Жолдасбай Тұрлыбаев | өмірбаяны

0
60

Жолдасбай Тұрлыбаев 1932 жылы 3 наурызда Алматы облысы, Кеген ауданының Жалаңаш ауылында туған. 

1932–1956 жж. Шыңжаң өлкесінде тұрған. 

1961 жылға дейін Алматыда құрылыста тас қалаушы болып істеді. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. 

1966–1967 жж. Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы «Тарғап» мектебінде директор болды. 1967–1978 жж. Қазақ радиосында редактор, аға редактор, әдеби-драмалық хабарлар редакциясында бас редактордың орынбасары болып істеген. 1971–1973 жж. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жанындағы Жоғары партия мектебінде оқыған.

1970 жылдан бастап проза саласында еңбектеніп келеді. «Алтын тамыр» атты балаларға арналған пьесасы республикалық қуыршақ театрында қойылып жүр. Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты.

Шығармалары: Ерке серке. Әңгіме. А., «Жазушы», 1972; Балапандар. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1974; Аңшының әңгімесі. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1976; Телқоңыр. Повесть және әңгімелер. А., «Жазушы», 1981; Семсер. Повестер. А., «Жалын», 1982; Баламерген. Әңгімелер мен ертегілер. А., «Жалын», 1984; Тамыз таңы. Роман. 1-кітап. А., «Жазушы», 1987; Райымбек батыр. Роман. 2-кітап. А., «Жазушы», 1991.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз