Тұрдыбек Алшынбаев | өмірбаяны

0

Тұрдыбек Алшынбаев 1936 жылы 25 сәуірде Қытай Халық Республикасының Тарбағатай аймағындағы Шәуешек қаласында дүниеге келген. Шыңжаң мұғалімдер институтын бітірген (1962).

 

1955–1958 жж. Шәуешек қаласындағы орта мектепте мұғалім, 1962–1965 жж. Семей облысында жұмысшы, 1965–1988 жж. аудандық «Жаңа өмір», «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газеттерінде бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор, аға редактор, «Біздің Отан» (қазіргі «Шалқар») газетінде жауапты хатшы қызметтерін атқарған. 1988 жылдан шығармашылық жұмыста.

 

Алғашқы әңгімелері 1965 жылдан жариялана бастады. «Өткел» (1977), «Жалбыз иісі» (1980), «Асу да асу бел еді» (1987) атты әңгімелер мен повестер жинақтары жарық көрді.