Home Қазақша рефераттар А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасы мен қызметі

А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасы мен қызметі

0
203

   Тақырыбы: А.Байтұрсыновтың педагогикалық  көзқарасы мен қызметі

МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ 3-4  

І ТАРАУ.  А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ 

1.1. А.Байтұрсыновтың педагогикалық еңбектерінің 

құндылықтары…………………………………………………………………………..5-13

1.2. А.Байтұрсыновтың  педагогикалық көзқарастары…………………..13-14

ІІ ТАРАУ. А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ.

2.1. А.Байтұрсынов  шығармашылықтарындағы  халықтық идеяның зерттелу жайы ……………………………………………………………………………………….15-18

2.2. Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы халықтық идея – ұлттық 

білім беру жүйесінің негізі……………………………………………………………………. 18-24

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………..25

IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………..26-27

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі өткен тарихымыздың сан қырын объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға және ондағы рухани құндылықтарды қазіргі ағарту, оку-тәрбие ісінде кеңінен пайдалануға қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Әсіресе ұлттық педагогикамыздың қайта жаңғыруына байланысты халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық дәстүрінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет екені анық.

Алайда, қоғамымызда орын алған әлеуметтік-экономикалық кедергілерге байланысты бұл мәселенің көптеген жақтары әлі де өз шешімін таппай отыр. Мәселені шешуде педагогика ғылымы халқымыздың мәдени мұрасын, педагогикалық ой-пікірлер саласында қорланған барлық құнды, қажетті жәдігерліктерді және халық ағарту мен қоғамның даму кезеңдеріндегі тәжірибелерді жүйелі түрде зерттеп, пайдалануы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда, халықтық идеялардан нәр алған қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары адамгершілік асыл қасиеттерді дамытып жетілдіруге, қоршаған ортаны танып білуге, ата дәстүрін ардақтап, қадір тұтуға және, ең бастысы, қоғамдық тәрбие беруге бағытталған.

Сонымен, проблеманың көкейкестілігі және оның тарихи-педагогикалық тұрғыда зерттелмеуі мен практикадағы маңыздылығы курстық жұмысының тақырыбын » А.Байтұрсыновтың педагогикалық  көзқарасы мен қызметі » деп таңдауға себеп болды.

Зерттеу мақсаты – Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық  көзқарастарының негіздерін анықтау.

Зерттеу пәні: А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастарына  педагогикалық процесті пайдалану. 

Зерттеу міндеті:  

– А.Байтұрсыновтың педагогикалық еңбектерінің 

құндылықтары.

-А.Байтұрсыновтың  педагогикалық көзқарастары.

– А.Байтұрсынов  шығармашылықтарындағы  халықтық идеяның зерттелу жайы.

-Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы халықтық идея – ұлттық 

білім беру жүйесінің негізі.

 Зерттеу әдістері: талдау , біріктіру,  қорытындылау, салыстыру. 

І ТАРАУ.  А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

1.1. А.Байтұрсыновтың педагогикалық еңбектерінің құндылықтар

Ахмет Байтұрсыновтың әдеби-ғылыми мұрасының ішіндегі ең көлемді және айрықша тиянақталған тұжырымды еңбегі – “Әдебиет танытқыш”. Шолу ретінде, атүсті айтылғанмен, бұл еңбек дәлді зерттеліп, әділ бағасын әлі алған жоқ.

Бірден айту керек, “Әдебиет танытқыш” – Ахмет Байтұрсыновтың эстетикалық-философиялық танымын, әдебиетшілік көзқарасын, сыншылық келбетін толық танытатын жүйелі зерттеу, қазақ филологиясының ерекше зор, айтылған ойларының тереңдігі мен дәлдігі арқасында болашақта да қызмет ететін, ешқашан маңызын жоймайтын қымбат, асыл еңбек. Ұлттық әдебиеттану ғылымы қазір қолданып жүрген негізгі терминдер, категориялар, ұғымдардың қазақша өте дәл, ықшам, оңтайлы баламаларының басым көпшілігі тұңғыш рет осы зерттеуде жасалғанын ашып айтатын уақыт жетті. Бұл ретте, Ахмет Байтұрсынов – тіл терминдерін жасауда қандай кемеңгер, данышпан болса, әдебиеттану, өнертану, фольклортану терминдерін жасауда да сондай кемеңгер, данышпан.

Бұл еңбекте Ахмет Байтұрсынов фольклорлық, әдеби текстерді талдаудың, жанрлық түрлерге ат қойып, анықтама берудің тамаша шебері, әдеби дамудың болашағын көрсете алатын асқан сыншы, өмір, қоғам, адам табиғаты жөнінде терең пікір толғайтын ұлы ойшыл екендігін көрсетті. Ерекше қуанарлық нәрсе, жазылғанына 70 жыл өткен еңбектің дәл бүгін көкейкесті, актуалды болып отырғандығында. Оның қай бетін ашып оқысаң да, көкейге қона кетеді. Ахмет Байтұрсынов “Әдебиет танытқыш” еңбегінде зерттеу объектісі етіп, қазақ ауыз әдебиетін, қазақ жазба әдебиетін, оның сан алуан үлгілерін алған. Автор қандай ғылыми еңбектерге сүйенгені туралы мәлімет, дерек келтірмейді. Ең алдымен ғалымның әдебиет теориясы, сыны, тарихы, текстологиясы, жанрлары жөнінде дүниежүзілік әсемдік ойдың негізгі тұжырым, идеяларымен терең таныстығы айқын аңғарылады. Қоғамдық, тарихи-эстетикалық, философиялық білім мығымдығы үнемі сезіліп отырады.

Өнер тарауларын сәулет (архитектура), сымбат (скульптура), кескін  (живопись), әуез (музыка), сөз (әдебиет) өнері деп даралап, әрқайсысына дәлді анықтама беруінен, сөз жоқ, неміс ғалымы Лессингтің әйгілі “Лаокон” трактатымен таныстықты байқауға болар еді. Сол сияқты әдебиет тектерін таратқанда, ішкі ғалам (субъективті әлем), тиіс ғалам, түйіс ғалам (объективті әлем) ұғымдарын пайдалану ескідегі Аристотель, кейінгі Гегель, бергідегі Белинский, Веселовский концепцияларын еске түсіреді. Ал ауыз әдебиетін жалпылай топтау тәсілдерінен орыстың дәстүрлі фольклоршыларының сабағы аңғарылады. Бір ерекше жәйт, А.Байтұрсынов ұзақ-ұзақ цитата алып, өзгелерден бәтуа іздеп, басқаның пікіріне жығыла салатын әдеттен мүлде аулақ. Дәлірек айтқанда, “Әдебиет танытқышта” пәленшекең айтты деген бірде-бір пікір, тұжырымға сілтеме жоқ. 

Өнер туралы жалпылай мәлімдеп, көркем сөз өнерінің тарауларын жеке-жеке ерекшелеп көрсетіп, сөз өнері, шығарма сөздің ақылға, қиялға, көңілге беретін әсерін анықтап алып, ұғыну, тану, ойлау, ұқсату, бейнелеу, суреттеу, түю, талғаудың айырмасын анықтап, тақырып, жоспар, түр дегендерді түсіндіріп, мазмұн алуандығын әуездеу, әліптеу, пайымдау деп үшке бөледі. Бұларды түсіндіру үшін Абай, Мағжан өлеңдері, М.Әуезовтің “Еңлік-Кебек” трагедиясы, “Жәнібек батыр” аңыз әңгімесі мысалға алынған.

“Әдебиет танытқыштың” бірінші бөлімі “Сөз өнерінің ғылымы” деп аталып, бірнеше шағын бөлімшелерге, баптарға бөлініп, олардың әрқайсысында нақты мәселе қаралады.

       Ең алдымен тіл, сөз өнері, шығарма дегеніміз не деген сұрауларға, ғылыми дәлді, ықшам, толық анықтама беріледі. Автор сөз өнері ғылымын: 1) шығарманың тілінің ғылымы; 2) шығарманың түрінің ғылымы деп екіге бөліп қарайды. Тіл өңі жағынан тіл я лұғат қисыны деп, мазмұн жағынан қара сөз жүйесі, дарынды сөз жүйесі деп екіге бөледі.

Автор сөз өнерін үй қалау өнерімен өте қисынды салыстыра көрсетеді де, сөз талғау орайында шығарма тілі екі түрлі болатындығын айтады, олар – біріншісі – ақын тілі, екіншісі  әншейін тіл. Сөз дұрыс болу үшін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулықты жақсы білу, өз орнында тұтыну, дұрыс есептеп, сөйлемдерді дұрыс орналастыру, құрмаластыру, орналастыру шарттары алға қойылады. Тіл тазалығына анықтама беріп, ол үшін орыстың жақсы жазушылары қойған талаптарды үлгі етіп алған. Олар:

— Ескірген сөздерге жоламау;

— Жаңадан шыққан сөздерден қашу;

— Өз тілінде бар сөздің орнына басқа жұрттан сөз алудан қашу;

— Жергілікті сөздерге, яғни бір жерде айтылып, бір жерде айтылмайтын сөздерге жоламау.

Ахмет Байтұрсынов “Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт, өз тілінде жоқ деп, мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра, ақырында ана тілінің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал. Сондықтан мәдени жұрттардың тіліндегі әдебиеттерін, ғылым кітаптарын қазақ тіліне аударғанда, пән сөздерінің даярлығына қызықпай, ана тілімізден қарастырып сөз табуымыз керек”, – деген ұлы талабын өзі нақты іске асырды.

“Әдебиет танытқышта” қойылған күрделі мәселенің бірі – қара сөз бен дарынды сөз жүйесінің, ғылым мен әдебиеттің айырмасы. А.Байтұрсынов қазақта бұрын бола қоймаған терминдердің баламасын тауып, не өз жанынан жаңадан сөз жасай отырып, өте күрделі ғылыми, философиялық, эстетикалық көзқарастарды айтады, қиын проблемаларды ұғынықты түсіндіріп береді.

Толғау, терме – қазіргі әдебиеттануда бар терминдер, ал үгіт өлең, үміт өлең – Ахмет Байтұрсынов әдебиет материалы негізінде дәл де айқын тұжырымдаған ұғымдар. Сарындама сөздерді салт сөзі, ғұрып сөзі, қалып сөзі деп үшке жіктеп, әрі қарай тағы да таратады.

Салт сөзі: мысал, ділмар сөзі (афоризм), тақпақ, мақал-мәтел, ғұрып сөзі: тойбастар, жар-жар, беташар, неке қияр, жоқтау, жарапазан, бата; қалып сөзі: жын шақыру, құрт шақыру, дерт көшіру, бесік жыры болып бөлінеді. Әрқайсысының анықтамасы және нақты мысалы бар.

Ахмет Байтұрсынов жаңа әдебиеттің пайда болуы туралы пікірлерін дамыта келіп, әдеби байланыс, әдеби ықпал орайында дәлді, нақты тұжырымдар жасайды. Мұсылман дінінің күшімен енген араб, парсы әдебиеттері әсерінен туған мазмұн, уақиға ауысуы, шығарманың жаңа түрлерінің пайда болуы, бұрынғы үлгілердің соны тақырыпқа қызмет етуі тұжырымды дәлелденеді.

Ал қазақ жерінің отарлануынан кейінгі орыс әсері, Еуропа ықпалы өмірдің барлық саласынан көрінгенін, әсіресе көркем әдебиеттегі өзгерістердің туғанын А.Байтұр­сынов жаңа бағыттар, жаңа жанрлық үлгілерді талдау арқылы айқындап береді.

“Әдебиет танытқыштың” үлкен бір тарауы жазба әдебиет мәселелеріне арналған. Ахмет Байтұрсынов негізінен “жазу әдебиет” деген терминді қолданады, кейде “жазба әдебиет” деп айтады. Жазудың қазаққа дін арқылы келгенін кеңінен ұқтыра отырып, осы істегі қожалардың, ноғай молдалардың дін шарттарын, шариғат бұйрықтарын өлең арқылы тарату әрекеттерін көрсетеді, олардың ақын болмағандықтан, әңгіменің қисынымен қызықтырып, тамұқ азабымен қорқытып, жұмақ рахатымен үміттендіргенін ескертеді. Қожа, молдалар ішінен Шортанбай, Ақмолда секілді ірі ақындарды көрсетеді.

“Зарқұм”, “Сал-сал”, “Сейфұл-Мәлік” секілді қиссалар аталып, Жүсіпбек Шайхы Ісламұлының “Мұса мен Қарынбай” қиссасы, Шортанбай, Әбубәкір, Молда-Мұса шығармалары талданады.

Жазба әдебиеттің бір кезеңін діндар дәуір, екінші кезеңін әуелде, ділмар дәуір, артынан сындар дәуір деп алған, Ахмет Байтұрсынов жаңа әдеби дамуға қатысты келелі эстетикалық-теориялық ой-тұжырымдар, пікір-байламдар түйеді. Сындар дәуір ұғымына автор бір жағынан сын арқылы шыққан, екінші жағынан мағынасы терең, мінсіз, толғаулы, классикалық әдебиет деген сипаттарды сыйдырады. Асыл сөз жасаудағы білімнің, үлгінің қызметін ашады да мынадай қорытынды жасайды: “Қазақ ақындарының өздерінің де, сөздерінің де міндері, кемшіліктері, жаман әдеттері өнерпаз Еуропа жұртының сындар әдебиетін көргеннен кейін байқалып көзге түскен. Сонан кейін ғана Еуропа әдебиетінен тұқым алып, қазақ әдебиетінің сүйегін асылдандырып, тұлғасын түзетушілер шыға бастаған”.

Қазақ әдебиетінің дамуына, әсіресе, әсері күшті болған Абай шығармалары екенін, сындар дәуірдің басы Абайдан басталатынын кесіп-пішіп тиянақтайды. Абайдың сөзге талғау кіргізгені, әдебиеттің басты-басты сипаттарын анықтағаны “Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы” өлеңін мысалға келтіру арқылы көрсетеді. Ахмет Байтұрсынов жаңа әдебиет тудыруда талғамның, өнегенің, үлгінің, ықпалдың, әсердің рөлін айта келіп: “Қазақтың сындар әдебиеті Еуропа үлгісімен келе жатыр. Және сол бетімен баратындығы да байқалады. Еуропа әдебиетіндегі сөз түрлері бізде әлі түгенделіп жеткен жоқ. Бірақ қазір болмағанмен, ілгеріде болуға ықтимал”, — деген көрегендік тұжырым жасайды.

Жазба әдебиеттің сындар дәуірінің дарынды сөздерін  автор үш топқа бөліп қарайды, олар: 1. Әуезе. 2. Толғау. 3. Айтыс-тартыс. Бұлар қазіргі әдебиеттану тұрғысынан айтқанда – эпос, лирика, драма. Әуезенің түрлері былай бөлінеді: 1) Ертегі жыр; 2) Тарихи жыр; 3) Әуезе жыр; 4) Ұлы әңгіме (роман); 5) Ұзақ сөз; 6) Ұзақ әңгіме; 7) Көңілді сөз; 8) Мысал; 9) Ұсақ әңгімелер.

Бұлардың ішінен зерттеуші “Ұлы әңгіме, яғни роман деп тұрмыс сарынын түптеп, терең қарап әңгімелеп, түгел түрде суреттеп көрсететін шығармаларды айтамыз” деген анықтама жасайды да, жанрдың негізгі белгілерін тұтас түгелдеп береді.

Ахмет Байтұрсынов лириканы – толғау деп алып, осы әдеби тектің қыр-сырын ерекше тиянақты талдап, орасан терең пікірлер тұжырымдап, сұлулық, көркемдік, әсемдік, шеберлік табиғатына қатысты ойларын бажайлай жеткізеді. Ықшамдап, жинақтап айтқанда Ахмет Байтұрсынов лирикаға (толғауға) мынадай шарттар қояды:

1. ІШКІ ШАРТЫ: а) Толғау жалпы сырлы болуы керек. Ақын толғауы да өз көңілінің күйін айтады. Бірақ ол күй өзгеге түсінікті болуы тиіс. Күйі түсінікті болмаса, өзгеге әсер ете алмайды;

ә) толғау шын сырлы болуы тиіс. Өтірік жай сөзге де жараспайды. Толғау сияқты сырлы шығармаға өтірік жараспақ түгіл, бүлдіреді. Сондықтан күйлі толғау көңілде шын болған күйден шығу керек. Бұрынғы қазақ ақындарының мақтау, құттықтау өлеңдерінің көбі қадірсіз болып кетуі шын көңілден шын толғау болып шықпағандықтан;

б) толғау таза болуы тиіс – нас, былғаныш, нәжіс әдемі нәрседен шықса, көңілге қандай әсер етеді? Толғау сөзге былғаныш сөз, былғаныш пікір қатысса, о да сондай әсер етеді;

в) толғау көңілдің тереңдігі күйінен хабар беруі тиіс. Көңілдің бер жағынан шыққан сөздердің әсері оқушының көңілінде терең із қалдыра алмайды;

2. ТЫСҚЫ ШАРТЫ: а) Толғау сөзі көңіл күйінің бейне билеуі сияқты болуы тиіс. Күй де, би де біріне-бірі үйлесіп келгенде, сұлу болып шығады. Күй мен бидің үйлесуі;

ә) толғау қысқа болуы тиіс. Көңіл күйінің көбі-ақ бір қалыпта ұзақ тұрмайды. Көңіл күйінен шығатын толғау көңіл табиғатына қарай ұзын болмасқа тиіс, ұзын болмайды да. Нағыз толғаулардың көбі-ақ 4-5 ауыз өлеңнен аспайды;

б) толғау әуезді сөзбен айтылуы тиіс. Адамның көңілінің күйін жақсы білдіретін – күй мен ән. Әннен соңғы көңілге көбірек әсер беретін – әуезді сөз, әуезді күшін көбейтетін өлең түрде айтылуы тиіс. 

Кейінгі қазақ әдебиетшілері орыс тіліндегі еңбектердің ізімен саяси лирика, махаббат лирикасы деп қана шектеліп келсе, Ахмет Байтұрсынов ұлттық өнердің өз табиғатынан шығарып, лириканың сап толғау, марқайыс толғау, налыс толғау, намыс толғау, сұқтаныс толғау, ойламалдау, сөгіс толғау, күліс толғау секілді түрлеріне анықтама береді, мысалға “Интернационал”, Абайдың “Адамның кейбір кездері”, Сәкеннің “Жолдастар” өлеңдері, “Маса”, “Оян, қазақ” кітаптарындағы кейбір өлеңдер алынған.

Ахмет Байтұрсынов драманы қазақша “Айтыс-тартыс” деп алып, оған мынадай жанрлық анықтама береді: “Айтыс-тартыста ақынның айтқан әңгімесін естиміз, уақиғаның өзін, уақиғада болған адамдардың өздерін көреміз. Уақиға көз алдымызда болып, адамдардың тіршілік жүзінде айтысып-тартысып өмір шеккенін көреміз. Тіршілік майданында адамдардың ақылы жеткенше амалдап, қайратына қарай қару қылып алысқаны, арбағаны, қуанғаны, жылағаны, ойнағаны, күлгені, сүйінгені, күйінгені, жауласқаны, дауласқаны, бітіскені, жарасқаны өмір жүзіндегідей көрініп, көз алдыңнан өтеді”.

Байтұрсынов саралауы бойынша драма былай бөлінеді: 1) мерт, яки әлектегі тартыс (трагедия); 2) сергелдең, яки азапты тартыс (драма); 3) арамтер, яки әурешілік (комедия). Екінші жерде ықшамдап: 1) әлектеніс; 2) азаптаныс; 3) әуреленіс деп те бөледі. Осы түрлердің әрқайсысындағы тартыс табиғаты, кейіпкерлердің сипаты жеке-жеке, дәлді де нақты әліптеледі.

Зерттеу барысында ғалым басқа елдер әдебиетін де ескереді: “Орыстың асқан ақыны Пушкин жазған өлеңдерінің кейбіреуін 13 рет түзеткен. Орыстың асқан ойшысы, сөз өнерпазы Лев Толстой шығарған сөздерін баспаға беріп қойғаннан кейін де талай түзетіп, талай өзгертеді екен. Бұл ойындағы, қиялындағы, көңіліндегі нәрсені тілмен айтып жеткізу қиын екендігін көрсетеді”, — дейді “Сөз өнері” тарауында. Бұдан басқа Эзоп, Федр, Лафонтен, Крылов есімдері айтылады, жапон, француз, поляк әдебиеттеріндегі өлең құрылысы сөз болады. Абылай, Шоқан, Ақан сері, Торайғыров, Ядринцев, Потанин есімдері кездеседі.

“Әдебиет танытқыш” алғаш 1926 жылы шықты, 1989 жылы “Жазушы” баспасы, 1991 жылы “Жалын” баспасы шығарды. Соңғы басылымда бұрынғы жариялануда кеткен бірталай селкеуліктер жөнделді, олар – кейбір шатасқан сөздердің, баспа кінәсінен кеткен қателіктердің бұрмаланған текстердің түзетілуі. “Әдебиет танытқыштың” қазір Алматыда сақталған кітаптарының соңғы беттері жыртылғандықтан, еңбектің тексті түгел берілмей отыр. Зейін салған кісі аңғарса керек, А.Байтұрсынов былай дейді: “Ұстасу шығармалар қайраткердің түріне қарай үшке бөлінеді: 1) әлектеніс; 2) азаптаныс; 3) әуреленіс”. Осылардың біріншісі – әлектеніс пен үшіншісі әуреленіс талданады, ал екіншісі – азаптаныс жоқ. Сондықтан сақталған кітап бойынша болашақта “Әдебиет танытқыштың” толық текстін табу міндеті тұр. Тағы бір мәселе әр түрлі жанрлық формаларды талдап болғаннан кейін А.Байтұрсынов әр жерде бұларды нұсқалықтың пәленше номерлерінен қара деп ескертеді. Ендеше, “Әдебиет танытқыш” оқулық, оның хрестоматиясы – нұсқалығы  да болған ғой. Қазіргі дерек бойынша, ол жарияланбаған секілді. Әлде қолжазба күйінде архивтің бірінде жатыр ма? “Мәдениет тарихы” деген еңбек бітіргені белгілі – ол да жоқ. Қайда? Қысқасы, Ахмет Байтұрсыновтың ұлы еңбегі “Әдебиет танытқыш” төңірегінде әлі де көп зерттеу жүргізу керек.

“Әдебиет танытқышта” Ахмет Байтұрсынов әдебиеттанудың әлемдік термино­логиялық стандарт деңгейіне көтеріліп, шет сөзді араластырмай, қонымды, ықшамды, бір-бірімен сабақтас, ұйқас, ұялас ұғымдардың тұтас ұлттық қазақы жүйесін жасап берді. Олардың басым көпшілігі автор репрессияға ұшырап, кітаптың тыйым салынғанына қарамастан, әдеби тілге кіріп кетті. Интернационализм дегенді желеу етіп, шет тілді зорлап ендіру науқаны тұсында әдебиеттанудың да шұбарланғаны анық. Әрине, қазір роман, лирика, драманы ұзақ әңгіме, толғау, айтыс-тартыс деп өзгерту мүмкін болмас, бірақ А.Байтұрсынов жасаған бірталай терминдер, сөздер қолдануға сұранып тұр.

1913 жылы “Қазақтың” тұңғыш саны шыққанда газет редакторы Ахмет Байтұрсынов былай деп жазған: “… Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз. Бұл мәселеде біздің халымыз оңды емес. Осы күні орыс школы мен татар мектептерінде оқып шыққандар қазақ тілін елеусіз қылып, хат жазса өзге тілде жазып, қазақ тілінен алыстап барады. Бұл, әрине, жаман әдет. Егер тілге осы көзбен қарасақ, табиғат заңына бағынбай, біздің ата-бабаларымыз мың жасамаса, ол уақытта тілмен де, сол тілге ие болған қазақ ұлтымен де мәңгі қоштасқанымыз деп білу керек. Егер оны істегіміз келмесе, осы бастан тіл, әдебиет жұмысын қолға алып, өркендететін уақытымыз жетті”.

Ахмет Байтұрсыновтың ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы – баршасы осы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған.

1.2. А.Байтұрсыновтың  педагогикалық көзқарастары

Жер бетіндегі әр халықтың ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұралары бар. Солардың ең бастысы – халықтың рухани қазынасы. Халықтың ізгі ойларынан, талап, тілегінен, мақсат мүддесі мен асыл армандарынан туған бұл мұралар барша адамзат баласына ортақ және келешек ұрпақтар тәрбиелеудің бірден бір құралы. Қазақ халқының сонау түркі заманынан бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраларының бірі – халықтық педагогика. «Халықтық педагогика, делінген Қазақ кеңес энциклопедиясында, – тәрбие жөніндегі халықтың педагогикалық білім тәжірибесі. Халық педагогикасын зерттеу негізіне педагогикалық мазмұн мен бағыттғы халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар, семья тәрбиесінің тәжірибелері, т.б. жатады. Халық педагогикасының негізгі түйіні- еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды, шеберлікті ұрпақтан ұрпаққа қалдыру».

Халық педагогикасының мазмұнын құрайтын әрі тәлімдік мән-маңызы бар мұра – халықтық идеялар. Ал педагогикаға негізделген халықтық идеялар –жас ұрпақты еңбек, отаншылдық имандылық пен адамгершілік, сыр мен сымбат, ақыл-ой тәрбиесі баулуда біртіндеп бойға сіңіретін нәрлі өзек. Жас буынның кішкентай кезінен «Халық айтса қалып айтпайды», «Халықтың ойы озық», деп санасына мықтап сіңірген қазақ елі халықтық идеяларға негізделген ұлттық тәрбиенің сан алуан түрлерін арнаулы жолдар мен арнайы тәсілдер арқылы жүргізіп отырғаны белгілі.

Мәселен, халықтық нақыл сөздер мен мақал мәтелдерде адамгершілік пен имандылық тәрбиесіне қатысты пәрменді ойлар айтылса, ойындар, жұмбақ пен айтыстарға – ақыл-ой тәрбиесі, өлең, жыр дастандарға әсемдік, сыр сымбат, отаншылдық тәрбиесінің негізгі принциптері өзек болған, ал ертегілер халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланылған. 

Халықтық мұратқа негізделген халықтық тәрбиенің мақсаты – бүгінгі қоғамның жан-жақты жетілген белсенді мүшелерін, яғни өз ұлтын сүйетін, тілін, дінін білетін жоне оның әдет-ғұрыптарын сақтап, кейінгі ұрпақтарға үлгі боларлық тұлғаларды тәрбиелеу.

Халықтық идеяның басты мақсаты – қоғамның белсенді мүшесі болатын, жетілген тұлғаларды тәрбиелеу.

Жан-жақты жетілген тұлға дегеніміз – ақыл-ойы дамыған, денсаулығы мықгы, еңбекқор, ізденімпаз, эстетикалық талғамы биік, имандылықты бетке тұтқан, адамгершілігі мол қоғамның белсенді мүшесі.

Халықгық идеяға толы рухани мүралардың мән-мазмүны мен негізгі түйіні де осы жас буындар бойына тәрбиенің сан алуан және жағымды түрлерін қалыптастыруға саяды. Міне, осыған орай жас ұрпақты тәрбиелеуде жалпыға ортақ қоғамда өмір сүрудің моральдық-психологиялық нормасы белгіленді, оның мәні «сегіз қырлы, бір сырлы» деген нақыл сөзден байқалады.

Қазақ халқының педагогикалық мәні зор ой-толғаныстарын бесік жырынан, ертегілері мен аңыздарынан, эпостары мен дастандарынан, шешендік сөздері мен айтыс-термелерінен, мақал-мәтелдері мен баталарынан көптеп кездестіруге болады.

ІІ ТАРАУ. А.БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ.

2.1. А.Байтұрсынов  шығармашылықтарындағы  халықтық идеяның зерттелу жайы

Қазақ халқының рухани мұрасының мәнін ашу, оны игеруде қазақгың жазушы-педагогтарының халыкдық идея проблемасы туралы ой-пікірлерін зерттеудің қазіргі кезде маңызы ерекше.

Осыған орай XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың 20-30-жылдары өмір сүріп, ағартушылық қызмет атқарған Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Досмұхамедов сынды педагог-жазушыларының халықгық идея проблемасы жөніндегі еңбектерінің зерттелу жайын анықгауды біз өзіміздің зерттеу проблемамыздың нысаны етіп алдық.

Қазақ жазушы-педагогтарының педагогикалық көзқарастары, олардың Қазақстанда педагогика ғылымы мен білім беру саласына қосқан үлестері бүдан бүрын да ғалымдардың назарына ілініп, зерттеу объектісіне айналған болатын. Атап айтқавда, бүл жөнінде бірнеше диссертациялар қорғалып, монографиялар, оку қүралдары, оку бағдарламалары, кітапшалар мен мақалалар жарық көрді. Ал олардың еңбектерінің тізімі арнайы библиографиялық көрсеткіштер ретінде бірнеше рет шығарылды.

Ахмет Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасын зерттеуге арналған диссертациясының бірінші тарауында сол кездегі ана тілін оқытуға байланысты мәселелерге шолу жасалып, оның әдіскер ғылым ретінде қалыптасуына өз кезіндегі әдістеме ілімінің әсері, әліппесі мен окулықтарының жалпы сипаттамасы, олардың әдістемелік негіздері сөз болады.

Ал диссертацияның екінші тарауында А.Байтұрсыновтың ғылыми әдістемелік еңбектерінің жазылу жайы, оның қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаудағы рөлі, еңбектерінің бүгінгі оқыту ісімен сабақтастығы қарастырылған. 

Автор ғалым-тілшінің еңбектерінде ана тілін ұлттық тәрбие құралына айналдыруда қазақ тілі мұғалімдеріне әдістемелік көмек жасалғанын орынды атап көрсеткен.

Р.Н.Көшенованың диссертациясында Мағжан Жүмабаевтың пе-дагогикалық көзқарастары оның әдеби-ғылыми және педагоги-калық мұраларына тарихи-педагогикалық сипаттама беру негізінде ашып көрсетілген.

Сондай-ақ педагог-жазушының ғылыми-педагогикалық мұрасындағы тәрбиелеу және оқыту мәселелеріне, оның педагогикалық көзқарастарының негізгі бағыттарына сипаттама беріліп, оларды орта мектептің оқу-тәрбие үрдісінде шығармашылықпен пайдалану жолдары көрсетілген.

Зерттеуші ағартушының тәлімдік ой-пікірлері қазақ халқының үлттық санасын жаңғырту туралы идеялармен тығыз байланысты екенін, ақынның педагогикалық шығармашылығы халықтық тәлім-тәрбиелік ойлармен үштасатынын пайымдай келе, баланың жеке басын құрметтеу, оның жан дүниесінде жеке қасиеттермен қатар ұлттық рухты қалыптастыру, ол үшін елдің рухани өмірі және тұрмыс-тіршілігімен етене таныстыру мәселелерін алға тартады. Және ол педагог М.Жұмабаевтың ана тілі мен әдебиетін үлтты сақгап қалудағы басты шарт, ұлттық білімнің негізгі ережесі деп бағалауын оның халықгық идеяны басшылыққа алуы деп санауға болатынын атап көрсетеді.

Р.Б.Үсембаева «А.Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сы-нып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу» тақырыбына орында-ған кандидаттық диссертациясының бірінші тарауында XX ғасырдың басындағы педагогикалық ой-пікірлердің бүгінгі зерттелу жайына тоқтала отырып, А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасы-ның қалыптасуына қоғамдық-тарихи жағдайлардың ыкдалын ғылыми-педагогикалық тұрғыда саралайды, сол кездегі қаланған білім жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Ал екінші тарауда ғұламаның артына қалдырған еңбектеріндегі адамгершілік мәселелері жан-жақты сарапталып, бүгінгі мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың алғышарттары қарастырылады. Сол мақсатта пән сабақтарының мүмкіндіктерін негізге ала отырып, бастауыш сынып окушыларын «Ахметтану» атты пәндік үйірмелерге тарту, «Ахмет поэзиясы» атты кештер жүргізу арқылы оқушылардың рухани құндылық қасиеттерін қалыптастыру мүмкіндіктері қамтылады.

Сонымен, шетел классик-педагогтарының халықтық идея туралы еңбектері және қазақ ғалым-педагогтарының қазақ жазушы-педагогтарының халықтық идеясы туралы жалпылама зерттеулері біздің зерттеуімізге тарихи-теориялық негіз болды.

Қоғамдық тәрбиенің осы компоненттерінің мән-мазмүнын байытып, ауқымын кеңейтетін халықтық тәлім-тәрбие, яғни оның маңызды бөлінбес бөлігі – халқымыздың ойшылдарының ой-пікір-лері. Осы түрғыдан алғанда, қазақ жазушы-педагогтарының шығар-машылықгарындағы халықгық идеяның қоғамдық тәрбие берудегі тағылымы ерекше.

Белгілі ғалым-академик Қ.Б.Жарықбаев айтқандай:  «Халықтан    шыққан үздік ойшыл тәлімгерлер халықтық тәлім-тәрбиеден нәр алып,  дамиды.   Ал   халықтық   тәлім-тәрбие   ойшылдардың   ой-пікірлері арқылы күрделеніп, шырай алып, әрмен қарай дамиды.»

Ал қазіргі еліміздің тәуелсіздік алып, өркениетке бет бүрған кезеңінде   халықтық   толім-тәрбие   қоғамның   мақсат-мүддесімен үйлесімдік тауып отыр. Осыған орай жан-жақгы жетілген түлға-ларды тәрбиелеу іс-әрекетінде халқымыздың рухани-мәдени мүра-ларын кеңінен пайдалану кезек күттірмейтін мәселеге айналуы біздің проблемамыздың құндылығын арттыруда.

Казіргі кезенде жастарға қоғамдық тәрбие берудегі отбасынан кейінгі өте ықпалды орта жалпы білім беретін мектептер екені баршамызға аян. Жасөспірімдерді қоғамның белді мүшесі ретінде өздеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін сезініп, қоғамдық ортада өзін-өзі үстай білуі мен қарым-қатынас этикасын ұстануға тәрбиелеу – мектептердегі қоғамдық тәрбиенің басты бағыты.

Мектеп қабырғасында елінің рухани мөдениетін бойына сіңіріп, тілін, дінін сыйлап, халқының өзіне тән төл тәлім-тәрбиесінен тагылым алған оқушылар қоғамда өз орнын тауып, оның белсенді мүшесі бола алатынын қазақ жазушы-педагогтары А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев және Х.Досмұхамедов өз шығармаларында айтып өткен еді.

Халық ортасынан шығып, оның мұң-мұқтажын, мақсат-мүддесін, арман-тілегін көріп өсіп, өздерінің шығармаларына оны арқау еткен қазақ жазушы-педагогтарының әрқайсысының келешекке рағат еткен тәлімдік ойлары бар. Бұл – олардың шығармаларындағы халықтық идея. 

Міне, осы тарауда біз олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, шығармашылықтарындағы халықгық идеяның мән-мазмұнына таддау жасадық. Зерттеу барысында аңғарғанымыз, халықтық идеяның басты түйіні – ғасырлар бойы жиналған рухани қүндылықгар негізінде «сегіз қырлы, бір сырлы» ұрпақ тәрбиелеу. Ал мектептердегі қоғамдық тәрбиенің басты мақсаты жас ұрпактарды болашақта, қоғамның белсенді мүшелері ретінде, еліміздің көркейіп, дамуына өзіндік үлес қосатын тұлға етіп тәрбиелеу болып  табылады.

2.2. Ахмет Байтұрсынов шығармашылығындағы халықтық идея – ұлттық білім беру жүйесінің негізі

Ахмет Байтұрсыновтың өмірде аддына қойған басты мақсаты қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс жағдайын жақсарту болатын. Педагог-ғалым ол үшін халықты жаппай сауаттандыру керек екенін айтып, өзінің халықтық идеясын насихаттады. Ол «барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына, мектеп, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол ауыл мектебінде, семинарияда бала оқытты, оқу-тәрбие жұмысын жетідіру саласында көп ізденді», – деп жазады профессор С.Қалиев.

Ахмет Байтұрсынов халықтық идея туралы ой-пікірлерін «Қазақ» газетінде жариялаған көптеген мақалаларында, «Тіл туралы», «Әдебиет танытқыш», «Баяншы», «Тіл ашар», «Оку құрал», «Сауат ашқыш», «Әліппе астар», «Оқу құрал» (хрестоматия), «Маса», «23 жоқтау», т.б. еңбектерінде жан-жақты айтып, оларды тікелей іске асырды.

        Ахмет Байтұрсынов осы еңбектері арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалады. Ол жүйенің басты элементтері мыналар:

  1. 1..  Ұлттық жазу жүйесі бойынша білім беру;
  2. 2.. Ұлттық   негіздегі    бағдарламалар,    оқулыктар,    оку-әдістемелік құралдар;
  3. 3. Мектепке керек заттар;
  4. 4.. Мектеп ісін жандандыратын мүғалімдер мен тәрбиешілер.

Міне, осылардың негізінде қазақтың тілі, ауыз әдебиеті, мәде-ниеті, тарихы, әдет-ғүрып, салт-дөстүрлері туралы халықтық идеяларын мектепте оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында пайдалану жолдарын көрсетті.

Ахмет Байтұрсынов ағартушылық қызметінде халық даналығы тудырған фольклорлық мұраларды жинап, зерттеуге ерекше ден қойды.

Ағартушы-ғалым жинап, реттеп, сұрыптап бастырған негізгі фольклорлық мұра – «23 жоқтау». Онда қазақ тарихының 400 жылдық мерзімін қамтитын 23 жоқтау, трагедиялық жырлар берілген. Оларда Бапай батыр, Қаздауысты Қазыбек би, Кенесары, Наурыз-бай би туралы нақтылы деректер келтірілген. Мысалы, Қаздауысты Кдзыбекті қызы Мөңкенің жоқтауында Қазыбек бидің қазақ қауы-мына пана, қазақтың батырлары мен хандарына ақылшысы болғаны, оның ақылы мен бағының молдығы, көрші елдермен тату болуды көксегені жырланады. Ал «Кенесары-Наурызбай» жоқтауында қазақ хандарының «халық иесі», «халық қорғаушысы» екені айты-лып, «Наурызбай төре кеткен соң, бастан тайды бағымыз» деген өкініш білдіріледі.

Сондай-ақ қыз келін болып түскенде орындалатын ғұрып – беташар туралы А.Байтұрсынов былай дейді: «Қыз келіншек болып түскенде бетін көрсетпейді. Ауылға келерде алдына шымылдық ұстап, перделеп келтіреді. Үйге кіргеннен соң да алдына шымылдық тұтып, қыз-келіншек, бала-шағалар болмаса, басқаларға көрсетпей қояды. «Беташар» айтылғаннан кейін беті ашылып, шымылдық алынып, ғүрып бойынша көрінетін адамдарына келіншек сонан соң көрінеді».

Беташардан соң орындалатын ғұрыптың бірі – неке қияр. Ға-лымның анықтауынша, «неке қияр сөз» – неке қияр кезде екі ара-да жүретін екі куәнің күйеу мен қыздың ырзалығын сұраған уақытта айтылатын сөз, бұл әуенмен емес, өлең ұйқасымен, дәйім бір қалыпта айтылады.

А.Байтұрсынов салт-дәстүр жырларының бірі – жарапазанға да тоқталып өтеді. «Жарапазан» рамазан деген сөзден шыққан, ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдің түсында түрып, жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған адамдар, сауап болады деп, жарапазан айтқандарға құрт, май, ірімшік, бір шаршы шүберек, басқа сол сиякты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазан айтатындар екеу болып жүріп айтады. Бірі жарапазан айтқанда, екіншісі қостаушы болады», – деп, «жарапазан» сөзінің мәнін, тәрбиелік маңызын түсіндіре келе, оның түрлі орындалу тәсіддерінен мысал келтіреді.

А.Байтұрсыновтың қазақтың түрмыс-салт жырларының ішінде ерекше мән бергені – «Бесік жыры». Ол: «Бесік жыры, яғни бала тербету – баланы ұйқтату үшін айтылатын өлең; бала тербету түр-ліше айтылады. Бірақ бүгінге бірдей жалпы келетін жерлері бар», – деп оның мазмұнын сипаттайды.

Осылайша ол ұлттық әдет-ғұрыптарға байланысты орындалатын рәсімдердің мән-маңызын салмақтай отырып, жеке тұлғаның рухани, адамгершілік қасиетін қалыптастырудағы халықтық мұраның рөлін айқындайды.

А.Байтұрсынов мақалдардың жағымдысы да, жағымсызы да болатынын, олардың адам бойында әр түрлі қасиеттердің қалыптас-тыруына ыкдал ететінін атап айтады. 

Қазақ арасында жиі айтылатын «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы», «Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос», «Жоқтық ұят емес, барлық мұрат емес», «Денсаулық – зор байлық», «Ұяда не көрсең, үшқанда соны аларсың», «Ашу аддында шығады, ақыл соңында шығады, т.б. мақалдардың мән-маңызына үңіледі.

Мақал мен мәтелдерді салыстыра отырып, «мәтел дегеніміз – кезіне келгенде кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ мақал тәжірибеден шыққан қақиқат түрінде айтылады. Мәтел қақиқат жағын қарамай, әдетті сөз есе-бінде айтылады», – деп тұжырымдайды.

Халық даналығынан тутан «Көппен көрген ұлы той», «Адасқан қаздай, рудан аздай», «Тамақ тоқ, көйлек көп, уайым жоқ», «Бетегеден биік, жусаннан аласа’, «Бір теңге беріп жырлатып, мың теңге.

А.Байтұрсынов мұраларын зерттегенде ғалымның қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасуын көксегені, осы жолда маңызды істер тындыруға ұмтылғаны аңғарылады. Әсіресе, ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ата-баба дәстүріне аса мән береді. Оны ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы ықпалды күштің бірі деп біледі. 

Өзінің істеген ісін ата-баба қалдырған мүралармен салыстыра отырып, «Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы. 

Атадан алған мирасымыздың жәйі мағлүм, балаға бұл қалыпта түрып не мирас қалдырмақпыз, оны болжауға да артық әулиелік қажет емес», – деп қынжылыс білдіреді. 

Ағартушы-педагогтың  «Маса»  атты өлеңдер жинағынан қазақ қоғамындағы әлеуметтік, қоғамдық ойлар, оның азаматтық және халықтық идеялары айқын көрініс береді. Мұндағы  «Қазақ калпы», «Қазақ салты», «Жұртыма», «Туысыма», «Оқуға шақыру», «Жұбату»,  «Анама хат»,  «Тілек батам»,  «Тарту»,  «Жиған-терген» атты өлеңдерінде  туған  халқын  сүю, оны  өнер-білімге  шақыру, халықтық салт-дәстүрлерді қастерлеу, анаға   мейірімділік,   бата- тілектің маңызы, қазақ халқының даналығы, оның тәрбиелік мәні туралы кеңінен сөз болады. Мысалы, «Қазақ салты» атты өлеңінде әрбір азамат туған халқын құлай сүйіп, оның бақыты мен болашағы жолында жұмыр басын құрбан етуге әзір болу керектігін айтса, «Оқуға шақыру» өлеңінде «Балалар, оқуға бар, жатпа қарап, Аллалап ал кітапты қолдарыңа» деп, жас ұрпақты оқу-білімге үндейді.Ал «Жиған-терген» өлеңінен қазақ   халқының   қасіретке   толы тарихы мен тағдыры көз алдыңа елестейді. «Жұбату» өлеңінде көне халық жырауларының таңдаулы дәстүрінде сөзін тындаушыларына тікелей арнау арқылы ықылым замандардан бермен қарай сахара елінің сәні болған, әр қазактың жүрегіне қымбат белгілердің бірте-бірте көз ұшынан ғайып болып, жоғалып бара жатқанын жырмен өрнектеп, ойын сауал түрінде жеткізеді.

А.Байтұрсынов «Асыл сөз» атты еңбегінде қазақ халқының сөз өнеріне қатысты дәстүр, әдет-ғұрыптарына жан-жақты тоқтала отырып, оның тәрбиелік мәнін ашып көрсетеді.

«Өнер алды – қызыл тіл», – дей отырып, сөз өнерінің адам санасында үш түрде негізделетініне, яғни 1) ақылға, 2) қиялға, 3) көңілге байланысты  болатынына  тоқталады.  Ақыл  мен тілдің мән-маңызы және міндеті туралы былайша пайымдайды: «Ақыл ісі – андау, яғни нәрселердің жәйін үғыну, тану, ақылға салып ойлау; қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұр-патына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау»; «Тілдің міндеті – ақыддың андауын аңдағанша, қиялдың меңзеуін меңзегенше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау».

Әсіресе сөз өнді, ұнамды болуы үшін сөз өнерінің мән-маз-мұнына төмендегі шарттарды қояды: сөз дұрыстығы, тіл тазалығы, тіл анықтылығы, тіл дәлдігі, тіл көрнектілігі.

А.Байтұрсынов мұраларындағы тәрбиелік мәні бар ұлттық тағылымның негізгі түрі – бата. «Бата – біреуге алғыс бергенде айтылатын сөз; батаны ақсақал адамдар айтады. Батагөй шалдар басы бар табақгы алып келгенде, асты жеп болғанда да бата қылып, көбінесе бата тамақ жеп болған соң істеледі», – деп, бата беру жолдарын баяндайды. Ол баталарды түрлеріне, айтылу рәсімдеріне байланысты жинактап, топтайды.

Ғалым жоқтауға да ерекше мән берген. Оның пайымдауын-ша, қазақга «Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген сөз текке айтылмаған. Қазақ халқы тарихының төрт жүз жылын қамтитын 23 жоқгаудың тәлімдік те, білімдік те мәні зор. А.Байтұрсынов «Жоқ-тауларды» жинап, жарыққа шығарғанда төмендегі ойды басшы-лыққа алғанын айтады: «Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен шықпайды. Дүниеде ешбір тілді бір шешен кісі ойлап шығарған жоқ та, шығармайды да. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі тұрмыс қазанында қайнап пісіп, дүниеге келеді. Сонан соң ғана шешендер, «тіл көсемдері» тілді безеп, жалға-жөнге салып, жүйесін айырып өстіреді. Сондықтан әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, ол әдебиет адасып кетпек, енді ғана өсе бастаған қазақ әдебиетін алғанда, мұны естен шығармау керек. Ел аузындағы тіл дегенімізде, нені үлгі-өрнек етіп аламыз? Әрине, осындай жоқтауларды, мақалдарды, жұмбақтарды, ертегілерді, өлендерді, тағы-тағы осындайларды».

А.Байтұрсыновтың халықтық идеясы өзі редакторы болған «Қазақ» газеті беттерінде жариялаған мақалаларында айқын көрінеді. Мысалы, 1913 жылы газеттің тұңғыш саны шыққанда ол тілге, әдебиетке, мәдениетке байланысты былай деп жазған еді: «Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек. Өз ал-дына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз. Бүл мәселеде біздің халіміз онды емес. 

А.Байтұрсынов туған халқын ғылым-білімге ұмтылдыруды көкседі, газет арқылы әр қазақтың ең болмаса бастауыш білім алуы қажеттігін көрсете отырып, ол үшін «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, бастауыш мектепте үйрететін білім де сондай керек», – деп жазды.

А.Байтұрсынов қазақ тіл білімі саласында өнімді еңбек етіп, 1920 жылы «Баяншы» деген атпен әдістемелік қүрал, 1928 жылы «Тіл жұмсар» деген атпен екі бөлімді қолданбалы грамматика шығарды.

Белгілі ғалым Р.Сыздықова А.Байтұрсыновтың қазақ мектептері үшін жазған еңбектерінде халықтық идеяны қалай жүзеге асырғанын былайша жүйелеп көрсетеді: «А.Байтұрсынов өзінің алдына жүйелі программа қойғанға ұқсайды: ол әуелі қазақша сауат аштыруды мақсат еткен, бұл үшін әліппе – «Оқу құралды» жазған; одан соң қазақ тілінің фонетикасы мен грамматикалық қүрылымын анатілінде таддап, пән ретінде оқытып үйретуді.мақсат еткен, бүл ушін үш бөлімнен түратын «Тіл жұмсарды» жазған; төртінші — сауат аштыру, тілді оқыту методикасын жасауды міндетіне алған, бүл үшін «Баяншыны» жазған; бесіншіден — балалардың тілін ұстартып, оларды көркем сөзге баулуды көздеген, үлкен хрестоматия (олда «Оқу құралы» деп аталған) қүрастырған.

А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасындағы халықтық идеясына М.Әуезов 1923 жылы оның 50 жылдық мерейтойына орай жазған мақаласында мынадай баға берген екен: «Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түлеткен ана тілі, Ахаңның салған әдебиеттегі елшілдік ұран — «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдары қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымас қайраты, біз үмытсақ та, тарих үмыт-пайтын істер болмақ».

Ғалым-тарихшы М.Қозыбаев: «Ахмет Байтұрсынов – XX ғасырдың ұлы реформаторы» атты мақаласында «…Ахмет болса, ұлт-азаттық қозғалысына гуманистік, ұлттық сипат берді. Еуропалық күрес рухын ұлттық сарын, әуенмен қабыстырды. 

       Қорыта келе айтарымыз, А.Байтұрсынов – өзінің ағартушылық қызметі мен педагогикалық көзқарастары арқылы халықтық идеяны кеңінен насихаттап, оны нақты іске асыру жолына бар өмірін арналған ғұлама ұстаз, халық педагогы, «ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға».

ҚОРЫТЫНДЫ

Зерттеуіміздің мақсаты орындалып, соның негізінде бірқатар теориялық және практикалық қорытындылар жасауымызға мүмкіндік туды.

Қазақ халқы үшін қызмет етуді өмірлік мұрат тұтқан аяулы азаматтың артында қалған мұралары қазіргі егемен еліміздің жас ұрпағына қоғамдық тәрбие беруде айрықша мән-маңызға ие екені сөзсіз.

Қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы ха-лыктық идеяның мәні — ана тілін, ата тарихын, үлттық мәдениетін, халқының ауыз әдебиетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін, туған өлке табиғаты мен географиясын жүйелі оқытуға баса назар аударып, оларды жас ұрпаққа қоғамдық тәрбие берудің негізі екендігін дәлелдеуінде деп түсінеміз.

Ахметтің Халелдің қазақ мектептері үшін жазған оқулықтары, Жүсіпбектің ұлттық тәрбие туралы құнды психологиялық пікірлері, Мағжанның педагогикадан тұңғыш ұлттық оқулық жазуы — мұның барлығы мектеп, мүғалім, тәрбие мен оқу мәселелерінің қазақ халқының өмірінде ерекше орын алатындығын, оның еш уақытта мәні мен маңызын жой-майтын қоғамдық проблема екенін дәлелдейді.

Зерттеу проблемамыз күрделі болғандықтан, оның барлық сала-ларын қамтып шығуды міндет етіп қоймадық. 

Келешекте мектеп окушыларына қоғамдық тәрбие берудің әдістемелік негіздерін туралы қүнды психологиялық пікірлері, Мағжанның педагогикадан тұңғыш ұлттық оқулық жазуы – мұның барлығы мектеп, мұғалім, тәрбие мен оқу мәселелерінің қазақ халқының өмірінде ерекше орын алатындығын, оның еш уақытта мәні мен маңызын жой-майтын қоғамдық проблема екенін дәлелдейді.

Зерттеу проблемамыз күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын қамтып шығуды міндет етіп қоймадық. 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасуының тұжырымдамасы. – Алматы. Қазақстан, 1995. -32б.
  2. Вендровская Р.Б. Очерки истории советской дидактики. -М: Педагогика, 1982. -185с.
  3. Коменский Я.А. Великая дидактика. -М., 1939. -360с.
  4. Данилов Б.П. Процесс обучения в советской школе. –М., 1960. -180с.
  5. Кожахметов С. Педагогика мәселелері. Қазақ мемлекет баспасы, Алматы,1940. -120б.
  6. Жарикбаев К.Б., Қалиев С.Қ. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. Алматы, 1995. – 346б.
  7. Ильясова А.Н. Становление и развитие педагогической теории Казахстана (1900-1960гг.): Монография. –Алматы, Республиканский издательский кабинет, 1997. -283с.
  8. Кунантаева К.К. Развитие народного образования в Казахстане (1917-1991).Алматы, 1997. -220с.
  9. Урынбасарова Э.У. Становление и развитие теории нравственного воспитания школьников Казахстана (60гг. ХІХв. – 90гг. ХХ в.). Алматы. 1999. -270с.
  10. Халитова І. Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарастары. Алматы. 1998. -186б.
  11. Бейсенбаева А. Пәнаралық байланыс негізінде оқу процесін ұйымдастыру.Алматы, РБК, 1995. -117б.
  12. Дайрабаева А. Қазақстанда дидактикалық ойлардың дамуы. пед.ғыл.кан. дисс. 13.00.01. Алматы, 1994. -160б.
  13. Ахметова Г.К. Образовательный идеал в теории и практике подготовки педагогических кадров. Алматы. 2000.
  1. Альмухамбетов Б.А. Тенденции развития системы повышения квалификации педагогических кадров в Казахстане. Алматы. 2000. -246с.
  2. Бержанов Қ. Мусин С. Педагогика тарихы. Алматы 1984. -255б.
  3. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ғылым мен білім  қызметкерлерінің Республикалық  съезіндегі Үндеуі. Егемен Қазақстан. 2001 3 ақпан.
  4. Абай Құнанбаев. Қара сөздер. Алматы. 1993. -268б.
  5. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. Алматы. 1995. -120б.
  6. Назарбаев Н.Ә.Қазақстан халқына 2004ж. Арнап жолдаған Үндеуі 2004ж.
  7. Кожахметов С. Педагогика (рукопись на каз. языке). 1939. -112с.
  8. Якиманская И.С. Личностно-ориентированное обучение в современной школе. –М., 1996. №2. -96с.