Тұрсынзада Есімжанов | өмірбаяны

0

Есімжанов Тұрсынзада 1941 жылы 21 қаңтарда Алматы облысының Ақсу ауданында дүниеге келген. Мектеп жасынан алғашқы өлеңдерімен көзге түскен. «Өмір нұры» газетінде редактор болған. Алғашқы өлеңдері мен американдық ақын Эдгар По, Пушкин мен Есениннен, Гейне мен Байроннан, Ғамзатовтан аудармалары баспасөз беттерінде 1957 жылдан жарияланған. Шекспир шығармашылығының шыңы саналатын «Король Лирдің» де тұңғыш аудармашысы. Тұңғыш жыр жинағы «Қабырға тал» (1963), «Соңғы сот», «Зауал», «Жолда қалған жолаушы» пьесалары жарық көрген. 

Еңбек жолын 1957 жылы Ақсу аудандық «Ленин жолы», 1958 жылы Талдықорған облыстық «Советтік Жетісу» газеттерінен бастап, 1975–1984 жж. «Жазушы» баспасында қызмет істеген. 

Шығармалары аздыкөпті шетелдерде кітап болып шыққан, мерзімді баспасөзде жарияланған. ҚазМУдің журналистика факультетінде сырттай оқып, 1965 жылы бітірген. 

Қазақстан Республикасы «Экология» қоғамдық академиясының академигі.