Төлеупов Нұрахмет | өмірбаяны

0

Төлеупов Нұрахмет (1938–1999)

29 тамызда бұрынғы Жезқазған облысы, Балқаш қаласында дүниеге келген. 

Орта мектепті бітіргеннен кейін кен-металлургия комбинатында электрослесарь, моторшы, металлург болып жұмыс істеген. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған соң, бірқыдыру уақыт Балқаш теледидарында редактор болды. 1968 жылдан «Жазушы» баспасының аударма редакциясында кіші редактор, редактор, аға редактор, редакция меңгерушісі болды.

Көркем аударма саласында еңбек етті. «Армян жазушыларының әңгімелері» (1970), «Монғол жазушыларының әңгімелері» (1972), «Украин жас жазушыларының әңгімелері» (1976), «Хиросима қасіреті» (жапон жазушыларының әңгімелері) атты жалпы жинақтарды аударуға қатысты.

«Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

Аудармалары: Л.Кокышев. Арина. Роман. А., «Жазушы», 1971; С.Ұлық-заде. Өзгерген өңір. Роман. А., «Жазушы», 1973; А.Ананьев. Тойтарыс. Роман. А., «Жазушы», 1975; И. Друцэ. Ақ көңілміз жүк ауыр. Роман. Повесть. А., «Жазушы», 1978; Б.Худайназаров. Құмдағы ел. Роман, повесть. А., «Жазушы», 1980; Т.Пулатов. Қайыптың қайта оралуы. Повестер. А., «Жалын», 1982; Т.Сыдықбеков. Әйелдер. Роман. А., «Жазушы», 1987.