырза Әмір Темірбектің үшінші ұлы еді, Омар Шейх мырзамен Жаhангер мырзадан кіші және Шахрух мырзадан үлкен болатын. Әбу Саид мырза Омар Шейх мырзаға алдымен Кабулды беріп, Бабаи-Кабулиды оның тәрбиешісі етіп сонда жіберді.
Тағы бірде Түркістанда Арыс өзеннің жағасында ол Самарқан төңірегіне шапқыншылық жасап қайтқан өзбектермен шайқасып қалады. Арыстан мұз үстімен өтіп Омар Шейх мырза өзбектерді тас-талқан етіп, олардан тұтқындар мен мал-жанды босатып, 6ір бұрауын да алмай (бұрынғы) иелеріне түгел қайтарып берді…
Мырзадан үш ұл мен бес қыз қалды. Ұлдарының ішіндегі ең үлкені мен -Заһир ад-дин Мұхаммед Бабырмын. Менің анам Құттық Нигар ханым еді. Тағы бір ұлы менен екі жас кіші Жаһангер мырза; оның шешесі Фатима Сұлтан есімді моңғол түменбектерінің тұқымы, тағы бір ұлы Әндіжанның Үміт есімді тұтқынынан туған менен төрт жас кіші Насыр мырза».
Кейін бұлардың барлығы арқалай өмір сахнасына шықты.
Кемеліне келген Бабырдың қаламынан туған “Бабырнама» заманының теңдесі жоқ алтын шежіресі ғана емес, ол тарихи әдебиетті қалыптастыруға зор ықпал жасап қоймай, сан-саладан хабардар етіп, ел мен жер тануда ұрпақтарға ғажайып рухани қызмет көрсетеді. Оның беттерінен орасан ұлы сүрең оқиғалар көрініс тауып, алағай да бұлағай замандағы сұлтандар мен бектердің әртүрлі бейнесі ұшырайды.
1504 жылы Сырдың арғы бетіндегі Дешті Қьшшақтаи келген Шейбан хан Әңдіжанды шауып алғаңда, Бабыр 21 жаста болатын. Ол оң-солын әлі түгел танымай тұрып, амалсыз шегінуге мәжбүр болды. Ташкенттегі имандай сенген нағашылары да қол ұшын беруге дәрменсіз болып шықты.
«Ташкентте болған уақытта көп жапа шегіп, итқорлықты бастан кештім. Қарауымда бір сүйем жер қалған жоқ, оны қайтарамын деген үміт кесілді: Нөкерлерімнің көбісі тарап кетіп, қалғандары арып-ашып, маған ілесуге жарамады деп шағынды ол ақ қағазға. Ақырында бұл үйсіз-күйсіз қаңғырудан шаршадым, әбден тиықтаған едім «бүйтіп жұрт алдында масқара боп итшілеп өмір сүргенше, құлақ естіп көз көрмейтін басым ауған ауған жаққа лағып қара батырған дұрыс шығар деп ойлаймын.
Қуғында жүрсе де әлі өз патшалығынан дәмесі бар еді. Келген хабар-ошарға жіті құлақ түрді. Өзекті жанға өлім барын да естен шығарған жоқ. Бабыр сол кездегі көңіл күйінен тағы да дерек беріп кетеді: «Хаттар үзбей келіп тұрды. Бұл кезде мен кенет сырқаттанып еңді сауыға бастап едім. Бетім бері қарағанда, күтінбей қдйтадан жығылдым. Бұл жолы қатты құлағаным сонша төрт күн бойы тілден қалып, аузыма мақтамен су тамызып отырыпты.
Қасымда қалған үлкенді-кішілі бектер мен жігіттер менен күдер үзіп, әрқайсысы бас-басымен болып кетіпті. Сол сәтте бектер кеңөс үстінде қателесіп Ұзын Хасаннан елші болып келген жаушыны маған көрсетіп, миын қатырып, қайтарып жіберіпті. Төрт-бес күннен кейін жағдайым біртіндеп түзеле бастапты, бірақ тілім күрмеліп, тағы бірнеше күннен кейін мүлдем құлан — таза айығып кеттім».
- 2 Моғол мемлекетінің ішкі және сыртқы саясаты.
Әке жағынан Сұлтан Ахмет мырза Самарқанды», шеше жағынан Хан Сұлтан Махмуд Тәшкент және Әбу Бакір Дулат Қашқар мен Қотанды билеп тұрса да, осы кезден бастап оның беймаз өмірі басталды. Сөйтіп, кіндік кескен жерінен лажсыз айырылған Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр Сұлтан Құсайынның әскербасы Зүнүн Арғынның баласы Мұқым Арғынды тағынан тайдырып (1505— 1506 жж), Кабул, Газна мен Бадахшанға билік орнатты.
Бүның бәрі Жолшының неменесі Мұхаммед Шейбан ханның (1451—1510 жж.) Самарқанды (1501 ж), Ферғана мен Әндіжанды (1504 ж), Гератты (1507 ж) жаулап алуынан туған зобалаң болатын. Бірнеше жойқын шабуылмен Шейбанилар Темір әулетін түгелімен Мәуренахырдан қуып шықты. Бұл теңкеріс 1510 жылы Мерв маңында кескілескен қиян-кескі шайқаста Парсы шаһы Исмаил Мұхаммед Шейбанды қолға түсіріп, бас сүйегінен шарап құятын кесе жасап, Мысыр патшасына сыйға жіберіп, сәл тынышталғаннан кейін де тыйылған жоқ. Отанынан еріксіз аласталған Бабьгр 1505—1515 жылдарда Самарқанға оралуға бірнеше әрекет жасағанымен бұл ниеті сәтсіз аяқталып жеме-жемге келгенде Дешті Қыпшақ тайпаларының тегеуріне шыдамай, шалғай Шығыста ақырғы демі таусылғанша тұрақтап қалуға мәжбүр етті.
Кезінде дүниенің төрт бұрышындағы жер жаһанға атағы дүрілдеп шыққан Тұран тағдырына бұл оқиғалар үлкен зиянын тигізді. Көркейген кенттер мен ауылдар, бақтар мен гүлзарлар оталып, өртеніп, тып-типыл етіліп құрып кетіп қана қойған жоқ. Түбі бір туыс хальқтар арасына сына қағылып, қарым қатынастарына сызат түсті. Көршілес ел, туған мен туыс, ағайын мен ағайын қырқысты. Бұл Тұран топырағына Шығыстан шұбап, шаңды шаңға қосқан алапат шапқыншылықпен ере келген індет. Әуелі жер мен көкті жаңғыртып, жарты әлемді жалпағынан басқан Шыңғыс ұрпағы қырғи-қабақ жауласты, Темір тұқымы да одан қалыспай, өзара жағаласты, жұлысып, ең соңында екі әлуетті әулет бір-бірінің түбіне жетіп тынды. Оның қатерлі салдары арада қанша уақыт өткенмен қазірде де ішінара баиқалып қалады. Әйтпесе өзіміз еңді-енді егемен болып тауелсіздік алғаңда, бірігіп, ұжымдасып өркениет ел-жұрт қатарына қосылу орнына ру-ру, жүз-жүз болып бөлінуге дайын тұратынымыз қай ата бабадаан қалған қызылкөз пәле.?
Шынында да бағамдасақ, Орта ғасырдағы біздің тарихымызда өз бейқамдығымыз өз алдына оның үстіне орыс оқымыстылары әбден шатастырып, өңін айналдырып жіберген күңгірт түстар аз емес Темірдің өз өсиет «Түзігінде» азар да безер болып айтатын көшпелі өзбектер кімдер, оның құрамына қай және қандай тайпапар кіреді? Бул жағы қасақана үнсіз қалдырылатындай Ал көп деректер бұл ұлттың ежелден отырықшы болып келгенін дәлелдейді. Немесе Ақ орда мен Көк орданың денін күштілердің кейбір арғын, жалайыр, дулат, қаңлы, қоңырат, найман мен Кіші жүз руларының түзетін бесенеден белгілі жайт. Ендеше өзбектер мен қазақтар қай кезде бөлінді. Оған не себеп болды? Міне осы жағы терең зерттеулерді керек етеді. Қолға қалам алып, архив шаңын қағып жүрген зерттеушілер де бұған аса ден қоймайтын сияқты. Тағы бір айта кететіін жәйт, 1990 жылы «Жалын» баспасы шығарған «Бабырнамада» (аударған Б.Қожабеков) бұл ұғымға кең тоқталып, астарлы маңызын ашудың орнына қазақтық күндер, қазақ болу тіркестерін түсінбестіктен шапқыншылық, жортуыл деп көпе көрінеу атүсті аударып кете берген еді.
XX ғасырдың үлкен мемлекет әрі қоғам қайратткерлерінің бірі Джавахарлал Неру «Бүкіләлемдік тарихқа көзқарас» атты басты кітабында: «Бұл моңғолдар біріншіден өте-мөте ұста және өркендеген болса, басқа мағынада мүлде сәби, ғажайып адамдар. Араға бірнеше ғасыр салғанда сол моңғолдардың немесе Индияда моғол — деп атайтындардың бірі біздің елді жаулап алды. Бұл Бабыр еді, оның шешесі Шыңғыс хан тұқымынан тараған. Иңдияны жаулал алып, ол ол — салқын самал гүлзарлар, бақтар мен Кабулдың қарбызы терістік туралы күрсініп жүрді. Ол сүйкімді кісі еді; жазған естеліктері біздің көз алдымызда оны тамаша адамзат та, тартымды тұлға да етіп көрсетеді.
…Оларда білімге деген құштарлық болды және олар шетелдіктерден үйренгісі келді. Бабыр Индияға шақыруды қуана қарсы алды; бәлкім, ол ешбір шақырусыз-ақ келетін еді. Бабыр 1526 жылы Дели жаныңдағы Панипат жазығында болған ұрыста Үндістан империясын, жеңіп алды» деп жазды.
Адамзаттың өткені мен бүгінін таразылап, тарихтан көп тәлім түйген Керу өткен кезеңдерге тек қана қара күйе жағудан аулақ. Ол әлімсақта болып кеткен оқиғаларға қара қылды қақ жарғандай әділқазылық бағасын береді: Соншама оқыс және шапшаң шығандап, бүкіл әлемді қайран қалдырған бұл таңғажайып адамдар кімдер? Скифтер мен гүндер, түріктер мен татарлар — бәрі Орталық Азиядан шығып, тарихта айрықша маңыз атқарып үлгерді.
…Оларды тоқтататын ешқіандай күш табылған жоқ. Индияны жәй кездей соқтық сақтап қалды. Бұл Евразиядағы жанартаудың дүмпуі қандай таңғалыс әкелетінін ойлау оңай. Бұл зілзалаға уқсас орасан жойпат алапат еді.
Не дегенмен қүдіретті патша Исмаил Рака-Сангам мен 100 000 әскері бар Рано Сактрам Синхты жеңгеннен соң дұшпандарын тырп еткізбей, Бабыр көңілін бір демдеді. Пенджаб пен Лахор соғыссыз берілді. Енді ол өзі негізін салған Ұлы Моғол мемлекетінің (1526—1866 жж.) қуатын арттырып, орталықтандыруды күшейтті, ел басқару жүйесіне өзгерістер енгізуді қолға алды. Бодан болған бұқара халықтан алынатын алым салықтың көпшілігін жойып, бір ізге салды. 1521 жылы тұңғышы Құмайынға арнап өлеңмен жазған бес бөлімнен тұратын «Мүбайн» атты кітабында Бабырдың көптеген көзқарасы көрініс тапты. Онда әмірзада қазынаны қалай толтырып, ел басқару мәселесін қозғайды. Оның пәрменімен жер-жерде пітір, зекет пен ұшыр салығын жинаудың өзі қазірдің өзінде қызық көрінеді.
Мәселен, 200 қойға дейін екі бас, 400 қойдан — төрт, 30 сиырдан — бірг 26 түйеден — бір, 40 жылқыдан — бір бас, немесе бір мысқал алтын алынатын. Мемлекет есебіне тату көрші елдерден келген саудагерлер күллі табысының жиырмадан бір бөлігі түсіп отырған.
Ал, «Сібір қазақтары туралы ұстаным» 1822 ж қазақтарға патша құзырына он бес малдан бір бас алым төлеп тұруға міндет артты. Жол жөндеу, керуенді қору мен лау беру шығыны олардан тыс. Қара халықты бұдан артық езіп-жаншу мен қанаудың түрі бар ма? Мұхаммед шаһ Бабырдың ішкі және сыртқы саясаттағы жұмыстары да айрықша тоқталуды қажет етеді. Қолы қалт еткен кездерінде Бабыр жаңаша әліппе жасап, музыка туралы ой-толғамдарын білдіреді.
Темір және оның әулетінің маңайыңда ақындар сәулеткерлер, суретшілер мен әуенгерлерді жинап, мәдениеттің өркендеп, дамып отыруы ұдайы қамқорлық жасап отыруына дәстүрі баршаға аян. Сол тамаша мектептен өткен Бабыр да мұндай көсеге көгертетін игіліктен оқшау қалған жоқ.
Сұлтан Хусайн мырзаның заманы —ғажайып заман. Оның кезінде Хорасан, әсіресе оның ішінде Герат қаласы оқымыстылар мен айырықша ақылмандарға толы еді.— деп суреттейді Бабыр өз айналасына.
1.3 Моғол мәдениеті
Үндістанда Ұлы моғолдар әулеті билеген кезеңде Шығыс миниатюра мектебі өркендеді. Оның ерекше гүлденіп дамуы Құмайын, Акбар сұлтандар кезеңіне (1530-1605) сәйкес келеді. Моғол мектебі негізін ежелгі Үнді кескіндемесі мен Көне мұсылман бейнелеу өнерінен бастау алады. Моғол мектебінің алғашқы даму кезеңі оның негізін қалаушы: Тебриздік Мир Саид Али мен Шираздық Абд ас – самадтың есімдерімен тығыз байланысты. Олардың басшылығымен жұмыс істеген елу суретші “Әмір Хамза” поэмасына мың төрт жүз миниатюра жасады. Сол кезеңдегі шығармалардың ең көрнектісі “Бабырнама” (ХVІ ғ.) болды.
Жахангир мен Жахан шах кезінде Моғол мектебі өркендеп, биікке көтерілді. Ол Иран мен Үндістанның басқа миниатюра мектептеріне қарағанда нақты көріністерді шынайы және қияли таныммен астастыра бейнелеуімен ерекшеленеді. ХVІ ғасырдың аяғы мен ХVІІ ғасырдың басында Моғол мектбінде портрет жанры дамып, кейіпкердің мінез – құлқы мен психологиясын ашуға әрекет жасалды.
Атақты қолбасшылар мен әміршілердің, ақындардың тарихи тұлғаларды (мысалы “Бабырнама”, “Хамза”, “Акбарнама”, “Шаһжахан нама” т.б. ). ХVІІ ғасырдың екінші ширегінде анамалистік жанр (жан – жануарларды, құсты, түрлі өсімдіктерді бейнелеу) өркендеді.
Ал ХVІІІ ғасырда шынайылықтың ауылы алыстап, жасандылық белең алды. Моғол мектебі кейінгі даму кезеңінде Еуропа мен Шығыс елдерінің безендіру өнеріне ықпалын тигізеді.
Қорытынды
Тағы да ол өлең еркі туралы көптеген ескертпелер жасауға лайық «Өлең өлшемі» деген кігап жазды; ол 24 ру — байдың өлшемін (анықтап) оның төртеуінде мүлт кетеді; басқа да құйылмдарда да ол қате жіберді. Өлең өнеріне ден қойған кісіге бұл белгілі болып тұр.
Қызы Гүлбаданның куәландырғанындай, сағынышынан сарытап болып жүрген бабыр қьрық жеті жасында Аградағы өзнің сүйікті кітапханасында көз жұмды. Бүкіл саналы ғұмырын ат үстінде, шаңды жорықтарда өткізген жаугер азаматтың тәубаға келіп адамзат асыл қазынасының ортасында дүние салуының өзі ғибрат. Ол Кабулдағы Шердарваза тауыньң етегіндегі «Бабыр бағында» жерленді.
Бүгіннің биігінен қарағанда, Бабырдың елдер мен елдердің, мәдениет пен мәдениеттердің жақындасуына сіңірген еңбегі орасан. Егер ол- Үндістанға барып, ұлы халыққа түркі өнері мен әдебиетінің ұрығын шашса, сол арқылы ежелгі Тұран топырағына үнді жұрты рухани қазынасының таралуына септігін тигізді. Соңдықтан оны жер шарының түкпір-түкпірінде жатырқамай бауырыңдай тәлім алады.
«Иңдиядағы Моғол империясының іргетасын қалаған атақты Заһир ад-Дин Мұхаммед Бабыр әдебиет данышпаны,— деп жазды үңді оқымыстысы Жүсіп. — Ол араб, парсы жане түркі тілдерінде зор таным танытты.
Айтса айтқандай, араға жылдар мен ғасырлар салып, оның жасампаз жырлары туған топырағы үстінде қыран қанатын кағып. келешекке қарай самғап бара жатыр.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Мехмет Соймен. Ислам дінінің негіздері. – Анкара, 1999 ж.
- Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистері. – Алматы
«Жазушы»- 1993.
- Шәкәрім Құдайбердіұлы. Үш анық. – Алматы, «Қазақстан» және
«Ғақлия» ғылыми әдеби орталағы -1991.
- Дәуіт ұлы Сәрсенбі «Диуани Хикмет » хакында. Алматы : 1998.
- Өсерұлы Нұралы . мұсылмандық қағидалары . Алматы
«Өнер», 1994.
- Халифа Алтай Ғақып ұлы. Ғибадатул –ислам Алматы :
«Берен», 1994 .
- Бабырнама. 1523—25 ж.
Сілтемелер тізімі
- Тарихи Рашиди, л,
- Шараф ад – дин Али Йазди Зафар – наме, л, 156
- Мунтахаб ат – таварих -и Му’ ини, л, 248 а.
- Тарихи Рашиди, л, 226, 23 а
- Бартольд В.В. История турецко – Монгольских народов – Соч.
М., 1968 т. 5. с. 212
- Рашид ад – дин Фазлаллах Хамаданидің “Жами ат – таварих”
- Абд ар – Раззак Самарканди. Матла’ ас – са’ дайн ва Маджма’
албахрайн. т.2., с 196 -197.
- “Зафар – наме”, 22, 24 бет.