Төлеу Шаханов | өмірбаяны

0
115

Төлеу Шаханов (Т.Иргайлин) (1942–1994)

25 желтоқсанда Целиноград (қазіргі Ақмола) облысы, Еркіншілік ауданы, Бестөбе кенішінде туған.

1959 жылы Қазақ темір жолына қарасты «Ерейментау» орыс орта мектебін бітіргеннен кейін аудандық «Знамя», «Еңбек туы» газеттерінде корректор, аудармашы, әдеби қызметкер болып істеді.

1961–1963 жж. Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің орыс және қазақ журналистикасы бөлімінде оқыды. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), «Ленинская смена», «Семиречье», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде еңбек еткен. Көп жылдар бойы «Жазушы», «Жалын» баспаларында редактор, «Қазақфильм» киностудиясында алқа мүшесі болып қызмет атқарды.

Фантастика жанрында қазақ тілінде «Көгілдір мұнаралар» (повестер мен әңгімелер), «Жоғалған жауһар» (повесть) атты кітаптары жарық көрді. К.Әзірбаевтың, Н.Ахметбековтің, Д.Қанатбаевтың өлеңдері мен поэмаларын орыс тіліне аударды. Ол аударған венгр жазушысы Крянгенің «Өжет әтеш», М.Светловтың «Мальчик-Кибальчиш» спектакльдері республикалық балалар қуыршақ театры сахнасында қойылып жүр.

«Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

Шығармалары: Бәйге. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966; Шуақты күн. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Білесің бе бұларды? Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; Қос шапқыншы. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1974.