Тұңғыш Президент Кеңсесінің жетекшілері тағайындалды

0

Жетекшілердің тағайындалғаны жайлы ақпарат Ақорданың сайтында пайда болды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен кеңсенің құрылымдық бөлімдерінің жетекшілері бекітілді:

Айдос Ыдырысұлы Үкібай — Елбасының баспасөз хатшысы;
Арслан Момышұлы Дандыбаев — Елбасы хаттамасының басшысы;
Нұрлан Мұхтарбекұлы Ыбырайым — Ұйымдастыру жұмыстары Бөлімінің меңгерушісі;
Нұрлан Жамбылханұлы Қаймолдаев — Құжаттама, қаржы және кадрмен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;
Асқар Мәуленұлы Молдағаринов — Елбасы Кеңсесі Басшысы Хатшылығының меңгерушісі;
Елдар Серікұлы Томашев — Елбасы Көмекшісі Хатшылығының меңгерушісі;

stan.kz