Африканың шөлдену аймақтары туралы реферат
Тақырыбы: Африканың шөлдену аймақтары
Жоспар
Кіріспе…………………………………………………………3-4
І. Африканың шөлдену аймақтарының проблемалары………….5-7
1.1. Сахара ……………………………………………………………………….8-15
1.2. Намиб ………………………………………………………………………….16
1.3. Калахариде ………………………………………………………………17-21
1.4. Араб……………………………………………………………………………..22
1.5. Ливи- Нуби………………………………………………………………..23-25
- Шөлдену аймақтарының экологиясы ……………………………..26-27
ІІІ. Қорытынды………………………………………………..28
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер………………………………29
Кіріспе
Жер шарының қатты құрғап кеткен аймақтары өсімдік пен суға тапшы ЮНЕСКО мәліметтері бойынша барлық континенттің 23% шөл аймақтары құрайды. Ал Кеңес географтары қураған жердің 22% шөл және шөлейт жерге яғни 31,4млн. км2 жерді жатқызады. Яғни осының 13 африка материгіне тиесілі. Африка материгі- көлемі жағыған Еуразиядан кейінгі жер шарындағы екінші материк. Африка, оған кіретін аралдарды қоса есептегенде, 30млн.км2-ден астам жерді алып жатыр. Еуразиямен өкпе-тұс келген Африка материгін тек Қызыл теңіз бен Жерорта теңізі, Гибралтар бұғазы мен Суец каналы бөліп тұр.
«Африка» деген сөз- латынның «африка» деген сөзінен шықты делініп жүр, ол «аясыз» деген ұғым береді. Олай болса, материктің аты оның табиғат жағдайына әбден сай келеді. Африка- Жер шарындағы ең ыстық материк, олай болу себебі- материктің Солтүстік және Оңтүстік тропиктер аралығындағы географиялық жағдайының ерекшеліктеріне, яғни ыстық жылулық белдеуіне орналасуына байланысты. Экватор материкті тең ортасынан дерлік қиып өтеді.
Африка жағалауларында жақын маңды аралдар онша көп емес. Аралдардың ең үлкені- Үнді мұхитындағы Мадагаскар аралы. Атлант мұхитында ең ірілері- Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс аралдары.
Африка жағаларына ұласып жатқан мұхиттар суы барлық тұста дерлік материкті ішкерілей енбеген, сондықтан да жағалау жиектері аз тілімделінген. Африканың жағалау жиектерінің ұзындығы 30500 км астам. Шапшаң жүретін теңіз теплоходымен Африка материгін шамамен 20 күнде айналып шығуға болады.
Африканың бүкіл солтүстік аймағы шөл жерге жатады. Ол -12-140 слотүстік ендік жнрорта теңізіне дейінгі аймақты қамтиды. Оңтүстік Африканың ең үлкен шөлді аймағы Намиб Атлант мұхитынан Сары теңіздің оңтүстік шығысына дейін созылып жатыр.
Әлемге әйгілі Сахара шөлінің пайда болуы жайлы бұрынғы кезде ешқандай мәлімет болмаған. Геродоттың айтуы бойынша бұрынғы саяхатшылар тобы батыстан шығысқа қарай ағып жатқан өзенге дейін және Ливия шөліне дейін жеткен. Ал Геродот болса оны Нілдің батыс бөлігі деген қате пікірлері бар.
Материктің орталық бөлігінде тасты шөл Калахари шөлі жатыр. Шөл климаты ауа температурасының жоғары екенін көрсетеді. Орташа температура жазғы уақытта 250 С, кей кездерде 500 С дейін барды. Ауа температурасының ең жоғарғы максимумы 580 С . Әз-Завийде ( Ливийде ) тіркелген. Күн радиациясы өте жоғары, себебі бұлттардың аздығына байланысты жылдық радиация Солтүстік Африкада 200-220 ккол/см2 болуы. Күн әсерінен топырақ 60-800с дейін қызарып ыстық соншалықты адам сол жерді басса күйеді.
Тропиктік белдеудегі шөлде (Сахара) жыл маусымының ауысуына нақты дәлел жоқ. Бірақ қыс кезінде адамның өмір сүруіне мүмкіндік бар.
Шөлді аймақтың ауасы құрғақ және жауын-шашынның аз түсүі (100-200мм). Бұл шөлдің өзіндік ерекшелігі: мысалы: Джибути аймағында 1980 жылы жауын-шашын мөлшері 25мм болған. Күндізгі уақытта ылғалдылық 5-20%, ал түнде 20-60% көтеріледі. Африка шөлдерінің климаттық жағымды жағдайлары Атлант мұхиты аймақтарында байқалады, яғниауа ылғалдылығы 80-90% жетеді.
Бірақ көптеген шөлдерді құмның мекені деп атауға болмайды. Мысалы: Арап шөлінің аумағында 20-25% құмды қамтиды. Сахара шөлі «Құмды көлдің» 10% — тін ғана құрайды. Ал 70% шеткі аймақтарын тастар, жұқа хомауалар құрайды.
Шөлдің климаттық мінездемесі толық болмас еді егер желді ескермесек. Жер шөлдің улы иегесі деп аталады. Арап мақалында «Сахара шөлі күнмен бірге тұрып, күнмен бірге жатады» деп айтады. Тұрғылықты халықтар осы желді әртүрлі атпен бекер атамаған. Сомуд, Сирокка желдері шөлді аймаққа тән.
І. Африканың шөлдену аймақтарының проблемалары
Африка оңтүстік жары шар материгі. Африканы экватор дәл ортасынан кесіп өтеді. Екі тропиктік шеңбердің аралығында орналасқандықтан материкке күн сәулесі мол түсеі. Сондықтан Африка жер шарындағы ең ыстық материк болып табылады. Солтүстік және Оңтүстік шеті ғана субтропиктік белдеулерге енеді. Африканы экватор сызығы қиып өтуінен күн сәулесі үлкен көлбеу бұрыш жасай түседі. Әсіресе екі тропик үстінде орналасқан кез келген нүктеден жаз кезінде күн сәулесі дәл төбеден тіктүседі. Сондықтан материктің көпшілік бөлігі құрғақ шөлді болып келеді. Тропиктік белдеуде жер шарындағы ең ыстық, ең құрғақ, ең үлкен Сахара шөлі орналасқан.Мұнда күндіз ауаның орташа температурасы +400с және одан да жоғары көтеріледі. Құмның беті +700 с +800с-қа дейін кызады, керсінше түнде ауа мен жер беті тез суынады. Сахараның ауасы құрғақ ыстық әрі шаңды болады. Жазда жиі-жиі саммум желдері соғады. Асты ылғи шаңдатып тұрады. Нәтижесінде көкжиекте пайда болған сағымдар шөлдері жолаушылардың көзін алдады. Сахарада жаңбыр- өте сирек болатын құбылыс. Кейде бірнеше жылға созылған құрғақшылықтан кейін күтпеген жерде нөсер жаңбырлап жауады. Су өткізбейтін жыныстар жауып жатқан шөлде әп сәтте айналасуға толып сел жүреді. Киматтың мұндай сипатын тропиктік континенттік шөл климаты деп атайды. Ал Калахари шөліндегі климаттық жағдайлар Сахара мен салыстырғанда біршамақолайлы болып келеді. Үнді мұхитынан келетін теңіздің тропиктік ауа массаларын ықпалында болатындықтан тропиктік ылғалды климат тән болуы. Осындай климат жағдайларды адам өмірі мен шаруашылығы әрекетіне түрліше әсер етеді. Климаты қатал деп есептелетін Сахара жері медециналық тұрғыдан алғанда Африканың ең «таза» ауданы болып саналады. Оның себебі шөлдегі жоғары температура мен құрғақ ауа жағдайында жұқпалы ауруларды қоздыратын микроптар мұнда кездеспейді. Ал керісінше ылғалы мсол аудандарда көптеген қауіпті ауруларды жұқтыратын жәндіктер кең таралған. Бұл адам денсаулығына ғана емес, мал шаруашылығын дамытуға да нұқсан келтіреді.
Сахара қойнауында қазба байлықтардың (мұнай, газ, темір, марганец, мыс рудалары, тұз) қоры мол. Оның күн қызуынанорасан зор мөлшерде алатын энергиясы егін шаруашылығы үшін таптырмайтын мүмкіндік көздері болып табылады; топырағында қоректік минералдық заттар көп. Осы мүмкіндіктерді пайдалану үшін су жетіспейді. Сахараны оның шекарасын бойлай орналасқан алқаптарын суат есебінен суландыру және суару жобалары әлде неше рет жасалды. Сахараны Конгомен оның сағаларын бұру арқылы суландыру мүмкіншілігі жайлы пікір көбірек айтылды. сондай-ақ Сахараның климаттық жағдайларын онда Жерорта теңізі суларын жіберу арқылы өзгертетін жобалар да бар. Бірақ осы жоба – ойлардың бәрі жүзеге аспай келеді. Африканың солтүстік бөлігіндегі шөлдердің ауданы азаюдың орнына барған сайын ұлғая түсуде. Қазіргі кезде шөлдің оңтүстікке саваннаға қарай ілгерілеп бара жатқаны байқалады. Бұл процес өте жылдам жүруде. Шөлдің шекарасындағы топрақты малдың таптап тастауы, ағашпен бұта шабу және өртеу топырақ жамылғысының бұзылуын құмның көшуіне және су алқаптарының құрғап кетуіне әкеп соғуда. Кейбір деректерге қарағанда, Сахара оңтүстікке қарай шамамен алғанда жылына бір км жылжитын көрінеді.
Сахара алабының өзінде адамдардың қаректімен байланысты өсімдіктердің азып, топырақтың тозып бара жатқандары жайлы деректерде бар. Кейбір ғалымдар Сахара шөлі адамдардың қолымен жасалған деген тұжырым жасайды, дегенмен мұндай пайымдауларды асыра айтқандық деп есептеу керек.
Африканың физикалық картасы
1.1Сахара
Тропиктік шөлдер Африканың солтүстігінде ұланғайыр территорияны алып жатыр Шөл және шөлейт ландшафтар Атлант мұхитынан Қызыл теңізге дейін, Атлас тауларының етегімен Жерорта теңізі жағалауынан Сенегал өзенінің төменгі ағысынан бастап, Чат көлі арқылы Нілдегі Хартумға өтетін сызыққа дейін жердің өн бойына созылып жатыр. Осынау 7-8млн.км2 орасан зор кеңістікті яғни Африка материгінің 25% сахара деген жалпы географиялық атаумен біріктіріп атайды.Сохара араб тілінен сахара-шөл деген мағнаны білдіреді.Сахараның географиялық шекарасы барынша айқын. Тек қана оңтүстікте, табиғат жағдайлары шөлейттен саванаға бірте -бірте ауысатын жерде анық физикалық — географиялық шекарк жоқ. Сахара оңтүстікте тұрақты жауын- шашынды кезеңі бар жерде аяқталады.
Сахара түгелімен Африкаплатформасыныңшегінде орналасқан, оның көпшілік бөлігі негізі кристалдық және вулкандық жыныстардан түзіліп, горизонталь тұнба шөгінде қабаттарымен көмкерілген үстүрт болып табылады. Кей жерлерде жер бетіне ежелгі қатпарлы негіз шығып жатады да биік таулы қырат құрайды немесе күнбе тәріздес қыраттар түрінде ежелгі интруизиялар шығып жатады. Жер беті шөгінді тау жыныстарымен көмкерліп жатқан жерлерге нағыз төрткүл және куэсталық үстірттер мен тау жұрнақтары тән.
Қыс айларында анағұрлым қоңыр салқын және бір қалыпты, өйткені бұл кезде антициклондық ауа райы қалыптасады. Күндіз температура +20-250 С шамасында тұрса, түнде қатты жылу қайтару салдарынан ауа 00С – ге дейін салқындайды, ал кейде үсік қатты соғатыны сондай, ыдыстар мен қолдан жасалған су алқаптарындағы су қаттып қалады. Тауларда – 180C-ге дейін аяздар байқалған.
Сахараның Атлант мұхитының суық Қанар ағысы өтетін жағасын алып жатқан батыс шеті – шөлдің басқа бір жағалық типі болып табылады. Ондағы температура мұхиттың жақындығына байланысты бәсеңдеу, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 75- 80% -ке жетеді, жағалауда жанды жайландыратын бриздер соғады, бірақ жауын шашын Сахараның ішкі аудандарына қарағанда онша көп жаумайды.
Сахарада жер беті суы жоқтың қасы, сумен қамтамасыз етудің көзі – жер асты сулары адамдардың, малдардың және өсімдіктердің күн көріс көзі осы су. Жер асты суына құмды шөлдер біршама бац. Құм астының кейбір жерлерінде жер асты суларының бұлақтарына бастама беретін айтарлықтай қалың горизонттары жатады. Көптеген уэдтердің жер асты ағындары болады. Сахарада суды көпшілік жағдайда құдықтардан алады. Соңғы кездері сумен қамтамасыз етуде насостармен жабдықталған және қысымды горизонттардың сенімді де тұрақты суларын пайдаланатын терең артезиан құдықтары үлкен роль атқарады.
Сахараның шеткі бөліктері мен кейбір таулы аудандарында соңғы плювиалды кезінен бері сақталып қалған және жер асты көздерінен қорек алатын суы таза көлдер бар.
Облыс алабындағы бірден — бір ірі әрі тұрақты арна ағысы- Ніл. әлденше жүз км бойы көбірсіген шөлді басып ағып, оған жан бітірген бұл өзен – Африка табиғатының тамаша құбылыстарының бірі болып танылады. Әлбетте Нілдің болмысы оның шөлден тыс жерлерден алатын су көздерімен байланысты.
Сахараның топырақ жамылғысы үзік – үзік. Құмды және тасты шөлдердің орасан зор алқабы топырақсыз десе де болады. Дегенмен де Сахара жерін суарса, ол құнарлы аймаққа айналар еді, өйткені онда қоректі тұздар көп. Бірақ жер бетіне жақын қабатқа су барса болды, артық тұз жинақталып сор пайда болады.
Сахараның өсімдік жамылғысында өсімдіктің 1200 түрі бар. Олардың басым көпшілігі ксерофиттер немесе эфемерлер. Тек аздаған учаскелері, негізінен тастақ жерлер мүлде өлі сияқты болып көрінеді. Дегенмен оларда да шөлдің қатал табиғатына бейіиділігі мен таң қалдыратын өсімдіктер кездеседі. Мысалы, тастардың арасынан құмнан нерирхон райханы гүлін кездестіруге болады, оның сабағы қысқа, бұтақтары саусақтар сияқты иіліп тұрады, иілген жерлерінде тұқымдары болады. Жаңбыр кезінде бұтақтары жазылып сала береді де тұқымдары жерге төгіледі және ылғалдың әрбір тамшысын пайдалана отырып өсіп шығады. Басқа өсімдіктердің тұқымдары мен түйнектері де топырақта сақталады да бірнеше айда немесе бірнеше жылда жауатын жаңбырдан соң өсіп — өнеді. Кейбір жерлерде құм мен тастақта ұсақ жапырақты немесе тікенекті жермен жексен немесе жатаған өсімдіктер өседі. Кейде тастарды қалың қына қабыршығы басып кетеді. әр жерден ағаш тәріздес сүттігенді де көруге болады. Өсімдік жамылғысында сұр, және сары рең басым, мұның өзі далаға қайғылы тіршіліксіз өң береді.
Сахараның оңтүстік шекарасына жақын маңда бұталар мен кейбір қатаң астық тұқымдастардың қаулары кездеседі. Солтүсткте, Атлас облысымен шекарада жабайы пісте, олеандра және ююбаны көруге болады.
Сахараның түрге кедей, бірақ санға бай жануарлар дүниесі төзімді және су мен азық іздеп тез көшіп жүретін немесе өзінің таралуында ылғалы көбірек аудандармен немесе су көздерімен шектелетін жануарлар тұрады. Сахараға аддакс пен орикс бөкендері, Дордакс пен Лодер газелдері, тау текелер өте сипатты. Оларды еті мен терісіне бола қырып аулайды, сондықтан да олардың кейбір түрлері құрып бітуге тақау. Жыртқыштардан шибөрі, қорқау, түлкі, гепард көбірек мәлім.
Облыста жыл құстары да, тұрақты мекендейтін құстар да бар, соңғылардан бұл жерге әсіресе шөл қарғасы тән. Рептилиялардан кесірткелер басым, жыландар мен тасбақалар да баршылық.
Нілден батысқа таман дүние жүзінде ұланғайыр құм жинақталған Ливия шөлінің үстірті өтеді. Солтүстікте Сахараның беті бірте-бірте аласарады, онда бірнеше терең ойыстар орналасқан, олардың кейбіреуі теңіз деңгейінен төмен жатыр. Түбінің абсолюттік белгісі- 133 м. Қаттар ойысы- Жердің ең терең құрғақ ойыстардың бірі.
Сахараның орталық бөлігін де кристалдық және вулкандық жыныстардан түзілген биік тау қыраттары мен үстірттер түзеген. Олар: Тибести, Ахаггар, Ифорас т.б. тау қыраттары. Тибести тау қыраттарының ең биік шыңы – сөнген Эми-Куси вулканы (3415м), кратерінің диаметрі 12 км, бұл бүкіл Сахара облысының ең биік шыңы. Массивтердің рельефі қатты тілімденген, олардың беткейлері құзды және жартасты, етектерін түрлі ірі қираған материлдар басып кеткен.
Сахараның қалған бөлігінде 300-400 м биіктіктер белең алған. Жер бетін ізбес тасы, құм тас және сазды жыныстардың қабаттары жапқан.
Сахараның көп учаскелері моноклиналды құрылымды болып келеді де жақсы көрінетін куэсталық кемерлер құрайды. Рельефтің мұндай типі солтүстік- шығыстан Ахаггар тау қыратын қоршаған Тассилин – Адджер үстіртіне, солтүстікке таман орналасқан Тадамоит үстіртіне, Антиатласты жиектеген Джебель- Бани таулы үстіртіне және басқаларға тән. Сахараның куэсталық рельефінің құрылуында тектоникалық және мұз басудан кейінгі, қазіргі заманға қарағанда анағұрлым ылғалды кезеңде орын алған аэрозиялық процестердің ролі зор.
Сахараның шөлді үстірттерінің бетін арабтар «уэд» деп атайтын арналар жүйесі торабы кесіп өтеді. Тек сирек жауатын жаңбырдан кейін ғана бұл арналар сүға толады, бірақ ары кетсе бірнеше күннің ішінде, кейде бірнеше сағаттан кейін ол сулардың жұрнағы да қалмайды, уэдтердің көпшілік бөлігі негізінен сахара тау қыраттарының беткейлерінен жан жаққа салаланып тарайды, бұлардың өзі Сахарада эрозиялық қолаттар торабының пайда болған плиювиал кезеңінде суайрық қызметін атқарады. Қазіргі кезде олардың түбін аллювийлік құм материалдар басып қалған немесе саз жыныстары қатайтқан.
Көптеген уэдтер көлемі мен тереңдігі әр түрлі тұйық ойыстарға аяқталады, бұл да Сахара рельефі ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Жауыннан соң ойыстар азғана уақытқа суға толады. Кейбір ойыстардың түбін тұз қабыршағы жауып жатады, ал жер асты ағыны барларының түбі тұзданбаған . Ойыстардың пайда болуында тектоника, жер асты эрозиясы процестері, карст түзілістері және үйінділерді жел үріп кетуі роль атқарған.
Үйілу процестерінің пәрменді түрде жүруі және олардың Сахарадан тыс шықпауы ұлан-асыр кесек материалдардың шоғырланып қалуына әкеп соқты. Шөлдің кейбір бөліктеріне, әсіресе куэста үстірттердің араларындағы ояңдарға және кең байтақ тұйық қазан шұңқырларға эрг деп аталатын орасан зор мөлшерде дюно құмдарының жинақталуы тән. Қозғалыссыз «өлі», құм учаскелерімен қатар аумақты жерлерді алып жатқан құм дюналары да баршылық, бұлар үнемі басым желдің бағытына қарай көшумен болады. Құм әсіресе Ливия шөлінде өте көп шоғырланған. Дюналардың салыстырмалы биіктігі онда 300м жетеді.
Сахараға малта тастан тұратын қабаттары бар, кейде бетін құм жапқан орасан зор тегіс учаскелер тән
Сахараның да көп жерінде кристалдық жыныстардың қирауынан пайда болған қиыршық тас үйіліп жатады. Мұндай тастақ алаптар «хамада» деп аталады. Хамаданың қиыршық тасты үйінділерінің арасынан жартасты, қия беткейлі оқшау үстірттер – «гара» көтеріліп тұрады.
Сахара болмысы жыл бойы құрғақ тропиктік ауаның үстем болуымен байланысты. Оның көпшілік бөлігінің климаты шұғыл континенттік, жауын шашынның жылдық жиынтығы барлық жерде дерлік 50 мм ден аз. Ішкі аудандарда жауын-шашын кейде қатарынан бірнеше жыл бойына жаумайды және жаңбырдың жаууы кездейсоқ сипатта болады. Мұндайда кейде су басуын тудыратын нөсер өтеді. Жауын –шашынның біршама артуы тек биік тау қыраттарының беткейлерінде ғана байқалады, бірақ онда да оның жылдық жиынтығы 100мм жетпейді. Шөлдің солтүстік және оңтүстік шет алқаптарында жауын-шашын анағұрлым тұрақты жауып тұрады және ол жылдың белгілі бір кезеңдеріне сай келеді. Солтүстікте жаңбыр күзде, қыста және көктемде, ал оңтүстікте – жазда жауады. Азды –көпті тұрақты жауын-шашынды бұл өңірлер солтүстікте Сахарадан Атлас облысына, ал оңтүстікте Суданға өтпелі орын алады.
Сахарада ауа әрдайым құрғақ және шаң тұнып тұрады, оның салыстырмалы ылғалдылығы өте аз, кейде 25%-тен төмен. Аспан айналып жерге түсетіндей ыстық күндері ауа өте қатты және әркелкі қызғанда көріну жағдайлары бұрмаланады, сағым ойнап, көк жиектен өмірде жоқ өзендер, көлдер және таулар көрінеді. Сахарада жауын-шашынның аздығымен қатар дүние жүзіндегі ең күшті буланушылық байқалады. Жыл ішінде осынау ыстық шөлде қалыңдығы алты метр дейін баратын су қабаты булана алады. Күшті желдер булануды одан сайын күшейте түседі. Мейлінше тұрақты жазғы желдер-пассаттар солтүстік және солтүстік –шығыстан құрғақ және ыстық ауа алып келеді. Жазда өтетін атмосфералық депресиялар өте күшті құм және шаң борандар туғызады – бұл Сахарадағы басты апаттың бірі.
Облыс температурасының ағымына тәуліктік және жылдық күрт контрастар тән. Жазда күннің ыстығы +500С ге жетеді, ал шаң мен құм ала келетін тұрақты ыстық әрі құрғақ желдер оның үстіне жер апшысын қуыра түседі. Сахарада көлеңкенің өзінде болатын абсолют максимум (+580С) бүкіл жер шарының абсолют максимумы болып табылады. Топырақ беті +60- 800С-ге дейін қызады. Жазда , түннің өзінде температура +300С-ден кем болмайды, тәуліктік ауытқулар 30-500С – ге жетуі мүмкін.
Сахараның халқы негізінен оазистерге шоғырланған, тек кейбір тайпалар ғана шөлде көшіп жүреді. Оазистер – Сахараның көрікті жерлерінің бірі, ұланғайыр шөлдің ортасындағы жасыл дақтар. Олар жер бетінде немесе оған таяуда суы бар жерлерге пайда болады. Кейбір оазистерде суды шағын өзеншелерді қоректендіріп тұратын бұлақтардан, ал енді бір жерлерде құдықтардан алады. Сахараның ең ірі оазистері артезиан құдықтарының маңында пайда болады. Көптеген оазистер онша ұзаққа бармайды, егер бұлақ көзі таусылып қалса немесе құдықтар құрғап қалса, құрып кетеді. Дегенмен жүздеген, тіпті мыңдаған жылдар бойы жасап келе жатқан оазистер бар. Сахараның ең байырғы және аса ірі оазисі- Ніл аңғары, оны Ніл суландырып тұрады және егіншілік мәдениетінің аса ежелгі орталықтарының бірі болып табылады.
Оңтүстік – Батыс Азияның оазистеріндегі сияқты, сахара оазистерінің басты мәдени дақылы құрма пальмасы болып табылады, оның көлеңкелерінде жеміс ағаштары мен бұталары өсіріледі, дәнді дақылдар егіледі. Кейбір оазистердің тұрақты халқы жоқ, арабтар онда жылдың белгілі бір мезгілінде құрма жинауға келеді. Құрма пальмасын Сахарамен тығыз байланыстығын атай келіп, кейбір ғалымдар Сахараның географилық облысы ретіндегі шекарасын құрма пальмасы тоғайларының солтүстік шекарасындағымен жүргізуге болады деп есептейді.
Сахараның шет жақтарында Бербер арабтардың кейбір тайпалары көшпенді өмір сүріп, түйе мен қой өсіреді. Олар үлкен шатырларда тұрады да үстеріне денелерін артық қызып кетуден сақтайтын ұзын, етек-жеңі мол киім киеді.
Сахарада табылған жартастағы суреттер соңғы плювиалькезінде Сахарада су мол болып, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі бай болғанын және онда адамдар мекендегенін дәлелдейді.
Сахараны керуен және автомобиль жолдары кесіп өтеді. Күні бүгінге дейін түйені күш-көлік ретінде пайдаланса да барған сайын автомобиль транспорты зор маңызға ие болуда. Қазбалы байлықтар әсіресе газ бен мұнай өндірілетін жерлерде қала типтес поселкелер пайда болуда.
Саха шөлі
1.2 Намиб
Оңтүстік Африканың ең үлкен шөлді аймағы. Намиб Атлант мұхитынан Сары өзеннің оңтүстік шығысына дейін созылып жатыр. Яғни Намиб республикасының 20% Намиб шөлі алып жатыр.
Климаты тропиктік, өте қуаң. Ең жылы айы қаңтардағы орташа температура 18-270С, ең салқын айы шілдеде 12-160С жылы. Жауын шашын мөлшері 500-700 мм теңіз жағалауында 10-15 мм. Намиб шөлінің өсімдік жамылғысы өте жұтаң, тауы үстірттік беткейлерінде негізінен ксерофиттік бұталар жоғары жағында шөлдік және шөлейттік Саванна өседі. Вельвичия- қысқа жуан діңінің биіктігі 50 см ғана, одан ұзындығы 2-3 м -ге келеді. 5 м-ге дейін жететін қатты қабықты екі жапырақ қана тарайды. Жапырақтар ұшынан бірте бірте құрғап, сабағынан үздіксіз өсіп отырады. Вельвичия 2000 жылға дейін тіршілік етеді.
1.3 Калахари
Калахари (Kalahari tezya тілінде karri –жан азабы деген сөз) Оңтүстік Африканың орталық бөлігіндегі табиғи аттарын Африка платформасының Калахари синкпизасында орналасқан Ангола, Замбия Намибия, Ботсвана, Зимбобве және ОАР жерінде батысы мен шығысында баспалдақты үстірттермен солтүстігінде Луанда – Катанго жатпарлы тауларымен шектелген аса кең ойпат. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200км-ге созылған аумағы 630км2 абсолюттік биіктігі 1000м ойпаңды басып жатқан құм төбелердің биіктігі 100м –ге жетеді.
Климаты негізінен тропиктік. Жылдық жауын-шашын оңтүстігінде 150мм–ге, солтүстігінде 1000мм дейін. Калахаридің солтүстігінен Замбезия, оңтүстігінен Орант өзені орай ағады. Көпшілік бөлігі ағынсыз түйін. Ішкі бөлігінде ең ірі өзені– Окаванго. Неғұрлым ылғалды солтүстік бөлігінде (1000мм–ге дейін) сирек орман орталығында саванна оңтүстігінде шөлейт пен шөл ландшафтысы орын алады. Оңтүстігіндегі Бахамахари көтеріңкі жазығын астық тұқымдас өсімдіктер мен жабайы қарбыз, жабайы зәйтүн, сүттіген және сиректе болса, қарғаннан тұратын құрғақ саванна алып жатыр. Калахари– Хемсбок, Ботсвана және Этома ұлттық саябақтары бар. Жануарлар дүниесі Эфиопия биогеографилық аймағының Оңтүстік Африка тармағына жатады. Халқы өте сирек Вонастанған (1км2 1адамнан келеді) көпшілігі бушмендер.
Намибия таулы үстіртінің көпшілік бөлігін алып жатқан Калахари дүние жүзіндегі ең құнарсыз аудандардың бірінен саналады. Бұл әбден күн күйдірген жазықтық, мұнда ылғалдық өте аз түседі, бұл құбылысты Оңтүстік Африка жағалаулары мен Атлант мұхитына өтетін суық ағыс теңіздің ауасын салқындатып, ешқандай ылғал әкелмей мұхиттан құрғаққа соғып тұратындығымен түсіндіруге болады. Саяхатшылардың айтуы бойынша Калахаридің кей жерлерінде шөп жамылғысы сақталған, ал орталығында тіпті бұүталар да өседі. Жылдың құрғақ маусымында мұнда бірде– бір шөл қандыратын сусын– жабайы өсетін тсамма қауынының шырыны болып саналады. Калахаридің адам аз баратын аудандарында бөлек–бөлек топ болып көшіп жүрнетін көшпенді бушмендер үшін бұл қау бірден– бір тағаммен сусын.
Бушмендер лагеріне бара жатқан жолда бізге бір топ түйе кез болды. Калахариде түйелер болмайтын. Оларды мұнда Солтүстік Африка шөлдерінен әкеді. Қазір тағы болып кеткен бұл жануарлар еркіндікте өсіп– өнуде.
Біз Калахари арқылы өтетін кәдімгі тас жолға айналған Носов өзенінің кеуіп қалған арнасымен жүріп отырдық. Өзен бұралаңдап отырып үзіліп қалды, кейде мүлде жоғалып кетеді. Осы жерлерге келгендердің бәрінежақсы компас керек және жүретін бағытты әбден белгілеп алу қажет.
Біз жай жүрдік онан да оңнанда солдан да атақты оңтүстік африкалық қарақұйрықтардың үйірлерін көріп келеміз.
Бір кезде біздің алдымыздан ұзын, жіңішке найза мүйізді орикс антилопасы кез болды. Бұл сымбатты жануарлардың Калахариде бірнеше мыңы бар. Орикстер – нағыз шөл жануарлары. Олар айлап сусыз күнелтеді, ыстықтан қуарып қалған ең жартымсыз шөпті жей береді, ал кейде жерді тұяқтарымен қазып, өсімдіктердің тамырларын алып жейді.
Одан кейін автомабильдің жанынан түйеқұстардың үйірі желіп өтті. Ақырында өзеннің кеуіп қалған арнасы артта қалды, құм төбелердің арғы жағынан бушмендердің лагері көрінді. Автомабильді шамамен бір мильдей жергеь қалдырып, біз әлгі лагерге қарай жаяу бет алдық. Бушмендер біздерге қарап тұр. өте ауыр үнсіздік бірнеше секунтқа созылды. Күтпеген жерден Мак (біздің жол бастаушымыз) пен бушмендердің біреуі бірін–бірі тани кетті. Тағдыр бұл екі адамды тағы да душар етті. Олар бұдан көп жылдар бұрын, дәріменсіз ақ адам шөлден қаталап, тілі бұралып, таңдайы кеуіп жатқанда,бұлдыраған сағым ішінен тегін олжаның дәмін сезіп, қасында қарақұстардың қалай ұшып келгенін көрген еді. Макты тауып алған бушмендер олардың хабаршылары көмекке барып келгенше алты күн бойы оны күткен еді.
Шағын денелі жүзі күн қақты адамдар бізге сақтықпен жақындай бастады: олардың шығыңқы бет сүйектерінің терісі тарылып мол еріндері жымқырылып, әрі қорқып, әрі әуестеніп қарап тұр. Бушмендердің аға ұрпақтарының қаруланған европалық қарақшылардың Калахариде оларды маймыл сияқты атқан кездері әлі есінде. Алайда қарапайым сыйлықтар – бір орам сым, бірнеше ұсақ ақша, аз ғана тәтті тағам, сондай –ақ Мактың осында болуы әсер етпей қоймады: кішкене адамдар өздерін суретке түсіруге қарсы болмады.
Бушмендер бізге құмға көміп тастаған жабайы қарбыздары мен қауындарының қорын көрсетті. Бұл – жылдың осы мезгіліндегі бушмендердің негізгі тағамы ғана емес, сонымен қатар ылғал көзі, тіпті, сабынның орнына жұмсалатын заты да. Бушмендер ваннаның орнына қарбыздың тұқымын пайдаланып, бір-біріне бой сергітетін массаж жасайды.
Содан кейін біз екі бушмен әйелінің бір- бірінің беттерін бояғанын көрдік. Алғашында әрқайсысы беттеріне қара бояу жақты, содан кейін бірінің бетіне бірі саусақтарының ұшымен бояуды жүргізді. Гемсбок антилопасының, зебр немесе қабылан терісінің суретіне ұқсас өрескел әшекей пайда болды. Бұл өте әдеміліктің белгісі болып есептелінеді екен.
Бушмендердің бар мүлкі – кішкене садақтар, ас пісіретін қыш құмыра және бірнеше аң терісі ғана. Олар бүтіндей дерлік жалаңаш жүреді, бетін құрғақ шөппен жапқан саяздау ғана шұңқырларда өмір сүреді. Мұндай аянышты баспаналарда түнде тоңбау үшін бушмендер араның ұясын еске түсіретіндей үйме –жүйме болып әйелдер мен балаларды орталарына алып орналасады.
Біз бушмендерде бірнеше күн болдық, аңға бірге шықтық, олардың садақ пен жебені қалай дайындайтынын, мардымсыз киімдерін сүйек инемен және жануарлар ішегінен жасалған жіппен қалай тігетінін байқадық. Бушмендер бізге үнемі бірдеме айтқысы келгендей болады, бірақ оларға бұл айтуға болмайтын сияқты. Олардың қалғандарының атынан уәкілдікке жіберген біреуі бірнеше рет ілгері шығып,алайда әр уақыт айтуға бата алмай тұрып қалатын. Ақырында бушмендердің ақ адамдардың құсымен ұшқысы келетіні анықталды. Істің мәні былай болатын, бушмендердің лагерінің қасына біздің экспедицияның самолеті келіп қонған еді.
Бұдан өткен қызық көріністі бізге бұрын –соңды бақылаудың реті келмеген еді. Титімдей адамдар самолетке мініп, әдеттен тыс, ғажайып бірдемені әрбір секунд сайын күтумен болды.
Самолетке мініп, ауаға көтерілуге бел байлаған батылдар жерге қайтып оралғанда барлығы орнына келгендей болды.
Біздің бушмендердегі соңғы кешімізде олжалы аңшылық мерекеленді– етін отқа қақтап, қуырып жатқан тамаша семіз антилопа өлтірілген еді. Тамақтан кейін би басталды. Оларда музыка аспаптары болмайды, тек еркектер ғана билейді, ал әйелдер бір шетте отырып алып, оркестірді алмастыратындай, әнді сөзі жоқ әуенімен ғана айтады. Би әуенінің бір саздылығына қарамастан бишілер тамаша бай ырғақтарды көрсетті. Әрбір ер адам сирағына оңтүстік Америка қарақұйрығының құлақтарынан және түйеқұс жұмыртқасының ішкі қабықтарынан шоқ–шоқ қып сылдырмақтар байлап алған. Еркектер алаудың айналасын қоршап алған. Олар алақандарын сылдырмақтың ырғағына сай ұрып, денелерін бір түрлі бұраңдата, билеп жүр.
Мак бастаған саяхатшылар Калахари тіршілігін осылай баяндайды.
Калахари тасты шөлі
1.4 Аравия шөлі
Ніл өзені мен Қызыл теңіз арасын алып жатқан Сахара шөлінің солтүстік шығысындағы құмды алқап. Ол Египет Араб республика жерінде орналасқан. Жер қыртысының негізін ежелгі кристалды, шөгінді тау жыныстары құраған. Жер бедері қиыршық құм әктастардан құралған үстірттерден тұрады. Тек солтүстік-батыста ғана ежелгі кристалды ірге тас жер бетіне шығып жатыр (Етбай жотасы ). Ең биік жері- Гебил –Шайб шыны (2187 ). Батыс бөлігі қатты тілімделген құрғақ өзен аңғарлар жүйесінен тұратын биік үстірт басқан. Ауыл шаруашылығы минералды қазба байлықтарға мейлінше бай. Ертеде бұл өңірде алтын және бағалы тастармен қатар, Египет пирамидалары мүсіндеріне керекті гранит, әктас өндірілген. Қызыл теңіз жағалауында мұнай, қалайы, фосфорит және әр түрлі құрылыс материалдары өндірілді.
Климаты ыстық және құрғақ, толығымен тропикалық белдеуде орналасқан. Жазда ауаның орташа температурасы солтүстігінде 280C, оңтүстігінде 320 С . қыс айларында ауаның орташа температурасы біршама төмен , қаңтарда солтүстігінде 120С , оңтүстігінде 200С. Жауын шашынның мөлшері 55мм дейін түседі, кей жылдары ол тіпті болмайды. Ніл өзеніне құятын бірнеше өзен арналары бар ( Хоф, Хелуан т.б)
Өсімдіктерден : жыңғыл, сикимора, құрма пальмасы және дум пальмасы өседі.
Жануарлар дүниесінен : антилопаның бірнеше түрі, шибөрі, қорқау түлкі, қаблан ; құстардан : шөл қарғасы; бауырымен жорғалаушылардан: кесіртке, жылан, тасбақа кездеседі.
Халқы негізінен шұратты жерлерде шоғырланған тек кейбір тайпалар ғана шөлде көшіп жүреді. Ең байырғы және аса ірі шұраттар Ніл аңғары бойында орналасқан. Бұл жер егіншілік мәдениетінің ежелгі орталықтарының біріне саналады.
1.5 Ливия
Ливия шөлі Сахара шөлінің солтүстік- шығысында Ливия, Египет және Сууан мемлекеттері аумағында Ніл өзенінің батысында орналасқан. Аумағы 2.0 млн . км 2 жуық. Солтүстік бөлігі теңіз деңгейінен 300 м биіктікте, теңіз жағалауын шағылдар (дюналар), қалған жерлерін құм басқан . Солтүстік шығысында терең тектоникалық ойыс (Каттара ойысы, теңіз деңгейінен 133 м төменде) жатыр. Оңтүстік бөлігі тасты немесе құмдақты үстірт (биіктігі 400-500 м) болып келеді. Кейбір жерлерінде биіктік 1934 м дейін жететін (Эл- Увейнат тауы т.б) қалдық массивтер кездеседі. Климаты тропиктік құрғақ, солтүстік Жер орта теңізінде субтропиктік . жауын шашынның жылдық орташа мөлшері 25 мм аз, кейбір жылдары жауын шашын мүлдем болмайды. Солтүстігінде ол 50-100 мм жетеді. Шөп қарағаны жыңғыл, жыңғыл жусан өседі. Грунт сулары және құдықтар маңында Сива Дайюм, Жалу, Дахла, Куфра, Фрафора т.б шұратты жерлер бар.
Ал Ливий және Нуби шөліне жақын аймақтарда жауын шашын мөлшері нөлге тең. Шөлден жауын шашын өте сирек кездеседі. Жауын шашын найзағай жарқылдап нөсер жаңбырмен өте шығады деп Ағылшын саяхатшылары осылай суреттеген. А. Бьюкен (Ағылшын ғалымы) қас қағым сәтте шөлді су басады, жан жақтағы төбешіктерден (холмнан) аққан су қорқыныш әкеледі. Төбешіктерден аққан су көлшікке айналады , бірақ артынша жарқырай шыққан күн көлшіктердегісуды әп-сәтте буға айналдырып жіберді. Біз осы жаңбырдың алдында осы жерден ішетін су іздеп жүргенбіз деп есіне алып баяндайды.
Парсы патшасы Комбистің әскері қиыншылықпен алғажылжып келеді. Көз жетер жердің бәрі құм бұйраттары. Б.з.д 525ж Мысырды жаулап алған парсы әміршісі оның сарбаздары мен тіл табыспады. Амор құдасты ғибадатханасының дінуарлары әміршінің жуық арада қаза табатынын болжаған. Сол үшін Комбис соларды жазалауды ұйғарды. Жорыққа елу мың адам аттанды. Барар жолы Ливия шөлі арқылы өтетін. Жеті күннен кейін парсылыр харге үлкен оазиске жетіп содан із-түссіз жоғалып кетті.
Осы жайлы жазылған ертедегі грек тарихшысы Геродот былай деп жалғастырды. «Бәлкім, Комбистің әскерін өте күшті сұрапыл құм бораны жалмаған шығар шөлдегі құм борандар жайлы аз жазылмағаны белгілі. Қазіргі күндер шөлдің үстіне автомобиль жолдары салынды, барлық бағытта әуе трассасымен ұшақтар ұшады саяхатшылар ерте заманнан керуен жолдарында өздерін өлім күтіп тұр деп қауіптенбейтін. Бірақ бұрынғы заманда ше?»
«Кешірімсіз тажал боран соғардан бір сағат, жарты сағат бұрын жарқыраған ашық күн бұлынғырланып жүзі кіреукелеп шаң тозаң жабады. Көк жиекте шөкімді қара бұлттар пайда болған. Ол көзді ашып жұмғанша ұлғайып аспанды түгел көмкереді. Міне денені ыстық тікендей сұңқырайтын желдің алғашқы өптеп лебіде де келіп жетті. Бір минут өтпей төңірек қараңғы тарты. Құм бұлтының жолына жер бетіндегі тіршілік атаулыны аяусыз шарпып тұр. Жел ысқырығы басқадайбарлық үнді басып тастаған. Адамдар да, жануарлар да тұншыға бастады. Дем алатын ауа жетпейді. Ол демнің арасында қызғылт-сұрғылт түсті түнекпен бірге биікке көтеріліп, аспан асып кеткен жүрек алқына соғып, басым солқылдай ауырып, тамағым құрғай бастады, ендібір сағаттан кейін мен құмға тұншығып өлетін шығармын»…. Өткен ғасырдағы орыс саяхатшысы А.В. Елисеев Солтүстік Африка шөлдері боранды осылайша суреттеген.
Құмды дауылдар- саммумдар- атам заманнан бері даңғаза дақпыртқа бөленген. Оны «Саммум» яғни улы, уланған деп аталынуы тегін емес. Ол шынтуайтында да талай керуенді жалмаған, көқптеген авторлардың мәліметінен 1805ж Саммум 2000 адаммен 800 түйені құммен көміп тастаған. Камбур армиясын боран жұтқаны рас сияқты.
Апатты бастан кешірген адамдардың кейде қомпайтып асыра сілтеп айтатын кездері де бар. Бірақ бір ғана нәрсе айқын, саммум өте қауіпті тажал күшті жел көтерген майда құм, шаң, құлақты, көзді, танауды, өкпені бітейді. Құғақ ауа екпіні теріңді құрғатып, күйдіріп, қарып қатты шөліркетеді. Тірі қалуға жанталасқан адамдар жерге жатып бастарын киіммен тұмшалайды. 500 с-қа жететін ыстыққа шыдамас адамдар тұншығып естерінен танатын жағдайға душар болғаны аз емес. Азия мен Африка шөлдеріндегі құмды құйындар өте қауіпті. Олар орасан зор аймаққа құлаш жаяды. Ыстық құм ауаны 500 с-қа дейін ысытады. Сол ыстық ауа бар қарқынымен аспанға көтеріледі. Егер көршілес қапталдас жатқан учаскенің құмдары белгісіз себептерден аз көлемда ысыса, онда ол жерді күйдіре шыға бастайды. Діңгекше тіл шаншылып биікке көтерілген құйын өзімен бірге құм массаларын суырып алакеледі. Сөйтіп жер бетінщде шыр айналған діңгек пайда болады. Жолындағының бәрін қиратып, аумағын барған сайын ұлғайтып, ол ұшқына ысқырып ілгері жүреді. Осындай бір құйынның артынан келіп бір нешеуі ілесе өтеді. Шөп үстімен олар бірнеше сағат соғып өтіп борандата айналып, бір-біріне соғылып, тарап кетіп, қайтадан бірігіп те күш алуға ықтимал.
II Шөлдену аймақтарының экологиясы.
Шөл – бұл табиғат жаратылысы өзінше бір тамаша жер бедері. Бұл өзінше қайталанбас дүние. Шөл адам баласына қайғы –қасірет алып келеді, көп зиян шектіреді. БҰҰ ұйымындағы экология мәселесінде бұл дүние жүзіндегі ең маңызды мәселе. Қоршаған ортаға әсер ететін шөлдену процесі болып отыр. Катализм , техникалық процестің әсері, озон қабығының бұзылуы , температура белдеулерінің араласуы, яғни қоғам мен табиғаттың қарым–қатынасының айналадағы ортаны сақтау мәселелері қолға алынып отыр.
ХХ ғасырдың соңғы жартысында қоғам мен табиғат арасындағы қарым–қатынастарда сапалық өзгеріс байқалады. Бұл халық саны күрт көбеюімен түсіндіріледі. Шөл экологиясының нашар болуы, өсімдік жамылғысының нашар дамығандығына, түрлі зиянды факторларға қарсы тұру қабілетінің жетіспеуі және табиғи факторлардың әсері ( жел, жылу балансы т.б) . Сонымен қатар игерілген шикізат көздерінің 97-98%-ке жуығы қалдық түрінде топыраққа, суға, ауаға түседі.
Айналадағы ортаның ластануы адамдардың өмірі мен денсаулығына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің тіршілігіне қатар төндіруі. Соңғы жылдары стратосфераны озон қабатының бұзылу қаупі анықталды. Нәтижесінде жер бетіне түсетін жылу соңғы елу жылда 1,50С көтерілгендігі , бұл шөл аймақтардың ауқымын кеңейтуге, яғни шөлдену процесінің қарқынды жүруіне ықпал етіп отыр. Қоршаған орта бұзылуына ғаламдық зардаптары шөлдерде ғана емес барлық елдерге жайылып отыр. Өйткені эклологялық пробремалар мемлекеттік шекаралық «мойындамайды». Сондықтан да оларды кең көлемді халықаралық ынтымақтастық болғанда ғана шешілуі мүмкін.
Шешу жолдары: қалдықсыз технологияны қолдану керек, сумен қамтамасыз ету, орман салу, қорықша және қорықтар сияқты территориялардың салынуын ұйымдастыру.
Дегенмен түрлі факторлардың әсерінің нәтижесін адамзатқа қатысты актуальды мәселелер туындап отыр. Африка материгі пайдалы қазбаларға өте бай. Пайдалы қазбалар қоры жөнінен дүние жүзіндегі ең ірі кен орындарының қатарына жатады. Шөлді аймақтарды Намибта уранның, Ливияда мұнай және табиғи газдың мол қоры шоғырланған. Осындай табиғат байлықтарын игеруде су тапшылығы қоршаған ортаның ластануы, энергия көздерінің жетіспеуі, халықты азық–түлікпен қамтамасыз ету, халықтың демографиялық өсімі, топырақтың тозуы, өсімдік жамылғысының құрып кетуі, құмның көшуі, су апаттарының құрғап кетуі, қазіргі таңда негізгі мәселелерге айналып отыр.
Қорытынды
Африка жер шарындағы ең ыстық материк. Дүние жүзі бойынша температура максимумы осы материкке тән. Себебі географиялық орны яғни екі тропик шеңберінің аралығына орналасқан. Африка матерігінің ең үлкен шөлдері. Сахара ( 9100000 км 2 ) Калахари (260000 км2) Намиб (35000 км2). Негізінен Африка қазба байлықтарға өте бай. Намиб жерінде уранның, Ливия жерінде табиғи газдың мол қоры бар. Африканың қазба байлықтарын АҚШ пен Еуропаның дамыған елдері ұзақ уақыт бойы өз қажеттілігіне аяусыз пайдаланады. Уақыт өтуіне байланысты қазба байлықтарды көптеп игеруде. Бірақ «айдың бір жағы жарық, екінші жағы қараңғы» демекші бұл эклологиялық тұрғыдан кері әсерін тигізеді, яғни су тапшылығына, топырақтың тозуына өсімдік жамылғысының құрып кетуі шөлге айналу процесін жеделдетуде.
Медициналық тұрғыдан қарағанда ең «таза» ауа температура мен құрғақ ауа жкғдайында жұқпалы ауруларды микроптар мүлде кездеспейді. Ал керісінше ылғалы мол аудандарда көптеген қауіпті ауруларды жұқтыратын жәндіктер кең тараған. Дегенмен өзендер сирек таралған құрғақ аудандарда жер асты суларының мол қоры жинақталған. Мысалы: Сахара,Калахарида жер асты тұщы суының мол қоры анықталған.
Қазіргі таңда антропогендік процестердің нәтижесінде саванналардың шеткі бөліктері шөлге айналуда. Соңғы елу жыл ішінде Сахара саваннаға қарай 650 км 2— ге ілгерленіп келеді. Шөлдену процесі қазіргі таңда ғаламдық проблемалардың біріне айналып отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер
- Материктердің физикалық географиясы Москва 1976 Власова.Т.В
- Опубликавано в журнале «Туризм и Отдых» №20 от 2 июне 2003 г
- Қазақ Ұлттық Энцеклопидия 4 том 375-376 бет
- Қазақ Ұлттық Энцеклопидия 7 том 596-597 бет
- География оқушы анықтамасы. А.М. Бейсенбаева, Н.Ә. Бейсенбаева.
- Энцеклопедия. Я познаю мир. Страны и континенты. М: «Астрель» 2001
- Энцеклопедия Планета Земля М: « РОСМЭН» 2001
- Аубакирова Ж.А. Абдрахманов С.А. Базарбаев К.Б. Русско-казахский толковый географический словарь. « Ғылым» 1965
- Казахский- русский, русско-казахский словарь Алматы « Crebo» 2001 24 ст
- w.w.w yonbex.ru. file: A : E book. Краткая физико-географическое характеристика зоны пустынь 18.06.2007 г.
- w.w yonbex.ru. 26.05.2005 г. Науки о Земле: Коментировать.
12.МАТЕРИКТЕР МЕН ЕЛДЕР материктер географиясы бойынша кітабы. Смирнова Н. П., Шибанова А.А. «Мектеп» 1983ж.