Женіс (Тоқырауын) Қашқынов | өмірбаяны
Женіс (Тоқырауын) Қашқынов — (1942–2005) 4 наурызда Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы «Қуаныш» деген колхозда туған. 1964 жылы ҚазМУ-дің тіл және әдебиет факультетін бітірген.
Алғашқы кезде республикалық «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде істеп, 1965–1985 жж. қазақ радиосында әдебиет редакциясын басқарады. Кейін Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде, «Мектеп» баспасында жұмыс атқарады.
Алғашқы өлеңдері 1959 жылы республикалық «Пионер» журналы мен «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде жарық көрді. Он шақты жыр жинағының авторы. Өлеңдері орыс, украин, өзбек, молдован, грузин, қырғыз, ұйғыр тілдеріне аударылған. Бірқатар бауырлас елдер ақындарының жырларын аударған. Бірнеше жыр мүшәйраларының жеңімпазы. Ақтоғай ауданының Құрметті азаматы. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
Шығармалары: Кешкі күн. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967; Тұлпар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Ленин ата. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Достар. Өлеңдер, ертегілер. А:, «Жазушы», 1971; Қазыбек Нұржанов. Очерк. А., «Жазушы», 1972; Соқпақтар. Өлеңдер, балладалар. А., «Жазушы», 1975; Найзатас. Поэмалар, өлеңдер. А., «Жазушы», 1977; Дихан мерейі. Поэмалар, өлеңдер. А., «Жазушы», 1988; Қыраулы биіктік. Поэмалар, ертегілер, аңыздар. А., «Жалын», 1989; Ақжолтай Ағыбай батыр. Очерк. А., «Балауса», 1996; Алыптар мен арыстар. Өлеңдер мен дастандар. А., «Әуен», 2001; Атыңнан айналайын, атамекен. Толғаулар, деректі әңгімелер, сапарнама, ой өрнектері. А., «Әуен», 2001.