Бойжеткен пәктігін 10 мың долларға сатылымға қойды

1
2204

23 жастағы тәжік қызы First Night («Алғашқы түн») халықаралық онлайн-аукцион арқылы пәктігін 10 мың долларға сататынын мәлімдеді. Бұл платформада әлемнің әр түкпірінен бойжеткендер «алғашқы түнін» дәулетті еркектерге сатады.

Душанбелік бойжеткен Озоди радиосының тілшісіне отбасындағы қаржылық қиындыққа байланысты пәктігін сатып, туғандарына көмектесуге бел буғанын айтады.

Онлайн-аукционда Орталық Азиядан шыққан бойжеткендердің лоты өте көп. Тәжікстан мен Түркіменстаннан әзірге біреуден. Мұсылман елдерінен көптеген Иран бойжеткендері шетел азаматтарына тұрмысқа шыққысы келеді.

Аукционда пәктік құны 3 мыңнан 1 млн долларға дейін бағаланған. Маршалл аралдарындағы компания деп тіркелген «Алғашқы түн» сайтының құрылтайшылары өзіне ешқандай жауапкершілік алмайтынын жариялаған.

Сайт өкілінің сөзінше, келісім «сатушы мен сатып алушы» арасында жүреді. Тәжікстандағы «Фемида» ұйымының жетекшісі Саноат Солиева жоғарыдағы тәжік қызының іс-әрекеті Тәжікстан заңдары бойынша заң бұзушылық болып саналмайды дейді.

«Тәжікстан заңдары мұндай іс-әрекетке рұқсат бермейді де, тыйым салмайды да. Бірақ бұл ар-ұждан жағынан біздің менталитке қайшы. Тәжік қыздары тұрмысқа шыққанша, пәктігін, арын сақтауы тиіс. Өзімнің тәжірибемнен тәжік қыздары осындай қадамға барды дегенді бірінші рет естіп тұрмын», — дейді Саноат Солиева.