Нұр-Сұлтанда полицейлер қас-қағым сәтте әйел мен үш баласын өрттен құтқарды (видео)

0
94

Нұр-Сұлтанда полицейлер әйел мен оның үш баласын аман алып қалды. 5 қаңтар сағат 05:40 кезінде Өзен көшесінің маңында жұмыс істеп жүріп түтінді байқап қалады. Жақындай келе олар үйдің шатыры өртеніп жатқанын көреді.

Инспекторлар Ерлан Қатаев пен Асан Балтабаев ойланбастан үйдің есігін бұзып кіріп, ұйықтап жатқан қызбала мен екі ұл баланы сыртқа аман алып шығады. Бұл уақытта от бөлмелерге таралып үлгерген екен.

Балалардың анасы да үйдің өртеніп жатқанын білмей ұйықтаған. Полицейлер әйелді де өз көліктеріне отырғызып, артынша қызыл жалынды ауыздықтауға кіріседі. Олар өз күшімен отты сөндірді.

 

«Барлығы қас-қағым сәтте болды. Біз үшін бастысы — әйел мен балаларды құтқару болды. Бақытымызға орай, ешкім зиян шеккен жоқ», — деді Ерлан Қатаев.

Бұдан кейін оқиға болған жерге өрт сөндірушілер келді.

Кәсібилігінің арқасында полицейлер 9 және 15 жасар екі ұл баланы және 13 жасар қызды өлімнен аман алып қалды. Артынша отағасы екі инспекторға отбасын аман алып қалғаны үшін алғыс білдірді.