А.Байтұрсыновтың сөйлем синтаксисін дамытудағы үлесі
Мазмұны
Кіріспе.
І. Ахмет Байтұрсынов — лингвист ғалым.
1.А.Байтұрсыновтың өмірі мен ағартушылық қызметі.
2.А.Байтұрсынов тіл мен әдебиетті зерттеуші ғалым.
ІІ.А.Байтұрсыновтың сөйлем синтаксисін дамытудағы үлесі.
1. А.Байтұрсыновтың сөйлем мүшелері жайлы ғылыми тұжырымдары.
2. А.Байтұрсыновтың сөйлем және оның түрлері жайлы көз қарасы.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
А.Байтұрсынов 1873 жылы 28 қаңтарда Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-аулында, Сарытүбек деген жерде дүниеге келген.
Ахметтің әкесі қарапайым шаруа адамы Байтұрсын Шошақов–арғын Үмбетей батырдың немересі.Шошақтың 4 ұлы болған: Байтұрсын, Ақтас, Ерғазы, Данияр. Олар жаратылысынан қажырлы, намысқор, Мұхтар Әуезовтың сөзімен айтқанда, «ірі мінезді адамдар» болғанға ұқсайды. Сондықтан болар, Байтұрсын жергілікті әкімдермен көп сиыса бермей, оларға тынышсыздау болады.Тіпті ауылдағы түгіл уезд басындағы ел билеушілердің зорлық-зомбылығына көнбейтіндігін көрсетеді.Сол үшін ел адамдары «кәрі ояз» деп атап кеткен палковник Яковлев 1885 жылдың күз күндерінің бірінде (12 октябрде) Жыңғылдының бойында отырған Шошақ аулына келіп,ағайынды Ақтас пен Байтұрсынды ұстамақ болады сол сәтте ауылда болмай шыққан Ақтасты тауып бермедіңдер деп елге ойран салады,әйел-балаға дейін сабап, бастарына қамшы үйіреді .Ояз бен оның отрядының бұл бассыздығына шыдай алмаған Байтұрсын Яковлевтің озін атынан аударып алып,басын жарады, отрядымен ауылдан қуып шығады.Көп ұзамай бұл ауылға енді Ырғызбен Торғайдан шақырылған жазалаушы отряд келіп,ауылды өртеп, мал-мүлкін талап, бала-шағаны шулатып,еркектерді ұрып-соғып,ағайынды Ақтас, Байтұрсын, Ерғазыларды бірнеше ауыл адамдарымен қоса ұстап алып кетеді.оларды Торғайдың әскери гупвахтасына әкеліп жабады.Тұтқындарды Қазаннан келген Округтік әскери сот соттайды. Ақтас пен Байтұрсынды және бірнеше туыстарын 15 жылға «итжеккенге»— Сібірге каторгіге кеседі. Шошақтың үшінші ұлы Ерғазы төрт айға тұтқында отыру жазасын алады. Бұл —1886 жыл болатын,ол кезде бала Ахмет 13 жасар еді…
Ақтас пен Байтұрсынның балаларын Шошақтың үшінші ұлы,айдаудан аман қалған Ерғазы қамқорлығына алады: Ақтастың ұлы Аспандияр мен Байтұрсынның ұлы Ахметті Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне беріп оқытады. Оған дейін Ахмет ауылдағы мұсылманша сауатты адамдан үйреніп, хат таниды.Өзінің 1929 жылы жазған өмірбаянында; «1882—1884 жылдары бірде үйде,ауыл адамдарынан,бірде жақын маңайдағы ауыл мектебінен оқып, сауатымды аштым» деп жазады.Учелищені 5 жыл оқып, 1886 жылы түсіп, 1891 жылы бітіреді.
Ахмет учелищені бітірген кезде әкесімен ағасы айдауда (олар елге 17 жылдан кейін оралады), қамқоршы ағасы қайтыс болған еді, сондықтан Ахмет кедейшілік, жоқшылық тауқыметін көп көреді. Осы жоқшылықтан құтылу мақсатында оқу іздеп,Орынборға барды.Онда баяғыда Ыбырай Алтынсарин салдырған мұғалімдер даярлайтын мектепке— «Учетельская школа дегенге түседі. Мұнда төрт жыл оқып, 1895 жылы бітіреді.Он шақты жыл оқып, орысша білім алған ол енді өзі қалаған пайдалы жұмысқа тұра алатын мүмкіндікке ие болады. Ал бірақ өзі бала оқытуды,ағартушылық жолына қызмет етуді қалайды.
Ол 1895—1909 жылдары Қостанай, Ақтөбе, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде бала оқытады, екі кластық учелищелерде сабақ береді. Ахмет 1909 жылы шілденңң бірі күні Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан-нақақ 8 ай бойы азап-қорлық көріп торығады,қинала жүріп ширайды, ақыры күреске белді бекем буады.Бостандықты аңсаған,күреске шақырған өлеңдер жазады.Ақыры Қазақстанда тұру қүқығынан айырылғандықтан 1910 жылы 21 ақпанда түрмеден шығып наурыз айында Орынбор қаласына келеді.Бұдан кейін Ахмет Байтұрсынов өміріндегі ең күрделі, қызықты, қажырлы кезеңдер басталып кетеді.1913—1918 жылдар арасында «Қазақ» газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік-тарихи қызмет атқарады, халық өмірінің сан алуан көкейкесті мәселелерін көтереді, елді прогреске,өнер-білімге үндейді.
Алаш қозғалысы тұсында (1918—1919 жылдың басы)А.Байтұрсынов та жаңа өткел, соны өріс іздейді. 1919 жылдың наурыз айында бұрынғы ұлт интеллигенциасының көптеген өкілдерін өзіне ілестіріп, Кеңес үкіметі жағына өтеді. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери Ревалюциялық комитетінің мүшесі, Қазақстан Академиялық Орталығының жетекшісі, Ташкент, Алматы жоғары оқу орындарында профессор болады.
Әділет нормалары бұзылып,сталинизм қылышынан қан тамған кезеңде А.Байтұрсынов әуелі 1929 жылы бір ұсталып,абақтыға қамалады да, лагерьде ұзақ азап көріп,одан 1936 жылы қайтып келгенмен,1937 жылы тағы репрессиаға ұшырап, 1938 жылы атылады.
Ахмет Байтұрсынов демократтық-ағартушылық қызметті өзінің азаматтық борышы және ұстаған жолының негізі деп санаған. Ол білім-ғылымнан кенже қалған, малын бағып, марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан, сол марғаулықтан маса болып ызыңдап оятып, шығуды өмірінің мақсаты етіп қояды. Бұл мақсатын әсіресе өлеңдерінде ашық білдіреді. Бірде:
Баяғы қалпы,
Баяғы салты
Бұ неткен жұрт ұйқышыл?
Болсын кедей болсын бай
Жатыр жым-жырт жай-
Деп күңіренсе, тағы бір тұста:
Емшегін еміп,
Анаға сеніп
Бала ұйықтайды жастықпен
Қымызға қанып
Қызарып жанып
Бал ұйықтайды мастықпен
Шалап ішкен кедей мас,
Мына жұрттың түрі оңбас.
— деп, бала мен ббайдың ұйқысы жастық пен мастықтан болсын, ал кедей жұртына не жоқ, шалапқа мас болып ұйықтау деген қайнаған қалың сор дегенді айтады. Сондықтан:
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жол сілтедім жақын емес алысқа .
Өзге жұрттар өрге қадам басқанда,
Дедім сен де қатарыңнан қалыспа.
— деп, қазақ халқын оқу- білімге шақырған өз ісінің дәлеелін, себебін ашып көрсетеді. Ал публицистикалық мақалаларында бұл ойын бұдан өткірірек тілмен батыра айтады. «Надандық, өнерсіздік ата жолдасымыз болған соң олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, ордалы жерде орыннан қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты».
Қазақ балаларының сауатын ашатын «Оқу құралы» деп атаған әліппе кітабының эпиграфы етіп, мына сөздерін ұсынады.
Балалар , бұ жол басы даналыққа,
Еліңдер түсіп байқап қаралық та!
Бұ жолмен бара жатқан өзіндей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер іздеп тауып алалық та!
Бұл жерде автордың «Даналық» деп отырғаны- салауаттылық, білім- ғылымды игеру, ал «Бұ жол» деп отырғаны — оқу.
А. Байтұрсыновтың қазақтар үшін өз алфавитін жасау әрекетіне де, тілін зерттеп, оқулықтар жазуына да, тер төгіп, бай терминология жасауына да тіпті қоғамдық -әкімшілік істеріне араласуына да алып келген негізінен өзі діттеген ағартушылық идеясы.
А. Байтұрсыновтың ағартушылыққа байланысты білдірген ойлары мен істеген істері тек оқуға шақырумен тынбайды, ол сонымен қатар тек оқуға шақырумен тынбайды, ол сонымен қатар қазақ даласындағы мектептердің жан-күйін, бала оқытудың амал-жолдарын газет-журнал беттерінде нақтылы сөз етеді. Әсіресе бұл реттегі Октябрь ревалюциясына дейінгі хал-жағдайды жақсы көрсетеді. «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 21 апрель күнгі нөмерінде «Оқу жайы» деген бас мақала жарияланады. Мұны жазған –А. Байтұрсынов. Бұл арада бір ескере кететін жай «қазақ» газетінің бас мақаласының көбін А. Байтұрсынов жазып отырған, оларға, әрине, қол қойылмаған, тек өзгелермен бірігіп жазған кейбіреулеріне ғана авторлардың инициалдары немесе бүркеншік аттары қойылған. Бұл мақалада оқу –білімнің қажеттігін халықтық экономикалық тұрмыс жағдайымен байланыстырып дәлелдейді. «Қазақ жерінде өндіріс жоқ, шикізатын сатады, ал сол шикізаттан жасалған өнімді екі-үш есе қымбат түрде сатып алады. Бұл –надандықтан келген кемшілік» дейді. «Надандық» деп отырғаны, әрине, қазақ халқының білім-ғылымнан қалыс келе жатқандығы. Бұл қалыс қалуға үлкен себеп-қазақ жерінде мектептер аз дейді.
Оқу-ағарту мәселесін А. Байтұрсынов жан-жақты сөз етеді. Бірде «қазақта балаларды оқытатын жосықтар мен кітаптар жоқ» дей келіп, оларды жазу қажеттігін және арнаулы педагогтік білімі бар мамандар даярлау керектігін жазса, енді бірде «білімнің бас құрал-кітап» деп, білім конкурсын жариялау арқылы да оқу-ағарту ісіне ат салысуға болатындығын айтады.
А. Байтұрсынов ағартушылық жолындағы қызметін Алашорда үкіметіне жұмыс істеген кезінде де, Октябрь ревалюциясынан кейін де ешбір тоқтатпаған. Жоғарыда айтылды. Алашорда кеңесінің оқу-ағарту жайындағы комиссиясының председателі болып қызмет еткенде, ең алдымен қазақ даласында оқу-ағарту ісінің экономикалық жағынан әлде де қиыншылық кешіп отырғанын, ол үшін не істеу керек екендігін жазған пікірлерін «Қызыл Қазақстан», «Жаңа мектеп» сияқты баспасөз беттерінен оқып білуге болады. Мысалы: 1923 жылы жарияланған «Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек?» деген мақаласында: «школдар ашуға үкіметтің шамасынана келмейтіндігі анықталып отыр, үкімет 2116 кісінің ғана расходын көтермекші, ал балаларды тегіс оқытуға 20,000 нан артық кісі керек. Сондықтан бір ауылынай не бір болыс ел күш біріктіріп, байға байша, кедейге кедейше үй басына салық салып, сол жиналған салықты оқытушылардың һәм басқа қызметкерлердің ақысына, школдың керек-жарағына міндетті болып, жергілікті оқу бөлімдерімен договор жасап, школ ашу керек. Ол школдардың жанында интернаттар ашу керек.» деп жазды.
А. Байтұрсынов –тіл мен әдебиетті зерттеуші ғалым.
Жоғарыда айтқанымыздай, А. Байтұрсынов мұғалімдер даярлайтын оқу орнын бітірісімен, 1895 жылдан бастап, 13-14 жыл бойы бала оқытумен шұғылданады. 1895-1909 жылдар арасында ауылдық, болыстық бастауыш мектептер мен 5-6 жылдық екі кластық училищелерде мұғалім болып қызмет атқарады. Бала оқыта жүріп, сол оқыту ісіне қажетті жағдайларды қарастырады. Ең алдымен қазақ балаларының сауатын қазақша ашатын ұлттық жазу таңбалары барма, екіншіден, оқыту жүйесі жолға қойылған үкімет тарапынан ашылған мектептер барма, үшіншіден, ондай графикасы мен мектебі болған күнде қазақ тіліндегі «әліппе» кітабы мен оқулықтары бар ма — міне, осыларға назар аударады. Әрине, осылардың бірде-біреуінің жоқ екенін біледі және осыларды дүниеге келтірмейінше, жүзеге асырмайынша қазақ даласындағы оқу-ағарту ісін дұрыс жүргізу мүмкін емес екендігін жақсы түсінеді. Енді ол «барымен базар болып», күнделікті бала оқытумен қатар, жоғарыда айтылған «жоқтарды түгендеуге» кіріседі.
Атап айтқанда, Ахмет Байтұрсынов 1910 жылдардан бастап қазақ графикасымен айналыса бастайды. Сол күнге дейін өзге түркі халықтары сияқты, қазақтар да пайдаланып отырған араб таңбалары таза сол күйінде қазақ тілі үшін қолайлы емес екендігін біліп, оны қазақтың ұлттық жазуына иекемдеп, қайта түзуді қолға алады. Ол үшін алдымен қазақ тілінің фонетикалық жүйесін зерттеуге кіріседі. 1929 жылы 12 мамырда өз қолымен жазған өмірбаянында: «1901- жылдардан бастап, бала оқытқан кездерден бос уақыттарымда өз бетіммен білімімді толықтырдым, әдебиетпен шұғылдандым» дейді. Ал Орынборға келгеннен кейін ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім, одан кейін қазақ алфавитін және емлесін ретке салып, жеңілдету жолына жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөгде тілдік қажетсіз сөздерден арылуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің әсерінен тазартуға әрекеттендім, екіншіден, қазақ прозасын (яғни, іс – қағаздар тілін, публицистика мен ғылыми тілін) жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне икемдеу үшін ғылыми терминдерді жасауға кірістім және айналыстым. Стильдік өңдеу үлгілерін көрсетумен шұғылдандым» -дейді.
Араб таңбаларын қазақ тілінің фонетикалық табиғатына лайықтап, қазақтың ұлттық графикасы ретінде реформалау ісін 1910 жылдардан бастаған А.Байтұрсынов оны әрі қарай да қырнай түседі, полиграфиялық жағынан қолайлы — қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді – тиімсіз жақтарын салмақтайды. Сөйтіп, араб әріптері негізінде лайықталған қазақ графикасы 1924 жылы Орынборда маусымның 12 -сінде басталған Қазақ, Қырғыз білімпаздарының тұңғыш съезінде ресми түрде талқыланады. Бұл съездің күн тәртібіне алты мәселе қойылады. Олар: 1) жазу, яғни орфография ережелері, 2) әліпби, яғни алфавит, графика мәселесі, 3) қазақша пән сөздер, яғни терминология 4) Ауыз әдебиетін жию шаралары, 5) Оқу, ғылым кітаптарын көбейту шаралары,
6) бастауыш мектептердің программасы.
А.Байтұрсынов реформалаған араб жазуы өз кезінде қазақ халқының мәдени дүниесінде үлкен роль атқарған, қалың көпшілікті жаппай сауаттандыру ісіне, жазба дүинелердің дамуына, баспа жұмысының жандануына игілікті қызмет еткен, прогрессивтік құбылыс болды. А. Байтұрсыновтың бұл тәжірибесін өзге түркі халықтары, мысалы, өзбектер мен татарлар үлгі етіп тұтып, олар да өз жазуларының реформалар жасай бастады.
А.Байтұрсынов — қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсаған адам. Күш жұмсауға тура келген себебі мынада. Қазақ балаларына арналып 1902 жылдан бастап ашылған үш жылдық бастауыш мектептің тілі қазақша болғанмен, қазақша жазуы, яғни ресми түрде қабылданған графикасы жоқ болатын, сондықтан әр мұғалім өз ыңғайына қарай не орыс, не араб жазуларын пайдаланатын. Жоғарыда айтылды, А. Байтұрсынов пен өзге де бір топ қазақ интеллигенциясы уәкілдері болып, 1905 жылы 26 июньде Россия Империялық Министр Советінің Председателі атына («Кіндік үкіметке») петиция жазады. Мұнда бір пункт етіп қойған талаптары: «Қазақ даласында оқу — ағарту ісі дұрыс жолға қойылсын, ол үшін ауыл мектептерінде балалар қазақша сауат ашатын болсын, оқу ана тілінде жүргізілсін» деген болатын.
Осы талаптың жүзеге асуы үшін А. Байтұрсынов қазақша сауат ашатын тұңғыш әліппе құралын жазады. Ол (қазақша әліпбе) «Оқу құралы» деген атпен тұңғыш рет 1912 жылы Орынборда Каримов, Хусаиновтар баспасында шығады. Бұған дейінгі қазақ балаларына ұсынылып келген «Букварь» немесе «Самоучитель» дегендер «жазуға үйрететұғын кінеге» ретінде қазақ балаларының сауатын орыс тілінде, орыс графикасымен ашуға арналған болатын. Мысалы, 1892 жылы Қазанда басылған «Букварь для киргизов» деген құралға А. Е. Алекторов: «Буквы русские, фразы, тексты на чисто киргизском языке» (үстіміздегі ғасырдың 20-жылдарының орта тұсына дейінгі «қырғыз» деп аталған тұстарда әңгіме қазақ туралы екенін әрдайым ескертіп отыру қажет болмас) деп анықтама береді. Демек, А. Байтұрсыновтың «Оқу құралы» — тұңғыш әліппеміз.
1912 жылы шыққан бұл «Әліппеден» біздің көңілімізді аударатын бір мағлұмат аламыз, ол — А. Байтұрсыновтың «Баяншы» атты методикалық кітапшасы сол кезеңде-ақ бар екендігі. Оған мына текст дәлел: Бұ алифбадағы қай харф қандай дыбыстың белгісі, олар қай орында қалайша жазылмақшы һәм балалар алифбаға түспей тұрып дыбыспен қалай жаттықпақшы — бұлар жайын «Баяншы» деген кітапшадан қараңыз».
«Әліппе» оқулығы а, р, з таңбаларын танытудан басталады. Бұл үш дыбыстан тұратын ар, ара, араз, аз, аза, азар, зар деген сөздердің таңбалануы керсетіледі. Кітап бетінің теменгі жағындағы сілтемеде: «Бұл үш харфты балаларға үйрету үшін әуелі һәр бірін бөлек-бөлек бір-бір жапырақ қағазға үлкен етіп жазу [керек]. Сонан соң «а»-дан бастап һәр бірін балаларға бөлек-бөлек көрсету [керек]. Балалар һәр бірін жаңылмайтын болып білген соң, алифбаға қаратып оқыту [керек]. Бормен жазатын үлкен тақтай болса, һәр бірін бөлек-бөлек тақтайға жазып көрсетсе де болады» деп хат таныту жолын көрсетіп сабақ әдісін қоса береді. Мұндай үйрету жолы өзге әріптерде де берілген. Кейбір сілтемелерде арабша жазудың бірқатар ерекшеліктері де көрсетіліп отырған. Мысалы у әрпін берген бетте: г/ сөз басында келсе, алдына таяқ қойылады, бұл таяқ оқылмайды; сүйеу болу үшін қойылады демек керек» деп ескертеді.
«Оқу құралы» тек сауат ашып қоймайды, сонымен қатар балалар үшін танымдық материалдарды, мысалы, қазақша және парсыша күн аттарын, арабша және орысша жүлдыз аттарын, қазақша ай аттарын, жыл аттарын ұсынады. 96 беттік бұл оқулық «ұсақ әңгімелер» деген атпен автордың өзі құрастырған 24 шағын әңгімелер тексімен және «Балалық күй» атты өлеңмен аяқталады.
Тұңғыш басылымы 1912 жылы жарық көрген бұл «Әліппе» кейін де бірнеше рет басылған, оның 1925 жылғы Орынбор басылымы 7-деп көрсетілген.
А. Байтұрсынов 1926 жылы «Әліппенің» жаңа түрін жазып ұсынады, бұл осы күнгідей суреттермен берілген оқулық болатын, кітапты «Жаңа әліпби» дегеи атпен 1926 жылы Қызылорда — Ташкент баспалары бірігіп шығарған. 1927 жылдың өзінде оның 2, ал 1928 жылы 3-басылымы Қызылордада шығады. Бұл «Әліпби» «Қазақ тілінде басылған кітаптардың көрсеткішінде» (Қызыл-орда, 1926) былайша бағаланады: «Жаңа құрал. Қазақ тұрмысына үйлесімді суреттері бар. Емлесі жаңа. Қазақстан білім ордасы мектептерде қолдануға ұйғарған… Ахметтің 7 рет басылған бұқрынғы «Әліпби» («Оқу құралы») қазақ жұртына орасан көп пайда келтірген еді… Бірақ соңғы көздерде жаңа тәртіптер шыға бастағаннан кейін ол «Әліпби» әдіс жөнінен де, мазмұн жағынан да ескірген. Мынау жаңа «Әліпби» бұрынғысынан қай ретте болса да аса артық. Бұл «Әліпби» мазмұны қазақ жағдайына қарай, Мемлекет Білім Кенесінің жаңа программасына үйлесімді болып шыққан. Әңгімелері балалар үшін қызық, жеңіл, заманға лайық. «Әліпби» көңілдегідей болып шыққан («Білім кеңесі»).
А. Байтұрсынов тек мектеп оқушыларына ғана емес, ересектердің сауаттарын ашуға арналған «Әліпби» де жазған, ол 1924 жылы Орынборда, 1926 жылы Семейде басылды.
1912 жылы мектеп балаларын қазақша сауаттандыратын «Оқу құралын» жазғаннан кейін, көп ұзамай енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық жазуға кіріседі. «Біздің заманымыз жазу заманы… Сөздіқ жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге, сөз қандай орында қалай өзгеріліп, қалайша бір-біріне қиындасып, жалғасатын жүйесін білу керек» болғандықтан, «қазақтың бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар қазақ тілінін, дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерін де үйрету керек» («Тіл — құрал», тіл танытқыш кітап. Сөз басы) дегенді өзіне міндет етіп алады да, сол міндетті атқару үшін «Тіл — құрал» деген атпен үш белімнен (үш кітаптан) тұратын оқулық жазуға кіріседі. Оқулықтың қосалқы аты «Тіл танытқыш» (әдебиеттану саласына арналған екінші үлкен еңбегіне «Әдебиет танытқыш» деген ат бергеніне қарасақ, ғалымның тіпті еңбектеріне ат қоюға келгенде де жүйелілікті, бірізділікті сақтауға ұмтылғанын көреміз). Бұл оқулықтың фонетикаға арналған I бөлімі алғаш рет 1915 жылы жарық көреді. Ол әрі қарай бірнеше рет басылған, 1927 жылғы Қызылордадағы басылымы 7-деп көрсетілген. Қазақ тілінің морфологиясына арналған II бөлімі бұдан да бір жыл бұрын 1914 жылы баспадан шыққан, оның 1927 жылғы басылымы 6-деп көрсетілген. Синтаксиске арналған III бөлімі де бірнеше басылым керген. Оның 6-басылымы 1928 жылы Қызылорда—Ташкенттегі «Қазгосиздаттан» шыққан.
«Тіл — құрал» — қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны құбылыс. Оның жалғыз тіл емес, өзге де пәндерден оқып үйренетін қазақша жазылған кітап, құрал дегендерді білмей — көрмей келе жатқан қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың дүние екендігін автордың өзі де ескертеді. Кітабының «Сөз басында», «Тіл — құрал» деген аты қандай жат керінсе, ішкі мазмұны да әуелгі көзде сондай жат көрінер, өйткені бұл — қазақта бұрын болмаған жан, азат. Халықта бұрын болмаған нәрсе жат көрініп, бірте-бірте бойы үйренген соң қалатын» дейді
«Тіл — құрал» — қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Бастауыш мектепке, яғни алғашқы 45 жыл оқитын шәкірттерге арналғанмен, қазақ тілінің фонетикалық және грамматикалық (морфологиялық — синтаксистік) құрыплмын талдап, жүйелеп, танытып берген, қазақ тіліндегІ түңғыш ғылыми жұмыстың басы. Бұл оқулықтар.— «қазақ тіл білімі атты» ғылым саласының ана тіліміздегі бастамасы және дұрыс, жақсы бастамасы. Өйткені қазақ тілінің дыбыстық құрамының классификациясы да, сөз таптарын ажыратып, сөз тұлғаларының түрлерін көрсетуде де сөздердің өзгеру (септелу, тәуелдену, жіктелу) тәртібін танытуда да, сөйлем түрлерін ажыратуда да – қысқасы қазақ тілі фонетикасы мен грамматикасын талдап-таныту күні бүгінге дейін А. Байтұрсыновтың аталған оқулықтарының негізінде беріліп келеді. Тілдің әр категорияның классификациясынан бастап, бүкіл терминдеріне дейін (бірен — саран жеке сәттерде болмаса) қазіргі мектеп грамматикасы А. Байтұрсынов салған негізде ұсынылып отыр.
Қазақ тілін талдап — тануда А. Байтұрсыновтың еңбегін және бір тұрғыдан ерекше бағалау керек: ол — термин жасаудағы іс-әрекеті. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша термин ұсынды. Осы күнгі қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, сөйлем, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, қыстырма сөз деген т. т. сан алуан лингвистикалық ғылыми терминдердің баршасы А. Байтұрсыновтікі. Бұлардың барлығы дерлік не бұрынғы сөздің мағынасын жаңғырту (өзгерту), не жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген соны атаулар, жасанды сөздер. Жасандылығына, сонылығына қарамастан, әрқайсысы сол өзі атап тұрған тілдік категорияны дәл атайтын термин (атауыш сөз, 20-жылдардағы терминімен айтсақ, «пән сөздері») болып шыққан. Бұлардың ете сәтті жасалғандығын күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан еміршеңдігі дәлелдейді.
А. Байтұрсынов терминология мәселесіне қатты назар аударған. Ол тек тіл білімі саласы емес, әдебиеттану саласының да көптеген терминдерін жасағаны мәлім. Бұлар да өте сәтті шыққан, қонымды атаулар болған. Сондықтан әдебиеттанудағы А. Байтұррынов ған терминдердің басым кепшілігі күні бүгінге дейін қолданылып отыр. Ғылымның тек бұл екі саласы емес, жалпы мәдениетке, халық тарихына қатысты әлеуметтік терминдердін, көпшілігі ғалым қаламынан туып, қазір авторының кім екендігі ұмытылып, жалпы халықтық көне сөздер болып кеткенін айту керек. Бұл салаларда оның термин жасаудағы негізгі принципі — ең алдымен қазақ тілінің өз мүмкіншіліктерін пайдалану болды. Қөзінде А. Байтұрсыновты жау етіп танытуға күш салғандардың оған тағатын идеологиялық айыптарының бірі «А. Байтұрсынов терминдер жасауда пуристік бағыт ұстады, яғни қазақ тіліне орыс сөздері мен интернационалдық терминдерді жолатпауға тырысты» деген пікір болатын. Бұл да әрбір іс-әрекеттің байыбына бармай, яғни себебін іздемей берілген солақай баға. Егер әрбір құбылысты, әрбір іс-әрекетті өз кезеңіне қарай, сол кезеңдегі жағдайға карай тану керектігін мойындасақ, А. Байтұрсыновтың термин жасаудағы. «қазақшылығының» негізі бар екендігін, яғни бұл ретте ұстаған принциптері мен бағытының дұрыс екендігін көреміз. Ол принцип — жас ғылым салаларының терминдерін жасауда қазақ тілінің өз қорына иек арту. Сол кезең үшін бұл принциптің ұтымды, қолайлылығы жаппай сауатын енді ашып, бұрын естіп білмеген ғылым салаларының ұғымдарын енді игеруге кіріскен қазақ оқушысы мен оқырманына сол ұғымдарды мейлінше түсінікті етіп жеткізу мақсатының көзделгендігінде. Жасанды болса да қазақ сөздері оқушынын, тез жаттығып, есінде жақсы сақтауына әрі сол сөздің ма-ғынасына қарап, терминдік семантикасын өзі аңғарып, игеріп кетуіне мүмкіндік береді. Саналы ғалым осыны білген. Термин жасауда ана тіліміздің сөздік қазынасыи мейлінше пайдалану — сол кезең түгіл, бүгінгі күнде де, яғни дүние жүзі білім — ғылымына жанасып, орыс тілін жақсы меңгеріп, сол арқылы интернационалдық лексика қорына бара алатын қазіргі көзде де енімді, басты принциптердің бірі екендігі белгілі.
Ахмет Байтұрсыновтың сөйлем мүшелері жайлы ғылыми тұжырымдары
Сөйлем мүшелері Тұрлаулы, Тұрлаусыз болып екіге бөлінеді. Тұрлаулы мүше болады сөйлем болған жерде қалмай айтылатын сөздер немесе қалса да қалғандығы сезіліп тұратын сөздер. Мәселен, «асыл тастан, ақыл жастан» я болмаса «баланы жастан, қатынды бастан» дегенде: бірінші мысалда «шығады» деген сөз, екінші мысалда «үйрет» я «үйрету» деген сөз қалып тұрғандығы сезіліп тұр. Не болмаса, «жығылған күреске тоймас я «аузы күйген үріп ішер» деген сөйлемдердің біріншісінде де, екіншісінде де «адам» деген сөз қалып тұрғаны анық сөзілді. Толықтырып айтсақ, бұлай дер едік: «асыл тастан шығады, ақыл жастан шығады», «баланы жастан үйрет, қатынды бастан үйрет»; «жығылған адам күреске тоймас»; «аузы күйген адам үріп ішер». Осындай сөйлем ішінде бірде болып, бірде болмай-тын сөздер немесе керек болған жерде айтылып, керек болмаған орында айтылмай қалып отырған сөздер, жана да қалған жерде, калғандығы ашық сөзілмейтін сөздер тұрлаусыз мүше деп аталады. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері екеу: 1) бас мүше, 2) баяншы мүше.
Бас мүше дейміз — сөйлем ішіндегі сөздер байланатын қазық сөзін, сөйлем иесін. Ол қазық сөз болатын қандай сөз? Сөйлегенде бір нәрсе туралы сырын — сипатын, жайын, амалын, болымысын сөйлейміз. Сөйлем ішінде сол нәрсенің атын көрсететін сөз бас мүше болады. Ол нәрсенің сырын-сипатын, жайын, амалын, болмысын айтып баяндайтын сөз баяншы мүше болады.
Бұлар бас мүше мен баяншы мүшенің ішкі белгілері. Бұлардан басқа тысқы белгілері бар.
Бас мүшенің тысқы белгілері кім?», «не?» деген сұрауларға жауап беру. Баяншы мүшенің тысқы белгілері, негізі «не етпек?», «не қылмақ?», «қайтпек?», «не болмақ?», «нешік?», «немене?», «қалай?», «кімдікі?», «қайсы?», «ненікі?» деген сұрауларға жауап беру.
Жеңілдік үшін бас мүше — бастауыш деп, баяншы — баяндауыш деп аталады.
Бірнеше сөйлемдерді мысалға алып, бастауыш пен баяндауыш қалай табылатынын көрейік.
БАСТАУЫШ
Бастауыш болатын сөз таптары.
Әуелі бастауыш болатын – атау тұлғасындағы зат есім. Мысалы: Бала ойнайды. Ат шабады. От жанады.
Бұл сөйлемдердің ішінде бастауыш қай сөз екенін әуелі ішкі белгісімен тауып қарайық. Олай табу үшін мысалға алынған сөйлемнің әрқайсысына не туралы сөйленіп тұрғанын ашу керек.
1-ші сөйлем: Бала ойнайды. Мұнда кім турасынан сөйленіп тұр? – бала турасынан.
2-ші сөйлем: Ат шабады. Мұнда не турасынан сөйленіп тұр? – Ат турасынан.
3-ші сөйлем: От жанады. Мұнда не турасынан сөйленіп тұр? – От турасынан.
Бала, от ат — атау тұлғасындағы зат есімдер.
Не көңіл тарлығы?—«сенікі, Менікі деген». Не төсек тарлығы?—«ары жат, бері жат!» деген тыскы белгісі бойынша да бұл сөйлемдер бастауыш. Сөйтіп, енді қорытып айтқанымызда, бастауыш болады сөз таптары тоғызы да:
1) зат есім, 2) сын есім, 3) сан есім, 4) есімдік, 5) етістік. 6) үстеу, 7) демеу, 8) жалғаулық, 9) одағай жана бүтін сөйлемдер.
Қосарлы бастауыш. Бастауыш бір сөзбен айтылмай, бірнеше сөзбен айтылса, қосарлы немесе күрделі деп атаймыз.
Мысалдар: 1) Тамағы жоқтық таптырар. Мұнда тамақ жоқтық жайынан айтылып түр. Не таптырар?-—тамағьі жоқтық (бастауыш екі сөзбен айтылып тұр).
2) Асық ойнаған азар. Мұнда асық ойнаған туралы айтылып тұр. Кім азар?— асық ойнаған.
3) Жөнге тартқан жөндер. Мұнда жөнге тартқан туралы айтылып тұр. Кім жендер?— жөнге тартқан.
4) Сыпыра жалман жалмар. Мұнда сыпыра жалмаң жайынан айтылып тұр. Кім жалмар?—сыпыра жалмаң.
5) Тоны жаман тоңар: Мұнда тоны жаман туралы айтылып тұр. Кім тоңар?—Тоны жаман.
6) Жеті атасын білмеген жетім. Мұнда жеті атасын білмегеннің жайынан айтылып тұр. Кім жетім?—жеті атасын білмеген жерде зат есім оолмай қалмайды. Бірақ бірде айтылады, бірде айтылмай ойда тұрады. Зат есімнен басқа бастауыш болған сөздер зат есімнін, орңында немесе арқасында бастауыш бола алады. Жоғарыда мысалға алынған сөйлемдерде сөйлеу бөлімдерінің бәрі бастауыш болуға жарайтын болып шықты. Түбін қазып қарастыра келгенде, солардың бәрі де -(зат есімнен басқасы) бастауыш болып тұрғандары не зат есімнің орнында тұрғандықтан, не зат есімнің көмегі болғандықтан. Сол бастауыштардың түбін қазыңқырап қарастырып көрейік, қалай бастауыш болып тұр екен.
Зат есімнен басқа бастауыш болып тұрған уелі — сын есім. Мысалға алынған: Көп қорқытады, терең батырады. «Көп қорқытады» деген де қорқытатын шөп емес, әрине адам. «Терең батырады» дегенде де батыратын терең- су екені анық. Олай болса Мұндағы «көп» пен «терен»—«көп адам», «терең су» деген сөздердің орнында тұр. Жеңілдік үшін «адам» мен «су» деген сөздер айтылмаған, бірақ ойда тұр.
Екінші — сан есім. Мысалға алынған: Берерменге бес те көп, аларманға алты да аз. Біреу тойып секіреді. «Бес те», «алты да» дегенде, Мұнда нәрсе көңілде түр. Қүр ғана сан болса, азсынуға да, көпсінуге де орын болмас еді: «бесеу», «алтау» нәрсесіз құр сан болса, берермен бесеу түгіл, мыңын көпсінбес еді, аларман алтау түгіл, бірін де азсынбас еді. Берермен көпсінетіні, аларман азсынатыны берілетін, алынатын құр сан емес, нәрсе болғандығы. Мұндағы «бесеу» мен «алтау» сан ғана емес, нәрсені де көрсетіп түр.
Сондай-ак, біреу тойып секіреді дегенде, әрине, сан секірмейді. Олай болса, «біреу» деген сөз Мұнда зат есім орнында түр. Үшінші — есімдік. Мысалға алынған: Мен келдім, сен келдің, ол терең, бұл тайыз.
Есімдік өзі есім орнына жүретін сөз болған соң, бастауыш болған есімдіктер зат есім орнында тұрғаны анық. Мен, сен, ол бұл — бәрі де зат есім орнына жүретін есімдіктер.
Төртінші — етістік. Мысалға алынған; Алыспақ жоқ, атыспақ бар. Оқу оңайланды. Жығылған күреске тоймас. Алыспақ, атыспақ деген сөздер бұл жерде алысу, атысу, оку — іс есімдерін көрсететін етістіктен шыққан зат есімдері. «Жығылған күреске тоймас» дегенде, күреске тоймайтын жығылған мал я ағаш емес, адам екендігі анық. Солай болған соң «жығылған» деген сөздің бастауыш болып тұрғаны — «жығылған адам» дегеннің орнында тұрғандықтан. Жеңілдік үшін «адам» айтылмаған, бірақ көңілде тұр.
Бесінші — үстеу. Мысала алынған: Әрі алыстатады, бері жақындатады, шапшаң асықтырады, соңыра кешіктіреді. Жеңілдік үшін қысқартпай айтқанда, бұл сөздер бұлай айтылар еді: Әрі деу алыстатады, бері деу жақындатады. Шапшаң деу асықтырады, соңыра деу кешіктіреді. «Деу» деген сөз бәрінде де айтылмаған. «Деу»— етістіктен шыққан зат есім. «Әрі», орнында болғандықтан.
Бастауыш болған демеу, жалғаулық, одағай — бәрі де осы ретпен болып тұр.
Сөйтіп, түбін қазып қарастырып келгенде, бастауыш болатын — зат есім. Басқа сөз таптары зат есімнің орнында немесе аркасында ғана бастауыш бола алады.
БАЯНДАУЫШ
Баяндауыш болатын сөз таптары.
Әуелі баяндауыш болады етістік. Мысалы: Қой үрікті. Ит үрді. Адам айқайлады. Бұл сөйлемдердің ішінде баяндауыш болатын қай сөз екенін әуелі ішкі белгісімен тауып қарайық. Баяндауыш болмақ керек қандай сөздер?—Жоғарыда айтуымыз бойынша, баяндауыш болатын сөз бастауыш атаған нәрсенің не сыр-сипатын, не амалын, не жайын, не болмысын көрсету керек. Олай болса, алынған. сөйлемдердің ішіндегі бастауышты тауып, сонан сон, ол бастауыш атаған нәрсенін, не сыр-сипатын, не амалын, не жайын, не болмысын көрсететін сөзді табу керек.
1-інші сөйлем: Қой үрікті. Не үрікті? — қой. Бастауыш қой деген сөз болып шықты. Үрікті деген сөз қойдың не істегенін амалын көрсетіп тұр.
2-інші сөйлем: Ит үрді. Ит үрді?—ит. Бастауыш ит деген сөз болып шықты. Үрді деген сөз иттің не істегенін — амалын көрсетіп тұр.
3-інші сөйлем: Адам айқайлады. Кім айқайлады?— адам. Бастауыш адам деген сөз болып шықты. Айқайлады деген сөз адамның не істегенін —амалын көрсетіп түр. Сүйтіп, бұл сөйлемдердің ішінде бастауыш атаған нәрселердің амалын көрсетуші үрікті, үрді, айқайлады деген сөздер болып шықты немесе, екінші сөзбен айтқанда, баяндауыштың ішкі белгісі осы сөздерге келеді. Сондықтан бұл сөздер баяндауыш болуға тиіс.
Енді тыскы белгісімен тауып көрейік. Баяндауыштың тысқы белгісі —«не етпек?», «не қылмақ?», «кәйтпек?>>, «не болмақ?», «нешік?», «немене?», «қалай?», «кімдікі?», я «ненікі?», «қайсы?» негізді сұрауларға жауап беру. Сондықтан бұл негізді сұраулар баяндауыш сұраулары деп аталады.
Алынған сөйлемдер ішінде қай сөз баяндауыш сұрауларына жауап берер екен қарайық.
1-інші сөйлем: Қой үрікті.
Қой не етті?—үрікті.
2-інші сөйлем: Ит үрді.
Ит қартті?— үрді.
3-інші сөйлем: Адам айқайлады. Адам не кылды?—айқайлады. Мұнда «не етті?», «қайтті?» деген баяндауыш сұрауларына жауап беріп тұрған тағы сол үрікті, үрді, айқайлады деген сөздерге келіп тұр. Ішкі, тысқы белгісі бірдей келген соң, баяндауыш болып тұрған осы сөздер — үрікті, үрді,, айқайлады деген сөздер — етістіктер. Етістіктің есімше мен кө.семше түрлері де баяндауыш болады. Етістік есімше түрінде қосар күйінде ғана баяндауыш болады. Екеуіне де мысал келтірейік. Есімше дара күйінде баяндауыш болатынына мысалдар.
1)Мен сөйлеушімін, сен тыңдаушысын. Мұнда сөйлеушімін, «тыңдаушысын» деген сөздер»«мен», «сен» жайын баяндап тұр (бұл — баяндауыштың ішкі белгісі).
Мен неменемін?—сөйлеушімін. Сен неменесің?—тыңдаушысын (бұл — баяндауыштың тысқы белгісі).
2) Заман өзгерген, білім күшейген. Мұнда «өзгерген», «күшейген» деген сөздер «заман» мен «білім» жайын айтып бірінің өзгергендігін, екіншісінің күшейгендігін баяндап түр (бұл — ішкі белгісімен қарағандағысы), Заман не еткен?—өзгерген. Білім не еткен? — күшейген. (Бұл —тысқы белгілері).
3) Біреу беретін, біреу алатын. Мұнда біреу жайынан беретіндігі мен алатындығы сөйленіп тұр. (Бұл — ішкі белгілері). Біреу не ететін?— беретін, Біреу не ететін?— алатын. (Бұл — тысқы белгілері).
Есімше мен көсемше қосар күйінде баяндауыш болатынына мысалдар:
1) Бала жылай берген.
Кім жылай берген?—бала (бастауыш). Бала не қылған?— жылай берген (баяндауыш).
- Оспан оқып жүрген.
Кім оқып жүрген?—Оспан (бастауыш). Оспан не қылған?— оқып жүрген (баяндауыш).
Қосарлы баяндауыштар
Жоғарыда баяндауыш екі немесе үш, әйтеуір бір сөз емес, бірнеше .цөзбен айтылған болса, «қосарлы» баяндауыш болады деп айтылды.
Жай баяндауыш жай етістікпен айтылады, қосарлы баяндауыш көмекші етістіктер қосылып айтылғанда болады. Бірақ, етістік жүрмеген жерде баяндауыш болмайды. Етістіктен басқа сөз таптары баяндаүыш болса, олар етістік көмегімен ғана бола алады. Оларға көмек болатын көбінесе -көмекші етістіктер. Көмегі үртіс көріне болмай, көрінбей болатын да орындары бар. Бірақ түбін қазып, қарастырып келгенде, баяндауыш болған жерде етістік бар екені даусыз болып шығады. Етістік көмегі көріне болатын орындары мен керінбей болатын орындарына мысал келтіріп қөрейік.
1. )Күн жаз болды; 2) Ет аз болды.
Мұнда бірінші мысалда күн — бастауыш, жаз болды — баяндауыш. Екінші мысалда ет — бастауыш, аз болды — баяндауыш. Жйз болды, аз болды деген баяндауыштың екеуі де екі-екі сөз-бен айтылған. Екі сөзбен айтылған соң, бұлар қосарлы баяндауыш болады. Қосарлы баяндауыш көмекші етістік қосылған жерде болады. Бұл екі баяндауыш та, «жаз болды», «а»з болды» дегенде, «болды» кемекші етістік екендігі көзге керініп тұр.
1) Ағаш көркі жапырақ, 2) Адам көркі шүберек. Мұнда бірінші мысалда бастауыш — көркі, екінші мысалда да бастауыш — көркі. Баяндауыш бірінші мысалда — жапырақ, екінші мысалда — шүберек.
Жапырақ, шүберек деген; сөздер етістік көмегінсізақ баяндауыш болып тұрған сияқты көрініп тұр. Шынында олай емес, мұнда да етістіктің жасырын кемегі бар. Ол көмегі егер жоғарыдағы мысалға алынған сөйлемдерді қысқартпай толық түрінде айтсақ керінеді. Мәселен: Ағаш керкі жапырақ болады, Адам керкі шүберек болады десек, қысқартып айтқанда, керінбей, тұрған кемекші етістік — «болады» толықтырып айтқанда шыға келеді.
Етістік көмегімен баяндауыш болатын сөз таптары: 1) заі есім, 2) сын есім, 3) сан есім, 4) есімдік, 5) етістік (есімше, кесемше түрінде).
Мысалы: 1) Жаман жүрісінен құл болады. 2) Жақсы жүрісінен пұл болады. 3) Жұп негізі екі 4) Оспан осы. 5) Ол біздің қорғаушымыз. 6) От жанып тұр. Бұл мысалдарда: 1) Баяндауыш — құл болады. Құл — затесім, болады — көмекші етіс-тік. 2) Баяндауыш пүл болады. Пұл—сын есім, болады — көмекші етістік. 3) Баяндауыш — екі. Екі — сан есім, болады деген көмекші етістіктін, көрінбей түрғ.ан көмегі бар (Жүп, негізі екі болады). 4) Баяндауыш осы. Осы — есімдік. Етістіктін, көрінбей тұрған «болады».деген көмегі бар (Оспан осы болады). 5) Баяндауыш — қорғаушымыз. Қорғаушымыз — есімше. Мұнда да етістіктің көрінбей тұрған көмегі бар. (Ол біздің қорғау)
Жалаң сөйлем мен жайылма сөйлем
Бастауышы мен баяндауышы бар, екі мүшелі ғана сөйлем жалаң сөйлем деп аталады. Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің тұрлаулы мүшелері, олардан басқа сөйлемнің Тұрлаусыз мүшелері де бар деп жоғарыда айтылды. Бастауыш, баяндауыштан басқа мүшелері бар сөйлем жайылма сөйлем деп аталады.
Сөйлеудің асыл мағанасы.— біреуге білдірейін деген ойын айту. Айтушының мақсаты — тыңдаушыға ойын түгел түсіндіру. Ойын түсіндіру үшін соған керек сөздерді алу қажет. Бір сөзді ойын анықтау үшін алса, екінші сөзді ойын толықтау үшін алады, үшінші сөзді ойын пысықтау үшін алады. Сондықтан сөйлемнің турлаусыз мүшелері: 1) анықтауыш мүше, 2) тдлықтауыш мүше, 3) пысықтауыш сөздер болып, үшке бөлінеді.
Анықтауыш
Анықтауыш деп сөйлем ішінде анықтық үшін айтылатын сөзді айтамыз. Мәселен, алайық «Қысқа жіп күрмеуге келмес» деген сөйлемді. Не күрмеуге келмес?— жіп. Жіп не етпес?— күрмеуге келмес, Мұнда жіп — бастауыш, күрмеуге келмес — баяндауыш. «Қысқа» деген сөз не болмақ? Бұл «қысқа» дегегг сөзді айтпай, құр «жіп күрмеуге келмес» деп ғана қойсақ, кан-дай жіп күрмеуге келмейтіні белгісіз, жіптің бәрі күрмеуге келмейтін сияқты болып шығады. Күрмеуге келмейтін аты жіп болғанның бәрі емес, «қысқа жіп». «Қысқа» деген сөз қосылса, күрмеуге келмейтін қандай жіп екені ашылып, анықталады. Сондықтан «қысқа» деген сөз Мұнда анықтық үшін алынған сөз болады. Ондай сөз сөйлемнің «анықтауыш мүшесі» деп немесе жеңілдік үшін тікелей «анықтауыш» деп аталады. Әлгі айтыл-ған—анықтауыштың ішкі белісі. Мунан басқа тысқы белгілері бар. Олары «қандай?», «не?», «неше?», «нешінші?», «кімнің?», «не етуші?», «не еткен?» деген сұрауларға жауап беру. Бұл сұраулар анықтауыш сұраулары деп аталады.
Сөйлем ішінде анықтауыш қай сөз екенін осы сураулармен жана ішкі белгісімен табамыз.
Толықтауыш
Толықтауыш деп нәрсе амалын, жайын, болмысын толықтыру үшін айтылатын сөзді айтамыз. Сөйлем ішінде нәрсенің малын, жайын, болмысын айтатын сөз көбіне баяндауыш. Солай болған соң, толықтауыш көбінесе баяндауышты толықтау үшін айтылатын сөйлем мүшесі болып шығады.
Мысал үшін алайық: «мерген құс атты» деген сөйлемді. Кім атты? — мерген. Мерген не қылды? – атты. Не атты? – құс. Мұндағы «мерген» деген сөз бастауыш, «атты» деген сөз баяндауыш.
«Құс» деген сөз не болмақшы? Мұның не болатынын білу үшін «құс» деген сөз неге айтылып тұрғацын ашу керек, тегінде неменеге керек болғаннан айтылып тұрғанын білу керек. Оны білу үшін «құс» деген сөзді тастап, тіпті айтпай қоя тұрып қарау керек. Айтпағанда келетін кемшілік бар ма екен? Жана кандай екен? Құс дегенді қалдырып, «мерген атты» деп ғана қойғанда, мерген атқанын ғана білеміз, нені атқанын білмейміз. Екінші сөзбен айтқанда, мергеннің амалын ғана білеміз, ол амалын неге жұмсағанын білмейміз. «Атты» дегенде нені атқаны белгісіз болып, сөйлемнің жетпей тұрған жері бар: амал неге жұмсалғанын айтпай түр, сөйлемде кемістік бар. Сол кемістікті толықтыратын еөз —«құс», «құс атты» дегенде мерген амалы неге жұмсалғаны мағлұм болады. «Құс» деген сөздің жоқтығынан «атты» деген сөзге келіп тұрған кемшілік жоғалады. «Атты» — баяндауыш. «Атты» деген сөзге келіп тұрған кемші-, лік жоғалып, мұның толыққаны. баяндауыш толыққаны болып табылады. Сүйтіп, «құс» деген «атты» деген баяндауышты толықтаушы сөз болып шықты. Жоғарыда ондай баяндауышты толықтау үшін айтылатын сөз толықтауыш болады дедік. Бұл — ішкі белгісі.
Мұнан басқа толықтауыштың тысқы белгілері бар. Ол белгілері — толықтауыш сұрауларына жауап беру. Толықтауыш сұраулары мынау: кімге?», «неге?», «кімді?», «неңі?», «не?», «кімде?», «неде?», «кімнен?», «неден?»-, «не қылуға?», «не етуге?», жана да «кім?», «не?» деген сурауларға «мен», «үшін», «туралы», «тақырыпты» және басқа жалғаулықтар қосылу мүмкін.
Сөйлем ішінде толықтауышты осы сұраулармен, жоғарыда айтылған ішкі белгісімен табамыз.
Әуелі — толықтауыш болады зат есім (жалғаулы-жалғаусыз жана жалғаулық косылған күйінде). Мысалы: 1) Әкесі бала-сына кітап сатып алды. 2) Асан Үсенмен ақылдасты. 1) Кім кітап сатып алды?— әкесі. Әкесі не қылды?— сатып алды. Не сатып алды?— кітап. Кімге сатып алды?— баласыңа. 2) Кім ақылдасты?— Асан не қылды?— ақылдасты. Кдммен ақылдас-ты?— Үсенмен.
1-інші мысалда—«кітап», «баласына» деген сөзДер «сатып алды» деген баяндауышты толықтап тұр. Жана «не?», «кімге?» деген толықтауыш сурауларына жауап беріп тұр.
2-інші мысалда «Үсенмен» деген сөз «ақылдасты» деген баяндауышты толықтап тұр жана «кіммен?» деген толықтауыш сурауына жауап беріп түр.
Сондықтан «кітап», «баласына» .«Үсенмен» деген сөздер толықтауыш болады. «Кітап», «баласына», «Үсенмен» деген сөздер — зат есім (бірінші сөз жалғаулықпен тұр). Жалғаусыз жана жалғаулықсыз толықтауыш тура толықтауыш деп аталады.
Екінші—толықтауыш болатын сын есім. Жалғаулы күйінде.
Мысалы: Күштіден істі озды? Кім озды?—істі. Істі не қылды?—озды. Кімнен озды?—күштіден. Мұнда «күштіден» деген сөз «озды» деген баяндауышты толықтап тұр жана «кімнен?» деген толықтауыш сұрауына жауап беріп тұр. Сондықтан «күштіден» толықтауыш болады. «Күштіден»—сын есім (жалғаулы).
Үшінші — толықтауыш болатын сан есім, жалғаулы күйінде. Мысалы: Бала төртпен бесті қоса алмады. Кім қоса алмады?— бала. Бала не қылды?-—қоса алмады. Нені қоса алмады? бесті. Немен қоса алмады?—тертпен. Мұнда «бесті», «төртпен» деген сөздер «қоса алмады» деген баяндауышты толықтап түр. Жана «нені?» «немен?» деген толықтауыш сұрауларына жауап беріп түр. Сондықтан бұлар толықтауыш болады. «Бесті», «төртпен» деген сөздер, сан есім (жалғаулы жана жалғаулық қосылған күйінде).
Төртінші — толықтауыш болады есімдік. Мысальг. 1) Бізде азық жоқ; 2) Сізде жазық жоқ. 1) Не жоқ?—азық. Азық не-шік?—жоқ. Кімде жоқ?—бізде. 2) Не жоқ?—жазық. Нешік?— жоқ. Кімде жоқ?— сізде. Мұнда «бізде», «сізде» деген сөздер «жоқ» деген баяндауышты толықтап тұр жана «кімде?» деген толықтауыш сұрауына жауап беріп тұр. Сондықтан бұлар толықтауыш болады.
«Бізде», «сізде» деген сөздер есімдік (жалғаулы күйінде).
Бесінші — толықтауыш болатын етістік. Етістік толықтауыш болады, кебінесе есімге айналған түрі мен есімше түрінде. 1) Мысалы: Күресуге дәрмен жоқ. Не жоқ?—дәрмен. Дәрмен нешік?— жоқ. Неменеге жоқ?— күресуге 2) мысалы: Жұмаш жүру үшін қайғырмады. Кім қайғырмады?—Жұмаш. Жұмаш не қылды?—қайғырмады. Немене үшін қайғырмады?—жүру үшін. 3) Мысал: Қорушыны торушы алады. Кім алады?—торушы. Торушы не қылады?—алады. Кімді алады?—қорушыны. 4) Мысалы: Жаман сыйлағанды білмес. Кім білмес?—жаман. Жаман не етпес?—білмес. Нені білмес? — сыйлағанды. 1-інші мысалда «күресуге» деген сөз «жоқ» деген баяндауышты толықтап тұр, 2-інші мысалда «жүру үшін» деген сөз «қайғырмады» деген баяндауышты толықтап тұр. 3-інші мысалда «қорушы-ны» деген сөз «алады» деген баяндауышты толықтап тұр. 4-інші мысалда «сыйлағанды» деген сөз «білмес» деген «баяндауышты толықтап тұр. Жана да бұл «күресуге», «жүру үшін», «қорушыны», «сыйлағанды» деген сөздер «неменеге?», «немене үшін?», «кімді?», «нені?» деген толықтауыш сұрауларына жауап беріп тұр. Сондықтан бұлар» толықтауыш болады («күресуге», «жүру үшін» етістіктің есімге айналған түрлері, «қорушыны», «сыйлағанды» есімшенің осы шактық, еткен шақтык түрлері).
Алтыншы—толықтауыш болатын үстеу. Мысал: «Әні» -ден «міні» көп айтылады. Не көп айтылады?—«міні». «Міні» не етеді?—көп айтылады. «Міні» неден көп айтылады?—«әні»-ден. Мұнда «әні»-ден деген «көп айтылады» деген баяндауышты толықтап тұр жана «неден?» деген толықтауыш сұрауына жауап беріп тұр.
1) «Әше»-ден «тағы» көп жмссалады. Не көп жұмсалады?—« «тағы» (бастауыш). «Тағы» не қылады? — көп жұмсалады (баяндауыш). Неден көп жұмсалады?—«әше»-ден (толықтауыш). Мысалы: Әше, тағы — үстеулер.
2) Мен «дейін»-нен «шейін»-ді көп айтамын. Кім «дейін»-нен «шейін»-ді көп айтады?—мен (бастауыш). Мен не етемін?—көп айтамын (баяндауыш). Мен нені көп айтамын?— «шейін»-ді (толықтауыш). Мен «шейінді» неден көп айтамын? — «дейіннен» (толықтауыш). «Дейін», шейін»—жалғаулықтар.
3) «Ой, аллаңнан» ойбайым тыныш. Не тыныш?—ойбайым (бастауыш). Ойбайым қалай?—тыныш (баяндауыш). Ойбайым неден тыныш?—«ой, аллаңнан» (толықтауыш). «Ой, алла!»— одағай.
4) «Байбол» Вегеннен адам байымайды. Кім байымайды?— адам (бастауыш). Адам не қылмайды?—байымайды (баян-дауыш). Адам неден байымайды?—«бай бол» дегеннен (толық-тауыш). «Бай бол» деген — бүтін сөйлем.
Пысықтауыш сөздер
Пысықтауыш сөздер деп амал пысықтау үшін айтылатын сөздерді айтамыз. Сөйлем ішінде нәрсенің амалын көрсететін сөз — баяндауыш. Сондықтан пысықтауыш сөздер баяндауышты пысықтайтын сөздер болып шығады. Бұлар баяндауышты қалай пысықтайды? Әуелі баяндауыш көрсетіп тұрған амалдың мезгілін айтып, екінші, орнын айтып, үшінші, сйшын сыйқьш айтып, төртінші, себебін айтып, бесінші, мақсатын айтып пысықтайды. Сондықтан пысықтауыш сөздердің өзі бес топқа бөлінеді. Жана да әр тобы өзінің пысықтау мәнісіне қарай: мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, сын пысықтауыш, себеп пысықтауыш, мақ-сат пысықтауыш деп аталады. Амалдың мезгілін мекенін, сынын, себебін, мақсатын көрсету бұл пысықтауыш сөздердің ішкі белгілері, бұлардан басқа тысқы белгілері де бар. Әр пысықтауыш сөздің өз алдына жауап беретін сұраулары бар. Олар тысқы белгісі болады. Қай пысықтауыш екенін ішкі, тысқы белгілерімен тауып аламыз.
Мезгіл пысықтауыш
Мезгіл пысықтауыш амалдың мезгілін көрсететін сөз болғандықтан, «қашан?», «қай уақыт?» сұрауларға жауап береді. мезгіл пысықтауыш болатын сөз таптары:
Әуелі – мезгіл пысықтауыш болатын мезгілдік үстеу. Мысалы: мана қар жауды. Не жауды?-қар. Қар не етті? – жауды. Қашан жауды? – мана.
Екінші — мезгіл пысықтауыш болатын мезгілдік үстеуге айналған зат есім. Мысалы:: Ертең боран болар. Не болар?— боран. Боран не етер?— болар. Қашан болар?— ертең.
Үшінші — мезгіл пысықтауыш болатын мезгілдік үстеуінің орнына айтылған зат есім.
Мысалы: Қатшы күні бойы жазды. Кім жазды?—қатшы, Қатшы не қылды?—жазды. Қанша уақыт жазды?—күні бойы.
Тертінші — мезгіл пысықтауыш болатын. Зат есім жана да сан есіммен қосылып екеуі.
Мысалы: Оқу он сағатта басталды. Не басталды? — оқу. Оқу не қылды?— басталды. Қай уақытта басталды?— он сағатта.
1-інші мысалда—«мана», 2-інші мысалда—«ертең», 3-інші мысалда —«күні бойы», 4-інші мысалда —«он Сағатта» деген сөздер болған амалдың мезгілін көрсетіп тұр. Жана «қашан»?, «қанша уақыт?», «қай уақытта?» деген мезгіл пысықтауыштың сұрауларына жауап беріп тұр. Сондықтан бұл сөздер мезгіл пысықтауыш болады.
«Мана — мезгілдік үстеу, «ертең»—мезгілдік үстеуіне айналған зат есім, «күні бойы»—- мезгілдік үстеу орнына айтылған зат есім, «он сағатта» дегеннің — оны сан есім, сағаты —зат есім.
Мекен пысықтауыш
Мекен пысықтауыш амалдың орнын көрсететін сөз болғандықтан, «қайда?», «қайдан?», «қалай?» деген сұрауларға жауап береді.
Мекен пысықтауыш болатын сөз таптары:
Әуелі — мекен пысықтауыш болатын мекендік үстеу.
- Мысал: Атты арман бара жатыр. Кім бара жатыр?— атты. Атты нешік?— бара жатыр. Қайда бара жатыр?— арман.
Екінші — мекен пысықтауыш болатын мекендік үстеуге айналған зат есім.
- Мысал: Тыста тықыр естілді. Не естілді?—тықыр. Тықыр не қылды?— естілді. Қайда естілді?— тыста.
Үшінші — мекен пысықтауыш болатын зат есім өз қалпында. Мысалы: Қапаш қалаға кетті. Кім кетті?— Қапаш. Қапаш не қылды?— кетті. Қайда кетті?— қалаға.
Төртінші — мекен пысықтауыш болаіын мекен үстеуіне айналған есімдік.
Мысалы: Мұқан мұнда келді. Кім келді?—Мұқан. Мұқан не қылды?— келді. Қайда келді?— мұнда.
Бесінші — мекен пысықтауыш болатын үстеу орнына айтылған есімдік.
Мысалы: Оспан осынан аттанды. Кім аттанды?—Оспан. Оспан не қылды?—аттанды. Қайдан аттанды?—осынан.
Алтыншы — мекен пысықтауыш болатын үстеуге айналған зат есім.
Жетінші — зат есім мен үстеуге айналған көсемше қосылып мекен пысықтауыш болады.
Мысалы: Қалашы елге қарай бұрылды. Кім бұрылды?—қалашы. Қалашы не қылды? — бұрылды Қалай карай (қайда) бурылды?— елге қарай.
1-інші мысалда—«арман», 2-інші мысалда «тыста», 3-інші мысалда —«қалаға», 4-інші мысалда —«мұнда», 5-інші мысал-да «осынан», 6-ыншы мысалда —«тысқа», 7-інші мысалда — «елге қарай» деген сөздердің бәрі амал орнын көрсетіп тұр жана «қайда?», «қайдан?», «қалай қарай?» (қайда) деген мекен пысықтауыштың сұрауларына жауап беріп тұр. Сондықтан бұл сөздер мекен пысықтауыш болады.
«Арман»— мекендік үстеу, «тыста»— мекендік үстеуіне айналған зат есім, «қалаға» зат есім, «мұнда»— мекендік үстеуге айналған есімдік, «тысқа»— үстеуге айналған зат есім, «елге қарай», «елі»—зат есім, «қарайы»—үстеуге айналған көсемше.
Сын пысықтауыш
Сын пысықтауыш амалдың сынын көрсететін сөз болғандықтан, «қалай?», «қалайша?», «қайтып?» деген сұрауларға жауап береді.
Сын пысықтауыш болатын сөз таптары:
Әуелі — сын пысықтауыш болатын сынаулық үстеулер.
Мысалы: Тазы түлкіге. әрең жетті. Кім жетті?—тазы. Тазы не қылды?—жетті. Кімге жетті?—түлкіге. Қалай жетті?— әрең.
Екінші — сын пысықтауыш болатын үстеу орнына айтылған зат есім.
Мысалы: Құс ұшар жүйесімен аспандағы. Не ұшар?—құс. Құс не қылар?—үшар. Қай құс?—асгіандағы. Қалай ұшар?— жүйесімен.
Үшінші — сын пысықтауыш болатын үегеуге айналған зат есім. Мысалы: Бала шалқасынан құлады. Кім құлады?— бала. Бала не етті?— құлады. Қалай құлады?— шалқасынан.
Төртінші — сын пысықтауыш болатын үстеу орнына айтылған зат есім. Мысалы: Әскер жаяу жүрді. Кім жүрді? — әскер. Әскер не етті?—жүрді. Қалай жүрді?—жаяу.
Бесінші — сын, пысықтауыш болатын үстеуге айналған есімдік. Мысалы: Омар олай ойламады. Кім ойламады?— Омар. Омар не, қылды?—ойламады. Қалай ойламады?—олай.
Алтыншы — сын пысықтауыш болатын сан есім.
Мысалы: Балшы ноқатын төрт-төрттен санады. Кім санады?— балшы. Балшы, не қылды?—санады. Нені санады?—ноқатын. Қалай санады?— төрт-төрттен.
Жетінші — сын пысықтауыш болады көсемше жанды. Қалай жанды?— саулап.
1-інші мысалда—«әрең», 2-інші мысалда—«жүйесімен»-3-інші мысалда —«шалқасынан», 4-інші мысалда —«жаяу», 5-інші мысалда—«олай», 6-ыншы мысалда—«төрт-төрттен», 7—інші мысалда «саулап» деген сөздер амалдың сынын көрсетіп тұр жана да «қалай?» деген сын пысықтауышының сұрауына жауап беріп тұр. Сондықтан бұл сөздер сын пысықтауыш болады.
«Әрең» — сынаулық үстеу, «жүйесімен»—үстеу орнына айтылған сын есім, «олай»— үстеуге айналған есімдік, «төрт-төрттен» — сан есім, «саулап»— көсемше.
Себеп пысықтауыш
Себеп пысықтауыш амалдың себебін көрсететін сөз болғандықтан, «неден?», «неге?», «неліктен?», «не себептен?» деген сұрауларға жауап береді.
Әуелі —себеп пысықтауыш болатын зат есім. Мысалы: Атасы аштан еліпті. Кім өліпті?—атасы. Атасы не қылыпты?— өліпті. Неден өліпті?— аштан.
Екінші — себеп пысықтауыш болады есімше. Мысалы: Бала ұялғанынан қызарды. Кім қызарды?— бала. Бала не қылды?— қызарды. Не себептен қызарды?—ұялғанынан.
Үшінші — себеп пысықтауыш болатын үстеуге айналған есімдік.
Мысалы: Сондықтан от жанбады. Не жанбады?—от. От не қылды?— жанбады. Неліктен жанбады?— сондықтан.
1-інші мысалда — «аштан», 2-інші мысалда—«ұялғанынан», 3-інші мысалда —«сондықтан» деген сөздер амалдың себебін көрсетіп тұр жана да «неден?», «не себептен?», неліктен?», деген себеп пысықтауышынын, сұрауларына жауап беріп түр. Сон-дықтан бұл сөздер себеп пысықтауыш болады.
«Аштан» — зат хесім, «ұялғанынан»—есімше, «сондықтан»— үстеуге айналған есімдік.
Мақсат пысықтауыш
Мақсат пысықтауыш амалдың мақсатын көрсететін сөз болған соң, «неге?», «не үшін?» деген сұрауларға жауап береді.
Мақсат пысықтауыш болатын сөз таптары:
Әуелі — мақсат пысықтауыш болатын етістік.
Мысалы: Жұрт өлең тыңдауға жиылды. Кдм жиылды?— жұрт. Неге жиылды?—тыңдауға. Не тыңдауға?— өлең.
Екінші — мақсат пысықтауыш болатын етістіктен есімге айналған жана да «үшін» жалғаулық қосылған сөздер.
Мысалы: Жігіт қыз таңдау үшін жүріпті. Кім жүріпті?— үшін. Не таңдау үшін? — қыз.
Үшінші — мақсат пысықтауыш болатын зат есім. Мысалы: Біреу танысына қонаққа барыпты. Кім барыпты?— біреу. Біреу не қылыпты?—барыпты. Кімге барыпты?—танысына. Неге барыпты?— Қонаққа.
1-інші мысалда—«тындауға», 2-інші мысалда—«таңдау» (үшін), 3-інші мысалда:—«конаққа» деген сөздер амалдын, мақсатын көрсетіп тұр жана «неге?», «не үшін?» деген сұрауларға жауап беріп тұр. Сондықтан бұл сөздер мақсат пысықтауыш болады.
«Тыңдауға»— етістік, «таңдау»— есімге айналған етістік, «қонаққа»—зат есім.
Бұратана сөздер
Бұл айтылған сөйлем мүшелерінен басқа сөйлем маңайында жүретін бұратана сөздер болады. Ол бүратана сөздер екі түрлі. Бір түрі — сөз арасына керек жерінде қыстырыла айтылатын сөздер. Бұлар қыстырма сөз деп аталады. Қыстырма сөздер сөйлем ішіндегі басқа сөздерімен үйлеспейді, байласпайды. Алып тастағанда орны ойсырай қоймайды.
Екінші түрі сөз бетін біреуге қарата, қадап сөйлегегіде айтылатын сөз. Бұлар қаратпа сөз деп аталады. Бұлар да сөйлем ішіндегі басқа сөздермен үйлеспейді, байласпайды.
Қыстырма сөз.
Ауру, әрине, жақсы нәрсе емес. Әзірге, шүкір, жаман емеспіз. Бұл сөйлемдерге қыстырылып айтылып тұрған қыстырма сөздер «әрине» мен «шүкір» деген сөздер. Бұлар басқа сөздермен үйлесіп, байласып тұрған жоқ, құр қыстырылып тұр. Оны алып тастағанда, сөйлемге келе қоятын кемшілік жоқ. Мәселен: «Ауру жақсы нәрсе ембс» десек немесе «әзір жаман емеспіз» десек, «әрине» мен «шүкір» деген сөздердің орны үңірейіп жоқтығы сөзіліп тұрған жоқ.
Қаратпа сөз
Қызым, саған айтамын, келінім, сен тыңда! Сөз тыңдаңыз, элеумет! Әй, Әлжан, қайда барасың? Құдай, оңда! Оңға баста… Мұнда қаратпа сөз болатындар: «қызым», «келінім», «әлеумет», «Әлжан», «құдай», өйткені сөз беті соларға қаратылып айтылып түр.
А. Байтұрсынов сөйлемнің түрлерін былайша топтастырады.
Жалпы түрлері
1.Болымды сөйлем
Не жайынан да болса болдыра, бар қыла сөйлеген сөйлем болымды
сөйлем деп аталады.
Мысал: Еділ бойы тоғай бар, тоғай толған ноғай бар. Бурыл артта бұғау бар, оны да кесер егеу бар. Сом темірге балға бар, сомсынғанға алла бар.
2. Болымсыз сөйлем
Не жайынан да болса, болдырмай, жоқ қыла сөйлеген сөйлем болымсыз деліп аталады.
Мысал: жер жұтуға тимайды, от отынға тоймайды, кісі ойға тоймайды. Жалғыз ағаш үй болмас, жалғыз жігіт би болмас. Тез қасында қисық ағаш жатпас. Байлық мұрат емес, жоқтық ұят емес.
3. Толымды сөйлем.
Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлем толымды деліп аталады.
Мысалы: Өлген келмес, өшкен жанбас. Берген алар, екке орар. Жер таусыз болмайды, ел даусыз болмайды. Көп қорқытады, терең батырады.
4. Толымсыз сөйлем.
Тұрлаулы мүшесінің біреуі немесе екеуі де жоқ болса, сөйлем толымсыз деп аталады.
Мысал: ит тойған жеріне, ер туған жеріне. Барымен базар, жоқты қайдан табар Ақыл ұланнан, жүйрік тай, құнаннан , күлме досыңа, келер басыңа. Асың-асың, асыңа береке берсін басыңа.
5. Жалаң сөйлем.
Тұрлаулы мүшелері ғана бар сөйлем жалаң деліп аталады. Ет жасық. Қымыз сусын, Көп қорқытады, терең батыады. Үлкен бастар, кіші қостар. Өлген келмес, өшкен жанбас. Ал тепті, қасқыр қапты. Аз азар, тон тозар. Отын бар, от жоқ.
6. Жайылма сөйлем.
Тұрлаулы мүшелерінен басқа тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем жайылма деліп аталады.
Мысал: Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады. Қоянды қамыс өлтірер, ерді намыс өлтірер. Сай сайға құяды, бай байға құяды. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада. Білегі толық бірді жығады, білімі толық мыңды жығады. Екі қатын алғанның жауы үйінде.
М. Балақаев, Т. Қордабаевтың «Қазіргі қазақ тілі синтаксис» деген еңбегінде жай сөйлемнің түрлерін былай топтастырады. Бұл еңбекте жай сөйлемнің түрлері жақты сөйлем, жақсыз сөйлем, толымды сөйлем, толымсыз сөйлем, атаулы сөйлем деп бөледі.
А. Байтұрсынов сөйлемді айтылу түрлеріне қарай төрт түрлі болады деген: Сұраулы сөйлем, лепті сөйлем, тірлекті сөйлем, жай сөйлем.
Сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлем деліп жауап сұралғанда айтылатын сөйлем аталады.
Мысалы: сен тамақ іштің бе? Үйде кім бар? Соншама бұл бұйдайдың дәні көп пе? Суымды неге былғап ылайлайсың? Мүмкін бе ылайлауға осы арада? Бөшкенің қайсысының пұлы қымбат?
Сұрау сөйлемдерінің соңынан сұрау белгісі (?) қойылады.
Лепті сөйлем.
Лепті сөйлем деліп аталатын адам көңілі күйі,жан жайымен сөйлегенде, мәселен, жан ауырғанда, не кенелгенде таңданғанада , сұқтанғанда, кейігенде, есіркегенде, күйінгенде, сүйінгенде, қорыққанда, қуанғанда айтылатын сөйлемдер. Бұлар айтылғанда жай айтылмай, лепті үнмен айтылады. Сондықтан лепті сөйлем деп аталады.
Мысалы: Уф, алла! Бітті қаным! Шықты жаным! Ей шіркін жақсылықты білмейтұғын! Жарайды бәрекелді! Сабаз-ай!
Тілекті сөйлем
Нәрсенің болғанын, істің істелгенін көңіл тілеген орында айтылатын сөйлем түрлері тілекті деп аталады.
Мысал: Балалар, оқуға бар, жатпа қарап! Ал, келдік жаман жерге, енді сақтан! Жолама сол жақтағы өзенге аққан. Сөйлеп қал, қызыл тілім! Көруге жазғай еді, қақ тағалам! Қолда, өңшең әруақ! Қош, сау бол, Қарқаралы, жуылмаған. Айдай бер қалса адамың қуылмаған. Әлди-әлди, ақ бөпем! Жылама, бөпем, жылама! Тілің тарт!
Көрінбей жоғал шапшаң, көзіме енді! Әманда сақтан. Айғырсып момындарға ақыр, інім. Ашып айт, бүкпей бәрін еш қаймықпа! Не болар. Айтшы бақсым құдай сүйген. Достарым осындай бір іс етелік. Жанымды бір шыбындай қи, ақсақал. Айт балыққа: ақсүйек етсін мені. Келіңдер, боз балалар, атты алыңдар!
Көңіл тілегі түрлі айтылады: 1) бұйрық түрде, 2) өтініш түрде, 3) үгіт (ақыл) түрде, 4) жай тілек (мұрат) түрде.
Жай сөйлем
Сұраусыз, лепсіз, тілексіз айтылған сөйлемдердің бәрі жай сөйлем деліп аталады.
Мысал: Ат ерінді келеді, ер мурынды келеді. Өзің қойған зекетші, біздің елде Жүзбай бар. Жана мұның жолдасы қара тамыр Дадан бар. Еріп жүрген соңында қырық — отыздай адам бар. Шоңмүрын деген молда бар. Атына жемді ілуге алты еннен қылған дорба бар.
Құрылуынша асырылатын түрлері
Сөйлемдер арасында екі түрлі жақындық болады. Бірі — ішкі, бірі — тысқы. Ішкі жақындық — мағана жүзіндегі жақындық. Мағана жүзіндегі жақындығынан басқа жақындық жоқ сөйлемдер іргелес деліп, мағана жақындығынан басқа қисын жақындығы бар сөйлемдер құрмалас деліп аталады.
1) Іргелес сөйлемдер.
1) Күн ашық. Тоғайлар шат. Ың-жың орман.
2) Күн кеш болды. Ат болдырды, ел көрінбеді. Батыр сасайын деді.
3) Біссіміллә безгелдек! Бұлай жатсын дуадақ! Сыбағама қоңыр қаз. Үлесіме үш үйрек. Екі сартқа бір тартар, аққуды батыр екең атар.
1-інші мысалға алынған сөйлемдер арасында жақсы күннің жайын сөйлеген ой іргесінің ғана біргелігі бар. 2-інші мысалға алынған сөйлемдер арасында кеш уақытта болған уақиға жайын сөйлеген ой іргесінің ғана біргелігі бар. 3-інші мысалға алынған сөйлемдер арасында үлес кіретін сөйлеген ой іргесінің ғана біргелігі бар.
Сүйтіп, үш мысалдың үшеуіндегі сөйлемдер біріне-бірі тек ой іргесімен ғана жанасқаны болмаса, бастарын қосып тұрған басқа еш нәрсе жоқ. Сондықтан бұлардың аралары да біріне-бірі қосылмай, ашық-ашық үзіліп айтылады. Жазғанда арала-рына үлкен тыныс белгісі (.) қойылады. Іргелері жақын болса, ортаншы тыныс белгісі (;) қойылады.
2) Құрмалас сөйлемдер
Сөйлемдердің құрмаласуы екі түрлі: 1) сыйыса құрмаласу, 2) қиыса құрмаласу. Сыйыса күрмаласса, сөйлем сыйысулы құрмалас деліп, қиыса құрмаласса, сөйледо қиысулы құрмалас деліп аталады.
1) Қарабай мен Сарыбай аңға шықты.
2) Екі дос бірін-бірі сүйді, қүшты.
3) Қолға алды татулықты, араздықты.
4) Далада, ойда, қырда, орман-тауда сау қалған жан болмады бұл індеттен.
Бұл сөйлемдердің әрбірі бірнеше сөйлем сыйысып құрмаласқаннан болған сөйлемдер. Мәселен, 1-інші сөйлем екі сөйлем сыйысып, қосылғаннан болғай: қосылмай белек тұрғандағы түрлері мынау: Қарабай аңға шықты. Сарыбай аңға шықты. Бұларды еді қайта айтып жатпас үшін, екеуін сыйыстырып қосып, бір-ақ айтқан. 2-інші сөйлем де екі сөйлем сыйысып, қосылғаннан болған. Қосылмағандағысы мынау: Екі дос бірін-бірі сүйді. Екі дос бірін-бірі құшты. 3-інші сөйлемде екі сөйлем сыйысып, қосылғаннан’ болған. Қосылмағандағысы мынау: Қолға алды татулықты. Қолға алды араздықты. 4-інші сөйлем. I төрт сөйлемнің сыйысып, қосылғанынан болған. Қосылмағандағысы мынау: Далада сау шалған жан болмады, бұл індеттен.
Ойда сау қалған жан болмады бұл міндеттен. Қырда сау қалған жан болмады бұл індеттен. Орман — тауда сау қалған жан болмады бұл індеттен.
Сыйысулы сөйлемдердің белгісі — бірнеше мүшелері бір еңкей болу. Мәселен, 1-інші сөйлемде екі мүшесі бір еңкей: Қарабай, Сарыбай—екеуі де бастауыш. 2-інші сөйлемде де екі мүшесі бір өңкей: сүйді, қүшты —екеуі де баяндауыш. 3-інші сөйлемде де екі мүшесі бір өңкей: татулықты, араздықты — екеуі де толықтауыш. 4-інілі сөйлемде төрт мүшесі бір өңкей: далада, ойда, қырда, орман — тауда — төртеуі де мекен пысықтауыш. Сыйысулы сөйлемнің бір өңкей мүшелерінің аралары кіші тыныспен (,) айырылады.
«Мен», «жана», «жана да» деген сөздер араларында тұрған шақта ғана кіші тыныс қойылмайды.
Сыйысулы құрмалас екі түрлі айтылады: 1) шұбалаң түрі, 2) ықшам түрі.
Шұбалаң түрі
Мен бүгін ерте түрдым, жуындым, киіндім, шай іштім, сабаққа бардым.
Ықшам түрі
Мен бүгін ерте тұрып, жуынып, киініп, шай ішіп, сабақа бардым.
Қиысулы құрмалас
Қиысулы құрмаласқа келсек, бұлар біріне-бірі теқ болып та, бірінен-бірі кем болып та қиысады. Қиысулы құрмаластағы сөйлемдер тең болса, салалас құрмалас деп аталады. Тең болмай, бірінен – бірі кем болып қиысса, онда қиысулы құрмалас сабақтас деп аталады.
а) Салалас сөйлем
Салалас құрмаластьщ қиысуы 5 түрлі болады: 1) жиылыңқы, 2) қайырыңқы, 3) айырыңқы, 4) сұйылыңқы, 5) қойылыңқы.
Егерде бірнеше сөйлемнің қиысуы бірыңғай, бір беткей болса, жиылыңқы қиысу болады. Мәселен, «Үлкен бастар, кіші қостар» немесе «Ел де жатты, ай да батты».
Егерде алдыңғы сөйлемге кейінгі сөйлем қарсы мағаналы болып қиысса, қайырыңқы қиысулы болады. Мәселен, «Қылыш жарасы бітер, сөз жарасы бітпес» немесе «Мен бардым, сен үйде болмадың».
Екі үшты мағаналы сөйлемдер, қиысқан жерде айырыңқы қиысу болады. Мәселен, «Не сен тұрарсың, не мен тұрармын». Не болмаса, «Не атың жазым болар, не ер-тұрманың шығыңдар».
Егерде маңызды, нығыз айтылған сейлбмді басқа сөйлемдер баяндап түрса, ол сұйылыңқы қиысу болады. Мәселен, «Сабыр түбі сары алтын, сарғайған жетер мүратка, асыққан калар ұятқа» не болмаса «Шалқайғанға шалқай, Пайғамбардың ұлы емес, еңкейгенге еңкей, атаңнан қалған құл емес».
Егерде алдыңғы сөйлемдерді кейінгі сөйлем қорытып айтса, қойылыңқы қиысу болады. Мәселен, «Не өгіз өлер, не арба сынар—екеуінің бірі болар». Немесе «Мал да керек, жан да керек, білім де керек — бәрі де керек». Не болмаса «Көк шалғын, ағаш, бұлақ — бәрі жақсы».
Салалас сөйлемдердің аралары әуелі кіші тыныс — теріс үтірмен айырылады. Екінші ортаншы тыныс — үтірлі ноқатпен айырылады. Сұйылыңқы, қойылыңқы жалғасу бар жерде қойылтушы сөйлемнің алдына үзын сызық (—) қойылады. Сұйылтушы сөйлемнің алдында қос ноқат (:) қойылады.
б) Сабақтас сөйлем
Сабақтас сөйлемнің белгісі.— бірнеше сөйлемнің бірігіп, біріне-бірі сабақталып, байланысып айтылуы. Сөйлемдер са-бақталып біріккенде, бірі басыңқы болып, екіншісі бағыныңқы бо’лып бірігеді.
Басыңқы сөйлем
Басыңқы сөйлемнің бағыныңқы сөйлемнен гөрі сөйлемдік қасиеті молырақ. Басыңқы сөйлемді өз алдына оңаша алып айтқанда да, мағанасы толық, ой тыңғылықты айтылып біткен болып тұрады.
Мәселен, «Қалыққа жағайын десең, қазаның болсын». Мұнда басыңқы сөйлем «қазанын, болсын» деген сөй-дем «қазанын, болсын» дегенде, ой айтылып, тынып біткендікті көрсетеді. «Қалыққа жағайын десең» деген сөйлемді алсақ, мұнда айтылатын ой бітпей қалады. Сөйлем тыңғылықсыз болып шығады. Сондықтан Мұндай сөйлемдер екінші сөйлемге сүйеніп ғана сөйлем даражасына кіреді.
Бағыныңқы сөйлем
Бағыныңқы сөйлем — бітпегең шала сөйлем. Басыңқы сөйлем болмаса, толық мағана оньщ өзінен шықпайды. Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің шылауындағы ғана қосшы есебіндегі сөйлем. Басыңқы сөйлемнін, қай мүшесінің шылауында болса, бағыныңқы сол мүшенің атымен аталып, сол мүшенің сұрауына жауап береді. Мысал алып қарайық:
а) Бастауыш бағыныңқы сөйлем
«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер». Мұнда басыңқы сөйлем—«алдыңа сол келер». Еңді қарайық: бағыныңқы сөйлем — басыңқы сөйлемнің қай мүшесінің шылауында екен. Оны білу үшін, басыңқы сөйлемді алып, сұрау саламыз. Алдыңа не келер?—атаңа не қылсаң, (сол). Сол — басыңқы сөйлемнің бастауыш мүшесі. «Атаңа не қылсаң» деген бағыныңқы сөйлем мұның шылауында болып, мұрың кемтігін толтырып тұр, жана «не?» деген бастауыш сұрауына жауап беріп тұр. Соңдықтан бұл бағыныңқы сөйлем бастауыш бағыныңқысы болады.
Бағыныңкы сөйлемнің белгісі — бітпеген шалалығы.
б) Анықтауыш бағыныңқы сөйлем
«Кімнің жерін жерлесең, соның жырын жырларсын». Мұнда басыңқы сөйлем —«соның жырын жырларсын», бағыныңқы сөйлем—«кімнің жерін жерлесең». Бұл, бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемніқ қай мүшесінің шылауында екендігін білейік. Оны білу үшін, басыңқы сөйлемді алып, сұрау саламыз.
Кімнің жырын жырларсын?— кімнің жерін жерлесең, (соның). «Соның»— басьвдқы сөйлемнің анықтауыш мүшесі. «Кімнің жерін жерлесең» деген бағыныңқы сөйлем мұның шылауында болып, кемтігін толтырып тұр жана «кімнің?» деген анықтауыш сұраудна жауап беріп түр. Сондықтан бұл бағыныңқы сөйлем анықтауыш бағыныңқысы болады.
Анықтауыш сұрау жалғыз «кімнің?» емес, онан басқа да сұраулары бар. Мәселен, «қандай?», «қанща?», «қайсы?». Бұл сұрауларға да жауап беруші бағыныңқы сөйлемдер болса, олар да анықтауыш бағыныңқысы болады.
Толықтауыш бағыныңқы сөйлем
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың». Мұнда басыңқы сөйлем —«ұшқанда соны аларсын», бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнің қай мүшесінің шылауында тұрғанын білейік. Оны білу үшін, Мұнда да басыңқы сөйлемді алып, сол арқылы сұрау саламыз. Ұшқанда нені аларсын? — ұядан не көрсең. «Соны»— басыңқы сөйлемнің толықтауыш мүшесі. «Ұяда не көрсең» деген бағыныңқы сөйлем мұның шылауында тұр жана «нені?» деген толықтауыш сұрауына жауап беріп тұр. Сондықтан бұл бағыныңқы сөйлем толықтауыш бағыныңқысы болады.
Толықтауыш сұрауы жалғыз «нені?» емес, басқа сұраулары да толып жатыр. Мәселен, «кімді?», «кімге?», «неге?», «кіммен?», «немен?» тағы басқалары. Солай болған соң, жалғыз «нені?» деген сұрауға ғана емес, толықтауыштың басқа сұрауларына да жауап берген бағыныңқы сөйлемдер толықтауыш бағыныңқысы болады.
Мысал: 1) Кім жалқау болса, жоқтық соған жолдас. Жоқтық кімге жолдас?- кім жалқау болса, (соған). 2) Кіммен ауылдас болсаң, сонымен қауымдас боларсын. Кіммен ауылдас болсаң?—(сонымен) осы сияқты хағы басқалары да.
Мезгіл пысықтауышының бағыныңқысы.
Қашан жер отаяды м,ал сонда сүтейеді. Мұнда басыңқы сөйлем — «мал сонда сүтейді», бағыныңқы сөйлем—«қашан жер отаядьг». Бұл бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнін, кай мүшесінің шылауында тұрғанын білейік. Оны білу үшін, басыңқы сөйлемді алып, сұрау салу керек.
Мал қашан сүтейеді?— Қашан жер отаяды (сонда); «Сонда»-— басыңқы сөйлем мұның шылауында тұр жана «қашан?» деген мезгіл пысықтауышының сұрауына жауап беріп тұр. Сондықтан бұл бағыныңқы сөйлем мезгіл пысықтауышыньщ бағыныңқысы болады.
Мезгіл пысықтауышыгіың сұрауы жалғыз «қашан?» емес, «қашанға дейін?», «қашаннан?» деген сұраулары да бар. Солай болған соң, бұл сұрауларға да жауап беруші бағыныңқы сөйлемдер мезгіл бағыныңқысы болады.
Мысал: 1) Қашанға дейін үйқым келмесе, соған дейін отырамын. Қашанға дейін отырамын?— қашанға дейін ұйқым келмесе, (соған дейін).
2) Қашаннан өзім жүре бастадым — сонан бері малдың өні кіре бастады.
Қашаннан малдың өңі кіре бастады? – қашаннан өзім жүре бастадым, (сонан бері). Солай тағы басқалар.
Мекен пысықтауышының бағыныңқысы
Егін қайда болса, береке сонда болады. Мұнда басыңқы сөйлем —«береке сонда болады». Вағыньщқы сөйлем —«егін: қайда болса». Бұл бағыныңқы сөйлем басьщқы сөйлемнің қай мүшесініқ шылауында тұрғанын білейік, Оны білу үшін, басыңқы сөйлем арқылы сұрау саламыз. Береке кайда болады?— егін қайда болса, (сонда). «Сонда»—басыққы сөйлемнің мекен пысықтауышы. «Егін қайда .болса» деген бағыныңқы сөйлем мұның шылауында тұр жана «қайда?» деген мекен пысықтауышының сұрауына жауап беріп тұр. Сондықтан бұл бағынынқы сөйлем мекен пысықтауышының, бағыныңқысы болады. Мекен пысықтаушының сұрауы жалғыз «қайда?» емес, «қайдан?»,, «қалай қарай?» деген де сұраулары бар. Сондықтан бұл сұрауларға жауап беруші бағыныңқы сөйлемдердің бәрі мекен пысықтауышынын, бағыныңқысы болады.
Мысал: 1) Алдьвдғы арба қай жерден жүрсе, сонғы арба сол жерден жүреді. Соңғы арба қайдан жүреді?— алдыңғы арба. Қай жерден жүрсе, (со жерден).
2) Жел қай жаққа қуса, қаңбақ солай қарай домалайды. Қаңбақ қалай қарай домалайды?—жел қай жаққа қуса, (солай қарай). Басқалары тағы солай.
Сын пысықтауышының бағыныңқысы.
Қалай бақсаң, атын, солай жүрмек. Мұнда басыңқы сөйлем— «атың солай жүрмек», бағыньщқы сөйлемнің қай мүшесінің шылауында тұр? Оны білуге сұрау салайық.
Атың қалай жүрмек?—қалай бақсақ, (солай). «Солай»— басыңқы сөйлемнің сын пысықтауышы. «Қалай бақсаң» деген бағыныңқы сөйлем «солай»-дың шылауында тұр жана «қалай?» деген сын пысықтауышынын, сұрауына жауап беріп тұр. Сондықтан бұл бағыньвдқы сөйлем сын пысықтауышының бағыныңқысы болады.
Сын пысықтауышының «қалай?»-дан басқа да сұраулары бар. Мәселен, «қалайша?», «қанша?» жана басқалар. Солай болған соң, жалғыз «қалай?» сұрауға емес, сын пысьіқтауы-шыньщ басқа сұрауларына да жауап беруші бағыныңқы сөйлемдер сын пысықтауышының бағыныңқылары болады.
Мысал: 1) Қалайша үлгі пішілсе, солайша киім тігілмек. Қиім қалайша тігілмек?—қалайша үлгі пішілсе, (солайша)
2) Қанша іс қыла білсе, сонша жұмыс өнбек. Жұмыс қанша өнбек?—Қанша жұмыс қыла білсе, (сонша). Басқалары тағы солай.
Олар көше алмайды, үйткені көлігі жоқ. Мұнда басыңқы сөйлем —«олар көше алмайды», бағырыңқы сөйлем —«үйткені көлігі жоқ». Бұл бағыныңқы сөйлем қандай сұрауға жауап берер екен?
Олар неге кеше алмайды?—үйткені көлігі жоқ. Бұл бағыныққы сөйлем «неге?» деген сұрауға жауап беріп тұр. Бұл сұрау — себеп пысықтауышының сұрауы. Сондықтан бұл себеп пысықтауышының бағыныңқысы болады.
Себеп пысықтауышының «неге?»-ден басқа да сұраулары бар. Мәселен, «неден?», «неліктен?», «не себептен?». Бұл сұрауларға да жауап беруші бағыныңқы сөйлемдер себеп пысык-тауышының бағыныңқылары болады.
Мысал: 1) Қар аз болған соң, су сонан тасымады. Су неден таеымады?—қар аз болған соң, (сонан).
2) Малы жұтап қдлған соң, ел сондықтан жүдеді. Ел неліктен жүдеді?—малы жұтап қалған соң, (сондықтан).
3) Не себептен мал қырылды, сол себептен жұрт аш болды. Не себептен жұрт аш болды?— не себептен мал қырылды, (сол себептен), басқалары тағы солай.
Мақсат пысықтауышының бағыныңқысы.
Орақшы шөп шабайьщ деп, тоғайға барды. Мұнда басыңқы сөйлем —«орақшы тоғайға барды». Бағыныққы сөйлем —«шөп шабайын деп». Орақшы тоғайға не үшін барды?—шөп шабайын деп. Бұл бағыныңқы сөйлем «Не үшін?» деген сұрауға жауап беріп тұр. Ол «не үшін?» деген сұрау — мақсат пысықтауышының сұрауы. Сондықтан «шеп шабайын деп» деген бағыныңқы сөйлем мақсат пысықытауышының бағыныңқысы болады. Мақсат пысықтауышының сұрауы жалғыз «не үшін» емес, «неге?» деген сұрауы да.бар. Сондықтан бұл «неге?» деген сұрауға да жауап беруші бағыныңқы сөйлем болса, о да мақсат пысықтауышының бағыныңқысы болады.
Мысал: 1) Өлең тыңдағысы келіп, жұрт жиылды. Жұрт неге жиылды? — өлең тыңдағысы келіп.
2) Бата бермекші болып, аксақал қолын жайды. Ақсақал қолын неге жайды?—бата бермекші болып. «Неге?» деген сұрау себеп пысықтауышында да, мақсат пысықтауышында да бар. Солай болған соң, тек «неге?» деген сұрау бойынша себеп пысықтауышының немесе мақсат пысықтауышының бағыныңқысы екендігін білуге болмайды. Мұнда мағанасына қарау керек. Егерде бағыныңқы сөйлем істің себебін айтып тұрса, себеп пысықтауышының бағыныңқысы болады, егерде істің максатын айтып тұрса, мақсат пысықтаушының бағыныңқысы болады.
Мысал: 1) Қөшпекші больш, ауыл үй жықты. 2) Түйе жоқ, болып, ауыл көше алмады.
1-інші мысалда: Ауыл неге үй жықты? — көшпекші болып үйді кешу мақсатпен, жықты.
2-інші мысалда: Ауыл неге кбше алмады?—түйе жоқ болып. Бұл себеп пысықтаушының бағынқысы болады, үйткені кеше алмаудың себебі — түйе жоқ болғаны, яғни неге көше алмайды?— түйе жоқ болғаны себепті.
Шартты бағыныңқы
Көсеу узын болса, қол күймейді. Мұнда басыңқы сөйлем — «қол күймейді», бағыныңқы сөйлем —«көсеу ұзын болса». Қалай етсе (не етсе) қол күймейді?—көсеу ұзын болса; қол күймеудің шарты — көсеу үзын болуында. Ішінде шарты болғандықтан, бағынынкы сөйлеңдер шартты бағыиыңқы деліп аталады.
Шартты бағыныңқының белгісі сұрауында емес, ішінде шарт болуында. Сондықтан шартты бағыныңқыны сұраумен емес, шарт барлығынан табамыз.
Мысалы: 1) «Тоқпағы зор болса, киіз қазық жерге кірер». Мұнда киіз қазық жерге кіруіне тоқпағы зор болу шарт (шарт тоқпақтың зор болуында). Сондықтан «тоқнақ зор болса» деген сөйлем шартты бағыныңқы болады.
2) Берсең, аларсың. Мұнда алудың шарты беруде «сен берсен», саған басқалар да береді).
Ереуіл бағыныңқы
Тартса да бар күштерін аямай-ақ аслан жүк орнынан қозғалмады. Мұнда басьщқы сөйлем—«аслан жүк орнынан қозғалмады». Бағыныңқы сөйлем —«тартса да бар күштерін аямай-ақ». Бағыныңқы сөйлем «жүкті тартты» дейді, басыңқы сөйлем «жүк қозғалмады» дейді. Сөйлем мазмұны бір-біріне қарсы ереуіл келіп тұр. Сондықтан мұндай басыңқы сөйлемге ереуіл келетін бағыныңқы сөйлем ереуіл бағыныңқы деліп аталады. Ереуіл бағыныңқының белгісі пәлен етсе де, пәлен болса да деп ереуіл раймен айтылады.
Мысал: 1) Күні бойы қараса да, таба алмады. 2) Қыс қатты болса да, мал аман шықты.
Қыстырынды сөйлем
Кейде бір сөйлемнің ішінде екінші сөйлем қыстырылып айтылады. Сондай қыстырылып айтылған сөйлемді қыстырынды дейміз.
Мысал: 1) Бүгін, құдай біледі, жауын болса керек. 2) Әзір, аллаға шүкір, жаман емеспіз. 3) Осы жолы, асылық болмасын, алып келерміз-ақ.
1-інші мысалда «бүгін жауын болса керек» айтылып тұр.
2-інші мысалда «әзір жаман емеспіз» деген сөййлемнің ішіне «аллаға шүкір» деген сөйлем қыстырылып айтылып тұр.
3-інші мысалда «осы жолы алып келерміз-ақ» деген сөйлемнің ішіне «асылық болмасын» деген сөйлем қыстырылып айтылып тұр.
Сондықтан «құдай біледі», «аллаға шүкір», «асылық болмасын» деген сөйлемдер қыстырынды болады. Қыстырынды сөйлемдер қыстырушы сөйлемдерден теріс үтірмен айырылады.
Келтірінді сөйлем
Сөйлегенде я жазғанда сөйлеуші я жазушы бұрынғыдан қалған мақалды немесе біреудің айтқан сөзін келтіре сөйлейді не жазады. Сондай келтіріп айтқан не жазған мақалдар, болмаса біреудің сөздері келтірінді сөйлем деліп аталады.
Мысал: 1) Нақыл сөз: «әлін білмес әлек» деген осындай әуре болған жаннан қапты. 2) Бір күні бұлбұл құсты есек кереді. Қасына сөз айтпаққа жақын келді. «Сыртыңнан сайрағыш деп жүрт мақтайды, тыңдайын, достым, біраз сайра» деді. 1-інші мысалда келтірінді сөйлем—«әлін білмес әлек» деген мақалі. 2-інші мысалда келтірінді сөйлем—«сыртыңнан сайрағыш деп жұрт мақтайды, тыңдайын, достым, біраз сайра» деген есектің.
Келтірінді сөйлемде мақалды немесе біреудің айтқан сөзін айтушы не сол айтылған күйінде өзгертпестен айтады, не өзгертіп мағанасын, мазмұнын ғана айтады.
Бірінші түрде айтылса, мақал не біреудің сөзі төл сөз деліп аталады. «Екінші түрде айтылса, төлеу сөз деліп аталады.
Мысал: 1) Сонда есек сөз айтады бұлбұл құсқа; «Мақтаулы ғой әнпаз әрбір тұста, солардың бәрі — дағы әдемі әнге тар айғырындай емес үста». Мұнда «мақтаулы»… дегеннен бастап, «ұстаға» дейін бәрі есектің сөзі өзгеріместен алынып айтылып тұр. Сондықтан бұл тел сөз болады.
Орамды немесе өрнекті сөйлем
Сөйлегенде ойды тақ – тұқ қысқа айтып, білдіретін орын да болады. ойды ұзын айтып, орағытып келіп білдіретін орын да болады. ұзын айтқанда ой дәуірлеген бетімен барып, қайтатын түрі болады. сөйлеудің сондай түрлері орамды деліп аталады. Түсінікті болу үшін мысал алып көрсетелік.
Мысал: 1) Байлыққа кім тұрғанда, Досан тұрған; Қасында Байжан сымам қоса тұрған; Қарадан он төрт мың қой бірден өрген, Аламан шеннен шыққан Асан тұрған; Шапса қылыш өтбейтін Мұсам тұрған, Сөйлейді маған неге осы антұрған?
Мұнда басынан бастап «Мұсам тұрған…» деп айтқан жерге келгенінше ой дәуірлеген бетімен келеді. Онан әрі «сөйлейді»… дегеннен бастап, ойдың беті келе жатқан жөнін тастап бұрылып кетеді.