Жамал Босақов өмірбаяны
Жамал Босақов (1918–1987) 15 мамырда Алматы облысы, Жаркент қаласында туған.
1936 жылы Жаркент педтехникумын, кейіннен Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын 1936 жылы Панфилов ауданының мектептерінде бастап, көп жылдар бойы мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп директоры, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі болып істеген.
30 жылдай «Жазушы» баспасында ұйғыр әдебиеті редакциясының меңгерушісі болды.
Алғашқы әңгімелері 1952 жылы ұйғыр жазушыларының «Достық» атты жинағына енді.
1961 жылы «Халық жаршысы» повесі қазақ тілінде, ал 1966 жылы «Дүрбелең» романының бірінші кітабы орыс тілінде жарық көрді. Оның «Қайнам», «Дүрбелең», «Назугум» пьесаларын республикалық ұйғыр театры қойып келеді.
Бубеновтің «Ақ қайың», Т. Семушкиннің «Аласталған Алитет» (екінші кітабы), И.Шамякиннің «Терең ағын», А.Кадирийдің «Өткен күндер» (өзбек тілінен) атты повестер мен әңгімелерін ұйғыр тіліне аударған.
Шығармалары: Халық жыршысы. А., ҚМКӘБ, 1957; Дүрбелең. Роман. А., «Жазушы», 1964; Таңғы самал. Повесть. А., «Жазушы» 1969; Жалын. Повесть. А., «Жазушы», 1971; Мұғалімдер. Роман. А.,»Жазушы», 1973; Біздің Сулхи. Повесть. А., «Жазушы», 1982; Дүрбелең. Романдилогия (қазақ тілінде). А., «Жазушы», 1983.