Төлеутай Ақшолақов | өмірбаяны

0

Төлеутай Ақшолақов 1915 жылы 4 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданындағы №4 ауылда туған. 

1950 жылы Абай атындағы ҚазПИді тамамдаған. Әр жылдарда Павлодар аудандық газетінде жауапты хатшы, «Қазақстан» баспасында редактор болып қызмет еткен. Қазақ әдебиетінің мектепте оқытылу проблемасына байланысты жеті монографиялық еңбектердің, қазақ әдебиеті оқулықтарының авторы. Гончаровтың «Обломовын», Шекспирдің «Гамлетін» қазақшаға аударып, Майра Уәлиқызы, Қажымұқан, Жаяу Мұса, Мәшһүр Жүсіп, Сәбит Дөнентаев шығармашылықтары жөнінде көптеген зерттеу еңбектерін жазған. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор.