Австралияның физикалық-географиялық аймақтарына сипаттама

0

                                                                                               Ф – ОБ – 001 – 035               

                                                                                        

                 Мазмұны. 

І Кіріспе. 

І тарау  

1.1. Жер бедері. 

1.2. Климаты.

1.3. Табиғат зоналары.

ІІ тарау  

2.1. Ішкі сулар. 

2.2. Австралияның физикалық-географиялық аймақтарына сипаттама. 

 ІІІ Қорытынды. 

 ІҮ Пайдаланылған әдебиеттер.

                                                                                                 Ф – ОБ – 001/035

Кіріспе. 

Австралияның байырғы халқы (абориген). 19 ғ-дың аяғында құрлықты түгел қоныстады (саны 250-300 мың адам еді). А-дың ішінде тілі мен нәсілі жөнінен дүние жүзінің басқа халықтарынан оқшау тұрған 500-ден аса тайпа болды. Әр тайпа өзінің ерекше диалектісінде  сөйледі. Кезбе аңшы және жеміс-жидек теруші  А. 19 ғ-ға дейін алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүріп, мезолит дәуіріндегідей тас қаруларды пайдаланды. Тайпа аралық айырбас кеңінен дамыды. Әрбір тайпа территориялық, экономикалық жағынан бірнеше дербес «жергілікті топтарға» бөлінді. 18 ғ-дың аяғында Европадан келген отаршылар А-ды қырып-жойып, ішкі Австралияның құнарсыз аудандарына ығыстырды. Осының салдарынан 1966 ж. А-дың саны 40 мыңға дейін азайды. Бұрынғы тайпалардың қалдықтары негізінен Батыс және Солтүстік Австралияда. Діні – тотемизм, магия. Ұлт Австралияның негізгі халқы. Саны 11,5 млн-нан астам (1966). Австралия – түгелдей Англиядан, Шотландиядан және Ирландиядан қоныс аударғандардың ұрпақтары ағылшын тілінің Австралиялық диалектісінде сөйлейді. Діні – христиан . 

                                                                                            Ф – ОБ – 001/035

Австралия – көлемі жағынан біздің планетаның ең кішкентай, ең құрғақ және халық ең аз қоныстанған материгі. Мұнда біз үшін әдеттегіден өзгеше көріністер көп – ақ: солтүстікке қарай – жүрген сайын ыстық,оңтүстікке қарай-суық бола түседі. Мұнда басқа континенттерде кездеспеитін өсімдіктер мен жануарлар айрықша көп.Австралия толығымен оңтстік жарты шарда жатыр(латынша austral – оңтүстік деген сөз).Материкте,Тасмания аралында және ұсақ аралдарында бір ғана мемлекет Австралия Одағы  орналасқан.Оның астанасы-Канберра қаласы.    

            Австралия жағаларының пішіні. Африканың жағалары сияқты , Австралияның жағалары  да аз тілімденген. Мұнда қойнаулар аз: олардың ең қолайлылары материктің оңтүстік –шығысына  орналасқан, онда ірі порттар салынған. Материктің солтүстік жағалауының жағалық сызығы көп тілімденген. Австралияға Үнді мұхиты мен Тынық мұхитының жылы суы ұласып жатады . Температура жағдайлары маржандардың өсуіне мүмкіндік бере,блардан ғажайып пішнді әктасты құрылыстар пайда болады.Сондықтан  Австралияның солтүстік-шығыс  бөлігін  бойлай жағалық сызықтың пішінін қайталағандай болып , үлкен Тосқауыл рифі деп аталатын дүние жүзіндегі ең үлкен маржан рифі 2 мың км –ден астам қашықтыққа созылып жатады.  

  Австралияны ашу және зерттеу тарихы.  Европалықтар Австралияны адам тұратын материктердің бәрінен кейін ашты .Европадан шалғай әрі оқшау орналасуы оның ашылуына кедергі келтірді  .Ежлден –ақ ғалымдар оңтүстік  тропиктен оңтүстікке таман жатқан жер бар деп жорамалдаған  .Бұл жерді голландықтар ашқан . он жетінші ғасырдың бірінші жартысында олрға материктің бүкіл солтүстік ,батыс және оңтүстік –батыс жағалауы түгелдей дерлік белгілі болған . Австралияны жақсы білу үшін голландиялық теңізде жүзуші  Абель Тасман  экспедициясының зор маңызы болды .Ол материктің 

                                                                                                             Ф – ОБ –001/035 солтүстік және солтүстік-батыс жағасын зерттеп, 1642ж.кейін өзінің атымен аталған Тасмания аралын ашты.Австралияның шығыс жағалауын он сегізінші ғасырдың екінші жартысында ағылшнның аса көрнекті теңізде жүзушісі және зерттеушісі Джеймс Кук ашқан  болатын  (қосарбетті қараңдар). Кук зерттеулерінің нәтижесінде оңтүстікте үлкен материктің бар екндігі туралы аңыз біржолата жоққа шығарылды  және Австралияның  бұрын  жұрттың ойлағанындай белгісіз Антарктикалық  материктің бөлігі емес ,дербес материк екені  дәлелденді.

ХҮІІІ ғасырдың аяғынан бастап Австралияны игеру жұмысы басталды. Ағылшын үкіметі әуелі Австралияға қылмыскерлерді жер аударды. Материктің оңтүстік – шығысында айдалған адамдардың  қонысы ретінде сидней қаласы бой көтерді. Австралияда мал өсіру үшін пайдалануға болатын жақсы жайылымдар европалықтардың назарын аударды. Сондықтан материктің ішкі аудандарын зерттеу европалық қоныс аударушылардың малдары үшін жайылымдар мен су іздестіруден басталды. 

Аса бай алтын кен орындарының ашылуына байланысты ХІХ ғасырдың ортасында Австралияға көптеген «бақыт іздеушілер» ағылды.Осы кезде Англия бүкіл материкті өзінің отары деп жарияланды. 

Африканың жер бедері сияқты, Австралияның жер бедері де айтарлықтай күрделі емес. Оның негізінде Австралия платформасы жатыр. Материктің шығысында өте мүжілген, ежелгі қатпарлы аласа таулар – Үлкен Суайрық жота жатыр. Жарықтар мен өзен аңғарлары тауларды жекелеген тау сілемдеріне бөледі.Олардың шыңдары әдетте күмбез тәрізді болып келеді. Таулардың шығыс беткейлері теңізге тік құлама жасайды, ал батыс беткейлері едәуір түйетайлы болады. Таулардың ең биік бөліктері қиыр оңтүстік – шығыста орналасқан. Ол батысқа қарай төмендеп, шөгінді жыныстардың қалың қабаты жапқан Орталық ойпатқа ауысады. Материктің батыс бөлігі көтеріңкі 

                                                                                                             Ф – ОБ –001/035

келеді. Материктің батыс бөлігі көтеріңкі келеді. Мұнда биіктігі 400-600м болатын кең байтақ таулы үстірт бар. Үстірттің әр жерінен таңғажайып пішінді, 

аласа таулар шығып тұрса, баурайын шағыл мен құм басып жатады.   Австралия – сөнбеген вулкандар мен қазіргі мұз басу кездеспейтін бірден бір материк. (Ол неліктен?) 

Өзінің даму процесінде материк көтерілуге, төмен түсуге және жарылуға ұшыраған. Иілу және жарылу нәтижесінде құрлықтың едәуір бөлігі Тынық мұхитының түбіне түсіп кеткен, одан Жаңа Гвинея және Тасмания аралдары бөлініп шыққан. 

                                                                                                         Ф – ОБ – 001 – 035 

                             Климаты.

Австралияның және көршілес аралдардың климаттық жағдайлары олардың көпшілік бөлігінің экватор мен тропикке жақын біршама жылы су бассейндерінің қоршауында жатқанына байланысты болады және жылына 140-тан 180-ккал см2-ге дейінгі күн радиациясының жоғарғы жиынтығымен сипатталады. Тек 350 оңтүстік ендіктен оңтүстікке қарай жатқан Тасмания мен Жаңа Зеландия аралдары ғана 120 ккал см2-ден кемірек алады. Австралияның климат жағдайларының қалыптасуында Тынық Мұхит пен оның үстіндегі солтүстік және оңтүстік жарты шардың пассатты ауа ағыстары жүйесінің, сондай-ақ қыста едәуір салқындап, жазда күшті ысып кететін Австралияның континентті массивтерінің ролі зор. 

Өзінің географиялық жағдайы мен орографиялық ерекшелігі бойынша Австралия 100 оңтүстік ендіктен оңтүстікке қарайғы Африкаға біршама ұқсас келеді, климат жағдайларының қалыптасу заңдылықтары да біркелкі болады. 

Тынық мұхиттың экваторға жақын шығыс бөлігіндегі атмосфераның айналым жағдайы январь мен июльде біршама болады. Алайда материктің батысында атмосфера айналымында елеулі өзгерістер байқалып, жылдың маусымдары арасында үлкен айырмашылық туғызады. Июльде экваторлық                                                                                                               

қолат және бүкіл пассаттық айналым жүйесі солтүстікке қарай ығысады. Бұл оңтүстік жарты шардан, солтүстік жарты шарға қарай, Азия құрлығы жақта ауа тасқындары жүйесін жасайды. Солтүстік жарты шар пассатты Азияға жақындаған сайын материктің үстіндегі төменгі қысым аймағына қарай ауытқуға ұшырайды және оңтүстік шығыс жазығы муссонына ауысады. Оңтүстік жарты шардың пассаты осы себептердің әсерінен солтүстік жарты шарға оңтүстік батыс экваторлық муссоны түрінле келеді. Ылғалдың негізгі массасын бұл кезеңде солтүстік жарты шар алады. Оңтүстік жарты шарда жауын-шашын оңтүстік шығыс пассат өз жолында тауға кездескен жерлерде              

                                                                                                         Ф – ОБ – 001 – 035 

ғана жауады. Австралияның көптеген аудары мен аралдарында бұл кезде қуаңшылық болады. Австралияның қиыр оңтүстігі, Тасмания мен жаңа Зеландия июльде бұл аудандардың барлығына едәуір мөлшерде жауын-шашын әкелетін қоңыржай ендіктер айналымның ықпалына ұшырайды. Январьда, Австралия неғұрлым күшті ысып, Азия салқындаған кезде ауа ағысының бөліну реті өзгереді. Австралиядағы төмендегі қысым аймағына тек оңтүстік жарты шардан ғана емес, сондай-ақ солтүстік жарты шардан да ауа келеді. Солтүстік жарты шар пассаты жердің айналу әсерінен ауытқуға ұшырайды және экваторға таяу жерде меридиан бағытына жақындайды. Экватордан өткеннен кейін солтүстік батысқа қарай бағыт алып, Австралияның солтүстік бөлігі мен оңтүстік жарты шар аралдарына ылғалды экваторлық муссон түрінде өтеді. Оңтүстік жарты шар пассаты бар минимумы бойынша ең төмен өлшемнің ықпал етуіне қарай Австралия үстінде айрықша күшті әсер етеді, әрі Тынық мұхиттың батыс бөлігі мен Австралияның шығыс жағалауларында тура шығысқа қарайғы дерлік бағыт алады, бұл жерлерде мол ылғал қалдырады. Шығыс Австралия тауларынан асып, ол біршама құрғақ ауа тасқынына айналады. 

Сөйтіп, Австралия материгінің шеткі бөліктері мен аралдарында январьда көп мөлшерде жауын-шашын түседі, ол кезде солтүстік жарты шарда жауын-шашын мөлшері күрт азаяды. Австралияның оңтүстік батысы мен оңтүстігі январьда оңтүстік-Үнді максимумның шеткі шығыс аймағының және жауын-шашын бермейтін оңтүстік желдердің ықпалына ұшырайды. 

Тасмания мен Жаңа Зеландияның оңтүстігінде қыстағыдай ауа массасының батысқа ауысуы басым болып, жаңбыр жауады. Аралдардың температуралық, типті экватордан едәуір қашықтықта, жыл бойына бірқалыпты болады. Бірақ Австралия әсіресе оның ішкі бөлітері үшін температураның жылдық, тәуліктік едәуір ауытқуы тән.

Австралия мен көрші аралдар мынадай климаттық белдеулерге енеді. 

                                                                                                 Ф – ОБ — 001 -035 

Шегінде ұқсас аралдар мен Жаңа Гвинея солтүстік бөлігі жатқан экваторлық белдеуде ылғалды экваторлық ауа массасы үнемі басым болады  және ауа ағыны өрлей түседі. Бұл жауын-шашынның, оның жылдық қосындысының бірқалыпты таралуын және ылғалданудың бірқалыпты болуын қамтамасыз етеді. Температура жыл бойына өзгермейді дерлік. Теңіз деңгейінен шамалы биіктіктегі орташа айлық температура +24 пен +280 С арасында ауытқиды. Биіктеген сайын температура төмендейді, алайда оның барысы бірқалыпты болып қалады. 

Субэкваторлық белдеудің шегіне Австралияның солтүстігіне Жаңа Гвинеяның оңтүстігі мен көрші ұсақ аралдар кіреді. Климаты маусымдылығының айқын білінуімен, әсіресе материкте айқын білінуімен сипатталады. Жауын-шашын жазда көп мөлшерде жауады. Қысқы кезең құрақ келеді, алайда аралдарда мол пассатқа қатысты алғанда ық жақтағы тау баурайларында ғана айқын байқалады. Алайда таудың жел жақ баурайларында жауын-шашын қыста да жауады, әйткенмен жазбен салыстырғанда оның мөлшері едәуір азаяды. Жылдық жауын-шашын мөлшері бұған рельефі қолайлы ықпал жасайтын аудандарда өте көп. Материкте температураның ауытқу амплитудасы едәуір, алайда ең салқын айдың орташа температурасы 200 С-ден төмен болған емес дерлік.  Аралдардағы темпераеуралық айырмашылық экваторлық белдеудегі сияқты соншалықты аз. 

Австралиядағы тропикалық белдеу аридтік жағдайлардың басым болып келетіндігімен сипатталады. Тропиктік белдеудің Шығыс бөлігі, яғни солтүстігі мен оңтүстік-шығысынан басқа жағалаулары мен Шығыс-Австралия таулары бүкіл жыл бойына Оңтүстік –Тынық мұқит максимумы мен пассаттық айналымның батыс аймағының ықпалына ұшырайды және бірқалыпты ылғал климаты келеді. Австралияның шығысында жауын-шашын бүкіл жыл бойына мол жауады.  Құрғақ  кезең  болмайды, бірақ жауын-шашын қысқа қарағанда 

                                                                                               Ф – ОБ – 001 – 035  

жазда едәуір көп жауады. Бұл жауын-шашын әкелетін оңтүстік –шығыс пассаты  әрекетінің қысқа қарағанда недәуір интенсивті  келуімен түсіндіріледі. 

Температураның ауытқу амплитудасы Австралияның солтүстігіне қарағанда анағұрлым көп климатқа сондай-ақ таулы рельефтердің де әсері бар.

Материктің ішкі аудандарында бүкіл бой ына  континентальды тропиктік 

ауа басым болады және жылдық жауын-шашын қосындысы 250 миллиметрден аспайды.Салыстырмалы ылғалдылық 30-40 %-ке тең, ал жылдық әсіресе тәуліктік температуралық амплитуда өте үлкен (соңғысы 35-400 С-қа жетуі мүмкін). Қыста оңтүстіктен суық ауа массасының  енуіне байланысты суық бірден түседі. Топырақ бетіндегі аяз – 50 С-ге жетеді. 

Австралияның қиыр оңтүстігі, Тасманияның солтүстігі мен Жаңа Зеландияның Солтүстік аралдары субтропиктік климат белдеуінің алабына енеді. Материктің оңтүстік-батысында жауын-шашын тек қыста жауады дерлік және оның мөлшері батыстан шығысқа қарай кеми береді. Жазда аймақ Оңтүстік Үндінің максимумының ықпалыеа ұшырайды. Температура жағдайы әсіресе жазда өте тұрақсыз. Әдетте оның бұзылыуы солтүстіктен күшті ысыған ауаның кіруіне байланысты, ол кейде 400С-ден де асып түседі, алайда оңтүстіктен жиі-жиі келетін суық пен ылғалды желдер бұл жылы ауа ағысын ауыстырып тұрады. 

         Австралияның оңтүстік-шығысында, Тасманияның солтүстігі мен Жаңа Зеландияда климат бірқалыпты ылғалды, жауын-шашын жазда ең көп жауады; оны шығыс және солтүстік-шығыс желдері тікелей теңіз жақтан әкеледі. Қыста жауын-шашын полярлық фронтқа байланысты. Тропикалық фронттан бұл аймақ қыста орташа температурасының неғұрлым төмен болуымен ерекшеленеді. (+5,+100С). Тауда аяз -200С-ге дейін болады. 

         Австралияның оңтүстік жағалауларының орта бөлігі Эйр түбегінің екі жағынан жауын-шашынды өте аз алады және маусымдық температураның 

                                                                                                          Ф – ОБ – 001- 035 

едәуір айырмашылығымен сипатталады. Жауын-шашын онда қыста аз мөлшерде жауады. 

Тасманияның оңтүстік бөліктері мен Жаңа Зеландия қоңыржай белдеуге енеді. Бұл аралдардың климат жағдайлары үлкен ылғалдылық және температурасының бір қалыптылығымен көзге түседі. Батыс айналымының тұрақты әсері әсіресе жауын-шашынның батыс жағалауларда және таудың батыс баурайларында мол түсуіне жағддай туғызады. Қыстағы аяз -5, 70С-ге дейін болатын таулы аудандардан өзге жерлерде жаз бен қыстағы температураның айырмашылығы шамалы болады.

  Австралия жерінің көбі тропиктік (18-300 оңтүстік ендік), солтүстігі субэкваторлық, оңтүстігі субтропиктік ендікте жатыр. Шығыс жағалауының климаты (солтүстіктен 300 оңтүстік ендікке дейін) тропиктік, теңіздік. Күн радиациясы үнемі жоғары болады: 590-750 кдж/ (см2*жыл); сондықтан Австралияның барлық аудандарында температура тұрақты болады. Австралия түгелімен дерлік 20, 280 С жазғы және 12, 200 С қысқы изотермалар аралығында жатыр. Солтүстік Австралияның климаты ыстық болады: жаздың ең жылы айы январь иен қыстың ең суық айы июль температурасының айырмашылығы шамалы. 

Тропиктік ішкі аудандар мен субтропиктік белдеулерде температураның маусымдық ауытқуы анық байқалады. Январьдың температурасы 400 С-тан жоғары болатын ең ыстық аудан солтүстік облыста. Температураның абсолют максимумы Клонкарриде (Квинсленд) 53,10 С, абсолют минимумы Австралияның ішкі аудандарында -40, -60 С-қа дейін. Тұрақты аяз (-220 С-қа дейін) тек оңтүстік-шығысындағы Австралия Альпісінде болады. Австралия жағалауының аз тілімденуі, құрлықтың батыстан шығысқа қарай созылып жатуы, үлкен Суайрық жотаның Тынық мұхиттан соғатын ылғалды жерге бөгет жасауы орталық аймақта климаттың құрғақ болуына әсерін тигізеді. Австралия жерінің 38%-де жауын-шашынның жылдық мөлшері 250мм-ден аспайды. 

                                                                                                         Ф – ОБ – 001 – 035 

Солтүстік пен оңтүстіктен соғатын ылғалды желге қарсы тұратын кедергінің жоқтығынан Австралияда ұзаққа сзылатын қуаңшылық болмайды. Құрлықтың солтүстігі мен шығысындағы 500 мм-ден 2000 мм-ге дейін жетеді. Солтүстігіне жауын-шашынды солтүстік-батыстан соғатын экваторлық ылғалды муссон, ал шығысына Шығыс Австралия жылы ағысы үстінде пайда болатын ылғалды ауаны Тынық мұхиттан соғатын пассаттар әкеледі. Жауын-шашынның ең көп жері – Кэрнс қаласының маңы (2243-ммдей). Үлкен суайрық  жотадан батысқа қарай жауын-шашын мөлшері күрт азайып, батыс жағалауында 250 мм шамасында ғана болады. 

Австралияда тропиктік құрғақ климат басым. Оның территориясының     1/3 –іне ғана жауын –шашын жекілікті немесе мол түседі. Австралия – барлық жағынан ұланғайыр су айдыны қоршап жатқан шағын материк. Ол неліктен ең құрғақ материк болады? Бұл ең алдымен материктің физикалық – географиялық орнына байланысты болатынын енді сендер білесіңдер: оны дәл ортасынан дерлік Оңтүстік тропик кесіп өтеді, демек, материктің көп бөлігінде жоғары атмосфералық қысым белдеуі басым болады. Бұл белдеуде төмендейтін ауа ағындары, пассаттар мен жауын – шашынсыз, бұлтсыз ауа райы басым болып тұрады. 

Австралия Оңтүстік Африка алып жатқан климаттық белдеулерде орналасқанымен, мұнда температура жоғары, ал жауын – шашын әлдеқайда аз түседі. Оның себебі: материк батыстан шығысқа қарай едәуір созылып жатқандықтан, континенттік ауа массалары қалыптасады,сондай – ақ материктің мұхит деңгейінен биіктігі де шамалы. 

Материкте жауын – шашын қалай бөлінеді және оны қалайша түсіндіруге болады? Солтүстік Австралия с у б э к в а т о р л ы қ  к л и м а т т ы қ  б е л д е у – д е жатыр. Жазда (желтоқсан – ақпан) бұл белдеуге ылғалды экваторлық ауа массалары мол жауын – шашын әкеледі. Қыста (маусым – тамыз) мұнда 

                                                                                                         Ф – ОБ – 001 – 035 

төмендейтін ауа ағындары бір тропиктік құрғақ ауа басым болатындықтан, жауын – шашын аз түседі. 

Т р о п и к т і к  б е л д е у д і ң  шығысында ылғалды, ал батысы мен орталығында – құрғақ аймақтар қалыптасады. Үлкен Суайрық жотаның шығыс беткейлері жыл бойы Тынық мұхиттан келетін теңіздік ауа массаларының ықпалында болады. Мұхиттың жылы ағысының әсерімен ауаның ылғалға қанығуы күшейе түседі.Сондықтан тау беткейлерінде жауын – шашын мол түседі. Материктің ішкі жазық бөліктеріне пассаттар құрғақ күйінде келеді, оларда жыл бойы жауын – шашын аз түседі. 

Африканың табиғат зоналарының орналасуындағы сияқты, Австралияның табиғат зоналарының орналасуында да ендік зоналық жақсы байқалады. Африкадағы секілді, Австралияда да саванналар мен шөлдер зонасы кең алқапты алып жатады. Материктің орталық және батыс бөліктерінде шөлдер мен шөлейттер орналасқан. Бұл зонаны солтүстігінен, шығысынан, оңтүстік- шығысынан және оңтүстік-батысынан саванналар қоршап жатады.

Органикалық дүниесінің ерекшеліктері. Табиғат Австралияда ерте замандарда Жер шарында тіршілік еткен және басқа материктерде жойылып кеткен түрлерге жақын көптеген өсімдіктер мен жануарлар сақталған орасан зор қорық жасағандай. Мұның мәнісі: Австралия мен оның маңдайындағы аралдар өзге материктерден өте ертеде бөлініп кеткен және олардың органикалық дүниесі ұзақ уақыт бойы оқшау дамыған. Материктегі өсімдіктер түрлерінің 75% — ке дейінгі мөлшері Австралияда ғана кезеседі. Оларға өте алуан түрлі болып келетін эвкалиптердің көптеген түрлері жатады. Австралия эвкалиптерден, қараған, басқа материктерде кездеспейтін жапырақсыз, жіп тәрізді бұтақтар бар казуариндер өседі. Көшпелі құм қырқалары мен тасты қорымдарда өсімдіктер мүлде жоқ деуге болады. Африкаға қарама-қарсы, Австралияда оазистер жоқ, бірақ оның шөлдері, мысалы, Сахара секілді тіршіліксіз болып көрінбейді. Алып кенгурудің бойы 3м-ге жетеді. Бойы 30см 

                                                                                               Ф – ОБ – 001 – 035 

болатын қортық кенгуру  де бар. Мұнда суырға ұқсайтын вомбаттар да мекендейді. Эвкалипті ормандардан қалталы аю коаланы кездестіруге болады. Ол ағаштардың басында мекендеп, аз қимылдайтын түнгі тіршілік иесі. Тасмания аралында өте сирек кездесетін жыртқыш-қалталы пері сақталған. Терісіне бола жаппай қырып-жоюға душар болған ірі кенгурулар, вомбаттар, коалалар қазір сирек кездеседі. Құстар дүниесі де өте бай және ерекше.   Ғалымдар оларды бұл жерге оңтүстік-шығыс Азиядан келген деп жорамалдайды. Бұрын материктің бүкіл халқын байырғы тұрғындар құрайтын. Олар Австралияның табиғат жағдайлары адамның тіршілігі үшін неғұрлым қолайлы болып табылатын оңтүстік-шығысына орналасқан. Материкке европалықтар келгеннен кейін және қой шаруашылығының дамуына байланысты байырғы тұрғындарды материктің ішкі жағына – құрғақшылықты аудандарға ығыстырып, оларды аштан өлуге душар еткен. Оның үстіне европалықтар Автралиялықтарды аяусыз қырған, оларды өлтірген, ішетін асын, құдықтағы суды уландырған. Осындай айуандықтың нәтижесінде бүкіл тасманиялықтар құрып біткен. Ал материктегі байырғы халықтың саны күрт азайған. Қазір Австралия аборигендердің саны бар болғаны 50 мыңға жуық адам болып отыр. Аборигендер шөлді аудандарда орналасқан  резервацияларда (байырғы тұрғындарды күштеп қоныстандыруға арналған территориялар) қайыршылық жағдайларда тұрады. Аборигендердің бір бөлігі фермаларда мардымсыз ақы үшін бақташы және жұмысшы ретінде  батырақ болып жұмыс істейді. Басқалары әлі де жартылай кезбе аңшылар мен терімшілердің өмір салтын жалғастыруда. Аборигендердің арасында дарынды және білімді адамдар бар. Өздігінен суретші болған Наматжирдің картиналары бүкіл дүние жүзіне белгілі. 

Өсімдігі. Австралияның  органикалық дүниесі ортаңғы бор дәуірінен бері жеке дара дамып келеді. Сондықтан оның өсімдік дүниесі басқа 

                                                                                               Ф – ОБ – 001 – 035 құрлықтардағыдан мүлде өзгеше. Өсімдік түрлерінің 75%-і эндемиктер,                                                                                               Австралия биогеографиялық   аймағына жатады. Солтүстік шығысында тропиктік мәңгі жасыл, оңтүстік-шығысы мен  оңтүстік-батысында тропикке таяу эвкалипт ормандары өседі. Құрлықтың ортасына қарай, климаттың континенттігі артқан сайын, ылғалыды  тропиктің ормандар тропикке таяу құрғақ эикалипт орманына, селдір орманға, саваннаға айналады. Австралияның  орталық құрғақ бөлігінде бұталы шөпті өсімдіктер көп кездеседі. Шөлейттерінде тікенді, бұталы тоғайлар, шөлдерінде астық тұқымдастар өседі. Өсімдік қорларының ішінде саванналар мен шөлейттегі табиғи жайылымдардың маңызы зор. Ағашы кесуге жарамды ормандар құрлық көлемінің 2%-і ғана. Олар көбінесе қатты,шірімейтін сүрек және бағалы май шайыр алынатын эвкалиптерден тұрады. 

Жануарлар дүниесі. Австралия жануарларының ерекшелігі бұл құрлықты Австралия биогеографиялық аймағы етіп өз алдына жеке бөліп алуға мүмкіндік береді. Ежелден бергі және эндемик жануарлар көп, ал басқа құрлықтарда кездеспейтін тұяқтылар, жыртқыштар ( шеттен әкелінген динго итінен басқа ), приматтар мүлде жоқ. Мезозой мен неоген дәуіріне тән жануарлардың бірнеше түрі сақталған. Оның ішінде қалталы қасқыр, қалталы аю(коала), қалталы кенгуру, жұмыртқа салатын бір өзекті сүт қоректілер, үйректұмсық пен ехидна тіршілік етеді. Эндемик құстардан түйеқұс-эму, казуар, лирақұйрықтылар, түрлі тотылар(мысалы, ақ және қара какаду), қара қу т.б мекендейді. Балықтардан ежелгі триас дәуірінен бері өзгермей келе жатқан қос мекенді каратод бар. Аңды тым көп аулаудан және табиғи аймақтарды шаруашылыққа қалай болса солай игере беруден  Австралияның жануарларының көптеген түрлері құрып кеткен. Шеттен әкелінген үй қоянының көп өсуі жайылымның азаюына және қалталы жануарлар санының  

                                                                                               Ф – ОБ – 001 – 035 кемуіне әкеліп соқты. Кенгурудің кейбір түрлері әбден құрыды, қалталы қасқыр мен вомбаттардың кейбір тұқымдары мүлдем жойылуға таяу. 

         Табиғи аудандары. Австралия табиғи үш аймаққа бөлінеді: суы тапшы, табиғаты негізінен тропиктік шөл және шөлейт келктін Батыс Австралияның таулы үстірті – тұғырлы, таулы қырат, географиялық зоналылығы анық байқалатын, ішкі аудандарына қарай климаттың континенттігі арта беретін, саванна мен селдір ормандар бірте-бірте шөлейт пен шөлге айналатын Орталық ойпат – аккумулияциялық  ойпатты жазық, таулы орманды ландышафты басым, құрлықтың негізгі су айырығы әрі климаттық шекара – Үлкен Суайырық жота. 

         Австралия биогеография аймағы – зоологиялық және ботаникалық аймақтардың бірі. Зоогеографиялық тұрғыдан оған Австралия құрлығы, Тасмания, Жаңа Гвинея, Соломон, Бисмарк аралдары, Кіші Зонд, Жаңа Зеландия, Меланезия, Микронезия, Полинезия, Гавай аралдарының біраз бөліктері, өсімдік географиясы жағынан тек Австралия мен Тасмания жатады. Мұның себебі жануарлар мен өсімдіктердің дүниесінің айырмашылығында. Австралия биогеография аймағының бір ерекшелігі: мұнда тек осы аймаққа ғана тән және ерте кезден сақталған жануарлар мен өсімдіктер көп. Мысалы, мезозой дәуірінде, Австралия Азиямен тұтасып жатқан кезде Австралияға өткен төменгі сатыдағы сүт қоректілерден бір өзекті және қалталы жануарлар бар. Кейін Австралияның Азиядан ажырауы нәтижесінде оның жануарлары мен өсімдіктеріне жер шарының басқа жануарлары мен өсімдіктер дүниесінің әсері тимегендіктен, бұлар өз алдына дами берген. Австралияның биография аймағында 12 000- ға жуық өсімдік түрі кездеседі, оның 9100 түрі тек осы аймаққа ғана тән. Эвкалинтер, филлиодтық қараған, казуариндер т.б. өсімдіктер басқа жерде кездеспейді. Австралия биогеография аймағының өсімдіктері  бірыңғай емес. Құрлықтың орталық аудандарындағы шөлейт жерлерде сортаң                                                                                               

                                                                                                         Ф – ОБ – 001 – 035 өсімдіктер, шөлді аймақтарында тікенді, астық тұқымдас өсімдіктер, шығысы мен батысында қатты жапырақты бұталар, солтүстігінде, батысында, шығысында филлоидтық қараған мен эвкалипттерден тұратын саванна ормандары бар. Бұл аймақтың субтропик және субантарктика ормандарында биіктігі. 100 м-ден жететін эвквалипттер, ғана тәрізді папоротниктер, саговниктер т,б реликт ағаштар кездеседі. Австралиялық биографиялық  аймағында  төменгі  сатыдағы  сүт  қоректілерден қалталы  жануарлар  өте көп өскен. Олардың  160-тан астам  түрі  бар .Оның  ішінде  жыртқыштардан  қалталы қасқыр, қалталы сусар, насиком қоректілерден қалталы құмырсқа жегіш, қалталы тиін, өрмелегіш қалталылардан кузу, коала (қалталы аю), тұяқты жануарлардан ірі кенгуру тіршілік етеді. Бұлардан басқа тек осы аймаққа тән жұмыртққа салатын сүт қоректілер — үйрек тұмсық  және ехиднананың екі түрі бар. Австралияның биографиялық аймағыдна кездесетін 670 құс түрінің 450- і эпдемиктер. Олардың ішінде қазуарлар, эму, әсем құстар, жұмсақ құстары, лира – құйрықтылар, какаду, үкі тотылар, кептерлер, қара аққу т.б. бар. Бауырымен жорғалаушылардан ешкіемер тұқымдасына жататын, тек артқы аяғымен ғана жылдам жүгіретін жалпақ тұмсық кесіртке – хламидозаурус және денесін тікен қаптаған, бірақ зиянсыз молох, қысқа құйрықты геккондар, аспид тәрізді жыландар бар. Балықтардан ертедегі триас дәуірінен өзгермей келген өкпелі балық – цератод тіршілік етеді. Насекомдардан да осы жерге тән жылтырауық қоңыздар, көбелектер көп. Австралия биогеография аймағының әр жерінің ландшафтары мен ауа райы жағынан айырмашылықтары бар, сондықтан ол Папуас, Австралия, Жаңа Зеландия, Полинезия, Гавай болып, 5 биогеографиялық тармаққа бөлінеді. 

 

                                                                                                         Ф – ОБ – 001 – 035                           

                                         Ішкі сулары. 

Австралиядағы және оған жақын аралдардағы ағыс ерекшеліктерін төмендегідей цифрлар жақсы көрсетеді: Австралия, Тасмания, Жаңа Гвинея өзендерінің ағыс көлемі 1600 км3 – ге тең, ағысқабаты 184 мм, яғни Африкадағыдан сәл көп. Австралияның жеке ағыны көлемі не бары 350 км3, ағын қалыңдығы не бары 46 мм құрайды, яғни басқа материктердің барлығына қарағанда бірнеше есе аз. Бұл материктің үлкен бөлігінде жауын – шашынның аз түсетіндігіне және оның алабында биік таулар мен мұздықтың жоқтығына байланысты. 

Ішкі ағын аймағына Австралияның беткі бөлігінің 60% — і жатады. Шамамен территорияның 10% — і Тынық мұхитқа, қалған бөлігі Үнді мұхиты бассейніне тиісті. Материктің басты суайрығы – Үлкен Суайрық жотасы, онның баурайларынан неғұрлым ірі және суы мол өзендер ағып жатады. Бұл өзендер тек жаңбыр суынан ғана толығады дерлік. 

Жотаның шығыс баурайының қысқа және тік келуі себепті Маржандар теңізі мен Тасмания теңізі жақтарына қарай ағысы күшті, қысқа өзендер бұралаңдап ағады. Азды – көпті біркелкі су ала отырып, олар Австралияның ең суы мол және жазғы максимумдары айқын байқалатын өзендері болып табылады. Жоталарды кесіп өтіп кейбір өзендер шоңғалдар мен сарқырамалар түзейді. Ең ірі өзендердің (Фицрой, Бердекин, Хаантер) ұзындықтары бірнеше жүздеген километр. Оларлдың кейбіреулерінің төменгі ағысынан 100 км және одан да көп жерінде кеме жүзеді, сағалары мұхит кемелерінің жүзуіне де қолайлы. 

Сондай-ақ Арафур және Тимор теңіздеріне құятын солтүстік Австралия өзендерінің де суы мол. Олардың ішіндегі елеулісі Үлкен суайрық жотаның 

                                                                                               Ф – ОБ – 001 – 035 солтүстігінен ағып шығатындары. Алайда Австралияның солтүстігіндегі өзендер режимі жаз бен қыста жауын-шашын түсуінде елеулі айырмашылық болатындықтан, шығыс өзендеріне қарағанда әр кез тұрақты бола бермейді. Олардың суы көбейіп, жазғы муссондық жаңбырлар кезінде арнасынан жиі-жиі асып кетеді. Қыс уақыттарында бұл баяу ағатын енсіз су ағыстары бас алатын кей тұстарында кеуіп қалады. Солтүстіктің неғұрлым ірі өзендері – Флиндерс, Виктория мен Ордтың бірнеше ондаған км төменгі ағысы кеме жүзуге қолайлы. 

Сондай-ақ тұрақты су ағыстары материктің оңтүстік-батысында да бар. Бірақ олардың барлығының режимі өте тұрақсыз келеді және жазғы құрғақ маусымда ағыстың жекелеген бөліктерінде бірнеше таяз лайлы су қоймаларына айналады. 

Австралияның шөлді және шөлейт ішкі бөліктерінде тұрақты су ағыстары жоқ. Бірақ онда плювиалдық дәуір жағдайында қалыптасқан, бұрынғы өріс алған су жүйелерінің қалдығы болып табылатын құрғақ арна тармақтары бар. Бұл құрғақ арналар суға жаңбырдан кейін өте қысқа мерзімде толығады. Мұндай дүркіндік су ағыстары Австралияда крик деген атаумен мәлім. Олар әсіресе Орталық жазықтықта, кеуіп бара жатқан ағынсыз Эйр көліне қарай бағыт алған жақта өте көп. 

Налларбордың карсты жазығында тірті дүркіндік су ағыстары да болмайды, алайда Үлкен Австралиялық шығанағына қарай ағатын жер асты су жүйесі бар. 

Австралияның ірі өзен жүйесі – Мурей (Марри) – Дарлинг жүйесі. Бұл өзендер Үлкен Суайрық жотадан ағып шығып оңтүстік ойпатта қосылады. Мурей Дарлингтен қысқа болуына қарамастан, бұл жүйедегі басты өзен болып саналады, өйткені Дарлингке қарағанда су анағұрлым мол болады. Муррейдің ұзындығы 2570 км, Дарлингтің ұзындығы 2830 км. Бұл өзендер басейннің 

                                                                                               Ф – ОБ – 001 — 035

ауданы 1072 мың км2, Дарлинг ойысынан төмен жердегі Муррейдің орташа шығыны – 270 м3 с-ден төмен. Муррейдің екінші ірі саласы Маррамбиджи, оның ұзындығы 1690 км. 

Муррей мен Дарлинг жүйесіне кіретін бүкіл өзендердің режимі өте-мөте әртүрлі болады. Олардың суы негізінен жауын-шашын себебінен және белгілі мөлшерде Австралиялық Альпілерінде жауған қар есебінен толығады. Сондықтан су шығынының ең көбі жазда Муррей мен Дарлингтің деңгейі көтеріліп, олар ойпаң жазықтыққа құйып, кейде бүліншілік су басу туғызған кезде болады. Сөйтіп өзендер кесек материалдардың есепсіз көп мөлшерін алып кетіп, өзен арнасын бітеп тастайды, бұл салалардың бас өзенге құюына жиі кедергі жасайды.

Өзендер арнасы жазықтық алабында бұралаңды ағып көптеген тармақтар құрады. Муррей мен Маррамбиджи өзендері аралығындағы түгелдей өзен тасқындары үйілген жерлерде арналар барлық бағытта қиылысады, жазғы тасқын кезінде олар су астында қалады. 

Қысқы құрғақ кезеңзерде Муррей бассейні өзендері күшті таяздайды. Бас өзеннің деңгейі айтарлықтай төмендейді, бірақ, әдетте бүкіл өн бойында үздіксіз су ағыстары сақталады. Тек ең күшті қуаңшылық жылдары Муррейдің жоғарғы ағысының жекелеген учаскелері толығымен кеуіп қалады. 

Муррей – Дарлинг өзендері жүйесінің шаруашылықтың үлкен маңызы бар, өйткені олардың сулары құнарлы, бірақ ойпаттың қуаң жерлерін суаруға пайдаланады. Осы мақсатпен ірі су қоймалары жасалған. Тұрақты режимнің жоқтығы кеме жүруді қиындатып өзендердің аккумуляциялық әрекетін күшейте түседі, мәселен, Муррей сағасында сынақ материалдардың үйіліп қалғаны соншалық, онда теңіз кемелері де мүлдем жүзе алмастай болып отыр. 

                              Ф – ОБ – 001 – 035 

Өзеннің өзі Ольбери қаласына дейін кеме жүзуге қолайлы. Далингтің төменгі ағысында кемелер жүзе алады. 

Австралияда көл көп, бірақ көп жағдайда олардың ағыны жоқ және тұзды болады. Ал олардың көпшілігі жаңбырдан кейін ғана сумен толығады. 

Материктің ең ірі көлі Эйр Орталық жазықтықта жатыр. Оның деңгейі теңіз деңгейінен 12 метр төмен. Көл қазан шұңқыры кең байтақ аймақтың ағын орталығы болып табылады және уақытша су ағыстарының – криктердің (Куперс, Дайамантин, Эйр т.б) бүтіндей жүйесін қабылдап алады. Көл таяз, күшті тұзданған, оның көлемі мен пішіні тұрақсыз болады, жауын-шашынға байланысты өзгеріп отырады. Жауын кезінде криктер таудан өзенге көп су әкеледі, сөйтіп ол суға толығады. Неғұрлым ылғал жылдары Эйр көлінің ауданы 15 мың км2 –ге жетеді. Жылдың көп уақытына созылатын құрғақ кезеңдерде судың криктерге құйылуы тоқталады, көл суы буланады және олар бір-бірімен қабыршық тұз басқан учаскілер арқылы жалғасқан, таяз су қоймаларына бөлініп кетеді. 

Ағынсыз тұзды көлдердің үлкен тобы материктің оңтүстігінде жатыр. Бұл Торренс, Гэрднер, Фром т.б. көлдер таяздап, құрғақ уақытта жекелеген су қоймаларына бөлінеді және күшті жаңбырдан кейін тасиды. Олардың барлығы кең сортаң алқаптармен қоршалып жатыр. 

Батыс-Австралия таулы үстіртінде ағынсыз көлдер  көп. Олар суға нөсер жаңбырдан кейін ғана толады, ал жылдың көп уақытында кеуіп кетіп сортаң жер болып жатады. 

Австралияның жер үсті су қоймалары ресурстары халықтың суға мұқтаждығын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз, оның үстіне материктің көптеген су қоймалары тұзды келеді. Бірақ Австралияда жер асты  артезиан 

                                                                                               Ф – ОБ – 001 – 035 

суларының  үлкен қоры бар. Материкте фундамент синеклизіне ұштасып жатқагн көптеген артезиан бассейндері зерттеліп, пайдалануда. Олардың суы өнеркәсіпке беріледі, жайылымдар суландырылады. Күшті минералдануына байланысты олар ауыз су ретінде және егістікті суландыру үшін пайдалануға жарамсыз. Үлкен Артезиан Бассейні деп аталатын дүние жүзіндегі ең ірі бассейн Карпентария шығанағынан Дарлинг бассейніне дейін созылып жатыр. Жалпы алғанда Австралияда 6500-ге жуық артезиан құдықтары бар.

Бұл физикалық- географиялық аймаққа Австралияның солтүстік үш түбегі  — Кимберли, Арнемленд және ішінара Кейп-Йорк, сондай-ақ оған оңтүстіктен жанасып жатқан материктің бөлігі енеді. Оның оңтүстік шекарасы шамамен 18 және 200 солтүстік ендік арасымен өтеді. Австралияның бұл бөліктерінде орографиялық шекара жоқ, оңтүстік аймақтарға ауысу климаттың, сонымен бірге ландшафтарының бүкіл реңкінің өзгеруімен біртіндеп жүреді. 

Солтүстік Австралияның жағалау сызығы күшті ыдыраған. Жағалауға Карпентария, Ван-Димен, Жозеф-Бонапарт, Кинг және басқа да шығанақтар сұғына енген. Олардың барлығы материктік қайраңдар шегінде жатыр және ірі ұсақ аралдармен молыға түскен, кейбір жерлерінде маржанды құбылыстар бар. Бүкіл аймақ дерлік шөгінді жамылғы платформа шегінде жатып, әсіресе синеклиз аралығында үлкен қалыңдыққа жетеді. 

Солтүстік Австралия қойнауы қара түсті және сирек кездесетін металдарға бай; темір батыс Кимберлиде, марганец Карпентария шығанағындағы Грут-Айленд аралында; мыс, уран және полиметалл Арнемленд және Селуин жотасында; алюминий Карпентария шығанағының жағалауында өндіріледі. 

Ф – ОБ – 001 –035 

Аймақ климатының басты белгісі – жауын-шашынның маусымдық бөлінуі. Солтүстік Австралияның табиғат байлығы өте көп. Оның климат жағдайын материктегі тропиктік егіншілік үшін ең қолайлы климат деп есептеуге болады; қойнауында пайдалы қазбалардың үлкен қоры барн. Бай өсімдіктер дүниесі азықтың сарқылмас қорын  береді. Сонымен бірге бұл халқы өте сирек ең аз қоныстанған аймақтың бірі. Халқы пайдалы қазбалар өндірілетін жерлер мен аймақтың бірі. Халқы пайдалы қазбалар өндірілетін жерлер мен Орд өзенінің бассейніндегі мақта өсіретін ауданға шоғырланған. 

Батыс Австралияның таулы үстірттері мен таулары солтүстігінде  Солтүстік Австралиямен, шығысында Орталық жазықтықпен шектеседі. Солтүстік батысы мен оңтүстігінде Үнді мұхиты жағалауларына шығады. Табиғат жағдайлары бойынша оны Сахарамен салыстыруға болады. 

Аймақтың үлкен бөлігін батысында докембрийлық кристалл жыныстарынан, ал шығысында көлденеңнен жатқан палеозой құмдарынан қалыптасқан Батыс-Австралия таулы үстірті алып жатыр. Оның орташа биіктігі 400-600 м. 

Батысы мен оңтүстігінде таулы үстіртке Үнді мұхиты жатқан ойпатты жазықтықтар алып жатыр. Оңтүстігінде беті әктен қалыптасып, теңізге қарай биіктігі 100-150 м-лік кертпеш болып үзілетін Налларбор жазығы шектеледі. Ол карст құбылыстарының кең таралуымен ерекшеленеді. Оның бетінің тасты, кей жерлерінің шұңқыр болып мүжілген тұстары тіршіліксіз дерлік шөп болып табылады. Батысы мен солтүстік-батысында таулы үстірт құмнан түзілген жағалаудың төбелі жазығымен шектеседі. Оның ойпатты жағалауын терең шығанақтар бөліп жатыр, жағаны бойлай құм қайырлар мен бірқатар құм төбелер созылады. 

                                                                                               Ф – ОБ – 001 – 035 

Шығысында Орталық жазықпен шекарада граниттер мен төменгі палеозойлық қатпарлы жыныстардан қалыптасқан жоталы массивтер арал түрінде көтеріліп тұр. Оңтүстік массиві – Масгрейв Вудрофф (1440м) шыңымен бірге ең биік массив. Неғұрлым солтүстік массив Макдоннеллден ол енді опырықпен (авлакогенмен) бөлінген. Шұғыл континентті құрғақ климат жағдайында үгілу нәтижесінде бұл таулар тік беткейлері мұнара тәрізді шыңдары және уақытша су ағындарының терең шатқалдары бар рельефінің үшкір формасына ие болды. Үгілу нәтижесінде таудан мұнаралар мен шыңдар немесе алып шар тәріздес жақпарлар түрінде ғажайып формадағы тау жұрнақтары сомдалды. Массивтің етегі мен жайпақ қиыршық материалдар мен құмға толы. 

Батыс Австралия таулы үстіртінде құмның қызыл түсіне байланысты өзгеше түрі бар құм шөлдер таралған, биіктігі бірнеше ондаған метрге жететін құм төбелер де қатарласыпжатыр. Виктория Үлкен шөлі мен Үлкен құмды шөл үлкен ауданды алып жатыр. Құм алқаптары сондай-ақ аралдар мен массивтердің араларындағы ойыстардың бойымен созыла түседі. 

Таулы үстірттің батыс бөлігі орталық шөлді аудандарға қарағанда көтеріңкі келеді. Оның бетіне докембрийлық кристалл жыныстапры шығып жатыр. Бұл ауданның солтүстік жартысында терең құрғақ арналар кесіп өткен өркеш жоталар көрінеді, олардың арасынан Хамерсли массиві 1226 метр биіктікке дейін көтеріліп тұр. Оңтүстікке қарай неғұрлым бірыңғай және төмен жатқан кристалды жазықтар сынық материалдарға толы жекелеген ойыстары немесе кеуіп қалған көлдерімен созыла түседі. 

Аймақтың бүкіл батыс жартысында алтынның кен орындары бытырай орналасқан және оны өндіру қолға алынуда. Әсіресе алтын өндіретін ірі аудан, 

                                                                                               Ф – ОБ – 001 – 035 

сондай-ақ жуырда ашылған никель кені оңтүстікте Калгурли маңында жатыр. Солтүстік-батыста, Хамерсли тауында темір, марганец, қалайы өндіріледі. 

Территориясының үлкен бөлігінің климаты шұғыл континентті, тек жағалау алқабының батысында климаты континенттігі бәсеңдеп, мұхиттық климатқа ұқсай береді.

Қыста тәуліктік температурасы +12, +180 С болған кезде орталық бөліктеріндегі температураның ауытқуы 30-400 С-қа жетеді. Кейде күн сәулесінің түсуіне ғана байланысты емес, сондай-ақ оңтүстіктен суық ауа масссасының енуіне байланысты суық түседі. 

Жазы ыстық орташа температурасы +320 С-қа және ең жоғары температурасы +50  0 С-қа дейін. Солтүстігінде жаз айларында өткінші нажағайлы жаңбыр болады, оңтүстігі мен батысында жауын-шашын қыс уақыттарында жауады. 

Жауын-шашын барлық жерде өте бірқалыпты емес, оның жылдық қосындысы тым аз. Орталық алқап мүлде жаңбырсыз, территориясының үлкен бөлігінде 150 мм-ден кем жауады, тек аймақтың шет жақтарында бұл қосынды 300 мм-ге дейін көбейеді. 300-ден 500 мм-ге дейінгі жауын-шашын тау массивтерінің шығыс беткейлеріне жауады, өйткені пассат орографиялық жауын туғызады.

Бүкіл Батыс Австралия суға өте тапшы. Тек оның шеткі бөлігінің жоталы массивтерінің неғұрлым ылғалды беткейлерінде жаңбыр кезінде суға толатын арналардың тығыз жүйесі тарамдалып жатыр. Жылдың көп уақытында арна құрғап қалады, өйткені тіпті аймақтың шет жақтарында да қуаңшылық жылына 300 күнге дейін созылады. Жаңбыр кездейсоқ және тіпті әр жыл сайын жауа 

                                                                                              Ф – ОБ – 001 – 035 

бермейтін нағыз құрғақ орталық бөліктерде криктер де жоқ, оның есесіне бүкіл территорияда көлдер әр жерде бар. Олар әсіресе оңтүстік-батыста көп. 

Тасмания аралы оңтүстік жарты шардың субтропиктік және қоңыржай белдеуінің шекарасында физика-географиялық оқшау аймақ құрайды. Оның ауданы 67,9 мың км2. Материктен ол ені 224 км Басс шығанағымен бөлінген. Тасмания мыс рудасына, темірге, қалайы рудасына, мырыш пен қорғасынға, сондай-ақ алтын мен күміске бай. Шөгінді қабаттарында тас көмір кені бар. Біршама жуықта платинаның кен орны ашылды. Аралдың үлкен бөлігін терең өзен аңғарлары кесіп өткен, орташа биіктігі 600 метрге жуық жекелеген үстірттер алып жатыр. Солтүстігінде үстірт 1500 метрге дейін көтеріледі, оның рельефінен мұз басу іздері байқалады. Барлық жерде дерлік үстірт жуырда төмен түседі. 

            Қорытынды. 

Қорытындылай келе Австралия кеңістік дифференциалануы ерекшелігі бойынша Оңтүстік Америкаға жақын: платформалық құрылымы мен жазықтық-платформалық рельефінің басым болып келуі зоналық-климаттық  жағдайларының табиғат айырмашылықтарын қалыптастыруда үлкен роль атқаруына себепші болады. Екінші жағынан, рельефінің асимметриясы, материктің шығысы мен оңтүстік шығысындағы тау тосқауылының болуы материктің батысныдағы үлкен бөлігі және шығысындағы кіші бөлігі аралығының климаты мен рельефінде үлкен қарама-қайшылық жасайды. Бүтіндей алғанда Австралияда материктің шығысы мен солтүстігінен орталық және батыс бөліктеріне қарай табиғат жағдайларының өзгеруі байқалады. Материк шегі төмендегідей аймақтарға бөлінеді: Солтүстік Австралияның ыстық, жазғы жауын-шашынды жазық платформасы, ыстық, неғұрлым бірқалыпты таулы ылғалды Шығыс Австралия; таулы жазықтығы біршама құрғақ субтропиктік Оңтүстік-шығыс; Орталық жазық; субтропиктік Оңтүстік-батыс және тропиктік таулы үстірт пен Батыс Австралия таулары. 

Тынық мұхиттың бір-бірінен пайда болуы және Австралияға қатысы жағынан түрліше орын алып жатқан мұхиттың әртүрлі бөліктеріндегі аралдар тобы да, сондай-ақ айқын бөлінетін табиғат региондарын түзейді. 

                                                                                                          Ф – ОБ – 001- 035

        

                                       Пайдаланылған әдебиеттер. 

1. Ә.Жұмәділов, Х.Қыдырбаев «Қазақстан қорықтары» Алматы 1980.

2. А.Ф. Ковшарь «Заповедникий Казахстана» Алма-ата, Наука КССР 1989. 

3. «Заповедники средний Азии и Казахстана»  Энциклопедия Іч. 

4. А.Ф. Ковшарь, А.А.Иващенко «Заповедник Аксу-Джабагалы» Кайнар 1982.

5. С.Қаженбаев, С. Махмутов «Табиғатты қорғау» А, 1990. 

6. В.А Коринская, В.А Щенев «Материктер мен мұхиттар географиясы» Алматы, Рауан 1982.

7. Қ.Карписов, Ә.Бейсенова, М. Қалиев «Қазақстанның физикалық географиясы» Алматы, Рауан 1996.

8. Ә. Бірмағанбетұлы, К. Жүнісқызы «Табиғаттану» Алматы, Рауан 1997. 

9. «Қазақстанның Ұлттық Энциклопедиясы» І т 

10. В.Власов «Материктер мен мұхиттардың физикалық геграфиясы»

11. Бейсенова Ә «Экология негіздері». 

                                                                                                                 Ф-ОБ-001/035

Қ.А.Яасауи атындағы ХҚТУ ШИ Тарих факультетінің 050116 География мамандығының 442-35 тобының студенті Ертаева Жанаттың Құрлықтар мен мұхиттардың физикалық география пәні бойынша жазылған  «Австралияның физикалық-географиялық аймақтарына сипаттама» тақырыбындағы курстық жұмысына 

                                 

                                                   Пікір 

                      442-35тобының студенті Ертаева Жанаттың курстық жұмысында өз тақырыбын толық және жан-жақты аша білген. Бұл курстық жұмысында (ғылыми жұмысында) ғылымда бүгінгі таңда жарық  көрген соңғы деректеді пайдаланып, нақты статистикалық мәліметтер келтірген. Бұл жұмыс СМЖ-не де толық сәйкес келеді. Сонымен бірге жақсы ғылыми тілмен, яғни әдеби тілдің жалпы ережелерін, грамматикалық қағидаларын және ғылыми стиль мен терминологияның дәлдігін сақтай білген. Қосымша материалдар (схемалар, суреттер т.с.с) келтірілген. 

              Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады  біріншісі жалпы әдебиеттерге шолу, екінші негізгі бөлім, үшінші қорытынды түрінде. Қолданылған әдебиеттер тізімі де келтірілген.

Жалпы бұл курстық жұмыс СМЖ –не толық сәйкес келгені ескеріліп, қорғауға жіберіледі. 

Ғылыми жетекшісі:                                                                           Маженова Ж.      

                                                                                                                 Ф-ОБ-001/035

Курстық жұмыстың мақсаты – Австралия материгінің табиғаты, климаты, жер бедерінің ерекшеліктерін көрсету. Солардың ішіндегі жер бедері мен байлығына кең көлемде тоқталып өту. 

Бұл курстық жобаның актуальдылығы (өзектілігі) қазіргі кездегі адамзат қоғамы мен ғылым және технологияның сәт сайын қарыштап алға дамуы жер бедері мен табиғатына да өз әсерін тигізбей қоймайтыны анық. Біз табиғат құндылықтарын тиімді пайдаланғанда ғана бұл байлықтар келешек ұрпаққа жетуі мүмкін. Мұндай шындық баршамызға белгілі «табиғат адамсыз да өмір сүре алады, бірақ адам табиғатсыз өмір сүре алмайды». Осыны әрқашан есте ұстағанымыз шарт. 

Зерттеудің міндеті – Австралияның жер бедері мен пайдалы қазбалары арасындағы байланысты көрсету. Оны болашақ ұрпаққа жеткізу жолдарын ұсыну. 

Қалдықсыз және аз технологиялар құру. 

Процестерді автоматтандыру. 

Процестерді компьютерлендіру.

Аппараттардың дәлдігін жоғарылату. 

Жаңа технологияларды үздіксіз енгізіп отыру.