Семейде бейнебақылауға түсіретін электр шамын сатқан әйел анықталды

0
108

Ол 360 градусқа айналып, маңайын түсіретін камера орнатылған электр шамын Оlx желісінде жарнамалаған.

Семейде бейнебақылауға түсіретін электр шамын сатпақ болған әйел анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Семей қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі айтты.

«Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасының аясында семейлік тәртіп сақшылары заңсыз сауда жасамақ болған 28 жастағы қала тұрғынын анықтады. Ол 360 градусқа айналып, маңайын түсіретін камера орнатылған электр шамын Оlx желісінде жарнамалаған. Тыйым салынған затты сатпақ болған әйел өзін жарнама сайтында «Мико» деп таныстырған», – деп хабарлап отыр полиция өкілдері.

Айта кеткен жөн, камера түсіріп тұрған бейнежазбасы wi-fi жүйесі арқылы тікелей көріп отыруға болады. Заң өкілдерінің айтысынша, бұл – контрафактілік тауар.

Қазір аталмыш іске қатысты ҚР ҚК 399-бабының 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айта кетейік, «Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы Ғаламтордағы заңсыздықтарды әшкерелеуге бағытталған.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!



Zakon.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз