Димаш Құдайберген Ресейдің басты арнасында ән шырқайды

0

Әнші «Бірінші арнада» композитор Игорь Крутоймен бірге сахнаға шығады

НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. Танымал қазақ әншісі Димаш Құдаберген Игорь Крутоймен бірге «Бірінші арнада» өнер көрсететінін мәлімдеді.

Ол өзінің Instagram ресми парақшасында видео жариялаған.

Бұған дейін Димаштың репертуарына «Мадемуазель Хайд» (MademoiselleHyde) әні қосылатыны айтылды. Оның музыкасын сазгер Игорь Крутой жазған.Туындыны бұған дейін Лара Фабиан орындады.

Бұл бейнероликті бірер сағат ішінде 33 мың адам ұнатып,1,5 мың пікір қалдырып үлгерген.

Еске сала кетсек, Димаш 22-23 наурыз күндері Кремль сарайында жеке концерт берді. Екі концертте де залда ине шаншар жер болмады. Мәскеуге 56 мемлекеттен Димаштың жанкүйерлері арнайы ұшып барған.



sputniknews.kz