Тәжібай Жанаев | өмірбаяны

0
110

Тәжібай Жанаев 1940 жылы 20 наурызда Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Буракөл ауылында туған. Осы облыстың бұрынғы Есбол ауданындағы «Зеленый» балалар үйінде 10 жылдықты бітіріп, 1958–1959 жж. Қаратон мұнай кәсіпшілігінде еңбек етті.

1965 жылы ҚазМУдің филология факультетін бітірген.

1965–1970 жж. мектептерде ұстаздық етеді.

1970–1980 жж. «Қазақстан», «Жалын» баспаларында редактор, аға редактор, Қазақ КСР ҒАның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкері болып істеді.

Шығармашылық жолы 1958 жылы жарияланған «Бураға мінген серілер» атты өлеңмен жазылған фельетоннан басталады. «Үміт оты» (1974), «Соңғы жеті шақырым» (1976), «Тобанияз қыстауы» (1998), «Періштелер жыламайды» (2001) атты әңгімелері мен повестері бар. Газетжурналдарда қазақша және орысша сыни мақалалары жарияланды. Аударма саласында Р.Акутавага, К.Паустовский, В.Катаев, Аленьдо, Сантос, Витаутес Римчикавючис, Уильям Санди және т.б. шетел жазушыларының әңгімелері мен Н.Вороновтың «Пілге үйір бала» (1982) повестері мен әңгімелері, А.Кешковтың «Сынған таға» романы (1987), «Қазақстан халықтарының ертегілері» (1996), т.б. кітаптарды тәржімалады. 2009 жылы «Ангелы не плачут» әңгіме, новеллалар жинағы шықты.