Авраам Линкольннің саяси қызметі
Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ ШИ
441-14 тобының студенті Режаме-
това Хилоланың Еуропа және Аме-
рика елдерінің жаңа заман тарихы
пәні бойынша жазылған «Авраам
Линкольннің саяси қызметі» тақыры-
бындағы курстық жұмысына
Пікір
441-14 тобының студенті Режаметова Хилоланың курстық жұмысы 4 бөлімнен: 1) Азамат соғысы қарсаңындағы АҚШ. 2) А. Линкольнің билікке келуі және құлдықты жою туралы заңы. 3) Қаралатын мәселелер 4)Қорытынды деп аталатын бөлімдерден тұрады. Курстық жұмысты жазу барысында А. Линкольнің саяси қызметін ерекше атап өткен. Куртық жұмысты жазуда жаңадан жарыққа шығып жатқан оқу құралдарын пайдаланған. Жалпы курстық жұмыстың қамтыған мәселелері мен пайдаланылған әдебиеттеріне қарап жұмыс қорғауға жіберілді.
Ғылыми жетекші: Агулыкова Ұлжанат.
Жоспар
Кіріспе
І –тарау XIX ғасырдың екінші жартысындағы АҚШ-тың әлеуметтік, эканомикалық, саяси жағдайы
1.1 Азамат соғысы қарсаңындағы АҚШ
II-тарау Линкольннің тұсындағы Америка Құрама Штаттары
2.1 А. Линкольннің билікке келуі және солтүстік пен оңтүстік арасындағы шиеленіс
2.2 Азамат соғысының басталуы .Құлдықты жою туралы заңның қабылдануы
2.3 Азамат соғысының аяқталуы және оның нәтижесі
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Сілтемелер
Зертеудің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: Курстық жұмыстың тақырыбы А. Линкольннің саяси қызметі болып табылады. Бұл курстық жұмыстың мақсаты тақырыпқа сәйкес сол кезеңдегі яғни Америкадағы құлдықты жою, яғни бірнеше заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізіп халықаралық жағдайда болып жатқан өзгерістерге сипаттама беру. Осы тақырыптарды толығымен ашып беру курстық жұмыстың мақсаты болып табылады.
Міндеті:
—1861-65 жылдардағы А.Линкольннің тарихта алатын орны құндылығы жөнінде зертеулер жүргізу
— Сол кезеңдегі мәліметтер бойынша негізінен сол кезеңдегі жағдайға тоқталу, зерттеп баға беру
— Азамат соғысының басталуы солтүстік және оңтүстік арасындағы шиелеісті көрсете білу
— Тақырыпты бүгінгі күнмен байланыстырып, жаңаша тұжырым шығару және ортақ өркениет тұрғысынан жүйелеу
Зерттеудің өзектілігі: А. Линкольннің Америкада жүргізген саяси қызметі , шығарған заңдар жинағы, сол кезеңдегі құлдықты жою, солтүстік пен оңтүстік арасындағы шиеленіс соғыстың қорытындысын шығару үшін АҚШ- тың екінші азамат соғысына дейінгі аралықтағы дамуындағы ерекшелігін көрсету. Онда екі жүйе пайда болды. Елдің оңтүстігінде құл иеленуші плантаторлық шаруашылық қалыптасып, солтүстік капиталистік даму жолына түсті. АҚШ- та капитализм өте тез қарқынды дамып , әсіресе 1840-1860 жылдары аралығында дүние жүзіне әйгілі елге айнала бастады. Менің негізгі өзекті мәселем осы пунктің мәнін ашып, сипаттама беріп, тарихи тұрғыдан баға беру болып табылады.
Тарихнамасы: Бұл тақырыпқа сәйкес әдебиеттер жоқтың қасы. Мен бұл тақырыптарды негізінен орыс жазушыларының еңбектерінен алдым. Мысалыға айтар болсам: 1. История США М. 1983 ж І том 2 . Иванов Р.Ф. «Дипломатия А. Линкольна» М 1987г 3. Қ. Ізтілеуов «Жаңа заман тарихы» І кезең Алматы қаласынан 1995 жылы жарық көрген кітаптар.
Түйін: Жоғарыда жоспарда қаралған мәселелерді қолданып , курс жұмысын толығымен мәнін ашу.
I-тарау XIX ғасырдың екінші жартысындағы АҚШ-тың әлеуметтік, эканомикалық, саяси жағдайы.
1.1 Азамат соғысы қарсаңындағы АҚШ
Англия отарларындағы ұлт-азаттық Америка Құрама Штаттары деп аталған жаңа мемлекеттің құрылуымен аяқталды. Тәуелсіздік алған АҚШ-тың 2-ші азамат соғысына дейінгі аралықтағы дамуында үлкен ерекшелігі бар. Онда екі жүйе пайда болды. Елдің оңтүстігінде құл иеленуші плантаторлық шаруашылық қалыптасып, солтүстік капиталистік даму жолына түсті. АҚШ -та капитализм өте тез қарқынды дамып, әсіресе 1840-1860 жылдар аралығында дүние жүзіне әйгілі елге айнала бастады. Сырттан келуші имингранттар есебінен халықтың саны тез өсті. Мысалы 1800 жылдан 1820 шы жылға дейінгі аралықта АҚШ -тың халқы 5,3 млн адамнан 9,6 млн адамға өсті. Оның ішінде 3млннан астам негрлер бар. Имингранттар арасында 100 мыңдаған маман жұмысшылар мен қолөнершілер бар еді. Бұлардың капитализмнің қарқынмен дамуына үлесі аз болған жоқ. Елдің экномикасында үлкен сапалық өзгерістер жасалды. Өндірістің мануфактуралық кезеңнің орнына машиналы өндіріс орнықты . Жұмысшы тобыда сапалық өзгеріске ұшырап завод фабрикада шоғырланған еді. Елдің экономикалық өмірінде шешуші рол атқара бастады. Елдің солтүстігінде капитализм жайыла және тереңдей түсті. Оңтүстікте құл иеленуші плантаторлық шаруашылық күшейді. Ол әсіресе 1793 жылы мақта тазалайтын машинаның ойлап табуымен байланысты. 1850 жылдардың басына дейінгі арлықта мақта өнімі екі есеге дейін өсті. Сұраныстың күшеюі плантаторлардың мақта плантациялардың көлемін көбейтіп өнімін арттыруға деген ұмтылысын күшейтті. Осы ұмтылыстан құл еңбегіне деген қажеттілік тағыда пайда болды. 1803 жылғы заң сырттан құл әкелуге тыйым салған болатын. Соданда құлдар азайып кетті. Енді оңтүстүктің құл іеленушілері құл өсірумен айналысты . Бұл істе Виргиния, Миссури Кентукки, Делавер штаттарының аты шықты. Азамат соғысының алдынды оңтүстікте 9 млн. тұрғын болса соның 4 млн . құл негрлер еді. Оңтүстіктің тұрғындарының жеті проценті жер иелері, негрлердің 3 млн. құлдықты ұстады (1)
Өнеркәсіпті солтүстік елдің экономикалық өмірінде шешуші роль атқарғанымен , мемлекеттік өкімет органдарында құл иелену үшін плантаторлар болып отырды. Вашингтоннан бастап Линкольн президент болып сайланған елу жыл ішінде президенттік қызметте тек құл иеленушілердің өкілі отырды. Осы жылдар арасында жоғарғы соттың отыз бес мүшесін жиырмасы оңтүстік өкілдері болды.(2).
Оңтүстікпен солтүстік арасында тұрақты ішкі рынок жасау төңірегінде қайшылық пайда болды.Мақта өсүрумен айналысып отырған плантаторларға одан әрі батысқа қарай жерлерді игеру керек болды. Ол жерлерде құлдық тарады. Бұл капитализмді дамытуға керек біртұтас ішкі рынок жасауға ұмтылып отырған солтустіктің муддесіне қайшы келді. Осы қайшылық АКШ-тың болашақ саясатына бөгет болды :Бұлардың тағы бір ерекшелігі екі жақтың да үстем таптары , яғни буржуазия мен құл иеленуші плантатор халық бұқарасын бұл мәселені шешуге араластырғысы келмеді. Оларсыз- ақ өздері келісіп шешім ойы басым болды. Сондықтан да бүкіл одақта қолға алудан үміткер солтустік ымырашылдық әдіске жақын тұрды.
Алайда мұндай күрделі мәселені халық бұқарасын қатыстырмай шешу мүмкін емес еді. Себебі жұмысшы табының өзі құл иеленүшілікті жоюға мүдделі құл еңбегінен жұмысшы табы өзінің тұрмысын жақсартуға кедергі келтіріп отырған бәсекелесін көреді. Ал фермерлер болса батыстың жерін алуға таласып жатқан құл иеленуші плантаторларын кедергі болып отырғанын жақсы түсінді. Сондай-ақ оңтүстіктің құл неглерінен солтүстіктің ерікті негрлері құлдыққа қарсы күрес барысында құлдықтан және нәсілдік түсінбеушіліктен азат болуды армандады.
Елдің негізгі таптары мен тұрғындар тобының фермерлердің жұмысшылардың, құлдармен , ерікті негрлердің буржуазия мен құл иеленүшінің мүдделері айқасып жатты. Бұлардың әрқайсын мүддесі құлдықты шешу арқылы қанағаттандыруға тиіс болды. Елде құлдықты жоюға бағытталған қозғалыс өріс алды. XIX ғасырдың басында Америкалық отарлар қоғамы құрылып , олар негрлерді Африкаға қайтару идеясын ұсынды. 1820 жылдан бастап солтүстік штаттардан 11 мыңға жуық негрлер отанына қайтарылды. Тек мұндай репатрияция , яғни отанына қайтару көп саланы қажет еткендіктен кейін бұл ұсыныстан бас тартуға мәжбүр болды , екінші жағынан еркін штатардағы негрлерде Африкаға қайтудың қаламады.
Қара құлдар 1800 жылы тамызда Ричмондқа таяу Виргинияда ұста негр Габриелдің бастауымен негрлер көтерілісі бұрқ ете қалды. Көтерілісшілер қару жарақ басып алып, олардың қатарына бірнеше жүздеген негрлер қосылып, барлығы Ричмандқа бағыт алады. Бұл үкімет әскерімен басылып, Габриел және оның 35 жақтастықтары өлім жазасына кесілді. Қара құлдардың көтерілісі тек құл иеленушілердің әрекетімен ғана тына қойған жоқ. 30 жылдардың басына елде құлдықты жою жөніндегі жалпы ұлттық қоғалыстар кейінен таралды.
АҚШ-та құлдықты жоюды жақтағандардың аболиционистер деп атады. Мұндай қозғалыстар көптеген солтүстік америкалықтардың күш жігерін біріктірді. Аболицинистер халыққа түсіндіру жұмыстарымен жан-жақты айналысты :кітап газеттер шығарды, жиналыстар жасады. Оңтүстік штаттардың үкіметтер аболиционистерді жібермеуге тырысты. Олардың жиналыстарына тыйым салынды. 1833 жылы Американдық құлдыққа қарсы күрес қоғамы құрылып, бұл қозғалыс ұйымдасқан сипат алды. Қозғалысқа жұмысшысшылар , фермерлер , негр қозгалысының қайраткерлері қатысты. 250 мың мүшесі 25 газет журналдары болды. Жер асты темір жолы арқылы көптеген құлдарды еркіндікке шығарды. Мұны темір жол екен деп түсінбеу керек, солтүстік және оңтүстік штаттарда қашқан құлдарды өткізіп жіберіп отырды. Солтүстікке аяқ басқан құл еріктіге айналады. Онда құлдық жоқ. Буржуазия батыстағы жаңа территорияларға аратқызбауды ойлады. Сонымен қатар құлдық өмір сүріп отырған штаттардың ісіне араласқысыда келмеді. Олардың бұл көзқарасы 1854 жылы құрылған өнеркәсіп және сауда буржуазиясы, фермерлер өкілдерінің партиясы республикашылар партиясының бағдарламасынан айқын көрінді.
Құл иеленушілер мен олардың солтүстіктегі одақтастарының мүддесін сонау 1828 жылы құрылған Демократиялық партия қорғады. Осы ХІХ ғасырдың 50 жылдарынан азамат соғысы қарсаңына дейін буржуазияның ымырашылдығынан да құл иеленушілердің пайдасына құлдықтың бүкіл штаттарға таралуына мүмкіндік жасайтындай заңдар мен шешімдер алынды. 1850 жылы конгресс қашқын құлдар туралы заң қабылдады. 1857 жылы жоғары сот негр Дрет Скоттың ісі бойынша қожайыны қайда тұрса да бұрынғыдай билігі де сақталады деген шешім қабылдады. Бұл елдің барлық штаттарына құлдықтың таралуына жол ашты. Соғыс алдында буржуазияның экономикалық мүддесіне зиян келетіндей шаралар алды, кедендік тарифты азайтты, кеме құрылысына қажетті мемлекеттік қарызды қысқартты, гомстед туралы заң жобасын жауып тастады. 1850 жылдардан бастап капитализмнің дамуы оның тездеуімен, батыс жерлерін фермерлердің отарлауының кең етек алуымен байланысты құлдықпен арадағы қайшылық бітіспейтін сипат алды. Және бұл кезде күштердің ара салмағы солтүстік штаттарының пайдасына шешіле бастады. Осы жылдардан бастап солтүстікте капитализм және солтүстік – батыста фермерлік ауылшаруашылығы тездеді. Өнеркәсіп өнімі Англия, Франция, Германиядан кейінгі 4-ші орынға шықты. (3)
Сонымен күн тәртібінде тұрған құл иеленушілікті жою, батыс жерлеріне иелік мәселесін демократиялық сипатта шешу, шетел тауарларының еніп кетуін, сипатын тоқтату мақсатында жоғары енгізу сияқты міндеттерді шешу төңірегінде елде революциялық жағдай қалыптасып азамат соғысын жетілдіре түсті.
II-тарау Линкольннің тұсындағы Америка Құрама Штаттары
2.1 Линкольннің билікке келуі және солтүстік пен оңтүстік арасындағы шиеленіс.
Елде саяси дағдарыстың пісіп жетіліп отырғанын әсіресе, 1860 жылғы сайлау компаниясы кезінде көрінді. Республикашыл партия сайлау алдында жұмысшылардың, фермерлердің даусын алу үшін күресті. Ол үшін жаңа жерлерді құлдыққа тыйым салуға, жоғары пошлина салығын енгізуге уәде берді. Бұл программа сөз жоқ республикашыларды қолдаушыларды көбейтуге тиіс болды. Сайлауда бірінші рет солтүстіктің өкілі А. Линкольн президент болып сайланды. Ол 12 ақпан 1809 жылы Кентукки штатында Американың алғашқы қоныстанушылардың ұрпағы фермер отбасында дүниеге келген . Бала кезінен әкесінің шаруашылығына көмектесіп, еңбектің ыстық суығын көріп өсті. Әкесі сауатсыз, ал шешесінің сауатты болды. Шешесі балаларын мектепке беріп оқытты, оның бақыты ұзаққа созылмады. Өйткені Авраамның шешесі дүниеден өтті. Екінші шешесі өте мейірімді, сауатты әйел еді. Аврааммен жақсы тіл тапты. Оқып одан әрі сауаттануына көмектесті. Алайда жиі-жиі қоныс аудару оның тұрақты білім алуына мүмкіндік бермеді. Білімін өз бетінше кітаптар оқу арқылы жетілдірді. Ол кезде кітапта көп емес еді. Авраам кімде кітап бар екенін есітсе оны оқуға тырысты. Ол өте еңбекшіл адам еді. Оның 16 жастағы бойының ұзындығы 193 см болды. Жас Авраам Америка өмірінің күрделі жақтарын түсінуге тырысты. Оның оқытушыларын жас Авраамның негрлермен үндістердің қайсысының наразылығы тереңдеу деген сияқты сұрақтары таң қалдырды. 1836 жылы ол емтихан тапсырып оқуға түсті, адвакат атанды. Авраам Линкольннің басқалардан айырып тұратын көптеген қасиеттері бар еді. Ол өте шыншыл, адал, қарапайым, сөзге шешендігі оның танымал болуына әкелді. Ол 1834-41 жылдар аралығында Иллинойс штатында заң шығару жиналысын мүшесі, 1847-49 жылдар аралығында АҚШ конгресс өкілдер палатасының депутаты болды. 1854 жылы республикалық партанияны құруға ат салысып, құлдарды азат етуді жақтады. Ол адамдарды азаматтық және саяси құқықтар кеңейтудің, елдерге сайлау құқығын беруді жақтады. Құлдарды азат етуді іске асырды. Линкольннің құлдықты жоюға бағытталған ұстанымы республикалық партияның негізгі мәселелерін бірі болды. Ол құл иеленушіліктің кең етек жайып бара жатқанына қаршы шығып, оның ойынша батыстағы бос жерлер фермерлердің қаныстануына берілуі тиіс деп есептеді. Линкольн ешқашан өзінің құлдыққа қарсы көз қарасын жасырмаған. 1860 жылғы президенттік сайлау барысында бір-біріне қарсы тұрған демократтар мен республикалық партиялар арасындағы күрес үдей түсті. Демократия партия кандидаттыққа құл иеленушілікті жақтаушы С. Дуглосты ұсынды. Ал республикалық партия адвакат және публицист А.Линкольнді ұсынды. Бұл кезде республикашыл партияның өкілі Линкольннің мүмкіндігі жоғары болды. АҚШ президенті Бьюкененнің пайымдауы бойынша, егер Линкольн біздің келесі президентіміз болса ол мемлекеттік құрылысты өзгертемін деді. Көптен күтілген сайлау 1860 жылы болды. Сайлауға 4700000 сайлаушы қатысып, А. Линкольнге 1866452 дауыс, С. Дуглосқа 1376957 дауыс береді. Авраам Линкольннің сайлауда жеңіп шығуына жұмысшылардың қолдауы үлкен септігін тигізді. Республикашылардың басшылары біз жұмысшыларға үлкен рахметімізді айтамыз, олар біздің жеңіске жетуімізге көмектесті деп мәлімдеді. Бүкіл мемлекетке танымал Уолт Уитмен, Джон Уитьер, Гариет Бичер- стаз Линкольннің көп дауыс иеленуіне үлкен септігін тигізді. У. Филипстің айтуы бойынша мамлекеттің тарихында АҚШ та бірінші рет құлдар президенті сайланды. (4) Линкольннің президент болып сайлануы өте үлкен халықаралық шиеленісті тудырды. Линкольннің АҚШ президенті болып сайлануы Америка тарихында үлкен маңызға ие болды. Чернышевский былай деп жазған еді: «Линкольннің кандидатын жақтаған партияның жеңіске жеткен күні – ұлы күн , яғни құрама штаттар тарихында бетбұрыс болған күн. » (5)
Бұл Америка тарихында құл иеленушіліктің дағдарысқа ұшырағандығының белгісі болып табылады. Құл иеленушілікті жоюдың белгілі жақтаушысы ел өнеркәсібінің өркендетілуі республикашыл А.Линкольннің мемлекет басшысы болып сайлануы оңтүстікті АҚШ -тан бөлінуге итерлемеді. Авраам Линкольннің ресми түрде президент қызметін атқарғандығына бір апта болғанда, яғни 1860жылдың 20 желтоқсанында Оңтүстік Каролина штаты өзінің одақтан шығатынын мәлімдеді.1861 жылдың қаңтарында 11 оңтүстік штаттар — Алабама, Джорджия, Луизиана, Миссисипи, Техас,Тенесси , Флорида, Арканзас, Виргиния, Солтүстік Каролина жаңа мемлекеттің – Америка Штаттары Конфедерациясының құрылғандығын жариялады.
Фредрих Дуглос Линкольннің құлдықты жою позициясына қарсы шыққанымен , оның конфедерацияны сақтауға бағытталған ойларын, көз- қарасын қолдады.
2.2 Азамат соғысының басталуы. Құлдықты жою туралы заңның қабылдануы
1861 жылдың 12 сәуірі АҚШ тарихында бет бұрыс күн болды. Себебі бұл күні құл иеленушілікке қарсы күштер құлдыққа қарсы күрестің қаруымен қарсыласу кезеңіне өтті. Ең алғашқы әскери қақтығыс 1861 жылдың 12 сәуірінде өтті. Оңтүстік әскері зеңбіректерден оқ жаудырып , федералды әскер тұрған Самтер қамалын басып алды. Олар Чарлстон қаласына кіретін жолды жауып қойды. 74 солдат , 9 офицерден тұратын қамал гарнизоны 7000 армияға қарсы тойтарыс бере алмады. 1,5 сағаттан кейін АҚШ -тың туы түсіріліп, қамал басып алынды. Конституция бойынша АҚШ — тың флоты мен әскерінің бас қолбасшысы болып есептелген президент А.Линкольн оңтүстікті теңіз жағынан қоршауға алуға бұйырып , оңтүстік штаттардағы көтерілісті басу үшін үкімет әскерінің құрамына 75 000 еріктірлерді шақырады. АҚШ тарихындағы ең қантөгісті соғыс, солтүстік пен оңтүстік арасындағы азамат соғысы осылай басталды. Самтер қамалының басып алынуы құл иеленушіліктің қарсы топтардың күштердің қимылдауына себеп болды.
1861 жылы 15 сәуірде президент Линкольн одақтан шығуға қарсы соғыс бастап көтерілісті басу үшін үкімет әскерінің құрамына 75 000 еріктілерді 3 айға шақырды. Әскер қатары шахтерлермен, жеңіл өнеркәсіп жұмысшылары басқа да мамандықтар мен толықтырылды.
Линкольннің ұсынысына жұмысшы имигранттар, немістер, ирландыктар, италяндықтар, поляктар, венгерлер, өздерінің қолдауын көрсетті.
Азамат соғысында елеулі басымдылық солтүстік жақта болды. Өйткені ол 22 млн. тұрғыны бар 23 штатты біріктірсе , оңтүстік 9 млн. тұрғыны бар 11 штаттан тұрды. Оның өзінің 4 млн қара құлдар құрады, солтүстік жағынан соғысқа 2898304 адам жұмылдырылса, ал оңтүстік 1927890 адамды қарулы күш қатарына шақыра алған.Оңтүстік АҚШ -тың өндірістік өнеркәсібінің бар жоғы 7,4 % ғана берсе , қалғанын толығымен солтүстік берді. Азамат соғысы екі экономикалық жүйе арасында шоғырланған яғни солтүстіктің жаңа капитализмі арасындағы күрестің нәтижесінде пайда болды. Авраам Линкольннің 1861 жылы 3 мамырда армия қатарына тағыда 500 мың еріктілерді шақырды. А. Линкольн 4 шілдеде конгреске мәлімдеме жасап, онда саяси және экономикалық проблемаларды шешу үшін ұсыныстар білдірді. Бірақ президент бұл мәлімдемеден құлдық туралы ештеңе айтпады. Бұл уақатта құлдықты жою мәселесі ең маңызды мәселе болып табылатын. Линкольннің ұстанымы көптенген адамдарды, атап айтқанда солтүстік және оңтүстік арасында шиеленіс шешіледі деп үміт артып жүрген адамдарды таң қалдырды. 21 шілде 1861 жылы астанадан алыс емес жерде көтерілісшілер және феодалдық әскерлер арасында бірінші шайқас болды. Федералдық армия 35 мың әскерден , конфедераттар 30 мың әскерден тұрды. Астананы қоршап, федералдық армия Виргиния,Миссури бағыт алды.Орыс армиясының подполковнигі ,солтүстіктегілердің Потомак армиясының бақылаушы ретінде барған Романов 5 қазан 1861 жылы былай деп айтты: Газеттер адамдардың рухын ояту үшін барлық өтірік мәліметтерді жазды және олар мұны арсыз түрде жариялады .(6)Оңтүстіктің бірқатар артықшылық жақтары болды. Солтүстіктегілердің көпшілігіне қарағанда оңтүстіктегілердің әскери дайындығы әлде қайда ілгері еді. Барлық ер адамдар қаруды тамаша пайдалана білді. Оңтүстікте әскери қызмет жоғары бағаланатын. Сондықтанда АҚШ армиясындағы генералдар мен офицерлердің барлығына жуығы оңтүстік аймақтан шыққандар еді. Соғыс басталғаннан кейін олардың көпшілігі конфедерация жағына шығып кетті. Оңтүстіктің тағы бір ерекшелігі олар негізінен қорғаныс тәсілін ұстады. Олар солтүстік штаттарды басып алуға ұмтылған жоқ. Ал солтүстік болса оңтүстіктегілерді бүлікшілер деп жариялап , оларды талқандап өздерінің ықпалына бағындыруға тиіс болды. Бұл солтүстіктің экономикалық және қаруланудағы артықшылығын кеңейте түсті. Өйткені шабуыл жасағандарға қарағанда қорғаныстағылар құрал жабдық пен күшті аз жұмсайды. Ал солтүстік пен оңтүстік арасындағы соғыс ұзаққа созылған сипат алды. Оңтүстіктегілер өздерінің артықшылығына «янкілерді» жеңетіндігіне сенімді болды. Оңтүстік штаттар АҚШ -тан бөлінуін өздерінің заңды құқығы деп санады. Солтүстіктің федерация бөлінбеуге тиіс еді. Басты мақсаты АҚШ -тың тұтастығы сақтап қалу еді. Бұл соғыс барысындағы жаңа бетбұрыс еді. 1864 жылдың күзінде генерал Уильям Шерман оңтүстіктің ірі орталығы Атланта қаласын алды. Уильям Шерман Линкольннің бұйрығымен негр полктарын басқаратын болды. «Құлдық — Құрама штаттардың саяси және әлеуметтік дамуын құрап отырған осы аса үлкен бөгет талқандалысымен елде өрлеу басталады, бұл өрлеу оның өте қысқа мерзімнің ішінде бүкіл дүниежүзілік тарихтан мүлде басқаша орын алуын қамтамасыз ететін болады және соғыс кезінде құрылған әскер де , флот та, сонда өзінің атқаратын ісін тез табатын болады»(7)- деп жазды Ф.Энгельс Вейдемерге 1864 жылы 24 қарашада жазған хатында. 1862 жылы 30- желтоқсанда түстен кейін Авраам Линкольн құлдарды азат ету туралы прокламацияға қол қойды. Еш уақытта өзінің дәл мұндай әділетті, өте керек құжатқа қол қоймағанын атап көрсетті. «Таң ертеңгі тоғыздан бері менің қолымды алып, өздерінің ризашылығын білдірген адамдардың көптігі сонша, қолым жазылмай қалды. Қараған адамдар қолы дірілдеген екен, қол қояр алдында әлі толқу үстінде болған екен демесін» -деп президент өте баппен, асықпай прокламацияның астына «Авраам Линкольн» -деп өз қолын қояды.(8)
Линкольн бұл құжатқа қол қойғаннан кейін былай деп айтқан еді: «Егер менің атым қашанда тарих беттеріне кіретін болса, бұл осы құжаттың арқасында».(9)
Линкольн шынымен тарихқа енді. Маркс прокламация туралы айтқан ойында: «Америка тарихында ескі америка конституциясын бұзған маңызды құжат болып табылады. Құрама Штаттардың және азамат тарихында Линкольн Вашингтонның қасынан орын алады»(10) -дейді.
2.3 Азамат соғысының аяқталуы және оның нәтижесі.
1864 жылы А.Линкольн генерал Грантты одақтың қарулы күштерінің командирі етіп тағайындады. Генерал Грант соғысқа кірісудің бас жобасын дайындайды. Бұл жоба Джорджия штатында бағытталған әрекеттерден тұрды. 1864 жылы 6 мамырда генерал У. Шерман жүз мыңдық армия мен Джорджия территориясы арқылы соғысқа аттанды. Олар теңіз арқылы соғыс әрекеттерін жүргізді. Генерал Грант 1864 жылы 4 мамырда құрлықтан соғыс бастады. Жүз жиырма мыңдық армия генерал Ли армиясымен соғысты. Генерал Грант армиясынан жоғалтулар көп болды. Он күндік шайқаста 26815 адам өлді немесе жарақаттанды. Генерал Грант Ли армиясын жеңеді және конфедерациямен соғысты аяқтайды. Грант әскері Ричмонтты да алады. Ли әскері 9 сәуірде 28 мыңдық әскермен тізе бүгуге мәжбүр болды. Осылай екі жақтан 650 мыңнан астам адам өмірін қиып кеткен азамат соғысы аяқталды.
Азамат соғысы аяқталғаннан соң президенттік сайлау науқаны басталды. Сайлау компаниясы үшін Линкольн үшін жақсы басталмады. Линкольнге конфедерация мен одақтасу шарты қойылды.1864 жыл 18 шілдеде президент баяндама жасап былай дейді: АҚШ үкіметі барлық одақта тыныштық орнату үшін барлық келіссөзге дайын (11). Бұл шешіммен президент өзінің позициясын, яғни тыныштық одақ пайда болып құлдық жойылған кезде болады деген ұстанымын орнатты. 7 маусым 1864 жылы республикалық партияның съезіне президенттікке Линкольн кандидатын қолдады. 29 тамызда Чикаго да Демократтар өз жұмысын бастады. 1865 жылы 4 наурызда Линкольн президенттік қызметіне кірісті. Ол баяндамасында соғыс 250 жылдық құлдардың еңбегі, байлығы қайтарылғанға дейін созылуы тиіс. Президент Америка халқын тыныштық және достықта өмір сүруге шақырды. Генерал Лидің 28 мыңдық армиясы 9 сәуірде Грант армиясына жеңілгендігі туралы жариялайды. Сонымен азамат соғысы аяқталды. 1865 жылы Вашингтон қаласындағы «Форд» театрында президент Линкольн актер Бутс тарапынан жараланады. Кейін қайтыс болады. Актер Бутс құл иеленушіліктің жақтаушысы болды. Бұл қылмыстың көптеген құпиялары ашылмаған . Президентті атқан кезде қаладан шығатын барлық көшелер жабылған еді. Тек бір ғана көше жабылмаған болатын.Бутс сол көшеден қашады. Кейін атыс кезінде Бутс қайтыс болады. Бұлардың барлығы президенттің өліміне тек құл иеленушілер ғана емес , солтүстіктің танымал саяси топтары да қатысты болғанын көрсетеді.
Президенттің өлімі халықты өте қайғы қасіретке әкелді. Халық өте қатты қайғырды. Ол туралы өлеңдер шығарды. Мәңгілік есте сақтайтын білдірді. Халық бірнеше күн бойы трауыр жариялады. Жүз мыңдаған американдықтар президентін жерлеуге қатысты.
Қорытынды.
Азамат соғысынан кейін АҚШ -тың саяси өмірінде үлкен өзгерістер болды. Азамат соғысы кезіндегі буржуазияның реакцияшыл көзқарастары енді соғыстан кейін олардың саясатының негізіне айналды. Себебі буржуазия үкімет билігін толық қолына алды. Енді оған басқа бай таптардын тарапынан үкімет үшін талас қаупі жойылды. Буржуазияның өзі оңтүстіктен қайта құру жылдарында жер алып жер иесіне айналған еді. Енді олармен плантаторлардың мүддесі жақындаса түсті.
1861-65жылдардағы азамат соғысындағы буржуазиялық демократиялық өзгерістер аяғына дейін жеткізілген жоқ. Негрлермен ақ кедейлер жер ала алмады. Саяси, экономикалық , азаматтық құқықтар берілмеді. Елдің қоғамдық өмірі демократияланбады. Қайта еңбекшілердің экономикалық саяси құқықтарына шабуыл күшейтілді.
Революция халық бұқарасының саяси белсенділігін арттырады. Азамат соғысынан кейін күшті жұмысшы қозғалысы пайда болды. Кәсіподақтар құрылып күшейді. Фермерлер қозғалысы тұңғыш рет жалпы ұлттық қозғалыс сипаттына өте бастады.
АҚШ-тағы азамат соғысы дүние жүзінің көптеген бөліктерінде азаттық қозғалысын жандануына ықпал жасады. Басқа елдердің жұмысшы тобының саяси санасын , интернационалистік көзқарастарының өсіп қалыптасуына әсер етті.
Азамат соғысында Авраам Линкольннің үлкен жүзеге асырған жобасы құлдықты жою туралы пратоколға қол қойғандығы
үлкен маңызға ие. Өйткені құлдық, негрлермен ақ нәсілдердің арасындағы шиеленіс сол кезде ең басты проблема болатын. Бұл қиыншылықты шешудің А.Линкольннің батыл әрекеті үлкен рөл ойнады. Сондықтан да бұл азамат соғысының тарихы бүгінгі күнге дейін өзінің тарихи және ғаламдық мәнін жоймай, адамзаттың ілгері басу жолындағы күресінің елеулі кезеңі болып отыр.
Сілтемелер
1. Иванов Р.Ф. «Борьба негров за землю и свободу на юге США»,
М., 1958. 15 бет.
2. Иванов Р.Ф. «Борьба негров за землю и свабоду на юге США»,
М., 1958. 19 бет.
3. Новая история М., 1978г. 556 стр.
4. История США М., 1983г. 401стр.
5. История США М., 1983г. 414стр.
6 К. Маркс, Ф. Энгельс «таңдамалы хаттар» А. 1958. 160бет.
7. Иванов Р.Ф. «Борьба негров за землю и свабоду на юге США»,
М., 1958г. 110стр.
8. История США, М., 1983г. 424стр.
9. Иванов Р.Ф. Дипломатия Авраама Линкольна, М., 1987г.
10. К.Маркс, Ф. Энгельс «таңдамалы хаттар», А. 1958. 164бет.
11 У. Фостер очерк политеческий истори Америки, М., 1963г. 388стр.
12. История США, М., 1983г. 405 бет.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Иванов Р.Ф. « Дипломатия Авраама Линкольн» М., 1987г
- История США, М., 1983г. І том
- Иванов Р.Ф.Авраам Линкольин и гражданская вайна вСША,М., 1964г
- Қ. Ізтілеуов «жаңа заман тарихы» І кезең, А., 1995ж.
- Қазақ ұлттық энцикопледиясы VI том , 2005ж
- Иванов Р.Ф.«борьба негров заземлю и свабоду на юге США» М., 1958г
- У. Фостер очерк политейческий историй США, М., 1963г.
- К.Маркс, Ф. Энгельс «таңдамалы хаттар» А., 1958ж
- новая история М., 1978г
- Петров Д.Б. А. Линкольин М., 1959г
- Лисоволик Д. О чем мечтал Линкольин из историй русско — амерканский отношени (1861-65гг) красная звезда 1989. 23. наябрь.
- Американский президенти 41 исторический портрет от Д.вашенгтонна Б. Клинтонна под редакций Ю. Хайдекинга- ростов –на Дону: Фемекс, 1997г.