Тұрысбек Сәукетай | өмірбаяны
Сәукетай Тұрысбек — 1950 жылы 14 қарашада Алтай өлкесінде туған.
1968 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім орта мектебін бітіріп, 1970 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне түскен.
1975 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясына қызметке орналасып, сонда 16 жыл бойы еңбек еткен.
1989 жылдан бері «Жұлдыз» журналында жұмыс істейді. Қазір осы журналдың бас редакторының орынбасары.
Шығармашылық жолын өлеңмен бастаған. «Сүт-кенже», «Айлы түн еді», «Қайыңдар, аппақ қайыңдар», «Көлеңкелер патшалығы» атты прозалық кітабы мен «Ай қараңғысы», «Желқайық» романдары жарық көрген. Аударма саласында да өнімді еңбек етіп келеді. Екі жүзден астам киносценарий мен Ги де Мопассанның, Амброз Бирзсдің новеллалары, Голдо Мейердің «Менің өмірім» кітабын тәржімалаған.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1999).